ГЛАВНАЯ Публикация педагогов Бастауыш сынып 2-сыныпқа арналған «Дүниетану» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру...

2-сыныпқа арналған «Дүниетану» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

26
0

Бастауыш білім беру деңгейінің

2-сыныпқа арналған

«Дүниетану» оқу пәні бойынша

үлгілік оқу бағдарламасына

қосымша

 

Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сыныпқа арналған

«Дүниетану» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын

жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

2) 2-сынып:

Ортақ тақырып Бағдарлама бөлімшелері Оқу мақсаттары
1-тоқсан
1. Өзім туралы 1.1

Мен және

менің отбасым

2.1.1.1 — отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау
2.1.1.2 — мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру
2.1.1.3 — түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау
2.1.1.4 — бақылау мен сауалнама негізінде тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың түсу көзін анықтау
2. Менің отбасым және достарым 1.5

Құқық және міндет

2.1.5.1 — өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату
2.1.5.2 — қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру
3.5

Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм

2.3.5.3 — Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын түсіндіру
2-тоқсан
3. Менің мектебім 1.2

Мектеп және мектеп қоғамдастығы

2.1.2.1 — мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру
2.1.2.2 — мектеп қауымдастығының құрылымын және мүшелерінің қызметін анықтау
2.1.2.3 — мектеп қауымдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру
2.1.2.4 — өз сыныбының ұжымын сипаттау
4. Менің туған елім 1.3

Менің атамекенім

2.1.3.1 — өз зерттеулеріне сүйене отырып, өз өлкесінің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу
2.1.3.2 — Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, жолдарды, өз облысын көрсету
1.4

Денсаулық және қауіпсіздік

2.1.4.3 — көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату
2.1.4.4 — қоғамдық көліктегі өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіру
3.5

Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм

2.3.5.1 — Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің маңызын түсіндіру
2.3.5.2 — бақылаулар негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау
3-тоқсан
5. Дені саудың  жаны сау 1.2

Мектеп және мектеп қоғамдастығы

2.1.2.1 — мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру
1.4

Денсаулық пен қауіпсіздік

2.1.4.1 — түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау
2.1.4.2 — күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда) қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 1.6

Мерекелер

2.1.6.1 — таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің мәнін түсіндіру
2.3.1.2 — түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау
3.2

Қазақстанның тарихи тамыры

2.3.2.1 — көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ғұндардың өмір салтын сипаттау
3.1

Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

2.3.1.1 — көрнекі материалдар негізінде иемденуші және өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты анықтау
3.4

Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері

2.3.4.1 — әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу
3.3

Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар

2.3.3.1 — Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау
4-тоқсан
7. Қоршаған орта 2.1

Жергілікті жерде бағдарлау

2.2.1.1 — тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау
2.2

Климат және ауа-райы

2.2.2.1 — ауа-райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау
2.3

Табиғи жағдайлар және олардың әсері

2.2.3.1 — ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызын анықтау
2.2.3.2 — өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері тұстарын талдау
2.2.3.3 — табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын жіктеу
8. Саяхат 1.3

Менің атамекенім

2.1.3.1 — өз зерттеулеріне сүйене отырып, тұрғылықты жерінің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу
2.4

Туризм

2.2.4.1 — туризмнің негізгі түрлерін ажырату
2.2.4.2 — зерттеу негізінде Қазақстанда туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандарды анықтау
2.2.4.3 — туристік нысандардың ерекшеліктерін сипаттау
3.1

Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

2.3.1.2 — түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь