ГЛАВНАЯ Образцы планов Бастауыш сынып 2-сыныпқа арналған «Математика» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру...

2-сыныпқа арналған «Математика» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

252
0

Бастауыш білім беру деңгейінің

2-сыныпқа арналған

«Математика» оқу пәні бойынша

үлгілік оқу бағдарламасына

қосымша

 

Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сыныпқа арналған

«Математика» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын

жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

2) 2-сынып:

Ортақ тақырыптар Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі Бағдарлама бөлімшелері Оқу мақсаттары
І-тоқсан
1.Өзім туралы

2.Менің отбасым және достарым

1А – Екітаңбалы сандар 1.1

Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

2.1.1.1 — 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау
2.1.1.2 — екітаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру
2.1.1.3** — екітаңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
5.2

Математикалық тіл

2.5.2.1 — екітаңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені пайдалану
1В –Сандармен амалдар орындау. Есептер 1.2

Сандармен амалдар орындау

2.1.2.4** — біртаңбалы сандарды ондықтан аттап  қосу кестесін құру, білу және қолдану

2.1.2.5** — біртаңбалы сандарды ондықтан сандардыауызша қосу және азайтуды орындау

2.1.2.3** — қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін  қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

2.1

Сандық және әріптік өрнектер

2.2.1.6 — екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу
5.1 Есептер және математикалық модель 2.5.1.1 — бір; екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу
2.5.1.8** — барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер түрінде модельдеу және шығару
1С – Шамалар және олардың өлшем бірліктері 1.3

Шамалар және өлшем бірліктер

2.1.3.1 — әртүрлі өлшеу құралдары шәкілдерін бір бірінен ажырату және шамалардың сәйкес мәндерін анықтау
2.1.3.2** — ұзындық (м)/ масса (ц) өлшем бірліктерін қолданып өлшеу
2.1.3.3** — шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау
2.1.3.4** — ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
ІІ-тоқсан
1.Менің мектебім

2. Менің туған   өлкем

2A – Екітаңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер 1.1

Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

2.1.1.4 — санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру
1.2

Сандармен амалдар орындау

2.1.2.3** — қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

2.1.2.5 — біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту/300+200 (3жүзд.+2жүзд.), 170-130 (17онд.-13 онд) түрінде ауызша қосу және азайтуды орындау

2.1.2.7 — мынадай жағдайларда: 45±9,, 40-14,  100-35  ондықтан аттап, ауызша қосу мен азайтуды орындау;

2.1.2.8 — мынадай жағдайларда: 34+ 23, 57-23; 47+33; 80-47 100-35  екітаңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану;

4.3

Тізбектер

2.4.3.1 — 100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау
2.4.3.2 — берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу
5.1

Есептер және математикалық модель

2.5.1.1** екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу
2.5.1.7** — екі амалмен шешілетін есептерді модельдеу және шығару
2.5.1.8** — құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару
2B – Шамалар және өлшем бірліктер 1.3

Шамалар және өлшем бірліктер

2.1.1.3** — 12-ге дейін сандардың  рим нөмірлеуін оқу, жазу және қолдану;

2.1.3.3 — шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық)  (л)/ уақыт (сағ, мин, ай,  жыл)  өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

2.1.3.4 — шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

2.1.3.5 — циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат және минут

2С– Жиын және оның элементін белгілеу. және таңбалары 4.1

Жиындар және олармен орындалатын амалдар

2.4.1.2 сандардың жазылуындағы цифрлар саны, 2-ге бөлінуі, сандық тізбектегі алатын орындары бойынша сандық жиындар құру және жіктеу (бөліктеу)
2.4.1.3 — жиындар мен олардың элементтерін диаграммада белгілеу; элементтердің жиынға жиындардың бірігуіне және қиылысуына тиістілігін анықтау
4.2

Пікірлер

2.4.2.1 — тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру
4.4

Заттардың комбинациялары

2.4.4.1 — қоршаған ортадағы заттардан «үш-үштен» комбинациялар жиынын құрастыру
5.2

Математикалық тіл

2.5.2.2 — жиынды белгілеу үшін латын алфавитінің бас әріптерін, жиын элементтерін белгілеу үшін латын алфавитінің кіші әріптерін/ жиынға тиістілігін/тиісті еместігін белгілеу үшін , және таңбаларын пайдалану
2.5.2.5 — деректерді жинақтау және жүйелеу, кестелер және диаграммалар тұрғызу
ІІІ-тоқсан
1.Дені саудың жаны сау

2.Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

3А – Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы 3.1

Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

2.3.1.1 — бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір бірінен ажырату және атау/ тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрышты үшбұрыштың мәнді белгілерін анықтау
3.2

Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

2.3.2.1 — нүктелі қағазда кесінділер, түзулер мен геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу
2.3.2.2 — тік бұрышты сызу
4.3

Тізбектер

2.4.3.2 — берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу
3В бөлім- Көбейту және бөлу.Есептер 1.1

Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

2.1.1.5 — 50-ге дейін 3, 4, 5-тен топтап тура және кері санау; жұп/тақ сандарды ажырату/ заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөлуді көрсету
1.2

Сандармен амалдар орындау

2.1.2.1 — көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді — заттарды түрлеріне қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну
2.1.2.2 — көбейту және бөлу — өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау
2.1.2.4 — 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту кестесін құру, білу және қолдану
1.3

Шамалар және өлшем бірліктер

2.1.3.6 — 50 теңгелік, 100 теңгелік монеталарды, 200 теңгелік, 500 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау
4.1

Жиындар және олармен орындалатын амалдар

2.4.1.1 — тең жиындардың бірігуін және жиыннан оның тең бөліктерін айырып алуды диаграмма арқылы көрнекі түрде кескіндеу
5.1

Есептер және математикалық модель

2.5.1.3 — бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға; мазмұнына қарай және бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару
3С бөлім – Сандық және әріпткі өрнектер. Теңдеулер. Есептер 2.1

Сандық және әріптік өрнектер

2.2.1.1 — сандық және әріптік өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу
2.2.1.2 — әріптің берілген мәніндегі екі амалды әріптік өрнектің мәнін табу
2.2.1.3 — қосу мен көбейтудің қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: a+b=b+a; (a+b)+c=a+(b+c) 
ab=ba көрсету және қолдану
2.2.1.4 — санды 1-ге көбейту және бөлу жағдайларын әріптік теңдік түрінде: a1=a; a:1=a көрсету
2.2

Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

2.2.2.1 — х < және х > түріндегі теңсіздіктерге сәйкес келетін сандарды анықтау
2.2.2.2 — көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді; х+(25-6)=38;
(24-3)-х=8;  а+6=7+80 түріндегі күрделі теңдеулерді
5.1

Есептер және математикалық модель

2.5.1.2 — есептерді шығару барысында баға, сан, құн арасындағы тәуелділікті пайдалану

2.5.1.4 — санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және салыстыру

2.5.1.5** — көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға;  кері есептерді құрастыру және шығару; тура және жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше бірлік артық/кем» «бірнеше есе есе артық/ кем» қатынастарымен байланысты) бір-бірінен ажырату

2.5.1.6 — көбейту мен бөлуге  берілген  есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру

2.5.1.7 — екі амалмен шешілетін есептерді (барлық амалдарға  берілген жай есептердің әртүрлі комбинациялары) модельдеу және шығару

2.5.1.8 — барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін сандық өрнектержәне теңдеулер түрінде; құрама есептердің шешуін санды өрнектер,  жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару

5.2

Математикалық тіл

2.5.2.4 — көбейту және бөлу амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда пайдалану
ІV-тоқсан
7.Қоршаған орта
8.Саяхат
4A – Тиімді есептеу тәсілдері 1.2

Сандармен амалдар орындау

2.1.2.3 — қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін/көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану
2.1

Сандық және әріптік өрнектер

2.2.1.5 — екі амалдан артық жақшалы және жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру
2.2.1.6 — екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектере арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу
4B – Есептерді шешу тәсілдері 5.1

Есептер және математикалық модель

2.5.1.4 — санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және шығару
2.5.1.5** — тура және жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше есе  артық/ кем» қатынастарымен байланысты) бір-бірінен ажырату
2.5.1.8 — барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер түрінде; құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару
4C – Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан 3.1

Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

2.3.1.3 — көпбұрыштардың, қоршаған ортадағы заттар қабырғаларының ұзындығын өлшеу, периметрді табуға арналған формулаларды: Р=2(а+b),
Р= 4а,
Р = a+b+c қорытындылау, құру және қолдану
2.3.1.4 — фигураның белгісіз қабырғасын оның периметрі мен белгілі қабырғалары арқылы табу
2.3.1.5 — берілген периметрі бойынша торкөзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай периметрдің қалай өзгеретінін түсіндіру
3.2

Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

2.3.2.3 — жазық фигуралардың модельдерін бөлу және олардан композиция құрастыру
2.3.2.4 — бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын (оңға, солға, тура, толық бұрылу, сағат тілімен және сағат тіліне кері жартыға, төрттен бірге бұрылу), анықтау айқындайтын нұсқаулыққа сәйкес әрекет жасау жасау
3.3

Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты

2.3.3.1 — сызықта белгіленген нүктелерді бір-біріне қатысты орналасуын анықтау
4.2

Пікірлер

2.4.2.2 — сандық есептерді, әртүрлі сандардан тұратын басқатырғыштарды, ауыстырып құюға және өлшеуге берілген логикалық есептерді зерттеу және шығару
5.1

Есептер және математикалық модель

2.5.1.2** — есептерді шығару барысында ұзындығы, ені, периметр шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану
2.5.1.5** — ұзындықты, енін, периметрді табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және шығару
5.2

Математикалық тіл

2.5.2.3 — нүктелерді, кесінділерді, сәулелерді, түзулерді латын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь