ГЛАВНАЯ Образцы планов Алғашқы әскери дайындық Қарулы  Күштердің,  басқа  əскерлердің  жəне  Қазақстан Республикасының əскери құрылымдарының жалпыəскери жарғылары.

Қарулы  Күштердің,  басқа  əскерлердің  жəне  Қазақстан Республикасының əскери құрылымдарының жалпыəскери жарғылары.

50
0

Сабақтың тақырыбы:Қарулы  Күштердің,  басқа  əскерлердің  жəне  Қазақстан

 Әскери тəртіп, оның мəні жəне маңызы, əскери тəртіпті сақтау бойынша əскерилердің  міндеттері,  командирдің  бұйрығы– бағыныштылар  үшін  заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар, сарбазға берілетін тəртіптік жаза.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды әскери тәртіп пен әскери құқықтың  негіздерімен таныстыру.

Дамытушылық:Әрбір баланың бойындағы ұлтжандылық қасиетін дамыту және рухын жоғары, берік ұстау сезімін жетілдіру.

Тәрбиелілік: Қазақстан Республикасының  жалпыəскери  жарғыларын құрметтеуге, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

 

  1. Уақыты: 45 минут.

 

  1. Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.

 

  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Тәртіптік жарғы.

 

  1. Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

 

       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  10 минут.

  • әскери жарғылар дегеніміз не?
  • әскери қызметшінің құқығы мен міндеттері қандай?
  • әскери жарғылардың талаптары қандай принциптерге негізделіп жасалған?
  • әскери жарғылардың ерекшелігі туралы айтыңдар.

 

     б) Негізгі бөлім – 22 минут.

Тәртіп және әскери құқық. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы, әскери тәртіптің мәні мен маңызы, оны сақтаудағы қызметшіледің міндеттері туралы.

 

ТӘРТІП   ЖӘНЕ   ӘСКЕРИ   ҚҰҚЫҚ.

ҚР ҚК–н жетілдірудің, ұрысқа дайындығын көтерудің ең маңыздысы — әскери тәртіп болып табылады.

Әскери тәртіп дегеніміз — барлық әскери қызметшілердің заңды және әскери жарғыларда көрсетілген  тәртіп пен ережелерді,  қатаң және дәл сақтауы.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын – ҚР-ын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуге негізделеді, яғни әскери қызметшілерді өздерінің әскери борышын адал атқаруға міндеттейді.

Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі – көз жеткізу болып табылады, бірақ өз борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Әскери тәртіп әр әскери қызметшіге төмендегідей тәртіптерді міндеттейді:

  • өзін — өзі көпшілік орында ұстау, өзін және басқа біреуді жағымсыз қылық жасауға жібермеу, азаматтардың ары мен абыройын қорғауға ықпал ету;
  • парасатты бастамалар көтеру;
  • әскери іс — әрекеттерді жүргізудің халықаралық ережелерін білу және сақтау, жараланған, ауру, кеме апатына ұшыраған адамдарға және ұрыс жүріп жатқан аудандардағы адамдар мен әскери қызметшілерге қамқорлық жасау;
  • командирлер мен бастықтарға құрмет көрсету, әскери әдептілік ережелерін сақтау.

ҚР ҚК-нде әскери қызметшілердің қызметтік міндеті және арнайы міндет түрлері белгіленген.

Қызметтік міндеттер әскери қызметшінің, әскери бөлімнің, мекеменің ұйымдастыру құрылымында атқаратын қызметімен анықталады. Қызметтік міндеттер жалпы  (барлық тікелей бастықтар үшін) және нақты (бригада, рота, взвод командирінің қызметі) болып бөлінеді.

    Арнайы міндеттер әскери қызметшінің негізгі міндеттері мен құқықтары шеңберіне кірмейтін тапсырмалар тапсыруға байланысты пайда болады. Мысалы, қарауылдық, патрульді, тәуліктік күзет құрамын тағайындағанда, тексеру, инспекция жүргізу үшін жолдама бергенде.

        Әскери тәртіптің  ерекшеліктер:

Біріншіден: әскери тәртіп әскери қызметшіге қойылатын талаптарды барынша толық белгілейді.

    Екіншіден: әскери тәртіп ережелері қызметтен тыс ортада да сақталады, ал еңбек тәртібінің ережелері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытында өз міндеттерін орындау үшін ғана қажет.

Үшіншіден: әскери тәртіп орындаушыларға неғұрлым жоғары талаптар қояды. Мысалы, әскери борышты өтеу үшін өз өмірін аямау, командирлерге мүлтіксіз бағыну мен оларды ұрыста қорғау.

Төртіншіден: командирлер мен бастықтардың тәртіптік құқығының көлемі басқа тұлғаларға қарағанда кең. (Тәртіптік жарғыда қаралғандай төтенше жағдайларда бағынбайтындарға қару қолдану өкілеттілігі берілгендігінде).

Бесіншіден: әскери тәртіп талаптарын бұзғаны үшін заң алдында қатаң жауапқа тартылу белгіленген. (Әскери қызметшілер бағынбағаны үшін, бөлімді өз бетінше тастап кеткені үшін, бұйрықты орындамағаны үшін қылмысты жауапқа тартылады).

Алтыншыдан: бағыныстылардың өз командиріне сөзсіз бағынуы.

Әскери қызметшілерге қатысты пайдаланылатын шараларды қолдану үшін командирлер мен бастықтарға тәртіптік билік беріледі.

Тәртіптік билік дегеніміз — командирлер мен бастықтарға әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған шараларды қабылдауға берілген құқығы мен міндеті.

Тәртіпті  нығайту үшін командирлер мен бастықтарға берілетін құқықтық шаралар:

  • мадақтау шаралары;
  • әскери тәртіпті бұзуды болдырмау шаралары;
  • тәртіп сөгістері;
  • тәртіптік іс — әрекеттің қосымша шаралары.

Бірде – бір әскери тәртіпті бұзушы жауапкершіліктен құтылмауға тиіс, бірақ бірде – бір кінәсіз адам жазаланбауға тиіс.

 

 

Қорытынды – 5 минут.

—  Қызметтік міндеттер дегеніміз не?

  —  Арнайы міндеттер дегеніміз не?

—  Әскери тәртіптің  ерекшеліктері қандай?

— Әскери тәртіп әр әскери қызметшіге қандай  тәртіптерді міндеттейді:

 

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 тақырып

 

Сабақтың тақырыбы:Қарулы  Күштердің,  басқа  əскерлердің  жəне  Қазақстан Республикасының əскери құрылымдарының жалпыəскери жарғылары.

ротаның  тəуліктік  нарядының  атқаратын  қызметтері,  құрамы  жəне қарулануы,  рота  бойынша  күндізгі  кезекшінің  міндеттері,  өзінің  кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін жабдықтау жəне жарақтандыру, тікелей бастықтары келген кездегі, «Жиын» белгісі берілгенде, дабыл жəне өрт болған  жағдайдағы  күндізгі  кезекшінің  əрекеттері,  бос  ауысымдағы  күндізгі кезекшінің əрекеттері, күндізгі кезекшінің телефон бойынша мəлімдеме беру тəртібі,  ротаға  басқа  ротаның  əскерилері  келген  кездегі,  рота  аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің əрекеттері.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ротаның  қызметті міндеттері мен қызметті ұйымдастыруды ұғындыру. Ротаның тәртіпке бағынуы, күндізгі кезекшінің əрекеттері туралы терең мағлұмат беру.

Дамытушылық:  Сөйлеу қабілетін, қозғалу қабілеттерін және спотқа деген қызығушылығын дамыту,.

Тәрбиелілік: Ұлтжандылыққа, жауапкершілікке, төзімділікке, шыдамдылыққа, жылдамдылық пен шапшаңдыллыққы, өз- ойын жеткізе білуге тәрбилеу.

 

Уақыт: 45 мин.

Өткізілген орны: 10-сынып, АӘД бөлмесі.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, әскери жарғы.

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 17 мин.
—  Қызметтік міндеттер дегеніміз не?

  —  Арнайы міндеттер дегеніміз не?

—  Әскери тәртіптің  ерекшеліктері қандай?

— Әскери тәртіп әр әскери қызметшіге қандай  тәртіптерді міндеттейді Б) Негізгі бөлім – 15 мин.
Ротаның тәуліктік нарядына:

  • рота бойынша кезекші; (сержанттар)
  • рота бойынша тәуліктік кезекшілер (жауынгерлер) тағайындалады.

Рота бойынша кезекшінің міндеттері:

Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетуде тұрған қару-жарақтың, оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.

Рота бойынша тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.

Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері:

— рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз үй-жайдан шықпауға, қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;

— бөтен адамдарды осы үй-жайларға кіргізбеуге, рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз казармадан қару-жарақты, оқ-дәрілерді, мүліктер мен заттарды алып шығуға жол бермеуге;

— ротадағы барлық оқиғалар туралы, жарғыларда белгіленген рота әскери қызметшілері арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушылық, байқалған ақаулар және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге баяндауға, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;

— жеке құрамды таңертеңгі тұру уақыты кезінде, дабыл немесе өрт болған жағдайда оятуға, күн тәртібіне сәйкес өз уақытында пәрмен беруге;

— үй-жайлардағы тазалық пен тәртіпті қадағалауға және әскери қызметшілердің оларды сақтауын талап, етуге;

— әскери қызметшілердің салқын кезде, әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге;

— әскери қызметшілердің темекі шегуді, аяқ киім мен киімдерін тазалауды осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;

— ротаға тікелей бастықтары келген кезде «Тіктел!» деп пәрмен беруге, ротаға басқа ротаның әскери қызметшілері келгенде «Рота бойынша кезекші, мұнда кел!» деп шақыруға;

Тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшінің қайда жүргенін әрқашанда білуге және әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіп пен әскери нысандағы киім кию ережелерін сақтауын қадағалауға міндетті.

Кезекті тәуліктік кезекшіге отыруға, жарақтарын алып қоюға, киімінің түймесін ағытуға тыйым салынады.

Рота бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшінің қызмет өткеруіне арналған орынның жабдыкталуы:

  • белгі қабылдайтын және бөлімшелерге хабарлайтын техникалық құралдар;
  • байланыс құралдары (сымтетік, селектор);
  • сағаттар;
  • жарықтандырудың резервтік көздері;
  • тәуліктік күзет кұжаттамасы жазылған стенд болуы тиіс.

Тәуліктік күзет құжаттамасы жазылған стендте мынадай құжаттар болуы тиіс:

  • кезекшіге және оның көмекшісіне қарсыластың ядролық, химиялық және биологиялық қару қолдану қаупі төнген жағдайдағы нұсқаулар;
  • күн тәртібі;
  • телефон станцияларының және лауазымды адамдарды шақыру белгілерінің кестесі;
  • өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқау;
  • құжаттар мен мүліктердің тізбесі;
  • кезекшілікті қабылдап алу және тапсыру кітабы;
  • ҚР ҚК-нің жарғылар жиынтығы;

Рота бойынша кезекшіде:

  • кезекші беретін үлгілік пәрмендер мен белгілердің тізбесі;
  • ротаның казармадан тыс тұратын әскери қызметшілерінің мекен-жайлары, сымтетіктері мен шақыру тәсілдері және шабармандар жазылған тізім;
  • таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларына арналған киім нысандарының үлгілері;
  • аумақты тазарту үшін ротаға бекітілген учаскенің сызбасы;
  • қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді беру, науқастарды, сейілдемеге шыққандарды тіркеу кітабы;
  • дабыл бола қалған жағдайдағы жолдама қағаздарымен бірге ұрыс машиналарының от алдыру құлыптары мен люктерінің мөрленген жәшіктегі кілттерінің жиынтығы болуы тиіс.

 

Қорытынды бөлім; сұрақ- жауап арқылы:

  • Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?
  • Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?
  • Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?
  • Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?
  • Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?
  • Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс?

 

 

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 тақырып

Сабақтың тақырыбы:Қарулы  Күштердің,  басқа  əскерлердің  жəне  Қазақстан Республикасының əскери құрылымдарының жалпыəскери жарғылары.

қарауылдық қызметтің атқаратын  қызметі мен  міндеттері, сақшының міндеттері, бекет, оны жабдықтау жəне жарақтандыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қарауылдың   қызметті міндеттері мен қызметті ұйымдастыруды ұғындыру.Қарауылдың тәртіпке бағынуы,  сақшы  және оның міндеттері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:  Сөйлеу қабілетін, қозғалу қабілеттерін және спотқа деген қызығушылығын дамыту,.

Тәрбиелілік: Ұлтжандылыққа, жауапкершілікке, төзімділікке, шыдамдылыққа, жылдамдылық пен шапшаңдыллыққы, өз- ойын жеткізе білуге тәрбилеу.

 

Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, тәуліктік кезекшінің қызмет өткеретін орны.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі –  3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.

Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.

  • Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?
  • Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?
  • Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?
  • Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?
  • Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?
  • Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс?

б) Негізгі бөлім – 23 мин.

Қарауылдық қызметтің міндеттері және оны ұйымдастыру. Қарауылдың, сақшының тағайындалуы.

 

Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру.

Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді.

Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.

Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.

Қарауылдар: гарнизондық және ішкі болып бөлінеді. Олар тұрақты және уақытша болуы мүмкін.

Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады.

Ішкі қарауыл бір әскери бөлімнің объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады.

Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесімен көзделеді.

Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді.

Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, қажет болғанда қарауыл бастығының көмекшісі, қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері тағайындалады.

Штабтарды, бірлестіктер мен одан жоғарыларын басқару пункттерін күзету жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қарауылдарға аталған адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылға – шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады.

Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді.

Сақшы дегеніміз — өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған әскери қызметші.

Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе аймақ пост деп аталады.

Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілер мен жергілікті аймақ та жатады.

Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізеді.

 

в)  Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қарауыл дегеніміз не?
  • Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер?
  • Қарауыл құрамына кімдер кіреді?
  • Сақшы дегеніміз не?

Үйге тапсырма:

Бағалау:

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь