ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Дене шынықтыру 6-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Дене шынықтыру 6-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

8
0

ЖОБА
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Дене шынықтыру
6-сынып
0
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге Білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
1
ЖОБА
Мазмұны 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР…………3 1-бөлім «Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына дамыту»………………………………………………………3 2-бөлім «Командалық спорттық ойындар»…………………………………………………………………………..7 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР……….10 3-бөлім «Құрал-жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру»………………………………10 4-бөлім «Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары»……………………………………………………..14 3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР……….16 5-бөлім «Шаңғы /кросс/коньки дайындығы»……………………………………………………………………..16 6-бөлім «Шытырман оқиғалы ойындар»…………………………………………………………………………….19 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР……….23 7-бөлім «Ойын арқылы дағдыларды жақсарту»………………………………………………………………….23 8-бөлім «Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын жақсарту»…………………………………………………..27
2
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
1-бөлім «Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Əртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі
ағзадағы өзгеріс
Оқу мақсаты 6.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы
спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін
түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген жүктемелерді орындауда нормалары мен
техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Қысқа және орта қашықтыққа жүгіруді орындауда нормалары мен қауіпсіздік ережесін
сақтаңыз. Берілген жолақпен тапсырылған ара қашықтықты бәсекелестікпен жарыса отырып,
өтіп шығыңыз.
Дескриптор Білім алушы — жұбымен пәрмен бойынша әрекет етеді; — берілген қашықтықтардағы сөре қалыптарын дұрыс орындайды; — жарыста өз жолағымен жүгіріп өтеді; — қауіпсіздік ережелерін сақтау амалдарын көрсетеді.
3
ЖОБА
Тақырып Жүгіру, секіру реттілігі
Оқу мақсаты 6.3.3.1 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау,
олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен
байланысын ұсыну және көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі жаттығуларды орындайды және ағзаға әсер
етуін сипаттайды
• Түрлі қозғалыс дағдысының күнделікті өмірдегі
қажеттілігін энергетикалық жүйемен байланысын
айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Шағын топтарда (жұптарда) екпін алып ұзындыққа секіру фазаларының әрқайсысын
орындап, оның ағзаға әсерін сипаттаңыз. Жетілдіру жаттығуларынан кейін әрбір фазаны
орындалу техникасына сай ретімен көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы — ұзындыққа секіру фазаларын орындайды; — ағзаға әсерін сипаттайды; — әрбір фазаның орындалу техникасын көрсетеді.
4
ЖОБА
Тақырып Əр снарядтарды лақтыру
Оқу мақсаты 6.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жалпы дамыту жаттығулар кешенінің реттілігін
құрастырады
• Жаттығуларды талапқа сай орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кіші допты нысанаға лақтыруды және негізгі дағдысын жетілдіру үшін жаттығулар кешенін
орындаңыз. Дәлдеу нысанасы (нысаналар жарға ілулі немесе аспалы да болуы мүмкін) мен
лақтыру қашықтығы да бірнеше деңгейлі болады. Салмағы 150 гр. допты лақтыруды әр
деңгейде бірнеше рет қайталап орындаңыз.
Дескриптор Білім алушы — лақтыру дағдысын жетілдіру үшін арнайы жаттығулар
кешенін орындайды; — тапсырмаларды орындауда дене қозғалыстары мен
жаттығулардың реттілігін сақтайды; — тапсырмадағы әр деңгей бойынша әрекет түрлерін таңдаудағы
қабілетін көрсетеді.
5
ЖОБА
Тақырып Эстафеталық ойындар
Оқу мақсаты 6.1.1.1 Аз ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің
дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған
қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлділігін және
үйлесімділік дағдыларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 4-5 адамнан тұратын команда жасақтаңыз. Эстафеталық ойында сайысқа түсу үшін
дайындық жүргізіңіз. Топта орындалатын жаттығулар: қысқа қашықтықта жүгіру;
жүгіруден кейінгі эстафеталық таяқшаны жалғау. Негізгі дайындықты жүзеге асырып,
дағдыны сынамалаған соң, эстафеталық ойында қолданып, сайысқа түсіңіз.
Дескриптор Білім алушы — жүгіруде жылдамдықты арттыру үшін екпін алу
қозғалыстарын орындайды; — эстафеталық таяқшаны жалғаудың тәсілдерін техникасына сай
орындайды.
6
ЖОБА
2-бөлім «Командалық спорттық ойындар»
Тақырып Ойын техникасының дағдысын дамыту
Оқу мақсаты 6.1.3.1 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі
дағдылар мен реттілікті таңдай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Арнайы спорттық техникалардың дағдылары мен
реттілігін таңдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Футбол ойынындағы допты алып жүру және беру техникасын жетілдіруге арналған
жаттығуларды қарама-қарсы лекке тізбектеліп орындаңыз және баламалы жаттығу түрін
ұсыныңыз:
а) ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне аяқтың іш жағымен беріп өз тізбегінің ең
соңына барып тұрады; b) ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне аяқтың іш жағымен беріп жылдам қарсы
тізбектің соңына барып тұрады;
с) бір-біріне қарама-қарсы екі тізбек ортасында бір ойыншы сол ойыншы өзіне келген допты
аяқтың ішімен оған доп берген ойыншымен доп алмастырады; d) тізбектегі ойыншылар алма – кезек допты жіргізу, кеглилерді айналып өту, басқа
ойыншыларға допты беру жаттығуларын орындап тізбектің соңына барып тұрады.
а) b)
с) d)
Дескриптор Білім алушы — әріптесіне допты тура бағыттап, қабылдауға оңтайлы жағдай
жасайды; — допты алып жүреді, кедергілерден оңай өту үлгісін көрсетеді; — допты аяқтың ішкі жағымен биік көтермей береді; — берілген тапсырмаларды тез орындау жолдарын, жетілдіру
үшін баламалы жаттығу түрін ұсынады.
7
ЖОБА
Тақырып Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану
Оқу мақсаты 6.1.5.1 Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын,
стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну
және қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларды орындауда тактикасын, стратегиясын
және композициялық идеяларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Футбол ойынындағы «жинақылық» тактикасын сынамалап көріңіз. Тапсырмаларды
командамен орындау үшін екі команда жасақтаңыз, кезекпен-кезек «жинақылық»
тактикасын жүзеге асыра отырып, футболдағы негізгі қозғалыс дағдыларын орындаңыз. Бұл
тапсырманы орындау кезінде белгілі бір уақыттан соң стратегияларды талқылауға үзіліс
алыңыз, негізгі идеяны анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы — тактикалық әрекеттің ойын нәтижесіне әсері жөнінде
баяндайды; — командада еркін әрекет етеді (алаңдағы рөлді орындау, орын
ауыстыру және т.б.); — командаға өзіндік көзқарасы мен ұсынысын енгізеді; — допты алып жүру мен жалғау техникаларының
маңыздылығын түсіндіреді.
8
ЖОБА
Тақырып Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту
Оқу мақсаты 6.2.1.1 Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл
әрекеттерімен байланысты білімді анықтау және қолдана
білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Əртүрлі жағдайлардан шығу жолын көрсетеді
• Негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кедергілерден өту тапсырмаларын орындаңыз:
Белгіленген екі меже арасын жәй екпінмен жүгіріп өтіңіз. Жүгіріп өтуді орындайтын
ойыншы алаңның ұзына бойы созылған, қарама-қарсы бетпе-бет орналасқан екі қатардағы
кедергі жасаушы әріптестерінің ортасымен жүгіреді. Қарама-қарсы тұрған екі қатар
ойыншылары жүгіруші ойыншыға әртүрлі әдіспен доп жалғайды, жүгіруші ойыншы
жалғанған доптарды тез қабылдап иесіне тура қайтаруы керек.
Дескриптор Білім алушы — кедергілерден өту үшін ойыншы негізгі қозғалыс
дағдыларын көрсетеді; — оқыс келген доптарды тез қабылдап тура қайтарады; — тапсырманы орындау кезінде ширақ, әрі тез орын ауыстырады.
9
ЖОБА
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
3-бөлім «Құралжабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Саптағы жаттығулардың элементтері
Оқу мақсаты 6.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы
спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін
түсіне білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген жүктемелерді орындауда нормалары мен
техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Пәрменге сай саптағы қозғалыстарды орындаңыз:
Түзел!
Тіктел!
Айнал!
Залдың жоғарғы ортасынан төменгі ортасына 1(2,4)-лекпен жүріп бас!
Бір лектен екі лекке саптан!
Бір қатардан екі қатарға саптан!
Мұғалімге қарсы қарап бір қатарға саптан!
Дескриптор Білім алушы — үлкен топта саптық жаттығулардың қажеттілігі жөнінде
айтады; — жаттығуларды пәрмендерге сай орындайды; — аз уақыт ішінде қатарға немесе лекке бой түзейді.
10
ЖОБА
Тақырып Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау
Оқу мақсаты 6.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жалпы дамыту жаттығулар кешенінің реттілігін
құрастырады
• Жаттығуларды талапқа сай орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Акробатикалық жаттығуларды ретімен орналастырыңыз (алдына ала дайындалған
акробатикалық жаттығуларының суреттері) және орындалу техникасына сай көрсетіңіз: — жүрелеп отыру қалпынан артқа домалау; — жартылай шпагатқа отыру; — алға домалаудан кейінгі секіріп тұру; — тепе-теңдік сақтау үшін «қарылғаш» бейнесі.
Дескриптор Білім алушы — комбинациядағы жаттығуларды тиімді ретімен орындайды; — жаттығуларды эстетикалық нормаларына сай көрсетеді.
11
ЖОБА
Тақырып Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу
Оқу мақсаты 6.1.4.1 Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және
өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгенің біліктілік сапасын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төрт тағанды гимнастикалық кіші ағаш аттан тіреліп секіру үшін бірқатар тапсырмаларды
орындаңыз: 1 – төрт тағанды кіші ағаш атты ұстап тұрып көпірше үстінде секіру арқылы, тізені жоғары
көтере ағаш атқа қос аяқпен отырыңыз; 2 – бірінші тапсырманы орындаған соң жоғары алға итеріле секіріп, қос аяққа түсіңіз; 3 – бірінші және екінші тапсырмаларды екпін ала отырып, үзіліссіз орындаңыз, яғни, 5-6
адым жерден жүгіре келе көпіршені қос аяқпен басып, алға қолды тірей итеріле секіріп түсу
әдіс-тәсілін көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы — тіреліп секіруді сәтті жүзеге асыру үшін арнайы
жаттығуларды тиянақты орындайды; — секіру және қону фазаларының орындалу техникасын
көрсетеді; — өз жетістігі мен кемшілігін өзгелермен бөліседі.
12
ЖОБА
Тақырып Топтық жиынтық
Оқу мақсаты 6.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында
жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көшбасшылық және командада жұмыс істеу
дағдыларын анықтап, қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Гимнастика элементтерін қолданып, көшбасшылық және командада жұмыс істеу
дағдыларын эстафеталық сайыста көрсетіңіз.
Сынып екі топқа бөлінеді. Залдың төменгі ортасынан жоғарғы ортасына қарап екі лек
түзейді. Команда мүшелері бірінен соң бірі кедергілерден өту арқылы гимнастикалық
қозғалыстарын орындайды: — белгіленген межеге алға домалау арқылы жету; — белгіленген межеге гимнастикалық бөрененің үстімен жүріп өту арқылы жету; — белгіленген межеге кіші ағаш аттан тіреліп секіруді жүзеге асырғаннан соң жету.
Дескриптор Білім алушы — гиманстика элементтерін орындайды; — көшбасшылық және командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді.
13
ЖОБА
4-бөлім «Қазақтың ұлттық жəне зияткерлік ойындары»
Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
Оқу мақсаты 6.2.7.1 Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және
ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді түсіну
және қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жарыс кезінде әділ ойын көрсетеді
• Ойын барысында патриоттық, ынтымақтастық, мінезқұлық көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақтың ұлттық ойыны «Теңге алу» ойынын спорт зал жағдайына икемдеп ойнаңыз.
Бірнеше командалар бірнеше лек түзеп, белгіленген межеге дейін жүгіріп барып, оны
айналып жүгіріп кері қайту керек. Ойыншының мақсаты – межеге дейін жүгіру барысында
шүберекке түйілген тиындарды жинау. Əрбір айналым сайын шүберектер саны және жүгіру
қашықтығы өзгертіліп отырады. Тапсырманы тез әрі тиянақты орындаған команда жеңіске
жетеді.
Дескриптор Білім алушы — тапсырманы тез орындау үшін командаға идея ұсынады; — «теңге алу» ойынының негізгі ережесі мен ерекшеліктерін айтады; — «ойындағы әділдік» түсінігі туралы ойын көпшілікке баяндайды.
14
ЖОБА
Тақырып Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды
оқып үйрену
Оқу мақсаты 6.2.6.1 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін
түсіне білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жарыстағы іс-әрекеттерге төрелік етеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тоғызқұмалақ ойынындағы келесідей қалыптан ойын бастау арқылы тактикалық әрекеттерді
сынамалап көріңіз, нәтижесімен бөлісіңіз:
а). екі ойыншы да тұздықсыз ойын бастайды; b). екі ойыншының біреуі ғана тұздықпен ойын бастайды;
с). екі ойыншыда да тұздық бар, тұздықтардың қақтығысын ұйымдастырады.
Əрекеттерді сынамалаған соң сәтті болған тұстарын қарсыласыңызбен талқылаңыз,
жетілдіру үшін қолдау көрсетіңіз (төрелік ету, негізгі терминдерді түсіндіру, ұсыныс білдіру
т.б.).
Дескриптор Білім алушы — нәтижеге қол жеткізу үшін бірнеше әрекет түрлерін тізбектеп
жазады; — тиімді нәтиже үшін қол жетімді ресурстарды пайдаланады
(кітап, ғаламтор, сыныптасы, ата-анасы т.б.); — ұлттық ойынды дамытатын дағдылар туралы айтады.
15
ЖОБА
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
5-бөлім «Шаңғы / кросс / коньки дайындығы»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 6.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы
спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін
түсіне білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген жүктемелерді орындауда нормалары мен
техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Шаңғы дайындығы кезіндегі жарақаттың алдын алу және негізгі қозғалыс дағдыларын
жетілдіру үшін төмендегідей тапсырмаларды орындаңыз:
а). карталардағы қауіпсіздік ережелерімен танысып, сәйкестендіру жұмысын орындаңыз
(моделдеу әдісі); b). жарақат алған жағдайдағы (мысал келтіру) алғашқы көмекті ұйымдастырыңыз;
с). шаңғышы қозғалысының бірнеше түрлерін топта ақылдасып имитациялаңыз; d). арнайы жаттығуларды орындағаннан кейін, ағзаның қандай функциясына әсер еткендігін
анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы — қауіпсіздік ережесі карталарын дұрыс әрі тез сәйкестендіреді; — алғашқы көмек көрсетеді; — арнайы жаттығулар топтамасын көрсетеді; — ағзаның жүктемелерден кейінгі жағдайын айтады.
16
ЖОБА
Тақырып Күш пен шыдамдылық дамыту жаттығулары
Оқу мақсаты 6.3.1.1 Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жүктемелердің жеке ағзасына тигізетін пайдасы мен
қауіпі туралы айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Айналма әдісімен жаттықтыру тапсырмасын орындаңыз. Жасақталған бірнеше бекеттерде
арнайы жаттығуларды бірінен екіншісіне ауыса отырып, жасап шығыңыз, арасына белгілі
бір уақыт салып қайталаңыз. Жаттығулар түрі:
а). жатып қолға тірелу қалпынан қолды бүгіп жазу/шалқалап арқаға жату қалпынан денені
көтеріп түсіру; b). бір орында секіргішпен секіру;
с). қайталап жүгіру.
Дескриптор Білім алушы — үлкен жүктеменің пайдасы мен қауіпін түсіндіреді; — жүктемені белгілеу себептерін түсіндіреді; — орындау себептерін түсіндіреді; — мөлшерлеу себептерін түсіндіреді.
17
ЖОБА
Тақырып Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар
Оқу мақсаты 6.1.3.1 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі
дағдылар мен реттілікті таңдай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Арнайы спорттық техникалардың дағдылары мен
реттілігін таңдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1 км. қашықтықты конькимен сырғанай жүріп өтіңіз. Жүріп өту кезінде бірнеше техникалық
амалдарды қолданыңыз:
а). «Апельсин» техникасымен. Өкшелер бір-бірімен қосулы, аяқтың ұшы екі жаққа қарап
тұру қалпында болады. Конькиді ішкі жағымен аяқты қисайта жан-жаққа жылжытып
шеңберді тұйықтау қажет. Осы жаттығуды орындау кезінде аяқтың астында шеңбер
суреттері пайда болады. b). «Шамдар» техникасымен. Апельсинге ұқсас қозғалыстарын жасаймыз, алайда шеңберді
тұйықтау қажет емес, конькиді ішкі жағымен аяқты қисайта жан-жаққа жылжыту
барысында толықтай аяқты жазбай көбіне параллель қоюға тырысамыз. Осы жаттығуды
орындау кезінде аяқтың астында жан-жаққа шашыраған шамның сәулелерінің суреттері
пайда болады.
Дескриптор Білім алушы — берілген арақашықтықты жүріп өтеді; — сырғанау барысында бірнеше техникалық тәсілдер
қолданады; — сырғанауда жаттығудың жеңілден қиынға ауысу реттілігін
сақтайды.
18
ЖОБА
6-бөлім «Шытырман оқиғалы ойындар»
Тақырып Ынтымақтастық дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 6.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы
спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін
түсіне білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген жүктемелерді орындауда нормалары мен
техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қозғалмалы ойындар кезінде жарақаттың алдын алу үшін шараларды тізбектеп жазыңыз.
Сыныптасыңызбен талқылаңыз. Ойын барысында қолданыңыз. Ойыннан соң тізбектің
ішінен орындалмағанын белгілеп, себебін анықтаңыз.
Ойын түрі: «Жүргізушіге допты бермеу».
Ойыншылар дөңгелек бойымен тұрады, олардың бір-бірінен арақашықтықтары қол созым.
Аяқтарының алдынан сызық жүргізіледі. 2 немесе 4 жүргізуші тағайындалады, олар ортаға
шығады. Дөңгелек бойындағы ойыншылар доп алады.
Жетекші допты ұстай алмауы үшін ойыншылар оны әуелетіп немесе жермен бір-біріне
береді. Дөңгелек ішінде жүрген жетекші допты ұстап алуға тырысады. Егер ол допты ұстап
алса, онда ең соңғы допты лақтырған, немесе қолындағы доптан айырылып қалған ойыншы
жетекші болады, ал жетекші оның орнына тұрады.
Дескриптор Білім алушы — арнайы спорттық қозғалыстарды тәжірибелеуде қауіпсіздікті
сақтайды; — команданы ұйымдастыруда жетекшілік қабілетін көрсетеді; — ойынды ережеге сай ойнайды.
19
ЖОБА
Тақырып Ойындар арқылы мәселені шешу
Оқу мақсаты 6.1.4.1 Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және
өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің және өзгенің жетістіктері мен кемшіліктері
туралы түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Дөңгелекке тарт» ойынын сынамалап көріңіз.
Алаңның ортасынан концентрлі екі дөңгелек (бір-бірінің ішінде) сызылады. Диаметрі 1-2
метрден ойыншылардың бәрі қол ұстасып, үлкен дөңгелектің сыртына тұрады.
Жетекшінің белгісі бойынша ойыншылар шеңберді айнала қолдарын жіберместен біресе
оңға, біресе солға қозғалады. Кенет белгі берілген кезде (ысқырық) ойыншылар тоқтап
тұрып қолдарын жіберместен өздерінің көршілерін тартып, үлкен дөңгелекке түсіруге
тырысады. Үлкен дөңгелектің ішіне кіріп кеткен ойыншы ойыннан шығады, ал үлкен
дөңгелектен аттап, кіші дөңгелекке түсіп, қайта қолдарын жіберместен шығып кеткен
ойыншылар ойынды жалғастыра береді. Үлкен дөңгелектің ішіне бірде-бір түспеген
ойыншы жеңімпаз болады.
Дескриптор Білім алушы — ойын кезінде туындаған қиындықтарды анықтайды, шешу
жолдарын ұсынады; — ойында тиімді қозғалыс реттілігін көрсетеді; — өз жетістігі мен кемшілігін өзгелермен бөліседі.
20
ЖОБА
Тақырып Шытырман оқиғалы ойындар арқылы сыни тұрғысынан
ойлауды дамыту
Оқу мақсаты 6.2.3.1 Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша,
біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтау және
қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтап,
қолайлы ортаны қалыптастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Екі аяз» ойынын тең командаға бөлініп ойнаңыз.
Залдың екі қарама — қарсы жағында арасы 10-20 м. «үй» мен «мектепті» белгілеңіз. Екі
жетекші «аяз», қалған ойыншылар — балалар. Балалар үйдің жанындағы сызыққа
орналасады, ал алаңның ортасында «көшеде» екі аяз тұрады.
Міндетіңіз:
Мектептен үйге қашу барысында аяздарға ұсталмаңыз;
Тез әрі ширақ орын ауыстырыңыз;
Ойындағы жауап қайтару сөздерін де айтып өтуді де ұмытпаңыз;
Сыныптасыңызды қолдауға асығыңыз.
Дескриптор Білім алушы — нәтижелі ойын үшін тиімді қозғалу маршрутын
ұйымдастырады; — сыныптасына қолдау көрсетеді; — біріккен жұмыстың маңызы туралы айтады.
21
ЖОБА
Тақырып Əділ ойын және ынтымақтастық
Оқу мақсаты 6.2.6.1 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін
түсіне білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жарыстағы іс-әрекеттерге төрелік етеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Секіруден кейін секіру» ойынын ұйымдастырыңыз, ойнаңыз.
Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, екі ойыншыдан лекке тұрады. Екі команда бірінебірі параллель 2 м. ара қашықтықта орналасады. Ойыншылардың барлық жұбы қысқа
секіргішті 50-60 см. биіктікте еденнен жоғары көтеріп ұстайды. Əр жұптың арақашықтығы 1
м.
Жетекшінің белгісі бойынша әр жұп секіргіштерін жерге қойып, бірі лектің оң жағымен,
екіншісі сол жағымен лектің екінші жақ шетіне дейін жүгіріп жетеді. Ал, кері қарай лек
бойындағы ойыншылардың секіргіштерінің бәрінен секіріп өтеді. Орындарына жеткен соң
жердегі секіргіштерін алып 50-60 см. биіктікте көтеріп тартып ұстап тұрады. Қайтып келген
ойыншылар секіргіштерін көтерген бойда, екінші жұп ойынды осы түрде жалғастырады.
Дескриптор Білім алушы — ойыннан соң командаларға пікір айтады; — қабілеттерін жетілдіруге қажетті ойларын айтады.
22
ЖОБА
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
7-бөлім «Ойын арқылы дағдыларды жақсарту»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі
элементерін дамыту
Оқу мақсаты 6.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы
спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін
түсіне білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген жүктемелерді орындауда нормалары мен
техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тапсырмаларды орындаңыз: — ойындағы қауіпсіздік ережесін еске түсіріңіз; — сыныптасыңызбен талқылаңыз, ойын кезінде ережеге сай әрекет етіңіз.
Арнайы дайындық жаттығулары: — допты жоғары лақтырып, сол қолмен қағып алу; — оң қолмен лақтырып, сол қолмен қағып алу; — допты аяқтың астымен өткізу.
«Доп үшін күрес» ойыны:
Дескриптор Білім алушы — допқа иелік етуге арналған арнайы жаттығуларды орындайды; — сәтсіздіктердің себептерін айтады; — доп үшін күрес жекпе-жегінде берілген уақытты толық
пайдаланады.
23
ЖОБА
Тақырып Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену
Оқу мақсаты 6.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жалпы дамыту жаттығулар кешенінің реттілігін
құрастырады
• Жаттығуларды талапқа сай орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Алаңдағы қозғалыстарды толығымен түсіну үшін келесі тапсырманы орындаңыз:
Үштік, бестік, төрттік болып үш топқа бөлініңіз: үштік ретінде – бір шабуылшы және екі
қорғаушы қатысады. Шабуылшы допты алып жүруі кезінде, оған жақын тұрған
қорғаушылардың бірі одан допты алып қою үшін, әлгі шабуылшыға қарсы белсенді түрде
тойтарыс беруге қимылдай бастайды. Егер, шабуылшы оны алдап өтсе, екінші қорғаушы
оған қарсы жабыла бастайды. Қорғаушылардың тұру арасы 1-2м.
Дескриптор Білім алушы — шабуылдау кезінде тез орын ауыстырады; — шабуылшыға, қорғаушыға қажетті қимылдарды орындайды; — әрбір кедергіге жауап қайтару үшін жаттығуларды ретімен
орындайды.
24
ЖОБА
Тақырып Тактикалық іс әрекеттердің негіздері
Оқу мақсаты 6.1.5.1 Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын,
стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну
және қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларды орындауда тактикасын, стратегиясын
және композициялық идеяларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Алаңдағы тактикалық іс-әрекетті түсіну үшін келесі тапсырманы орындаңыз:
Төрттікпен – екі шабуылшы және екі қорғаушы арқылы әрекет етіңіз. Шабуылдаушы
ойыншылар допты бірі-біріне бере, алға қарай жүгіреді (мұнда да жүгіру жылдамдығы
алдын-ала келісілу керек), ал қорғаушылар болса, жанымен адымдай, шабуылшылардың
жолын бөгеуге әрекет етеді. Шабуылшылардың бірі доптан айырылып қалса немесе шабуыл
сәтті аяқталса, ойыншылар орнымен ауысады: қорғаушылар болған ойыншылар шабуылға
шығады да, шабуылшылар қорғанысқа өтеді.
Дескриптор Білім алушы — жаттығуды орындауда ойын тактикасын, стратегиясын, міндетін
нақты қолданады.
25
ЖОБА
Тақырып Өз ойындарын қайта қарау және көрсету
Оқу мақсаты 6.2.8.1 Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған
рөлдерді сезініп, олардың айырмашылықтарын түсіндіре
білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс түрлерінің рөлін және
айырмашылығын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өзіндік жұмыс үшін жетілдіру жаттығуларын орындаңыз: — айып добын тастау аймағындағы жеке қорғаныс түрлері: өз алаңындағы себеттің жанында
тұрып, шабуылшыларға қарсы әрекеттер жасау, допты алып қоюға тырысу; — өз алаңы жағында жеке қорғаныс амал-тәсілдерін жасау: қорғаушылар өз алаңында
шабуылшыларға қарсы әрекеттер жасайды.
Дескриптор Білім алушы — қорғаушы мен шабуылдаушының қозғалысындағы
айырмашылықты түсіндіреді.
26
ЖОБА
8-бөлім «Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын жақсарту»
Тақырып Қозғалысты дене қыздыру элементтері
Оқу мақсаты 6.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының
тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығулары арқылы тәжірибелері мен дағдыларын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ойын алды қыздырынуды секіру дағдыларын жетілдіре отырып, келесі тапсырманы
орындаңыз: — қозғалыстағы денені қыздыру үшін жаттығулар: орнында тұрып биікке секіру, бір аяқпен
секіру, бір жанмен секіру, отырып, секіріп тұру; — спорт алаңындағы секіруге арналған жерге келіп, бірінің артынан бірі тұрып, 3-5 метр
қашықтықтан жүгіріп келіп, бір аяғымен серпіле неғұрлым алысқа секіріңіз; — секіруге арналған жерге келіп бір-бірден тұрып, қос аяқтап секіру арқылы үздік секірушіні
анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы — ойын алды дене қыздыру жаттығуларын орындайды; — секірулерді орындалу техникасына сай көрсетеді; — бір-бірінің үздік нәтижелерін салыстырып, анықтайды.
27
ЖОБА
Тақырып Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту
Оқу мақсаты 6.3.1.1 Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жүктемелердің жеке ағзасына тигізетін пайдасы мен
қауіпі туралы айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Лақтыру дағдыларын сынамалау үшін келесі тапсырмаларды орындаңыз:
а). аяқты алға созып, жамбасқа отыру қалпынан нығыздалған допты (2-3 кг.) бастан асырып,
қашықтыққа лақтырыңыз; b). арқамен шалқалап жату қалпынан денені көтеру арқылы нығыздалған допты (2-3 кг.)
бастан асырып, қашықтыққа лақтырыңыз;
с). орнында тұру қалпынан нығыздалған допты (2-3 кг.) бастан асырып, қашықтыққа
лақтырыңыз.
Дескриптор Білім алушы — лақтыру кезіндегі ағзадағы өзгерістер туралы айтады; — лақтырылған доптан кейінгі әсер еткен қозғалыс
дағдысын анықтайды.
28

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь