ГЛАВНАЯ Образцы планов Биология Биология пәнінен 7 сынып күнделікті қысқа мерзімді сабақ жоспарлау ҚМЖ

Биология пәнінен 7 сынып күнделікті қысқа мерзімді сабақ жоспарлау ҚМЖ

352
0
Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым. Жануарлар дүниесін қорғау.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Зоология — (көне грекше: ζῷον „жануар“ көне грекше: λόγος – ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, жеке дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы.
Мағынаны тану  Зоология — (зоо… гр. logos – ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, жеке дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы.
Зоологиялық ғылыми-зерттеу арқылы жануарлардың халық шаруашылығындағы рөлі анықталады. Олардың ішіндегі пайдалылары, ауылшаруашылығы және орман шаруашылығының зиянкестері, түрлі аурулар таратушылары ажыратылады. Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай зоологияның: протозоология, энтомология, ихтиология, герпетология, орнитология, териология бөлімдері бар.
Жануарлар туралы мағлұматтар көне дәуірлерден белгілі. Ежелгі Қытай, Үндістан, т.б. елдерде жануарлар туралы кітаптар шығарылған. Дегенмен, зоология ғылым ретінде алғаш Ежелгі Грекиядадамыған және ол Аристотель (б.з.б. 384–322) есімімен тығыз байланысты. Ол өз еңбектерінде тұңғыш рет жануарлар дүниесін жүйеге келтіріп, оларды қаны бар жануарлар және қаны жоқ жануарлар деп екі топқа бөлді. Зоологияның дамуына 16 ғасырдың аяғы – 17 ғасырдың басында ойлап табылған микроскоптың маңызы зор болды. Оны ойлап тапқан голландия ғалымыА.Левенгук (1632–1723) алғаш рет жануарлардың қан түйірлері мен қан капиллярларын сипаттап жазды. Левенгуктың басты жаңалығы – микроскоп арқылы су тамшыларын зерттеп, оның құрамында қарапайым жәндіктердің тіршілік ететінін ашуы болды.

 

Ой толғаныс 1.Зоология дегеніміз не?
2.Қазақстанда мекендейтін қандай жануарларды білесің?
3.Зоология сөзін грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Сабақты бастамас бұрын жануарлар әлемі туралы видеоролик көрсетіледі. Осыдан сұрақ туындайды: 1. Жануарлардың өсімдіктермен салыстырғанда саны қанша? 2. Неліктен әрбір жануарлардың сыртқы пішіндері әртүрлі? Греция ойшылы Аристотель б.з.д. 384-322 жж аңдар, құстар, балықтар, киттер, бунақденелілер деп бөлген. Карл Линней (1707 – 1778) Қосарлы атаутізімді енгізді. Мысалы: Ақ түбітті үйқоян, Күміс түсті үйқоян, Ақкіс үйқояны. «Ақ түбітті», «Күміс түсті», «Ақкіс» сөздері жеке түрге ғана қолданылады. Барлығына ортақ – екінші атау «Үйқоян». Жозеф Питон де Турнефор (1656-1708). ХVІІ ғасырдың соңында класс ұғымын енгізді. 1825 жылы француз зоолог-анатомы Анри Мари Бленвиль «Тип» терминін ұсынды. Жануарларды жіктеу сызбанұсқасы: түр туыс тұқымдас отряд класс тип жануарлар дүниесі Жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеудегі айырмашылықтар: Өсімдіктерде Жануарларда Өсімдіктер дүниесі Жануарлар дүниесі Ашықтұқымдылар бөлімі Қарапайымдар типі Бүрлі өсімдіктер класы Плазмалылар класы Қылқан жапырақтылар тұқымдасы Тамыраяқтылар тұқымдасы Қарағай туысы Амеба туысы Түрі – кәдімгі қарағай Түрі – кәдімгі амеба
Мағынаны тану  Тест 1. Жануарларды зерттейтін ғылым саласы

А) ботаника в) зоология С) гельминтология Д) Анатомия

2. Жүйелеудің атасы деген атқа ие болған кім? А) Бленвиль в) Аристотель С) Линней Д) Ламарк

3. Жүйелеудің ең кіші өлшем бірлігі А) тұқымдас в) дүние С) класс Д) түр

4. Класс ұғымын енгізген кім? А) Бленвиль в) Турнефор С) Линней Д) Ламарк 5. Төменгі сатыдағы жануарларды тап. А) қандауырша в) құстар С) сүтқоректілер Д) балықтар 6. Омыртқасыз жануарларды тап А) жорғалаушы в) қосмекенділер С) бунақденелілер Д) қабықтылар

7. Ғаламшарымыздағы жануарлар саны А) 1млн в) 1,5млн С) 1,5мың Д) 1мың

8. Барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру қалай аталады? А) Жіктеу в) Жүйелеу С) топтау Д) Біріктіру

9. Жүйелеудегі ең жоғарғы өлшем бірлігі А) тұқымдас в) дүние С) класс Д) түр

10. Жануарларды аңдар, құстар, балықтар, киттер, бунақденелілер деп бөлген кім? А) Бленвиль в) Аристотель С) Линней Д) Ламарк V. Жұмбақ жануарлар

1. Аңыз бойынша бұл құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен. (қораз)

2. Бұл үй жануары Библияда аты аталмаған жалғыз жануар, бірақ суретші Альбрехт Дюрер бұл үй жануарын Адам ата мен Хауа ананың аяқ жағында бейнелеген. Ресейде Мәскеу көпестері бұл жануарды семіртіп сайысқа қатыстырған. (Мысық)

3. Бұл құс Жаңа Зеландия символдарының бірі және дәл осылай аталатын өсімдік бар. Жемісін жеуге болады. (Киви)

4. Бұл таңғажайып секіруші аңға құйрығы денесін біркелкі ұстауға көмектеседі. (Кенгуру)

5. Бұл табиғатта маңызы зор біржасушалы жануар. Тұщы су қоймаларында мекендейді. (Кірпікшелі кебісше)

Ой толғаныс 1. Жануарларды дене құрылысының ерекшеліктеріне байланысты неше топқа бөледі? 2. Желілер типі деп неге аталған?

3. Адамдар жануарларға жата ма?

 4. Қосарлы атаутізімді енгізген және жүйелеудің атасы деп кімді айтаыз?

 5. Жануарларды жіктеу сызбанұсқасын ата
Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның Қазақстан Республикасында ғылым ретінде дамуы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Зоологиялық ғылыми-зерттеу арқылы жануарлардың халық шаруашылығындағы рөлі анықталады. Олардың ішіндегі пайдалылары, ауылшаруашылығы және орман шаруашылығының зиянкестері, түрлі аурулар таратушылары ажыратылады. Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай зоологияның: протозоологияэнтомологияихтиологиягерпетологияорнитология,териология бөлімдері бар.[1]

Алға қой өлінеді. Олар жануарлар систематикасы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар экологиясы, филогениясы, этологиясы, зоогеографиясы, палеозоологиясы. Зерттеу объектілеріне байланысты З. протозоология, омыртқасыздар зоологиясы, омыртқалылар зоологиясы, ал оның ішінде, гельминтологияға, малокологияға, карцинологияға, энтомология, ихтиология, герпатология, орнитология, териологияга бөлшектенеді. Жануарларды суреттеп жазу ерте дүниеде жүргізілген. Бұл істер Ерте Грекиядан басталады да, негізінде Аристотельдің еңбектерімен байланысты. Ол 500 жануарлар түрін сипаттап, оларды жіктеген. 16-17 ғасырда жануарлар әлемі жөнінде мол мағлұматтар жиналған. Микроскоптың пайда болу нәтижесінде көзге көрінбеитін жануарлар әлемі зерттеле бастаған. Қазіргі уақыттағы жануарлар әлемінің жіктелу негізі 17 ғ. мен 18 ғасырдың бірінші жартысында Дж. Рей мен К. Линней еңбектерімен қаланды. Ч. Дарвин, органикалық элемнің эволюциялық теориясымен З. өзіндік үлкен үлесін қосқан. Ол «Бигл» кемесімен дүниежүзілік саяхатының нәтижесінде 1839 ж. «Ізденіс күнделігі» атты еңбегін жариялады. Бұл еңбектерінде ол бірінші рет оңтүстік американдық және аралдардағы кемірушілер, жыртқыш құстар, кесірткелер, бақалар т.б. жануарларды сипаттап жазған. Оның З. аса маңызды еңбектері: маржан рифінің жаратылу тарихы «Зоология», (1-5 том, 1839-1843 жж.), және «Мұртаяқты шаяндылар», (1-2т. 1845). Зоологияның дамуына көптеген ғалымдардың еңбектері үлес қосты. Олардың арасында аса көрнекті ғалымдар: Ж.Л. БюффонЖ. КювьеЭ. Жоффруа Сент-ИлераП.С. ПалласЖан Батист ЛамаркК.Ф. РульеК. ВольфК.М. БэрА. УоллесР. ОуэнЭ. ГеккелФ. МюллерА.О. және В.О. КовалевскилерИ.И. МечниковМ.А. Мензбир,И.И. ШмальгаузенВ.Н. Беклемишев т.б. бар. Қазіргі уақытта салыстырмалы зерттеулермен қатар, 3. жануарлардың физиологиясы, экологиясы, эмбриологиясының ерекшеліктерін экспериментальдық зерттеулер арқылы анықтауда. Зоология, жануарларды қорғау және пайдалану, ауыл шаруашылық өсімдіктерімен орман шаруашылығына, тағамдық және өндірістік қорға зиян келтіретін, сондай-ақ адамдар мен жануарларға қауіпті ауру коздырушыларын тасымалдаушылардың санын реттеудің ғылыми негізі болып табылады. Қазіргі заман зоологиясы медицина, ауыл шаруашылық және ветеринариямен тығыз байланысты, ал оның кейбір бөлімдері паразитология, гидробиология, эпизоотология, эпидемиология құрамына енеді.

Мағынаны тану  1-топ

Қазақстан жануарлары туралы алғашқы ғылыми жазба деректер ВизантияРим, Араб халифаты елшілерінің жолжазбалары мен Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігінде», «Кодекс Куманикусте» («Қыпшақ тілінің сөздігі») кездеседі. Қазақстанға 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында келген географ-саяхатшылардың экспедициялық зерттеулерінің қорытындысы мен жеке мамандардың еңбектерінде де біздің өлкедегі жануарлар туралы деректер мол. Мысалы, П.С.Паллас құс пен аңның 41 түріне, Э.А.Эверсман құстың 8 түріне сипаттама берген. Сондай-ақ Н.А.Северцовтің «Түркістан жануарларының таралуы», П.П.Сушкиннің «Қырғыз даласының құстары», Н.А.Зарудныйдың «Арал теңізі құстары», т.б. ғылыми еңбектері аңдар мен құстардың жаңа түрлерін ашып, хайуанаттардың географиялық таралуы мен биологиясын зерттеп білуде маңызы зор болды. 20 ғасырдың басында Л.С.Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948–49) деген кітабына енді. Сондай-ақ республикамыздың жануарлар дүниесін зерттеуде КСРО ҒА-ның Зоология институты, Мәскеу мемлекеттік университеті, т.б. жоғары оқу орындарының ғалымдары (К.И.Скрябин, Д.Н.Кашкаров, А.Л.Бродский, Б.С.Виноградов, В.А.Селевин, т.б.) үлкен үлес қосты. 20 ғасырдың 20-жылдары

2-топ

Жетісуда көрнекті ғалым В.Н.Шнитников көптеген коллекциялық материалдар жинады. Соның нәтижесінде ол «Жетісу сүтқоректілері» (1936) және «Жетісу құстары» (1949) атты ғылыми еңбектерін жариялады. 20 ғасырдың 30-жылдары Е.Н.Павловский, В.А.Догель, Б.Е.Быховский, т.б. белгілі ғалымдардың басшылығымен жануарлар паразиттері және олар тарататын ауру түрлерін кеңінен зерттеу қолға алынды. Соның нәтижесінде «Арал теңізі балықтарының паразиттері» (1934) және «Каспий теңізі балықтарының паразиттері» (1938) сияқты ғылыми еңбектер жарық көрді. 1924 жылы Алматыда Қазақ өсімдік қорғау стансасы (қазіргі Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты) ашылып, онда ауылшаруашылығы дақылдарына зиянын тигізетін кеміргіштерді зерттеп, оларға қарсы күрес жолдары анықталды. 1929 жылы ашылған обадан арылу стансасында (қазіргі Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталық) қауіпті оба ауруын тарататын кеміргіштер мен олардың паразиттері зерттелді. Республикада жануарлар жөніндегі жүйелі зерттеулер КСРО ҒА-ның қазақстандық базасының құрамында Зоология секторы ашылғаннан кейін (1932) басталды. Зоология саласындағы іргелі ғылыми-зерттеулер 1943 жылы құрылған Зоология институтында жүргізілді. Қазақстанның зоолог-ғалымдарының көп жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстары: «Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары», (1956), «Қазақстан құстары» (1–5 т., 1960–74), «Қазақстан тұяқты жануарларының ішкі паразит құрттары» (1–2 т., 1962–63), «Қазақстан сүтқоректілері» (1–4 т., 1969–85), «Қазақстан балықтары» (1–5 т., 1986–92), «Қазақстанның қызыл кітабы» (1996) сияқты іргелі еңбектерде қорытылған. Қазақстанда сүтқоректілер мен құстардың, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің түрлері мен жалпы саны анықталды; кейбір топтарға жататын омыртқасыз жануарлардың фаунасы мен жүйеленімі, жабайы жануарларды халық ш-нда пайдаланудың ғылыми негіздері кеңінен зерттелді.

3-топ

Соңғы жылдары республикамызда жануарлар дүниесінің әртүрлілігін сақтау, оларды ұдайы өсіру және ұтымды пайдаланудың ғыл. жолдарын жасау, жануарлар мен адамның табиғи ошақты және паразиттік ауруларын болдырмау тәсілдерін іздестіру, жануарлар әлемінің кадастрін жасау жұмыстары Қазақстан ғалымдары Е.В.Гвоздев, Т.Досжанов, А.Бекенов, Э.И.Гаврилов, А.Ф.Ковшарь, И.Д.Митяев, Г.Уәлиева, Б.Шайкенов, Л.А.Бурделов, Д.Жатқанбаева, т.б-лардың басшылығымен жүргізілді. Сондай-ақ зоология проблемалары ҚазҰУ мен облыс орталығындағы университеттердің биология факультеттерінде, мемлекттік қорықтар мен зоологиялық қорықшаларда, ұлттық табиғи саябақтарда зерттеледі.

 

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

 

Пәні биология Сынып 7
Сабақтың тақырыбы Кәдімгі амеба организм екендігі. Сыртқы және ішкі құрылысы.
Жалпы мақсаты Білімділік:Амебаның сыртқы құрлысы,және олардың көбейуі туралы жалпы түсінік беру.

Тәрбиелілік:оқушыларды өз бетинше ойлауға тәрбиелеу.  Жинақтылыққа, зейін қоя білуге үйрету.                                               Дамытушылық:,Саркодиналар типіне жататын ,денесінің арасындағы  айырмашылығы   туралы  толық білуге, қызығушылығын   дамыту .

 

Сілтеме Биология  7«Атамұра» 2012, қосымша әдебиеттер: әдістемелік нұсқаулық «Алматы»

Қосымша әдебиеттер:

Биология «Алматы» 2007ж

Ғаламтор жүйесінен іздену:

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс әрекеті Оқушы іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру

 

Амандасу

Топқа бөлу

Суреттер арқылы  топқа  бөлу

Әр топта берілген суреттер бойынша бөлінеді.
Үй жұмысын тексеру «сұрақ қою, қайта сұрақ қою»әдісі. Оқушылар берілген тапсырмаға мұқият жауап береді.  Және бір бірімен пікір алысады.

 

Таныстырылым Слайд арқылы бірнеше суреттер тақырыпқа байланысты көрсетеді

 

 

 

 

 

Сурет арқылы сабақтың тақырыбын ашады  және бейне таспа корсетіледі.
Жаңа сабақты меңгеру

 

Постер орындау

1 Амеба.

2 Циста

3. саркодиналар

Оқушылар  берілген постермен жұмыс жасайды.
Жаңа сабақты бекіту  «Семантикалық кара» әдісі. Дәптермен жұмыс

 

 

Бағалау Берілген критерий бойынша оқушылар өз өзін бағалайды Әр сұраққа жауап беріп оны бағалау критерийі бойынша топ басшысы бағалап отырады.
Үй тапсырмасын түсіндіру §5 Кәдімгі амеба организм екендігі.        Сыртқы және ішкі құрылысы. Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Жасыл эвглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген  қарапайым жәндік.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Ботаниктер балдырлар бөліміне, ал зоологтар қарапайым жәндіктерге жатқызатын, өсімдік пен жануарлардың туыстастығына айқын дәлел бола алатын біржасушалы жәндік — жасыл эвглена. Бұлардың 900-ге тарта түрлері белгілі, Бұрынғы КСРО-да 430 түрі мекендейді. Кейбір түрлері осмостық қысым және фототәсілмен қоректенетіндіктен, жасыл эфглена қарапайымдар класына жатады.
Мағынаны тану  Жасыл эвгленаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы

Дене тұрқы 4-500 микро миллиметрден аспайтын жасыл эвгленаны органикалық заттары мол тұщы су қоймалардан, жағаға жақын су түбінен жиі кездестіруге болады. Эвгленаның пішіні сүйір жапыраққа ұқсас, дененің алдыңғы жағы доғалдау, артқы жағы сүйірлеу келеді. Амеба тәрізді эфгленаның денесінде де нақтылы қабықша болмайды, цитоплазмасы дене пішінін сақтайтын тығыздау келген сыртқы қабатпен қапталады. Сондықтан эвгленаның дене пішіні өзгермейді. Біржасушалы эвглена денесінің алдыңғы жағынан ойыс байқалады. Бұл- эвгленаның жұтқыншағы. Жұтқыншақта жіп тәрізді жіңішке талшық орналасады. Талшық — цитоплазманың созындысы, эвгленаның қозғалу мүшесі. Эвгленаның алдыңғы жағындағы талшық ширатылып, тарқатылғанда және толқындана иілген кезде жәндік доғал жағымен алға қарай жылжиды.

Қоректенуі

Микроскоппен қарағанда эвгленаның жасушасынан көптеген жасыл тақташаларды — хлоропластарды көруге болады. Бұл 20 шақты жасыл тақташаларда хлорофилл болғандықтан , эвглена өсімдіктер тәрізді жарықта денесіне органикалық заттарды фотосинтез тәсілімен жинақтайды. Цитоплазмаға жинақталған кенеулі заттарды эвглена ашыққан кезде қорегіне пайдаланады. Бұл- эвгленаның жасыл өсімдіктер тәрізді қоректенуі. Ал денесінде жасыл тақташалар болмаған кезде эвгленалар жануарлар тәрізді тәсілмен қоректенеді, яғни айналасындағы органикалық заттарды денесіне сіңіреді. Бұл кезде эвгленаға судағы шіріген заттардың ерітіндісі қорек болады. Денесінде болатын жасыл тақташалар эвгленаны жасыл етіп көрсетеді, сондықтан жәндік жасыл эвглена деп аталады.

Тыныс алуы және зәр шығаруы

Жасыл эвглена амеба тәрізді тыныс алып, зәр шығарады. Зиянды заттар ерітіндісі дененің алдыңғы жағындағы жиырылғыш вакуольге жиналып, кейін сыртқа шығарылады.

Жарықты сезуі

Жасыл эвглена жарық әсерін сезе алады. Оның жарық сезу қызметін атқаратын қызыл көзшесі дененің алдыңғы жағында, жиырылғыш вакуольдің қасында, талшықтың түбіне ала жатады. Жасыл эвгленалар әрқашан жарығы мол жаққа көбірек жиналады.

Көбеюі

Жасыл эвглена жыныссыз жолмен, бөліну арқылы көбейеді. Ең алдымен денесінің артқы жағына қарай орналасқан ядросы бунақталып, болашақтағы жас эвгленаның алдыңғы бөлігінде жаңадан талшық пайда болады. Бұдан соң эвгленада екі жұтқыншақ түзіліп, жиырылғыш вакуольдің екіге ажырағаны және екі ядро пайда болғаны байқалады. Эвглена басқы бөлігінен дененің соңына қарай біртіндеп екіге ажырап, денені ұзынынан бойлай екіге бөлінеді. Көбею кезінде эвгленаның денесіндегі жасыл тақташалар да екі еселенеді. Сөйтіп, алғашқы бір эвгленадан жаңа екі жас эвгленалар пайда болады.

Циста түзуі

Басқа қарапайым жәндіктер тәрізді, эвглена да температура кенет өзгергенде, ылғал жетіспей қалған жағдайда, жалпы қолайсыз жағдайларда тыныштық сатысына көшіп, денесінің алдыңғы жағындағы талшығын түсіреді де, тығыз қорғаныш қабықшаға оралып, домаланады. Сөйтіп, эвглена қолайсыз жағдайда осы күйінде циста ішінде өткізеді. Қолайлы жағдай болған кезде эвгленалар қайтадан тіршілігін бастап, цистадан шығады.

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Кірпікшелі кебісше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік. Жыныстық  процесс. Жорғалап қозғалатын және отырықшы инфузориялар. Ірі қара малдармен селбесіп тіршілік ететін ифузориялар.

№ 1 зертханалық жұмыс.

Ашық су қоймасынан немесе  аквариумнан алынған су тамшысындағы қарапайым организмдерді қарау.

Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Эвгленаның құрылысын макет түрін жасау. А — В — С — Д — Е бір — біріне сұрақ қойып, бағалайды.
Ал балалар біз сендермен қандай біржасушалы жәндіктермен таныстық?
Ал бүгін қандай біржасушалы жәндікпен танысамыз деп ойлайсыңдар?
Өте дұрыс біз бүгінгі сабағымызда кірпікшелі кебісшемен жақынырақ танысамыз.
Қызығушылығын ояту Әр топ кірпікшелі кебісше туралы ассоциация мен кластер жасап, қорғайды.
Мағынаны ажырату І топ. Оқымыстылар 21 бетте кірпікшелілер класы дегеннен бастап, қоректенуі дегенге дейін оқиды. 22 бет. (Басы)
ІІ топ. Талаптылар 22 беттегі қоректенуі, тыныс алуы және зәр шығаруы туралы оқиды. 23 бет.(Ортасы)
ІІІ топ. Зерттеушілер тітіркенгіштігі, көбеюі, циста түзуі туралы оқиды. 24 бет.(Соңы)
Мәтінді оқып болғаннан кейін әр топ мүшелері бір — біріне мазмұндайды. Мазмұндағаннан кейін, А1, А2, А3 үй иелері қалады ал қалған топ мүшелері көрші топтарға қонаққа барады.
Мағынаны тану  Тақырыпты басынан бастап, аяғына дейін бір — біріне мазмұндап, талқылайды, пікір алмасады. Талқылап болғаннан кейін қонақтар үйлеріне қайтады.
Ал мен әр топқа доп лақтыру арқылы сұрақ қоямын.
1. Кебісше қай кезде циста түзеді? (қолайсыз жағдайда)
2. Жылдың қай мезгілінде кірпікшелер көбеюге кіріседі?(қорегі мол кезде. Жазда.)
3. Кебісшеде сезім мүшелерінің қызметін не атқарады? (кірпікшелері)
4. Кірпікшелілер қандай суларда мекендейді? (тұщы, тұзды, тоқтау, тоғанда, батпақты жерлердегі суда )
5. Бір кібісшенің денесінде неше мыңға жуық кірпікше болады? (10. 000 — 15. 000)
6. Кебісшенің құрылысын айт? (қабықша, жиырылғыш вакуоль, үлкен және кіші ядро, цитоплазма, кірпікшелер, асқорыту вакуолі, ауыз тесігі.
7. Кірпікшелілердің негізгі қорегі не? (бактериялар мен ұсақ ағзалар)
8. Кебісшенің қоректенуі кезінде ас бірінші ауыз ойысына, ал ауыз ойысынан қайда түседі? (шұқырақ тәрізденген жұтқыншаққа)
9. Қорытылмаған ас не арқылы сыртқа шығарылады?
(Қылаулатқыш)
10. К. к. жиырылғыш вакуоль қандай қызмет атқарады?(зәр шығару, артында орналасқан)

 

Ой толғаныс №1 зертханалық жұмыс. Кірпікшелі кебісшенің құрылысын, қозғалысын және тітіркенгіштігін бақылау.
І топ. Оқымыстылар.
Тоқтау судан алынған тамшыдан микропрепарат жасап, кебісшені бақылау.
ІІ топ. Талаптылар.
Қаламға арналған сияны 5 — 8 есе сұйылтып, кебісшесі бар су тамшысына тамызады, сөйтіп жиырылғыш вакуольдің боялғанын көреді.
ІІІ топ. Зерттеушілер.
Заттық шыныға 1 тамшы кебісшелі су мен 1 тамшы таза су тамызады. Кебісше бар суға 1 түйір тұз салып, тітіркенуін бақылап, қорытынды жазады.

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизентериялық амеба, безгек паразиті. Дизентериялық амебаны жұқтырудың алдын алу. Безгек ауруы таралған аймақтар. Безгекпен күресу. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Ол өте ақылды және қарапайым болған екен. Патшаның үш ұлы болған, олардың мінез — құлқы мен жаратылысында өзгешіліктер болыпты. Үлкені — бір орында тұра алмайтын, соған сай мінезі де құбылмалы екен. Ортаншысы — өте сәнқой болыпты, күндіз жасыл көйлек кисе, түнде ақ көйлек киіпті. Үнемі төбесінен бір тал үкісі түспепті. Ал кішісі — ерекше пысық болыпты, оның әдемі кірпіктеріне қызықпаған ел қалмайды. Тіпті екі «жүрегі» болғанға ұқсайды. Бірақ, осы үш ұлдан көптеген елдер зиян шегіпті де, патшаға арыз айтушылар көбейіпті. Сонда әбден шаршаған патша халыққа мынандай үндеу тастапты: « Менің ұлдарымның бойында ерекше қасиеттері бар, кімде – кім сол қасиеттерін тапса, бас уәзірім болады»- депті. Ал, қане ойланайық!  Кім тапқыр екен?

Амеба, Эвглена, Кебісше туралы,  оның қасиеттерін, маңызын таныстырады

Бірін-бірі қолдайды

Кәдімгі амеба  Жасыл эвглена  Кірпікшелі кебісше                             

Мағынаны тану  Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Постер қорғау

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Тұщы су гидрасы. Сыртқы көрінісі және мінез-құлқы. Гидраның қоректенуі. Тыныс алуы. Тітіркенгіштігі.
Мақсаты а) білімділік: оқушыларға ішекқуыстылар типін түсіндіріп, білімдерін тереңдету, түрлерімен таныстыру.
ә) дамытушылық: Оқушыларға ішекқуыстылардың түрлерімен таныстырып, білімдерін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрісін, ізденімпаздығын дамыту.
б) тәрбиелік: оқушылардың игерген білімдерін ортаға салуға, ойын еркін жеткізуге, сөз мәнерін сақтауға тәрбиелеу.Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Ғажайып ондық
1. Инфузория деген не?
2. Бодо неліктен жануар текті қарапайымға жатқызылады?
3. Бодо қалай қозғалады?
4. Қантышқақ амебасынан қандай зиян келеді?
5. Ұйқы ауруының қоздырғышы?
6. Хроматофор грекше қандай мағына береді?
7. Лямблияның дене тұрқы қанша?
8. Безгекпен ауырған адамның дене қызуы қанша градус болады?
9. Кірпікшелі жәндіктерде ядро қандай қызмет атқарады?
10. Споралылар типіне қандай жәндіктер жатады?
Кесте толтыру

III. Өткен сабақты пысықтау.
Біржасушалы жәндіктер:
Споралы —— Кірпікшелі — Талшықты

Мағынаны тану  шекқуыстылар типі
Гидроидтар класы, сцифоидтар класы, маржан полиптер класы. Жалпы сипаттамасы
Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар ересек особьтарында айқын сақталып, бір — бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды.
Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты жануарлар тобына жатады.
Екіншіден — энтодерма кабатындағы клеткалары қуыс ішіне аскорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған сәйкес берілген.
Белгілерінің тағы бірі — сәулелі симметриясының болуы.
Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар тіркелмелі — полиптер және еркін жүзіп жүретін — медузалар болып топтасады.
Полиптердің денесі көбінесе цилиндр тәрізді. Табаншасымен субстратқа бекінеді, ал оған қарама — қарсы жағында гастраль қуысына ашылатын қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі болады.
Полиптер тобында жеке тіршілік ететін особьтары өте аз кездеседі, негізінде олар колонияльды формалар. Колониядағы особьтары құрылысы және қызметі жағынан әр түрлі болса, ол — полиморфты, ал бірдей болса — мономорфты колония болады.
Медузалар — жеке, шарықтап жүзіп тіршілік ететін организмдер. Денесі шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Колония құрмайды.
Ішекқуыстылардың тағы да бір ерекшелігі — аткыш (күйдіргіш) және нерв клеткаларының болуы.
Ішеккуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олардың 9000 — ға жуық түрлері белгілі. Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, коңырау тәрізді, ұзындығы 1 мм — ден бірнеше см — ге дейін. Ірі түрлері де кездеседі. Мысалы, алып медузаның көлденеңі 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м — ге дейін жетеді.
Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпак алмасуы — метагенез арқылы дамиды.
Ішеккуыстылар типі үш класка бөлінеді: гидроидтар класы — сцифоидтар — және маржан полиптері. (суреттері)

V. сабақты бекіту.
№ 14 Тұщы су гидросының сыртқы құрылысы және тіршілігімен танысу

Құрал — жабдықтар: 1) 2 — 3 оқушыға бірден келетіндей етіп ұлғайтқыш әйнек әзірлеу;
2) сапты инелер 3) 2 — 3 оқушыға бірден келетіндей, ішінде гидрасы бар сынауық.
1 Гидраны кез келген суы таза тоқтау судан тауып алып, зертханалық жұмысқа әзірлеу. Қажетті гидраны үлкен шыны ыдыста ұстауға болады.
2. Сынауықтағы су өсімдігіне жабысып тұрған гидраны ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Гидраның сыртқы құрылысымен танысу. Гидраның қалай бекінгенін анықтап қарау. Дәптерлерге суретін салу. Гидраның қармалауыштарын жазып, созылуы да, бүрісіп домалана жиырылуы да мүмкін. Екі жағдайды анықтап көріп, дәптерге бейнесін сызып алыңдар.
3. Шыны ыдыстағы су өсімдігінде жабысып тұрған гидраны тітіркендіріп, нәтижесін анықтау. Гидраның сабақшасымен қармалауыштарын созу кезеңінде денесіне ине шаншу. Гидраның оған қалай жауап қайтарғанын бақылау.(Оқушылар ұлғайтқыш әйнек пен гидраның денесіне ине шанышқанда қалай тітіркенетінін нақтылы көре алады. )
4. Сабақтан тыс уақытта гидрамен мынадай тәжірибелер жасауға болады.
1) гидраның қорегін қалай аулайтынын бақылау; 2) гидраның адымдап жүруін қадағалау (бұлар ды бақылау үшін гидраны 1 — 2 күн қоректендірмей, ашықтыру керек. Сонда қорекке тез ұмтылады және жүретін болады).

Мағынаны тану.
Лоторея ойыны
«Алтын таға»
● Обелияның суретін құрастыру.
● Мынау қандай ішекқуысты?
● Қызыл маржанды сипаттау?
● Гидра сәйкестендіру ішкі және сыртқы құрылысы?
● Ішекқуыстылардың аттарын жазу?
● Артық сөзді табыңыз?.
«Білгенге маржан»
● Маржан деген не?
● Риф деген не, оның қандай түрлері бар?
● Актинияның гидрадан айырмашылығы неде?
● Гидра қандай жолмен көбейеді?
● Құлақты медузаның диаметрі неше сантиметрге жетеді.?

Жұмыр құрттар типі (нематодтар).

Жұмыр құрттар — денесі созылыңқы, буылтықтарға жіктелмеген, цилиндр немесе ұршық пішінді, көлденең кесіндісі дөңгелек, теңіздерде, тұщы суда, топырақта, кейбір түрлері адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттікпен тіршілік ететін жәндіктер. Бұлар денесінде буылтығы болмағандықтан, жұмыр құрттар деп аталады. Жер жүзінде жұмыр құрттардың 20000-ға жуық түрлері тіршілік етеді.

Ішексорғы мен үшкірқұрт — адамның денесінде тіршілік ететін паразит жұмыр құрттар. Жұмыр құрттардың көпшілігі паразиттікпен тіршілік етеді, солардың бірі — адам ішексорғысы мен үшкірқұрты.

Адам ішексорғысының тіршілігі мен сыртқы құрылысы. Ересектерден гөрі жасөспірімдер мен балалардың аш ішегінде орнығатын, екі ұшы да сүйірленіп келген, дене тұрқы 20 сантиметрге дейін жететін ақшыл немесе сарғыш түсті құрт ішексорғы деп аталады. Ішексорғы екі сүйір ұштарын қадап, ішекте тіршілік етеді.

Ішексорғының алдыңғы ұшында аузы, соңғы бөлігінде аналь тесігі болады. Аналь тесігінен кейінгі дене бөлігі құйрық деп аталады. Ішексорғының аузында үш ерін бар, құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымдаған жерінен қан соралы. Оның денесі тығыз қабықшамен — кутикуламен қапталған, кутикуланың астында ұзын салалы бұошықеттері болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері болмағандықтан, ішексорғы денесін жиыра, қысқарта алмайды, оның денесі созылмайды да, сондықтан пішінін өзгертпей, жан жағына иіледі.

Ішексорғыгың денесін қаптаған тығыз қабықша тері бұлшықет қапшығы деп аталады. Асқорыту және басқа мүшелері тері бұлшықеттің астындағы сұйықтыққа толы қуыста орналасады. Сондықтан жұмыр құрттарды ілкіқуыстылар деп те атайды.

Қоректенуі. Ішексорғының қорегі аузынан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен құралады: алдыңғы, ортаңғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып, дене қуысын толтырып тұрған сұйықтыққа жеткізеді де, оны дененің жасушалары сіңіреді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.

Ішексорғыда қанайналым және тыныс алу мүшелері болмайды, ол таспа құрттар тәрізді тыныс алады.

Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Жүйке жүйесі жалпақ құрттарға ұқсас. Сезім мүшелері өте нашар дамыған, дененің алдыңғы жағында терідегі ойықта химиялық сезім мүшесі болады. Ішексорғвда көз болмайды.

Көбеюі. Ішексорғылар — дара жынысты жәндіктер аналығынан аталығы қысқа болады және аталығының құйрық бөлігі ішке қарай имектеніп тұрады. Ішексорғының аналығында екі жұмыртқабез, ал аталығында бір аталықбез орналасады. Ұрықтанған жұмыртқалар ішекке бөлініп шығып, қорытылмаған тамақ қалдығымен бірге сыртқа шығып қалады. Ондай ортаға түскен жұмыртқалар (олардың саны 200 000 — ға деін жетеді) бірнеше күннен соң дернәсілдерге айналады. Осылай дамыған жұмыртқалар қолдың кірі және жуылмаған көкқністерден адамның аузына түсіп, одан ішекке өтеді. Ішекте жұмыртқаларды жарып, дернәсілдер ішектің қабырғасына қадалады, сөйтіп бөсір (аскаридоз) ауруы пайда болып, ішексорғы бөлген улы заттардан ішектің қызметі бұзылады.

Дернәсілдердің қанмен бірге өкпеге де енуі мүмкін, ондайда қақырық бөлініп, адам жөтеледі. Қақырықпен бірге ішексорғының дернәсілі ауызға, адам жұтынғанда қайтадан ішекке түседі. Енді ол даяр азықпен қоректеніп, жетіледі де, үш айдан соң ересек ішексорғы жұмыртқалайды.

  Үшкірқұрт. Адамның, әсіресе жас баланың тік ішегінде паразиттікпен тіршілік ететін жұмыр құрттардың бірі — үшкірқұрт. Оның пішіні де ішексорғыға ұқсас, аталығы аналығынан екі есе қысқа болады. Үшкірқұрттың тұрқы 10 миллиметрге дейін жетеді және сыртқа аналығы ғана тірідей шығады. Құрттың құйрық бөлігі өте жіңішкеріп бітеді, сондықтан құрт үшкірқұрт деп аталады. Оның аналығы жұмыртқасын аналь тесігінің шыға берісіне салады да, денені қышытады. Оны қасығанда тырнақ астына жабысып, қайтадан ауызға түседі. Ол аш ішекке, бүйенге және соқыр ішекке өтіп, оларды қабындыру арқылы соқыр ішек ауруына шалдықтырады.

Ішексорғы мен үшкірқұрттан сақтану жолы — тазалық сақтау: тамақтану алдында міндетті түрде қол жуу, көкөністерді тек жуған соң ғана тамаққа пайдаланып, суды қайнатып ішу.

Паразит жұмыр құрттарды бір бірінен ажырата білген жөн. Тоқтау сулардан шумақталып жатқан жылқының құйрық қылы тәрізді қоңыр түсті, ұзындығы бір метрге дейін жететін жіңішке құрттарды көргенде үлкендердің әлдеқандай күшпен жылқының қылы тіріліп, адам денесіне бұралып енуі ықтимал деген әңгімесі еске түседі. Бұл — жұмыр құрттарға жататын,  дернәсілі бунақденелілерде паразиттікпен тіршілік ететін қылқұрт деген жәндік. Мұның адамға ешқандай да зияны жоқ. Шумақталып жатқан ұзын құрттар — жұмыртқалау үшін шыққан ересек қылқұрттың аналығы.

Жұмыр құрттардың дәл қылқұртқа ұқсас тағы бір түрі бар, ол суыртқы деп аталады. Оның ұзындығы 150 см, жуандығы 1,5 мм. Бұл — адам үшін өте қауіпті паразит, бұрын Бұхара маңында өте көп таралған. Суыртқының аналығы көбінесе адамның аяқ терісінің астында паразиттік тіршілік етеді. Сол кезде аяқтың еті қышып, қызарады және ісініп, соңы іріңді жараға айналады. Суыртқыны жарадан жіңішке шырпыға орап суырып алады, сондықтан құртты суыртқы деп атайды. Бұл Иранда, Үндістанда және Африка елінде көп кездеседі. Оның көбею айналымы да, басқа жұмыртқа құрттардан ерекше — аралық иесі болады. Науқас адам аяғын хауыздағы суға жуғанда, аналық суыртқының дернәсілі суға түседі де, оны циклоп жұтып (циклоп — суыртқының аралық иесі), ал ішінде дернәсілі бар циклопты су ішкен кезде адам қайта жұтуы мүмкін. Адамның ішіне түскен дернәсіл қан арқылы аяқтағы терінің астына жетіп, 8 — 10 айда ересек суыртқығаайналады. Бұл ауру адамды әбден қажытады. Ауруды дракунлез деп атайды.

Ой толғаныс Кестені толтыру
Белгілері ————————————— Актиния ——————— Тамырауыз медуза
1. Мекен ортасы
2. Жемі және ұстау әдісі
3. Астың қорытылатын орны
4. Қозғалуы
5. Дене пішіні
6. Денесінің реңі
7. Дене симметриясы

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Гидраның Ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығы. Эктодерма және энтодерма. Жасушаларының әртүрлілігі.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Гидралар (Hydrozoa) – ішекқуыстылар типінің омыртқасыз жануарлар отрядына жататын жыртқыштар. Қазір гидралардың 10-нан астам түрі белгілі. Соның ішінде Қазақстанда кәдімгі гидралар (Hydra vulgarіs), жасыл гидралар (Chlorohudra vіrіdіssіma), сабақтәрізді гидралар (Pelmatohudra olіgactіs) кездеседі. Гидралар – дене тұрқы 1 см-ге дейін жететін цилиндр пішінді, тұщы суда мекендейтін полип. Ол табанымен су астындағы өсімдіктерге, тасқа, т.б. заттарға жабысып, баяу қозғалып, тіршілік етеді. Гидралардың денесіэктодерма және энтодерма қабаттарынан тұрады. Аузының айналасында 6 – 12 қармалауыштары бар. Қармалауыштарының және атпа клеткаларының көмегімен ұсақ жәндіктерді, әсіресе, шаянтәрізділерді ұстап алып жұтады. Энтодерма қабатына түскен қорегін жасуша ішінде қорыту үшін олардың безді жасушалары ас қорыту сөлдерін бөледі. Қорытылмаған қалдықтары ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Гидралар жынысты және жыныссыз (бүршіктену арқылы) жолмен көбейеді, дара жынысты да, гермафродит түрлері де кездеседі. Гидралардың қайта қалпына келу қасиеті өте жоғары дамыған, мыс., денесінің мөлш. 1 мм-ге жетпейтін особь (дарабас) тез арада біртұтас Гидралар қалпына келеді.Гидралар негізінен лаб-да тәжірибе жасау үшін пайдаланылады.
Мағынаны тану  Әр топ постер жасап, қорғайды. Постер жасаған кезде оқушылар оқулықты пайдаланады.Өздері ізденіп, шығармашылық жұмыс пен жаңа мағлұматтарды алады. Әр топ жұмысын қорғау кезінде спикер сайлап алады. Спикерге көмекші алуға да болады.

І. топ:

Актиния – жыртқыш жануар. Актинияны әдемі гүлге ұқсайды. Денесі екі қабаттан тұрады. Энтодерма және эктодерма. Оның денесі кеспелтек бағана тәрізді, төменгі табаны жағымен су ішіндегі нәрсге бекініп, үстіңгі көп аяқ тәрізді қармалауыштармен қорегін аңдып,қимылсыз отырады. Атпа жасушылармен әлсірткен балықт қармалауыштармен қармап,жұта салады. Гидра – тұщы суда тіршілік етеді.

ІІ. топ:

Қызыл маржан – ол теңіз суынан әр түрлі көптеген минералды тұздарды жинап, қызыл түске боялған және әктен құралған ьұтақты қаңқа түзеді. Қып-қызыл бұтақтардан құстаң қауырсыны тәрізді аппақ 8 қармалауыштарды –көпаяқтарды көруге болады. Бұтақты қаңқаның биіктігін 40 см дейін жетеді. Көпаяқты маржандар әктенген бұтақтарды су бетіне көтерілген кезінде әр түрлі аралдар түзеді. Мұндай су астында пайда болған маржанды жартас риф түзіледі.

Рифтер үшке бөлінеді.

1. Тосқауыл риф

2. Жағалық риф

3. Шеңберлі риф

ІІІ. топ:

Медуза – жыртқыш жәндәк, қолшатыр жиегінде төмен қарай салбырап тұрған қормалауыштармен атпа әлсіреткен жәндікті аузына салып, ішекқуысында қорытады да, қорытылмаған қалдықты қайта аузы арқылы сыртқа шығарады. Медузалар – мөлдір денелі,қолшатыр тәрізді жәндәктер.

Медуза қозғалған кезде қолшатырдың жиегі жиырылып, пайда болған қуыстағы су сығылады да, дөнес жағымен алға қарай жылжиды.

Ой толғаныс Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Венн диаграммасы (біржасушалы жануарлар мен көпжасушалы жануарлардың ерекшеліктері және ұқсастығы). Күнделіктеріне жазады

 

 

Тақырыбы: Гидраның көбеюі, регенерациясы. Табиғаттағы маңызы
Жалпы мақсаты Гидраның көбею жолдарын, олардың атқаратын қызметі туралы жалпы түсіктер беру. Оқушыларды топпен ,жеке жұмыстар орындау арқылы ұйымшылдыққа баулу.Өзін-өзі,өзара бағалау арқылы әділдікке үйрету.
Оқу нәтижелері Гидрамен және көбею жүйесімен танысады. Топпен жұмыс,өзіндік пікір айтулары қалыптасады.Ойлау қабілеттері артады. Гидраның табиғаттағы алатын орны туралы толық меңгереді.
Сабақ түрі Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері Топпен, жеке жұмыс. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы. Өзін-өзі бағалау
Жаттығулар 1.     Үй тапсырмасына шолу    «Мотивациялық кезең»

2.     Проблемалық сұрақ

3.     Топпен жұмыс:    Ұйымдастыру-іздену

4.     Түйіндеме:   Тірі жүйенің құрылым деңгейлері

5.     Рефлексифті-түзету:    Сұрақ-менен, жауап-сізден

6.     Сергіту сәті

7.     Тест

8.     Рефлексия

9.     Бағалау

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің            іс-әрекеті Оқушының           іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру

3 минут

Оқушыларды топқа бөлу

Диалогтік оқыту

Түске  байланысты топқа бөлініп отырады. Түрлі түсті стикерлер
Негізгі бөлім

І. Өткен сабақ

«Мотивациялық кезең»

Сын тұрғысынан ойлау

АКТ-ны қолдану

Проблемалық сұрақ қойыла-ды, сабақ тақырыбы шығады. Гидра суреттері

Интерактивті тақта

 

 

ІІ. Жаңа сабақ 1.Гидраның көбеюі, регенерациясы. Табиғаттағы маңызы   тақырыбы бойынша сұрақтар қойыла сабақ  түсіндіріледі.

2. Оқулықпен жұмыс

Суреттер,кестелер

1.     Оқушылар  сұрақты тыңдайды, жауап береді.

2.     Биологиялық тілмен түсінік береді.

3.      Кесте бойынша баяндайды.

4.      Суреттер бойынша жеке оқушы түсінік береді.

5.     Топтар кластер құрастырады.

Гидраның көбею мүшелерінің суреттері.

Оқулық

ІІІ. Деңгейлік жаттығулар І, ІІ, ІІІ деңгейлі сұрақтар  береді.

Талантты, дарынды балалармен жұмыс

І, ІІ, ІІІ деңгейлі тапсырмаларды орындайды

Шығармашылық тапсырма

ІV. Үй тапсырмасы Кестені толтыру
V. Қорытынды Жеке жұмыс береді.

Оқытудағы көшбасшылық

Берілген тапсырманы жеке  орындайды.

Рефлексия

Тест  тапсырмалар үлгілері

Рефлексия бетшесі

VІ.Бағалау Оқушыларды бағалайды.

 

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы Бағалау бетшесі

 

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Олардың көптүрлілігі және маңызы. Маржан полиптері және медузалар. Ішекқуыстылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Ішекқуыстылар (Coelenterata) – нағыз көп клеткалылардың бір типі. І-дың басты белгілерінің бірі онтоген. дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасады, олар ересек дарабастарында айқын сақталып, эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды. Осы белгісіне қарай І-ды екі қабатты (Dіploblastіca) жануарлар тобына жатқызады. Екінші бір ерекшелігі – энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты олардың дене қуысы ішек қуысы деп аталады. Типтің аты осыған байланысты қойылған. Тағы бір ерекше белгісі – сәулелі симметриясының, атқыш (күйдіргіш) және жүйке клеткаларының болуы. І-дың басым көпшілігі теңіздерді, аз ғана түрлері тұщы суларды мекендейді. 9000-ға жуық түрі белгілі. Дене пішіні цилиндр тәрізді, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Денесінің ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге жетеді. Араларында ірі түрлері де кездеседі. Мыс., Cyanea arctіca-ның ені 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге жетеді. Морфол. құрылысы және тіршілік етуіне қарай І. полиптер және медузалар болып топтасады. І. жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы (метагенез) арқылы дамиды. Бұлар үш класқа бөлінеді: гидрозоасцифоидты медузалар және маржан полиптері.Гидрозоа (Hydrozoa) класы – тұщы суларда тіршілік ететін қарапайым құрылысты жануарлар. 2700-дей түрі белгілі. Бұлардың екі класс тармағы бар: сифонофоралар және гидроидтар. Стенофоралар (Ctenophora) – жылы теңіздерде еркін жүзіп, ерекше шоғыр (колония) құрып тіршілік ететін жануарлар. Шоғыр құрайтын дарабастары құрылысы мен физиологиясы жағынан әр түрлі, оларды зооидтер деп атайды. Денесінің ұзындығы әр түрлі, 1 см-ге дейін, кейде 2 – 3 м-ге дейін жетеді. Көпшілігі мөлдір түсті, бірақ кейбір бөлімдері қанық түске боялған түрлері де кездеседі. Жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Ішекқуыстылар (желкенді балықтар) көп көлемде, тіпті кейде мыңдап су бетіне қалқып шығады. Көктемнің соңы мен жаздың басында олар көбіне желмен жағаға қарай жылжиды.
Мағынаны тану  Типтің ішекқуыстылар деп аталу себебі: олар екі қабаттан тұрады; денесінде бір ғана қуыс болады. Ішек тәрізді қуысты екі қабат қаптайды. Оның сыртқысы – эктодерма, ішкісі – энтодерма. Эктодерма – жабын мен қозғалыс қызметін, ал энтодерма – асқорыту және қозғалыс қызметін атқарады.

Ішекқуысты жәндіктер типі негізгі 3 класқа жіктеледі:

 

 

 

Ішекқуыстылар типі

 

Гидратәріздестер класы       Табақшатәріздестер класы     Көпқармалауышты

(гидроидтар)                       (сцифоидтар)                        маржандар класы

(полиптер)

 

Ішекқуыстылар бір затқа бекініп немесе суда еркін жүзіп тіршілік етеді. Суда еркін жүзетін түрлерінің көру және тепе – теңдік мүшелері де болады. Көбінесе отырықшы ішекқуыстыладың денесі сәулелі симметриялы болады. Дене қуысы қапшық тәрізді тұйық болғандықтан, артқы тесігі болмайды. Қорытылмаған корек қалдығы аузы арқылы шығарылады. Ауыздың айналасында қармалауыштар орналасады. Барлық ішекқуыстылардың сыртқы қабатында – эктодермада атпа жасушалары бар. Атпа жасушалар қорғаныш және корегін аулау қызметін атқарады.

Ішекқуыстылардың денесінде, шашыраңқы орналасса да, жүйке жүйесі бар. Жүйкедегі жүйке жасушаларынан жүйке торы  түзіледі. Мұндай жүйке торы ең алғаш тек ішекқуыстылардан бастап қана байқалады.

Ішекқуыстылардың көпшілігінде регенерация құбылысы дамыған. Мысалы, гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар пайда болады. Олар аралық жасушалар деп аталады. Гидра денесі зақымданғанда аралық жасушалардың өсуі күшейе түседі. Олардан тері – бұлшықет, жүйке және басқа жасушалар түзіліп, зақымданған жері тез қалпына келеді. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі регенерация деп аталады.

І Гидратәріздестер (гидроидтар) класы.

Гидроидтар класына жататын гидра тіршілігі сендерге бұрыннан таныс. Шоғырланып, отырықшылықпен теңізде өмір сүретін обелия да гидратәріздес жәндік.

Гидраны суы таза, оттегіне бай баяу ағатын өзендерден, көлдерден, тоғандардан табуға болады. Ол көбінесе су өсімдіктерінің сынып түскен бұтақтарында мекендейді. Гидра сыртай қарағанда жәндіктен де өсімдікке көбірек ұқсайды. Оның қимылдайтын қармалауыштары бар денесі, сабақшасы және бір нәрсеге бекінетін табаны болады. Гидраның 5 – 8 салалы қармалауыштары ауыз қуысының айналасына орналасады. Гидраның аузы ішек қуысына жалғасады, сондықтан да ол – ішекқуысты жәндік.

Гидраның қапшық тәрізді денесі жасушалардың екі қабатынан: сыртқы қабаты – эктодерма, ал ішкі қабаты эндодермадан құралады. Сыртқы қабатында тері – бұлшықет, жүйке және атпа жасушалар орналасады. Тері – бұлшықет жасушалары – гидра денесіндегі ең көп кездесетін жасушалар. Олар бірімен – бірі жанасып, гидраның жабынын түзеді.

Атпа жасушалар гидраның сыртқы қабатында орналасқан. Атпа жасушалар гидраның бүкіл денесінде, әсіресе қармалауыштарда өте көп болады. Атпа жасушалар гидраны жауынан қорғайды және сол арқылы жемін аулайды.

Коректенуі. Гидра – жыртқыш жәндік. Ол суда тіршілік ететін ұсақ шаянтәрізділермен, тіпті балықтың кішкене шабағымен коректенеді. Оның бүкіл денесінде, әсіресе қармалауыштарында жауынан қорғанған және жемін аулағанда пайдаланатын атпа жасушалары болады.

Тыныс алуы және зәр шығаруы. Гидрада арнаулы тыныс алу және зәр шығару мүшелері болмайды. Ол бүкіл денесі арқылы судағы оттегін ішке сіңіріп, қажетсіз көмірқышқыл газды сыртқа шығарады. Зәр шығаруы да бүкіл денесі арқылы жүзеге асады.

Жүйке жасушасы. Гидраның денесіне инемен түртіп әсер етсе, ол жұмырланып, денесін жиырып алады. Мұның мәнісі: гидраның тері – бұлшықетінің астын ала көптеген жүйке жасушаларының орналасуында. Гидра судың температурасын да, онда еріген әр түрлі заттардың ерітіндісін де тітіркену арқылы сезінеді. Жүйке жасушасының сыртқы әр түрлі қимылдарға жауап беруі тітіркенгіштік деп аталады.

 

 

Гидраның ішкі құрылысы.

1- Сыртқы қабаты (эктодерма).

2-Ішкі қабаты (энтодерма).

3- Ішкі қуысы.

4 – ауыз тесігі

 

 

 

 

 

Табақшатәріздестер (сцифоидтар) класы

Сцифоидтар (грекше «сцифос» — табақша) класына жататын медузалардың барлығы теңізде, мұхитта өмір сүреді. Бізге айқышты медуза, құлақты медуза (аурелия), цианеа көбірек таныс.

Ішекқуыстылардың терең суда жүзіп жүріп тіршілік ететін де түрлері бар, солардың бірі – медуза. Медузалар – мөлдір денелі, қолшатыр тәрізді жәндіктер. Медузаның аузы қолшатыр тәрізді күмбездің астыңғы жағында болады. Ауыздың айналасынан атпа жасушалары бар көптеген қармалауыштар байқалады. Жапон теңізіңде тіршілік ететін шаршылы медузаның атпа жасушасынан адамның денесінде едәуір күйік пайда болып, одан дене ауырсынады.

Медуза – жыртқыш жәндік, қолшатыр жиегінде төмен қарай салбырап тұрған қармалауыштарымен атпа жасуша әлсіреткен жәндікті аузына салып, ішекқуысында қорады да, қорытылмаған қалдықты қайтадан аузы арқылы сыртқа шығарады.

Ішекқуыстылар жеке де (гидра, медуза, актиния), шоғырланып та (обелия, шоғырлы қызыл маржын) тіршілік етеді. Отырықшы ішекқуыстылар белгілі бір затқа төменгі жағымен бекінеді. Дененің ол бөлігі табан деп аталады. Қармалауыштар қоршаған аузы жоғары жағында орналасқан. Медузаның денесінде табан бөлігі жоқ. Аузы мен қармалауыштары төмен қарай бағытталады да, дененің үстіңгі жағы ашылған қолшатырға ұқсайды.

 

Медузаның ішкі құрылысы

Медузаның қоңырау тәрізді жалпақ бөлігі тері-бұлшық ет жасушаларындағы ет талшықтарының жиырлуы арқылы қозғалады. Оның ішкі  ас қорыту қуысы көп тармақтарға бөлінген. Жүйке жасушалары денесінің жалпақ бөлімінің жиегінде орналасқан. Медузаның сезім мүшелері жақсы жетілген.

Медузаның ішкі құрылысы:

1. Сыртқы қабаты (эктодерма)

2. Ішкі қабаты (энтодерма)

3. Ішек қуысы

4. Аузы

Көпқармалауышты маржандар (полиптер) класы.

Бұлар – тек теңіздерде ғана өмір сүретін отырықшы жәндіктер.

Актинияларды теңіз гүлі деп те атады. Актинияларлар табанын жиырып – созып бояу қозғалады, шоғыр құрмай, жеке өмір сүреді.

Актиниялар – ұсақ жәндіктерді, балық шабақтарын, медузалар және көпқармалауышты маржан ұсақ жәндіктерді корек етеді. Сондықтан бұлар – жыртықыш жәндіктер.

Көпқармалауышты маржандар дүниежүзілік теңіздерде кең таралған. Олардың әктен түзілген қаңқаларынан тропиктік теңіздерде су астында үйінді пайда болады. Қаңқалар үйіндісінен жартас – риф және шеңберлі жартас – атолл түзіледі.Бұлардың үш түрі: тосқауыл риф, жағалық риф, шеңберлі риф немесе атолл.

 

Актинияның түрлері

 

Маржан полиптері

Маржандардың актиниялардан айырмашылығы – бүршіктену арқылы көбейіп, шоғырланып тіршілік етеді. Маржандардың жасушаларынан бөлінген заттардан ізбесті қатты “қаңқа” түзіледі. Маржан шоғырлары дамылсыз өсіп, су астында әр түрлі жартастар мен кедертасты аралдар түзеді.

 

 

Қызыл маржан полипі

 

ІІІ Қорытынды. Бекіту кезеңі.

 

1. Гидраның мекен ортасы.

2. Гидраның сыртқы және ішкі қабаттарының арасындағы қуысты толтырып тұратын желім тәрізді іркілдек зат.

3. Гидра денесіндегі жиырылу қызметін атқаратын жасушаларының аты.

4. Гидраның ас қорыту қуысын астарлап жатқан қабаты.

5. Гидра денесінің сыртын қаптап жауып жататын қабат.

6. Гидраның жыныссыз көбею жолы.

7. Гидраның ауыз айналасында орналасқан қорегін ұстауға қатысатын өсінділерінің аты.

8. Алғашқы көпжасушалы ағзалар типінің атауы.

Ойлан, тап!

 

1 Гидраның дене пішіні сақталатын орта.

2. Гидраның қорғануға, қорегін аулауға қолданатын жасушаларының аты.

3. Ең алғашқы көпжасушалы ағзалар.

4. Гидра денесінің затқа бекінетін жағының атауы.

5. Гидраны алғаш туысқа жатқызған ғалым.

6. Ішекқуыстылардың пішіні қолшатырға ұқсайтын өкілі.

7. Ішекқуыстыла теңіздерде арал түзетін түрі.

8. Маржан полиптерінің ішінде жеке тіршілік ететін өкілі.

9. Гидраны ең алғаш тауып сипаттаған ғалым.

Жауабы:

1)      Су                      6) Медуза

2)      Атпа                  7) Маржан

3)      Гидра                8) Актиния

4)      Табан                9) Трамбле

5)      Линней

 

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Ақ сұлама — емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшық еттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбейуі.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Қызығушылықты ояту Тіршілігі және сыртқы құрылысы

Қоғасы қалың өскен, су бетінде лалагүлдің жалпақ жапырақтары қалқып жүрген қарасудан дене тұрқы 15-25 мм-гежетер-жетпес, созылыңқы денелі жалпақ құрт- мүламаны кездестіруге болады. Бұл құрт түсі ақ, денесі көлбеу созылып жатқандықтан, ақ сұлама деп аталды. Оның жалпақ денесін бойлай ойша негізі сызық жүргізсек, дененің бірдей екі бөліктен ққралатынын көруге болады. Мұндай жәндіктер екі жақты симметриялы жәндіктер деп аталады. Көпжасушалы жәндіктер мен жануарлардың көпшілігі екіжақты симметриялы болып келеді.

Ақ сұлама тас қалқасында жасырынып жатады.Ақ сұламаның жалпақ денесінің алдыңғы жағында екі кішкене қара көзі орналасады. Ұлғайтқыш әйнек арқылы оның денесін кірпікшелердің қаптап жатқаны көрінеді.Ақ сұлама барлық кірпікшелері үйлесімді қозғалғанда жайлап алға қарай жылжиды. Кірпікшелер оның қозғалуына көмектеседі.

Ақ сұламаның денесі үш қабаттан құралады: сыртқы қабат-эктодерма, ол тері -бұлшықет қапшығын түзеді; ішкі қабат- энтодерма, ол эктодерманы астарлап жатады; ал үшінші қабат- мезодерма, аналық жыныс жасушасының даму барысында осы қабаттан барлық ұлпалар мен мүшелер дамиды. Ақ мұламаның ішек- қуыстылардағыдай дене қуысы болмайды, онда белгілі пішінсіз борпылдақ жасушаларға толы түзіліс- паренхима орналасады. Паренхима дегеніміз — мезодермадан түзілген мүшелерді қоршап жататын дәнекер ұлпа. Ақ сұламаның денесі 4 түрлі ұлпадан : жабын, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпаларынан құралады. Ақ сұлама денесінің құрылысымен танысқанда алғашқы рет кездесетін ұғым- мүше. Ол- ағзадағы белгілі құрылысы бар, үйлесімді қызмет атқаратын дене бөлігі. Күрделі құрылысты жәндіктер мен жануарларда мынадай мүшелер жүйесі болады: асқорыту, тынысалу, зәршығары, жүйке, қантамыр және жыныс мүшелері. АТқаратын қызметі бір-біріне ұқсас мүшелер жиынтығы жүйе болып саналады.

Мағынаны тану   Жаңа сабақтың термин сөздерімен жұмыстандыру: гельминтология, жалпақ құрттар, мезодерма, сірқабық.Топтарға ресуртар беріледі:

1-топ  Жалпақ құрттарға сипаттама

2-топ Жалпақ құрттардың ерекшелігі, кірпікшелі құрттар класы

3-топ Ақсұламаның  тіршілік әрекеті,  сыртқы құрылысы, дене жамылғысы

4-топ  Қоректенуі, тыныс алуы мен қан айналымы, зәр шығаруы

5-топ Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері, көбеюі.

Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.

Топтық жұмыс – постер шығару.

– Өз беттерімен мәтінді оқып танысуға 5 мин, негізгі ойларын плакат бетіне түсіруге 7 мин, қорғауға 8 минут уақыт беріледі.

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Сиыр цепені — жалпақ таспа құрттардың өкілі. Оның құрылыс ерекшелігі және паразиттік тіршілікке бейімділігі. Даму циклы мен иелерін алмастыруы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Құрттар денесі үш қабатты- эктодерма, мезодерма, энтодерман тұрады. Оқушылар дәптерлеріне жазады. Бұдан соң олар  гельминтологияның анықтамасын дәптерге жазады.

Барлығы 7 класы белгілі. Оның ішінде 3 қарастырамыз.

ОРТАҚ БЕЛГІЛЕРІ: дене қуысы  зәршығару жүйесі пайда болады.Қан тарату, тыныс алу жүйелері

186 беттегі 105 суретті қарастырады. Ас қорыту,зәр шығару, жүйке, жыныс жүйелеріне сипаттама береді. Кестені толтырады. (микропрепараттар болса, құрылысын микроскоп арқылы қарап отырып толтырады)

Жалпақ құрттар типі

класс өкілі өмір сүру формасы Құрылыс ерекшеліктері маңызы
кірпікшелі
сорғыш
таспа

 

Көбеюі:

Кірпікшелі ақ сұлама: жұмыртқа-дернәсіл

Сорғыш құрттар (бауыр сорғыш)

Сиыр цепені

Жұмыртқа- алты қармақшалы дернәсіл- финна-ересек құрт

Мұғалім міндетті түрде аралық йе, негізгі йе ұғымдарын нақтылайды.

Бауыр сорғыш пен сиыр цепенінен сақтану жолдары (оқушылар жұптаса отырып гигиеналық талаптарды қорытып шығарады).

4. Сабақты қорытындылау.Жалпақ құрттардың ортақ белгілерін табу.Бұл жұмыс ойын түрінде өткізіледі- мұғалім сипаттаманы оқиды, егер ол жалпақ құрттарға тән болса, балалар алақанын соғады,  болмаса қолын көтереді.

1. Ас ең әуелі ауыз қуысына түседі

2. Жүйке жүйесі екі баған мен олардың ортасын қосатын  сатылардан тұрады

3. жалпақ құрттар гермафродиттер

4. Зәр шығару денені бойлай орналасқан түтікшелерден тұрады.

5.Жалпақ құрттардың барлығы паразиттер.

6. Бауырсорғыштың аралық йесі ірі қара мал

7. Бауырсорғыштың екі сорғышы болады

8. Сиыр церенін қайнамаған сүт арқылы жұқтырып алуға болады.

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Сорғыш құрттар. Даму циклы және иелерін алмастыруы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Сиыр цепені – жалпақ таспа құрттардың өкілі.
«Тізбектей сұрау» әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.

Сұрақтар топтамасы:
1. Сиыр цепені жайлы не білесіңдер?
2. Ол қандай жерлерде тіршілік етеді?
3. Оның дене бөліктерін атаңдар?
4. Сиыр цепенінің дене ұзындығы қанша?
5. Олар қалай көбейеді?
6. Денесінен тәулігіне қанша жұмыртқа шығарылады?

Мағынаны тану  Дене пішіні жапырақ тәрізді, ұзындығы 1 мм — ден 5 см — ге дейін, араларында 1, 5 м — ге жететін түрлері де бар. Денесінің алдыңғы жағында (ауыз) және құрсақ бөлімінде (құрсақ) бір — бірден сорғыштары бар, кластың аты осыған байланысты қойылған. Осы сорғыштары арқылы олар иесінің денесіне бекінеді. Сорыштардың сыртын тегумент (эпителийге сәйкес) қаптап жатады, кірпікшелері болмайды. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншаққа, ол жіңішке өңешке жалғасады. Ортаңғы ішек өңештен басталып, артқа қарай созылып, тұйықталған екі тармақтан құралады. Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы. Денесінің ортасында не бүйірінде негізгі түтіктер орналасқан. Олар дененің артқы жағындағы қуыққа, ал ол зәр шығару тесігімен сыртқа ашылады. Тыныс алу және қан айналым жүйелері болмайды.
Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы.  Ішексорғы, үшкір құрт , олардың құрылысы,  тіршілік әрекеттері және адам мен жануарлар үшін маңызы. «Паразитизм» түсінігі және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым-қатынасы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Жұмыр құрттар типі (нематодтар).

Жұмыр құрттар — денесі созылыңқы, буылтықтарға жіктелмеген, цилиндр немесе ұршық пішінді, көлденең кесіндісі дөңгелек, теңіздерде, тұщы суда, топырақта, кейбір түрлері адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттікпен тіршілік ететін жәндіктер. Бұлар денесінде буылтығы болмағандықтан, жұмыр құрттар деп аталады. Жер жүзінде жұмыр құрттардың 20000-ға жуық түрлері тіршілік етеді.

Ішексорғы мен үшкірқұрт — адамның денесінде тіршілік ететін паразит жұмыр құрттар. Жұмыр құрттардың көпшілігі паразиттікпен тіршілік етеді, солардың бірі — адам ішексорғысы мен үшкірқұрты.

Адам ішексорғысының тіршілігі мен сыртқы құрылысы. Ересектерден гөрі жасөспірімдер мен балалардың аш ішегінде орнығатын, екі ұшы да сүйірленіп келген, дене тұрқы 20 сантиметрге дейін жететін ақшыл немесе сарғыш түсті құрт ішексорғы деп аталады. Ішексорғы екі сүйір ұштарын қадап, ішекте тіршілік етеді.

Ішексорғының алдыңғы ұшында аузы, соңғы бөлігінде аналь тесігі болады. Аналь тесігінен кейінгі дене бөлігі құйрық деп аталады. Ішексорғының аузында үш ерін бар, құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымдаған жерінен қан соралы. Оның денесі тығыз қабықшамен — кутикуламен қапталған, кутикуланың астында ұзын салалы бұошықеттері болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері болмағандықтан, ішексорғы денесін жиыра, қысқарта алмайды, оның денесі созылмайды да, сондықтан пішінін өзгертпей, жан жағына иіледі.

Ішексорғыгың денесін қаптаған тығыз қабықша тері бұлшықет қапшығы деп аталады. Асқорыту және басқа мүшелері тері бұлшықеттің астындағы сұйықтыққа толы қуыста орналасады. Сондықтан жұмыр құрттарды ілкіқуыстылар деп те атайды.

Қоректенуі. Ішексорғының қорегі аузынан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен құралады: алдыңғы, ортаңғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып, дене қуысын толтырып тұрған сұйықтыққа жеткізеді де, оны дененің жасушалары сіңіреді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.

Ішексорғыда қанайналым және тыныс алу мүшелері болмайды, ол таспа құрттар тәрізді тыныс алады.

Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Жүйке жүйесі жалпақ құрттарға ұқсас. Сезім мүшелері өте нашар дамыған, дененің алдыңғы жағында терідегі ойықта химиялық сезім мүшесі болады. Ішексорғвда көз болмайды.

Көбеюі. Ішексорғылар — дара жынысты жәндіктер аналығынан аталығы қысқа болады және аталығының құйрық бөлігі ішке қарай имектеніп тұрады. Ішексорғының аналығында екі жұмыртқабез, ал аталығында бір аталықбез орналасады. Ұрықтанған жұмыртқалар ішекке бөлініп шығып, қорытылмаған тамақ қалдығымен бірге сыртқа шығып қалады. Ондай ортаға түскен жұмыртқалар (олардың саны 200 000 — ға деін жетеді) бірнеше күннен соң дернәсілдерге айналады. Осылай дамыған жұмыртқалар қолдың кірі және жуылмаған көкқністерден адамның аузына түсіп, одан ішекке өтеді. Ішекте жұмыртқаларды жарып, дернәсілдер ішектің қабырғасына қадалады, сөйтіп бөсір (аскаридоз) ауруы пайда болып, ішексорғы бөлген улы заттардан ішектің қызметі бұзылады.

Дернәсілдердің қанмен бірге өкпеге де енуі мүмкін, ондайда қақырық бөлініп, адам жөтеледі. Қақырықпен бірге ішексорғының дернәсілі ауызға, адам жұтынғанда қайтадан ішекке түседі. Енді ол даяр азықпен қоректеніп, жетіледі де, үш айдан соң ересек ішексорғы жұмыртқалайды.

  Үшкірқұрт. Адамның, әсіресе жас баланың тік ішегінде паразиттікпен тіршілік ететін жұмыр құрттардың бірі — үшкірқұрт. Оның пішіні де ішексорғыға ұқсас, аталығы аналығынан екі есе қысқа болады. Үшкірқұрттың тұрқы 10 миллиметрге дейін жетеді және сыртқа аналығы ғана тірідей шығады. Құрттың құйрық бөлігі өте жіңішкеріп бітеді, сондықтан құрт үшкірқұрт деп аталады. Оның аналығы жұмыртқасын аналь тесігінің шыға берісіне салады да, денені қышытады. Оны қасығанда тырнақ астына жабысып, қайтадан ауызға түседі. Ол аш ішекке, бүйенге және соқыр ішекке өтіп, оларды қабындыру арқылы соқыр ішек ауруына шалдықтырады.

Ішексорғы мен үшкірқұрттан сақтану жолы — тазалық сақтау: тамақтану алдында міндетті түрде қол жуу, көкөністерді тек жуған соң ғана тамаққа пайдаланып, суды қайнатып ішу.

Паразит жұмыр құрттарды бір бірінен ажырата білген жөн. Тоқтау сулардан шумақталып жатқан жылқының құйрық қылы тәрізді қоңыр түсті, ұзындығы бір метрге дейін жететін жіңішке құрттарды көргенде үлкендердің әлдеқандай күшпен жылқының қылы тіріліп, адам денесіне бұралып енуі ықтимал деген әңгімесі еске түседі. Бұл — жұмыр құрттарға жататын,  дернәсілі бунақденелілерде паразиттікпен тіршілік ететін қылқұрт деген жәндік. Мұның адамға ешқандай да зияны жоқ. Шумақталып жатқан ұзын құрттар — жұмыртқалау үшін шыққан ересек қылқұрттың аналығы.

Жұмыр құрттардың дәл қылқұртқа ұқсас тағы бір түрі бар, ол суыртқы деп аталады. Оның ұзындығы 150 см, жуандығы 1,5 мм. Бұл — адам үшін өте қауіпті паразит, бұрын Бұхара маңында өте көп таралған. Суыртқының аналығы көбінесе адамның аяқ терісінің астында паразиттік тіршілік етеді. Сол кезде аяқтың еті қышып, қызарады және ісініп, соңы іріңді жараға айналады. Суыртқыны жарадан жіңішке шырпыға орап суырып алады, сондықтан құртты суыртқы деп атайды. Бұл Иранда, Үндістанда және Африка елінде көп кездеседі. Оның көбею айналымы да, басқа жұмыртқа құрттардан ерекше — аралық иесі болады. Науқас адам аяғын хауыздағы суға жуғанда, аналық суыртқының дернәсілі суға түседі де, оны циклоп жұтып (циклоп — суыртқының аралық иесі), ал ішінде дернәсілі бар циклопты су ішкен кезде адам қайта жұтуы мүмкін. Адамның ішіне түскен дернәсіл қан арқылы аяқтағы терінің астына жетіп, 8 — 10 айда ересек суыртқығаайналады. Бұл ауру адамды әбден қажытады. Ауруды дракунлез деп атайды.

IV. Білімді бекіту.

Жұмыр құрттар денесінің ең сыртқы қабаты — ________________________________________.

Жұмыр құрттар типі латын тілінде_______________________________________деп аталады.

Ішекте жұмыртқалар жарылып, дернәсілдер ішектің қабырғасына қадалады, сөйтіп ауруын _____________________________ туырады.

Үшкірқұрттың дене тұрқы _____________________________________________дейін жетеді.

Аналь тесігінен кейінгі өте үшкір дене бөлігі — _______________________________________.

______________________________________ — денесі созылыңқы, цилиндр пішінді жәндіктер.

Жер жүзінде жұмыр құрттардың ____________________________________жуық түрлері бар.

Жұмырқұрттар денесінің екінші қабаты — ____________________________________________.

Жас баланың тік ішегінде паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттардың бірі — ____________.

Ішексорғыңың аналығының дене тұрқы __________________________________дейін жетеді.

·         Жұмыр құрттар туралы не білесіңдер?

Оқушылар тақырыпты оқулықтың 191-192 бетінің 2- абзацына дейін оқиды.

Оқушылар кестені толтырады стикер арқылы жазып жапсырады.

Мәтінмен жұмыс ( жұптық әңгіме құрамыз) топшама арқылы

1. Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің ерекшеліктері

2.Үшкірқұрт (острица)

3. Суыртқы (ришта)

4. Ішексорғы (аскарида)

5. Қылқұрт

Екі жақты күнделік жасау.Сол тақырып бойынша өзіне керегін  жағымсыз жағын алдың.

ауызша айтып шығады.

Керегін Жағымсыз
Жұмыр құрттар туралы білдім

 

 

 

 

Ауру тудыратын құрттардан сақтану шаралары,қолды жуу, лас суды ішпеу,көкөністерді жуып жеу

 

Қорытындылау: Түрлі қалпақтар тарату арқылы

·         Ақ қалпақ —   факт

·         Қызыл қалпақ    — тіршілік етуі

·         Қара қалпақ     —  жағымсыз жағы

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Адамның және ауыл шаруашылығы жануарларының паразиттік құрттарын жұқтырудан сақтану.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

1.      Жұмыр құрттар типіне жататын кластарды айтыңдар?

2.      Құрттарды зерттейтін ғылым?

3.      Жұмыр құрттар қалай көбейеді?

4.      Сірқабық деген не?

5.      Гермофродиттті қалай түсінуге болады?

Мағынаны тану  Паразит құрттар жабайы және асыранды жануарлар организмінде, ал кейбіреулері адам организмінде, иесінің организмінде тіршілік етіп, соның есебінен қоректенеді және оның әр түрлі мүшелерін бүлдіріп, уландырады.
Ұзындығы 5-10мм болатын жұмыр құрт острицалар адамның ішегінде, әсіресе балаларда жиі кездеседі.Острицаның аналығы артқы тесіктен сыртқа шығып, оның төңірегін қатты қышыта отырып, адамның терісіне жұмыртқалайды. Адам қышығын жерін қасыған кезде острицалардың жұмыртқалары тырнақтың астына жиналады да острицаларды қайтадан жұқтырып алады.
Көптеген паразит құрттар адам мен үй жануарларын ауруға ұшыратады.
Паразит құрттармен күресудің көптеген әдістерін ұсынып, оларды жұқтырып алмаудың шараларын ұсынған Константин Иванович Скрябин мен оның шәкірттері өте маңызды ғылыми және практикалық нәтижелерге ие болды.
Паразит құрттармен күрес жүргізуде, әсіресе ауыз суды тазалаудың, қасапханадағы тазалықты бақылаудың, асты дұрыс даярлаудың, жеке бас гигиенасының ережесін сақтаудың үлкен маңызы бар.
Табылған паразиттерді жою үшін мектептерде барлық оқушылар міндетті түрде паразит құрттардың жұмыртқаларынан тексеріледі.Олардан сақтану үшін тамақ ішер алдында, топырақпен жұмыс істегенде, жануарларды бағып күткенде , дәретханаға бару соңынан қолды таза жуып, жуылмаған овощтарды, шала қуырылған немесе шала пісірілген ет пен балықты тамаққа пайдаланбау керек.

 

Ой толғаныс 1.      Жалпақ және жұмыр құрттардың паразиттікке бейімділігінің негізі неде?

2.      Паразит құрттардың жұғуынан сақтандыруға жеке бас гигиенасының негізгі шаралары немен тұжырымдалады?

 

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Паразиттік құрттардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Ең басында ресми құжаттардан бірнеше мәліметтер келтіруге рұқсат беріңіз: «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын қайтыс болатын 50 млн. адамның ішінде 16 миллионының өлім себебі инфекциялық және паразитарлық аурулар». Бұл аурулардың тобы қазіргі адамзат өлімі себептерінің ішінде жетекшілердің бірі болып отыр. Әлемдегі аурулар саны бойынша, ішек гельминтозының жұғуы дүние жүзінде үшінші орын алады. Балалардың психикалық және физикалық дамуының тежелу себептері  паразитарлық аурулар болып табылады, ересек тұрғындардың еңбек қабілеттілігін төмендетеді.  Ауру жұққан адамның ағзасында аллергия туғызып, паразиттер жұқпалы және соматикалық ауруларға қарсы тұруды төмендетеді, акцинопрофилактиканың нәтижелілігін төмендетеді. Көптеген елдерде паразитарлы аурулармен күресудің маңыздылығын ескере отырып, 2001ж. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының елу төртінші сессиясында 2010ж. дейін геогельментоздармен күрес стратегиясын мақұлдады». Ғаламшар тұрғындарының жартысынан көбі паразитарлы індеттерден зардап шегеді. Статистика… Ал шындығында?

Біріншісіне және екіншісіне бөлуге болады. Сіз, өзінізді қай топқа жатқызасыз? Әрине, паразиттер жоқ тобына. Сізде паразиттер жоқ па? Сіз тексерілдіңіз бе? Нәжісіңізде де жоқ па? Ал көптеген паразиттер қиға жұмыртқаларын салмайды. Сіздің айналаңызда иттер мен мысықтар жоқ па? Және ешқашан болған емес пе? Сіздің балаларыңыз қандай да бір мысық «қажеттілігін атқарған» құм салғышта ойнамай ма?

Ит бүргелері ішек құрт жұмыртқаларын тасымалдайды. Ал ит болса, жұмыртқаларын жұтып, өзінің ылғалды дем алысы арқылы оларды 5 м-ге дейінгі қашықтыққа таратады (мысық 3 м-ге дейін).

Мысалы: бөсір жұмыртқасы  6 айға дейін өмірге қабілеттілігін сақтайды және шаң-тозаң, ойыншықтар, кілемдер, киім және төсек жаймалары, қол арқылы ауызға түседі. Сырқаттану ондаған жылдарға созылуы мүмкін.

Аскарида жұмыртқалары (жылына 100 млн. сырқаттану жағдайлары)  дұрыс жуылмаған құлпынай, көк, кір қолдар арқылы жұғады, шыбындармен таралады).

Ал кәуап пен шошқа майында  95% -нда трихинеллезб жұққан.

Ал тұздалған балық, «строганина» немесе уылдырық – адамдағы гельминит анакондасындай. Үлкен дарағының ұзындығы 10 метрге дейін жетеді және ұзақ өмір сүреді — 25 жылға дейін.

Мүмкін басқалары туралы естімеген шығарсыздар, бірақ олар да өте танымал – лямблия, эхинококк, анкилостома, токсокара, таспа құрттар, шистосомыдар және т.б.

Мағынаны тану  Іш ауруы. Ауыз қуысы, жыныс органдары, сегізкөз, жүйке жүйесі, жүрек т.б. ағзалар ауырғанда пайда болады. Көбінесе ащы, өте майлы тағамнан, қызыл шараптан, ашыққаннан, дәріден, іш құрылысы ағзаларының сырқатынан туындайды. Рецепт. 25 г-нан шайқурай, сасықшөп, сермене, ақшайыр қоспасының 2 ас қасығын 0,5 л қайнаған суға салып, 30 минут тұндырады да, сүзеді. 2 сағат сайын ¼ стақаннан ішеді. Ішке грелка қояды. Егер 2 тәулік үлкен дәрет болмаса, онда клизма жасау керек.

Ішек құрты. (глистная инвазия). Гельминттер тобындағы паразит құрттар. Жеке тазалықты сақтамаудан, малды күтіп-бағудан, мал еті мен балықты дұрыс өңдемеуден адам ағзасына түседі. Сөйтіп асқазан-ішек жолдарын, тыныс ағзаларын, орталық жүйке жүйесін, қан айналымы жүйесін зақымдап, аллергия т.б. туындатады. Бәрін тек дәрігер ғана анықтайды. Рецепт. Аскаридоз (жұмыр құрттар) кезінде: 1 шай қасық сүйментамырдың дәнін 1 стақан суға 5 минут қайнатып, 30 минут тұндырады. Тамақтан 20 минут бұрын 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Рецепт-2. Бәсір (жыланқұрт) кезінде: 2 тал сарымсақты езіп, 1 стақан сүтке қосып, 6 сағат бұқтырады да, клизма жасайды. Рецепт-3. Солитез (ішек құрты) кезінде: итшомырттың қабын, түймешетеннің гүлін немесе түймедақтың гүлі мен жусанның жапырағын теңдей алып, қоспаның 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, 2 сағат бұқтырғаннан кейін сүзіп алады. Тәңертең-кешке аш қарында 3 күндей ¾ стақан мөлшерінде ішеді.

Іш қату. Іштің екі тәуліктен артық жүрмей қалуы. Ішектегі өзгерістерден, геморройдан, ісіктен, колиттен т.б. пайда болады. Іш кеуіп, төмен жағы сыздап ауырады, ішті жел кернейді. Аз қозғалудан, дұрыс тамақтанбаудан, ағзаның әлсіреуінен, ауыр сырқаттан кейін де туындауы мүмкін. Екі түрі бар: 1) атоникалық іш қату – қан аздық, жүдеген, ұзақ уақыт отырып жұмыс істеу, уақытылы тамақтанбау кезінде ішектің бұлшық еттері босаңсып кетеді; 2) спастикалық іш қату – күйкі көңіл күйден, созылмалы кәсіптік уланудан, шылым шегуден ішектің бұлшық еттерінде ұзақ уақыт спазма пайда болады. Рецепт.Атоникалық іш қату кезінде: бал – 180 г; інжір (жемісі) – 300 г; тікенді қара өрік (жемісі) – 500 г; кепкен өрік (жемісі) – 300 г; сена (жапырағы) – 50 г. Бәрін ет тартқыштан өткізіп, жақсылап араластырады. Жатардың алдында 1 ас қасық қоспаны жейді, одан кейін тамақ ішуге де, су ішуге де болмайды. Рецепт-2. Созылмалы іш қатқанда: 4 апта бойы ұйықтар алдында қара өріктен 10-15 дана жеу керек. Иманжапырақтың 4 г дәнін 1 стақан суға 15 минут қайнатып, суығаннан кейін тамаққа дейін 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішу керек. Аюбадам мен қаражемістің 30 грамнан қоспасын араластырып, суға 15 минут қайнатып, 30 минут суытқаннан кейін сүзеді. Тамақ ішкеннен кейін 1 сағат өткен соң таңертең-кешке ¾ стақаннан ішу керек.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Буылтық құрттардың көптүрлілігі. Шұбалшаң. Тіршілік  ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Ұлпалар және мүшелер туралы түсінік. Қозғалуы.

№ 2 зертханалық жұмыс.

Шұбалшаңның мінез – құлығын:оның қозғалуын, тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау. Шұбалшаңның сыртқы құрылысын зерттеу. Даяр ылғал препараттағы құрттың ішкі құрылысын  қарап зерттеу.

Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Буылттық құрттар – денесі шұбалыңқы, үш қабаттан тұратын көпжасушалы жәндіктер. Олардың денесі буылтықтарға бөлінген, соңғы қуысы бар, екі жақты симетриялы болып келеді. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған. Бұлардың 9 мыңға жуық түрлері теңіздерде, тұщы суларда, құрлықты мекендейді.

Буылттық құрттардың кластары

1.  Қозғалыс кезінде тірек болып, сұйықтық күйдегі қаңқа қызметін атқарады;Буылтық құрттарда тұңғыш рет тұйық қанайналым жүйесі пайда болған. Соңғы қуыс  —  целом  деп аталады. Целом аралық қабаттан пайда болған. Құрттар денесіндегі соңғы қуыстың қызметі:

2.  Ішектің  және дене қабырғасының өз алдына жеке жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды;

3.  Ішкі мүшелердің және дененің мөлшері жағынан едәуір ұлғаюына көмектеседі;

4.  Қуыс ішіндегі сұйықтықтың көмегімен құнарлы заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдерімен газды тасымалдайды.

5.  Зат алмасудың соңғы өнімдері мен сұйықтықтың артық мөлшері жинақталатын орын бола алады;

6.  Ағзадағы қысымды реттеуге қатысады.

Буылтық құрттарда қантарату жүйесі жақсы дамыған. Олардың көпшілігінде қанның түсі  қызыл болады. Қан тарату жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан құралады. Қанның ағуын арқа және құрсақ қантамырларын сақина тәрізденіп жалғастыратын «жүрекше» реттейді. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы бірімен-бірі жалғасқан екіжұп жүйке түйінінен және қатарласа созылған құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Үстіңгі екі түйін – жұтқыншақүсті жүйке түйіні. Ал астыңғы екеуі жұтқыншақасты жүйке түйіні деп аталады. Құрттың бас бөлігінде орналасқандықтан, жұтқыншақүсті жүйке түйіні кейде  «ми»  деп те аталады.

Буылтық құрттарға тән ерекшеліктердің бірі – айрықша қозғалыс мүшелерінің болуы. Мұндай мүшелер құрт денесіндегі буылтықтардың әрқайсысының екі қапталын бойлай орналасады. Оныпараподия дейді.  «Параподия » сөзі «аяққа ұқсас» деген ұғымды білдіреді.

Параподия дегеніміз – ұшында бір буда қылтандары бар денеден бұлтиып шыққан өсінді.

Буылтық құрттардың көбеюі

 

Денесінде кірпікшелері бар дернәсіл пайда болады. Ол трохофора деп атайды. Сүліктердің құрылысы мен тіршілік әректі ерекше назар аударады. Сүліктердің бас бөлігі нашар ажыратылады. Олардың денесінде буылтықтары болады. Қылтандары да жоқ. Жұмыртқасын пілләге салады. Тура дамиды – ұрықтанған жұмыртқалардан жас сүліктер өрбиді.

IV.  Жаңа сабақты бекіту

Төмендегі берілген әріптердің орындарын алмастыру арқылы биологиялық терминдік сөздер құрастыру керек.

Жауаптары: 1. Нереида  2. Параподия   3. Трохофора     4. Целом     5.  Сүлік    6. Буылтық    7.  Баяу   8. Имек       9. Үш

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Сыныбы           7 Күні          
Сабақтың тақырыбы Шұбалшаңның асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, оның көбейуі және дамуы.
Мақсаты

 

Шұбалшаңның асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, көбеюі және дамуы туралы түсіну.
Күтілетін нәтижелер

 

А) шұбалшаңға сипаттама бере алады
В) Буылтық құрттарда жүретін физиологиялық процесстердің маңызын түсіну, көбею және даму ерекшеліктерін біледі.

С) шұбалшаң  туралы қосымша мәліметтер жинақтайды.

Керекті жабдықтар 7 сынып. Қ.Қайым, Р Сәтімбеков «Атамұра» 2012

6 сынып. К.Жүнісова,  Р.ӘлІімқұлова баспа Алматы «Атамұра» 2011г

Бейнежазба, электронды оқулық ,плакат, фламастар, стикерлер, буылтық құрттардың суреттері.

Қолданылатын әдістер СТО.Диалогты оқыту
АКТ       1.Топтық жұмыс   2. Жеке жұмыс
Сабақ барысы:
Сабақкезеңдері Уа-қы-ты Мұғалімәрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

1

мин

 

 

 

 

Сыныппен амандасу, топқа бөлу.

Тренинг: «Көз қысты»
Мұғалім ортадағы орындақта отырады да оқушылардың біріне көзін қысады, оқушы жүгіріп келіп отырады. Оқушылар ортадағы оқушының кімге көз қысқанын білсе оны ұcтап қалу керек. Тренинг осылайша жалғасады.
Сірқабық, мезодерма, гиподерма, целом топтарына бөлінеді. Бағалау бетшесін топ басшыларға тарату. Топ басшысын сайлау.

Топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.. Топ басшылары топ оқушыларының бағаларын бағалау
бетшесіне белгілеуі керек

Берілген сұрақтарға топ болып жауап беру, тапсырманы топ болып орындау.
 

Үй тапсырмасын тексеру  

(7 мин)

 II.Үй тапсырмасын сұрау

1.Неліктер буылтық құрттар деп аталған?
2. Буылтық құрттар қандай кластарға жіктеледі?
3.Алғаш рет оларда қандай жүйе пайда болған?
4.Целом дегеніміз не?

 

Тұсау-кесер

 

 

 

 

2

мин

 

 

 

Электронды оқулықтан шұбалшаңның көбеюі туралы сурет көрсету және оған сипаттама бергізу арқылы тақырыпқа шығу.
 
Оқушылар берілген мәліметтер бойынша сыни ойланады, өз болжамдарын ұсынады.
Негізгібөлім

 

20 мин

 

 

 

 

 

 

8

мин

1.тапсырма:

Зейінді жинақтау
Буылтық құрттар туралы суреттер көрсету. 1.Суреттен не көрдіңдер?
2. Шұбалшаң туралы не білеміз?
3.Ол қайда өмір сүреді?
4.Оның қандай маңызы бар?

2 тапсырма: Суретке шұбалшаң мүшелерін белгілеу

№ Ішкі мүшелері               Қызметі
1 ауыз                                 қоректену
2 жүйке түйіні                   тітіркенгіштерге жауап беру
3 жұтқыншақ                     қоректі ауыздан өңешке өткізу
4 жүрекше                          қанды айдау
5 өңеш                           қоректі жұтқыншақтан жемсауға өткізу
6 жемсау                           қоректі жұмсартады
7 қарын                              қоректі араластырады
8 арқа                                  қан тамыры қанайналым
9 ішек                                  қоректі қорытып, сіңіреді
10 құрсақ     жүйке тізбекшесі ішкі мүшелер жұмысын реттеу
11 құрсақ қан тамыры       ішкі мүшелерге оттекті және          қоректік заттарды тасымалдау

3 тапсырма: Ситуациялық сұрақтар
1.Шұбалшаң неге жаңбырдан кейін топырақтың бетіне шығады?
2. Егістіктегі жауынқұртты балалар өлтіріп жүрсе сен не істер едің?
3. Шұбалшаң бөлініп жатқан болса сен не істер едің? Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстанады.
1.Тыныс алу үшін
2.Пайдасын түсіндіру
3.Регенерацияға қабілетті
 

Сергіту сәті: Әуенмен би

4 тапсырма: Биологиялық диктант
1.Жауынқұрт …. құрттар класының өкілі.
2.Жауынқұрттың аузы денесінің … жағында орналасқан.
3.Қанайналым жүйесі ….
4.Жауынқұрт ….. қабілетті

1.Жауынқұрт азқылтанды құрттар класының өкілі
2.Жауынқұрттың аузы денесінің алдыңғы жағында орналасқан.
3.Қанайналым жүйесі тұйық
4.Жауынқұрт регенерацияға қабілетті

Оқушылар сұрақтарға жауап береді
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар жұптасып орындайды

Қоры-тынды

 

 

2

мин

 

 

2 мин

«Шұбалшаң» сөзжұмбағын шешу
Үйге тапсырма беремін: 6-кл   §36,38,40,42, 44,46 Тақырыпты оқу.

VI.Бағалау (5мин)

 

VII,Рефлексия
(3 мин)
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу стикерлер тарату

 Топтар біріге отырып тапсырманы орындайды

Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы, бағалау парағына бағаларды түсіріп отырады

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады

Сабақтың өзіндік талдауы:
Сабақ бойынша өзгертулер:

 

 

 

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Шұбалшаңның асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, оның көбейуі және дамуы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Буылтық құрттар (Annelіda) – омыртқасыз жануарлардың ішіндегі үлкен бір типі. Қазіргі уақытта 9 мыңдай түрі белгілі. Буылтық құрттар 2 тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер және белдеулілер. Белдеусіздердің 1 класы – көпқылтанды құрттар, ал белдеулілердің 2 класы – азқылтанды құрттар және сүліктер бар. Буылтық құрттардың денесі ұзын, бірнеше мм-ден 3 м-ге дейін, біркелкі бөлшектелген сегменттерден тұрады. Эпителий қабатының астында сақина тәрізді қиғаш бұлшық еттері орналасқан, солардың жиырылуы нәтижесінде құрттар қозғалады. Буылтық құрттарда екі жақты симметриялы, сегменттелген, ішкі сұйыққа толы өзіндік қабатының болуымен ерекшеленетін целом қуысы болады. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, ол жұтқыншақ үсті ганглиядан және ұзынынан орналасқан құрсақ жүйке талшықтары тізбегінен тұрады. Қан айналу жүйесі көпшілігінде тұйық біткен, ол арқа қан тамырынан (қан арттан алға қарай ағады) және құрсақ қан тамырынан (қан алдан артқа қарай ағады) құралады. Терісімен, ал кейбір түрлері желбезек арқылы тыныс алады. Ас қорыту жүйесі алдыңғы, орта және аналь саңылауымен аяқталатын артқы ішектен құралады. Зәр шығару жүйесі – метанефридиялы (әрбір сегментінде орналасқан қос түтікшелер арқылы зәр шығару), кейбір түрлерінде протонефридиялы (қарапайым немесе тармақталған каналдар арқылы зәр шығару). Буылтық құрттардың көпшілігі – гермафродитті, ішінде дара жыныстылары да бар. Төм. сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Олардың дернәсілін – трохофера деп атайды. Буылтық құрттар теңізде, тұщы суда,топырақ арасында тіршілік етеді. Олар Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Паразиттік тіршілік ететіндері де бар. Көптеген түрлерімен балықтар қоректенеді. Буылтық құрттарға жататын Жауын құрты топырақты құнарландырады, ал сүлік медицинада қолданылады
Мағынаны тану  № Ішкі мүшелері Қызметі
1 ауыз қоректену
2 жүйке түйіні тітіркенгіштерге жауап беру
3 жұтқыншақ қоректі ауыздан өңешке өткізу
4 жүрекше қанды айдау
5 өңеш қоректі жұтқыншақтан жемсауға өткізу
6 жемсау қоректі жұмсартады
7 қарын қоректі араластырады
8 арқа қан тамыры қанайналым
9 ішек қоректі қорытып, сіңіреді
10 құрсақ жүйке тізбекшесі ішкі мүшелер жұмысын реттеу
11 құрсақ қан тамыры ішкі мүшелерге оттекті және қоректік заттарды тасымалдау

3 тапсырма: Ситуациялық сұрақтар
1.Шұбалшаң неге жаңбырдан кейін топырақтың бетіне шығады?
2. Егістіктегі жауынқұртты балалар өлтіріп жүрсе сен не істер едің?
3. Шұбалшаң бөлініп жатқан болса сен не істер едің? Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстанады.
1.Тыныс алу үшін
2.Пайдасын түсіндіру
3.Регенерацияға қабілетті
Сергіту сәті: Әуенмен би
4 тапсырма: Биологиялық диктант
1.Жауынқұрт …. құрттар класының өкілі.
2.Жауынқұрттың аузы денесінің … жағында орналасқан.
3.Қанайналым жүйесі ….
4.Жауынқұрт ….. қабілетті Оқушылар жұптасып орындайды
1.Жауынқұрт азқылтанды құрттар класының өкілі
2.Жауынқұрттың аузы денесінің алдыңғы жағында орналасқан.
3.Қанайналым жүйесі тұйық
4.Жауынқұрт регенерацияға қабілетті
IV.Қорытынды
лау(5 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Шұбалшаң» сөзжұмбағын шешу
Топтар біріге отырып тапсырманы орындайды

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Шұбалшаңның  биогеоценоздағы, табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Жауынқұртышұбалшаң — жерқұрттары, азқылтанды құрттар туыстасына жататын құрттар тобы, өз құрамына әдетте ірі топырақта мекендейтін түрлері енеді.
Мағынаны тану  

Сыртқы құрылысы

Тропикалық ірі түрлерінің дене ұзындығы 2,5 м дейін, (ТМД-да, 45 см дейін). Дене буылтықтарының саны 80 нен 450 дейін. Әр бір буылтықта жорғалауға көмектесетін 8 ден бірнеше оншақты қылтандар бар. Көбінесе тропикалық ормандарда мекендейтін 1500 аса түрі бар; ТМД-да, 100 шамасында түрі кездеседі, көбінесе люмбрицид, (Lumbricidae) туыстасына жататын түрлері. Топырақта мекендейді, ірі түрлері тереңдігі 8 м-ге жететіндей ін қазады. Жауынқұрты көбі жер бетіне түнде, күндізгі уақыттарда, жауыннан кейін ғана шығады, (осыдан аталуы). Гермафродиттер. [2]

Қоректенуі

Шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді. Асқорыту мүшесі-бүкіл денесін бойлай созылған көлемді ішек. Ішектің алдыңғы бөлігі- ауыз қуысы, ол жұтқыншақпен жалғасып, қорек жұтқыншақтан жіңішке өңешке өтеді, одан жемсауға түседі де, бұлшықетті қарынға барып, қорытылмаған қорек ең ұзын ішек бөлігімен аналь тесігі немесе артқы тесік арқылы сыртқа шығарады.

Тыныс алуы

Шұбалшаңның арнайы тынысалу мүшесі болмағандықтан, денесін қаптаған ылғалды жұқа қабықша арқылы газ алмастырады.Барлық денесімен тыныс алады. Шұбалшаңның жауын жауғанда жер бетіне шығып қалуына осы қасиетті негізге алады. Жауынның суы шіріндіні көп ыдыратып, көмірқышқыл газдың мөлшерін арттыратындықтан, ол тыныс ала алмай, жер бетіне шығады.

Қан айналымы

Тұйық қан айналу жүйесі бар, (құрамында гемоглобины бар қанының түсі қызыл).Шұбалшаң түсінің қызғылт болуы, оның денесін қан жабдықтайтынын білдіреді. Құрттың негізгі екі қантамырлары ішектің үстіңгі және астыңғы жағынан өтеді. Дененің арқа бөлігін жабдықтайтын тамырлар арқа қантамыры, ал құрсақ жағын жабдықтайтын тамырлар құрсақ қантамыры деп аталады. Қантамырлардағы қанды арқа және құрсақ тамырларымен сақина тәрізденіп жалғасқан «жүрекше» бүкіл денеге айдайды. Қан дененің алдыңғы бөлігінен артқа қарай және артқы бөлігінен алға қарай жай жылдамдықпен жылжиды, қылтамырлар арқылы барлық мүшелерге таралады. Қанның дене қуысына таралмай, қантамыр арқылы үнемі айналуы тұйық қанайналым жүйесі деп аталады.

 

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Типтің  жалпы  сипаттамасы.  Олардың  алуантүрлілігі.

Бауыраяқтылар класы.  Үлкен тоспаұлуы және жалаңаш шырыш, олардың тіршілік орталары. Құрылысы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбейуі және дамуы. Биогеоценоздағы рөлі және практикалық маңызы.

№ 3 зертханалық жұмыс.

Ұлулардың сыртқы құрылысын зерттеу  және салыстыру. Тоспаұлудың (немесе жүзім ұлуының) мінез-құлығын: оның

қозғалуын, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау. Бақалшағының пішінін, бақалшағының сыртқы және ішкі қабаттарының құрылысын зерттеу. Әртүрлі тұщы су және теңіз ұлуларының бақалшақтарын зерттеу.

Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Бауыраяқтылар, (лат. Opisthobranchia)  — 90000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде, сондай-ақ тұщы сулар мен құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Кейбіреуі тоғандарда, құрлықта тіршілік етеді. Жұмсақ денесін бақалшақ қаптаған, тұлғасы бүкіл бауыр жағын қамтитын жәндіктер бауыраяқтылар немесе ұлулар класына жатады. Аяқ бөлігі бақалшақтың астыңғы бөлігін қамтып, дененің сол бөлігімен жүретін болғандықтан, бұлар бауыраяқтылар деп аталады.
Мағынаны тану  

Бауыраяқтылардың дене тұрқы

Бауыраяқтылардың дене тұрқы 2—3 мм-ден бірнеше сантиметрге дейін барады. Ең ipici Hemifusus proboscidiferus, оның ұзындығы бақалшағымен қоса 60 см. Сол сияқты теңіз қояны Aplysia-ның ұзындығы — 25 см, Африкада мекендейтін құрлық үлулары Achatina да ірі ұлулар қатарына жатады. Бауыраяқтылардың денесі үш бөлімге бөлінген: бас, аяқ, тұлға. Басы тұлға бөлімінен айқын бөлініп тұрады. Тіл пішінді жақсы жетілген аяғында кең жорғалағыш табаны болады. Тұлғасы дененің жоғарғы жағына қарай қап тәрізді өсіндіні түзеді, бұны ішкі қапшық деп те атайды. Барлық бауыраяқтыларға тән ерекшелік, ол құрылысының асимметриялы болуы.

Бұлардың бақалшағы жақсы дамыған, кейбір кезде редукцияға ұшырауы да мүмкін. Бауыраяқты моллюскалардың асимметриясы келесі белгілерімен сипатталады: оң жақ мантия комплексінің мүшелері жойылып сол жағы мүшелерінің күшті дамуы; ішкі қапшықтың немесе тұлғаның спираль тәрізді оралуы,бұл ерекшеліктері бақалшақтың спираль тәрізді оралуына байланысты.

Құрылысы мен физиологиясы

Бауыраяқтылардың дене пішіні алуан түрлі, көпшілігінің денесі ұзынша және арқа жағы томпайып шығыңқы болып келеді. Жақсы жетілген басының бауыр жағында аузы, арқа жағында 1-2 жұп қармалауышы мен жұп көздері орналасқан. Екі жұп қармалауыштың бірінші жұбы сипап сезу қызметін атқарады, ал артқы қармалауыштың үстінде көзі орналасады. Басының алдыңғы бөлігі анда-санда ұзын тұмсықша ретінде созылып тұрады.

Аяғы бұлшықетті және жорғалаушы табаны бар, ол дененің бауыр бөлімінің өсіндісі. Сондықтан да бұл ұлуларды бауыраяқтылар деп атайды. Аяғының жиырылуының нәтижесінде жануар субстрат бетінде баяу қозғалып жүреді. Әр алуан тіршілік етуіне байланысты аяғы да алуан түрлі модификацияға ұшыраған. Ең күшті өзгеріске ұшыраған жүзіп тіршілік ететін Gastropoda класының кейбір өкілдерінің аяқтары. Мысалы, қырлыаяқ-тылардың (Prosobranchia кл. тармағы) аяғы бүйірлерінен қабысып жіңішке вертикальді жүзгіш қанатқа айналған, кейде бүйір жиектерінде екі жағына есетін табанының кішкене рудименті болады. Аяқтың артқы бөлігі ұзын құйрық тәрізді тұтқаға созылады. Ал, қанатаяқтылардың (Opisthobranchia кл. тармағы) аяғының бүйірлік бөлігі күшті өсіп кетеді де, қанат тәрізді қалақша түзеді. Тұлғасы немесе ішкі қапшығы, төменгі сатыдағы бауыраяқтыларда симметриялы және жалаңашжелбезектілердікі,өкпелілердікі сияқты аяқтан айқын бөлінбеген. Ал, Gastropoda класының көпшілік түрлерінде керісінше, тұлғасы аяғының үстінде спиральді оралған қапшық түрінде бөлінген. Тұлғаның төменгі жерінде жабын қатпары немесе мантия қатпары, ал оның астында мантия комплексінің мүшелері бар мантия қуысы түзіледі. Қатпар да, мантия қуысы да тұлғаның алдыңғы және оң жағында дамыған. Мантия бақалшақты бөліп шығарады, көбінесе спиральді оралған бақалшақты түзейді. Бақалшақтың төбе жағы тұйық біткен — ол оның төбесі деп аталады, ал оған қарама-қарсы екінші ұшында тесігі (устье) орналасқан. Тесігі арқылы жануардың басы мен аяғы сыртқа шығып тұрады. Тек сирек жағдайда ғана бақалшақтарының бұрамдары бір жазыктықта жатады.Бақалшақтың спираль бұрамдары конус тәрізді (турбо-спиральді). Бұрамдарының диаметрі жануарлардың өсуіне сәйкес төбесінен қарама-қарсы тесігіне дейін үлкейеді. Әрбір жаңа түзілген ірілеу бұрамдары бұрынғыларды орап көрсетпей басады. Бұндай бақалшақтар инволютты деп аталады. Көбінесе соңғы орамдар алғашқысына жақын тұратындықтан олардың барлығы көрініп тұрады. Бауыраяқтылардың арасында бақалшақтың спиральді оралуының бағыты бойынша бақалшағы екі типті болады: үстінен қарағанда спираль, сағат тілінің бағытымен бұралса, онда мұндай бақалшақты оңға бұралған немесе дексиотропты деп атайды. Бұндай бақалшақ көпшілігінде бар. Егер, бақалшақ солға қарай бұралса, онда оны солға қарай бұралған немесе лейотропты бақалшақ деп атайды. Осьтің айналасында спираль тәрізді бұрамдары болса оны тығыз бағана немесе колонка деп атайды. Ал, бұрандалары ішкі қабырғалары арқылы бір-біріне жанаспаса, онда колонканың орнына кішкене қуыстар немесе кіндік түзіледі. Спиральді бақалшақтың кендігі сонша, ұлулар қауіпті жағдайда барлық денесін соған жинап алады. Алдыңғыжелбезектілер класс тармағының өкілдерінде аяғының артқы бөлігінің арқа жағында мүйізді немесе ізбесті қақпақшасы дамыған. Ол, моллюсканың денесі бақалшақтың ішіне кіргеннен кейін, бақалшақтың тесігін жауып тастайды.

Бауыраяқтылардың кейбір түрлерінің бақалшағы біршама қарапайым құрылысты және қалпақ тәрізді болып келеді, себебі олардың дернәсілдерінің дамуында алдымен бұралған бақалшағы пайда болады да, кейінірек ол қалпақ пішінге көшеді.

Бауыраяқтылардың бақалшағы сыртқы жұқа органикалық қабаттан (periostracum) тұрады, оның астында бақалшақ бетіне перпендикуляр орналасқан, әкті тақталардан түзілген фарфор тәрізді қабат (ostracum) жатады. Кейбір бауыраяқтыларда, мысалы Haliotis, Turbo-да жылтыр перламутр қабаты бар. Бауыраяқтылардың барлық класс тармақтарында бақалшақтың редукциясы байқалады. Редукция мынадай кезеңдер арқылы жүреді: бақалшағы жақсы жетілген, бірақ жануардың денесі жиырылғанда бақалшаққа толығымен симайды; бақалшақ одан әрі кішірейе береді де екі мантиялы қатпарлармен көмкеріледі; мантия қатпарлары бір-бірімен бақалшақтың үстінде ортаңғы сызық бойымен бірігіп кетеді, соның нәтижесінде сыртқы бақалшақ ішкі нәзік жұқа тақтаға айналады; ішкі тақталы бақалшақ жойылып, оның орнын терідегі шашылып жатқан ұсақ ізбесті денешіктер басады. Мысалы, шырыш — Arion-да, жалаңаш-желбезіктілер —Nudibranchia-да, ал бақалшақтың барлық ізі Pterotrachea ұлуларында мүлдем жойылған. Бақалшақтың жойылуы көбінесе жүзіп өмір сүретін, құрлықта және паразит бауыр-аяқтыларда байқалады, өйткені жүзу және жорғалау үшін бақалшақ кедергі жасайды, яғни олардың қажеті жоқ.

 

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

Мерзімі Пән: биология Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Айқұлақ немесе мидиялар
Сабақтың мақсатында  Қосжақтаулылар типінің бірі айқұлақтың тіршілігімен таныстыру
Сабақ түрі:  шығармашылық бағыттағы білім беру сабағы
Әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап,талдау,түсіндіру,көрнекілік,баяндау.
Көрнекілігі:  интерактивті тақта, слайдтар, жәндіктердің

суреттері, кесте

Пәнаралық байланысы: жаратылыстану
Сабақтың барысы: 
уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
3 мин Ұйымдастыру кезең

 

 

Психологиялық дайындық

 

Оқушылар сәлемдеседі, сабаққа қажет құралдарды дайындайды. Зейіндерін сабаққа аударады.

«Мен саған, сен маған» тренингіне қатысып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

10 мин Өткенге шолу 1.Топтастыру тақтасын толтыру. ( конверттің ішіне жәндіктердіәр оқушы салады )

Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Басаяқтылар

 

2.Біліміңді сынап көр. (сұрақ-жауапоқушыларға ауызша сұрақтар

қоямын,олар жауап береді)

1.Ұлулар типінің кластарын атаңдар?

( бауыраяқтылар,басаяқтылар,қосжақтаулылар)

2.Тип неге «ұлулар» деп аталған? (бұл топтағы жәндіктер денесі буылтықсыз, өте жұмсақ және дене құрылысы ұқсас болғандықтан, ұлулар типіне жатады)

3.Ұлуларда жаңадан пайда болған қандай мүшелер жүйесі бар, олар қандай қызмет атқарады? (тіс орнына үккі, асқа қатысты без бауыр мүшелері дамыған)

4.Ұлулар қалай тыныс алады? (құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпе арқылы тыныс алады, ал суда тіршілік ететіндер шапанша астында орналасқан желбезек арқылы жүзеге асады)

5.Ұлулар қалай қозғалады? (аяқтары арқылы қозғалады)

20 мин Жаңа тақырыпты меңгеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Оқушыларды айқұлақтың суретімен таныстыру

Айқұлақтың (Аnоdоntа) анатомиясы, бақалшағы және сол жақ мантиясы алынып тасталған: 1 — мантия кесілген сызық; 2 — алдыңғы бекітуші бұлшықет;
3 — ауыз тесігі; 4 — аяғы; 5 — ауыз қалақшалары; 6 — ішкі сол жақ желбезек; 7 — сыртқы сол жақ желбезек; 8 — оң жақ мантия; 9 — желбезекті сифон; 10 — клоакалық сифон; 11 — артқы ішек; 12 — перекардий

 

2. ЭО бойынша айқұлақ жайлы мағлұмат беру

 

3.Мына кестені толтырып, дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қойыңдар

Ұлулар типі Дене қуысы Ас қорыту жүйесі Артқы ішек Аналь тесігі Тыныс алу

жүйесі

Қан тарату жүйесі Сор ғыштар
1. Жүзімдік ұлу
2. Айқұлақ
3. Кальмар

 

4. «Мен саған, сен маған» сұрақтарға жауап беру.

1.Ұлулар типінің кластары

2. Тип неге «Ұлулар» деп аталған?

3. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшелігі.

4. Тура және түрленіп даму дегеніміз не?

5. Айқұлақтын денесі неден тұрады?

6. Қосжақтаулылар қандай жынысты?

10 мин Жаңа тақырыпты бекіту Биологиялық диктант

Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі————————

Денесі тек тұлға және —————-аяқтан ғана тұрады.

Қорек тікелей ———-түседі,одан қарын өтіп————

барады. Қосжақтаулы ұлулар ———-жынысты ұлу. Ғаламшарымызда———мыңға жуық түрі бар. Қосжақтаулы ұлулар————ретінде пайдаланады. Қосжақтаулы ұлулардың бақалшағынан ——————жасалады.

Сөзтізбек «Ұлу».
1. Ұлу денесінің сыртын қаптайтын қорғанышы. -Бақалшақ.
2. Ұлудың басында болатын өсімділер.-Қармалауыш.
3. Ұлу денесін түгел жауып тұратын тері,қатпар. -Шапанша.
4. Тұщы суды мекендейтін қосжақтаулы ұлу. -Айқұлақ.
5.Басы жоқ ұлулар класының атауы. –Қожақтаулы
6. Қосжақтаулы ұлудан жасалатын бұйымның түрі. -Ыдыс.
7. Теңізде тіршілік ететін басаяқты ұлу. -Сегізаяқ.
8. Ұлу аяқтарының атқаратын қызметі. –Қозғалу
9.Қосжақтаулы ұлулар класына жататын ұлу. –Устрица
10.Айқұлақ жебезегінің алдыңғы жағында орналасқан мүшесі. — Ауыз тесігі.

2 мин Бағалау:

Кері байланыс:

Үй жұмысы:

Оқушылардың бағалау парақшаларынан қорытынды бағаларын шығару

«Бас бармақ»

204-205 беттегі 45 – ші тақырыпты оқу, мазмұндау

 

 

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Сегізаяқтар, кальмар, каракатица. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер. Қозғалуы, Қоректенуі. Мінез-құлығы. Биогеоценоздағы рөлі және практикалық маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Басаяқты ұлулар класы

Олар — ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүрелі. Басаяқты ұлулар — өте ірі жәндіктер. Мысалы, тереңсу кальмарының ұзындығы — 18 м, мұның 10 метрі қармалауыш. Қармалауыштың жуандығы 20 м. Басаяқтылардың денесі бастан және түлғадан құралады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8 — 10 қармалауыштар болады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтарқармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, қорегін ауданды. Сөйтіп бұлардың басындағы қармалауыштар аяқ қызметін де атқарады. Каракатина және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратыл жүзеді. Өте шапшаң қозғалу қажет болған жағдайда денесінің артқы бөлігімен реактивті қозғалады. Аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан, бұлжәндіктер басаяқты ұлулар класына жатқызылады. Басаяқтылардың қазіргі кезде 800-ге жуық түрлері бар.

Басаяқты ұлулардың бір өкілі — кальмар. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады. Бұл — оның басы. Бастың екі жағында үлкен көздері бар. Оның құрылымы адам көзінің құрылысына ұқсас. Бір қызығы: көздің біреуі бір затты, екіншісі екінші затты жеке-жеке көре алады. Кальмарлар су тереңінде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды.

Сегізаяқ

Каракатица да — басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан-жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстап жеу каракатинаға қиындық келтірмейді. Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлан» ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратыл, қармалауыштарын төмен салбыратса болды. Ол дереу ұйқыға баталы. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді. Бұлар жыртқыш болғандықтан, теңіздегі балықтарды, шаянтәріздестерді, өзге ұлуларды, т. б. қорек етеді. Кәсіптік балық үйірінің шырқын бұзып, оларды құртады (мысалы, қиыршығыстық кальмар). Сондай-ақ басаяқты ұлуларды тісті киттер, акулалар, ескекаяқтылар (теңізмысық), т. б. қорегіне жаратады. Кейбір елдердегі тұрғындар каракатицаны және сегізаяқты тағам ретінде пайдаланады.

Көптеген елдерде каракатица мен кальмар кәсіптік мақсатта ауланады. ұлулар — түрлер саны бойынша бунақденелілерден кейінгі екінші орындағы жәндіктер. Олардың қазіргі кезде 80 мың түрі бар деп есептеледі. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялық көпжасушалы, құрылысы ұқсас болып келеді. Олардың денесі бастан, тұлғалан, аяқтан (қармалауыштардан), бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Денесі бунаққа бөлінбеген. Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Тіс орнына — үккі, асқа қатысты без — бауыр мүшелері бар. Қантарату жүйесі — ашық. «Жүрегі» — екі құлақша, бір қарыншадан тұрады. Табиғатта қосжынысты және дара жынысты ұлулар кездеседі. Жүйке жасушалар жинақталып, түйінге айналады. Тынысалу өкпе және желбезек арқылы жүзеге асады. Бізге ұлулардың үш класы көбірек таныс. Олар, бауыраяқты ұлулар, қосжақтаулы ұлулар және басаяқты ұлулар.

Мағынаны тану  Сегізаяқтар — таңғажайып мақұлық. Олардың «аяқтары» тұп-тура басынан өсіп шығады. Сондықтан ғалымдар оны басаяқтылар деп те атайды. Сегізаяқтардың аяғының саны сегіз болады, бірақ олары тіпті аяқ та емес, қайта жемін ұстауға ыңғайлы, сорғышы бар қармалағыш-қолдарға ұқсайды. Сегізаяқ өзінің қармалағышын крабқа немесе басқа балыққа тигізсе болды, олар сол жерде-ақ сорғыштарға жабысып қалады. Қауіпті жағдайда сегізаяқтар аса жылдам жүзеді. Аяқтарын жинап алады да, зымырай жөнеледі. Бұл кезде ол суды есіп жатпайды, өйткені өзінің «реактивті двигателі» бар. Алдымен арнайы қалтасын суға толтырып алады да, оны сыртқа күшпен ытқытып шығарады, соның екпінімен өзі де қарама-қарсы зымырай жөнеледі. Кальмарлар мен сегiзаяқтарды тапқырлығы мен ақылдылығына байланысты моллюскалар арасында жиi «теңіз приматтары» деп атайды. Бұл сөзсiз осылай. Сегiзаяқтардың үлкен миын нағыз басүйекке ұқсас шемiршекті капсула қорғайды. Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлап» ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратып, қармалауыштарын төмен салбыратса болды, ол дереу ұйқыға батады. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді. Бұлар жыртқыш болғандықтан, теңіздегі балықтарды, шаянтәріздестерді, өзге ұлуларды, т.б. қорек етеді. Кейбір елдердегі тұрғындар каракатицаны және сегізаяқты тағам ретінде пайдаланады. Әрбiр қармалауышында заттың жеуге жарамдылық немесе желiнбейтiндiгін анықтайтын он мыңға дейін дәмдi сезгіш рецепторлар орналасады.
Сегiзаяқтардың көздерiнің адамның көздерінен еш айырмашылығы болмайды. Торлы қабат, көздiң қасаң қабығы және көз бұршағы бар. Жақын және алыс заттарға көзқарасын шоғырландыруға мүмкiндiк беретiн объективтiң функциясын көз бұршағы орындайды. Сегiзаяқтар қарағанда көз бұршағы торлы қабатқа жақын немесе алыс жылжиды. Сегізаяқтар желбезектерімен тыныс алады, дегенмен біраз уақыт сусыз ортада тіршілік ете алады. Сегiзаяқтың жүрегі үш бөлікті: негізісі көгiлдiр қанды бүкіл денеге таратса, ал қалған екеуі қанды желбезек арқылы итермелейдi.

 

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Типтің жалпы сипаттамасы.. Класстың  жалпы сипаттамасы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

1.      Типтің ұлулар аталуы неліктен.

2.      Ұлулар типінің кластары

3.      Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

4.      Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат

5.      Ұлулардың асқорту жүйесіндегі ерекше без қалай аталады

6.      Ұлулардың қантарату жүйесі

7.      Ұлулар қалай тыныс алады

8.      Ұлулар қалай қозғалады

9.      Қорлалауыштар деген не? Оны неге кейде аяқ дейді?

10.  Ұлулардың маңызы (табиғатта және адам өміріндегі)

Мына ұғымдардың дұрыс жауабын тап?

Үккі дегеніміз не———————

Шапанша дегеніміз не?—————-

Бауыр дегеніміз не?———————

Жүрек дегеніміз не?—————————

Ауыз тізшелері,асқорту безі, екі немесе үш қуысты, қатпарлы қабат

Мағынаны тану  Жүйелеу топтарын толтыр:

Ұлулар

 

 

 

бауыраяқтылар           қосжақтаулылар             басаяқтылар

 

ІІІ.Ой қозғау кезеңі.

ІV. «Білгенге маржан» (Жаңа білім қалыптастыру).

1.      Қызығушылықты ояту.Жұмбақ жасыру арқылы жаңа тақырыпқа шығу (№4 слайд)

Буынаяқтылар типі туралы білімімізді дамыту,қалыптастыру.

                      Алгоритм

1)    Қазір 211- беттегі мәтінмен жұмыс ./10 мин уақыт беріледі/. 

2)    Постер жасау. /7-мин/

1-топ.Буынаяқтылар типіне сипаттама

2-топ.Шаянтәрізділер класының ерекшелігі

3-топ. Шаяндардың сыртқы, ішкі құрлысы

3)Постерді қорғау.(Әр топ өздерінің сұрақтарын қояды, қорғаушыларға)

4)  Жаттығулар орындау.

4)1-топ. Кесте толтыру. №5слайд

5) 2-топ. Вен диограммасын толтырады №6 слайд

6) 3-топ. Ұғымдардың мәнін түсіндіреді:№7слайд

Хитин жабыны——

Аяқ дегенерациясы——-

Шаяндар қайда қыстайды———

Шаяндардың өкілдері———

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Тіршілігі мен сыртқы құрылысы

Өзен шаяны өзен-көлдер мен ағынды тоғандарда мекендейді. Бұл-судың тазалығын қажет ететін шаян. Шаянның денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігінде бірі- ұзын, бірі-құсқа екі жұп бунақтанған мұртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағында болады. Бұлардан сәл төменірек бес жұп бунақтанған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшында үлкен қысқышы бар, ал қалған төрт жұбы жүретін аяқтар болып есептеледі.

Шаянның баскөкірегі алты бунақты құрсақпен жалғасып, бунақтардың әрқайсысында екі-екіден екі тармақты қысқа аяқшалар болады. Шаянның құрсағы жалпақтау келген қатты тақташадан тұратын құйрық жүзбеқанатымен аяталады. Құрсақтың соңғыбунағында аналь тесігі болады.

Шаян денесін қатты хитинді жабын қаптағандықтан, сілемейлі қабықшамен қапталған денені шұбалшаң тәрізді соза немесе жиыра алмайды. Сондықтан ол су түбінде бунақтанған жүру аяқтары арқылы жүреді , суда бунақтанған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзеді. Су түбінде қозғалғанда- алға қарай, суда жүзген кезде артқа қарай қозғалады. Бұд кезде хитинді жабынмен қапталған аяқ немесе құрсақ бунақтары сауыттың ішкі жағындағы бұлшықеттер арқылы қимылдайды.Шаянның сауыты қорғаныш жабын болады, ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылыбуындасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады.

Тыныс алуы

Шаян баскөкіректің екі бүйіріндегі екі желбезек қуысындағы нәзік өскіншелер — желбезектер арқылы тыныс алады. Баскөкіректің астыңғы жағындағы саңылаудан су дене қуысына өтіп, желбезекке дейін барады. Желбезек арқылы қанға оттегі өтіп, қаннан көмірқышқыл газы суға бөлінеді.

Қан айналымы

Шаянның қан айналымы арқа жағын ала орналасқан жүрек пен қантамырлар — салатамыр арқылы жүзеге асады. Тамырлардағы қаннан жүрек қимылға келеді, сөйтіп, қантамырлар соғады. Жүрек-пішіні бесбұрышты кішкене қалта, оған дене қуысындағы түссіз қан тікелей келіп тұрады. Жүрек жиырылған кезде қанды салатамырға айдайды да, қан салатамырдан ішкі мүшелер аралығына барады. Қан ішекте қорытылған қоректі, сондай-ақ желбезек арқылы оттегін қабылдап, зәршығару мүшелерін сүзіп өтіп, оларға оттегі мен қорек жеткізеді, мүшелердегі көмірқышқыл газды және бөлінген сұйық өнімді алып кетеді.

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Құрылысының ерекшеліктері. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбейуі
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Блиц — турнир арқылы тексеру.

1.      Тип  неге буынаяқтылар деп аталады?

2.      Денесінің сыртын не қаптаған?

3.      Буынаяқтылар типінің неше класы бар?

4.      Буынаяқтылар денесі өскенде хитин қабаты өсе ме?

5.      Шаянтәрізділер класының денесі қандай бөліктерден тұрады?

6.      Қантарату жүйесі қандай?

7.      Зәр шығару жүйесі қалай жүзеге асады?

8.      Сол бездер қай жерде орналасады?

9.      Өрмекшітәрізділердің баскөкірек бөлігінде неше жұп аяғы орналасқан?

10.  Неше жұп аяғы жүруге арналған аяқтар?

11.  Өрмекшітәрізділердің зәр шығару мүшесі қалай аталады?

12.  Тыныс алу мүшелерін ата?

Мағынаны тану  Мәтінмен жұмыс

І. Мәтінді бөлікке бөлу

1. Жеке жұмыс

2. Жұппен жұмыс

3. Топпен жұмыс

4. Ортаға ой салу

Шаянтәрізділердің құрылыс ерекшеліктері.

Өзен шаянының денесі екі бөлімнен баскөкірек және құрсақтан тұрады. Баскөкірек бөлімінде сипап сезу, иіс сезу қызметін атқаратын бірі қысқа және екіншісі ұзын екі жұп мұртшалары бар. Одан соң 1 жұбы үстіңгі жақ, 2 жұбы астыңғы жақ, 3 жұбы жақаяқтары деп аталатын түрі өзгерген аяқтардан тұратын ауыз аппараты және 5 жұп жүретін аяқтары орналасқан. Жүретін аяқтардың бірінші жұбы жемін ұстайтын және жауынан қорғанатын қысқышқа айналған.Өзен шаянының құрсақ бөлімінде жүзуге қатынасатын және түрлі қызмет атқаратын 5 жұп кішкентай құрсақ аяқтары бар. Құрсақ бөлімі бунақты  және жақсы дамыған құрсақ ұшында құрсақ аяқтарының алтыншы жұбы соңғы бунақпен бірігіп жүзу қанатын түзеді.

Шаянтәрізділердің қоректенуі.

Орташа және ірі денелі шаянтәрізділер құрттарды, ұлуларды, балықтарды, өсімдіктерді қорек етеді. Сонымен қатар балықтардың, бақалардың, басқа да су жануарларының өлексесін жеп, табиғатта санитарлық рөл атқарады. Ұсақ шаянтәрізділер өте ұсақ қоректік бөлшектерді, ұсақ ағзаларды қорек етеді. Өздері балықтарға жем болады.балықтардың желбезектерінде паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері де бар.

Шаянтәрізділердің тыныс алуы.

Шаянтәрізділер суда тіршілік ететіндіктен желбезек арқылы тыныс алады.

Шаянтәрізділердің көбеюі.

Шаянтәрізділердің басым бөлігі дара жынысты олар жынысты жолмен тіршілік етеді.

Білемін Мен үшін жаңалық Үйрендім

 

Синквин әдісі

Зат есім 1 сөз Кім? Не?

Сын есім 2 сөз Қандай? Қай?

Етістік 3 сөз Не істейді? Қайтті?

Сөйлем 4 сөз

Синоним 1сөз

 

 

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Басқа шаянтәрізділер. Шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Шаянтәрізділер (лат. Crustacea) — буынаяқтылардың бір класы. Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 6 класс тармағы (желбезекаяқтыларцефалокаридалар,бақалшақты шаянтәрізділержоғары сатыдағы шаянтәрізділермаксиллоподалар және ремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден шыққанын дәлелдейді. Шаянтәрізділер Жер шарында кең тараған Тұщы су қоймаларында, теңіздерде, барлық мұхиттарда кездеседі. 30 мыңнан астам түрі бар. Құрлықта тіршілік ететін шаяндар «»құршаян»» деп аталады . Олар ылғалды, дымқыл жерде мекен етеді. Бұршақ таңқышаян — таңқышаяндардың ең майдасы. Ең ірісі — жапон таңқышаяны. Оның аяқтарымен қосқанда көлемі екі метрге жетеді.
Мағынаны тану  Құрылыс және классификация

Body structure of a typical crustacean — krill

Денесінің ұзындығы 1 — 2 мм-ден (ең майдасы су бүргесі Alonella, ұзындығы 0,25 мм) 80 см-ге жетеді. Ең ірісі — жапон крабы (Macrocheіra kaempferі), оның құлашы 4 м болады. Ең ауыр шаян — Солтүстік Атлант омары (Homarus amerіcanus), оның салмағы 20 кг. Шаянтәрізділер денесін жауып тұратын кутикулада сыртқы қаңқаның қызметін атқаратын хитин көп. Ол қорғаныш қызметін атқарады, бірақ екінші жағынан — үздіксіз өсуіне кедергі жасайды. Сондықтан шаянтәріздер түлеу арқылы өседі. Бұлардың денесі жеке бунақтардан құралған, әр бунағында жұп бунақ аяқтары болады (бірақ эвол. даму барысында кейбір аяқтарының жойылып кетуі мүмкін). Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Бас бөліміндегі бунақтардың саны тұрақты — акроннан және 4 бунақтан құралған, олардың 5 жұп өсінділері бар. Бірінші жұбы — антеннула, екіншісі — антенна, қалған үш жұбы қорегін ұстайтын және ұсақтайтын, түрі өзгерген аяқтары. шаянтәрізділердің басында бір жұп күрделі немесе фасеттік көздері бар. Кеуде және құрсақ бунақтарының саны бірдей емес. Олардың көп жағдайда кеуде аяқтары жылжу, жүзу, құрғақ жерде жүру қызметін атқарады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің құрсақ аяқтары дамыған әрі қос бұтақты. Құрсағы көпқылтанды құрттардың пигидиіне (құрсақтың соңғы бөлімі) ұқсас тельсонмен (құрсағының соңғы бунағы) аяқталады. Жүйке жүйесі мидан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі ас үгітетін қарыннан және “бауырдан” құралып, ортаңғы ішекке ашылады. Бір клеткалы организмдермен, өлексемен, органикалық заттармен, көп клеткалы өсімдік және жануарлармен қоректенеді. Желбезектерімен, егер олар болмаса, бүкіл денесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі тұйық емес, жүрегі арқа жағында орналасқан. Сезім мүшелері жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар (рецепторлар) түрінде болады. Зәр шығару жүйесі екі жұп безді: антенналды және максиллярлы. Тепе-теңдік сақтау мүшесі — статоцист жақсы дамыған. шаянтәрізділер көбінесе дара жыныстылар, тек мұртаяқтылар мен онаяқтыларда гермафродиттік кездеседі. Жынысты деформизм айқын байқалады. Көпшілік тобына партеногенез тән, жұмыртқаларын суға тастайды. Шаянтәрізділер метаморфтық жолмен дамиды. Жұмыртқадан планктонды дернәсіл — науплиус шығып, ол метанауплиусқа (екінші дернәсілдік даму сатысы, бұл кезде кеуде және құрсақ бунақтары оқшауланып бөлінеді) айналады. Кейде бірінші дернәсілдік даму сатысы жұмыртқа қабығының астында өтеді, онда дернәсілдердің суға шығуы дамудың соңғы сатысында жүреді (мыс., крабтардың зоеа сатысы). Жұмыртқадан аналық организмге ұқсас кішкене дарабас шығып, түлек арқылы біртіндеп өседі. Шаянтәрізділердің ұсақ түрлері негізгі зоопланктон массасын құрайтын болғандықтан, олар судағы организмдердің қоректік тізбегінде буын болып табылады. Шаянтәрізділер майшабақтардың қорегі, суды өлекселерден тазартады. Көпшілік түрлері (омарлангустакреветкалар, т.б.) Дүние жүзінің көптеген елдерінде жоғарғы сапалы тағам ретінде пайдаланылады.

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Крест өрмекшісі (немесе кезкелген басқа өрмекші). Сыртқы құрылысы.  Тіршілік ортасы, тіршілік ету дағдысы және мінез –құлығы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

1. Суреттердегілер туралы не білесің? Қалай аталады?

(Өрмекшітәрізділер,қарақұрт, өрмекші, бүйі, кене)

2 . Күн жадын,тақырыпты жазу, бүгінгі ауа райын жазу.

3 . Сабақтың мақсатын таныстыру.

Мағынаны тану ·          Әр топ мәтінді бөлінген бөлімдер бойынша оқиды.

1  топқа   Өрмекшілер туралы

2 топқа    Қарақұрт

3 топқа   Бүйі

4  топқа  Кенелер

·         Топпен жұмыс Кестені толтыр.

Өрмекшітәрізділер

Жәндіктерден айырмасы жәндіктерде алты аяқ, өрмекшітәрізділерде аяғы сегіз
Дене пішіні,түсі сан алуан, әртүрлі
Пайдасы зиянды жәндіктерді құртады
Жемін ұстауы өрмек құрады, шырмап алып, сөлін жібереді, сорады.

Қарақұрт

Қайда тіршілік етеді? далада, шөлде, елді мекендерде, иесіз қалған жерлерде
Қоректенуі жәндіктер, ұсақ кесіртке,өрмекші, сарышаянмен
Зияны шағады, ауруға шалдықтырады, өлтіріп жіберуі мүмкін
Түрі құрсағы домалақ, ақ, қызғылт теңбілі бар, қара барқыт түсті

Бүйі

дене  үзындығы төрт см ге дейін
қайда кездеседі шөлде, өзен көл жағалауы
көбеюі маусымда, 300 жұмыртқаға дейін
бүйі шаққанда бас айналады, дене қызады т.б

Кене

Қайдан жабысады? ағаштардан, шөптерден
Шаққанда не істеу керек? бензин, спирт йод, қысқышпен алу
Орман кенесі қай мезгілде көп болады? көктемде
Қандай ауру тудырады? кене энцефалиті

 

Әр топ сөйлеген соң слайд көрсетіп тұру

      Сергіту сәті   «Таза ауада»

Мұғалім сөзі

Құс жейтін өрмекші, ең улы өрмекші туралы

Алматы, Ақтөбе облыстарындағы қарақұрттың жайлауы туралы жаңалықтар

Ү. Ой толғаныс  Зерттеу жұмыстары

1.   Кене мен инелікті салыстыр (муляж)

2. Картадан шөл, далалы аймақтарды көрсету

3. Энциклопедиядан тауып айту. Өрмекшінің қорегі

4.  «иә», «жоқ» жауаптарын таңдау

 

 

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Өрмектің құрылысы және оның рөлі. Өрмекшілердің биогеоценоздағы маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Балалар, мына фотосуретке мұқият қараңыздар. Не көріп тұрсыздар?
(Жауаптар көп. Бірақ қажеттісі – өрмек)
«Табиғатта қызықтырған біздерді —
Ұшқан ара, шегірткенің шырылы,
Өрмекшінің шебер тіккен өрмегі,
Құрт, айналған көбелекке әдемі.»
(Фо — Гель — Дзё)
Өрмекшіні әдемі деп айтуға келе ме? Неліктен? Өрмекшіні көргенде сіздерде қандай ассоциациялар қалыптасады? (қорқынышты, сүйкімсіз, улы және т. б.) (тақтадағы жазба)
Неліктен адамдарда өрмекшілер жайында мұндай түсініктер қалыптасқан?
Әрқайсыңызға өрмекші қандай жамандық көрсетті? Қолдарыңызды көтеріңіздер.
Өрмекші жайында не білгілеріңіз келеді?
Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Өрмекшітәріздестер класы»
Арахна жайындағы аңыз
Ежелгі грек аңыздарының бірі не дейтінін тыңдаңыздар.
Баяғы өткен заманда Лидияда Идмана бояушының Арахна атты қызы өмір сүріпті. Оның әдемі өрнек салып мата және кілем тоқу өнеріне ешкім де тең келмепті, сонысымен әлемге әйгілі болыпты. Шеберлігіне масаттанған Арахна өзін құдайға теңеп, күнге балапты.
Әй, Паллада, …
Мен болжаймын және болжамым таяу арада орындалады,
Мен әлемде болмаған кілем тоқимын,
О, Афина сенің шеберлігің менің шеберлігімнің жанында түкке
тұрмас,
Менің өнеріме тең келетін жерде де, көкте де ешкім жоқ,
Бұл өмірде тек бірақ шебер бар ол – Арахна!
Айтқанындай Арахна Афинаның кілеміне парапар келетін кілем тоқып шығыпты. Бірақ оның құдайларды сайысқа шақырған такаппарлығы, өркөкіректігі үшін, Афина оның шеберлігін мойындамай, Арахнаны жазалайды.
Қарғыс атсын сені, ғұмыр бойы өрмек тоқып өт,
Адамдар өмір бойы соңыңа түсіп қуатын, ұсқынсыз Арахна бол.
Бәрі сенен қорқып, сені мыжып өлтіріп, өрмегіңді үзетін болады.
Ал өзіңнің мақтан тұтатын шеберлігің өзіңмен мәңгілік қалсын:
Өмірің бұрышта отырып өрмек тоқумен өтеді.
Міне осындай аңыз. Арахна есімінен өрмекшілердің латынша атауы арахнида шыққан.
Өрмекшілер жайындағы ғылым арахнология деп аталады.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – өрмекшітәріздестердің ішкі және сыртқы құрылысымен, олардың тіршілігіндегі ерекшеліктерімен, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен танысу.
Өрмекшітәріздестер буынаяқтылар типіне жатады. Осы типтің негізгі ерекшеліктерін еске түсірейік.

Мағынаны тану  Топпен жұмыс жасаймыз. Өрмекшітәріздестердің ішкі және сыртқы құрылысына байланысты тапсырмалар таратылады.
1 топ: шаршылы өрмекші мысалында өрмекшілердің сыртқы құрылысына байланысты жұмыс жасайды.
2 топ: өрмекшінің өрмек тоқуымен танысады.
3 топ: өрмекшілердің ішкі құрылысымен танысады.
4 топ: өрмекшілердің көбеюімен танысады.
Оқушылардың топтағы жұмыс істеу алгоритмі.
1. Әр оқушы мәтінді оқып шығады.
2. Барлық оқушылар таблица түрінде тірек конспектілерін құрады, терминдерді жазады, тақырыптың маңызды түсініктерін дәптерге түсіреді, салыстырмалы таблицамен жұмыс жүргізеді. Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі.
3. Әр топтан бір оқушы өздерінің таныстырылымын (презентациясын) тақта алдында қорғайды.
4. Тақта алдындағы әр топтың таныстырылымы
Бірінші топқа арналған тапсырма.
Өрмекшітәріздестер класы (Arachnida) — жануарлардың өте ежелгі топтарының бірі: олардың қазіргі кескіні өте ертеде, динозаврлар дәуірінде, жүздеген миллион жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі ғылымда 70 мыңан астам түрі белгілі және осыншасы, тіпті одан да көбі әлі белгісіз.
Негізінен өрмекшітәріздестер құрлықта тіршілік етеді, суда тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Мысалы су өрмекшісі. Барлық буынаяқтылар тәрізді өрмекшітәріздестерде де сырты қаңқасы бар. Өрмекшітәріздестердің сегіз жүретін аяғы бар. Басқа жәндіктерден айырмашылығы өрмекшітәріздестерде мұртшалары да, қанаттары да болмайды. Денесінің алдыңғы бөлігі бас пен көкіректің тұтасуынан түзілгендіктен, баскөкірек бөлігі деп аталады. Бұл бөлікте: көз, аяқтары, жақаяқтары: хелицералар мен педипальпалар орналасқан. Үстіңгі жағынан берік қалқаншамен қапталып, ішінде ми орналасады. Денесінің артқы бөлігі құрсақ деп аталады. Оның ішінде тек асқорыту мүшелері ғана орналаспайды, сонымен қатар жүрек, тыныс алу және көбею мүшелері және т. б. орналасады. Денесі сыртқы қаңқамен қапталған және екі бөліктен тұрады: баскөкірек және құрсақ бөліктері. Баскөкірек бөлігінің алдыңғы жағында қарапайым көздер бар, олардың орналасуы жүйелік топтың маңызды ерекшелігі болып табылады. Көпшілік өрмекшілерде төтр жұп көздері бар. Баскөкірек бөлігінде алты жұп аяқ бар. Бастың алдыңғы жағында жаққа ұқсас төмен қарай бағытталған екі аяғы хелицералары орналасқан, әрқайсысы өткір тырнақпен аяқталады. Оған осы аяқтарда орналасқан улы бездердің өзектері ашылады. Екінші жұп – педипальптар, бұлар сипап — сезу және қармалау қызметтерін атқарады. Көбеюге қабілетті ересек аталықтарда олардың ұштарының түрі өзгерген және жұптасуға қолданылады. Педипальптардың түп жағында ауызқуысы орналасады. Басқа жәндіктерден айырмашылығы жүретін аяғы үш жұп емес, төрт жұп. Әр аяқтың соңғы буынында кем дегенде екі тырнақтары болады, кейбір түрлерінде одан да көп. Өрмек бездері құрсақ бөлігінің төменгі жағында орналасады. Оның алдында тыныс алу саңлаулары — трахеялар орналасады.
1. Өрмекшітәріздестер құрылысының сызбанұсқасын құр.
2. Құрылысындағы қандай ерекшеліктер өрмекшітәріздестердің бүкіл жер шарына таралуана мүмкіндік туғызды?
1) Күшті жақтарының болуы.
2) Улы бездердің болуы.
3) Өрмек сүйелдерінің болуы,
4) Хитин жамылғысының болуы. Жауаптарыңды түсіндіріңдер.
2 топтың тапсымасы.
Өрмекшілер өрмекті қалай тоқиды.
Мүмкін өрмекшілер – қызығатын жәндіктер емес шығар, бірақ олардың туындылары – өрмек – таңқалдырмай қоймайды. Естеріңе түсіріңдерші ағаш бұтақтарының арасыда немесе биік өсімдіктердің арасында күн көзіне шағылысқан, геометриялық дәлдікпен тоқылған жіңішке жіпшелер көздің жауын алады.
Өрмекшілер – құрлыққы 200 миллион жыл бұрын қоныстанған, жершарының ежелден келе жатқан тіршілік иелері. Олардың ең басты ерекшелігі – олардың өрмек жібегін өндіруге қабілеттілігі.
Өрмек, өрмек бездерінен бөлінетін, жіңішке жіпше болып созылуға қабілетті, ауада тез қататын сұйық түзіліс. Өрмек құрылысы жағынан жібек құртының жібегіне жақын. Негізгі құрамы суда ерімейтін, өте берік фибрионнан тұрады.
Өрмекші өзінің өрмегін әртүрлі мақсатта қолданады. Олар өрмектен жұмыртқаларына пілде жасайды, қыстап шығу үшін баспана жасайды, секіру кезінде «сақтандыру жібі» ретінде қолданады, жемтігін ұстау үшін түрлі аулар тоқып, ұсталған жемтігін орап тастайды. Жұптасуға дайын аналық феромонмен белгіленген өрмек жібін шығарады, осының арқасында аталық осы жіппен қозғалып аналық жұбын дәл табады. Кейбір түрлердің жас өрмекшілері аналық ұядан жел арқылы ұзын жіппен ұшып кетеді.
Өрмек жібегі өрмекшінің құрсағының артқы жағында орналасқан ерекше бездерден шығарылады. Әдетте өрмекшіде бірден төрт жұпқа дейін бездер болады. Өрмек тоқу оңай жұмыс емес, жемтігін ұстайтын ауды құру үшін жарты сағаттай уақыт кетеді.
Өрмек өрмекші денесінің артқы бөлігінде жасалады. Артқы аяқтарымен арнайы мүшеден шығарылған жіпті тартады. Өрмек бетіндегі жабысқақ тамшылар шын мәнінде осындай жіпшелердің оралымы. Керек кезінде олар тарқатылып өрмек оңай созылады.
Өрмек жібегінің құрылымы жүздеген миллион жыл эволюция барысында мінсіз қалыптасқан. Бұл табиғи материал өзінде екі қасиетті үйлестіреді – беріктік және созылмалылық. Өрмектен тоқылған ау барлық жылдамдықта ұшып келе жатқан жәндікті тоқтатуға қабілетті. Өрмекшілердің жемтігін ұстайтын ауын тоқитын жіп адам шашынан жіңішке, ал беріктігі жағынан құрыштан бір саты жоғары. Егер өрмек жібін, сондай жіңішкеліктегі құрыштан жасалған сыммен салыстырсақ екеуі бірдей салмақ көтереді. Бірақ өрмек жібі алты есе жеңіл, яғни алты есе берік.
Адамзат табиғаттан көп нәрсені көшіріп алды, бірақ өрмек тоқу сияқты күрделі үрдісті қайталау әлі күнге дейін мүмкін болмай келеді..
Шаршылы өрмекші өзінің дөңгелек пішінді ұстайтын ауын тоқу үшін біршама ұзын берік жіпті шығарады. Жел немесе ауаның ағымы жіпті жоғары көтереді, егер өрмек тоқитын жер сәтті таңдалса онда жіптің бір ұшы жақын тұрған өсімдік сабағына ілінеді. Өрмекші осы жіп арқылы жүріп өтіп екінші ұшын бекітеді, кейде беріктік үшін қабаттап екінші жіп тартады. Содан кейін ол салбыраған жіпті шығарады, оның орта шеніне «Y» әрпінің формасына келетіндей етіп үшінші жіпті бекітеді. Радиалды жіптері және рамасы дайын болғанда, өрмекші орталыққа оралып, уақытша қосалқы оралманы (спираль) жүргізеді. Қосалқы оралма конструкцияны бекітеді және өрмекшіге аулау оралмасын құрастыру үшін жол болып табылады. Барлық негізгі каркас, радиустарын қосқанда жабысқақ емес жіптен жасалады, ал аулау оралмасын жасауға сырты жабысқақ затпен қапталған қос қабатты жіп пайдаланылады.
• Өрмекші көлденең жіптен тігінен төмен қарай түседі де ұшын бұтаққа бекітеді.
• Раманың центрінде радиус — жіпшелерді біріктіре отырып, каркас құрастырады.
• Центрдан шетке қарай жылжи отырып, радиустарға жалпақ оралма салады
• Шеттен центрге қайта оралып, ол тағы бір, енді жабысқақ жіптен, спираль салады.
Бұл өрмекке түскен жемтік өздігінен босап шыға алмайды. Өрмек жабысқақ, созылмалы және өте берік. Өрмекші үшін бұл жемтігін аулайтын ау ғана емес, оның денесінің жалғасы тәрізді. Ол кез келген тірі жәндіктің дірілін сезеді, және кідіріссіз оған шабуыл жасайды.
3 топқа тапсырма
Өрмекшінің ішкі құрылысы
Шаршылы өрмекші белгілі шебер, оның аңшылық өрмегі дөңгелек пішінді, өте берік жіптен тоқылған. Осындай кішкене шебердің өрнекті тоқуы таңқалдырады. Өзі өрмектің тең ортасында отырады, немесе өрмектің шетінде аңдуда отырады. Аяқтары хабарлаушы жіппен байлнысқан, қажет кезінде ауға түскен жәндіктер жайында хабар береді. Шаршылы өрмекшінің аяқтарында иіс сезу мүшесі орналасқан, ол ауға қандай жәндік түскенін анықтауға мүмкіндік береді. Өрмекші жай жіптермен жемтігіне жақындап олжаланған жәндігінің денесіне нәруызды ыдырататын бауыр мен сілекей сөліні енгізеді. Жемтігін өрмекпен орап, қалтарысқа апарып қорға жинап қояды. Егер аш болса сол жерде жейді, дәлірек айтқанда ол оның қоймалжың сұйықтыққа айналған ішкі құрылысын жұтқыншағымен сорып алады. Тамақтың денеден тысқары қоймалжың күйге ауысып қорытылуы астың ішектен тыс қорытылуы деп аталады. Тәбеті өте күшті, бір күнде өз салмағына тең қоректі жейді. Шаршылы өрмекші үнемі жемтік аулаумен болады, демалғанда да ауынан алыс кетпейді, бірақ хабар беретін жібі үнемі аяқғымен байланысқан.
Өрмекшілер өздерінің жемтіктерінен, көбінесе жәндіктерден, сорып алатын сұйық ұлпалармен қоректенеді. Өрмекшілердің асқорыту жүйесі арнайы сорғыш қарыннан, өсінділері бар қарыннан және ішектен, ас қорыту безінен («бауыр»), денесінің соңында ашылатын аналь тесігінен тұрады.
Қантарату жүйесі ашық. Ол жүректен, артериядан, венадан және түссіз қанмен (гемолимфамен) шайылатын мүшелер арасындағы кеңістіктен (синустардан) тұрады. Жүрек – ол тесіктері бар соғып тұратын түтікше, арқа бойымен созылып жатады. Басқа жәндіктермен салыстырғанда жүрегі камераларға бөлінбеген.
Өрмекшілер ауамен тыныс алады. Тынысалу мүшелері трахея мен өкпе кітапшалары деп аталатын – өкпе. Әр осындай кітапша қапшықтан тұрады, қапшықтың бір қабырғасы жапрақша тәрізді кітап беттеріне ұқсас қатпарлардан тұрады. Мұнда қан мен ауа арасында газ алмасу жүреді. Сыртқа өкпе демтүтіктер арқылы ашылады. Анағұрлым қарапайым өрмекшілерді жұп өкпе кітапшасынан, ал дамуы сатысында жоғары тұрғандарда бүкіл денесіне таралған трахеялармен алмасқан.
Зәр шығару жүйесі құрсақ қуысындағы мальпигий түтікшелерінен тұрады, ұштары ішекке ашылады.
Жүйке жүйесі жәндіктерге ұқсас. Ол құрсақ тізбегінен тұрады, тізбектен әрбір мүшеге тармақталып кетеді, жүйке талшықтары жұтқыншақасты жүйке түйініне шоғырланады, жоғарғы жағынжа жұтқыншақ үсті жүйке түйіні «ми» орналасады. Педипальптарында және жүретін аяқтарында сезім талшықтары орналасқан.
Берілген сызбанұсқа бойынша өрмекшәтіріздестердің мүшелер жүйесін анықтаңдар.
4 топқа тапсырма.
Өрмекшілердің көбеюі мен дамуы.
Өрмекшілердің көбеюі өте күрделі, сонымен қатар ол қайғылы аяқталады, себебі көп жағдайда аталық өрмекші аналық өрмекшіні ұрықтандырғаннан кейін тіршілігін жояды. Аталық өрмекшілер әдетте аналық өрмекшілерден кіші болып келеді, сонымен қатар басқа да айырмашылықтары бар, мысалы: түсінің ашық болуы, алдыңғы аяқтарында аталық сперма сақталатын безшелерінің болуы. Ұрықтану процесі қарапайым, аталық безшелерінен бөлінетін спермамен аналық жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады. Жиі болатын құбылыс, аналық ұрықтанғаннан кейін аталықты жеп қояды, кебір аталықтар қашып құтылады, кейбірі бағынады. Аналық өрмекшілер түріне қарай бірден бірнеше мыңдаған жұмырқаға дейін салады. Аналық жұмыртқаны өздері жасаған ожауға салады, сондан кейін оны өрмектен жасалған пілдеге орайды. Ішінде жұмыртқалар жұмсақ мамыққа орналастырылады, сыртынан жыртқыштардан сақтайтын қаттылау қабатпен қапталған. Ең соңында аналық пілдені өзінің денесіне бекітеді немесе бір қалтарыс жерге тығады. Жұмыртқадан шыққан жас өрмекшілерөте дәрменсіз, олар қорғана алмайды, өрмек тоқи алмайды, сондықтан алғашында аналық өрмекшінің қасынан шықпайды. Аналық өрмекшіден бөлек кетер кезде әр жас өрмекші бір өсімдікке бекініп өрмекпен төмен қарай салбырап түседі, алғашқы соққан желмен ауада ұшып, кейде бірнеше километрге дейін кетеді. Бір жерге қонғаннан кейін ол ыңғайлы орын тауып, өзінің өрмегін құрады. Тіршілік айналымы қайта басталады.
Сабақ кезеңі – барлық топтардың презентацияларын тақта алдында қорғауы.
Әр топтан бір оқушы шығып өз таныстырылымын тақтаға іліп, жаңа тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.
Басқа оқушылар әгімелеу барысында кестелерін толтырады.
Барлық топ өз таныстырылымдарын қорғап болғанда оқушылардың дәптерлерінде өрмекшітәріздестерге байланысты кесте толтырылып болуы керек.
Таныстырымдар қорғалып болғаннан кейін сынып өрмекшітәріздестерге байланысты слайд көреді.
Үш жүз елу миллион жыл бұрын Жер планетаснда тіршілік нышаны болған жоқ. Ең алғашқылардың бірі болып құрлыққа теңізден саршаяндар мен өрмекшілердің ата тегі өрмекшітәріздестер қоныстанды. Қазіргі кездегі өрмекшітәріздестер қандай екенін қарастырайық.
1 топтың презентациясы: «Өрмекшітәріздестердің сыртқы құрылысы»
1883 жылы 27 тамызда таң алдында 4 алапат жарылыс Жер планетасын дүр сілкіндірді. Ява мен Суматра арасындағы кішкене арал Кракатау аспанға ұшты, төрт жарым мың куб топырақ пен лава ауаға лақтырылды. Артынша теңізге қайта шөкті. Үштен екі бөлігін толқын шайды. Жалмауыз толқындар Ява мен Суматра аралдарындағы 163 ауылды, 36380 тұрғынымен қоса теңізге шайып кетті. Жантүршігерлік апат болды. Бұл апаттан соң Кракатау аралында тіршілік иесі қалмады. Бірақ небары жарты жылдан кейін — ақ Кракатаудан биолог Котто ең алғаш тірі ағза тапты…
Сұрақ: Бұл қандай ағза? Плутонның жағып жіберген жерінде ең алғаш болып қоныстануға кім батылдық танытты?
Қарапайым өрмекші. Аралға қалай жетті? Өрмегіне оралып, желмен ұшып келді
2 топтың презентациясы: «Өрмекші өрмекті қалай тоқиды»
3 топтың презентациясы: «Өрмекшілердің ішкі құрылыстарының ерекшеліктері»
4 топтың презентациясы: «Өрмекшілердің көбеюі»
Сабақты қорытындылау.
1. дұрыс жауаптарды таңдап өрмекшінің атауын тап.
1) өрмекшілердің денесі баскөкірек және бунақталмаған құрсақтан тұрады (К)
2) өрмекшілер суда еріген оттегімен тыныс алады (О)
3) өрмекшіде бірнеше жұп қарапайым көздер бар (А)
4) аулайтын өрмегін өрмекші жақаяқтарымен тоқиды (М)
5) өрмек өрмекшіге қорғаныш құралы, ұрпағын шағаратын және қорғайтын құрал қызметін атқара алады. (Р)
6) барлық өрмекшілер аудағы оттегімен тыныс алады (А)
7) ас қорыту өрмекшінің сорғыш қарынында жүзеге асады (Н)
8) өрмекшілерді 3 жұп аяқтары болады (В)
9) өрмекшітәріздестер – гермафродиттер (Е)
10) қантарату жүйесі – ашық (К)
11) өрмекшілерде 4 жұп жүретін аяқтары бар (У)
12) органы выделения – мальпигиевы сосуды (Р)
13) өрмекшілерде екі жұп мұртшалары болады (Н)
14) өрмекшілердің тыныс алу мүшелері – трахеялар мен өкпе (Т)
2. Есеп.
Өрмекшілер өте қомағай жәндіктер: бір өзінің салмағына тең қорек жейді. Олардың негізгі қорегі шыбын. Орманда әрбір гектарда 5000 — ға жуық өрмекші өмір сүреді. Егер әр өрмекші күніне екі шыбынан қорек етсе, онда күніне қанша шыбын жойылады? Қане, есептеп көрейік.
Шешуі: 5000 х 2 = 10 000 мух.
Ал егер өрмекшілер көп болса 25 000 — ға дейін шыбынды жоқ қылады. Сонда олар қанша пайда келтіретінін ойланып көрдіңдер ме? Себебі шыбын ол нағыз – апокалипсис! Өйткені ғалымдар оның денесінен 26 млн микробтар тапқан, ол микробтар адамдадар туберкулез, сібір жарасы, іш сүзек, дизентерия ауруларын тудырады. Сонымен қатар шыбындар басқа да паразит құрттардың жұмыртқаларын тасымалдаушы болып табылады.
Жаз ыстық болса бір шыбын 9 ретке дейін ұрпақ береді. Күзге дейін бүкіл жер шарына шыбындар қоныстанар еді. Мұндай апаттан шыбынның бірінші жауы өрмекшілер құтқарады. Бұдан шығар қорытынды өрмекшілерді қорғау керек
3. Синквейн құрастыру (бес жолды өлең)
Өрмекшілер
Қорқынышты, улы
Тоқиды, аулайды, шағады
Өрмекшілер – құрлық жыртқыштары.
Арахнидалар.
Балалар өрмекші тарулы пікірлерің өзгерді ме?

 

Ой толғаныс Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік тіршілік ету дағдысы. Сыртқы құрылысының және мінез-құлығының ерекшеліктері. Кенелердің ауру қоздырғыштарын тасымалдауы. Кенелік энцефалит.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі.

Дернәсілінің 6 (3 жұп) аяғы, ересегінің 8 (4 жұп) аяғы бар. Терісі не кеңірдегі арқылы тыныс алады. Кейбір түрлерінде еркегі мен ұрғашысының жыныс айырмашылығы айқын белгіленген (жыныстық диморфизм). Ұрық шашу не іштей ұрықтану арқылы өсіп-өнеді.Партеногенез (еркек кенелердің қатысынсыз) арқылы да көбейеді. Арасында жұмыртқа салатындары да, тірі туатындары да бар. Кейбір кенелер барлық даму сатыларынан (жұмыртқа, алғашқы дернәсіл, дернәсіл, нимфа, ересек кене) өтеді, енді біреулері кейбір сатылардан өтпейді. Кене– адам, жануар және өсімдік паразиті, адамға бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия, малғапираплазмоз сияқты табиғи-ошақты аурулар қоздырғыштарын таратады (иксод және аргас кенелері), мал денесінде қан сорып тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі (сауытты кене); астық зиянкестері (қамба кенесі); адам мен малды қотырға (қотыр кенесі),дерматит пен жапон қызбасына (қызыл денелі кене.) шалдықтырады. Кенені құрту үшін акарицидтер мен биолиогиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін ғылым саласы акарология деп аталады.[1]

Кенелер (Acarina) — өрмекші тәрізділердің 3 отрядын біріктіреді. Денелері 0,05 тен 13 мм жетеді, тойынған қан сорғыш кене денесі 30 мм дейін ұлғаяды. Дене бөліктері біртұтас болып біріккен. Дернәсілдеріның 3 жұп, нимфалары мен имагосының 4 жұп аяқтары бар. Денесімен қозғалмалы қосылған педипальпалары күрделі ауыз мүшесін, (басқа ұқсас) құрайды. Хелицерларының сырт пішіні әртүрлі, педипальпалары кене қармалағыштарын құрайды. Сезім мүшелері — денесіндегі көптеген қылтанақтары, лира тәрізді мүшелері мен көздері. Тармақталған кеңірдек тәрізді тыныс мүшелерімен, ал кейбір түрлері терісі арқылы тыныстайды. Кенелер дара жынысты буынаяқтылар. Оларда жыныстық диморфизм айқын байқалады. Кене отрядтары: шөпші кенелері, ең жабайы сатыдағылары. Ол жер шарының жылы аймақтарының орманды жерлерін мекендейді. Бұлар өте ұсақ топырақ бетіндегі жыртқыштар. Акариформдық кенелер денесі екіге протеросомаға, (алдыңғы жұп аяғы мен ауыз аппараты) және гистеросомаға (құрсағы мен артқы жұп 2 аяғы) бөлінген; паразитиформдық кенелер денесі құрсақ пен баскеудеден тұрады. Оның 4 жұп аяғымен ауыз аппараты, (басы) бар. Акариформдық кенелер құрамында қора, қышыма қотыр, жүн, қауырсын, су, өрмек сауыттылар, берішкенелері бар. Тоғышарформдық кенелер құрамына иксодид, аргазид және гамазидтер енген. Кенелер дерматиттер, қотыр ауруларын туғызады. Қан сорғыш кенелер көптеген ауру қоздырушыларын тасымалдайды, (энцефапиттер, туляремия, сібір жарасы т.б.). Кенелер көптеген таспа құрттардың аралық иелері, (аноплоцефалидтер). Кенелер сонымен қатар дәнді дақылдармен өнімдерінің зиянкестері

Мағынаны тану  Кенелер — өрмекшітәріздестерге жататын ұсақ жәндіктер. Олар топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, іңдерде, өсімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде тіршілік етеді. Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тұрқы 0,05-13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшерінің 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпшілік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салала мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген. Сондықтан адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады. Астық және ұнқорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мәдени өсімдіктердің түсімі кемиді. Тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен құраған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлылығын арттыратын да кенелер болады.

Кенелердің сан алуан топтары бар: жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене. Кенелердің дене бөлігі — өрмекшілерден өзгеше. Тек қарапайым құрылымы кенелерде ғана болмаса, өзгелерінде үш бөлік: бас, көкірек, құрсақ тұтасып бітіскен. Сондықтан кене денесінен бұл бөліктерді ажырату қиын. Кененің дернәсілі алты аяқты. Ал ересек кенелерде сегіз аяқ болады. Тек берішкене ғана төрт аяқты. Тұтқыаяқтардың негізі біріге келіп, денеге жалғасады. Сөйтіп қимылдайтын ауыз мүшесі түзіледі. Бұл сырттай қарағанда кененің «кішкене басы» тәрізденіп байқалады. Бірақ бұл дененің бас бөлігі болып саналмайды. Кененің ауыз мүшесі қорегіне байланысты түрліше құралады. Қатты затпен қоректенетін кененің аузы — кеміруші, сұйық затпен қоректенетіндердікі шаншып-соруға бейімделеді. Кене жабынындағы қылтанақтары арқылы сезеді. Терісі немесе демтүтіктері арқылы тыныс алады. Кенелер — дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа арқылы, кейбіреуі тірілей туып көбейеді. Кененің дамуы басқа өрмекшітәріздестерден ерекше. Жұмыртқадан үш жұп аяғы бар дернәсіл пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, сегіз аяқты нимфага айналады. Нимфадан ересек кене шала түрленіп дамиды.

Кененің зияны

Кенелер. Бұлар — өрмекшітәрізді ұсақ жәндіктер — топырақта, орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, індерде, есімдіктерде, тұщы суларда, теңіздерде, тіршілік етеді, Сондай-ақ паразиттік жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп есептеледі. Бұлардың дене мөлшері 0,05—13 мм шамасынан аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшері 30 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Көпші-лік кенелердің медициналық және малдәрігерлік салада мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды ұзақ сақтап, жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделгендіктен, адам мен үй хайуанаттарын ауруға шалдықтырады. Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету әсерінен мадени өсімдіктердің түсімі кеміп, тіпті өсе алмай қалады. Дегенмен қураған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы топырақ құнарлығын арттыратын, топырақга тіршілік етегін де кенелер болады. Кенелердің әр турлі экологиялық ортада тіршілік етуі олардың мекен ету ортасының алуан түрлілігін жэне биологиялық ерекшеліктерін дәлелдейді. Мысалы, жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене деген сан алуан топтары бар.

 

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Білім минутының сұрақтары.
1. Кенелердің тіршілік ортасын сипатта.
2. Кенелердің паразиттік тіршілік ету дағдысын түсіндіріңіз.
3. Кенелердің сыртқы құрылысы және мінез — құлық ерекшеліктері.
4. Кенелердің көбеюін түсіндіріңіз.
5. Кене және оның дернәсілінің даму барысына түсінік беріңіз.
6. Тайгалық кене туралы баяандаңыз.
2-3. Слайд. «Теңізден жедел хат » 2 топқа дайындалған биологиялық диктант.
І- топ
Кенелер — ………………. жататын ұсақ жәндіктер.
Сондай – ақ ………………. жолмен тіршілік ететін кенелердің ……. …………. астам түрлері бар. Көптеген кенелердің …………. және ……………. салада
мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды ……………….. …………. тасмалдауға бейімделген. Сондықтан ……. мен ……………………… ауруға шалдықтырады. Кенелер …………. немесе …………… арқылы тыныс алады.
ІІ — топ
Кенелердің дене бөлігі — ………………. өзгеше. Тек қарапайым құрылысты кенелерде ғана болмаса, өзгелерінде үш бөлік:………. , ………. , ………. тұтасып кеткен. Қатты затпен қоректенетін кененің ауызы …………. , …………… затпен қоректенетіндерініңкі …………….. бейімделген. Кенелер — ……………….. жәндіктер , …………….. арқылы , кейбіреуі ……… …….. көбейеді. Жұмыртқадан үш жұп аяағы бар ………….. пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, …… ……… ………… айналады.
4-5. Слайд. » Бейнені танып біл » Суретте жасырынған кенелердің аттарын табу.
6. Слайд. Сәйкестігін табу.
Мағынаны тану  7 . Слайд. Жаңа сабақ.
Адам үшін қышыма кене -өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2 – 0,5 мм – ден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады, себебі оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттары денеге сіңеді. Адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырдан мазасызданып, арып – талып, әлсірейді.
Қотырды денеге дәрі — дәрмек жағу арқылы емдейді. Малдың қотырын емдегенде ерекше газ камерасына ұстайды. Паразитті өлтіретін улы күкіртті ангидридпен ыстайды.
Ит кенесі және тайга кенесі адамға ең қауіпті ауру – энцефалитті жұқтырады. Бұл табиғатта әртүрлі жануарлардың денсінде орнығып, бір жануардан екінші жануарға сорған қаны арқылы энцефалит қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды. Сөйтіп табиғатта ауру қордасы пайда болады.Инфекция қоздырғышы сақталатын осындай территория қандай болса да , бір аурудың табиғи қордасы деп аталады.
Үй хайуанаттары тері кенелерінен де заррдап шегеді. Бұл қышыма кенеден ірірек – 1мм шамасындағы жәндік. Теріге жабысып алып, малдың қанын сорғанда, жануар тынышсызданып, арып, оның терісі қабынады, қотырға айналады. «Қотырды қаси берсең – қан шығар». « Киімді қаға берсең – шаң шығар» демекші, терінің жүні ғана түсіп қоймай, мал арықтайды. Тері кенесінен құтқару үшін қойдың жүнін қырыққаннан соң креолинді суға тоғытады.
Өрмеккене – мәдени өсіміктер зиянкестерінің бірі. Мөлшері 0,2 – 1,0 мм аспайтын кішкене кенелердің тұтқы аяақтарында өрмек бездері болады.Бұлар бақ, бау, қозалы және жылыхана өсімдіктеріне орасан зор зиян келтіреді. Кенелер өсімдік жапырағынан шырын сорып, олардың өсіп – өнуіне кедергі келтіреді, сөйтіп әлсізденген өсімдік солады.Бұлармен күрес шаралары жапырақта кененің 2- 4 дарағы байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады.
7. Слайд . Сергіту сәті. » Жунглиде»
8. Слайд. Бинго ойыны. Жаңа тақырыпты меңгеруін пысықтау сұрақтары.
1. Адам үшін өте қауіпті жәндікті атаңыз?
2. Мамықкене туралы не білеміз ?
3. Қамба кенесі туралы түсінік беріңіз ?
4. Алма кенесі туралы не білеміз ?
5. Ауыл шаруашылығына зиянды қандай кенелерді білесіңдер ?
6. Қансигек ауруының пайда болуы туралы не білесіз ?
7. Пироплазмоз дегеніміз не ?
8. Кене дернәсілінде және ересектерінде қанша аяқ болады ?
9. Адамдар кенеден қалай сақтануға болады?
9. Слайд. Сабақты бекітуге арналған сұрақтар. Кенелердің суреттері тарқатылып, сол
суреттегі кенені бейнелейді .
1. Малдардың қотырын қалай емдеуге болады ?
2. Оброзға ену. Қышыма кене, Тайгалық кене.
3. Алма кенесі жаз бойы қанша ұрпақ береді ?
4. Оброзға ену. Қамба кенесі, Мамықкене.
5. Кенелердің пайдасы бар ма? Түсіндіріңіз
6. Сабаққа деген көңіл күйіңізді білдіріңіз?
Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің аса маңызды отрядтары: Турақанаттылар, Теңқанаттылар және  Қандалалар. Толық түрленіп дамитын бунақденелілердің аса маңызды отрядтары: Қабыршаққанаттылар, Инеліктер, Қатқылқанаттылар (Қоңыздар), Қосқанаттылар, Жарғаққанаттылар.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Биологиялық диктант.
• Бунақденелілер не себепті жеке класс ретінде қарасытырылады?
• Бунақденелілердің құрылсын сипаттап жаз.
• Бунақдененлілер неше класс тармағына бөлінеді, атап кет.
• Қандай бунақденелілерді білесін? Мысал келтіре отырып, құрылыстарына қысқаша тоқталып кет.
3. Бунақденелілер даражыныстылар, жыныс диморфизмi байқалады. Жыныс диморфизм -бұл аталық пен аналықтың көлемi, формасы, дене түсiндендегi айырмашылықтары. Айырмашылықтар өте айқын болуы мүмкiн, мысалы, аналықта аяқтар, қанаттар, айқын ерекшеленген басы болмауы мүмкiн.Ұрықтануы iштей. Аналықтар ұрықтанған жұмыртқалар салады. Кейбiр насекомдарда партеногенез немесе“таза ұрықтану” құбылысы кездеседi. Мұндай түрлердiң көптеген ұрпақтары тек аналықтардан ғана тұрады: аталықтар болса — өте сирек кездесетiн құбылыс.
Бунақденелілер дамуы екi жолмен жүредi:
Мағынаны тану  Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Бунақденелілер — буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар — ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Оны жануарлардың әртүрлі тобындағы түрлердің салыстырмалы мөлшерінен айқын байқауға болады. Олардың 700000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктелген еді. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар.

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Осы отрядтардың өкілдері ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Бунақденелілер—адам ауруларын тасымалдаушылар. Ауру тасымалдаушылармен күресу.

№ 5 зертханалық жұмыс.

Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау. Зиянды бунақденелілерді зерттеп білу.

Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Бунақденелілер — буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Олар ғаламшарымызда көп таралған. Қазіргі кезде 700, 000 жуық түрлері бар. Бунақденелілер екі класс тармағына жіктеледі. Олар 1. туқанатсыздар, 2. Қанаттылар. Бунақденелер класында 35 отряд бар. Басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшілігі — денесі үш бөліктен құралған. Олар: бас, көкірек, құрсақ бөлімдері. Алты аяқты, көпшілігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері алуан түрлі қызмет атқарады. Сезім мүшелері жақсы дамыған. Екі мұртша, жай және күрделі көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігінде қимыл — қозғалыс қызметін атқаратын аяқтары мен қанаттары болады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Демтүтік арқылы тыныс алады. Зәр шығару мүшесі — мальпегий түтікшелері. Жүйке жүйесі жақсы дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні — ми. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктен құралады. Қан тарату жүйесі — ашық. Ас қорыту жүйесі ауыздан басталды. Олардың ауыз мүшелерінің құрлысы алуан түрлі.
Мысалы:
1. Сүзіп — жалаушы — шыбын.
2. Шаншып — сорушы — масса.
3. Кеміруші — тарақан, қоңыздар.
4. Кеміріп — жалаушы — балара
5. Түтік — тәрізді ауызбен сорушы — көбелек

Бунақденелілерге: қоңыздар, көбелек, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Олар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып тіршілік етеді. Ал кейбіреулері суда суаршын, суқандала, суқандала, сушалқақ, зұламат өмір сүреді. Адам мен жануарларда паразитті тіршілік ететін бүрге, бит, қандала, топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас бар. Бунақденелілер дамуы үш түрлі жолмен өтеді.
Олар: 1. Тура даму қанатсыз бунақдене
2. Шала түрленіп даму (шегіртке, тарақандар, инелік, бұзаубас, бит, шекшек, қандала.)
3. Толық түрленіп даму (қоңыздар, көбелек, шыбын, маса, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар.)
Тура даму: жұмыртқа — имаго
Тура даму дегеніміз — ұрықтанған жұмыртқадан ересек бунақ денеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жағынан толысып дамиды.
Шала түрленіп даму: жұмыртқа — дернәсіл — имаго. Дамуы 3 сатыдан тұратын және дәрнәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденелерді шала түрленіп дамитын бунақденелілер дейді.
Толық түрленіп даму: жұмыртқа — дернәсіл — қуыршақ — имаго. Даму 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегінен ұқсайтын бунақденелілерді толық түрленіп дамитын бунақденелер деп аталады. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады. Имаго латынша – ересек құрт. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым — энтомология деп аталады. Грекше << ентома>>- бунақдене, логос — ғылым, деген сөздің бірігіуінен жасалған.
Бунақ денелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы:
1. Өсімдіктердің сан алуан түрлерін тозаңдандыру (шие, алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ т. с. с.)
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өткір және тәтті шірне бөлуі. Балара, жабайы ара, шыбын, көбелек, қоңыз, құмырсқалар гүлдің тозаңымен, шірнесімен коректенеді.
2. Топырақтан ін қазып, қопсыту (көңқоңыз)
3) Тағам ретінде пайдаланады.(шегіртке, баларалар бал, балауыз береді)
4) Жібек көбелегі жібек алу үшін өсіріледі
Зияны: 1. Бүйі, қарақұрт, құршаян, кене улылығы, ауру таратқыштық
2) Маса, қандала, бүрге, бит, тарақан — паразиттік тіршілігімен, себебі көптеген ауруларды таратып, адамдарға зиянын тигізеді.

II. Үй жұмысын тексеру.
1. Не себепті буынаяқты жәндіктер деп аталған?
2. Қазіргі кезде буынаяқтылардың қанша түрлері бар?
3. Буынаяқтылардың типтерінің неше класы бар?
4. Буынаяқты жәндіктердің арғы тегі не?
5. Буынаяқты жәндіктерінің буылтық құрттардан айырмашылығы неде?
6. Хитин дегеніміз не?
III. Кестемен жұмыс: Мына кестені толтырып бар болса “+”. жоқ болса “-” белгісін қойып, толтыру.
IV. Салыстыру кестесі:
Ү Венн диаграммасы

Мағынаны тану
Ой толғаныс Сөзжұмбақ: “Энтомология”
1. Тірі организмдердің бір — бірімен қарым – қатынасын, оларды қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым?
2. Буынаяқтылардың шала түрленіп дамитын дернәсілі.
3. Өрмекшітәрізділердің екінші жұп аяғы.
4. Бунақденелілер қандай жәндік?
5. Шаншып сорушы бунақдене.
6. Бұзаубастың мекені.
7. Суда өмір сүретін бунақдене.
8. Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінің топтасуы.
9. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі бірігіп не түзеді?
10. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы.
11. Өте қауіпті, зиянкес шегіртке атауы.

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Аралар мен құмырсқалар — қоғамдық бунақденелілер. Олардың тіршілігі мен отбасын (семья) құру ерекшеліктері. Мінез-құлықтары. Түйсігі (инстинкт). Аралардың және басқа жарғаққанаттылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Сәйкестендіру тесті «Зиянкестер» А. Өсімдік Б. Жануар В. Адам
1. Саяқ 2. Тарақан 3. Мамықжегі 4. Қандала 5. Бүрге 6. Маса
7. Жібеккөбелегі 8. Бұзаубас 9. Шіркей 10. Сона Жауап: А — 1, 4, 7, 8 Б — 3, 5, 9, 10 В — 2, 4, 5, 6
Мағынаны тану  1. Сұрақ
Мөлдір жарғақ тәрізді екі жұп қанаттары бар отряд қалай аталады? (жарғаққанаттылар)
2. жұмбақ

Тыру — тыру тырналар,
Тауға қарай жорғалар.
(Ара)
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай
(Құмырсқа)

3. Мәлімет
Топтасып тіршілік етуіне байланысты мінез — қылығы күрделене түскен. Осындай бунақденелілер қалай аталады? ( қоғамдық)
Б. Мағынаны тану
1. Аралар туралы мәлімет.
1. Бал арасы – жоба
2. Бал туралы – жоба
2. Құмырсқалар туралы мәлімет.
1. Құмырсқаның біз білмейтін сырлары – жоба
2. Құмырсқа да сөйлейді — мәлімет
• Сарапшы мен бақылаушы сөз алады. Сарапшы — жұмысты саралап қорытындылайды. Бақылаушы — бақылап отырып баға береді (өте жақсы, жақсы, орташа).

3. Семантикалық карта (суретпен жұмыс )
Қоғамдық бунақденелілердің тұқым тобындағы дараларының ерекшеліктерін кестеге толтырыңдар.

4. Бейнефильм көріп «қорек іздеу түйсігі» және мінез — қылық ерекшелігіне сипаттама беру. 3 мин
Топтасып тіршілік етуіне байланысты мінез — қылығы күрделене түскен. Бұл орталық жүйке жүйесі арқылы басқарылатын күрделі құбылыс. Жемін іздеп табуға, қауіп — қатерден қашып құтылуға, ұрпақ беруге, қатал жағдайларда бейімделіп тіршілік ете алуға бағытталады. Тұқым қуалайды.
В. Ой толғаныс
«Жарғаққанаттылардың маңызы»
Бал ара Құмырсқа
Өсімдікті тозаңдандыру. Бал жинайды. Ауруларға емдік қасиеті бар.

Топырақты қопсытады. Орман ішін тазалайды, жәндіктерге қамқор бола алады

Білгенің жөн! Егер ара шағып алса сізге марганец ерітіндісі (марганцовка), мұз, түймедағы мен ақжелек (петрушка) қажет болады. 1 — Қадам — пинцет, ине арқылы жараның ішінде қалған араның бізгегін шығару керек, болмаса саусақты пайдалану керек. Алдын ала сумен немесе сутек тотығымен тазалау қажет.
2 — Қадам — түсі қызыл — күлгін калий перманганатын (марганцовка) мақтаға малып, шағылған жерді сүртіңіз. Ол болмаса сутек тотығын немесе тұздалған су қолдануға болады.
3 — Қадам — Шағылған жерге мұз кесегін басыңыз. Ол жараның ісінуін кемітеді. Дәрі қобдишаңыздан белсендірілген көмір табылса, оның 3 дәрісін майдалап, 1 шай қасық су қосып, араластырып, жараның бетіне жағыңыз. Бетін дәкемен жабыңыз. Осылайша шағылған жердің уы тезірек кетіп, ісінбейді.
4 — Қадам — Енді жараны іштей емдеу керек. 1 шай қасық кептірілген шайқурай (зверобой), қырмызы (календула), түймедағы не шалфей өсімдіктерін 1 стақан қайнаған сумен араластырып, 15 — 20 минутқа қойыңыз. Ерітіндіні сүзіп, жартысын бірден, екінші жартысын 1 сағаттан кейін ішіңіз.
5 — Қадам — Кейбір жағдайда шағылған жер қызарып, қатты ісіп кетеді. Ісікті басу үшін, балғын ақжелек жапырақтарын майдалап, үстіне қайнаған су құйыңыз. Суыған кезде қайнатпаға таза мата не дәкені малып, жараның бетін басыңыз.
Ара шаққаннан кейін өзіңізді нашар сезініп, жүрегіңіз айнып, қызуыңыз көтеріліп, дем алумен қиындықтарыңыз болса, тезірек дәрігердің көмегіне жүгінгуіңіз керек. Бұл аллергияның белгілері болуы мүмкін.
Сондай — ақ, табиғат аясына демалысқа шыққанда түрлі әтірлер мен иісі өткір косметикалық заттар қолданбай, тым жарқын түстерге киінбеңіз, бұл аралардың көңілін қызықтыруы мүмкін.
Әдеби шығарма. Ө. Тұрманжанов «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар»

Өтебай ТҰРМАНЖАНОВ — Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар
Ертеде бір орманда,
Өзі салған қорғанда,
Бір топ ара тұрыпты:
Бәрі еңбеккер жан екен,
Жегендері бал екен,
Хан, ханша, хан – Ара.
той жасап елін жинап
Жар салып, бойжеткен
Қызын лайықты адамға
Күйеуге бермекші болады
Хан қызын алмаққа

Құмырсқа (Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.

Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргішКөкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі

 

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыш, паразиттік және аса паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызы. Зиянкес бунақденелілермен күресудің биологиялық әдісі. Бунақденелілерді қорғау.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

а) Биологиялық диктант
Ара, бал арасы –………….. отрядының өкілі. ……………….барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ……………. болып тіршілік етеді. Баларалардың түк басқан ірі басының екі жағында екі күрделі…………., олардың аралығында үш жай көзшелері болады. Алдыңғы жағынан ұзын …………. мұртшалары шығып тұрады. Құмырсқаның ……….. түрі бар. Олардың көпшілік түрлері …………………… аймақтарда кездеседі. Денесі ……………, …………… және ……………… тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты ……………… Көкірек бөлімі жіңішке, онда ……………… аяқтары жақсы жетілген. Улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – …………………… деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы………………. жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “…………………..” және “…………………” құмырсқалар болады.
Жұптық бағалау
өте жақсы жақсы жаман емес
Мағынаны тану  

Азиялық шегіртке — өте қауіпті ,зиянкес жәндік.Көкқасқа шегірткенің аналығының бір жазда
Өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды.Ал олардың жаушоғырлары мен үйірлері 1-2 сағатта жүздеген,тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді.Шегірткелер дернәсілдерінің топтасуын — жаушоғыл, ересектерінің жинақталуын — Үйір түзеді.Сөйтіп бұлар бір жерден екінші
жерге топтасып көшеді.
Колорадо қоңызы – картоп және т.б. алқа тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ұзындығы 9 – 11 мм, сопақтау келген, қанатының үсті қызғылт сары, он қара жолақты сызықтары (әр жағында 5-тен) бар. Колорадо қоңызы 1859 ж. Колорадо штатының (Солтүстік Америка) картоп алқаптарында кездесе бастаған және осыған байланысты аталған.
Картоптың қауіпті жауы, өнім түсімділігін төмендетеді. Күресу шаралары: ішкі және сыртқы карантинді сақтау; терең деңгейдегі агротехника, картоп отырғызатын жерлерді дернәсілдер пайда бола бастағанда және жас қоңыздар шыға бастағанда химиялық препараттармен өңдеу.
Тарақан — үйлерде тарақанның 2 түрі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және қара. Тарақан азықты былғайды және сонымен бірге ішек құртының жұмыртқалары мен әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек, полиомиелит және т. б.) тасуы мүмкін. Тарақанды жою үшін химиялық препараттардан мыналар қолданылады: хлорофостың ұнтағы және спирт қосылған 30 процентті ерітіндісін «Фосфолан», «Боракс», «Неопинат», «Сульфолан», «Хлорак», «Хлоропин», «Неопин», Тальфон» дусттары, «Хло-рак», «Хлорофос» таблеткалары,
Бит — адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, құрсақ бөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттіңжануарлардың түгіне немесе адамның
киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек Битке айналады.
Бит денені қышытып мазасыздандыруымен қатар, аса қауіпті жұқпалы аурулардың (бөртпе, сүзек,оба, туляремия) қоздырғыштарын таратады. Биттеуді (педикулез) болдырмау үшін тазалық сақтау қажет
Бүрге –буынаяқтылар типіне жататын, масылдық тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Олардың дүние жүзінде2500 түрі, ал Қазақстанда 400-дей түрі бар. Бүргелер бор кезеңінен белгілі. Бүргенің түсі сары аладан қоңыр-қызғылт түстерге құбылып тұрады. Денесі екі бүйірінен қысыңқы, бас, көкірек және қарын бөлімдерінен тұрады. Басында екі көзі (кейбір түрлерінде көру органы мүлдем жоқ), соруға бейімделген аузы болады. Бас-көкірек бөлімінде 3 жұп аяқтары бар, артқы жұп аяғы секіруге бейімделген. Қарын бөлімі 7 — 8 сақинадан тұрады. Бүрге жұмыртқа салып көбейеді. Аналығы 3000-ға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан ақ құрт тәрізді дернәсілдер пайда болады, оның сыртында сирек ұзын түгі немесе қылшығы бар. Дернәсілдері топырақтағы органик. қалдықтармен қоректенеді. Б-лер 3 жылдай тіршілік етеді. Қазақстанда ең зиянды адам Бүргесі (Pulex іrrіtans)адамның және жылқының, мысықтың, т.б. жануарлардың қанын сорады, сондай-ақ, алақұрт Бүргесі (Vermіpsylla alacurt) оба қоздырғышын ауру адамнан сау адамға, ауру малдан сау малға таратады. Тұрғын үйлердегі Бүргені құрту үшін инсектицидтер қолданады және тұрғын үй, қора-жай таза ұсталуы тиіс.
а) Мәтінмен жұмыс

ә)Видеоролик

V Бекіту
а)Кесте толтыру.

Бунақденелілердің өкілдері Сипаттама

1.Азиялық шегіртке Өте қауіпті ,зиянкес жәндік.Көкқасқа шегірткеніңаналығының бір жазда
Өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Желілілер типіне қысқаша сипаттама. Қандауырша — бассүйексіздердің өкілі. Қандауыршаның тіршілік ортасы және құрылысының ерекшеліктері. Табиғаттағы рөлі және практикалық маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

1.  Қазақстанда сирек және жойылып бара жатқан омыртқасыздардың қанша түрлері «Қызыл кітапқа» тіркелген?

2.  Ауыл шаруашылығын зиянын тигізетін бунақденелілердің қай түрлерін білесіңдер?

3.  Бөгелектен қандай сонаның қандай айырмашылығы бар?

4.  Ауыл шаруашылығына қолданылатын әдіс әсерлі де тиімді болу үшін нені білу керек?

5.  Зиянды бунақденелілерді жоюдың қандай әдістері бар?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ.Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан , олар желілер деп аталған.

Желілер

 

Ең кішілерінің дене тұрқы  0,5 мм, ал үлкені 33м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симетриялы жоғары сатыдағы жануарлар.

Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді, әрі тығыз жемісі болады. Желі – төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қанайналым жүйесі  — тұйық.

Желілердің тип тармағы

Мағынаны тану  Қандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады. Қандауыршаның дене тұрқы 5-8 см. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы – қандауырға ұқсас болғандықтан, қандауырша деп аталған. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты – эпидермис. Ол грекше  «эпи» — сырты, «дерма» —  тері, яғни сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді. Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік  — терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы. Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады.

Асқорыту жүйесі  ауыз алды қуысынан басталады. Ауыз көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары орналасқан. Қандауыршаның жұтқыншағы асқорыту және тынысалу қызметін атқарады. Жұтқыншақ  тікелей қысқа ішекке жалғасады да, артқы тесікпен аяқталады.

 

Қандауыршады жүрек болмайды, оның қызметін арқа және құрсақ қантамырлары атқарады. Қаны – түссіз. Қанайналым жүйесі – тұйық. Қандауырша жұтқыншағының маңында зәршығару түтікшелері орналасқан. Олардың бір ұшы дене қуысына, екінші ұшы жұтқыншақ маңындағы қуысқа ашылады. Қажетсіз қалдықтар сумен бірге арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылады.

Орталық жүйке жүйкесінің қызметін жүйке түтігі атқарады. Қандауыршаның жүйке түтігінің әр жерінде сезімтал жасушалар  шоғырланып орналасқан. Олар жарықты ғана ғана сезеді. Сезімтал жасушалар терісінде де бар. Басқа сезім мүшелері дамымаған.

Қандауырша – дара жынысты жануар. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын көрнекті орыс ғалымы А.О.Ковалевский зерттеді. Ол қандауыршаның басқа омыртқалы жануарлармен туыстық жақын екенін дәлелдеп берді.

Қандауыршалар Атлант, Тынық мұхиттарының жылы теңіздерінде 10-30 м тереңдікте тіршілік етеді.

IV.  Жаңа сабақты бекіту

Желілі жануарлардың өздеріңе тыныс омыртқасыз жануарлармен ұқсас және айырмашылық белгілерінің санын тұсын жазып көрсетіңдер.

 

Желілердің өзіне тән белгілері Желілердің омыртқасыз жануарлармен  ұқсас белгілері

1. Дене қуысының болуы 1. Денесі үш қабаттан тұрады

2. Желісі бар          2. Денесі екі жақты симметриялы

3. Қанайналымы – тұйық жүйелі 3. Жүйке түтігі бар

4. Желбезек саңылаулары бар 4. Сырттай ұрықтанады

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Балықтарға   жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың  сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер.  Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы.

№ 6 зертханалық жұмыс.

Тірі балықтарды бақылау. Олардың сыртқы құрылысын зерттеу. Қабыршақтары бойынша балықтың жасын анықтау. Балықтың қаңқасын зерттеу. Балықтардың ішкі құрылысын зерттеу.

Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

1.      Неліктен тип желілілер деп аталады? Желі қандай қызмет отқарады?

2.      Желілілер қандай тип тармақтарына  бөлінеді?

3.      Қандауырша тері құрысының ерекшеліктері.

4.      Суретпен жұмыс: асқорту жүйесінің ерекшеліктері; тыныс алу жүйесі; қанайналым жүйенің ерекшелігі.

5.      Асцидиялар тип тамағының ерекшелігі.

6.      Слайд № 3.

Берілген тізбектен желілі жануарларға тән белгілерін теріп жазындар.

А) қанқа сыртқы, хитинді немесе ақтәсті

Ә) қанқа ішкі, желілі немесе сүйекті

Б) жануарлар сәулелі симметриялы

В) екіқабатты жануарлар

Г) жануарлар екіжақты симетриялы

Ғ) үшқабатты жануарлар

Д) қанайналым жүйесі тұйық

Ж) қанайналым жүйесі ашық

З) бас ми» көбінде жақсы дамыған

И) Жүрегі құрсақ жағында орналасқа

Мағынаны тану  

Материал іздеу

 

 

поиск

Разработка сайтов в Казахстане

Закажи профессиональный сайт всего от 60000 тенге. Хостинг и домен в подарок!

Заработай на своем сайте

Гарантированная минимальная цена клика 5 центов. Только качественные сайты. Регистрируйся уже сейчас и получи подарок!

Добавить объявление

Дереккөз: Ұстаздар сайты

 

Сабақтың тақырыбы: Балықтар класына жалпы сипаттама

 

Сабақтың мақсаты:

 

1. Омыртқалылар типіне және балықтар класынажалпы сипаттама бере отырып, ерекшеліктеріне  тоқталу.

2. Жануарлар дүниесін қорғау, экологиялық тәрбие  беру.

3. Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Таблица, Карта, тақырыптық тірек сызба, тест,

оқулық, жұмыс дәптері.

 

Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгерту

 

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ

 

Сабақ барысы:

 

Үй тапсырмасын сұрау:

 

1. Қандауыршаны желілер типіне жатқызу себебі неде?

2. Ас қорыту ерекшелігі.

3. Қандауыршаның қозғалыс мүшелері қандай?

4. Қабықтыларға тән ерекшеліктер?

5. Халық шаруашылығындағы маңызы.

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Балықтар класы суда тіршілік ететін омыртқалылар. Бас сүйектілер тип тармағына жатады. Бас сүйектілердің негізгі ерекшеліктерінің бірі-миы бассүйектерінің ішінде орналасқан. Денесі үш бөліктен: бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Екі жұп көкірек, екі жұп құрсақ қанаттарымен бірге құйрық қанаттары бар. Денесі бұрылғанда, тоқтағанда, баяу ғана ілгері жылжығанда және дене тепе-теңдігін сақтауда қанаттарының маңызы зор. Денесінің сырты қабыршақпен қапталған. Қабыршақ сыртын шырышты қабыршақ қабық қоршаған. Ол қорғаныш қызметін атқара отырып судың үйкелісін азайтып, бактериядан қорғайды.

Балық қаңқасы тірек қызметін атқарады. Балық торсылдағы балықтың суда жоғары және төмен көтерілуіне мүмкіндік жасайды.

Тыныс алуы: Балықтар суда еріген оттегі мен желбезек арқылы тыныс алады.

Қантамырлар жүйесі тұйық. Ол жүректен және қантамырларынан құралған. Бір құлақша мен қарыншадан тұрады. Қан бұлшықеттердің жиырылуы арқылы денеге тарайды.

Зәр шығару жүйесі: Екі бүйрек пен несеп жолы арқылы аналь тесігіне ашылатын қуыққа өтеді.

Сезім мүшелері: Сипап сезу және бүйір сызықтары су ағынының бағыты мен күшін анықтайды.

Көбеюі: дара жынысты , уылдырық шашу арқылы  көбейеді.

Түрлері: Балықтар қаңқасының құрылысына қарай шеміршекті және сүйекті балықтар деп бөлінеді.

Шеміршекті балықтар: Қаңқасы шеміршектен құралады. Оларда желбезек қақпасы болмайды. Шапшаң қозғалады, көбі жыртқыштар.

 

Кәсіптік маңызы: Халық шаруашылығында кәсіптік маңызы зор. Тамақ өнеркәсібінде азық-түлік, тағам түрі ретінде және медицинада кең қолданылуында. Балықтарды қолдан өсіру кең дамуда. Балықтың сирек кездесетін түрлері заңмен қорғалған.

 

Балық түрлері таблицасы бойынша балықтардың түрлерімен таныстыру. Карта бойынша балықтар мекен ететін ірі мұхиттар мен өзен, теңіздерді көрсету.

 

Бекіту: 1. Балықтың құрылысы қандай бөліктен тұрады?

2. Қандай түрлері бар?

3. балықтардың адам өміріндегі маңызы туралы эссе жазу.

 

Ой толғаныс Балықтар – негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтарөкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен –көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді.Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді. Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршықжебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылантаспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты).

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Балықтардың көбейуі және дамуы. Мінез-құлығының  ерекшеліктері. Балықтардың өрістеуі (миграция). Өсімталдығы және ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Түйсік, және оның балықтарда  байқалуы, популяция туралы түсінік.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

1. Желілілер типінің омыртқалылар тип тармағына жататын жануарларды ата

2. Жақ сүйектерінің сипатына қарай бассүйектілер нешеге бөлінеді?

3. Ұрығының даму ерекшеліктеріне байланысты нешеге бөлінеді?

4. Дене температурасына байланысты нешеге бөлінеді?

5. Балықтарды неше класқа бөлеміз?

6. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы

7. Балықтардың дене бөлімдерін ата

8. Сүйекті балықтардың түр саны және дене пішіні қандай?

9. Торсылдақ және оның қызметі қандай?

10. Желбезек аппаратының құрылысы мен қызметі

11. Сүйекті балықтарды алғаш пайда болған мүше?

12. Миының құрылысы

13. Жеке отрядтарын ата

Мағынаны тану  Балықтардың көбеюі. Балықтардың көпшілігі дара жынысты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар — теңіз алабұғасы (Sеrrа-пиs sсгіЬа), дорабтар (Сһуsорһгуs), тағы бірнеше балықтар ғана қос жынысты. Гермафродитті балықтарда жыныс без бірде аталық, бірде аналық бездің қызметін атқарып отырады. Сондықтан, ондай балықтар өздерін өздері ұрықтандыра алмайды. Тек қана теңіз алабүғасының гонадасының әр түрлі бөлігі бір мезгілде жұмыртқа да, сперматозойд та бөліп шығара алады. Кейде майшабақтың, макрелдердің, трескалардың қос жынысты особьтары да кездеседі.

Аталық жыныс бездері ұрғашыларының жыныс бездерінен бір жыл ерте жетілетіндігі жиі кездеседі. Каспий теңізінің киль-ка, хамса балықтарының жыныс бездері бірақ жылдың ішінде жетіледі. Тірі туатын гирардинус балығын жақсы күтшімен аквариумдарда (20° С температурасында) үстаса, туғаннан кейін үш-төрт айда жыныс бездері толығынан жетіледі. Қерісінше, кейбір балықтардын, жыныс бездерінің жетілуіне бірнеше жыл-дар керек. Мысалы, қызыл балық 7—8 жылда, бекіре 12— 13 жылда (Амурдың бекірөсі 8—10 жылда), ал белуга және калугалардың жыныс бездерінің жетілуіне 16—17 жыл керек.

 

«слайд арқылы көбею жолдарымен таныстыру»

 

Балық  уылдырықтайтын кезде аналық безде уылдырық деп аталатын өте майда жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балықтың жыныс мүшесі ішектің үстіңгң жағында созылып жататын екі қапшық  тәрізді ақ сұйықтық, ол шоғыл деп аталады. Балықтардың жыныс өнімін шашуы уылдырықтау деп аталады.

«Сазанның даму схемасы бойынша суреттер көрсету»

Терминдермен жүмыс: Уылдырық, шоғыл, өрістеу, уылдырықтау

 

V. Жаңа сабақты бекіту:

 

І. «Балық аулау» ойыны. Балықтың суретін алып ондағы сұрақтарға жауап беріп, шелекке жинайды

1. Ұрықтанудың түрлерін ата

2. Өрістеу деген не?

3. Өрістеудің қандай түрлері бар?

4. Кәсіптік мәні бар балықтарды қалай көбейтеді?

5. Өрістегіш балықтарды ата

Жауабы: бекіре, албырт, жыланбалық

6. Ұрпағына қамқорлық жасамайтын балықтарды ата

Жауабы: Шортан, сазан, треска, сутіл

ІІ. Биологиялық диктант:

1. Балықтар…….. жынысты жануарлар

2. Теңіз алабұғысы ғана ……..

3. Аналық безде…….деп аталатын майда жұмыртқа …… жетіледі

4. Сүйекті балықтар …….. ұрықтанады

5. Кейбір балықтар көбею кезінде…..

6. Аталық безден бөлінетін ……. деп аталады

 

ІІІ. Балықтың шын атын тап

Берілген басқатырғы бойынша дұрыс жауаптарын табады

Жауап: Шармай, Қортпа, Химера, Бекіре, Сүйрік, Шаншар, Шортан, Таутан, Треска, Албырт

ІV. Өрістегіш балықтар сызбасын толтыр:

1. Өзеннен теңізге қарай

2. Теңізден өзенге қарай

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Шеміршекті балықтар: акулалар және скаттар. Бекіре балықтар, маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары. Қостынысты балықтар. Саусаққанатты балықтар, олардың құрылықтық омыртқалы жанауарлардың шығу тегіндегі маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes) — омыртқалылар класыҚазба қалдықтары девонның орта шенінен белгілі. 2 класс тармағы: тақтажелбезектілер (Elasmobranchіі) және бүтінбастылар (Holocephalі), 140-қа жуық туысы, 730 түрі бар. Шеміршекті балықтардың денесінің ұзындығы 6 см-ден 20 м-ге жетеді. Қаңқасы тек шеміршекті, қаңқасының ізбестенгендері (сүйектенбеген) жиі кездеседі. Егер қабыршағы бар болса, ол плакодты (тісшелі). Көпшілігінде ұзынша тұмсығы болады, аузы тұмсығының астында көлденең саңылау сияқты көрінеді. Қанат қалақшалары эластинді талшықтармен бекіген. Құйрыққанаттарының қалақшалары тең емес, үстіңгі қалағы үлкен, 5 — 7 жұп желбезек саңылаулары сыртқа жеке ашылады. Торсылдағы болмайды. Тоқ ішегінде иірлі қатпарлы қақпақшасы, жүрегінде артериалды конусы бар. Ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері құрсақ қанаттарының жанындағы ортақ қуыс — клоакаға ашылады. Іштей ұрықтанады. Аталықтарының жұп шағылысу органдары (птеригоподилері) құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтарынан дамыған. Шеміршекті балықтар тірі туады (сирек) немесе ұрықтанған жұмыртқа салады (тірідей жұмыртқа туу). Шеміршекті балықтардың ішкі осмостық қысымы негізінен қанда еритін мочевина арқылы реттеледі. Дене қуысы сұйығының қысымы сыртқы ортаға қарағанда жоғары болады. Шеміршекті балықтар негізінен теңізде тіршілік етеді. Бұларды тұщы суға жіберсе, ішкі осмостық қысымы төмендейді де, олар тез өліп қалады. Араларында тұщы суда кездесетін түрлері бар, олар осмостық қысымын сақтау үшін өте көп мөлшерде зәр бөледі. Шеміршекті балықтардың барлығы да жыртқыштар. Бұлардың көп аулануына қарамастан, кәсіптік маңызы шамалы.

Терісі 2 қабаттан тұрады. Сыртқысы — эпидермес, көп қабатты эпителий, ал ішкі — нағыз тері қабаты дәнекер ұлпасынан түзелген. Эпидермисінде безді жасушалар көп. Шеміршекті балықтардың қабыршақты ұсақ бүртікті. Плокоидты (грекше «плакс» — тақташа, «ейдос» — пішінді) қабыршақтармен қапталған. Тақтажелбезектілерге — акулалар мен скаттаржатады. Акулалардың 350-ге жуық түрі бар. Олар мұхиттарда, теңіздерде таралған. Дене пішіндері алуан түрлі. Акулалардың ішінде адамға қауіптісі — сұр акулалар. Олардың кеңінен таралған түрі — жолақ акула. Ол мұхиттардың субтропикалық және тропикалық теңіздерде кездеседі. Скаттардың да 350-дей түрі бар. Денесі жалпақ әрі көкірек жүзбеқанаттары тұмсығымен тұтасып кеткен. Желбезек саңылаулары денесінің құрсақ жағында орналасқан. Олардың көпшілігі су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Ең ірі түрі — манта, оның денесі көлденеңінен 6 метрге жетеді.Кейбір скаттардың денесінде электр қуатын шығаратын мүшесі болады. Тұтасбастыларға 30-дай түрлері жатады. Көпшілігі судың терең қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Дене пішіні ұзынша ұршық тәрізді. Терісінде қабыршақтары болмайды. Сырты қалың қабықпен қапталған ұрықтанған уылдырық шашып көбейеді. Баренц теңізінде ұзындығы 1 метрдей еуропа тұтасбасы кездеседі. Олардың көпшілік түрі теңіз түбіндегі жәндіктермен қоректенеді. Кәсіптік мәні жоқ.

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқы балықтар (карптар)  т.б. Балықтар байлығын үнемді пайдалану, оларды қорғау және көбейту.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

1. Ой қозғау. Миға шабуыл.
2. Тест сұрақтары.
3. Балықтың ішкі құрылысы.
Мағынаны тану  II. 1. Ой қозғау. Миға шабуыл
I — топқа
1. Желілі жануарлардың омыртқалылар тип тармағы қалай аталады.
2. Омыртқалылардың неше класы бар.
3. Балықтардың өзі қандай класқа жіктеледі.
4. Балықтардың тыныс алу мүшесі не.
5. Балықтар қайда тіршілік етеді.

II — топқа
1. Акула қай кластың өкілі.
2. Балықтың денесі қалай бөлінеді.
3. Омыртқалылар дене температурасына қарай қалай бөлінеді.
4. Акуланың зәр шығаруы неден тұрады.
5. Сүйекті балықтардағы ерекше мүше
III — топқа.
1. Желілердің қан айналым жүйесі.
2. Желбезек саңылаулары орналасқан мүше.
3. Жақ сүйексіздер омыртқалылар класы.
4. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы.
5. Қазақстандағы «Қызыл кітапқа» алынған балық.
IV — топқа.
1. Қара уылдырық алынатын балық.
2. Ерте замандардан бері сақталып келе жатқан балық.
3. Жайық өзенінде мекендейтін балық.
4. Шеміршекті балықтардың түр саны.
5. Торсылдақтың атқаратын қызметі.
2. Тест сұрақтары.
1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.
А) Мамология ә) Герпентология б) Ихтиология в) Гельментология
2. Желбезек саңылаулары 5 — 7 болатын балықтар.
А) Сүйекті балық ә) Шеміршекті балық б) Шортан в) Сазан
3. Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған.
А) Акула ә) Скат б) Аратұмсық в) Аққайран
4. Қызыл кітапқа енгізілген сүйекті балық.
А) Іле шармайы ә) Балхаш алабұғасы. б) Бекіре в) Еділ майшабағы.
5. Балықтың бүйір сызығы қандай қызмет атқарады.
А) Судың жылылығы ә) Судың тұздылығы. б) Су ағысының күші, бағыты, тербелісі
в) Судың қышқылдығы.
6. Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады.
А) Жауыннан қорғау ә) Дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өту
б) Жауыннан жасырыну в) Судың ағысына өту.
7. Балық қайда көбейеді.
А) Құрылықта ә) Суда, құрылықта б) Тек сулы ортада в) Екеуі де емес
8. Сүйекті балықтардың қанша түрі бар.
А) 20мыңнан астам ә) 10мыңнан астам б) 30мыңнан астам в) 40мың.
9. Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі.
А) Бүйрек ә) Несепағар б) Қуық в) Клоака
10. Балықтардың көбеюі қандай сатылардан тұрады.
А) Уылдырық — балақ ә) уылдырық — дернәсіл б) дернәсіл — балық в) уылдырық — дернәсіл — шабақ.
11. Тұқы тәріздестер отрядының өкілі.
А) Акула, сауытбалық ә) Қаракөз, ақмарқа, табан б) Бекіре. албырт, қортпа в) Құнысбалық, майшабақ, килька.
12. Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды.
А) Жүрегі, қан тамырлары ә) торсылдағы б) Өкпе, желбезек в) Жұтқыншақ, өңеш

13. Қара уылдырық алынатын балықтар.
А) албырт тәріздестер ә) бекіре тәріздестер б) майшабақтар
в) саусақ қанатты
14. Дене температурасы тұрақты жануарлар тобының атауы
а) қаны бар жануар ә) салқынқанды жануар б) жылықанды жануар
в) жылусүйгіш жануар
15. Ұрығының дамуында арнайы қабықтар түзелмейтін омыртқалар тобы.
а) қағанақсыз ә) қағанақтылар б) құстар в) сүтқоректілер

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Балық өсіру зауыттары, олардың маңызы. Тоған шаруашылығы. Сазан және оның қолға үйретілген формасы — тұқы балық (карп) және басқа түрлері. Балықтарды жерсіндіру, оның биологиялық және шаруашылықтық негіздемесі. Аквариумдық балықшаруашылығы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Табиғи суда өсіру

Табиғи суда балық өсіру – өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (мысалы, су құрылыстарының салынуы, судың ластануы, т.б.) табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші (көксерке, тыран, сазан, торта, т.б.) және өткінші балықтарға (бекіре тәрізділердің, албырттардың көпшілігі, т.б.) қатты тиді. Жартылай өткінші балықтар көлдерде, өзендерде және оның сағасында, ал өткінші балықтар теңіздерде тіршілік етіп, уылдырығын шашу үшін өзен арнасымен жоғары өрлейді. Балықтардың өрлеу жолында кездесетін кедергілер жойылады; мысалы, жыртқыш балықтар ауланады, жыртқыш сүтқоректілер мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда балық жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах, форель, бестер, т.б.) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.) бар.

 

Балық шаруашылығы – халық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, маннит, агар, т.б. емдік заттар, мал азығы мен техникалық өнімдер өндіреді. Қазақстанда 1919жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында Жайық – Жем балық аулау және аңшылық басқармасы, Арал қаласындаТүркістан өлкелік балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін, қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ индустриясына айналды.[1]

Балық шаруашылығы бағалы тұқымдық балықтарды өсіріп, көбейтетін балық питомниктері, тауарлы-көл және тоғаншаруашылықтары, машина-мелиоративтік станциялары, арнайы оқу орындары, балық сататын фирмалық дүкендері жұмыс істейді. Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн. га шамасында. Су айдындарының ең ірілері: Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері,Қапшағай, Бөген, Бұқтырма бөгендері, Жайық, Ертіс, Есіл өзендері. Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90%-ы Қазақстан балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Қазіргі кезде республикада экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Интерактивті тақтадан сұрақтарды ашады

Қосмекенділерді зерттейтін ғылым:    (батрахология).

Қазақстанның Қызыл кітабына енген қосмекенділердің түрлерін атаңдар:    (даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, жетісулық бақатіс)

Мойын омыртқасының саны:  (1). Жүрегі неше қуысты?   (3).

Қосмекенділерде алғаш рет пайда болған қан айналым шеңбері:    (өкпелік немесе кіші)

Қосмекенділерде алғаш пайда болған құлақ қуысы: (ортаңғы).

Дернәсілінің атауы:    (итшабақ немесе шөмішбалық)

Миының қай бөлігі жақсы дамыған?    (ортаңғы). Артқы аяқтарындағы саусақ саны:  (5). Қажетсіз заттарды шығаруға не қатысады?    (клоака)

Мағынаны тану

топ кестенің 3 бөлігін толтырады

Балықтардың

ерекшелігі

Ұқсастығы Қосмекенділердің ерекшелігі
-суда ғана тіршілік етеді;

-денесінің сырты қабыршақпен қапталған;

 

-желбезек арқылы тыныс алады;

-мишығы жақсы дамыған;

-жүрегі 2 қуысты;

-қан айналымы 1 шеңберлі;

-қарыншада көктамыр қаны болады;

-омыртқалы жануар;

-салқын қанды;

-денесінің бөлімдері

-ішкі қаңқа бар;

-миы 5 бөліктен тұрады;

-көбеюі мен дамуы суда өтеді;

-суда да құрлықта да тіршілік етеді;

-денесінің сырты ылғалды терімен қапталған;

-өкпе, тері арқылы тыныс алады;

-мишығы нашар дамыған;

-жүрегі 3 қуысты;

-қан айналымы 2 шеңберлі;

-қарыншада аралас қа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І топқа

1. Қосмекенділер суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты осылай аталған болатын. Олар қайсысына жақынырақ: құрлыққа ма, суға ма?

(Аяғының, терісінің, тыныс алу мүшелерінің құрылысы қосмекенділердің суда да, құрлықта да тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Бірақ көбею үшін міндетті түрде су қоймалар керек. Қосмекенділер кездесетін құрлықта да ылғал болу керек. Сондықтан да қосмекенділер суға жақынырақ болады.)

ІІ топқа

2. Бақаның терісі ылғалды, сілемейлі қабықшамен қапталған. Бақа терісінің ылғалды болуының маңызы неде?

(Өйткені бақа терісімен тыныс алады. Бақа денесіндегі сілемейлі қабықша судың булануын тежеп, ылғалды ұстап тұрады.)

ІІІ топқа

3. Бақалар ұзақ уақыт судың түбінде бола алады. Неліктен олар тұншықпайды?

(Терісімен тыныс алудың нәтижесінде)

1. Ең алғаш қосмекенділерде пайда болған, өзектері ауыз қуысына ашылатын без:

А) ұйқыбез В) сілекей С) тіс безі

2. Қанайналымның үлкен шеңбері жүректің қай бөлімінде аяқталады?

А) сол жақ құлақшада В) қарыншада С) оң жақ құлақшада

3. Омыртқа жотасы:

А) мойын, тұлға, сегізкөз, құйрық
В) мойын, тұлға
С) мойын, тұлға, құйрық

4. Дернәсілінің тыныс алу мүшесі:

А) желбезек В) өкпе С) өкпе, тері

5. Дернәсілінде алғаш пайда болатын аяқтары:

А) артқы В) алдыңғы С) ортаңғы

6. Дернәсілінің жүрегі неше қуысты?

А) 1 В) С) 3

7. Бақалар терісінің ерекшелігі:

А) мүйізді қабыршақпен қапталған
В) қалың, сілемейлі бездер жоқ
С) жұқа, сілемейлі бездер бар

8. Сегізкөз омыртқасының саны:

А) 1 В) 2 С) 3

9. Саусақтардың арасындағы терілі жарғақ көмектеседі:

А) жүзуге В) жүруге С) секіруге

10. Іштей ұрықтанатын түрлері:

А) көлбақа В) сақиналы құртпошым С) бақатіс

Жауабы: 1-в, 2-с, 3-а, 4-а, 5-а, 6-в, 7-с, 8-а, 9-а, 10-в

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Өліп біткен қосмекенділер және олардың ертедегі саусаққанатты балықтардан пайда болуы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Қос мекенділердің шығу тегі
Ертедегі қос мекенділер Гренландияда жоғарғы девон қабатынан анықталған. Әзірше ондай жануарлардың бас сүйегі ғана табылды.

Ал толық скелеті тас көмір мен перм қабаттарынан табылған. Бұл өте ертеде тіршілік еткен амфибилердің тобы — филлоспондилер (Рһуііоsропdуlі) отрядына топтасады. Бұлардың ең ұсақтарының (Вгапсһіоsаигиs) денесінің ұзындығы бірнеше сантиметр ғана болған. Сыртқы бейнесіне қарағанда, олар тритондарға ұқсайды. Ми сауытының басым көпшілігі сүйектенбеген, бірақ оның үстіңгі жағы тері тектес сүйекпен қапталып тұрады. Кейбір түрлерінде рудиментті желбезек қақпақшалары болған. Бас сүйегшің құрылысындағы кейбір элементтеріне қарағанда, бірқатарында личинка кезінде сыртқы желбезегі болғаны байқалады. Филлоспондилер отряды — амфибилердің ертеде тіршілік етіп, кейін құрып біткен, олардан қазіргі замандағы құйрықты және кұйрықсыздар отряды пайда болған болуы керек.
Амфибилердің екінші құрып біткен отряды — лабринтодонттар (LаЬугіпthоdопtіа). Олар тас көмір мен перм қабаттарынан және полезоц мен ерте мезозой дәуірінен белгілі. Бұл алуан түрлі өте көп жануарлардың тобы еді. Ертеде болған түрлерінің ұзындығы 60 сантиметрдей, бірақ көпшілігінің дене мөлшері ірі крокодилдердей болған. Жалпы бейнесі саламандраларға ұқсас, бірақ аяқтары нашар жетілген. Ми сауыты тері тектес сүйекті сауытпен қапталған. Кейбір түрлерінде сүйекті сауыт кұрсағында да болған, ол құрсақ бөлімін жер бетіндегі әр түрлі заттардың әсерінен қорғау қызметін атқарған. Бұл отрядтың ертедегі түрі еогиринус (Еоgигіпиs) тас көмір дәуірінде батпақты жерде тіршілік еткен су жануарлары. Кейін, карбон дәуірінің аяқ кезінде жер бетін мекендейтін аяғы жақсы жетілген түрлері пайда болған. Эволюциялық дамудың нәтижесінде ондай ам-фибилерден бауырымен жорғалаушылардың шығуы мүмкін.
Қос мекенділердің үшінші отряды. Лептоспондилер (Lерtоsропdуlі) карбон мен пермнің ортаңғы және жоғарғы қабатынан белгілі. Бұлар тайыз сулар мен батбақты Мекен еткён, ұсақ жануарлар. Көпшілігінің денесі ұзын, рудиментті аяқтары болған.
Амфибилердің құрып біткен осы үш отряды стегоцефалдар немесе сауытты амфибилер (Stеgосерһаlіа) класс тармағын құрайды.
Стегоцефалдардың арғы тегі сүйекті балықтар болуы сөзсіз. Олардың құрылысының қарапайым (алғашқы скелетінің нашар сүйектенуі) болуымен қатар, желбезекгеріне қосымша қапшық тәрізді өкпесі болған. Сол сияқты суды есуге және жер бетінде жүргенде тірек болатын, келешекте бес саусақты аяқ дамитын жұп органдары да болған. Қауырсын қанатты балықтардың (Асtіпорtегуgіі) мұндай белгілері болмаған. Қос тынысты балықтар (Dірпоі) өкпемен тыныс алғанмен, су түбінде тіршілік етуге бейімделген балықтар тобына жатады. Стегоцефалдарға туыстық жағынан жақынырақ саусақ қанатты балықтар (Сгоssорtегуgіі). Олар өкпемен тыныс алады және аяқтарының скелеті стегоцефалдардың аяқтарының скелетіне ұқсайды. Ертедегі саусақ қанатты балықтар мен стегоцефалдардың бастарынын, сыртқы сүйектерінің орналасуы өте ұқсас болған. Осы кездегі ғылымға белгілі саусақ қанатты балықтар жер бетіндегі омыртқалылардың арғы тегі бола алмайды. Өйткені, бұл саусақ қанаттылар кейінірек уақытта пайда болған. Жер бетіндегі омыртқалылардың тегі полеонтология ғылымы әлі анықтамаған ертеректе тіршілік еткен саусақ қанатты балықтардан пайда болған.
Омыртқалылардң құрлыққа шығуы саусақ қанатты балықтардың оттегі аз су қоймаларында ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімделуінің нәтижесі болып есептеледі. Стегоцефалдар пайда болған девон дәуірінің маусымды кезеңдерінде құрғақшылық болу әсерінен, тұщы суларда тіршілік ететін балықтардың тыныс алуы нашарлайды. Тас көмір дәуірі кезінде батпақты жерлерде және су жиектерінде өсімдіктер өте қалың болған, су бетіне өсімдіктердін, молырақ пайда болуы балықтардың суда жүзуін қиындатты. Сонымен қатар олар қосымша өкпе қапшықтары арқылы өкпемен тыныс алуға икемделген. Оған қосымша ол суларының мүлдем құрғап қалуы, олардың тіршілік етуіне қауіпті болған. Егерде балықтар сусыз жермен қозғала алмаған болса, мүлдем қырылған болар еді. Сондықтан мұндай қауіпті жағдайдан өкпемен тыныс алуға икемделген және құрғақ жер мен аяқтары арқылы жылжи алатын су жануарлары ғана тірі қалуы мүмкін. Жүрген сулары құрғап кеткенде екінші бір су орталық-тарына қозғалып баруда денесін тұтасып қаптап жатқан қабыршақтары кедергі келтіретіні сөз жоқ. Сол сияқты денесінің сыртын сауыттың қаптап жатуы терісінің беті арқылы тыныс алуға кедергі болған. Осы екі себептің салдарынан олардың сыртқы сауыты шөжіген болуы мүмкін. Стегоцефалдар жер бетімен сүйретіліп қозғалатындықтан олардың құрсақ бөліміндегі сауыттары бірталайында жойылмаған, ал төбе сауыттары көпшілігінде сақталған.
Стегоцефалдар мезозойдың басына дейін өмір сүрген. Амфибидің қазіргі тіршілік ететін отрядтары мезозойдың аяқ кезінде (юра дәуірінің аяғы — бор дәуірінің басында) пайда болған. Сондықтан бұл екеуінің арасындағы байланысты анықтауға әлі мүмкіндік жоқ. Жалпы алғанда, құйрықты және құйрықсыздар отряды — филлоспондилар отрядынан шығуы мүмкін деп есептеуге болады. Аяқсыздардың тегі туралы ешбір мағлүмат жоқ.

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан. Жыландар мен кесірткелердің ұқсастығы   және айырмашылығы. Жыланның улы аппараты, уының әсері. Жыланның шағуынан қорғану және улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек. Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

1.Жорғалаушылардың қаңқасы
2.Омыртқа жотасы
3.Ас қорыту жүйесі
4.Жүрегінің қрылысы
5.Тыныс алуы мен зәр шығаруы
6.Сезім мүшелері
Мағынаны тану  Жалпы сипаттама.Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді.
Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі (тек қолтырауын мен құстарда болмайды). Бұны дат анатомы Людвиг Якобсон ашқан. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға – артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға жәрдемдеседі.
Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді. Жыландар жылына 2 – 4 мәрте түлейді. Сыдырық (жыланның түлеген эпидермис қабығы) тұтастай түседі. Тіршілік ететін ортасына сәйкес реңі алуан түрлі келеді.
Жыландар Жер шарына кең тараған (тек Антарктидада ғана кездеспейді), 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: соқыр жыландар (1 түрі), айдаhарлар (2 түрі), сарыбас жыландар (12 түрі), сұржыландар (2 түрі), бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.
Жыланның шағуы
Сенің әрекетің: — Кешіктірмей аузыңмен уды сорып таста. Егер аузыңда жара жоқ болса, бұл әрекет 10-15 минут бойы жүргізіледі. — Зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қой. — Қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қой. — Аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып таста. — Зардап шегушіге сусынды көп ішкіз (шай, минерал немесе жай су). -Ауруды басатын кез-келген дәрілердің 1-2 таблеткасын ішкіз. — Зардап шегушіні жатқан бойында емдеу мекемесіне жеткіз.
Назар аудар! Шаққан жердің жоғарғы жағына бұрау қоюға, шаққан жерді күйдіруге, кесуге болмайды!
Жорғалаушылардың адамға пайда — зияны. Ұсақ жыландар мен кесірткелер зиянды бунақденелілер мен кемірушілерді жеп, а. ш. едәуір пайда келтіреді. Ірі денелі кесірткелердің, жыландардың, әсіресе тасбақалардың еті көптеген аймақтарда тағам ретінде пайдаланылады. Сондай — ақ ірі кесіртке, жылан және крокодилдің терісі ежелден — ақ әр алуан бұйымдар жасау үшін таптырмайтын шикізат болып табылады. Тіпті улы жыландар да адам үшін пайдалы, оның уы медицинада құнды дәрі — дәрмектер жасауға пайдаланылатындықтан, улы жыландар арнайы тәлімбақтарда өсіріледі.
VІ. Қорытынды:
Сұрақ қою арқылы
1.Жылан шаққан жағдайда қалай алғашқы көмек көрсету керек ?
2.Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
3.Жалпы жылан туралы не түсіндіңдер?
Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Жорғалаушылардың басқа отрядтары: тасбақалар, қолтырауындар. Жорғалаушылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Жорғалаушыларды қорғау.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

1.      Қосмекенділер дегеніміз не?

2.      Балықтар қалай тыныс алады?

3.      Балыққа жүзбеқанаттары не үшін керек?

4.      Балықтар қалай көбейеді?

5.      «Шөлмек бақа» деп қандай бақаны айтады?

Мақсатын қою кезеңі:   «Ой ашар!» сабақтың тақырыбын ашу.

(Бауырымен жорғалаушылар)

Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Мағынаны тану  

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Сабақтың тақырыбы:    Ертедегі жорғалаушылардың алуантүрлігі. Олардың жойылу себептері. Жорғалаушылардың ертедегі  қосмекенділерден пайда болуы

Сабақтың мақсаты: Ертедегі жорғалаушылардың алуантүрлігі. Олардың жойылу себептері. Жорғалаушылардың ертедегі  қосмекенділерден пайда болуын оқушыларға өз бетімен меңгерту. .
Оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:   ЖИГСО,.

Модульдердің кіріктірілуі:1.Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. 2. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 3.АКТ-ны пайдалану. 4.СТО. 5.Талантты және  дарынды балаларды оқыту. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Оқып үйренудің нәтижесі: Білімді өз бетімен меңгереді,сыни ойлайды,басқаның ойына күмәнмен қарайды, ертедегі жорғалаушылардың алуантүрлігі, олардың жойылу себептері, жорғалаушылардың ертедегі  қосмекенділерден пайда болуы танысады, түйінді мәселелерді шешуге талпынады. суреттермен жұмыс жасап, ойлау қабілеттерін арттыра отырып, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Уақыты Ресурстар
1 Ұйымдастыру кезеңі .

Сыныпты сурет таңдау арқылы  2 топқа бөлдім.Сабақтың тақырыбымен нәтижесімен таныстыру.

Үй тапсырмасын: сұрақтар арқылы қортындылау.

1. Ең ұзақ жасайтын бауырмен жорғалаушы ж: тасбақа

2. Аяқсыз кесіртке Ж: сарлан

3.  Жүрегі 4 камералы жорғалаушы Ж: крокодил

4. Тасбақа өкілдерін атадар: Ж: батбақ тасбақасы, ортаазия тасбақасы

5. Жорғалаушылардың қанайналым шеңбері қанша? Ж:2

6. Жорғалаушылар қандай мүшесімен тыныс алады?Ж: өкпесімен

7. Жорғалаушылардың зәрі қайда түзіледі?Ж: бүйректе

8. Жыланның сипап сезу мүшесі? Ж:тіл

9.Тұмсықбастылар отрядының өкілі?Ж: гаттерия

10. Жылан қай отрядқа жатады? Ж: қабыршақтылар

11. Тасбақаларда қандай сезім мүшелері дамыған?

Ж: көру, иіс сезу

 Сәлемдеседі. Топқа бөлінеді.оқу құралдарын дайындайды, зер салып тыңдайды. Сұраққа жауап береді.  

Қызыл түсі- түсінбедім

Сары түс- әлі сұрақтарым бар

Жасыл түсі- маған бәрі түсінікті.Стиктің біреуін көтереді.

5-минут Топтық ереже плакаты,түрлі түсті үлестірмелер. АКТ,
2 Бейнежазба көру

Білім кезеңі:   Оқулықпен жұмыс.

1 топ  Ертедегі жорғалаушылардың алуантүрлігі.

2-топ  Жорғалаушылардың ертедегі  қосмекенділерден пайда болуы, жойылу   себептері.

 

 

Мәтінмен жұмыс жасайды.  жұмыс, сурет салып тек оқулықты таза күйінде жеткізіп қорғайды. 10-минут Плакат,

оқулық.

3 Түсіну:    Сұрақ-жауап

1. Ең алғашқы жорғалаушылар қай кезде пайда болған?Ж.: 300млн жыл

2. Олар қай жануардан таралған?

3. Ертедегі жорғалаушылардың өкілдері қандай жерде мекендейді?

4. Ертедегі жорғалаушылардың өліп біту себептері неде?

 

Жеке,жұп,топ болып сұрақтарға жауап береді. 5-минут смайликтер
4 Талдау: динозавр мен аңтісті кесірткелерді салыстыр

 

динозавр мен аңтісті кесірткелерді салыстырып, айырмашылығын табу 7-минут АКТ,
5 Жинақтау Жорғалаушылар класына қысқаша сипаттама жазу Еркін жазу Жеке жұп топ болып жұмыс жасайды. 5-минут плакат
Қолдану  Топтастыру стратегиясы Топ болып «Ертедегі жорғалаушылардың отрядына» тірек-сызба дайындап қорғайды. 5-минут
6 Бағалау: Топтық бағалау, критери- лері бойынша. Әр топ бағалау парағы арқылы жеке бағалайды. 5-минут кесте
7 Үйге тапсырма:

Сөзжұмбақ құрастыру.

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады. 2-минут Интерактив-ті  тақта.
8 Рефлексия: Сабақта кездескен қи-ындықтармен жетістіктер.Стикермен жұмыс. 1. Не істедім. 2. Не үйрендім.

3. Не білгім келеді.

1-минут

 

Плакат, стикер

 

 

 

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Класстың жалпы сипаттамасы. Құстардың тіршілік ортасы.  Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері.  Ұшуға бейімділігі. Зат алмасу қарқындылығы. Жылықандылығы.

№ 9 зертханалық жұмыс.

Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы және қауырсындарының әртүрлі типтері. Құстардың қаңқасының құрылысы, құстардың ішкі құрылысы (даяр ылғалды препараттан).

Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

1 тапсырма. «Ой түйін»
1 — топ.
Ең алғашқы жорғалаушылар қай кезде пайда болған? Олар қай жануарлардан таралған?
2 — топ.
Ертедегі жорғалаушылардың өкілдері қандай жерлерде мекендеді және немен қоректенді?
3 — топ.
Неліктен ертедегі алып жорғалаушылардың көпшілігі суда және жартылай суда тіршілік етті? Ертедегі жорғалаушылардың өліп біту себептері неде?
Мағынаны тану  Құстар
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Құстар (лат. Aves)[1] – омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:
1. алғашқы құстар – археоптерикс;
2. тісті құстар;
3. қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер;
4. қырлы төсті құстар.

Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ — қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты — шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1, 8 м — ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір — бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1 — ден 20 – 25 — ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау — бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.
1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген.

2 тапсырма. Барлау стратегиясы.
1 топ.
Құстарға жалпы сипаттама. Оның ерекшеліктері.. (әңгімелеу немесе постер арқылы қорғау)
2 — топ.
Құстардың тыныс алу жүйесі мен ұшуға бейімделген белгілері және қан айналым жүйесі.
3 — топ.
Құс қанаты және қауырсындарының түрлері мен атқаратын қызметтері.

Сергіту сәті «Қаңқалар биі»

3 тапсырма. «Биологиялық диктант»
Құстарды зерттейтін ғылым саласы — *** (орнитология). Олардың денесі ***,*** және*** бөлімдеріне бөлінген.
(бас, мойын, тұлға). Құстардың жақ сүйектері тұтас мүйізді тақташалармен қапталған. Оны құстардың *** деп атайды. (тұмсығы). Құстұмсығы ***,*** бөлімдерден құралады. (тұмсықүсті, тұмсықасты). Өнештің кеңейген бөлігі*** деп аталады.(жемсау)
4 тапсырма. «Шығармашылық стратегиясы» Топтағы әр топ мүшелері тақырыпқа байланысты түйіндеме, өлең, сөзжұмбақ, ребус, жұмбақ құрап топ болып қорғайды.
1 — топ. Құстар және біз.
2 — топ. Құстар және табиғат.
3 — топ. Құстарға қамқор болайық..

5 тапсырма. «Лидерді анықта» Берілген бірнеше әріптерден тақырыпқа сай сөйлем құрау.
Топтар өздері топ арасынан лидерлерін анықтап, сыныптан сабақ лидерін шығарады..
1 — топ лидеріне – А — Ы — Н — Д — Ш — З — У
2 — топ лидеріне — С — Р — Н — Д — Л — Б — У — И
3 — топ лидеріне – Д — П — Е — Н — Г — Р — А — У

 

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

абақтың тақырыбы Құстардың көбеюі және дамуы. №10 зертханалық жұмыс
Сілтеме 7сынып биология оқулығы .Алматы «Атамұра» 2007 жыл.
Мақсаты  Құстардың жылдық тірішілік цикілі мен маусымдық құбылыстары, ұрпақтарына қамқорлық жасауы,ұя салуы және қайтуы туралы білімдерін толықтыру.Дара жынысты,іштей ұрықтанатыны туралы,  жорғалаушылармен көбейюіндегі ұқсастықты түсіндіріп,білім беру. Тауық жұмыртқасының құрылысын зерттеу.Салыстыру,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту. Қамқорлыққа,құстарға көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері Топтық жұмыс, ми шабулы,ЖИК СО,электронды оқулық,зертханалық жұмыс.
Нәтижесі  Сабаққа қызығушылықтар артады,құстардың тірішілігі туралы білімдерін толықтырады.Құстардың дара жынысты,іштей ұрықтанатыны туралы және жорғалаушылармен көбейюіндегі ұқсастығын түсінеді және білім алады.Жауапкершілікті сезінеді,түсінтіруге тырысады.Сыйластық қарым-қатынас артады.Тауық жұмыртқасын зерттеп танысады.
Көрнекілігі  Жапыстырма қағаздар,бейнеролик,электронды оқулық,мәтін (жик со әдісіне пайдалануға арналған),тауық жұмыртқасы шикі және піскен күйінде. Бағалау парағы.
Сабақтың барысы Сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша 7 модулді ықпалдастыру.
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Модуль
1. Бейне ролик көрсету

3 мин

 

 

Ынтымақтастық атмосфера орнату мақсатында құстар жайында жағымды бейнеролик көрсету. Оқушылар   бейнероликті тамашалай отырып жылулық,қамқорлық сезімдерге бөленеді және  сабаққа қызығушылықтары артады 1.Оқуды басқару және көшбасшылық.
2.Топтық жұмыс

3 мин

 

 

 

Оқушыларды топқа бөлу.Әр топқа шар ішінде жасырынған нөмерлерді, шарды жару және нөмерлерді бөліп алу,алған нөмерлері бойынша топқа бөліну керектігін түсіндіреді.

 

Әр топқа бір шардан таратылады,бір мезетте шарлар жарылып,нөмерлер бөлісіп алынады және сол алған нөмерлері арқылы топқа бөлінеді.Әр топ құстар туралы мақал-мәтел айтады. .Оқуды басқару және көшбасшылық.
3.Ми шабулы

8 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ болып келесі топ оқушыла рына үй тапсырмасы бойынша сұрақтар дайындау керектігін және топқа келген сұрақтарға бірлесе отырып жауап беретіндерін айтып түсіндіреді.   5-сұрақтан және уақытты тиімді пайдалану ескертіледі.  Оқушылар тез үй тапсырмасынан

5 –сұрақ дайындап,келесі топқа береді (1-ші топ 2-шіге,2- 3-ке,3-4ке т.б.)Сұрақтарға жауап берерде топ мүшелері толық қатысуын топ басшысы қадағалауы тиіс. Сұрақ-жауап парақтарын топ нөмерін жазып мұғалімге тапсырады.

Жас ерекшеліктеріне байла нысты оқыту. Сыни тұрғыдан ойауға үйрету.
4.Элект ронды оқулық

3 мин

 Электронды оқулықты тыңдап,құстар  туралы білімдерін  толықтыра отыру ұсынылады. Электронды оқулықты тыңдап,құстар туралы білімдерін   толықтыра түседі. АКТ –ны пайдалану.

 

5.  Жик со

15 мин

 

Мәтінді 5  топқа оқушы санына, деңгейіне байланысты бөліктерге бөліп дайындап келеді және топта отырған оқушыларға білдірмей әр оқушыға өз деңгейлеріне байланысты мәтін бөліктерін таратады.

 

Оқушылар топта өз мәтіндерін оқиды әр топтағы 1-ші нөмерді алған оқушылар 1-ші топқа 2ні алғандар 2-ші топқа т.б.бөлініп топтасадыда қолдарындағы мәтін бөлігін талдайды,түсінеді.Содан  топтарына оралып әр оқушы мәтіннің өз бөігін тобындағы басқа оқушыларға кезектерімен түсіндіреді. Диологтік әдістің

Оқыту және оқудағы жаңа тәілдер.

 

6.сергіту сәті1мин Сергіту сәтін ұйымдастырады. Оқушылардың барлығы қатысады.
7.Зертхана лық жұмыс

 

11  мин

 

 

 

 

 

 Зертханалық жұмыс тақырыбы: тауық жұмыртқасын зерттеу екендігін және зертханалық жұмысқа тауық жұмыртқасын пісіріп әкелгендерін тексереді және орындалуын түсіндіреді.

Әр топқа жайпақ ыдысқа шикі жұмыртқаны жарып,салып апарып қояды,және салыстырып (суретпен,піскен жұмыртқаларымен) танысады.

Оқушылар зертханалық жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмаларды орындаумен бірге, қолдарындағы піскен жұмыртқаны тексеріп зерттейді. 1-ші қолдарындағы піскен жұмыртқадан сыртқы пішінін бақылап қарайды ерекшеліктерін анықтайды, содан жарып қанша  қабаттан тұратынын көріп біледі,атқаратын қызметін түсінеді.

Піскен және шикі жұмыртқаларды салыстыра отырып тауық жұмыртқасын зерттейді.

Дарынды және талантты балаларды оқыту.

 

8.Үйге тапсырма беру және қорытынды бағалау

1 мин

Үйге құстардың пайда болуы туралы материал жинап келу.Интернеттен,қосымша әдебиеттерден т.б. Топтар бір-бірін бағалайды.Тақтада топтың түстері бойынша түс қалташасы болады әр оқушы мықты деген топқа өз дауысын яғни сабақ басында алған жүрекше қағаздарына өз аттарын жазын салады. Оқыту үшін және оқу үшін бағалау.

 

Сабақтың тақырыбы Құстардың ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Археоптерикс
Сілтеме 7сынып биология оқулығы
Мақсаты Құстардың пайда болуы тарихы туралы таныстыру және зерттеу.Ертедегі жорғалаушылардан пайда болғаны туралы және археоптерикс туралы түсінік қалыптастыру.Талдау,пікірталас ұйымдастыру және мәтінді талқылау қабілеттерін дамыту.Бір-бірінің пікірін тыңдауға,топпен бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері Топпен жұмыс,постермен жұмыс,инсерт,пікірталас,диологтік әдіс,сергіту сәті,эссе.
Нәтижесі  Мәтінді талдап,құстардың пайда болу тарихымен танысады,пікірталас арқылы талқылайды,құстардың жорғалаушылардан пайда болғандығын және алғашқы құс археоптерикспен танысады. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады,бір-бірінің пікірін тыңдап,ортақ бір шешімге келуге тырысды.
Көрнекілігі  Постерлер,маркерлер,мәтін,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы Сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша 7 модулді ықпалдастыру.
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Модуль
1.Топтық жұмыс

 

3 мин

 

Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында оқушыларды топқа бөлу.Түлі-тсті қағаздарды таңдау және  түстер бойынша бөлінеді.Қолдарындағы қағаздарда жазылған сөздерден тілек құрастыру тапсырылады.

 

Топқа алған қағаз түсіне байланысты бөлінеді және қолдарындағы қағаздарда жазылған сөздерден жылулық сезімдерін білдіретін тілктер құрастырып әр топ барлық оқушыларға арнайды 1.Оқуды басқару және көшбасшылық.
2.Пікірталас

 

8 мин

Құстар қалай,қайдан пайда болды деп ойлайсыңдар? Алдын жекелей, жұптасып, содан топтасып тадау тапсырады. Бірінші сұраққа оқушы жеке ойлана ды, сосын жұптасып талдайды,одан соң топ болып талдап,ортақ бір шешімге келеді де алдарындағы параққа жазып тапсырады.Және үйге берілген тапсырма бойынша жинақтаған материалдарын да тапсырады. Дарынды және талантты балаларды оқыту.

 

3.Инсерт

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Мұғалім оқушыға түсінікті дәрежеде мәтін алып келеді де таратады. Және жұмыс барысын түсіндіреді.  Оқушылар мәтінмен танысады жеке-жеке,олар инсерт әдісі арқылы белгілерді (+ маған жаңалық, — келіс пеймін,V білемін,таныс,? қиындық туындап тұр,сұрау керек дегенді білдіреді) пайдалана отырып мәтінді талдайды.Содан өз тұжырымдарын топтасып талқылау арқылы мәтінді бір-біріне таныстыруға тырысады. Жас ерекшеліктеріне байла нысты оқыту. Сыни тұрғыдан ойауға үйрету.
4. Сергіту сәті

 1 мин

Сергіту сәтін ұйымдастырады. Оқушылардың барлығы қатысады. АКТ –ны пайдалану.

 

 5.Слайдтар тамашалау

2 мин

Құстардың пайда болуы туралы слайдтар дайындап келіп,көрсету. Слайдтарды тамашалай отырып, құстардың пайда болу тарихы, ертедегі жорғалаушылардан пайда болғандығын және алғашқы құс археоптерикспен танысады. АКТ –ны пайдалану.

 

5.Постермен жұмыс

10 мин

Құстардың пайда болуы туралы үренген, біген білімдерін  посерге түсіріп, қорғауды  ұсынады.

 

 

 

 

 

 

Топтағы  оқушылар өз қабілеттерін танытуға тырысып,жұмысты өз ара бөліседі, бірі сурет салады,бірі баяндауға дайындалады,бірі ұйымдастырады,бірі басқа топтан ақпарат жинайды,бірі уақытты өлшейді,бірі хатшы болып жазады жиналған және өздері оқып үйренгендерінен.

Уақытты тиімді пайдаланып қорғау

Диологтік әдістің

Оқыту және оқудағы жаңа тәілдер.

 

6. Эссе жазу

3 мин

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін және білгендері бойынша қысқаша эссе жазу тапсырылады.  Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен құстардың пайда болуы туралы білімдерін үйлестіре отырып өз ой қозғауларын жазады.  Сыни тұрғыдан ойауға үйрету.

 

6.Үйге тапсырма беру және қорытынды бағалау

2 мин

 Алған білімдерін толықтыру және құстар туралы ән жаттап келу. Бағаларын жинақтап қорытындылау. Оқушылар өздерін және сыныптастарын бағалауы тиіс. Оқыту үшін және оқу үшін бағалау.

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Құстардың көптүрлілігі. Түйеқұстар (қыртөссіз құстар). Пингвиндер. Қыртөсті (ұшатын) құстар. Таралуы. Құрылыс ерекшеліктері мен тіршілік орта жағдайларына  бейімделуі.

Құстардың экологиялық топтары.

Топсеруен:

«Орман құстарымен танысу (саябақтың, шағынбақтың, мектеп бағының).Тірі құстарға бақылау жүргізу.

Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Қоректенетін құстардың және жыртқыш құстардың пайдасы. Құстарды қорғау және қолға үйрету. Құстардың биогеоценоздағы және адам өміріндегі маңызы. Кәсіптік құстар оларды тиімді пайдалану және қорғау.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Балалар, өткен сабақтан алған білімімізді қайталау үшін біз «Көпір» тапсырмаларына жауап берейік.

1.      Қазақстанда құстардың неше түрі мекендейді? (500)

2.      Орнитология ғылымы нені зерттейді? (құстарды)

3.      Құстардың денесі қандай бөлімдерге бөлінеді?(бас, мойын, тұлға)

4.      Құс қаңқасының өзіне тән қандай ерекшелігі бар ?(алдыңғы аяғы қанатқа айналған)

5.      Қозғалу әрекетіне байланысты құстарды неше топқа бөледі?(3)

6.      Қыртөстілер қандай құстар ?(ұша алатын құстар)

7.      Қыртөссіз құстарға мысал келтіріңдер (түйе құстар, нанду, страус)

8.      Жүзгіш құстарды ата (пенгвиндер)

9.      Құстардың жүрегі неше қуысты  ?(4)

10.   Тыныс шығару жүйесі (қосарлы тыныс алу)

ІІ. Ой қозғау орталығы

«Ыстық орындық» ойыны

Әрбір топтан бір – бір адамнан шығады. Қарсылас топтар бір-біріне сұрақ қояды. Ыстық орындыққа отырған оқушы жауап береді.

«Білімділер » тобына

1. Жұмыртқадан шығатын балапандарды қандай топтарға бөледі ?(ширақ, қызылшақа)

2. Ірі құстарда қанша  жұмыртқалар болады ?(1,2)

3. Түйеқұстардың аяқтарында неше саусақ болады ?(2)

4. Тауық жұмыртқасынан неше тәуліктен соң балапан шығады ?(21)

 

«Алғырлар» тобына

1.Ширақ балапандар қандай құстарда болады ?(үй құстарында)

2. Жұмыртқаның сырты немен қапталған ?(әкқабық)

3. Мекиен дегеніміз не?(құстың аналығы)

4. Құстардың кеңірдегі неше ауа тамырға тармақталады ?(2)

Ыстық орындықта отырған оқушылар жауап берсе, өздеріне ұпай болып қосылады. Ал жауап бермесе, ұпайлары күйіп кетеді.

Мағынаны тану  Таным орталығы.

Тақырыбы:  Құстардың көптүрлілігі.Түйеқұстар (қыртөссіз құстар). Пингвиндер. Қыртөсті (ұшатын) құстар. Таралуы. Құрылыс ерекшеліктері мен тіршілік орта жағдайларына бейімделуі.

 

Оқушылар оқулықтағы 276 беттегі материалдарды өз бетімен жұп болып, одан кейін топ болып оқып, талқылайды. Одан кейін тұжырымдамалық карта жасайды.

«Білімділер» тобы.

276 – беттегі тапсырма.

Құстардың көптүрлілігі . Тұйеқұстар. Пингвиндер. Ұшатын құстар. Құстардың таралуы.

 

««Алғырлар» тобына

Құстардың құрылыс ерекшеліктерімен тіршілік орта жағдайларына бейімделуі. Құстардың экологиялық топтары. Топ болып жасаған тұжырымдамалық карталарын қорғайды.

 

Дәптермен жұмыс

Тақырып соңындағы терминдермен жұмыс.

1.      Орнитология –

2.      Күрделі сегізкөз –

3.      Қыртөс (киль) –

4.      Жіліншік –

5.      Ауа қапшықтары–

6.      Қосарлы тыныс алу –

7.      Қызылшақа балапан –

8.      Ширақ балапан –

9.      Археоптерикс –

10.  Протоавис –

Кестемен жұмыс. Омыртқалы жануарлардың дамуы

Сұрақтар Балық Бақа Кесіртке Құс
Тіршілік ортасы
Дене  жамылғысы
Тыныс алу мүшесі
Температура
Дене мүшелеріне қандай қан таралады
Мидың құрылысы
көбеюі

Оқулықпен жұмыс: 281 беттегі өздік жұмысы

Оқушылар білімін бағалау:

 

 

Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Үй құстары. Құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Балалар, сендер үй жануарларын білесіңдер ме, қане, атап беріңдерші?
– Өте жақсы, балалар, бүгін біз құстар туралы білетін боламыз.
– Құстар үй құстары және дала құстары болып бөлінеді.
– Үй құстарына нелер жатады екен?
– Ия, балалар, олар үй маңында аулада тіршілік етеді, адамдар оларға жем, тары береді. Үй орыс тілінде дом, құстар-птицы, яғни үй құстарын домашние птицы деп атаймыз, қане, бәріміз айтайық.
– Өте жақсы, балалар сонымен қатар дала құстарын атайықшы.
– Ия, балалар, бұл құстар далада, орманда өмір сүреді.
– Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңдер, жарай ма?
Кеудесi қайқандап,
Жүредi байпандап. Ол не?
– Ия, балалар, міне бұл үй құстарының бірі – қаз. Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Ал мынау қанаттары. Қаз тауықтарға қарағанда үлкендеу болады, жұмыртқасы да үлкендеу болады.
– Ал мынау – үйрек. Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады. Үйректің де жұмыртқасы болады, ол да тауықтікіне қарағанда үлкендеу болады. Балапандарын суда жүзуге баулиды.
– Ал, мына суретке қараңдаршы, бұл не?
– Тауықтың түсі қандай?
– Тауық қалай дыбыстайды?
– Ал, келесі жұмбағымды мұқият тыңдаңдар.
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. Ол не?
– Ия, балалар бұл әтеш, ол таңертең адамдарды ұйқысынан оятады, ол әрқашан қозғалыста болады, жан-жағына қарап, қақпаға шығады, қанаттарын қағып қатты айғайлайды. Әтеш, тауықтан үлкен, оның басында қызыл айдары бар, әдемі түрлі-түсті құйрығы бар, солай ма?
– Әтеш қалай дыбыстайды?
Мағынаны тану Ойын: «Артығын тап»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін арттыру.
Таңғажайып сәт: «Қалпақтың астында не бар?»
(Қалпақтың астында жұмыртқа бар, жұмыртқадан балапанның шығуы)
– Балалар, қалпақтың астында не бар екен?
– Оның түсі қандай? Пішіні қандай?
– Жұмыртқаның сырты қатты, жерге түсіріп алсақ жарылып қалады.
– Жұмыртқаның ішінде не барын көргілерің келе ме?
– Жұмыртқадан не шықты?
– Балапанның түсі қандай?
– Өте жақсы, балалар, олай болса, қазір біз балапан бейнесін жапсырамыз.
– Қараңдаршы, балапанның денесі қандай пішіндерден құралған?
– Қане, олай болса осы пішіндерді қолданып, балапан бейнесін жапсырайық.
– Өте жақсы, балалар, мен сендерге қызықты тапсырма орындатқым келіп тұр.
– Мен тақтаға құпия суретті іліп қойдым, оны қызыл, сары, көк, жасыл түстермен жасырып қойдым,, сендер бір түсті таңдайсыңдар, сол түс бойынша сендерге сұрақ қойылады, қане, олай болса, тақтадағы төрт түстің бірін атаңдар.
Сұрақтар:
Сары түс: Үй құстарын ата
Қызыл түс: Басында айдары бар,ку-ка-ре-ку деп деп дауыстайтын не?
Жасыл түс: Суда жүзгенді ұнататын қай құс?
Көк түс: Жұмыртқадан не шығады?
– Міне, балалар құпия суретіміз ашылды. Бұл суретте не бейнеленген екен?
– Өте жақсы, балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекет ұнады ма?
– Маған да ұнады, сендер өте жақсы қатыстыңдар, рахмет.
Орындарына отырады.
– Қыс мезгілі
– Қыс мезгілінде күн салқын, аяз, боран болады. Қар жауады. Жылы киімдер киеміз.

– Жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе, ит, мысық

– Тауық, әтеш, балапан, қаз, үйрек

– Домашние птицы

– Қарлығаш, көгершін, торғай, қарға, көкек, сауысқан,т.б.
– Қаз
– Тауық
– Шұбар
– Қо-қо-қо
– Әтеш.
– Ку-ка-ре-ку
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Балалар «Артығын тап» ойынын ойнайды.
– Жұмыртқа
– Ақ, сопақша
– Ия

– Балапан
– Сары
– Дөңгелек, үшбұрыш
Балалар балапан бейнесін жапсырады.
– Тауық, әтеш, қаз, үйрек, күркетауық
– Әтеш

– Үйрек
– Балапан
– Жұмыртқа және балапан

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Кластың  жалпы сипаттамасы. Сүтқоректілердің  тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Жорғалаушылармен салыстырғанда дене жамылғысының, асқорыту, тыныс алу, қан айналым, зәр шығару, жүйке жүйелерінің, сезім мүшелерінің, мінез-құлығының күрделенуі.

№ 11 зертханалық жұмыс.

Тірі аңдарды  бақылау. Сыртқы құрылысы. Сұтқоректілердің қаңқасының құрылысын зерттеу білу. Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын зерттеп білу.

Ескерту: зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады.

Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Сүтқоректілердің экологиялық топтарыОмыртқалылардың ішіндегі сүт қоректілер алуан түрлі болып кездеседі. Өйткені ұзақ уақыт дамудың нәтижесінде сүт қоректілерге жататын организмдер жер бетіне кең таралып, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген.

Алғашқы сүт қоректілер жерде, орманда тіршілік еткен болу керек, бірақ эволюциялық бейімделушілік төмендегідей зкологиялық топтардың шығуына себепші болған: 1) жер бетін, 2) жер астын, 3) суды мекендейтіндер, 4) ұшатын жануарлар. Өзі тіршілік еткен ортасына қатысына қарай жоғарыда көрсетілген әрбір топ өзінен де ұсақ топтарға бөлінеді.

1. Жер бетін мекендейтіндер. Жер шарындағы құрлықтың барлығында кездесетін сүт қоректілердің үлкен тобы. Олардың алуан түрлі болуы кеңінен таралып, түрліше тіршілік жағдайларына бейімделуіне байланысты. Бұл топқа жататын жануарларды орманды мекендейтін және ашық кеңістікті мекендейтін деп екіге бөледі.

Орманды және ірі бұталы жерді мекендейтін жануарлардың тіршілік жағдайына байланысты формасы да түрліше болады. Бұл жерлер өсімдігінің қалыңдығы, жануарлар мекендерінің тұрақты және түрлерінін, көп болуына әсер етеді. Өрісінің кеңдігі мен өсімдігінің бітік болуы қорегінің де алуан түрлі болуына әсерін тигізбей қоймайды.

а) Нағыз маманданған тобына ағашқа өрмелеп шығатын жануарлар жатады. Олар өмірінің көпшілігін ағашта өткізеді. Қорегін ағаш басынан табады, көбею және дем алу үшін ұя жасайды, жауларынан қорғанады. Бұл топтың өкілдері — әр түрлі систематикалық отрядқа жататын жануарлар. Мысалы, насеком жемділерден — оңтүстік азиялық тупайлар; кемірушілерден — тиіндер, ұшарлар (летяга); жыртқыштардан — кейбір аюлар мен сусарлар; мүкі тістілерден — жалқаулар, кейбір құмырсқа жегіштер, одан басқа лемурлар, маймылдардың көптеген түрлері т. б. жатады.

Ағашта тіршілік етуге әр түрлі икемделген көтеген жануарлар ағашқа шыққанда өткір тырнағын пайдаланады. Оған тиіндер, аюлар, сусарлар, құмырсқа жегіштер жатады. Лемурлар мен маймылдар ұзын, жақсы жетілген саусақтарының көмегімен шығады. Оңтүстік Американың көптеген маймылдарында, орман құмырсқа жегіштерінде, қалталылардан — опоссумда қармалағыш құйрық болады.

Көптеген түрлері — гиббондар мен өрмекші тәрізді маймылдар ағаштан-ағашқа секіруге икемделген. Кейбір түрлері — ұшарлар мен жүн қанаттылар бірсыпыра жерге қалықтап ұшып бара алады.

Бұл топқа жататын жануарлар өсімдікпен қоректенеді. Кейбір түрі өсімдіктің белгілі бір түрімен ғана қоректенеді, мысалы, тиіндер қылқан жапырақты ағаштардың тұқымын ғана пайдаланады, кейбір маймылдар көбінесе жемістермен қоректенеді. Орман аюлары әр түрлі тамақты: етті, жемісті, бүлдіргенді, өсімдіктің вегетативтік органдарын пайдаланады. Жыртқыш түрлері өсімдікпен (дәні, жемісі) қатар, құстарды және ұсақ жануарларды да жейді. Мұндай жануарлар (тиіндер, ұшарлар) балалау немесе дем алу үшін ағашқа бұтақтан ұя жасайды немесе ағаш қуысын мекендейді.

б) Орман жануарларының ішінде жартылай ағашта, жартылай жер бетінде тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Олар тамағының бірсыпырасын ағаштан тауып, ұясын кез келген жерге салады. Мысалы, бұлғын тамағының көпшілігі — тышқан тәрізді кемірушілерді (20-50%) жерден тапса, 30—60 процентке дейін жаңғақ пен бүлдірген, оған қосымша 5—10% құстарды, 1—15% тиіндерді ұстап қоректенеді. Бұлғын биік ағаштардың қуысында, құлаған ағаштың шіріген қуысында, тамырының астына ұялайды. Қиыр Шығыстық қара аюлар жемістермен, кемірушілермен, насекомдармен және араның балымен қорейтенеді. Бұлар ағашқа өрмелеп шығуға жақсы бейімделген, сондықтан да өзінің үясын ағаштың жоғарғы бұтақтарының арасына салады. Қысқы ұйқысын ағаштың түбіндегі үңгірлерінде өткізеді. Ашық кеңістікті мекендейтін — сүт қоректілердің түрлері де сан жағынан көп деуге болады. Бұлардың тіршілік ету жағдайларының мынандай өзгешеліктері бар. Біріншіден — мекендейтін жерлерінде паналайтын табиғи бекіністер аз, ол жануарларды олардың жауларына — жыртқыштарға алыстан байқауына мүмкіндік береді; екіншіден — өсімдік тектес тамақтық заттар жеткілікті болады. Бүл экологиялық топқа әр түрлі отрядтың өкілдері қалталылар, насеком жемділер, кемірушілер, жыртқыштар және тұяқтылар жатады. Осының негізінде олар өсімдікпен қоректенетін — кемірушілер мен тұяқтыларды құрайды.

Ашық кеңістікте мекендейтіндер

а) Тұяқтыларға өсімдікпен қоректенетін сүт қоректілердің ірі түрлері жатады. Сондықтан олар көп уақытын жайылуға жібереді де, ұзап жайылым қуып кетеді. Жайылым кезінде тез және ұзақ уақытқа өріс ауыстыруы далалы және шөл жерлерде өте сирек кездөсетін су көздерін іздеуге және жауларынан қашып құтылу қажеттігіне байланысты. Кейбір түрлерінің максимальдық жылдамдығы, мысалы, бизондарда бір сағатта 40-45 км, жирафтар 45-50, жабайы есектер 50-55, құландар 65, томсон газелдері 80 км жер жүгіреді. Ал жыртқыштардың кейбір түрлері мысалы қасқыр бір сағатта 45-60 км, жолбарыс 80, леопардтар 112 км жер жүреді.

Басқа сүт қоректілерден айырмашылығы тұяқтылар тұрақты немесе тынығу үшін мекендейтін бекіністер салмайды. Тез жүгіруден басқа, көзі өткір, бойы биік, ұзын мойыны арқылы басы жоғары көтеріледі. Көптеген түрі (суға) шөлге өте шыдамды келеді.

б) Қосаяқтарға (Dіроdіdае) — аз кездесетін және өсімдігі сирек тақырлау жерді мекендейтін ұсақ жануарлар жатады. Өзіне қоректік зат іздеп, олар тез және көп уақыт жүгіреді. Бұлардың жылдам қозғалуына өте ұзын болатын артқы аяғы себепші болады. Артқы аяғының көмегімен секіріп, өте тез қозғалады. Осы тәсілмен құм тышқандары да (Gегhillіпае), солтүстік Американың кенгуру тәрізділері де (Неtегоmуіdае), Африканың ұзын сирақтылары да (Реdеtігіае), Африканың насеком жемді секіргіш қосаяқтарымен (МасгоsсеІісelididае), Австралияның ұсақ қалталылары да (Апtесһіпоmуs ) осылай жүреді.

Алдыңғы топтарға жататын жануарлардан айырмашылығы тек қана шөппен қоректеніп қана қоймай, шырынды тамыр түйіндерімен, түйнек тамырмен, ал кейбір түрлері — насекомдармен қоректенеді. Олар ешқашанда суды пайдаланбай-ақ қорегінің құрамындағы сумен қанағаттанады. Екінші бір ерекшелігі бұлардын паналайтын тұрақты және уақытша іні болады. Осындай сенімді паналайтын орындары болғандықтан аз көтеріп, өте нәзік бала туады.

в) Саршұнақтарға — далалы, шөлейт және өсімдігі қалың таулы жерді мекендейтін дене мөлшері кішілеу және орташа кемірушілер жатады. Олар шөппен және оның тұқымымен қоректенеді. Қалың өсімдікті жерді мекендеуіне байланысты, олар өзі тұрған мекенінен ұзамайды. Тұрақты іні болады, сол жерде дем алып, көбейеді. Көпшілігі жазғы және қысқы ұйқыға жатады. Жайылып шыққанында тасалайтын уақытша іні болады. Жай жүгіреді, сопақша денесі іннін, ішінде қозғалуына жақсы икемделген. Бұлардың баласы да әлсіз, көзі соқыр болып туады. Бұл топқа сарышұнақтардан басқа суырлар, аламандар және дала сеноставкалары жатады.

г) Жоғарыда айтылған топтардың ешқайсысына жатқызуға болмайтын түрлері де бар. Бұл кеңінен таралған, әр түрлі тіршілік жағдайында тіршілік ететін жануарлар. Оларға көптеген жыртқыштар (қасқыр, түлкі, борсық), жабайы шошқалар жатады. Мысалы, қасқыр, түлкі тундрада, тоғайлы, далалы жерде, шөлде және таулы-тасты жерде мекендейді. Жыртқыштардың көбеюі, қоректік азықтарының құрамы және оларды іздеп табу, тәсілдері тұрған орталығының жағдайларына байланысты. Мысалы, тоғайлы жерде қасқыр жер бетіндегі шұңқырға күшіктейді, ал шөлде және тундрада кейде ін қазады.

Кемірушілерден бұл айтылған топқа шұбар тышқан жатады. Шұбар тышқан уақытының көбін жерде өткізеді. Бүлдіргенмен, дәнді дақылдармен, бұршақтың тұқымымен және санырауқұлақкпен қоректенеді. Ағашқа жақсы өрмелеп шыға алады, бірақ тиіндер сияқты ағаштан-ағашқа секіре алмайды. Құйрығы қысқа, аса жүндесінді болмайды. Ұясын ағаштардың тамырының астына, құлаған ағаштың қуысына салады.

в) Орманда тараған көптеген түрлер бар, алайда олар жер бетінде тіршілік етеді. Оларға қоңыр аюлар, росомахалар, бұландар, күзендер, бұғылар, еліктер, тағы басқа түрлері жатады. Қоректі заттарын жер бетінен табады. Ағашқа шықпайды. Балаларын інде (күзендер, жанаттар т. б.) немесе жер бетінде (бұғылар, бөкендер, еліктер т. б.) балалайды. Бұл жануарлар үшін орман — паналайтын ағашты алқап және корек ретінде пайдаланатын табиғат байлығы.

 

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Көбейуі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

а) сұрақ — жауап
1) Қазіргі кезде сүтқоректілердің қанша түрі белгілі?
2) Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы?
3) Сүтқоректілер қандай табиғи орта жағдайларында тіршілік
етеді?
4) Класс неліктен сүтқоректілер деп аталады?
«ББҮ» сызба әдісі
Мағынаны тану  Сүтқоректілер — дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі — жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық жолдасы» (плацента) пайда болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар» деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды. Мысалы, үйқоянның буаз болу мерзімі бір ай. Жабайы қоян — 45 — 51 күн, бұғылар — 8 — 9 ай, жылқы — 10 ай, түйе 12 — 13 айда төлдейді.

Ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықты ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.
Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбірлерінікі соқыр және жәрдемсіз болып туады.
Барлық жануарларда анасы сүтінен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Жүйке жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген.
Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:
Құрлықта мекендейтін сүтқоректілер — Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді.
Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерге көртышқандар, соқыртышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді.
Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, киттер жатады.
Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар(жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2 — 5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.
V. Жаңа сабақты бекіту
а)«Бортты журнал»әдісі
Жүк журналы
Болжам Жаңа ақпарат
Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек? Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?
ә)« Іздеу ұйымы»
Екі оқушыға жеке конверт беріледі. Конверт ішінде екі жануардың суреті бар. Осы жануардың мүшелерін дұрыс құрастырып, жануардың атын, құрылысын, маңызын айтады. б)«Жұбын тап»
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын табу
Құрлықты мекендейді—————Құндыз, кит, ондатр
Жер астында тіршілік етеді——-Суыр, саршұнақ
Суда тіршілік етеді——————Көртышқан, соқыртышқан

 

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Жұмыртқа салушы ілкіаңдар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер. Биологиялық ерекшеліктері. Таралу аймақтары және алуантүрлілігі.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Қалталылар, қалталы жануарлартөменгі сатыдағы аңдар (Metatherіa) – сүтқоректілердің бір класс тармағы. Солтүстік Америкада төменгі бор кезеңінен, ал Еуропада эоцен – миоцен дәуірлерінен белгілі. АвстралияТасманияЖаңа ГвинеяҮлкен Зонд аралында, Оңтүстік, Орталық және Солтүстік Америкада кездеседі. Жаңа Зеландияда жерсіндірілген. Қалталы жануарлардың дене құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Ми сыңарларының сыртында сайлары мен бұдырлары аз болады, ұрғашыларының жұмыртқа жолдары жұп болады, жамбасының шап сүйектерімен буындасып кеткен қалта сүйектері денесінің құрсақ бөлімінде орналасқан, бірнеше азу тісінен басқа сүт тістері түспейді. Көптеген түрінің бауырында қалтасы болады. Қалтасы жоқ түрлері де кездеседі. Қалталы жануарлардың ұрығы жатырда қағанақсыз (тек бандикутта қағанақ болады) дамиды, жатырмен қатысы болмағандықтан ұрықтың қоректік заты – сары уызы тез таусылады, сондықтан Қалталы жануарлардың буаздық мерзімі өте қысқа болады. Мысалы, америка опоссумы 12, алып (сұр) кенгуру 38 – 40 күнде толық жетілмеген ұрпақ береді. Құрсақтан шыққан әлсіз ұрпағы жерге түспестен анасының бауырындағы қалтаға түседі де емшекке жабысады. Дамуы аяқталып, сүттен басқа қорек жеуге жарағанда жерге түседі. Бірақ анасынан ұзап кетпей, қауіп төнгенде қалтаға тығылып, жауларынан қорғанады. Қалталы жануарлардың тіс қатары құрылысына қарай 2 отряд тармағына – көп күрек тістілерге (Polyprotodontіa) және екі күрек тістілерге (Dіprotodontіa) бөлінеді. 9 (кейбір мәліметтерде 15) тұқымдасы, 250-дей түрі белгілі. Қалталылардың ішінде кәсіптік мақсатта көп ауланғаны – кенгуру (Macropodіdae). Бұлардың 15 – 17 туысқа бірігетін 55 түрі бар. Алматы хайуанаттар саябағында алып (исполин) кенгуру (Macropus gіgantea) ұсталады. Кенгурудың дене тұрқы 25 – 160 см, құйрығының ұзындығы 15 – 105 см (кейбір түрінде өте мықты болады), салм. 1,4 – 90 кг. Көпшілік түрі секіріп қозғалады, жүгіргенде жылд. 50 км/сағасырқа дейін жетеді. Топталып жүреді, өте сақ жануарлар, негізінен, өсімдікпен қоректенеді. Жылына 1 рет 1 – 2 күшік табады, ұрпағын бауырындағы қалтасына салып, 6 – 8 ай асырайды. Кенгурудың 9 түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.

Толығырақ… Австралия жануарларының арасында қалталылар тұтастай үстемдік етеді.Бұл жануарлардың қарындарында төлдерін салып алып жүретін тері қалтасы бар.Қалталы жануарлар Америкада да кездеседі, бірақ олар Австралияда кең таралған. Қазіргі қалталылардың ең ірі өкілі – жирен кенгуру.Бұл жануар Австралияның нышандарының біріне айналған,сондай-ақ Австралилық елтаңбада да бейнеленген.Ірі және күшті кенгуру туылғанда кішкентай және әлсіз болады.Ол анасының қалың жүніне жабысып, қалтаға кіріп емізікке бекітіледі.Ол қалтада сүтпен қоректеніп жарты жылдай өмір сүреді. Қалталы жануарлар Австралияның барлық табиғи зоналарында тропикалық ормандарында, шөлдерінде тіршілік етеді.Олардың арасында жыртқыштар, жәндік қоректілердің түрлері, сондай-ақ өсімдік қоректілер де кездеседі. Коала пүліш қонжыққа ұқсап ағаш үстінде өмірін өткізеді.Ол құрлықтың батысындағы эвкалипт ормандарында мекендейді.Австралияда көп таралған бұл өсімдіктің жапырақтары ересек коаланың жалғыз жарамды қорегі болып табылады.Төлдерін сүтпен қоректендіреді және үстінде:жарты жыл қалтасында, содан соң – арқасында тасиды.Баяу қимылдайтын коалаларда табиғатта дұшпандары аз, олар:жыртқыш құстар және ормандарды шауып, оларды баспанасыз және қорексіз қалдыратын адамдар. Қорқытатын атауы бар тасман шайтаны (талисманский дьявол) жануары қалталы жыртқыш болып табылады.Ол қазір тек қана Тасман аралында мекендейді, бірақ құрлықта да көп таралған кездері де болған.Бұл жыртқышқа атауын өзімен бірге әкелен үй құстарын онымен бөлісе алмаған австралиялық қоныс аударушылар «сыйлаған».тасман шайтанына тауықтар мен үйректер дәміне сай келеді, негізінде ол өлімтікпен қоректенеді.Оның аналығында қалтасы бар, бірақ ол кенгуру мен коаладағыдай алдынан емес артынан ашылады.Тасман шайтанына төлдері бір сантиметр шамасында туады.Олар қалтада бес ай жатады.Кейін шешесі шөптен жұмсақ ұя жасап, төлді жатқызады. Еуропалықтар Австралияға сол аймақты мекендеген көп үй жануарларын , жабайы аңдарды әкелді.Қалталы жануарлар «шақырылмаған қонақтармен» бәсекелесе алмайды,күннен – күнге олардың саны азайып бара жатыр.

 

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Ұрықжолдастылардың  аса маңызды отрядтары. Олардың биологиялық ерекшеліктері. Бунақденеқоректілер, Қолқанаттылар, Кемірушілер, Қоянтәрізділер.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Ұрықжолдастылар

Ұрықжолдасы

Ұрықжолдастылар, плаценталылар (Eutheria, Placentalia) — қазіргі сүтқоректі жануарлардың инфракласы. Инфракласс — жануарлар жүйеленуінде класс тармағы мен отряды арасынан орын алады. Бұл класс өкілдерінің бәрінің де ұрық дамуында ұрықжолдасы қатысады (қараңыз Плацента). Ол ұрықты жатырдың қабырғасындағы бұлшық еттермен байланыстырады. Ұрықжолдастыларда қалталысүтқоректілерде болатын арнайы қалта және қалталы сүйектер болмайды. Ұрықжолдастылардың ұрпақтары жақсы жетіліп туады әрі өз беттерінше еме алады. Бұлардың астыңғы жақ сүйегінің бұрыштық өскіні ішке қарай иілмеген. Алдыңғы миы айқын ми сыңарларына бөлініп, оның сыртында ми қыртысы (неопаллиум) өте жақсы дамыған, әрі ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы байланысқан. Ұрықжолдастылардың көпшілігінің тістері айқын жіктеліп, сүт және тұрақты тістерге бөлінген. Ересектерінің дене температурасы жоғары әрі тұрақты. Ұрықжолдастылардың қазіргі кезде 17—18 отряды бар: жәндікқоректілер, жүнқанаттылар, қолқанаттыларприматтар, толықемес тістілер, панголиналар, қоянтәрізділер, кемірушілер, киттәрізділер, жыртқыштарескекаяқтылар, түтіктістілер, тұмсықтылар, дамандар, сирендер, сірітабандылар, тақтұяқтылар және жұптұяқтылар. Ұрықжолдастылар жер шарының барлық құрлықтары мен мұхиттарында кең тараған. Қазақстанда 8 отряды, 170-ке жуық түрі белгілі. Ұрықжолдастылардың жануарқоректі, өсімдікқоректі және аралас қоректенетін түрлері де кездеседі. Олардың көпшілік түрінің кәсіптік мәні бар. Ұрықжолдастыларды бағалы ұлпаны, терісі, еті, майы, т.б. өнімдері үшін аулайды.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Жыртқыштар (ит, мысық, аю, сусар тұқымдастары). Ескекаяқтылар. Китәрізділер. Жұптұяқтылар. Тақтұяқтылар. Тұмсықтылар. Приматтар.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Сүтқоректілер Жер шарында кең тараған. Сүтқоректілерге гоминидтер де жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілер класы 2 класс тармағынан: құрамында жұмыртқа салушылар отряды бар алғашқы аңдар класс тармағынан және құрамында қалталы жануарлар мен ұрықжолдастылар инфракласы бар нағыз аңдар класс тармағынан тұрады. Сүтқоректілердің 4,5 мыңнан астам түрі белгілі. Жылы қандылығы,ұрпағына қамқорлық жасауы, жоғарғы жүйке жүйесінің болуы сүтқоректілерге жер шарының Солтүстік полюсінен бастап, Антарктидажағалауларына дейінгі барлық жерді мекендеуге мүмкіндік берді. Қазақстанда сүтқоректілердің 8 отряды (жәндік жегіштер,қолқанаттыларкеміргіштер, қоянтәрізділер, жыртқыштаржұптұяқтылартақтұяқтылар және ескекаяқтылар), 31 тұқымдасы және 180-нен астам түрі кездеседі. Әсіресе, қосаяқаламантәрізділерқуысмүйізділержертесерлер, т.б. тұқымдастарының түрлері өте көп. Жеке жүріп (кірпіжертесерсусараю, т.б.), топталып (шақылдақ, сарышұнақ, суыр), табын, үйір болып (арқартаутекеақ бөкен) тіршілік етеді. Сүтқоректілердің кейбіреулері (суыр, үлкен құмтышқан, т.б.) қорегін күндіз, басқа түрлері (тоқалтіс, кейбір жыртқыштар, т.б.) іңірде не түнде, ал үшінші біреулері күндіз-түні аулайды. Аю, жанат, жанаттәрізді итборсық, т.б. қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Көптеген сүтқоректілер (қарақұйрық, ақ бөкен, түлкіқасқыр, қолқанаттылар, т.б.) маусым сайын қоныс аударып отырады. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 1 рет, кейбір түрлері (кемірушілер,жәндікқоректілер, т.б.) 2 – 3 рет балалайды. Буаздық мерзімі де әр түрлі, мысалы, тышқантәрізділерде – 12 күн, борсық пен жылқыда – бір жылдай. Кейбіреулері 1 айда (сары тоқалтіс), ал кейбіреулері (құланмаралбұлан) жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі. Тіршілік ету ұзақтығы 14 – 18 айдан (тоқалтіс) 20 – 30 жылға (бұлан, марал, жылқы) дейін созылады.
Мағынаны тану  Жыртқыштар (Carnivora) – сүтқоректілердің бір отряды. Австралия (тек жерсіндірілген түрлері ғана бар) мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кең таралған. 12 тұқымдасы, 235-ке жуық түрі анықталған. Қазақстанда 5 тұқымдасы (итаюжанат,сусармысық), 14 түрі бар. Салмағы 250 г-нан (аққұлақ) 250 кг-ға (аю) дейін барады. Әр аяғында 4 – 5 башайы болады. Құйрығының ұзындығы дене тұрқының жартысындай, кейде одан қысқарақ. Жүні ұзын әрі қалың, әр түсті болады. Жыртқыштардың азу тістері жақсы дамыған. Аталығы мен аналығының жыныстық диморфизм айырмашылығы аз, не мүлдем байқалмайды. Иіс жәнеEсту мүшелері жақсы жетілген. Қорегін таңертең, көбінесе іңірде немесе түнде аулайды. Жылына 1, кейбір түрлері 2 – 3 рет, кейде 2 жылда 1 рет балалайды. Күшіктері нәзік, қызылшақа болып туады. Жыртқыштардың арасында кәсіптік маңызы бар, терісі пайдалы (БұлғынКәмшатАқкісҚара Күзен, т.б.) не зиянды кемірушілерді жеп пайдасын тигізетін, сондай-ақ Ауыл шаруашылығына,Аңшылыққа зиян келтіретін, ауру тарататын түрлері де бар. Жыртқыштардың кейбір түрлері (Қызыл қасқырТянь-шань қоңыр аюы,Барыс, Қабылан, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[

 

Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары: ормандардың, ашық  кеңістіктердің (даланың), су қоймалары мен олардың жағалауларының сүтқоректілері. Топырақ астында мекендейтін сүтқоректілер.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Кім жылдам ойыны

Сүтқоректілердің қоректену жүйесіндегі мүшелерді ретімен жаз

Ауыз, өңеш, аш ішек, тік ішек, аналь тесігі, жұтқыншақ, тоқ ішек, қарын

Венн диаграммасымен  жұмыс жүргізу

             Сиыр  Ұқсастығы    Жылқы
 Жұп тұяқтыларМүйізі барСүт, айран,құрт

Мөңірейді

Бұзау

Үндістанда табынады

Бауырқұртпен ауырады

 Терісі жұмсақТөрт аяқтыЕт

Дене құрылысы ұқсас

 Тақ тұяқтыларҚамбар атаМүйізі жоқ

Мінеді

Қымыз

Тайбурыл

Құлын

кісінейді

Халықтық педагогика  бүгінгі сабақта   7-жоқ1.Жерде өлшеуіш жоқ                1. Итте бұғана сүйек жоқ2.Аспанда тіреуіш жоқ                2.Бақада  қабырға жоқ

3.Таста тамыр жоқ                       3.Балықта қабақ жоқ

4.Тасбақада талақ жоқ                  4.Жыланда аяқ жоқ

5.Аллада бауыр жоқ                       5.Құста тіс жоқ

6.Аққуда сүт жоқ                             6.Акулада торсылдақ жоқ

7, Жылқыда өт жоқ                        7.Сиырда—————-жоқ

Аңыз әңгімелер мен жұмыс  аңыз әңгімелер білім әлемінде

Неліктен атта өт жоқ, сиырда күрек тіс жоқ?

Жер әлемді жасап біткен соң құдай адамнан:–Қайсысын ұзақ жасайын жазды  ма, қысты ма?- деп сұрайды.  Адам оған :-Оны менің достарым ат пен өгізден сұра. Олар қалай десе солай болсын деп  жауап береді. Құдай алдымен аттан сұрады.—Сен  қалай болғанын қалар едің,қыстың ұзақ болғанын ба, жоқ қыстан гөрі жаздың ұзақ болғанын ба?—Мен жаздың ұзақ болғанын қалар  едім,-деді ат,-әйтпесе қыста менің тұяқтарым қатты мұздап қалады.Құдай содан кейін өгізден сұрайды:-Сен не дейсің, саған қайсысын ұзартып, қайсысын қысқартқанын қолайлы?—Қысты ұзартқан дұрыс қой,- деді өгіз,-жаздың ыстығында менің  мұрнымнан су тоқтаусыз ағады. Құдай дәл солай істеді,қысты ұзақ, жазды қысқа етті. Өгіздің жауабын естіп ашуланған ат оны дәл су-су болып тұратын тұмсықтан келіп бір тепті.Тепкенде де қатты тепті, алдыңғы тістерін қағып түсірді .Өгіз атты сүзіп, өт қабын жарып жіберді. Үлкендердің айтуынша содан бері атта өт жоқ. Сиырда алдыңғы күрек тіс жоқ

Аңыз әңгімен жұмыс  жүргізіп болған соң оқушыларға  сүтқоректілер класына топтастыру жұмысын ұсындым

                  Сутқоректілер класы

Логикалық    сұрақтар1.Жер бетінде қандай жануардың төрт тізесі бар?

т ү й е

2.Өкпе ауруымен ауырмайтын үй жануары?

и т

3.Әлемдегі ең биік жануар?

к е р і к

4. Бір жақ қырымен жатып ұйықтайтын жыртқыш сүтқоректі?

а қ а ю

5 Жер бетіндегі ең тісі көп  жәндік?

Ұ л У

Қорытынды пысықтау сұрақтары1.Суда мекендейтін сүтқоректілерді ата?2.Ұшатын  сүтқоректілерді ата?

3.Топырақ астында мекендейтін сүтқоректілерді ата?

4.Құрлықта мекендейтін сүтқоректілерді ата?

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Қолға үйретілген аңдар. Қолтұқымдарының әртүрлілігі және оларды адамның пайдалануы.  Жабайы ата-тектерден шығуы.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Жануарлар дүниесінің тарихи дамуы. Жерде жануарлар дүниесі тарихи дамуының дәлелдемелері. Эволюция туралы түсінік. Жануарлар дүниесінің алуантүрлілігі тірі табиғат эволюциясының нәтижесі екендігі.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Омарта шаруашылығ

Балара — жарғаққанаттылар отрядына жататын, қолға үйретілген бунақденелілердің бір түрі. Оның екі жұп мөлдір жарғаққанаттары бар.Құрсақ бөлімі көкірек бөлімімен жіңішке сабақша арқылы байланысқан. Құрсағы өте қозғалмалы, онда улы бездері мен шағатын шаншары орналасады. Балараның 2 күрделі, 3 қарапайым көзі бар. Астыңғы жағы мен астыңғы ерні бірігіп, тұмсыққа айналған, тұмсығымен гүл шырынын сорады. Жұмысшы аралардың тұмсығы жақсы жетілген. Дернәсілдерін басы мен көкірек бөлігіндегі сілекей бездерінен бөлінетінсүтке ұқсас затпен қоректендіреді. Артқы екі аяғында гүл тозаңдарын жинайтын себетшесі болады
Балараны ерте кезде жабайы аралардан қолға үйреткен. Мысыр елінде бұдан үш мың жыл бұрын омарта шаруашылығы жақсы дамыған.Балара киелі жәндік болып саналған. Балараның алғаш қолға үйретілген аймақтары — Азияның оңтүстігі және оңтүстік-шығысы деп есептеледі.Баларалар топтанып тіршілік етеді. Әрбір топта бір аналық, көптеген жұмысшы және аталық аралар болады. Аналық араның денесі ірі, құрсағы үлкен, ұнда тек жұмыртқа салады. Аталық аралар аналық арадан кіші, денесі жалпақтау, олар аналық араларды ұрықтандырған соң өледі. Әрбір ұяла 2-3 мыңдай аталық аралар болады. Жұмысшы аралар — ұядағы ең денесі кіші аралар тобы. Олар гүл шірнесін, тозаңын жинап, балға, балауызға айналдырады. Үяны тазалайды, дернәсілдерді, аналық араны қоректендіреді, ұяны қорғайды, ұядағы ылғалдылық пен температураны реттейді. Әрбір ұнда 60-70 мыңдай жұмысшы балара болады.

Баларадан алынатын бал, балауыз басқа да өнімдер өте қымбат бағаланады. Балдық шипалық қасиеті өте жоғары.

Жібек шаруашылығы

Жібек

Жібек шаруашылығы. Жібеккөбелегі — қабыршаққанаттылар (көбелектер) отрядының бір түрі. Қазіргі кезде жабайы түрі кездеспейді. Бұдан 5 мың жыл бұрын Қытайда қолда өсіріле бастаған. Жібеккөбелекті кейде тұткәбелек деп те атайды. Өйткені ол тұт ағашыныңжапырағымен ғана қоректенеді. Шет елдерде бұдан басқа емен көбелегінен де жібек өндіріледі. Жібеккөбелектің дернәсілдері бірнеше рет түлеп, піллә түзеді. Піллә — жібеккөбелектің қуыршаққа айналған кезде,арнайы бөлінетін безінен түзілетін сыртқы қабаты. Піллә өте жіңішке, біртұтас ұзын жібек жіптен тұрады. Одан арнайы өңдеу арқылы табиғи жібек алынады .
Жібек шаруашылығы ЖапонияҚытайҮндістанКореяТүркияИталияИспанияБразилияОрта АзияКавказ жерлерінде бар.
Қазақстанда жібек көбелегі Өзбекстанмен шекаралас оңтүстіктегі аудандарда ғана өсіріледі.
Жібек көбелектің жұмыртқаларын тоңазытқыштарда белгілі температурада сақтайды. Көктемде тұт ағашы жапырақ шығара бастағанда,
арнайы бөлмелерде тақта тәрізді темір тордың үстінде өсіреді. Үнемі тұт ағашының жас жапырағымен қоректендіреді. Қазіргі кезде жібеккөбелекті сұрыптау арқылы олардың мол өнім беретін қолтұқымдары шығарылған. Бұл салала Ресей ғалымы Б. Л. Астауровтың еңбегі зор.

Үйқоян шаруашылығы

Жабайы қоян

Үйқоян шаруашылығы. Үйқоянның арғы тегі — жабайы қоян. Біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырларында (ІІІ—IV ғғ.) Испания, Марокко елдерінде қолға үйретілген. Бірте-бірте басқа елдерге таралған. Үйқояны еті, терісі және түбіті үшін өсіріледі. Қазір дүние жүзінде үйқоянның 60-қа жуық қолтұқымы өсірілуде. Үйқоянның денесі жабайы қояннан ірі, 7-10 жыл өмір сүрелі және жыл он екі ай көбейе береді. Көжектері 3-4 айда жыныстық жағынан жетіліп, ұрпақ бере бастайды. Өте өсімтал, бір аналық үйқояны жылына 3-6 рет ұрпақ береді. Әрбір ұрпақ берген кезде 6-8 көжектен туады.
Етті, етті-терілі бағытта өсірілетін үйқоян қолтұқымдарын 3-4 айында сояды. Үйқоян еті — жеңіл әрі сіңімдітамақ, тез қорытылады. Жас балалар, аяғы ауыр әйелдер үшін өте пайдалы. Үйқоянын еті үшін Франция, Италия елдері өте көп өсіреді.
Үйқояндардың етті, етті-терілі, терілі және түбітті қолтұқымдары бар.
Етті-терілі қолтұқымдарға — мардер, шынша (шиншилла), шампан үйқояндары жатады. Қолтұқымдардың дене мөлшері орташа, терісі мен түгі сапалы болады.
Етті қолтұқымдарға — ақ, сүр, күміс түсті, қара-қоңыр түсті үйқояндары жатады. Олардың денесі ірі, кейбірінің салмағы 7-8 килоға дейін жетеді. Терілі қолтұқымдарға — ақкіс, аляскарекс үйқояндары жатады. Олардың тірідей салмағы 2-3,5 кг. Түгі әдемі және біртегіс. Үйқоянының терісі әдетте боялмай, табиғи түсі, түгі қырқылмай пайдаланылады. Түбітті қолтұқымдарға — татар, ангор үйқояндары жатады. Түгінің 90-92 пайызы түбіт, қылшығы аз. Мұндай қолтұқымдар түгінің түсі ақ, қара және көк болып келеді. Әр үйқояннан 360- 500 г түбіт алынады. Үйқоянын қолға өсіру тиімді. Олар тез көбейеді, онша күтім талғамайды. Мектеп жанынан үйқоян өсірушілер үйірмесін ұйымдастыруға болады.

Бұғы шаруашылығы

Бұғы

Бұғы шаруашылығының екі саласы бар. Бірі — солтүстік жетелі өсіру, екіншісі, мүйізін алуға байланысты бұғы өсіру шаруашылығы .
Солтүстік бұғысын өсіру Еуразияның , Солтүстік Американың тундра аймағында ерте кездей бастап дамыған. Жергілікті түрғындарсолтүстік бұғысын мініс келігі ретінде, жүк тасу үшін пайдаланады. Еті, терісі үшін қолда өсіреді.
Мүйізін алу үшін кәдімгі бұғы мен теңбіл бұғыны қолда өсіреді. Олардың сүйектенбеген мүйізінен өте бағалы пантокрин дерісі жасалады. Мүйіздің шипалық қасиеті өте жоғары. XIX ғасырдың 40-жылдары Оңтүстік Алтайда жабайы бұғылар арнайы қоршалған жерлерде қолда өсіріле бастады. Бұғы өсіретін шаруашылықтар Қиыр ШығыстаКраснодар өлкесінде де бар. Қазақстанда Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданында ұйымдастырылған.
Осы ауданның марал өсіретін шаруашылықтарында қазіргі кезде 11-12 мың бас бұғы бар. Алдағы уақытта бұғы шаруашылығын дамыту шараларын қолға алу көзделуде. Алтай өңірінде бұғы өсіріл, мүйізін алу мақсатында «Ақсу-Ден» бірлескен кәсіпорны, «Маралды» шаруа қожалығы және «Ақсу» акционерлік қоғамы ұйымдастырылған. Қазір бұл өңірле соңғы технологиялық жетістіктермен жабдықталған, пантокрин өндіретін зауыт бар. Алдағы уақытта бұғы шаруашылығына негізделген емдеу-сауықтыру орындарын салу көзделіп отыр.

Шошқа шаруашылығы

Шошқа шаруашылығы — үй хайуанаттарының негізгі саласы. Шошқаның еті, майы тағам ретінде кеңінен пайдаланылады. Сонымен бірге терісі, басқа да өнімдері, халық қажетіне жаратылады. Шошқаның арғы тегі —доңыз.
Қазақстанда жабайы қабан мен ақ шошқа мегежіндерін ұрықтандыру арқылы шошқаның етті-майлы жетісу шошқа қолтұқымы шығарылды. Ол еліміздің оңтүстік-шығыс аймақтарының табиғи жағдайларын бейімделген. Өсімтал және тіршілік етуге өте бейім қолтұқым.

Аң шаруашылығы

Түлкі

Үлбірлі бағалы аңдар арнайы темірден жасалған торларда қолдан өсіріледі. Қаракүзен, көгілдір, күміс түсті түлкілербұлғынсазқұндыз,ондатрлар — қолда өсірілетін аңдар . Олардан алынатын басты өнім — үлбір (мех). Аң шаруашылығы көптеген шет елдерде жақсы дамыған. Біздің елімізде енді ғана дамып келеді.
Қолға үйретілген жануарлар негізінде әр түрлі шаруашылықтар ұйымдастырылған. Жабайы бунақденелердің омарта шаруашылығының, жібек шаруашылығының ұйымдастырылуы соның айғағы. Үйқоян шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы халықты еттерімен қамтамасыз етсе, үйқояннан түбіт, бұғыдан дәрілік мүйіз алуға болады. Шошқа шаруашылығының ет пен майы, сондай-ақ терісі пайдаланылды. Аң шаруашылығының негізгі өнім- үлбір.
Қазақстанда омарта шаруашылығы XIX ғасырдың бас кезінде Шығыс Қазақстан өңірінде дами бастады. Бірте-бірте Жетісу аймағына және т.б. таулы жерлерге тарады.

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Жануарлар дүниесі организмдердің, популяциялар мен түрлердің және бірлестіктердің көптүрлілігінің көрінісі. Тірі табиғаттың құрылым деңгейлері. Жануарларды қорғау және олардың  көптүрлілігін сақтауда адам және қоғамның рөлі.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология  оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Түрлі фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Жануарлар дүниесін қорғау

Омырқасыздар

Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.

Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.

Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.

Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (197819911996) жарық көрді.

2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз жануарларға арналған Қызыл кітабы жарық көрді. Оған буылтық құрттардың — 2,ұлулардың — 6, шаянтектестердің —1, өрмекіштектестердің — 2, жәндіктердің — 85 түрі тіркелген (барлығы 96 түр). Қазір бұларға қоса жеке облыстардың Қызыл кітаптары жарық көре бастады. Мысалы, 2006 жылы республикамызда алғаш рет Алматы облысының жануарларға арналған Қызыл кітабы шықты. Бұл кітапқа облыс аумағында сирек кездесетін жануарлар тіркелген. Соңғы жылдары шығып жаткан жануарларға арналған Қызыл кітаптарда жеке түрлер 5 категорияға бөліп беріледі:

I—жойылып кету қаупі төнген түрлер;

II— саны күрт азайып бара жатқан түрлер;

III—сирек кездесетін түрлер;

IV—толық зерттелмеген түрлер;

V— қалпына келтірілген түрлер.

Қызыл кітапқа енген түрлер заң жүзінде катаң қорғалады.

Жұмбақтар шешу
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан
Үп — үлкен боп жасқанар
Кіп-кішкентай арадан (…)

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат,
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді? (…)

Мағынаны тану
Ой толғаныс  

Екі жақты күнделік

Кітаптағы ой Менің қосарым
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь