ГЛАВНАЯ Образцы планов Алғашқы әскери дайындық Тактикалық дайындық

Тактикалық дайындық

158
0

 

Сабақтың тақырыбы: Тактикалық дайындық. Қазіргі заманғы ұрыстың сипаты, жауды жою құралдары, сарбаздардың жəне əскери бөлімдердің ұрыстық міндеттерді сəтті орындауларын қамтамасыз ететін шарттар.

Білімділік: Қазіргі заманғы ұрыстың сипаты, жауды жою құралдары,  жайлы түсіндіру және , сарбаздардың жəне əскери бөлімдердің ұрыстық міндеттері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Ой –өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелілік: ядролық  қару  жəне  оның  сипаттамасы жайлы түсіндіре отырып, бейбітшілікке, қамқоршылдыққа, бауырмалдыққа және қорғану  əдістерін үйрете отырып батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

 

— Қандай бұрыш магниттік бұрыш деп аталады?

— Қандай бұрыш дирекциондық деп аталады?

— Дирекциондық бұрыш бағыттары картаға қалай енгізіледі?

Қандай бұрыштар меридианның жақындауы деп аталады?

Жаңа тақырып

Қазіргі заманғы ұрыс сипаты.

    Ұрыс – соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің, әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден – бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлері, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теңіз жағалау бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери — теңіз күштері қатысады.

Қазіргі заманғы ұрыста қарсыластар жағы ядролық қару және жеңіліске ұшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар қолданып жүргізуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету, қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылары, ұрысқа қатысушы бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары, жауынгердің моральдық және дене күштерінің шектік төзімділігі нәтижесінде мүмкін болады.

    Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері: айлалық (маневрлік), жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр түрлілігі, жеке құрамның моральдық — психологиялық және дене күштерінің жоғары болуы.

    Қазіргі ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы. Ұрыс мақсатына және тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және бетпе – бет ұрыс.

    Шабуыл ұрыстың негізгі түрі. Шабуылдың мәні: шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күшін, қару – жарағын, ұрыс техникасын жояды да қарсылас орналасқан аймақты басып алады.

Шабуыл алдында, әдетте, атыс дайындығын жүргізеді. Ол қарсыластың маңызды объектілерін талқандау мақсатында оның қорғанысына артиллерия мен авиацияның алдын ала жоспарланған және дайындаған соққысын жіберуден тұрады.  Осы уақытта ядролық соққылар да жіберілуі мүмкін.

Қорғаныс – қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. Қорғаныс қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен зақым келтіру, бекіністер мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды күрес жүргізу.

Бетпе – бет  ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде жүргізіледі. Ол ұрыс барысында: шабуылда — қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде, қорғаныста – шабуылдаушы қарсыласқа қарсы шабуыл жасау кезінде тууы мүмкін. Бетпе – бет  ұрыс кезіндегі әскерлердің қимылы негізіне — қолда бар барлық атыс құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, тиімді шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың алдын алу; тыл мен қапталдардан соққы беру, қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады.

Жаппай жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін колданылатын жою қабілеіі жоғары кару. Жаппай жою қаруының жою факторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уакытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдық, психологиялық әсер етуі мүмкін. Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі калалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардыд еңбек өнімдері жоне өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады. Жаппай закымдаудын қазіргі заманғы құралдарына ядролык (Жаппай жою қаруының негізгі түрі), химиялык және бактериологиялық (биологиялық) кару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталар, авиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі

Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау — әскерлерді, тылдағы нысандарды ядролық, химиялық, биологиялық қарулардан қорғау, әскерлердің соғысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында жүргізілетін шаралар жиынтығы. Оған төнген қауіп туралы дер кезінде хабарлау, халықтың кейбір бөлігін қауіпсіз жерге көшіру, қорғанатын баспана ұйымдастыру, қорғанудың дербес құралдарымен, сумен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, халықтың азаматтық қорғаныс ісі жөніндегі білімін арттыру және адамдардың үрейленбеуі үшін арнаулы тәртіп сақтайтын қызмет орнын құру т.б. шаралар жатады. Сондай-ақ, оған белгілі бір ауданда жарылған ядролық бомба желдің соғу бағытына қарай көптеген аймаққа радиоактивтік зақым келтіретінін есепке ала отырып, әуеден төнген қауіп-қатермен бірге, жаудың ядролық соққысы қай ауданда болғанын, барлаушылардан түскен мәліметтер бойынша желдің бағытын, атом қаруының радиоактивтік зақым келтіретін аймағының көлемін радио арқылы халыққа хабарлау жүйесі де енеді

     в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

жалпы әскери ұрыс дегеніміз не?

қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар.

қазіргі ұрыстың түрлерін атап, оларға сипаттама беріңдер.

қарсыласқа зақым келтіру құралдары туралы айтыңдар

 

 

 

29 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тактикалық дайындық.

Бөлімшенің  ұрыстық  жəне  жорықтық  тəртібі,  бөлімшенің  ұрыстық əрекеттерін  қамтамасыз  ету(барлау,  жаппай  қыру  қаруларынан  қорғану, жасырыну,  қорғау,  инженерлік, химиялық,  тылдық  жəне  техникалық қамтамасыз ету), бөлімшені басқару, ұрыс кезіндегі сарбаздың міндеттері

Білімділік: Бөлімшенің  ұрыстық  жəне  жорықтық  тəртібі,  бөлімшенің  ұрыстық əрекеттерін  қамтамасыз  ету(барлау,  жаппай  қыру  қаруларынан  қорғану туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Ой –өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелілік: ядролық  қару  жəне  оның  сипаттамасы жайлы түсіндіре отырып, бейбітшілікке, қамқоршылдыққа, бауырмалдыққа және қорғану  əдістерін үйрете отырып батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

 

Бөлімдер мен бөлімшелерді ұйымдастыру — мықты, бір-бірімен тығыз байланысты бөлімдер мен бөлімшелердің құрылуы, ұрыс жүргізу үшін неғұрлым тиімді әдістерді белгілеу, әр-түрлі міндеті бар әскери қызметкерлер кұрамын оқыту, сол сияқты оларға кажетті қару-жарақ, әскери техника мен көлік санын айқындау. Әскери бөлім қай жағынан алып қарағанда да (ұрыс, оқу, әкімшілік, шаруашылық) дербес құрылым болып саналады. Батальондар (дивизиондар), роталар (батареялар), взводтар, бөлімшелер (есептоптар мен экипаждар) ұрыс шарттарына сәйкес, оңтайлы басқару мен сарбаздарды оқытуға ыңғайлы болып құрылған әскери бөлімнің бөлімшелері болып саналады. Бөлімдер мен бөлімшелерді ұйымдастыру ісі әрқашан ұрыс жүргізудің тәсілі мен түріне карай ыңғайластырылады

барлаудың рөлі

Барлау – кез-келген жағдайда әскерлердің ұрыс қимылдарынқамтамасыз етудің маңызды түрі болып табылады.Ол қарсылас, жергілікті жер және бөлімшелердің алдағы қимыл ауданының ауа райы туралы мәліметтерді табу,жинау,зерттеу іс-шараларының жиынтығынан тұрады.Ұрысты дайындау және табысты жүргізуге  қажетті барлау мәліметтерін алу үшін оны барлық деңгейдегі командирлер мен штабтар ұйымдастырады.

Қарсыласты талқандау үшін ірбір командир оның күшті және әлсіз жақтарын,күштері мен құрамын,оның ниетін және т б білуі керек.Мұндай мәліметтерсіз жеңіске жету қиын.

Қазіргі заманғы ұрыс сипаты,жаппай жою құралдарын қолдану- барлау мәнін күрт көтерді,тиісінше өзі оған қойылатын талаптарды да күшейтті.

Взводты барлау жүргізугедайындау кезінде бүкіл қару жарақты мұқият тазалау,майлау, дәлдеу,қару жарақты,азық түлік пен медициналық заттарды қажетті мөлшерге дейін толықтыру жүргізіледі.Барлық ұрыс заттары мұқият,сенімді,ыңғайлыорналастырылп, бекітілуі керек.Ұрыс машиналары тексеріліп,техникалық жарамды,жанар-жағар май толық құйылған,байланыс құралдары көрсетілген жиілікке қойылған болуы керек.Түнде көру құралдары ,навигациялық аспаптар тексеріліп,жұмысқа даярланады.

Барлау міндеттері:

Қарсыластың жаппай жою құралдарын қолдану координаттарын анықтау/кез келген барлаушының бірінші міндеті/;

Берілген секторлар мен бақылау жолақтарында,барлау жолақтары мен бағыттарында көршілердің және өз бөлімшелерінің қимылын,қарсыласты және жергілікті жерді бақылауды жүргізу;

Қарсыластың ұрыстық ретіндегі ашық қапталдарын,түйіспелерін, аралықтарын және олардың берік қорғалмаған учаскелерін анықтау;

Қарсыласты табу,оның орналасу ауданын,күштерін,құралын,топтастығын,қимыл сипатын,ниетін,ұрыс қабілетін,бөлімдер мен бөлімшелердің нөмірленуін анықтау;

Басқару пункттерінің,байланыс тораптарының,радиотехникалық құралдарының,атыс құралдарының ,ианк,артиллерия,минаатар,танкіге қарсы құралдары мен қарудың басқа түрлерінің нақты орнын белгілеу;

Қорғаныс құрылыстары мен инженерлік-химиялық бөгеттерді барлау;

Жергілікті жер сипаты мен қорғаныштың қасиетін жер бедері, табиғи бөгеттер,жол,көпір, су тосқауылдарының жай күйін,алдағы ұрыс қимылдарының ауданын және бөлімшелердің ұрыс қимылдарына жергілікті жердің әсерін зерттеу;

Қарсыластың ұрысқа дайындық сапаларын және ұрыстық қолдану тиімділігін анықтау мақсатындаолардың қару жарағының жаңа үлгілерін қолға түсіру.

барлау жүргізу тәсілдері

Бақылауды взвод командирі де ,мотоатқыш взводының барлық құрамы да жүргізеді.Жер үсті және әуе қарсыластарын бақылау үшін взводта және әр бөлімсде бақылаушы жауынгер тағайындалады.ЖҰМ-нан,танкіден,айнала бақылау жүргізіледі.Бақылау секторлары бақылау аспаптарының ,атыс саңылауларының және жеке құрамның орналасуына қарай тағайындалады.Бақылау кезінде алдымен жақын жатқан жерлер,содан соң алыс шептер қаралады.Бақылаушыда карта,сағат,компас,байланыс құралы және бақылаушы журналы болуы керек.

Торуылды ұрыстың барлық түрінде барлау жүргізудің бір әдісі ретінде барлау шолғыны және барлау шолғыны жіберген шолғын бөлімі сонымен бірге осыған арнайы берілген взвод қолданады.Жақсы ұйымдастырылған және дайындалған торуыл- қарсылас үшін тор іспеттес.Оған түсу оңай , шығу қиын.Барлаудың бұл әдісін көбіне танк бөлімшелері қолданады.торуыл қарсылас қимылының ықтимал бағыттарында ұрыстық ретке тез жазылуы қиын жерлерде ұйымдастырылады.

Орман, елді мекен шеті,қарсылас жағындағы бейіттер,көпірлерге, өткелдерге, темір жол станцияларына  кіре берісте торуыл ұйымдастыру қолайсыз.Өйткені қарсылас мұндай аудандарға жақындағанда өте  сақ болады,тұтқиылдан торуыл жасау мүмкіндігі азаяды.

Торуыл мақсаты – аз күштердің кенеттен атысы арқылы күші жағынан басым қарсыласты жою және тұтқынға алу,маңызды құжаттар, қару- жарақ,жабдықтар мен ұрыс техникасының үлгілерінқолға түсіру,сондай-ақ дүрбелең тудырып, қарсыластың ядролық шабуыл құралдарын жою.

Іздеуді барлау жүргізудің әдісі ретінде мотоатқыш немесе штаттық барлау взводы қолданады.Іздеуді жүргізуге белгілегне взвод әдетте  бөгет құралдары бар саперлер бөлімімен күшейтіледі және артилериялық, минаатарлық атыс тармен сүйемелденеді.Іздеу қарсылас орналасқан тереңдікте де , алдыңғы шеп алдында көбінесе түнде немесе көрінуі шектеулі жағдайларда жүзеге асырылады.Іздеудегі взводты түнде басқаруды взвод клмандирі электр шамымен белгі беру,баулар көмегімен,дауыстап пәрмен беру арқылы жүзеге асырылады.

Тап беру – барлау әдістерінің бірі – ол көп жағынан іздеуге ұқсас,айырмашылығы- шолғын жібереген командирдің рұқсатымен барлау шолғынының  барлау жүргізу барысында жүргізіледі.

 

в)  Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

 

Барлау дегеніміз не ?

Барлаушының бірінші міндеті не?

Барлау жүргізу тәсілдерін ата ?

Бақылаушы жауынгерде не болуы керек?

 

 

 

 

 

 

 

30 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Инженерлік бекіністер,ҚР-ның жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы негізгі миналары,олар туралы техникалық-тактикалық мәліметтер,жалпы құрылысы және әрекет ету механизмі,миналарды орнататын орын және орнату тәртібі,табу тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды жарылмайтын және жарылатын  инженерлік бөгеттермен таныстыру, техникалық-тактикалық мәліметтер,жалпы құрылысы және әрекет ету механизмі,миналарды орнататын орын және орнату тәртібі жайлы терең мағлұмат беру.

Дамытушылық: Балаларды оқулықпен, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру,

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру.

Тәрбиелік  мақсаты:
1. Инженерлік бөгеттерді (жарылатын және жарылмайтын ) танып , білу.

  1. Оқушылардың әскери білімдерін арттыру.
  2. Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу, оқушылар арасында шынайы әскери достықты нығайту.

 

Өткізілетін орны: 10сынып, АӘД бөлмесі.

Өткізілетін күні:

Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы , интерактивті  тақта, сұрақ карточкалар,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.

 

б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Жарылмайтын инженерлік бөгеттер

Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз – қарсыласқа шығын келтіру , оның жүрісін бөгеу , айла қолдануын қиындату,артилерия,танк және ату қаруы  атысынан  жойылуы мүмкін бағытқа қозғалуға мәжбүр ету мақсатында жергілікті жерге орнатылған құралдар , ғимараттар мен бөгеттер.Олар топырақ,ағаш, ағаш-топырақ,метал, тас,бетон,темір  бетон,мұз, қардан жасалады.

Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай: танкіге, жаяу әскерге,көлікке, десантқа қарсы және  аралас болып бөлінеді.

Жарылмайтын бөгеттердің мынадай түрлері болады:

1.Стационарлы(орлар, эскарптар,контрэскарптар,үйінділер, баррикадалар,қар үйінділері,сым темір қақпалар және т.б. );

2.Тасымалы(сым темір ширатпалар,тікенді сымдар,бөренеден айқастырылып жасалған тосқауылдар,бөгет, керме ағаштар );

Жарылмайтын бөгеттердің орналасу орны  ұрыс жүргізу тактикасына байланыстыатыс жүйесі мен табиғи кедергілердің тығыз бірігуіне қарай таңдалады.

Танкіге қарсы бөгеттер жер қазатын техника көмегімен орналастырылады. Жер қазатын техника трапециялы ,тік бұрышты және үш бұрышты профильді  орлар қазу кезінде қолданылады.

Жаяу әскерге қарсы жарылмайтын бөгеттерге байқалмайтын сым торлар,сым ширатпалар,тез қондырылатын сым бөгеттер, қоршаулар, тікенектер мен керме ағаштар жатады.

Байқалмайтын сым торлар зауыттан әскерлерге түскен стандарт элементтерден жасалып орнатылады.Олар диаметрі 0,5-0,9 мм сым темірдің сақина ілмектерінен тұрады. Бір пакетті қондыру кезінде төрт қабатты биіктігі 1,2 м дейін , ұзындығы мен ені 10 м,биіктігі 90 см тор кеңістік пайда болады.

Тікенекті ирек сымдар жергілікті жерге ені бойынша екі үш қатардан, биіктігі бойынша бір екі қабаттан орналастырылады.Орнату кезінде иректер өзара сыммен байланып, қазықшалармен жерге бекітіледі.Орнатылған соң ирек цилиндрдің ұзындығы 10 м биіктігі 90 см болады.

Лақтырылатын тікенек сымдар басқа сым бөгеттерді орнатуға жағдай болмаған кезде қолданылады.Оларды көбінесе қалың шөптерге немесе аласа бұтақтарға, ми батпақты аймақтарға , тасты жерлерге қолданған дұрыс.Сым торлар биік және аласа  қазықшаларға тартылады.

Биіктігі 1-1,8 м шахматтық ретте жерге қағылған қазықшаларға орнатылған сым тор күйінде , ені 3-5 м , биіктігі 1,2 м  кеңістік тор жасай орнатылады,Аласа қазықшаларға орнатылған сым тордың ені 6 м жетеді.Ұзындығы  70 см қазықшалардың бірі бірінен қашықтығы 1,5 м , жер бетінен биіктігі 25 см болады.

Сымды қоршаулар тікенді сымның  5 орамымен өрілген бір қатар қазықшалардан тұрады.

Күшейтілген сымды қоршаулар – екі – үш көлденең сым бекітілген , қазықшалармен күшейтілген  әдеттегі сымды қоршау . Созылмалардың арасы 105 м қашықтықтағы қоршаудың екі жағынан  қағылған кіші қазықшаға бекітіледі.

Тікенектер мен керме ағаштар – тікенек сыммен өрілген сырғауылдар, олар жолдарға , орларға,бөгеттердегі өтпелерге қолданылатын тасымалы бөгеттер ретінде қолданылады.

ҚР ҚК миналары,олардың тактика – техникалық сипаттары мен құрылысы

Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу,маневрін қиындату,тірі күші мен техникасын шығынға ұшырату ,өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлеріменжою үшін неғұрлым қолайлыжағдай туғызу мақсатында жасалады.Мұндай бөгеттер ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады. Қарсыласқа әсер ету сипаты мен қолданылатын құралдарына қарай инженерлік бөгеттер мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас бөгеттер болып сараланады.

Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердуң негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы, жеке миналар түрінде жасалады.

Мина – жарылысқа арналған арнайы құрылғысы бар , бөгет жасау құралы ретінде қолданылатын қабықтағы жарылғыш заттың заряды.

Миналар – танкілерді және басқа да ұрыс машиналарын  істен шығаруға, қарсыластың тірі күшін жоюға ,әр түрлі нысандар мен басқа да нысаналарды қиратуға арналады.Минаның негізігі элементтері:

-жарылғыш заттың заряды

-жарылғыш

-қозғалтқыш құрылғы

-корпус.

Минадағы жарылғыш заттың заряды жою немесе нысанды қирату қуатын таратушы болып табылады.Минадағы зарядтың шамасы оның қолданылуы мен нысанды қирату деңгейіне байланысты.Мысалы,ол жаяу әскерге қарсы миналарда граммен есептелсе,танкіге қарсы миналарда ондық кг мен,ал ірі нысандарды қиратуда тоннамен есептелуі мүмкін.

Жарылғыш минадағы жарылғыш зарядты қыздыруға арналған. Ол бір –біріне қосылған соққыш – ағытқыш механизм мен тұтандырғыштан тұрады.

Қозғалтқыш құрылғысы сыртқы әсерді қабылдау және оны мина жарылғышына жеткізу үшін қызмет етеді.Қозғалтқыш құрылғысына жататындар:

-үстінен басу қақпағы;

-қазықша;

-керме сым;

-басқару сымдары және т.б.

Мина корпусы жарылғыш заттың заряды мен жарғышты механикалық зақымданудан сақтауға және орналастыруға, ал жаяу әскерге қарсы миналарда тірі әскерді жою қызметін атқарады.

Қазіргі заманғы миналардың корпусы  металдан, ағаштан, пластмассадана және басқа да материалдардан жасалады.

Танк жүріп келе жатып минаны басқан кезде танкіге қарсы мина корпусыфның қақпағы  жарылғышқап күш салу элементі болып табылады.

Жарылғыш заттың заряды бар ,бірақ жарылғышы жоқ миналар толымсыз жарақталған деп аталады және олар осы түрінде зауытта өндіріледі,қоймаларда сақталады және кез –келген көлікпен тасымалданады.Толық жарақталған миналар енгізілген  жарылғыш – электродетонатор болады.

Олар жергілікті жерді қарсыластың танк және басқа да жер үстіндегі жылжымалы техникасынжойып –құрту мақсатындажергілікті жерді миналауға арналған.Танкіге қарсы миналар:

-шынжыр табанға арналған;

-түпастыға қарсы;

-бортқа қарсы болып бөлінеді.

Шынжыр табанға қарсы миналар тек қана жүріп келіп табанымен басқан кезде ғана танк түбі мен жүріс бөлімінің элементтерін қиратын оны тоқтатады.

Түпастығак қарсы миналар танктің шынжыр табаны түбімен басқан кезде  танк түбі мен жүріс бөлімінің элементтерін қиратып оны тоқтатады.

Миналар жергілікті жердің топырағына сәйкес әр түрлі қалыпта орналастырылады.Олар тікелей топырақтың бетінде немесе топыраққа көміліпорналастырылуы мүмкін.

Танкіге қарсы миналар механика құралдарымен немесе қол күшімен орналастырылады.

Механикалық құралдар арқылы топыраққа орннатылған миналар ұрыстық жағдайға қолмен келтіріледі. Минаны топыраққа орналастырған кезде мина үстіндегі жердің бүркеніш қабатының қалыңдығы 5-8 см болуы керек.Миналарға арналған шұңқырлар өлшемі 0,6х0,6 м  болады және олар қарсыла сжағынан жабылады.

Миналар терең шұңқырларға ,сондай ақ үлкен тастар мен  ағаш түбі жанына орналастыруға болмайды. Жолда танкіге қарсы миналарқатты топырақпен және жол материалдарымен бүркемеленеді.Ми батпақты жерлерде  мина астына өлшемі мина диаметрінен 2-3 есе үлкен тақтай немесе ағаштар төселеді.

Қазықша жарғышы бар миналарқалың шөп,ұсақ бұталар бар жерлерге қойылады да 5-8 см топырақ үйіндісімен бүркемеленеді.Қазықша жарғыш үшін жер қыртысынан қиық жасалады.

Миналарды залалсыздандыру – олар алынатын қалыпта орнатылған жағдайда  ғана рұқсат етіледі. Алынбайтын қалыпта орнатылған миналарды,қақпағы,жарғыштары , корпустары зақымданған миналарды және артилериялық снарядтар жарылысы нәтижесінде жасалған шұңқырларға 1 м жақын жатқан миналарды алуға тиыми салынады.Мұндай миналар сол орнында  жарылғыш заттардың бастырма зарядтары  жарылысымен жойылады.

            Инженерлік әскерлер  — әскердің барлық түрлеріндегі соғыс қимылдары кезіндегі міндеттерді (бөгеттер жасау, қорғаныс шебін құру, өтпелер жасау және оларды жөндем қалпында ұстау, жолдар, көпірлер салу, т.б.) орындайтын арнаулы әскер саласы. Инженерлік әскерлер өздерінің міндеттеріне қарай жалпы (саперлер) және арнаулы (понтонды көпір салушылар, инженерлік құрылыс, бүркемелеу және т.б. жұмыстарын жүргізетін бөлімдер мен бөлімшелер) болып белінеді. Инженерлік әскерлер өз мідеттерін моторландырылған атқыштар, ракета әскерлері, артиллерия, танк және т.б. әскер түрлерімен өзара қоян-қолтық қимылдай отырып орындайды. Инженерлік әскерлер бекініс, жол, көпір салатын, ағаш дайындайтын күрделі техникамен, машиналарыен, бүркемелеу құралдарымен, далада сумен қамтамасыз ететін ыдыстармен, миналайтын және минасыздандыратын аспаптармен жабдықталады. Армияның ядролық қарумен қарулануына байланысты Инженерлік әскерлердін мәні де артты. Осыған байланысты олардың ұрыс даласында бөлім мен белімшелердің маневрлілігін арттыруға және жаппай қырып-жоятын қарудан сенімді қорғауға бағытталған инженерлік жұмыстары күрделілене түсті. Ұрыс кезінде Инженерлік әскерлер инженерлік барлау жүргізеді, басқару пункттерін жабдықтайды, миналандырылған жерден өтуге жол салады және минасыздандырады, өткелдерді ретке келтіреді, қарсыластың ядролық шабуылының зардаптарын жоюға қатысады және т.б. міндеттерді орындайды.

 

в)  Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз не ?
  • Жарылмайтын бөгеттердің түрлерін ата?
  • Жарылмайтын  бөгеттер қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?
  • Танкіге қарсы бөгеттер ненің көмегімен орнатылады?
  • Стационарлы бөгеттерге нелер жатады?
  • Тасымалы бөгеттерге нелер жатады?

 

Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы   оқытушысы: _____________  ______________

 

 

 

 

 

 

 

31 сабақ

Сабақтың тақырыбы:Тактикалық дайындық. Жаяу  тəртіппен  əрекет  ету  кезіндегі  сарбаздың  қозғалу  тəсілдері, ядролық жарылыс кезіндегі əрекет.

Білімділік:Оқушыларды Жаяу  тəртіппен  əрекет  ету  кезіндегі  сарбаздың  қозғалу  тəсілдерімен және ядролық қаруды жойғыш факторлармен таныстыра отырып,оларды қорғануға үйрету

Дамытушылық:Оқушылардың жауапкершілік сезімін дамыту,әскери білім дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелілік:Оқушыларды тәртіптілік пен ұқыптылыққа баулу,өзін және өзгелерді қорғай білуге үйрету.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

 

  • Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз не ?
  • Жарылмайтын бөгеттердің түрлерін ата?
  • Жарылмайтын  бөгеттер қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?
  • Танкіге қарсы бөгеттер ненің көмегімен орнатылады?
  • Стационарлы бөгеттерге нелер жатады?

Тасымалы бөгеттерге нелер жатады

1.Қандай мемлекеттерде жаппай жою қаруы бар? 2

.Қазақстанда жаппай жою қаруы қай облыста сынақтан өткен?

Сарбаз жаяу ретпен қимылдаған уақытта жеделдетілген адым, жүгіре өту немесе жер бауырлай қозғалу әдісімен жылжйды.      Жауынгер, қарсыластың бақылауынан таса және оның атысы жетпейтін жерлерден жедел адымдап немесе жүгіріп өтеді. Бұл кезде ол қаруын ата бастау жағдайында, яғни дүмді бүйірге қысып ұстайды.

Жатып ату жағдайынан жүгіре өту үшін, жауынгер әуелі 20-40м-ге дейінгі аралықтағы қозғалыс жолын және демалатын жерін бағдарлап алады. Одан соң тез тұрып, белгіленген орынға дереу жүгіре отырып жетуі тиіс. Бұндай жүгіре өту кезінде қарсылас дәлдеп оқ ата алмайды. Командир белгілеген шепке жеткеннен кейін, сарбаз атысқа дайындалады да, басқа жауынгерлердің жүгіріп өтуін атыспен қорғайды.      Ұрыс алаңында қарсыласқа жақындап, оған кенеттен шабуылдау қажеттілігі туған кезде жер бауырлай жылжу әдісі қолданылады. Жауынгер ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілеп алуы тиіс.

Жер бауырлап жылжу үшін, ең әуелі, жерге жатып, оң қолымен қарудың жоғарғы бауының тұсынан ұстап, оны оң қолдың білегіне қоюы керек. Оң аяқты өзіне тартып және бір мезгілде сол қолды мүмкіндігінше алыс созып, содан кейін бүгілген аяқ серпілісімен денені алға тастап, келесі аяқты өзіне тартып, келесі қолды созып, осылай жылжуды жалғастыру керек. Жартылай төрт тағандап жылжу үшін жауынгер тізерлей отырып, қол білектеріне салмақ салуы керек, содан кейін бүгілген оң (сол) аяқты өзінің кеудесіне тартып, бір мезгілде сол (оң) қолды алға созу керек, сөйтіп денені алға қарай оң (сол) аяқ толық созылғанша тастау қажет. Бүйірлей жер бауырлап жүру үшін сол бүйірге жатып, содан кейін тізеден бүгілген сол аяқты алға тартып, сол қолдың білегіне салмақ салып, оң аяқтың табанын жерге тіреп, мүмкіндігінше өзіне жақын ұстау керек; оң аяқты бүге отырып, сол аяқтың қалпын бұзбай, денені алға жылжыту қажет, осылай қозғалысты жалғастыра беру керек.

Бөгеттерден (өзен, жыра, батпақ және т.б.) ұрыс барысында тоқтаусыз шабуыл екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей қарсылас күтпеген жерлерден өту аса маңызды. Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін.

Өзендер мен басқа да су бөгеттерінен тұрақты немесе арнайы жүргізілген көпірлермен, әр түрлі қолда бар құралдармен кешіп немесе жүзіп өтуге тура келеді. Кешіп өту кезінде жаунгерлер бір немесе екі лек бойынша кешіп өтеді. Кешіп өту үшін ағынның жылдамдығ 1м/сек-ке дейін, тереңдігі 1м болуы керек.     Жүзіп өту өткелі су бөгетінің ені аз болғанда жүзеге асырылады. Бұл кезде жеке өткел құралдары (жүзу киімдері мен құтқарушы жилеттер), және әр түрлі қолда бар құралдар қолданылуы мүмкін.

Миналарды және фугастарды бүркенішті ашу белгілері бойынша немесе қармағыштар мен мина іздеушілер көмегімен табуға болады. Созылмалы әсер ететін миналарда қазықшалар және жер үстінен тартылған бау немесе сым болады. Қойылған миналардың бүркенішін ашу белгілері: бұзылған топырақ; топырақ төгіндісі; тартылған кендір жіп; топырақ үйіндісі (төбешік); жер үстіне шығып тұрған мұртшалар; минаның ашық көрінуі; миналық тралдармен мина бөлігінің көрініп тұруы; мина қондыру көрсеткіштері.     Минаға барлау жүргізген кезде мейлінше ұқыпты болып, әрбір күмәнді жерлерді тексеру қажет, табылған бау немесе сымды тартып қалмау керек.     Қазіргі кезде әр түрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар, сымды бөгеттер және т.б. қолданылады. Ұрыста жауынгерлік міндеттерді тез және табысты орындау үшін жауынгер инженерлік бөгеттерді тауып, олардан өтуді шебер меңгеруі тиіс.

Миналы – жарғыш бөгеттердегі өтпелерден өту жарғыш тәсілмен немесе миналық тралмен жабдықталған танктер арқылы жүзеге асады. Сымды бөгеттерден өту тәсілдері: сырт киімін төсеніш ретінде пайдалану; тиімді заттармен сымды көтеру арқылы; сымды қайшымен немесе сүңгі пышақпен қию арқылы. Электрлі бөгеттерден өтуді тек саперлар ғана жүзеге асырады.

Радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымданған жергілікті жер аумағынан өту әдістері ұрыс қимылдары сипатына, жер және ауа жағдайларына байланысты болады. Құрғақ ауа райында жаяу ретпен қимылдайтын жауынгерлер радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін – газтұмылдырық, қорғаныш плащтары, жамылғылыр, шұлықтар мен қолғаптар пайдаланады. Жабық БТР-дағы жауынгерлер тек газтұмылдырық киеді, ал ЖҰМ-дағы жауынгерлер жаппай жою қаруларынан қорғану жүйесін іске қосады. Ылғалды ауа райында радиоактивті заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін теріні қорғау құралдары (қорғаныш плащтары, шұлық, қолғап) қана киіледі. Ашық зақымданған жер аймағынан өту ұзақ және тез жүгіре өту тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Тоқтау үшін шөптері аласа жер таңдалып алынады. Зақымдалған аймақтардан өткеннен кейін жауынгерлер командир пәрмені бойынша киім-кешектердің шаңын қаға отырып, қорғаныш құралдарын шешеді.     Шабуыл барысында басып алынған шепті ұстап тұру, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу, қорғанысқа көшу және ұрыс жағдайының басқа да шарттарына байланысты жауынгерге өз оқпанасын қазуға және жабдықтауға тура келеді. Орлану жауынгердің кіші күрегімен жүзеге асырылады. Ол қарсылас оғының астында жатып ату үшін бір адамдық оқпана қазудан басталады.      Оқпана топырақтан қазылған, ұзындығы – 170см, ені – 60см, тереңдігі – 30см ордан және 30см-ге дейінгі биіктіктегі қалқадан тұрады. Топырақ қалқа мен ор арасынан ені 20 – 40см болатын алаңқай қалдырылады. Атқылау секторында топырақ қалқаның биіктігі 10см-ге дейін азайтылады.      Орлануды бастамас бұрын жауынгер әуелі атыс үшін орын таңдап алады, содан кейін қаруын өзінің оң жағына қоюы тиіс, бұл кез келген уақытта атыс жүргізу үшін ыңғайлы болады. Бұдан кейін жауынгер сол бүйіріне аударылып, күректі сыртқы қабынан шығарып, екі қолымен сапты ұстап, өзіне қарай ұрып, жердің жоғарғы қабатын ашуы тиіс алдынан және екі бүйірден ордың шекараларын белгілеп алуы қажет. содан кейін өзінен ары сыртқа ұра отырып, жердің шым қыртысын алып, оны алға немесе екі жаққа тастап, қазуға кірісуі қажет. Оқпана қазу кезінде жерді күрекпен қиғаш қазу керек, ал топырақты ең алдымен алға, сосын екі жаққа тастау қажет, бұл кезде 1 – 1,5м болатын топырақ қалқа пайда болады, ол жауынгерді қарсылас оғынан сақтауды қамтамасыз етеді.

в)  Қорытынды бөлім – 7 мин

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Сарбаздың ұрыстағы міндеттері.
  • Сарбазға  өз міндетін орындау үшін не қажет?
    Сарбаздың жаяу ретпен қимылдау кезінде қандай қозғалыс тәсілдерін қолданады?

Үй тапсырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

32 сабақ

Сабақтың тақырыбы Тактикалық дайындық. Шабуылдағы  сарбаз,  шабуылға  дайындалу  кезіндегі  əрекеттер  жəне оқпанадан шығып қозғалу тəртібі, шабуыл кезінде жауды жою тəсілдері(қол гранаталарымен, қарумен ату жəне қоян-қолтық ұрыс кезінде).

  1. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: . Шабуылдағы  сарбаз,  шабуылға  дайындалу кезіндегі іс- әрекеттерімен таныстыру, жалпы тактикалық дайындық тақырыбын терңдете түсіндіру.

Дамытушылық – Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту,.

Тәрбиелік –еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.

.

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АК макеті.

Сабақтың барысы:

  а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  10 минут.

5222222222222222222

     б) Негізгі бөлім – 20 минут.

Шабуылдағы жауынгер.

Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс.

Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ-дәрінің болуы, жеке қорғаныш құралдары мен жабдықтарының болуын және жарамдылығын тексереді. Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді.

Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді.  «Шабуылға дайындал!» пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін жарақталған оқжатарды біріктіріп, ажыратылып тұрған оқжатарды оқтайды да , сөмкеге салады. Содан соң жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып «П» не «З» көздеуішін белгілейді, гранатты дайындап, жарақтану заттарын қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді. Содан кейін аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын болатындай етіп, қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды.

«Шабуылға алға» пәрмені бойынша ол оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жылдам адыммен алға қозғала бастайды, бұл ретте ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітілген аралықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеп атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін ол өз қозғалысын қарсыласқа оқ атумен үйлестіреді.

Қарсылас иеленген орға 25-30м-ге дейін жақын келген жауынгер өз қаруын сол қолына ұстап, орға қол гранатасын лақтырады. «Ура!» деп айғайлай отырып, тез жылдамдықпен қалған қашықтықтан өтеді. Алғы шептегі аман қалған қарсыласты орға түспей, гранатамен, оқпен, сүңгімен және дүммен жояды да, оның қорғанысының тереңдігіне тоқтаусыз жылжи береді.

Шабуыл барысында жауынгер ұрыс алаңын үнемі бақылап, өз байқағандары туралы командирге дереу баяндайды. Нысананы көрген сәтте ол оны атыспен, ең алдымен, пулемет, гранататқыш, зеңбірек есептобын жояды. Командир бұйрығы бойынша немесе өз бетінше трассаланған оқтар арқылы танкілерді, мотоатқыштардың қозғалысына кедергі келтіретін нысаналарды көрсетеді. Жылжуды күшті атыспен ұстап тұрған қарсыластың атыс құралдарын көршілердің оғын бойтасалау арқылы айналып өтіп, қаптал мен тылда шабуылдай отырып, қарсыластың есептобын атыспен және гранатпен жояды. Қажет жағдайда жауынгер көршілеріне қапталдан атыспен көмек көрсетеді.

Егер жауынгер қарсыластың шегіне бастағанын байқаса, бұл туралы дереу командирге баяндауы керек. Басып алған шепте тұрақталу үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп және таса үшін қолданып, өзіне көрсетілген жерге орналасады. Таса жоқ болған кезде жауынгер орланады да, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады.     

Ядролық жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер бедерлері мен жергілікті заттарды пайдалана отырып, жарылысқа қарама-қарсы жаққа басын қойып, бетті жерге қаратып, тез жата қалу қажет. Осы әдіспен соққы толқын мен зақымдалудан сақтануға болады. Бұдан басқа шинельдердің жағасын көтеріп, қол білектерін дененің астына тығып, көру қабілетінен айрылып қалмау үшін бетті мүмкіндігінше тығыз жабу керек. Соққы толқыны өткеннен кейін дереу тұрып, жауынгерлік міндетті атқаруды жалғастыру керек. Шабуыл барысында ядролық жарылыстан зақымданған жер учаскелерін байқаса ол туралы командирге баяндау қажет. Жергілікті жердің зақымданған жер учаскелерін командир нұсқаған тәсілмен кесіп өтіледі.

Жер үсті қарсыласымен ұрыс жүргізе отырып, жауынгер қарсыластың төмен ұшқан ұшақтарына қарсы атыс жүргізуге дайын болуы керек.

Ашық жерде қарсыласқа қарсы атыс жатып, тізерлей немесе тұрған күйде жүргізіледі. Әуе нысаналарын ату «П» не «З» көздеуімен бөгеттік және өрге ату тәсілімен жүргізіледі. Ұшақтар мен тікұшақтарды ату үшін сауытты — өртегіштік және трассаланған оқтар қолданылады.

     в) Қорытынды бөлім – 12 минут.

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • жауынгер командирден тапсырма алған соң нені білуі керек?
  • ұрысқа дайындалар кезінде жауынгер нені тексереді?
  • «Шабуылға дайындал!» пәрмені берілген кездегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.
  • «Шабуылға алға!» пәрмені бойынша жауынгердің әрекетін айтыңдар.
  • ядролық жарылыс кезіндегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.
  • төмен биікте ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарға жауынгердің қолданатын атыс тәсілдерін атаңдар.

 

 

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы      оқытушысы:  _____________  ____

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь