ГЛАВНАЯ Образцы планов Алғашқы әскери дайындық жарықшақты қол гранаталарын алысқа жəне дəл лақтыру

жарықшақты қол гранаталарын алысқа жəне дəл лақтыру

47
0

Сабақтың тақырыбы: жарықшақты қол гранаталарын алысқа жəне дəл лақтыру
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды жарықшақты қол гранатаны лақтыру тәсілдеріне үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды жарықшақты қол гранатаны лақтыру тәсілдеріне үйрете отырып, шапшаң қимылдау қабілетін, қырағылықтарын дамыту. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп,шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын еркін айтып,қортынды жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларға адамгершілік тәрбие бере отырып, әдептілік ережелерін бойына сіңірген, мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.

Өткізілетін жері: 10 сынып, тактикалық алаңы.
Көрнекілік құралдар: Оқулық гранаты, АӘД оқулығы
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі — 7 минут
— Қаруды көтеріп, қысқа аялдама жасап жүріп келе жатқанда қандай ату тәсілдерін қолдануға болады?
— Ашық жерлердегі әуе нысаналарын жою үшін автоматшы (пулеметші) атуды қандай жағдайларда жүргізеді?
— Автоматшы (пулёмётшы) жергілікті заттар артынан ату үшін қандай жағдайда орналасады?
— әуе нысаналарын ордан (байланыс жолынан) тұрып ату қалай жүргізіледі?
б) негізгі бөлім — 25 минут
АЕ. Т. 6. Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері.
Гранатты лақтыру келесі тәсілдермен жүргізіледі: лақтыру үшін оңтайлану және гранатты лақтыру.
Гранатты жарақтау: «Гранаттарды дайында!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен жүргізіледі.
Жарақтау үшін гранатты сол қолмен сөмкеден шығарып, оң қолмен металл қалпақшасын алады немесе тығынды корпус түтігінен бұрап шығарады. Содан кейін сол қолмен гранатты ұстап тұрып, оны оң қолмен сөмкенің ұясынан шығарып, тұтандырғышы алынады. Тұтандырғышты орталық түтікке қойып, шегіне дейін бұрап енгізеді — гранат лақтыруға дайын.

Жарықшақты қол гаранаттарын лақтыру түрлі жағдайларда жүргізіледі: түрегеліп тұру, тізерлеп тұрып, жатқан қалпында, сондай — ақ ЖҰМ — нан, танкіден, БТР және жаяу реттегі қозғалыста (тек шабуыл гаранаттары).

Гранатты лақтыру кезінде оның ұшу жолында ағаш бұтақтары, қалың өскен шөп, сым темір және т. б. кедергілер болмайтындай жерлер таңдалады.
Гранатты лақтыру. «Гранатпен – ат!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен де жүргізіледі. Гранатты лақтыру үшін оны қолға алып, саусақтармен ағытқыш иінтірегін гранат корпусына қысып ұстайды; ағытқыш иінтірегін одан әрі қысып, екінші қолмен сақтандырғыш мұрындық ұшын қысады, ағытқыш иінтірегін қысылған жағдайда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады, гранатты құлаштап нысанаға лақтырады.

Бір орында тұрып гранатты лақтыру кезінде нысанаға тура қарап, гаранатты оң қолда, ал қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Оң аяқты тізеден бүгіп, денені оңға бұрып, қол төменге және артқа доға бойынша гранатпен сермеу жүргізіледі, оң аяқты дереу түзетіп, денені нысанаға бұрып гранатты лақтырады. Лақтыру кезінде дененің салмағын сол аяққа түсіріп, қаруды артқа ұстайды.

Тізерлеп тұрып гранатты лақтыруда гранатты оң қолда, қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады да, қолдарымен жерді тіреп, одан күш алып қозғалады. Оң аяқты біраз артқа беріп, сол аяқпен тізерлеп тұрады да, гарантты құлаштап лақтырады. Оң аяқты түзете, нысанаға қарай кеудені бұра алға беріп, гранатты лақтырады; қаруды алып, атысқа дайындалады.

Адымдап немесе жүгіріп келе жатқанда гранатты лақтыру кезінде гаранатты жартылай бүгілген оң қолда, ал қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Сол аяқтан адымдау кезінде гранат ұстаған қолды алға және төмен ұстайды; екінші адымда қол төменнен доға бойынша қозғалып осымен бір мезгілде оңға бұрылады; үшінші қадамда сол аяқты нысанаға қарай бағытпен ұшына басып және оң аяқты тізеден бүгіп, денені бұру және қолды сермеу аяқталады. Жүру жылдамдығын пайдаланып лақтыруға аяқтың, дененің және қолдың күшін бірінен соң бірін жұмылдырып, гранатты иық тұсынан өткізіп лақтырады.

Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру үшін қаруды қалқаға қойып, гранатты оң қолға алып, сол қолмен сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады; оң аяқты артқа қояды; белімен еңкейіп, екі аяқты сәл бүгіп, гранат ұстаған қолды шегіне дейін кері қояды; сол қолға сүйеніп, еңсені күрт жазып гранатты нысанаға лақтырады да, ізінше оқпанға жасырынады.

Гранатты тік нысана боп саналатын терезесінен және есігінен лақтыру кезінде оны түзу сызыққа жуық траектория бойынша, оны көздеген жерге күшпен тік бағытта лақтырады. Мұнда нысананың жоғарғы шетінен көздеген жақсы, өйткені гранат ұшу аяғына қарай жылдамдығын баяулатып, біртіндеп төменге бұрылады. Лақтыруды орнынан тұрып, тізерлей не жатып орындағаны дұрыс.
Қарсыластың оқпанда, орда орналасқан тірі күшін жою үшін гранатты көкжиекке 35 — 40 градус бұрышпен лақтыру керек, бұл кезде гранат нысанаға аспалы жолмен түсіп, ор арқылы аз домалауы және сыртқа қарай домалап кетпеуі көзделеді.

Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтрек ұрыстық серіппе әсерінен жанына қарай аутқиды да соққышқа энергияны хабарлайды. Соққыш өзі істік темірімен капсюль — тұтандырғышты жарады. Капсюль — тұтандырғыштан шыққан от баяулатқышты жарады. Капсюль — тұтандырғыштан шыққан от баяулатқышты тұтатады және одан өтіп капсюль — детонатор жарылып, гранаттыңжарылғыш зарядын жарады. Гранаттың корпусы жарылып, тұтандырғыштың жарықшақтары жан — жаққа ұшады.
в) Қорытынды бөлім — 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
— жарықшақты қол гаранттарын лақтыруға дайындық қалай жүргізіледі?
— түрегеліп тұрып жарықшақты қол гранатын лақтыру тәсілдері қалай орындалады?
— лақтыру үшін гранаттың жарақталуы туралы айтыңдар.
— Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру тәсілдері қандай?

Үйге тапсырма. Қол гранаталрының құрылысын жаттау және жұмыс жасай білу.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь