ГЛАВНАЯ Публикация педагогов Алғашқы әскери дайындық Алғашқы әскери дайындық: Қарулы  Күштердің,  басқа  əскерлердің  жəне  Қазақстан Республикасының əскери құрылымдарының...

Алғашқы әскери дайындық: Қарулы  Күштердің,  басқа  əскерлердің  жəне  Қазақстан Республикасының əскери құрылымдарының жалпыəскери жарғылары

18
0

Сабақтың тақырыбы: Қарулы  Күштердің,  басқа  əскерлердің  жəне  Қазақстан Республикасының əскери құрылымдарының жалпыəскери жарғылары.

Қарулы Күштердің, басқа əскерлердің жəне Қазақстан Республикасының əскери  құрылымдарының  жалпыəскери  жарғылары.  Жалпыəскери жарғылардың  əскери  ұжымның  тұрым-тіршілігіндегі  маңызы.  Əскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Əскери атақ жəне айыру белгілері.

Мақсаты: 

Білімділік: Оқушылардың білімін жетілдіру, Əскери атақ жəне айыру белгілерін, жалпыəскери  жарғыларын, шеңдерін білу. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы түсінік беру.

Дамытушылық:Әрбір баланың бойындағы ұлтжандылық қасиетін дамыту және рухын жоғары, берік ұстау сезімін жетілдіру.

Тәрбиелілік: Қазақстан Республикасының  жалпыəскери  жарғыларын құрметтеу, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

 

Оқу сұрағы:

  1. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері.
  2. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез – құлқы.
  3. Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші шенділер.

 

Уақыт – 45 минут.

 

Сабақ өтетін орын – АӘД кабинеті.

 

Әдіс — Әңгіме.

 

Көрнекті құралдар – АӘД оқулығы.

 

Сабақтың барысы:

 

Кіріспе – 5 мин.

 

Оқу сұрағы – 35 мин.

 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.

Ол:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
  • әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
  • өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
  • адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;
  • командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;
  • әскери кәсіптік білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
  • өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;
  • әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге;
  • әскери әдептілік, мінез-құлық пен әскери сәлесдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;
  • қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.

 

 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери

қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі

 

ҚұрамыӘскери атақтар
әскерліккемелік
Жауынгер мен матростарҚатардағы жауынгер

Ефрейтор

Матрос

Аға матрос

Серданттар (старшиналар)Кіші сержант

Сержант

Аға сержант

Үшінші дәрежелі сержант

Екінші дәрежелі сержант

Бірінші дәрежелі сержант

Штаб-сержант

Шебер-сержант

Екінші дәрежелі старшина

Бірінші дәрежелі старшина

Бас старшина

Үшінші дәрежелі старшина

Екінші дәрежелі старшина

Бірінші дәрежелі старшина

Штаб-старшина

Шебер-старшина

Кіші офицерлерЛейтенант

Аға лейтенант

Капитан

Лейтенант

Аға лейтенант

Капитан-лейтенант

Аға офицерлерМайор

Подполковник

Полковник

3-дәрежелі капитан

2- дәрежелі капитан

1- дәрежелі капитан

Жоғары офицерлерГенерал-майор

Генерал-лейтенант

Генерал-полковник

Армия генералы

Контр-адмирал

Вице-адмирал

Адмирал

 

 

 

Медициналық немесе әділет, әскери-есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет», т.б. сөздер қосылып айтылады.

Авиацияның жоғарғы құрамдағы офицерлерінің әскери атақтарына (ұшқыштық, инженерлік, инженерлк-авиациялық дайындығы бар) «авиациялық» деген сөз қосылып айтылады.

Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалқы құрамдағы», демалыстарға «демалыстағы» деген сөздер қосылып айтылады.

 

Қорытынды – 5 минут.

Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 тақырып

Сабақтың тақырыбы: Қарулы  Күштердің,  басқа  əскерлердің  жəне  Қазақстан Республикасының əскери құрылымдарының жалпыəскери жарғылары.

Әскери  қызметкерлер  жəне  олардың  өзара  қарым-қатынастары, бастықтар жəне бағыныштылар, аға жəне кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, əскери əдептілік ережесі жəне əскери қызметкерлердің тəртібі, бұйрық, оны беру жəне орындау тəртібі, бастықтарға жəне шені жоғарыларға мəлімдеме жасау.

Білімділік::Оқушыларға ҚР ҚК-нде әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер мен оларға берілетін тәртіптік жазалар туралы түсінік беру.

Дамытушылық:Әрбір баланың бойындағы ұлтжандылық қасиетін дамыту және рухын жоғары, берік ұстау сезімін жетілдіру.

Тәрбиелілік: Қазақстан Республикасының  жалпыəскери  жарғыларын құрметтеуге, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

  1. Сабақтың мақсаты:
  2. Уақыты: 45 мин.
  3. Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.
  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы , әскери жарғылар.
  5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.

  • әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?
  • ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.
  • әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.
  • бастықтар мен бағыныстыларға, аға шенділер мен кіші шенділерге кімдер жатады?

 

б) Негізгі бөлім – 24 мин.

ҚР ҚК мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер, оларға берілетін тәртіптік жазалар. Көтермелеулердің түрлері және жазаға салу тәртібі.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы.

 

Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты — әскери тәртіп болып табылады.

Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге  өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді.

Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің  негізгі әдісі көз жеткізу болып табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Әскери қызметшілердің әскери

әдептілігі мен мінез-құлқы

 

Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір-қасиетін қорғауға және басқалардың қадір-қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез-құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда, Қарулы Күштердің ар-абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауы тиіс.

Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір-біріне: «сіз» деп тіл қатуға тиіс. Өзара жеке қатысу кезінде әскери атақ әскерлердің түрі немесе қызметі көрсетілмей аталады.

Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге тіл қатқанда, оларды әскери атағы мен әскер түрі бойынша немесе атағы бойынша ғана, соңғы жағдайда атақтың соңына «мырза» деген сөзді қоса отырып айтады. Мысалы: «Қатардағы Омаров (Омарова)», «Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант Егізбаев (Егізбаева)», «Сержант мырза», т.б.

Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттық құрамын, курсанттарын (тыңдаушыларының), сондай-ақ оқу-әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) курсанттарын, оларға тіл қатқан кезде, тегін қосып «курсант» деп немесе «Курсант мырза» деп атау керек.

Өздеріне бастық немесе аға шенді тіл қатқан кезде, әскери қызметшілер, сырқаттарды қоспағанда, саптағыдай тіктеліп, өздерін таныстырады: лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды. Қол алысқан кезде, аға шендегісі қолын бірінші болып береді. Егер аға шенді қолғапсыз болса, кіші шенді қол алысу алдында оң қолынан қолғабын шешеді. Бас киімсіз әскери қызметшілер қол алусымен қоса басын жеңіл иеді.

Бағыныштылар мен кіші шендегілер қызмет бабымен бастықтар мен аға шендіге тіл қатқан кезде, оларды атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып, әскери атағы бойынша атайды. Мысалы: «Лейтенант мырза», «Генерал-майор мырза».

Әскери қызметшілер саптан тыс бір-біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойыеша да тіл қатыса алады. Күнделікті өмірде офицерлерге «офицер сөзі» деген сендіруші тіркесті қолдануға рұқсат беріледі және бір-бірімен қоштасқан кезде: «Қош болыңыз!» деген сөздің орнына: «Құзырыңызға құлдық!» деп айтуға жол беріледі.

Қарулы Күштердің азаматтық қызметкерлеріне тіл қатқан кезде, әскери қызметшілер оларды лауазымының соңына «мырза» деген сөзді қоса отырып, лауазымы немесе тегі бойынша атайды.

Әскери атақтарды бұрмалау, әдепсіз сөздерді, лақап және мазақ аттарды қолдану, дөрекі және жүрдім-бардым сөйлесу әскери ар-намыс пен әскери қызметшілердің қадір-қасиеті ұғымына сыйыспайды.

Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.

Аға және кіші шенділер

 

Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша бір әскери қызметші бір-біріне қатысты бастық немесе бағынышты болуы мүмкін.

Бастықтың бағыныштыға бұйрықтар беру құқығы бар және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бастық бағынышты үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуға тиіс. Бағыныштының адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.

Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.

Атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүзеге асырушы әскери қызметшілер өзінің қызмет жағдайы бойынша бастықтар болып табылады.

Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады.

Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады.

Бағыныштыға ең жақын төте бастық тікелей бастық деп аталады.

Қызмет жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:

  • Армия генералдары, адмиралдар – аға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
  • Генералдар, адмиралдар, полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар – кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
  • Подполковник шеніндегі аға офицерлер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар – старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
  • Кіші офицерлер – старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
  • Старшиналар мен сержанттар – олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін.

Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға немесе кіші шенділер болып табылады.

Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтылармен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез-құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс. Атағы бойынша кіші шенділер аға шенділердің осы талаптарын сөзсіз орындаға міндетті.

Бір-біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым-қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.

 

 

 

 

Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер.

а) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау;

ә) алғыс жариялау;

б) әскери бөлімнің тұрған жерінен 2тәулікке дейін сейілдемеге рұқсат беру;

в) бұрынғы жұмыс (оқу) орына әскери борышын үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау;

г) грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау;

ғ) әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған жауынгерлік тудың жанында түскен жеке фотосуретімен марапаттау;

д) жауынгерлерге (матростарға) ефрейтор (аға матрос) атағын беру;

е) сержанттарға иеленген штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атағынан бір саты жоғары кезекті әскери атақ беру;

ж) омырауға тағатын ҚР ҚК-інің үздігі белгісімен марапаттау;

з) әскери бөлімнің Құрмет кітабына енгізу;

и) 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру, бару қайту жолындағы уақытты есептемегенде.

Көтермелеулер ауызша немесе бұйрық түрінде салтанатты жағдайда әскери қызметшілер жиналысында немесе сап алдында жарияланады.

Тәртіптік жазалар.

Тәртіптік жаза — әскери қызметшілерге қызмет бойынша бастықтың билігімен қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады.

Жауынгерлер мен сержанттарға мынадай жазалар қолданыла алады:

а) сөгіс;

ә) қатаң сөгіс;

б) кезекті сейілдемеден айыру;

в) жауынгерлерді (матростарды) 5 нарядқа дейін тағайындау;

г) омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісінен айыру;

ғ) жауынгерлерді (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру;

д) гауптвахтада ұстай отырып қамау: жауынгерлерді (матростарды) — 10 тәулікке дайін, сержанттарды – 7 тәулікке дейін;

е) сержанттардың лауазымын төмендету;

ж) сержанттардың әскери атағын бір сатыға төмендету;

з) сержанттардың әскери атағын төмен лауазымға көшіре отырып, бір дәрежеге төмендету.

Әрбір тәртіптік жаза әскери тәртіпті нығайту, әскери қызметшілерді тәрбиелеу және олардың қызметі үшін жауапкершілігін арттыру ретінде жасалған қылмыс ауырлығы мен кінәлау дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.

Егер кінәлі бірнеше рет теріс іс істеген болса немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзуға топпен қатысса, егер мұндай қылығы қызметтік міндетін өтеу кезінде, мас күйінде жасалса және теріс қылығы тәртіпті айтарлықтай бұзған болса, тәртіптік жазаның қатаңдығы арта түседі.

Тәртіптік жазаол қолданылған күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкеде сақталады.

Қолданылатын тәртіптік жазалар жайында жауынгерлер мен матростарға өзіне немесе саптың алдында, сержанттарға — өзіне, сержанттардың кеңесінде не саптың алдында жарияланады.

Командирлерге олардың бағыныштыларының алдында тәртіптік жазаларды жариялауға тыйым салынады.

 

в)  Қорытынды бөлім – 9 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Әскери тәртіп дегеніміз не?
  • Әскери тәртіп әскери қызметшіге нені міндеттейді?
  • Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады?
  • Жауынгерлерге (матростарға) көтермелеу қолданудың реті қандай?
  • Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?

Қорытынды – 5 минут.

Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь