ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Қазақстан тарихы 6-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Қазақстан тарихы 6-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

784
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақстан тарихы
6-сынып
ПРОЕКТ
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
ПРОЕКТ
Мазмұны 1-тоқсан……………………………………………………………………………………………………………………………..4 2-тоқсан……………………………………………………………………………………………………………………………11 3-тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………….211 4-тоқсан……………………………………………………………………………………………………………………………30
3
ПРОЕКТ
1-тоқсан
Бөлім VI – IX ғасырлардағы Қазақстан
Тақырып Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық
мемлекеттер
Оқу мақсаты 6.3.1.1 Оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік
қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрік қағанатының құрылуының басты оқиғаларын
ажыратады
• Түрік қағанатының құрылуының тарихи
маңыздылығын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз.
«Теле» сөзінің мағынасы
қандай?
Түрік қағанатының
құрылған жылы қандай?
Түрік қағанатын құрған
қаған кім?
Түрік қағанатының қай
жылы екіге бөлінді?
Мемлекетті күшейтудегі қызметін сипаттап, сөйлемдерді жалғастырыңыз.
Мен, Бумын қаған …
Мен, Шегу қаған …
Мен, Білге қаған …
Мен, Мұқан қаған …
Дескриптор Білім алушы
− Теле сөзінің мағынасын анықтайды;
− Түрік қағанатының құрылған жылын анықтайды;
− Түрік қағанатын құрған қағанды анықтайды;
− Түрік қағанатының екіге бөлінген жылын анықтайды;
− Бумын қағанның түрік қағанатын нығайтудағы ролін анықтайды;
− Шегу қағанның түрік қағанатын нығайтудағы ролін анықтайды;
− Білге қағанның түрік қағанатын нығайтудағы ролін анықтайды;
− Мұқан қағанның мемлекетті нығайтудағы ролін анықтайды.
4
ПРОЕКТ
Тақырып Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық
мемлекеттер
Оқу мақсаты 6.3.2.2 Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түркі қағанатының сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінге және өз біліміңізге сүйеніп, Түрік қағанатының сыртқы саясатындағы әр
бағытының маңыздылығын сиппаттап кестеге толтырып жазыңыз, жауабыңызды
негіздеңіз.
Түріктер әрісі Бумын, берісі Мұқан қағанның тұсында жужандарды бас көтерместей
етіп жеңді. Түріктер өз биліктерін батыс бағытта да жүргізе бастайды. Осы жорықта
Бумын қағанның інісі Иштеми 10 түмен әскерді басқарды. Ол күшпен ху елін
(соғдылықтарды) жаулап алуға аттанды. Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды
бағындырды.Түріктер 555 жылдың өзінде Арал теңізіне дейін жеткен және жол бойы
ешбір тегеурінді қарсылық көрмеген. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына қарай
жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көріп, жорықтарын уақытша
тоқтатуға мәжбүр болған. Оларды он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды.
581 жылы (Тобо қаған қаза болғаннан кейін ) қағанат ішінде өзара соғыс басталды.
Шығыста Батыста
Түрік қағанатының сыртқы саясатында маңызды рөл атқарған бағыттарды
атаңыз. Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Дескриптор Білім алушы
− Түріктердің шығыс бағытта жүргізген саясатын атайды;
− Түріктердің батыста жүргізген саясатын атайды;
− Түрік қағанатының сыртқы саясатында маңызды рөл атқарған
бағыттарды анықтап, дәлелдер келтіру.
5
ПРОЕКТ
Тақырып Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық
мемлекеттер
Оқу мақсаты 6.2.1.3 Тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын
сипаттау үшін «Ұлы Дала Елі» ұғымын қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер мен Түрік
қағанаты арасындағы байланысты анықтау
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Ұлы Дала Елі» ұғымының мағынасын ашыңыз.
Ежелгі Қазақстан мен Орта ғасырлардағы Қазақстан картасын салыстырып,
қандай өзгерістер орын алғандығын сипаттаңыз.
Ежелгі Қазақстан картасы Орта ғасырдағы Қазақстан картасы _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
− «Ұлы Дала Елі» ұғымының мағынасын ашады;
− территориялық өзгерістерді анықтайды;
− мемлекеттер арасындағы сабақтастықты анықтайды.
6
ПРОЕКТ
Тақырып Көне түркі жазуы
Оқу мақсаты 6.2.3.1 Көне түркі жазуларын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көне түркі жазуының маңызын түсіну
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Суретті негізге ала отырып, сұрақтарға жауап беріңіз 1. Руна жазуы ұғымы қандай мағына береді? 2. Орхон – Енисей ескерткіштерінен қандай
мәліметтер алуға болады? 3. Неліктен зерттеушілерді түркі жазулары
қызықтырады?
2. Көне түркі жазуының маңыздылығын анықтаңыз. 1. Көне түріктер руна жазуын құлыптастарға,
тұрмыстық заттарға, қолжазбалар, хаттар әзірлеуде қолданды
Себебі …
2. Көне түрік жазуы түріктердің саяси тарихы туралы ақпараттар
береді
Себебі …
3. Көне түрік жазуы түріктердің мәдениетін көрсетеді Себебі …
4. Көне түрік жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін
сипаттайды
Себебі …
Дескриптор Білім алушы — Руна жазулар ұғымын анықтайды; — Орхон – Енисей ескерткіштеріндегі мәліметті саралайды; — зерттеушілердің түркі жазуына қызығуының себептерін
көрсетеді; — көне түріктер руна жазуын құлыптастарға,
тұрмыстық заттарға, қолжазбалар, хаттар әзірлеуде
қолдануын түсіндіреді; — көне түрік жазуы түріктердің саяси тарихы туралы ақпараттар
беретіндігін түсіндіреді; — көне түрік жазуы түріктердің мәдениетін, сауаттылығын
көрсететіндігін түсіндіреді; — көне түрік жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін
көрсететіндігін түсіндіреді.
7
ПРОЕКТ
Тақырып Атлах шайқасы
Оқу мақсаты 6.3.2.3 Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Атлах шайқасының тарихи маңызын талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінмен танысып сұрақтарға жауап беріңіз
Араб шапқыншылығы және Саманидтер тұсындағы Түркістан
VІІІ ғасырдың 30-жылдары арабтар Сырдария түбінде түріктерді талқандады. Бұл
көшпелі түрік империясының ыдырауына әкелді. 751 жылы Талас түбінде араб әскерлері
қытай әскерлерін жеңді. Талас түбіндегі шайқас Түркістанда мұсылман немесе қытай
мәдениеті үстемдігі орнауы мәселесін шешті.
Арабтар тұтқынға алынған қытайлықтардан қағаз жасауды үйреніп, бүкіл әлемге
таратты. Арабтар батыстан Түркістанға мата өндірісін әкелді.
Парсылар Түркістанға келіп қоныстана бастады, соғды тілінің жойылуы осыған
байланысты болса керек. Парсылар өңірде қала мәдениеті мен өндірістің дамуына ықпал
етті.
Атлах шайқасының қытайлықтар үшін маңызы қандай болды? ______________________________________________________________________________
Атлах шайқасының арабтар үшін маңызы қандай болды? ______________________________________________________________________________
Атлах шайқасының түріктер үшін маңызы қандай болды? ______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — Атлах шайқасының қытайлықтар үшін маңыздылығын
анықтайды; — Атлах шайқасының арабтар үшін маңыздылығын анықтайды; — Атлах шайқасының түріктер үшін маңыздылығын анықтайды.
8
Тақырып Түркі әлемі қалыптасуының басталуы
Оқу мақсаты 6.3.2.1 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы
түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түркі халықтарының миграциясын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төмендегі суретті пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
• Бұл қандай процесс?
• Бұл процесте Ежелгі Қазақстан мен ерте орта ғасырлық мемлекеттер
арасында қандай байланыс болуы мүмкін? _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ___________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
− суреттегі оқиғаның атауын атайды;
− суреттегі оқиғаның Ежелгі Қазақстан мен ерте орта
ғасырлық арасындағы байланысын атайды.
ПРОЕКТ
Тақырып Түркі әлемі қалыптасуының басталуы
Оқу мақсаты 6.1.1.1 Түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада
территориялық орналасуын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ерте ортағасырлық тайпалардың көші-қон бағытын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төменде берілген тайпалардың орналасуын, көші-қон бағыттарын стикер қолдана отырып
картада белгілеңіз.
ғұн тайпаларының миграциясы
түркі тайпаларының миграциясы
оғызқимақ тайпаларының миграциясы
қыпшақ тайпалары тайпаларының миграциясы
Дескриптор Білім алушы — ғұн тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді; — түркі тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді; — оғыз-қимақ тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді; — қыпшақ тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді.
10
ПРОЕКТ
2-тоқсан
Бөлім X ғасыр-ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан
Тақырып Х ғасыр –ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан
территориясындағы саяси процестер
Оқу мақсаты 6.3.1.3 X ғасыр–XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің
даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дамыған ортағасырлық мемлекеттерді анықтайды
• Дамыған ортағасырлық мемлекеттер картасымен ерте
ортағасырлар картасын салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1. Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің атаулары мен хронологиялық шеңберін
тірек-сызбада анықтаңыз.
2. Картамен жұмыс.
• Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің алып жатқан аумағын, көршілес
мемлекеттерін, астаналарын картаға түсіріңіз.
• Дамыған орта ғасырларда ерте орта ғасырмен салыстырғанда қандай
өзгерістер орын алғанын картаны қолданып сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− Х-ХІІІ ғғ. өмір сүрген мемлекеттердің атауын, хронологиялық
шеңберін атайды;
− Х-ХІІІ ғғ. өмір сүрген мемлекеттерді, олардың астаналарын
картаға белгілейді;
− дамыған орта ғасыр мен ерте орта ғасыр аралығындағы
өзгерістерді анықтайды.
11
ПРОЕКТ
Тақырып Қарахан мемлекеті
Оқу мақсаты 6.3.1.3 X ғасыр –XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің
даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарахан мемлекетінің саяси құрылысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1.Тұжырымдарға мағынасына қарай атау беріңіз.
——————————————————
——————————————————
——————————————————
——————————————————
——————————————————
Дескриптор Білім алушы
− ең жоғарғы билеуші титулын анықтайды;
− қағанның мемлекеттік саяси-әкімшілкті жүргізген жерін атайды;
− жер үлестерінің билеушілерін атайды;
көмекші, әрі кеңесші қызметін атқарған лауазым иелерін
көрсетеді;
− мемлекеттегі тәртіптің сақталуын қадағалаушы лауазымын
атайды.
12 • Ең жоғары билеуші титулы • Қағанның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін жері • Олар үлесті жерлердің билеушілері болды. Қағандар тәрізді олардың өз
әкімшілік орталықтары қызметін атқарған сарайлары және тұрақты
ставкалары (ордалары) болды • Ол әрі көмекші, әрі кеңесші болып саналады • Тәртіп сақталуын қадағалады, оларға сот үкімдерінің және әдеттегі құқық
нормаларының (тору) орын алуын бақылау міндеттелді, шекараларды қорғау
да соларға жүктелді.
ПРОЕКТ
Тақырып Қарахан мемлекеті
Оқу мақсаты 6.2.1.2 Ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ислам дінінің түрік қоғамына тигізген әсерін
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Көмекші сөздер мен өз біліміне сүйене отырып, Қарахан мемлекетінің исламды қабылдау
себебін және қоғамға енген өзгерістерді анықтап, тиісті салаға сәйкесінше топтаңыз.
Көмекші сөздер: Ел ішіндегі жағдай, сыртқы саяси жағдай, араб жазуы, вакфтық жер
иелену, билік үшін күрес, монша, кесене, намаз оқу, адам келбетін салуға тыйым салу,
Атлах шайқасы, медресе білімі, сәлде орау т.б.
Мұса ханның ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялауының себептерін көрсетіңіз. 1.—————————————————————————————————————— ——————————————————————————————————————- 2.—————————————————————————————————————— ——————————————————————————————————————- 3.—————————————————————————————————————— ——————————————————————————————————————-
Ислам дінінің Қарахан мемлекетіне әкелген өзгерісін сипаттаңыз
Мемлекеттік
басқаруда
Құрылыста Мәдениетте Тұрмыста
Дескриптор Білім алушы
− Мұса ханның ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялануына
түрткі болған 3 себепті көрсетеді;
− ислам дінінің енуімен мемлекеттік басқару саласында болған
өзгерістерді атайды;
− ислам дінінің енуімен келген құрылыс саласындағы
жаңалықтарды атайды;
− ислам дінінің енуімен мәдениет саласына келген өзгерістерді
атайды;
− ислам дінінің келуімен тұрмыста енген өзгерістерді атайды.
13
ПРОЕКТ
Тақырып Қарахан мемлекеті
Оқу мақсаты 6.3.1.4 Тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі
жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарахан мемлекетіндегі жер иелену түрлерін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
 Қарахан мемлекетіндегі жер иелену мен салық түрлерінің атауына сәйкес мағынасын
беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− Қарахан мемлекетіндегі жер иеліктерін атайды;
− Қарахан мемлекетіндегі салық түрлерін атайды.
14
Иқта Вакфтық
жер —
Коммен
дация
Мильк
ПРОЕКТ
Тақырып Наймандар, керейіттер және жалайырлар
Оқу мақсаты 6.3.1.3 X ғасыр –XIII ғасырдың басындағы
мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Найман, керейіт, жалайырлардың қоғамдық
құрылысын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Әр мемлекетке қатысты мәліметті төмендегі кестеге топтастырыңыз.
а Тарихшы Әбілғазының «Түрік шежіресінде» оларды Шыңғысханның қолға
түсірген тұтқындары ретінде көрсетеді, олар адал қызметтері арқылы монғолдарға
сіңісіп кеткен b Селенгі, Хилок, Орхон өзендері, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген
с Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған d Мемлекет Наркеш Дайын кезінде күшейді e Халықты өз төңірегіне топтастыра білген Инанч-Білге елді өнерге, күн көрістіршілікке баулып, бейбіт өмір салтына тартады f Орталығы Улан-батор қаласы жанындағы Битөбе деген жерде болған g Маркус пен оның баласы Құршақұз кезінде мемлекет шарықтау шегіне жетті h Білге хан қайтыс болғаннан кейін, оның ұлдары Бұйрық пен Даян арасында билік
үшін талас басталды i Жамұқа құрылтай шақырып, өзін гурхан жариялаған j Шыңғыс ханның құтылу үшін Күшлік Жетісуға қашты k Рашид ад — Дин « Монғол жерінде өмір сүрген … – күшті дамыған ел.Олар тек
Шыңғыс хан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік
жазуларын пайдаланған»- деп жазған l Шыңғысханның жақын адамы, ақын, шешен, әрі батыр Мұқылай болған
Наймандар Керейттер Жалайырлар
Дескриптор Білім алушы — Найман мемлекетіне қатысты мәліметті жіктейді; — Керейіт мемлекетіне қатысты мәліметті жіктейді; — Жалайырлар мемлекетіне қатысты мәліметті жіктейді.
15
ПРОЕКТ
Тақырып Қыпшақ хандығы
Оқу мақсаты 6.3.1.3 X ғасыр –XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің
даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қыпшақ мемлекетінің саяси құрылымын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Кестедегі ақпарат «ақиқат» болса « +», « жалған» ақпарат болса «-» белгісін қойыңыз. 1 Қыпшақ хандығы IX-XI ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген
мемлекеттік бірлестік. Қарахан мемлекеті ыдырағаннан кейін әскери-саяси
билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшкен 2 Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы оң және сол қанат бөлінді. Оң
қанаттың ордасы Еділ өзені бойындағы Ахтуба қаласы болса, сол қанаттың
орталығы Сырдария бойындағы Сауран қаласында орналасты 3 Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі
теңсіздік малға жеке меншік еді. Жылқы басты байлық саналды 4 Қыпшақ қоғамы «ұлы князь», «князь», «бояр», деген ақсүйектер енген қатал
иерархиялық жүйеден тұрған 5 Қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп атады. Олар заң
жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне тәуелді болды.
Малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, олар ханның немесе үстем тап
өкілдерінің тәуелдігіне түскен 6 Қыпшақ қоғамының төменгі тобында малы аз шаруалар мен құлдар болды.
Құлға қолға түскен тұтқындар айналдырылып, олардың ешқандай құқы
болмаған. Құлдар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа сатылып отырған 7 965 жылы Қыпшақ ханы мен Киев князі Святославтың арасында хазарларға
қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты
талқандалды 8 XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден)
батысқа қарай жылжыды, олардың территориясы шығыс Еуропа елдерімен,
орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті
Дескриптор Білім алушы
− 1- ақпараттың «ақиқат» не «жалғандығын» көрсетеді;
− 2- ақпараттың «ақиқат» не «жалғандығын» көрсетеді;
− 3- ақпараттың «ақиқат» не «жалғандығын» көрсетеді;
− 4- ақпараттың «ақиқат» не «жалғандығын» көрсетеді;
− 5- ақпараттың «ақиқат» не «жалғандығын» көрсетеді;
− 6- ақпараттың «ақиқат» не «жалғандығын» көрсетеді;
− 7- ақпараттың «ақиқат» не «жалғандығын» көрсетеді;
− 8- ақпараттың «ақиқат» не «жалғандығын» көрсетеді.
16
ПРОЕКТ
Тақырып Қыпшақ хандығы
Оқу мақсаты 6.3.2.4 Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қыпшақтардың көрші елдермен қарым-қатынасын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кестені толтырыңыз.
Қыпшақтар қарымқатынас
орнатқан елдер
қарымқатынас түрлері
Киев Русьі
Хорезмшах мемлекеті
Венгрия
Еуропа елдері
Египет
Дескриптор Білім алушы
− Қыпшақтардың Киев Русьімен қарым –қатынасын
сипаттайды;
− Қыпшақтардың Хорезмшах мемлекетімен қарым –қатынасын
сипаттайды;
− Қыпшақтардың Венгриямен қарым –қатынасын сипаттайды;
− Қыпшақтардың Еуропа елдерімен қарым–қатынасын
сипаттайды;
− Қыпшақтардың Египетпен қарым –қатынасын сипаттайды.
17
ПРОЕКТ
Тақырып Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек
жолының рөлі
Оқу мақсаты 6.4.2.2 Ұлы Жібек жолының халықаралық
қатынастардың дамуындағы орнын анықтау
Бағалау критериі Білім алушы
• Ұлы Жібек жолының саяси, экономикалық,
мәдени рөлін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кадрларға бөлінген мәтінді сөйлемдер ретімен құрастырыңыз және берілген сұраққа
жауап беріңіз.
Иран шахы Түрік
қағанатына
40 мың алтын динар
салық төлеп тұруға
міндеттеледі
Византияға баратын
жолды бақылап отырған
Иран шахы елінің
қауіпсіздігі үшін бұған
наразылық білдірді. 568
жылы Иран елімен
келісімге келе алмаған
түрік қағаны Естеми
соғды көпесі Маниахтың
басшылығымен түрік
елшілігін
Константинопольге
аттандырады
Елшіліктің ізінше
жібек артқан сауда
керуендері батысқа
ағылса, Қытайға
Византия, Кавказ,
Орта Азия елдерінен
тауарлар әкеліне
бастады
Уақыт өте
Византияның соғысқа
кірісу ниеті
болмағандығын сезген
Естеми қаған 571
жылы Иранмен
келісімге қол қойып,
екі ел арасындағы
шекара болып
Әмудария өзені
белгіленеді
Б.з.б. 138 жылы
аттанған қытай елшілігі
көптеген қызықты әрі
қауіпті оқиғаларға тап
болып, өз еліне тек 13
жылдан кейін оралған
Византия мен
Түрік қағанатының
арасында әскери
одақ құрылып, сауда
келісімі жасалады.
Византия
императоры
түріктерге жауап
ретінде Земарх
басқарған елшілікті
жібереді
Елшілік Сырдария
жағалауларынан ТяньШань таулы етегіне қарай
төменгі бағытта Талас
аңғарындағы қаған
ордасына келді. Екі ел
арасында сауда және әскери
одақ құру келісімі
Ежелгі түріктер Ұлы
Жібек жолының бір
бөлігін бақылай отырып,
қытай жібегін
Византияға тиімді
жолмен сатуға тырысты
Жібек жолы
бөліктерінің
біріктіріліп, тұтас
желіге айналуы
Қытай елшісі ЧжанЦзянь есімімен
тығыз байланысты.
Қытай императоры
1 2
11
3
4 5 6
7 8 9
18
ПРОЕКТ
Сұрақтар:
 Түріктер қытай жібегін қай елге тиімді жолмен сатуға тырысты?
 Византиямен Түрік қағанаты қандай келісім жасады?
 Византия елшілігі қаған ордасына қандай жолмен келді?
 Естеми қаған қашан және неліктен Иранмен келісімге қол қойды?
 Иран Түрік қағанатына салықты қалай төледі?
бекітіледі У-Ди елшіге жүз
адамдық керуенді
бастап батыстың
беймәлім елдеріне
сапар жасауды
тапсырады
Дескриптор Білім алушы
− Кадрларға бөлінген мәтінді сөйлемдер ретімен құрастырады; — Түріктер қытай жібегін қай елге тиімді жолмен сатуға
тырысқанын көрсетеді; — Византиямен Түрік қағанаты қандай келісім жасағанын
көрсетеді; — Византия елшілігі қаған ордасына қандай жолмен келгенін
көрсетеді; — Естеми қаған қашан және неліктен Иранмен келісімге қол
қойғанын анықтайды; — Иран Түрік қағанатына салықты қалай төлегенін сипаттайды.
19
ПРОЕКТ
Тақырып Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени
дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы
Оқу мақсаты 6.4.1.1 Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара
экономикалық байланыстарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ұлы Жібек жолының шаруашылық түрлерінің
дамуына әсерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Төменде ұсынылған деректі оқып, көшпенділер мен отырықшылардың сауда-саттық
үшін өндіретін бұйымдарын анықтап, төмендегі кестеге жазыңыз.
Көшпенділер егіншілердің өніміне мұқтаж болса, ал отырықшылардың өндірісі
көшпенділер сұранысымен анықталды. Көптеген қолөнер кәсіпшілігі ауыл
шаруашылық шикізатын өңдеумен байланысты болды. Қолжазбалар Оңтүстік
Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византиямен, Иранмен, Орта Азиямен,
Кавказбен, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғанын
дәлелдейді. Орта Азиядан әйнек, әр түрлі бағалы заттар, қолданбалы өнер
бұйымдары, ал Қытайдан – жібек, қыш әкелінді. Сыртқа мал және мал
шаруашылығының өнімдерін, сондай-ақ, ер-тоқымдар, садақ, қорамсақ, маталар,
темір мен семсер шығарды. Қала халқы жылқы, ірі қара малын, жүн, шикізат, тері,
киіз, сүт өнімдерін сатып алатын болса, көшпенділер есесіне мата, нан, ыдыс-аяқтар
алды.Сөйтіп, ХІ-ХІІ ғасырларда тауар-ақша қатынастарының дамуы заттай
(натуралды) айырбасты ығыстырды.
Отырықшылар тауарлары Көшпелілер тауарлары
Дескриптор Білім алушы — Отырықшылардың басты тауарларын жіктейді; — Көшпелілердің басты тауарлларын жіктейді.
20
ПРОЕКТ
3-тоқсан
Оқу мақсаты 6.3.1.6 Картаны қолдану арқылы XIII–XV ғасырлардағы
мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Карталарды қолданып XIII–XV ғғ. өмір сүрген
мемлекеттерді белгілейді
• Монғол мемлекетінің құрылуының алғышартын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1. «ХІІІ ғасырдың басындағы әлем» және «ХІІІ ғасырдың аяғындағы әлем»
карталарының мәліметтерін қолданып, ыдыраған және құрылған мемлекеттерді
анықтаңыз. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Дескриптор Білім алушы — карта мәліметтерін қолданып, ХІІІ ғасырдың басында
Орталық Азияда өмір сүрген мемлекетті сипаттайды; — картаның мәліметтерін қолданып, ХІІІ ғ аяғында Монғолияда
өмір сүрген тайпаны анықтайды; — Монғол мемлекетінің құрылғанын анықтайды. 1 – карта. ХІІІ ғ басындағы әлем 2 – карта. ХІІІ ғ аяғындағы әлем
21
ПРОЕКТ
Тақырып Моңғол шапқыншылықтарының салдары
Оқу мақсаты 6.1.1.2 XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік
құрылымын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Монғол мемлекетінің қыпшақтар мен монғолдардың
өміріне әкелген өзгерістерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің дамуындағы өзгерістерді төмендегі кестеге
толтырыңыз.
Этноәлеуметтік
Шаруашылық
Территориялық
Саяси
Дескриптор Білім алушы
− XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы
этноәлеуметтік өзгерістерін сипаттайды;
− XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы
шаруашылық өзгерістерін сипаттайды;
− XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің территориялық
өзгерістерін сипаттайды;
− XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің саяси өзгерістерін
сипаттайды.
22
ПРОЕКТ
Тақырып Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы
Оқу мақсаты 6.3.1.6 Картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы
мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған
мемлекеттерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма
Карта мазмұны мен өз біліміңізге сүйеніп, сұрақтарға жауап беріңіз. 1. XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер құрылды? 2. Монғол империясының құрылуы мен ыдырауы нәтижесінде қандай өзгерістер
орын алды?
Дескриптор Білім алушы
− XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер
құрылғандығын атайды;
− Монғол шапқыншылығының Еуразия құрлығына енгізген
өзгерістерін анықтайды.
1-карта. Монғол империясы
және оның ұлыстары
2-карта. Монғол
империясының ыдырауы
23
ПРОЕКТ
Тақырып Ақ Орда
Оқу мақсаты 6.3.1.6 Картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы
мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің саяси
тарихын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма
1. Кескін картаға Ақ Орда мемлекетінің территориясын белгілеңіз.
2. Ақ Орда және Алтын Орда мемлекеттерінің жер аумағын анықтаңыз.
Жошы ұлысы
Ақ Орда Алтын Орда
А) Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі, Сырдарияның орта және төменгі
ағысы аралығы
B) Еділ бойы бойы мен Кавказдың терістік жағы
C) Шығыс Түркістаннан Ферғана аймағы аралығы
D) Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағы
F) Солтүстік Қазақстан мен Сібір жазығы
Дескриптор Білім алушы
− Ақ Орда мемлекетінің территориясын кескін картада
белгілейді;
− Ақ Орда мен Алтын Орда мемлекетінің аумағын анықтайды.
24
ПРОЕКТ
Тақырып ХІІІ- XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті
Оқу мақсаты 6.2.2.1 Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи
дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• ХІІІ-ХV ғғ. өнер мен мәдениеттің дамуының
ерекшеліктерін анықтайды
• Ислам дінінің ХІІІ-ХV ғғ. өнер мен мәдениеттің
дамуына ықпалын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Орта ғасырларда кеңінен тараған жырлар мен олардың авторларын сәйкестендіріңіз.
№ Авторы Шығарманың атауы 1 Кутб 2 Абдрахман Жәми
А «Жүсіп-Зылиха»
В «Хұсрау мен Шырын»
Туындыларды түрлеріне байланысты сәйкестендіріңіз.
№ Туынды түрлері Туынды атаулары 1 Ертегілер 2 Күйлер 3 Эпостық жырлар
Туындылар:
«Ертарғын», «Құламерген», «Ақсақ құлан», «Орақ Мамай», «Ертөстік», «Ел
айырылған»
Күй, аңыз, шежіренің тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын анықтаңыз:
Дескриптор Білім алушы
− ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет және өнер қайраткерлерін
анықтайды;
− ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет пен өнер туындыларын
анықтайды;
− ХІІІ-ХV ғасырлардағы мәдениет және өнердің даму бағытын
анықтайды;
− Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі
ретіндегі маңыздылығын анықтайды.
25
ПРОЕКТ
Тақырып Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы
мәліметтері
Оқу мақсаты 6.4.1.2 Көшпелілердің шаруашылық өмірінің
ерекшеліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Орта ғасырдағы шаруашылықтың даму деңгейін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма
Орта ғасырлық деректердің мәліметтері негізінде, орта ғасырлардағы
шаруашылықтың даму деңгейін сипаттаңыз.
1-мәтін. «Жүретін арба туралы»
Бұл өңірде жылқыны көп өсіреді және оның құны өте төмен. Бір жылқының құны
біздің бір динарға сәйкес келетін 50-60 дирхемнен тұрады. Бұл жылқылар Мысырда
акадиш деген атпен танылады. Түріктер соны азық етеді. Бір түрікте бірнеше мың ат
болады. Бұл аттарды түркілер Үндістанға апарады, бір керуенде алты мыңнан, кейде
одан да көп болады. Бір атты ең арзаны 100 динарға сатады.
Ибн Баттута 2-мәтін. «Шығыс елдеріне саяхат»
Киіз үйді былай жасайды: тал шыбықтан тоқылған керегені дөңгелек етіп
орналастырады. Керегеге тал шыбықтарды (уық) жалғайды. Тал шыбықты дөңгелек
ағашқа (шаңырақ..) тағады. Үйлер арбаға орналастырылады. Бір арбаны 22 өгіз
тартады. Олар киімдерін Қытайдан алады. Парсы және өзге оңтүстік елдерінен жібек
пен алтын материалдарын, жазда киетін киімдерді алады. Руссия, Ұлы Бұлғария,
Паскатир, яғни Ұлы Мажарлар, Керкистен және солтүстіктің басқа көптеген
елдерінен қымбатты тері бұйымдары әкелінеді. Мұндай заттарды біздің елден
ешқашан көрмедім.
Гильом де Рубрук ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
− орта ғасырлық саяхатшылардың Қазақстан тарихына қатысты
еңбектеріне сипаттайды;
− орта ғасырлық деректердің негізінде шаруашылық деңгейін
анықтайды.
26
ПРОЕКТ
Тақырып Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы
мәліметтері
Оқу мақсаты 6.2.2.5 Көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Көшпелілердің өнер туындыларына сипаттама беріңіз.
Қолөнер түрлері Сипаттама
Темір ұсталығы
Ағаш ұсталығы
Зергерлік
Киім тігу
Дескриптор Білім алушы
− темір ұсталығына сипаттама береді;
− ағаш ұсталығына сипаттама береді;
− зергерлік кәсібіне сипаттама береді;
− киім тігу кәсібіне сипаттама береді.
27
ПРОЕКТ
Бөлім Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы
Тақырып Қазақ хандығының құрылуы
Оқу мақсаты 6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Төмендегі ақпаратқа сүйене отырып, қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын
салалар бойынша анықтаңыз.
Саяси Экономикалық Әлеуметтік
Қазақ хандығының құрылуының маңызы
А Сасы-Бұқа мен Орыс хан басқарған Ақ Орда мемлекетті қайта жаңғырды B Дешті – Қыпшақ даласындағы қандас ру-тайпалардың арасындағы соғысты
тоқтатты C Дешті-Қыпшақтан ығысытырылып, Шайбан әулиетінің хандары Мәуеренаһрға
барып қоныстанды. Атадан мирас болып келе жатқан жер қайтарылды. D Дешті – Қыпшақта бейбітшілік орнады. Қарапайым халық шаруашылықпен
айналысты. Малшылар малдарын өсірді. Егіншілер егіс алқаптарын ұлғайтты.
Өз өнімдерін Сыр бойы қалаларына әкеліп өткізді. Бұл халықтың тұрмысын
жақсартты E Халық саны тез өсе бастады. Халық саны өсуіне екі жағдай ықпал етті:
біріншіден, басқа ағайынды жұрттардың келіп қоныстануынан болса, екіншіден,
халықтың тұрмысы жақсарып, адамдардың әл-ауқаты арттуына байланысты
болды. Мысалы, ХV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының халық саны —
200 мың адамды құрады. Ал ХVІ ғасырдың басында Қазақ хандығының халық
саны – 1 миллион адамға жетті
Ғ Қазақ хандығы бірорталықтанған мемлекет болғандықтан, сыртқы саясаты
күшейді. G Қазақ хандығы құрылып, көшпелі және отырықшы шаруашылықтар арасында
байланыс орнады. Шаруашылық өркендеді, сауда қатынастары дамыды. H Қазақ хандығы құрылып, ішкі алауыздық тоқтатылды.
Дескриптор Білім алушы
− Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарттарын анықтайды;
− Қазақ хандығы құрылуының экономикалық маңызын
анықтайды;
− Қазақ хандығы құрылуының әлеуметтік маңызын анықтайды.
28
ПРОЕКТ
Тақырып Қазақ хандығының құрылуы
Оқу мақсаты 6.2.3.4 М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің
маңыздылығын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің тарихи
құндылығын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Деректі мазмұнын оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Әбілқайыр хан қайтыс болған соң, өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасты. Жұрттың
көпшілігі Керей мен Жәнібек ханның маңына топтасты. Олардың саны 200 мың адамға
жетті. Олар «өзбек-қазақ» атала бастады. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің
басы 870 жылдан (1465-1466 жж) басталады. <Алла жақсы біледі>. 940 жылға дейін
(1534 ж.) қазақтар Өзбекстанның көп бөлігіне биліктерін орнатты.
Деректің авторы Мұхаммед Хайдар Дулат. Ол Моғолстан хандарында қызмет етіп,
өмірінің соңғы күндерін Үндістанда өткізді. Рашидтың тарихы кітабының бірінші
дәптерін 15441546 жылдары толықтырып аяқтады
 Деректе қандай тарихи фактілер келтірілуде?
 Деректің тарихи маңыздылығы неде?
Дескриптор Білім алушы — М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің мазмұнын
анықтайды; — М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегіндегі Қазақ
хандығының құрылуының алғышарттарын анықтайды.
29
ПРОЕКТ
4-тоқсан
Тақырып Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Оқу мақсаты 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қасым ханның жүргізген сыртқы саясатын
бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Дерек негізінде Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі, сыртқы
саясатына және Қасым ханның саяси тұлғасына баға беріңіз.
34 – тарау. Ханның шайқасынан кейінгі болған оқиғалар туралы
1512 жылдың көктемінде Шайбан өзбектері Мауренаһрда билік құрды. Өзбектер
Шаһибек ханның қол астында еді. Саид хан қыс кезінде көктемдегі жағдайды ойлады.
Саид хан Ташкент қаласына қарайтын Ахангаранға жорық жасады. Мен ол жорықта
ханның жанында болдым. Сол жорықтан Саид хан олжалы оралды. Ізінше Қасым хан
Ташкентке Сүйініш ханға шабуыл жасады деген хабар келді. Саид хан тездетіп
Ташкентке бет алды. Кендірлік асуына жеткенде, Қасым хан қайтып кеткені туралы
хабар жетті. Саид хан осыдан кейін қазақтарға бет алды. Ондағы ойы Ташкентті алуға
тағы да қазақтарды көтеру болатын. Қасым хан жасы ұлғайғандықтан, Саид ханды
қарсы ала алмайтынын айтып, кешірім сұрайды. Жошы әулиетінің жасы елу мен
алпысқа толған отыз-қырық сұлтанды жіберіп, тізе бүгіп қарсы алсын деп бұйырады.
Соның ішінде Жаныш хан мен Таныш хан жас жағынан Саид ханнан көп үлкен еді.
Олар тізе бүккенде, хан орнынан тұрды. Қалған сұлтандардың бәрі тізе бүккенде, хан
орнына отырды. Олардың сәлемін қабылдады. Қасым хан Саид хан алдына келгенде,
жылы жүздесіп, құрметтегені сондай хан өмірінің соңына дейін, оның кішіпейілдігін
ұмытқан емес.
Мұхаммед Хайдар Дулат. «Тарихи Рашиди». 1543 ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
− Қасым ханның сыртқы саясатта жүргізген саясатын анықтайды;
− Қасым ханның Қазақ хандығының дамуына қосқан үлесін
талдайды.
30
ПРОЕКТ
Тақырып Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы
саясаты
Оқу мақсаты 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Хақназар хан мен Қасым хан тұсындағы Қазақ
хандығының жағдайын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Кестені толтырыңыз
Хандар Ішкі сасаты Сыртқы саясаты Мемлекетті
нығайтудағы
басты қадамдары
Қасым хан
Хақназар хан
Дескриптор Білім алушы -Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығының ішкі саясатын
сипаттайды; -Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі саясатын сипаттайды; -Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын
сипаттайды; -Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын
сипаттайды; -Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы басты қадамдарын
сипаттайды; -Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы басты қадамдарын
сипаттайды.
31
ПРОЕКТ
Тақырып Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты
Оқу мақсаты 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап,
нәтижелерін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Хақназар ханның саясатына баға береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Кестеге шекаралық өзгерістерді жазып, Хақназар ханның саясатына баға беріңіз.
Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы саясатына баға беріңіз.
Дескриптор Білім алушы — Хақназар хан тұсындағы батыстағы шекараны көрсетеді; — Хақназар хан тұсындағы шығыстағы шекараны көрсетеді; — Хақназар хан тұсындағы солтүстіктегі шекараны көрсетеді; — Хақназар хан тұсындағы оңтүстіктегі шекараны көрсетеді; — Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы саясатына баға береді.
Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының
шекарасы
батыста __________________
жетті
шығыста _____________________жетті
солтүстікте ____________________
жетті
оңтүстікте ____________________
жетті
32
ПРОЕКТ
Тақырып Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік
шекраларының нығаюы
Оқу мақсаты 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тәуекел ханның саясатының басты жетістіктерін
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Кестеге Тәуекел ханның саясаты нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерін жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы — Тәуекел ханның саясаты нәтижесінде қол жеткізген негізгі 4
жетістігін анықтайды.
Тәуекел хан қол
жеткізді… 1 2 3 4
33
ПРОЕКТ
Тақырып Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік
шекраларының нығаюы
Оқу мақсаты 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тәуекел ханның ішкі және сыртқы саясатына
баға береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Деректер мазмұны мен біліміңізге сүйеніп, Тәуекел ханның ішкі және сыртқы
саясатын талдап, ханның саяси роліне баға беріңіз.
Шежірелер жинағы
Ораз-Мұхаммед 8 жасында атасы Шығай ханнан айырылды. 13 жасында әкесі Ондан
сұлтан шейіт болды. Сейдақ биге тәуелділікте өмір сүрді. 16 жасында бүкіл христан
билеушісі Борис Федоровичке қызмет етуге дайын болды. Патша ағзам Керман
шаһарын сойырғал қылып берді.
Қадырғалиби Қосымбиұлы ХI ғасырдың соңында
Мәскеуге келіп, Тәуекелдің немере
інісі ОразМұхаммедтің жанында жоғары
лауазымды қызмет атқарады
«Шараф-намайи шахи»
Сауран қаласына зеңбіректер жеткізілді. Қаланы жаппай атқылай бастады. Баба сұлтан
Тараз қаласына екі қалмақты аттандырып, азық-түлік беріп жіберуді тапсырады.
Тәуекел хан екі қалмақты ұстап алып, жағдайды Абдаллах ханға хабар береді. Тәуекел
хан қол астындағы әскермен Баба сұлтанға қарсы аттанып, қоршауға алып, басын
алады. Баба сұлтан мен оның жақтастарының басын атақты және даңқты билеуші
Абдаллахқа алып келеді.
Хафиз Таныштың әкесі Ұбайдулла ханның
жақын адамдарының бірі болған. Еңбегін ХYI ғасырдың соңында жазған. ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
− Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын
талдайды;
− Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі саясатын
талдайды;
− Тәуекел ханның тұлғасына баға береді.
34
ПРОЕКТ
Тақырып Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығының бірлігінің
нығаюы
Оқу мақсаты 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есім ханның тұсындағы хандықтың ішкі жағдайын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Есім ханның тұсындағы хандықтың ішкі жағдайын сипаттап, кестені толтырыңыз.
Қазақ хандығы
Есім хан Тұрсын хан
астанасы
«Қатаған қырғыны» себепті орын алды?
Есім ханның мемлекетті нығайтудағы басты іс-әрекетін атаңыз
Дескриптор Білім алушы -Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының астанасын
анықтайды; -Тұрсын ханның өзін хан деп жариялап, астана атаған
қаласын анықтайды; -«Қатаған қырғынының» себептерін анықтайды; — Есім ханның мемлекетті нығайтудағы басты іс-әрекетін
анықтайды.
35
ПРОЕКТ
Тақырып Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығының бірлігінің
нығаюы
Оқу мақсаты 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап,
нәтижелерін талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есім ханның сыртқы саясатының басты
бағыттарын анықтап, Есім ханның саясатына баға
береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Есім ханның сыртқы саясатының басты бағыттарын анықтап, Есім ханның саясатына
баға беріңіз.
Есім ханның саясатына баға беріңіз
Дескриптор Білім алушы — Есім ханның Орта Азия билеушілерімен қарымқатынасын анықтайды; — Есім ханның қарақалпақтармен қарым-қатынасын
анықтайды; — Есім ханның ойраттармен қарым-қатынасын анықтайды; — Есім ханның саясатына баға береді.
Есім ханның сыртқы саясаттағы басты
бағыттары
Орта Азия билеушілерімен _________________________
Қарақалпақтармен ___________________________ _
Ойраттармен ____________________________ __
36
ПРОЕКТ
Тақырып Жәңгір хан және қазақ-жоңғар қарсылығы
Оқу мақсаты 6.2.2.3 Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жәңгір хан тұлғасы және Орбұлақ шайқасы туралы алған біліміңізді пайдаланып, мына
тапсырманың бірін орындаңыз:
 Орбұлақ шайқасындағы басты оқиғалар және оның тарихи маңызы туралы ойтолғау жазыңыз.
 Орбұлақ шайқасы туралы сурет салып, оның мәнін ашатын түсіндірме жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы — Орбұлақ шайқасындағы басты оқиғалар және
Оның тарихи маңызы туралы ой-толғау анықтайды; — Орбұлақ шайқасының барысы туралы сурет
салып, оның мәнін ашатын түсіндірме береді.
37
ПРОЕКТ
Тақырып Жәңгір хан және қазақ-жоңғар қарсылығы
Оқу мақсаты 6.3.2.7 Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери
өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен
ерлігіне баға береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суретті, картаны және өз біліміңізді пайдаланып, Орбұлақ шайқасында жеңіске жетуге
мүмкіндік берген Жәңгір ханның қолбасшылық қабілетіне баға беріңіз.
Орбұлақ шайқасы. Суретші Т. Асықов
Жәңгір хан
Қолбасшылық қабілеттері
(Пікіріңізді дәйектермен дәлелдеңіз)
Қорытынды ой
Дескриптор Білім алушы -Жәңгір ханның қолбасшылық қабілеттеріне баға
береді; -Жәңгір ханның тұлғасына баға береді.
38
ПРОЕКТ
Тақырып Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық
жүйесі
Оқу мақсаты 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясатына
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тәуке ханның мемлекетті өркендетудегі рөлін сипаттап, «Жеті жарғы» заңдар жинағы
бойынша кестені толтырыңыз.
Жеті жарғы заңдары Заңның сипаттамасы, неліктен осындай
заң қабылданды?
Мемлекет ішінде жазықсыз кісі
өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын
Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік
атты ұрлаған кісіге өлім жазасы
бұйырылсын
Төбелесте мертігудің түріне қарай
төмендегіше мүліктей құн төленсін:
а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа
қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың
қалыңмалын береді.
ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі
айыпқа ат береді
Түркі халқының мүддесін сатып, елге
опасыздық еткендер өлім жазасына
бұйырылсын
Дескриптор Білім алушы — Жеті жарғы заңдарына сипаттама береді; — Жеті жарғы заңдарының қабылдану себептерін көрсетеді.
39
ПРОЕКТ
Тақырып Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы
Оқу мақсаты 6.3.1.11 Қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр,
жыраулардың қызметтерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың
қызметін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төменде берілген әлеуметтік топ өкілдерінің қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттаңыз.
Әлеуметтік топ
өкілдері
Қызметі мен қоғамдағы ролі
Сұлтан
Би
Батыр
Жырау
Дескриптор Білім алушы
− Сұлтанның қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттайды;
− Бидің қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттайды;
− Батырдың қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттайды;
− Жыраудың қызметі мен қоғамдағы ролін сипаттайды.
40
ПРОЕКТ
Тақырып Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы
Оқу мақсаты 6.4.1.2 Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының
ерекшеліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының маңызын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Төрт түліктің ерекшелігін және көшпелілер үшін маңызын жазыңыз.
Төрт түлік Көшпелілер үшін маңызы
Дескриптор Білім алушы -Қойдың көшпелілер өміріндегі маңызын анықтайды; — Сиырдың көшпелілер өміріндегі маңызын анықтайды; -Жылқының көшпелілер өміріндегі маңызын анықтайды; -Түйенің көшпелілер өміріндегі маңызын анықтайды;
41

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь