ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Биология 7-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Биология 7-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

107
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Биология
7-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан ……………………………………………………………………………………………………………………………………. 4
Тарау: Экожүйелер ………………………………………………………………………………………………………………… 4
Тарау: Тірі ағзаларды жүйелеу ……………………………………………………………………………………………… 14
Тарау: Жасушалық биология Су және органикалық заттар ……………………………………………………. 20
2-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………………….. 27
Тарау: Заттардың тасымалдануы ………………………………………………………………………………………….. 27
Тарау: Тыныс алу…………………………………………………………………………………………………………………. 36
3-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………………….. 43
Тарау: Бөліп шығару ……………………………………………………………………………………………………………. 43
Тарау: Координация және реттелу ………………………………………………………………………………………… 54
4-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………………….. 65
Тарау: Тұқымқуалау мен өзгергіштік ……………………………………………………………………………………. 65
Тарау: Көбею. Өсу және даму ………………………………………………………………………………………………. 71
Тарау: Микробиология және биотехнология …………………………………………………………………………. 81
3
1-тоқсан
Тарау: Экожүйелер
Тақырып: Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық,
рН, ылғалдылық) биотикалық (Микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер).
Оқу мақсаты 7.3.1.1 Жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта
факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен
таралуына әсерін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жергілікті жер экожүйелерін анықтайды
• Қоршаған орта факторларын анықтайды және тірі
ағзаларға әсерін зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз.
1 2 3
(а) 1, 2, 3 сандарымен белгіленген экожүйе түрін анықтаңыз. Әр түрлі экожүйедегі тірі
ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына қандай факторлар әсер етуі мүмкін екенін
болжаңыз. Жауабын кестеге жазыңыз.
№ Экожүйе түрі Абиотикалық фактор Биотикалық фактор
123
(b) Өзіңіз тұратын өлкенің мысалында жергілікті экожүйе ерекшелігін сипаттаңыз.
___________________________________________________________________
(с) Жергілікті экожүйеге тән ағзаның (өсімдік немесе жануар) тіршілік әрекетіндегі
бейімделушілікке мысал келтіріңіз
___________________________________________________________________
4
Дескриптор Білім алушы
— экожүйе түрін анықтайды;
— экожүйеге әсер ететін абиотикалық факторларды анықтайды;
— экожүйеге әсер ететін биотикалық факторларды анықтайды;
— жергілікті жер экожүйесінің ерекшелігін сипаттайды;
— бір ағза мысалында бейімделу ерекшелігіне мысал келтіреді.
2-тапсырма
Төмендегі кестеде экологиялық факторлар берілген.
1. Жел 4. Жарық 7. Су
2. Өсімдіктер 5. Бактерия 8. Температура
3. Минералды заттар 6. Жануарлар 9. Саңырауқұлақ
Факторларды жіктеңіз.
А. Абиотикалық факторлар В. Биотикалық факторлар
А В
Дескриптор Білім алушы
— абиотикалық факторларды анықтайды;
— биотикалық факторларды анықтайды.
5
Тақырып: Қоректік тізбектер және қоректік торлар
Оқу мақсаты 7.3.1.2 Табиғи қоректік тізбектерді салыстыру
7.3.1.3 Қоректік тізбектер және қоректік торларды
құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Табиғи қоректік тізбектерді ажыратады
• Қоректік тізбектер және қоректік торлар құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Табиғи экожүйелердің қоректік тізбегі берілген.
(а) Суреттегі ағзалар арасына тиісті бағытта нұсқарды қойып, бірнеше қоректік тізбек
құрыңыз.
(b) Құрылған қоректік тізбектерге ортақ белгілерді атаңыз.
1__________________________________________________________________
2__________________________________________________________________
3__________________________________________________________________
(c) Қоректік тізбектердегі айырмашылықтың себебін түсіндіріңіз.
__________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
— берілген суретте нұсқарлар бағытын анықтайды;
— бірнеше қоректік тізбек құрады;
— қоректік тізбектің ұқсас белгілерін атайды;
— қоректік тізбектер арасындағы айырмашылықтарды
анықтайды.
6
2-тапсырма
(а) Төменде берілген тірі ағзаларды экологиялық топтары бойынша топтастырыңыз.
(b) Ағзалардың қоректену ерекшелігін сипаттаңыз.
(c) Ағзалардың экологиялық топтарының табиғаттағы маңызын түсіндіріңіз.
Жауабыңызды кестеге жазыңыз.
Тірі ағзалар
1. алма ағашы
2.топырақ бактериялары
3. түймедақ
4. бұғы
5. зең саңырауқұлақтары
6. ешкі
7. қасқыр
8.таңкурай
9. емен
10. құрттар
11. бүркіт
12. үкі
Экологиялық топтар Тірі ағзалар Қоректену
ерекшелігі
Табиғаттағы
маңызы
Түзушілер
(продуценттер)
Тұтынушылар
(консументтер)
Ыдыратушылар
(редуценттер)
Дескриптор Білім алушы
— түзушілерді анықтайды;
— тұтынушыларды анықтайды;
— ыдыратушыларды анықтайды;
— түзушілерді сипаттайды;
— тұтынушыларды сипаттайды;
— ыдыратушыларды сипаттайды.
3-тапсырма
(а) Төменде суретте көрсетілген тундра биоценозындағы өсімдіктер мен
жануарлар түрлерінің арасындағы қоректік байланыстарды сызықпен белгілеп,
қоректік тор құрыңыз.
(b) Құрылған қоректік тордағы түзушілер мен тұтынушыларды анықтаңыз.
7
Дескриптор Білім алушы
— суреттегі ағзалар арасына нұсқарлардың дұрыс бағытын
анықтайды;
— қоректік тор құрады;
— құрылған қоректік тордағы түзушілер анықтайды;
— құрылған қоректік тордағы тұтынушыларды анықтайды.
8
Тақырып: Экологиялық сукцессиялар: Бірінші және екінші реттік сукцессиялар.
Экожүйенің алмасуы.
Оқу мақсаты 7.3.1.4 Экологиялық сукцессия үдерісін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Экологиялық сукцессия ұғымын анықтайды
• Экологиялық сукцессия үдерісін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз.
1 2
(а) Экологиялық сукцессия ұғымын түсіндіріңіз
____________________________________________________________
(b) Экологиялық сукцессия түрлеріне мысал келтіріңіз
____________________________________________________________
(с) Экологиялық сукцессия үдерісінің жүру кезеңдерін ретімен жазыңыз.
____________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
— экологиялық сукцессия ұғымына анықтама береді;
— экологиялық сукцессия түрлеріне мысал келтіреді;
— экологиялық сукцессия үдерісінің жүру кезеңдерін атайды.
9
Тақырып: Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор.
Оқу мақсаты 7.3.2.1 Адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Антропогендік фактор ұғымын анықтайды
• Адам мен экожүйе арасындағы қарым-қатынастарды
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз.
(а) Антропогендік фактор ұғымын түсіндіріңіз.
____________________________________________________________________
(b) Суретті пайдаланып, адам мен экожүйе арасындағы байланысты сипаттаңыз.
____________________________________________________________________
(c) Адамның экожүйенің бір бөлігі екенін дәлелдеңіз.
____________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
— антропогендік фактор ұғымын анықтайды;
— адам мен экожүйе арасындағы байланысты сипаттайды;
— адам мен экожүйенің байланысын сипаттап, аргументтер келтіреді.
10
Тақырып: Адам тіршілік әрекеттерінің экожүйеге жағымсыз әсері
Оқу мақсаты 7.3.2.2 Экожүйеге жағымсыз әсер ететін адамның
шаруашылық салаларына мысалдар келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамның шаруашылық салаларының
жағымсыз салдарын анықтайды
• Экожүйеге жағымсыз әсер ететін адамның
шаруашылық салаларына мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Адамның қоршаған орта компоненттеріне әсерін сипаттаңыз.
Қоршаған
ортаның
компоненттері
Әрекет түрлері Салдары
Топырақ Топырақты тыңайту (i)
Су Мұнай өндіру (ii)
Ауа Автокөліктердің газы (iii)
Дескриптор Білім алушы
— антропогендік факторлардың топыраққа әсерін
сипаттайды;
— антропогендік факторлардың суға әсерін
сипаттайды;
— антропогендік факторлардың ауаға әсерін
сипаттайды.
11
Тақырып: Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар.
Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары.
Оқу мақсаты 7.3.2.3 Ерекше қорғалатын Қазақстан Республикасының
табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын
табиғи аймақтарды анықтайды
• Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын
табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
Қазақстан Республикасында ерекше қорғалатын 10 қорық, 12 ұлттық саябақ, 50 кіші
қорықтар бар.
(а) Картаны пайдаланып, жергілікті жердегі ерекше қорғалатын табиғи аймақты
анықтаңыз.
b)Жергілікті жердің ерекше қорғалатын табиғи аймағына тән флора мен фаунасын
сипаттаңыз.
Флора ________________________________ Фауна_________________________________
Дескриптор Білім алушы
12
— жергілікті жердегі ерекше қорғалатын табиғи аймақты атайды;
— ерекше қорғалатын табиғи аймаққа тән өсімдіктер мен жануарларды
сипаттайды.
Тақырып: Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл
кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері.
Оқу мақсаты 7.3.2.4 Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген
жануарлары мен өсімдіктеріне мысалдар келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген
жануарлары мен өсімдіктерін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
1-тапсырма
(a) Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген жануарларға мысал
келтіріңіз.
Балықтар Қосмекенділер Сүтқоректілер
Мысал
(b) Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген өсімдіктерге мысал
келтіріңіз.
__________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
− ҚР ҚК-қа енген балық түрлерін атайды;
− ҚР ҚК-қа енген қосмекенділер түрлерін атайды;
− ҚР ҚК-қа енген сүтқоректілер түрлерін атайды;
− ҚР ҚК-қа енген өсімдіктер түрлерін атайды.
13
Тарау: Тірі ағзаларды жүйелеу
Тақырып: Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар,
протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар.
Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер.
Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы.
Оқу мақсаты 7.1.1.1 Жүйелеудің маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі жүйелік топтарды және оларға тән белгілерді
анықтайды
• Жүйелеудің маңызын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
(a) Тірі ағзаларды жүйелеудің маңызын түсіндіріңіз.
__________________________________________________________________________
(b) Жануарларды жүйелеуде қолданатын ең ірі таксондық бірліктен бастап ретімен
жазыңыз.
__________________________________________________________________________
(c) Жүйелеуде бинарлық номенклатураның маңызын түсіндіріңіз.
__________________________________________________________________________
(d) Төменде саңырауқұлаққа тән белгілер берілген. Саңырауқұлақтың өсімдіктер мен
жануарларға тән ортақ белгілерін тиісті торкөзге «+» қою арқылы белгілеңіз.
Саңырауқұлаққа тән белгілер Өсімдіктер Жануарлар
Хлоропластары болмағандықтан фотосинтез
үдерісі жүрмейді
Әрдайым өседі
Жасуша қабықшасы бар
Жасушадағы қоректік қор заты -гликоген
Қозғалмайды
Дайын ағзалық затпен қоректенеді
Жасуша қабықшасы бунақденелілерге ұқсас
нәруызды-хитинді
Дескриптор Білім алушы
− жүйелеудің маңызын түсіндіреді;
− таксондық бірліктердің атауын ретімен жазады;
− жүйелеуде бинарлық номенклатураның маңызын түсіндіреді;
− саңырауқұлақтар және өсімдіктер патшалықтарының ортақ
белгілерін анықтайды;
− саңырауқұлақтар және жануарлар патшалықтарының ортақ
белгілерін анықтайды.
14
Оқу мақсаты 7.1.1.2 Жүйеленуде тірі ағзалардың орнын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірі ағзаларды сипаттамалары бойынша жүйелік
топтарға бөледі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
(a) Төменде берілген ағзалардың систематикалық орнын анықтаңыз. Aтауларын жазып,
кестені толтырыңыз.
Жануарлар Өсімдіктер Саңырауқұлақтар
15
(b) Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар мен оларға тән сипаттамаларды
сәйкестендіріңіз.
Сипаттама Ағзалар
A. Денесі бір жасушадан тұрады.
B. Денелерінде бірнеше ұлпа түрі кездеседі.
C. Белгілі бір қызмет атқаратын-мүшелері болады.
D. Қозғалыс мүшелері-жалған аяқтар, талшықтар,
кірпікшелер.
E. Қозғалыс мүшелері-қанат, аяқ т.б.
F. Қарапайым 2-ге бөліну арқылы көбейеді.
G. Қолайсыз жағдай туындағанда циста түзеді.
H. Қанайналым, асқорыту, тыныс алу мүшелер жүйелері
бар.
I. Денесі бірнеше қабаттардан тұрады .
J. Тек микроскоппен ғана көрінеді.
Көпжасушалы
Біржасушалы
І ІІ
Дескриптор Білім алушы
− ағзалардың атауын анықтайды;
− жануарлар патшалығына жататын ағзаларды жазады;
− өсімдіктер патшалығына жататын ағзаларды жазады;
− саңырауқұлақтар патшалығына жататын ағзаларды жазады;
− біржасушалы ағзаларға тән белгілерді анықтайды;
− көпжасушалы ағзаларға тән белгілерді анықтайды.
16
Тақырып: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы
ерекшеліктер
Оқу мақсаты 7.1.1.3 Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың
құрылысының ерекшеліктерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың
құрылысының ерекшеліктерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
(а) Суретте берілген ағзаларды құрылыс ерекшелігіне байланысты екі топқа жіктеңіз.
(b) Ағзаларды жіктеуге негіз болған маңызды белгілерді атаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— сурет бойынша омыртқалы жануарларды жазады;
— сурет бойынша омыртқасыз жануарларды жазады;
— ағзалардың құрылыс ерекшеліктерін анықтайды.
17
Тақырып: Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану.
Оқу мақсаты 7.1.1.4 Жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық
кілттерді қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дихотомиялық кілттер арқылы ағзаларды анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
1-тапсырма
(а) Төменде берілген дихотомиялық кілтті пайдаланып, суреттегі ағзалардың класын
анықтаңыз.
А B С D Е F
Дихотомиялық кілт
1a Үш жұп аяғы бар Бунақденелілер класы
1b Үштен көп аяғы бар 2 –ге көшіңіз
2а. Төрт жұп аяғы бар Өрмекшітәрізділер класы
2b Аяғының саны төрттен көп 3 – ке көшіңіз
3а. Денесі екі бөліктен тұрады,
үшкір құйрығы бар
Семсерқұйрықтылар класы
3b. Денесі екіден көп бөлікті 4-ке көшіңіз
4а Бес –сегіз аяқтары бар Шаянтәрізділер класы
4b 10 жұптан көп аяғы бар;
денесі құрт сияқты ұзын
5-көшіңіз
5a Денесі жұмыр; әр сегментте
бір жұп аяқтан
Сирекқылтанды құрттар класы
5б Денесі жалпақ, әр сегментте
бір жұп аяқтан
Көпқылтанды құрттар класы
(b) суретте берілген А — D ағзаларды біріктіретін белгілерді атаңыз.
(с) суреттегі А – D ағзаларының Е және F ағзаларынан ерекшелігін түсіндіріңіз.
18
(d) Суретке қараңыз.
_________ _________
(e) Құрбақа мен көлбақаны анықтаңыз.
(f) Құрбақа мен көлбақаның құрылыс және тіршілік әрекетінің ерекшелігі туралы біліміңізге
сүйеніп, қарапайым дихотомиялық кілт құрастырыңыз
Дескриптор Білім алушы
− қарапайым дихотомиялық кілттерді қолданып, ағзалар класын
анықтайды;
− ағзаларды топтастыратын ортақ белгілерді сипаттайды;
− ағзаларды ерекшелейтін өзгеше белгілерді сипаттайды;
− суретке қарап түрді (құрбақа/көлбақа) анықтайды;
− ағзалардың құрылыс және тіршілік әрекетінің ерекшелігі негізінде
дихотомиялық кілт құрастырады.
19
Тарау: Жасушалық биология Су және органикалық заттар
Тақырып: Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері.
Оқу мақсаты 7.4.2.1 «Жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі»
ұғымдарын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымдарын,
түрлерін және атқаратын қызметтерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
(a) Ұғымдарға анықтама беріңіз.
Жасуша дегеніміз_______________________________________________________
Ұлпа дегеніміз__________________________________________________________
(b) Кестені толтырыңыз.
№ Атқаратын қызметі Мүшелер жүйесі
1 Сұйықтықты бөліп шығару
2 Оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдау
3 Ағза және қоршаған орта арасындағы газ
aлмасу
4 Ас қорыту және асты сіңіру
5 Ағзаның барлық қызметін реттеу
Дескриптор Білім алушы
− жасуша ұғымына анықтама береді;
− ұлпа ұғымына анықтама береді;
− атқаратын қызметіне қарай мүшелер жүйесін анықтайды.
20
Тақырып: Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық
микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро,
цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.
Оқу мақсаты 7.4.2.2 Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктер және жануарлар жасушаларының
құрылысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Суретте жасуша құрылысы көрсетілген. Жасуша органоидтарын анықтаңыз.
(b) Төмендегі суретті пайдаланып, жасушалар түрін анықтаңыз.
(с) Жасушалардың ерекшелігін сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− жасуша органоидттарын анықтайды;
− өсімдіктер және жануарлар жасушаларын ажыратады;
− жануар мен өсімдік жасушаларының ұқсастықтарын анықтайды;
− жануар мен өсімдік жасушаларының айырмашылықтарын анықтайды.
1 ……………………………………………………
2 ……………………………………………………
3 ……………………………………………………
4 ……………………………………………………
5 ……………………………………………………
6…………………………………………………….
7…………………………………………………….
8…………………………………………………….
9…………………………………………………….
10…………………………………………………..
21
Тақырып: Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау
және балқу температурасы, жылусыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және
оның еріткіш ретіндегі, температурыны сақтау реттеудегі және ролі.
Оқу мақсаты 7.4.1.1 Судың қасиеті мен тірі ағзалар үшін маңызын
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Судың қасиеттерін анықтайды
• Судың тірі ағзалар үшін маңызын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
(а) Төмендегі суреттерді пайдаланып судың қасиеттерін сипаттаңыз.
a b c
(b) Сіз анықтаған су қасиеттерінің тірі ағзалар үшін маңызын түсіндіріңіз.
(с) Берілген тұжырымдардың ішінен дұрыс тұжырымдарды белгілеңіз.
1. Су дене температурасын тұрақтандырады;
2. Фотосинтез процесіне қатысады;
3. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалайды;
4. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді;
5. Ағзаның зат алмасу үдерісін тежейді;
6. Жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді;
7. Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады;
8. Өсімдіктердегі зиянды заттар су арқылы сыртқа шығады;
9. Кейбір тірі ағзалар сусыз тіршілік ете алады;
10. Минералды судың құрамындағы минералды заттар суда ерімейді.
Дескриптор Білім алушы
− сурет бойынша судың қасиеттерін сипаттайды;
− су қасиеттерінің тірі ағзалар үшін маңызын түсіндіреді;
− су туралы тұжырымдарды көрсетеді.
22
Тақырып: Микро (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний,
кальций, калий, фосфор) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.
Оқу мақсаты 7.4.1.2 Тірі ағзалар тіршілік әрекеттері үшін микро- және
макроэлементтердің ролін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Микро- және макроэлементтерді және олардың ағзаға
әсерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
(а) Тірі ағзалар үшін маңызды микроэлементтер және
макроэлементтер тізімін жасаңыз.
(b) Mикро- және макроэлементтердің тірі ағзалар
тіршілігі үшін маңызын сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− микроэлементтерді жазады;
− макроэлементтерді жазады;
− микроэлементтердің ағзаға әсерін сипаттайды;
− макроэлементтердің ағзаға әсерін сипаттайды.
23
Тақырып: Азық – түліктердегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар.
Оқу мақсаты 7.4.1.3 Азық– түліктерде көмірсулар, нәруыздар және
майлардың бар екендігін дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Органикалық заттардың қасиеттерін, құрамын және
азық–түлік құрамында болуын зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
(a) Берілген химиялық элементтер қатарынан нәруыз құрамына кіретіндерін анықтаңыз.
C-көміртек О-оттегі Н-сутегі N-азот
А x V V V
В V V V V
С x V x V
D V x V V
(b) Берілген тізімнен органикалық заттарды анықтаңыз.
A Су
B Нәруыз
C Көміртек
D Май
E Оттек
F Көмірсу
(с) Төменде берілген азық – түлік құрамында көп мөлшерде кезігетін органикалық
заттарды анықтаңыз.
24
(d) Осы тағамдардың құрамында кезігетін органикалық заттарды анықтау үшін сізге
Биурет, Бенедикт ерітінділері және йод берілді делік. Жүргізілетін реакция нәтижелерін
сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− нәруыз құрамына кіретін элементтерді анықтайды;
− органикалық заттарды көрсетеді;
− азық-түлік құрамында кезігетін органикалық заттарды
анықтайды;
− органикалық заттарды анықтауға жүргізілетін сапалық реакция
нәтижесін сипаттайды.
25
Тақырып: Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор).
Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі және фосфорлы).
Оқу мақсаты 7.4.1.4 Минералды тыңайтқыштардағы азот, калий және
фосфордың өсімдіктер үшін маңызын танып білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыңайтқыштардың түрлерін, қасиеттерін және
өсімдіктер үшін маңызын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
(а) Берілген тыңайтқыштарды жіктеңіз.
Калий Шымтезек Қарашірік
Фосфор Азот Қи
Минералды тыңайтқыштар Органикалық тыңайтқыштар
A D
B E
C F
(b) Төменде берілген мәліметпен минералды тыңайтқыштар түрлерін сәйкестендіріңіз.
1. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді.
2. Егер өсімдікке бұл элемент жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозғылт тартады.
3. Жемістің салмағы кеміп, жемістің түзілуі баяулайды.
4. Қоректік заттардың қорға жиналуы үшін қажет.
5. Бидайдың түптенуі баяулайды.
6. Жасуша қабықшасының түзілуіне қатысады.
7. Ағаштардың жанама бұтақтары дамымайды.
A B C
(с) Минералды тыңайтқыштардың өсімдік тіршілігі үшін маңызын түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− минералды тыңайтқыштарды ажыратады;
− органикалық тыңайтқыштарды ажыратады;
− А минералды тыңайтқышының қасиеттерін анықтайды;
− В минералды тыңайтқышының қасиеттерін анықтайды;
− С минералды тыңайтқышының қасиеттерін анықтайды;
− минералды тыңайтқыштардың өсімдік тіршілігі үшін маңызын
сипаттап жазады.
26
2-тоқсан
Тарау: Заттардың тасымалдануы
Тақырып: Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.
Оқу мақсаты 7.1.3.1 Тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының
маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалын
зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
1. Өсімдіктер мен жануарларда қоректік заттардың тасымалына қатысатын
құрылымдарын атаңыз.
2. Тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− өсімдіктерде қоректік заттардың тасымалына қатысатын
құрылымдарын атайды;
− жануарларда қоректік заттардың тасымалына қатысатын
құрылымдарын атайды;
− тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызын
түсіндіреді.
27
Тақырып: Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен
мүшелер жүйесі.
Оқу мақсаты 7.1.3.2 Өсімдіктерде заттардың тасымалына қатысатын
мүшелерді танып білу
7.1.3.3 Тамыр және сабақтың ішкі құрылысын зерттеу
7.1.3.4 Тамыр және сабақтың құрылысы мен қызметі
арасындағы байланысты сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктерде заттардың тасымалын қамтамасыз
ететін мүшелері, мүшелер жүйесін және олардың
құрылысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Суретте өсімдік сабағының және тамырының көлденең кесіндісі берілген.
(а) Суреттегі құрылымның атауын жазыңыз.
(b) Әр құрылымның құрылысын атқаратын қызметімен байланыстыра отырып,
сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− А құрылымының атауын жазады;
− В құрылымының атауын жазады;
− А құрылымының қызметін анықтайды;
− В құрылымының қызметін анықтайды;
− сабақ пен тамырдың құрылымдарының құрылыс ерекшелігін
атқаратын қызметімен байланыстыра сипаттайды.
28
2-тапсырма
(а) Суреттен сабақтың құрылымдарын анықтаңыз.
(b) Суреттен тамырдың аймақтарын анықтаңыз.
(с) Тамыр аймақтарының құрылысы оның атқаратын қызметімен байланысын сипаттаңыз.
сабақ тамыр
Дескриптор Білім алушы
− сабақтың құрылымдарын атайды;
− сурет бойынша тамырдың аймақтарын анықтайды;
− тамыр аймақтарының қызметін жазады.
29
Тақырып: Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері.
Оқу мақсаты 7.1.3.5 Флоэма мен ксилеманың элементтерін құрылысын
салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Флоэма мен ксилеманың құрылысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Төмендегі суреттерді пайдаланып, ксилема мен флоэма құрылысын салыстырыңыз.
Нәтижесін кестеге толтырыңыз.
№ Cипаттама Флоэма (сүзгілі
түтік)
Ксилема (түтік)
1 ұлпаны түзуші жасушалар табиғаты
2 құрылысы
3 құрамы (қандай құрылымдардан
тұрады)
4 қызметі
5 сабақ пен тамырда орналасуы
6 заттардың тасымалдану бағыты
Дескриптор Білім алушы
− ұлпаны түзуші жасушалар табиғатын анықтайды;
− ксилема және флоэманы құрылыс ерекшелігін анықтайды;
− флоэма және ксилема құрамын (қандай құрылымдардан
тұрады) анықтайды;
− флоэма және ксилеманың сабақ пен тамырда орналасуын
анықтайды;
− флоэма және ксилема арқылы заттардың тасымалдану
бағытын анықтайды.
30
Тақырып: Жануарлардағы қанайналым мүшелері : буылтық құрттар, ұлулар,
буынаяқтылар және омыртқалылар.
Оқу мақсаты 7.1.3.6 Жануарларда заттар тасымалына қатысатын
мүшелерді танып білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жануарларда заттар тасымалына қатысатын
мүшелерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
(а) Ағзалардың қанайналым жүйесінің ерекшелігін сипаттаңыз.
(b) Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесін салыстырып,
ағзалардың қанайналым жүйесіндегі өзгерістің себебін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− омыртқасыз жануарлардың қанайналым жүйесінің
ерекшелігін сипаттайды;
− омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің
ерекшелігін сипаттайды;
− омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қанайналым
жүйесін салыстырып, өзгерістің заңдылықтарын түсіндіреді.
31
Тарау: Тірі ағзалардың қоректенуі
Тақырып: Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы.
Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші, суды буландырушы және газ алмастырушы
арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы.
Оқу мақсаты 7.1.2.1 Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы
мен қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттайды
• Жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметі
арасындағы өзара байланысты түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
1. Суретте жапырақтың ішкі құрылысы берілген.
32
(а) Жапырақтың ішкі құрылысын анықтайтын құрылымдарды атаңыз.
(b) Әр құрылымның атқаратын қызметін сипаттаңыз. Жауабын кестеге толтырыңыз.
№ Құрылым атауы Атқаратын қызметі
Дескриптор Білім алушы
− жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылымдарды атайды;
− жапырақтың ішкі құрылысын құрайтын құрылым қызметін
сипаттайды.
Тақырып: Фотосинтезге қажетті жағдайлар.
Оқу мақсаты 7.1.2.2 Фотосинтезге қажетті жағдайларды зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Фотосинтез үдерісін және қажетті жағдайларды
зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
1. Оқушыға фотосинтезге қажетті жағдайларды зерттеу тапсырылды.
(а) Суретті пайдаланып, жұмысқа болжам жасаңыз.
(b) Зерттеу нәтижесінде фотосинтез жүргенін қалай анықтауға болатынын
түсіндіріңіз.
(с) Фотосинтез жылдамдығына әсер ететін жағдайларды сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− зерттеу жұмысының болжамын ұсынады;
− фотосинтез кезінде жүретін үдерісті түсіндіреді;
− фотосинтез жылдамдығына әсер ететін жағдайларды
сипаттайды.
34
2-тапсырма
Төмендегі суретті пайдаланып, сұрақтарға жауап жазыңыз.
1 Фотосинтез қандай үдеріс?
2 Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған
кім?
3 Қант жапырақтың қай бөлігінде түзіледі?
4 Жапырақтың фотосинтез жүретін бөлімі қандай
ұлпаға жатады?
Дескриптор Білім алушы
— фотосинтез ұғымын түсіндіреді;
— фотосинтездегі хлорофилдің рөлін сипаттаған ғалымды
атайды;
— фотосинтез өнімі түзілетін жапырақ бөлімін атайды;
— фотосинтез жүретін ұлпаны анықтайды.
35
Тарау: Тыныс алу.
Тақырып: Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу –
энергия көзі.
Оқу мақсаты 7.1.4.1 Тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыныс алу үрдісін зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз.
(а) Тыныс алу үрдісін түсіндіріңіз.
(b) Тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын түсіндіріңіз.
(с) Берілген химиялық реакция теңдеуін тыныс алу үдерісімен байланысын сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− тыныс алу үрдісін сипаттайды;
− тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын түсіндіреді;
− химиялық реакция теңдеуін тыныс алу үдерісімен
байланыстыра сипаттайды.
36
Тақырып: Тыныс алу типтері: анаэробты және аэробты.
Анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру: оттегінің
қатысында/қатысынсыз, статикалық/динамикалық жұмыс,
жылықанды/суыққанды жануарлар.
Оқу мақсаты 7.1.4.2 Анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін
ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін
зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Кестені толтырыңыз.
Сипаттама Анаэробты тыныс алу Аэробты тыныс алу
Өту жағдайы
Жылдамдығы
Соңғы өнім
Дескриптор Білім алушы
− анаэробты тыныс алу сипаттамасын жазады;
− аэробты тыныс алу сипаттамасын жазады.
37
Тақырып: Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тынысалуы
мысалында.
Оқу мақсаты 7.1.4.3 Өсімдіктердегі тыныс алуды зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктердегі тыныс алу мен фотосинтез үдерісін
салыстырады
• Өсімдіктердегі тыныс алуды зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Өсімдіктерде жүретін тыныс алу және фотосинтез үдерістерін салыстырыңыз.
Үдерісі Тыныс алу Фотосинтез
1 Қандай жасушаларда
жүреді?
2 Қандай газ жұтылады?
3 Қандай газ бөлінеді?
4 Органикалық заттар қандай
өзгеріске ұшырайды?
5 Күннің қай кезінде жүреді?
6 Үдеріс барысында энергия
қандай өзгеріске
ұшырайды?
2. Төмендегі суретте оқушының өсімдіктің әр түрлі мүшелерінің тыныс алуын зерттеу үшін
жүргізген тәжірибесі берілген.
(а) Тәжірибе нәтижесін сипаттаңыз.
(b) Шырақтың сөніп қалу себебін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− тыныс алу үдерісін сипаттайды;
− фотосинтез үдерісін сипаттайды;
38
− өсімдіктердің тыныс алуын зерттеу нәтижесін
түсіндіреді.
Тақырып: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері.
Бунақденелілердің демтүтіктері, балықтарының желбезектері, құстардың және
өкпесі.
Оқу мақсаты 7.1.4.4 Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың
тыныс алу мүшелерін салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың
тыныс алу мүшелерін анықтайды
• Жануарлардың тыныс алу мүшелерінің
ерекшелігін салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суретке мұқият қараңыз.
а- біржасушалылар, b- қосмекенділер, с- тікентерілер, d- бунақденелілер, е- балықтар,
f-сүтқоректілер.
(а) Берілген ағзалардың тыныс алу мүшелерін атаңыз.
(b) Ағзалардың мекен ету ортасы мен тыныс алу ерекшелігінің байланысын сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— омыртқасыз жануарлардың тыныс алу мүшелерін атайды;
— омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелерін атайды;
— ағзалардың мекен ету ортасы мен тыныс алу ерекшелігінің
39
байланысын сипаттайды.
Тақырып: Тыныс алу мүшелері. Адамның тыныс жолдары құрылысы және
газалмасу мүшелері.
Оқу мақсаты 7.1.4.5 Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс
ерекшеліктерін танып білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамның тыныс алу мүшесінің құрылысын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
(а) Тыныс алу мүшесінің құрылымдарын атаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— сыртқы тыныс алу мүшелерінің құрылымдарын атайды;
— ішкі тыныс алу мүшелерінің құрылымдарын атайды.
40
b) Тыныс алу мүшелері мен олардың атқаратын қызметтері арасындағы сәйкестікті
анықтаңыз.
Қызметі Мүшелер
A. Шеміршекті жартылай сақиналардан
тұрады.
B. Ауа жылытады, зарарсыздандырылады,
ылғалданады және шаң -тозаңнан
тазартылады.
C. Шеміршек сақиналардан түзілген.
D. Сілемейлі қабықта иіс жасушалары болады.
E. Сүйекті- шеміршекті қалқа бар.
F. Сілемейлі қабықта бездері бар тербелмелі
эпителий болады.
G. Сілемейлі қабық қатпарындағы
шеміршектер арасында дыбыс сіңірлері
түзілген.
H. Дыбыс түзіледі.
I. Мұрын қуысы
II. Көмей
III. Кеңірдек
IV. Бронхылар
Жауабын төмендегі кестеге толтырыңыз.
A B C D E F G H
Дескриптор Білім алушы
• мұрын қуысының қызметтерін анықтайды;
• көмейдің қызметтерін анықтайды;
• кеңірдектің қызметтерін анықтайды;
• бронхылардың қызметтерін анықтайды.
41
Тақырып: Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының
себептері мен алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау).
Оқу мақсаты 7.1.4.6 Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен
алдын алу жолдарын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыныс алу мүшелері ауруларының себептерін
анықтайды
• Тыныс алу мүшелері ауруларының алдын алу
шараларын ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Тыныс алу мүшелерінің ауруларының пайда болу себептерін анықтаңыз, олардың алдын
алу шараларын ұсыныңыз.
Аурудың атауы Пайда болу
себептері
Тыныс алу мүшесінің гигиенасы,
сақтық шаралар
1 Тұмау
2 Ауатамырдың
қабынуы
3 Өкпенін қабынуы
4 Тыныс демікпесі
5 Туберкулез
6 Баспа
7 Өкпе обыры
Дескриптор Білім алушы
− тыныс алу мүшелері ауруларының пайда болу себептерін
анықтайды;
− тыныс алу мүшелері ауруларының алдын алу шараларын
ұсынады.
42
3-тоқсан
Тарау: Бөліп шығару
Тақырып: Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы
бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері.
Оқу мақсаты 7.1.5.1 Ағзалардың тіршілік әрекетінде бөліп
шығарудың маңыздылығын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жануарларда бөліп шығаруға қатысатын
мүшелерді атайды
• Жануарларда бөліп шығарылатын өнімдерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Суретке қараңыз.
(а) Бөліп шығаруға қатысатын мүшелерді атаңыз.
(b) Әр мүшелер арқылы бөлінетін өнімдерді анықтаңыз.
(с) Адамның бөліп шығару жүйесі қызметін тоқтатса не болатыны туралы өз
ойыңызды жазыңыз.
43
Дескриптор Білім алушы
— сурет арқылы жануарларда бөліп шығаруға қатысатын
мүшелерді атайды;
— жануарларда бөліп шығарылатын өнімдерді анықтайды;
— бөліп шығаруға қатысатын мүшелер жұмысының
бұзылу салдарын сипаттайды.
44
Тақырып: Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің
бастапқы және соңғы өнімдері.
Оқу мақсаты 7.1.5.2 Өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін
зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктерде бөліп шығаруға қатысатын мүшелерді
атайды
• Өсімдіктерде бөліп шығарылатын өнімдерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Суретке қараңыз.
(а) Өсімдік пайдаланатын және бөліп шығаратын өнімдерін анықтаңыз.
(b) Өсімдік бөліп шығаратын өнім қандай үдеріс нәтижесінде пайда болатынын
түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— өсімдік пайдаланатын және бөліп шығаратын өнімдерін
атайды
— өсімдік бөліп шығаратын өнім қандай үдеріс
нәтижесінде пайда болатынын түсіндіреді.
45
2-тапсырма
Суретте қарағай сүрегінің микроскоп астынан қарағандағы схизогенді шайыр (смола)
жолдары көрсетілген.
(а) Фотосинтез бен тыныс алудың химиялық реакцияларын жазыңыз.
(b) Фотосинтез бен тыныс алудың химиялық реакцияларының бастапқы және соңғы
өнімдерін салыстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— фотосинтездің химиялық реакцияларын құрастырады;
— фотосинтездің химиялық реакцияларының бастапқы өнімдерін
салыстырады;
— фотосинтездің химиялық реакцияларының соңғы өнімдерін
салыстырады;
— тыныс алудың химиялық реакцияларын құрастырады;
— тыныс алудың химиялық реакцияларының бастапқы өнімдерін
салыстырады;
— тыныс алудың химиялық реакцияларының соңғы өнімдерін
салыстырады.
46
Тақырып: Жануарлардың бөліп шығару жүйелері. Жануарлардың бөліп шығару
жүйелерінің құрылысын салыстыру.
Оқу мақсаты 7.1.5.3 Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп
шығару жүйелерінің құрылысын салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп
шығару жүйелерінің құрылысын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
(а) Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың бөліп шығару жүйелерін сәйкестендіріңіз.
Бөліп шығару мүшелері Жануарлар
A. Жасыл без
B. Нефридия
C. Мальпигий түтігі
D. Жиырылғыш вакуоль
E. Бүйрек
I. Адам
II. Теңіз шаяны
III. Бунақденелілер
IV. Қарапайымыдаз
V. Жұмыр құрттар
A B C D E
Суретке қараңыз.
(b) Берілген ағзаларда нәруыздық ыдыраудың соңғы
өнімі қандай қосылыс түрінде бөлінетінін сипаттаңыз.
(с) Бұл ағзаларда нәруыздық ыдыраудың соңғы
өнімінің әр түрлі болу себебін түсіндіріңіз
Дескриптор Білім алушы
— омыртқасыз жануар түрлері мен бөліп шығару мүшелерін
сәйкестендіреді;
— омыртқалы жануар түрлері мен бөліп шығару мүшелерін
сәйкестендіреді;
— жануарларда нәруыздық ыдыраудың
соңғы өнімін сипаттайды;
— ағзаларда нәруыздық ыдыраудың соңғы өнімінің әр түрлі болу
себебін түсіндіреді.
47
Тарау: Қозғалыс
Тақырып: Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы.
Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары).
Оқу мақсаты 7.1.6.1 Өсімдіктердің қозғалысы себептерін түсіндіріп,
қозғалыстың маңызын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктердің қозғалысы себептерін түсіндіреді
• Өсімдіктердегі қозғалыстың маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Суретке қараңыз.
(а) Өсімдіктің әр мүшесі үшін қозғалыс түрін анықтаңыз.
(b) Сабақтың әр уақытта жоғары ал тамырдың төмен бағытталып өсуінің маңызын
түсіндіріңіз.
Суды өткізсе, кейінгісі беріктік қызмет атқарады. Трахеида арқылы түйнек пен тамырда
қорға жиналатын қант пен басқа да органикалық заттар көктемде жер үсті мүшелеріне
жеткізіледі. Жоғары ағыс жолы жасушаларында трахеяда (түтік) жатады. Ол трахеидадан
ұзын, себебі жас жасушалар біртіндеп ұзарып, көршілес жасушалардың бір-біріне түйіскен
жері алдымен шырыштанып бөрітіп, ақырында еріп кетеді де, жасушалар өзара қосылып
трахея (түтік) пайда болады. Оның ішіндегі цитоплазмасы жойылып орнына су толып,
ұзындығы (көлденең пердесіне дейін есептегенде) 10 см-ден 5 м -ге дейін (лианаларда),
(еменде 2 метрге) жетеді. Көлденең перделерінде көптеген майда саңылаулары
болғандықтан бір жасуша екінші жасушамен тығыз байланысады. Түтік жасушалары тозған
кезде айналасын қоршаған тірі жасушалар өзекке еніп қабықшасындағы өсінділермен ішін
бітеп су жүрмей қалады. Түтік жасушалары трахеидадан да кейін пайда болғандықтан тек
гүлді өсімдіктерде өте жақсы дамыған. Қорыта келгенде жоғары ағыс жолы екі түрлі
жасушалармен қозғалады, бірі трахеида (ашық тұқымдыларда жақсы дамыған), екіншісі
трахея(жабық тұқымдыларда жақсы дамыған). Бұл жасушалар сабақтың сүрек бөлімінде
болатындықтан су мен онда еріген минералды тұздары тамырдан бастап, сүрек бойымен
жоғаы қарай жер үсті мүшелеріне жеткізіледӨсімдік сабағында төмен ағыс жолы
элементтері (флоэма) ксилеманың (сүрек) сыртында (қабықта) жапырақ тақтасының астыңғы
бетіне орналасқан.
48
Дескриптор Білім алушы
— өсімдіктің әр мүшесі үшін қозғалыс түрін анықтайды;
— өсімдіктердегі қозғалыстың маңызын сипаттайды;
— мәтінмен танысып шығып,
өсімдіктің қозғалысы туралы өз пікірлерін дәлелмен атайды;
— өсімдіктің қозғалысы себептерін түсіндіріп, қозғалыстың
маңызы туралы қорытынды шығарады.
49
Тақырып: Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу
деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі.
Оқу мақсаты 7.1.6.2 Жарықтың өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсерін
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жарықтың өсімдіктердің дамуына әсерін түсіндіреді
• Өсімдіктердің жарық мөлшеріне байланысты
бейімделуін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Суретке қараңыз.
Екі түрлі жағдайда өсірілген бақбақ өсімдігі
(а) Берілген өсімідіктерге жарық қалай әсер еткенін (өсімдіктің өсу жағдайы)
түсіндіріңіз.
(b) Өсімдіктердің жарық мөлшеріне байланысты бейімделушіліктерін сипаттаңыз.
(с) Төменде берілген сипаттамаларды гелиофиттер мен сциофиттерге жіктеңіз.
A. күннің тікелей түсуінен қорғанады
B. ашық күн сәулесі түсетін жерлерде өсетін
C. жапырақтары сабаққа көлденең орналасады
D. қараңғыда өмір сүруге бейімделген өсімдіктер
E. эпидерма жасушалары ірі, бірақ сыртқы қараған жасуша қабығы жұқа
F. жапырақтарындағы борпылдақ жасушалар бірнеше қабатты
G. қалың орман, тоғайлардың төменгі ярустарында өсетін өсімдіктер
H. жапырақтарының эпидермисі қалың
I. жапырақтарындағы борпылдақ жасушалар бір қабатты
J. жапырақтарындағы жүйкелену саны аз
K. жапырақтарының қалың балауызды қабаты болады
L. жапырақ тақтасында көп лептесіктері бар
50
M. жапырақ тақтасында лептесіктер саны аз
Жарық сүйгіштер (гелиофиттер), Көлеңкеге төзімді (сциофиттер)
(d) Төмендегі А және В суреттерінен гелиофиттер мен сциофиттерге тән жапырақ
құрылысын анықтаңыз, жауабыңызды түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— сурет бойынша өсімдіктің өсу жағдайын түсіндіреді;
— өсімдіктердің жарық мөлшеріне байланысты бейімделушіліктерін
сипаттайды;
— өсімдіктердің сипаттамаларын жарық сүйгіш және көлеңкеге
төзімділерге жіктейді;
— жапырақтың ішкі құрылысына қарай жарық сүйгіш және
көлеңкеге төзімділігін түсіндіреді.
51
Тақырып: Фотопериодизм күннің жарық түсу ұзақтығына ағзалардың бейімделуі.
Оқу мақсаты 7.1.6.3 Өсімдіктердегі фотопериодизм ролін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктердегі фотопериодизм ұғымын анықтайды
• Өсімдіктердің жарық күннің ұзақтығына бейімделу
ерекшелігін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
(а) Төменде берілген суреттегі үдерісті атаңыз.
(b) Өсімдіктер жарық ұзақтығының тәуелділігі бойынша ұзақ күндік өсімдік және қысқа
күндік өсімдік деп бөлінеді. Ұзақ күндік өсімдік және қысқа күндік өсімдіктердің
бейімделу ерекшелігін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— өсімдіктердегі фотопериодизм ұғымын анықтайды;
— ұзақ күндік өсімдікдің бейімделу ерекшелігін түсіндіреді.
— қысқа күндік өсімдіктердің бейімделу ерекшелігін түсіндіреді.
52
Тақырып: Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі.
Жануарлардың қозғалыс тәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен
қозғалыс тәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау.
Оқу мақсаты 7.1.6.4 Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың
қозғалыс мүшелерін салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың
қозғалыс мүшелерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
Суретке қараңыз.
(а) Қаңқалардың түрлерін анықтаңыз.
(b) Қозғалыс мүшелерінің атауын жазыңыз.
(с) Жануар түрлерінің қозғалуын сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— жануарлардың қаңқа түрлерін анықтайды;
— жануарлардың қозғалыс мүшелерін анықтайды;
— жануарлардың қозғалу үдерістерін сипаттайды.
53
Тарау: Координация және реттелу
Тақырып: Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті,
түтіктәрізді.
Оқу мақсаты 7.1.7.1 Жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін
салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
(а) Жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін анықтаңыз.
(b) Ағзалардың құрылысы мен жүйке жүйесінің дамығандығын дәлелдеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін анықтайды;
— ағзалардың құрылысының дамуын сипаттайды;
— ағзалардың жүйке жүйесінің дамуын сипаттайды.
54
Тақырып: Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейрон
құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері.
Оқу мақсаты 7.1.7.2 Жүйке жүйесінің қызметі және құрылымдық
компоненттерін атау
7.1.7.3 Жүйке жасушасының компоненттерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық
компоненттерін атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Жүйке жүйесінің құрылымдық бірлігін анықтаңыз.
A аксон
B дендрит
C нейрон
D нейроглия
2. Жүйке жүйесінің қызметін көрсетіңіз.
A бөліп шығару
B жиырылу
C қозу
D қоректену
3. (а) Жүйке жасушасының құрылымдарын атаңыз.
(b) Жүйке жасушасының құрылысының атқаратын қызметімен байланысын сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— жүйке жүйесінің құрылымдық бірлігін анықтайды;
— жүйке жүйесінің қызметін атайды;
— нейронның құрылымдық компоненттерін анықтайды;
— жүйке жасушасының құрылысын атқаратын қызметімен
55
байланыстырады.
Тақырып: Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері. Жұлын. Ми. Ми
бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық),
орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.
Оқу мақсаты 7.1.7.4 Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен
қызметтерін салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жүйке жүйесі бөлімдерінің қызметін сипаттайды
• Нейронның түрлерін атқаратын қызметімен
сәйкестендіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
(а) Жүйке жүйесі бөлімдерінің қызметін сипаттаңыз.
Жүйке жүйесінің бөлімі Атқаратын қызметі
Ми
Жұлын
Шеткі жүйке жүйесі
Сұр зат
Ақ зат
Жұлын тамыршалары
Аралас жұлын жүйкелері
(b) Нейрондардың түрлері мен қызметі арасындағы сәйкестікті анықтаңыз
Нейрондар қызметі Нейрон түрлері
1. Тітіркенуді жүйке импульстеріне
түрлендіреді.
A. Сезімтал;
B. Аралық;
C. Қимыл-қозғалыс
2. Миға ішкі мүшелер мен сезім
мүшелерінен жүйке импульстерін
береді.
3. Мида бір нейроннан екіншісіне жүйке
импульс-терін беруді жүзеге асырады.
4. Оларды бұлшык етке, бездерге және
баска аткарушы мүшелерге береді.
Дескриптор Білім алушы
— жүйке жүйесі бөлімдерінің қызметтерін сипаттайды;
— нейрондардың түрлері мен қызметі арасындағы сәйкестікті
анықтайды.
56
2-тапсырма
(а) Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Жұлынның құрылысы қандай?
2. Жұлынның ақ және сұр заты дегеніміз не?
3. Жұлынның ақ және сұр заты қалай орналасқан?
4. Жұлын тамыршасы қалай аталады? Олар не құрайды?
5. Жұлыннан қанша жұп аралас жұлын жүйкелері таралады?
6. Жұлында жұлын өзегі қалай орналасқан? Ол неге толы?
7. Қандай рефлекс доғасы жұлын арқылы өтеді?
(b) Суреттегі жүйке жүйесінің бөлімдерін атаңыз, қызметін жазыңыз
Дескриптор Білім алушы
— жұлынның құрылысын сипаттайды;
— жүйке жүйесінің бөлімдерін атайды;
— жүйке жүйесінің бөлімдерінің қызметін жазады.
57
Тақырып. Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс
мүшесі.
Оқу мақсаты 7.1.7.5 Рефлекстік доғаны зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Рефлекстік доғаны зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Төмендегі суреттерді салыстыра отырып ұқсастығын табыңыз. Берілген сөздерді
қолданып, үдерістерді сипаттаңыз.
Мидан келетін талшықтар
Жұлын
Аткарушы нейрондар
Тізе рефлексі кезіндегі аяқ
Аяқтың бастапқы қалпы
Мидан келетін талшықтар
Жұлын
Аткарушы нейрондар
Ыстықтан тартып алу рефлексі
кезіндегі қол
Қолдың бастапкы қалпы
58
2-тапсырма
Рефлекс доға бөліктері мен қызметі арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.
1. Рецептор.
2. Қимыл-қозғалыс жүйке ұштары.
3. Нейронаралық синапс.
4. Сезімтал жүйке талшықтары
5. Қимыл-қозғалыс жүйке талшықтары
A. Қозуды жұмыс мүшесіне өткізеді;
B. Қозуды жұмыс мүшесіне береді;
C. Ішкі мүшелерге тітіркенуді
қабылдайды;
D. Бір нейроннан басқасына жүйке
импульсін береді;
E. Қозуды ж.ж орталық бөліміне
өткізеді;
F. Сыртқы ортадан тітіркенуді
қабылдайды.
Дескриптор Білім алушы
— екі суретті салыстыра отырып ұқсастығын анықтайды;
— рефлекстік доғаның сипаттайды;
— рефлекстік доға бөлімдері мен олардың қызметі арасындағы
байланысты сәйкестендіреді.
59
Тақырып: Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты
рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі.
Оқу мақсаты 7.1.7.6 Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шартты және шартсыз рефлексті зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Шартты рефлекстер, шартсыз рефлекстер түрлері және олардың сипаттамаларын
сәйкестендіріңіз.
1. Шартты рефлекстер
2. Шартсыз рефлекстер
A. Тұрақсыз, түзілуі де жойылуы да мүмкін.
B. Организм қабылдайтын кез келген тітіркенуге түзіледі.
C. Тұқым қуалау арқылы берілетін, туа біткен.
D. Тұрақты рефлекс доғасы болады.
E. Сәйкес тітіркенуге жауап жүзеге асырылады.
F. Шартсыз рефлекс негізінде қалыптасады.
G. Үлкен ми сыңарларының қыртысының іс әрекеті арқылы
жүзеге асады.
H. Жұлын мен жұлын бағаны, қыртыс асты ядро деңгейінде
жүзеге асады.
I. Белгілі бір түр дараларына(особь) тән.
J. Дайын рефлекс доғасы жоқ.
Шартты рефлекстер (күнделікті
өмірден мысалдар келтіру)
Шартсыз рефлекстер
Дескриптор Білім алушы
— шартты рефлекс сипаттамаларын анықтайды;
— шартсыз рефлекс сипаттамаларын анықтайды.
60
Тақырып: Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі.
Оқу мақсаты 7.1.7.7 Вегетативті жүйке жүйесінің қызметін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Вегетативті жүйке жүйесінің қызметін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
Вегетативті жүйке жүйесі бөлімдерінің ағзаға әсерін сипаттаңыз.
Мүше немесе жүйке Парасимпатикалық Симпатикалық
Мидың тамыры
Көз қарашығы
Шеткі артерия тамырлары
Жүректің жиырлуы
Тердің бөлінуі
Асқазан
Бүйрек үсті безі
Қуық
2-тапсырма
Кестенің сол жак бағанында келітірілген орталык жүйке жүйесінің әрбір бөліміне тән
қызметті табыңыз.
1. Жұлын.
2. Сопақша ми.
3. Мишық
4. Ортаңғы ми.
5. Аралық ми.
6. Үлкен ми сыңарының қыртысы
A. Жоғары жүйке әрекеті;
B. Дене қимылын үйлестіру, бұлшьщ ет
тонусы;
C. Тыныс алу, ас қорыту, жүрек-кан
тамырлары жүйелерінің орталыңтары;
D. Бағдарлау рефлекстері, бұлшық ет
тонусын реттеуге қатысу;
E. Зат алмасу, дене температурасью
реггеу, нейрогуморальдық реттеуге
қатысу;
F. Қимыл-қозғалыс жөне вегетативті
шартсыз рефлекстерді жүзеге асыру.
Дескриптор Білім алушы
— парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметін сипаттайды;
— симпатикалық жүйке жүйесінің қызметін сипаттайды;
— жұлынның қызметін көрсетеді;
— сопақша мидың қызметін көрсетеді;
— мишықтың қызметін көрсетеді;
— ортаңғы мидың қызметін көрсетеді;
— аралық мидың қызметін көрсетеді;
— үлкен ми сыңарларының қыртысының қызметін көрсетеді.
61
Тақырып: Адам ағзасы үшін ұйқының маңызы. Биологиялық ритмдер. Ұйқының
кезеңдері: баяу және тез ұйқы. Жұмысқа қабілеттілік. Күн тәртібі.
Оқу мақсаты 7.1.7.8 Ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне
және тынығуына ұйқының маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ұйқыны зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
(а) Күн тәртібін құрастырыңыз.
№ Күн тәртібі Уақыты Қосымша жұмыстар
123456789
(b) Күн тәртібінің сақталмауына себеп болатын факторларды атаңыз.
(c) Күн тәртібінің сақталмауының ағзаға әсерін сипаттаңыз.
(d) Күн тәртібінде ұйқының орны және маңызын түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— күн тәртібін құрастырады;
— күн тәртібін сақтамауға әсер ететін себептерді жазады;
— күн тәртібінің сақталмауының ағзаға әсерін сипаттайды;
— ағзаның тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне және тынығуына
ұйқының маңызын түсіндіреді.
62
Тақырып: Жұмысқа қабілеттілік. Күн тәртібі. Оқу еңбегі мен дене еңбегінің
гигиенасы. Стресс. Стрестік жағдайлармен күрес және олардың алдын алу әдістері.
Оқу мақсаты 7.1.7.9 Жақсы психикалық денсаулықты сақтаудың
принциптерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жақсы психикалық денсаулықты сақтаудың
принциптерін зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
(а) Суретке қарап, оқушының күн тәртібі туралы әңгіме құрастырыңыз.
(b) Төмендегі суретті сипаттаңыз және оқушының оқу және еңбек гигиенасы ережесін
құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— оқушының күн тәртібі туралы әңгіме жазады;
— әңгіме барысында суреттегі оқиғаларды баяндайды;
— түзу отырудың пайдасын сипаттайды;
— қисық отырудың зиянын сипаттайды;
— оқу және еңбек гигиенасының ережелерін құрастырады.
63
Тақырып: Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі және наркотикалық
заттардың әсері.
Оқу мақсаты 7.1.7.10 Жүйке жүйесінің қызметіне алкаголь, темекі және
наркотикалық заттардың әсерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жүйке жүйесінің қызметіне зиянды заттардың
әсерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
(а) Кестені толтырыңыз.
№ Зиянды заттар Жүйке жүйесіне
әсері
Салдары Әлеуметтік
зардабы
123456
Дескриптор Білім алушы
— жүйке жүйесінің қызметіне зиянды әсер ететін заттарды атайды;
— зиянды заттардың жүйке жүйесіне асерін сипаттайды;
— зиянды заттардан туатын салдарды атайды;
— зиянды заттардың әлеуметтік зардабын атайды.
64
4-тоқсан
Тарау: Тұқымқуалау мен өзгергіштік
Тақырып:Адамда белгілердің тұқым қуалауында гендер мен ДНҚ рөлі. Жүре пайда
болған және тұқымқуалайтын белгілер.
Оқу мақсаты 7.2.4.1 Адам ағзасындағы тұқымқуалайтын және тұқым
қуаламайтын белгілерді зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тұқымқуалаушылық ұғымына анықтама береді
• Адам ағзасындағы тұқымқуалайтын және тұқым
қуаламайтын белгілерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
(а) Тұқым қуалаушылық ұғымына анықтама беріңіз.
(b) Адам ағзасындағы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерге мысал
келтіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— тұқым қуалаушылық ұғымына анықтама береді;
— адам ағзасындағы тұқым қуалайтын белгілерге мысал келтіреді;
— адам ағзасындағы тұқым қуаламайтын белгілерге мысал келтіреді.
65
Оқу мақсаты 7.2.4.2 Үздік және үздіксіз өзгергіштікті атау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Үздік және үздіксіз өзгергіштікті зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
(а) Үздік және үздіксіз өзгергіштік ұғымдарына анықтама беріңіз.
(b) Үздік және үздіксіз өзгергіштікке мысал келтіріңіз.
(с) Адамның бет әлпеті, көзі мен шаш түсі, қан тобы секілді қасиеттерінің қай өзгергіштік
түріне жататынын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— үздік өзгергіштікке анықтама береді;
— үздіксіз өзгергіштікке анықтама береді;
— үздік өзгергіштікке мысал келтіреді;
— үздіксіз өзгергіштікке мысал келтіреді;
— үздік өзгергіштікке жататын адам қасиеттерін көрсетеді;
— үздіксіз өзгергіштікке жататын адам қасиеттерін көрсетеді.
66
Тақырып: Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және
тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік.
Оқу мақсаты 7.2.4.3 Белгілерді анықтаудағы гендердің рөлін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ген ұғымын зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
(а) Ген ұғымына анықтама беріңіз.
_____________________________________________________________________
(b) Берілген сызбаны пайдаланып, тұқым қуалайтын белгілерді анықтаудағы геннің рөлін
түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— ген ұғымына анықтама береді;
— геннің рөлін сипаттайды.
67
Тақырып: Хромосоманың құрылымы. Генетикалық материалды сақтаушы және
тасымалдаушы ДНҚ жайлы түсінік.
Оқу мақсаты 7.2.4.4 Хромосомадағы генетикалық ақпарат
дезоксирибонуклеин қышқылы рөлін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• ДНҚ ұғымын зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
(а) ДНҚ полимер, оның мономерін анықтаңыз.
A нуклеотид
B нуклеин
C рибоза
D дезоксирибоза
(b) ДНҚ мономерінің құрылымдарын атаңыз.
(с) Берілген суретті пайдаланып, ДНҚ моделінің құрылу принциптерін сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— ДНҚ мономерін көрсетеді;
— ДНҚ мономерінің құрылымдарын атайды;
— ДНҚ моделінің құрылу принциптерін сипаттайды.
68
Тақырып: Әртүрлі ағзалар түрлерінің хромосомалар саны. Соматикалық және
жыныс жасушалар.
Оқу мақсаты 7.2.2.1 Әртүрлі ағзалардағы хромосомалардың санын
салыстыру
7.2.2.2 Соматикалық және жыныс жасушаларындағы
хромосомалар санының әртүрлілігін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сомалық және жыныс жасушаларындағы хромосома
санын зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
(a) Берілген жасушалардың ішінен сомалық және жыныс жасушаларын ажыратыңыз.
1 2 3 4
(b) Cомалық және жыныс жасушасындағы хромосомалар санын анықтаңыз.
(c) Сомалық және жыныс жасушасындағы хромосомалар санының әр түрлі болуының
маңызын түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— сомалық жасушаларын көрсетеді;
— жыныс жасушаларын көрсетеді;
— сомалық жасушаларындағы хромосома санын анықтайды;
— жыныс жасушаларындағы хромосома санын анықтайды;
— сомалық және жыныс жасушасындағы хромосомалар санының
әр түрлі болуының биологиялық маңызын түсіндіреді.
69
2-тапсырма
(a) Cоматикалық және жыныс хромосомаларындағы хромосомалар санын салыстырыңыз,
әртүрлілігін түсіндіріріңіз.
(b) Кестені толтырыңыз.
Зерттелетін
зат
Ерекшелікт
ері
Белгілер Қорытындылар
Ұқсастық
тары
Айырмашылы
ғы
Құрылысымен
қызметінің
өзара
байланысы
Кұрылыстар
ының
ұқсастығы
Сомалық
Жыныс
жасушалар
Дескриптор Білім алушы
— соматикалық және жыныс жасушасындағы хромосомалар санының әр
түрлі болуының биологиялық маңызын түсіндіреді.
— соматикалық жасушаларын сипаттайды;
— жыныс жасушаларын сипаттайды.
70
Тарау: Көбею. Өсу және даму
Тақырып: Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі. Өсімдіктердің жынысты
және жыныссыз көбеюінің биологиялық маңызы.
Оқу мақсаты 7.2.1.1 Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюін
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюін
зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
(а) Көбею ұғымын түсіндіріңіз.
(b) Өсімдіктерде көбею нәтижесінде не пайда болатынын анықтаңыз.
(c) Берілген суретті пайдаланып, өсімдіктерде жынысты және жыныссыз көбеюге қатысатын
мүшелерді анықтаңыз.
(d) Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында жынысты көбейетін ағзалардың тіршілігін
сақтап қалу мүмкіндігінің жоғары болу себебін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— көбею ұғымына анықтама береді;
— өсімдіктерде көбею нәтижесінде не пайда болатынын
түсіндіреді;
— өсімдіктерде жынысты көбеюге қатысатын мүшелерді
анықтайды;
— өсімдіктерде жыныссыз көбеюге қатысатын мүшелерді
анықтайды;
— жынысты көбеюдің артықшылығын түсіндіреді.
71
Тақырып: Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және табиғаттағы
биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану.
Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (қалемшелермен, көзшелермен), көбею
ұлпаларымен.
Оқу мақсаты 7.2.1.2 Өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
(а) Өсімдіктің көбею түрлерін анықтаңыз.
(b) Өсімдіктердің өсімді көбеюінің табиғаттағы биологиялық маңызын сипаттаңыз.
72
2-тапсырма
Өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін салыстырыңыз.
№ Тамырда Сабақта Жапырақта
Екі түрлі тамырда
өсімдіктің өсімді жолы
қалайша жүзеге асады?
ТАМЫР ТИПТЕРІ
Шашак Кіндік
Дескриптор Білім алушы
— өсімдіктің көбею түрлерін анықтайды;
— өсімдіктердің өсімді көбеюінің табиғаттағы биологиялық маңызын
сипаттайды;
— өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін сипаттайды.
73
Тақырып: Гүл құрылысы. Тозаңдану түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану
түрлері (өздігінен, айқас, жасанды).
Оқу мақсаты 7.2.1.3 Өздігінен және айқас тозаңданудың шамалы
артықшылықтарын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өздігінен және айқас тозаңдануды зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
(а) А, B, C, D – суреттерінің тозаңданудың қай түріне жататынын анықтаңыз.
(b) Тозаңдану түрлерін салыстырыңыз.
Белгілері Өздігінен
тозаңдану
Айқас
тозаңдану
Жәндіктермен
тозаңдану
Жәндіктермен айқас
тозаңдану
Дескриптор Білім алушы
— тозаңдану түрлерін атайды;
— өздігінен тозаңдануды сипаттайды;
— айқас тозаңдануды сипаттайды;
— жәндіктермен тозаңдануды сипаттайды;
— жәндіктермен айқас тозаңдануды сипаттайды.
74
Тақырып: Өсімдіктердегі ұрықтану туралы түсінік және зиготаның түзілуі.
Қосарлы ұрықтану. Қосарлы ұрықтанудың биологиялық маңызы.
Оқу мақсаты 7.2.1.4 Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтанудың
маңызын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қосарлы ұрықтануды зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
(а) Гүлдің құрылымдарын атаңыз.
(b) Әр құрылымның өсімдіктің көбеюіндегі маңызын сипаттаңыз.
(с) Тозаңдану және ұрықтану үдерістерін түсіндіріңіз.
2-тапсырма
(а) Қосарланып ұрықтану үдерісін түсіндіріңіз.
(b) Қосарланып ұрықтану нәтижесінде пайда болатын құрылымдарды анықтаңыз.
(с) Қосарланып ұрықтанудың биологиялық маңызын түсіндіріңіз.
75
Дескриптор Білім алушы
— гүлдің құрылымдарын атайды;
— гүл құрылымдарын сипаттайды;
— тозаңдану үдерісін түсіндіреді;
— ұрықтану үдерісін түсіндіреді;
— қосарланып ұрықтану үдерісін түсіндіреді;
— қосарланып ұрықтану нәтижесінде пайда болатын
құрылымдарды атайды;
— қосарланып ұрықтанудың биологиялық маңызын
түсіндіреді.
76
Тақырып: Ағзалардың жеке дамуы түсінігі. Өсімдіктер мен жануарлардағы
онтогенез кезеңдері. Бөліну, өсу, көбею, қартаю.
Оқу мақсаты 7.2.3.1 Ағзалардың өсу және даму үдерістерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ағзалардың өсу және даму үдерістерін зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
(а) Өсімдіктер мен жануарларда онтогенез кезеңдерін атаңыз.
(b) Өсімдіктер мен жануарлардың онтогенез кезеңдерінде болатын айырмашылықтар мен
ұқсастықтарды сипаттап жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— ағзалардың онтогенез кезеңдерін атайды;
— өсімдіктердегі онтогенез кезеңдерін сипаттайды;
— жануарлардағы онтогенез кезеңдерін сипаттайды;
— өсімдіктер мен жануарлардың онтогенез кезеңдерінің
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Өсімдіктерде
____________________
____________________
____________________
____________________
____________________
____________________
____________________
____________________
Жануарларда
___________________
___________________
___________________
___________________
___________________
___________________
___________________
___________________
Онтогенез
77
Тақырып: Өсімдіктердің өсуі. Сабақтың ұзарып және жуандап өсуі. Камбий рөлі.
Жылдық сақиналар.
Оқу мақсаты 7.2.3.2 Өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу
үдерістерін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктердің өсу үдерістерін зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
(a) Өсімдіктердің өсуін қамтамасыз ететін ұлпа түрін анықтаңыз.
A меристема
B паренхима
C склеренхима
D эпидерма
(b) Берілген суретті пайдаланып, түзуші ұлпа түрлерін анықтаңыз.
(c) Түзуші ұлпаның әр түрінің қызметін сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— өсімдіктердің өсуін қамтамасыз ететін ұлпа түрін анықтайды;
— өсімдікте орналасу орнына байланысты түзуші ұлпа түрін
анықтайды;
— түзуші ұлпаның әр түрінің қызметін сипаттайды.
78
Тақырып: Жануарлардағы онтогенездің тура және түрленіп даму типтері
Оқу мақсаты 7.2.3.3 Өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез
кезеңдерін ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктер мен жануарлардағы онтогенез
кезеңдерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Суретке қараңыз.
а b
(а) Жәндіктердің даму типін анықтаңыз.
(b) Дамудың екі түріндегі ұқсастықтығы және айырмашылығын сипаттаңыз
(с) Жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктердің онтогенезін салыстыра отырып
сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— жануарлардағы онтогенез типтерін анықтайды;
— дамудың екі түріндегі ұқсастықты анықтайды;
— дамудың екі түріндегі айырмашылықты анықтайды;
— жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің даму кезеңдерін сипаттайды;
— төменгі сатыдағы өсімдіктердің даму кезеңдерін сипаттайды.
79
Тақырып: Бунақденелілердің шала және толық түрленіп дамуына мысалдар.
Оқу мақсаты 7.2.3.4 Жануарлардағы тура және тура емес онтогенез
типтерін салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жануарлардағы даму типтерін зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Төмендегі даму үдерістерін сипаттаныз.
2-тапсырма
Тақырып мәтінінен керек сөздерді тауып сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Дене пішінін айтпағанда, ересек көбелекте ________жүретін аяқтары, ал
дернәсілдерінде______аяқтары болады.
2. Қолайлы орын тапқан _____ _________ айна-лады.
3. Кейбірлерінің дернәсілі ____ ересек ________ ұқсас келеді.
4. Көбелектің дернәсілін___________деп атайды____________кезінде қозғалыссыз
қалады___________өсімдіктердің жапырақтарымен қоректенеді.
5. Шегірткенің дамуы _________ сатыдан тұрады.
6. Дамуы 4 сатыдан тұратын бунақденелілер _____________ деп аталады.
7. Қуыршақтың сырты _________________________________ қапталған.
Дескриптор Білім алушы
— жануарлардағы тура онтогенез типін сипаттайды;
— жануарлардағы тура емес онтогенез типін сипаттайды;
— бунақденелілердің шала түрленіп дамуын сипаттайды;
— бунақденелілердің толық түрленіп дамуын сипаттайды.
80
Тарау: Микробиология және биотехнология
Тақырып: Бактериялардың формаларының әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы.
Оқу мақсаты 7.4.3.1 Бактериялар формаларының әртүрлілігін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бактерия формаларын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
Бактерия формаларын атаңыз.
2-тапсырма
(а) Эукариот және прокариот жасушаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
салыстырыңыз.
Құрылымы Эукариот жасушасы Прокариот жасушасы
Хромосома
Эндоплазмалық тор
Рибосома
Гольджи аппараты
Лизосома
Митохондрия
Вакуоль
Дескриптор Білім алушы
— бактерия формаларын анықтайды;
— эукариот жасушаларын сипаттайды;
— прокариот жасушаларын сипаттайды.
81
Тақырып: Бактерияларды пайдалану. Табиғаттағы және адам өміріндегі
бактериялардың маңызы.
Оқу мақсаты 7.4.3.2 Ірімшік және йогурт өндірісін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ірімшік және йогурт өндірісі кезеңдерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
(а) Адам ағзасына пайдалы бактерияларды атаңыз және қандай салаларда
қолданылатынын жазыңыз.
(b)Төмендегі суретте үй жағдайында йогурт әзірлеу процедурасын сипаттаңыз.
(c) Әр кезеңде жүргізілетін әрекеттің маңызын түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— пайдалы бактерияларды анықтайды;
— бактериялардың қолдану салаларын анықтайды;
— йогурт жасау кезеңдерін сипаттайды;
— әр іс-әркеттің маңызын түсіндіреді.
82
Тақырып: Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге
тұрақтылығы.
Оқу мақсаты 7.4.3.3 Антибиотиктер, антисептиктер және
залалсыздандыру өнімдерінің қолданылуын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Антибиотиктер, антисептиктер және
залалсыздандыру өнімдерінің қолданылу аясын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
(a) Антисептик және антибиотик ұғымдарына анықтама беріңіз.
(b)Төмендегі суретте антисептикалық өнімдердің қолдану мысалы берілген.
Антисептикалық препараттардың антибиотиктерден ерекшелігін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— антисептик ұғымына анықтама береді;
— антибиотик ұғымына анықтама береді;
— антисептикалық препараттардың антибиотиктерден ерекшелігін
түсіндіреді.
83
Тақырып: Вирустар. Жасушасыз құрылым иелері вирустардың құрылыс
ерекшеліктері.
Оқу мақсаты 7.4.3.4 Вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы
екендігін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Вирусты зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
(a) Берілген тұжырымдамалардың ішінен тек вирустарға тәнін таңдаңыз.
A Мөлшері ең кіші
B Ядросыз ағзалар
C Қоршаған ортада тіршілік қасиетін көрсетпейді
D Көбеюге қабілетсіз
E Қоректенеді
F Өсуге қабілетті
G Энергия өндірмейді
(b) Бактериофаг әсерін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— вирустарға тән тұжырымдарды анықтайды;
— бактериофагтың жасушаға әсерін түсіндіреді.
84
Теруге 29.07.2017. берілді. Басуға 31.07.2017. қол қойылды.
Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс.
Шартты б. т.3,36. Таралымы 19 дана. Тапсырыс № 1574
«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.
010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй.
e-mail: info@cpm.kz.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь