ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Дене шынықтыру 8-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Дене шынықтыру 8-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

41
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Дене шынықтыру
8-сынып
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
МАЗМҰНЫ 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР……….4 1-бөлім «Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес»……………………………………………………4 2-бөлім «Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдылары»……………………………………………………….7 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР………13 3-бөлім «Гимнастикалық элементтер және оның түрлері»………………………………………………….13 4-бөлім «Қазақ халқының дәстүрлі ойындары»…………………………………………………………………16 3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР……….20 5-бөлім «Шаңғы /кросс/коньки дайындығы»……………………………………………………………………..20 6-бөлім «Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс-әрекеті»…………………………………………23 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР……..26 7-бөлім «Командалық ойынның негізгі дағдысы»………………………………………………………………26 8-бөлім «Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту»…………………………………….29
3
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
1-бөлім «Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес»
Тақырып Орта қашықтыққа жүгіру дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты 8.2.3.1 Қолайлы оқып–үйрену ортасын қалыптастыру
бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану
және көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқып-үйрену ортасын қалыптастырады және
біріккен жұмыс дағдыларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Серіктесіңізбен бірге 400 метр ара қашықтыққа жарысып жүгіріңіз. Орта қашықтықта
серіктесіңізбен жүгірудің тиімділігін ажыратыңыз.
Дескриптор Білім алушы — серіктесімен 400 м. ара қашықтыққа жарысып жүгіреді; — орта қашықтыққа жүгірудің тиімділігін ажыратады.
4
ЖОБА
Тақырып Секіруді дамытуға арналған іс–шаралар
Оқу мақсаты 8.1.2.1 Кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс
комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін
түсіндіру және көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс комбинацияларын түсіндіреді
және орындап көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Секіртпемен секірудің түрлерін көрсетіңіз. (төртеуден, екеуден немесе жеке жұмыс
көрсетуге болады)
Дескриптор Білім алушы — секіру барысында аяқ-қол алысын дұрыс орындайды; — секірудің түрлерін қолданып, қажеттіліктерді анықтап
көрсетеді.
5
ЖОБА
Тақырып Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін
дамыту
Оқу мақсаты 8.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының
тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете
білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындағанда серіктесімен
бірге дене дағдыларын көрсетіп,
тәжірибелерімен алмасады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тең екі топқа бөлініп, боулинг ойынының ережесін талқылап, екі топ арасында
ойнаңыз. Бірінші топтың ойыншылары жинаулы тұрған кеглилерді белгіленген сызықтан
нығыздалған доппен жерлете лақтырып, кеглилерді құлату қажет. Егерде кеглилерді құлатса,
сол команда мүшелері қайта жинап, тұрғызуы керек. Ал, қарсы топтың мүшелері қайта
тұрғызып, жинауға кедергі жасайды. Жеңіл доппен ойыншыларды ұрып, ойыннан шығарады.
Ойын осылай жалғасады.
Дескриптор Білім алушы — боулинг ойынының баламасын түсініп ойнайды; — мақсатқа жету үшін командыда да белсенділік танытады.
6
ЖОБА
2-бөлім «Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдылары»
Тақырып Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру
Оқу мақсаты 8.1.1.1 Арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін
бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимылқозғалыс дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Спорттық қимылдарды бақылайды және қозғалыс
дағдыларын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Екі-екіден жұптарға бөлініп, доппен жұмыс жасаңыз.
• Волейбол ойынындағы допты жоғарыдан қабылдау әдісін үйреніңіз.
• Волейбол добын астынан қабылдау әдісін үйреніңіз.
Дескриптор Білім алушы — допты жоғарыдан қабылдауда қос қолмен жұмыс жасайды; — допты астынан қабылдауда қос қолмен жұмыс жасайды; — әдістер арасындағы айырмашылықты ажыратады.
7
ЖОБА
Тақырып Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру
Оқу мақсаты 8.2.4.1 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді
оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер
мен құрылымдық тәсілдерді қолдану және талқылай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Іс-әрекеттерді оңтайландырады және құрылымдық
тәсілдер қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Екі-екіден жұптарға бөлініп, доппен жұмыс жасаңыз.
Волейбол добын астынан, үстінен қабылдау кезінде, жанға немесе алға құлап қабылдау
әдісін үйреніңіз.
Дескриптор Білім алушы — әдістер арасындағы айырмашылықты көрсетеді; — допты құлап қабылдауды, дене мүшелерімен жұмыс жасауды
және іс-әрекеттерді көрсетеді.
8
ЖОБА
Тақырып Ойын құрылымы
Оқу мақсаты 8.1.2.1 Кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын
және олардың орындалу реттілігін түсіндіру және көрсете
білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс комбинацияларын түсіндіреді және
орындап көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Доппен жеке жұмыс жасаңыз. Допты астынан ойынға қосу әдісін көрсетіңіз. (астынан
қосып үйренгеннен кейін, жанынан ойынға қосу әдісін көрсетіңіз)
Дескриптор Білім алушы — допты астынан ойынға қосу әдісін көрсетеді; — допты жанынан беру әдісін көрсетеді.
9
ЖОБА
Тақырып Жарыс ойынын ұйымдастыру
Оқу мақсаты 8.1.5.1 Кең ауқымдағы дене жаттығуларының
тактикаларын, стратегияларын және композициялық
идеяларын анықтау және бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларының тактикасын,
стратегиясын, композициялық идеяларын
анықтап, бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Доппен жеке жұмыс жасаңыз. Допты ойынға қосу тактикасын, стратегиясын,
композициялық идеяларын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы — доппен жеке жұмыс жасайды; — допты ойынға қосу тактикасын, стратегиясын көрсетеді; — композициялық идеяларын анықтайды.
10
ЖОБА
Тақырып Жарыс ойынын ұйымдастыру
Оқу мақсаты 8.2.1.1 Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыләрекеттерімен байланысты білімді көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-әрекеттеріне байланысты білімін өзгермелі
жағдайда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Шағын топтарға бөлініп, жұмыс жасаңыз. Шабуыл жасау және қорғаныста ойнау
әдістерін көсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы — шабуыл жасау тактикасын көрсетеді; — қорғаныста ойнау әдістерін қолданады; — қозғалыс дағдыларын жетілдіруде іс-әрекеттерді көрсетеді.
11
ЖОБА
Тақырып Жарыс ойынын ұйымдастыру
Оқу мақсаты 8.2.2.1 Көшбасшылық дағдыларымен команда құрамында
жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Команда құрамында өзінің көшбасшылық
дағдыларын көрсетеді, қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тең екі немесе үш топқа бөлініп, волейбол ойынын өз ережесімен ойнаңыз және
көшбасшылық дағдыларды көрсетіңіз. Бұған дейінгі үйренген әдістерді қолданып көріңіз.
Дескриптор Білім алушы — орнын ауыстырғанда ретімен ауысады; — допты ойынға қосады; — допты қабылдау әдістерін орынды қолданады; — көшбасшылық дағдыларын көрсетеді.
12
ЖОБА
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
3-бөлім «Гимнастикалық элементтер және оның түрлері»
Тақырып Акробатикалық жаттығуларды тізбегі: Тепе теңдік және
секіру жаттығулары
Оқу мақсаты 8.1.2.1 Кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын
және олардың орындалу реттілігін түсіндіру және көрсете
білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс комбинацияларын түсіндіреді және
орындап көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Акробатикалық жаттығулардың кешенін көрсетіңіз. «Қарлығаш» әдісіне тұру, алға домалау,
артқа домалау барысында жартылай шатқа отыру, көпірше жасау, баспен
тұру т.б.
Дескриптор Білім алушы — акробатикалық жаттығулар кешенін көрсетеді; — қолдану әдістерін реттілігімен орындайды; — жаттығулардың техникасын көрсетеді.
13
ЖОБА
Тақырып Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы
Оқу мақсаты 8.1.5.1 Кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын,
стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және
бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларының тактикасын, стратегиясын,
композициялық идеяларын анықтап, бағалайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Ағаш аттан тізені бүкпей, тіреліп, аяқты кең ашып, секірудің орындалу техникасын
көрсетіңіз.
Жүгіріп келіп, кіші ағаш аттан секіру әдісін орындаңыз.
• екпінмен жүгіру;
• серпіліске қос аяқпен түсіп, серпілу;
• қолмен ағаш аттан ұстап, екі аяқты ашып ауада ұшу;
• қолды жіберіп, жерге қос аяқпен түсу.
Дескриптор Білім алушы — екпіндей жүгірудегі қадам алысын орындайды; — көпірден серпілгенде сәтті және екі қолын дер кезінде тірейді; — ұшу кезіндегі дене ұстанымын орындайды; — секіргеннен кейінгі жерге түсу сәтін көрсетеді.
14
ЖОБА
Тақырып Еркін ритмикалық гимнастика жаттығулары
Оқу мақсаты 8.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының
тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындағанда серіктесімен бірге дене
дағдыларын көрсетіп, тәжірибелерімен алмасады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Гимнастикалық құрал-жабдықпен кешенді жаттығу жұмыстарын көрсетіңіз (ұлдар
гантелмен, қыздар обручпен).
Бір орында тұрып гимнастикалық құрал-жабдықтармен (гантел, гимнастикалық шеңбер т.б)
жалпы дамыту жаттығу түрлерін жеке-жеке немесе кіші топтарда көрсетіп, тәжірибе
алмасыңыз.
Дескриптор Білім алушы — кемінде 2-3 элементті көрсетеді; — жаттығуды дұрыс орындайды; — өз тәжірибесімен бөліседі.
15
ЖОБА
4-бөлім «Қазақ халқының дәстүрлі ойындары»
Тақырып Қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 8.2.7.1 Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және
ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді бағалай
білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әділ ойнауды және патриоттық ынтымақтастыққа
жататын мінез-құлықты көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
«Көкпар» ойынының ережесіне сай, топқа бөлініп, балама ойын құрастырып ойнаңыз.
Екеуден жұптасып, ажырамай жүгіріп, ойын ережесімен ойнаңыз. «Салым» ретінде ауыр
допты, «қазандық» ретінде шеңбер (обруч) пайдаланыңыз.
Дескриптор Білім алушы — қазақтың ұлттық ойындарына балама ойын құрастырады; — ойынның ережесін сақтап ойнайды; — ойында барлық мүмкіндікті пайдаланады.
16
ЖОБА
Тақырып Қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 8.2.3.1 Қолайлы оқып –үйрену ортасын қалыптастыру
бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану
және көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқып-үйрену ортасын қалыптастырады және біріккен
жұмыс дағдыларын қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
«Асық ату» және «Бес тас» ойындарын ережесі бойынша топтарға бөлініп ойнаңыз.
Ойынның шарты: Үлкен шеңбер сызып, шеңбердің ішіне асықтарды тізіп қояды.
Белгіленген жерден асықты шертіп атып, тізілген асыққа тигізу керек. Асық шеңберден
шықса, сол ойыншы тағы да, атады. Ойын осылай жалғасады. Асықтың атауларын жатқа
біліңіз.
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де
ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына
қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып
жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы деп аталады.
Дескриптор Білім алушы — «Асық ату» ойынын ережесімен ойнайды; — «Бес тас» ойынын ережесімен ойнайды; — асықтың атауларын жатқа айтады.
17
ЖОБА
Тақырып Қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 8.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының
тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындағанда серіктесімен бірге дене
дағдыларын көрсетіп, тәжірибелерімен алмасады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қыз қуу ойынының ережесін түсініп, ережені бұзбай топқа бөлініп ойнаңыз.
Ұлдар мен қыздар жұптасып, белгіленген жерге дейін, қуысып жарысыңыз. Қыз қуу
ойынына балама ойын құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы — «Қыз қуу» ойынының ережесімен танысады; — бір-бірімен жұптасып жарысады; — «Қыз қуу» ойынына балама ойын құрастырады.
18
ЖОБА
Тақырып Қазақтың халық ойындары
Оқу мақсаты 8.2.6.1 Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін
көрсету және салыстыра білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жарыс ережесіне сай төрелік жасауды көрсетеді
• Өзінің іс-әрекетін басқамен салыстырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қазақтың ұлтық ойыны «Аударыспақ» ойынының ережесімен танысыңыз. Осы ойынға
балама ойын құрастырып, төрелік жасаңыз. Ойыншылардың іс-әрекетін салыстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы — ойынның ережесімен танысады; — ойынының балама түрін құрастырады; — ойыншылардың іс-әрекетін салыстырады.
19
ЖОБА
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
5-бөлім «Шаңғы /кросс/ коньки дайындығы»
Тақырып Арнаулы дамыту жаттығуларының техникалық дағдысын
бекіту
Оқу мақсаты 8.1.4.1 Қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің
және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуды сапалы орындауда іс-әрекетімен бөліседі
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Кросс қашықтықтарына жүгіру кезінде орындалатын арнайы жаттығуларды көрсетіңіз.
Жаттығуларды орындау кезінде басқа да серіктестеріңізбен ойыңызды бөлісіңіз.
Дескриптор Білім алушы — кросс дайындығындағы арнайы жаттығуларды орындайды; — жаттығудың орындалуы туралы өз ойымен бөліседі.
20
ЖОБА
Тақырып Әртүрлі кедергілерден жүгіру
Оқу мақсаты 8.1.3.1 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі
дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Спорттық техникаларды орындауда дағдыларды, реттілікті
түсіндіріп, көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Кедергілерді (су, барьер, бөрене т.б) еңсеріп жүгіру жаттығуларын орындаңыз. Орындау
барысында күштің қандай бұлшық еттерге түсетінін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы — кедергіден секіріп жүгіру кезінде икемділік қабілетін көрсетеді; — кедергіден секіру кезінде аяқ-қол қимылдарының үйлесімді
қозғалуын сезінеді; — қауіпсіздік техникасын сақтайды.
21
ЖОБА
Тақырып Әртүрлі кедергілерден жүгіру
Оқу мақсаты 8.3.3.1 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау,
олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен
байланысын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі дене жаттығуларын орындауда оның ағзаға тигізер
әсерін түсіндіреді
• Жаттығулардың реттілігін, жүйемен орындалуын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Кедергілерден өту жаттығуларын орындаңыз (барьерден секіру, судан өту, шұңқырдан
секіру). Жаттығуларды орындау барысында аяқ-қол қимылдарының қозғалуын, бұлшық
еттің қызметін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы — кедергіден секіріп жүгіру кезінде ептілік қабілетін көрсетеді; — кедергіден секіру кезінде аяқ-қол қимылдарының қозғалуын
анықтайды; — бұлшық ет қызметтерін анықтайды.
22
ЖОБА
6-бөлім «Командалық ойын-белсенді қозғалыстың іс-әрекеті»
Тақырып Командалық ойындағы көшбасшылық
Оқу мақсаты 8.3.4.1 Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді
төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін
түсіне білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулыққа кері әсер беретін қауіп-қатерді анықтайды
• Ойын кезіндегі техника қауіпсіздігінің күрделілігін ұғынады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жұптарға бөлініп, жұппен жұмыс жасаңыз. Баскетбол ойынынындағы ойыншы іс-әрекетін
(допты қағып алу, допты беру, қадам жасау, допты алып жүру т.б ) жұппен талқылап, сол
уақытта/жерде болуы мүмкін әсер ететін қауіп-қатерді сипаттаңыз. Допты алып жүру
әдісінің бір-екі түрін көрсетіңіз. Ойында техника қауіпсіздігінің күрделілігін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы — допты қағып алу, беру т.б. әдістерін жұпта талқылайды; — төнетін қауіп-қатерді сипаттайды; — допты алып жүрудің кем дегенде жеңілдетілген бір түрін
көрсетеді; — техника қауіпсіздігінің күрделілігін анықтайды.
23
ЖОБА
Тақырып Командалық ойындағы көшбасшылық
Оқу мақсаты 8.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында
жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Команда құрамында өзінің көшбасшылық дағдысын
көрсетеді және қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Допты кәрзеңкеге лақтыру әдісінің түрлерін көрсетуде, көшбасшылық дағдысын қолданыңыз
(жүгіріп келіп лақтыру, бір орыннан лақтыру, бір қырыннан лақтыру, екі қолмен лақтыру
т.б).
Дескриптор Білім алушы — допты кәрзеңкеге лақтыру әдістерін орындап, көрсетеді; — көшбасшылық дағдысын қолданады.
24
ЖОБА
Тақырып Логикалық ойлау қабілетін дамыту ойындары
Оқу мақсаты 8.2.3.1 Қолайлы оқып –үйрену ортасын қалыптастыру
бойынша біріккен, әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану
және көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқып-үйрену ортасын қалыптастырады және біріккен
жұмыс дағдыларын қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Тең топтарға бөлініп, топтардың арасында баскетбол ойынының ережесімен стритбол
ойнаңыз. Яғни, үш-үштен, екі-үш топтарға бөлініп, бір алаңда ғана баскетбол ойынын
ойнаңыз. Әр оқушының қимыл-қозғалысына, командада жұмыс жасау қабілетіне мән беріңіз.
Дескриптор Білім алушы — баскетбол ойынының ережесімен стритбол ойынын ойнайды; — баскетбол ойынын ойнайды; — топта жұмыс жасау барысында, әр оқушының қимыл-қозғалысын,
қабілетін қадағалайды.
25
ЖОБА
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
7-бөлім «Командалық ойынның негізгі дағдысы»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі.Ойын техникасы
Оқу мақсаты 8.1.1.1 Арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін
бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимылқозғалыс дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Спорттық ойын кезінде әрекеттердің дәлдігін бақылайды
және арнайы жаттығуларды көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жұптарға бөлініп, бір-біріңе қарама-қарсы тұрып, доппен жұмыс жасаңыз. Допты тоқтатып,
түзу тебу, тоқтатпай бірден тебу, оң және сол аяқпен тебу жаттығуларын жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы — допты тебу түрлерін көрсетеді.
26
ЖОБА
Тақырып Ойын тактикасы
Оқу мақсаты 8.1.2.1 Кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын
және олардың орындалу реттілігін түсіндіру және көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс комбинацияларын түсіндіреді және
орындап көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жеке-жеке жұмыс ретінде доппен жаттығыңыз. Әр қайсыңыз жеке доппен жұмыс жасау
барысында, допты дәлдікке тебу, допты түзу қақпаға тебу, белгіден көтеріп тебу
жұмыстарын орындаңыз.
Дескриптор Білім алушы — допты тебудің кем дегенде бір түрін көрсетеді; — комбинациялық жаттығуларды доппен орындайды.
27
ЖОБА
Тақырып Ойындағы шығармашылық белсенділік
Оқу мақсаты 8.1.5.1 Кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын,
стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау
және бағалай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларының тактикасын, стратегиясын,
композициялық идеяларын анықтап, бағалайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жұптық жұмыс барысында, бір-біріңмен доппен жұмыс жасаңыз. Яғни, біріңіз қорғаушы,
біріңіз шабуылшы қызметін атқарыңыз. Топтық жұмыс кезінде, командалық іс-әрекеттер,
тактикалық іс-әрекеттер, комбинациялар көрсетулеріңіз қажет. Яғни, шабуыл түрлерін,
қорғаушының қимыл іс-әрекетін, допты аяқпен, баспен қақпаға тебу, комбинацияларын
көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы — жұпта бірлесе жұмыс жасайды; — топта командамен қимыл іс-әрекеттерді орындап жаттығады; — команда да стратегиялық әдіс-тәсілдерді қолданып, белсенді
жұмыс жасайды.
28
ЖОБА
8-бөлім «Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту»
Тақырып Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру
Оқу мақсаты 8.3.4.1 Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді
төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника
қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулыққа кері әсер беретін қауіп-қатерді анықтайды
• Ойын кезіндегі техника қауіпсіздігінің күрделілігін ұғынады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жоғарғы сөреден 800 метр (алаңды екі айналым жасау) ара қашықтыққа жүгіріңіз. Кері әсер
беретін қауіп-қатерді анықтаңыз. Техника қауіпсіздігінің күрделілігін сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы — жоғарғы сөреден ара қашықтыққа жүгіруді көрсетеді; — кері әсер ететін қауіп-қатерді анықтайды; — жүгіру барысында техника қауіпсіздігінің күрделілігін айтады.
29
ЖОБА
Тақырып Секіру фазаларын қолдану
Оқу мақсаты 8.3.3.1 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың
ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі дене жаттығуларын орындауда оның ағзаға тигізер
әсерін түсіндіреді
• Жаттығулардың реттілігін, жүйемен орындалуын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру тапсырмасын орындаңыз. 1. Жүгіріп келу 2. Бір аяққа итеріліп, серпілу 3. Ұшу 4. Жерге түсу
Дескриптор Білім алушы — жүгіріп келіп секіру техникасын көрсетеді; — секіру әдісін орындау барысында фазаларды орындайды.
30
ЖОБА
Тақырып Лақтырудағы фитнес құрамдастығы
Оқу мақсаты 8.1.3.1 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі
дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Спорттық техникаларды орындауда дағдыларды, реттілікті
түсіндіріп, көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
150г допты қашықтыққа лақтырып жаттығыңыз. Лақтыру кезінде қандай дағдылар
қалыптасатынын түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы — лақтыру барысында аяқ-қол алысын дұрыс орындайды; — лақтырудың түрлерін қолданып, лақтыру дағдыларын
түсіндіреді.
31

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь