ГЛАВНАЯ Публикация педагогов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Физика 7 сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Физика 7 сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

2
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Физика
7 сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
Мазмұны
1-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………… 4
«Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі. …………………………………………………………………. 4
«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі …………………………………………………………….. 6
«Механикалық қозғалыс» бөлімі ……………………………………………………………………………… 11
2- тоқсан ……………………………………………………………………………………………………………………… 19
«Тығыздық» бөлімі …… …………………………………………………………………………………………….. 19
«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі ……………………………………………………………………… 23
3-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………. 31
«Қысым» бөлімі ………………………………………………………………………………………………………. 31
«Жұмыс және қуат» бөлімі …… …………………………………………………………………………………. 47
4-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………. 50
«Энергия» бөлімі ….. ……………………………………………………………………………………………….. 50
«Күш моменті» бөлімі …. …………………………………………………………………………………………. 55
«Жер және Ғарыш» тбөлімі … …………………………………………………………………………………… 61
3
1-тоқсан
«Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі
Тақырып «Физика – табиғат туралы ғылым»
Оқу мақсаттары 7.1.1.1 Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Физикалық құбылыстарға мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Мектепке келе жатқан жолда қандай физикалық құбылыстарды көресіз? Физикалық
құбылыстарға мысалдар келтіріңіз және кестедегі сәйкес жолға жазыңыз.
Физикалық құбылыс түрлері Мысалдар
Механикалық
Жарық
Жылу
Электрлік
Дыбыстық
Дескриптор Білім алушы
— физикалық құбылыстарға мысалдар келтіреді
Тапсырма 2
Төмендегі суреттерде қандай физикалық құбылыстар бейнеленген?
Жауаптарыңызды әр нұсқаның тұсына жазыңыз.
a)_________________ b)_______________ c)______ d)____________
Дескриптор Білім алушы
— дыбыс құбылысын анықтайды
— жылу құбылысын анықтайды
— механикалық құбылысты анықтайды
— жарық құбылысын анықтайды
4
Тақырып «Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері»
Оқу мақсаттары 7.1.1.2 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін
ажыратады
Ойлау дағдыларының
Деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Айнұр мен Марат Галилейдің түрлі денелердің құлауы туралы тұжырымдарын тексеруге
ұйғарды. Айнұр төбеден мұз сүңгілерінің қашан құлайтынын күтті, ал Марат биік
көпірден ұсақ тастарды лақтырды. Балалардың қайсысы эксперимент, қайсысы бақылау
жүргізді? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— бақылауды көрсетеді
— экспериментті көрсетеді
-жауабын түсіндіреді
5
«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі
Тақырып «Халықаралық бірліктер жүйесі (SI)»
Оқу мақсаттары
Бағалау критерийі
7.1.2.1 Физикалық шамаларды олардың SI-жүйесіндегі
өлшем бірліктерімен сәйкестендіру
Білім алушы
• Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Келесі физикалық шамаларды олардың SI-жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңіз:
Физикалық шамалар Өлшем бірліктер
Уақыт м
Ұзындық м2
Көлем м3
Аудан с
Дескриптор: Білім алушы
— уақыттың өлшем бірлігін анықтайды
— ұзындықтың өлшем бірлігін анықтайды
— көлемнің өлшем бірлігін анықтайды
— ауданның өлшем бірлігін анықтайды
6
Тақырып «Скаляр және векторлық физикалық шамалар»
Оқу мақсаттары 7.1.2.2 Скаляр және векторлық физикалық шамаларды ажырату
және мысалдар келтіру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білім алушы
• Скаляр және векторлық шамаларды ажыратады
Тапсырма 1
Мына шамалардың скаляр немесе векторлық болатынын анықтап, сәйкес бағанға белгі
қойыңыз.
Физикалық шама Векторлық шама Скаляр шама
Жылдамдық
Жол
Көлем
Масса
Күш
Дескриптор Білім алушы
— скаляр шамаларды анықтайды
— векторлық шамаларды анықтайды
7
Білу және түсіну
Тақырып «Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.
Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу»
Оқу мақсаттары 7.1.2.3 Үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және
үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли
(m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Үлкен және кіші сандарды жазу кезінде еселік және
үлестік қосымшалардың мәнін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
Берілген өлшем бірліктерді түрлендіріңіз:
10 мкc= _________с
100 км= _________ м
1 см= _________ м
2 мг= _________ кг
1 дм= _________ м
10 кг= _________ г
1 нс= _________ с
Дескриптор Білім алушы
— еселік қосымшалары бар мәндерді түрлендіреді
— үлестік қосымшалары бар мәндерді түрлендіреді
Тапсырма 2
Дәптердің L ұзындығын сызғышпен өлшеп, нәтижесін берілген өлшем бірліктерде жазыңыз.
L= ________________ см =__________________ мм =______________ м.
Дескриптор: Білім алушы
— дәптер ұзындығын өлшейді
— нәтижені см-мен жазады
— нәтижені мм-мен жазады
— нәтижені м-мен жазады
8
Тақырып «Кішкентай денелердің өлшемін анықтау»
Оқу мақсаттары 7.1.3.2 Кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қатарлау әдісін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Суретте шарлардың диаметрін анықтау әдісі көрсетілген.
a) Көрсетілген әдісті сипаттап, жазыңыз.
b) Бір шардың диаметрін анықтаңыз және нәтижені қателікті ескеріп жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— қатарлау әдісін сипаттайды;
— берілген өлшеу құралының бөлік құнын анықтайды;
— өлшенетін шаманың мәнін анықтайды;
— алынған нәтижені қателікті ескеріп жазады.
Тапсырма 2
Белгілі бір бактерияның ұзындығы 0,5 мкм. Осы бактерияның нешеуін 1 мм-ге тізуге
болады? Шамалар мәндерін стандарт түрде жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— қатарлау әдісін қолданады;
— шамаларды стандартты түрге келтіреді;
— бактерия санын анықтайды.
9
Тақырып «Физикалық шамаларды өлшеу»
Оқу мақсаттары 7.1.3.1 Дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және
уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін
есепке ала отырып жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Физикалық шамаларды өлшейді
• Өлшеу аспаптарының қателіктерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Төмендегі суреттерде түрлі аспаптармен физикалық шамалардың өлшенгені туралы
ақпарат берілген. Аспаптар шкалаларының бөлік құндарын және көрсетулерін анықтап,
кестені толтырыңыз.
Аспап аты
Өлшенетін
физикалық
шама
Аспап
шкаласының
бөлік құны
Аспап
қателігі
Нәтиже
Мензурка
Секундомер
Сызғыш
Дескриптор Білім алушы
— аспаптардың бөлік құнын анықтайды;
— өлшенетін шамалардың мәнін анықтайды;
— алынған нәтижелерді қателікті ескеріп жазады.
10
«Механикалық қозғалыс» бөлімі
Тақырып «Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы.
Санақ жүйесі»
Оқу мақсаттары 7.2.1.1 Келесі терминдердің физикалық мағынасын
түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі,
қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол,
орын ауыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Траекторияның мағынасын түсіндіреді
• Траектория мен орын ауыстыруды ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Төмендегі суретте кейбір денелердің қозғалыс траекториясы көрсетілген. Қай
траектория: Айдың Жермен салыстырғандағы қозғалыс траекториясына, лифттің
қозғалысына, араның ұшуына және газ бөлшектерінің қозғалысына сәйкес келеді?
Дескриптор Білім алушы
— Айдың Жерге қатысты қозғалыс траекториясын
анықтайды;
— араның қозғалыс траекториясын анықтайды;
— лифттің қозғалыс траекториясын анықтайды;
— газ бөлшектерінің қозғалыс траекториясын анықтайды.
11
Тапсырма 2
Гүл арасы бал жинау кезіндегі өз қозғалысын А гүлінен бастады. Содан кейін В гүлінде
аялдама жасады. Ең соңында өз С ұясына ұшып келді.
Тапсырмалар:
a) ара траекториясына сипаттама беріңіз.
b) араның орын ауыстыруын суретте сызып көрсетіңіз.
c) араның жүрген жолы мен орын ауыстыруының модулдері тең бе? Өз жауабыңызды
дәлелдеңіз.
d) араны материялық нүкте ретінде қарастыруға болады ма? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
— ара траекториясын сипаттайды;
— араның орын ауыстыруын сызады;
— араның жолы мен орын ауыстыруын салыстырады;
— материялық нүктені сипаттайды.
Тапсырма 3
Әскери-патриоттық ойын кезінде оқушылар тобы келесі арақашықтықты өтіп шығуға
тапсырма алды: солтүстікке қарай 400 м, шығысқа 500 м, 600 м оңтүстікке, 200 м
батысқа, 200 м солтүстікке және 300 м батысқа. Топтың қозғалыс траекториясын
сызып, олардың барлық жүрген жолы мен орын ауыстыруын анықтаңыз. Масштабты
өзіңіз таңдап алыңыз.
12
Дескриптор Білім алушы
— қозғалыс траекториясын сызады;
— жүрілген жолды анықтайды;
— орын ауыстыруды анықтайды.
Тақырып «Қозғалыстың салыстырмалылығы»
Оқу мақсаттары 7.2.1.2 Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына
мысалдар келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалыстың салыстырмалылық принципі негізінде
денелер қозғалысы туралы қорытынды жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Суретте берілген денелердің қозғалыста не тыныштықта екенін берілген санақ денелеріне
қатысты анықтап, жауап беріңіз.
Қозғалыс басталған кезде
Қозғалыс аяқталған кезде
a) 1-бала ағашқа қатысты ________________________
b) 1-бала шыршаға қатысты ________________________
c) 2-бала 1-балаға қатысты ________________________
d) 2-бала арбаға қатысты ________________________
e) 2-бала шыршаға қатысты ________________________
f) 1-бала 2-балаға қатысты ________________________
Дескриптор Білім алушы
— берілген санақ денесіне қатысты қозғалыстағы денелерді анықтайды
— берілген санақ денесіне қатысты тыныштықтағы денелерді анықтайды
13
Тақырып «Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар»
Оқу мақсаттары 7.2.1.3 Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен
Бағалау критерийі
бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
Білім алушы
• Денелер қозғалысының түрлерін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Сурет бойынша қай автомобиль қозғалысы бірқалыпты, қайсысының қозғалысы
бірқалыпсыз екенін анықтаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
— бірқалыпты қозғалатын автомобилді анықтайды;
— бірқалыпсыз қозғалатын автомобилді анықтайды.
14
Тақырып «Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу»
Оқу мақсаттары 7.2.1.4 Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа
Бағалау критерийі
жылдамдығын есептеу
Білім алушы
• Дененің жылдамдығын есептейді
• Орташа жылдамдықты анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
ТУ-104 реактивті жолаушылар ұшағы бірқалыпты қозғалып 30 с-та 8250 м
арақашықтықты ұшып өтті. Ұшақтың жылдамдығын м/с және км/сағ-пен анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— жылдамдық формуласын қолданады
— жылдамдықтың мәнін анықтайды
— жылдамдықтың өлшем бірліктерін түрлендіреді
Тапсырма 2
Жаяу адам барлық жолдың алғашқы 30 м бөлігін – 20 секундта, ал келесі бөлігін 1,45м/с
жылдамдықпен 40 секундта, қалған 45 м жол бөлігін 1,5 м/с жылдамдықпен жүріп өтті.
Жолаушының барлық жолдағы орташа жылдамдығын есептеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— барлық жүрілген жолды есептейді
— барлық қозғалыс уақытын анықтайды
— орташа жылдамдықты анықтау формуласын қолданады
— орташа жылдамдық мәнін анықтайды
15
Тақырып «Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері»
Оқу мақсаттары 7.2.1.5 s-тің t -ға тәуелділік графигін тұрғызуда
координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем
бірліктерін дұрыс белгілеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бірқалыпты қозғалыстың графигін тұрғызады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Дененің бірқалыпты қозғалысының теңдеуі х = 1 + 2𝑡.
a) кестені толтырыңыз;
b) кестедегі мәндерді пайдаланып, координатаның уақытқа тәуелділік графигін
тұрғызыңыз.
t, с x, м
0
1
3
5
7
Дескриптор Білім алушы
— кестені толтырады
— графиктер осьтерінде шамалар мен өлшем бірліктерді белгілейді
— кестедегі мәліметтер бойынша координатаның уақытқа тәуелділік
графигін тұрғызады
16
Тақырып «Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері»
Оқу мақсаттары 7.2.1.6 Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік
графигінен келесі жағдайларды анықтау:
(1) дененің тыныштық күйін,
(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік
графигінен жылдамдық мәнін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Суретте дененің орын ауыстыруының уақытқа
тәуелділік графигі берілген. Графикпен танысып,
төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
a) Графиктің әр бөлігіне сәйкес дененің
жылдамдығын анықтаңыз.
АВ бөлігінде: _____________
ВС бөлігінде: _____________
СD бөлігінде: _____________
b) Дененің барлық жолдағы (графикте АD
аралығы) орташа жылдамдығын анықтаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
— график бойынша жолдың АВ бөлігіндегі дене қозғалысының
жылдамдығын есептейді
— график бойынша жолдың ВС бөлігіндегі дене қозғалысының
жылдамдығын есептейді
— график бойынша жолдың СD бөлігіндегі дене қозғалысының
жылдамдығын есептейді
— орташа жылдамдықты анықтау формуласын қолданады
— АD бөлігіндегі орташа қозғалыс жылдамдығын есептейді
Тапсырма 2
Суретте бірқалыпты қозғалатын екі дененің
(I және II) қозғалыс графиктері берілген.
Олардың қайсысының жылдамдығы үлкен?
Жауабыңызды дәлелдеңіз.
17
Дескриптор: Білім алушы
— суреттегі графиктен денелер жылдамдығын анықтайды;
— екі дене жылдамдықтарының мәндерін салыстырып, қорытынды
жасайды.
Тақырып «Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері»
Оқу мақсаттары 7.2.1.7 Бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының
уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі бойынша
дененің орын ауыстыруын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1
График бойынша дененің алғашқы 10 с-тағы қозғалысын анықтаңыз. Оның келесі 20 с-тағы
қозғалысынан айырмашылығы қандай? Дененің алғашқы 50 с-та жүрген жолын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— график бойынша қозғалыс түрін анықтайды
— график бойынша екі бөліктегі айырмашылықты түсіндіреді
— графиктен дененің орын ауыстыруын анықтайды
Тапсырма 2
Екі дененің қозғалысы x1=5t, x2=150-10t теңдеулерімен берілген. Олардың кездесетін жері мен
уақытын аналитикалық және графиктік тәсілмен анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— аналитикалық жолмен денелердің кездесу уақытын анықтайды;
— денелердің кездесу орынын анықтайды;
— екі дененің қозғалыс графигін салады;
— график бойынша денелердің кездесу орны мен уақытын анықтайды.
18
2- тоқсан
«Тығыздық» бөлімі
Тақырып «Масса және денелердің массасын өлшеу»
Оқу мақсаттары 7.2.2.11 Электронды, серіппелі, иінді таразылардың
көмегімен дененің массасын өлшеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен
дененің массасын өлшейді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1 (Практикалық тапсырма)
Берілген жүктің массасын суретте көрсетілген таразылардың көмегімен анықтаңыз.
Алынған мәндерді салыстырып, қорытынды жасаңыз: қай таразы көмегімен алынған мән
дәлірек болды? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
— дененің массасын электронды, серіппелі, иінді таразыларды қолданып
өлшейді;
— таразылардың өлшеу қателігін анықтайды;
— алынған мәндерді салыстырып, қорытынды жасайды.
Тапсырма 2
А4 парақтарының бір бумасының ішіндегі бір парақтың массасын анықтау әдісін
ұсыныңыз.
Дескриптор Білім алушы
— бір парақтың массасын анықтау әдісін ұсынады
19
Тақырып «Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу»
Оқу мақсаттары 7.2.2.12. Әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың
көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сұйықтың және пішіні дұрыс емес дене көлемін
анықтау үшін өлшеуіш цилиндрді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Суретте екі түрлі дене берілген. Олардың көлемін анықтау үшін қандай құралдар қолданар
едіңіз? Өлшеу әдісін сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— дұрыс емес пішінді дененің көлемін анықтауға қажетті құралды
анықтайды
— геометриялық дене көлемін өлшеуге қажетті құралды анықтайды
— көлемді анықтау әдістерін сипаттайды
Тапсырма 2
Төмендегі суретте екі түрлі мензурка көмегімен сұйықтың көлемін анықтағаны бейнеленген.
a) Мензуркалардағы сұйықтың көлемін анықтап, салыстырыңыз.
b) Нәтижені аспап қателігін ескеріп жазыңыз.
20
Дескриптор Білім алушы
— мензуркалардың бөлік құнын анықтайды;
— әр мензуркадағы сұйық көлемін анықтайды;
— нәтижелерді аспап қателігін ескеріп жазады;
— мензуркалардың өлшеу дәлдігі туралы қорытынды жасайды.
Тақырып «Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі»
Оқу мақсаттары 7.2.2.13 Тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тығыздықтың физикалық мағынасын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Суретте электрондық таразыда геометриялық өлшемдері бірдей төрт білеушенің
массалары өлшенгені бейнеленген. Қай білеушенің тығыздығы ең жоғары? Неліктен
өлшемдері тең денелер массалары әртүрлі болатындығын түсіндіріңіз?
Дескриптор Білім алушы
— білеушелер тығыздықтарын салыстырады;
— білеушелер массаларының әртүрлілігін түсіндіреді.
21
Тақырып «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау»
Оқу мақсаттары 7.2.2.14 Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын
Бағалау критерийі
тәжірибе арқылы анықтау
Білім алушы
• Денелердің тығыздығын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1
Қорапшаға текше түріндегі қант-рафинадының кесектері тығыз реттеліп
орналастырылған.
a) Қант тығыздығын тәжірибеде анықтауға қажетті құралдардың тізімін жазыңыз.
b) Тығыздықты анықтауға арналған тәжірибені жоспарлаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— тәжірибені орындауға қажетті құралдарды анықтайды;
— тәжірибені жоспарлайды.
Тапсырма 2
Зәйтүн майының бос бөтелкесінің массасы 0,51 кг, ал зәйтүн майымен толтырылған
бөтелкенің массасы 0,97 кг.
a) Зәйтүн майының массасын есептеңіз.
b) Бөтелкедегі зәйтүн майын 250 мл –лік үш мензуркаға бөліп құяды. Алғашқы екеуі
толтырылды, ал үшіншісі төмендегі суретте көрсетілген.
c) Үшінші мензуркадағы зәйтүн майының көлемі неге тең?
d) Бөтелкедегі зәйтүн майының көлемі неге тең?
e) Зәйтүн майының тығыздығы неге тең?
22
Дескриптор Білім алушы
— зәйтүн майының массасын анықтайды;
— мензуркадағы май көлемін анықтайды;
— бөтелкедегі май көлемін есептейді;
— зәйтүн майының тығыздығын анықтайды.
Тақырып «Тығыздықты есептеу»
Оқу мақсаттары 7.2.2.15 Тығыздықтың формуласын есептер шығаруда
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тығыздықтың формуласын есеп шығаруда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Егер шойынның тығыздығы 7∙103 кг/м3 болса, онда көлемі 20 см3 шойын кесегінің массасын
анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— шамаларды ХБЖ-не келтіреді;
— тығыздықты есептеу формуласын
қолданады; — тығыздықты есептейді.
Тапсырма 2
Көлемдері бірдей алюминий және мыс екі білеуше бар. Егер мыстың массасы алюминийдің
массасынан 1,24 кг артық болса, бұл білеушелердің массалары қандай болады? ρА=2,7 г/см3,
ρМ=8,9 г/см3.
Дескриптор Білім алушы
— шамаларды ХБЖ-нде жазады;
— тығыздықты есептеу формуласын қолданады;
— білеушелердің массасын анықтайды.
23
«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі
Тақырып «Инерция құбылысы»
Оқу мақсаттары 7.2.2.1 Инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар
келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Инерция құбылысына сипаттама береді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
a) Неліктен, жүргізуші тежеген кезде автомобильдің артқы қызыл жарығын жағады?
Түсіндіріңіз.
b) Қозғалып бара жатқан пойыздың вагонының еденінде тыныштықта тұрған доп,
пойыздың қозғалысына қарсы бағытта домалап кетті. Пойыздың жылдамдығы
қалай өзгерді? Жауабыңызды дәлелдеңіз
Дескриптор Білім алушы
— инерция құбылысымен байланыстырып түсіндіреді.
Тапсырма 2
Берілген мысалдардың ішінен инерция арқылы қозғалысты таңдаңыз.
А) Кілемді ұрғышпен қаққанда, шаңның ұшып шығуы.
В) Сүрінген адамның алға қарай құлауы.
С) Автомобильдің қозғалысы.
Д) Жердің өз осінен айналуы.
Дескриптор Білім алушы
— инерция құбылысын белгілейді.
Тапсырма 3
Массалары 1 кг және 3 кг екі арбаша өзара әсерлескен кезде, үлкен арбаша 15 см/с
жылдамдыққа ие болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады? Арбашалар
жылдамдықтарын салыстырып, олардың мәнінің массаға тәуелділігін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— екінші арбаша жылдамдығын анықтайды;
— дене жылдамдығы мен массасы арасындағы байланысты
анықтайды.
24
Тақырып «Күш»
Оқу мақсаттары 7.2.2.2 Күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне
мысалдар келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне
мысалдар келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма
Жүк көлігі, қайық, ұшақ және ғарыш кемесі қозғалыс кезінде қандай денелермен өзара
әрекеттеседі? Олардың әрекеттесу күшінің бағытын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— әрекеттесетін денелерді анықтайды;
— күштердің бағытын анықтайды.
25
Тақырып «Тартылыс құбылысы және ауырлық күші.
Салмақ»
Оқу мақсаттары 7.2.2.10 Масса, салмақ және ауырлық күші
ұғымдарын ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Салмақ пен ауырлық күшін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Суретте кескінделген күштерді анықтаңыз. Әр күшті сәйкес әріптермен белгілеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— суретте кескінделген күштерді ажыратады;
— күштердің сәйкес белгілеуін қолданады.
Тапсырма 2
Суреттегі аспалы шамға әсер ететін ауырлық күші мен салмақты графиктік кескіндеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— шамға әсер ететін ауырлық күшін көрсетеді;
— салмақтың түсу нүктесін көрсетеді.
26
Тақырып «Деформация»
Оқу мақсаттары 7.2.2.3 Пластикалық және серпімді деформацияларды
ажырату, мысалдар келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Пластикалық және серпімді деформациялардың
айырмашылығын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Көрсетілген суретте деформацияның қандай түрлері берілген?
Дескриптор Білім алушы
— серпімді деформацияларды анықтайды;
— пластикалық деформацияларды анықтайды.
Тапсырма 2
Берілген суреттердің айырмашылығы неде, түсіндіріңіз. Деформация түрін анықтаңыз.
Деформация неге тәуелді екенін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− денелер деформациясын салыстырады;
− деформация түрін анықтайды;
− деформацияның қандай шамаға тәуелді екенін анықтайды.
27
Тақырып «Серпімді деформацияларды зерделеу»
Оқу мақсаттары 7.2.2.4 Серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік
графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қатаңдықты анықтауға арналған тәжірибені жүргізеді
• График арқылы қатаңдық коэффициентін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Серіппенің қатаңдығын анықтауға арналған тәжірибені жүргізу әдісін ұсыныңыз және
жоспарын құрыңыз. Қандай физикалық шамалар арасындағы тәуелділік анықталатынын
түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— серіппенің қатаңдығын анықтау әдісін ұсынады;
— тәжірибені жоспарлайды;
— қажетті құралдарды анықтайды;
— тәуелді, тәуелсіз және өлшенетін шамаларды ажыратады.
Тапсырма 2
Графикте серпімділік күшінің ұзаруға тәуелділігі
көрсетілен. Графикті пайдаланып, екі серіппенің
қатаңдығын анықтаңыз. Алынған мәндерді
салыстырып, айырмашылығын түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— график арқылы серіппелер қатаңдығын анықтайды;
— алынған мәндерді салыстырып, қорытынды жасайды.
28
Тақырып «Серпімділік күші, Гук заңы»
Оқу мақсаттары 7.2.2.5 Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін
есептеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есептер шығаруда Гук заңын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
a) Қатаңдығы 100 кН/м-ге тең сымды 1 мм-ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсуі
керек?
b) Ұзындығы 10 см серіппе 4 Н күштің әсерінен 2 см ұзарды. Егер осы серіппеге 6 Н күш
әсер етсе, ол қаншаға ұзарар еді?
Дескриптор Білім алушы
— Гук заңын қолданады
— формуланы түрлендіреді
— физикалық шамаларды анықтайды
Тақырып «Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру. Сырғанау үйкеліс
күшін зерттеу»
Оқу мақсаттары 7.2.2.6 Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін
ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
1 және 2-суреттерде көрсетілген жағдайларды сипаттаңыз. Екі жағдайда пайда болатын
үйкеліс түрлерін анықтап, нәтижесін салыстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— суреттерді сипаттайды;
— үйкеліс түрлерін салыстырады.
29
Тақырып «Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру. Сырғанау үйкеліс
күшін зерттеу»
Оқу мақсаттары 7.2.2.7 Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар
келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Үйкелістің пайдасы мен зиянын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1
Төмендегі жағдайларда пайда болатын үйкеліс түрін анықтаңыз. Қай жағдайда үйкелісті
арттыру не азайту керектігін түсіндіріңіз.
a) Бормен тақтаға жазу;
b) Қыстыгүні жолдардың тайғанақ болуы;
c) Конькимен сырғанау;
d) Автокөлік жолының кедір-бұдыр болуы;
e) Велосипед тетіктерінің тоттануы;
Дескриптор Білім алушы
— үйкеліс күшінің пайдалы және зиянды әрекеттерін ажыратады;
— үйкелісті қай кезде арттыру не азайту керек екенін түсіндіреді.
Тақырып «Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу»
Оқу мақсаттары 7.2.2.8 Күштерді берілген масштабта графикалық түрде
көрсету
7.2.2.9 Денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен
бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен
бағытын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Теңәрекетті күш мәні мен бағытын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Денеге бір түзудің бойымен 20 кН және 30 кН екі күш әсер етеді. Осы күштерді олардың
тең әсерлі күштері 10 кН және 50 кН-ға тең болғандағы жағдай үшін график түрінде
кескіндеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— денеге әрекет ететін күштерді және тең әрекетті күшті график түрінде
кескіндейді.
30
3-тоқсан
«Қысым» бөлімі
Тақырып «Газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің молекулалық құрылымы»
Оқу мақсаттары 7.3.1.1 Заттардың молекулалық құрылысы негізінде
газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Заттардың молекулалық құрылысы негізінде
газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің
құрылымын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Төменде берілген шағын тәжірибелерді орындап шығыңыз:
a) Стакандағы суды бөтелкеге құйыңыз, содан кейін мензуркаға құйыңыз.
Содан кейін суды осы үш ыдысқа бөліп құйыңыз.
b) Борды қолмен сындырып, бірнеше бөлікке бөліңіз.
c) Шприцпен: алдымен шприцті белгілі бір мәнге келтіріп, саңылауын саусақпен жауып
тұрып, сығу. Сонан соң, ішіне сол көлемдегі суды толтырып, сығу. Нәтижесін талдау.
Ойланып, мына сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Суды басқа ыдыстырға құйғанда, көлемі өзгерді ме?
2) Суды ыдыстарға бөліп құйғанда және борды бөліктерге бөлгенде бірдей күш жұмсалды
ма?
3) Неліктен газ оңай сығылады? Сұйық сығылмайды?
4) Газды ашық ыдыста сақтауға болады ма?
Тәжірибе нәтижесі мен сұрақтар төңірегінде ойланып, сұйықтар мен қатты денелер және
газдар құрылысындағы айырмашылық туралы қорытынды жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— заттың молекулалық құрылымы негізінде сұйық пен қатты зат
және газ құрылысын сипаттайды.
31
Тақырып «Қатты денелердегі қысым»
Оқу мақсаттары 7.3.1.2 Қысымның физикалық мағынасын түсіндіру
және өзгерту әдістерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Суреттегідей қойылған кірпіштер жерге бірдей қысым түсіреді ме?
Дескриптор Білім алушы
— қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндіреді.
Тапсырма 2
Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы
балалардың қайсысының әрекеті дұрыс. Себебін
түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды.
32
Тақырып «Қатты денелердегі қысым»
Оқу мақсаттары 7.3.1.3 Есептер шығаруда қатты дененің
қысымының формуласын қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қатты денелер түсіретін қысымды есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
a) Вагонның барлық дөңгелектерінің рельстермен түйісу ауданы 0,001 м2. Егер осы
вагонның массасы 30 т болатын болса, онда оның жерге түсіретін қысымы қандай?
b) Асфальт төсейтін каток жерге 400 кПа қысым түсіреді, каток тірегінің ауданы 0,1 м2.
Катоктың салмағы неге тең?
Дескриптор Білім алушы
— қысымның формуласын есеп шығаруда қолданады.
33
Тақырып «Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы»
Оқу мақсаттары 7.3.1.4 Газ қысымын молекулалық құрылым негізінде
Бағалау критерийі
түсіндіру
Білім алушы
• Газ қысымының пайда болуын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
a) Екі бірдей жабық ыдыстағы газдың массалары бірдей. Осы ыдыстардың бірі жылы
бөлмеде, екіншісі суық бөлмеде тұр. Ыдыстардың қайсысындағы газдың қысымы
артық? Неліктен?
b) Суретте поршеньді цилиндрдің
екі түрлі жағдайлары берілген.
Екі жағдайдағы поршень
астындағы газ қысымы бірдей
ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— газ қысымының қандай шамаларға тәуелді екенін сипаттайды.
34
Тақырып «Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы»
Оқу мақсаттары 7.3.1.5 Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның
Бағалау критерийі
формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
Білім алушы
• Гидростатикалық қысымның мәнін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
a) Өлшемдері суретте көрсетілген
аквариумның түбіне судың түсіретін
қысымын және судың салмағын анықтаңыз.
(ρсу=103 кг/м3)
b) Цилиндр тәрізді ыдысқа массасы бірдей сынап
су құйылды. Сұйықтардың екеуінің жалпы
деңгейлерінің биіктігі h=29,2 см. Сұйықтардың
түбіне түсіретін жалпы қысымын анықтаңыз.
(ρсу=103 кг/м3, ρсын=13,6⋅103 кг/м3)
Дескриптор Білім алушы
— сынап пен судың биіктіктерін анықтайды;
— сынаптың түсіретін қысымын есептейді;
— судың түсіретін қысымын есептейді;
— сұйықтардың жалпы түсіретін қысымын анықтайды.
35
және
ыдыс
Тақырып «Қатынас ыдыстар»
Оқу мақсаттары
Бағалау критерийі
7.3.1.6 Қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру
Білім алушы
• Қатынас ыдыстардың қолданылуын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
a) Қатынас ыдыстарға су құйылған. Сол жақтағы ыдысқа аздап су құйсақ қандай өзгеріс
болады? Неліктен? Ортадағы ыдысқа су құйсақ ше?
b) Суретте кескінделген кофе қайнатқыштардың
біреуіне екіншісіне қарағанда сұйық көбірек сыяды.
Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
— қатынас ыдыстар үшін орындалатын шартты түсіндіреді;
— берілген ыдыстардың қолданылуына сипаттама береді.
36
Тақырып «Гидравликалық машиналар»
Оқу мақсаттары 7.3.1.7 Гидравликалық машиналардың жұмыс істеу
принципін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Гидравликалық машиналардың жұмысын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1
Суретте берілген гидравликалық престің жұмыс жасау принципін түсіндіріңіз.
Гидравликалық престің жұмыс жасауы қандай заңға негізделген?
Дескриптор Білім алушы
— гидравликалық престің құрылысын сипаттайды;
— гидравликалық престің жұмыс істеу принципін түсіндіреді.
37
Тақырып «Гидравликалық мəшинелер»
Оқу мақсаттары 7.3.1.8 Гидравликалық мəшинелерді қолдану кезіндегі
күштен ұтысты есептеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Гидравликалық мəшинелердің қолданылу мақсатын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Гидравликалық мəшинеде престелетін денеге қандай күш әсер етеді?
Дескриптор Білім алушы
− гидравликалық мəшинеде күштен алынатын ұтысты есептейді.
38
Тақырып «Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу»
Оқу мақсаттары 7.3.1.9 Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және
оны өлшеудің әдістерін ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Атмосфералық қысымды анықтауға арналған
тәжірибені сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1
Суретте атмосфералық қысымды зерттеу үшін Б. Паскаль шәкіртінің жасаған тәжірибесінің
сұлбасы берілген. Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— тәжірибе мақсатын анықтайды;
— тәжірибе нәтижесін сипаттайды.
39
Тақырып «Манометрлер. Сорғылар»
Оқу мақсаттары 7.3.1.10 Манометр мен сорғылардың жұмыс істеу
принципін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Манометр не үшін қолданылатынын түсіндіреді
• Сорғы қолданылуына сипаттама береді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
Суретте қарапайым сынап барометрі мен сынап манометрі берілген. Манометрде белгілі бір
мөлшерде сығылған газ бар.
a) Барометр мен манометр қолданылуындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.
b) Монометрдегі сығылған газ қысымы неге тең?
Дескриптор Білім алушы
— барометр мен манометрдің қолданылу айырмашылығын
түсіндіреді;
— сығылған газ қысымын анықтайды.
сынап
вакуум
Сығылған
газ
с
40
Тапсырма 2
Суретте берілген сорғы суды сорып шығару үшін максимал тереңдік қандай болу керек? Ол
тереңдік мәні неге тәуелді?
Дескриптор Білім алушы
— сорғының қолданылуын түсіндіреді;
— максимал тереңдік мәнін есептейді.
41
Тақырып «Архимед заңын зерделеу»
Оқу мақсаттары 7.3.1.11 Кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа
батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кері итеруші күшті анықтайды
• Кері итеруші күштің сұйыққа батырылған дененің
көлеміне тәуелділігін зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1
Су ішінде массасы 100 г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңыз.
Құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп.
Жұмыстың барысы:
1. Мензурка көмегімен жүктің Vд көлемін анықтаңыз.
2. Дененің өлшенген көлемі мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын
табыңыз.
3. Денені жіпке байлап, динамометрге іліңіз және оған әрекет ететін ауырлық күшінің
мәнін табыңыз.
4. Динамометрге ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын
анықтаңыз және ығыстырушы күштің мәнін есептеңіз.
5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңіз.
6. Тәжірибені басқа денемен жасаңыз.
7. Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңыз.
8. Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағалаңыз.
№ Дененің
көлемі, м3
Дене
ығыстырған
сұйық
салмағы, Р, Н
Дененің
ауадағы
салмағы, Р, Н
Дененің
судағы
салмағы,
Р1, Н
Ығыстырушы
күш, Fы, Н
Дескриптор Білім алушы
— ығыстырушы күшті анықтайды;
— ығыстырушы күш пен ығыстырылған су салмағын салыстырады;
— тәжірибе нәтижелерін кестеге жазады;
— тәжірибе нәтижелерін бағалайды.
42
Тақырып «Кері итеруші күш»
Оқу мақсаттары 7.3.1.12 Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші
күштің табиғатын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Архимед күшінің неге тәуелді екенін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Құралдар: жүктер жинағы, динамометр, суы бар ыдыс
Берілген құралдарды пайдаланып,
а) көлемдері тең, массалары әртүрлі;
b) массалары тең, көлемдері әртүрлі
Денелерге әсер ететін Архимед күшін анықтауға арналған тәжірибені жоспарлаңыз. Алынған
нәтижелерді салыстырып, қорытынды жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— тәжірибе жоспарын құрады;
— әр жағдай үшін Архимед күшінің мәнін анықтайды;
— Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екендігі туралы қорытынды
жасайды.
43
Тақырып «Кері итеруші күш»
Оқу мақсаттары
Бағалау критерийі
7.3.1.13 Есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
Білім алушы
• Архимед заңын есептер шығару кезінде қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма
1. Көлемі 5 дм3 болатын дене толығымен суға батырылғанда, оған әсер ететін кері итеруші
күш 50 Н-ға тең болса, сұйықтың тығыздығы қандай?
2. Темірден жасалған заттың судағы салмағы, ауадағы салмағыннан 100 Н-ға кем болса,
оның ауадағы салмағы қандай болғаны?
3
3
с м
ρ =10 кг , 3
3
T м
ρ = 7,8 ⋅10 кг
3. Көлемі 500 см3 және массасы 800 г динамометрге ілінген жүкті толығымен суға батырса,
динамометр нені көрсетер еді?
3
3
с м
ρ =10 кг
Дескриптор Білім алушы
— Архимед заңын есептер шығаруда қолданады;
— шамалардың өлшем бірлігін ХБЖ-нде жазады.
44
Тақырып «Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау»
Оқу мақсаттары 7.3.1.14 Дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1
Дененің сұйықта жүзу шарттарын тексеруге арналған демонстрация.
Құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, ішіне салынған құмның
массалары әр түрлі болатын үш бірдей құты.
Денелердің жүзу шарттары туралы қорытынды жасау үшін,
мұғалім демонстрация көрсетеді.
Сұйық құйылған биік шыны ыдысқа ішінде әртүрлі массадағы
салынған үш құты салыңыз. Толтыра құм салынған құты
батады, ішінде орталай құм салынған құты жүзеді, өте аз
мөлшерде құмы бар құты қалқиды (алдын ала дайындаған
дұрыс).
Оқушыларға талдауға арналған сұрақ қойыңыз:
a) Неліктен құтылардың бірі батады, бірі жүзеді немесе қалқиды?
b) Денелердің жүзу шарттарын дәлелдеңіз.
Күтілетін нәтиже:
Дескриптор Білім алушы
— құтыға әсер ететін күштерді белгілейді;
— күштерді салыстырып, әр жағдай үшін қорытынды жасайды.
45
құм
Тапсырма 2
Жұмыртқа, мұз, спирт, су, тұздың судағы ерітіндісі берілген. Схеманы пайдаланып,
сұйықтарды анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— Денелердің жүзу шартын пайдаланып, әр ыдыстағы сұйықтардың
тығыздығын бағалайды.
Тапсырма 3
Мұхитта жүзіп жүрген айсберг – өте әдемі құбылыс. Алайда, сіз айсбергтің тек 1/10 бөлігін
ғана көретінімізді, ал 9/10 бөлігі судың астында болатынын білесіз бе? Ал егер бөрене суда
жүзіп жүрсе, онда оның жарты бөлігі суға батады. Неліктен? Жауабыңызды салыстырмалы
диаграмма арқылы ұсыныңыз.
Дескриптор Білім алушы
— жүзу шартын пайдаланып, қорытынды жасайды;
— нәтижені диаграмма арқылы ұсынады.
46
«Жұмыс және қуат» бөлімі
Тақырып «Механикалық жұмыс. Қуат»
Оқу мақсаттары 7.2.3.1 Механикалық жұмыс ұғымының физикалық
мағынасын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Механикалық жұмысқа сипаттама береді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Төменде суреттерде берілген жағдайларда механикалық жұмыс жасалады ма?
Дескриптор Білім алушы
— механикалық жұмысты анықтайды
47
Тақырып «Механикалық жұмыс. Қуат»
Оқу мақсаттары 7.2.3.7 Қуат ұғымының физикалық мағынасын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қуатқа сипаттама береді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
a) Массалары әртүрлі екі қыз бала баспалдақпен жарыса жүгіріп, үйдің үшінші қабатына
бір мезгілде көтерілді. Бұл жағдайда олар бірдей қуат өндіре ме? Жауабыңызды
түсіндіріңіз.
b) Төменде суретте қол арасы мен электр арасы берілген. Олардың қуаттарын
салыстырыңыз. «Механикалық қуат» терминін қалай түсінесіз?
Дескриптор Б ілім алушы
— денелер қуаттарын салыстырады;
— механикалық қуатқа анықтама береді.
48
Тақырып «Механикалық жұмыс. Қуат»
Оқу мақсаттары 7.2.3.8 Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын
есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Механикалық жұмыс пен қуат мәндерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
a) Көлемі 2 м3 гранит тақтасын 24 м биіктікке көтергенде қандай жұмыс атқарылады?
b) Көтергіш кран массасы 3000 кг жүкті көтеріп, 170 кДж жұмыс атқарды. Көтергіш кран
жүкті қандай биіктікке көтерген?
c) Минутына 1000 л суды 20 м биіктікке көтеретін сорғының қуаты неге тең?
Дескриптор Білім алушы
— есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын қолданады.
49
4-тоқсан
«Энергия» бөлімі
Тақырып «Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия»
Оқу мақсаттары
Бағалау критерийі
7.2.3.2 Механикалық энергияның екі түрін ажырату
Білім алушы
• Кинетикалық және потенциалдық
энергияларды ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Суретте кескінделген денелердің қайсысы кинетикалық энергияға, қайсысы потенциалдық
энергияға ие болады?
Дескриптор Білім алушы
— кинетикалық және потенциалдық энергияларды анықтайды.
50
Тақырып «Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия»
Оқу мақсаттары 7.2.3.3 Кинетикалық энергия формуласын есептер
шығаруда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кинетикалық энергия формуласын есептер
шығаруда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
a) Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-
ден 8 м/с-қа артты. Осы жолдағы кинетикалық энергияның өзгерісін табыңыз.
b) «Союз» сериялы ғарышкеменің массасы 6,6 т болса, оның орбита бойымен 7,8 м/с
жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?
c) Массасы 9 г оқ винтовка ұңғысынан 750 м/с жылдамдықпен шығады. Оның
кинетикалық энергиясы қандай?
d) 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?
Дескриптор Білім алушы
— кинетикалық энергия формуласын есеп шығаруда қолданады.
Тақырып «Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия»
Оқу мақсаттары 7.2.3.4 Жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық
энергияның формуласын қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есеп шығаруда жоғары көтерілген дене үшін
потенциалдық энергияның формуласын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
a) Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық
энергиясын анықтаңыз.
b) Массасы 450 кг денені 50 см биіктікке көтергендегі потенциалдық энергияны
анықтаңыз.
c) Қандай биіктікте массасы 2 т жүктің потенциалдық энергиясы 10 кДж-ға тең?
Дескриптор Білім алушы
— потенциалдық энергияның формуласын қолданады.
51
Тақырып «Энергияның сақталуы және айналуы»
Оқу мақсаттары 7.2.3.5 Энергияның түрленуіне мысалдар келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Энергияның түрленуін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Суреттегі денелер қандай энергияларға ие? Қандай энергия түрленулері болып жатыр?
Дескриптор Білім алушы
— энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттайды.
52
Тақырып «Энергияның сақталуы және айналуы»
Оқу мақсаттары 7.2.3.6 Механикалық энергияның сақталу заңын есептер
шығаруда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Механикалық энергияның сақталу заңын есептер
шығаруда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
a) Массасы 100 г, тік жоғары қарай 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің
көтерілгендегі ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
b) Массасы 400 г, 2 м биіктіктен құлап түскен дененің жерге соқтығысуы алдындағы
кинетикалық энергиясын анықтаңыз.
c) Массасы 0,5 кг дене 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары қарай лақтырылған. Ең жоғары
биіктікке дейін көтерілгенде ауырлық күшінің жұмысын, потенциалдық энергияның
өзгерісін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— механикалық энергияның сақталу заңын қолданады.
Тапсырма 2
Тас жер бетінен белгілі бір жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тастың
қозғалыс траекториясы суретте көрсетілген.
А, В, С нүктелеріндегі доптың потенциалдық, кинетикалық және толық механикалық
энергиялары арасындағы қатынасты сипаттайтын диаграмманы тұрғызыңыз.
Потенциалдық энергияны бояу үшін көк түсті, кинетикалық энергия үшін – жасыл, толық
механикалық энергия үшін – қара түсті қарындашты пайдаланыңыз.
53
Дескриптор Білім алушы
— механикалық энергияның сақталу заңын қолданады
— тастың қозғалыс басталған уақыттағы энергияларын анықтайды
— тастың максимал биіктікке көтерілген уақытындағы энергияларын
анықтайды
— тастың С нүктесінде болған уақытындағы энергияларын анықтайды
54
«Күш моменті» бөлімі
Тақырып «Жай механизмдер»
Оқу мақсаттары 7.2.4.1 «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау
және қарапайым механизмдердің қолданылуына
мысалдар келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• «Механиканың алтын ережесін» түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
a) Өмірде қолданылатын қарапайым механизмдерге мысал келтіріңіз.
b) Суреттерді сипаттаңыз. Қай жағдайда аз күш жұмсалады, неліктен?
Дескриптор Білім алушы
— жай механизмдердің қолданылуына мысал келтіреді;
— суреттерді салыстырып, күш аз жұмсалатын жағдайды
анықтайды.
55
Тақырып «Жай механизмдер»
Оқу мақсаттары 7.2.4.2 Күш моменті ұғымының физикалық мағынасын
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Күш моментіне анықтама береді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Шырпыны ортасынан сындырыңыз, алынған бөліктерді тағы да ортасынан сындырыңыз
және бөліктер тым ұсақ болғанға дейін осылайша шырпыны бөле беріңіз. Неліктен ұсақ
бөліктерді сындыру үлкен бөліктерді сындыруға қарағанда қиын?
Дескриптор Білім алушы
— күш моменті қандай физикалық шамаға тәуелді екенін түсіндіреді.
Тапсырма 2
Бауыржан болаттан жасалған есікті аз күш жұмсап жабу үшін А және В нүктелерінің
қайсысына күш түсіруі керек? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
— әр нүктеге түсірілетін күш моментін анықтайды;
— күш моменттерін салыстыру арқылы күш түсіру нүктесін анықтайды.
56
Тақырып «Дененің массалық центрі. Жазық фигураның массалық центрін анықтау»
Оқу мақсаттары 7.2.4.3 Жазық фигураның массалық центрін
тәжірибеде анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жазық фигураның массалар центрін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1
Құрал-жабдықтар: қатырма қағаз, қайшы, жіп, штатив, тіктеуіш, қағаз түйрегіш.
1) Қатырма қағаздан әр түрлі фигуралар қиып алыңыз.
2) Денені штативке бекітілген түйрегішке әртүрлі шеттерінен іліңіз.
3) Түйрегішке тіктеуіш байланған жіпті іліңіз.
4) Ілу нүктелерінен жіп бойымен вертикаль түзу жүргізіңіз.
5) Түзулердің қиылысу нүктесін белгілеңіз.
6) Фигураны қиылысу нүктесінен түйрегішке немесе қаламсап
ұшына қойыңыз.
7) Сұрақтарға жауап беріңіз:
— Массалар центрі ұғымын қалай түсінесіз?
— Моменттер ережесін осы жазық фигура үшін
тұжырымдаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— тәжірибені орындайды;
— массалар центріне анықтама береді;
— моменттер ережесін массалар центрін анықтау тәжірибесімен
байланыстырады.
57
Тақырып «Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау»
Оқу мақсаттары 7.2.4.5 Тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын
тексереді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Жоғары деңгей деңгейлері
Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау
Мақсаты: күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент
жүзінде тексеру.
Құрал-жабдықтар: штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, сызғыш, динамометр.
Тапсырма 1
Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
a) Оқулықтағы «Иіндік», «Иіндікке түскен күштердің тепе-теңдігі», «Күш
моменттері» туралы материалдарды қайталаңыз.
b) Иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай
етіп теңгеріңіз.
c) Иіндіктің сол айналу білігінен ℓ1 қашықтыққа массаларының қосындысы m1
болатын екі жүк іліңіз.
d) Иіндіктің оң жағына оны тепе-теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен
қандай ℓ2 арақашықтықта ілуге болатынын анықтаңыз.
e) Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге жазыңыз.
f) М1 және М2 күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент
нәтижелерінің күш моменттер ережесінен қаншылықты ауытқитындығын
анықтаңыз. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырымын (М1-М2)
олардың орташа мәніне бөлу керек:
Ауытқу= (М1-М2): (М1+М2)/2·100%
Масса,
m1(г)
Иін,
ℓ1(см
)
Күш
,
F1
(Н)
Күш моменті,
М1 (Н·м)
Масса,
m 2 (г)
Иін,
ℓ2(см
)
Күш
,
F2
(Н)
Күш
моменті,
М2 (Н·м)
Тапсырма 2
Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік
шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
a) біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе-
теңдік күйге келтіріңіз;
b) иіндікті сағат тілінің бағытында айналдыратын күштердің күш моменттерінің
қосындысын табыңыз:
Моң= М1+М2+…+Мn
c) иіндікті сағат тіліне кері бағытта айналдыратын күштердің күш моментттерінің
қосындысын анықтаңыз:
Мсол= М1+М2+…+Мк
58
d) оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, экспериментте алынған
нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
— моменттер ережесін түсіндіреді;
— иіндіктің тепе-теңдік шарттарын жазады;
— иіндіктің оң және сол жағына әсер ететін моменттерді анықтап,
салыстырады.
Тақырып «Иіндіктің тепе-теңдік шарты»
Оқу мақсаттары 7.2.4.4 Тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер
ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Күш моменттер ережесін есептер шығаруда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма 1
a) Рычагтың ұштарына 4 Н және 36 Н күш әсер етеді. Рычагтың ұзындығы 2 м. Егер рычаг
тепе-теңдік қалыпта болса, оның тіреу нүктесі қай жерде болғаны?
b) Салмақсыз рычаг тепе-теңдікте тұр (сурет). Егер рычагтың ұзындығы 40 см, АВ=30 см,
m2=6 кг болса, m1 жүктің массасы неге тең?
Дескриптор Білім алушы
— моменттер ережесін жазады;
— күш иінін анықтайды;
— белгісіз жүк массасын анықтайды.
A B
m1 m2
О
59
Тақырып «Пайдалы әрекет коэффициенті.
Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау»
Оқу мақсаттары 7.2.4.6 Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін
Бағалау критерийі
тәжірибеде анықтау
Білім алушы
• Механизмдер ПӘК-ін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Тапсырма 1
Жұмысшы массасы 50 кг арбаны 80 см
биіктікке 125 Н күш жұмсай отырып
итеріп шығарды. Жазықтықтың ұзындығы
4 м.
а) Пайдалы жұмысты анықтаңыз.
b) Толық жұмысты анықтаңыз.
с) Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін
анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— пайдалы жұмысты анықтайды;
— толық жұмысты анықтайды;
— жазықтықтың ПӘК-ін анықтайды.
60
«Жер және Ғарыш» бөлімі
Тақырып «Аспан денелері туралы ғылым»
Оқу мақсаттары 7.7.1.1 Геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді
салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді
салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1
1. Геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерге анықтама беріңіз.
2. Геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерге анықтама береді;
— геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстырады.
61
Оқу мақсаттары
Бағалау критерийі
Тақырып «Күн жүйесі»
7.7.1.2 Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу
Білім алушы
• Күн жүйесінің нысандарын жүйелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
a) Күн жүйесіне енетін планеталарды екі топқа бөлуге болады:
1. Жер тобына жататын
2. Газдық планеталар
Төменде берілген кестеге сәйкес планеталарды жазыңыз.
Жер тобына жататын
планеталар Газдық планеталар
b) Күн жүйесінің сызбасын сызыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— Күн жүйесіне енетін планеталарды топқа бөледі;
— Күн жүйесінің сызбасын сызады.
62
Тақырып «Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл)»
Оқу мақсаттары 7.7.1.3 Жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуы
және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жердің қозғалысына байланысты күн мен түннің
ұзақтығын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Төменде берілген суретте Күн сәулелері Жер планетасын жарықтандырады. Жердің көлбеу
орналасқандығына назар аударыңыз! Жердің өз осінен айналуына байланысты А-дан Е-ге
дейінгі нүктелері 24 сағаттың ішіндегі белгілі бір уақытты не қараңғыда, не жарықта
өткізеді. Суретте Жердің Күн сәулелері түспейтін бөлігі штрихталған. Жер өз осінен 24
сағатта толық бір айналым жасайды
Тапсырма: 24 сағат ішінде А, В, С, D, Е нүктелері орналасқан аймақтардың күн жарығында
өткізетін уақыттарының ұзақтығын бағалаңыздар. (Қай нүкте ең ұзақ, қай нүкте ең қысқа
уақыт күн жарығында болады?)
Уақыт бөлінулері:
Ең ұзақ уақыт: 1_____ 2______ 3_____ 4_____ 5_____ Ең қысқа уақыт
Дескриптор Білім алушы
— әр нүктедегі күн ұзақтығын бағалайды.
Күн
Күн сәулелері
Жер
63
Теруге 29.07.2017. берілді. Басуға 31.07.2017. қол қойылды.
Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс.
Шартты б. т.6,72. Таралымы 19 дана. Тапсырыс № 1574
«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.
010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй.
e-mail: info@cpm.kz.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь