ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Информатика 6-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Информатика 6-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

377
0

ПОЛНЫЙ ВАРИАНТ:  

_____________________________________________

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Информатика
6-сынып
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
Мазмұны
1 тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………………………… 4
«Компьютерлік жүйелер мен желілер» бөлімі ………………………………………………………………………………… 4
2 тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………………………… 8
«Ақпаратты ұсыну» бөлімі …………………………………………………………………………………………………………….. 8
«Компьютерлік графика» бөлімі…………………………………………………………………………………………………… 10
3 тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………………………. 12
«Компьютерлік ойындарды жасау» бөлімі ……………………………………………………………………………………. 12
«Компьютерлік ойынды құру» бөлімі …………………………………………………………………………………………… 13
4 тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………………………. 16
«Мәтіндік құжатпен жұмыс» бөлімі……………………………………………………………………………………………… 16
3
ЖОБА
1 тоқсан
«Компьютерлік жүйелер мен желілер» бөлімі
Тақырып «Эргономика ұғымы»
Оқу мақсаттары 6.4.1.1 Эргономика міндеттерін ойластыру және шешу
(жоғары деңгейде және тиімді болу үшін)
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Эргономика міндетін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма.
Эргономиканың екі міндетін жазыңыз. 1. ___________________________________________________________________ 2. ___________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
эргономиканың міндетін анықтайды.
4
ЖОБА
Тақырып «Эргономика ұғымы»
Оқу мақсаттары 6.4.1.1 Эргономика міндеттерін ойластыру және шешу
(жоғары деңгейде және тиімді болу үшін)
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Эргономика мәселесін шешеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма.
Суретті қарастырыңыз. 1. Суреттегі адамға денсаулығына тиетін зиянды алдын алу үшін екі ұсыныс беріңіз. 1) _________________________________________________________________ 2) _________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
эргономика мәселесін шешуге ұсыныс жасайды.
5
ЖОБА
Тақырып «Есептеуіш техникасының даму тарихы»
Оқу мақсаттары 6.1.1.1 Есептеу техникасының дамуының тарихы мен
перспективасы жөнінде әңгімелеу
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Есептеу техникасы буындарына сәйкес
құрылғыларды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма.
Берілген суреттерді қарастырып, буындарын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
сурет бойынша есептеу техникасының буындарын анықтайды.
6
ЖОБА
Тақырып «Компьютердің қызметі»
Оқу мақсаттары 6.1.1.2 Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара
әрекетін түсіндіру
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Компьютердің негізгі құрылғыларының
байланысын көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма.
Сызбаны қарастырыңыз. Шығару құрылғылары мен ішкі жады арасындағы және ішкі
жады мен сыртқы жады арасындағы байланысты сызыңыз.
Дескриптор Білім алушы
шығару құрылғылары мен ішкі жады арасындағы
байланысты көрсетеді;
ішкі жады мен сыртқы жады арасындағы байланысты
көрсетеді.
Енгізу құрылғылары Шығару құрылғылары
Ішкі жады
Сыртқы жады
Процессор
7
ЖОБА
2 тоқсан
«Ақпаратты ұсыну» бөлімі
Тақырып « Ақпаратты тасымалдау»
Оқу мақсаттары 6.2.1.3 Ақпаратты беруші және қабылдаушы байланыс
арналарына мысал келтіру
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Ақпарат беруші мен қабылдаушыны анықтайды
• Байланыс арнасын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырмалар.
Суретті қарастырыңыз.
Анықтаңыз.
Ақпарат беруші: ___________________________________
Ақпарат қабылдаушы: ______________________________
Байланыс арнасы: __________________________________
Дескриптор Білім алушы
ақпарат берушіні анықтайды;
ақпарат қабылдаушыны анықтайды;
байланыс арнасын анықтайды.
8
ЖОБА
Тақырып «Ақпаратты шифрлеу»
Оқу мақсаттары 6.2.1.1 Мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Ақпаратты кодтау және кері кодтау әдісін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырмалар
Кестені қарастырыңыз.
Кестеге қарап берілген сөздерді екілік кодта жазыңыз. a) DATABASE b) INFORMATION c) COMPUTER GAME d) SYSTEM
Ондық санау жүйесінде жазылған сөздерді анықтаңыз. a) 83 84 85 68 69 78 84 b) 67 79 68 73 78 71 c) 71 114 97 102 105 99 97 d) 86 101 99 116 111 114
Дескриптор Білім алушы
берілген сөздерді екілік кодқа аударады;
ондық санау жүйесінде жазылған сөзді анықтайды.
9
ЖОБА
«Компьютерлік графика» бөлімі
Тақырып «Векторлық бейнелерді құру»
Оқу мақсаттары 6.2.2.2 Векторлық кескіндерді құру және өңдеу
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Векторлық кескінді құрады және өңдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырмалар
Векторлық графикалық редакторды пайдаланып, «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында
сурет салыңыз.
Дескриптор Білім алушы — стандартты сурет салу құрал-саймандарын қолданады; — көшіру, қию, кою амалын пайдаланып, векторлық кескінді
өңдейді.
10
ЖОБА
Тақырып «Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру»
Оқу мақсаттары 6.2.2.3 Растрлық және векторлық графика
артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Сипаттамасы бойынша растрлық және векторлық
графиканы анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1. Растрлық графикалық редакторды пайдаланып, «Жер асты әлемі» тақырыбында
сурет салыңыз. 2. Осы суреттің артықшылығы мен кемшілігін көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы — стандартты сурет салу құрал-саймандарын қолданады; — суреттің артықшылығы мен кемшілігін ажыратады.
11
ЖОБА
3 тоқсан
«Компьютерлік ойындарды жасау» бөлімі
Тақырып «Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу»
Оқу мақсаттары 6.3.2.1 Есептің шешімін кезеңмен талдау
6.3.1.1 Ойын ортасындағы программалау сценарийін
жасау және жүзеге асыру
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Есепті шешу кезеңін анықтайды
• Ойын ортасында программалау сценарийін жүзеге
асырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1. Ойын ортасында жүгіру жарысын көрсететін сахна мен кейіпкерлерді құрыңыз.
Есепті шешу кезеңін анықтаңыз.
Орындалатын әрекеттер Орындалу
кезеңі
Спрайт 1 үшін скрипт жазу
Сахнаны дайындау
Спрайт 2 үшін скрипт жазу
Екі спрайтты дайындау
Ойынды іске қосу 2. Екі спрайт үшін скрипттерді жазаңыз.
Дескриптор Білім алушы
есепті шешу кезеңін анықтайды;
спрайттар үшін скрипттер жазады.
12
ЖОБА
«Компьютерлік ойынды құру» бөлімі
Тақырып «Ойынды дыбыспен сүйемелдеу»
Оқу мақсаттары 6.3.1.1 Ойын ортасындағы программалау сценарийін жасау
және жүзеге асыру
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Программалық кодқа дыбыспен сүйемелдеуді құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Ойын ортасында жүгіру жарысын көрсетуге арналған спрайттар үшін дыбыс жазыңыз. 1) Спрайт 1 үшін «Мяу» дыбысын жазыңыз; 2) Спрайт 2 үшін «Гаф» дыбысын жазыңыз; 3) Дыбыстарды скриптке қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
спрайт үшін дыбысты жазады;
скрипті дыбыспен сүйемелдейді.
13
ЖОБА
Тақырып «Жасалған жобаны жақсарту»
Оқу мақсаттары 6.3.1.1 Ойын ортасындағы программалау сценарийін жасау және
жүзеге асыру
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Ойын ортасында программалау жобасын жүзеге асырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ойын ортасында жүгіру жарысын көрсетуге арналған жобаны жақсартыңыз. 1. Сахнаны жақсартыңыз: — жүгіру алаңының екі жағына жалаушалар қосыңыз; — жүгіру алаңының мәре сызығына FINISH жазуын қосыңыз. 2. Кез-келген спрайт мәре сызығына жеткенде көрермендер шапалағы ойнайтын скрипт
қосыңыз.
Дескриптор Білім алушы
жүгіру алаңын көркемдеу үшін сурет салады;
спрайт мәре сызығына жеткенде дыбыс шығаратын скрипт
жазады.
14
ЖОБА
Тақырып «Жасалған жобаны жақсарту»
Оқу мақсаттары 6.3.3.1 Программа ортасында қателерді табу және жөндеу
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Программада қателерді анықтайды және жөндейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Ойын ортасында жазылған скрипт үзіндісін қарастырыңыз.
Ойынның шарты бойынша спрайт 20 рет келесі спрайтқа дейін жүріп, киімін ауыстыру
керек. Қатені анықтаңыз. _______________________________________________________________________________
Түзету енгізіңіз.
Дескриптор Білім алушы
скрипте жіберілген қатені анықтайды;
скрипте жіберілген қатені жөндейді.
15
ЖОБА
4 тоқсан
«Мәтіндік құжатпен жұмыс» бөлімі
Тақырып «Сілтемелер»
Оқу мақсаттары 6.2.2.1 Сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн,
атау, түсіндірме)
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Құжатқа сілтеме жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ойын ортасында жүгіру жарысын көрсетуге құрылған жоба үшін мәтіндік құжат
құрыңыз. Құжатта Интернет желісінен ойын ортасында бағдарламау туралы ақпарат алып,
мәтінді құжатқа қосыңыз. Алынған ақпаратқа сілтеме жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
құжатта пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме жасайды.
Тақырып «Сілтемелер»
Оқу мақсаттары 6.2.2.1 Сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн,
атау, түсіндірме)
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Құжатқа сілтеме жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндік редакторда келесі мәтінді теріңіз.
«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға,
энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды,
бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – жаңармалы
энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды
ынталандыру.
Мәтін соңында http://complete.kz/kazakhstan/expo2017kaz.html сайтына сілтеме қойыңыз.
Дескриптор Білім алушы
құжатқа сілтеме жасайды.
16
ЖОБА
Тақырып «Ойынға арналған құжатты дайындау»
Оқу мақсаттары 6.4.2.1 Авторлық құқық, плагиат ұғымдарын түсіндіру
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Авторлық құқықты және плагиатты құжаттармен
жұмыс істеуде кезінде қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма. 1. https://text.ru/antiplagiat веб-парақшасын ашыңыз. 2. Келесі мәтінді теріңіз және бірегейлік пайызын анықтаңыз.
Мәтін
«Сән әлемі» десе, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне тарағандай болып
елестейді. Себебі бүгінгі ауызекі тілдегі «мода» ұғымы заман ағымымен қоса жылжып, жаңарып отыру дегенді білдіреді. Дегенмен біле білсек, «сәндік», «сәндену» деген ұғымдар сонау
тас дәуірінде Еуропада пайда болған. 3. «Авторлық құқық» тақырыбында презентация құрыңыз.
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің бірегейлік пайызын анықтайды;
«авторлық құқық» тақырыбында презентация құрайды.
17

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь