ГЛАВНАЯ Образцы планов Бейнелеу өнері, Сызу Бейнелеу өнері 5 сынып қысқа мерзімді сабақ жоспар ҚМЖ

Бейнелеу өнері 5 сынып қысқа мерзімді сабақ жоспар ҚМЖ

50
0

 

 

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:   Сабақ 1
Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері
Сілтеме
Сабақтың жабдығы Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттар Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.

Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру

Күтілетін   нәтиже . Танымдық, дамытушылық, қызығушылық қабілеттері артады;

-Мәртебесі төмен, жоғары сұрақтарды қойып үйренеді;

-Ойын нақты жеткізе алады;

-Өзін-өзі реттейді

 

 

Әдіс- тәсілдер . Миға шабуыл

Автор орындығы

Эссе

Рөлдік ойын

                                                        Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
                                                                     Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы  топқа бөлу

«Жүректен-жүрекке» тренингі

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы  өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Әр оқушы өз достарына жылы лебіз білдіреді
Үй тапсырмасын сұрау

 

Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану

 

    Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын. Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.

Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19 ғ. Аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.

Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін – ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол «қашау» деген мағынаны білдіреді. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің түрі – бояу. Ал мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды не саздан  жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай бір жызықтық бетінде бейнелеймей, кеңістікте сомдайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлық, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсіндегі адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бірер сыр танытып тұрады. Көптген мүсіншілер ағашты қолданады. Мәселен,  мүсінші С. Коненковтың таңғажайып «Орман адамдарының» мүсіндері және В. Мухинаның небір әсем шығармалары ағаштан қашалып жасалған. Металдан мүсін жасау үшін алдымен оның моделі жасалады, сонан соң барып сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнерінің шығармалары сияқты мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын, станокты және монументтік түрлерге бөлінеді.

Статуя – адам барлық бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін. Мүсіннің әсемдік құралдары графикамен, әсіресе живописьпен салыстырғанда өте шектеулі, яғни мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен – олардың формаларының жинақталуымен, материалымен, фактурамен білдірілуі тиіс. Қаланың сәулетімен, оның алаң, көшелерінің кеңістігімен байланысты болып келетін монументтік мүсінде образдың жинақтылығы, оның аллегориялығы ерекше айқын көрінеді.

Ескерткіштер ұзақ ғасырларға арнап салынады, сондықтан олардың бірегей де біртұтас образы өз уақытының үлкен идеяларын нақтылы түрде көрсетуге тиіс. Мүсіндер өздерінің формалары жағынан қарапайым да айқын болуы, алыстан оңай қабылданатындай әсерлі силуэтке ие болуы тиіс. Мүсінге материал таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды. Бұл – образдың құрама сипаттамаларының бірі, суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып, оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте сақтайды.

Живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» — француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді.

Топ бойынша жұмыс

Рөлдік ойын» әдісі арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты толық меңгерту мақсатынада  топпен жұмыс жасату

Сергіту сәті
Ой толғаныс
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Рефлекция

сұрақ-жауап) (3 мин)

1.      Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

2.      Өзім  турал не білеміз?

3.      Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақты жақсы оқу үшін  не істеу керек?

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 сабақ    
Сабақ тақырыбы: Бейнелеу өнерінің жанрлары.

 

Жалпы мақсат: Оқушылар  достық туралы   түснік алады,  оны  құрметтейды, дос бола отырып   үйренеді
Сабақтың  мақсаттары Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша   мағлұмат беру.

Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.

Күтілентін нәтижесі: Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып  тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға
Негізгі идеялар:
Сабақта қолданылатын материалдар: 1.      Үлестірмелі материалдар, маркер

2.      АКТ

3.      Карточкалар

Оқыту әдістері: Кім  жылдам

Миға шабуыл

Автор орындығыі

Эссе

Стикердегі диалог

ü  Топтық жұмыс

ü  Жұптық жұмыс

ü  Шығармашылық жұмыс

Дерек көздері:  Қосымша тақырыбына берілген материалдар:

www.РефератOff.kz

www.art.kz

 

Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма

 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)

Сыныпты топқа бөлу (кескіндер арқылы)

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды«Жүректен-жүрке» тренингі арқылы жылы лебіздер айту және  санау арқылы  топқа бөлу

Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша   мағлұмат беру.

Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.

 

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы  өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу

 

I.Үй тапсырмасын сұрау      (4 мин)     «Миға шабуыл» әдісі

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен  тапсырманы орындау

Мұғалім берген тапсырманы орындау

 

II.Ой қозғау «Стикердегі диалог» әдісін пайдалану  арқылы өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Сұрақ жауап:

  1. Сұрақ — жауап:
    а) Қазақстанның ең тұңғыш қазақ суретшісі атанған кім?
    ә) Тағы қандай суретшілерді білеміз?
    б) Суретшілер шығармалары туралы не айтасыңдар?

 Көрнекі суреттер арқылы, яғни суретшілер суреттері мен шығармаларын көрсету арқылы өткен тақырыпты пысықтау.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Интербелсенді  тақтада берілген   слайда көрсетілген мәтінмен жұмыс жасау,і әр топ  берілген тапсырмадағы тақырыпты і табу керек.   Топтар сағат тілі бағытымен келесі топқа ауысып, ол топтың  берілген тапсырмалар мен мәтіндегі  естістікті тауып оны компьютерге енгізіп,  бір-біріне көрсетіп отырды.. Келесі топқа тағы да ауысып, осыны қайталады. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

II.Мағынаны ашу:«Адам мінезі»  туралы жаңа тақырыпқа байланысты «Автор орындығы»  тәдісі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.

Живопись.

Кескіндемедегі басты құрал  — бояу түстері болып табылады.

Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.

Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Оқушыларға бірнеше суретшілер шығармаларын көрсетіп, олардың мазмұн-мәнін, қай жанрға жататындығын әңгімелейміз. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын, жауаптар аламын.

  • Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
  • Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
  • Мына шығармалардың қайсысы табиғат жанрына жатады?

Көрнекілік құралдар ішінен бір шығарманы таңдап алып, сол шығарманың авторы және сол шығарманың өзі жайында әңгіме өткіземін. Мысалы, қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша былай баяндауға болады:

— Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», — дейтін Әбілхан атамыз.

Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

Оқушыларға суретші өмірбаянын осылайша қызықты, әсерлі етіп әңгімелеймін.

Натюморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А. Ғалымбаева,

Г. Ысмайылова, Т. Тоғысбаев. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Н. Нұрлыбаев, т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз.

Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

Портрет. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері соның дәлелі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер типті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді.    Графика.    Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.

Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немес гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі график суретшілерінің туындылары.

 

 

 

IV.Топпен жұмыс  (8 мин)  Постермен  жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін  сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады. Достық туралы өз ойларын суретке салады Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау

  Постер бойынша қорғайтын тақырыптар:

1 топ Натюрморт” –

2 топ Пейзаж” –

3 топ “Портрет” –

Осы аталған тақырып көлемінде білгендерін постерге  түсіріп, әр топтан қорғайды.

 

V.Сергіту сәті:  (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау Берілген тапсырманы орындау

 

VI.Шығармашылық тапсырма  «Ой қозғау» ойыны

«( Топ бойынша жазу, талдау, бағалау)  (10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
          Слайда  көрсетілен сұрақтар бойынша топпен жұмыс жасау және әр топқа семантикалық карта тарату

.

 

Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын  кағазға жазау арқылы жеткізу
VII.Қорытындылау:  (сұрақ-жауап) (3 мин)

4.      Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

5.      Жаңа сабақ маған ұнадыма?

VIII.Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

ББҮ кестесін толтыру

IX.Бағалау: Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім   Сабақ 3
Сабақтың атауы Түстану ерекшеліктері
Мақсаты Пән бойынша білім-білік дағдыларын   қалыптастыру.

Жалпы қабілеттілікті дамыту.

 

Күтілетін нәтиже Тақырып бойынша Өткен тақырыппен байланыстырады;-Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады. Сапалы білім алуға, өнегелі азамат болып өсуге ынталандыру.
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Блалар сендер сурет деген ұғымдыі қалай түсінесіңдер?

Әңгіме жүргізу.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі түсті реңіне байланысты айқындалады. Түр-түсті арнайы зерттейтін ғылым «түр-түстану» ғылымы деп аталады. Адамның көру қабілетін, түр-түске деген психикалық реакциясын анықтау көркемдік білім беруде оқушылардың эстетикалық сезімін оятады. Түр-түстің шартты түрде толып жатқан қоғамның символикалары мен әр халықтың әдет-ғұрып, салт-санасына қатыстықолданыстары бар. Табиғаттағы әр алуан түр-түстерді адам баласы екі жолмен танып біледі. Біріншісі – ғылыми жолмен, екіншісі – халықтық дәстүр-тәжірибе бойынша. Әсіресе бейнелеу өнерінде түр-түс бейнелеудің басты құралы болып табылады. Живопись дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймайды, оған белгілі бір идеологиялық концепциялау негізінде баға береді. Сондықтан суретшілер еңбектеріне назар аударып көрейік. Живопись – бейнелеу өнерінің бір түрі, белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма. Осы тұрғыдан живопись өзі де қоғамдық күрестің құралына айналады. Живопись туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы, оның бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сонымен қатар қоғамдық-тәрбиелік мәні зор деректемелік мағлұматтар да береді. Суреткер өмірді өз тұрғысынан қарап, оның түрлі құбылыстарын құбылыстарын шығармаларында өзінше бағалайды. Живопись – бұл нақтылы көрсетілетіндіктен, оның көрерменге әсері өте күшті. Живописьтің пайдаланатын құралы- сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суреткер шеберлігінің әсерлі көрінер жері де осында. Заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпыруын, қысқасы, кең дүниенің барлық жаратылысын, жарасымын тауып бейнелейді. Живописьтің тіліндей нәзік те өткір тіл жоқ. Ол көрермендерді бірден баурайды, еліктіреді, қозғаған тақырыбымен толғандырады, оның данышпандық туындыларын адамзаттың мәңгі мақтанатыны да сондықтан. Суреткердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманының, сол дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тербелістерінен дерек береді, көрермен үнсіз тілдеседі. Живопись туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетпен үлкен оқиғаларды, шытырман соғыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде живописьтің рөлі орасан зор. Бұл оның көп жанрларында байқалады, мысалы, тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, т. б. Н. Назарбаев.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс     Түс живописьтің ең басты құралы болып табылады, яғни живопись шығармасында оның көркемдік құралдарының негізін жарық және көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Заттардың «дәл өзіндей» түстік бояуын табиғи түрде беруге үйрену керек. Нақ түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік живописьтің негізі болып саналады. Негізінде суретші бояумен көркем шығарма жазуда заттардың түсін ғана емес, олардың өзара түстік үйлесімділігін де зерттейді. Біздің түстерді қабылдауымызға әдемі «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, түрліше боялған заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мысалы, күшті жарықта, яғни шаңқай түсте түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады. Бұлтты күндері не көлеңкеде түстер өзінің қанықтылығына ие болады. Мұндай құбылыстарды қоршаған табиғатта алыстан байқауға болады. Живописьтік көркем туындының бүкіл құпиясы түстік бояуда көрінеді. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңке бөліктері жарықталумен қатар жылы және суық түстік реңдермен ерекшеленеді. Егер жарық жылы болса, көлеңке жылы реңді болады. Жылы және суық түстердің үйлесімді болып келуі живописьте әуен туғызады. Суретшінің бояу таңдағыштығы палитра арқылы анықталады. «Палитра» сөзі екі ұғым береді. Біріншісі – суретші бояуларды салып араластыратын тақтайша, екіншісі – суретші бояуларының жиынтығы. Х. Рембрандтбояу түсін қолданудың шебері болған. Ол кейбір картиналарды орныдағанла жеті бояу қолданғанын зерттеу көрсетіп отыр. Ал А. Рыловтың кейбір пейзаждары 12 бояу түсімен салынған. К. Коравин әдетте бір мезгілде 10-15 бояудан көп қолданған. Палитрада бояулар әрдайым белгілі бір жүйеде орналасауы керек. Табиғат көрінісіндегі түстік қатынастарды шапшаң ұстап қалу үшін этюд орындау ұтымды. Живопись туындыларын жасауда акварель, майлы бояу, гуашь, пастель, туш та молынан қолданылады. Живопись шығармасы негізінен кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, әйнекке, металға салынады. Живопись туындысы суретшінің жалпы идеясына, стиліне байланысты көркем, жарасымды болуға тиісті.    Алдымызға палитра, бояу түрлерін қолдана отырып түс араластыру арқылы өзімізге қажетті түс шығарамыз.

Шығармашылық тапсырма:

1 топ

2 топ

3 топ

Үйге тапсырма Тағы қандай құстарды білесіңдер? Суретін салу. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім  Сабақ 4
Сабақтың атауы Түстік тон.Күзгі бояулар
Мақсаты Жас жеткіншектерге жылы түсті суық түсті ажырата білуіне, негізгі және қосымша түстердің ажырата білуіне ықпал ету.
Күтілетін нәтиже Дұрыс сөйлеуге үйренеді;Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ қоя біледі;Оқушының сыни ойлауы қалыптасады.
Психологиялық ахуал Оқушыларды түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Сабаққа қажетті құралдардың атаңдар.

— үйге берілген суретті тексеріп бағалау. Дұрыс салынған суреттерді оқушыларға көрсету, мадақтау.
— Қате салынған суреттерге сабақ барысында кемшіліктерін жеке түсіндіріп, қателеспеуге үйрету.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс

Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі — түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен негізгі үш түске бөлінетінін білеміз. Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы түстер және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге қызыл, сары, қызыл сары түстер жатады. Ал суық түстерге көк, көгілдір, жасыл түстер кіреді. Түстер ерекшелігін, қасиеттерін жақсы білу үшін кескіндемеде, сәндік өнерде көбірек суреттер салып үйренуіміз керек.
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антарктида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді.
Реңк — бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбірбояутүстерініңкөптегенреңктеріболады. Егеркезкелгентүстерреңктеріндесарынемесеқызылтүсбасымболса, ондареңктержылығажатады.
Табиғаттыңтөртмезгілінде де осы түстердің, яғнижылыжәнесуықтүстердіңбарлығынкөругеболады. Мысалы: алтын күзмезгіліналсақ, жылытүстердітабуғаболады. Бұлкездеайналақоршағанөсімдікәлемісарытүске, қызылтүскееніп, сұлулықмекенінеайналады.
Ал, қысмезгіліналсақайналааппаққар, көгілдірмұзсуықауа — райыбарлығықатқыл, қаталкөріністауыпсуықтүскеенеді.
Егерсіздержақсысуретшіболғыңызкелсеөзіңдіқоршағанортаға, дүниегезер сала қарап, елеусізкөрінетінсұлулықты, немқұрайлы, назарсызқалдырмауғатырысуыңызкерек. Сонда бояуларәлемісағантаусылмасқуанышсыйлайды!

Сергіту сәті: «Қандай түс»ойын барысында салқын және жылы түстерді есімізге түсіреміз. Мен сізге жылы түсті атасам жазды,күнді,даланы еске түсіретін аспанға қолымызды көтеріп секіреміз. Ал суық түсті атасам тіземізді бүгіп отырамыз.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс — Сабақ барысында оқушыларға олардың күзгі бояу яғни, бау-бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен таныстырамын, сабақтың негізгі мақсатымен таныстырамын. Ол мақсат – балаларға таныс күзгі ағаш жапырақтары мен бау-бақша өсімдіктерінің жапырақтарын бейнелеу.

Сабақтың мақсатына байланысты негізгі бөлімін мына төмендегідей жалғастырамын: — балалар, сендер күзгі ағаштар, бау-бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен тынысып, суреттерін салдыңдар. Енді солардың түстерін айқындап, бейнелейік. Ол үшін, ең алдымен, осы сабақтың тақырыбына байланысты көрнекі құралдарды қарап көрейік. Мына суретте өсіп тұрған күзгі жемістер бейнеленген. Мына суретте бау-бақша өсімдіктері жалпы көрсетілген. Мына суретте қарбыз өсіп тұрған арықтың жағасы көрсетілген, -деп балалардың көңілін жалпыдан нақтыға аударамын. Бұдан да басқа суретші жұмыстарын көрсетуге болады.

Осы айтылғандарға қосымша балалардың назарын кітапта салынған күзгі ағаштар, күзгі дақылдар, қарбыз, асбұршақ, жүзім жапырақтарына аударып, сондағы балғын суретші баланың сурет салып жатқан жұмысына қызықтырамын.

– Енді осы көрсетілген бау-бақша өсімдіктерінің жапырақтарына жекелеп көңіл аударсыңдар, құрылыстарынан көптеген өзгешеліктерді табасыңдар. Сонымен бірге формалары да, түстері де бөлек.

Асқабақтың жапырағы көлемі жағынан үлкен, түсі негізінен жасыл көк болады, ал күзде басқаша сарғыштау болады. Қиярдың жапырағы одан кішірек, түсі шөптес жасыл болып келеді. Жүзімнің жапырағы құрылысы жағынан көп тармақты, түсі жасыл, кейбір жерлерінде сары, қызыл қоңыр, күлгін түстер аралас болады. Ал қарбыздың жапырағы құрылысы жағынан ерекше тармақталған, күзде сарғыштау тартып кетеді. Берілген суреттерге қарата отырып, сурет салуға еліктетемін.

– Ал енді осылардың ішінен жүзімнің жапырағын ерекше қарап ал, суретін салуға дайындал, ең алдымен қағаз бетіне дұрыс орналастыруды ойла. Содан кейін барып қарындашпен жеңіл сызықтар арқылы жапырақтың жиектерін, негізгі тармақтарын белгілейсіңдер, — деп дайындаймын.

Бүгінгі өтілген сабағымыздың тақырыбына байланысты екі топқа екі түрлі сурет беріледі. Осы түрлі түстерді пайдаланып отырып астра гүлін саламыз ал екінші топта құмырадағы гүлдерді түсті бормен, акварельмен салады.

 

V. Бекіту кезеңі.

Оқушы туралы өлең жаттау.

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

Қорытынды -Оқушы мектепте не істейді?

-Оқу құралдары – сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста.

Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім  Сабақ 5
Сабақтың атауы Үйлестіру заңдылықтары «Астана менің- іңкәрім»
Мақсаты Композиция жайлы жалпы мағлұмат беру.

Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. Бірнеше                                           заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру.

 

Күтілетін нәтиже Жаңа  сабақ  бойынша жаңа өнер туындыларымен танысады сұрақ- жауап арқылы өз ойын, пікірін еркін жеткізе білуге дағдыланады, жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында ынтымақтастыққа, өзінің оқуына деген жауапкершілік сезімдерін дамытады
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту  

І топқа- Түстану ерекшеліктері

ІІ- топқа Күзгі бояулар

ІІІ- топқа Бейнелеу  құралдарын неліктен таза ұстау керек?

Мағынаны тану Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу.

Қосымша тапсырма.

Компоновка дегеніміз — нәрсенің біріктірілген ұсақ, жеке бөлшектерінің біртұтас, бүтін болып көрінуін камтамасыз ету. Суреті салынатын нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін тіке, көлденең, көлбеу сызықтар пайдалану керек. Әрбір нәрсенің көрініп тұратын формасын жақсы білу үшін нәрсенің құрылысына талдау жасаған жөн. Нәрсенің құрылысын дүрыс білу үшін оның қандай геометриялық денелерден тұратынын анықтау керек. Сол үшін ең
алдымен жеке-жеке геометриялық денелерді үйретуіміз қажет. Нәрсенің суретін салып отырғанда оны әйнектен істелген мөлдір нәрсе деп қарасақ, оның формасын жақсы түсінеміз. Куб, цилиндр, призма, параллелепипед, т. б. геометриялық денелерді салғанда осы әдісті қолданған орынды. Куб, призманы сым темірмен жасап, сыртқы, ішкі көріністерін анықтау арқылы формасын, нәрсенің құрылысын толық білуге болады. Суретші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болуы үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп, үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі. Бұл деген — композиция. Композиция — латын сөзі, «ойлап шығару», «құрастыру» деген үғымды білдіреді. Әдетте шығармада оқиғаның негізі өтетін және басты кейіпкерлер араласатын белгілі бір орталық болады. Әсіресе қайта өрлеу дәуірінің шеберлері өз шығармаларында бас кейіпкерлерін қақ ортаға орналастырған және ол негізгі рөл атқарған. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Яғни
ол шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, үйлесімділік (композиция) сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Композиция мен сюжет өзара тығыз байланыста болады.Кейіпкер өз ортасына лайық іс-әрекетте бейнеленеді және олардың іс-әрекетін, психологиялық ішкі толғанысын, бояу ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты көріп байқауға болады.

І топ—

оқимыз, ашамыз, баға қойылады

қызық, әдемі, үлкен

қағаздан жасалған

ІІ топ-

ашамыз, жазамыз

әдемі, үлкен

қағаздан жасалған

ІІІ-топ-

ашамыз, жазамыз, баға қойылады

әдемі, таза

қағаздан жасалған

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс  

Натюрморт (қарындаш, қагаз).

 

Мұғалім сабақты қорытындылайды. «Синквейн» әдісі бойынша тақырыпты қорытындылаймыз.

 

Әр топқа бір сөз беріледі, оқушылар сол сөзге сипаттама береді.

Үйге тапсырма Өзіңе ұнайтын спорт түрі туралы әңгімеле. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім 
Сабақтың атауы Суретші шығармаларымен танысу  Сабақ 6
Мақсаты Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай,  оларға тың мәліметтер беру.

Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.

 

Күтілетін нәтиже Тақырыптың  мағанасын  түсінеді, шығармашылық тапсырмалар арқылы өз бетімен жұмыс істеп үйренеді

 

Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Оқушылар,бос уақыттарыңда немен айналысқанды ұнатасыңдар?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану Оқулықтағы суреттермен жұмыс. Оқушыларға сұрақтар қою.

-Сендер қандай өнер түрлерін білесіңдер?

Қандай қол еңбегімен шұғылданасыңдар?

Оқушыларға суретшілердің көркем шығармаларының үйлесімдік заңдылықтарын талдауды түсіндіремін. Суретшінің картинасындағы көркемдік нысанасы неғұрлым айқын болғанда ғана жаңа образдардың даму логикасы, сюжеттік ерекшелігі көркем шешімдерге жетелеп отырады. Суретшінің белгілі көркем шығарма жазудағы ой-мақсаты. көркемдік-эстетикалык принципі (композициялық) үйлесімділік құрылысына сәйкес айқындалады. Суретшінің образ танымын бейнелейді. Шығарманың сәттілігі автордың мақсатына, шеберлігіне әрі қаншалықты терең зерттеп білуіне де тікелей байланысты. Көркем шығарма суретшінің санасында өңделген және көрерменге көркем образдар немесе сюжеттер түрінде ұсынылған өмір бейнесі. Суретші бейнелеу үшін заттарды және өмірдің түрлі жағдайларын қызыға талғаммен таңдайды. Ол кездейсоқ елеусіз нәрселердің барлығын алып тастап, тек бірегей ерекше жағдайларды бейнелеуге тырысады. Нағыз суретшілер өмірдің өзіне ұнаған нәрсесін өзіне қарап бақы- лап, оны шығармашылық ой елегінен өткізіп бейнелеуге тырысады. Көркем шығарманы қабылдау үшін оны дұрыс түсіне білу керек, енжар қарай салмай, зейінмен терең мән беріп карауға дағдылану қажет. Сонда ғана көркем шығармадағы үйлесімділік заң- дылығын үғына аламыз. Көркем шығармадағы үйлесімділік орта. Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Болашақ сурет жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін, сурет салушы шығарманың жоспарын жасайды. Жоспарға үйлесімділік (композиция) қисыны әбден дұрыс болды деп есептелгенше түзетулер жасалады. Бейнеленетін суреттің жеке бөліктері бір-бірімен байланыста болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады. Бейнеленетін нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін көмекші сызықтар (тіке, көлденең, көлбеуі сызылады. Бұл нәрселердің көлбеу бұрыштарын анықтау үшін пайдаланылады.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс «Менің әуестігім» коллаж жасау

 

пайдаланылады.

 

 

 

  В. Сидоренко. Менің ұрпағым                                     Б. Түлкиев. Замандастар

 

 

М. Хитахунов. Әкеме хат.                                     А. Лактионов. Майданнан хат.

 

Үйге тапсырма Өз қиялыңмен сурет салып кел. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім  Сабақ 7
Сабақтың атауы Затқа қарап сурет салу
Мақсаты 1Оқушыларды бейнелеу өнері пәнінде заттың өзіне қарап бейнелеуге баулу. Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету. Көркем бейнелеу ерекшеліктерін түсіне білу, композиция құра білу дағдыларын дамыту. Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді,

өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды

+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
  1. .«Натюрморт» дегеніміз не?
  2. «Натюрморт» қай елдің сөзі, мағынасы қандай ұғымды білдіреді?
  3. «Натрюморт» қай ғасырда, қай елде алғаш пайда болды?
  4. Қағаз бетін қалай таңдап аламыз?
  5. Колмпоновка дегеніміз не?

Сұрақтардың жауабы:1. «Натюрморт» дегеніміз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген көркем шығарма.

2. «Натюрморт» – француз сөзі дәлме-дәл мағынасы. «Өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.

3. «Натюрморт» алғаш рет УІІ ғасыр басында Голландияда пайда болды.

4. Қағаз бетін заттар мен бұйымдардың көлеміне байланысты таңдап аламыз. (тігінен немесе көлденеңінен)

5. Компоновка дегеніміз – орындалатын жұмыста жоспарлау. Яғни қағаз бетіне дұрыс орналастыру.

 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс

Қосымша тапсырма

Оқушыларға затқа қарап сурет салу заңдылықтарын түсіндіремін. Нәрсенің өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап, жатқа сурет салуды үйрену керек. Жатқа сурет салып жаттығу нәрсені дұрыс бақылауға, көз алдына ойша елестетуге ерекше ықпал жасайды. Нәрсенің бейнесі жадыңда неғұрлым айқын болса, оның суретін соғұрлым нақты бейнелеуге болады. Жатқа сурет салуға жаттығу үшін үнемі нобай, долбар жасап жаттығып отыру керек.

Ұзақ салынатын суреттен нобай жасаудың айырмашылығы — нәрсенің ұсақ бөлшектеріне онша назар аударылмай, негізгі сипатына мән беріліп бейнеленеді. Нобайдың міндеті — нәрсенің ең негізгі маңыздыларын бейнелеу. Нобай жылдам сурет салуға жаттықтырады. Мұндағы ең басты мақсат — ең әуелі нәрселердің жал- пы формасын, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлеңкені есте ұстау.

Адамның, жан-жануардың не белгілі бір нәрсенің сырт нобайын ғана бейнелейтін сызықты контур дейміз. Оқушы жеңіл сызықтармен бейнелегелі отырған нәрселердің ең алдымен сыртқы пішінін контур сызық арқылы бейнелейді.

Нәрсенің бірден көзге түсе қоймайтын, бірақ үңіліп карағанда мән-маңызы бар, қызықты сипаттары мен белгілерін көре білушілік байқағыштық қабілет деп аталады. Байқағыштық жаттығу аркылы пайда болады. Байқағыштықты дамытудың ең жаксы тәсілдерінің бірі — нәрсенің өзіне қарап отырып сурет салу болып табылады. Бейнелейтін нәрсені зерттеу үшін оны жүйелі түрде бақылауға үйрену керек. Сурет салу барысында нұсқаны байқау дегеніміз — нәрсенің құрылысын, нәрселердің кеңістікте орналасуын, пропорциялық қатынасын анықтай білу. Белгілі бір нәрселердің суретін салғанда оларды геометриялық денелермен салыстырған жөн.

 

Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.

Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз — заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз — жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз — нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз — меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз — заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.

4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

1  топқа. Егер  шығармадағы  басты  әсерлегіш  құрал  сызық ,  штрих, дан  болып  келсе, онда  бұл….. не  деп  аталады   (графика).                                                                                                                       2 топқа.Мұнда  сурет  белгілі  материалда, оның   бетіне  бояу  жағылады  арнаулы  станокта  басып  шығарылады. (гравюра)                                                                                                                              3 топқа.Суретшінің  жұмысындағы  басты  қағидалары  беріктік,  қолайлылық  және  әдемілік  не   деп  аталады?

Практикалық жұмыс:

Жұмыс барысында оқушыларды қадағалап, ұдайы көмек көрсетіп отыру. Оқушыларға заттар мен бұйымдардың көлемін салыстырып, бояу түстеріне көңіл бөлдіртіп талдау жасату.

—         пішіні қандай заттар?

—         Бояу түстері қандай деген сұрақтарды қоя отырып, жұмыс істеулеріне көмектесу. Суретін салып болған оқушылардың жұмысын тексеріп, қателер болса түзетіп отыру. Оларға салынған суретті бояуға рұқсат етіп, жұмыстарын жалғастыру. Сабақ барысында жұмысы дұрыс бағытта орындалған оқушының жұмысын сынып оқушыларына көрсетіп отыру.

Сергіту сәті Бір, екі үш   Бір,екі үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

 

 

 

Сабақты қорыту:

1. Берілген бұйымдармен, заттардың дұрыс белгіленуі.

2. Бояу түстерінің үйлесімділігі.

3. Бояу арқылы заттардың көлемін көрсете білулері.т.б.

 

Үйге тапсырма Менің күн тәртібім   әңгімелеу Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь