ГЛАВНАЯ Образцы планов Бейнелеу өнері, Сызу Бейнелеу өнері 6 сынып қысқа мерзімді сабақ жоспар ҚМЖ күнделікті жоспар

Бейнелеу өнері 6 сынып қысқа мерзімді сабақ жоспар ҚМЖ күнделікті жоспар

135
0
Бейнелеу Уақыты: Кабинет: Мұғалім:   Сабақ 1
Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері
Сілтеме
Сабақтың жабдығы Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттар Оқушыларды өнердің шығы тарихымен таңыстыру. Қазақстан жерінде жартастар бетіне салынған бейнелерге түсініктеме беру. Сурет салу өнерінің даму тарихымен таңыстыру.
Күтілетін   нәтиже . Өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;

 

 

Әдіс- тәсілдер . Миға шабуыл

Автор орындығы

Эссе

Рөлдік ойын

                                                        Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
                                                                     Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы

Топқа бөлу

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы  топқа бөлу

«Жүректен-жүрекке» тренингі

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы  өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Әр оқушы өз достарына жылы лебіз білдіреді
Үй тапсырмасын сұрау

 

Қызығушылықты ояту Оқушылар,бос уақыттарыңда немен айналысқанды ұнатасыңдар?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

 

  «Аквариум» әдісі арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты толық меңгерту мақсатынада  топпен жұмыс жасату

Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.

3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.

Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз — заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз — жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз — нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз — меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз — заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.

4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

 

Сергіту сәті
Ой толғаныс 1. Петроглифтердегеніміз не?

2.Ежелгі адамдар жартастарда нен бейнелеген?

3.Петроглифтер туралыа лғашқы мәліметтерді жинақтаған кім?

 

 

 

 

Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Рефлекция

сұрақ-жауап) (3 мин)

1.      Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

2.      Өзім  турал не білеміз?

3.      Сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақты жақсы оқу үшін  не істеу керек?

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сабақ
Сыныбы 6
Пәні Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы Ежелгі Египеттегі өнер мектебі
Жалпы мақсаты  Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімдіқалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.  Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,оқушы санасына терең сіңіру.

 

Сілтеме  Бейнелеу өнері  оқулығы, 6- сынып.  Түрлі тапсырмалар, Акварельді бояу, Түрлі-түсті карындаш
Оқыту нәтижелері Қарындашпен жұмыс істей білуге үйренеді.

Өз ойын еркін жеткізе біледі.

Бояумен, қағазбен жұмыс жасай біледі.

Тақырыпты меңгереді

Өз-өзін бағалауды үйренеді.

Негізгі идеялар Көру, ойлау, байқау, түсінуді дамытуға көмектеседі.
Тапсырма көздері Оқушылармен сәлемдесу, құралдарын түгендеу. Сандар арқылы топқа бөліну

 

Оқушыларға Ежелгі Египет мектебі, өнері жайлы түсіндіремін. Ежелгі Египетті даналықтың бесігі, ұлы философ, ғалым, суретшілер мен мүсіншілерді дүниеге әкелген ғажайыптар елі деп жиі айтады. Ежелгі Египет мәдениеті ең көне және өте жоғары деңгейде дамыған. Олардың үй қабырғаларына, тұрмыстық бұйымдарға салған бейне көріністері мазмұнға бай әрі осы елдің тарихы туралы қызықты ақпараттар береді.

Египеттіктер суретті көмірмен, қылқаламмен, қызыл және қара бояулармен салған. Тас пен саз балшықтан жасалып, өңделген тегіс бетке бейнелерді металл таяқшалармен қырнау, қашау арқылы түсірді.

Ежелгі Египетте суретшілер шәкірттерін сурет салу техникасына баулитын арнайы мектептер болды. Олар өрнек элементтерін, адамдар мен жануарларды қалай бейнелеу керектігін шыдамдылықпен көрсете білді. Біртіндеп сурет салудың әдіс-тәсілдерін игеру арта түсті. Сурет салу өнеріне баулуда техникалық тәсілдерге өте көп көңіл бөлінген. Ежелгі Египет суретшілері оқиға көріністерінің бірізділік барысы жайлы айтуға ұмтылыс жасағанда, олардың ойынша басынан аяғына дейін жазық бойында тұрған денелердің бәрін белдеумен, жиектермен орналастырған сияқты болып көрінетін. Денелерді бұлай орналастыру жер бетін жазық тік сызық түрінде жиектің теменгі шекарасында және көрерменнен шалғайда жатқан элементтерді бүркемелеп бейнелеуге алып келді. Бөлшектік бүркемелеу параллель картиналық жазықтықтағы қозғалысты ғана беріп қоймайды, сонымен қатар фигуралар арасындағы қашықтықты, олардың суретшімен арақатынастық орналасуын көрсететін тереңдікті жеткізуге мүмкіндік береді.

Алайда ежелгі Египет суретшілері шынайы кеңістік қатынастарды жасауды біле бермейтін еді. Патшалардың денелері ірі көлемде, оньщ жанында жүретін ақсүйектер ұсақтау, ал жауынгерлер одан да ұсақ фигуралармен бейнеленген. Олардың түсінігінше, фигураларды әр түрлі көлемде бейнелеу әлеуметтік ерекшеліктерді көрсететін болған.

Египет шеберлері портреттік сурет салу техникасына баса назар аударатын болған. Олар әрбір бейнеленген адамның физикалық ерекшеліктерін дәл бере алатын портреттік галерея жасады. Бүл кездейсоқ емес еді. Портреттік үқсастықты беруге ұмтылыс — мәңгілікке қалу үшін, яғни жоғалып кетпеудің маңызды қажеттілігінен туындаған болатын.

Сондай-ақ оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын:

1. Ежелгі Египет суретшілері кандай материалдарды пайдаланған?

2. Олар өз шәкірттерін өнерге калай баулыған?

1.“Қалам үстел үстінде” сұраққа-жауап

1.Ежелгі Египет суретшілері кандай материалдарды пайдаланған?

2. Олар өз шәкірттерін өнерге калай баулыған?

2.«Миға шабуыл» Египет шеберлері портреттік сурет салу техникасына баса назар аударатын болған. Олар әрбір бейнеленген адамның физикалық ерекшеліктерін дәл бере алатын портреттік галерея жасады. Бүл кездейсоқ емес еді. Портреттік үқсастықты беруге ұмтылыс — мәңгілікке қалу үшін, яғни жоғалып кетпеудің маңызды қажеттілігінен туындаған болатын.  Патшалардың денелері ірі көлемде, оньщ жанында жүретін ақсүйектер ұсақтау, ал жауынгерлер одан да ұсақ фигуралармен бейнеленген. Олардың түсінігінше, фигураларды әр түрлі көлемде бейнелеу әлеуметтік ерекшеліктерді көрсететін болған.

3.Топтық жұмыс. Оқушылар жаңа тақырыпта білетіндерін постер арқылы қорғайды. Тақырыпқа шолу жасайды.

Бағалау Оқушылар өз-өздерін таратпалы кағаз арқылы бағалайды. Жиынтық бағасы қойылады.
Кері байланыс
  1. Білемін
  2. Білдім
  3. Білгім келеді

 

Үйге тапсырма  Оқулықтағы «Ежелгі Египет өнері» туралы оқу, іздену

 

 

 

3 сабақ   6 сынып
Сабақ тақырыбы: Кескіндеме өнерінің түрлері,жанрлары
Жалпы мақсат: Тақырыпты зерттеу арқылы ой өрістерін дамыту
Сабақтың  мақсаттары Кескіндеме өнерінің жанрлары түрлерімен танысу, жұмысқа дағдылану. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету және логикалық-ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту.
Күтілентін нәтижесі: Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету

Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;

Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.

Негізгі идеялар: Сабаққа  қызығушылығын арттыру
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, маркер

АКТ

Интерактивті тақта

Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері

Миға шабуыл

Конвер- сұрақ әдісі

Жұпты әңгіме

Жигсо әдісі

ü  Топтық жұмыс

ü  Жұптық жұмыс

ü  Шығармашылық жұмыс

Дерек көздері: «Адам мүмкіндік-тері»  тақырыбына берілген материалдар:

www.РефератOff.kz

www.art.kz

 

Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма

Сабақ кезеңдері

 

Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының  іс- әрекеті
І Ұйымдастыру

 

 

Ынтымақтастық  атмосферасын  орнату үшін  шеңберге тұрып,  «Жылы лебіз »  тренингін  өткіземін Оқушылар арасында ынтымақтастық  атмосферасы орнайды. Сынып  оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін  айтады.
ІІ  Өткен сабаққа қысқаша шолу

 

«Мен – саған,  сен- маған» әдісі арқылы  сұрақ  -жауап алу (диалогтік  оқыту)

 

 І топ:

1.Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс)
2. Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер)
3.Хроматикалық түстерді атаңдар? (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)
4.Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр)
ІІ топ: 1.Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі)
2.Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын,күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі)
3. Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы)
4.Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу)

Сұрақтарға келесі топ оқушылары жауап береді
ІІІ Білу ,тану

Уикипедия сайтынан алынған деректі талантты, дарынды оқушы түсіндіреді

Жанр дегеніміз өнер туындыларын бір-бірінен ажырататын ерекше белгілер.Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар.Олар : тарихи,тұрмыстық,соғыс тақырыбы,жануарларды бейнелеу,адам келбетін бейнелеу,натюрморт,теңіз пейзажы және табиғатты бейнелеу.

«Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі.
«Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз. Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Натюрморттың тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін.
17 ғасыр Голландияда
өлі табиғат француз сөзі
бұйымдар заттар
Натюрморт күрделі және қарапайым болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады.Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт.
Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады. Натюрморт салуға үйрену бейнелеу өнерінде сауатты сурет салуға бейімделудің алғашқы шарты болып табылады. Ендеше натюрморт бейнелеу, ереже заңдылықтарын меңгеру үшін алдымен пішіндері қарапайым үш заттан тұратын натюрморт бейнелеп көрейік, олар-құмыра, алма мен алмұрт.
Бұл заттардың пішіндері, көлемдері және түстері әр түрлі. Кез келген заттарды бейнелеу үшін олардың жеке-жеке көлемін және бір-біріне өлшемдік қатынасын (бір-бірінен қаншалықты үлкен не кіші), кеңістікте орналасуын мұқият қарап зерттеп алу керек. Тек содан соң бейнені түсіруге арналған қағаздың орналасу бағытын (тігінен немесе көлденең) бейнеленетін заттардың көлеміне, кеңістікте орналасу ерекшелігіне байланысты таңдап алынады.
Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады.

Пейзаж-қоршаған ортаны бейнелеу,табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету.Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны,шындық өмірді әсерлі,нақты береді.

Тарихи жанр-маңызды тарихи оқиғалар мен қайраткерлерді ,қоғамдағы мәні бар құбылыстарды суреттеуге арналған бейнелеу өнерінің негізгі салаларының бірі.
Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын:

— Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», — дейтін Әбілхан атамыз.

Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

Кескіндеме өнерінің жанрлары.

Жанр дегеніміз өнер туындыларын бірі-бірінен ажырататын ерекше белгілер. Картинада бейнеленген суретке карап оның кай жанр түріне жататынын анықтауға болады. Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар. Олар: тарихи, тұрмыстық,                       соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу (анималистік), адам келбетін бейнелеу

(портрет), натюрморт, теңіз пейзажы (марина) және табиғатты бейнелеу

Ғалымбаева. Дастарқан

 

                        К. Әжібекұлы. Томирис                               Б. Зәуірбекова                                                                                                            

                                                                                             Сәукеле киген қыз

Қолдану

«Бейнесюжет»

майлы бояумен

Натюрморт,

пейзаж салу әдісі

Қағаздың ортақ нүктесін тауып, заттардың шеткі нүктелерін анықтау Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау, көлеңке жарығын белгілеу Нұсқаның толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы шығарып салу

Нұсқаның түстерін политраның көмегімен анықтау

Талдау Тапсырма: Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек. Сыни ойлана отырып ,  А Ғалымбаеваның «Дастарқан»  атты натюрмортын  орындайды

Пейзаж. И Левитан «Алма ағашы гүлдегенде»

 

Жинақтау

 

 

 «Кім жылдам»
Шарты: Тақтада аяқталмаған сөйлемдер тұрады, әр оқушы сөйлемдерді жалғастырып жазады.
1. Бүгін мен білдім………….
2. Маған қызықты болды…………..
3. Қиын болды…………………
4. Мен түсіндім……………….
5. Енді менің қолымнан келеді………
6. Мен сезіндім………………..
7. Мен үйрендім………………
8. Мені таң қалдырды………
9. Мен жасапкөремін………
Бағалау БҮҮ кестесін  толтыру БҮҮ  кесесін  толтырады

білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді
Бағалау Қорытынды  баға  қою Күнделікке бағаларын  қойғызу.
Рефлексия Сабақтан алған әсерін айту Сабақтан алған әсерін айтады
Кейінгі тапсырмалар  Натюрморт жанрын бейнелеген суретшілер турал мәліметтер жинақтау.

 

Натюрморт,пейзаж  салу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4  сабақ    

6 сынып

 

Сабақ тақырыбы: Натюрморт  «Гүлдер, көкеністер менжемістер»
Жалпы мақсат: Тақырыптың  себеп-салдарлы  байланыстарын табу, басты мәселені  ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.

Жаңа тақырып  туралы түсініктер қалыптастыру, тақырып жүйесін түсніу

Сабақтың  мақсаттары Білімділігі: оқушыларға ыдыстардан құралған натюрмортты бейнелеуге үйрету.
Заттың жалпы формасы мен түстік қарама — қарсылық заңына үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,
бояумен жұмыс жасау машығын дамыту
Күтілентін нәтижесі: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді,

өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды

 

Негізгі идеялар: Оқушының шығармашылық мүмкіндігі мен дәстүрден тыс ойлау мүмкіндігіне қозғау салу
Сабақта қолданылатын материалдар:

 

1.      Үлестірмелі материалдар

2.      АКТ, маркерлер, карталар, глобус

 

Сабақта қолданатын модульдер

“АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

 

Оқыту әдістері: Миға шабуыл

Жигсо, Спираль

Топтастыру әдісін пайдалану  сұрақ-жауап немесе диалог арқылы үй жұмысын тексеру, СТО стратегиялары:

 

 

ü  Топтық жұмыс

ü  Жұптық жұмыс

ü  Шығармашылық жұмыс

Дерек көздері: Карталар, электрондық оқулық, интернет жүйесі
Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма

 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)

Сыныпты топқа бөлу (сыйлық сыйлау арқылы)

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын  ортаға шығып шеңбер құрду. Мен және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіргізу Оқушылардың мұндағы мақсаты жақсы тілектер  арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.

 

 

I.Үй тапсырмасын сұрау      (4 мин)     «Миға шабуыл» әдісі арқылы

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Топ бойынша өткен  тақырыптар бойынша сұрақ- жауаптарға дайындық жасау.

Адам баласы неліктен үнемі талпыныс, ізденісте болады?

— Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?

— Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?

-Адамды қандай қасиеттер табысқа жетелейді?

Мұғалім берген тапсырманы орындау. Үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап береді, шапшаңдылық  таныту, өз ойларын жеткізу.

 

II.Ой қозғау « Жигсо» әдісі бойынша жаңа сабаққа дайындық жасау әрекеттері,

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру. Ой қозғау арқылы жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағанасын аштыру. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмалар бойынша  жұмыс жүргізеді, топ бойынша әрекеттер жүргізу арқылы жаңа тақырыпқа бастама жасайды, өз ой-пікірлерімен санаса білу

1.Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі)
2.Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын,күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі)
3. Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы)
4.Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу)

III.Мағынаны ашу: «Спираль» әдісі  (10 мин)  «Ізденген жетер мұратқа.»  тақырыбымен жұмыс

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде дайын материалдар тарату, картаға кескіндеу, картамен жұмыс жасау.

Жаңа сабақты  толық  меңгерту үшін сыни тұрғыдан ойлаудың «Спираль» әдісін алу. Бұл әдістің тиімділігі, топтағы оқушылардың барлығы да мәтінмен жұмыс жасайды. Оқушыларға уақыт беріп, тапсырма бойынша жұмыс жасауын тапсырдым.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Топ бойынша жаңа тақырыптың идеясын ашады, талдайды, бір- біріне түсіндіреді

Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері дегеніміз не?
Айналамызға өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеу
арқылы суреттейтін өнер түрі.
Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.
Кескіндеме.
Графика.
Мүсін.
Сәулет өнері.
Сәндік қолданбалы өнер.
Дизайн өнері.
[left]Ал, енді, балалар алдарыңда тұрған заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады? Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т. б. жанрлары бар. Бүгінгі сабағымызда біз натюрморт жанрына тоқталамыз.
Натюрморт (фр. nature morte — өлі табиғат) — бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс — жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.
Натюрморт — жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады.

Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрінісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулық, қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық таба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады.
Батыс еуропада 17 ғасырда натюрморт жанры жақсы дамыды.
Қазақстанда 19 ғасырда ғана натюрморт жанры дами бастады. Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Сондай — ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз Ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады.

Натюрморт — қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады. Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады. Кейде натюрморттың мазмұнына сәйкес оның кейпі, жан — жануарлар бейнеленуі мүмкін.
Суретші мақсатының бірі — натюрмортта белгілі бір көңіл — күйді бейнелеу.
Кез — келген картина сияқты натюрморт та мерекелік, көңілді немесе мұңлы бола алады.
Натюрморт салу кезінде жарық пен көлеңке, ең бастысы композициялық заңдарға сәйкес орналасу тәртібін сақтау керек.
Бізде бүгінгі сабағымызда ұлттық торсық, кесе, алмадан құралған қарапайым натюрмортты бейнелейік

IV.Топпен жұмыс  Кітаппен жұмыс.  (7 мин)

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтарға жаңа тақырып бойынша   Кітаппен  жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен  жұмыс істеуді тапсыру. Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды  топпен біргіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді.

Топттық жұмыс

 

 

V.Сергіту сәті: «Ақ түс» (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау Берілген тапсырманы орындау

 

VI.Шығармашылық тапсырма

«Өмірлік ахуалды талдау» әдісі  (Тақтамен жұмыс, сұра- жауапты  талдау, бағалау)  (8  мин)

  Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тақтадағы  ілінген қағаздарды  топқа  таратады және қосымша материалдар  үлестіріледі Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын табиғатағы қызықты сурет арқылы жеткізу

 

VII.Қорытындылау:  (сұрақ-жауап) (4 мин)

4.      Бұл сабақты мен қалай түсіндім?

5.      Натюрморт деген не?

6.      Өздігінен білім алудың әдістері қандай?

7.      Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?

8.      Алған білімнің не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

VIII.Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
IX.Бағалау: Өзін-өзі бағалау (3 мин)
X.Үй тапсырмасы: Оқулық бойынша тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Пәні: Бейнелеу өнері  6-сынып 5 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Пейзаж туралы түсінік. «Күзгі жаңбыр» атты пейзаж салу.
Сабақтың мақсаты:

 

а)білімділік: оқушылар кескіндеме өнерінің жанры пейзаж туралы білім алады және суретін салып үйренеді.

ә)дамытушылық: оқушылардың пейзаж жанры туралы шығармашылық білімдері дамиды.

б)тәрбиелік: оқушылар ынтымақтастыққа, ұйымшылдықпен бірігіп жұмыс жасап үйренеді.

 

Күтілетін нәтиже:

 

Оқушылар кескіндеме өнерінің жанры пейзаж туралы біледі және соған байланысты суреттер сала алады.
Сілтеме:

 

Оқулықтан, суреттерден,интернеттен, т.б.
Сабақ барысы:

 

Әріптер жазылған қағаздарға қарап, сол әріптерден тегі басталатын топқа барып отыру, жаңа тақырыпқа байланысты түсініктер беру.
Ұйымдастыру кезеңі:

 

 

Оқушыларды түгендеп, құралдарын тексеру.

Топ ережесін еске түсіру.

Үй тапсырмасын тексеру.

 

Өтілген тақырып бойынша нені меңгерді, сол бойынша сұрақтар қою.
Жаңа  сабаққа кіріспе:

 

 

1.Оқушылар  кескіндеме жанры пейзаж жөнінде түсінік алады. Пейзаж табиғат көрінісін бейнелеу екенін біледі.

2.Пейзажға байланысты көптеген суреттер салған суретшілер еңбектерімен таныса алады.

3.Оқушыларға күзгі табиғат көрінісін құрастыра білуге үйрету және суреттерін салғызу. «Күзгі жаңбыр» тақырыбына байланысты суретті салу.

Сабақты пысықтау:

(рефлексия)

 

Сұрақ-жауап арқылы керібайланыс алу.
Сабақты қорытындылау:

 

Жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы қорытындыланады.
Үйге тапсырма беру:

 

 

 

Күзге байланысты салынған суреттерді қарап  келу, мәліметтер алу.
Бағалау:

 

Топтық бағалау, жеке бағалау.
Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті.
Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен амандасу және түгендеу.

2.Әріптер жазылған қағазды тарату арқылы топқа бөлу

3.Топ ережесін еске түсіру.

Оқушылар сәлемдеседі, жоқ оқушыларды айтады.

Әр топқа әріптер жазылған, сол әріптерден тегі басталатын балалар сол топқа барып отырады.

Топ ережесін айтады.

Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын тексеру.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақты еске түсіру.

-Кескіндеме өнерінің қандай түрлері бар?

-Натюрморт дегеніміз не?

-Ең алғаш қай ғасырда және қай елде пайда болған?

Үйден салған суреттерін тексертеді және әр топ сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақ Жаңа сабаққа байланысты бейне көрініс көрсету  және пәнаралық байланыс жасату, оқушылардың шығармашылықтарын ояту арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Бейне көріністі көріп, күзге байланысты өлең,тақпақтар айтып оқушылар жаңа сабақты пейзаж туралы және күзге байланысты мәліметтер алады.

Кескіндеме – бұл жазықтық бетіне ( кенеп, ағашғ үй қабырғасының беті)  жағылған әртүсті бояу қабаттарының көмегімен жасалған өнер шығармасы. Кескіндеменің графикадан айырмашылығы осында.

Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі – түстің реңіне  байланысты айқындалады.

Табиғатта кездесетін түстер негізінен үш түске бөлінеді.Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге  қызыл, сары , қызыл сары түстер жатады.

Ал суық түстерге көк, көгілдір,жасыл түстер кіреді.

Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан.Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және антрактида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары.

Реңк  бұл бір түстің бірнеше түрге  түрленуі.Әрбір  бояу түстерінің көптеген реңктері болады.Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылы түске жатады.

Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады.

Мысалы алтын күз мезгілін алсақ , жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әдемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.

 

Тапсырма Әр топқа тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын.

-Табиғат көрінісін бейнелеуді қалай атаймыз?

-Табиғат көрінісін бейнелегенде нелер көрініс табу керек?

-Күзгі табиғаттың өзгешелігі қандай?

Сұрақтарға жауап бере отырып, әр топ күзгі табиғатқа байланысты суреттер салу. Постер қорғау.

 

Өздері ақылдаса отырып, сұрақтарға жауап жазып және күзгі пейзаж көрінісінің суретін салады.

Әр топ ортаға шығып постер қорғайды.

 

Сергіту сәті Дене қимылдарын музыкамен жасату.

 

Сергіту сәтін орындайды.
Пысықтау Әр топтқа деңейлік тапсырмалар беремін.

1-топ. Тауы,орманы, теңізі, ауылы көрініс тапқан пейзаж сал.

2-топ.Күзгі табиғат сал.

3-топ. Тау, теңізі көрініс тапқан пейзаж сал.

 

Әр топ тапсырмаларына байланысты топтық және жеке жұмыстар орындады.
Қорытынды Оқушыларға сұрақтар қою арқылы қорытындылау.

-Пейзаж дегеніміз не?

-Күзгі табиғатқа сурет салған қандай суретшілерді білесіңдер?

-Күзгі табиғаттың басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы қандай?

Сұрақ -жауап

— Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

-Кімге қай жыл мезгілі ұнайды?

 

-Күз мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?

-Күз мезгілі несімен көңілді?

Оқушылар сұрақтарға жауап берді.
Кері байланыс Екі жұлдыз, бір тілек жазу.

 

Тілек, ұсыныстарын жазады.
Үй тапсырмасы Интернеттен, газет-журналдардан күзгі пейзажға байланысты суреттер қарау және суреттер салу.

 

Тапсырмаларды жазып алады.
Бағалау Топтық және жеке бағалау. Оқушылар бағаланады, күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сабақ
Сыныбы 6
Пәні Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары   (Менің  бөлмем)
Жалпы мақсаты Кескіндеме өнері түрлерімен танысу, жұмысқа дағдылану. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету және логикалық-ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту.

Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін қалыптастыру.

Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет алғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.

 

 

 

Сілтеме  Бейнелеу өнері  оқулығы, 6- сынып. Түрлі тапсырмалар, Акварельді бояу, Түрлі-түсті карындаш
Оқыту нәтижелері Тақырыпты топпен меңгереді, түсінеді, өткен білімдері  пысықтап, қорытындылауға үйренеді

Қарындашпен жұмыс істей білуге үйренеді.

Өз ойын еркін жеткізе біледі.

Бояумен, қағазбен жұмыс жасай біледі.

Тақырыпты меңгереді

Өз-өзін бағалауды үйренеді.

Негізгі идеялар Көру, ойлау, түсінуді дамытуға көмектеседі.
Тапсырма көздері Оқушылармен сәлемдесу, құралдарын түгендеу. Қызыл сары жасыл түстер  арқылы топқа бөліну

1.“Бізден сұрақ, сізден жауап” сұраққа-жауап

1.  Кескіндеменің басты құралы?

А) түрлі-түсті бояу                          б) ермексаз

Ә) қағаз                                            в) қарындаш

2. Бояу түрлерімен салынатын бейнелеу өнерінің түрі қалай аталады?

А) графика                                           б) натюрморт

Ә) пейзаж                                             в) кескіндеме

3. Табиғат көрінісін бейнелейтін картина?

А) натюрморт                                     б) кескіндеме

Ә) графика                                          в) пейзаж

Үй жұмысын сұрау

1. Фон дегеніміз не,  фонның  кескіндеме өнеріндегі ерекше орны туралы айт?

2. Фон бейнеленетін заттың қатынасына қарай қандай болып бейнеленуі мүмкін.

3. Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары қандай?

4. Түс және қосымша түстер дегеніміз не?

5. Шағылысу дегеніміз  не?

6. Зат пішінін бейнелеуде көлеңкенің ролі қандай?

 

 

2.«Мәтінмен жұмыс».    Гуашь бояуы мен акварель бояуын қосу арқылы аралас тәсілмен жұмыс істеуге де болады.

Қолданылатын қылқаламдар жұмыр, жалпақ болып екі түрге бөлінеді. Гуашь бояуымен батыл жұмыс істеуге болады. Өйткені, кеткен кемшіліктерді кепкеннен кейін үстін бастыртып түзеуге болады. Енді оқулық бойынша гуашь бояуымен жұмыс әдіс-тәсіліне назар аударайық.Оқушылар өз топтары туралы білетіндерін постер арқылы қорғайды. Тақырыпқа шолу.

 

Түс  сурет салғанда және гравюра жасағанда кеңінен қолданылады.

Ч.Кенбаев «Менің ауылымның адамдары»      Ә.Қастеев «Соңғы хабар»       К.Есіркеев «Натюрморт

 

Суреттегі  т ү с  сурет салатын материалдар мен фонның қатысуымен шешіледі.

Бірақ сурет салу мен гравюрадағы түстерді пайдалану тәсілдері кескіндемедегіден өзгеше.

Гравирлеу француздың «Grawtr»-«Қию», «Тырнау» деген сөзінен шыққан.

Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай-ақ одан алынған  басылымды да айтамыз.

Ж. Шаймарданұлы. «Графикалық сурет».          Ш. Кенжебаев. «Кешкі ән».

Сурет салуға арналған  материалдар.

—   сия

—  сангина

—  бор

—  тушь

Акварель техникасы

«Акварель» латынның «aqba»-«су» дейтін сөзінен шыққан.

Акварель бояуымен жұмыс жасағанда  ақ түсті бояу мүлде пайдаланылмайды. Ал қажетті түстік өңді бояуларды алдын ала политра бетінде араластыру арқылы да алуға болады.

Г.Баянов. «Әуен» Акварель      О.Таңсықбаев. «Бақташы». Майлы бояу     Е.Сидоркин. «Ақын».Гуашь

 

Акварель бояу қағаз бетіне  мөлдіреп  түседі, сол  мөлдірлік   акварель туындыларының ең басты құнды  қасиеті болып табылады.

—       Дымқыл қағаз бетіне бояуды жағу

—       Қағаз бетіне бояуды орын ауыстыра отырып орындау.

Ә.Қастеев «Су электростанциясы»,      «Соколов-Сарыбай»

«Палитра» сөзі екі ұғым береді.  Біріншісі-суретші бояуларды салып араластыратын тақтайша, екіншісі- суретші бояуларының жиынтығы.

Майлы бояудың шығу тарихы.

Алғашқы  майлы бояу,  құрғақ ұнтақ бояуды  жаңғақ майы мен зығыр майына еріту арқылы  ХҮ  ғасырда нидерланд  суретшілері ағалы-інілі  Ван –Эйктердің атымен тығыз байланысты.

       Майлы бояу техникасы.

Майлы бояумен суреттерге түс берудің ерекшелігі

–         жартылай дымқыл

–         жартылай кепкен

–         кептіру  арқылы жұмысты   жалғастыруға болады.

О.Таңсықбаев «Хожакент»      Ж.Шарденов.»Каспий жағалауы»      А.Ғалымбаева «Дастархан»

 

Сарамандық жұмыс Топпен жұмыс:

Натюрмортты бейнелеу алгоритмі

1-кезең      2-кезең     3-кезең

. Сабақты бекіту.

1.Кескіндеме жасау техникаларының қандай түрлерін білесің?

2.Майлы бояу арқылы жұмыс жасауда қандай ерекшеліктер бар?

3.Бояу түстерін іздейтін құрал қалай аталады?

4. Қандай бояу түрлерін білесің және оның қайсысын қолдандың, оның ерекшелігі туралы айт?

5. Қазақстан суретшілерін ата?

6. Қазақтың акварелист суретшісін ата?

7. Осы сабақта қандай  шығармалармен таныстың және оның авторы кім екен?

 

Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын:

1. Қосымша түстер дегеніміз не?

2. Шағылысу дегеніміз не?

3. Фон деп нені айтады?

Қорытынды: оқушылардың жұмыстарын талдау, бағалау.

Бағалау Оқушылар өз-өздерін таратпалы кағаз арқылы бағалайды. Жиынтық бағасы қойылады.
Кері байланыс
  1. Білемін   2.Білдім    3. Білгім келеді

 

Үйге тапсырма  Композиция туралы оқу, іздену

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь