ГЛАВНАЯ Образцы планов Алғашқы әскери дайындық Калашников автоматын(қол пулеметін) бұзу жəне жинау, қару жəне патронды  қолдану  кезіндегі  қауіпсіздік ...

Калашников автоматын(қол пулеметін) бұзу жəне жинау, қару жəне патронды  қолдану  кезіндегі  қауіпсіздік  ережелері,  жартылай  бұзудан  кейін автоматты жартылай бұзып-жинау.

138
0

Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматын(қол пулеметін) бұзу жəне жинау, қару жəне патронды  қолдану  кезіндегі  қауіпсіздік  ережелері,  жартылай  бұзудан  кейін автоматты жартылай бұзып-жинау.

Сабақ мақсаты:

Білімділік мақсаты:Автоматты бөлектеу және жинақтау ретін түсіндіру,

білдіру,меңгерту.

Тәрбиелік мақсаты:Елін,жерін сүюге,саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды,Қазақстан Республикасы Қарулыкүштеріне дген құрметті,батылдық-

қа және бастамашылыққа тәрбиелеу.

Дамыту мақсаты: Автоматты толық емес бөлектеу мен жинақтауды үйрету

және оған қабілеттілігін арттыру,дамыту.

 

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Көрнекті құралдар:

1.Плака «Калашников автоматы»

2.Калашников автоматы.

Сабақтың барысы:

 

1:Ұйымдастыру кезеңі:Бөлімшені бір қатарлы сапқа тұрғызу,рапорт қабылдау,амандасу,сыртқы көрінісін тексеру,түгендеу.

 

2.Үй тапсырмасын тексеру:

 

А.Калашников автоматын қашан,кім шығарған және оның арналуы.

Б.Автоматтың негізгі бөліктері мен мехнизмдері.

 

3.Жаңа сабақ.

 

Автоматты бөлектеу толық және толық емес болуы мүмкін:толық емес бөлшектеу-автоматты тазалау.майлау және тексеру үшін,толық бөлектеу

жаңбыр мен қар астында қалғанда,не жөндеу кезінде автоматты қатты лас-

танудан тазалау үшін жүргізіледі.Автоматты толық емес бөлшектеу мен

жинақтау үстел үстінде немесе тзатөсеніш жайылып жүргізіледі,бөлшектер

мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады.Оларды абайлап ұстап,

бірінің үстіне бірін қоймай,күштемей жәнесоққыламай жүргізу керек.

 

                Автоматты жартылай  бұзудан  кейін автоматты жартылай бұзып-жинау тәртібі:

 

 

 

Оқжатарды бөлектеу.Автоматты сол қолымен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап,оң қолмен оқжатарды орай ұстайды,бас бармақпен бекіткішті қысып,оқжатардың төмеңгі жағын ілгері ұмсындырып,оны бөлектеп алады.

Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі,бұл үшін ауыстырғыш

төмеңге түсіріледі, оны «АВ» (автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату)

жағдайына қойып,бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады,оқтық-

ты тексеріп,бекіткіш жақтауы жіберіліп,шүріппе ұрыстық қайырудан боса-

тылады.

 

Жабдықтардың пеналын дүм ұясынан шығарып алу.Оң қолдың сұқ саусағы  мен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады,пеналды ашып,одан сұрткішті тазалағышты,    бұрауышты, қаққышты шығару керек.

 

Сүмбіні алу.Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шы-

ғатындай етіп ұңғыдн тартып,сүмбіні жоғары суырып алады.Сүмбіні алу

қиындық тудыратын болса,онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі.Оны

сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып,ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып

суырып алады.

 

Автоматтан-ұңғылық тежеуіш компенсторын бөліп алу.Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш-компенсатордың орнықтырғышы батырылады.

Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады.Ұңғылық тежеуіш-компен-

сатор тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш-компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға болады.

 

Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолымен дұмнің мойнын

қамти ұстап,осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттау-

шы өзегінің дөңесін басады,оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлі-

гін жоғары көтеріп,қақпақшаны алады.

 

Қайтармалы механизмді бөліп алу.

Автоматты дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып,оң қолмен қайтармалы

Механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша  ілгері қарай ұмсындырады,бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп,қайтармалы механизмді бекітпе жақтауыныңарнасынан шығарады.

Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу.

Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады,оң қолмен бекітпені кейін шегеріп,бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп,бекітпені алға қарай шығарып алады.

Ұңқылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу.

Автоматты сол қолмен ұстап тұрып,оң қолмен жабдық пеналлын газ түтігі тұйықталғышының шығығқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді жапқышты  өзінен тік бұрышты саңылаумен кіргізеді,жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап,газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады.

Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу.Автоматты сол қолмен ұстап тұрып,оң қолменгаз түтігін алдыңғы шетімен газ камерасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңқы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады:тұйықталғышты оның орнықтырғышты көздеу қалыбының ойына кіргенше бұйырады.

Бекітпені бекітпе жқтауына қосу.

Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып,оны цилиндрлібөлігімен жақтау арнасына сұғады:бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап,бекітпені алға қарай сұғады.

Бекітпемен қоса,бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу.

Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды.Бекітпесіне қоса,бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып,газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де,ұңқы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауларын ілгері жылжытады,оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да,ілгері ұмсындырады.

Қайтармалы механизмді қосу.

Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арасына кіргізеді,қайтармалы серіппені қысып,бағыттаушы өзекті  ілгері итереді де,біршама төмен түсіріп,оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.

Ұңғы қорбының қақпағын қосу.

Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізеді,қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорбының қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.

Шүрітпені ұрыстың қайырмасынан босатып,сақтандырғышқа қою.

Атқыш ілмекті басып,ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді

Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды қосу.

Дүмді тежеуіш компенсаторы қарауыл бойындағы бұрандалы шығыңқы бөлік кетірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе,ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысына айналдырады.

Сүмбіні қосу.

Пеналды дүм ұясына салу.

Сүрткішті,тазалағышты,бұрауышты,қаққышты пеналға салып,қақпағын жабады да,пеналды түбімен дүм ұясына кіргізеді:оны қақпақша жабылатындай етіп ұяға батырады.Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сомке қалтасына салады.

Оқжатарды автоматқа қосу.

Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып,оң қолме оқжатардың  ілгішін ұңғы қорбының терезесіне енгізіп,оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.

V.Жаңа сабақты пысықтау.

1.Жаңа сабақты пысықтау мақсатында ҚР ҰҚҚ «Жыланды» шекара заставасының жауынгері сабаққа  қатысып отыр.Әскери қызметші Калашников оқу қаруымен автоматты толық емес  бөліктеп және жинақтап көрсетеді.

 

2.Бір оқушы тақтаға шығып автоматты толық емес бөлектейді,екінші оқушы автоматты толық емес бөлектеуден кейін жинақтайды.

 

VI.Бағалау.Үй тапсырмасына және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

 

VII.Үйге тапсырма. «Автоматты бөлектеу және жинақтау»тақырыбын оқып келу.

 

 

Тест

 

1.Калашников автоматын кім шығарды?

А.Ф.В.Токарев

Б.М.Т.Калашников

В.Д.М.Кочетов

 

2.Калашников автоматы неге арналған?

А.Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату.

Б.Атқыштарды алғашқы атуға үйретуге.

В.Қарсыластың адам күшін жоюға.

 

3.Калашников автоматының бүгінгі неше түрі бар?

А.-8

Б.-10

В.-12

 

4.Автомат алғаш рет қай жылы шықты?

А.1947

Б.1942

В.1943

 

5.Калашников автоматының оқжатарына патрондар сыйымдылығы.

А.32

Б.45

В.30

 

6.АК-74автоматының ұңғы калибрі.

А.7,62

Б.5,45

В.6,35

 

7.АКМ автоматының жарақталған оқжатармен қосқандағы салмағы.

А.3,6

Б.3,2

В.5,8

Үйге тапсырма:

 

Неліктен Калашников автоматының бүкіл

әлемде маңызы ерекше ?

Қару ойлап табу, жасау игілікті іс пе?

Егер сен Калашниковтай болсаң, ойлап тапқан

қаруыңды не мақсатта пайдалануды ұсынар едің?

Бағалау:

 

 

 

  • тақырып:

Сабақтың тақырыбы: )Калашников автоматының(қол пулеметінің) жəне патронның атқаратын қызметі, бөлшектері мен механизмдерінің құрылысы.

 

Сабақтың тақырыбы: Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымын және арналуы мақсатын түсіндіру.

Дамытушылық: Автоматты ң механизмі мен құрылысын  үйрету

және оған қабілеттілігін арттыру,дамыту. Ойлау қабілетін . жылдамдылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік мақсаты:Елін,жерін сүюге,саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды,Қазақстан Республикасы Қарулыкүштеріне дген құрметті,батылдық-

қа және бастамашылыққа тәрбиелеу.

Өткізілетін орны: 10 сынып, БӘД бөлмесі.Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
6. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут. Уй тапсырмасын сұрау. Ауызша.
— Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?
— Автоматты (пулеметті) жинақтауды ретімен айтып беріңдер.
— Автоматты жинақтаудың пулеметті жинақтауға қарағанда қандай ерекшелігі бар?
Негізгі бөлім – 25 минут.
б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы.

Ұңғы оқтың ұшуын бағыттауға қызмет етеді. Ұңғының ішінде солдан жоғары қарай бұранда тәрізді төрт ойықты арна болады. Ойықтар оққа айналмалы қозғалыс беруге қызмет етеді. Ойықтар арасындағы аралықтар өріс, ал екі қарама-қарсы өріс арасындағы қашықтықтар ұңғы арнасының калибрі, ұңғы арнасының оқсауытты орналастыруға арналған бөлігі оқтық, оқтықтан ұңғы арнасының ойықты бөлігіне көшуі оқ кірмесі деп аталады.

Автоматтың ұңғылық тежеуіш-компенсаторы ату шоғырлануын арттыру және кері тебу энергиясын азайту үшін қызмет етеді. Оның алдыңғы және артқы екі камерасы бар (оларда оқ ұшып шығатын дөңгелек тесіктер болады).

Алдыңғы камерада сүңгі-пышақты автоматқа бекіткенде сақина кигізілетін шоғыр, сүңгі-пышақтың шығыңқысы кіретін тік бұрышты саңылау және дәрілі газ шығуға арналған екі терезесі бар.

Артқы камерасының алдында екі саңылауы, екі ортаңғы жағында – дәрілі газдың шығуына арналған үш компенсациялық тесік бар. Ұңғылық тежеуіш – компенсатор артында қарауыл негізіне бұралып кигізуге арналған ішкі кертік, орнықтырғыш кіретін ойма және сүмбіні шығарып алу мен қайта қоюын жеңілдететін шеңбер қиғаш бар.

Пулеметтің жалын сөндіргіші ату кезінде жалын мөлшерін азайтуға арналған. Онда ұңғыға бұрап кіргізуге арналған кертік, орнықтырғыш үшін бес ойма және газ шығаруға арналған бес бойлық саңылау бар.

Қарауыл негізінде сүмбіге арналған ойықты тірек, қарауыл сырғымасына арналған тесік, қарауыл сақтандырғышы, серіппелі орнықтырғыш болады. Орнықтырғыш оқсыз патрондармен атуға арналған төлкенің және ұңғылық тежеуіш-компенсатордың бұрылып кетуінен сақтайды. Сонымен қатар қарауыл негізінде сүмбіге арналған саңылаумен сүңгі – пышақты қосатын тірек болады.

Газ камерасы дәрілі газдарды ұңғыдан бекітпе жақтауының газ поршеніне бағыттауға қызмет етеді. Оның газ поршеніне арналған каналы және дәрілі газдардың шығуына арналған тесіктері бар келте түтігі, көлбеу газ бөлетін саңылауы болады.

Қосқыш — жалғастырғыш шетмойынды автоматқа қосу үшін қызмет етеді. Оның шетмойын жапқышы, белдікке арналған антабкасы және сүмбіге арналған тесігі болады.

Ұңғы қорабы автоматтың бөліктері мен механизмдерін қосу үшін, ұңғы арнасын бекітпемен жабуды және бекітпенің бекітуін қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Ұңғы қорабында соққыш — ағытқыш механизмі орналасқан. Қорап үстінен қақпақпен жабылады.

Ұңғы қорапшасының:

а) ішінде – бекітпені жабуға арналған ойық, оның артқы қабырғалары ұрыстық тірулер болып табылады; бекітпе жақтауы мен бекітпенің жылжуын бағыттауға арналған бағыттаушы ойықтар мен бүгілмелер; оқсауыт шағылысуына арналған шағылдырғыштық шығыңқы; бүйірлі қабырғаларды бекіту үшін ұстатқыш; оқжатар ілгегіне арналған шығыңқы мен оқжатарды бағыттауға арналған бүйірлі қабырғалардағы бір-бірден сопақша шығыңқылар.

ә) артында үстіне қарай саңылаулар (саңылаулар бойлық қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің өкшелігіне арналған және көлденең – ұңғы қорапшасының қақпағына арналған); ұңғы қорапшасындағы дүмді бекітуге арналған саңылаулы құйрықша.

б) бүйірлі қабырғаларында – төрт саңылаудан, оның үшеуі соққыш-ағытқыш механизмнің осі үшін, ал төртіншісі алмастырудың цапфасына арналған; оң жақ қабырғасында – алмастыруды ату кезінде АВ және ОВ қоюға арналғанекі ойық бар.

в) астыңғы жағында – оқжатарға және ағытқыш ілмекке арналған терезелер болады.

Көздеуіш құрылғы әр түрлі қашықтықтардағы нысаналарды ату кезінде автоматтан көздеу үшін қызмет етуге арналған. Ол көздеуіш пен қарауылдан тұрады.

Көздеуіш көздеуіш қалыбынан, тілімшелі серіппеден, көздеуіш тақташадан және қамытшадан тұрады.

Көздеуіш қалыбында көздеуіш тақташаға белгілі бір биіктік беруге арналған екі сектор, көздеуіш тақташа бекітілген құлақшалар, газ түтігінің сұқпасы мен жапқышына арналған тесіктер; ішінде – тілімшелі серіппеге арналған ұялар және бекітпе жақтауына арналған қуыс; артқы қабырғасында – ұңғы қорабының қақпағына арналған жарты шеңбер ойық болады.

Көздеуіш қалыбы ұңғыға кигізіліп, штифтпен бекітілген.

Тілімшелі серіппе көздеуіш қалыбының ұясына орналасады және көздеуіш тақташадан белгіленген жағдайда ұстап тұрады.

Көздеуіш тақташаның көздеуге арналған ойығы бар қыры мен қамытшаны бекіткіш пен серіппенің көмегімен белгіленген жағдайда ұстап тұруға арналған ойықтары болады. Автоматтың көздеуіш тақташасының бетінде 1-ден 10-ға дейін бөліктері бар шкала жасалған. Шкаладағы сандар жүз метрге шаққандағы тиісті атыс қашықтығын білдіреді.

Автоматта бұған қоса көздеуіш тақташада «П» әрпі салынған – бұл көздеуіштің тұрақты қойылуы 4 көздеуішке сәйкес келеді (атыс қашықтығы – 440м).

Қамытша көздеуіш тақташаға кигізілген және белгіленген жағдайда бекіткішпен ұсталады. Бекіткіштің тісі серіппенің әрекетімен көздеуіш тақташаның ойығына қойылады.

Ұңғы қорабының қақпағы ұңғы қорабында орналасқан бөліктер мен механизмдерді ластанудан сақтайды. Оның оң жағында сыртқа лақтырылатын оқсауыттардың өтуіне және бекітпе жақтауы сабының жылжуына арналған сатылы ойық, артында – қайтармалы механизмдегі бағыттаушы өзектің шығыңқысына арналған тесік бар.

Газ поршенімен қоса бекітпе жақтауы бекітпені және соққыш – ағытқыш механизмді әрекетке келтіруге арналған. Бекітпе жақтауында: ішінде – қайтармалы механизм мен бекітпеге арналған арналар; артында – сақтандырғыш шығыңқы; бүйірлерінде – бекітпе жақтауының ұңғы қорабының қайырмалары бойымен қозғалуына арналған саңылаулар; оң жағында – автоатқыш тұтқасын босатуға арналған шығыңқы және автоматты қайта оқтау тұтқасы; төменде – бекітпенің жетекші шығыңқысы қорабының шағылыстырғыш шығыңқысы өтетін саңылау болады; бекітпе жақтауының алдыңғы бөлігінде газ поршені бекітілген.

Бекітпе оқсауытты оқтыққа жеткізу үшін, ұңғы арнасын жабу үшін, капсюльді бұзу және оқтықтан оқсауытты алу үшін қызмет етеді. Бекітпе негізден, соққыштан, серіппесі мен осі бар лақтырғыштан және бұрама сұқпадан тұрады.

Бекітпе негізінде: алдыңғы тілігінде – оқсауыт түбіне арналған цилиндрлі ойық және лақтырғыш үшін саңылау; бүйірлерінде – бекітпе жабылуы кезінде ұңғы қорабының ойығына кіретін екі ұрыстық шығыңқы; үстінде – жабу және ашу кезінде бекітпені бұру үшін жетекші шығыңқы; сол жағында – ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқы өтуіне арналған бойлық саңылау; бекітпе негізінің жуандатылған бөлігінде – лақтырғыш пен бұрама сұқпа осьтеріне арналған тесік болады. Бекітпе негізінің ішінде соққышты орналастыру үшін арна болады.

Соққышта бұзғыш және бұрама соқпаға арналған кертпе бар.

Серіппелі лақтырғыш оқтықтан оқсауытты шығаруға және оны ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқысымен кеудесіне дейін ұстап тұруға арналған. Лақтырғышта оқсауытты ұстап қалуға арналған ілмек, серіппеге арналған ұя және ось үшін ойық болады.

Бұрама сұқпа соққыш пен лақтырғыш осьін бекіту үшін қызмет етеді.

Қайтармалы механизм бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алдыңғы жағдайға қайтару үшін арналған. Ол қайтармалы серіппеден, бағыттаушы және жылжымалы өзектен, жалғастырғыштан тұрады.

Бағыттаушы өзектің артқы шетінде серіппеге арналған тірек, ұңғы қорабымен қосуға арналған шығыңқысы бар өкшелік және ұңғы қорабының қақпағын ұстап тұруға арналған шығыңқы болады.

Жылжымалы өзектің алдыңғы шетінде жалғастырғышты кигізуге арналған бүгіс болады.

Ұңғы бастырмасымен қоса газ түтігі газ поршенінің қозғалысын бағытту үшін және атыс кезінде қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ол алдыңғы және артқы қосқыш жалғастырғыштардың газ түтігінен, ұңғы бастырмасынан, және темір жартышығыршақтан тұрады.

Газ түтігі газ поршенінің қозғалу бағыты үшін қызмет етеді. Онда бағыттаушы қырлар болады. Газ түтігі алдыңғы ұшымен газ камерасының келте түтігіне кигізіледі.

Ұңғы бастырмасы атыс кезінде автоматшының қолын күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ұңғы бастырмасы газ түтігіне алдыңғы және артқы жалғастырғыш арқылы бекітілген; артқы қысқыш жалғастырғышта газ түтігінің тұйықтаушы тірелетін шығыңқысы болады; тілімшелі серіппе түтіктің бойлық қозғалуын болдырмауға арналған.

Соққыш – ағытқыш механизм шүріппені ұрыстық қайырмадан немесе автоағытқыш қайырмасынан босату үшін, соққышқа соққы беру үшін, автоматты не жекелей атыс жүргізілуін, атуды тоқтатуды қамтамасыз ету үшін, бекітпе жабылмаған кезде атысты болдырмау үшін және автоматты сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді. Ол ұңғы қорабында орналасады, онда бірін-бірі алмастыратын үш осьпен бекиді және соққы серіппелі шүріппеден, серіппесі бар шүріппе баяулатқышынан, ағытқыш ілмектен, серіппесі бар жекелей ату дөңесінен, серіппесі бар автоағытқыштан, ауыстырғыштан және түтікті осьтен тұрады.

Ұрыстық серіппесімен қоса шүріппе соққышқа соққы беру үшін қызмет етеді. Шүріппеде ұрыстық қайырма, автоағытқыш қайырмасы, шетмойын және оське арналған тесік болады.

Ұрыстық серіппе шүріппесінің шетмойнына кигізіліп, өз ілмегі арқылы шүріппеге, ал ұштарымен – ағытқыш ілмектің тікбұрышты шығыңқыларына әсер етеді.

Шүріппе баяулатқышы автоматты атыс жүргізу кезінде оқтардың шоғырлана тиюін жақсарту мақсатында шүріппенің алға қозғалуын баяулату үшін әсер етеді. Онда алдыңғы және артқы шығыңқылары осьі, серіппе және бекіткішке арналған тесіктері болады.

Ағытқыш ілмек шүріппені ұрыстық қайырмада ұстауға және шүріппені ағытуға арналған.

Жекелей атыс дөңесі шүріппені жекелей атыс кезінде ағытқыш ілмек босатылмаған болса, атыстан кейін шеткі артқы жағдайда ұстау үшін қызмет етеді.

Автоағытқыш түйдектете ату кезінде шүріппені автоағытқыш қайырмасынан автоматты түрде босату үшін, сондай-ақ ұңғы арнасы мен бекітпе жабылмаған кезде шүріппенің ағытылуына жол бермеу үшін қызмет етеді.

Ауыстырғыш автоматты түрде және жекелей атуға немесе сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді.

Құндақ автоматпен қимылдау кезінде ыңғайлы болу үшін және қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ол ұңғыға астынан қосқыш жалғастырғыш көмегімен және ұңғы қорабының ұясына кіретін шығыңқы арқылы ұңғыға бекітіледі. Құндақта сүмбіге арналған тесік болады. Құндақтың артқы жағында ойық пен ойма болады, оған тілімшелі серіппе орналастырылады. Серіппе құндақтың бойлық қозғалысын болдырмауға арналған. Құндақ пен ұңғы бастырмасындағы ойықтар атыс кезінде ұңғы мен газ түтігін суыту үшін терезе жасайды.

Оқжатар оқсауытты орналастыруға және оларды ұңғы қорабына беріп тұруға арналған. Ол корпустан, қақпақтан, тоқтатқыш қаңылтақтан, серіппе мен бергіштен тұрады.

Сүңгі – пышақ автоматқа шабуыл алдында кигізіледі және қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жою үшін қызмет етеді. Сонымен қатар, ол пышақ, темірді кесу үшін ара және сымдарды қию үшін қайшы ретінде де қолданылады.

Сүңгі – пышақ жүзінде кесуші қыр, ара және қынның шығыңқы осьіне кіріп тұратын саңылау болады.

Сап ұстауға ыңғайлы болу үшін және сүңгі-пышақты автоматқа қосу үшін қызмет етеді.

Қын сүңгі-пышақты белдікке іліп алып жүруге және сүңгі-пышақпен бірге сым қию ұшін пайдаланылады.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
— Автоматтың (пулеметтің) механизмдері мен бөліктерінің құрылысын атаңдар.
— Ұңғы не үшін арналған?
— Ұңғы қақпақшасы не үшін арналған?
— Көздеуіш құрылғы не үшін арналған?
— Көздеуіш не үшін арналған?
— Ұңғы қорабының қақпағы не үшін арналған?
— Газ поршенімен қоса бекітпе жақтауы не үшін арналған?

 

Үйге тапсырма:

 

Бағалау:

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь