ГЛАВНАЯ Публикация педагогов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ СОЧ Қазақ әдебиеті 5-сынып (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

СОЧ Қазақ әдебиеті 5-сынып (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

2
0

«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
5-сынып
Мазмұны
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты …………………………………………………………………….. 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар………………………………… 3
3. Күтілетін нәтижелер………………………………………………………………………………………………………………. 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі ……………………………………………………………………………………………….. 4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ………………………………………………………………………………………. 5
6. Модерация және балл қою……………………………………………………………………………………………………. 5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ………………………………. 6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ …………………………….. 10
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ …………………………….. 13
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ …………………………….. 19
2
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ әдебиеті» (бірінші тіл) пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
3. Күтілетін нәтижелер
1) әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әр түрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;
2) ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;
3) әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени іс-шараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;
4) оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әр түрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;
5) көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әр түрлі жоспарлар құру үшін; әр түрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланыстырады;
6) оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.
3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы
Ойлау дағдылары
ның деңгейі
Тапсырмалар сипаттамасы
Сұрақтар түрі
Түсіну және жауап беру
Білу және түсіну
— әдебиеттің даму кезеңдерін, шығармалардың мазмұнын біледі;
— әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі;
— өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндерді, дәйексөздерді жатқа біледі;
— ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін түсінеді;
— әдебиеттің адам өміріндегі мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды түсінеді;
— түрі мен жанрын, шығарманың тақырыбын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді.
Көп таңдауы бар сұрақтар
Анализ және интерпрета
ция
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
— хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындайды;
— жазбаша әңгіме құрастырады, диалог дайындайды;
— кейіпкерге мінездеме береді, пікір дайындайды, мәтін құрастырады, көркем шығармаларды бағалайды;
— пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысады;
— білім, білік және дағдыларды қолданады;
— терминдер мен ұғымдарды, шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады.
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Бағалау және салыстыру
Жоғары деңгей дағдылары
— өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдайды;
— түрлі жанрдағы шығармаларды, тақырыпты, идеяны, композицияны, сюжет ерекшеліктерін салыстырады;
— шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін стильдік ерекшеліктерді талдайды;
— әлем әдебиеті туындыларымен салыстырады;
— фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстырады;
— жоспар құруда, мәтін құрастыруда білім, білік, дағдыларын жинақтайды;
— құндылықтарды басқа да халықтардың құндылықтарымен байланыстырады;
— композициялық, стильдік тұтастығын, тілдік ресімделуін бағалайды.
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізген дұрыс. Оларға жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
1-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім
Тақырып
Оқу мақсаттары
*Тапсырма түрлері
Балл
Түсіну және жауап беру
«Керқұла атты Кендебай» ертегісі
«Қобыланды батыр» жыры
Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны»
Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
5
Анализ және интерпретация
А/И2. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
10
Бағалау және салыстыру
Б/С1. Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
5
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру — 5 минут
Анализ және интерпретация — 15 минут
Бағалау және салыстыру — 20 минут
Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім — түсіну және жауап беру, екіншісі — анализ және интерпретация, үшіншісі — бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған.
6
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма
Қамтылатын мақсаттар
Тапсырмалар түрлері
*Тапсырмалар сипаттамасы
*Орындау уақыты, мин
Балл
1-5
Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Жауап нұсқалары
нан бір дұрысын таңдау / жабық сұрақтар
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
5
5
6-10
А/И2. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет.
15
10
11
Б/С1. Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Берілген тақырыпқа 70-80 сөз көлемінде өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.
20
5
Барлығы
40 минут
20
7
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің тақырыбын атаңыз.
А. әділдік
В. батырлық
С. махаббат
Д. ынтымақ
[1]
2. Батырлар жыры әдебиеттегі қандай жанрға жататынын анықтаңыз.
А. драмалық
В. лирикалық
С. трагедиялық
Д. эпостық
[1]
3. «Бұл не қылған дауыс?» деп, Қобыландының Естемістен сұраған сұрағына Естемістің жауабын табыңыз.
А. … Бұл сапарға бармасын, Бұл олжадан алмасын.
В. …Тақымға салып сүйретіп, Қабырғасын күйретті.
С. …Теңгені атып түсірген, Құртқаны сұлу сол алар.
Д. …Көктім Аймақ патшасы, Кезекті бұған береді.
[1]
4. « — Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны — өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды…» деген үзінді ертегінің қай бөлігі екенін анықтаңыз.
А. Кендебайдың аралға баруы.
В. Кендебайдың биені күзетуі.
С. Баланың ата-анасымен қауышуы.
Д. Кендебайдың хан бұйрығын орындауы.
[1]
5. «… Ұзақ жүріп шаршаған шығарсыз, ордама жүріп, тынығып кетіңіз», — дейді. Әңгімедегі қай кейіпкердің сөзі екенін анықтаңыз.
А.хан
В. кемпір
С. екі бала
Д. жетім бала
[1]
6. Аңыз бойынша Асан қайғының мінезіндегі ерекшеліктерді анықтаңыз, ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
7. Қарлығаның Қобыландыға көмектесуі дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
8. Кендебай батырдың бойынан қандай ерекшеліктерді көре алдыңыз? Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
8
9. Шығармада «Асан қайғы Желмая мініп желдіртіп,Сарыарқаны аралап жүргенде жерге айтқан сындары мынау екен…» делінген. Асан қайғының жерге айтқан сындарымен келісетіндігіңізді немесе келіспейтіндігіңізді білдіре отырып, ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
10. «Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті…» деген үзіндідегі ертегіге тән сипаттарды анықтаңыз. Өз тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен түйіндеңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
11. «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызындағы автор идеясын анықтап, сараптама жасаңыз. 70-80 сөз көлемінде өз көзқарасыңызды дәлелдеп, жазба жұмысын жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі

Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
В
1
2
Д
1
3
С
1
4
В
1
5
В
1
6
Аңыз бойынша Асан қайғының мінезіндегі сыншылдық қасиеттерін анықтайды.
1
Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
7
Қарлығаның іс-әрекетіне баға береді.
1
Өз көзқарасын білдіріп, 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазады.
1
8
Кендебайға мінездеме береді.
1
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
9
Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді.
1
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
10
Ертегіге тән сипаттарды анықтайды.
1
Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.
1
11
Шығармадағы автор идеясын анықтайды.
1
Жазба жұмысында Асан қайғының жерге айтқан сындарына сараптама жасалынады. Жерлердің шаруаға жайлы, жайсыз жақтарын айтқан тұстарын анықтайды, аңыздан мысал келтіріп, дәлелдейді.
Мәтіннен дәлел келтіреді.
1
Аңыздағы Асан қайғының жерге айтқан сынын сараптайды.
1
Өз көзқарасын білдіреді.
1
Жазба жұмысының көлемін сақтайды.
1
9
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
2-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім
Тақырып
Оқу мақсаттары
*Тапсырма түрлері
Балл
Түсіну және жауап беру
Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»
«Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?»
Т/Ж1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Т/Ж4. Көркем шығармалар
дан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
5
Анализ және интерпретация
А/И1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.
А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
10
Бағалау және салыстыру
Б/С3. Шығарма
дағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
5
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру — 5 минут
Анализ және интерпретация — 15 минут
Бағалау және салыстыру — 20 минут
Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім — түсіну және жауап беру, екіншісі — анализ және интерпретация, үшіншісі — бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған. 10
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма
Қамтылатын мақсаттар
Тапсырмалар түрлері
*Тапсырмалар сипаттамасы
*Орындау уақыты, мин
Балл
1-5
Т/Ж1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Т/Ж4. Көркем шығармалар
дан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа
айту
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
5
5
6-10
А/И1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдары
ның (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет.
15
10
11
Б/С3. Шығарма
дағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Берілген тақырыпқа 70-80 сөз көлемінде өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.
20
5
Барлығы
40 минут
20
11
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.«Дүние қайтсең табылады» әңгімесінің негізгі идеясын анықтаңыз.
А. еңбекті сүю
В. елді қорғау
С. байлықты табу
D. туған жерді аялау
[1]
2. «Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің.» Берілген үзіндідегі асты сызылған сөз тіркесі қандай ұғымды білдіретінін анықтаңыз.
А артта қалмау
В. баяу жүрмеу
С. ешқайда бармау
D. ешкімге жеткізбеу
[1]
3. «Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?» деген жолдардағы асты сызылған сөздер қандай көркемдегіш құрал екенін анықтаңыз.
А. кейіптеу
В. метафора
С. теңеу
D. эпитет
[1]
4. «… Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады.» Үзіндінің қай шығармадан алынғанын анықтаңыз.
А. «Атымтай Жомарт»
В. «Дүние қайтсең табылады?»
С. «Қыпшақ Сейітқұл»
D. «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
[1]
5. «…Ісім нық, малыма күтімді болдым. Ақырында сол кісінің айтқаны келіп, мінеки сол дүкеннің иесі болдым, — деді.» Үзінді әңгіменің қай бөлігіне жататынын анықтаңыз.
А басталуы
В. дамуы
С. шешімі
D. шиеленісі
[1]
6. «О, Ақтан, жас, Ақтан жас» өлеңінде жігіттің даңқын шығарып, оны мақсатына жеткізетін бір жол бар…» Автор пікіріне қолдау білдіре отырып, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
7. Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер еткенін тұжырымдап, өз пікіріңізді 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
8. Автор өлеңді неліктен Ақтан жасқа арнаған, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
12
[2]
9.«Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды..» Сейітқұлдың бұл іс-әрекетіне баға беріп, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
10. «…әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi.» деген Атымтай Жомарттың айтқан ойына 3-4 сөйлеммен өз пікіріңізді білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
11.«Антон өміріндегі тіленшіліктің зияны мен еңбекпен тапқан байлықтың пайдасы» туралы негізгі ойға қатысты өз көзқарасыңызды тұжырымдап, (сөз саны — 80-90) эссе жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі

Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
А
1
2
Д
1
3
С
1
4
С
1
5
С
1
6
Өлеңнен дәлелдер келтіреді.
1
Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
7
Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің берген ақылын анықтайды.
1
Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.
1
8
Өлең идеясын анықтайды.
1
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
9
Қыпшақ Сейітқұлдың іс-әрекетіне баға береді.
1
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
10
Атымтай Жомарттың пікірін сараптайды.
1
Өз пікірін 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
11
Шығармадағы басты мәселені анықтайды.
1
Тіленші Антонның еңбек ету арқылы байлыққа кенелуі туралы автор идеясын анықтайды. Идеяға қатысты өз көзқарасын білдіре отырып, эссе жазады.
Мәтіннен дәлел келтіреді.
1
Үзіндідегі ойды тұжырымдайды.
1
Өз көзқарасын білдіреді.
1
Жазба жұмысының көлемін сақтайды.
1
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
13
3-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім
Тақырып
Оқу мақсаттары
*Тапсырма түрлері
Балл
Түсіну және жауап беру
А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы, «Адамдық диқаншысы» өлеңі
«Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты
М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
5
Анализ және интерпретация
5.А/И2. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
10
Бағалау және салыстыру
Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
5
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру — 5 минут
Анализ және интерпретация — 15 минут
Бағалау және салыстыру — 20 минут
Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім — түсіну және жауап беру, екіншісі — анализ және интерпретация, үшіншісі — бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған. 14
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма
Қамтылатын мақсаттар
Тапсырмалар түрлері
*Тапсырмалар сипаттамасы
*Орындау уақыты, мин
Балл
1-5
Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
5
5
6-10
5.А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет.
15
10
11
Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Берілген тақырыпқа 70-80 сөз көлемінде өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.
20
5
Барлығы
40 минут
20
15
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Ақын «Егіннің бастары» өлеңінде адамның әрекетінен нені тұспалдайтындығын табыңыз.
А. мінезін
В. сымбатын
С. киімін
Д. шашын
[1]
2. «Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер…» деген кімнің сөзі екенін табыңыз.
А. Жантас
В. Жанар
С. Даулет
Д. Сұлтан
[1]
3. «Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың…» деген өлең жолдарынан ақынның нені үндегісі келетінін аңғаруға болады?
А. халықты еңбек етуге
В. халықтың мінезін өзгертуге
С. халықты сауатты болуға
Д. халықтың болашағын ойлауға
[1]
4. «Мұғалімдердің алды тысқа шығып үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің түбінен өтіп барады. «Қадыров түбінде адам болатын бала» деді…» кімнің сөзі екенін табыңыз.
А. Ахметов
В. Михайлова
С. Майқанова
Д. Оспанов
[1]
5. М. Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесінде оқиға желісінің қалай аяқталатындығын табыңыз.
А. Қали ағасымен қимай қоштасты.
В. Манап інісімен қоштасып, вокзалға қарай кетті.
С. Інісі мен ағасы арасындағы әңгіме жарасымын тапты.
Д. Манап інісін балалар үйінен өзімен бірге алып кетті.
[1]
6. «Бауыр» әңгімесінде Манап інісіне әкесінің қазасы жайында салт-дәстүрді қалай сипаттап жеткізетіндігі жайлы өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. ____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
[2]
16
7. «Әй, Сұлтан, Сұлтан. Сенің бойыңда кісі қызығарлық өнер-қабілеттер толып жатыр-ау…» Қожаның Сұлтан жайлы айтқан үзіндісін оқиғаға қатысты дәлел келтіре отырып, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
8. «Егіннің бастары» мысалындағы автордың «… Қалпы емес, тәкаппарлық данышпанның, Тұтынба бұл мінезді, балам» деген ой түйініне өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
9. Неге Ахмет Байтұрсынұлы өзін «Адамдық диқаншысы» деп атайды? Өз ойыңызды шығармадан үзінді келтіру арқылы 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
10. «Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың мінез-құлқы, өмірге көзқарасы жайлы не айтар едіңіз? Өз тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен түйіндеңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
11. «Қайтсін кіндігі бір болса да, өскен ортасы басқа. Адам жаңа қалпақ екеш қалпақты да байқап-байқап киеді. Жер астынан шыққан желім батырдай жабыса кеткен ағасын жатсынып отыр ғой…» Манаптың осы ойына өз көзқарасыңызды білдіріп, 100-120 сөз көлемінде эссе жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі

Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
А
1
2
Д
1
3
Д
1
4
С
1
5
В
1
6
«Бауыр» әңгімесінде Манап інісіне әкесінің қазасынан кейін басына зират тұрғызғанын әңгімелейді.
Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
Қазақ салт-дәстүрлері жайлы (әке қазасын еске алу, басына құран оқу т.б.) білуі ескеріледі.
Тәкаппарлық мінез жөнінде айтуы мүмкін.
1
7
Қожаның Сұлтан жайлы айтқан оқиғасына қатысты дәлелдер келтіреді.
1
Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
8
«Егіннің бастары» мысалындағы автордың «… Қалпы емес, тәкаппарлық данышпанның, Тұтынба бұл мінезді, балам» деген ой түйінінде
1
17
адамның мінезі жайлы айтады.
Қалидың мінезіндегі өзгешеліктер (- Спасибо. Как тебе?) өз ана тілінде сөйлемеуі, тік мінезділігі т.б. дәлелдер келтіреді.
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
9
Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді.
1
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
10
«Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың мінез-құлқы, өмірге көзқарасы жайлы әңгіме бойынша дәлелдер келтіреді.
1
Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.
1
11
Шығармадағы басты мәселені анықтайды.
1
Эссе тақырыбында балалар үйіндегі жетімдердің тағдыры басты мәселе ретінде қозғалады. Олардың өз туған-туыстарынан ажырап қалуының басты себебін анықтайды. «Бауыр» әңгімесінен дәлелдер келтірілуі тиіс.
Мәтіннен дәлел келтіреді.
1
Шығармадағы мәселенің өміршеңдігін сараптайды.
1
Өз көзқарасын білдіреді.
1
Эссе көлемін сақтайды.
1
18
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
4-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім
Тақырып
Оқу мақсаттары
*Тапсырма түрлері
Балл
Түсіну және жауап беру
Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі
Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі
Д. Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
5
Анализ және интерпретация
А/И2. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
10
Бағалау және салыстыру
Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
5
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру — 5 минут
Анализ және интерпретация — 15 минут
Бағалау және салыстыру — 20 минут
Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім — түсіну және жауап беру, екіншісі — анализ және интерпретация, үшіншісі — бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруге арналған. 19
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма
Қамтылатын мақсаттар
Тапсырмалар түрлері
*Тапсырмалар сипаттамасы
*Орындау уақыты, мин
Балл
1-5
Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
5
5
6-10
А/И2. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет.
15
10
11
Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Берілген тақырыпқа 70-80 сөз көлемінде өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.
20
5
Барлығы
40 минут
20
20
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі Есмағамбеттің бала алдында өзін кінәлі сезіну себебін анықтаңыз.
А. балаға шындықты айта алмауынан
В. балаға қамқор бола алмауынан
С. балаға дұрыс тәрбие бере алмауынан
Д. балаға берген уәдесін орындамауынан
[1]
2.Шығарманың «Мексика ұлы» деп аталу себебін табыңыз.
А. ақша үшін, ақшаға негізделген жеңіл өмірі үшін
В. өмірге құштарлығы, ерлік пен адамгершілігі үшін
С. қайтпас-қайсарлығын танытқаны, шеберлігі үшін
Д. елінің аянышты тұрмысы, аяққа тапталған ар-намысы үшін
[1]
3. «Үстіне су жаңа ақ футболка киген төрт жасар шамасындағы ер бала арнайы тіреу ағаштарымен керілген жүзім сабақтарының ұзына бойғы көлеңкесінің бір шетінде құммен ойнап отыр екен. Қолында ойыншық күрек… ойыншық шелек…» үзіндіден кейіпкер бейнесін анықтаңыз.
А. Балмағамбет
В. Есмағамбет
С. Сағынай
Д. Сержан
[1]
4. « Мексика ұлы» әңгімесіндегі Ривераның рингтегі басты қарсыласын табыңыз.
А. Дэнни
В. Келли
С. Роберт
Д. Росалью
[1]
5. «Өз ұлының төрі болғандықтан ба, шешей қала адамдарының ортасында, салтанатты дастарқанның басында еш қысылып-қымтырылатын емес. Жарықтық біздің әжелеріміз бұ кісінің қасында дүниеден түк қызық көрмей, бос өткен екен ғой әншейін…» осы үзіндіден кейіпкердің қандай сезімде болғанын анықтаңыз.
А. күйзелісін
В. қорқуын
С. қуанышын
Д. таңырқауын
[1]
6. «Нағыз әже» әңгімесіндегі «современный» әженің келбетін автор қалай сипаттайды? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
7. Жазушы Ривера бейнесі арқылы оқырманға қандай ой тастайды? Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
8. Азат неліктен кішкентай қыздарына «әжені» көрсетуге уәде етті? Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
21
9. Автор әңгімеде айлакер, тәжірибелі ринг королі Дэннидің нокаут алғаннан соң көңіл күйін қалай суреттейді? Ойыңызды шығармадан дәлелдер келтіру арқылы 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
10. «Бұл жолы оның бетінен әлденеше рет сүйді. Сүйіп болып Сержанның бетіне қараса, баланың екі көзінен жас сорғалап тұр екен…» үзіндідегі әңгіме кейіпкері не себепті осындай көңіл күйде болды? 3-4 сөйлеммен сипаттаңыз.
__________________________________________________________________________
[2]
11. «Асыл әжем, ғасыр әжем, аңсаған. Сағынышым сары ормандай самсаған, Әке болып жүргенімді ұмытып. Әлі күнге еркелеймін мен саған» дегендей, әже туралы пікірлерге өз көзқарасыңызды білдіріп, 100-120 сөз көлемінде эссе жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі

Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
Д
1
2
Д
1
3
Д
1
4
А
1
5
Д
1
6
«Нағыз әже» әңгімесіндегі «современный» әженің келбеті жайлы мәтіннен дәлелдер келтіреді.
1
Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
7
Шығарма сюжеті арқылы Ривера бейнесін талдайды.
1
Өз көзқарасын білдіріп, 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазады.
1
8
Азаттың кішкентай қыздарына «әжені» көрсетуге берген уәдесі жайлы дәлелдейді.
1
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
9
Айлакер, тәжірибелі ринг королі Дэннидің нокаут алғандағы күйін суреттейді.
1
Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.
1
10
Үзіндіден әңгіме кейіпкерінің жай-күйін түсіндіреді.
1
Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.
1
11
Шығармадағы басты мәселені анықтайды.
1
Эссенің негізгі тақырыбы «әже» ұғымын түсіндіре алуы көзделеді. «Нағыз әже қайда» әңгімесін негізге ала отырып, берілген мәнмәтінмен (контекспен) ұштастырылуы тиіс. Мәтіннен «әже» туралы деректер келтіруге болады.
Мәтіннен дәлел келтіреді.
1
Шығармадағы көтерілген мәселені бүгінгі күнмен байланыстырады.
1
Өз көзқарасын білдіреді.
1
Эссе көлемін сақтайды.
1
22

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь