ГЛАВНАЯ Публикация педагогов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ЖБ Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 5-сынып Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

ЖБ Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 5-сынып Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

15
0

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
5-сынып
2
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту
қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге
көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-
сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын
жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды
өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің
әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа
да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы
қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар)
қолданылды.
3
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР …………. 4
«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ………………………… 4
«Киім. Сән. Талғам.», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау …………………………………………………………………………………………………………………………… 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ……….. 12
«Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………. 12
«Менің бос уақытым және хобби» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ……………………………. 16
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ……….. 19
«Қиял әлемі» бөлімі тақырыптар бойынша жиынтық бағалау ………………………………………… 19
«Көлік және жол белгілері», «Адамның сырт келбеті мен мінезі» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау ………………………………………………………………………………………………………….. 22
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ……….. 25
«Аспан әлемінің құпиялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ………………………………….. 25
«Саяхат және демалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау …………………………………………… 27
4
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты Т/А2.Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени,
тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән
мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген
мәселені түсіндіру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені
ажыратады
Білу және түсіну
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені анықтаңыз.
Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
(https://www.youtube.com/watch?v=uNaJRUhuT58&noredirect=1 сайты, М.Шаханов)
5
2-тапсырма
Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Сөйлеу кезінде өз
көзқарасыңызды аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
1-мәтін. Тілеуберді Сахабаның Павлодар облыстық Тілдерді дамыту басқармасы Ұлттар
тілдерін дамыту бөлімінің басшысы Қымбат Сәкеновамен «Ұлт бірлігі – мемлекеттік
тілде» тақырыбындағы сұхбатынан үзінді.
2-мәтін. http://imurat.kz/shet-tilin-uirenu/ сайтынан алынған «Шет тілін білу не үшін
қажет?» тақырыбындағы мәтін.
1-мәтін
Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде
— Тіл – халық пен халықтың, ел мен елдің және ұлттар арасындағы достықтың ең
негізгі құралы. Осы орайда «Қазақстан халқының тілдері күні» еліміздегі ұлттар
достығын нығайтуда қандай рөл атқарады?
— Өзіңіз айтып өткендей, тіл – барша халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды
сақтаудың негізгі құралы. Адам тіл арқылы түсініседі, өзге ұлттың тілін қаншалықты
меңгерген болса, соншалықты сол ұлтқа жақындай түседі. Мұндай құбылысты қазіргі
қоғамнан анық байқауымызға болады. Бұл тұста тілдің тілден еш артықшылығы жоқ
екендігін айтып өткім келеді. Адам алдымен өз тілін білуі қажет. Одан кейін неше тілді
білсе де артықтығы жоқ.
Қазіргі таңда өзге ұлттардың қазақ тілін білуге деген ниетінің болуы – қазақ халқын
құрметтеуі. Жиырма жыл ішіндегі жеткен жетістігіміз. Ел бола алатынымызды
дәлелдедік, соның арқасында қазақ баласына, қазақ халқына деген сый-құрмет едәуір
артты.
(Сұхбаттасқан – Тілеуберді САХАБА (122 сөз)
2-мәтін
Шет тілін білу не үшін қажет?
Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз
жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл күй,
жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап
отыр.
Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, өз бетінше
мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады. Тілдерді өз бетінше үйрену кезінде
сөздіктерді оқу, (тіпті түсінбесең де) радио тыңдау пайдалы. Үйренуді сөздікпен
бастаңыз; өзіңізге белгілі бір жағдайларды ойдан шығарыңыз: досыңызбен кездесу, кино,
спорт және т.б. жайлы. Дұрыс сөйлеп үйрену өте маңызды – бұл тек ауызша сөйлеуді ғана
емес, сонымен қатар жазбаша сөйлемдерді де дұрыс және жеңіл айту, жазудың кепілі.
Шет тілінде сөйлеу – сол тілде ойлау дегенді білдіреді.
( http://imurat.kz/shet-tilin-uirenu/) (106 сөз)
Бағалау
критерийі

тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Тақырыпқа
байланысты
көтерілген
мәселені
ажыратады.
1 тақырыпқа қатысты мәселені анықтайды; 1
2 сөйлеу кезінде ойын жүйелі жеткізеді; 1
өз көзқарасын аргументтер мен мысалдар
арқылы дәлелдейді;
1
1
грамматикалық және лексикалық
құрылымдарды орынды қолданады;
1
сыни пікірлер айтады. 1
Барлығы 6
6
«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ______________________________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Тақырыпқа байланысты
көтерілген мәселені
ажыратады.
Тақырыпқа қатысты мәселені
анықтау, сөйлеу кезінде ойын
жүйелі жеткізу, өз көзқарасын
аргументтер мен мысалдар
арқылы дәлелдеу,
грамматикалық және
лексикалық құрылымдарды
орынды қолдану, сыни пікірлер
айту қиындық туғызады.
Тақырыпқа қатысты мәселені
анықтауда, сөйлеу кезінде ойын
жүйелі жеткізуде, өз көзқарасын
аргументтер мен мысалдар арқылы
дәлелдеуде, грамматикалық және
лексикалық құрылымдарды орынды
қолдануда, сыни пікірлер айтуда
қателіктер жібереді.
Тақырыпқа қатысты мәселені
анықтайды, сөйлеу кезінде
ойын жүйелі жеткізеді,
өз көзқарасын аргументтер мен
мысалдар арқылы дәлелдейді,
грамматикалық және
лексикалық құрылымдарды
орынды қолданады,
сыни пікірлер айтады.
7
«Киім. Сән. Талғам.», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты О2.Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік
айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану
Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды
бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру
Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен
құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру
құрастырып жазу
Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша
негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Мәтіннің стилін ажыратады
 Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады
 Хат жазудың талаптарын ұстанады
 Оқылым мәтіні бойынша негізгі ақпаратты анықтап,
жинақы (қысқа) мәтін жазады
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Төмендегі екі мәтінді салыстырып, айырмашылығын, стилін табыңыз, мәтіндердегі
қарамен белгіленген сөздің мағынасын табыңыз. Жұмысыңыздың көлемі шамамен
10-15 сөзден тұруы тиіс.
1-мәтін. Самал Шорманованың әнші Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбатынан үзінді.
2-мәтін. http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 сайтынан алынған.
1-мәтін
Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын»
– Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін әншілердің
қатарына жатқызады. Өзіңіздің ойыңызша қалай?
– Мен өзін сыйлаған, өзін жақсы көрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын. Оның
үстіне, өнер жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп
жүрмесе, онда адам өз-өзін сыйламағандығы. Өзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен
киінуге бала кезден құштармын. Себебі, анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде
ақшаң болған күннің өзінде киім тапшы болатын. Сондықтан анама әртүрлі сән
журналдарындағы киімдерді көрсетіп, тіктіртіп алатынмын.
(Сұхбаттасқан: Самал Шорманова. http://www.juldizdar.kz/?p=1191 сайтынан. 83 сөз)
2-мәтін
Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық
киімін — баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана
отырып, бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл
тұрмыс-салты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік
матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек-
жеңінің кең болатыны – қазақтың дархандығын, үрімді-бұтақты екендігін, мейірімін,
қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің
8
қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата
тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат көрсетіп,
дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді
таныған.
(http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 (108 сөз)
Мәтіндерді салыстыру
1 -мәтін 2- мәтін
Стилі
Айырмашылығы
2-тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз.
Сол күні қазақтың ең әдемі аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Көркіне ақылы
сай қаракөз қыздарымыздың барлығы да жеңістен үмітті. Алайда, елдің ең сұлу аруы
атану үшін бойжеткендерімізге жеңіл болған жоқ. Байқауға қатысушыларға қойылған
талаптар өте жоғары болды. Бұл сайыста арулар сұлу әрі көрікті ғана емес, сондай-ақ ана
тілін құрметтейтін, тарихын, салт-дәстүрін білетін, әдебиет пен мәдениеттен хабары
болуы шарт.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Мұнда бойжеткендер шығармашылық және
зияткерлік белсенділіктерін көрсетті. Сынға түскен аруларымыз сондай-ақ, қазақ эстрада
жұлдыздарымен бірге ән шырқап, би билеп, өнерлерін паш етті. Арулардың өнерін белгілі
тележүргізуші Айгүл Мүкей, отандық опера примасы Нұржамал Үсенбаева, ақын Айнұр
Тұрсынбаева, байқаудың продюсері Баян Есентаева, театр және кино актері Ғани
Құлжановтар бағалады.
«Қазақ аруы» байқауының бас жүлдесі 20 жасар маңғыстаулық Гүлназ Жолановаға
бұйырды. Ару тәжін Гүлназға байқаудың былтырғы жеңімпазы Әйгерім Қанатбаева
табыстады.
( http://lite.bnews.kz/kk/photonews/post/10189/ 133 сөз)
Жоспар
Кіріспе бөлім ____________________________
Негізгі бөлім ____________________________
Қорытынды бөлім ________________________
3-тапсырма
Сізге досыңыздан хат келді делік. Хатқа жауап жазыңыз (40-45 сөз).
Сәлем, Бақытжан!
Хал қалай? Өзім жақсымын. Отбасым аман-есен.
Мен өз фирмамды ашқым келеді. Онда шаштараз,
сән салоны болады деп ойлаймын. Барлық қағаздарды
дайындап жатырмын.
Сенен бір көмек керек. Фирмамды қалай атауды
білмей тұрмын. Сенің ойыңша, атау қандай болу
керек? Мүмкін, қос атау ма? Немесе тарихи атау
ма?
9
4-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып шығып, тест сұрақтарына жауап беріңіз.
«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің,
әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да
бір шағын ғана мемлекет.
15 мамыр — халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын
отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген
зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің
өлшемі деп білеміз.
(http://infourok.ru/otbasi-turali-303275.html (82 сөз)
1. Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.
A. Отан — отбасынан басталады
B. Келешектің өлшемі
C. Отбасы күні
D. Қоғамның діңгегі
2. Мәтіннің негізгі ойы қандай?
A. Отбасы — шағын мемлекет.
B. Отан отбасынан басталады.
C. Қоғам назарын отбасына аудару.
D. Тату болу, ынтымақтастықта болу.
3. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз.
A. отбасы, Отан, бала, болашақ
B. отбасы күні, елдің дамуы, отбасының аман-саулығы
C. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, бекітілді, отбасы мерекесі
D. сүйіспеншілік, зиялы қоғам, халықаралық
4. Еліміздің келешегінің өлшемі не?
A. отбасы күні
B. жанұяның береке-бірлігі
C. елдің дамуы
D. отбасының аман саулығы
5. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген нақыл сөзді қалай түсінесіз?
А. Отан отбасынан басталады.
В. Бала отбасынан тәрбие алады.
С. Отбасы — шағын мемлекет.
D. Отбасы — қоғамның діңгегі.
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің стилін
ажыратады
1 стиль түрін анықтайды; 1
мәтіндерді салыстырады; 1
сөзді орынды қолданады; 1
ауызша, жазбаша стильді ажыратады; 1
Мәтін мазмұнына сай
жоспар құрады.
2 мәтін мазмұны бойынша шағын жоспар
құрады;
1
10
Хат жазудың
талаптарын ұстанады
3 хатқа тән белгілерді сақтайды (40-45 сөз); 1
мазмұнын тақырыпқа сай, қызықты, әсерлі
жазады;
1
хат құрылымын сақтайды; 1
қажетті бейнелеуіш құралдарды орынды
қолданады;
1
хатты сауатты, талапқа сай жазады; 1
Оқылым мәтіні
бойынша негізгі
ақпаратты анықтап,
жинақы (қысқа) мәтін
жазады
4 мәтіндегі ақпаратқа сәйкес нұсқаны дұрыс
белгілейді.
1
Барлығы 11
11
«Киім.Сән.Талғам», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-
аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Жоғары Орта Төмен
Мәтіннің стилін ажыратады Стиль түрін анықтауда,
мәтіндерді салыстыруда,
сөз саптауда ауызша, жазбаша
стильді ажыратуда қиналады
Стиль түрін анықтауда,
мәтіндерді салыстыруда,
сөз саптауда ауызша, жазбаша
стильді ажыратуда қателіктер
жібереді
Стиль түрін анықтайды,
мәтіндерді салыстырады,
сөз саптауы орынды,
ауызша, жазбаша стильді
ажыратады
Мәтін мазмұнына сай жоспар
құрады
Мәтін мазмұны бойынша шағын
жоспар құру қиындық туғызады
Мәтін мазмұны бойынша
шағын жоспар құруда
қателеседі
Мәтін мазмұны бойынша шағын
жоспар құрады
Хат жазудың талаптарын
ұстанады
Хатқа тән белгілерді сақтауда, (40-
45 сөз) мазмұнын тақырыпқа сай,
қызықты, әсерлі жазуда,
хат құрылымын сақтауда,
қажетті бейнелеуіш құралдарды
қолдануда, жазуда қиналады
Хатқа тән белгілерді сақтауда,
(40-45сөз) мазмұнын тақырыпқа
сай, қызықты, әсерлі жазуда,
хат құрылымын сақтауда,
қажетті бейнелеуіш құралдарды
қолдануда, жазуда қателіктер
жібереді
Хатқа тән белгілерді сақтайды,
(40-45сөз)
мазмұнын тақырыпқа сай,
қызықты, әсерлі жазады,
хат құрылымын сақтайды,
қажетті бейнелеуіш құралдарды
орынды қолданады,
сауатты жазады
Оқылым мәтіні бойынша
негізгі ақпаратты анықтап,
жинақы (қысқа) мәтін жазады
Мәтіндегі ақпаратқа сәйкес нұсқаны
дұрыс белгілеуде қиналады
Мәтіндегі ақпаратқа сәйкес
нұсқаны дұрыс белгілеуде
қателеседі
Мәтіндегі ақпаратқа сәйкес
нұсқаны дұрыс белгілейді
12
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты О6.Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын
түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу
ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп
мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді
көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай
отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны
сипаттап не суреттеп жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Мәтіннің мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты
анықтайды
 Мәтін құрамындағы сөздерді синонимдерімен,
антонимдерімен қатар қолданады
 Жазба жұмысында эссе құрылымын сақтап, оқиғаны
сипаттап жазады
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.
1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл
одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің
«Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер
Скотт ұсынды.
«Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге
барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, жабайы
қызғалдақ т.б. аңдар мен құстар, өсімдіктер кіреді. Бүгінгі күні
Қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қосмекенділер,
жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер, өсімдіктер енгізілді.
Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар:
дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт.
Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер
қорықтарда қорғалып, сақталады.
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз
емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу-
Жабағылы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл,
Алакөл, Қаратау.
(132 сөз)
1. 3-абзацта не туралы айтылған?
А) жануарлар жайлы кітап шығару туралы
В) жануарлар дүниесі туралы
С) табиғатта аз кездесетін жануарлар туралы
Д) табиғатты қорғау туралы
13
2. «Қызыл кітапқа» енген жануарды белгілеңіз?
А) арқар
В) бірқазан
С) қызғалдақ
Д) тырна
3. Қай мақал-мәтел мәтіннің идеясына сәйкес келеді?
А) Бұлақ болмаса, өзен болмас еді.
В) Бір тал кессең, он тал ек.
С) Табиғат – тал бесік.
Д) Жердің көркі тал болар, елдің көркі мал болар.
2-тапсырма
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, өз ойыңызды білдіре
отырып жазыңыз. Сөз саны — 60-70.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
3-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, қарамен белгіленген сөздердің синонимін, антонимін табыңыз.
Ақ сексеуіл
Ақ сексеуілдің ұшар басы ақшылдау болып келеді.
Сексеуілдің ағашы өте мықты әрі ауыр болғандықтан, суға
батып кетеді. Бұл — таскөмір беретіндей жылу бөле алатын
бағалы отын. Тамырының ұзындығы 10 метрден асып
жығылатын сексеуілдің жер бетіндегі діңі бес метрден асады.
Оның ұзын әрі кеңінен тармақталған тамырлары сусымалы
құмды торлап алып, оның қозғалысын тежейді. Осы себепті
сексеуіл құмды тоқтатуға таптырмайтын өсімдік болып
табылады. Шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді.
(71 сөз)
4-тапсырма
Белгілі бір мекендегі шипалы өсімдіктер туралы (25-30 сөз көлемінде) сипаттап
жазыңыз.
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі және
қосымша ақпаратты
анықтайды
1 мәтінге сай ақпараттарды ажыратады; 1
мәтіндегі қосымша ақпараттарды
анықтайды;
1
2 тақырыпқа қатысты өз ойын білдіреді; 1
орфографиялық, пунктуациялық
тұрғыдан сауатты жазады (айтады);
1
1
мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты
сөздер немесе сөз тіркестерін анықтайды;
1
3 тақырыпқа қатысты синонимдердің
баламасын табады;
1
тақырыпқа қатысты антонимдердің
балама мағынасын табады;
1
Мәтін құрамындағы
сөздерді
синонимдерімен,
антонимдерімен қатар
қолданады
14
Жазба жұмысында эссе
құрылымын сақтап,
оқиғаны сипаттап
жазады
4 эссе тақырыбына қатысты өз ойын
білдіреді;
құрылымын сақтайды (кіріспе, негізгі,
қорытынды);
затты сипаттап жазады;
көлемін сақтайды.
1
1
1
1
Барлығы 13
15
«Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Жоғары Орта Төмен
Мәтіндегі негізгі және
қосымша ақпаратты
анықтайды
Мәтінге сай ақпараттарды,
анықтау, тақырыпқа қатысты өз
ойын білдіру, жазу, негізгі
ақпараттарға қатысты сөздер
немесе сөз тіркестерін анықтау
қиындық туғызады
Мәтінге сай ақпараттарды,
анықтауда, тақырыпқа қатысты өз
ойын білдіруде, жазуда, негізгі
ақпараттарға қатысты сөздер
немесе сөз тіркестерін анықтауда
қателіктер жібереді
Мәтінге сай ақпараттарды
анықтайды, тақырыпқа қатысты
өз ойын білдіреді, сауатты
жазады, негізгі ақпараттарға
қатысты сөздер немесе сөз
тіркестерін анықтайды
Тақырыпқа қатысты
синонимдердің, антонимдердің
балама мағынасын табуда
қиналады
Тақырыпқа қатысты
синонимдердің, антонимдердің
балама мағынасын табуда
қателеседі
Тақырыпқа қатысты
синонимдердің, антонимдердің
балама мағынасын табады
Жазба жұмысында эссе
құрылымын сақтап, оқиғаны
сипаттап жазады
Эссе тақырыбына қатысты өз
ойын білдіру, құрылымын сақтау,
затты сипаттап жазу, көлемін
сақтау қиындық туғызады
Эссе тақырыбына қатысты өз
ойын білдіруде, құрылымын
сақтауда, затты сипаттап
жазуда, көлемін сақтауда
қателеседі
Эссе тақырыбына қатысты өз
ойын білдіреді, құрылымын
сақтайды, затты сипаттап
жазады, көлемін сақтайды
Мәтін құрамындағы сөздерді
синонимдерімен,
антонимдерімен қатар
қолданады
16
«Менің бос уақытым және хобби» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға
жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Сұрақтарға жауап беру арқылы көтерілген
мәселені анықтайды
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, мәтінге сай негізгі тақырыпты анықтаңыз. Тақырыпқа
байланысты көтерілген мәселені түсіндіріңіз.
Үй ішіндегі мұражай
75 жастағы Жорж Дау өмірін аң аулаумен
өткізген. Осы хоббидің жетегімен, ол әлемнің көп
түкпірін аралап үлгерген. Қазірде оның үйі үйден гөрі
жануарлар мұражайына келіңкірейді.
Аңшының коллекциясында аю, морж, керік,
мүйізтұмсық, бегемот, тау ешкілері, газель, гепард,
арыстан, маймыл, піл, зебра секілді жануарлар бар.
Жорждың айтуынша, ол өзінің алғашқы киігін
солтүстік Квебекте жүріп атып алған. Ол содан кейін
Британ Колумбиясына жол тартып, тағы екі жануарды
өлтірген. Міне содан бері оның аңшылық өмірі
басталған екен. Жорж осы уақытқа дейін 40-қа жуық елде аңшылық қылған.
Бірнеше жылдан соң, Жорж аулап алған аңдарын қатырып, үйіне әкеліп қоюды ойға
алады.
Мамандардың есептеуінше, мұражайдың құны 5,3 миллион фунт стерлингті (8,7
миллион доллар) құрайды.
(110 сөз)
Алтын тағалы арғымақ
Өмірдерегінде Халықаралық «Алаш» әдеби
сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбайдың
жылқышы болғаны айтылады. Бұл, әрине, аса
таңырқай қоятын жәйт емес. Ал оның таға жинайтын
әуестігі жөніндегі сөз біршама қызықтыруы әбден
мүмкін.
Жылқышының баласы екен. Ат пен ат
әбзелдеріне деген құмарлық адам жанының әуелден
жылқыға жақындығынан негіз алса керек.
Таға жастайынан өмірдегі қым-қуыт әсерлерді сіңіре-сіңіре ақындық орбитасына
көтеріліп кеткен ауыл баласының сонау қаршадайда бәйгеге шапқан балғын күндерінен
бергі дәнекердей сезіледі. Осылардың ортасында ойға батып, шалқар шабытқа нәр алып
17
отыратындай.
Ғалекең бастапқыда көзіне оттай басылып, көңілін баураған кәдімгі болат
тағаларды жинастырып көрсе керек. Бірақ бұлар қала жағдайында бірталай қолайсыздық
туғызады. Содан біртіндеп тағаның кәдесый пішініндегі түрлерінің оңтайлы екенін
түсінеді. Ал іздесең, мұның алтынын да, күмісін де табуға болады. Және өте ыңғайлы.
Эстетикалық жағынан сонша тартымды.
(Құлтөлеу Мұқаш, (122 сөз)
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
ССұұррааққттааррғғаа жжааууаапп
беру арқылы
көтерілген мәселені
анықтайды
1 тақырыпты ашады; 1
күтпеген сұрақтарға тез әрі орынды жауап
береді;
1
талқылау кезінде өз ойын толық жеткізеді. 1
Барлығы 3
18
«Менің бос уақытым және хобби» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Жоғары Орта Төмен
Сұрақтарға жауап беру
арқылы көтерілген
мәселені анықтайды
Тақырыпты түсініп, күтпеген
сұрақтарға жауап беруде, талқылау
кезінде өз ойын жеткізуде қиналады
Тақырыпты түсініп, күтпеген
сұрақтарға жауап беруде, талқылау
кезінде өз ойын жеткізуде қателіктер
жібереді
Тақырыпты ашады, күтпеген
сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды,
талқылау кезінде өз ойын толық
жеткізеді
19
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қиял әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және
қосымша ақпаратты анықтау
Т/А2.Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени,
тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні,
хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені
түсіндіру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Мәтіннің мазмұнына қатысты қосымша ақпаратты
анықтайды
 Тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені
ажыратады
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, идеясын жұбыңызбен талқылаңыз. Мәтіндегі қосымша ақпаратты
анықтаңыз. Тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені түсіндіріңіз.
1-мәтін
Қиял туралы жалпы ұғым
Ертегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай
мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан
шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ
Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша
сарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының
айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін
құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға
айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыны
ертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты
байқай алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па?
2-мәтін
Қиял
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән
психикалық процесс: «…барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік
сақталатын төзімділік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда
болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға
түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап,
өңдеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
(kitaphana.kz сайтынан)
20
2-тапсырма
Суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырыңыз.
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің мазмұнына
қатысты қосымша
ақпаратты анықтайды
1 тақырып туралы мәліметтерді
анықтайды;
1
тақырыпқа қажетті тірек сөздерді
орынды қолданып, ойын жүйелі
жеткізеді;
1
сөздік қоры мол, көркемдегіш
құралдарды дұрыс қолданады;
1
Тақырыпқа
байланысты
көтерілген мәселені
ажыратады
мәселеге дербес баға береді; 1
сыни пікірлер айтады; 1
сөзді орынды жеткізеді; 1
мәтіннен қосымша ақпараттарды
анықтайды;
1
2 сурет желісі бойынша кейіпкерлерді
қатыстыра отырып, әңгіме құрастырады.
1
1
1
Барлығы 10
21
«Қиял әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің мазмұнына
қатысты қосымша
ақпаратты анықтайды.
Тақырып туралы мәліметтерді,
қажетті тірек сөздерді орынды
қолданып, ойын жүйелі жеткізуде,
сөздік қорды, көркемдегіш
құралдарды қолдануда қиналады.
Тақырып туралы мәліметтерді,
қажетті тірек сөздерді қолдануда,
ойын жеткізуде, сөздік қорды,
көркемдегіш құралдарды қолдануда
қателеседі.
Тақырып туралы мәліметтерді,
қажетті тірек сөздерді орынды
қолданып, ойын жүйелі
жеткізеді,
сөздік қоры мол, көркемдегіш
құралдарды қолданады.
Тақырыпқа байланысты
көтерілген мәселені
ажыратады.
Мәселеге дербес баға беру, сыни
пікірлер айту, сөз саптау, мәтіннен
қосымша ақпараттарды анықтау
қиындық туғызады.
Мәселеге дербес баға беруде,
сыни пікірлер айтуда,
сөз саптауда, мәтіннен қосымша
ақпараттарды анықтауда қателіктер
жібереді.
Мәселеге дербес баға береді,
сыни пікірлер айтады, сөз
саптауы орынды,
мәтіннен қосымша ақпараттарды
анықтайды.
22
«Көлік және жол белгілері», «Адамның сырт келбеті мен мінезі» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты Ж4.Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай
отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны
сипаттап не суреттеп жазу
Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша
негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу
ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын,
емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық
нормаға сай жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Жазылым құрылымын сақтайды, белгілі бір оқиғаны
сипаттап жазады
 Үндестік заңын ескеріп, сауатты жазады
 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап, жинақы
(қысқа) мәтінді түрлендіріп жазады
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Көпшілік мінетін көліктердегі әдептілік негізі сақтала ма? Ойыңызды сипаттап не
суреттеп жазыңыз (50-60 сөз көлемінде).
2-тапсырма
Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына
негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, бір сөйлемге дейін ықшамдаңыз. Мәтінді
ықшамдауда есім сөздерді жалғаулар арқылы түрлендіріп жазыңыз.
Түпнұсқа мәтін Жинақы
мәтін
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа
адамдармен қатынаса отырып, әр адам өз мінезін танытады және
өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы»,
«жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған
жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», — деп жауап береміз. Түрліше
мінез иелері ұқсас жағдайларда әртүрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз
келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның
әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың
тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын
болжай аламыз.
Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа
қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті
орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды.
Сонымен қатар шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды
психологиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін
арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
23
Мінез-құлқымен тығыз байланыста
Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-
мұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен
танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол қандай адам, сол
жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл — адамды
адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан
әлдекімді бір көргенде-ақ, «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ
екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан
шығар», — деп те жатамыз. Әйтеуір адамның сыртқы келбеті не
сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.
М.Сүлеймен
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Жазылым құрылымын
сақтайды, белгілі бір
оқиғаны сипаттап
жазады
1 эссенің кіріспе бөлімінде
қоғамдық көліктегі әдептілік
туралы сипаттайды (10 сөз);
1
эссенің негізгі бөлімінде қоғамдық
көліктегі болған оқиғаны
сипаттайды (30 сөз);
1
эссенің қорытындысында қоғамдық
көліктерде әдептілік негізін
сақтауға шақырады (20 сөз);
1
эссе құрылымын сақтайды
(кіріспе, негізгі, қорытынды);
1
Үндестік заңын ескеріп,
сауатты жазады
ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық
жеткізеді, үндестік заңына
қатысты қателерді жібермейді.
1
Мәтіндегі негізгі
ақпаратты анықтап,
жинақы (қысқа) мәтінді
түрлендіріп жазады
2 жинақы мәтін құрастыруда негізгі
ойды білдіретін сөйлемдерді
іріктейді;
1
мәтіндегі негізгі ақпараттарға
сүйеніп, жинақы мәтін жазады;
1
есім сөздерді жалғаулар арқылы
түрлендіріп қолданады;
1
грамматикалық және лексикалық
құрылымдарды орынды
қолданады;
1
орфографиялық тұрғыдан сауатты
жазады.
1
Барлығы 10
24
«Көлік және жол белгілері», «Адамның сырт келбеті мен мінезі» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ____________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Жазылым құрылымын
сақтайды, белгілі бір оқиғаны
сипаттап жазады
Эссенің кіріспе бөлімінде
қоғамдық көліктегі әдептілік
туралы түсінік беру (10 сөз),
негізгі бөлімінде қоғамдық
көліктегі болған оқиғаны
сипаттау (30 сөз),
қорытындысында қоғамдық
көліктерде әдептілік негізін
сақтауға шақыру (15 сөз),
құрылымын сақтау (кіріспе,
негізгі, қорытынды) қиындық
туғызады
Эссенің кіріспе бөлімінде
қоғамдық көліктегі әдептілік
туралы түсінік беруде (10 сөз),
негізгі бөлімінде қоғамдық
көліктегі болған оқиғаны
сипаттауда (30 сөз),
қорытындысында қоғамдық
көліктерде әдептілік негізін
сақтауға шақыруда (15 сөз),
құрылымын сақтауда (кіріспе,
негізгі, қорытынды) қателіктер
жібереді
Эссенің кіріспе бөлімінде
қоғамдық көліктегі әдептілік
туралы түсінік береді (10 сөз),
негізгі бөлімінде қоғамдық
көліктегі болған оқиғаны
сипаттайды (30 сөз),
қорытындысына қоғамдық
көліктерде әдептілік негізін
сақтауға шақырады (15 сөз), эссе
құрылымын сақтайды (кіріспе,
негізгі, қорытынды)
Үндестік заңын ескеріп,
сауатты жазады
Ойын жеткізуде қиналады Ойын еркін, әсерлі етіп
жеткізуде қателер жібереді
Ойын еркін әрі әсерлі етіп толық
жеткізеді
Мәтіндегі негізгі ақпаратты
анықтап, жинақы (қысқа)
мәтінді түрлендіріп жазады
Жинақы мәтін құрастыруда
негізгі ойды білдіретін
сөйлемдерді іріктеуде, жинақы
мәтін жазуда, зат есімдерді
жалғаулар арқылы түрлендіріп,
грамматикалық және
лексикалық құрылымдарды
қолдануда қиналады
Жинақы мәтін құрастыруда
негізгі ойды білдіретін
сөйлемдерді іріктеуде,
негізгі ақпараттарға сүйеніп,
жинақы мәтін жазуда, зат
есімдерді жалғаулар арқылы
түрлендіріп, грамматикалық
және лексикалық
құрылымдарды орынды
қолдануда қателеседі
Жинақы мәтін құрастыруда негізгі
ойды білдіретін сөйлемдерді
іріктейді, мәтіндегі негізгі
ақпараттарға сүйеніп жинақы
мәтін жазады, зат есімдерді
жалғаулар арқылы түрлендіріп
қолданады, грамматикалық және
лексикалық құрылымдарды
орынды қолданады,
сауатты жазады
25
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Аспан әлемінің құпиялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап
беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Көтерілген мәселе бойынша өз ойын сұрақтарға
жауап беру арқылы білдіреді
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, идеясын жұбыңызбен талқылаңыз. Мәтіндегі көтерілген басты
мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы
дамытып, дәлелдеңіз.
Қазақстандық саяхатшы
Қазақ жігіті жер шарын велосипедпен араламақ, — деп хабарлайды Азаттық.
26 жастағы Мағжан Сағымбаев 28 мың шақырым жолды жүріп өтпек. 2014 жылдың 1
мамырында басталатын саяхат 2015 жылы наурыз айында аяқталады. «Сапарымда
Қазақстаннан бастап, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия елдеріне барамын. Одан әрі
Еуропаның 18 еліне сапарлауды жоспарлап отырмын. Солтүстік Америкада АҚШ
территориясын, Аустралия, Малайзия, Тайланд, Камбоджа, Вьетнам, Қытайды шарлап
шығамын. Қытайдан кейін елге ораламын», — дейді саяхатшы. Ол күніне 50-ден 200
шақырымға дейін жол жүруді жоспарлап отыр. АҚШ-ты 100 күнде, Қытайды 90 күнде,
Аустралияны 30 күнде аралап шықпақ. Мағжан Сағымбаев: «Әр қаладан көрген-білгенімді
әлеуметтік желі мен блогым арқылы бөлісіп отырамын», — дейді.
(kaztrk.kz сайтынан, 104 сөз)
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Көтерілген мәселе
бойынша өз ойын
сұрақтарға жауап беру
арқылы білдіреді
1 тақырыпты анықтайды; 1
күтпеген сұрақтарға тез әрі орынды
жауап береді;
1
талқылау кезінде өз ойын толық
жеткізеді.
1
Барлығы 3
26
«Аспан əлемінің құпиялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _____________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Көтерілген мәселе бойынша
өз ойын сұрақтарға жауап
беру арқылы білдіреді
Тақырыпты анықтау, күтпеген
сұрақтарға жауап беру, талқылау
кезінде өз ойын жеткізу қиындық
туғызады
Тақырыпты анықтауда, күтпеген
сұрақтарға жауап беруде, талқылау
кезінде өз ойын толық жеткізуде
қателеседі
Тақырыпты анықтайды, күтпеген
сұрақтарға тез жауап береді, талқылау
кезінде өз ойын толық жеткізеді
27
«Саяхат және демалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты О1.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну,
анықтау
5.ӘТН5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін
дұрыс қолдану
Ж4.Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай
отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны
сипаттап не суреттеп жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты анықтайды
 Тыныс белгілерді орынды қолданады
 Жазылымның құрылымын сақтап, оқиғаны сипаттап
жазады
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Төмендегі үзінділерді оқып, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз. Екі
мәтінді салыстырып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
1-мәтін
Сұхбат
— Құрметті Сабыр Шәріп мырза, қазіргі таңда Қазақстанды туризм
орталығына айналдыру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Алыстан арбалағанша,
жақыннан дорбала» деген қазақ мақалына сай, өз елімізде де демалатын орындар
жетерлік емес пе? Осы орайда өз пікіріңізді ортаға салсаңыз.
— Иә, дұрыс айтасыз. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты
себептерінің бірі — географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда
қазақстандықтар демалыс орындарында демала алады. Бурабай демалыс аймағы өзінің
сұлулығы, көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен —
«Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және
асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының
ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды
суымен танымал. Курорттағы ауа, керемет, дала шөптері мен қылқанды орман иісімен
қаныққан таза ауа.
(kk.wikipedia.org) (111 сөз)
2-мәтін
Нұсқаулық
Саяхат ережесі
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасына
демалыс кезінде жаңа ортаның климаты, тамағы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп
шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де
саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге
барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін
десеңіз…
28
Саяхатқа шықпас бұрын:
Барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап,
біліп алыңыз;
Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес
алыңыз.
(kk.wikipedia.org) (82 өз)
2-тапсырма
Жаздың шуақты күні жанұяңызбен бірге саяхатқа бардыңыз. Алған әсеріңізді
сипаттап жазыңыз. Жазба жұмысыңызда төл сөздерді келтіріп, тыныс белгілерін дұрыс
қолданыңыз (35-50 сөз көлемінде).
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі,
қосымша ақпаратты
анықтайды
1 мәтінге сай ақпараттарды анықтайды; 1
мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты
сөздер немесе сөз тіркестерін анықтайды;
1
Жазылымның
құрылымын сақтап,
оқиғаны сипаттап
жазады
2 кіріспе бөлімде отбасымен қай жерге
саяхатқа шыққандығы туралы жазады (10
сөз);
1
негізгі бөлімде саяхаттағы бір күнінде
болған оқиғаны сипаттап жазады (30
сөз);
1
қорытынды бөлімде саяхаттан алған
әсерімен бөліседі (10 сөз);
1
эссе құрылымын сақтайды (кіріспе,
негізгі, қорытынды);
1
мәтінде кездескен төл сөздердің тыныс
белгілерін орынды қояды.
1
Барлығы 7
Тыныс белгілерді
орынды қолданады
29
«Саяхат және демалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні __________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндегі негізгі, қосымша
ақпаратты анықтайды
Мәтінге сай ақпараттарды,
мәтіндегі негізгі ақпараттарға
қатысты сөздер немесе сөз
тіркестерін анықтау қиындық
туғызады
Мәтінге сай ақпараттарды,
мәтіндегі негізгі ақпараттарға
қатысты сөздер немесе сөз
тіркестерін анықтауда қателіктер
жібереді
Мәтінге сай ақпараттарды,
мәтіндегі негізгі ақпараттарға
қатысты сөздер немесе сөз
тіркестерін анықтайды
Төл сөздердің тыныс белгісін қоюда
қиналады
Жазылымның құрылымын
сақтап, оқиғаны сипаттап
жазады
Кіріспе бөлімде отбасымен қай
жерге саяхатқа шыққандығы туралы
(10 сөз), негізгі бөлімде саяхаттағы
бір күнінде болған оқиғаны сипаттап
жазуда (30 сөз), қорытынды бөлімде
саяхаттан алған әсерімен бөлісуде
(10), құрылымын сақтауда (кіріспе,
негізгі, қорытынды) қиналады
Кіріспе бөлімде отбасымен қай
жерге саяхатқа шыққандығы туралы
(10 сөз), негізгі бөлімде саяхаттағы
бір күнінде болған оқиғаны сипаттап
жазуда (30 сөз), қорытынды бөлімде
саяхаттан алған әсерімен бөлісуде
(10), құрылымын сақтауда (кіріспе,
негізгі, қорытынды) қателіктер
жібереді
Кіріспе бөлімде отбасымен қай
жерге саяхатқа шыққандығы
туралы жазады (10 сөз),
негізгі бөлімде саяхаттағы бір
күнінде болған оқиғаны сипаттап
жазады (30 сөз), қорытынды
бөлімде саяхаттан алған әсерімен
бөліседі (10), эссе құрылымын
сақтайды (кіріспе, негізгі,
қорытынды)
Тыныс белгілерді орынды
қолданады
Төл сөздердің тыныс белгісін қоюда
қателеседі
Төл сөздердің тыныс белгісін қояды
􀉀􀉚􀉡􀉛􀉚􀉥􀉚􀉪􀔑􀉚􀀃􀉚􀉪􀉧􀉚􀉥􀔑􀉚􀉧􀀃􀉨􀉪􀉵􀉧
􀉀􀉚􀉡􀉛􀉚􀉥􀉚􀉪􀔑􀉚􀀃􀉚􀉪􀉧􀉚􀉥􀔑􀉚􀉧􀀃􀉨􀉪􀉵􀉧
Теруге 25.07.2017. берілді. Басуға 27.07.2017. қол қойылды.
Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс.
Шартты б. т.3,36. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574
«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.
010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй.
e-mail: info@cpm.kz.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь