ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ЖБ География пәнінен 8-сынып тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация

ЖБ География пәнінен 8-сынып тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация

425
0

«География» пәнінен
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған
спецификация
8-сынып
ЖОБА
2
ЖОБА
Мазмұны
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат …………………………………………. 4
3. Күтілетін нәтиже ……………………………………………………………………………………………………………………….. 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу……………. 6
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері …………………………………………………………….. 6
7. Модерация және балл қою…………………………………………………………………………………………………………. 7
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………………… 8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ …………………………………. 14
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ …………………………………. 20
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ …………………………………. 28
3
ЖОБА
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан
барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған
оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтиже
Біледі:
практикалық жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;
географиялық зерттеулер әдістерін; аумақтық кешендерді; географиялық объектілердің,
процестер мен құбылыстардың мәнін, жіктелуін, таралу және орналасу ерекшеліктерін;
заманауи геоақпараттық жүйелердің жұмыс істеу ерекшеліктері мен қолдану аясын;
географиялық қабық пен географиялық ортаның, геосфералардың құрамын, құрылымын,
заңдылықтарын, дамуының басты кезеңдерін; карталардың түрлерін, жіктелуін және
элементтерін; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және
Қазақстан Республикасының табиғаты ерекшеліктерін; әлем, жекелеген аймақтар, елдер
және Қазақстан Республикасы шаруашылығының аумақтық және салалық құрылымын, даму
жағдайлары мен факторларын; халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен
нысандарын; елді мекендердің түрлерін, құрылымын, Қазақстан аймақтарының табиғиресурстық әлеуетін; елдердің типологиясын; экономикалық жүйелердің модельдерін;
халықаралық байланыстардың түрлерін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын.
Түсінеді:
табиғи және әлеуметтік–экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың
мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерешеліктерін;
географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын;
географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін,
салдарын, мәнін; геосаяси процестерді; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал өрісін,
өзара әрекеттестігін.
Қолданады:
тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі
географиялық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу
жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін; практикалық жұмыстарды орындау барысында
географияның заңдары мен формулаларын;нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді,
демографиялық көрсеткіштердің маңыздылығын түсіндіруде есептеу әдістерін қолданады;
картометрия тәсілдерін, кеңістікте бағдарлау және навигациялық дағдыларды.
Талдайды:
ғылыми –жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді; графиктік және
кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына
және оның құрылымына тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы
процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану
ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын;
географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылымижаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; демографиялық проблемаларды;
4
ЖОБА
Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік
дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен орнын.
Жинақтайды:
кесте,сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған
және өңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға
арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді, эксперимент және зерттеулер жүргізу
жоспарын; эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу
және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді.
Бағалайды:
жасалған эксперименттің нәтижелерін ; түрлі физикалық және химиялық процестердің
адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; тірі табиғат компоненттері
арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс
пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық
объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттамасы Ұсынылған
тапсырма түрі
Білу және
түсіну
Жер бедерінің түрлерін топтастырады, тау
жыныстары мен минералдарды қасиетіне қарай
жіктейді, ауылшаруашылығы және өнеркәсіп,
қызмет көрсету салаларын ұйымдастыру
формаларын сипаттайды.
КТБ -Көп таңдауы
бар тапсырмалар
ҚЖ -Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
Қолдану География ғылымының салаларын графикалық
түрде көрсетеді, географияның салаларға бөлінуін
дәлелдейді, зерттеу әдістерін анықтайды,
география ғылымындағы зерттеулердің
маңыздылығын түсіндіреді, тақырыптық
каталарды оқиды, тақырыптық карталарды
қосымша элементтермен толықтырады,
географиялық номенклатура нысандарын кескін
картада белгілейді, атмосфераның ғаламдық
циркуляциясын сипаттайды және дәлеледейді, әр
материктердегі климаттық белдеулердің
ұқсастықтар мен айырмашылығын ажыратады,
құрлық суларының түрлері мен қалыптасуын
сипаттайды, өзендердің гидрологиялық режимін
дәлелдейді, биіктік белдеулердегі табиғат
зоналарының қалыптасуын дәлелдейді, табиғат
зоналарын жоспар бойынша сипаттайды,
географиялық қабықтың құрамы мен құрылымын
графикалық түрде көрсетеді, халық санын
анықтаудың әдісін сипаттайды, елдердің
демографиялық көрсеткіштерін графикалық
формада көрсетеді, елдерді демографиялық
проблемелары бойынша жіктейді, шаруашылық
салаларын жіктейді, дүниежүзілік шаруашылықты
жоспар бойынша сипаттайды, саяси картаның
ҚЖ — Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ -Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
5
ЖОБА
негізгі нысандарын жіктейді, әлем елдерін елдің
басқару формасы және мемлекеттік құрылымы
бойынша жіктейді.
Жоғары деңгей
дағдылары
Жер бедерінің адам өмірі мен шаруашылығына
әсерін анықтайды, географиялық зерттеулерді
сандық және сапалық деректер бойынша
жинақтайды, климат түзуші факторларды
анықтайды және сипаттайды, климаттың адам
өмірі мен шаруашылық әрекетіне әсерін
анықтайды, адам әрекетітінің атмосфера мен
климатқа кері әсерін анықтап, шешу жолдарын
ұсынады, құрлық суларының экологиялық
проблемаларын жіктейді және шешу жолдарын
ұсынады, су апаттарының алдын алу жолдарын
дәлелдейді, өсімдік және жануарлар дүниесін
қорғау керектігін дәлелдейді және қорғау
жолдарын ұсынады, демографиялық
көрсеткіштерді есептейді, жеке елдер үшін
демографиялық саясаттың өзіндік моделін
дәлелдейді, экономикалық инфрақұрылымның
маңыздылығына қорытынды жасайды,
ауылшаруашылығының, өнеркәсіп және қызмет
көрсету салаларының орналасу факторларын
анықтайды, саяси картадағы сандық және
сапалық өзгерістерді анықтайды, елдердің саясигеографиялық орналасуын талдайды.
ТЖ — Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 22% 55% 23%
II 0% 45% 55%
III 11% 55% 34%
IV 11% 44% 45%
Барлығы 11% 49% 40%
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
6
ЖОБА
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс
үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
7
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны — 30
Тапсырманың түрлері:
КТБ —көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ –толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір жауабын
таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті
бағаланады.
8
ЖОБА
1–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім/бөлімше Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№ *
Тапсы
рма
түрі*
Орындал
у
уақыты,
мин*
Бал
л*
Бөлімге
берілетін
балл
саны
Географиялық
зерттеу әдістері — Зерттеу мен
зерттеушілер
8.1.1.1 География ғылымының салаларға
бөлінуін графикалық түрде көрсетіп
түсіндіреді
Қолдану 1 3 ҚЖ 4 4
8.1.1.2 География ғылымы салаларындағы 13
маңызды зерттеулерді анықтайды Қолдану 1 4 ҚЖ 3 3
8.1.1.4 Сандық және сапалық
географиялық деректерді өңдеп, талдайды
Жоғары деңгей
дағдылары 1 8 ТЖ 10 6
Картография
және деректер
базасы –
Географиялық
карталар 8.2.1.1 Тақырыптық карталарды
сипаттайтын қосымша элементтерді
құрастырады: профиль, диаграмма,
график, кесте
Қолдану 1 5 ҚЖ 4 3 9 8.2.1.2 Географиялық шартты белгілер мен
карталарды сипаттайтын қосымша
элементтерді қолдана отырып,
тақырыптық карталарды оқиды
Қолдану 1 6 ҚЖ 4 3 8.2.1.3 Географиялық номенклатура
нысандарын кескін картадан көрсетеді
Қолдану 1 7 ҚЖ 3 3
Физикалық
географияЛитосфера 8.3.1.2 Жер бедері түрлерін жіктейді Білу және түсіну 1 1 КТБ 1 1 8 8.3.1.5 Тау жыныстары мен минералдарды
түрлі белгілері бойынша жіктейді Білу және түсіну 1 2 КТБ 1 1 8.3.1.10 Жергілікті компонентті қосымша
қамту негізінде жер бедерінің адамзат
тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін
әсеріне баға береді
Жоғары деңгей
дағдылары 1 9 ТЖ 10 6
Барлығы 9 40 30 30
Ескерту: * өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
9
ЖОБА
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Жер бедерінің негізгі түрлерін анықтаңыз.
А) тау, жазық
В) үстірт, тау
С) ойпат, үстірт D) қырат, ойпат
Е) жазық, ойпат [1]
2. Шөгінді тау жынысын анықтаңыз.
А) гнейс
В) мәрмәр
С) кварц D) әктас
Е) гранит [1]
3. Берілген мәтінді оқып шығыңыз.
(а) Осы мәтін негізінде география ғылымының салаларын графикте көрсетіңіз. [2] (b) Мәтіннен ғылым салаларының зерттейтін аумағын анықтаңыз.____________ [2]
География – ең ежелгі ғылымдардың бірі. Ол бүкіл Жер бетінің және оның жеке бөліктерінің
табиғат жағдайларын, халқының шаруашылығы мен әлеуметтік тұрмысын зерттейді.
География негізінен физикалық география және экономикалық география болып екіге
бөлінеді. Физикалық география (грекше физис – табиғат) табиғат денелері мен
құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Географияның бұл саласы
табиғаттың құрамдас бөліктерінің (жер бедері, ауа райы, жер беті суы, топырақ өсімдік және
жануарлар) бір-бірімен өзара байланысын, бір-біріне тигізетін әсерін, соның негізінде
олардың аумақ бойынша сараланып таралуын анықтауды мақсат етіп қояды. Экономикалық
география (грекше экономия – шаруашылық басқару) өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын
көлік пен байланыс құрал-жабдықтарын, халықтың аумақ бойынша таралуын қарастырады,
табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді.
4. Берілген суреттер арқылы маңызды географиялық зерттеулердің негізгі түрлерін
анықтаңыз.
1-сурет 2-сурет 3-сурет 1-сурет _________________________________________________________________ [1] 2-сурет _________________________________________________________________ [1] 3-сурет _________________________________________________________________ [1]
10
ЖОБА
5. Картада Қазақстан территориясында жауын — шашынның таралуы мен буланушылықтың
орташа мөлшері берілген. Осы тақырыптық картаны толықтыру үшін 2 қосымша элемент
қосып, себебін жазыңыз. (a) Қазақстанда жауын — шашын ең көп түсетін жерді анықтаңыз._________________ [1] (b) Қазақстанда жауын — шашын ең аз түсетін жерді анықтаңыз.__________________ [1] (c) Картада берілген ауа райы элементі мен құбылысын оқудың маңыздылығын
түсіндіріңіз._____________________________________________________________ [1]
6. Берілген тақырыптық картадан шартты белгілердің 3 түрін анықтаңыз. Сол шартты
белгілерді қолданып, тақырыптық картаны оқыңыз. (a)________________________________________________________________________ [1] (b)_______________________________________________________________________ [1] (c)_______________________________________________________________________ [1]
11
ЖОБА
7. Кескін картада көрсетіңіз. (a) Дүниежүзінің ең биік тау шыңын. ________________________________________ [1] (b) Дүниежүзінің ең төмен жерін. __________________________________________ [1] (c) Дүниежүзіндегі ең үлкен көлді. __________________________________________ [1]
8. Х. Колумбтың саяхаты бойынша берілген карта-схемаға талдау жасаңыз. (a) Х.Колумб саяхатының негізгі мақсатын жазыңыз. __________________________ [1] (b) Х.Колумб саяхатында экспедицияның өз бағытынан ауытқуына себепші болған жағдайды
анықтаңыз. _______________________________________________________________ [1] (c) Х.Колумбтың 2-саяхатында Испанияға үлкен байлық табудың орталығы болған «алтын»
қоры мол аралды анықтаңыз. ________________________________________________ [1] (d) Х.Колумбтың 3-саяхатындағы сәтсіздік неге байланысты болғанын анықтаңыз.___ [1] (e) Х. Колумтың 4-саяхатқа бару себебін жазыңыз. ______________________________ [1] (f) Қателіктеріне қарамастан Х.Колумб саяхатының маңызын жазыңыз. ___________ [1]
9. Өз аймағыңыздағы жер бедерінің бір түрін таңдап алыңыз және төмендегі жоспар
негізінде талдаңыз. (a) Жер бедерінің түрін анықтаңыз. __________________________________________ [1] (b) Басым дамыған шаруашылық түрін анықтаңыз._______________________________ [1] (c) Қалыптасқан қосалқы шаруашылықтың түрін жазыңыз._______________________ [1] (d) Жер бедерінің шаруашылық салаларын дамытуға қолайлы және қолайсыз тұстарына баға
беріңіз.___________________________________________________________________ [2] (е) Қорытынды жасаңыз. ____________________________________________________ [1]
12
ЖОБА
Балл қою кестесі
№ Жауап
Балл Қосымша
ақпарат 1 a. Тау, жазық 1 2 d. Әктас 1 3 a. География
физикалық экономикалық b. Физикалық география (грекше физис – табиғат) табиғат
денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу
заңдылықтарын зерттейді.
Экономикалық география (грекше экономия – шаруашылық
басқару) өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын көлік пен
байланыс құрал-жабдықтарын, халықтың аумақ бойынша
таралуын қарастырады, табиғат жағдайлары мен табиғат
байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді 11 1 1 4 1. Ғарыштық зерттеулер 2. Географиялық ақпараттық зерттеулер (ГАЖ) 3. Далалық (саяхатшылар) зерттеулер 111 5 a. Жауын-шашын ең көп түсетін жер – Алтай, b. Жауын-шашын ең аз түсетін жер – Арал маңы шөлдері (Үлкен
Борсық құмы) c. Себебі климаттық картада жекелеген аймақтардың
ерекшеліктерін нақтылау маңызды болып табылады 11 1 6 a. Нүктелік шартты белгілер — елді мекендер b. Сандық шартты белгілер — Қазақстандағы қорықтар c. Сапалық бояу түстері — жер бедерінің түрі 111 7 Кескін картада белгілейді: a. Джомолунгма шыңын b. Өлі теңізді c. Каспий теңізін 111 8 a. Батыс жолымен Үндістанға жол ашу b. Қатты желдердің әсерінен пайда болған теңіз толқындары
негізгі бағытты өзгертіп алуына себеп болды c. Испаньола аралы d. Испан каролі тарапынан пайда болған саяхатшының саяхат
жұмыстарына сенімсіздігі e. Үндістанды, Шығыс Азияны Батыс теңіз жолы арқылы ашу
туралы жасаған ұсынысы f. Адамзатқа жаңа жерді ашып беруі, бірақ өзінің білмеуі 1 11 1 11 9 Жер бедерінің түрін анықтайды
Басым шаруашылық түрін атайды
Қосалқы шаруашылық түрін жазады
Шаруашылықты дамытуға жер бедерінің қолайлы жағын
бағалайды
Шаруашылықты дамытуға жер бедерінің қолайсыз жағын
бағалайды
Қорытынды жасайды 111 1 1 1
Өз
аймағының
жер
бедерінің бір
түрін
таңдайды
Жалпы балл 30
13
ЖОБА
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30
Тапсырманың түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір
жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу
қабілеті бағаланады.
14
ЖОБА
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім/
бөлімше Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырм
а саны*
Тапсырм
а № *
Тапсырм
а түрі*
Орындал
у
уақыты,
мин*
Балл
*
Бөлімге
берілеті
н балл
саны
Физикалық
географияАтмосфера 8.3.2.1 Климат түзуші факторларды
талдайды
Жоғары деңгей
дағдылары 1 5 ТЖ 6 4 18 8.3.2.2 Атмосфераның ғаламдық
циркуляциясын талдап, түсіндіреді Қолдану 1 1 ҚЖ 3 3 8.3.2.4 Әр материкте орналасқан ұқсас
климаттық белдеулерді салыстырады Қолдану 1 2 ҚЖ 3 3 8.3.2.5 Жергілікті компонентті қосымша
қамту негізінде климаттың адамзат
тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін
әсеріне баға береді
Жоғары деңгей
дағдылары 1 6 ТЖ 5 4 8.3.2.6 Адамзат әрекетінің атмосфера
мен климатқа тигізетін кері әсерін
топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
Жоғары деңгей
дағдылары 1 7 ТЖ 6 4
Физикалық
географияГидросфера 8.3.3.1 Құрлық суларының қалыптасу
жолдарын анықтайды Қолдану 1 3 ҚЖ 3 2 12 8.3.3.4 Қазақстандық компонентті
қосымша қамту негізінде өзендердің
гидрологиялық режимін түсіндіреді
Қолдану 1 4 ҚЖ 4 2 8.3.3.6 Жергілікті компонентті қосымша
қамту негізінде құрлық суларының
экологиялық проблемаларын жіктеп,
шешу жолдарын ұсынады
Жоғары деңгей
дағдылары 1 8 ТЖ 5 4 8.3.3.7 Жергілікті компонентті қосымша
қамту негізінде су апаттарының алдын
алу шараларын ұсынады
Жоғары деңгей
дағдылары 1 9 ТЖ 5 4
Барлығы 9 40 30 30
Ескерту: * өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
15
ЖОБА
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Суретте атмосфераның ғаламдық циркуляциясы берілген. (a) Жоғары қысым аймағы орналасқан климаттық белдеуді анықтаңыз.___________ [1] (b) Төменгі қысым аймағы орналасқан климаттық белдеуді анықтаңыз.___________ [1] (c)
Тропиктік белдеуден соғатын тұрақты желдерді атаңыз._____________________ [1]
2. Солтүстік Америка және Евразия материгіндегі қоңыржай белдеудің ұқсастығы мен
айырмашылығын кестеге жазыңыз.
ҚОҢЫРЖАЙ БЕЛДЕУ a.Қоңыржай белдеудің тек
Солтүстік Америкаға тән
ерекшелігі b.Ұқсастықтары с. Қоңыржай белдеудің тек
Евразия материгіне тән
ерекшелігі [3]
3. Сурет бойынша жер асты суларының пайда болу жолдарын анықтаңыз. (a) Артезиан суларының пайда болу жолын анықтаңыз. _______________________ [1] (b) Қабат аралық сулардың пайда болу жолын жазыңыз. ______________________ [1]
16
ЖОБА
4. Сырдария өзенінің гидрологиялық режимін түсіндіріңіз. (a) Гидрограф бойынша су көлемінің ең төмен айын анықтаңыз. _______________ [1] (b) Су көлемінің азаюына әсер еткен бір факторды жазыңыз.__________________ [1]
5. Климат түзуші факторларды атап, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін талдаңыз. (a) Географиялық ендікке байланысты климат өзгерісін жазыңыз.________________ [1] (b) Географиялық орынның климатқа әсерін анықтаңыз. ________________________ [1] (c) Жер бедерінің әсерін түсіндіріңіз._________________________________________ [1] (d) Ауа массаларының климат өзгерісіне әсерін сипаттаңыз.______________________ [1]
6. Мәтінмен танысыңыз. Осы мәтін негізінде талдау жасаңыз.
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Бір дақылдарға жылу,
екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек. Республиканың солтүстік және
орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға
мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат
жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз,
тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ, шаңды
дауылдарды жатқызуға болады. (a) Климаттың ауыл шаруашылығына жағымды жағын жазыңыз._______________ [1] (b) Өзіңіз анықтаған қолайлы климаттық жағдайлар Қазақстанның қай аймақтарында
кездесетіндігін анықтаңыз.______________________________________________ [1] (c) Өз аймағыңызда жиі кездесетін қолайсыз атмосфералық құбылысты атаңыз. _____________________________________________________________________ [1] (d) Осы құбылыстың шаруашылыққа тигізетін әсерін бағалаңыз.______________ [1]
7. Төмендегі суретте антропогендік факторлардың климат пен атмосфераға тигізетін әсері
көрсетілген.
17
ЖОБА (a)Климат пен атмосфераға әсер ететін антропогендік факторды топтастырыңыз. _____________________________________________________________________ [1] (b) Климаттың өзгеруінен болатын қауіпті климаттық құбылыстарды атаңыз. _____________________________________________________________________ [1] (c) Өз аймағыңызда болатын қауіпті климаттық құбылыстың негізгі көзі қандай фактордан
болатынын жазыңыз. _____________________________________________________________________ [1] (d) Қауіпті климаттық құбылыстардың алдын алу жолдарын ұсыныңыз. ___________________________________________________________________________ [1]
8. Жергілікті жердегі құрлық суларының бір түрін мысалға ала отырып, талдаңыз.
(а) Өз жеріңіздегі құрлық суының бір түрінің қолданылу аймағын жазыңыз. _____________________________________________________________________ [1] (b) Құрлық суының ластану көзін атаңыз. _____________________________________________________________________ [1] (c) Ластанудан туындайтын бір экологиялық мәселені (проблема) жазыңыз. _____________________________________________________________________ [1] (d) Экологиялық мәселені шешу жолын ұсыныңыз. _____________________________________________________________________ [1]
9. Өз аймағыңызда болатын су апаты түрін төмендегі жоспар негізінде талдаңыз. (a) Су апатының түрін атаңыз. _____________________________________________________________________ [1] (b) Пайда болатын мерзімін анықтаңыз. _____________________________________________________________________ [1] (c) Қандай құбылыстарға байланысты болатынын түсіндіріңіз. _____________________________________________________________________ [1] (d) Су апатының алдын алу жолын ұсыныңыз. _____________________________________________________________________ [1]
18
ЖОБА
Балл қою кестесі
№ Жауап
Балл Қосымша
ақпарат 1 a. Тропиктік, арктикалық және антарктикалық b. Экваторлық, қоңыржай c. Пассаттар 111 2 a. Теңіздік болады b. Биоресурстарының ұқсастығы c. Теңіздік және континенттік болып бөлінеді 111 3 a. Терең қабаттан жоғары қысыммен шығуы b. Су өткізбейтін қабаттар орналасады 11 4 a. Тамыз айы b. Антропогендік (шаруашылыққа байланысты) 11 5 a. Күннің түсу бұрышы өзгереді b. Теңіздік және континенттік (шұғыл өзгеретін)
климаттың қалыптасуы c. Жазық және таулы аймақтардағы температура,
жауын- шашын, қысым өзгерістерінің болуы d. Қысым аймақтарына (жоғары және төменгі)
байланысты ауа массаларының қозғалысы 1 1 1 1 6 a. Ылғал, жылу, жарық b. Солтүстік және Орталық аймақтарда c. Өз аймағындағы қолайсыз атмосфералық құбылысты
атайды (дауыл, қуаңшылық, құрғақшылық т.б.) d. Адам денсаулығы мен шаруашылыққа әсерін
бағалайды (оқушының ойлау деңгейіне байланысты) 11 11 7 a. Химиялық, физикалық, биологиялық b. Жылыну, парниктік жылыну эффектісі, қышқыл
жаңбыр т.б. c. Өз аймағында кездесетін қауіпті құбылысты жазады (мұздықтардың еруі, сел, қышқыл жаңбыр т.б.) d. Сүзгілер орнату, альтеративті түрлерін құру,
ағаштар отырғызу т.б. 1 1 1 1 8 a. Өзен b. Ауылшаруашылық қалдықтары c. Малдардың қырылу, өсімдіктердің өспей қалуы d. Қосымша су қоймаларын құру 11 11
көл, бұлақ
өнеркәсіп
адам
денсаулығы
сүзгілер 9 a. Су басу b. Көктемде c. Қардың еруі d. Бөгет құру, арықтарды тазалап ашу 111 1
тасқын
жазда
мұздықтардың
еруі
бөгет құру
Жалпы балл 30
19
ЖОБА
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30
Тапсырманың түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір
жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу
қабілеті бағаланады.
20
ЖОБА
3–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім/бөлімше Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсыр
ма
саны*
Тапсырм
а № *
Тапс
ырма
түрі*
Орындал
у
уақыты,
мин*
Бал
л*
Бөлімге
берілеті
н балл
саны
Физикалық
географияБиосфера 8.3.4.1 Табиғат зоналары мен биіктік
белдеулерінің қалыптасуын түсіндіреді
Білу және түсіну 1 1 КТБ 2 1 7 8.3.4.2 Табиғат зоналарын жоспар
бойынша сипаттайды Қолдану 1 2 4 2 8.3.4.5 Өсімдік әлемі мен жануарлар
дүниесін қорғау қажеттілігін
дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады
Жоғары деңгей
дағдылары 1 7 ТЖ 6 4
Физикалық
географияТабиғи
аумақтар 8.3.5.1 Географиялық қабықтың
құрамы мен құрылысын графикалық
түрде көрсетіп, түсіндіреді
Қолдану 1 3 ҚЖ 4 4 4
Әлеуметтік
география –
Халық
географияс ы 8.4.1.2 Дүниежүзі елдерін халықтың
ұдайы өсу түрі бойынша жіктейді Қолдану 1 4 3 4 14 8.4.1.3 Елдердің демографиялық
жағдайын талдап, демографиялық
көрсеткіштерін есептейді: халық саны,
туу және өлім коэффициенттері,
табиғи және механикалық өсім, жалпы
өсім, жас-жыныстық көрсеткіштер,
ұлттық және діни құрам
Жоғары деңгей
дағдылары 1 8 ТЖ 7 5 8.4.1.4 Елдердің демографиялық
көрсеткіштерін графикалық түрде
ұсынып, түсіндіреді
Қолдану 1 5 ҚЖ 4 2 8.4.1.5 Дүниежүзі елдерін
демографиялық проблемалары
бойынша жіктейді
Қолдану 1 6 ҚЖ 4 3
Экономикалық
географияТабиғи
ресурстар 8.5.1.1 Табиғи ресурстарды
экономикалық және экологиялық
тұрғыдан бағалайды
Жоғары деңгей
дағдылары 1 9 ТЖ 6 5 5
21
ЖОБА
Барлығы 9 40 30 30
Ескерту: * өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
22
ЖОБА
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1.Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуындағы басты ұқсастықты атаңыз.
А) жылу мен ылғалдың арақатынасы
В) қысым мен жылудың арақатынасы
С) қысым мен ылғалдың арақатынасы D) желдер мен ылғалдың арақатынасы [1]
2. Берілген мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз. (a) Табиғат зонасының атауын табыңыз. ______________________________________ [1] (b) Табиғат зонасының басты ерекшелігін анықтаңыз. __________________________ [1]
Толық жетілмеген батпақты топырақтардағы мүктіқыналы және бұталы
өсімдіктерден тұратын табиғат зонасы. Мұнда күшті желдер мен қарлы борандар жиі
соғады. Сондықтан бұталы өсімдіктер жерге төселіп өседі. Ең көп тараған өсімдік бұгы
мүгі, солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылады.
3. Мәтінді мұқият оқыңыз. Берілген мәтінді қолданып, географиялық қабықтың құрамы
сызбасын толықтырыңыз.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында осы географиялық қабық туралы ілім
негізі қаланды. Географиялық қабық ілімінің қалыптасуына А. Гумбольдт, В.В. Докучаев
және В.И. Вернадский еңбектері зор. Географиялық қабық ғаламшарда ең үлкен табиғат
кешені болып табылады. Географиялық қабық дегеніміз Жер шарының біртұтас
қабығы. Оның құрамдас бөліктері: атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның
жоғарғы қабаттары, гидросфера, биосфера олардың арасында зат пен энергия алмасуы
жүреді. Заттар: қатты, сұйық, газ тәрізді. Энергияны күннен алады. Зат пен
энергия айналымы: ауа айналымы, су айналымы, биологиялық айналым, жер
қыртысындағы зат пен энергия айналымы үздіксіз тізбекті құрайды. [4]
23
ЖОБА
4. Дүниежүзі халықтарының ұдайы өсу типтері картасын қолданып, сұрақтарға жауап
беріңіз. (a) Ұдайы өсудің І типіне жататын Шетелдік Европаның бір мемлекетін анықтаңыз. __________________________________________________________________________ [1] (b) Ұдайы өсудің ІІ типіне жататын Африканың бір мемлекетін анықтаңыз. __________________________________________________________________________ [1] (c) Ұдайы өсудің І типіне жататын Шетелдік Азияның бір мемлекетін анықтаңыз. __________________________________________________________________________ [1] (d) Ұдайы өсудің ІІ типіне жататын Оңтүстік Американың бір мемлекетін анықтаңыз. ___________________________________________________________________________ [1]
5. Берілген кестедегі елдердің табиғи өсуін бағаналы диаграммада көрсетіңіз.
МемМем
лекет Табиғи өсу, ‰ Мемлекет Табиғи өсу, ‰
Оман 49 Украина — 6,2
Ирак 36 Ресей — 5,2
Кот-д´Ивуар 35 Белоруссия — 4,0 [2]
6. Картаны қолдана отырып, елдерді демографиялық проблемалары бойынша жіктеңіз.
24
ЖОБА
Ұдайы өсу коэффициентінің
жоғары болуына байланысты
азық-түлік жетіспейтін елдер
(2 мемлекет)
Ұдайы өсу коэффициентінің
жоғары болуына
байланысты жердің дауы
туындайтын елдер (2
мемлекет)
Ұдайы өсу коэффициентінің
төмен болуына байланысты
ұлттардың жоғалып кету
қаупі туындайтын елдер
(2 мемлекет) [3]
7. Төмендегі сызбаға қарап, талдау жасаңыз. (a) Табиғатта өсімдіктердің азаюына әсер ететін адамның бір әрекетін атаңыз. ______________________________________________________________________ [1] (b) Табиғаттағы жануарлардың азаюына әсер ететін адамның бір әрекетін атаңыз. ______________________________________________________________________ [1] (c) Адам үшін өсімдік пен жануардың бір маңызын жазыңыз. _____________________________________________________________________ [1] (d) Биологиялық ресурстарды қорғау жолын қарастырыңыз. _______________________________________________________________________ [1]
8. Берілген карта, диаграммалармен танысыңыз, талдау жасаңыз.
1. 2.
25
ЖОБА
3. 4. (а) Дамушы елдерде бала саны көп болу себебін анықтаңыз. _______________________ [1] (b) Дамыған елдерде бала санының аз болу себебін жазыңыз. _____________________ [1] (с) Ер адамдар саны басым бір мемлекетті атаңыз.________________________________ [1] (d) Бағаналы диаграммадағы сандық деректердің негізінде дүниежүзілік дінге кіретін
халықтардың санын есептеңіз. _______________________________________________ [1] (е) Саны жағынан көп қытай тілі болғанымен, таралуы жағынан ағылшын тілінің 1-орында
болуына 1 дәлел жазыңыз. ___________________________________________________ [1]
9. Өз аймақтарыңыздағы табиғи ресурстың бір түрін алып, төмендегі жоспар негізінде
талдаңыз. (а) Табиғат ресурсының жергілікті жер үшін маңыздылығына 1 дәлел келтіріңіз. _____ [1] (b) Табиғи ресурстың жергілікті жердің экономикасын дамытудағы үлесіне 1 дәлел
келтіріңіз. ________________________________________________________________ [1] (с) Пайдалану кезінде қоршаған ортаға әсерін 1 мысалмен жазыңыз. _____________ [1] (d) Өндіру кезіндегі әсеріне экологиялық баға беріңіз. _________________________ [1] (е) Экономикалық маңызы мен экологиялық әсерін салыстырып, қорытынды жазыңыз. _________________________________________________________________________ [1]
26
ЖОБА
Балл қою кестесі
№ Жауаптар
Балл Қосымша
ақпарат 1 a. Жылу мен ылғалдың арақатынасына 1 2 a. Тундра b. Толық жетілмеген батпақты топырақ 11 3
a. Атмосфера қабаты
b. Гидросфера қабаты
c. Литосфера қабаты
d. Биосфера қабаты 1111 4 a. Испания
b. Кения
c. Қытай d. Бразилия 1111 5 Кестедегі елдерді бағаналы графикте көрсетеді 2 6 a. Чад, Орталық Африка Республикасы
b. Қытай, Үндістан
c. Франция, Германия 111 7 a. Орман ағаштарын кесу b. Браконьерлік әрекет c. Таза ауа мен адам қажеттілігін өтейтін заттар d . Заң негіздерін қарастыру, жойылып бара жатқан
түрлерін қорғауға алу 1111
Нақты басқа да
жауаптар
қабылданады 8 a. Әйел адамдар мен ерлердің арасындағы теңсіздік b. Әйел адамдар мен ерлердің арасындағы тең
құқылық c. Үндістан d. 3697 млн адам
е. Халықаралық тіл ретінде қабылдануы 1 11 11
Басқа нақты
аргумент болса
да
қабылданады.
Қытай
т.б.отарлау
саясаты 9 a. Табиғат ресурсының маңыздылығын жазады b. Экономикадағы үлесін көрсетеді c. Пайдалану кезінде қоршаған ортаға әсерін жазады d. Өндіру кезіндегі әсеріне экологиялық баға береді
е. Экономикалық маңыздылығы мен экологиялық
әсерін салыстырады 1111 1
Жалпы балл 30
27
ЖОБА
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны —30
Тапсырманың түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір жауабын
таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті
бағаланады.
28
ЖОБА
4–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім/бөлімше Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдыларын
ың деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№ *
Тапс
ырма
түрі*
Орындалу
уақыты,
мин*
Балл* Бөлімге
берілетін
балл саны
Экономикалық
географияӘлеуметтікэкономикалық
ресурстар
8.5.2.1 Қазақстандық компонентті қосымша
қамту негізінде экономикалық
инфрақұрылымның элементтерін сипаттап,
маңыздылығына баға береді
Жоғары
деңгей
дағдылары
1 6 ТЖ 5 4 7
Экономикалық
география- Дүние
жүзілік
шаруашылықтың
салалық және
аумақтық
құрылымы
8.5.3.1 Өндіруші және өңдеуші, қызмет
саласы шаруашылық түрлерін жіктейді Қолдану
1 2 ТЖ 4 3
8.5.3.2 Қазақстандық компонентті қосымша
қамту негізінде ауылшаруашылық және
өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын
ұйымдастыру түрлерін сипаттайды
Білу және
түсіну
1 1 КТБ 4 1 8
8.5.3.3 Қазақстандық компонентті қосымша
қамту негізінде ауылшаруашылық және
өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын
орналастыру факторларын талдайды
Жоғары
деңгей
дағдылары
1 7 ТЖ 5 4
8.5.3.4 Дүниежүзі шаруашылығы салаларын
жоспар бойынша сипаттайды
Қолдану 1 3 ҚЖ 3 3
Елтану және
саяси география
негіздері —
Дүниежүзі елдері
8.6.1.1 Саяси картаның басты нысандарын
сипаттайды
Қолдану 1 4 ҚЖ 3 3 15
8.6.1.2 Елдерді басқару формасы және
мемлекеттік құрылымы бойынша
топтастырады
Қолдану 1 5 ҚЖ 4 4
8.6.1.3 Саяси картаның сандық және сапалық
өзгерістерін талдайды
Жоғары
деңгей
дағдылары
1 8 ТЖ 6 4
8.6.1.4 Елдердің саяси-географиялық
жағдайына баға береді
Жоғары
деңгей
дағдылары
1 9 ТЖ 6 4
Барлығы 9 40 30 30
Ескерту: * өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
29
ЖОБА
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Картада мақта өсіру, өңдеу орталықтары берілген. (a) Мақтадан дайын өнім шығару орталығын жазыңыз________________________ [1]
2. Берілген шаруашылық түрлерін салаларына қарай топтастырыңыз:
машина жасау, білім беру, сауда жасау, кен өңдеу, мал өсіру, егін егу.
Өнеркәсіп Ауылшаруашылығы Қызмет көрсету [3]
3. Дүниежүзілік шаруашылық салаларының сызбасына сипаттама беріңіз.
30
ЖОБА
(a) Өндірістік саланың ерекшелігін атаңыз. ___________________________________ [1]
(b) Өндірістік емес саланың шаруашылықтағы рөлін анықтаңыз. __________________ [1] (с) Салалар арасындағы байланысты сипаттаңыз. _____________________________ [1]
4. Берілген мемлекеттер мен саяси картаның басты нысандарын сәйкестендіріңіз.
Қазақстан доминион
Гибралтар тәуелсіз
Австралия отар [3]
5. Кескін картаға елдердің басқару формасы бойынша белгілеңіз:
Европадағы бір конституциялық монархиялық басқару елі- 1._____________________
Азиядағы бір абсолюттік монархиялық басқару елі- 2.____________________
Солтүстік Америкадағы бір президенттік басқару елі- 3. _____________________
Оңтүстік Америкадағы бір парламенттік басқару елі 4._____________________ [4]
6. Өндірістік инфрақұрылымға зауыт, мұнай платформасы, электростанциялар т.б
жатады. Осы түрлердің бірін таңдап, жоспар бойынша талдаңыз, маңыздылығына баға
беріңіз. (а) Өзіңіз таңдаған инфрақұрылым түрін сипаттаңыз. ______________________________________________________________________ [1] (b) Осы инфрақұрылым түрінің шаруашылықтағы маңыздылығын жазыңыз. ______________________________________________________________________ [1] (с) Жаңа технологияларды енгізу барысындағы өзгерістерді жазыңыз. ______________________________________________________________________ [1] (d) Осы инфрақұрылымның қоғамдағы рөлін бағалаңыз. ______________________________________________________________________ [1]
7. Теміртау қаласында Қазақстандағы ең ірі және жалғыз қара металлургия комбинаты
орналасқан. (а) Металлургия комбинатының негізгі шикізатын атаңыз. _______________________________________________________________________ [1] (b) Комбинаттың Теміртау қаласында орналасу себебіне 1 дәлел жазыңыз. ________________________________________________________________________ [1] (c) Алынатын өнім түрлерін атаңыз. _________________________________________________________________________ [1] (d) Алынған өнімнің шаруашылықтың қай салаларында қолданылатынын талдаңыз. _________________________________________________________________________[1]
31
ЖОБА
8. Төмендегі берілген карта негізінде сұрақтарға жауап жазыңыз. (а) Картаны қолдана отырып, ТМД құрамына кіретін мемлекеттердің аттарын жазыңыз. _______________________________________________________________________ [1] (b) КСРО құрамында болған, бірақ ТМД құрамына кірмейтін мемлекеттерді жазыңыз. _________________________________________________________________________ [1] (c) ТМД-ның құрылу себебін жазыңыз. _________________________________________________________________________ [1] (d) ТМД -ның маңыздылығына 1 мысал келтіріңіз. _________________________________________________________________________ [1]
9. Берілген жоспар негізінде Қазақстан Республикасының саяси-географиялық жағдайына
баға беріңіз. (а) Қазақстанның географиялық орнын саяси тұрғыдан бағалаңыз (шекаралас мемлекеттер
және олардың басқару формалары). _______________________________________________________________________ [1] (b) Қазақстанның географиялық орнына экономикалық тұрғыдан баға беріңіз (шекаралас
мемлекеттердің даму ерекшеліктері жағдайы). _________________________________________________________________________ [1] (c) Көршілес мемлекеттермен қарым-қатынастың түрлерін атаңыз. _________________________________________________________________________ [1] (d) Көршілес мемлекеттермен ынтымақтастықта болу үшін құрылған ұйымдарды және сол
ұйымдағы Қазақстанның орнын жазыңыз. _________________________________________________________________________ [1]
32
ЖОБА
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Алматы 1
2 a. Өнеркәсіп: машина жасау, кен өңдеу
b. Ауылшаруашылығы: мал өсіру, егін егу
c. Қызмет көрсету: мектеп, сауда үйі
111
3 a. Дайын өнім шығару
b. Маман дайындау мақсаты
c. Маман — шикізат – өнім — тұтынушы
111
4 Қазақстан — тәуелсіз
Гибралтар -отар
Австралия -доминион
111
5 a. Ұлыбритания
b. Сауд Арабиясы
c. АҚШ
d. Эквадор
1111
6 а. Электростанциялар
b. Барлық шаруашылық саласы қазіргі заманда электр
көздерінсіз жұмыс жасай алмайды
с. Негізгі жаңа өзгерістер электроэнергетикада
альтернативті көздерді пайдалану. Ол табиғат
байлықтарының қорын сақтауға үлес қосады
d. Электроэнергетиканың қоғамда, адам өміріндегі рөлі
шексіз, күнделікті тірліктен бастап, қоғамдағы қолдануын
тереңдетуге болады
1 1 1 1
7 а. Темір мен көмір
b. Негізгі шикізат көмірдің Қарағандыда болуына
байланысты
с. Болат, шойын, прокат
d. Машина жасау, прибор жасау т.б.
1 111
8 а. Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь, Молдова,
Армения, Азербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан,
Түркіменстан, Тәжікстан
b. Латвия, Литва, Эстония, Грузия
с. ТМД құрылу себебі одақ кезінде ортақ өңдеу орталығы
(экономикасы) болуына байланысты құрамда болған
мемлекеттердің экономикалық дағдарыста болуы
d. ТМД құрылу маңызды, себебі одақ құрамында болған
елдердің шаруашылық, өнім алмасуы, өзара көмек болған
тарихи жолдар қалпына келтірілді
1 1 1 1
9 а. Қазақстанның саяси географиялық орны Евразия
материгінің нақты ортасында орналасуымен байланысты
b. Қазақстанның экономикалық географиялық орнын
Европа мен Азияны байланыстыратын көпір болуымен
байланысты
с. Көршілес мемлекеттермен сауда, мәдени, ғылыми,
достық қатынастар дамыған
d. Осы мемлекеттер арасында құрылған ынтымақтастық
ұйымдар: ЕврАЗЭС, ШЫҰ т.б.
1 1 1 1
Жалпы балл 30
33

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь