ГЛАВНАЯ Образцы планов Бастауыш сынып 1-сынып үшін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

1-сынып үшін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

232
0

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сынып үшін

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАР

 

  1. 1-сынып (33 сағат, аптасына 1 сағаттан):

1-кесте

Тараулардың атауы Сабақ реті Сабақтардың тақырыбы Мазмұндық негізі
I. Ғасырлар даналығы 1-2 Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!

 

Адалдық адамның маңызды қасиеті ретінде. Шындықты айту оңай, ал өтірік айту қиын. Қалжыңдап та өтірік айтуға болмайды. Ақиқат- барлық адамдарды біріктіруші бастау.
3-4 Тәртіп пен парыз «Тәртіп» және «парыз» ұғымдарының мағынасы. Бес «Т»: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.
5-6 Өзіңмен үйлесімді

өмір сүру!

Ар-ұжданыңа құлақ қой. Адамзаттың рухани ұстаздары ар-ұждан туралы. Зейінді топтастыра және басты нәрсеге назар аудара білу.

 

7-8 Сүйіспеншілік сый талап етпейді Сүйіспеншілік маңызды жалпыадамзаттық құндылық ретінде Қызмет ету және әлем халықтарының ертегілері мен өсиет әңгімелерінегі риясыз сүйіспеншілік.
II. Тату отбасы

 

9-10 Менің үйім

 

 

Адам – отбасы мүшесі.

Отбасындағы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас.

Кеңпейілділік таныту.

Ынтымақтастық, өзара көмек, құрмет.

11-12 Менің достарым

 

 

«Достық» ұғымы туралы түсінік.

Адам өміріндегі достықтың мәні.

Сыныптағы достық.

Достықтың біріктіруші бастауы.

13-14 Бір-бірімізге көмектесеміз

 

Отбасындағы және мектептегі өзара көмек, қолдау, кішіпейілділік және қайырымдылық.

Адамның іс-әрекетіне көмекке келу ұмтылысын таныту.

15-16 Алғыс айту – игілік сыйлау!

 

Алғыс айту – адамның басты қасиеті.

Отбасында, мектепте, қоғамда алғыс айта білу білігі.

III. Адам болам десеңіз

 

17-18 Жақсылық жолымен жүреміз Жақсылық адамның қасиеті ретінде. Жақсы іс.
19-20 Қарым-қатынас әліппесі

 

Қарым-қатынас адамның өмір сүруінің қажетті шарты ретінде. Қоғамдық орындардағы тәртіп ережесі. Мінез-құлық мәдениеті. Әдептілік тұлғаның басты қасиеті ретінде.

Күнделікті өмірде әдептілік көрсету.

21-22 Көңіл күй шаттығы

 

Әлемді жағымды қабылдауға ұмтылу. Қуаныш өмірлік күштің бастауы ретінде. Оқудағы, еңбектегі, шығармашылықтағы жақсы көңіл күй.
23-24 Менің Отаным

 

Қазақстан – барша қазақстандықтардың Отаны. Кіші Отан.Туған үй, туған қала, ауыл.
IV. Қандай ғажап бұл әлем! 25-26 Туған табиғат

 

Табиғат – біздің үйіміз.

Табиғаттың сұлулығы. Табиғатқа ұқыпты қарау.

27-28 Денсаулыққа апарар жол Тәндік және рухани денсаулық. Жақсы ойлар біздің денсаулығымызды нығайтады. Жағымды ойлау білігі. Салауатты өмір салты ережелері.
29-30 Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме Басқа адамдарға, жан-жануарларға, табиғатқа жанашырлық, көңіл бөлу білігі. Қоғамдық меншікке ұқыпты қарау.
31-32 Жер – ортақ үйіміз

 

 

Ұлттар көп – адамзат біреу, жұлдыздар көп –

аспан біреу. Әлем халықтарының мәдениетіндегі ортақтық.

33

 

Балалық шақ мейрамы Өткенді жалпылау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь