ГЛАВНАЯ Образцы планов Бастауыш сынып 2-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге...

2-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

170
0

Бастауыш білім беру деңгейінің

2-сыныпқа арналған

«Қазақ тілі» оқу пәні бойынша

үлгілік оқу бағдарламасына

қосымша

 

 

Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сыныпқа арналған

«Қазақ тілі» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын

жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар

 

1) 2-сынып

Ортақ тақырып Бөлім (сөйлеу әрекетінің түрі) Бөлімше (түйінді дағдылар) Оқу мақсаттары*
І тоқсан
1. Өзім туралы

2. Менің отбасым және достарым

Тыңдалым және айтылым 1.1Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну 2.1.1.1 —  тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану 2.1.3.1 — күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу
1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 2.1.4.1 — тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
1.6 Тыңдарманның назарын аудару 2.1.6.1 — интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз? ) назарын аударту
1.7 Дыбыстарды, сөздерді, орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту 2.1.7.1-  сөз ішінде дауысты дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (бүгін-бүгүн, түтін – түтүн, көсеу – көсөу)
Оқылым 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 2.2.3.1 — мәтін мазмұнынанықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау 2.2.4.1 — мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 2.2.5.1-  дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап,  берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу
3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу 2.3.3.1* — оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу
2.3.4.1 – мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру
3.5 Қатені табу және түзету 2.3.5.1 —  жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған» сөйлемін толықтыру
3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 2.3.6.1 — бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
  Тілдік нормалардың қолданысы 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау 2.4.1.1 — «я», «ю» әріптерінің емлесін сақтап жазу
2.4.1.2 — у, и, й әріптерінің емлесін сақтап жазу
2.4.1.3 — дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, ұяң, үнді)  ажырату және дауыссыз п-б,

қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу

2.4.1.4 — дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу
ІІ тоқсан
3. Менің мектебім

4. Менің туған өлкем

Тыңдалым және айтылым 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау 2.1.2.1 — мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану 2.1.3.1 — күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу
1.5 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру 2.1.5.1 — аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды, ұнамайды, себебі…, пайдалы болды, пайдасыз болды, себебі…) білдіру
Оқылым 2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау 2.2.1.1 — сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау
2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 2.2.3.1 — мәтін мазмұнынанықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
2.4 Мәтіннің тақырыбы жәненегізгі ойды анықтау 2.2.4.1 — мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 2.2.5.1 — дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап,  берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу
2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау 2.2.6.1 — мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын (жанры, мәтін түрі) табу
Жазылым 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу 2.3.1.1* – мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу
2.3.3.1* — оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып шағын мәтін жазу
3.4 Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну 2.3.4.1 — мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру

 

3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 2.3.6.1 — бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

 

3.5 Қатені табу және түзету

 

2.3.5.1 — жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру
3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау 2.3.7.1 — сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою
Тілдік нормалардың қолданысы 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау 2.4.2.6 — сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу
ІІІ тоқсан
5. Дені саудың жаны сау

6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Тыңдалым және айтылым 1.1Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну 2.1.1.1 —  тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
1.2Мәтіннің мазмұнын болжау

 

 

 

2.1.2.1 — мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану 2.1.3.1 — күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу

 

1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 2.1.4.1 — тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
1.5 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру 2.1.5.1 — аудио-бейнежазба мазмұны туралы өз ойын (ұнайды, ұнамайды, себебі…, пайдалы болды, пайдасыз болды, себебі…) білдіру

 

1.6 Тыңдарманның назарын аудару 2.1.6.1 — интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз?) назарын аударту
Оқылым 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 2.2.3.1 — мәтін мазмұнынанықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

 

2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау 2.2.4.1 — мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну 2.2.2.1 — синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 2.2.5.1 — дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап,  берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу
2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау 2.2.6.1 — мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын (жанры, мәтін түрі) табу
Жазылым 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу 2.3.2.1* — үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама және ас әзірлеу рецептісін жазу
3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу 2.3.3.1* — оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу
3.5 Қатені табу және түзету 2.3.5.1 — жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған сөйлемін толықтыру
3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 2.3.6.1 — бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Тілдік нормалардың қолданысы 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау 2.4.2.1 — мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату
2.4.2.2 — көптік жалғауларын дұрыс қолдану
2.4.2.3 — сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату
2.4.2.4 — зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату, жалқы есімнің жазылу емлесін сақтау
2.4.2.5* — дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтау
ІҮ тоқсан
7. Қоршаған орта

8. Саяхат

Тыңдалым және айтылым 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау 2.1.2.1 — мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану 2.1.3.1 — күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу
1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 2.1.4.1 — тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
1.5 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру 2.1.5.1 — аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды, ұнамайды, себебі…, пайдалы болды, пайдасыз болды, себебі…) білдіру
Оқылым 2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау 2.2.1.1 — сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау
2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 2.2.3.1 — мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
2.4 Мәтіннің тақырыбы жәненегізгі ойды анықтау 2.2.4.1 — мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу 2.2.5.1 — дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап,  берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу
Жазылым 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу 2.3.1.1* — мұғалім көмегімен жеке сурет, сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу
3.2 Түрлі стильде мәтін жазу 2.3.2.1* — үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама және ас әзірлеу рецептісін жазу
3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу 2.3.3.1* — мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу
3.5 Қатені табу және түзету 2.3.5.1 — жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру
3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау 2.3.6.1 — бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Тілдік нормалардың қолданысы 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау 2.4.1.4 — дауыссыз л, р, ң дыбыстарының емлесін сақтап жазу
4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау 2.4.2.1 — мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату
2.4.2.5* — дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь