| Пропорция.
8,4 және 12 қатынастары тең қатынастар. 8,4 =4 және 12 =4
2,1 3 2,1 3
Сондықтан:
8,4 =12 қатынастары тең қатынастар. 8,4 : 2,1 және 12: 3
2,1 3
Мұндай теңсіздіктер пропорциялар деп аталады.
Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады.
Пропорция әріптер арқылы мына түре жазылады:
а : в = с : d пропорциясындағы а-ны және d-ны пропорцияның шеткі мүшелері деп,
в- ны және с-ны ортаңғы мүшелері деп атайды.
ІІ. Пропорцияның негізгі қасиеті.
Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
Пропорцияның негізгі қасиеті орындалатын теңдік пропорция болады, ал бұл қасиет орындалмайтын теңдік пропорция бола алмайды.
1-мысал
5 = х пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табайық.
3,2 12,8
Шешуі:
3,2 х= 5 х 12,8
3,2 х= 64
х= 64:3,2
х=20
Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесі оның шеткі мүшелерінің көбейтіндісін белгілі ортаңғы мүшесіне бөлгенге тең.
Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесі оның ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісін белгілі шеткі мүшесіне бөлгенге тең.
«Почта» әдісі мен Топтық жұмыс жұмыс.
Топ оқушылары почтадан келген сұрақтар арқылы постер қорғайды.
1)Пропорцияның негізгі қасиеті
2)Қатынастар
3)Пропорциямен қатынастың байланысы
Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ» тәсілі мен бағалау
Қосымша тапсырма Топтық жұмыс «Бірге ойлаймыз» әдісі
1-топ
Пойыз 245 км қашықтықты 3,5 сағ жүреді. Пойыз осы жылдамдықпен
336 км қашықтықты неше сағат жүреді?
2-топ
127,5 м матадан 51 көйлек тігілді. Осындай 18 көйлек неше метр матадан тігіледі?
3-топ
28 кг картоптан 5,6кг крахмал алынады. 35 кг картоптан неше килограмм крахмал алынады?
Дескриптор:
-есептің шарты бойынша белгісіздерді анықтайды;
-пропорция құрайды;
-амалдарды орындайды;
-шешімін табады;
Оқушыларды смайликтер арқылы бағалаймын.
1. «Мен сағансенемін»сергіту сәті
(Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың)
Топтарға арналған тапсырмалар
Жұптық жұмыс
№1. Пропорцияны жазыңдар:
16-ның 20-ға қатынасы 8-дің 10-ға қатынасына тең.
4,2-нің 6-ға қатынасы 1,4-тің 2-ге қатынасына тең.
4,2 = 1,4
6 2
1,5-тің 3,5-ке қатынасы 6-ның 14-ке қатынасына тең.
1,5 = 6
3,5 14
4) 3- тің 6-ға қатынасы 1-дің 4-ке қатынасына тең.
3 = 1 им
6 4
№2 Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар
х:20 = 2:5
5х=20х2
5х=40
х=40:5
х=8
х:18=7:9
х х 9= 18 х 7
9 х=126
х=126:9
х= 14
х:18==2:3
3х=2х18
3 х=36
х=36:3
х=12
2. Логикалық сұрақтар.
1)Қазір қызы 8 жаста, шешесі 38 жаста. Неше жылдан кейін шешесінің жасы қызының жасынан 3 есе үлкен болады? (7 жыл)
2) Бір ауылда бірдей 3 үй бар. Әр бір үйде 3 мысықтан бар. Әр бір мысық бір күнде 3 тышқан ұстайды. 3 күнде 3 үйден қанша тышқан ұсталады?
Жауабы: 81
3) Сұрақ белгісінің орнына қандай сан қою керек?
12-441 13-961 14-? Ж:691
Оқушыларды мадақтаулар арқылы бағаланады.
Жеке жұмыыс «Бағытыңды таңда» әдісі
(деңгейлік тапсырмаларды жеке орындайды)
Жұппен жұмыс. Меңгеру
Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар
1) Х:14=9:18 2)х:2=15:5
18х=9х14 5х=2х15
18х=126 5х=30
х=126:18 х=30:5
х=7 х=6
3) 12:х=20:5 4) 2:10=х:25
20х=5х12 10х=2х25
20х=60 10х=50
х=60:20 х=50:10
х=3 х=5
Бағалау СГ 3. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету
Оқытудың мақсаты бойынша.
| Бағалау критериі |
Дескриптор |
| Негізгі түсініктерін берілген тәсілдер ақылы көрсетеді.
Алған білімдерінің нәтижелерін тиянақты түрде салыстырады
|
Мәліметтер мен тапсырмалардың дұрыс шешімдері арнайы мәліметтермен анықталды;
-Арнайы тапсырмалар мен салыстыру арқылы натурал сандардың мағанасын түснді. |
Қосымша тапсырма
А деңгей №93
Мұнайдың 14 литрінің массасы 11,2кг. Мұнайдың 30 литрінің массасы неше килограмм?
Шешуі:
Жауабы: 56 кг
Дескриптор:
-есептің шарты бойынша пропорция құрайды;
-амалды орындайды
В деңгей №102
Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76% -ін жыртқанда, 6 га жер жыртылмай қалды. Тракторшы барлығы неше гектар жер жыртуға тиіс еді?
Шешуі:
Жауабы: 25га
Дескриптор:
-есептің шарты бойынша белгісіздерді анықтайды;
— пропорция құрайды;
-амалды орындап шешімін табады.
С деңгей . №111
Жұмысшылар 3 күнде ені 10 метр көпірдің 360 метрін жасап бітірді. Олар 8 күнде ені 12 м көпірдің қандай ұзындығын жасап бітіреді?
Шешуі:
Жауабы: 800 м
Дескриптор:
-есептің шарты бойынша белгісіздерді анықтайды;
-ауданын табады;
— пропорция құрайды;
-амалды орындап шешімін табады.
Деңгейлік тапсырмаларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын. Толық орындаса жасыл түсті, қателер болса қызыл түсті, орындамаса сары түсті жоғары көтереді. |