ГЛАВНАЯ Образцы планов Алғашқы әскери дайындық Алғашқы әскери дайындық 11 сынып сабақ жоспар жылдық

Алғашқы әскери дайындық 11 сынып сабақ жоспар жылдық

225
0

 

1 тақырып Сабақтың тақырыбы: Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда. Мемлекеттің  əскери  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудегі  заң  шығару негіздері

 

Білімділік: Оқушыларға Қарулы Күштерді құрудың заңдылық негіздерін және ҚР-ның  әскери доктринасы мен әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттерді ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз пікірін еркін жеткізу, сараптау, қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, жауапкершілікке дәріптеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Өткізілетін орны:  АӘД оқу кабинеті

Көрнекі құралдар: АӘД оқулығы, «ҚР Әскери доктринасы», ҚР Конституциясы

«Қазақстандық патриотизм» папкасы

Күтілетін нәтиже:  Оқушылар ҚР ҚК құрылуының заңдық қағидаларын, әскери докрина мазмұнын ажыратып, негізгі мәліметтерді баяндай алады.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау»

ü Жастардың саптық дайындығы не үшін қажет?

ü Саптық адым қандай жағдайларда жүзеге асырылады?

ü Саптың қандай элементтерін білесіздер?

ü Бір орында және қозғалыста сәлемдесу және оған жауап беру қалай жүргізіледі?

Негізгі бөлім

(топтық талқылау, мәтінмен жұмыс, қорғау, қарама-қарсы сұрақтар)

Негізгі мәлімет

— Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, әскери ұйымды дамытуға, Қарулы Куштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануға көзқарастар жүйесін білдіреді.

— ҚК-дің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бейбіт уақыттағы негізгі міндеттері:

1) жауынгерлік әлеуетті, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін, мемлекеттік шекарадағы немесе Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі төмен қарқынды әскери жанжалдарды, кез келген заңсыз қарулы күш көрсетулерді оқшаулауды және жолын кесуді қамтамасыз ететін деңгейде бейбіт уақыт штатында басқару органдары мен әскерлердің дайындық дәрежесін қолдау;

2) әуе кеңістігін күзету, сондай-ақ мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыдан маңызды учаскелерін бүркемелеу;

3) Қазақстан Республикасының аумақтық теңізінде, құрлықтық қайраңдарында және экономикалық аймағында Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау;

4) ерекше маңызды және стратегиялық объектілерді күзету;

5) орташа немесе жоғары қарқынды жанжал қатері туындаған жағдайда Қарулы Күштерді стратегиялық өрістетуге әзірлікті қамтамасыз ету;

6) диверсиялар мен террористік актілерді болдырмау және жолын кесу;

 

7) елдің кез келген ауданында ішкі саяси жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шешуші іс-қимылдарға әзірлікті көрсету;

8) төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз етуге қатысу;

9) авариялардың, экологиялық апаттардың, әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың зардаптарын жоюға қатысу, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы дүлей зілзаладан зардап шеккен аумақтардың халқына көмек көрсету;

10) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес бітімгершілік, гуманитарлық және өзге де операцияларға қатысу.

— 2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы мен «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысында елді қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің басты қызметі делінген.

— Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған кезден бастап, оның алдында өзінің дербес  ҚК–ін құру міндеті тұрды. 1991 жылы 25 қазанда ҚРП Жарлығы бойынша Қазақ ССР-інің мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылып, кейіннен ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.

— ҚР ҚК-не басшылықты ҚРП – Жоғарғы бас қолбасшы жүзеге асырады, ал тікелей басқару – ҚР Қорғаныс министіріне жүктеледі. Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болып армия генералы   С. Қ. Нұрмағамбетов тағайындалды.

— ҚР ҚК-нің құрамына 40 – жалпы әскери армия, ӘӘК және ӘШҚҚ әскерлері, сондай-ақ оларға қызмет көрсету және қамтамасыз ету бөлімдері мен құрамалары кірді. Әскерді тікелей басқару және ТМД мемлекеттері Қорғаныс министрлігі ведомстваларымен бірлесе басқару жүйесі құрылды, әскерге медициналық қызмет көрсету, оларды материалдық-техникалық қаражатпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Осылайша Елбасы Н. Ә. Назарбаев ҚР ҚК –ін құруды заңды түрде бекітті.

— Бүгінде Қазақстан өз азаматтарының әскери қызметін өтеу шарттары мен тәртібін дербес анықтайды, республика аумағында қару-жарақ пен техниканы, әскерлерді орналастыру мәселелерін шешеді.

— ҚР-ның Конституциясында «Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскериленген құрамалар құруға тиым салынады» делінген.

— Қоғам қорғаныштығының тағы бір кепілі — әскери қызметшілердің қандай да бір саяси партияны қолдауына немесе оған қатысуына жол бермеу болып табылады.

 

Ойтолғаныс

Қорытынды бөлім

Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

ü ҚР ҚК-ін құруға не ықпал етті?

ü Қазақстанның ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай заңдылық негіз құрылды?

ü ҚР-ның Әскери доктринасы дегеніміз не?

ü Әскери доктринаның бағыттары қандай?

ü Жаңа доктринаны қабылдауға не себеп болды?

ü Әскери доктринаның басты мақсаты не?

 

Шығу сәті

Нені білемін?                       Нені білдім?                  Нені үйренгім келеді?

Қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма беру: тақырыпқы оқу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 тақырып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  əскери  дəстүрлерінің құрылу тарихы, офицер мамандарды даярлаудың мақсаты мен міндеттері.

Білімділік:Қазақстанның Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.

Сабақтың барысы:
а)–Ұйымдастыру кезеңі — 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
1. Оқушылардың әскери дайындығының мақсаты не?
2. Оқушыларға алғашқы әскери дайындық сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сүйеніп жүргізіледі??
ҚР-ның Әскери доктринасы дегеніміз не?

3.Әскери доктринаның бағыттары қандай?

  1. Жаңа доктринаны қабылдауға не себеп болды?
  2. Әскери доктринаның басты мақсаты не?

б) Негізгі бөлім – 25 мин. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері. Қазақстан Қарулы Күштерінің тағайындалуы.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы.
Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті.
Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық процестерді талдай келе, ҚР өз ҚК-ін құруды қолға алды.
Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992жылдың 7мамырында ҚР ҚК құрылды..
ҚРП Н. Ә. Назарбаевтың «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, ҚК-ді тиімді басқаруды шешу үшін Республиканың Қорғаныс министрлігі құрылды. ҚК-ді басқару органдары қалыптастырылды, армияның құрылымы мен саны анықталды, ҚК—дің қызметі мен құрылуы туралы негізгі құқықтық құжаттар даярланды. Оның юрисдикциясына Қазақстан аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Олар құрлық әскерлері, әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ұрыстық, арнайы, тылмен қамтамасыз ету және АҚ-тың әскери құрамалары.
Республиканың ҚК мынадай қағидаларды үйлестіре құрылды: жалпы әскери міндеттілік пен демократиялық басқару, орталықтандыру мен келісім-шарт жүйесі, дарабасшылық, мемлекеттік билік органдарының есеп беруі мен бақылауға алынуы. Бұл қағидалар ҚР Конституциясы мен әскери мәселелер бойынша: «ҚР ҚК және қорғанысы жайында», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебелері және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында және т.б. заңнамалық актілерде қарастырылған.
ҚР Конституциясында ҚР-ның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға негізделген ҚК–дің міндеттері белгіленген. Осы басты міндеттерден негізгі тапсырмалар анықталады: жоғарғы жауынгерлік әзірлік жағдайында тұру арқылы соғыстың алдын алу; мемлекет шекарасына қол сүғылмаушылықты сақтау; мемлекеттік мекемелер мен әскери нысандарды қорғау және күзету; қарсыластың басып кіруші топтарын құрту және агрессияға тойтарыс беру; агрессия зардаптарын жою және шекарадағы жағдайды қалпына келтіру.
Қазақстанның сыртқы саясаты тең құқықтық және өзара тиімділік қағидалары, басқа елдердің ішкі істеріне қол сұқпаушылық негізінде құрылады. Республика халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін, қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу үшін күреседі. Республика басшылығы стратегиялық жою қаруларын қысқарту туралы келісімдерге, басқа да жаппай жою қару түрлеріне тиым салуға қол жеткізді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. 1993жылы 31 наурызда ТМД-ның Жарғысы бекітілді, оның үшінші тарауында ұжымдық қауіпсіздік, ынтымақтас мемлекеттердің әскери-саяси бірлестігі туралы мәселелер қарастырылған.
Біздің республика өз қорғаныс мүмкіндіктерін бағалай және әскери қауіптің сипаты мен масштабын болжай отырып, әскери құрылысты ТМД-ға мүше елдер мен қорғаныс одағына кіруді қалайтын басқа мемлекеттермен бірге дамытуды жүргізеді.
Мемлекет саясатының бір бөлігі болып табылатын әскери саясат ҚК-дің құрылуы мен міндеттері, мемлекетті қорғау мүддесінде оның әскери қуатын пайдалануға байланыста мәселелер кешенін қарастырады. Оның мәні – армияның әскери қуатын нығайту үшін оны барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етуге, әскери істің барлық саласын үйлесімді дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың өзара байланысты шаралар жүйесі. Ол кең ауқымды мәселелер шешуге бағытталған: әскери құрылыстың теориялық негіздерін даярлау; ҚК техникамен жабдықтау; әскери кадрларды даярлау, орналастыру; әскери бөлімдерде тәрбие жұмыстарын өткізу; әскери өнер және әскери ғылым дамуына басшылық жасау; әскерлерді жауынгерлік және оперативтік дайындау қағидалары; мемлекеттің жұмылдыру мүмкіндіктерін ұлғайту; әскери–үйретілген резервтерді дайындау және т,б.
Дербес қорғаныс құрылысын жүзеге асыра отырып, ҚР өз қауіпсіздігін, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шартқа қол қойған ТМД мемлекеттерінің мүддесін де басшылыққа алады.
Аймақта және Достастық мемлекеттерде қалыптасқан жағдай Қазақстанның дербес ҚК құру туралы шешімді дер кезінде қабылдағанын көрсетіп отыр. Бірақ оның қалыптасуы күрделі экономикалық және әлеуметтік саяси жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан ұрысқа дайындық, ұрыстық әзірлік деңгейін төмендетпей, ұйымшылдықты, әскери тәртіптілікті барынша нығайту керек. Республика ҚК шынайы халықтық сипатын сақтап, ТМД ҚК-мен тығыз байланысты агрессорды тежеудің, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың сенімді факторы болуы тиіс.
в) Қорытынды бөлім – 7 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазіргі қоғамдағы Қарулы Күштердің рөлі туралы айтып беріңдер.
2. ҚР ҚК қандай міндеттерді шешуге арналған?
3. Қазіргі кездегі Қазақстанның әскери саясатының ерекшеліктері неде?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-4 тақырып

Сабақтың тақырыбы: Саптық дайындық. саптық адым, қозғалыс кезінде бұрылу.

Білімділік: Оқушыларға  АӘД пәнінің басты міндеттері мен сүйенетін заңнамаларын еске түсіріп, саптық адымның қолданылу реті мен жағдайларын, саптық адыммен қозғалыс кезінде жүзеге асырылатын пәрмендер бойынша іс-әрекет жасауды үйрету.

Дамытушылық: Саптық жүріс дағдыларын, пәрменге сай дұрыс әрекет етуге, бірігіп жұмыстануға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Отан алдындағы борышкерлікке, жауаптылыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Өткізілетін орны:  саптық алаң

Көрнекі құралдар: «ҚР Заңнамасы» жинақ папкасы, «Саптық дайындық» плакаты

Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында саптық адым элементтері мен жүзеге асырылатын пәрмендерді, міндеттерді ажыратып, дұрыс орындай біледі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Қызығушылықты ояту

Ой шақыру

— Оқушылар, алғашқы әскери дайындық сабағынан 10 сыныпта нені үйрендіңіздер?

— Нені білемін? Нені үйрендім?

Мағынаны тану

Жоспар:

Ø АӘД пәнінің негізгі заңнамасы

Ø Саптық адым: сипаттамасы, орындалуы

Жастарды әскери дайындауға негіз болып табылатын құжаттар:

  1. 2012 жылдың 16 ақпан айындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңынан:

10-бап. Бастапқы әскери даярлық

  1. Азаматтармен бастапқы әскери даярлық жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізiледі.
  2. «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысынан:

Бастапқы әскери даярлық:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, мемлекеттің қорғаныс негіздерін зерделеу;

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тағайындалуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының қастерлі міндеті ретінде әскери қызметтің мәнін, әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының негізгі талаптарын түсіндіру;

3) әскери бөлімдердің қару-жарағымен және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасуымен және тұрмысымен таныстыру;

4) қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды алу, төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру мақсатында жүргізіледі.

 

— Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады. Адыммен қозғалыс жасау минутына 165 — 180 адым, адымның шамасы  70 – 80 см.  Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 110 — 120 адым, адымның шамасы  85 – 90 см.

— Адым саптық және жорықтық болады.

— Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өту кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде; әскери қызметші саптан шыққанда және қайтып келгенде; саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады. Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.

— Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым бас!» пәрмені бойынша басталады. Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салынады; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.  Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15–20см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек; алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

— Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

 

 

Қозғалыс

Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы — 70-80 см.

Сапта жүгіре қозғалыс жасау минутына 165-180 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы — 85-90 см.

Адым саптық және жорықтық болады.

Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады.

Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау «Саптық адыммен — БАС» командасы бойынша басталады.

Жорықтық адыммен қозғалыс «Адым — БАС» командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді.

Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек; орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде (3-сурет) аяқтың ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды.

Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға — оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа — иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ақ «ТІК ЖҮР» командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде «ЕРКІН ЖҮР» командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

Жүгіре қозғалыс жасау «Жүгіре — БАС» командасы бойынша басталады.

Алдын ала берілетін команда бойынша орнынан қозғалыс жасаған кезде денені алға ұстап, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын команда бойынша жүгіруді сол аяқтан бастау керек, жүгіру жылдамдығы бойынша қолмен артқа және алға еркін қозғалыс жасау керек.

Қозғалыста адым жасаудан жүгіруге ауысу үшін алдын ала берілетін команда бойынша шынтақты біршама артқа жібере отырып, қолды жартылай бүгу керек. Орындалатын команда сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау және жүгіре қозғалысты сол аяқтан бастау керек.

Жүгіруден адымға ауысу үшін «Адым — БАС» командасы беріледі. Орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша жүгірумен тағы да екі адым жасау және адыммен қозғалысты сол аяқтан бастау керек.

Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым — БАС» (қозғалыста — «Орныңда») командасы бойынша жасалады.

Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 15-20 сантиметрге көтеру және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (4-сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек.

. Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА» командасы беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов — Тоқта».

Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық қалыпты қабылдау керек.

. Қозғалыс жылдамдығын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі: «КЕҢ АДЫМ», «ҚЫСҚА АДЫМ», «ЖИІ АДЫМ», «СИРЕК АДЫМ», «ЖАРТЫ АДЫМ», «ТОЛЫҚ АДЫМ».

. Жеке әскери қызметшілердің орнын жанына бірнеше адымға ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімбеков. Екі адым оңға (солға), адым — БАС».

Осы команда бойынша әр адымнан кейін аяқты жерге қоя отырып, онға (солға) екі адым жасау керек.

Бірнеше адымға алға немесе артқа ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Екі адым алға (артқа), адым — БАС».

Осы команда бойынша екі адым алға (артқа) жасау және аяқты жерге қою керек.

Оңға, солға және артқа ауыстырған кезде қолмен қозғалыс жасалмайды

 

Ойтолғаныс

Пысықтау сұрақтары:

ü «Алғашқы әскери даярлық»  сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сәйкес жүргізіледі?

ü Саптық адым қай кезде қолданылады?

ü Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер бойынша өзгереді?

 

Қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма беру: тақырыпты оқу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 тақырып

Сабақтың тақырыбы: Саптық дайындық.

Бір  орында  жəне  қозғалыс  кезінде  сəлемдесу  тəсілдерін  орындау, сəлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Сап және оның элементтерін, пәрмендерді орындау.

Сарбаздың саптану алдындағы және саптағы міндеттері туралы түсініктерін жаттықтыру, меңгерту, қайталау.

Дамытушылық;Саптық тұрыс, «Саптан», «сәлемдесу» пәрмендерін орындау дағдыларын дамытуды жалғастыру.

Тәрбиелілік:Өз Отанын сүюге, қорғауға даяр болуға, ептілікке, алғырлыққа, елжандылыққа сезімдерге тәрбиелеу.

Сабақ барысы
1. Кіріспе бөлімі — 15 минут
Сапқа тұрғызу. Рапорт тапсырту.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
Оңға, солға айналып бұрылу

Өткен тақырыпты қайталау:

Адыммен қозғалыс жасау минутына қанша адым?

  1. Жорықтық адыммен қозғалыс жасауда қандай пәрмен беріледі?
  2. Саптық адыммен қозғалыс жасағанда аяқтың ұшы жерден қанша см

көтерілуі керек?

  1. Адыммен қозғалыс жасағанда адымның арасы, шамасы қанша см

Жаңа сабақ.

 

Әскери сәлемдесу нық және көрнекті орындалады.

. Әскери сәлемдесуді саптан тыс орнында бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда ол жаққа бұрылып, саптық қалыпты қабылдау керек және оның соңынан басын бұра отырып, оған қарау керек.

Егер бас киім киілген болса, онда, одан басқа саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарға) тиіп тұратындай, ал шынтақ иық деңгейінде және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек (11-сурет). Бастық (атағы үлкен) жаққа басты бұрған кезде қолдың бас киімдегі жағдайы өзгеріссіз қалады.

Бастық (атағы үлкен) әскери сәлемдесуді орындаушының жанынан өтіп бара жатқанда басты тік ұстау керек және онымен бір уақытта оң қолды төмен түсіру керек.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты ол жаққа бұру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оған қарау керек. Бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстау және қолмен қозғалыс жасауды жалғастыру керек.

Бас киіммен болған кезде аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты бұру керек және оң қолды бас киімге апарып, сол қолды қозғалтпай жанында ұстау керек (12-сурет); бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты тік ұстап, оң қолды төмен түсіру керек.

Бастықты (атағы үлкенді) басып озған кезде әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстау және оң қолды төмен түсіру керек.

  1. Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді бастық (атағы үлкен) жаққа қарай басты бұрумен орындайды.
  2. Әскери сәлемдесуді қарумен орнында және қозғалыста орындау

Әскери сәлемдесуді қарумен орнында саптан тыс орындау қарусыз орындау сияқты жүргізіледі (осы Жарғының 64-тармағы); бұл ретте карабиннің «иыққа» күйін қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді және қол бас киімге апарылмайды.

Әскери сәлемдесуді карабинмен «иыққа» күйінде орындау кезінде ол алдын ала «аяққа» күйіне алынады.

Қарумен «арқаға» күйінде әскери сәлемдесуді оң қолды бас киімге апара отырып орындау керек.

Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста аяқ жанындағы, «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты ол жаққа қарай бұру және бос қолымен қозғалысты тоқтату керек; «арқаға» күйіндегі қарумен одан басқа қолды бас киімге апару керек.

Карабинмен «иыққа» күйінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде оң қолмен қозғалысты жалғастыру керек.

Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасы бойынша «аяққа» күйіндегі карабинмен әскери сәлемдесу екі тәсілмен жүзеге асырылады:

бірінші тәсіл — карабинді оң қолмен көтеріп, ұңғысын кеуденің орта тұсына, көздеу планкасын өзіне қаратып, оны тік ұстау керек; осымен бір уақытта сол қолмен карабинді сағағынан (төрт саусақ алдында оқжатарда, ал бас бармақ — көздеу планкасының астында) ұстау керек, сол қолдың білегі — қарубау деңгейінде болу керек (13-сурет);

екінші тәсіл — оң қолды құндақтың мойнына ауыстыру және онымен карабинді бас бармақ артында, ал біріктірілген төрт саусақ құндақ мойнының алдында қиғаш жататындай етіп ұстау керек (13-сурет).

Екінші тәсілді орындаумен бір уақытта басты оңға (солға) бұру және оның соңынан басын бұра отырып, бастықты көз қиығымен шығарып салу керек.

Карабин «қарауылға» күйінен «аяққа» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша алынады.

Алдын ала берілетін команда бойынша басты тік ұстау керек, ал орындалатын команда бойынша карабинді аяққа үш тәсілмен алу керек:

бірінші тәсіл — оң қолды жоғары ауыстыру және карабинді сағағы мен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек;

екінші тәсіл — карабинді дүмі табанның сыртқы жағына тиіп тұратындай етіп, оң аяққа ауыстыру керек; сол қолмен карабинді сүңгі түтігінен ұстау керек;

үшінші тәсіл — сол қолды жылдам төмен түсіру керек, ал оң қолмен карабинді жерге жайлап қою керек.

«Қарауылға» тәсілін орындай отырып әскери сәлемдесуді карабинмен орындау тек әскери бөлімшелер мен бөлімдер орнында олар сапта болған кезде жүргізіледі.

«Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасы бойынша карабиндер «қарауылға» күйіне алынады; сапта тұрған барлық әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды және онымен бір уақытта басын бастық жаққа қарай бұрып, оны көз қиығымен шығарып салады. Егер саптағы әскери қызметшілерде автоматтар, оқшашарлар мен қол гранатаатқыштар бар болса, олардың күйі өзгермейді.

 

Сабақты қорыту.

— Бас киіммен болған кезде қалай амандасу қажет?\

— Егер бас киім киілген болса онда қалай амандасу керек?

— Әскери сәлемдесуді карабинмен орындау кезі?

— Команда бойынша карабинді аяққа үш тәсілмен алу керек, ата:

 

Бағалау.

 

 

Үйге тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 тақырып

Сабақтын тақырбы: Өмір қауіпсіздігінің негіздері. азаматтық  қорғаныс– жалпымемлекеттік  қорғану  іс-шаралары  жəне оның міндеттерінің жүйесіндегі құрам-бөлік, шаруашылық нысандарын(оқу орындары)  азаматтық  қорғаудың  ұйымдастыру  құрылымы,  əскери  емес азаматтық қорғаныс, олардың атқаратын қызметі жəне жабдықталуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: . Азаматтық  қорғаныс– жалпы мемлекеттік  қорғану  жайлы мағлұматтар бере отырып білімдерін кеңейту, атқартын қызметтері туралы мәліметтер беру.

Дамытушылық: Ой –өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелілк: Республикасы қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы», «Əскери қызметкерлердің  əскери  міндеттері  жəне  мəртебесі  туралы», «Ұлттық қауіпсіздік  туралы», «Азаматтық  қорғаныс  туралы» заңдарын құрметтеуге және оқушының міндеттері мен құқықтары жайлы білуге.

 

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

— Бас киіммен болған кезде қалай амандасу қажет?\

— Егер бас киім киілген болса онда қалай амандасу керек?

— Әскери сәлемдесуді карабинмен орындау кезі?

— Команда бойынша карабинді аяққа үш тәсілмен алу керек, ата:

 

 

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Кез келген мемлекеттің басты міндеттерінің бірі — әркашан оның қорғаныс қабілеттілігін нығайту болған жөне солай болып қала бермек. Мемлекеттің мьщты қорғанысы Қарулы Күштерінің жоғары жауынгерлік әзірлігінен кұралып қоймай, сонымен бірге еліміздің экономикалық дамуы, халық пен шаруашылық объекті-лерін қазіргі кездегі жаппай кырып-жою қаруынан қорғануға дайындаумен де анықталады. Жаппай кырып-жою қаруларының пайда болуымен материалдық құн-дылықтар мен адамдарды қорғау бойынша жүргізетін шаралардың мазмұны мен өрісі түпкілікті өзгерді, осы заманға сай жалпы мемлекеттік корғаныс жүйесін құру талабы туындады. Халык пен халық шаруашылығы объектілерін корғаудағы мұндай жалпы мемлекеттік жүйе Азаматтық қорғаныс (АҚ) болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау; 2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау; 3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту; 4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау; 5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету; 6) шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу; 7) қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау; 8) халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау; 9) iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру; 10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.

Азаматтық корғаныс шараларын өткізудегі басты рөлді халық шаруашылық объектілері (оку орындары, мекемелер, өнеркөсіп, кұрылыс, энергетика көсіпорындары, т.б.) атқарады. АҚ-тың басты мақсаттарынан келіп шығатын арнайы шараларды өткізу үшін шаруашылық объекті-леріндегі төмендегідей азаматтық қорғаныс қызметтері құрылады: хабарлау жөне байланыс кызметі, апаттық-техникалық, паналар мен тасаларға күтім көрсету, радиациялык жөне химиялык шабуылға қарсы қорғаныс қызметі, медициналық қызмет, өртке қарсы қызмет, материалдық техникалық жабдьщтау қызметі, автокөлік, қоғамдық тәртіпті корғау қызметі.Барлық кызметтің жалпы міндеті — қарсылас шабуылы кауіпі төнгенде, зақымдану ошақтары пайда болу кезінде, сондай-ақ зілзала апаттары мен ірі өндірістік апаттарға өз кұрамаларын даярлау болып табылады.

Азаматтык қорғаныс күштері тапсырмаларды орын-дауға байланысты тікелей жұмыстарды жүргізу үшін құрылады Оның қатарына өскерилендірілмеген құрамалар АҚ өскери бөлімдері мен мекемелері жатады.

Әскерилендірілмеген құрамалар шаруашылыктың барлык объектілерінде, оку орындарында, көліктерде кұрылады.Үйымдастырылуына карай олар: жасактар,командалар, топтар, бригадалар, лектер, буындар жөне түрлі мақсаттағы постылар түрінде болады.

Құрылымдар өскери емес адамдар катарынан жұмысқа қабілетті адамдармен толыктырылып, табельге сөйкес жарақталады жөне бағдарламаға сөйкес оқытылып үйретіледі. Олар  Азаматтық корғаныс объектілері жоспарының тиісті бөлімдеріне сөйкес дайьшдалады.

Барлык, кұрылымдар орындалатын жұмыс максаты мен сипатына байланысты негізгі екі топқа бөлінеді: жалпы максаттағы және қызмет көрсету құрылымдары.

Жалпы мақсаттағы құрылымға зақымдану ошағында зілзала апаттары болған аудандар мен ірі өндірістік апаттар кезіндегі жалпы тапсырманың негізгі бөлігін орындау жүктеледі. Оларға кұрама топтар (командалар), жұмысты механикаландыру бойьшша құрама жасақтары, кұткару жасақтары (командалар, топтар) жатады. Бұл құрамалар төтенше жағдайлар жөнівдегі агенттік (ТЖА) Азаматтык, қорғаныс күштерін топтастыру кұрамына кіреді.

Қызмет көрсету кұрылымына кызмет көрсету тапсырма-ларының ерекшеліктерін есепке ала отырып, арнайы жұмыстарды орындау жүктеледі. Кейбір арнайы күрылым-дардын. бір бөлігі тікелей құрама жасақтардың ұйым-дастыру қүрылысына (мысалы, медицинальщ) кіреді.

Азаматтық қорғаныстағы медициналық кызмет Азамат-тық қорғаныс шаралары кезінде жаракаттанғандарға медициналық көмек көрсету мақсатында кұрылады.

Қызметтің міндеттері:

— республикадағы төтенше жағдайлар кезінде меди-циналық-санитарлык көмек көрсетудің калыпты деңгейін камтамасыз ететін біртүтас саясаттың негізін күру жөне жүргізу;

-Азаматтық қорғаныста медициналык шараларда жүзеге асыру, емдеу-эвакуациялык, санитарлык-гигиеналық жөне эпидемияға карсы шараларды жүргізу;

-төтенше жағдайлардан соң туындайтын медицина-санитарлык, эпидемиялык жөне санитарлық-гигиеналық  қалыпты болжау, қазіргі замандьщ залалсыздандыру құраддарын қолдану, болуы мүмкін зардаптардың деңгейін төмендету үшін жоспар әзірлеу;

 

медициналық қүрлымдарды кұру жөне жұмысқа тарту, оларды техникамен, мүлікпен жөне жабдықтармен камтамасыз ету;

медицинальщ кұрылымдардың зардап шеккендерге кемек көрсетуішң түракты түрде дайын болуын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар аймағы мен закымдану ошағына карай медициналық кызметтің күштері мен жабдыктарын бірінші кезекте аттандыру;

зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсету,эвакуациялау жөне емдеу, жарақат алғандарды еңбекке тез
оралту мақсатында денсаулығын тез қалпына келтіру;

тетенше жағдайлардың салдарьшан болған психо-неврологиялық жөне эмоциялык. өскерлерді азайтуға бағытталған емдеу-сауықтыру шараларын жүргізу, халыкка қазіргі замандық залалсыздандыру қүралдарын қолдану жөне тез калыпты жағдайға келуге мүмкіндік
жасау;

тұрғындардың колайлы санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар, зақымдану ошағы мен
оларға шектесетін аумақтағы тұрғындар арасында жаппай  жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралмауының
алдын алу;

күткару жөне баска да жұмыстарды атқару кезінде құрылымньщ жеке кұрамының денсаулығьш сактау, оларға
кажетті медициналык көмектер көрсету;

тұрғындарға өзіне-өзі жөне өзара көмек жасауды үйрету;

медициналық мекемелерде медициналык дөрі-дөрмектердің қорын құру.

 

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

Азаматтык, қорғаныстағы медициналық қызметтің міндеттері жайлы
айтып беріңдер.

Шаруашылық объектілерінде қандай Азаматтык, қорғаныс қызметтері
қурылады?

Азаматтық қорғаныс  қызметінің жалпы міндеттері жайлы айтып
беріңдер.

Азаматтық қорғаныс күштері дегеніміз не және олар не  үшін
тағайындалады?

Азаматтық қорғаныстың негізгі қурылымдық топтарын және оның
міндеттерін атаңдар.

 

 

 

АӘД пәнінің ұйымдастырушы      оқытушысы:  _____________  ____________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 тақырып

Сабақтың тақырыбы: Өмір қауіпсіздігінің негіздері.

2) ядролық  қару  жəне  оның  сипаттамасы,  ядролық  жарылыс  түрлері, ядролық  жарылыстың  зақымдау  факторлары(толқынды  соққы,  жарықтық сəулелену,  радиацияның  денеге  өтуі,  радиоактивті  зақымдау  жəне

элетрлімагниттік  импульс)  жəне  олардан  қорғану  əдістері,  нейтронды  оқ-дəрілердің зақымдау ерекшеліктері.

 

Білімділік: . ядролық  қару  жəне  оның  сипаттамасы жайлы,  жəне  олардан  қорғану  əдістері,   олардың зардаптары, зияны нейтронды  оқ-дəрілердің зақымдау ерекшеліктері жайлы мағлұматтар беру.

 

Дамытушылық: Ой –өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелілік: ядролық  қару  жəне  оның  сипаттамасы жайлы түсіндіре отырып, бейбітшілікке, қамқоршылдыққа, бауырмалдыққа және қорғану  əдістерін үйрете отырып батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

Азаматтык, қорғаныстағы медициналық қызметтің міндеттері жайлы
айтып беріңдер.

Шаруашылық объектілерінде қандай Азаматтык, қорғаныс қызметтері
қурылады?

Азаматтық қорғаныс  қызметінің жалпы міндеттері жайлы айтып
беріңдер.

Азаматтық қорғаныс күштері дегеніміз не және олар не  үшін
тағайындалады?

Азаматтық қорғаныстың негізгі қурылымдық топтарын және оның
міндеттерін атаңдар.

Жаңа сабақ

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.

Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)

Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы «ядролық бомба» деген термин орнықты.[1]

 

Ядролық қару орталығы

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

Ядролық қару

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады

Ядролық жарылыс түрлері (Виды ядерных взрывов) — ядролық соққы арқылы орындалатын міндеттер мен объектінің сипатына байланысты ядролық жарылыс әуеде, жер үстінде, жер астында, су үстінде және су астында жүргізілуі мүмкін. Осыған сәйкес жер үсті әуе, биіктікті, су үсті, су асты және жер асты жарылыстары болып бөлінеді. Ядролық жарылыс кезінде байқалатын құбьлыстар көп жағдайда жарылыс түріне байланысты болады. Ядролық жарылыстың әрбір түрінің басты ерекшеліктерінің бірі — жергілікті жердің радиоактивтік зақымдалу дәрежесі. Мыс., әуедегі жарылыс кезінде жарылыс эпицентрі ауданындағы жергілікті жерге радиоактивтік зақымдану қаупі төнеді. Ал жер үсті және жер асты жарылысы ядролық жарылыс ауданындағы жергілікті жердің және сондай-ақ радиоактивті бұлттың өту жолындагы жердің едәуір бөлігін зақымдайды. Ядролық жарылыстың белгілі бір немесе басқа түрінің қолданылуы онын зақымдауының ерекшелігіне, зақымдалатын объектінін сипатына және оны зақымдаудың талап етілетін дәрежесіне, сонымен бірге жергілікті жерді радиоактивті зақымдаудың қажетті шамасына және рауалы ауқымына қарай анықталады.

 

Ядролық жарыстың  жою факторлары мыналар: соққы толқын; жарық сәулелену; өткір радиация; радиоактивтік зақымдау; электромагниттік импульс;
а) Соққы толқын –негізгі жою факторы. Ғимараттар мен құрылыстардың
қирап-бүлінуінің ,сондай –ақ адамдардың жаппай қырылуының көпшілігі осы
соққы толқыннан болады.
ә)  Жарық сәлелену – бірнеше секунд бойына әрекет ететін , көрінетін
ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену. Ол ядролық жарылыстың қызған
өнімі мен қызған ауада түзеледі.
Жақыр сәулелену кезіндегі тері қабатының зақымдануының ауырлығына
қарай 4 дәрежеге  бөлінеді:
Терінің қызаруы , ісініп ауыруы;
Қолдырау ;
Тері мен талшықтардың жансыздануы ;
Терінің буылтықтануы .
б) Өткір падиация —  ядорлық жарылыс кезінде шығатын гамма – сәулелер мен  нетрондардың ағыны .  Бұл зақымдаушы фактордың барлық тіршілік иелеріне   соның ішінде адамға да әсері – организмнің  құрамындағы атомдар мен  моликулаларды иондайды, осының салдарынан кейбір органдардың тіршілік  функциялары бұзылады, сүйек кемігі зақымдалып, сәуле ауруы өрбиді.
в) Электрмагниттік импульс – ядролық жарыстардан аса күшті электр магнит  өрістері пайда болады. Бұл өрістерді қысқа мерзімде ғана болатындықтан лектрмагниттік импулс деп атайды, ол жер үстіндегі және төменгі ауадағы ядролық жарыстар кезінде неғұрлым толық білінеді.
Электрмангиттік импульс ең алдымен өнеркәсіпте және басқа объектілерде болатын электрондық және электротехникалық аппаратураға әсер етеді. Электрмагниттік импульстер әсіресе байланыс желілерімен  дабылдама құралдарына көп әсер етеді.
3. Ядролық жарылыстардың түрлері.  Биіктегі ядролық жарылыс – ракеталар мен ұшақтарды жер бетіндегі объектілер үшін қауіпсіз биіктікте жою мақсаты мен жасалатын жарылыстар (10-км астам) жою факторлары
Соққы толқын,жарық сәулелену,өткір радиация,және электрмагнитті импульс.
Әуедегі ядролық жарылыс – 10км-ге дейінгі биіктікте жасалатын жарылыс; онда жарқылды аумақ жерге (суға ) тимейді. Олар төмендегі және жоғарыдағы болып бөлінеді.
Жою факторлары: Соққы толқын, жарық сәулелену, төменгі жарылыстағы өткір радиация мен электрмагнитті импульс.
Жер (су) бетіндегі ядролық жарылыс – жер (су) бетінде жасалатын жарылыс. Жою факторлары:  Соққы толқын, жарық сәулелену, өткір радиация, төңіректің  күшті радиациялық зақымдануы және электрмагнитті импульс.
Жер (су) астындағы ядролық жарылыс – Жер (су) астында жасалған және ядролық жарылғыш зат өнімімен араласқан орасан көп топырақ (су) көтерілуіне сипатталады.  Жер (су ) асты жарылысының негізгі зақымдану факторы болып, сейсмикалық жарылғыш толқындары болып табылады. Жерде шұңқыр пайда болуы мен және төңіректің күшті радиациялық зақымдануымен ерекшеленеді. Жарық сәулелену мен өткір радиация болмайды.

Қорғану жолдары

 

Ядролық қарудың ауа толқынның соққысынан, тек осы күшті есептен салынған баспана немесе панахана /убежище/ ғана сақтай алады.

Жарықты сәулелену-бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион  градустан /жарылыс басында/ бірнеше мыңға дейін болады /жарылыстың аяғында/.

Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады.

Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.

Сәуленің мөлшері-калориямен анықталады.

Жарық импулсі – 1 кал/см

Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.

Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

1-ші дәрежелі -4 кал/см; -болса,

2-ші дәрежелі-4-7,5 кал/см;

3-ші дәрежелі -7,5-12 кал/см/тері сыдырылады/;

4-ші дәрежелі -12 жоғары кал/см/терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі/.

Жарықты сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғау алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

Өткір радиация – ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары   — сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.

Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты ол сәулелену дозасымен өлшенеді.

Сәулелену дозасы депқоршаған ортада  гр затты не  куб.см. көлемді денені  жоюға кететін қуат мөлшерін айтады. Бұл мөлшер рентген-Рентгеннасымен  куб.см ауада, 0 С-температурада қысымы сынап бағынасымен 760мм болғанда -2,08 млд пар иондардың болу деңгейі.

Өткір радиация-әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.

Ашық траншея – 3 есе азайтады

Жабық траншея – 7-10 есе

Бір қабатты ағаш үй – 3-5 есе

Бір қабатты тас үй – 10-15 есе

Жер астындағы үйде – 7-15 /землянка/.

Арнайы дайындалған жер асты үй – 400 есе

Көп қаталлы үй подвалы – 100-400 есе

Арнайы салынған баспана – 1000 есе

 

Қорытынды бөлім –

 

Жарық сәулелену кезіндегі тері қабатының зақымдануының ауырлығына  қарай неше дәрежеге бөлінеді?

— Ядролық жарыстың  жою факторлары?

— Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғану әдістері?

— Электрмагниттік импульс дегеніміз не?

— Жарық сәлелену дегеніміз не?

Уйге тапсырма

Бағалау.

 

8- тақырып:

Сабақтың тақырыбы :Өмір қауіпсіздігінің негіздері.ядролық зақымдау ошағы жəне оның сипаттамасы, ядролық зақымдау ошағындағы  қирау  аумағы  жəне  олардың  сипаттамасы,  ядролық  жарылыс бұлтының  ізінен  пайда  болатын  зақымдау  аумағы  жəне  оның  радиациялау деңгейі, сəулелену мөлшері, радиациялау деңгейі жəне оларды өлшеу бірлігі туралы жалпы түсінік.

 

Білімділік: . ядролық  қару  жəне  оның  сипаттамасы жайлы,  жəне  олардан  қорғану  əдістері,   олардың зардаптары, зияны нейтронды  оқ-дəрілердің зақымдау ерекшеліктері жайлы мағлұматтар беру.

 

Дамытушылық: Ой –өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелілік: ядролық  қару  жəне  оның  сипаттамасы жайлы түсіндіре отырып, бейбітшілікке, қамқоршылдыққа, бауырмалдыққа және қорғану  əдістерін үйрете отырып батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

Жарық сәулелену кезіндегі тері қабатының зақымдануының ауырлығына  қарай неше дәрежеге бөлінеді?

— Ядролық жарыстың  жою факторлары?

— Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғану әдістері?

— Электрмагниттік импульс дегеніміз не?

— Жарық сәлелену дегеніміз не?

 

Жаңа сабақ:

 

Ядролық зақым ошағы (Очаг ядерного поражения) — ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының әсерінен үлкен аумақта ерттер, зақымдану, жаппай қирау, оның ішінде қорғаныс құрылыстардың да қирауы, коммуналдық-энергетикалық тораптардың бүлінуі, жердің радиоактивті зақымдануы және халық арасында едәуір шығын болатын аумақ. Ядролық зақым ошағының аумағы қолданылған қарудың мөлшері мен қуатына, жарылыстардың түріне, ғимараттардың сипатына, жер бедеріне (акватория тереңдігіне) және ауа райы жағдайларына байланысты. Соққы толқынының қысым шамасы ОД кг/см2 және одан да көп бөлған жердегі шартты сызық Ядролық зақым ошағының сыртқы шекарасы болып табылады. Қираудың ықтимал сипатын анықтау және құтқару жұмыстарының көлемін белгілеу үшін Ядролық зақым ошағын төрт аймаққа боліп қарау қалыптасқан. Бұл аймақтардың радиустары ядролық жарылыстың қуаты мен ғимараттардың сипатына байланысты.

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су)астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластаужәне электрлік магниттік импульс жатады.

Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайдаболуы.   Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.

Жарықты сәуле болу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады.  Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.

Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

Өткір радиация – гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.

Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды.

Радиоактивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды.

Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның  көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, прибролады, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттарды, электрондық есеп машиналарды жарамсыз болып қалады.

Радиоактивті бұлт ізімен залалдану .Ядролық жарылыс кезінде радиоактивтік бұлт пайда болады. Ол кейде 30 км биіктікке дейін көтеріліп, желдің бағытымен тарала бастайды. Радиоактивтік бұлттан ауаға, жерге, су көздеріне радиоактивтік шаң түседі. Р.з. аймағының көлемі ядролық қарудың қуатына, желдің жылдамдығына байланысты. Мыс., бір мегатонна ядролық қару жарылған кезде, желдің жылдамдығы 50 км/сағ болса, зақымданған жер көлемі 11,5 мың шаршы км шегінде болады. Радиоактивтік шөгінділердің басым бөлігі жарылыс болған жерге жақын түседі. Бұлттан түсетін радиоактивтік заттардың зақымдағыш күші бірнеше күнге, аптаға, тіпті бірнеше айларға дейін сақталады. Бірақ оның залалдау дәрежесі барған сайын азая береді. Мыс., ядролық жарылыс болғаннан кейін бір сағ-тан соң 40 рентген, 5 сағ-тан соң 20 рентген, 10 сағ-тан соң 6 рентген, 1 тәуліктен соң 2 рентген, 2 тәуліктен соң 1 рентген болады. Егер адам ашық жерде қалатын болса, сәулені толық қабылдайды. Бір қабатты ағаш үй ішіндегі адамдар бұл дозаны 2 есе, ашық ордағы адамдар 3 есе, өндірістік үйлер мен ағаш үйдің астыңғы қабатындағылар 7 есе, тас үйдегі адамдар 10 есе, төбесі жабық ордағы, жұрт паналайтын арнаулы орындар мен тас үйдің астыңғы қабатындағылар 40—100 және одан да көп есе кем қабылдайды.

Қытынды бөлім –

Ядролық зақымдау ошағы дегеніміз не?

Ядролық қару деп нені айтамыз?

Ядролық жарылыс  қайда болуы мүмкін?

Ядролық  жарылыс бұлтының  ізінен  пайда  болатын  зақымдау  аумағы  жайлы не білесіңдер?

Уйге тапсырма:

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 тақырып:

 

Сабақтың тақырыбы : Өмір қауіпсіздігінің негіздері. Химиялық қару жəне оны қолдану белгілері, улы заттар, оның зақымдау қасиеттері  жəне  одан  қорғану  əдістерінің қысқаша  сипаттамасы,  химиялық зақымдау ошағы, зақымдаудың алғашқы жəне екінші аумақтары

Білімділік: .химиялық   қару  жəне  оның  сипаттамасы жайлы,  жəне  олардан  қорғану  əдістері,   олардың зардаптары, зияны нейтронды  оқ-дəрілердің зақымдау ерекшеліктері жайлы мағлұматтар беру.

 

Дамытушылық: Ой –өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелілік: химиялық   қару  жəне  оның  сипаттамасы жайлы түсіндіре отырып, бейбітшілікке, қамқоршылдыққа, бауырмалдыққа және қорғану  əдістерін үйрете отырып батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

 

Ядролық зақымдау ошағы дегеніміз не?

Ядролық қару деп нені айтамыз?

Ядролық жарылыс  қайда болуы мүмкін?

Ядролық  жарылыс бұлтының  ізінен  пайда  болатын  зақымдау  аумағы  жайлы не білесіңдер?

 

Жаңа сабақ:

 

Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улау заттарының жіктелуі келесі белгілерімен анықталады:

  1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), психикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен и др.)
  2. Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синилбдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоманр, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды. Химиялық қаруды қолдаяу мақсаттары:

 

уакытша катардан шығару;

жою;

адамдарды тірі роботка айналдыру;

өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.

 

 

Улағыш заттарды (токсикологиялық) жіктеу

 

  1. Жүйке жансыздандыратьш;
  2. Тері-іріңдік немесе ре-зорбтивтік өрекетті;

Түншықтырғыш өрекетті;

Жалпы улағыш өрекетті;

Уакытша катардан шығару: психологиялык жөне инкапостанттар (кереңдік, сокырлык, шок);

ТітіркендіргшІ өрекетті.

Химиялық ошақ дегеніміз — улағыш заттар өсеріне үшыраған өр түрлі құрылыстар, азык-түлік жөне шикізат қорлары, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар өлемі, түрғын халқы бар аумақ, оның өсерінен адамдардың, жануарлар мен өсімдіктер өлемшің зақымдануы туындауы мүмкін.

Химиялық ошақ: 1) тұрғындардың бір мезгілде жөне жаппай закымдануымен; 2) жоғары уыттылығымен;

3)      химиялык ошактьщ тұрақтылығымен; 4) жедел көмек көрсету жөне ошактан жедел орын ауыстыру кажеттілігімен; 5) корғаныш құралдарымен, жұмыс істеу қажеттілігімен сипатталады.

БДҮ (ВОЗ) мөліметтері бойынша, химиялық ошақтағы шығын бірнеше пайыздан 90%-ға дейін болады. Бұл УЗ қолдану төсілі мен түріне, халыктың орналасу тығыздығы, химиялық ок-дөрі тығыздығы, ауа райы, географиялык, жағдайлар, халықтьщ қорғаныш кұралдарымен камтамасыз етілуіне жөне оны колдану бішгі, шабуыдцың кенеттен басталу факторына байланысты. Химиялык зақым ошағы үлкен, кіші жөне т. б. болуы мүмкін..

Химиялық қарудан қорғану — әскер мен халықты химиялық қару әсеріне ұрындырмау немесе бұл әсерді барынша бәсендету, әскерлердің ұрыс кабілеттілігін сақтау және олардың жауынгерлік міндеттерін сәтті орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар жүйесі. Химиялық қарудың әсерін барынша әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: әскерлер мен халықты қарсыластың химиялық кару анғандығы туралы дәл уакытында хабарлау мен ескерту, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялықгигиена шаралары, жарақат алғандарга алғашқы медициналық және өзіндік көмек көрсету, химиялық қару қолданудың салдарын жою шаралары жатады.

Жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ:
VX (ви — икс), зарин, заман.

Зарин- түссіз не сарғыш зат. Иісі жоқ, қыста қатпайды. Қай қатынаста болсын сумен, органикалық еріткіштермен араласады, майларда жақсы ериді.
Ви – икс (VX) –ұшпалы емес, түссіз сұйық, иісі жоқ, қыста қатпайды. Суда біршама, ал органикалық еріткіштер мен майда жақсы ериді. Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзім- 6 айға децін зақымдайды. Негізгі ұрыстық күйі ұсақ дисперсті аэрозрль.

 

Химиялық зақым ошағы — химиялық қарудың немесе өте күшті улы заттардың әсеріне ұшыраған аумақ. Мұның салдарынан адамдар, жануарлар мен өсімдіктер зақымданады. Химиялық зақым ошағы улағыш заттар тікелей колданылган ауданды, биоконцентраттардағы булар мен аэрозольдардың таралу бағытындағы жерлерді қамтиды. Химиялық зақым ошағынын аумагы колданылған улағыш заттардың мөлшеріне, олардың типіне метеорологиялық жағдайлар мен жер бедеріне байланысты. Химиялық зақым ошағының сақталу ұзақтығы, орта есеппен алғанда, жазда Ү-газдарымен зақымданғанда 1-3 апта, заринмен зақымданғанда 6-8 тәулік, ипритпен зақымданғанда 1,5 тәулікке дейін, қыста кейбір улагыш заттар, мыс., Ү газы зақымдаушы әрекетін бірнеше ай бойы сақтай алады. Химиялық зақым ошағындағы құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ең алдымен арнайы құрылған жасақтар тартылады, қажет болған жағдайда оларға көмекке АҚ-тың баска да жасақтары бөлінеді.

 

Қорытынды бөлім –

Химиялық қару дегініміз не?

Химиялық қару ошағы дегеніміз не?

Улы заттардың жіктелуі деп нені айтамыз?

Химиялық қарудан қорғану әдістері?

Уйге тапсырма:

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 тақырып:

Сабақтың тақырыбы Өмір қауіпсіздігінің негіздер Бактериологиялық(биологиялық) қару жəне оның зақымдау əсері мен қолдану белгілері, бактериялық құралдар, олардың зақымдау əсері мен одан қорғану  құралдарына  қысқаша  сипаттама  беру,  бактериологиялық  зақымдау ошағы  жəне  оның  сипаттамасы,  бактериологиялық  зақымдау  ошағында жүргізілетін іс-шаралар, карантин жəне обсервация.

Білімділік: .бактерологиялық   қару  жəне  оның  сипаттамасы жайлы,  жəне  олардан  қорғану  əдістері,   олардың зардаптары, зияны нейтронды  оқ-дəрілердің зақымдау ерекшеліктері жайлы мағлұматтар беру.

 

Дамытушылық: Ой –өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелілік: бактерологиялық   қару  жəне  оның  сипаттамасы жайлы түсіндіре отырып, бейбітшілікке, қамқоршылдыққа, бауырмалдыққа және қорғану  əдістерін үйрете отырып батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

Химиялық қару дегініміз не?

Химиялық қару ошағы дегеніміз не?

Улы заттардың жіктелуі деп нені айтамыз?

Химиялық қарудан қорғану әдістері?

Жаңа сабақ:   Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады. Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бір.і

E 120 биологиялық бомбасы.

Бактериологиялық қарудан қорғану)— жаппай қырып-жою қаруынан қорғанудың құрама белігі, адамдарға, жануарларға және тыл объектілеріне бактериологиялық (биологиялық) қару әсерін жібермеу немесе әлсірету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар кешені. Ол қарсыластың бактериологиялык (биологиялык) кару колдану қатері туралы дәл уакытында ескертуді, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды білуді, зақымданған жерлерде әрекет ету кезіндегі жеке құрамның қауіпсіздігін, індетке қарсы, санитариялық-гигиеналық және арнайы сақтандыру шараларын және қарсыластардың бактериологиялык (биологиялық) каруды қолдануының салдарын жоюды қамтамасыз етеді. Бактериологиялық (биологиялық) қарудың әсерін әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: биологиялық барлау, жеке және ұжымдық, корғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялык гигиенаны, ал қажет болған жағдайда әскерлер мен халық, арасында емдеу шараларын жүргізу, жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету, бактериологиялық (биологиялық) кару қолданылуының зардаптарын жою жатады.

Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы

Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдырының жиынтығын айтады.

Бұл қарудың қауіптілігі-приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтауүшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.

Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою.

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары –тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі.    Солардың бірі-адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан  (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті обьектілердегі  апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.

Қорғаныс ғимараттарды адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.

Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.

Жұкпа таратпау жөне жою үшін карантин жөне обсервация деп аталатын арнайы изоляциялык-шектеулік іс-шаралар кешені жүргізіледі. Ошак ішінде, сонымен бірге оның шектерінде жұқпа таралуының алдын алуға жөне пайда болған зақым ошағын жоюға бағытталған індетке қарсы, санитарлык-гигиеналық, емдеу жөне өкімшілік-шаруашылыктық іс-шаралар кешені карантиндеп аталады. Қарсыластың бактериологиялык кару қолданғалы отырғаны туралы болжам болған кезде дереу карантин жасалады да, қоздырғыш түрі аныкталғанша созылады, ал егер АҚЖ (аса қауіпті жұкпа) туындаса, онда карантин жалғаса береді.
Карантин төмендегідей режімдік іс-шаралардың жүргізілуін талап етеді: закым ошағын қоршау (күзету), алдын ала дезинфекция жасамай мүлікті тасуға, адамдарды кіргізіп-шығаруға тыйым салу. Ошақтарда мектеп, клуб, кинотеатрлар жөне тұрмыстық қызмет көрсетудің ұсақ мекемелері уақытша жұмысын тоқтатады. Жұмыстарын тоқтатуға болмайтын көсілорындар мен мекемелерде ауруларды дер кезінде анықтап, оларды окпіаулау, зауыт, цех аумағын залалсыздандыру, санитариялык өңдеу, шұғыл (профилактика) сактандыру жөне т.б. жүргізуді қамтитын жұмыстың індетке карсы режімі белгіленеді.
Обсервация карантин зонасына іргелес жаткан аудан-дарда, сондай-ақ карантин зонасынан шығуға мұқтаж адамдарға бакылау жасау мақсатында ұйымдастырылады.
Обсервация кезінде режімдік іс-шаралар катаң жүргізіл-мейді; емдік-сақтандыру жөне қоғамдык тамақтану мекемелерінен басқа барлык көсіпорындар дезинфекция мен санитариялық өңдеуден кейін қалыпты қызметтеріне кіріседі.
Белгілі бір жұкпаға тән көбею кезеңі біткеннен кейін ғана карантин немесе обсервация токтатылады, ол соңғы ауруды оқшалау жөне ошакты дезинфекциялык өңдеуді аяқтау уакытынан бастап есептеледі.

Қорытынды бөлім –

Бактерологиялық  қару дегініміз не?

Бактерологиялық ошағы дегеніміз не?

карантин жөне обсервация деп нені айтамыз?

Бактерологиялық қарудан қорғану әдістері?

Уйге тапсырма:        Бағалау.

11 тақырып

 

Сабақтың тақырыбы :Өмір қауіпсіздігінің негіздер ) жалпы əскери газтұмылдырық, оның атқаратын қызметі жəне құрылысы, ГП-5,  ГП-4у,  ПДФ-Ш  газтұмылдырықтары  құрылысының  ерекшеліктері, сауыт-қорғанысты(маска) таңдау, жарамдылығын тексеру, газтұмылдырықты жинау жəне қалтаға салу, газтұмылдырықты алып жүру мен қолдану ережелері, зақымдалған  адамға  кигізу  əдістері,  бұзылған газтұмылдырықты  қолдану.

Білімділік: ) жалпы əскери газтұмылдырық, оның атқаратын қызметі жəне құрылысы, ГП-5,  ГП-4у,  ПДФ-Ш  газтұмылдырықтары  құрылысының  ерекшеліктері туралы мәліметтер беру.

Дамытушылық: өз іс — әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықтықалыптастыру.
Тәрбиелік: жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, Қарулы Күшіне деген сезімді арттыру, әскери тәртіпке үйрету.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут

 

Бактерологиялық  қару дегініміз не?

Бактерологиялық ошағы дегеніміз не?

карантин жөне обсервация деп нені айтамыз?

Бактерологиялық қарудан қорғану әдістері?

Жаңа сабақ:

Газтұмылдырық — адамның тыныс мүшелерін, беті мен көзін улағыш және радиоактивтік заттардың зақымдауынан, зиянды бу, газ, түтін және баскаларынан корғаныш үшін қолданылатын жеке құрал.

 

Газтұмылдырықтар — тыныс алу органдарын сенімді қорғау құралы. Олар тыныс алу органдарын, адамдардың көзін, бетін ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған. Барлық газтұмылдырықтардың әрекеті сүзгіш және жекелегіш болып бөлінеді.
Сүзгіш газтұмылдырықтар — тыныс алу органдарын қорғау құралдарының негізі болып табылады. Оның қорғау әрекеті адам жұтқан ауаны әртүрлі зиянды қоспалардан алдын ала тазалауға (сүзуге) негізделген.
Жекелегіш газтұмылдырықтар (ИП-4, ИП-5, ИП-46, ИП-46М) деп тыныс алу органдарын, бет терісі мен көзді ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған арнайы қорғау құралдарын айтамыз. Оларды сүзгіш газтұмылдырықтар қорғай алмаған жағдайда, сондай-ақ ауада оттегі жеткіліксіз болған кездерде қолданады. Тыныс алуға қажетті ауа жекелегіш газтұмылдырықтардың регенераторлық патрондардағы оттегімен молаяды. Газтұмылдырық алдыңғы жағымен регенеративті патронның тыныс алу қапшығынан тұрады

.. Сүзгіш газтұмылдырықтары тыныс алу мүшелерін, көзін, бетін ауадағы зиянды қоспалардан, биологиялық құралдар аэрозольдардан қорғауға арналған және ұзақ дұрыс тандап киген жағдайда ұрыс қимылдарын сәтті жүргізуді қамтамасыз етеді.

Газтұмылдырығы құрылысы : 1-шлем-маска, 2-клапанды қоропша

3-жалғастырғыш түтікше, 4-газға қарсы қорапша, а) катализатор көмер, б) мақталы төсем, в) түтінге қарсы сүзгі.

 

ГП-5 газтұмылдырығы

 

 

 

ПДФ-Ш  газтұмылдырықтары

 

Газтұмылдырықты (тұмылдырықты) пайдалануға дайындық оның алдыңғы жағының талаптағы мөлшерін аныктаудан басталады. Ол басты тік ұстап тұрған күйде төбе, иек және беттен өтетін тұйык сызық бойынша (122, а-сурет) жене маңдай, самай және желке арқылы өтетін тұйык сызықты өлшеу жолымен (122, ә-сурет) анықталады.

Тұмылдырыктың қажетті өлшемі беттің биіктігі бойынша таңдалады (иектің төменгі нүктесі мен кеңсірік арасындағы қашықтык) (122, б-сурет). Газтұмылдырық пен тұмылдырықтағы алдыңғы жағының өлшем ка-шыктығы.

121-сурет. УЗ, РЗ, биоло-гиялық қүралдар жөно кө-міртек тотығынан қорғану-пі аршілған гопкалитті пат-роидм сүігііи газтұмыл-дырық:   I        иглем-маска;

2       юіііііііііді.і   қорапша;

3       —   1’ошиіл итті    іщтрон;

4       — жалпістырі і.іім түтік-
ше; 5 — газға кярш КорвП
ша; 6 — катализатор кммір;
7 — макталы төсем; 8      тү
тінге карсы сүзгі

 

 

 

 

Сүзгіш тұмылдырықтар қызметі.

 

Әскери  қызметшілердің дем алу мүшелерін, көзін, бетін,ауада оттегі жеткілікті мөлшерде болғанда Ұ3, Р3, ВК аэрозольдардан қорғануға арналған жерде оларды ұзақ мерзім бойынша дұрыс таңдап, қиын жағдайда ұрыс қимылдарын табысты жүргізуді қамтамасыз етеді.

Дем алу  мүшелерін, бет пен көзді кез  келген ауадағы зиянды қоспалардан  қорғау үшін жеткіліксіз жағдайда жұмысты  орындау кезінде немес оттегі жоқ кезде әскерилердің қарулануында жекеленген дем алу аппараттар болады.

Дем алу  мүшелерін көміртек тотығынан қорғану  үшін сүзгіш газтұмылдырығы бар жинақтағ гопкалит патрон пайдаланады.

 

Қорытынды бөлім –

-Газтұмылдырық не үшін қажет және оны дұрыс қолдану жайлы түсіңдіріңдер?

— Газтұмылдырық құрылысын ата және қандай түрлерін білесіңдер.

Уйге тапсырма:

Бағалау.

 

Уйге тапсырма:

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:Өмір қауіпсіздігінің негіздері.тыныс  алу  мүшелерін  қорғаудың  қарапайым  құралдары,  Р-2  респираторы  жəне  оны  қолдану  тəртібі,  тыныс  алу  мүшелерін  қорғаудың қарапайым  құралдары(дəкеден  дайындалған  байлам,  шаңға  қарсы  матадан дайындалған  маска), олардың  атқаратын  қызметі,  қорғау  қасиеттері,  оларды даярлау  жəне  қолдану  əдістері,  жеке  аптекасы  жəне  химияға  қарсы  дербес қалта, олардың атқаратын қызметі жəне қолдану əдістері.

Білімділік: ) негіздері.тыныс  алу  мүшелерін  қорғаудың  қарапайым  құралдары,  Р-2  респираторы  құрылысының  ерекшеліктері туралы мәліметтер беру.

Дамытушылық: өз іс — әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықтықалыптастыру.
Тәрбиелік: жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, Қарулы Күшіне деген сезімді арттыру, әскери тәртіпке үйрету. :тыныс мүшелерінің гигиенасын сақтау,тазалық және жеке бас гигиенасын сақтау,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут

Үй жұмысы ауызша сұрау.

Газтұмылдырық не үшін қажет және оны дұрыс қолдану жайлы түсіңдіріңдер?

— Газтұмылдырық құрылысын ата және қандай түрлерін білесіңдер

Жаңа сабақ Жеке қорғаныс құралдарына тыныс алу органдарын тері жамылғылары мен көзді улағыш заттар буының, тамшысының және аэрозольдарының әсерінен, сондайақ радиоактивтік шаңныңауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды.Бұл қорғаныс құралдары адамдардың ластанған жерлерде қауіпсіз болуын және зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді.Тыныс алу органдарын қорғау құралдары Бұған газқағарлар, респираторлар, сондай-ақ қарапайым құралдар жатады. Қорғау қызметінің принципі бойынша газқағарлар сүзгілік және оқшаулағыш болып бөлінеді. Сүзгілік газқағарларда дем алу үшін түскен ауа улағыш, қатты әсер ететін улы заттардан, радиоактивтік шаңнан, бактериалдық аэрозольдан тазартылады.Оқшаулағыш газқағарларда тыныс алу газқағардың өзіндегі оттегі қоры есебінен жүргізіледі. Оны сүзгілік газқағарды пайдалана алмайтын жағдайда, мысалы ауадағы оттегі жетпеген немесе басқа да улағыш заттар өте жоғары немесе белгісіз кезде пайдаланады.

Респираторлар

Тыныс алу органдарын радиоактивті шаңнан, зиянды газдан, будан және аэрозоль қоспасынан қорғаудың қарапайым құралы ретінде респираторлар қолданылады. Респираторлар екі үлгіге бөлінеді. Бірінші – шолақ сөмке мен сүзгілік элемент бір уақытта респиратордың алдыңғы бөлігіне қызмет етеді.

Екінші  маскаға қосылатын сүзгіш патрондардағы дем алатын ауаны тазалайды.Бу-газ тәріздес қоспалардың дем алатын ауаны тазалау физика-химиялық процесстер есебінен (адсорбция, хемосорбция және катализ ), ал аэрозольді қоспалардан талшықты материалдар арқылы сүзу жолымен жүргізіледі. Олар мақсаты бойынша шаңнан қорғау, газдан қорғау және газды шаңнан қорғау болып бөлінеді. Алғашқылары тыныс алу органдарын әртүрлі аэрозольдан, екіншілері – зиянды бу мен газдан, соңғылары ауада бір уақытта болған газдан, будан және аэрозольдан қорғайды.

Тыныс алу мүшелерін аэрозольдан қорғау үшін әр түрлі маркадағы респиратрлар қолданылады. Тыныс алу мүшелерінің ауа құрамында болатын булы газ тектес зиянды заттардан және аэрозольдардан қорғану үшін газға қарсы сорбитті сүзгіш, газды шаңнан қоргайтын клапансыз бір рет қолданылатын респираторлар қолданылады. Респираторлар негізінен резеңкелі жартылай маскалар және қуыстық сүзгіштерден тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдан жасалады. Әмбебап респираторлар – бир мезгілде тыныс алу мүшелерін газдардан жәнеулы селикатты, бактериялы, цементті, көмірлі және радиоактивті шаңдардан қорғайды.Дәкелі таңғыштар – респираторлардың ең қарапайым түріне жатады. Кірлегеніне қарай ауыстырылып отыратын бес алты дәкеден тұрады. Дәкелі таңғыштар аз концентрациядағы және аса улы емес шаңдардан қорғауға ұсынылады.

 

 

,  Р-2  респираторы

 

Қорытынды бөлім –

-тыныс  алу  мүшелерін  қорғаудың  қарапайым  құралдарына не жатады?

— Р-2  респираторы  жəне  оны  қолдану  тəртібін айтып бер.

-Олардың  атқаратын  қызметі,  қорғау  қасиеттері және құрылысы жайты айтып беріңдер?

Уйге тапсырма:

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

13 сабақ

Сабақтың тақырыбы:Өмір қауіпсіздігінің негіздері.Теріні  қорғаудың  қарапайым  құралдары(күнделікті  қолданылатын, өндірістік киім жəне аяқкиім), қосымша герметизациялау жəне арнайы майды сіңдіру арқылы олардың қорғау қасиеттерін жоғарылату, арнайы киім үлгісінің

атқаратын  қызметімен  таныстыру(Л-1  жеңіл  қорғау  киімі,  сүзгілік  қорғау қасиеті бар киім, жалпы əскери қорғану киімі) жəне оларды қолдану тəртібі.

Білімділік: ) негіздері.тыныс  Теріні  қорғаудың  қарапайым  құралдары ерекшеліктері туралы мәліметтер беру.

Дамытушылық: өз іс — әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықтықалыптастыру.
Тәрбиелік: жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, Қарулы Күшіне деген сезімді арттыру, әскери тәртіпке үйрету. гигиена сақтау,тазалық және жеке бас гигиенасын сақтау,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут

Үй жұмысы ауызша сұрау.

-тыныс  алу  мүшелерін  қорғаудың  қарапайым  құралдарына не жатады?

— Р-2  респираторы  жəне  оны  қолдану  тəртібін айтып бер.

-Олардың  атқаратын  қызметі,  қорғау  қасиеттері және құрылысы жайты айтып беріңдер?

Жаңа сабақ

Ядролық, химиялық жөне бактериоло-гиялық (биологияльқ) закымдану жағдайында адам денесін корғау қажеттілігі туындайды. Бұл кұралдар колданылуына карай арнайы (табельдік) және көмекші болып бөлінеді.

Теріні арнайы корғау құралдары адамдардың терісін бу мен ула-ғыш заттардың жөне радиациялық заттардың РУ тамшыларынан, сон-дай-ак бактериологиялық күралдардан сенімді түрде қорғаса, а-бөлшектері әсерінен толықтай корғап, ядролық жарылыстың жарықты сәулеленуін әлсіздендіреді. Теріні қорғау күралдарының кор-ғаныштық әрекеті жекелегіш және сүзгіш болып бөлінеді.

Теріні жекелегіш қоргау құралдары резеңке матадан дайындалады жөне адамдар закымданған жерлерде үзак уақыт бойы болған жағ-дайда, зақымдану аймағы мен зақымдану ошақтарында газсыздандыру, дезактивизация, дезинфекция жүмыстарын орындау кезінде колданылады. Теріні жекелегіш корғану күралдары қүралымның жеке қүрамын корғау үшін ғана пайдаланылады. Теріні жекелегіш қорғау қүралдарына: жеңіл қорғаныш костюмі Л-1, қорғаныш комбинезоны мен костюмі, жалпы әскери қорғаныш костюмі жатады.

Теріні сүзгіш қорғау құралдары—қорғағыш сүзгіш киімдердің (ҚСК) жиынтығы. Бүл жиынтықтык, негізінде, бу тәріздес улағыш заттар-дан адамның тері қабатын корғауға арналған. Жиынтык бұдан баска аәрозоль жағдайындағы бактериологиялык қүралдар мен радиоактив-ті шаңдардан корғауды да ңамтамасыз етеді. Кәдімгі киім-кешекті майлы-сабынды әмульсиямен (жиынға 2,5 л) сіңіріп корғау күралын жасауға болады.

Теріні қарапайым қорғау құралдары барлык адамдарды жаппай қорғау қүралы болып табылады және табельдік күралдар жок кезде қолданылады. Теріні корғаудың қарапайым қүралдарына кәдімгі киім және аяқкиім жатады. Хлорвинил немесе резеңке матадан жасалған плащтар мен жамылғылар, драп, тері, шүғадан тігілген пальто бакте-риологияльщ күралдар мен радиоактивті шаңдардан жаксы қорғай алады. Олар тамшы-сүйық УЗ-дан 5—10 мин бойы, дымкыл киімдер 40—50 мин қорғайды. Аякты корғау үшін резеңке етік, галош, пима, теріден және жасанды теріден жасалған етік киюге болады. Қолды корғау үшін резеңке, тері қолғаптар, ал бас пен мойынды корғау үшін күләпара (капюшон) қолданылады.

Толык герметизациялау үшін бешпентке 80×25 өлшемдегі мойын-ның айналасына бекітетін баулары бар кеудеше тіғіледі.

Арнайы ерітінді сіңірілген кәдімгі киім де УЗ буынан қорғауы мүмкін. Сіңірілетін ерітінді ретінде ОП-7, ОП-10 жуу күралдары мен сабынды-майлы эмульсия пайдаланылады.

 

Қорытынды бөлім –

— Теріні жекелегіш қорғау құралдарына не жатады?

— Теріні сүзгіш қорғау құралдары?

— Теріні қарапайым қорғау құралдарына не жатады?

Уйге тапсырма:

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 сабақ.

 

Сабақтың тақырыбы:Өмір қауіпсіздігінің негіздері. Өмір қауіпсіздігінің негіздері.

нормативтерді  орындау  №1 – газ  тұмылдырықты  кию,  №2 – респираторды кию, №3 – «зақымдалған адамға» газ тұмылдырық кигізу, №4 –дəкеден байлам əзірлеу жəне кию, 5 – жалпыəскери қорғану киімін кию.

Білімділік: №1 – газ  тұмылдырықты  кию,  №2 – респираторды кию, №3 – «зақымдалған адамға» газ тұмылдырық кигізу, №4 –дəкеден байлам əзірлеу жəне кию, 5 – жалпыəскери қорғану киімін кию жайлы уйрету.

Дамытушылық: өз іс — әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықтықалыптастыру.
Тәрбиелік: жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, Қарулы Күшіне деген сезімді арттыру, әскери тәртіпке үйрету. гигиена сақтау,тазалық және жеке бас гигиенасын сақтау,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Өтілген тақырыпты сұрау:

тыныс  алу  мүшелерін  қорғаудың  қарапайым  құралдарына не жатады?

— Р-2  респираторы  жəне  оны  қолдану  тəртібін айтып бер.

-Олардың  атқаратын  қызметі,  қорғау  қасиеттері және құрылысы жайты айтып беріңдер.

Теріні жекелегіш қорғау құралдарына не жатады?

— Теріні сүзгіш қорғау құралдары?

— Теріні қарапайым қорғау құралдарына не жатады?

Негізгі бөлім:

Нормативтерді  орындау  №1 – газ  тұмылдырықты  кию,  №2 – респираторды кию, №3 – «зақымдалған адамға» газ тұмылдырық кигізу, №4 –дəкеден байлам əзірлеу жəне кию, 5 – жалпыəскери қорғану киімін кию.

 

Дем алу органдарын көміртек тотығы аеЛ корғау үшін сүзгіш газтұмылдырығы Гмі|> жинақтағы гопкалит патрон пайдаланылады. Газтұмылдырықты (пайдалануға дайындық оның алдыңғы  жағының талаптағы мөлшерін анықтаудан басталады. Ол басты тік ұстап түрған күйде төбе, иек жөне беттен өтетін түйьщ сыііыі бойынша ) және маңдай, жөне желке аркылы өтетін түйык сызық  өлшеу.

Газтұмылдырық пен түмылдырықты бетке лайықтап өлшеу:

а — бетті тігінен камтып өлшеу; ә — бетті көлденең камтып өлшеу; б — беттің биіктігін өлшеу

 

 

Жалпы әскери қорғаныш костюмі. (ЖҚҚК) зиянды сөулеге шалдығу жөне ядролык жарылыстың радиоактивті шаңнан, улағыш заттардың булары мен аәрозольдардан жөне биологиялық аэро-зольдардан қорғануға арналған. Ол күртешеден, шалбардан, қорғаныш ішкиімнен, баскиімнен, шлемнің ішінен киетін баскиімнен (токымалы) тұрады. ЖҚҚК табельдік өскери киімнен өз кұрылымы мен кол білезіғін корғау үшін отқа қарсы дымқыл жеңді корғаныш ішкиімнің болуымен ерекшеленеді.

Жалпы әскери құрама қорғаныш костюмді «ұрыс» жағдайына ядро-лық жарылыстың зиянды сөулеге шалдығудан корғану үшін пайдалану кезінде шлемнің ішінен киетін баскиімді газтүмылдырықтың алдыңғы жағының үстіне, баскиімнің астына киеді.

Қарсылас жаппай жою қаруын қолданумен үрыс өрекетте|>іи жүргізу кезінде жеке корғану қүралдары үш жағдайда болуы мүмкін «жорықтық», «дайын», «ұрыстық».

«Жорықтыц» жагдайда жеке құрам жаяу ретте немесе жеңілдендірілген жабдықпен (киім-кешек қапсыз және шинельсіз) ашык машиналарда

Қимылдау кезінде қорғаныш плащты жабдық үстіне қапшыққа  салып аркада тасымалдайды). Қапшық жоккезде қорғаныш плащ жиналған күйде иықтан асыра тастап белдікке бекітілген  түрде арқада тасымалданады. Толық жорықтық жабдық кезінде корғаныш плащ зат қабында сақталады.

 

 

«Дайын» жагдайда капшықтар жок кезінде плащты жазылған түрде аркада тасуға болады (123, ә-сурет).

«ұрыстыц» жагдайда жалпы әскери қорғаныш толымның қорғаныш плащын жеңге киілген жамылғы ретінде  немесе комбинезон ретінде пайдалануға болады.

Комбинезон ретіндегі қорғаныш плащ зақымданбаған жерлерде (бойтасаларда) тиімді. Кию төсілдері:

— каруды жерге кою немесе бір затка сүйеу;

— газтұмылдырық пен сөмкені, жабдық пен баскиімді шешіп жерге қою;

— кительді шалбарға жинау;

— корғаныш шұлығын кию;

— қапшықтышуға арналған жілті тарту;

— плащты жеңге кигізу

—  капшықтағы жартылай сақинадан жіптід үштарын босатып, шіащ артының етегімен оларды жартылай сақинаға енгізіп  бекіту.

— айылбасқа (шпенька) үстағышты ортадағы айылбасқа плащтың плдымен оң, содан кейін сол етегімен қадап, бекіткішпен бекіту .

— айылбасқа плащ етектерін сол жақ етегі сол аяқты, ал оң жак етегі оң аякты жабатындай етіп кадау; орталык айылбастан төмен орналасқан екі айылбасқа ұстағыштарын бекіткіштермен бекіту;

—плащтың бүйірлі белдікшелерін алдын ала тізе астымен аяқтарға пііішлдырып айылбасқа кадау;

—екі үстіңгі үстағышты калдырып, плащ өңірін қадау

плащ үстінен жабдық пен газтұмылдырык кигізу;

газтүмылдырыкты «үрыстьщ» жағдайға келтіру;

шлемнің ішінен киетін баскиімді (қыста ауа райының төмен
температурасы кезінде) жөне баскиімді (касканы), ал содан кейін
күлөпараны кию;

плащтың қалған үстағыштары мен күлөпара белдікшелерін
қадау;

қолғап кию;

 

Газтұмылдырьщты кию уақыты 10 с-тан аспау керек, ал тұмылдырықты — 14 с, ашық жерде жеңге қорғаныш плащты жөне газтұмылдырықты — 4 мин, бүркемелер немесе машиналарда — 6 мин, ал комбинезонды — 6—12 мин-та киіп үлгеру керек.

Жалпы әскери қорғаныш толымды шешу тәсілдері:

жабдықты шешу;

бекіткіштерді шешіп, плащ етегі мен корғаныш шұлығы белдікшелерін ағыту;

бүйірлі белдікшелерді шешу;

плащтың өңірін шешу;

күләпараны шешу және оны аркаға ысыру;

жеңнің белдікшелерін шешу;

қолды жеңнен шығарып алып, бір уақытта колғапты мюіму|

плащ жіптерін (тоқыма бауларын) шешу;

плащты артқа қарай сыртқы жағымен төмен түсіру;

—      қорғаныш шүлық тоқыма бауларын бел белдігімен шешіп,
қорғаныш шұлығын шешу;

—      желдетілген жаққа барып, газтүмылдырықты шешу.
Жамылгы ретіндегі цореаныш плащты карсылас кенеттен улағыш

заттар мен биологиялық қүралдарды қолдану кезінде немесе радиоактивті жауын-шашын кезінде пайдаланады.

 

Қорытынды бөлім –

Жалпы әскери қорғаныш толымды шешу тәсілдерін айтып бер:

Газтұмылдырьщты кию уақыты?

Газтұмылдырық пен түмылдырықты бетке лайықтап өлшеу?

 

Уйге тапсырма:

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 такырып

Сабақтың тақырыбы:Өмір қауіпсіздігінің негіздері. ұжымдық қорғану құралдары- жасырынатын орын жəне радиацияға қарсы таса, олардың қорғау қасиеттері, жалпы құрылысы жəне бөлменің ішін жабдықтау, жасырынатын орынға орналасу жəне ондағы тəртіп. Радиациядан қорғануға  арналған  жерасты  жəне  жер  бетіндегі  бөлмелер(ғимараттар),  жасырынатын орынды толтыру, белгі бойынша тасадан(бөлмеден) шығу жəне негізгі  жол  бітеліп  қалған  жағдайда  шығу  амалдары,  қарапайым  тасалар, жабынды тасаны əзірлеу, оның атқаратын қызметі бақылау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Радиактивті сәулелердің биологиялық әсерімен  таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Өтілген тақырыпты сұрау:

 

Жалпы әскери қорғаныш толымды шешу тәсілдерін айтып бер:

Газтұмылдырьщты кию уақыты?

Газтұмылдырық пен тұмылдырықты бетке лайықтап өлшеу?

Жаңа сабақ

Ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шарушылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа материалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда /термос, бидон, графин, банкі/ сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек.

Зардап шеккен жүрдегі құтқару, қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары.
Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәнділігі, оның тездігінде, тиімділігінде.
Құтқару жұмыстары:
§    көмекке келген күштердің жүрер жолын барлау;
§    жолдағы немесе апат орнындағы өрттің жайылуына жол бермеу;
§    апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ау баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу;
§    құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру,
§    оларды шығару;
§    зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
§    халықты химиялық және радиацияланған аудандарды, су басқан аудандардан көшіру;
§    адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу;
§    территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар кейінге қалдыруға болмайтын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Бұл жұмыстарға мыналар жатады:
§    ластанған учаскелерге баратын жолдарды тазалау;
§    апаттың одан әрі тарауына  жол бермеу;
§    бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында жұмысқа қосу;
§    қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
§    көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
§    құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Сонымен қатар зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайы, қорғану құрылыстарының жәйі, апат орнына барар жолды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Қираған не радиациялы орында АҚ күштері кезекпен жұмыс жүргізеді. Адамдарды құтқаруға кәсіпорындардағы біріктірілген отрядтар /командалар/ алдымен жіберіледі. Бұлардың мүмкіндігін күшейту үшін арнайы техника /бульдозерлер, автокрандар…/  бөлінеді. Бұларға көмекке өрт сөндірушілер және ластанған техниканы тазартушылар көмекке келеді.
Жасақшылардың күшімен панаханада қалған адамдарды құтқару жұмысы, оларға көмек көрсеті, ішке ауа барғызу жағдайы қаралады. Қираған үйлердің астында қалған адамдарды құтқару ең жауапты жұмыс. Бұл үшін  темір кесетін ара, ауыр балғалар, техникалардың жаңа түрлері қажет.
Іштегі адамдарға кигізетін противогаз, респиратор, шаңға киетін матадан тіккен маскалар болуы керек.
Апат болған жерде коммуналдық,  энергетикалық жүйелер бұзылып, баспананың суға толуы, газдың жарылуы, өрт шығу қауіпі болады. Осының барлығы ескерілуі керек. Суды сырттан жабу, канализация жолдарын басқа бағытқа бұру, сырттағы газ тетігін жабу жұмыстары істелуі керек.

Зақымдану аймагыиан шығу немесе одан өту іс барысында немесе үйінділерден өтпелер жасағаннан кейін жүзеге асырылады. Қирау ауданынан іс барысымен өткенде, өскерлер неғүрлым қауіпті жерлерді айналып өтуі керек, бүл кезде жеке күрамды, қару-жаракты жөне өскери техниканы қорғау керек. Үйінділерден өту не одан өткелдер жасау оны айналып өту мүмкін болмаған жағдайда болады.

Орман үйінділеріндегі өткелдерді жасау бұзғыш инженерлік машиналар (БИМ) иемесе жол төсегіштер жүру алаңын ені бойынша тольқ  тазарту арқылы жүргізіледі, мұндайда ағаштарды жарғыш төсілмен немесе мотоаралармен кеседі.

Өткелдерді жасау төсілдері:

а) бірінші топ үйіндіге барлау жүргізіп, өткел шеттерін белгілейді;

 ә) екінші топ етпе шетіндегі ағаштарды үсақтау үшін олардың

үйыса өскен жерлеріне зарядтар койып, жарады;

б)  үшінші топ (инженерлік мащиналар) еткелдерді ағаштардан тазартады, мұндайда БИМ өтпе енін 3,5 м етіп ашса, артынан жол төсеуіпілер оның енін 6 м-ге дейін жеткізеді.

в) төртінші топ жүру алаңын ұсак сыныктардан тазартып, өткел шеттерін белгілейді.

Тасты, топырақты-құзды  уйіндиіер мен елді мекендерде биіктігі 0,5 м-ге дейінгі өткелдер механикалық  төсілмен жүру алаңын ен бойымен толық тазарту әдісімен; биіктігі жоғары үйінділерде өткелдер үйшдінің жоғары жағына ету әдісімен жасалады.

Елді мекендердегі өтпелер  үйінді сипатына байлаиысты. Үйінді үш түрлі болады: үздіксіз, құламасыз біржақты алан; үзілісті кұламасыз екіжақты алан және тегіс..

Биіктігі1,5м-гедейінгі қар үйінділердегі егі өпгкелдер толык тазалау әдісімен жүргізіледі. қардың биіктігі жоғары, тығыздығы аз болған жағдайда өткел жасау үшін жарғыш тәсіл қолданылады да, артынан кар тазалағыш машиналармен тазартылады, ал кар тығыздығы 0,5 г/см3-тан көп болған жағдайда үйіндінің жоғарғы жағындағы өткелдер жүру бөлігін жергілікті материалдармен иемесе жиналмалы жол жамылғыларымен күшейту аркылы жасалады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

— Құтқару жұмыстары туралы айтып бер:

-Жеке қорғану құралдары туралы айтып, опарға сипаттама беріңдер.

-Жеке қорғану құрралары қандай улағыш заттардан қорғайды?

-Тұмылдырықтар мен газтұмылдырықтардың өлшемін қалай таңдайды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 тақырып

Сабақтың тақырыбы:Өмір қауіпсіздігінің негіздері. Эвакуациялау  жəне  тұрғындарды  орналастыру  əдістері  мен  тəртібі, эвакуациядағы  адамдардың  міндеттері,  оларды  қажетті  жабдықтармен  жəне тамақпен  қамтамасыз  ету,  эвакуация  бекетіндегі  тəртіп,  жүру  бағыты  жəне орналастын орынға келу ережелері.

Білімділік: негіздері. Эвакуациялау  жəне  тұрғындарды  орналастыру  əдістері  мен  тəртібін үйрету, эвакуация  бекетіндегі  тəртіп,  жүру  бағыты  жəне орналастын орынға келу ережелерімен танысытыру.

Дамытушылық: өз іс — әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықтықалыптастыру.
Тәрбиелік: жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, Қарулы Күшіне деген сезімді арттыру, әскери тәртіпке үйрету. гигиена сақтау,тазалық және жеке бас гигиенасын сақтау,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Өтілген тақырыпты сұрау:

Құтқару жұмыстары туралы айтып бер:

-Жеке қорғану құралдары туралы айтып, опарға сипаттама беріңдер.

-Жеке қорғану құрралары қандай улағыш заттардан қорғайды?

-Тұмылдырықтар мен газтұмылдырықтардың өлшемін қалай таңдайды?

 

 

Жаңа тақырып:

Эвакуация (лат. evacuatіon – босату, evacu – босатамын):

 

 

 

1) әскерлердің маневрлілігі мен тез жылжуын қамтамасыз ету мақсатында соғыс қимылы жүріп жатқан жерден тұтқындарды, халықты, бұзылған және артық мүлікті, олжаларды, әр түрлі бағалы заттарды тылға көшіру;

2) соғыс немесе саяси себептерге яки келісімдер мен шарттарға байланысты әскерлерді алдын ала орналасқан аудандарынан шығару;

3) дұшпан шабуылының қауіп төнгізіп тұрған немесе табиғат апатына (су тасу, таудан тас, қар құлау) ұшыраған жерлерден тұрғын халықты, кәсіпорындарды, мекемелерді, мәдени және құнды заттарды, жергілікті мүлікті алып шығу;

4) медициналық Эвакуация, яғни жаралыларды, ауруларды соғыс қимылы жүріп жатқан ұрыс даласынан тылдағы емдеу мекемелеріне ұйымдасқан түрде тасымалдау, көшіру;

5) су электр станциялары мен ірі су қоймалары салынғанда сол аумақтағы елді көшіру:

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді.

Уақытша көшіру шаралары:

ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін — өндірістік принцип бойынша;

халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;

көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Көшіру шараларын жүргізу үшін  жергілікті  атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады.

Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдарының және ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелген.

Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:

ұйымның АҚ штабымен бірлесіп, объектінің жұмысшылары мен қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін орналастыру үшін олардың тізімдерін жасайды;

азаматтық қорғанысының басшысына эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобил колонналары мен жаяу саптар Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.

Бытыраңқы орналастыру -соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.

  1. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;

2.Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың ,бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;

3.Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;

4.халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;

5.көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;

6.стансаларды,аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау,көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;

7.халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау,барлау және даярлау,марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;

8.жерасты құрылғаларын,жекпелерді және басқа да халықты жасауға болатын орындар мен құрылыстарды анықтау және оларды одан әрі жабдықтау;

9.Ааматтық қорғаныстың басқару пункттерін,байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;

10.қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау,сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.

Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді.

Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.

Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.

Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаңыс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.

Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.

Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланады.Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған

(медицина, тамақтандыру,күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.

Қорытынды бөлім –

-Эвакуация дегеніміз не?

Уақытша көшіру шаралары:

— Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:

. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау қалай жүзеге асырылады?

Уйге тапсырма:

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17 тақырып

Сабақтың тақырыбы:Өмір қауіпсіздігінің негіздері.

Азаматтық  қорғанысты  хабарлау  белгілері  жəне  əрекет  ету  тəртібі, тұрғындардың радиобелсенді жəне химиялық зақымданған аудандарда əрекет ету  тəртібі(ұжымдық  жəне  дербес  қорғану  құралдарын  қолдану,  дербес қорғанудың медициналық құралдарын пайдалану, АИ дербес аптекасындағы радиоқорғаныс құралдарын қолдану

Білімділік: . Азаматтық  қорғаныс– жалпы мемлекеттік  қорғану  жайлы мағлұматтар бере отырып білімдерін кеңейту, атқартын қызметтері туралы мәліметтер беру.

Дамытушылық: Ой –өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелілк: Республикасы қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы», «Əскери қызметкерлердің  əскери  міндеттері  жəне  мəртебесі  туралы», «Ұлттық қауіпсіздік  туралы», «Азаматтық  қорғаныс  туралы» заңдарын құрметтеуге және оқушының міндеттері мен құқықтары жайлы білуге.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Өтілген тақырыпты сұрау: (ауызша)

Эвакуация дегеніміз не?

Уақытша көшіру шаралары:

— Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:

. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау қалай жүзеге асырылады?

Жаңа тақырып

Қорғаудың медициналық құралдары. АИ-2 дербес дөрі кобди-шасы (118-сурет) күйген жөне жаракат алу кезінде өзара көмек көрсету мен өзіне-өзі көмек көрсету үшін, сондай-ак ионизацияланған сөулелену, биологиялық күралдар, улағыш заттардың өсер етуін әлсірету мен алдын алу үшін қолданылады. Онда дөрілік күралдар (дәрі-дөрмектер), антидот пен радиопротекторлар болады.

Дербес дәрі кобдишасының 4-үяшығында ауруға қарсы қүрал-дармен шприц-тюбик орналасқан. Оны сүйектің сынуы, жаралану мен күйік кезінде қолданған дүрыс. Ол үшін шприц-тюбик дөрі қобди-шасынан шығарылып алынады. Сол қолмен қабырғалы жиегінен үстайды, ал оң қолмен — тюбиктің сыртынан үстап, оны айналдырмалы қозғалыспен сағат тілінің жүрісі бойынша шегіне жеткенше бүрады. Содан соң инені қорғап түрған калпақшаны шешеді де, шприц-тюбиктің инесімен жоғары қаратып түрып, ішіндегі ине үшында бір тамшы сүйьщтык көрінгенше ауаны сығып шығарады. Бүдан кейін инеге кол тигізбей, оны санның ішкі жағындағы жүмсақ тінге салады. Саусактарды босатпай инені шығарып алады. Шүғыл жағдайларда киімнің сыртынан да ине салуға болады.

Фосфорорганикалық улағыш заттармен (ФУЗ) зақымданудан алдын ала сақтандыруға (өлсіздендіруге) арналған қүрал (тарен—6 таблетка) 2-үяшықтағы қызыл түсті домалак пеналға салынған. Оны «Химиялық дабыл!» сигналы бойынша бір таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі арта түскен кезде тағы бір таблетканы қабылдау кажет. Препаратты қабылдаумен бірге бір уақытта газтүмылдырықты да кию кажет. Препаратты кайталап қабылдауға 5—6 сағ-тан соң ғана рүксат етіледі.

№1 бактерияға қарсы қүрал (тетрациклин, гидрохлорид) 5-үяшық-та, бояусыз бірдей төртқырлы пеналдарда орналастырылған. Оны

Ауырганды  басатьш құрал

) ФУЗ-бен уланраннан  сактайтын щграл

№2 бактерияға карсы кұрал

№1 радиоқоргау құралы

№1 бактерияға карсы кұрал

©ЕШ \(Ю®

М°2 радиокоргау  ‘    Құсуш карсы қүралы

228

118-сурет

тікелей кауіп төнгенде немесе бактериологиялык. зақымдануда, сондай-ақ жаралану мен күйік кезінде қабылдайды. Алдымен, бір пеналдың ішіндегісін (бірден 5 таблетка) кабылдайды, артынан су ішеді, содан соң 6 сағ-тан кейін басқа пеналдың ішіндегісін кабылдайды.

№2 бактерияға карсы күрал (сульфадиметоксин 15 таблетка) бояу-сыз үлкен домалак үяшықта (3) болады. Оны кейде сәулеленуден соң пайда болатын асқазан-ішек кызметінің бүзылуы кезінде пайдалануға болады. Алғашкы тәуліктерде бір ішкенде 7 таблетка, ал кейінгі екі төулікте 4 таблеткадан кабылдайды.

№1 радиоқорғау күралдары (цистамин) 4-үяшықта күлгін түсті сегізқырлы пеналдарда 6 таблеткадан салынған. Бүл препаратты сөулеге шалдығу каупі төнген кезде 6 таблеткадан кабылдайды. Сәулелену тағы да қайталанатын болса, бірінші кабылдаудан кейін 4—5 сағ өткеннен кейін тағы да 6 таблетка қабылданады.

№2 радиокорғау қүралы (калий-йодид — 10 таблетка) 6-үяшыкта ақ түсті тәрткырлы пеналға салынған. Оны бір таблеткадан 10 күн бойы күн сайын қабылдау кажет. Препарат бірінші кезекте балаларға

беріледі.

Құсуға қарсы кұрал (әтанеразин — 5 таблетка) 7-үяшыкта кегілдір түсті домалақ пеналға салынған. Сәулеленуден соң, сондай-ақ бас зақымданғаннан кейін жүрек айну белгілері білінгенде бір таблетканы

ішу керек.

8 жасқа дейінгі балалар таблетканың 1/4-ін, ал 8—15 жастағылар

1/2-ін қабылдауы тиіс.

Химиялық зақымдануга царсы дербес пакет (119-сурет)киж-кешек пен дененің ашық учаскелеріне түскен тамшы-сүйык улағыш заттарды заласыздандыру үшін колданылады. Жиынтығында газсыздандыру ерітіндісі бар бүрамалы қақпакпен жабылған кұты жөне тәрт дана мақта-дәке таңғышы болады. Бүлардың барлығы герметикалык пакетке салынған. Киім-кешек пен дененің ашык учаскелеріне түскен тамшы-сүйық улағыш заттарды күтыдағы сүйықтықка батырылған тампондармен сүртіп тазалайды. Тазалау кезінде күйдіру өсері болуы мүмкін, бірак ол тез басылады да, жүмыс істеуге кедергі келтірмейді. Қүтыдағы сүйықтық улы өрі көзге түсіп кетсе қауіпті. Химияға карсы дербес пакет болмаған жағдайда, тампон ретінде көдімгі мактамен дөкені пайдалануға болады.

Дербес таңғыш пакет бинттен (ені 10 см және үзындығы 7 м) және екі мақта-дөке жастыщнадан (17,5×32 см) түрады. Жастықшалардың біреуі бинттің үш жағына жылжымайтындай етіп тігіледі, ал келесі жастыкшаны бинт бойымен жылжытуға болады.

Бүктелген жастықшалар мен дөке балауыз сіңдірілген қағазға оралып, кесілген матадан жасалған герметикалык қапшыкка салынады. Пакетте түйреуіш болады, пакеттің кабында оны пайдалану

ережесі көрсетілген.

Ішкі ңабаты залалсыздандырылған пакеттің сыртқы кабы стерилъденген таңғыштар салу үшін пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18 тақырып:

Сабақтың тақырыбы:Өмір қауіпсіздігінің негіздері.

ядролық  зақымдау  ошағында  құтқару  жұмыстарын  жүргізу  кезінде шешілетін  міндеттер,  олардың  қысқаша  сипаттамасы,  құтқару  жұмыстарын жүргізу үшін қолданылатын күш жəне құралдар, ядролық зақымдау ошағында қирау  орындарын  жедел  қалпына  келтіру  жұмыстарын  жүргізу  кезінде шешілетін міндеттер.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Ядролық зақым ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде шешілетін
міндеттерді оқушыларға түсіндіру.

б) дамытушылық: Құтқару жұмыстарына қолданылатын күш және құралдар, қирау орындарын жедел қалпына келтіруді оқушыларға ұғындыру.

в) тәрбиелік: Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге, ержүрек, батыл және әскери патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа ұғым қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, слайд,карточкалар,суреттер
Қолданылған әдебиеттер: АӘД кітабы 10-сынып
Пән аралық байланыс: Денетәрбиесі, техналогия

2) Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру взвод командирлерін сапқа тұрғызу, әскери сәлемдесу, командир рапорт береді, оқушылардың саптық тұрысын тексеру.

б) Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Үйге берілген тапсырманы сұрау.

в) «Ойқозғау»

Оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын карточкалар арқылы тексеру.

Апатты жағдайлардағы аудандар мен зақымдану ошақтарында жүргізілетін құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстары зақымдану ошақтарындағы адамдарды құтқару, жапа шегушілерге көмек көрсету, зақымданудың қайта туындаған факторларынан материалдық шығындар мен адамдардың құрбан болуының алдын алу және кезекті қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін жағдайлар жасау мақсатында жүргізіледі.
Құтқару жұмысына жататындар: қозғалыс жасау маршруты мен жұмыс аймағын барлау, жұмыс аймағы мен қозғалыс жасау маршруттарындағы өртті сөндіру және жою, зақымданушыларды іздеу және оларды үйінділердің бүлінген және жанып жатқан ғимараттардың астынан алып шығу, қиратылған қорғаныш құрылыстарын ашу, оған ауа жіберу және ондағы адамдарды құтқару; зақымданған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және оларды тасымалдау; халықты қауіпсіз жерге шығару, зақымданушыларды санитарлық өңдеуден өткізу және олардың киімдерін, аумақты, көлік пен техниканы залалсыздандыру.
Жедел қалпына келтіру жұмыстарына жататындар: үйінділердегі көлік пен техника қозғалысы үшін жүру құрылғылары мен лек жолдарына жол төсемдерін жасау; құлау төндіретін конструкцияларды нығайту және опырып құлату; энергетикалық желілердегі апатты жайылдырмау, құтқару жұмыстарын қамтамасыз етуге арналған энергетикалық желілер мен байланыс желілерін уақытша қалпына келтіру.
Құтқару және жедел қалпына келтіру жұмыстарына АҚ-тың жалпы мақсаттағы әскерилендірілмеген құрамалары мен бөлімдері, әр түрлі мақсаттағы қызмет көрсету құрамалары (медициналық, өртке қарсы, инженерлік, қоғамдық тәртіпті сақтау, материалдық және техникалық қамтамасыз ету жәнет.б.) тартылады.
Құтқару командалары келіп жеткенге дейін барлау топтары аймақтағы зақымдану деңгейін анықтайды, құрылыстарға кіру мен шығу жолдарын іздестіреді.
Өртті сөндіру және оны одан ары жайылдырмау жұмыстары өртке қарсы командалардың және құтқару құрамаларының көмегі арқылы жүргізіледі.
Қираған ғимараттардағы үйінділер астынан адамдарды іздеу және құтқару зақымдану ошақтарына құрамалар кіргізілген кезден бастап дереу басталады.
Зақымданушыларды іздеу кезінде адамдардың болуы мүмкін жерлер мұқият зерттеледі.
Құтқарушыларға кезең-кезеңмен дауыстап немесе ғимараттың сақталып қалған бөлігіне және үйінді элементіне соққы беру арқылы қатты сигналдар беріліп отырады.
Зақымданушыларды қазу және үйінділер астынан алып шығу әдетте үйіндінің үстіңгі жағынан қолмен қазу арқылы жүргізіледі.
Жанып жатқан, қиратылған ғимараттардағы адамдарды құтқару өртке қарсы құрамалардың инженерлік құрамалармен өзара әрекетінде өрттерді бір уақытта өшірумен жүзеге асырылады.
Құтқарушылар түтіндеген жерлерден адамдарды іздеу үшін сүзгіш газтұмылдырықтарда жұмыс істеуі қажет. Зақымданушыны түтіннен қорғау үшін шүберектер немесе тығыз емес матаның бөлігі қолданылады.
Үйілген қорғаныш ғимараттарын қазу мен ашу олардан шығару жұмыстары жалпы мақсаттағы құрамалардың өртке қарсы, инженерлік, апатты-техникалық және дәрігерлік қызмет көрсету құрамаларымен бірлесе әрекет етуімен жүзеге асырылады.
Қорғаныш ғимараттарын қираған құрылыстардың арасынан іздеп табу жұмыстары алдын ала жасалған жоспар мен сипатты белгілері бойынша жүргізіледі.
Қорғаныш құрылыстарын іздеп тапқаннан соң ең алдымен онда тасаланып отырған адамдармен байланыс орнатып, олардың жағдайын, ғимараттың бүліну дәрежесін және оның ішкі жабдықтарын анықтау қажет.
Зақымданушыларға көрсетілетін дәрігерлік жәрдемді дәрігерлік қызмет көрсету мекемелері мен құрамалары ұйымдастырады. Объектілердегі құтқару жұмыстарын тікелей алғашқы дәрігерлік көмекті санитарлық дружиналардың жеке құрамы немесе АҚ-тың басқа да құрамалары көрсетеді.
Дәрігерлік көмекке зәру зақымданушылар тиеу орнына көлікпен тасымалданады да, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жасақтарына немесе қалалық дәрігерлік пункттерге жеткізіледі.

 

Сабақты қортындылау.

Жаңа сабақты қорыту.
Жаңа сабақты карточкалар арқылы сұрау.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19

 

 

Сабақтың тақырыбы :Өмір қауіпсіздігінің негіздері.Құтқару  жұмыстарын  орындаудың  əдіс-тəсілдері-  жұмысқа  бару бағытын жəне учаскені(нысанды) барлау; қирандыларды тазалау жəне оған өту; өртті сөндіру жəне жəбір көрушілерді құтқару; қираған құрылымдарды ашып,  жəбірленушілерді  алып  шығу;  құлаған  құрылымдарға  ауа  беру;  жəбірленушілерге  алғашқы  дəрігерлік  көмек  көрсету;  тұрғындарды  қауіпті аймақтан қауіпсіз аудандарға көшіру.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Құтқару  жұмыстарын  орындаудың  əдіс-тəсілдерін, ; қирандыларды тазалау жəне оған өту; өртті сөндіру жəне жəбір көрушілерді құтқару; қираған құрылымдарды ашып,  жəбірленушілерді  алып  шығу;  құлаған  құрылымдарға  ауа  беру  жұмыстарын жүргізу кезінде шешілетін міндеттерді оқушыларға түсіндіру.

б) дамытушылық: Құтқару жұмыстарына қолданылатын күш және құралдар, қирау орындарын жедел қалпына келтіруді оқушыларға ұғындыру.

в) тәрбиелік: Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге, ержүрек, батыл және әскери патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа ұғым қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, слайд,карточкалар,суреттер
Қолданылған әдебиеттер: АӘД кітабы 10-сынып
Пән аралық байланыс: Денетәрбиесі, техналогия

2) Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру взвод командирлерін сапқа тұрғызу, әскери сәлемдесу, командир рапорт береді, оқушылардың саптық тұрысын тексеру.

б) Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Жаңа сабақ

 

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.

Қалпына келтіру  жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер  жатады:

-ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;

-апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;

-бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;

қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;

-көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;

-құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Жұмыс  жүріп жатқан жерде арнайы  аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап  орау жабдықтары болуы тиіс.

Адамдарды құтқару  төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір  бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары  арнаулы үш топқа жіктеледі:

-құтқару;

-арнаулы (жедел);

-қосалқы.

Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;

өрт сөндіру ;

коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

тосқауылдарға кіру жолдарын жасау; осал құрылыстарды күшейту.

Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:

халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;

барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;

тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;

құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;

төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;

зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;

құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;

төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш  пен құралдарды зардап шеккендерге  алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.

Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі.

Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық  жүйелерінің аварияларынан  және нысанның радиация алу мен химикалық  зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.

Әуелі, адам болып  қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару  жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс.

Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен  әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл  жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды  қатыстыру керек.

Халык пен кұрылымдарға хабарлау апат басталуының алғашқы белгілері кезінде жүзеге асырылады. Хабар жасау үшін АҚ штабындағы барлық құралдар пайдаланылады. Айқас түйьщталу мен өрттің пайда болмауы үшін—газ, жылу жөне энергетика желілерін үзіп тастайды. Құтқару және шұғыл апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған тапсырмаларды орындайтын АҚ кұрылымдары дайындыкка келтіріледі. Тұрғын үйлерін тастап кеткен халық үіпін шатыр қалашықтар тұрғызылады.

Жер сілкіну кезіндегі маңызды мәселе — тамақтану мен сауда жасауды ұйымдастыру, дәрі-дөрмектер және ең қажетті заттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Жер сілкіну аудандарындағы құткару жұмыстарын АҚ штабтары ұйымдастырады, бұл үшін осы ауданда орналаскан АҚ кұрылымдары мен әскери бөлімдері тартылады. Жер сілкінудің жалпы жағдайына қарай отырып, инженерлік жұмыстар құрамын дұрыс анықтау қажет. Олардың тізімі мынадай болуы мүмкін:

қала, объект сыртына қираған қүрылыс үйінділерш
шығару үшін көшелерде жүріп өту жолдары мея өткелдер
жасау;

қираған ғимараттар мен құрылыстар үйінділерініңастынан адамдарды шығарып, оларға алғашқы медициналық  көмек көрсету;

-апаттарды жайылдырмау жөне коммуналды-энер-гетикалық желілерді тез арада апаттан қалпына келтіружұмыстарьш жүргізу;

-ғимараттар, кұрылыстар қабырғаларының кауіпті
опырылымдарын кұлату.

 

Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады

АҚ жүйесінде көмек көрсетудің мынадай түрлері болады:

алғашқы медициналық жөрдем (АМЖ), ол — зақымдану ошағында өткізілетін зақымданудың ауыр зардаптарын азайту немесе алдын алуға негізделеді және зақымдану ошағында жүргізіледі. АМЖ қысқа мерзімде қарапайым медициналық шаралар өткізумен жүзеге асырылады;

алғашқы дәрігерлік көмек, ол — ауру асқынуын сақтандыру жөне олармен күресуге, ағзаның бұзылған өмірлік кызметін калпына келтіріп, ұстап тұруға және зақымданушыларды көрсетілетін кемектің келесі кезеңіне көшіру үшін дайындауға бағытталады;

мамандандырылған медициналық көмек, ол зақымданушыларды стационарлық емдеу, толықтай жазылып шыкқанынша зақымдану ерекшелігіне сөйкес барлық медициналық шаралар еткізуді қарастырады.

Медициналык орын ауыстыру кезеңдері деп медицина-лык күрылымдар мен мекемелерді атаймыз. Олар зақым-данушылардың орын ауыстыру жолында қүрылып, жапа шегушілерді қабылдауға жөне оларға әр кезеңге бекітілген көлемде медициналық жәрдем керсетуге арналған.

Медициналық жәрдем керсету көлемі—медициналық көмектің нақты түріне жататын барлық емдеу сауыктыру шараларының жиынтығы деп түсініледі. Медициналық жәрдем көрсету түрлерін калыптасқан жағдайға байланыс-ты: шұғыл түрдегі және мерзімі ұзартылған деп бөлуге болады.

Закымданушыларға медицинальщ жәрдем көрсету мен орын ауыстыру мынадай түрде жүзеге асырылады:

алғашқы медициналық жәрдем зақымдану ошағында өз-езіне жөне өзара көмек көрсету ретінде, құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген СП, СД жөне кіші құрылымдардың құрамды күштері, сондай-ақ АҚ өскери бөлімдерінің медициналық бөлімшелерімен көрсетіледі;

алғашқы дөрігерлік көмекті емдеу-орын ауыстыру қамтамасыз етудің алғашқы кезеңі

 

 

болып табылатын алғашқы медициналық көмек көрсету жасактары (АМКЖ) керсетеді, бірінші кезеңде өмірлік көрсеткіштер бойынша шаралар еткізіліп, закымданушыларды мамандандырылған медициналық көмек көрсететін екінші кезеңге көшіреді;

—      мамандандырылған көмекті аурухана базасындағы салалық емдеу мекемелері керсетеді де, онда толык емделіп шыққанынша стационарлык емдеу жүргізіледі.

Медициналык сұрыптау — бұл жапа шегушілерді накты жағдайда, аталған кезең үшін бекітілген медициналық жөрдем көрсету көлемі мен зақымдану ауырлығына сөйкес емдеу-орын ауыстыру шараларьша мұктаж адамдар тобына бөлу. Медициналык сұрыптау медициналық көмек көрсетуде тиімді шешім қабылдауға жағдай жасайды жөне жапа шегушілердщ уакытьшен медициналык көмек күштер тиімді қолдануын қамтамасыз етеді.

Медициналык сұрыптау келесі түрлерге бөлінеді: алғашқы, пунктітттілік жөне көшіру-көліктік.

Алғашқы медициналық сұрыптау — зақымдану ошақ-тарында бірінші кезекте медициналық жөрдем көрсетуге, мүқтаж жапа шегушілерді табу жөне кұтқару жұмыстары жүргізілш жатқан объектілерден белгіленген кезекпен альш шығу;

Пунктішілік медициналык сұрыптау—кұрылымдар мен мекемелерде өткізіледі, оньщ мақсаты—закымданушыларды мынадай түрлерге бөлу:

—айналадағы адамдарға кауііггі (РЗ, У 3 закымданғандар, жұқпалы аурулар жөне жүйке-психикалық жүйесінің бұзылу жағдайындағылар);

—      аталған кезеңде медициналық жәрдем көрсетуге мұқтаж адамдар (аталған кезеңде емдеу көлеміне бекітілген сәйкес медициналық әрекет жасау ерекшелігін анықтау; көмек көрсетілетін құрылымның бөлімшесін аныктау).

Кешіру-көліктік сұрыптау емдеу мекемелер саласын, белгілі бір кезектілікті, көлік түрін және зақымданушы-ларды орын ауыстыру кезіндегі жағдайын (жатқыза, отырғызу) аныктау мақсатында зақымданудың біркелкі-лігін, ауырлығын, ерекшелігін есепке ала отырып жүргізіледі.

Қорытындылау:

Төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары  арнаулы неше  топқа жіктеледі:

Төтенше жағдай зардаптарын жою  туралы не білесіңдер?

-Алғашқы дәрігерлік көмек неге бағытталады?

— Жер сілкіну кезіндегі маңызды мәселе не болып табылады?

Медициналық сұрыптау неше түрге бөлінеді ?

Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма
20

Сабақтың тақырыбы:Өмір қауіпсіздігінің негіздері.Адамдарды санитарлық өңдеу, киімді, аяқкиімді, қорғану құралдарын, қару  мен  техниканы  дезактивациялау  жəне  залалсыздандыру,  адамдарды жартылай жəне толығымен санитарлық өңдеу, жартылай санитарлық өңдеуді жүргізу тəртібі, дезактивация, дегазация жəне дезинфекция: оларды жүргізуге қажетті заттар мен ертінділер, қорғану киімдері мен аяқкиімдерін, қару мен техниканы  жартылай  дезактивациялау,  дегазациялау  жəне  дезинфекциялау əдістері .

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Адамдарды санитарлық өңдеу, киімді, аяқкиімді, қорғану құралдарын, қару  мен  техниканы  дезактивациялау  жəне  залалсыздандыру,  адамдарды жартылай жəне толығымен санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу кезінде шешілетін міндеттерді оқушыларға түсіндіру.

б) дамытушылық: Адамдарды санитарлық өңдеу, киімді, аяқкиімді, қорғану құралдарын, қару  мен  техниканы  дезактивациялау  жəне  залалсыздандыру,  адамдарды жартылай жəне толығымен санитарлық өңдеуді оқушыларға  ұғындыру.

в) тәрбиелік: Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге, ержүрек, батыл және әскери патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа ұғым қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, слайд,карточкалар,суреттер
Қолданылған әдебиеттер: АӘД кітабы 10-сынып
Пән аралық байланыс: Денетәрбиесі, техналогия

2) Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру взвод командирлерін сапқа тұрғызу, әскери сәлемдесу, командир рапорт береді, оқушылардың саптық тұрысын тексеру.

б) Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары  арнаулы неше  топқа жіктеледі:

Төтенше жағдай зардаптарын жою  туралы не білесіңдер?

-Алғашқы дәрігерлік көмек неге бағытталады?

— Жер сілкіну кезіндегі маңызды мәселе не болып табылады?

— Медициналық сұрыптау неше түрге бөлінеді ?

Жаңа сабақ

жұмыстарын жүргізу кезінде шешілетін міндеттерді оқушыларға түсіндіру.

б) дамытушылық: Құтқару жұмыстарына қолданылатын күш және құралдар, қирау орындарын жедел қалпына келтіруді оқушыларға ұғындыру.

в) тәрбиелік: Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге, ержүрек, батыл және әскери патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа ұғым қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, слайд,карточкалар,суреттер
Қолданылған әдебиеттер: АӘД кітабы 10-сынып
Пән аралық байланыс: Денетәрбиесі, техналогия

2) Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру взвод командирлерін сапқа тұрғызу, әскери сәлемдесу, командир рапорт береді, оқушылардың саптық тұрысын тексеру.

б) Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Жаңа сабақ

 

Санитария – санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы шараларды белгілеп, оны жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласы. Санитария қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиеналық шаралар белгілейді, жұқпалы ауруларға қарсы күрес жүргізілуін бақылайды.

Санитарлық тазарту – адам бойынан радиоактивті және улағыш заттарды, сондай-ақ терісі мен шырышты қабықтан  бактериалық құралдарды кетіру. Жүргізу жағдайларына, қолда бар құралдарға байланысты санитарлық өңдеу жөніндегі шаралар ішінара және толық өңдеу деп бөлінеді. Ішінара өңдеуді арнайы немесе қолда бар құралдарды пайдалана отырып, зардап шеккендердің өздері немесе өзара көмек көрсету тәртібімен жүргізеді.

Толық өңдеу жұмысы санитарлық жуу пунктерінде, моншаларда, душ павильондарда немесе арнайы жасалған жуу алаңдарында жүргізіледі, бұларда адамдар сабынды, жөкені пайдалана отырып, жылы сумен жуынады, міндетті түрде ішкі киімдері ауыстырылады. Жазға жағдайларда толық санитарлық өңдеуді зақымданбаған ашық тоғамдарда жүзеге асыруға болады

 Санитарлық тазалау екіге бөлінеді:

Жартылай тазалық дегеніміз адам денесінің ашық бөліктерінен, киімдерден, аяқ киімнен және жеке дара қорғану құралдарынан радияциялық заттарды және улы заттарды сыпырып, сүртіп тазалау болып табылады.

Толық санитарлық тазалық дегеніміз денені сабынды сумен тазалап жуу, ішкі киімді қажет болса сырт киімдерді де ауыстыру. Радияциялық заттармен ластанған ауданнан шыққан барлық адамдар, жасақшылар тобы жартылай дезактивациялық тазартудан өтеді.

Дезактивация — әскерлерді радиоактивтік заттардың әсерінен (зақымынан) сактау максатымен каружарақтан, киім-кешектен, азық-түліктен, судан, корғаныс бекіністерінен және т.б. уланған объектілерден радиоактивті заттарды кетіріп, кауіпсіздік дәрежеге жеткізу.

Дезактивация 3 тәсілмен жүргізіледі.

Механикалық тәсілмен дезактивациялау уланған аудандарда немесе одан жаңа ғана тыққан бөлімдердің өзінде жүргізіледі. Бұл жағдайда уланған объектілердегі әскерлер болатын жерлердегі радиоактивтік заттар жойылады, ал кару-жарақ түгелдей дезактивацияланады.

Химиялық тәсіл толық дезактивация жүргізгенде колданылады. Бұл тәсіл закымданған жерлердегі радиоактивті заттардын қауіптілігін жояды.

Физикалық тәсіл: от, ыстыќ ауа, ќайнаған су, ультракүлгін сәуле. Механикалыќ әдістер: ылғалды шүберекпен сүрту, сулап сыпыру, сілку, ғимаратты желдету. Химиялыќ әдістер: хлор әгін, хлораминді, лизолді, формалдегидті, этилен ќышќылын т.б. заттарды пайдалану.

Толық дезактивация (Полная дезактивация) — зақымданған қаружарақты, ұрыс техникасы мен езге де объектілерді радиоактивтік заттардан тазарту. Қару-жарак, ұрыс техникасы мен кәлік құралдарын толық дезактивацияды оңайлату және дезактивация ерітінділерін үнемдеу үшін алдымен балшықтан, кәю жаққыштардан тазарту керек. Толық дезактивация әскерлер ұрыс міндеттерін орындап болғаннан кейін арнайы тазалау орындарында немесе тікелей бөлімшелерде табельдік және қол астындағы құралдарды пайдалана отырып жүргізіледі.

 Дегазация – газдан тазарту, зақымдалған нысандардағы улағыш заттарды жою. Тұрақты улағыш заттармен уланған жерлерді, қорғаныс бекіністерін, соғыс техникасын, азық-түлікті, ауыз суды, т.б. зиянсыздандыру. Дегазацияны жүргізу тәсілдерінің ең тиімдісі –химиялық тәсіл: дегазациялық заттармен оқшауландыру (зиянды қасиеттерін жою), дегазациялаушы ерітінділер бүрку, тұрақты улағыш заттарды ерітінділермен жуу, суға қайнату, уланған жер қабаттарын зиянсыздандыру, уланған заттарды қыздыру, уланған жерге жанғыш материалдарды жағу. Қару-жарақтар мен әскери техника толық дегазацияланады.

Сабақты қорытындылау:

Санитарлық тазарту дегеніміз не?

— Жартылай тазалық дегеніміз не?

— Толық санитарлық тазалық дегеніміз?

-Дезактивация неше  тәсілмен жүргізіледі?

— Толық дезактивация жүргізгенде  қандай тәсіл колданылады?

Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21

Сабақтың тақырыбы: Өмір қауіпсіздігінің негіздері. радиациялық  барлау  жəне  дозиметрлік  қадағалау  құралдары, радиобелсенді заттар жəне олардың сəулелендіру жолын табудың иондалған əдісінің негіздері, ДП-5В мөлшер қуатын өлшегіш(радиометр- рентгенметр), оның атқаратын  қызметі,  құрылғының  техникалық-тактикалық  құрылысы, жұмысқа дайындалу, жергілікті жерді жəне судың радиация деңгейін өлшеу, құрылғыны  күту,  ДП-22В(дербес  дозаметр)  радиобелсенді  сəулеленуді қадағалау  құралы,  атқаратын  қызметі  жəне  жұмысқа  даярлау,  сəулелену мөлшерін өлшеу, сəулеленуді ұжымдық жəне дербес қадағалау.

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға радиациялық  барлау аспабының жұмыс принципін меңгерту. Қолдану әдісін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ізденушілігін арттыру, өз бетінше мәлімет алу дағдысын арттыру.

Тәрбиелік: Окушылардың экологиялық сауаттылығын ашу, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды қалыптастыру.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Өтілген тақырыпты сұрау: (ауызша)

Жаңа сабақ: Барлау алға қойылған міндеттердің сипатына байланысты жалпы және арнаулы болып бөлінеді.

Жалпы барлауды әскери бөлімдердің барлаушы бөлімшелері, байқау және лабораториялық бақылау пункттері, барлау ұшақтары мен тікұшақтары, өзен (теңіз) барлауының барлаушы буындары, темір жол көлігі, аудан, қала және халық шаруашылық объектілерінің барлаушы топтары жүргізеді.

Арнаулы барлауды радиациялық, химиялық, өрт сөндіру, инженерлік, медициналық және эпидемиологиялық барлау топтары жүргізеді.

Мәліметтерді іздеп табу тәсілдеріне байланысты барлау әуеден, өзеннен (теңізден) және жер үстінен барлау болып бөлінеді.

Радиациялық және химиялық бақылау постары объекті аумағы мен оған жақын жерлердегі әуе және жер үсті ахуалдарының өзгеріп отыруына, сондай-ақ қаланың сыртқы аймағында жұмысшылар мен қызметшілердің орналастыру орындарын да қадағалап отырады. Сонымен бірге, постарға зілзала апаттары болған аудандарда, ірі өндірістік апаттар мен опаттар болған орындардағы жағдайдың өзгеріп отыруына бақылау жасау жүктеледі.

Зақымдау ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау.

Қарсылас осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда, сондай-ақ атом өнеркәсібі кәсіпорындарындағы авария кезіндегі ауа, жер және онда орналасқан ғимарат, техника мүлік радиациялық зақымдауға ұшырайды.

Жердің радиоактивті зақымдану нәтижесінде пайда болған ахуал радиациялық ахуал деп аталады. Ол радиациялық зақымданудың көлемін және сипатымен анықталады және шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметіне, бөлімшелердің іс-әрекетін, халықтың тіршілігіне айтарлықтай ықпал етеді. Адамдардың, малдардың зақымдану қаупі радиациялық ахуалды тез анықтау мен бағалауды және құтқару жұмыстарын жүргізуге оның ықпалын ескертуді талап етеді.

Осы мақсатта радиациялық барлау мәліметтері бойынша болжау әдісімен радиациялық ахуалды анықтау мен бағалау жүргізіледі.

Болжау зақымдау уақытын, сипатын  және бөлімшелердің іс-әрекет режимдері  мен зақымдалған жердегі халықтың өзін-өзі  ұстау тәртібін анықтау мақсатында мәліметтер барады. Бұл зақымдаудың тек нақты деректерден едәуір айырмашылығы болуы мүмкін шамалас сипаттамалары ғана.

Болжаудың бастапқы мәліметтері: жарылыстың қуаты, түрі мен орталығының (кіндігінің) деректері, жарылыс уақыты, орташа желдің жылдамдығы мен бағыты.

Шаруашылық объектілерінде радиациялық ахуалды болжамайды, тек ТЖ мен АҚ жөніндегі жоғары тұрған органдардың мәліметтерін ғана пайдаланады. Объектілердің АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтері оны тек барлау мәліметтері негізінде ғана бағалайды.

Аумағының көлемі жердің радиациялық зақымдау аймағымен салыстырғанда шағындау шаруашылық объектісі үшін болжаудың тек екі нұсқасы ғана ықтимал: объекті қызметкерлері сәулеленуге ұшырайды немесе ұшырамайды. Сондықтан объект аумағын радиоактивті зақымдану жағдайы үшін радиоактивті бұл ізінің белдігі кәсіпорын аумағының ортасы арқылы өтетін кездегі ең жағымсыз нұсқа алынады.

Болжанатын радиациялық ахуал міндетті түрде радиациялық барлаумен нақтыланады. Радиациялық ахуалды бағалау, болжау мәліметтерін алғаннан кейін жүргізіледі.

ДП—22В жеке дөзиметр жиынына 50 тік көрсететін ДКП— 50—А дөзиметрлері мен ЗД — 5 зарядтау қондырғысы кіреді.

0,5—200Р/с дөзалар қуатын өлшеу кезінде 2 — 50 диапа-ондағы гамма-сәулеленудің жеке дөзасын өлшеуге арналған. Дөзиметрлерінің жұмысы температуралардың

—40 +50 °С аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98%     кезінде қ а м т а м а с ы з етіледі.

Әрбір дөзи­метр алюминий құймасынан ав­токалам түрінде жасалынған

ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы.

ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы гамма сәулеленудің жеке дозаларын өлшеуге арналған.

ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы тура көрсететін елу ДКП — 50А мөлшері өшеуішінен және ЗД-5 зарядтау қондырғысынан тұрады.

Әрбір дозиметр алюминий құймасынан автоқалам түрінде жасалған.

Аспапты жұмысқа дайындау: қорек көзін және мөлшер зарядын токқа қосу.

Қорек көзін токқа қосу кезінде:

потонциометр тұтқасын тірелгенше солға қарай бұру керек;

қорек бөлігіне 1,6-ПМЦ-У-8 (145У) екі элементін орналастырып, оларды таңбаға сәйкес токқа қосу керек;

қорек бөлігін қақпақпен жауып, бұранда арқылы бекіту керек.

ДКП-50А доза өлшеуішінің жарма көрінісі:

1-окуляр; 2-шкала; 3-корпус; 4-платиналанған жылжымалы жіп; 5-ішкі электрод; 6-конденсатор; 7-қорғаныш оправа; 8-әйнек; 9-ионизацияланған камера; 10-объектив; 11-ұстағыш; 12-үстіңгі тығын.

 

ДП-5В мөлшер қуатын өлшегіш(радиометр- рентгенметр),

ДП-5В мөлшер қуатын өлшегіш(радиометр- рентгенметр), құрылысы:

 

Қорытынды бөлім –

— Барлау алға қойылған міндеттердің сипатына байланысты нешеге бөлінеді?

— Зақымдау ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау жайлы айтып беріңдер?

— ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы неге арналған?

— ДКП-50А доза өлшеуішінің құрылысын ата:

— ДП-5В мөлшер қуатын өлшегіш(радиометр- рентгенметр), құрылысы:

        

Уйге тапсырма:

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22 сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Химиялық  барлаудың  əскери  құрылғысының(ХБƏҚ)  атқаратын қызметі жəне құрылысы, ауадағы, жергілікті жерлердегі, қарулануда бар қауіпті жəне  қауіпсіз  құрамдағы  УЗ  анықтау  тəртібі,  төмен  темпереатура  кезінде

аудағы  УЗ  анықтау,  химилық  бақылауды  ұйымдастыру,  құрылғыны  күту.

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға химиялық барлау аспабының жұмыс принципін меңгерту. Қолдану әдісін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ізденушілігін арттыру, өз бетінше мәлімет алу дағдысын арттыру.

Тәрбиелік: Окушылардың экологиялық сауаттылығын ашу, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды қалыптастыру.

Сабақтың жоспары :

  1. Химиялық барлау әскери аспабы (ХБӘА)
  2. Ауадағы УЗ- ны анықтау

III. УЗ- ның топырақта және сусыма материалдарда болуын анықтау

  1. Жергілікті жерде, техникада, киімде және әр түрлі заттарда УЗ болуын анықтау

 

Сабақтың барысы:

І  Ұйымдастыру кезеңі:

1.Взвод командирінің доклады. 2.Әнұран. 3. Сабаққа дайындығы. 4.Сыртқы көріністеріне баға, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 5. Жаңа сабақтың мақсатын және тәртібін хабарлау.

ІІ  Үй тапсырмасын тексеру:

— Барлау алға қойылған міндеттердің сипатына байланысты нешеге бөлінеді?

— Зақымдау ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау жайлы айтып беріңдер?

— ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы неге арналған?

— ДКП-50А доза өлшеуішінің құрылысын ата:

— ДП-5В мөлшер қуатын өлшегіш(радиометр- рентгенметр), құрылысы:

 

ІІІ  Жаңа сабақты түсіндіру.

Химиялық барлау — әскердің орналасқан жерін және жүретін маршруттарын химиялық жолмен барлау арқылы карсыластың уландырғыш заттар қолдану мүмкіндігін анықтау. Химиялық барлаудың міндеті жергілікті жерлерде, ауада әскери техникадағы уландырғыш заттарды тез арада табу, уланған аймақтың шекарасын анықтап бөлімге (бөлімшеге) хабарлау, уландырғыш заттардың түрін анықтап, айналып өту жолдары мен уланған аудандардағы неғұрлым қауіпсіз аймақтарды анықтау. Химиялық барлау барлық бөлімдер мен ротаға дейінгі белімшелерде химиялық әскерлер, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен әр түрлі әскер түрлеріндегі бөлімшелердің, есептердің, экипаждардың көмегімен үнемі үздіксіз жүргізіліп тұрады. Химиялық барлау міндетін орындау үшін химиялық бақылау орындары (постылар), химиялық барлау шолғындары және әскердің козғалуын күзету немесе барлау үшін бөлінген бөлімшелердің құрамындағы арнайы химиялық барлау топтары құралады

 

Ауада, жергілікті жерде, техникада және басқа да объектілерде улағыш заттардың болуы химиялық барлау аспаптарының көмегімен немесе сынамалар алып кейін оларды химиялық лабораторияда талдау жолымен анықталады. Аспаптардың барлығының дерлік жұмыс принципі индикацияның химиялық әдісіне негізделген; оның мәнісі улағыш заттар (УЗ) реактивпен әрекеттескенде реактивтің түсі өзгереді не реакция сұйық ортада жүрсе тұңба түзіледі.

  1. Химиялық барлау әскери аспабы (ХБӘА). Ауада, жергілікті жерде және объект бетінде УЗ-ны тауып анқтауға арналған (121 — сурет). Ол қақпағы, алып жүретін аспалары бар корпусқа орнатылған. Корпуста қол сорғы, сорғы саптамасы, индикаторлық түтікшелермен үш қағаз кассет, түтінге қарсы сүзгілер қорғаныш қалпақшалары, фонарь, жылытқы және оған арналған патрондарорналастырылған. Корпустың сыртында сынама алатын күрекше бекіліеді.
  2. Ауадағы УЗ- ны анықтау. УЗ-ны анықтауды зариннан, заманнан және VХ – тен бастайды. Бұл үшін аспаптың қақпағын ашып, бекіткішін ысырып, сорғыны алады. Кассеттен қызыл шеңбері мен қызыл нүктесі бар екі индикаторлық түтікшені алып ұштарын қиып, ашады. Температура 5 С және одан төмен болғанда түтікшелерді жылытқыда 40С – дан асырмай жылытады. Ампула ашқыштың көмегімен индикаторлық түтікшелердің таңбасына сәйкес келетін таңбамен екі түтікшенің де жоғарғы ампулаларын сындырып ( таңбаланған ұштарынан ұстап), 2-3 рет қатты сілкеді. Бұдан соң түтікшелердің біреуін (тәжірибелігін) таңбаланған ұшымен сорғыға қойып 5-6 рет тартып – суырады (екінші түтікше – бақылаулық, ол арқылы ауа айдалмайды ).нақ сол ампула ашқышымен екі түтікшенің төменгі ампуласын ашып сілкеді де, олардың толтырғыштарының бояуы өзгеруін қадағалайды.

Тәжірибелік түтікше толтырғышының жоғарғы  қабатының қызыл түске боялуы (бақылау түтікшесінде) сары түс пайда болған сәтте ауада зарин мен ви- икстің бар екенін

Егер екі түтікшедегі де толтырғыштың түсі бір мезгілде сары болып өзгерсе, ауада бұл У3 қауіпті концентрацияда болмағаны.

Нақ осы У3-ның қауіпсіз концентрацияда болуын осы ретпен, бірақ ауаны 30-40 рет сорғызып, төменгі ампулаларды бірден емес, сорудан кейін 2-3 минуттан өткен соң ашу арқылы анықтайды.

Қызыл шеңбері мен қызыл нүктесі бар түтікшенің не көрсеткеніне қарамастан, қалған түтікшелердің көмегімен У3-ны анықтауды жалғастыру қажет.

Ауада фосгеннің (диофосгеннің), синил қышқылының не хлороцианның бар екенін анықтау үшін үш жасыл шеңбері бар түтікшені ашып, оның ампуласын сындырып сорғыға қою керек те 10-15 рет сорғызу керек.

Одан соң түтікшені сорғыздан алып, түтікше толтырғышының түсін кассетке салынған эталонмен салыстыру керек. Бұдан кейін ауада иприт буының болуын ( бір сары шеңбері бар түтікшенің көмегімен)  анықтайды; бұдан соң оны сорғыдан шығарып алып 1 минут ұстайды да кассетада бейнеленген түспен салыстырады. СS мен BZ-ке деген индикаторлық түтікшелері бар  кассет болған жағдайда осы У3-ның ауада бар екенін анықтауға болады.

Температура төмен кезде ауаны тексеру жүргізгенде түтікшелерді қыздырып алу керек. Бұл үшін жылытқының орталық тесігіне патрон қояды да,  патрон қалпақшысындағы тесік арқылы ішіндегі  ампуланы қадалықпен сындырады. Ампуланың сынғанына көз жеткеннен кейін қадалықты патроннан суырып алады. Жылытқыны іске қосқаннан кейін оны индикаторлық түтікшелерді  бүйірдегі ұяларға тығып қыздырып не жібітіп алуға пайдаланады. Мына бір жайтты еске ұстау керек: индикаторлық түтіктердің  түсі ауада У3 болуынан ғана емес, улы не бүркеніш түтіндерінің негізгі сипаты қос қышқылдығынан да өзгеруі мүмкін. Сондықтан күмәнді жағдайларды ауаны тексергенде түтінге қырсы сүзгіні қолданып тағы бір рет тексереді.

ІІІ. У3-ның топырақта және сусыма материалдарды болуын анықтау. Бұл үшін қажетті индикаторлық түтікшені алып оны сорғының басына орнатады. Бұдан соңсорғыны саптамаға жалғап, қысқыш шығыршықты ысырып саптаманың құйғышына топырақтың (сусыма материалдың) үстіңгі қабатынан күрекшемен іліп алып қорғаныш қалпақшаның ернеуіне дейін салу керек. Құйғыш түтігіне қарсы сүзгімен жабылады да, қыспа шығыршықпен бекітіледі, сөйтіп сорғы қажет мөлшерде сорылады. Бұдан әрі түтінге қарсы сорғыны, сынама мен қалпақшаны лақтырып, индикаторлық түтікпен қалпақшаны лақтырып, индикаторлық түтікшені шығарып алады да, жоғарыда көрсетілгендей амалдармен У3-ны анықтайды.

ІV. Жергілікті жерде, техникада, киімде және әр түрлі заттарда У3 болуын анықтау. Анықтауды ФОЗ-дан бастайды. Дайындалған түтікшені сорғыға орнатады, саптаманы жалғап, қорғаныш қалпақша кигізеді де, саптаманы зақымдану белгілері неғұрлым анық тұстарды қалпақша қамтитындай етіп топыраққа  не тексерілетін объектінің бетіне кигізеді; осыдан соң қажетті мөлшерде сору жасалады. Бұдан әрі саптаманы ағытады, қалпақшаны тастайды, сорғының басынан индикаторлық түтікшені алады; кассеттік құлаққағаздағы нұсқауларды ала отырып УЗ-ны анықтауды жүргізеді.

 

 ІV Сабақты бекіту:  Оқушылар 4 топ болып жұмыс істейді.

1-ші топқа тапсырма: Химиялық барлау аспабымен жұмыс принципін білу.

2-ші топқа тапсырма: Ауадағы улы затты анықтау.

3-ші топқа тапсырма: Улы заттың топырақта және сусыма материалдарда болуын анықтау.

4-ші топқа тапсырма: Жергілікті жерде, техникада, киімде және әр түрлі заттарда улы заттың болуын анықтау.

V  Оқушылардың білімін бағалау

VІ Үйге тапсырма: ХБӘА сипаттамасын оқып үйрену, оның құрлысымен танысу,  ауадағы және басқа обьектідегі улы заттарды анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өмір қауіпсіздігінің негіздері.

барлау, оның міндеттері, барлауға қойылатын талаптар, оны жүргізу əдістері,  радиациялық  жəне  химиялық  қадағалау  бекеті,  оның  атқаратын қызметі  мен  құрамы,  жабдықталуы  жəне  жарақталуы,  жау  ядролық  қаруқолданған  кезде,  радиобелсенді  жəне  химиялық  зақымдану  анықталған жағдайда бақылау жүргізу тəртібі, дабыл қағу жəне бақылау нəтижелері туралы мəлімдеме, бақылау жүргізу

Мақсаты:

Білімділік:  Барлау барлауға қойылатын талаптар, оны жүргізу əдістерін,  принципін меңгерту. Қолдану әдісін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ізденушілігін арттыру, өз бетінше мәлімет алу дағдысын арттыру.

Тәрбиелік: Окушылардың экологиялық сауаттылығын ашу, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды қалыптастыру.

Сабақтың жоспары :

  1. Химиялық барлау әскери аспабы (ХБӘА)
  2. Ауадағы УЗ- ны анықтау

III. УЗ- ның топырақта және сусыма материалдарда болуын анықтау

  1. Жергілікті жерде, техникада, киімде және әр түрлі заттарда УЗ болуын анықтау

 

Сабақтың барысы:

І  Ұйымдастыру кезеңі:

1.Взвод командирінің доклады. 2.Әнұран. 3. Сабаққа дайындығы. 4.Сыртқы көріністеріне баға, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 5. Жаңа сабақтың мақсатын және тәртібін хабарлау.

ІІ  Үй тапсырмасын тексеру:

 

Жаңа сабақты түсіндіру.  

 

Барлау — Азаматтық қорғаныс күштерінің табысты өрекеттеріи қіімтамасыз ету түрлерінің бірі. Ол казіргі кездегі жаппай жою кұрал днрын қолданудан және төтенше жағдайлардан корғану бойынша ді ■ 11 ісезінде және дәлелді шешім қабылдауға кажетті жағдай жөнінді ісерек уақытында мәліметтер табу, қүтқару жөне жедел калгп.іші колтіру жүмыстарын жүргізу мен үйымдастыру мақсатында жүргіаі леді жөне үйымдастырылады.

Барлауға қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады үидіксіз, белсенділік, мақсаткаүмтылушылық, табылған (аныкталгпіі) бпрлау мөліметтерінің дүрыстығы мен дөлдігі.

Барлаудың негізгі міндеттері:

  • бейбіт уақыттагы күнделіктіжағдайларда—мал шаруашылығымен ауаның, судьң, топырақтың, өсімдікшаруашылык өнімдерінің с.ыртқы ортаның басқа да нысандарының радиоактивті, химилық улағыш заттармен, бактериологиялық қүралдармен закымдалыуына лабораториялық бақылау мен үздіксіз тексеру жүргізу;

— калалар мен баска да елдімекендердің санитарлық-гигиеналық

жағдайын аньқтау жөне орналастыру орындарының, мал табындарының жайылымы мен суаруға арналған орындардың эпизоотиялық       жағдайы;

-өсімдіктер ауруын туғызушысы споралардың ауада және егістікте

бар болуын анықтау; .

Қолданылатын құралдар мен әрекет ету ортасына байланысты барлау мынадай түрге бөлінеді:

әуеден барлау;

жерүстінен барлау;

теміржолдан барлау;

өзеннен (теңізден) барлау.

Әуеден барлау азаматтық авиацияның арнайы жабдыкталған ұшактары мен тікұшактарының әкипаждарымен, сонымен катар Қазакстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінен бөлінген ұшактар мен тікұшактармен жүргізіледі. Экипаждар барлау тапсырмасын ұшактар мен тікұшактарға  кондырылған радиолокациялық жөне телевизиялык аппаратуралардың,  радиациялык барлау аспаптарының көмегімен көзбен шолып  байкау  арқылы  орындайды. әуеден  барлау аз уакыт ішінде апатты жағдайлардағы аудандардың жағдайын, ірі өндірістік апаттар мен опаттарды, ядролык жарылыстың эпицентрін, радиоактивті бұлт ізі бойынша жөне зақьмдану ошактарындағы  радиация деңгейін, өрт жөне қиратулар сипатын, көпірлер, өткелдер экономика нысандарының, негізгі көлік магистральдарының гидротехникалык кұрылыстар мен баска да нысандардың жағдайыи аньщтау максатында жүргізіледі.

Жер үстінен барлау Азаматтык корғаныстың бөлімдері мен бөлімшелерінің күш жөне құралдарымен барлау кұрамаларыбайқау және зертханалық бакылау жүйелерінің мекемелері, радиолокациялық  және химияльқ бакылау посттарымен жүргізіледі. Барлаудың бұл түрі өзінің едәуір толықтығы жөне анықтылығымен, ауа райына тәулікке карамастан біркатар тапсырмалар тобын шешедітөтенше  жағдайлар аймағындағы жағдайды аныктайды, ядролық жарылыс эпицентрін, зақымдану ошағының шекарасын, закымдану аймағын радиация деңгейін, өрт пен киратулар сипатын, корғаныс құрылыс       тарының, жолдар мен жол кұрылыстарының жағдайларым ен нақтылайды.

Теміржол көліктерінде барлауды  — барлау буындары жолдарда, стансыларда және басқа теміржол  нысандарында, сондай-ак оларға еніп еіп жатқан аумақта жүргізіледі.

Өзеннен (теңізден) барлау жылдам жүретін катерлерде және Азаматтык корғаныс барлау   құрылымдарының басқа да жүзу құралдарында, сондай-пк  сондай-ақ, ҚР  Қорғаныс Министрлігінің саласы бойынша күш бөлінген құралдарымен жүргізіледі.

мен, жеке корғаныш күралдары жөне баска мүліктермен жабдык-

талады.

Барлау тапсырмасын орындау үшін әскери баскару үйымдарының, өзара әрекет жоспарына сәйкес орталык жөне жергілікті аткару үйымдарыньщ күш пен күралдары тартылады

Азаматтық корғаныс барлауы алға койған міндеттердін сипатына байланысты жалпы және арнаулы болып бөлінеді.

Жалпы барлау адамдарды, жануарларды, суды, азык-түлік өнімдерін, жем-шәпті корғау бойынша дер кезінде шешім кабылдау үшін қажетті жағдай жөніндегі негізгі мәліметтерді тез арада алу мен кұтқару және баска да жедел қалпына келтіру жұмыстарын аткару максатында жүргізіледі.

Жалпы барлау күштеріне  Азаматтык корғаныс өскери бөлімдерінің барлау топтары, Азаматтык корғаныс аумактық және нысандық  күрамаларының барлау буындары жатады.

Азаматтык корғаныс өскери бөлімдерінің барлау бөлімшелері, Азаматық корғаныс аумактық күрамаларының барлау буындары төтенше жағдайлар аймаңтарында, Азаматтык корғаныс күштері енгізілген бағыттарда, эвакуация бағыттары мен закымдану ошақтарында барлау жүргізу үшін тағайындалған.

Арнайы барлау закымдану ошактары мен төтенше жағдайлар аймағындағы жағдайдың сипаты, радиоактивті, химиялык, бакте-риологиялық закымдану сипаты туралы көбірек толық мәліметтер алу максатында жүргізіледі. Оларға: өрт шығу жағдайы жөне өртпен күресу төсілдерін аныктау; қиратулар сипатын табу; медициналык, , ветеринарлык, фитопатологиялык жағдайларды шіыңтау; кұткару жөне баска да жедел қалпына келтіру жүмыстары-иың көлемі мен сипатын жөне оларды жүргізу кезінде күш пен күрнлдарды тиімді пайдаланудың төсілдері мен жолдарын аныктау.

Барлау жүргізу мен ұйымдастыруды камтып көрсететін негізгі құжат — барлау жоспары.

Барлау жоспары — Азаматтык корғаныс жоспарының кұрамды бір бөлігі. Барлау жоспарында камтылатындар:

— барлаудың колда бар күш құралдары;

радиациялык жөне химиялык бақылау посты, олардың орналасу
орны;

барлау үшін пайдаланатын ұшактар мен тікұшактардың  түрлері
қону алаңы, аэродромдар, үшу маршруттары мен олардың
ұзындығы;

әуеден суретке түсіру нысандары мен аудандары,

 

Сабақты қортындылау:

Зақымдану (залалдану) ошақтарын барлау қандай мақсаттарда ұйымдасты-
рылады?

-Барлауға қандай талаптар қойылады?

-Бейбіт уақыттағы кү нделікті өмірдегі барлаудың негізгі міндеттері жайында айты пберіңдер.

-Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлардағы барлаудың негізгі міндеттері жайында айтып беріңдер.

Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс жағдайына ауыстырған кезде барлау тәсілімен қандай міндеттер орындалады?

-Қарсылас шабуылдауынан кейін барлау міндетінің ерекшелігі туралы айтып
беріңдер.

-Барлау турі мен оларды жүргізу тәсілдерін  атаңдар.

-Арнайы барлаудың күштері мен құралдары туралы айтып беріңдер. Барлау
буындарына қандай міндеттер жуктеледі?

-Барлау міндеттерінің орындалуын кім және қалай бақылайды?

Үйге тапсырма:

Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өмір қауіпсіздігінің негіздері.

табиғи  апат,  олардың  сипаттамасы  жəне  апаттың  салдары,  табиғи апатты тұрғындарға хабарлау жəне табиғи апат кезінде тұрғындардың əрекет ету тəртібі, табиғи апат салдарын жою жəне құтқару жұмыстарын жүргізугетұрғындартың ат салысуы, қоғамдық тəртіпті сақтау, жеке жəне мемлекеттік мүлікті қорғау.

Сабақтың мақсаты:

білімділік:      Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру.Оқушыларды табиғи апаттан сақтануға баулу

дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін ,сөйлеу шеберлігі,төтенше жағдайлар жайлы

білетіндерін дамыту. әр оқушының өмір қауіпсіздігіне дайындық қабілеттерін

шыңдау.

тәрбиелік:  Төтенше жағдай кезінде өзіңді қалай ұстау керектігін үйрету.өзің мен өзгелердіәр түрлі бақытсыздықтан сақтау, ұқыптылыққа, шеберлікке, аңғарымпаздыққа, достық көмек көрсетуге дайын бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І  Ұйымдастыру кезеңі:

1.Взвод командирінің доклады. 2.Әнұран. 3. Сабаққа дайындығы. 4.Сыртқы көріністеріне баға, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 5. Жаңа сабақтың мақсатын және тәртібін хабарлау.

ІІ  Үй тапсырмасын тексеру:

Зақымдану (залалдану) ошақтарын барлау қандай мақсаттарда ұйымдасты-
рылады?

-Барлауға қандай талаптар қойылады?

-Бейбіт уақыттағы кү нделікті өмірдегі барлаудың негізгі міндеттері жайында айты пберіңдер.

-Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлардағы барлаудың негізгі міндеттері жайында айтып беріңдер.

Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс жағдайына ауыстырған кезде барлау тәсілімен қандай міндеттер орындалады?

-Қарсылас шабуылдауынан кейін барлау міндетінің ерекшелігі туралы айтып
беріңдер.

-Барлау турі мен оларды жүргізу тәсілдерін  атаңдар.

-Арнайы барлаудың күштері мен құралдары туралы айтып беріңдер. Барлау
буындарына қандай міндеттер жуктеледі?

-Барлау міндеттерінің орындалуын кім және қалай бақылайды

Жаңа сабақты түсіндіру.  

 

Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес.

Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын. Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады. Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатадыОпырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады

Тасқын — өзен, көл, теңіз немесе жасанды суаттардың көтерілу нәтижесінде жергілікті жерді айтарлықтай су басуы.

Тасқын себептері несерлі жаңбырлар, қардың ағыл-тегіл және тез еруі немесе сең жүруі кезіндегі арналардың үйінділермен бітеліп калуы, сондай-ақ теңіз және өзен сағалары жағынан жел айдауымен келетін сулар болып табылады. Тасқындар жер сілкіну және гидротехникалық кұрылыстарды ядролык жарғышпен қирату кезінде болуы мүмкін.

Су басу қаупі бар аудандарда Қазакстан Республика-сының метеостанциялары және Гидрометеоорталык постылары тұрақты бақылау жүргізеді. Су басу қаупі кезінде халыкка хабар беріледі, бұл адамдарды қорғау жөне материалдық кұнды заттарды сактап калуда шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге тасқын белгілерінің пайда болуынан бастап, халыққа хабарлау мен тұрақты бақылау жүргізіледі.

Халықты көшіру, малды айдау, техника мен бағалы құрал-саймандарды шығару, егер мүмкіндік болса, «Су басу қаупі!» сигналына дейін басталу керек.

Көшіру алдын ала мұқият жоспарлануы керек. Бірақ көшіру уакытын дөл айқындау мүмкін емес. Ол өр түрлі жағдайға байланысты болады. Сондыктан қауіпті аудандар тұрғындарының бір белігі сыртқы көмексіз көшіп үлгере алмайтындығы ескерілуі керек. Бұл көмек жапа шегушілерге қысқа мерзім ішінде көрсетілуі керек, өйтпесе оларға өлім қаупі төнеді.

Адамдарды құтқару жұмысы барлаудан басталады. Бұл үшін радиобайланыс құрамдарымен жабдықталатын ұшактар, тікұшақтар жөне тез жүретін катерлер қолданы-лады. Барлау нөтижелері жапа шегушілерді тапңан бойда радио арқылы хабарланады, оларды жетекші көрсеткен орьшға медициналық жөрдем көрсету үшін жеткізеді.

Апатты жағдайдың барлық түрінде де санитарлык дружиналар мен санитарлык постылар алғашкы болып зардап шегушілерге көмек көрсетеді. Алғашқы медициналык жөрдемге уақытша қан тоқтату, таңғыш қою, сыньщтарды шендеу, жасанды тьшыс алдыру, т.б. жатады.

 

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

 

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

Апатты жағдай дегеніміз не?

Орман және шымтезек өрттеріне сипаттама беріңдер.

Орман өрттерінің туу себептері меи оны өшіру тәсілдерін атаңдар.

Жер сілкінісі мен қар көшкініне сипаттама беріңдер.

Жер сілкінісінің туу себептерін атаңдар.

Жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа қандай көмек көрсетіледі?

Су тасқынының себебі не?

Адамдарды су тасқынынан құтқару үшін қандай шаралар қолданылады?

V  Оқушылардың білімін бағалау

VІ Үйге тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25 сабақ.

Сабақтың тақырыбы:Өмір қауіпсіздігінің негіздері. жарақат жəне оның түрлері туралы түсінік, дененің күю себептері жəне оның  өмірге  қауіп  төндіру  дəрежесі,  естен  танудың  пайда  болу  себептері, жарақаттану  мен  қансырау  кезінде  көрсетілетін  алғашқы  дəрігерлік  көмек,

асептика жəне анитсептика туралы түсінік.

Мақсаты:

Білімділік: Жарақаттанудың алдын алу туралы түсініктерді пысықтау. дененің күю себептері жəне оның  өмірге  қауіп  төндіру  дəрежесі,  естен  танудың  пайда  болу  себептерін түсіндіру.

 

Дамытушылық:Жеке тұлғаны дамыту,жарақаттанудың алдын алу,алғашқы көмек көрсету түрлерін білуге,        танымдық қиындықтарды жеңуге тырысу,сөз    байлығын дамыту және күрделендіру.

Тәрбиелілік:.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,жарақатты болдырмау,алғашқы көмек көрсете білуге    үйрету,еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту.

Үй тапсырмасын сұрау:

Апатты жағдай дегеніміз не?

Орман және шымтезек өрттеріне сипаттама беріңдер.

Орман өрттерінің туу себептері меи оны өшіру тәсілдерін атаңдар.

Жер сілкінісі мен қар көшкініне сипаттама беріңдер.

Жер сілкінісінің туу себептерін атаңдар.

Жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа қандай көмек көрсетіледі?

Су тасқынының себебі не?

Жаңа сабақ:

Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік

Ядролык қарудың зақымдаушы факторлары өр түрлі жарақатты туғызады. Адам денесі, белгілі бір органы (мүшесі) немесе барлық ағзасы тіндерішң күшпен зақым-дануытдэа^атдепаталады(140-сурет), мысалы: согып алу, жаралар, сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы жөне т.б. Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған жөне таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлык жаралар ластанған болады.

Жаралар беткі кабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) жөне терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан тіндер бұзылады) болуы мүмкін (140-сурет). Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде, ітп жөне бас сүйегі ішіне еніл кеткен жаралар аса қауіпті больш саналады, ейткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган закымдануы мүмкін.

 

Жарақаттанудың түрлері

 

 

Күйік           Үсік              Сынық               Жарақат           Улану         Қан кету

 

Жаралаушы кұрал түрі мен тіндердің бүзылуы сипатына байланысты жаралардың темендегідей түрлерін (141-сурет) ажыратуға болады:

кесілген (пышақпен, алмаспен, өйнек, шыны жарық-
шақтарымен  жаралану — жара шеті ажырап, катты
қанайды);

шабылған (балтамен — сүйектер зақымдануы мүмкін);

—      шаншылған, (түйрелген
жаралар (пышақ, шеге, біз,
қанжар, айыр, сүңгі-найзамен—
кейде терең болуы мүмкін, ішкі
органдар, мысалы, кеуде немесе
іш қуысы зақымдануы ыкти-
мал);

соғылған жөне т.б.

Жаралар ок тиген (оқтык, жарыкшақтық жөне т.б.), тесіп өткен (ок немесе жарықшақ тіндерді тесіл етіп, кірер жөне шығар тесік жасаса) немесе соқыр (ок немесе жарықшақ тіндерде қальш койса, яғни денеде жаттекті зат болады) болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың ерекшелігі — бұл кезде ірі кан тамырлары, нервтер, сүйек жөне буындар, ішкі куыстар (кеуде, іш, бас сүйегінің іші, буындар) жараланғанда енген (өткен) зақымданулар болады. Кейде аралас зақымданулар болуы мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа түрлерімен (күйік, сөулелену ауруы жөне т.б.) кабаттасып келеді.

Кез келген жаралану кезінде өр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Қан тамырлары жараланса, нөтижесінде, міндетті түрде кан кету байқалады, ол кейде қатты болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қатты қан кету кезінде жедел жүрек-қан айналым жеткіліксіздігі күшейіп, өлімге өкеп соқтьфуы ықтимал. Ауқымды закымданулар — жаралар, сыну, күйік кезінде зардап шегупгі шок деп аталатын ауыр жағдайға түсуі жиі кездеседі. Шок өте күшті ауырсыну тітіркендіргіштері, қан кету жөне баска да себептерге байланысты нерв жүйесінің козуы нөтижесінде пайда болады.

 

Қан кетуден баска өрбір жара үшін ең кауіптісі — жараға микробтардың түсуімен байланысты туатын асқынулар мүмкіндігі.

Микробтар жараға жаралану кезінде (алғашқы инфекция) немесе алғашқы көмек, ем көрсету кезінде асептика ережелерін бүзу (екіншілей қайталанған инфекция) салдарынан түседі. Бір жағдайларда ірің туғызатын ұшыну процесі дамуы мүмкін (іріңтекті микробтар стафилококтар, стрептококтар), ал кейде тілме ушығуы жүреді (қалшылдау, дене ыстығыньщ көтерілуі, жара айналасының қызаруы, оның шеттерінің тегіс еместігінің анық байпқалуы).

Соғылған жөне мылжаланған тіндері бар жараларда жөне топырақ пен ластану кезінде газды гангрена туғызатын газды инфекция пайда болуы мүмкін (оттек жок жерде дамитын микробтардың көбеюінің, яғни анаэробты инфекцияның көрінісі — тіндердщ тез өлі еттене бастауы). Жараның инфекцияға ұшырауымен байланысты дамитын тағы бір кауіпті ауру — сіреспе (жараның сіреспе таяқшасы бар топырақпен ластануы). Клиникальщ тұрғыда сіреспе бұлшық еттердщ тырысьш қалуы, тыныс алу мен жүрек жұмысының бұзылуы, шайнау бұлшық еттердің қарысуы, тыныс алу мен кіші дөретке отырудың қиындығымен сипатталады. Соңғы екі жағдайда гангренаға жөне сіреспеге қарсы сарысу егу қолданылады.

Жаралану кезіндегі алғашкы көмек көрсеткенде, қан кетуді токтату, жараны таңғышпен жабу, тыныш қалыпта үстау үшін дененің закымданған бөлігін иммобилизациялау (түрақтандыру) жүмыстарын жүргізу керек.

Қанды уакытша токтату — алғашкы медициналык жөрдем керсету кезіндегі маңызды шаралардың бірі жөне қан кетудщ түріне байланысты оның төсілдері таңдалады.

Қан кетудің түрлері жөне оларға сипаттама

Қан кету дегеніміз — зақымданған кан тамырынан канның қүйылуы (шығуы) цан кету деп аталады. Зақым-данған тамыр сипатына сөйкес (142-сурет): артериялык, веналык, капиллярлык жөне паренхиматозды қан кету деп бөлінеді.

Артериядан қан кету ірі артерияньщ зақымдануы кезінде пайда болады. Ол жарадан ал қызыл түсті канның шапшып ағуымен сипатталады. Ірі артериялардың (сан, иық) зақымдануы зардап шегуші өміріне кауіп төндіреді.

Венадан цан кету ірі вена тамырларының зақымдануы кезінде болады. Жарадан кою қызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың (мысалы, мойын) жаралануы кезінде олардьщ ішіне ауа кетіп қалса, зардап шегушінің өліміне өкеп соғатын ауа эмболиясы дамиды.

Капиллярдан цан кету ұсақ қан тамырларының жара-лануы салдарынан пайда болады, оның ерекшелігі — жаранын жоғарғы бетінен кан ағады.

Паренхиматозды органдардыц (бауыр, көк бауыр) зақым-дануыкезтде байқалады жөне ол көбіне аралас болып келеді.

Қан ағу (құйылу) орньгаа байланысты кан кету: сыртқы (кан терінің жарасы мен шырышты қабыкшасы арқылы сыртқа ағады) жөне іттткі (қан тіндерге, орган немесе ішкі қуыстарға кұйылады) болып бөлінеді. Кейде олар кеуде немесе іш куысы жарапанған кезде аралас болуы мүмкін.

Байқалу уакытына сөйкес қан кету: алғашқы (жаралан-ғаннан кейін бірден кан кету) жөне екіншілей (зақым-данғаннан соң бірнеше уақыттан кейін) болып бөлінеді.

Капиллярлар мен кішкене тамырлардан кеткен қан таяу арада зақымданған тамыр маңында, егер қанның ұю дөрежесі төмен болмаса (сөуле ауруы — гемофилия), қанның қоюлануы нөтижесінде өзі тоқтауы мүмкін (канқатпа— қанның ұюы нөтижесінде). Қан кеп кеткен жағдайда қолма-кол өрекет жасалады.

Күйіктіц пайда болу себептері жөне оның ауырлық дәрежесі, күйік ауруы түсінік

 

1.Күйік-теріге қайнап тұрған су,өте ыстық бу,қызған металл бұйымдары,шарпыған от,сондай-ақ электр тоғы әсер еткенде пайда болатын күйік жарақат түрлеріне жатады.

Күйік

 

Термиялық                     Химиялық

 

 

Күйік — жоғары температура, химиялық заттар немесе иондаушы радиациялык өсер етуі нөтижесінде тіндердің закымдануы.

Термиялық күйік — жоғары температура (жалын, қызған заттар, ыстық сұйықтық, өртегіш жанармай коспары, бу, фосфор), сондай-ақ ядролық жарылыстың жарьщтық (жылульщ) сөулелену (жарықтық күюлер) өсерінен туындайды. Ең ауыр күйіктер қатарына наполм жөне жанған кезде 1100—1200°С температура беретін (өртегіш коспа) күю жатады.

Химиялық куйіктер бір катар химиялык заттардың (қатты қышқыл, сілті, фосфор), алсәулеліккую— иондаушы радиацияның өсер етуі кезінде пайда болады.

Жұмсақ тіндердің зақымдану тереңдігіне сөйкес күйік-тердің төмендегідей дөрежесін анықтайды: 1 -дөрежелі күйік кезінде терінің кызаруы, ісуі жөне ауыруы байкалып, ол 2-3 күннен кейін жазылады. 2-дөрежелі күйік кезінде кызарған теріде іпгі мөлдір немесе лай түсті сүйыктыкка толған өр түрлі көлемдегі күлдіректер пайда болады, 5-6 күннен кейін немесе одан да кейінірек жазылады. 3-дөрежелі күйік кезінде терінің өлі еттенуі дамиды, тіндер акуызының ұюы нөтижесінде қабыршық (қабық) пайда болады; 4-дөрежелі күйік кезінде — тереңде жаткан тіндер терісі өліп, каракөмірленіп, гангренаға (аяк-колды) айналады. Күйік дөрежесі закымданғаннан кейінгі бірнеше сағатта немесе бір күннен соң дөл анықталады.

Клиникалық тұрғыдан барлык күйік қатты ашып ауырсынуымен сипатталады, бұл кейде катты күйік кезіндегі күйіктік шоктың дамуына себеп болуы мүмкін. Кең көлемді күйікке сұйыктықты көп жоғалту плазморея төн, ал бұл канның қоюлануына жөне адам ағзасының кұрғауына өкеп соғады. Дененің 1/3 бөлігшің, ал балаларда тіпті 1/4 бөлігінің күюі зардап шегуші өміріне қауіпті екені дөлелденген, ал дененің беткі кабатының 1/2 бөлігінің күюі өлімге өкеледі. Сондыктан тек күйік дөрежесін ғана емес, сонымен бірге күйік ауданын аныктау (мысалы, адам денесінің беткі кабатының, шамамен, бір пайызына тең алақан келемімен) өте маңызды.

Ауыр күйіктің жөне онымен қабаттаса жүретін жалпы құбылыстардың жиынтығы щ>йік ауруы деп аталады. Ол төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: шок, токсемия, сепсис жөне айығу кезеңі.

Шок — көптеген жүйке рецепторының тітіркену нөтижесі, ол дененің беткі кабатының едөуір бөлігі күйген кезде (10—20% астам) байқалады жөне өдетте, 24—28 сағатқа созылады. Шоктың ауырлығы күйік ауданына байланысты, бұл көбіне өлімге өкеп соғады.

Уыттың канға шабуы (уыттану) — күйген беткі бөліктің қанға тіндік бөліну өнімдерінің (уыттың) сіңуінің жөне зат алмасудың күрт бұзылуының нөтижесі дене темпера-турасының көтерілуі, жалпы жағдайының нашарлауы, тамыр соғысы мен тыныс алудьщ жиілеуі, жүйке жүйесі мен ішкі мүшелердщ закымдануы) 4—12 күнге созылады.

Сепсис — аукымды жөне терең күйіктер кезінде күйген қабаттардың ірің туғызғыш микробтар мен залалдануы жөне оньщ қанға енуі нөтижесінде дамиды (дене темпера-турасының көтерілуі, қалтырау, жалпы жағдайдың күрт төмендеуі, жүрек қызметінің нашарлауы, кандағы өзгеріс-тер — ликоцитоз, анемия).

Күйген адамньщ ауыру жағдайы біртіндеп баяулап, сауығу кезеңі басталады, күйік беті жазыла бастайды.

Күйік бетінін ірің текті микробтармен залалдануы мүмкін. Балалар күшгінің өте катерлі және қауіпті екенін атап өткен жөн.

Егер мүмкін болса, күйік бетін инфекция түсуден сақтау үшін сульфамеламид, синтомицин, фурацилин эмульсиясы немесе Вишневский жақпамайы сіңдірілген 3—4 кабаттык дөкеден, кысу қағаздарынан, мақтаның жұкд қабатынан немесе лигнин жөне бинттен таңғыш салады. Баска бір төсіл — хлорамин немесе марганецті — кышқыл калий, фурацилин, рішанол ерітіндісі ляпистің өлсіз ерітінділері сіңдірілген ылғал таңғьпп қойылады.

Күйік кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

Алғашкы медициналык көмек жергілікті жөне жалпы іс-шараларынан тұрады. Адамға оттың өсер етуі кезінде, ең алдымен, бықсып жатқан киім қалдыктарын сөндіру қажет. Денеге жабысып қалған іш киімдерді кайшымен киып алып тастайды. Киім жанған жағдайда зардап шегушінщ үстіне колда бар нөрсені жауып немесе су құйып, қар лақтырып, жалынды өшіру кажет. Көмек көрсеткенде — ауыру сезімін күшейтпей, ақьфын өрекет ету керек.

Жергілікті іс-шаралар — күйік бетіне жабысып қалған күйген тіндерді алмай-ақ қүрғақ асептикалық макта-дөке салса, ол күлдіректер жарылуына соқтырьш, оған инфекция түсуі жөне ауыру реакциясы күшеюі мүмкін. Сондыктан арнайы стандартты күйікке қарсы танғыштар кол-данылады. Аяк-қолдың аукымды күйіктерінде көліктік жақтау салу жөне ауруды жою үшін наркотик егу қажет. Зардап шегуші денесішн едөуір бөлігі күйген кезде таза, мүмкін болса, стерильді жаймаға орал, мұздаудың алдын алу үттгін денені жылы нөрсемен кымтайды.

Қышкыл жөне сілтімен күйген кезде дереу суык судын қатты ағысымен терідегі химиялық заттарды жуып тастау керек. Осыдан кейін қышқыл өсерін сілтімен натрий гидрокарбонатынын 2%-дық ерітіндісі, бор ұнтағы, магний тотығы, сабынды су, ал сілті өсерін қышқылмен (еіркесу жөне лимон кышқылынын 1-2%-дык ерітіндісі) бейтарап-тандырылған дұрыс. Напалммен закымданғанда, жанып жатқан киім дереу шешілуі тиіс. Жанған кшмнің қалған бөліктерін ауа еніп кетпеуінің алдьш алу үшін, дереу кез келген матамен немесе ылғал топыракпен жабу керек. Сөндірілген өртегіш қоспаның өзінен-өзі жануынын алдын алу үшін күйген қабатқа ылғал таңғыш салу керек жөне оны АМЖЖ немесе күйік ауруханасында қоспаны теріден толык кетірмейінше шешіп алмайды. Өңеш пен асқазанның химиялық күйігі кезінде алғашқы сағаттарда сақтықпен асқазанды жуу керек, зардап шегушіге кұстыру мақсатында көп су ішкізу қажет.

Жалпы іс-шаралар ауқымды күйіктер кезінде күйіктік шоктан сақтандыру жөне шок құбылыстарын азайту үшін қажет. Бұл үшін тыныштық, жылыту, наркотиктер беру керек. Егер мүмкін болса, көп су ішкізу керек, мысалы, сода-тұз ерітіндісін (натрий хлоридінің 1 шай қасығын жөне натрий гидрокарбонатының 1/2 шай қасығын 1 л суға еріту) төулігіне 4-5 литрге дейін беруге болады. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, зардап шегуші АМЖЖ немесе күйік ауруханасьша жіберіледі.

Сөулемен күю белгілері білінген кезде алғашкы медащинальщ көмек көрсеткенде, күйген жерге асеіггикалық (құрғақ немесе жакпамайлы) таңғыш салу керек.

Осылайша зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетудің бірінші міндеті — зақымдаушы агент өрекетін тоқтату. Ңайталап инфекция түсудің алдын алу үшін күйген кабатка асептикалык таңғыш салады. Шоктан сақтанудың жөне ауру синдромын азайту үшін шприц-тюбиктен промедол енгізеді, ал күйген аяқ-қолды колда бар кұралдармен иммобилизациялайды. Осыдан кейін күйген адамдарды көлікпен тасымалдайтын жерге жеткізеді, бұл жерде зардап шегушінің жағдайына сөйкес ОПМ эвакуация кезектілігі анықталады.

Жоғарыда аталып өткендей, таңғыш салу үшін өмбебап таңу пакеттері колданылады, олар мата емес материалдан жасалып, жоғары жабыспауын камтамасыз ету үшін алюминий буында ұсталады. Аукымды жараларда үлкен стерильді тавдыш пайдаланған жөн.

Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жөрдем

Жарақаттану кезіндегі алғашкы медициналык жөрдем (АМЖ) көрсетудің мақсаты — қан тоқтату (уакытша болса да), жараны ластанудан жөне оған микробтардың түсуінен сақтау, зардап шегушінің ауруын бөсеңдету. Алдымен жарақаты бар дене бөлігі жалаңаштандырылады. Киім не аяккиімді ақырын шешеді, кейде оны тігісі бойынша сөгеді. Екінші жұпка түспес үшін жараны саусакпен немесе аспаппен қарауға тыйым салынады. Асептика ережелерін қатаң сактау керек.

Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін көбіне жараға стерильді (асептикалық) таңғыш кою арқылы жүзеге асады. Мұның алдына жара шетіне 2 рет йодтың спиртті ерітіндісін жағады, ал ол жок болса, шетін этиль спиртімен, аракпен немесе одеколонмен сүртеді. Жара бетіндегі киім жыртындыларын немесе басқа денелерді (бос жаткан) еппен жара бетіне тигізбей алады. Теренде жатқан баска денелерді алмау керек, өйткені ол қан кетуді күшейтіп, жұқпа түсіруі мүмкін. Жараны жууға тыйым салынады.

Жараға таңғыш коюға жеке танғыш пакеттер (ЖТП) немесе алдын ала дайындалған стерильді таңғыштар қолайлы.

ЖТП резина қысқа жөне кағаз қабьщқа оралған екі макта — дөке жастықша мен бинт түріндегі стерильді (кейде антисептикалық зат сіңірілген) таңғыш материалдан тұрады. Жастықшаның біреуі жалпы бинт бойында қозғалады (таңғышты бекітуге арналған), ал екіншісі бинттін бос ұшына бекітілген. Пакетті пайдалану үпгін өуелі резина қабықты, ал содан кейін қағаз қабьщты ашады. Оң қолмен ораманы, ал сол қолмен бинт ұшын ұстап, жастықшаларды жазады да, жараға кояды. Оқ тесіп өткен жаралар кезінде жастықшанын бірін жараның кірер тесігіне, ал екінпгісін шығар тесікке қояды. Жастыкшаларды бинттеп, бинт

ұштарын байлайды. ЖТП-ны колдану кезіндегі негізгі ереже — таңғыштың жараға салынатын ішкі бетіне қол тигізбеу (сыртқы беті қызыл жіппен тігілген).

Жараланғандарға жөрдем көрсету кезінде асептикалық таңғыштар да қолданылуы мүмкін, олар ендірісте төмендегідей түрде шығарылады:

1)  мақта-дөке жастықшалары (65 х 43 см) мен оған тігілген тұрақтандырғыш тоқыма баудан тұратын үлкен асептикалық таңғыштар;

2)  мақта-дөке жастықшаларынан (56 х 29 см) жөне дөке бинтінен (14×7 см) тұратын кіші асептикалық таңғыштар.

Қатты қан кету кезінде оны уақытша токтату шара-ларын жасау керек. Жұмсак тіндердің  аукымды жаралануы, сондай-ақ сүйектер мен буындар зақымдануы кезінде аяқ-колды тасымалдау үпгін орнықтырып бекіту кажет. Қатты ауырсынуды азайту үшін, зардап шегушіге промедол (морфин) салады. Егер жараланушы бойынан жарақаттық шок немесе көп кан кету салдарынан жедел қан аздық белгілері сезілсе, қажетті шаралар жасалады. АМЖЖ-дан кейін жараланған адамға сіреспеге карсы алдын ала егу жұмысын жасау, антибиотиктер салу жөне өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетіледі.

Асептика және антисептика туралы түсінік

Жараға жұқпаның түсуі кез келген жараның жиі кездесетін жөне кауіпті асқынуларының бірі болып табылады. Міне, сондықтан да барлық хирургиялык жұмыстардың негізгі жара жұкпасынын алдын алу (сактандыру) қағидасына тіреледі. Жараның беткі кабатына тиетін нөрсенін барлығында ауру туғызатын микробтар болмау керек, (стерильдену кажет), сондай-ақ жарага түскен микробтарды барышпа өлсірету кажет. Жара жүқпасының алдын алу жөне онымен күресу үшін қазіргі заманда хирургияда жұқпадан сақтандырудың біртұтас жүйесін кұрайтын асептика мен антисептиканың өр алуан төсілдері қолданылады.

Микробтарды жараға түскенге дейін жоюға бағытталған, сөйтіп, оны жұкпаға ұшыраудан сақтайтын іс-шаралардың (жара жұкпасынан сақтандыру өдістері) жиынтығы асептика деп аталады. Асептиканың негізгі заңы: жараға тиетін нөрсенің бөрі микробсыз, яғни стерильді болуы тиіс. Асептикаға қол жеткізу үшін, негізінен, микробтар үшін қатерлі жоғарғы температура (бумен, қайнату аркылы стерильдеу) және кейде өр түрлі химиялық заттар (спирт, йод), сонымен бірге ультрадыбыс, газдар, иондаушы сөулелену пайдаланылады.

Жарадағы микробтар санын азайтуға немесе оларды жоюға бағытталған іс-шаралар жүйесі антисептика деп аталды.

Антисептиканың төмендегідей түрлері бар:

механикалық (жұқпа түскен жараны алғашкы хирургиялық өндеуден өткізу, яғни микробтар мен өлітіндердіалып тастау мақсатында жараның түбімен шеттерін ойьш кесу):

физикалық (жараға ылғал тартқыш макта-дөке таңғышын салу, кептіргіш ұнтақ, тампон, білте, дөкенің ұзын жолағы түріндегі тампон немесе резина немесе пластмасса түтік түріндегі білтені пайдаланау, сондай-ақ жараны ауа көмегімен емдеудің ашык өдісімен кептіру).
Осылайша микробтардың өмір сүруі мен көбеюіне кедергі келтіретін қолайсыз жөне тіндердің ыдырау енімдерімен улы заттар токсиндерінің сіңуін азайтатын жағдайлар жасалады.

химиялық (бактериологиялық әрекеті микробтардың дамуы мен кебеюін басып тастайтын жөне бактерицидті өрекеті — олардың елуін қамтамасыз ететін антисеп-тикалық заттар колдану).

 

Бекіту кезеңі:

1.Асептика және антисептика.

  1. Жарақаттанудың түрлерін ата?
  2. Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем туралы не білесіңдер?
  3. Күйік кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек?

5.Химиялық күйік дегеніміз не?

  1. Термиялық күйік дегеніміз не?

Бағалау.

Үйге тапсырма:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

26 сабақ

Сабақатың тақырыбы:Өмір қауіпсіздігінің негіздері.

Жгут салу үшін қолданылатын материалдар, жгут салу кезінде жіберуге болмайтын қателіктер, көктамырлардан жəне ұсақ тамырлардан аққан қанды тоқтату əдістері, таңу түрлері, бинтпен таңудың негізгі түрлері, ұстап тұрушы

байламдар, қысып тұратын байламды таңу тəртібі.

Мақсаты:

Білімділік: Жгут салу үшін қолданылатын материалдар, жгут салу кезінде жіберуге болмайтын қателіктер, көктамырлардан жəне ұсақ тамырлардан аққан қанды тоқтату əдістері түсіндіру.

 

Дамытушылық:Жеке тұлғаны дамыту,жарақаттанудың алдын     алу,алғашқы көмек көрсету түрлерін білуге,        танымдық қиындықтарды жеңуге тырысу,сөз    байлығын дамыту және күрделендіру.

Тәрбиелілік:.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,жарақатты болдырмау,алғашқы көмек көрсете білуге    үйрету,еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту.

Үй тапсырмасын сұрау:

Кестемен жұмыс:

Жарақаттанудың түрлері

 

 

 

 

Күйік түрлері:

 

 

 

 

1.Асептика және антисептика.

  1. Жарақаттанудың түрлерін ата?
  2. Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем туралы не білесіңдер?
  3. Күйік кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек?

5.Химиялық күйік дегеніміз не?

  1. Термиялық күйік дегеніміз не

Жаңа сабақ:

Жгут қою.

Қанкетуді уақытша тоқтатудың өте сенімді әдістері.

Көрсеткіштері: аяқтамаларға артерялық қан кету, аяқтамаларға кез-келген  массивті қанкету. Жгут қоюдың ережесі:

1.Жгут қоюдың алдында аяқ-қолды көтеру керек

.2.Жгутты жарақатқа жақынырақ және проксимальді қою керек.

3.Жгут астына міндетті түрде шүберек (киім) қою керек

4.Жгутты қою кезінде 2-3 тур жасайжы, оларды біркелкі созады, турлар бір-бірінің үстінде жатпау керек.

5.Жгутты қойғаннан кейін, оның тура уақытын белгілеу керек

6.Жгут қойылған дененің бөлігі, қарауға ыңғайлы болуы керек.

7.Жгутпен зақымдалған адамдар  транспортирленеді және бірінші кезекте тексеріледі.

8.Жгутты біртіндеп, жайлап босатып, ауыпсынусыз шешу керек.Жгутты дұрыс қоюдың критерийлері болып табылады:  қанкетуді тоқтату шеткерлік пульсацияның тоқтатылуы, аяқтамалардың суық болуы және бозаруы.Жгутты  төменгі аяқтамаларда 2 сағаттан, ал жоғарғы аяқтамаларда 1,5 сағаттан аса ұстамау керек. Егер бұлай болмаса ишемия әсерінен, аяқтамаларда некроз дамуы мүмкін.Науқастың ұзақ транспортировкасында жгутты мүмкіншілігінше әр сағат сайын 10-15 мин. босатып тұрады,  қан кетуді уақытша тоқтатудың әдісін басқа әдістермен ауыстыра отырып (саусақпен қысу).

 

 

Қан кету

 

 

Қолқа тамырдан      Көк тамырдан        Қыл тамырдан     Паренхиматоздық

қан кету                     қан кету                 қан кету         қан кету

Қан кетуді тоқтату тәсілдері:

-қысып тұрып байлам салу

-жгут салу

-қолқа тамырды бармақпен сүйекке қысып ұстау

-қол-аяқты буыннан барынша бүгу (егер жара буынның жанында болса)

-жараланған жерді көтерінкі орналастыру.

 

Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары

Қан тоқтату — уакытша жөне түпкілікті деп бөлінеді. Уакытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады жөне төмендегі төсілдер бойынша жүргізіледі:

дененің зақымданған белігін кеудеге қатысты алған-
да — көтеріңкі калыпта ұстау (аяқ-қол жараланғанда
венадан қан кеткен кезде жараға қысып тұратын таңғыш
салғаннан кейін жастық оралған киім кою);

кішігірім кан кету кезінде қысып тұратын таңғыш
көмегімен закымданған жерде қан ағып жатқан тамырды
басу (жараны йодтың спиртті ерітіндісімен тазартканнан
кейін қалың мақта салынады да, бинтпен оралады);

3)аяк-қолды мейлінше шүғыл бүгу немесе жазу қалпында тұрақтандыру (иық алды немесе балтыр, табан жараланғанда, шынтақ немесе тізе буьшын бүгу немесе жазу аяк-қол жарасына қатты кан кеткенде жгут салу мүмкін болмағанда, қолды аркаға мейлінше созып, ал аяқты ішке бүгіп, тұрақтандыру).

Дененің өр тұсындағы артерияны сау-сакпен басу қан кетіп жаткан тамырды тікелей жара аумағында емес, одан жоғары жерде (зақымданған артерияның орталық бөлігі) басуға негізделеді. Бұл төсіл арте-риядан катты қан кеткенде колданылады. Тамырды басу (143-сурет) оны жакын жатқан сүйекті саусакпен кысьш, саңылауды жабу мүмкін болатын тері қабатына жакын жатқан жерде жасалады. Өрбір ірі артерия үтттін белгілі бір анатомиясыз нүктелер болады:

иык алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі
жағынан басады;

балтырдан қан кеткенде — тізе асты артериясын
басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап,
ал қалған саусақпен тізе асты шүңкырындағы артерияны
тауып, сүйекке басады);

сан жараланғанда — сан артериясының шап астын-
дағы жоғарғы жағын жүдырықпен басады;

бастағы жарадан қан кеткенде — жара жактағы самай
артериясын басады (артерия құлақтың жанынан өтеді, оны
тамыр соғысы арқылы анықтайды);

беттен кан кеткенде — жақ артериясьш басады (ол
мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді жөне жақтың
төменгі шеті арқылы оның бұрыпіы мен иек арасында иіледі);

мойындағы жара кезінде — жара жақтағы жөне одан
төмен ұйкы артериясын басады (трахея жайында);

иық үстіндегі, иык буынына жакын немесе колтык
айналасьшдағы жара кезінде бүғана асты артериясын бұғана
астындағы шұңкырға (бірінпгі қабырғаға) басады, кейін аяқ-
қолға бұрау немесе жгут салады.

 

Бекіту кезеңі:

  1. Қан тоқтату тәсілдері.
  2. Жгут қоюдың ережесі:
  3. Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары жайлы не білесіңдер?
  4. сан жараланғанда жасалатын көмек қалай жүзеге асырылады?
  5. Венадан қан кеткен кезде көмек қалай жүзеге асырылады?

Бағалау.

Үйге тапсырма:

 

 

 

 

 

27 сабақ

Сабақтың тақырыбы:Өмір қауіпсіздігінің негіздері.

Бас,  кеуде,  құрсақ,  дененің  жамбас  бөлігі  жəне  аяқ-қолдарды  таңуережесі жəне əдістері.

Мақсаты:

Білімділік: Бас,  кеуде,  құрсақ,  дененің  жамбас  бөлігі  жəне  аяқ-қолдарды  таңуережесі жəне əдістерін түсіндіру.

Дамытушылық:Жеке тұлғаны дамыту,жарақаттанудың алдын     алу,алғашқы көмек көрсету түрлерін білуге,        танымдық қиындықтарды жеңуге тырысу,сөз    байлығын дамыту және күрделендіру.

Тәрбиелілік:.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,жарақатты болдырмау,алғашқы көмек көрсете білуге    үйрету,еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау:

Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

1.Жарақат дегеніміз не?

2.Қан кету дегеніміз не және олардың түрлерін ата?

3.Күйік ауруы дегеніміз не ?

4.Асептика дегеніміз не?

5.Антисептика дегеніміз не?

  1. Қан тоқтату қаншаға бөлінеді?

 

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

 

Басқа: «чепец» таңғышы ыңғайлы және берік болып саналады, ол бинт жолағы аркылы төменгі жақ астына бекітіледі. Бинтті әрбір ораған сайын тік ленталардан асыра тастау арқылы оны біртіндеп барған сайын тік ете отырып, басты толық жапканша орайды. Осыдан кейін бинтті тік лентаға бекітеді. Лента ұштарын иек астына бант түрінде байлайды, бүл бүкіл таңғыштьщ беріктігін қамтамасыз етеді.

Қолга: саусақка спиральді таңғыш салу білезік аумағында біркелкі айнала жүрістен басталады (1), содан кейін бинтті қолдың сырты арқылы қиғаштап бас бармаққа әкеледі (2). Осы жерде спиральді айналыммен саусақ түбіне дейін бинттеледі (3, 4, 5, 6, 7). Қолдың сырты аркылы (8) бинт білезікке апарылып, осы жерде бекітіледі (9). Осындай таңғыш барлык саусаққа салынуы мүмкін, ол колғапка үксайды. Ңол басына әдепті сегіздік түріндегі таңғыш салынады. Білек пен бүгілген шынтакқа таңғышты спиральді иілме түрінде салады, тік бұрышта бүгілген шьштақка (шынтак буынының ауруы немесе зақымдануы) «тасбақа» типті (ұштасатын немесе алшақтайтын) таңғыш салады, ол тізе аумағына салынатын таңғыш сияқты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеудеге: спиральді  таңғыш салады. Бинттен 1,5 м бөлік кесіп алып, бір үшы арқада, ал бір ұшы кеудеге салбырап тұратындай етіп сау білекке дояды, семсер түріндегі үшынан әжептәуір төмен айнала жүріспен бинтті бекітеді, осыдан кейін төменнен жоғарыға спираль секілді айналдыра барлық кеуде клеткасын колтық астына дейін орайды және осы жерде айнала жүріспен бекітеді. Бинттің бос салбырап тұрған бөлігін (1) оң иыктан ары тастап, арқада салбырап тұрған ұшьшен байлайды.

Ішке: іштің жоғарғы бөлігі үшін жоғарғы жақтан бинттің кәдімгі спираль таңғышы қолданылады. Іштің теменгі белігіндегі таңғыш іштің спиральді таңғышыньщ жамбас таңғышымен біріктірілуінен тұрады.

 

 

 

 

 

Аяққа және шапқа (бүт арасына) таңғыш салу ережелері мен тәсілдері

Аяққа: сан аумағында иілмелері бар спиральді таңғыш қолданылады, айкыш түріндегі таңғыш жүрістері аркылы санның жоғарғы үштен бір бөлігіне бекітеді; тізе буыны аумағында — аяқты бүгіп қойған қалыпта «тасбака» типті таңғыш, ал аякты буса — тізе буынының жоғарғы жөне темен айнала отырып, тізе асты шұңқырында айкасатын киғаш айналымдар жасайтын сегіздік түріндегі танғыш сальшады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балтыр аумағына әдеттегі спиральді иілмелері бар, көбіне көтерілетін таңғыш салынады. Таңғыш берік болу үшін балтырдың бәрі оралуы керек .

Бұт арасына: бинттін бекіткіш жүрісі — бел айналасында болады. Бинттін келесі орамы шап арасынан жүргізіледі. Таңғыш берік болу үшін, косымша сан арасынан жүргізу арқылы бекітуге болады. Бүт арасына, сондай-ақ сакпан төрізді таңғыш қоюға да болады, оны бинттен жасалған белдікке бекітеді .

 

Қорытынды бөлім – 10 минут.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Басқа қандай таңғыш таққан ыңғайлы?

2.Қолға қандай типті таңғыш салады?

3.Аяққа қандай типті таңғыш қолданылады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28 сабақ

Сабақтың тақырыбы:Өмір қауіпсіздігінің негіздері.Бас жəне ми жараланған кезде жəбірленушіге алғашқы дəрігерлік көмек көрсету, көкірек қуысының жарақаттану сипаты, көкірек қуысы жəне құрсақ жараланған кезде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек.

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: бас жəне ми жараланған кезде жəбірленушіге алғашқы дəрігерлік көмек көрсету, көкірек қуысының жарақаттану сипаты  және жараланған кезде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек жайлы түсіндіру. оқу;
Дамытушылық: оқушылардың теориядан алған білімдерін практика жүзінде жүзеге асыру;

Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, көмек еөрсете білуге, жылдадылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау:

1.Басқа қандай таңғыш таққан ыңғайлы?

2.Қолға қандай типті таңғыш салады?

3.Аяққа қандай типті таңғыш қолданылады?

Жаңа сабақ:

Бас сүйегі немесемен мидың жаралануы тесіп өткен немесе тұйық болуы мүмкін. Өйткені өмірлік маңызы бар ми бөлік-терінің зақымдануы, іріңді инфекцияның дамуы қабаттаса жүретіндіктен, ол аса ауырлығымен ерекшеленеді. Белгілері: жараның болуы, жарадан ликвордың ағуы, бас миы заттарының ісінуі және т.б. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде макта-дәкемен асептикалық таңғыш салынады. Бас сүйек сынғанда

бас иммобилизацияланады, жараланған адамды медкызметші сақтықпен емдеу мекемесіне тасымалдайды.

  1. Кеуде клеткасының жаралануы ок. тию немесе суық қаруды қолданудың нөтижесінде болады және кеуде қабырғасының плевро-жұмсак тілінің зақымдануы кабаттаса жүреді (асқынған жара). Бұл кезде плевра куысына ауа кіріп кетуі (плевраторакс) жөне жүрек, әкпе органдарының зақымдануы ықтимал. Осы органдардың орнынан жылжып қысылуы, тыныс алу мен кан айналымының бұзылуымен бірге жүреді. Дем алғанда плевра куысына ауаның кіруі жөне дем шығарғанда оның шығуы — клапанды пневмоторакс деп аталады.

Кеуде клеткасының тікелей тесіп өтіп жаралануы.

Сондықтан мейлінше ауа шығару фазасында асептикалық таңғыш салу жолымен плевра қуысына ауаның енуін дереу тоқтату керек. Бұл  кезде кеуде клеткасы жарасына стерильді салфетка (вазелин жағылған) үстіне клеенка бөлігін (ЖТП клеенка қабығын немесе жыртылған резеңке қолғапты пайдалануға болады) салады, ал оның үстіне мақтаның калың қабатын бинттеп байлап тастайды. Сондай-ақ  ауырғанды басатын дәрі егуге (мысалы, промедол инъекциясы), кеудеге суық басуға болады. Жаралыны тізесін бүктірген калыпты медициналық пункте тасымалдап жеткізу керек.

  1. Еніп кеткен (ашық) жарақат іш қабырғасы және іш куысы органдарының (оқ тиген немесе шаншылған) жаралануы нәтижесінде болады.

Жараға таңғыш салынғаннан кейін, жаралы дереу медициналық пунктке жеткізіледі. Жаралы органдарды (ішмай, ішек) іш куысына қайта салуға болмайды. Оларды бірнеше қабат стерильді дөкемен жауып қояды. Жаралыға ас-су ішуге тыйым салынады. Таңғыш салар алдында оған тері астына промедол (2%-ерітіндшің Імл-ін) немесе морфин (1% ерітіндінің Імл-ін) инъекциясын жібереді.

 Бекіту кезеңі:

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Басқа, кеудеге, ішке, бұтқа, аяқ пен қолға таңғыш қоюдың тәсілдері мен ере-желері туралы айтып беріңдер.

2.Дененің әртұрлі бөлігіне таңғыш қою тәсілдерін сурет бойынша көрсетіп беріңдер.

Бағалау

Үйгетапсырма:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

29 сабақ

Сабақтың тақырыбы:  Өмір қауіпсіздігінің негіздері.

Сүйектің сынуы жəне оны анықтау туралы түсінік, буынның шығып кетуі, сіңірдің созылуы жəне оларды анықтау, шинаны салудың негізгі тəртібі, бассүйегі, бұғана, қабырға, омыртқа, жамбас сүйегі, аяқ-қол сүйектері сынған

жағдайда қолда бар заттарды пайдаланып алғашқы дəрігерлік көмек көрсету əдістері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды   сүйек сынғанда, буынның шығып кетуі, сіңірдің созылуы жəне оларды анықтау, шинаны салудың негізгі тəртібі көрсетілетін жәрдем түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушының сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында ойлау, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:Оқушыларды   адамгершілікке, бас гигиенасын таза ұстауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут.

1.Басқа қандай таңғыш таққан ыңғайлы?

2.Қолға қандай типті таңғыш салады?

3.Аяққа қандай типті таңғыш қолданылады?

4.Антисептика дегеніміз не?

  1. Қан тоқтату қаншаға бөлінеді?

 

Негізгі бөлім – 25 минут.

Сүйектің сынуы туралы түсінік және олардың белгілері

Сүйек тұтастығының бұзылуы — сыну деп аталады. Бұл механикалык күш өсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады. Сьшыктьщ жабьщ және атттық түрлері бар. Ашық сыныктарда сынған жерде жара болады. Бұл өте қауіпті, өйткені жараға инфекция түсу қатері жоғары. Егер сынык екі жарықшакты болса, онда ол:

Жабық (бейбіт уақытта — терінің закымдануынсыз);

толық (сүйектің бүкіл түтастығының бөлігі бүзылуы),толық емес (сүйек шыбығының белгілі бір бөлігі бұзылуы)
болып бөлінеді.

Закымданған сүйектің өзінде едөуір езгерістер болуымен бірге, оның айналасындағы жүмсақ тіндер де (тері, бұлшык ет, буын жүйке) өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Сынық белгілері:

—сынған жердің катты ауруы (шұғыл, сол жердің ауруы);

—      аяқ-кол функцияларыньщ бүзылуы — толық сыну кезінде анық, ал толық емес сыну кезінде жөне шаншылған немесе аяқ-қол сүйегінің бірі сынуы кезінде онша білінбейді;

—аяк-кол сүйектерінщ кыскаруы (тексеру немесе өлшеу кезінде);

аяқ-қол сүйектері формасының езгеруі (деформация-майысу);

зақымданған жердегі қалыпсыз козғалыстың болуы (силалап көру кезінде);

кейде сықырлау немесе сүйек сықырлауы (сынықтардың қажалуы — қолмен сезуге немесе естуге болады);

кейде дене қызуыньщ көтерілуі (алғапгқы күндері —38°С-қа дейін);

бас сүйегі, қабырға, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде бас пен омыртқа кемігі, өкпе, қуық, тік ішек жөне басқаларының закымдану белгілері айқындалады.

Сынық түрлері мен олардың асқынулары

Толық сынық түрлері:

келденең сыну сызығы — сүйек ұзындығына келденең келеді (түтікті сүйектерде, қысқа сүйектерде — біяек, балтыр,табан сүйектері, тізе тобығы, өкше сүйегі және т.б.);

қиғаш сыну сызығы — сүйек ұзьшдығына көлденең (аяк-колдың ұзын сүйектерінде жиі кездеседі);

бойлық сыну сызығы — сүйек ұзындығьша параллель (көбіне саусақ сүйектерінде немесе аяк-қол ұзын сүйектерінің буын ұштарында);бұранда төрізді сыну сызығы — бұранда төрізді сызық түрінде (үзын сүйектердің бұралған кезінде — көбінесе аяқ, иық сүйектерінде);

аралас сыну (сызықтарының бірнешеуі Т—төрізді,Ш—төрізді, сына төрізді жөне т. б.) сызығы. Көбінесе ішкі
жөне буын айналасы сүйектерінің сынуы;

шаншылған сүйек сынығы — басқа сүйекке еніп («шаншылып») кетеді. Сүйек тұтастығының бұзылуы саныбойынша жекеленген жөне көптеген, жарыкшақты болады (сүйектің үш жөне одан да көп сынуы, көбінесе ок тиген жараларда).

Сыну кезінде сүйек сынықтарының орны ауысуы мүмкін (бұлшық еттің жиырылуы сүйек сынығына жабысып түрған) инфекцияның дамуы (жұмсақ тіндердің іріңдеуі, зақымданған сүйекте іріңді некротикалық процестің дамуы —оқ тиген жара остеомиелиті).

Балаларда ерекше сынықтар жиі байқалады — мертігу-лер сүйек дөңесі бетіндегі сыньщ сүйек асты-үсті аз жылжуы, эпифизиолиздер, сүйек ұштарындағы сүйектенбеген эпифизарлы шеміршек аумағындағы сынық.

Сынық кезінде зардап шегушіні толық тыныш қалыпқа келтіру керек. Бұл шоктың пайда болу себептерін азайтады, жұмсақ тіндер мен тамырлардың сүйек сынықтарымен зақымдануының алдын алу кажет. Егер сынықтар ашық болса, онда алдымен қан кетуді тоқтатып, жараға таңғыш салады. Киім мен аяқкиім шешіледі немесе тігісінен сөгіледі. Жарақаттық уыттану туралы түсінік (жұмсақ тіндердіц ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромы) және оның белгілері

Жұмсақ тіндер көбінесе (аяқ-қолдың) киратылған ғимараттар, кұрылыстар, шахталардағы опырылған тау жыныстарының сынықтарымен шаншыльш калуы мүмкін.

Үзак уақыт бойы шаншылып қалу синдромы төтенше жағдайларда (жер сілкіну, шахтадағы опырылу, соғыс уақытында) кездеседі. Үзак уақыт бойы шаншылып қалу синдромының апаттар кезінде ауыр формалары жиі болады (зақымданудың бірдейлігі, шаншылып қалудың ұзақ-тылығы, зақымданушьшы іздестірудің киыншылығы жөне оларға өз уакытында жөрдем көрсету).

Бұлшық еттердің үзақ уакыт бойы шаншылып немесе олардың жаншылып, дененің амалсыз жағдайында ұзақ уақыт бойы ишимияға ұшырауы кезінде:

1)      алғашкы екі күнде (ерте кезеңде) закымданған бұлшық  еттердің көлемді өлі еттенуі мен жүрек-қан тамыр кызметінің жеткіліксіздігі өсерінен аяк-колдьщ ісінуі;

2)      бүйрек кызметінің жеткіліксіздігі (2-3 күннен соң байкалып, 3—5 аптаға созылады) (аралық кезеңі);

3)      буындардағы сіресімдермен, көп козғалмаушылыкден, некроз аумағындағы жаралар мен жарақаттанудан жүйке қабынуы (кеш кезең) байқалады.

Үзак уақыт бойы шаншылу синдромының клиникалык өту ауырлығы шаншылудың көлемі мен ұзақтығына байланысты төрт түрге бөлінеді:

— аса ауыр (8 сағаттан астам уакыт бойы қол-аяқтың шаншылып қалуы; бұл кезде ауыр шок кұбылысы байқалып,1-2 тәулікте жүрек-қан тамыр қызметі мен өкпе қызметінің жеткіліксіздігі салдарынан өлімге соқтырады);

— ауыр (4—6 сағат бойы аяктың немесе колдың шаншылып калуы; бұл кезде шок құбылысы байқалады,14—21 тәулік бойы бүйрек кызметінің бұзылуы, өлім-жітім 50—70 пайыз жағдайда);

— орташа ауырлық (кезугінде 4 сағат бойы қол немесе аяқтың шаншылуы, жеңіл шок кұбылысы артериялык қысымның тұрақсыздануы, жедел бүйрек кызметінің жеткіліксіздігі омегоанурия ұзақтығы — 5—14 күн, станционарлық емдеуден кейінгі жазылып шығуы — 2—2,5 ай, өлім-жітім жағдайының мөлшері 30 пайыздан аспайды);

— жеңіл, кемінде 4 сағат бойы (аяқ-қол шеткі белшектерінің жұмсак тіндерінің шаншылуы). Шок қүбылысысимптомы өлсіз білінеді, қысқа уакытты олигоанурия (1—2 күн), ауру жазылады.

Ұзақ уақыт бойы шаншылу синдромы кезіндегі өзгерістер бүлшық ет, бүйрек, бауыр, өкпе және бүйрек үсті безінің зақымдану жағдайында байқалады.

Белгілер: зақымданған қол-аяқта байқалады—көлемінщ ұлғаюы, ісіну, жара, қанталау, сүйықтыкка толған көпіршіктер, жарақаттанған заттан калған іздер; сонымен қатар бұлшық еттердегі, бүйрек жөне бүйрек үсті бездеріндегі патоморфологиялық өзгерістер.

Үзақ уақыт бойы шаншылу синдромы кезеңдері бойынша негізгі клиникалық белгілер

Ерте кезең (жаракат алған соң 1—3 төулікте) шок құбылысына төн қан айналым бұзылуы басым болады.
Білінуі — ауру сезімі, қозғалыс шектеулігі жөне қол-аяктың ісінуі, жаншылуы, қанталау, соңына карай — ісіну, кол
аяктағы тамырдың соғуы өлсіз. Одан ары қарай ісіну мен ауру сезімі ұлғайды, көбіршік пен өлі еттену учаскелері пайда болады, кол-аяк суынып, козғалыс шектеледі,сезгіштік бұзылады (жарақаттар мен жүйке тамшығының ишимия есебінен); жалпы жағдайы нашарлайды, кан қысымы төмендейді, тамыр соғуы жиіленеді, оған өлсіздік,енжарлық, талғаусыздық косылады, дене қызуы төмендейді.

Аралық кезең (2—3 күннен соң): жедел бүйрек қызметі жеткішксіздігінщ клиникалык симптомдары өсе түседі, ауру сезімі, терінің жансыздануы мен жұлынып қалуы азаяды,дене қызуы мен қан қысымы көтеріледі. 4—5 күннен кейін аурудьщ жағдайы нашарлайды (олигоанурия, ОЖЖ, тыныс алу органдары, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан өзгерістер).

Кеш кезең (жаракат алған соң 1—1,5 айдан кейін): жарақат симптомы мен сол жердің білінуі басым болады;
бүйрек қызметі біртіндеп қайта калпына келеді; кол-аяқтың ауруы мен сезгіштігі өте баяу өтеді.

Соғып алу, буынның шығуы, сіңірдің созылуы, олардың белгілері

Соғып алу—жұмсақ тіндердің бұзылуы, көбінесе құлау немесе бір нөрсеге ұрьш алу кезінде пайда болады; бұл кезде тері, ұсақ тамырлар зақымданады; тіндерде кан қүйылуы немесе жиналуы (канды ісік) пайда болады.

Белгілері: ауру сезімі, ісуі, қанталау, қол-аяқтың козғалысының аздап шектелуі, тек кейбір жағдайларда (ішті, жұмыртқаны соғып алу) шок кұбылысы немесе дене кызуының аздап көтерілуінің байкалуы мүмкін.

Буынның шығуы — буын айналасындағы сүйек ұш-тарының жылжып кетуі, иық, шынтак жөне жамбас буындарының жиі шығуы, ал кейбір жағдайда қол саусақтарының жөне теменгі жак сүйек буындары шығып кетеді. Буьш қапшығының жарылып кетуі мүмкін, буын айналасындағы байламдардың, бұлшык еттін, сіңірдің, терінің, тамырдың, жүйкенің, сүйектің зақымдануы.

Белгілері: зақымданған буынның ауыруы, қол-аяктың қозғалысқа келмей қалуы, буынның өзгеруі, буын басы-ның баска жерден табылуы, тексеру кезінде созылмалы болуы.

Буын аралығының созылуы мен үзілуі — буын тұсындағы шұғыл козғалыс кезінде буын аралығының созылуы жөне үзілуі мүмкін көбінесе аяқ-басы — балтыр буынынын тұсында, ал баска жерлерде (тізе, көрі жілік, білезік буынында жөне т.б.) сирек болады.

Белгілері: соғып алу кезіндегідей, бірақ буын аралығы бекітілген жерлерде жанға батарлық жөне қатты ауру: кол-аяқ козғалысы шектеліл, кейде буьш қуысына кан күйылуы (канды буын) мүмкін.

Ашық және жабық сынықтар кезінде алғашқы меди-циналық жөрдем көрсетудің (АМЖК) жалпы ережелері

АМЖК кезінде сыныктардың аскынып кетпеуіне (жаракатты шок, қансырау жөне т.б.) көп көңіл бөлінеді. Ең алдымен, шок немесе артериядан кан кету кезінде (аз уақытка жгут салынады) жөрдем көрсетіледі. Үлкен түтікті сүйектердің (жамбас жөне т.б.) сынуы кезінде зардап шегушіге шоктың алдын алу жөне ауыру сезімін азайту үшін ауыруды басатын дөрілер (промедол, морфин жөне т.б.) енгізіледі. Морфинді қабырға, жамбас жөне т.б. сынуы кезінде колдануға болады.

Зақымданған кол-аяқты иммобилизациялау керек (уакытша бекіткіш таңғыш немесе қол-аяқтың, дене бөліктерінің козғалысы мен тыныштығын қамтамасыз ететін тасымалдағыш жақтаулар салынады). Олар:

ауыру сезімін (шоктың алдын алу) азайтуға ;

жаракаттық бүлінудің (жұмсак тіндер мен ішкі органдар) пайда болуына жол бермеуге;

ашық сынық кезінде жара жүщіасы пайда болуы мен дамуының қаупін азайтуға;

4)      сынық сүйектерінің бітіп кетуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі.

 

Қорытынды бөлім – 10 минут.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Сыну дегеніміз не?

2.Сынудың түрлері?

3.Соғып алу дегеніміз не?

  1. Иммобилизация дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Үсудің алдын алу шаралары жəне үсік кезінде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек, күн тию туралы түсінік, оның алдын алу шаралары жəне күн тиген кезде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек, өкпені жасанды желдендіру жəне жүрекке жанама массаж жасау əдістері.

əдістері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды   Үсудің алдын алу шаралары жəне үсік кезінде көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек, күн тию туралы түсінік, оның алдын алу шаралары жəне күн тиген кезде  көрсетілетін жәрдем түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушының сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында ойлау, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:Оқушыларды   адамгершілікке, бас гигиенасын таза ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар:  АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

        Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  7 минут

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Сыну дегеніміз не?

2.Сынудың түрлері?

3.Соғып алу дегеніміз не?

  1. Иммобилизация дегеніміз не?

 

Жаңа сабақ.

Үсудің алдын алу және осы кезде алғашқы медициналық көмек көрсету

Төмен температураның үзақ уакыт өсер етуі салдарынан адам ағзасында тіндердің зақымдануы пайда болады. Тіндердің шектеулі түрде зақымдануы — үсу, ал ағзаға төмен температураның жалпы әсер етуі кезінде органдар мен тіндердегі терең өзгерістер жалпы мүздау деп аталады.

 

Үсік шалудың төрт сатысы бар:

1       — терінің, қан айналымының бұзылуы: тері қызаруы немесе көгеріп, қанқызыл түске енуі, жансыздану.

2 — 4 – тері бозаруы, жансыздануы

 

Жалпы мұздаудың (цатудың) белгілері: калтырау, шаршау, үйқы басу, соңында үйыктап кету. Жалпы, мүздау кезінде адамның денесі сіресіп, тыныс алу мен жүрек жүмысы өлсірейді. Миға кан жетпей, акырында, ми ісігінен адам қайтыс болады.

Арагідік үсу кезінде көбіне аяктың, оның ішінде башпайлардың үсуі жиі кездеседі. Арагідік үсу белгілері бойынша оның төмендегідей дөрежелері ажыратылады. Бірінші дәреже — тері бозарады, оның сезгіштік кабілеті жоғалады, жылыткан кезде тері ашып ауырады, қызыл күрең түске боялып, ісінеді және ауырады. Екіниіі дәреже — жоғарыда көрсетілген өзгерістерден басқа іші сүрғылт қан түсті сүйыкқа толған күлдіректер пайда болады. Үшіншідәреже — барынша ауқымды және терең өзгерістер төн: тіндер сезгіштік қабілетін жоғал-тады, кара көк түске еніп, жансыздану белгілері пайда болады. Төртіпші дәреже—үсіғен тіндер өлі еттеніп, сезгіштік қабілеті барынша жойылады.

Үсуге шалдығу кезінде алғашқы көмек.

Алғашқы көмек тоңуды тоқтатудан, аяқ-қолды жылытудан, суыққа шалдыққан ұлпаларда қан айналымын қалпына келтіру мен инфекцияның алдын алудан тұрады. Үсуге шалдығу белгілерін байқаған кезде бірінші – зардап шегушіні жақын маңайдағы жылы жерге апару, қатып қалған аяқ киімді, шұлықты, қолғапты шешу керек. Алғашқы көмек іс-шараларын өткізумен бір уақытта дәрігерлік көмек көрсету үшін тез дәрігерді, жедел жәрдемді шақыру қажет.

І дәрежелі үсікке шалдығу кезінде тоңған жерлерді қызарғанға дейін жылы қолмен, жеңіл уқалаумен, жүн матамен ысқылаумен, деммен жылыту керек, содан кейін мақта-дәкемен орау керек.

ІІ — IV дәрежелі үсікке шалдығуда тез жылыту, уқалау мен ысқылаудың қажеті жоқ. Зақымданған жерді жылу өткізбейтін таңғышпен ораңыз (дәке қабатын, қалың мақта қабатын, тағы дәке қабатын, үстіне клеенка немесе су жібермейтін мата). Зақымданған аяқ-қолдар қол асты құралдарының көмегімен бекітіледі (тақтайша, фанера сынығы, тығыз картон), оларды таңғыштың үстіне салып дәкемен орайды.

Зардап шегушіге ыстық сусын, ыстық тамақ, аз мөлшерде алкоголь,  1 таблеткадан аспирин, анальгин,  2 таблетка «Но-шпа» және папаверин береді.

Ауруды қармен ысқылауға кеңес берілмейді, өйткені саусақтар мен табандардың қан тамырлары өте нәзік болады, сондықтан оларға зақым келуі, теріде пайда болған кішкентай жарықшақтар инфекция түсуіне жол береді. Үсінген аяқ-қолды отқа жылдам жылытуға, бақылаусыз жылытқыштар мен сол сияқты жылу көздерін қолдануға болмайды, өйткені үсіну барысын қиындатады. Алғашқы көмектің тиімсіз және қабылданбайтын жолы – май, жануар майын жағу, терең үсіну кезінде ұлпаны спиртпен ысқылау.

Күн тию. Белгілері: әлсіреу, жүрек айниды, құсқысы келеді, тері бозарып, жабысқақтық пайда болады, тыныс алуы жиілей түседі және тамыр соғысы жиелейді, әлсіз. Бас ауырады, айналады, естен тануы мүмкін, сіңірі тартылады. Сенің әрекеттерің: -Зардап шегушіні салқын, жақсы желдетілген жерге, желдің өтіне жатқыз. Үйде желдеткішті қолдан. — Басы мен жүрек төңірегін суық сумен салқындат; суық тартуды шат төңірегіне, қолтық астына және мойынға қой. — Аяғын сәл көтеріңкіре. Тар киімнің түймелерін ағыт. — Алдын ала тұз салып су бер (1 литрге 1 шай қасық тұз). — Егер зардап шегуші есінен танып, тыныс алуы тоқтаса, «ауызды ауызға» әдісімен жасанды дем алдыр.

Қорытынды бөлім – 10 минут.

 

Үй тапсырмасы:

Бағалау:

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь