ГЛАВНАЯ Образцы планов Алғашқы әскери дайындық Алғашқы әскери дайындық: Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда.

Алғашқы әскери дайындық: Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда.

34
0

Сабақтың тақырыбы: Қарулы күштер– Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін қорғауда.

1) Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері,  Конституция– Қазақстан  Республикасының  негізгі  заңы.  Қоғам  жəне  мемлекеттегі  Қарулы Күштер.

  1. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері және Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Ой- өрісін, білімін,  қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды ғылымқұштарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. ҚР заңдарын құрметтуеге және білуге тәрбиелеу.

  1. Уақыты: 45 минут.
  2. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.
  3. Өтілетін күні:
  4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.
  5. Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

       .Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  12 минут.

  1. ҚР Заңы неше баптан тұрады бар?
  2. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау қалай жүргізіледі?
  3. Азаматтарды әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары туралы айтыңдар.
  4. ҚР қарулы күштерінің міндеттері?
  5. Оқушының міндеттері мен құқықтары туралы айтыңдар?

     б) Негізгі бөлім – 20 минут.

Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері. Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны. Конституция — Қазақстан Республикасының негізгі Заңы. Армияның қоғамдағы және мемлекеттегі орны.

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ   НЕГІЗДЕРІ.  ҚАРУЛЫ  КҮШТЕРДІҢ  МЕМЛЕКЕТТЕГІ  ОРНЫ.

 

ҚРК құрылымының негіздері дегеніміз – Қазақстанды демократиялық, құқықтық, айырлы және біртұтас Мемлекет ретінде сипаттайтын ҚРК-сының  негізделген ережелері.

Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын мойындау, сақтау мен қорғау – мемлекеттің міндеті болып табылады. Мұндай адам мен азаматқа бағытталған нақты мақсат бірінші рет Конституция мәтінінде – ҚР-ның Негізгі Заңында тіркелген.

ҚРК-да демократияның мәні – «халық билігі» деп атап айтқан. Халық өз билігін тікелей өз өкілдері арқылы жүргізеді. ҚРК-да халық атынан сөйлеу құқы Парламент пен Республика Президентіне берілетіндігі бекітілген. Яғни, ҚР Президентін және Парламентті  халықтың өзінің сайлауы немесе мемлекет басшыларының тиісті лауазымдарға тағайындалуы ҚРК белгілеген тәртіп пен республика заңдары бойынша іске асырылады.

ҚРК жеке меншікке қол сұқпауға, жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, бәсекелестікті қолдауға кепілдік береді.

ҚРК-да «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Мемлекет қандай да болсын бір дінге немесе атейзмге артықшылық бере алмайды» делінген, яғни біздің мемлекетіміздің басшыларының қандай да бір діни ағымдарға тәуелсіз екенін білдіреді.

ҚРК мен заңдары өз аумағының бірртұтастығын, бөлінбеуін және қол сұғылмауын қамтамасыз етеді. Өзінің бұл міндетін ҚР шекаралық әскерлер мен ҚК-ді қолдану арқылы жүзеге асыруға құқылы.

ҚРК–ның жоғары заңды күші бар. ҚРК-на сәйкес барлық заңдар ресми түрде жарияланады. Жарияланбаған заңдардың күші болмайды. Кез келген адам мен азаматтың құқығын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын нормативтік актілер ресми түрде жалпы танысу үшін жарияланбаса, қолдануға жатпайды.

ҚР – республикалық басқару нысанындағы мемлекет. Республикалық басқару формасы дегеніміз – халық белгілі бір мерзімде сайлаған үкімет органдарының болуы. ҚР-да Парламент өкілеттілігін 5 жылға, Президент өкілеттілігін 7 жылға халық сайлайды. Өз кезегінде ҚР Президенті мен Парламенті, Конституцияда белгіленген тәртіппен, барлық басқа мемлекеттік органдарды қалыптастырады.

ҚР ҚК-і еліміздің қоғамдық құрылысын, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қарумен қорғау үшін арнайы құрылған мемлекеттік механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады. Армия – мемлекеттің жоғары заң шығарушы  және атқарушы органдары белгілейтін саясатты   жүзеге   асыру   құралы.   Республика    Конституциясының 124-ші бабында ҚР-ның егемендігі мен тұтастығын қорғауды ҚК жүзеге асырады деп атап көрсетілген.

 

   в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Армия дегеніміз не?

Мемлекеттегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны туралы айтып беріңдер

Үйге тапсырма:

Қазақстан Республикасының Конституциялық негіздері,  Конституция– Қазақстан  Республикасының  негізгі  заңы.  Қоғам  жəне  мемлекеттегі  Қарулы Күштері оқу.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь