ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 6-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

13
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ әдебиеті
(оқыту қазақ тілінде)
6-сынып
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
Мазмұны 1-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларОшибка! Закладка не
определена.
Бөлім: Туған жерім — аялы алтын бесігім…………………………………………………………………….. 4 2-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар …………………………. 10
Бөлім: Абайды оқы, таңырқа! …………………………………………………………………………………… 10 3-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар …………………………. 15
Бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған………………………………………………………………. 15 4-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар …………………………. 21
Бөлім: Тәуелсіздік — қасиет тұнған ұлы ұғым…………………………………………………………….. 21
3
ЖОБА
1-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Туған жерім — аялы алтын бесігім»
Оқылатын шығарма тақырыбы «Аяз би» ертегісі
Оқу мақсаты 6.2.1.1- шығарма композициясындағы белгілі бір
эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Эпизодтың маңыздылығына негіздеме жасайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Топ ішінде «Әдеби шеңберге» қатысыңыз. Мына рөлдердің бірін таңдап, жыр бөлімдерін
талқылаңыз.
1) Талқы себепшісі – ертегі бойынша (кейіпкерлері, сюжеті, қарым-қатынасы, автор
позициясы, т.б. бойынша) сұрақтар құрастырады.
2) Белгілеуші – ертегінің қай бөлімі ең маңызды деп санайды, ойын дәлелдейді.
3) Байланыстырушы – оқиғалардың бірін өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
4) Қорытындылаушы – көтерілген мәселені қорытындылайды.
Дескриптор Білім алушы — рөлдік тапсырмаға қатысады; — ертегі бөлімдерін талқылайды.
4
ЖОБА
Оқылатын шығарма тақырыбы «Аяз би» ертегісі
Оқу мақсаты 6.1.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек
тұрғысынан сипаттау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Кейіпкерлердің типтік ерекшелігін анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Ертегідегі Жаман (Аяз би) бейнесіне талдау жасаңыз. Оның бейнесі арқылы халықтың
қандай арманы мен ойы көрініс тапқан деп ойлайсыз?
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — кейіпкердің бейнесін сипаттайды; — кейіпкер бейнесі арқылы халық арманын анықтайды; — өз көзқарасын білдіреді.
5
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы «Алып Ер Тұңға» жыры
Оқу мақсаты 6.2.3.1 — шығармадағы көркем ауыстыруларды
(троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола,
литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды
Қолдану
Тапсырма
«Алып Ер Тұңға» жырының көркемдік және қолдану ерекшелігіне тоқталыңыз.
Көркемдегіш құралдар Мысал Қолданысы
Дескриптор Білім алушы — үзіндідегі көркемдегіш құралдарды табады; — көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін анықтайды.
6
ЖОБА
Оқылатын шығарма «Алып Ер Тұңға» жыры
тақырыбы
Оқу мақсаты 6.3.4.1 — шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік
рөлі туралы сыни хабарлама жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• шығарманың әлеуметтік рөлін анықтайды
• сыни хабарлама жасайды
Қолдану
Тапсырма «Алып Ер Тұңға» жырында көтерілген әлеуметтік мәселеге сыни хабарлама жазыңыз. ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — жырдың әлеуметтік рөлін анықтайды; — өзіндік сыни хабарлама жасайды.
7
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы Әл Фараби «Қашықтасың туған жер»
Оқу мақсаты 6.2.4.1 — әдеби көркемдегіш құралдарды
пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға
орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Көркемдегіш құралдарды пайдаланып, мәтін (табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер
бейнесін сипаттап) жазады
Қолдану
Тапсырма
Көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, өлеңді мәтін түрінде жазып шығыңыз. ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер
бейнесін сипаттайды; — -мәтін жазады.
8
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар»,
Оқу мақсаты
«Айналайын, Ақ Жайық» 6.1.4.1 — көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді
мәнерлеп оқу, жатқа айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады
Білу және түсіну
Тапсырма
Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» өлеңдерін
мәнерлеп жатқа оқыңыз.
Дескриптор Білім алушы — өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады.
9
ЖОБА
2-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!»
Оқылатын шығарма
тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді
ермек үшін»
Оқу мақсаты 6.1.2.1 — әдеби шығармада көтерілген әлеуметтікқоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Әлеуметтік-қоғамдық мәселені табады
• Идеясын анықтайды
Қолдану
1-тапсырма
Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінде қандай әлеуметтікқоғамдық мәселені көтерген? Сол мәселелер қазіргі заманда кездесе ме? Өз ойыңызды
дәлелдеп жазыңыз. ________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — өлеңдегі көтерілген мәселені көрсетеді; — өлең жолдарынан мысалдар келтіре отырып, дәлелдейді.
2-тапсырма
Өлеңнің негізгі идеясы қандай және ол өлеңнің қай бөлігінде ерекше көрініс тапқан?
Негізгі идея Өлең жолдары
Дескриптор Білім алушы — идеясын анықтайды; — өлең жолдарын анықтайды.
10
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»
Оқу мақсаты 6.2.2.1 -эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор
бейнесін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Шығармадағы автор бейнесін анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Берілген өлең жолдары арқылы автордың айтпақ ойы мен көзқарасын анықтаңыз.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз…
Дескриптор Білім алушы — автордың көзқарасын анықтайды; — өзіндік ойын айтады.
11
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз»
Оқу мақсаты 6.1.4.1 — көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді
мәнерлеп оқу, жатқа айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Шығарманы мәнерлеп жатқа айтады
Білу және түсіну
Тапсырма
Абай Құнанбайұлының «Жетінші сөзінен» үзіндіні дауыс мәнерін келтіріп, жатқа оқыңыз.
Дескриптор Білім алушы — қара сөзді нақышына келтіріп, жатқа оқиды.
12
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз»
Оқу мақсаты 6.2.1.1 — шығарма композициясындағы белгілі бір
эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Эпизодтың маңыздылығына негіздеме жасайды
Қолдану
Тапсырма
Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме
жасаңыз.
Шығармадағы маңызды эпизод Дәлел
Дескриптор Білім алушы — шығармадағы маңызды эпизодты анықтайды; — дәлел келтіреді
13
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Отыз бірінші сөз»
Оқу мақсаты 6.1.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек
тұрғысынан сипаттау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Кейіпкерлердің типтік ерекшелігін анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Қара сөзден мысалдар келтіре отырып, кейіпкердің жасалу тәсілін анықтаңыз, ойыңызды
дәлелдеңіз. 1. Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар… (атап көрсетіңіз) 2. Бұл қасиеттер қандай адамға тән?
Дескриптор Білім алушы — кейіпкер бейнесін ашады; — кейіпкерлердің жасалу тәсілін анықтайды.
14
ЖОБА
3-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған…»
Оқылатын шығарма С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып»
тақырыбы
Оқу мақсаты 6.2.2.1 — эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор
бейнесін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Шығармадағы автор бейнесін анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Өлең жолдарындағы автор бейнесін ашып жазыңыз.
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толғанайдай балкып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.
Дескриптор Білім алушы -жырдағы автордың бейнесін анықтайды.
15
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Торайғыров «Шәкірт ойы»
Оқу мақсаты 6.2.3.1 — шығармадағы көркем ауыстыруларды
(троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола,
литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Берілген жыр жолдарынан көркемдегіш құралдарды тауып, қолданылу ерекшелігін
анықтаңыз.
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр — бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.
Көркемдегіш құралдар Мысалдар Қолданылу ерекшелігі
Дескриптор Білім алушы — өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды табады; — көркемдегіш құралдарға мысалдар келтіреді; — қолданылу ерекшелігін анықтайды.
16
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Мұратбеков «Жусан иісі»
Оқу мақсаты 6.2.4.1 — әдеби көркемдегіш құралдарды
Пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға
орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Көркемдегіш құралдарды пайдаланып, мәтін (табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін
сипаттап) жазады
Қолдану
1-тапсырма
Шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазыңыз.
шығармадағы табиғат көрінісі
оқиға орны
кейіпкер бейнесі
Дескриптор Білім алушы — шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін
сипаттап жазады; — кестені толтырады.
17
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
Оқу мақсаты 6.3.2.1 — кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын
өзара салыстырып баға беру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Кейіпкерлерге салыстырмалы баға береді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін салыстыра отырып талдаңыз.
Шығармадағы Ораш Қазіргі Ораштар бейнесі
Шығармадағы Тортай Қазіргі Тортайлар бейнесі
Дескриптор Білім алушы — кейіпкерлерге салыстырмалы баға береді; — мысалдар келтіріп, ойын дәлелдейді.
18
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
Оқу мақсаты 6.2.1.1 — шығарма композициясындағы белгілі бір
эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Эпизодтың маңыздылығына негіздеме жасайды
Қолдану
Тапсырма
Берілген үзіндінің шығарма сюжетінің маңызды эпизоды екеніне дәлелдер келтіре
отырып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Шығармадан үзінді Менің көзқарасым
— Тортай, сен түбі сол ақ боз атқа мінесің,-
дейді досы.
— Қайдам!? Қайдан білейін, әкем
марқұмның тақымы тайға да тимей кетіп
еді…
Күзде жайлаудағы барлық балалар оқуға
аттанғанда тауда бұзау бағып, жалғыз
Тортай қалады. Тортай досына кетерінде
ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты:
«Мен үшін де оқы, бәлкім мен міне
алмаған ақ боз атқа сен мінерсің».
— Сенің өз ақ боз атың бар емес пе?
— Жоқ, менің маңдайыма көк өгіз
жазылған.
— Онда мен ақ боз атымды сыйға
тартамын…
Дескриптор Білім алушы — берілген үзіндінің маңызды эпизод екенін
ажыратады; — өзіндік көзқарасын білдіреді.
19
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы
Оқу мақсаты
Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» 6.1.2.1- әдеби шығармада көтерілген әлеуметтікқоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Әлеуметтік-қоғамдық мәселені табады
• Идеясын анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Кестені толтырыңыз.
Шығарманың идеясы Әлеуметтік-қоғамдық
мәселе
Өз ойыңыз
Дескриптор Білім алушы — шығарманың идеясын ашады; — әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық
мәселені анықтайды; — өзіндік көзқарасын білдіреді.
20
ЖОБА
4-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Тәуелсіздік — қасиет тұнған ұлы ұғым»
Оқылатын шығарма
тақырыбы Е.Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі
Оқу мақсаты 6.2.3.1 — шығармадағы көркем ауыстыруларды
(троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола,
литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды анықтаңыз.
Көркемдегіш құралдар Өлең жолдарынан мысалдар
Дескриптор Білім алушы — өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды табады; — көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін
анықтайды.
21
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы А.Алтай «Прописка»
Оқу мақсаты 6.1.2.1. әдеби шығармадағы көтерілген әлеуметтікқоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Әлеуметтік-қоғамдық мәселені табады
• Идеясын анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Мәселені анықтап, ПОПС формуласын толтырыңыз. 1. Менің ойымша… 2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін… 3. Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын… 4. Осыған байланысты, мен мынадай шешімге келдім…
Дескриптор Білім алушы -мәселені анықтайды; -өз ойын формулаға салып жазады.
22
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы Р.Ғамзатов «Ана тілі»
Оқу мақсаты 6.2.2.1 — эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор
бейнесін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автор бейнесін анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Өлеңнен авторға тән қасиеттерді анықтаңыз. Автор бейнесін анықтауда ойыңызды
мысалдармен дәлелдеңіз.
Авторға тән қасиеттер Автор бейнесі
Дескриптор Білім алушы — автор бейнесін анықтайды; — өз ойын мысалдармен дәлелдейді.
23
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным»
Оқу мақсаты 6.2.4.1 — әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып,
шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер
бейнесін сипаттап жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Көркемдегіш құралдарды пайдаланып, мәтін (табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін
сипаттап) жазады
Қолдану
1-тапсырма
Төмендегі сұрақтарға шығарма желісі бойынша жауап беріңіз.
1.«Менің Дағыстаным» әңгімесіндегі тасты қақ жарып өсіп тұрған тікенек бұтаның
арасындағы ұяшық арқылы суретші нені айтқысы келгенін көрсетіңіз?
А) Суретшінің ауылдағы жастық шағын
В) Суретшінің теңдессіз сурет салу өнерін
С) Суретшінің қазіргі керемет жағдайын
D) Суретшінің туған жерге сағынышын
2. Автордың негізгі идеясын танытуда ерекше орын алатын символизмді табыңыз.
А) Тікенек бұтадағы ұяшық
В) Әшекейлеп жасалған күміс құмыра
С) Тау төбесін басқан қалың тұман
D) Аңыз бойынша салынған сурет 3. Жазушы суретшіден нені сұрады?
А) Өткен шақты қайтарса, не істейтіндігін сұрады.
В) Қай тілде сөйлесіп, түсініскендерін сұрады.
С) Елге неге қайтқысы келмейтіндігін сұрады.
D) Суреттерін өзіне қымбат болса да, сатуды сұрады.
Дескриптор Білім алушы — ұяшық арқылы суретші нені айтқысы келгенін көрсетеді; — автордың негізгі идеясын танытуда ерекше орын алатын
символизмді табады; — жазушының сұрағын анықтайды.
2-тапсырма
Берілген үзінді бойынша ой-пікіріңізге көркемдегіш құралдарды пайдаланып, дәлелдер
келтіріп жазыңыз.
«…Ұлының өлгенін жаңа естігендей боп, бетін қара орамалмен жауып ала қойды суретшінің
шешесі. Үйдің шатырын тарсылдатып, далада жаңбыр жауып тұр. Біз Аварияда тұрамыз. Ал
жердің екінші жағында, Парижде, Дағыстанның адасқан ұлы да, мүмкін, жаңбырға құлқ
салып отырған шығар тап осы сәтте. Біраз үндемей отырғаннан кейін суретшінің шешесі
айтты: — Сен қателестің, Расул, менің ұлым өзім үйреткен, авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиісті
емес…»
Дескриптор Білім алушы — көркемдегіш құралдарды пайдаланады; — ой-пікіріне дәлелдер келтіріп жазады.
24
ЖОБА
Оқылатын шығарма
тақырыбы Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным»
Оқу мақсаты 6.1.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек
тұрғысынан сипаттау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Кейіпкерлердің типтік ерекшелігін анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Кестені толтырыңыз.
Шығармадан үзінді Кейіпкерге сипаттама Менің түйгенім
«Мен де өз еліме өзімді-өзім
қамаған тордың терезесінен
қарап жүрмін ғой…»
«…Кеш қой. Кезінде туған
жерімнен жанып тұрған жас
жүрегімді алып кетіп едім.
Енді еліме тек қаудыраған қу
сүйегімді қайтаруға хақым бар
ма менің?..»
…шешесі: «Сендер аварша
сөйлестіңдер ғой?» — деп
сұрады менен… — Сен қателестің, Расул, менің
ұлым өзім үйреткен, авар
анасы үйреткен тілді ұмытуға
тиісті емес…»
Дескриптор Білім алушы -кестені толтырады; -берілген үзінді бойынша кейіпкерге сипаттама
береді; -өзінің көңілге түйгенін жазады.
25

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь