ГЛАВНАЯ Публикация педагогов Бейнелеу өнері, Сызу Бейнелеу өнері 4 сынып қысқа мерзімді сабақ жоспар ҚМЖ

Бейнелеу өнері 4 сынып қысқа мерзімді сабақ жоспар ҚМЖ

35
0

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Кіріспе. Бейнелеу өнерінің түрлері,жанрлары
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен таныстыру. Бейнелеу өнері жанрларына арнап сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрену. Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді
Психологиялық ахуал Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Гүлдер  арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту
Өзің қандай мәліметтер қосар едің?
Өткен сабақта саған не әсер етті?
Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Бейнелеу өнері дегеніміз – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.

Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: живопись, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік-қолданбалы өнер.

Живопись – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әртүрлі бояулармен орындалатын шығарма.

Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.

Мүсін — әртүрлі материалдармен (тас, ағаш, металл, сазбалшық, ермексаз) дөңгелек көлемді кеңістікке сомдалған көркем шығарма.

Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелерді жобалау және оны жасау өнері.

Сәндік-қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын көп салалы өнер. Әрбір халықтың шығармашылығымен байланысты өнер. Бұл өнер түріне қазақтың ұлттық қолөнері жатады.

Осы өнер түрлері ішінде айналамыздағы қоршаған дүниені шынайы, жанды етіп түрлі-түсті бояулармен суреттейтін өнер – живопись (кескіндеме) өнері. Живопись жайлы мынадай аңыз бар: «Бірде грек суретшісі Зевксис жүзім суретін салыпты да, бояуы кепсін деп терезе алдына қойыпты. Сөйтсе құстар суретті шын жүзім екен деп шұқи бастапты». Бұл аңыз живопись өнері бізді қоршаған табиғаттағы нәрселерді сол қалпында айнытпай жеткізе алатынынан хабар бергендей.

Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр.

Живопись жанрларымен танысу үшін галереяға саяхат жасайық. Сөзжұмбақ шешу «Галерея».

Галерея – көркем шығармалар қоры жинақталған орын. Қазақстандық суретшілердің шығармалары, жалпы Қазақстан бейнелеу өнері туындылары жинақталған орын ең алғаш рет 1935 жылы Алматыда ашылды. Ол Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы деп аталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен бірігіп, 1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы деп аталды.

Балалар, біздің галереямызда живописьтің түрлі жанрындағы шығармалар жинақталыпты.

Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар әр жанрға түсініктеме беріп, мұғалім толықтырады.

Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» — француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды.

Пейзаж – табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады.

Портрет – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білу.

Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар.

Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.

Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит сияқты табиғат көріністері бейнеленген шығармалар.

Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.

  1. Тест сұрақтарына жауап беру.

1 топ

1. Жылы түстерді ата.

а) көк

ә) сары

б) күлгін

2. Иллюстрация дегеніміз —

а) ертегі мазмұнына арнап салынған сурет

ә) ойдан салынған сурет

б) түрлі нобай суреттер

3. Ә. Ысмайыловтың «Хантәңірі» шығармасы қай жанрға жатады?

а) натюрморт

ә) портрет

б) пейзаж

4. Маринистік жанр дегеніміз —

а) соғыс тақырыбындағы шығармалар

ә) теңіз, көл тақырыбындағы шығармалар

б) жансыз заттар бейнеленген шығармалар

5. Акварель бояуын немен езеді?

а) сумен

ә) тек ыстық сумен

б) арнайы ерітіндімен

2 топ

1. Суық түстерді ата.

а) қызыл

ә) қоңыр

б) көк

2. Түс шеңбері неше түстен тұрады?

а) 8

ә) 6

б) 4

3. Оқулықтағы Ж. Қайранбаевтың «Қыз келбеті» шығармасы қай жанрға жатады?

а) пейзаж

ә) портрет

б) тарихи жанр

4. Түрлі-түсті бояулармен салынған көркем шығарма қалай аталады?

а) графика

ә) сәулет өнері

б) живопись

5. Живопись сабағына қажетті басты бояу құралын ата?

а) гуашь

ә) акварель

б) тушь

3 топ

1. Негізгі түстерді ажырат.

а) күлгін, сары, жасыл

ә) қызыл, көк, сары

б) жасыл, қызыл, көк

2. «Композиция» сөзі нені білдіреді?

а) бейнелеу

ә) құрастыру

б) суретті бояу

3. Пейзаж қандай шығарма?

а) жануарлар бейнеленген сурет

ә) табиғат көрінісі бейнеленген сурет

б) адам келбеті бейнеленген шығарма

4. Саз балшық, тас, ағашпен жұмыс жасайтын шебер.

а) мүсінші

ә) суретші

б) сәулетші

5. «Амангелді сарбаздары» туындысының авторы кім?

а) Қ. Телжанов

ә) Ә. Қастеев

б) М. Кенбаев

Рефлексия Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар Менің жаңалығым
 
Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Түс гаммасының қанықтығы. Қанық түстер
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді. Оқушыларға маталарда не киімдерде кездесетін түстер, олардың бір- бірімен үйлесуі және түстердің қасиеттері туралы түсінік беру
Психологиялық ахуал – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Шарлар арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту
Өзің қандай мәліметтер қосар едің?
Өткен сабақта саған не әсер етті?
Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Хроматикалық немесе хромос — грек тілінен енген сөз, түсті, боялған деген мағынаны білдіреді. Бұл топқа барлық спектрлі түстер қызыл көк жасыл және солардың аралас түстері кіреді.

Ахроматикалық түске ақ , қара, және сұр түстің барлық реңктері жатады.

Әрбір хроматикалық түстің өзіне тән үш қасиеті немесе ерекшелігі бар:

  1. Түс реңкі бұл хроматикалық түстің өзіне жарықтығы жағынан тең келетін ахроматикалық түстен негізгі айырмашылығы, негізгі қасиеті.
  1. Жарықтық ұғымы хроматикалық түсте қара не ақ пигменттің қаншалықты мөлшері бар болуымен түсіндіріледі.
  2. Түс қанықтығы түстегі таза бояутегінің болу дәрежесі . Ең қанық бояу спектр түстері болып саналады.(мысалы: қанық қызыл, қанық көк түс, т.б)

Қанық бояу деп — түстегі ашықтық дәрежесін түс қуатын, үдемелі қарқындылықты түсінуге болады.

Түс реңкі бір түсте екінші түс қоспаларының араласуымен сипатталады. Мысалы : қызыл күрең түсте көк түс, қызғылт сары түсте сары түс қатысады. Ахроматикалық түстер бір бірінен тек қана жарықтығымен ғана ерекшеленеді. Ақ пигмент көп қосылған түстер пастельді деп аталады. Осы ақсұр түстердің үйлесімділігі барлық түсті тегістейтін ақ түстің болуына байланысты

Пастельді түстің түстік үйлесімділігі — түстік тепе — теңдік , мұнда бірде- бір түс ерекшеленбейді.

Ақ түстердің үндестігі — бұл жарықтық гаммасы, ал әр түрлі қара — қара-күңгірт гамма болып табылады.

Хроматикалық түстер қабылдануына қарай

жылы түстер суық түстер

Адамды жылы денелерге жақындатқандай әсер береді, мысалы ,жылы немесе ыстық денелерге

судың, мұздың,аспанның түсін, ымырт уақытын бейнелейтін

күн, от, жарық , сәуле сияқты ұғымдарды санауға болады.

Көп түстердің арасынан басты төрт

түсті бөліп алуға болады

сары қызыл көк жасыл

Тек осы түстер ғана ешбір қоспасыз таза түс – бояулар болып есепеледі.

Гамма жалпы сыртқы түс ерекшелігін білдіретін түстердің қатары.Мысалы: жасыл гамма өзіне барлық жасыл түстің реңкін қабылдайды: көк жасыл,алма түстес,шабынды шөп түстес, теңіз толқыны түстес(көгілдір жасыл),көгілдір,т.б.

Адамның көзі түсті қабылдау кезінде оның түрлі қасиеті мен ассоциациясын сезінеді. Мысалы, «ауыр» және «жеңіл» түс деген де ұғымбар. Түс «ауырлығы» оның жарықтық реңкіне байланысты болады. Түс қою, қара болған сайын оның ауырлығы арта түседі және керісінше, жарық түстер «жеңіл» болып қабылданады. Бұл ереже барлық хроматикалық және ахроматикалық түстерге қатысты. Ашық түстің қасиеті адам көңілін өзіне аудартады.

Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады.

Рефлексия Сөзжұмбақ

1.Грек тілінен енген сөз,боялған деген мағынаны білдіретін сөз (хроматикалық)

2.Ақ пигмент көп қосылған түстер(пастельді)

3.Ахроматикалық түстер бір бірінен қандай қасиетімен ерекшеленді(жарықтық)

4.Адамды жылы денелерге жақындатқандай әсер беретін түстер (жылы түстер )

Эссе жазу

 

Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Қанықпаған ашық, қанықпаған қою түстер гаммасы
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

«Жүректен — жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Ойыншықтар үлестіріледі

 

Оқушылар таңдаған ойыншықтарына  сай топтарға бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту Тақырып бойынша жоба жасау

Жобаны қорғау

Сергіту сәті «Халықтар» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Таң сәріде, күн ұясынан әлі шықпаған кезде айнала жарық болғанымен барлық заттар қанықпаған бозғылт көгілдір түске боялады. Күн шыққан соң барлық заттар қаныққан ашық түске айналады. Ал көлеңкеде заттардың түсі қанықпаған қою түске боялады. Кешке қарай күн батар кезде жарық та азаяды, түстер канық реңін жоғалтып, анағүрлым күңгірт тартып, суық реңктерге ауыса бастайды.

Ал түнде түстер реңін мүлде жоғалтып, пейзажда тек қою, қара реңкті түстер ғана қалады. Демек тәулік мезгілі мен ауа райының әр түрлі жағдайларында заттардың түсі өзгеретініне көзіміз жетті. Ағаштар таңертеңгі ашық жасыл түстен түнге қарай қара түске айналған. Үйлер мен аспан да сондай. Мүмкін, өзің де байқаған боларсың, заттардың бояуы оларға түскен жарықтың мөлшеріне қарай өзгереді. Заттарға жарық аз түскен сайын олардың түстері де қоюлана бастайды -қызыл күрең қызылға, көгілдір қою көк түске, ашық жасыл қою жасыл түске айналады. Жарық неғүрлым мол түссе, кез келген заттың түсі ашық, айшықты болып көрінеді. Бұл құбылысты табиғат аясында бақылауға болады.

 

Заттардың түсі тәулік мезгіліне байланысты ғана өзгеріп коймайды екен. Мына суретте Римнің басты алаңы бейнеленген. Алаң мен ғимараттардың жартысына күн түсіп, жартысы көлеңкеде тұр. Олардың түсінің көлеңке мен күн көзі түскенде қалай өзгеретіні анық байқалады.

 

 Тіпті бір ғана заттың түсінің өзі жарық қай тұсынан түскеніне байланысты әр түрлі болып көрінеді. Көлеңкеде ол қанықпаған қою, ал жарық жақсы түскенде қаныққан ашық түске боялады. Өзіңді қоршаған дүниені байқампаздықпен бақыласаң, бұған көз жеткізесің. Заттардың түс қанықтылығына қарап жарықтың қай жақтантүсіп тұрғанын ешқандай қиындықсыз байқауға болады. Жоғарыдағы екі натюрморттағы заттарға жарық қай жағынан түсіп тұрғанын анықта.

Оқушыларға тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар беремін.

1.      Таң сәріні бейнелеу үшін сен қандай түстік гамманы таңдайсың (жылы не  суық, қанық немесе қанықпаған)?

2.   Тал түсті бейнелеу үшін қандай түстік гамманы таңдайсың?

3.  Қас қарайған ымыртты бейнелеу үшін сен қандай түстік гамманы таңдайсың?

4.   Мына жапырақтардың қайсысына күн көзі молырақ түсіп тұр?

5. Заттардың түсі жарық түскен жағында канық бола ма, әлде көлеңкеде ме?

6. Мына үш жиынтықтың қайсысына жарық көп түскен? Әрбір түстік гаммаға сипаттама бер.

Ой толғаныс БББ кестесі

 

Білем Білдім Білгім келеді
 
Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Сенің құрдастарыңның суреті
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді
Психологиялық ахуал Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Гүлдер  арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту
Өзің қандай мәліметтер қосар едің?
Өткен сабақта саған не әсер етті?
Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Дәптермен жұмыс

 

Рефлексия Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар Менің жаңалығым
 
Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Сызық пен штрих. Сызық және көлем
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді
Психологиялық ахуал – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Шарлар арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту Сурет салу үшін не керек деп ойлайсыңдар?

-бейнені қайда саламыз? (қағазға)

-бейнені кетіру үшін не керек? (өшіргіш)

-бейнені безендіріп әрлеу үшін не керек? (штрихтау, бояу)

-компоновка дегеніміз не? (қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру).                                                                                                                  -пропорция дегеніміз не? (бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу).                                                                           -жарық дегеніміз не? (бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз).                                                                                                                             -көлеңке дегеніміз не? (заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі).

Оқушылар жаңа сабаққа көшпес бұрын, өткен сабақты есімізге түсірейік. Өткен сабақта біз құмыраны, гипстік розетканы, т.б денелерді  бейнеледік. Оларға қандай штрихтар қолдандық?

Өткен сабақта не ұқтық?

Өткен сабақты қорыту  ретінде  «Заттың суретін аяқтау» ойынын ойнап жіберейік.

Сергіту сәті Дидактикалық ойын: «Заттың суретін аяқтау»     

Мұғалім үшбұрыштың суретін тақтаға іледі, әртүрлі геометриялық  фигуралардың басқа бөліктерін оқушыларға таратып береді. Оқушылар соларды белгілі бір заттың бейнесіне ұқсатады. Ол геометриялық денелерге  қатысты болуы тиіс. (мысалы: үйшік)

                                                           

Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

-Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Геометриялық денелерден құралған натюрморт». Бүгінгі сабақта екі заттан құралған натюрмортпен танысып, үш қырлы призма мен цилиндрді бейнелейміз. Сондықтан да жаңа сабақты мұқият тыңдап қатысып отырайық.

Натюрморт-бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Натюрморт-француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет XVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. XVIII ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі көп тараған жанрға айналды. Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Сондықтан натюрмортты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Қарындашты үш саусақпен (бас бармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақ) ғана ұстау керек.

 

Қағазға көлеңке түспеу үшін қарындашты суретте көрсетілгендей етіп сәл алыстау ұстаған жөн.

Сурет салатын қарындаштар қатты-жұмсақтығына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 6Т, 5Т, 4Т, 3Т, 2Т, Т, ТМ, М, 2М, 3М, 6М, бұлар латынша мыналарға сәйкес келеді: 6Н, Н, НВ, 2В, 3В, 4В, т.б. Сурет салған кезде қолды қағаз бетіне тигізбеу керек. Егер қажет болған жағдайда қолды сүйемелдеу үшін екі саусақтың ұшын (аты жоқ саусақ пен шынашақ) қағаз бетіне ептеп тигізуге болады. Сонда қолдың астындағы сурет былғанбайды, өшірілмейді. Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі-сызық жүргізу. Жіңішке сызықтар жүргізу арқылы болашақ пішіннің нобайы жасалады. Осы сызықтармен негізгі пропорциялар белгіленіп, суреттің жеке бөліктері салынады. Сызық жүргізу арқылы сурет кейпі белгіленеді.

Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады. Бүгінгі біздің натюрморт екі заттан тұрады.                   

 

IV.Тапсырмаларды орындау.

 

1-кезең. Алғашқы кезең-заттардың жалпы алатын орнын қағаз бетіне үйлестіріп белгілеуден басталады, үш қырлы призманың биіктігі мен енінің өлшемі, цилиндрдің биіктігі мен енінің өлшемімен салыстырғанда қандай,бір-бірінен қандай қашықтықта орналасқаны ескеріледі. Суреттегі цилиндр үш қырлы призмадан екі еседей кіші және бізге жақын алдыңғы шетте тұр. Сондықтан цилиндр призманың төменгі бір шеткі бөлігін жауып, әрі шамалы төмен орналасады. Бірінші кезеңде есте сақтайтын нәрсе заттар бейнесі қағаздың ортасынан, жан-жағынан өте көп орын алмауы тиіс немесеқағаз шетіне өте жақын орналаспауы керек. Ендеше оқушылар қолымыздағы қарындашты қоя тұрайық, ойынға назар аударайық.                   

  Ойын:  « Жаңа  пішіндер»

Оқушыларға әр түрлі  пішіндер  таратылып беріледі. Қызықты бір бейнені   құрастыру керек.   Қолдарындағы   пішін  неге  ұқсайды, бейнені тақтаға 2-3 минутта құрастырып болуы шарт.

( Қарбыз,доп – дөңгелек; сандық, кітап – төртбұрыш; бас киім,шырша – үшбұрыш; айна — жазық төртбұрыш, т.б)

 

 

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Зат көлемін дұрыс бейнелеу үшін оның тасаланып  көрінбей тұрған жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп көмекші сызықтар арқылы заттардың дәл бейнесін анықтап бейнелейміз. Заттар бейнесінің дұрыстығын тексерген соң көмекші сызықтарды кетіріп тастаймыз. Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тек сызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады. Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады. Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады. Штрихтардың басқа сызықтардан (сызба сызықтарынан) айырмашылығы-мұның кеңістік сипаттары көбірек. Мәселен, сызықтар деп өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих-қысқа сызық, әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие болады. Штрихтарды оңға, солға немесе төмен (өзіне қарай) сызуға болады, ал қарындаштың  ұшын жоғары қарай (өзінен әрі қарай) жүргізуге болмайды.

Рефлексия Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары:

1.      Штрих дегеніміз не?

а) көптеген ,біріктес сызықтардың жиынтығы ә) заттың бейнесі  б) заттың пішіні

2.Жай қарындаш түрлерін тап?

а)түрлі-түсті қарындаштар   б)жұмсақ,қаламұш,қарындаштар

в) жұмсақ,қатты қарындаштар

  1. Сызықтын үш негізгі түрі?

а) түзу  ә) ирек   б)сынық   в) үшбұрыш

4.Тор көзді немен сызамыз?

а) қарындаш,сызғыш  б) бояу,қарындаш  в) қарындаш,бояу

5.Дұрыс  сурет  салу  үшін  не  керек?

а) түстану    б) үйлестіру    в) мүсіндеу

6.Цилиндр тәріздес заттарды бояғанда қолданатын штрих сызығы?                                   а) түзу сызық  б) доғал сызық  в) ирек сызық

  1. Сызық жүргізу арқылы нені белгілейміз?

а) заттың  пішінін   ә) заттың ұзындығын  б) заттың түсін

  1. Кітаптың пішіні неге ұқсайды ? а) үш бұрыш ә) төрт бұрыш    б) конус

9.Нәрсенің көлеңке бөлігіндегі әлсіз жарық қалай аталады ?                            а)жылт (блик)   б)жартылай көлеңке    в) шағылыс (рефлекс)                                        10. Нәрсе бейнесіне жарық, көлеңке не үшін түсіріледі?                     а)пропорциясын көрсету үшін   б)көлемін,пішінін шынайы көрсету үшін в)композициялық шешімін көрсету үшін

11.Суретті  дұрыс  бейнелеу  үшін  не  істей  білуіміз  керек?

а) Үйлестіре білу керек  б) көлемін таба білу   в) пропорциясын таба білу

12.Жұмыс  бітер  кезде  не  істейміз?

а) түзетеміз    б) кептіреміз     в) бояймыз

Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Әріп таңбасы. Сиқырлы әріптер
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

«Жүректен — жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Ойыншықтар үлестіріледі

 

Оқушылар таңдаған ойыншықтарына  сай топтарға бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту Тақырып бойынша жоба жасау

Жобаны қорғау

Сергіту сәті «Халықтар» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Дәптермен жұмыс

Әріп таңбасы. Сиқырлы әріптер туралы таныстырылым тамашалау

Сурет салу

Ой толғаныс БББ кестесі

 

Білем Білдім Білгім келеді
 
Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Ашық хаттар безендіру өнері
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді. Оқушыларға ашық хаттар,олардың түрлері, жасау мазмұны туралы түсінік беру
Психологиялық ахуал Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Гүлдер  арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту Ойын «Сиқырлы әріптер».
Анн сөз құрау-нан ,к²,е²,ө,л,б –көбелек.
Сұрақ-жауап әдісі
Адамның жазуына қарап ,оның мінезі мен көңіл күйі жайлы мағлұмат алуға болады.
-Оны зерттейтін ғылым қалай аталады?
Оны зерттейтін ғылым графология деп аталады?
Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Мұғалім кіріспе сөзі .Әр адамның мінезін,көңіл-күйін жазулары бойынша білетін болсақ,енді біздер достарымыз,аналарымызға ,жалпы адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін не істей аламыз? «Ой қозғау» әдісі.Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.Бір оқушы хатжазуымыз керек деп жауап берді.Олай болса біздің бүгінгі жаңа сабағымыз «Ашық хаттарды безендіру өнері» деп тақырыппен таныстыру.

Ерте кезден адамдардың мереке қарсаңында бір-бірін ашық хаттар (открыткалар) арқылы құттықтау дәстүрі бар.Ашық хаттар әр алуан мереке, мейрамдарға атап айтқанда,наурыз,жаңа жыл,туған күн ,8- наурызға арналып жасалынады.Ізгі тілектер жазылған әдемі ашық хатты жанында жүрген досыңнан алынғнның өзі ғанибет.
Құттықтау ашық хаттар әдетте сурет пен мәтіннен тұрады.Сурет пен мәтін мазмұны жағынан ашық хат арқылы құттықтайтын мерекеге сәйкес келіп бір-бірімен түсі ,стилі бойынша үйлесімді болуы шарт.
Алғашқы ашық хаттар 1765 жылы Жапонияда пайда болған.Жапондар бір-бірін алғашқы қар және айдың толуымен ,т.б. себептермен құттықтайды.
Ү.Дәптермен жұмыс. «Мен суретішімін » ойыны арқылы  ашық (үлгі) бойынша суретін салу.
Сергіту сәті. «Қырағы көз» ойынын ойнату.
Қайсысы жылылырақ?  Балаларға бір түс реңіндегі карточкалар көрсетіледі. (негізінен 2-ден),олардың бұл екеуінің қайсысының реңіне жылы (түс) немесе керісінше суық түс екенін ажырату.
Әрбір дұрыс жауапқа жетон беріледі. Оны кім көп жинаса «Қырағы көз» атағымен марапатталады.
ҮІ. Меңгерту. Өз құттықтау ашық хаттарыңды жаса.
Ашық хаттарды жасауға нұсқаулық беру.
1.Ашық хатты қандай мерекеге арнап жасағың келетінін ойлан. Туған күн,жаңа жыл, наурыз меркесі ,т.б.
2. Мәтінін дайындап ал.
3.Мәтінмен суретті дұрыс үйлестір.
4. Қызықты әрі әсерлі суреттерді таңдап ал.
Шығармашылық жұмыс. «Менің алғашқы хатым» оқушылар өз ойларынан ашық хат жасайды.

Рефлексия «Кім көп біледі?» «Ойлан да жауап бер!» Сұрақ-тапсырмалар беру.

  • Ең алғашқы ашық хат  қай елде пайда болды?
  • Ашық хатты ерте кезде не үшін пайдаланған?
  • Құттықтау ашық хаттар нелерден тұрады?
  • Ашық хаттар жасау үшін қандай нұсқаулықтарды ескеру шарт.
Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Өзіңнің ашық хаттарың
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді
Психологиялық ахуал – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Шарлар арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту
Өзің қандай мәліметтер қосар едің?
Өткен сабақта саған не әсер етті?
Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Сурет салу

Өзіңнің ашық хаттарың

Рефлексия Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар Менің жаңалығым
 
Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Пейзаждың өркендеу тарихы. Табиғат аясында сурет салу
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

«Жүректен — жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Ойыншықтар үлестіріледі

 

Оқушылар таңдаған ойыншықтарына  сай топтарға бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту Тақырып бойынша жоба жасау

Жобаны қорғау

Сергіту сәті «Халықтар» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Дәптермен жұмыс

 

Ой толғаныс БББ кестесі

 

Білем Білдім Білгім келеді
 
Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Импрессионист   суретшілердің туындысы
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді
Психологиялық ахуал Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу Гүлдер  арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту
Өзің қандай мәліметтер қосар едің?
Өткен сабақта саған не әсер етті?
Сергіту сәті «Қаражорға» биі
Жаңа сабақ Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Импрессионизм (фр. іmpressіonnіsme, іmpressіon – әсер) – алғаш рет Францияда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді шынайы, айқын, боямасыз бейнелеуге ұмтылды.

Бейнелеу өнерінде импрессионизмның алғашқы белгілері 19 ғасырдың 60-жылдары суретшілер Делакруа, Констебл, Тернер шығармаларында көрініс тапты. Импрессионизмнің негізін француз суретшілері (К.Моне, О.Ренуар, Э.Дега) қалады. Олардың шығармаларынан өмірдің немесе табиғаттың бір сәттілік бейнесі әсерлі де көркем берілді. Табиғаттың құбылмалы шақтарын, заттардың түсін, жарық пен сәуленің дәл де нәзік өзгеретінін көрсете білді. Импрессионизм өкілдері табиғаттағы құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, анық жеткізуге тырысты. Түстердің түрленуін алғаш көрсеткен де импрессионизм ағымы болды. Францияда 1870 жылдан бастап импрессионизм көркемдік әдіс ретінде қалыптаса бастады. Оның өкілдері өнердің қоғамдық мазмұнынан, бейнені жинақтау және типтендіру принциптерінен бас тартты. Дегенмен импрессионизм адамның өзін қоршаған ортадан алатын сезімдік әсерін, құбылмалы шақтарын, жарық пен атмосфераның ықпалынан зат түсінің өзгеруін дәл де нәзік беруде елеулі жетістіктерге жетті. Олар белгілі бір идеялы тақырыптарға немесе қатып қалған әдістемелі заңдылықтарға бой ұрмай, еркін, өздерінің қалауынша жаза білді. Кескіндемедегі құрылымды (композицияны) еркін құра білді. Импрессионизм образды сомдауда солқылдақтыққа, екі ұштылыққа ұрынып, суреттегі үйлесімділік дәлдігінен алшақтады. Импрессионизм өкілдері бояу қосындыларын қолданбай, тек “таза түстерді” пайдалануды талап ететін пленэр жүйесін жасады. Бұл әдістер импрессионизмнің жалғасы неоимпрессионизм (нео – жаңа) мен постимпрессионизмнен (пост-кейінгі) айқын сипат тапты. Неоимпрессионизмді өмірге әкеліп қалыптастырған Жорж Сера (1859 – 1891). Бұл бағыттағы суретшілер өзіндік жазу техникасын ойлап тапты. Олар кенепке қоспасыз таза бояуларды тең түсіру арқылы (Ж.Сера. “Гранд-Жат аралығындағы жексенбілік серуен” картинасында) жазды. Мұндай кескіндемелер мозаикамен түрлендіргендей әсер қалдырды. 19 ғасырдың аяғында импрессионизмге қарама-қарсы постимпрессионизм тарих төріне шықты. Оның ірі өкілдері, ұлы суретшілер Винсент Ван Гог (1853 – 1890), Поль Гоген (1848 – 1903), Поль Сезанн (1839 – 1906) болды. Импрессионистер, негізінен, кескіндеген затының сыртқы бейнесін шыншылдықпен бір сәттік сезімде жазса, постимпрессионистер өздерінің ішкі әлемін, жүрек сезімін бейнелеуге тырысты. Олар, көбінесе, таза ашық түсті бояуларды жиі қолданды (Ван Гог, Гоген). Ал Сезанн айнала қоршаған ортаны (заттарды, адамды, жан-жануарды, т.б.) геом. заттарға балай қабылдады (мысалы, тауды – үшбұрышқа, адам басын, алманы – шарға, т.б.). импрессионизмнің бір сәттік әсерлерге құру принциптері кескіндемеде Ван Гог, Дж.Уистлер, М.Либерман, К.А. Коровиннің, мүсін өнерінде М.Россо, П.П. Трубецкий және О.Роденнің шығармаларынан көрініс тапты.

Рефлексия Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар Менің жаңалығым
 
Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь