ГЛАВНАЯ Образцы планов Бейнелеу өнері, Сызу Бейнелеу 6 сынып жаңартылған бағдарлама сабақ жоспары ҚМЖ ОМЖ

Бейнелеу 6 сынып жаңартылған бағдарлама сабақ жоспары ҚМЖ ОМЖ

11196
0

ЕСКЕРТУ: САБАҚ ЖОСПАР ЖЫЛДА ӨЗГЕРЕДІ. ТӨМЕНДЕГІ ҮЛГІ САЙ КЕЛМЕСЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

Бейнелеу Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Сабақ 1
Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері
Сілтеме
Сабақтың жабдығы Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттар Оқушыларды өнердің шығы тарихымен таңыстыру. Қазақстан жерінде жартастар бетіне салынған бейнелерге түсініктеме беру. Сурет салу өнерінің даму тарихымен таңыстыру.
Күтілетін нәтиже . Өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;

Әдіс- тәсілдер . Миға шабуыл
Автор орындығы
Эссе
Рөлдік ойын
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Топқа бөлу Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы топқа бөлу
«Жүректен-жүрекке» тренингі Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.Әр оқушы өз достарына жылы лебіз білдіреді
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту Оқушылар,бос уақыттарыңда немен айналысқанды ұнатасыңдар?
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
«Аквариум» әдісі арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты толық меңгерту мақсатынада топпен жұмыс жасату
Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.
1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.
2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.
3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.
Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз — заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз — жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз — нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз — меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз — заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.
4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

Сергіту сәті
Ой толғаныс
1. Петроглифтердегеніміз не?
2.Ежелгі адамдар жартастарда нен бейнелеген?
3.Петроглифтер туралыа лғашқы мәліметтерді жинақтаған кім?

Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру
Күнделіктеріне жазады
Бағалау Рефлекция
сұрақ-жауап) (3 мин)
1. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?
2. Өзім турал не білеміз?
3. Сабақ сендерге ұнады ма?
Сабақты жақсы оқу үшін не істеу керек?
Бағалау парақшаларын толтыру.
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

2-сабақ
Сыныбы 6
Пәні Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы Ежелгі Египеттегі өнер мектебі
Жалпы мақсаты Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімдіқалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б. Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,оқушы санасына терең сіңіру.

Сілтеме Бейнелеу өнері оқулығы, 6- сынып. Түрлі тапсырмалар, Акварельді бояу, Түрлі-түсті карындаш
Оқыту нәтижелері Қарындашпен жұмыс істей білуге үйренеді.
Өз ойын еркін жеткізе біледі.
Бояумен, қағазбен жұмыс жасай біледі.
Тақырыпты меңгереді
Өз-өзін бағалауды үйренеді.
Негізгі идеялар Көру, ойлау, байқау, түсінуді дамытуға көмектеседі.
Тапсырма көздері

Оқушылармен сәлемдесу, құралдарын түгендеу. Сандар арқылы топқа бөліну

Оқушыларға Ежелгі Египет мектебі, өнері жайлы түсіндіремін. Ежелгі Египетті даналықтың бесігі, ұлы философ, ғалым, суретшілер мен мүсіншілерді дүниеге әкелген ғажайыптар елі деп жиі айтады. Ежелгі Египет мәдениеті ең көне және өте жоғары деңгейде дамыған. Олардың үй қабырғаларына, тұрмыстық бұйымдарға салған бейне көріністері мазмұнға бай әрі осы елдің тарихы туралы қызықты ақпараттар береді.
Египеттіктер суретті көмірмен, қылқаламмен, қызыл және қара бояулармен салған. Тас пен саз балшықтан жасалып, өңделген тегіс бетке бейнелерді металл таяқшалармен қырнау, қашау арқылы түсірді.
Ежелгі Египетте суретшілер шәкірттерін сурет салу техникасына баулитын арнайы мектептер болды. Олар өрнек элементтерін, адамдар мен жануарларды қалай бейнелеу керектігін шыдамдылықпен көрсете білді. Біртіндеп сурет салудың әдіс-тәсілдерін игеру арта түсті. Сурет салу өнеріне баулуда техникалық тәсілдерге өте көп көңіл бөлінген. Ежелгі Египет суретшілері оқиға көріністерінің бірізділік барысы жайлы айтуға ұмтылыс жасағанда, олардың ойынша басынан аяғына дейін жазық бойында тұрған денелердің бәрін белдеумен, жиектермен орналастырған сияқты болып көрінетін. Денелерді бұлай орналастыру жер бетін жазық тік сызық түрінде жиектің теменгі шекарасында және көрерменнен шалғайда жатқан элементтерді бүркемелеп бейнелеуге алып келді. Бөлшектік бүркемелеу параллель картиналық жазықтықтағы қозғалысты ғана беріп қоймайды, сонымен қатар фигуралар арасындағы қашықтықты, олардың суретшімен арақатынастық орналасуын көрсететін тереңдікті жеткізуге мүмкіндік береді.
Алайда ежелгі Египет суретшілері шынайы кеңістік қатынастарды жасауды біле бермейтін еді. Патшалардың денелері ірі көлемде, оньщ жанында жүретін ақсүйектер ұсақтау, ал жауынгерлер одан да ұсақ фигуралармен бейнеленген. Олардың түсінігінше, фигураларды әр түрлі көлемде бейнелеу әлеуметтік ерекшеліктерді көрсететін болған.
Египет шеберлері портреттік сурет салу техникасына баса назар аударатын болған. Олар әрбір бейнеленген адамның физикалық ерекшеліктерін дәл бере алатын портреттік галерея жасады. Бүл кездейсоқ емес еді. Портреттік үқсастықты беруге ұмтылыс — мәңгілікке қалу үшін, яғни жоғалып кетпеудің маңызды қажеттілігінен туындаған болатын.
Сондай-ақ оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын:
1. Ежелгі Египет суретшілері кандай материалдарды пайдаланған?
2. Олар өз шәкірттерін өнерге калай баулыған?
1.“Қалам үстел үстінде” сұраққа-жауап
1.Ежелгі Египет суретшілері кандай материалдарды пайдаланған?
2. Олар өз шәкірттерін өнерге калай баулыған?
2.«Миға шабуыл» Египет шеберлері портреттік сурет салу техникасына баса назар аударатын болған. Олар әрбір бейнеленген адамның физикалық ерекшеліктерін дәл бере алатын портреттік галерея жасады. Бүл кездейсоқ емес еді. Портреттік үқсастықты беруге ұмтылыс — мәңгілікке қалу үшін, яғни жоғалып кетпеудің маңызды қажеттілігінен туындаған болатын. Патшалардың денелері ірі көлемде, оньщ жанында жүретін ақсүйектер ұсақтау, ал жауынгерлер одан да ұсақ фигуралармен бейнеленген. Олардың түсінігінше, фигураларды әр түрлі көлемде бейнелеу әлеуметтік ерекшеліктерді көрсететін болған.
3.Топтық жұмыс. Оқушылар жаңа тақырыпта білетіндерін постер арқылы қорғайды. Тақырыпқа шолу жасайды.
Бағалау Оқушылар өз-өздерін таратпалы кағаз арқылы бағалайды. Жиынтық бағасы қойылады.
Кері байланыс 1. Білемін
2. Білдім
3. Білгім келеді
Үйге тапсырма Оқулықтағы «Ежелгі Египет өнері» туралы оқу, іздену

3 сабақ 6 сынып
Сабақ тақырыбы: Кескіндеме өнерінің түрлері,жанрлары
Жалпы мақсат: Тақырыпты зерттеу арқылы ой өрістерін дамыту
Сабақтың мақсаттары Кескіндеме өнерінің жанрлары түрлерімен танысу, жұмысқа дағдылану. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету және логикалық-ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту.
Күтілентін нәтижесі: Затты бір-бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету
Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;
Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.
Негізгі идеялар: Сабаққа қызығушылығын арттыру
Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, маркер
АКТ
Интерактивті тақта
Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері
Миға шабуыл
Конвер- сұрақ әдісі
Жұпты әңгіме
Жигсо әдісі  Топтық жұмыс
 Жұптық жұмыс
 Шығармашылық жұмыс
Дерек көздері: «Адам мүмкіндік-тері» тақырыбына берілген материалдар:
www.РефератOff.kz
www.art.kz

Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Ой қозғау.
ІІІ. Мағынаны тану.
ІV. Топтық жұмыс.
V. Шығармашылық тапсырма
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
І Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Жылы лебіз » тренингін өткіземін Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Сынып оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін айтады.
ІІ Өткен сабаққа қысқаша шолу

«Мен – саған, сен- маған» әдісі арқылы сұрақ -жауап алу (диалогтік оқыту)
І топ:
1.Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс)
2. Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер)
3.Хроматикалық түстерді атаңдар? (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)
4.Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр)
ІІ топ: 1.Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі)
2.Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын,күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі)
3. Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы)
4.Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу) Сұрақтарға келесі топ оқушылары жауап береді
ІІІ Білу ,тану
Уикипедия сайтынан алынған деректі талантты, дарынды оқушы түсіндіреді Жанр дегеніміз өнер туындыларын бір-бірінен ажырататын ерекше белгілер.Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар.Олар : тарихи,тұрмыстық,соғыс тақырыбы,жануарларды бейнелеу,адам келбетін бейнелеу,натюрморт,теңіз пейзажы және табиғатты бейнелеу.
«Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі.
«Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз. Негізінен натюрмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Натюрморттың тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін.
17 ғасыр Голландияда
өлі табиғат француз сөзі
бұйымдар заттар
Натюрморт күрделі және қарапайым болып екі топқа бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады.Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт.
Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады. Натюрморт салуға үйрену бейнелеу өнерінде сауатты сурет салуға бейімделудің алғашқы шарты болып табылады. Ендеше натюрморт бейнелеу, ереже заңдылықтарын меңгеру үшін алдымен пішіндері қарапайым үш заттан тұратын натюрморт бейнелеп көрейік, олар-құмыра, алма мен алмұрт.
Бұл заттардың пішіндері, көлемдері және түстері әр түрлі. Кез келген заттарды бейнелеу үшін олардың жеке-жеке көлемін және бір-біріне өлшемдік қатынасын (бір-бірінен қаншалықты үлкен не кіші), кеңістікте орналасуын мұқият қарап зерттеп алу керек. Тек содан соң бейнені түсіруге арналған қағаздың орналасу бағытын (тігінен немесе көлденең) бейнеленетін заттардың көлеміне, кеңістікте орналасу ерекшелігіне байланысты таңдап алынады.
Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады.
Пейзаж-қоршаған ортаны бейнелеу,табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету.Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны,шындық өмірді әсерлі,нақты береді.
Тарихи жанр-маңызды тарихи оқиғалар мен қайраткерлерді ,қоғамдағы мәні бар құбылыстарды суреттеуге арналған бейнелеу өнерінің негізгі салаларының бірі.
Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын:
— Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.
Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.
Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.
Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.
«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», — дейтін Әбілхан атамыз.
Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.
Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.
Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.
Кескіндеме өнерінің жанрлары.
Жанр дегеніміз өнер туындыларын бірі-бірінен ажырататын ерекше белгілер. Картинада бейнеленген суретке карап оның кай жанр түріне жататынын анықтауға болады. Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар. Олар: тарихи, тұрмыстық, соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу (анималистік), адам келбетін бейнелеу
(портрет), натюрморт, теңіз пейзажы (марина) және табиғатты бейнелеу
Ғалымбаева. Дастарқан

К. Әжібекұлы. Томирис Б. Зәуірбекова
Сәукеле киген қыз

Қолдану
«Бейнесюжет»
майлы бояумен
Натюрморт,
пейзаж салу әдісі Қағаздың ортақ нүктесін тауып, заттардың шеткі нүктелерін анықтау Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау, көлеңке жарығын белгілеу Нұсқаның толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы шығарып салу
Нұсқаның түстерін политраның көмегімен анықтау
Талдау Тапсырма: Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек. Сыни ойлана отырып , А Ғалымбаеваның «Дастарқан» атты натюрмортын орындайды
Пейзаж. И Левитан «Алма ағашы гүлдегенде»

Жинақтау

«Кім жылдам»
Шарты: Тақтада аяқталмаған сөйлемдер тұрады, әр оқушы сөйлемдерді жалғастырып жазады.
1. Бүгін мен білдім………….
2. Маған қызықты болды…………..
3. Қиын болды…………………
4. Мен түсіндім……………….
5. Енді менің қолымнан келеді………
6. Мен сезіндім………………..
7. Мен үйрендім………………
8. Мені таң қалдырды………
9. Мен жасапкөремін………
Бағалау БҮҮ кестесін толтыру БҮҮ кесесін толтырады
білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді

Бағалау Қорытынды баға қою Күнделікке бағаларын қойғызу.
Рефлексия Сабақтан алған әсерін айту Сабақтан алған әсерін айтады
Кейінгі тапсырмалар Натюрморт жанрын бейнелеген суретшілер турал мәліметтер жинақтау.

Натюрморт,пейзаж салу

4 сабақ
6 сынып

Сабақ тақырыбы: Натюрморт «Гүлдер, көкеністер менжемістер»
Жалпы мақсат: Тақырыптың себеп-салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
Жаңа тақырып туралы түсініктер қалыптастыру, тақырып жүйесін түсніу
Сабақтың мақсаттары Білімділігі: оқушыларға ыдыстардан құралған натюрмортты бейнелеуге үйрету.
Заттың жалпы формасы мен түстік қарама — қарсылық заңына үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,
бояумен жұмыс жасау машығын дамыту

Күтілентін нәтижесі: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді,
өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды

Негізгі идеялар: Оқушының шығармашылық мүмкіндігі мен дәстүрден тыс ойлау мүмкіндігіне қозғау салу
Сабақта қолданылатын материалдар:
1. Үлестірмелі материалдар
2. АКТ, маркерлер, карталар, глобус

Сабақта қолданатын модульдер “АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Оқыту әдістері: Миға шабуыл
Жигсо, Спираль
Топтастыру әдісін пайдалану сұрақ-жауап немесе диалог арқылы үй жұмысын тексеру, СТО стратегиялары:

 Топтық жұмыс
 Жұптық жұмыс
 Шығармашылық жұмыс
Дерек көздері: Карталар, электрондық оқулық, интернет жүйесі
Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Ой қозғау.
ІІІ. Мағынаны тану.
ІV. Топтық жұмыс.
V. Шығармашылық тапсырма

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)
Сыныпты топқа бөлу (сыйлық сыйлау арқылы)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын ортаға шығып шеңбер құрду. Мен және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіргізу Оқушылардың мұндағы мақсаты жақсы тілектер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.

I.Үй тапсырмасын сұрау (4 мин) «Миға шабуыл» әдісі арқылы

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Топ бойынша өткен тақырыптар бойынша сұрақ- жауаптарға дайындық жасау.
Адам баласы неліктен үнемі талпыныс, ізденісте болады?
— Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?
— Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?
-Адамды қандай қасиеттер табысқа жетелейді? Мұғалім берген тапсырманы орындау. Үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап береді, шапшаңдылық таныту, өз ойларын жеткізу.

II.Ой қозғау « Жигсо» әдісі бойынша жаңа сабаққа дайындық жасау әрекеттері,

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру. Ой қозғау арқылы жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағанасын аштыру. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізеді, топ бойынша әрекеттер жүргізу арқылы жаңа тақырыпқа бастама жасайды, өз ой-пікірлерімен санаса білу
1.Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі)
2.Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын,күннің әсеріне байланысты түстердің өзгеруі)
3. Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы)
4.Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу)
III.Мағынаны ашу: «Спираль» әдісі (10 мин) «Ізденген жетер мұратқа.» тақырыбымен жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде дайын материалдар тарату, картаға кескіндеу, картамен жұмыс жасау.
Жаңа сабақты толық меңгерту үшін сыни тұрғыдан ойлаудың «Спираль» әдісін алу. Бұл әдістің тиімділігі, топтағы оқушылардың барлығы да мәтінмен жұмыс жасайды. Оқушыларға уақыт беріп, тапсырма бойынша жұмыс жасауын тапсырдым. Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Топ бойынша жаңа тақырыптың идеясын ашады, талдайды, бір- біріне түсіндіреді
Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері дегеніміз не?
Айналамызға өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеу
арқылы суреттейтін өнер түрі.
Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.
Кескіндеме.
Графика.
Мүсін.
Сәулет өнері.
Сәндік қолданбалы өнер.
Дизайн өнері.
[left]Ал, енді, балалар алдарыңда тұрған заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады? Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т. б. жанрлары бар. Бүгінгі сабағымызда біз натюрморт жанрына тоқталамыз.
Натюрморт (фр. nature morte — өлі табиғат) — бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс — жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.
Натюрморт — жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады.

Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрінісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулық, қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық таба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады.
Батыс еуропада 17 ғасырда натюрморт жанры жақсы дамыды.
Қазақстанда 19 ғасырда ғана натюрморт жанры дами бастады. Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Сондай — ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз Ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады.

Натюрморт — қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады. Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады. Кейде натюрморттың мазмұнына сәйкес оның кейпі, жан — жануарлар бейнеленуі мүмкін.
Суретші мақсатының бірі — натюрмортта белгілі бір көңіл — күйді бейнелеу.
Кез — келген картина сияқты натюрморт та мерекелік, көңілді немесе мұңлы бола алады.
Натюрморт салу кезінде жарық пен көлеңке, ең бастысы композициялық заңдарға сәйкес орналасу тәртібін сақтау керек.
Бізде бүгінгі сабағымызда ұлттық торсық, кесе, алмадан құралған қарапайым натюрмортты бейнелейік
IV.Топпен жұмыс Кітаппен жұмыс. (7 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтарға жаңа тақырып бойынша Кітаппен жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсыру. Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды топпен біргіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді.
Топттық жұмыс

V.Сергіту сәті: «Ақ түс» (1 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау Берілген тапсырманы орындау

VI.Шығармашылық тапсырма
«Өмірлік ахуалды талдау» әдісі (Тақтамен жұмыс, сұра- жауапты талдау, бағалау) (8 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тақтадағы ілінген қағаздарды топқа таратады және қосымша материалдар үлестіріледі Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын табиғатағы қызықты сурет арқылы жеткізу

VII.Қорытындылау: (сұрақ-жауап) (4 мин)
4. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?
5. Натюрморт деген не?
6. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?
7. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?
8. Алған білімнің не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
VIII.Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
IX.Бағалау: Өзін-өзі бағалау (3 мин)
X.Үй тапсырмасы: Оқулық бойынша тапсырма

Пәні: Бейнелеу өнері 6-сынып 5 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Пейзаж туралы түсінік. «Күзгі жаңбыр» атты пейзаж салу.
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушылар кескіндеме өнерінің жанры пейзаж туралы білім алады және суретін салып үйренеді.
ә)дамытушылық: оқушылардың пейзаж жанры туралы шығармашылық білімдері дамиды.
б)тәрбиелік: оқушылар ынтымақтастыққа, ұйымшылдықпен бірігіп жұмыс жасап үйренеді.

Күтілетін нәтиже:
Оқушылар кескіндеме өнерінің жанры пейзаж туралы біледі және соған байланысты суреттер сала алады.
Сілтеме:
Оқулықтан, суреттерден,интернеттен, т.б.
Сабақ барысы:
Әріптер жазылған қағаздарға қарап, сол әріптерден тегі басталатын топқа барып отыру, жаңа тақырыпқа байланысты түсініктер беру.
Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеп, құралдарын тексеру.
Топ ережесін еске түсіру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген тақырып бойынша нені меңгерді, сол бойынша сұрақтар қою.
Жаңа сабаққа кіріспе:

1.Оқушылар кескіндеме жанры пейзаж жөнінде түсінік алады. Пейзаж табиғат көрінісін бейнелеу екенін біледі.
2.Пейзажға байланысты көптеген суреттер салған суретшілер еңбектерімен таныса алады.
3.Оқушыларға күзгі табиғат көрінісін құрастыра білуге үйрету және суреттерін салғызу. «Күзгі жаңбыр» тақырыбына байланысты суретті салу.

Сабақты пысықтау:
(рефлексия)
Сұрақ-жауап арқылы керібайланыс алу.
Сабақты қорытындылау:
Жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы қорытындыланады.
Үйге тапсырма беру:

Күзге байланысты салынған суреттерді қарап келу, мәліметтер алу.
Бағалау:
Топтық бағалау, жеке бағалау.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті.
Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен амандасу және түгендеу.
2.Әріптер жазылған қағазды тарату арқылы топқа бөлу
3.Топ ережесін еске түсіру. Оқушылар сәлемдеседі, жоқ оқушыларды айтады.
Әр топқа әріптер жазылған, сол әріптерден тегі басталатын балалар сол топқа барып отырады.
Топ ережесін айтады.
Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын тексеру.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақты еске түсіру.
-Кескіндеме өнерінің қандай түрлері бар?
-Натюрморт дегеніміз не?
-Ең алғаш қай ғасырда және қай елде пайда болған? Үйден салған суреттерін тексертеді және әр топ сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақ Жаңа сабаққа байланысты бейне көрініс көрсету және пәнаралық байланыс жасату, оқушылардың шығармашылықтарын ояту арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
Бейне көріністі көріп, күзге байланысты өлең,тақпақтар айтып оқушылар жаңа сабақты пейзаж туралы және күзге байланысты мәліметтер алады.
Кескіндеме – бұл жазықтық бетіне ( кенеп, ағашғ үй қабырғасының беті) жағылған әртүсті бояу қабаттарының көмегімен жасалған өнер шығармасы. Кескіндеменің графикадан айырмашылығы осында.
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі – түстің реңіне байланысты айқындалады.
Табиғатта кездесетін түстер негізінен үш түске бөлінеді.Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге қызыл, сары , қызыл сары түстер жатады.
Ал суық түстерге көк, көгілдір,жасыл түстер кіреді.
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан.Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және антрактида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары.
Реңк бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі.Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады.Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылы түске жатады.
Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады.
Мысалы алтын күз мезгілін алсақ , жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әдемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.

Тапсырма Әр топқа тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын.
-Табиғат көрінісін бейнелеуді қалай атаймыз?
-Табиғат көрінісін бейнелегенде нелер көрініс табу керек?
-Күзгі табиғаттың өзгешелігі қандай?
Сұрақтарға жауап бере отырып, әр топ күзгі табиғатқа байланысты суреттер салу. Постер қорғау.
Өздері ақылдаса отырып, сұрақтарға жауап жазып және күзгі пейзаж көрінісінің суретін салады.
Әр топ ортаға шығып постер қорғайды.

Сергіту сәті Дене қимылдарын музыкамен жасату.
Сергіту сәтін орындайды.
Пысықтау Әр топтқа деңейлік тапсырмалар беремін.
1-топ. Тауы,орманы, теңізі, ауылы көрініс тапқан пейзаж сал.
2-топ.Күзгі табиғат сал.
3-топ. Тау, теңізі көрініс тапқан пейзаж сал.

Әр топ тапсырмаларына байланысты топтық және жеке жұмыстар орындады.
Қорытынды Оқушыларға сұрақтар қою арқылы қорытындылау.
-Пейзаж дегеніміз не?
-Күзгі табиғатқа сурет салған қандай суретшілерді білесіңдер?
-Күзгі табиғаттың басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы қандай?
Сұрақ -жауап
— Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
-Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
-Кімге қай жыл мезгілі ұнайды?

-Күз мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
-Күз мезгілі несімен көңілді? Оқушылар сұрақтарға жауап берді.
Кері байланыс Екі жұлдыз, бір тілек жазу.
Тілек, ұсыныстарын жазады.
Үй тапсырмасы Интернеттен, газет-журналдардан күзгі пейзажға байланысты суреттер қарау және суреттер салу.
Тапсырмаларды жазып алады.
Бағалау Топтық және жеке бағалау. Оқушылар бағаланады, күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

6-сабақ
Сыныбы 6
Пәні Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары (Менің бөлмем)
Жалпы мақсаты Кескіндеме өнері түрлерімен танысу, жұмысқа дағдылану. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету және логикалық-ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту.
Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет алғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.

Сілтеме Бейнелеу өнері оқулығы, 6- сынып. Түрлі тапсырмалар, Акварельді бояу, Түрлі-түсті карындаш
Оқыту нәтижелері Тақырыпты топпен меңгереді, түсінеді, өткен білімдері пысықтап, қорытындылауға үйренеді
Қарындашпен жұмыс істей білуге үйренеді.
Өз ойын еркін жеткізе біледі.
Бояумен, қағазбен жұмыс жасай біледі.
Тақырыпты меңгереді
Өз-өзін бағалауды үйренеді.
Негізгі идеялар Көру, ойлау, түсінуді дамытуға көмектеседі.
Тапсырма көздері
Оқушылармен сәлемдесу, құралдарын түгендеу. Қызыл сары жасыл түстер арқылы топқа бөліну
1.“Бізден сұрақ, сізден жауап” сұраққа-жауап
1. Кескіндеменің басты құралы?
А) түрлі-түсті бояу б) ермексаз
Ә) қағаз в) қарындаш
2. Бояу түрлерімен салынатын бейнелеу өнерінің түрі қалай аталады?
А) графика б) натюрморт
Ә) пейзаж в) кескіндеме
3. Табиғат көрінісін бейнелейтін картина?
А) натюрморт б) кескіндеме
Ә) графика в) пейзаж
Үй жұмысын сұрау
1. Фон дегеніміз не, фонның кескіндеме өнеріндегі ерекше орны туралы айт?
2. Фон бейнеленетін заттың қатынасына қарай қандай болып бейнеленуі мүмкін.
3. Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары қандай?
4. Түс және қосымша түстер дегеніміз не?
5. Шағылысу дегеніміз не?
6. Зат пішінін бейнелеуде көлеңкенің ролі қандай?

2.«Мәтінмен жұмыс». Гуашь бояуы мен акварель бояуын қосу арқылы аралас тәсілмен жұмыс істеуге де болады.
Қолданылатын қылқаламдар жұмыр, жалпақ болып екі түрге бөлінеді. Гуашь бояуымен батыл жұмыс істеуге болады. Өйткені, кеткен кемшіліктерді кепкеннен кейін үстін бастыртып түзеуге болады. Енді оқулық бойынша гуашь бояуымен жұмыс әдіс-тәсіліне назар аударайық.Оқушылар өз топтары туралы білетіндерін постер арқылы қорғайды. Тақырыпқа шолу.

Түс сурет салғанда және гравюра жасағанда кеңінен қолданылады.

Ч.Кенбаев «Менің ауылымның адамдары» Ә.Қастеев «Соңғы хабар» К.Есіркеев «Натюрморт

Суреттегі т ү с сурет салатын материалдар мен фонның қатысуымен шешіледі.
Бірақ сурет салу мен гравюрадағы түстерді пайдалану тәсілдері кескіндемедегіден өзгеше.
Гравирлеу француздың «Grawtr»-«Қию», «Тырнау» деген сөзінен шыққан.
Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай-ақ одан алынған басылымды да айтамыз.

Ж. Шаймарданұлы. «Графикалық сурет». Ш. Кенжебаев. «Кешкі ән».
Сурет салуға арналған материалдар.
— сия
— сангина
— бор
— тушь
Акварель техникасы
«Акварель» латынның «aqba»-«су» дейтін сөзінен шыққан.
Акварель бояуымен жұмыс жасағанда ақ түсті бояу мүлде пайдаланылмайды. Ал қажетті түстік өңді бояуларды алдын ала политра бетінде араластыру арқылы да алуға болады.

Г.Баянов. «Әуен» Акварель О.Таңсықбаев. «Бақташы». Майлы бояу Е.Сидоркин. «Ақын».Гуашь

Акварель бояу қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты құнды қасиеті болып табылады.
— Дымқыл қағаз бетіне бояуды жағу
— Қағаз бетіне бояуды орын ауыстыра отырып орындау.

Ә.Қастеев «Су электростанциясы», «Соколов-Сарыбай»
«Палитра» сөзі екі ұғым береді. Біріншісі-суретші бояуларды салып араластыратын тақтайша, екіншісі- суретші бояуларының жиынтығы.
Майлы бояудың шығу тарихы.
Алғашқы майлы бояу, құрғақ ұнтақ бояуды жаңғақ майы мен зығыр майына еріту арқылы ХҮ ғасырда нидерланд суретшілері ағалы-інілі Ван –Эйктердің атымен тығыз байланысты.
Майлы бояу техникасы.
Майлы бояумен суреттерге түс берудің ерекшелігі
– жартылай дымқыл
– жартылай кепкен
– кептіру арқылы жұмысты жалғастыруға болады.

О.Таңсықбаев «Хожакент» Ж.Шарденов.»Каспий жағалауы» А.Ғалымбаева «Дастархан»

Сарамандық жұмыс Топпен жұмыс:
Натюрмортты бейнелеу алгоритмі
1-кезең 2-кезең 3-кезең
. Сабақты бекіту.
1.Кескіндеме жасау техникаларының қандай түрлерін білесің?
2.Майлы бояу арқылы жұмыс жасауда қандай ерекшеліктер бар?
3.Бояу түстерін іздейтін құрал қалай аталады?
4. Қандай бояу түрлерін білесің және оның қайсысын қолдандың, оның ерекшелігі туралы айт?
5. Қазақстан суретшілерін ата?
6. Қазақтың акварелист суретшісін ата?
7. Осы сабақта қандай шығармалармен таныстың және оның авторы кім екен?

Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын:
1. Қосымша түстер дегеніміз не?
2. Шағылысу дегеніміз не?
3. Фон деп нені айтады?
Қорытынды: оқушылардың жұмыстарын талдау, бағалау.
Бағалау Оқушылар өз-өздерін таратпалы кағаз арқылы бағалайды. Жиынтық бағасы қойылады.
Кері байланыс 1. Білемін 2.Білдім 3. Білгім келеді
Үйге тапсырма Композиция туралы оқу, іздену

Сабақ тақырыбы:
Суретшілер шығармаларын талдау Сабақ 7
Жалпы мақсаты: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру .Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,оқушы санасына терең сіңіру.
Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Әдіс- тәсілдер:
Блум таксономиясы , сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Күтілетін нәтиже Эстетикалық тұрғыда бейнелеуге үйрету
Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;
Сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілетін дамыту
Негізгі идеялар
Оқушыларды өнертанушылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дереккөздер Интерактивті тақта, электрондық оқулық, иллюстрация,дидактикалық материалдар.
бейнебаян
Сабақ кезеңдері
І Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Жылы лебіз » тренингін өткіземін
Тапсырмалар
Үй тапсырмасын тексеру:
— Кескіндеме жасау техникаларының қандай түрлерін білесің?
— Майлы бояу арқылы жұмыс жасауда қандай ерекшеліктер бар?
— Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
— Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

ІІІ Білу ,тану

Бейне баян көрсету

Суретшілер шығармаларын көріп, қабылдауда суреттегі табиғат көрінісі, заттар тобы, оқиғалар, адамдардың көңіл күйі, яғни қуанышқа, қайғыға, қорқынышқа икемдігін түсініп, автордың бейнеленген бейнеге, оқиғаға әсерленуін, сүйіспеншілігін, ренішін аңғару қажет. Суретші С. Мәмбеевтің шығармасына назар аударып көрелікші.
Қазак халқының мақтаныш етер шебер суретшілерінің бірі Сабыр Мәмбеевтің көркем шығармалары ең алдымен көрерменнің эстетикалық сезіміне әсер етеді. Түстердің әсемдігі, композицияның анықтығы, бояу колоритінің байлығы суретшінің әрбір шығармасында әлемді әуезді кабылдауға бейімділік байқалады. Суретші шығармалары көрген адамның жан дүниесін тебірентпей қоймайды.
Мысалы, оның «Жолға шыққанда» атты шығармасына назар салып, мұқият зерделеп көрейік. Бұл шығарманы сендер оқулық беттерінен талай рет көріп, таныс болғансыңдар. Суретшінің салған суретінде алдыңғы планда жол жүріп, шаршаған бір топ адамның демалып отырған кезі бейнеленген. Суретте сол жақта сәби көтерген ақ көйлекті ана бейнеленген. Оның жанында ашық түсті киім киген ер адам отыр. Сары және көгілдір жейде киген екі ұл бала тура көрерменге карап, көк шалғынның үстінде жатыр. Көк-жасыл түсті көйлек киген кыз бала ең шетте отыр.
Суреттегі көріністі суретші көлденең жазық қалпында бейнелеген. Суретте аспан, тау, адамдар үстіндегі киімдері де көлденең жатық сызықты бояулармен жазылған. Суретші шығармасында биік таулардың әсем табиғаты бейнеленген. Алыстағы таулардың көрінісі, аппақ қар басып биіктей түскен шыңдар аспанмен бірігіп кеткендей. Тау басындағы бір қарағанда аппақ болып көрінетін қарға назар салып, бақылап мұқият қарасақ, ондағы ақ түстерден өзге сары, күлгін, қызғыш, жасыл, көкшіл түстердің де барлығын байқаймыз. Бұл суретшінің түс жарасымдығын
табуда, бояу колоритін байыту әдісін жақсы меңгергенін байқатады. Біз қашықтан ақ түстерді жақындағы сияқты таза аппақ күйінде көре алмаймыз, одан басқа ақ түс құрамында сары түстер реңктері, тіпті қызыл-сары түстер де пайда болады. Ара қашыктық алыстаған сайын жасыл түстер өте қатты өзгеріске енеді. Осы өзгерістер суретші шығармасындағы жасыл түсті қыраттар мен ойпаттар көрінісінде орын тапқан. Заттар арасындағы қашықтықты бояу арқылы беру үшін оларды бақылап, жақындағы табиғи түстерді алыстағымен салыстыру қажет.
Суретшілер кеңістік, ауа, жарық түс, адам денесінің көлемі мен мүше бөліктерін бере білу шеберлігін меңгере отырып, өнердің биік те таңдамалы шығармаларын жасай біледі. Мына суретте суретші жаңбырлы күнгі ауа райын бейнелеген. Біздің түстерді қабылдауымызға, әдемі «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық, яғни ауа қабаты және түстік ортаның қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мысалы, жазғы ашық ауада жарық түскен жерлерде түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады. Бұлтты күндері түстер өзінің қанықтылығына ие болады да, біздің көзі
міз түстік алмасулар мен реңктерді әлдеқайда көбірек қабылдайды. Бұл суретте суретші көбіне шектеулі палитраны пайдаланған. Нағыз суретші ең елеусіз және күнделікті нәрсенің өзінен көп жағдайда қызықты нәрсені көріп, оны өз шығармасында көрсете біледі. Кейбір суретшінің тек бір тақырып бойынша ой-өрісі шексіз болады. Суретші И. К. Айвазовскийдің теңіз тақырыбына арналған белгілі «Тоғызыншы толқын» атты шығармасын сендер 5-сыныпта көріп, тамашалаған болатынсыңдар.

Ол күнмен бірге тұрып, таңертеңгілік астан кейін қолына өзінің қылқаламын алған. Суретін түске дейін салып, одан кейін барып теңіз жағалауында демалуды жөн көрген. Тынығып алып, кешке дейін жұмысын жалғастырған. И. К. Айвазовскийдің ішкі жан дүниесі мен еңбекқорлығы ерекше таң қалдырады. Ол бірнеше күндер бойы жалғыз өзі кеменің үстінде отырып, теңіз жағалауында сурет салған. И. К. Айвазовскийдің суретінде тынымсыз дабыл қаққан қатыгез теңіз бейнеленген. Ашулы толқынын аспанға атқан теңіз кемені сан бөлікке аяусыз бөлшектеп сындырды.
Жасыл-көк толқынның арасында тек бірнеше адамдардың жан ұшырып тірі қалғанын көруге болады. Олар кемеден қалған соңғы қалдықтарға жабысып, ең қорқынышты зардапты күтуде. Адамдар соңғы сынақтан тірі қала ма, жоқ әлде ауыр толқын оларды жұта ма? Міне, қою бұлттардың арасынан күннің сәулесі үшкір найзағайдай жарқырап көрініп келе жатыр. Күн, жарық күн. Бар үміт осы жаратылыста. Ол үмітін үзген жандарға катыгез теңізді жеңуге көмек көрсетеді. Суретшінің бұл драмалық көрінісін қарап отырып, жан дүниең ақтарыла тебіренеді.Теңіздің иісі мұрныңа келіп, оның толқынынан шашыраған тамшылары бойыңды серпіп өткендей болады. Құлағыңа ауыр толқынның тулап барып құлаған даусы естіліп, бір мезет ойыңнан селт ете қаласың. Өйткені суретші теңіздің сұлулығын, оның күштілігін суреттейді. Сонымен қатар суретші, суретте тынымсыз теңіздің көрінісін бейнелеу арқылы адамзаттың өмір үшін күресін, қайсарлығын көрсете білген.
Ә. Ысмайыловтың «Жуалы атырабында» атты шығармасында мұнар басқан қат-қабат таулар, өмірдің шексіздігі мен салтанатын білдіретін жайлау, өзен бейнеленген. Бір қарағанда таулардың бәрі бірдей сияқты, ал түстері әр түрлі. Әдетте таулар бізден қашықтаған сайын олардың түстік бояулары да ашығырақ, көгілдірлеу болып көрінеді. Біз көретін түстердің әрдайым өзгерісте болуына тәулік мезгілі, ауа райы құбылыстары да әсер етеді. Кешке қарай күн сәулесі ауа қабатының тығыз бөлігін көлденең қия отырып қиғаш түседі. Себебі жерден көтерілген бу ауаны қоюландыра түседі де, күн батарда сары және қызғылт реңктер пайда болады. Суретші шығармасын анықтап қарасаңдар, осы кезде қызғылт сары жылы түстермен бар әлем жаңғырады, ал көлеңкелер мұндай кезде басқа реңктерге, яғни салқындау суық түске енеді.
Қашықтан қарағанда түрлі түстер әр түрлі күйде өзгеретінін аңғаруға болады. Бұл әдетте бұйымдардағы табиғи түстердің өзгеруін бақылау кезінде кездеседі. Егер күн біздің артымызда немесе төбемізде тұрған болса, алыстағы кара түстер бізге ағарып көрінеді. Осы өзгерістер «Жуалы атырабында» жақсы көрсетілген.
Суретші Қ. Телжановтың «Көкпар» атты шығармасында қазақтың кең-байтақ даласында көкпар шауып, тартысқа түскен ер-азаматтар бейнеленген. Ширыққан ат үстінде шыныққан көкпаршы жігіттер. Суретші бұл шығарманы жасау үшін ең алдымен эскиздер салып, аттардың әр түрлі қозғалыс кезіндегі қимыл-қалыптарын қағаз бетіне түсіреді. Одан кейін кең дала табиғатын, адамның бастары мен қолдарын, денесін сан түрлі кейіпте жеке-жеке орындап шығады. Бұл шығармадан біз орындалу техникасының және адам ойының мазмұнға бай көрінісін көре аламыз.Суретші шығармасындағы алдыңғы планда аттылардың бәрінен озып келе жатқан негізгі көкпаршы өзінің алғыр да күш-жігеріне сенімі мол екендігінен хабардар етеді. Суретшінің басты назарын жарық пен көлеңкеге көбірек бөлетіні сезіледі. Осы жарық пен көлеңке алдыңғы қатардағы көкпаршының бет әлпетін жандандырып, өңін аша түскен. Суретші шығармадағы әрбір кейіпкердің өзіне тән бейнесін ашып көрсету үшін оларды көгілдір фонда күн сәулесінің жарығымен айқындай түседі.

.

Сабақты бекіту І тапмырма:-Айвазовскиидің «Тоғызыншы толқын» картинасында бейнеленген оқиға туралы
не айтуға болады?
-Суретші өз картинасында қандай түстерді көбірек пайдаланған?
ІІ тапсырма:Сәйкестендіру тестісі.
а/ Қ Телжанов б/Жуалы атырабында
Ә Ысмайлов Тоғызыншы толқын
И Айвазовскии Көкпар
С Мәмбиев Жолға шыққанда
2-тапсырма

3 тапсырма
Суретшілер шығармаларын талдау үшін 4 топқа 4 түрлі суретшінің шығармасы мен мәтінін оқуға беремін. Оқушыларды қайтадан 1-ден 4-ке дейін санау арқылы эксперт

4-тапсырма

Болмасаңда ұқсап бақ демекші сендер атақты суретші болмасаңдарда өз ойларыңнан еркін тақырыпта сурет салыңдар.
Сарамандық жұмыс Қ Телжанов « Көкпар» шығармасын орындау

Үйге тапсырма беру Әр түрлі суретшілер шығармаларын салыстыра отырып, ерекшеліктерін ашуға тырыс
Әр оқушыға өзіне баға беруін өтіну. Сұрақтар қою арқылы өзіне берген бағасының лайықтылығын бақылау.
Өзі бүгінгі сабақты меңгергені, сурет салғаны, үйренгені жөнінде өзіне есеп беру арқылы өзіне баға береді, жолдастары өзіне берген бағасына лайықпа, лайық емес болса ұсыныстарын айтады.

8 сабақ 6 сынып
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның көрнекті суретшілері
Жалпы мақсат: Тақырыптың себеп-салдарлы байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білу және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
Жаңа тақырып туралы түсініктер қалыптастыру, тақырып жүйесін түсніу
Сабақтың мақсаттары Оқушыларға Қазақстан суретшілерін танып білуге үйрету.
Қазақстанның суретшіcі Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы жайында білімдерін кеңейте түсі;
Балалардың өз жерлестерінің өнерлерін мақтан тұтуларына ықпал ету;
Сурет салу жұмысы барысында оқушыны таза жұмыс орындау қабілетін дамыту
Күтілентін нәтижесі: Оқушылар тақырыптың жалпы сипаттамасы туралы түсініктерін дамытып, оқып үйренеді.
Негізгі идеялар: Тақырыпты түсінін оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту
Сабақта қолданылатын материалдар: 3. Үлестірмелі материалдар, маркер
4. АКТ
5. Карточкалар
Оқыту әдістері: Кім жылдам
Миға шабуыл
Жигсо әдісі
Венн диаграммасы  Топтық жұмыс
 Жұптық жұмыс
 Шығармашылық жұмыс
Дерек көздері: Қосымша тақырыбына берілген материалдар:
www.РефератOff.kz
www.art.kz

Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Ой қозғау.
ІІІ. Мағынаны тану.
ІV. Топтық жұмыс.
V. Шығармашылық тапсырма

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)
Сыныпты топқа бөлу (кескіндер арқылы)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды санау арқылы топқа бөлу Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу

I.Үй тапсырмасын сұрау (4 мин) «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау Мұғалім берген тапсырманы орындау

II.Ой қозғау « Жигсо» әдісі бойынша «Суретшілер шығармаларын талдау.» тақарыбын өздері талқылап, өздері қайталау масатында қосымша тапсырмалар таратылады

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау
Мына сұрақтар көлемінде әр топ өз білгендерін ортаға сала отырып , өз ойларын ортаға салады:
— Сұрақтар:
— Кескіндеме дегеніміз не? (Түрлі – түсті бояумен салынған сурет);
— Графика дегенді қалай түсінеміз? (Сурет сызық, штрих, дақ арқылы салынса графика деп аталады);
— Сәулет өнеріне не жатады? (Сәулет – архитектура – құрылысшы деген мағына береді. Оған түрлі кешендер, кітапханалар, үйлер , т.б. жатады);
— Дизайнер – суретшінің міндет қандай? (беріктік, қолайлылық, әдемілік. Жаңа нәрселерді ойлап табады)
— Натюрморт деп қандай суретті атаймыз? (Жансыз заттар бейнеленеді. Мысалы, ыдыстар, гүл, жемістер, т.б.). (Оқушылар жауаптары тыңдалады).
— 1. Суретші өз картинасында қандай түстерді көбірек қолданған?
— 2. Өзің таңдаған картинаны әңгімелеп бер?
— 3. Айвазовскийдің «Тоғызыншы толқын» картинасында бейнеленген оқиға туралы
— айтып бер.
— 4. Қазақстан суретшілерін ата?

II.Мағынаны ашу: «Қазақстанның көрнекті суретшілері оқу» туралы жаңа тақырыпқа байланысты постер әдісін пайдалану
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады. Әсемділік туралы өз ойларын суретке салады Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау
— Постер қорғау. (Қиял әлеміне саяхат)
Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы түрі болмасын тарихи, тұрмыстық, әскери, анималистік және т.б. жанрларға бөлінеді. Сонымен қатар графика, кескіндеме шығармаларының кейбірі натюрморт, пейзаж жанрларына жатады.
Қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының тақырыптары сан алуан. Олар: «Ежелгі қазақ елінің салт дәстүрі», «Ұлттық ойындар», «Айтыс өнері», «Ұлттық киім», «Үй жиһаздары», «Азамат соғысы», «Қазан төңкерісі», «Ұлы Отан соғысы», «Ана образы», «Тарихи тұлғалар бейнелері», «Қазіргі еңбек, өнер, әдебиет, музыка, ғылым, қоғам қайраткерлерінің образы» деген ауқымды мазмұнды қамтиды.
Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаған көптеген суретшілеріне республикадағы сіңірген еңбегіне қарай «Қазақстан Республикасының Халық суретшісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атақтары берілген.
Оқулығымыздың 156 – бетіне зер салсақ, өзіміздің қаншама атақты суретшілеріміздің шығармаларын көре аламыз. Мысалы мұнда өзіміздің Ағамсалы Дүзелханұлының, Айша Ғалымбаеваның, Әбілхан Қастеевтің, Гүлфайрус Ысмайылованың, Нелли Бубенің, Евгений Сидоркиннің, Молдахмет Кенбаевтің, Орал Таңсықбаевтің, Серік Тайыновтың түрлі тақырыптардағы шығармалары бейнеленген. Олар өте әдемі және байқасаңдар әр түрлі тақырыптарда салынған.
— Балалар тақтаға зер салсақ біздің суретшілеріміздің суреті берілген, қане бұл суретшілер жайында не білесіңдер?
— Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 — 1931 жылдары Н. Г. Хмудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.
— Әбілхан атамыз екі мыңнан астам әр түрлі жанрдағы шығармалар жазды. Олар қазақ халқының тарихын паш ететін пейзаждар, портреттер, картиналар еді. 1937 жылы Қазақ ССР — інің Халық суретшісі атағын алды. (Туындылары экраннан көрсетіледі).
Балалар, біз білеміз ұлы тұлғалардың аты ешқашан ұмытылмайды. Мысалы, Әбілхан атамыздың атыман мұражайлар, еліміздің сан қалаларындағы көшелер, оқу Осы аталған тақырып көлемінде білгендерін постерге түсіріп, әр топтан қорғайды.

IV.Топпен жұмыс (8 мин) Вен диаграммасы Сұрақ жауп кезеңі
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Диаграмманы толтыру
Әр топ диаграммнаны толтырып тексереді Диаграмманы толтыру арқылы тақырыптың негізгі идеясы мен мазмұнын ашу

1. Ш.Уалихановты кім деп танимыз?
2. Ш. Уалиханов салған суреттерін неге кәсіптік өнерге жатқызбайды?
3. Қазақстанда реалисттік бейнелеу өнерінің оянуы кімнің есімімен байланысты болды?
4. Н.Г. Хлудов қазақтың жас суретшілері үшін не істеді және оған кімдер келді?
5. Әр түрлі суретшілер шығармаларын салыстыра отырып, ерекшеліктерін ашуға тырыс.
6. Қазақстанның ең үздік көркемсурет мұражайларын ата?
7. Мұражайдың ұйымдастырылуына не түрткі болды?
8. Ең алғашқы сурет көрмесі кімнің атымен аталды және онда қанша картина бар еді?
9. Қазақ КСР-інің Мемлекеттік өнер мұражайы қай жылы Ә.Қастеев атындағы мұражай деп
танылды ?
10. Павлодар облыстық көркемсурет мұражайында Халықтың қандай рухани құнды қазыналары
бар?
11. Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері мұражайының Невзоровтар атындағы мұражайы деп аталу
себебін айт?
Сөзжұмбақ шешу.
1. Адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті үйлер.
2. Қара немесе қызыл боялып келетін балықтың ұрығы.
3. Бір түстің құбылған түрлері.
4. Бір маңызды жасалған монументті бейне немесе құлпытас.
5. Баспа бояуы.
6. Әр түрлі заттарды өрнектермен безендіру.
7. Тасқа бедерлеу арқылы қағазға көшірілген сурет.
8. Мүсіндеуде оқушы пайдаланатын негізгі материал.
9. Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші.
10. Ұлттық киімдерді тігетін адам.
Демек, бүгін біздер сурет әлеміне өз үлестерін қосқан қазақ суретші
лерімен танысамыз.
.Альбоммен жұмыс. Жұмбақты оқушыларға оқу.Жұмбақтың жауабын сурет арқылы салу.
1.Бір түкті кілем, бір түксіз кілем.\жер\
2.Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды.\күн\
3.Жер дүниені аралайды,
Тауға барып паналайды.\бұлт\
4.Өркешіне мұз қатқан,
Шудасынан су аққан.
Мынау неткен қара нар,
Күншіліктен мұнартқан.\тау\
5.Тікен-тікен, тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.\шырша\
6.Тыным таппас ебелек,
Гүлге қонған……….\көбелек\
Яғни, балалар бүгін сендер қандай тақырыпта сурет салдыңдар ?
— Пейзаж.
— Салған суреттеріңді өздерің түрлі-түсті бояуға бояңдар

Балалардың шығармашылығы арқылы сабақты қорытындылау.
Сәйкестендіру стратегиясын орындату арқылы .сұрақтарға жауап алу.
1.Табиғат көрінісін бейнелейтін жанрды не дейміз? — портрет
2.Адам келбетін бейнелейтін жанр Ә.Қастеев
қалай аталады ?
3.Қазақ халқының ұлы суретшісі. Пейзаж
4.Орыстың атақты пейзажист-суретшісі Гравюра
5.Кемпірқосақтың түстері нешеу? Левитан
6.Ою, нақыштау 7

V.Сергіту сәті: (1 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау Берілген тапсырманы орындау

VI.Шығармашылық тапсырма «Эссе жазу»
«Әсемділікті былай түснемін ( Топ бойынша Эссе жазу, талдау, бағалау) (10 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу

VII.Қорытындылау: (сұрақ-жауап) (3 мин)
9. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?
10. Сурет өнері деген не?
11. Білімді жетілдіруде не істеу керек?
12. Алған білімнің не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
VIII.Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
ББҮ кестесін толтыру
IX.Бағалау: Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағдарша, бағалау парақшалары
X.Үй тапсырмасы: Оқулық бойынша тапсырма

9 сабақ 6 сынып

Сабақ тақырыбы: Қазақстанның ең үздік көркемсурет мұражайы.
Жалпы мақсат: Тақырыптың негізгі мазмұнын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; ақылдылыққа, адамгершілікке баулу.
Сабақтың мақсаттары сурет көрмесі , бейнелеу өнерінің жанрлары туралы білімдерін толықтыру, оқушылардың сөйлеу тілдерін байлығын дамыту, таным-білігін арттыру
Күтілентін нәтижесі: оқушының алдыңғы, өткен сабақтарды қайталай келіп, тілдерін, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту,өз ойын жетілдіре отырып мағанасын кең түрде ашуға машықтарын да дамиды
Негізгі идеялар: Тақырыптың негізгі идеясын дұрыс түсіне білу
Сабақта қолданылатын материалдар: 6. Үлестірмелі материалдар, маркер
7. АКТ
8. Карточкалар
Оқыту әдістері: Кім жылдам
Миға шабуыл
Аквариум әдісі
Семантикалық карта  Топтық жұмыс
 Жұптық жұмыс
 Шығармашылық жұмыс
Дерек көздері: Қосымша тақырыбына берілген материалдар:
www.РефератOff.kz
www.art.kz

Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Ой қозғау.
ІІІ. Мағынаны тану.
ІV. Топтық жұмыс.
V. Шығармашылық тапсырма
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)
Сыныпты топқа бөлу (кескіндер арқылы)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Мозайка» әдісі бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөлу Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу

I.Үй тапсырмасын сұрау (4 мин) «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау Мұғалім берген тапсырманы орындау

II.Ой қозғау «Кім жылдам» әдісі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру
Әр топқа сематикалық карта мен жұмыс Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау
— Өткен сабақты «Ой қозғау стратегиясы» яғни сұрақ-жауап арқылы тексеремін.
1. Қандай қазақ елінің суретшілерімен таныстық?
2. Ысмайылова мен Ғалымбаеваның өнерде ұқсас жақтары бар ма?
3. Қастеев қай жанр суретшісі?
4. Суретшілер білім алған негізгі оқу орындары қандай?

II.Мағынаны ашу: «Қазақстанның ең үздік көркемсурет мұражайы «Аквариум» әдіс»
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.
Сурет галереясы — негізінен немесе бірыңғай кескіндеме туындылары жинақталатын көркемсурет мұражайы. Үлкен мұражайлардың кескіндеме бөлімдері мен картиналарды сақтауға арналған сарай залдары да Сурет галереясы деп аталады.

Ә. Қастеев атындағы Орталық өнер мұражайының көрме залы.

Тақырып бойынша өз ойларын ортаға салу

IV.Топпен жұмыс (8 мин) Постермен жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады. Табиғат туралы өз ойларын суретке салады Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау
Постер бойынша қорғайтын тақырыптар:
Постер,қорғау
1-тапсырма. «Сыңарын тап» деп аталады. Суретті қиып тастаймын. Оқушылар құрайды.(1-портрет,2- пейзаж) Осы бойынша оқушыларды 2топқа бөлемін.
2-тапсырма. Суретшілердің сурет өнерлерін көрсетиу
3-тапсырма.Топтар бір-біріне сұрақ қойып,тексереді(тілші)

V.Сергіту сәті: (1 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау Берілген тапсырманы орындау

VI.Семантикалық картамен жұмысм
«Сурет көрмесін біз былай түсінеміз» ( Топ бойынша семантикалық картаны толтырады, бағалау) (10 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты семантикалық карта таратады топқаы Оқушылардың мақсаты берілген семантикалық картадағы сұраққа өз ойларын толтыру арқылы жеткізу

VII.Қорытындылау: (сұрақ-жауап) (3 мин)
13. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?
14. Көрме дегеніміз не?
15. Білімді жетілдіруде не істеу керек?
16. Алған білімнің не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
VIII.Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
ББҮ кестесін толтыру
IX.Бағалау: Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағдарша, бағалау парақшалары
X.Үй тапсырмасы: Оқулық бойынша тапсырма

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 10
Сабақтың атауы Графика өнерінің түрлері «Күзгі натюрморт»
Мақсаты Сурет және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру. Графика өнерінің шығармаларына толық мәлімет беру.

Күтілетін нәтиже Оқушылар графика туралы ойларын дамытады.Графика өнерін мағлұматтар арқылы толық меңгереді,
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырмаларды сұрап
пысықтау.
. Сөзжұмбақшешу.
Сөзжұмбақтыңсұрақтары:
1.Түстерді зерттейтінғылым? (Түстану).
2. Түртапқыштақтайша. (Палитра).
3. Күнсәулесіндегібарлықтүстердіңтолқындықұралы? (Спектр).
4. Жаратылыстануғылымынаспектрдіенгізгенғалым. (И. Ньютон).
5. Су бояуы. (Акварель).
6. Хайуанаттардыңсуретінсалатынсуретші. (Анималист).
7. Адамның бет әлпетінбейнелейтінкөркемшығарма. (портрет).
8. Түстердіңпайдаболуынзерттегенғалым. (Аристотель).
9. Мата бетінесурет салу қалайаталады? (Батик).

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Графика — бейнелеу өнерінің бір түрі (сурет салу, жазу мен сызу). Оған қолмен салынған сурет, сондай-ақ басқа да тәсілдермен (литография, гравюра, фотолитография және т. б.) орындалған суреттердің барлық түрлері кіреді.
Сызба (графика) — бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі. Графика грек тілінен аударғанда — «сурет салу» деген мағынаны білдіреді. Графикалық бейне тек бір түсті ғана емес, сонымен қатар түрлі түсті болады. Сызба өнерінде штрих аса маңызды рөл ойнайды. Сызбаның түрлері:
1) қондырғылы сызба (сурет эстамп, лубок);
2) кітап және газет-журнал сызбасы;
3) қолданбалы (грамота, диплом, марка, этикетка, жарнамалар және т.б.).
Көне заманнан келе жаткан сурет салудың бір құралы — көмір және сангина, ал XVI ғасырдан бастап графит қолданылып келе жатыр. Ол — казіргі кезде көп қолданылып жүрген сырты ағашпен қапталған қарындаш. Графит қатты және жұмсақ болып екіге бөлінеді. Сонымен қатар сызба техникасына соус, акварель және гуашь бояулары да жатады. Сурет, картина, жазуларды литография, гравюра, фотомеханикалық репродукциялардың көмегімен көбейтуге болады.
Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны, сондай-ақ одан алынған басылымды айтады. Гравюраның қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен танысалық. Ол үшін қажетті материалдар: ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тушь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз. Қара тушьті қағаз бетіне толық жағып шығу қажет. Тушь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әр түрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады. Көп дана етіп шығару үшін линолеум, картон және шыны сияқты материалдарды пайдалану қажет. Алғаш салған суреттеріңді естеріңе түсіріңдерші. Сендер оны қарындаш, сия немесе акварель бояуымен және міндетті түрде қағазға салдыңдар. Сендер бірақ графикамен шүғылдандық деп ойлаған да жоқсыңдар. Ал графика дегеніміз қағаз бетіне түскен сурет. Графика көбіне-көп ақ-қара, бірен-саран түрлі түсті болып келеді. Сендер күнделікті өмірде графикамен жиі ұшырасасыңдар. Олар — газеттегі сықақ, кітаптардағы иллюстрация, көшелерге жапсырылған жарнама, плакат, почта маркалары, ақша таңбалары, бұйым қорапшаларындағы әріптер, ең ақыры көрме залында, мұражайда, үйде, мектепте ілінген суреттер. Суретшінің қарындашпен, көмірмен, тушьпен, кей жағдайда түрлі түсті қарындашпен, акварельмен салған суреттері, әдетте, бір-ақ дана болады. Оның кітаптағы, журналдағы көшірмелері баспаханаларда арнайы құралдар мен машиналар арқылы дайындалады. Бірақ суретшінің өзінің де көбейте алатын мүмкіндігі бар. Арнайы құрал-штихель арқылы суретші өз еңбегін тақтайға, линолеумге, металға немесе қышқыл арқылы беті айрықша лакпен жүргізілген литографиялық тасқа, мыс және қорғасын табақшаларына инемен сызып, кәдімгі айнаға түскен суреттей теріс салып шығады. Содан кейін сол суреттің бетіне валик арқылы бояу жағады да, өзіне қанша дана керек болса, сонша дана көшірмесін алады. Суретті тақтай және металл арқылы көбейту әдісін гравюра деп атайды. Гравюраны линолеумге, пластмассаға, ағашқа, картонға жасауға болады. Ал литографиялық тас арқылы жасалған көшірмені литография дейді. Гравюра туындылары кесу іс-әрекеттері арқылы жүргізілетіндіктен, кескішті нық игеруге және онымен кез келген сызықтарды емін-еркін жүргізуді үйрену үшін бірқатар дайындық жаттығуларын жасау қажет.
1- жаттығу. Қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескішпен ені 0,5 мм-ден аспайтын арықша-бедер жүргізіңдер. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп тағы да 0,5 мм келесі бірнеше сызықтар жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10×10 см көлемде тік төртбұрыштарға тіліңдер.
2- жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасаңдар, тақтаның бетін тегіс толтырыңдар.
3-жаттығу. Шеңберсызғышпен (циркуль) дөңгелек жүргізіп, оларды да кескішпен тіліп арықша жасаңдар.
Графика — бейнелеу өнерінің көне түрі. Ежелгі суретшілердің үңгір ішіндегі қабырғаларда қалдырған суреттері, көне грек құтыларындағы ою-өрнектер, қайта өрлеу дәуіріндегі көрнекті қылқалам шеберлерінің гравюралары мен суреттерінің бәрі тамаша графикалық туындылар болып есептеледі. Бүгінде графика өнері бейнелеу және мүсін өнері сияқты жан-жақты дамып отыр. Тіпті онсыз біздің өмірді көз алдыңызға елестетудің өзі мүмкін емес. Кез келген балалар кітабын парақтап қарасақ, мәтіннің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін суреттерді, яғни графикалық шығармаларды көруге болады.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Сурет салудың кезеңдері айтылады.
• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.
1. Қойылған заттарды салу симметрия сызығын сызудан басталады.
2. Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялық денелерге ұқсас,сол геометриялық денелердің көмегімен заттарды жұмыс дәптерге орналастырады.
3. Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз.
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма.
2. Түстерді зерттейтін ғылым?
3. Бейнелеу өнерінің жанры?
3. Күн сәулесіндегі барлық түстердің толқынды құралы?
4. Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады?
5. Мата бетіне сурет салу қалай аталады?
6. Табиғатты бейнелейтін жанр.

. Қорытындылау.
«Графикалық натюрморт — бір түсті бояу, қарындаш, тушь арқылы орындалған заттардың немесе бұйымдардың суреті»

Үйге тапсырма Жеңіс күніне әңгіме жазу
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Сабақ тақырыбы Сурет түрлері «Түнгі пейзаж», «Арман қала» Сабақ 11
Мақсаты Сәулет және дизайн туындыларын талдай білу;
Конструктивтік өнерлердің әсем өнерлер қатарындағы орнын, олардың ортақ бастамалары мен ерекшелігін білу.

Күтілетін нәтиже Сыни көзбен қарау дағдысын қалыптасады, ойлау дағдылары жетіледі,
үйренеді.

Кезеңдері Модуль Мұғалімнің
іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті
Ұйымдас
тыру СТОҮ, ОЖТ Дене мүшелерімен амандасу ойыны.
Топқа бөлу (қиылған ғимараттар суреттері арқылы)
-Суреттеріңде не көріп отырсыздар?
Балалар өздері білетін әр ұлттың дене мүшелерімен амандасуын көрсетеді.
Оқушылар дыбыссыз қадаммен орындарына жайғасады

Білу СТОҮ, ОЖТ
(бағдаршам арқылы) Ассоциация туғызу «Сурет»
Интербелсенді тақтадан «Сурет» дегенде естеріңе не түседі?

Оқушылар жеке дара ойларын тақтада жазады
Түсіну СТОҮ, диалогтік оқыту
(қол шапалақ) Топтастыру стратегиясы

Сабақтың барысы:
Оттиск — көшірме түсіретін бедерлі ағаш тақта немесе білік арқылы шыныға жағылған типографиялық бояу. Қажетті материалдар: тақтаға бедер-өрнек салғанда қолданылатын тірек жастықша; тағанды үлкейткіш әйнек; бедер-өрнек салуға арналған арнайы құралдар (штихельдер).
Суретші тақтайға штихель арқылы бейне ойып салады. Салынған тақтайша «клише» деп аталады. Клишеге бояу жағып шығады да, оның бетіне таза қағазды жауып оттиск алады. Оттискте тақтай бетіндегі шұңқыр жерлер ақ болып түседі де, шығыңқы жерлері қара түсті болып шығады. Бұл жолмен бірнеше оттиск алуға болады. Оттиск тақтайша ағаштан, металдан және линолеумнан жасалынады. Линолеумге қиып салынған сурет тақтайша бетінде түскен суретті жасауға қарағанда оңай. Себебі ол жұмыс жасауға ыңғайлы.
Гравюраның линолеумге жасалатын түрі линогравюра деп аталады. Линогравюраны жасау үшін табиғи материалдан жасалған линолеум іздестірген жөн.
Орамнан кесіп алынған линолеумнің бір жапырағын тік жазылу үшін аздап қыздырып, содан соң престің астында ұстайды. Дайын болған линолеум бетіне қылқалам арқылы тушьпен сурет салып алу қажет. Содан кейін кескішпен тіліп, штрихтар арқылы бейнелерді түсіруге болады. Қажет емес сызықтар тіс тазалайтын ұнтақ пен желімнің қосындысымен сыланып бітеледі. Линогравюралар бір түсті және түрлі түсті болуы мүмкін. Ол үшін суретші бастапқы кезінде қанша бояуды қолданғысы келсе сонша тақта әзірлеуі тиіс.

Ең алдымен оқушыларға графика өнері түрінің бірі офорт жайлы толығырақ мәліметтер беріп, түсіндіріп өтемін. Сондай-ақ оның қалай жасалатыны жайлы түсіндіремін.
Офорт оймыш гравюраның бір түрі болып табылады.
Гравюра өнері оның басылым тәсілінің түрлеріне байланысты биік, терең және жазық болып бөлінеді. Бұлай бөліну басылатын элементтің шығыңқы немесе бір жазықтықта болуына байланысты.
Офорт француз тілінен аударғанда «ащы су», демек, азот қышқылы, яғни офорт тақтайшасын өңдеу деген мағынаны білдіреді.
Көптеген бұйымдар ою-өрнектермен безендіріліп, әр түрлі бедерлермен әшекейленеді. Бұйымға түсірілген өрнек элементтері жазықтық бетіне терең батырылып қашау арқылы түсіріледі. Офорт жұмысының негізіне металл және азот қышқылының бір-біріне қосылып, әсер ету процесі жатады.
Көркем оймыштың бірінші түрінде металл, ағаш, сүйек, мүйіз, мәрмәр, шыны, т. б. заттардың бетіне ойып, батырып, сызып өрнек түсіру. Көркем оймыш тәсілімен сурет салуға, көркемдеп жазуға болады. Ал енді екінші түрі — киіз, мата, былғары, боялған тері және т. б. заттарды өрнек үлгісі бойынша кесіп, оюлауды да көркем оймыш деп атайды. Мысалы, сырмақ, текемет, түс киіз, көк сауыр, етік, сүйекті кебеже, киімдік жаға және басқа бұйымдарды да осы әдіспен мәнерлеп оюлайды. Көркем оймыш құралдарына бетінде бейнелі таңбалары бар қысқыш, басқыш, ұрғы және т. б. жатады.

Тапсырма
Әр түрлі ғимараттар жайлы суреттер таратылады.
Карточкаларыңызды орналастырыңыздар?
Неге? Қандай себептермен солай орналастырдыңыздар?
Суреттерді топтастырыңыздар? (түріне байланысты, заманға, мемлекеттеріне байланысты т.с.с.)
ергіту сәті (кара жорға)
Топпен талқылап карточкаларды орналастырады. Топ ішінде әңгіме дебат құрады.
Спикер қорғайды.
Қолдану СТО, ЖИГСО,
диалгтік оқыту, АКТ
(Бас бармақ арқылы) Музыка арқылы практикалық кезеңнің тақырыбын ашамыз.
(Арман қала өлеңі орындалады)
Сен арман қалаңды қалай елестетесің?
Ойларын постерге түсіреді Диалог.
Жұппен, топпен жұмыс, зерттеушілік әңгіме.
Постерге түсіреді, қорғайды
Талдау СТОҮ
ДОЖ
(стикер арқылы)
Арман қалаңды жұмыс парағында суреттеп көрсетіңіздер. Жеке дара жұмыс
Жинақтау СТОҮ,
ДОЖ
(қол шапалақтау арқылы) «Болашақта қай қалада тұрғың келеді?» тақырыбына шағын шығарма жазу Шығарманы жазады, қорғайды
Бағалау ДОЖ Стикер арқылы бағалау Оқушылыр есімдері жасырылған карточкаларды алып бірін-бірі стикермен бағалайды

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 12
Сабақтың атауы Сурет салу реттілігі «Алғашқы қар»
Мақсаты Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.Сурет салудың заңдылықтарына баулу.

Күтілетін нәтиже Тақырыпты түсініп оқуына орай ойын толық жеткізуге ,ауыз-екі сөйлеуге, тілдік қорлары дамыйды
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып
бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
Мынау не?
— Мынау бояу.
— Мынау қандай бояу?
— Мынау көк бояу.
— Мынау нелер?
— Мынау қарындаштар.
— Бұл қандай қарындаштар?
— Бұл түрлі түсті қарындаштар.
— Саған қылқалам керек пе?
— Жоқ, маған қылқалам керек емес. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқушыларды заттардың өзіне қарап бейнелету арқылы суатты сурет салуға үйрету мәселелеріне көңіл бөлінеді. Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан теориялық білім беремін.
Компоновка – қағаз бетіне бейнеленетін затты үйлесімді орналастыру деген сөз.
Пропорция бейнеленетін заттардың үлкенді-кішілі бөлігінің арақатынасын салыстырып белгілеу деген ұғымды білдіреді.
Жарық деп бейнеленетін заттардың күн сәулесі түскен бөлігін атаймыз.
Көлеңке дегеніміз заттардың бетіне жарық түспеген бөлігі. Яғни ол меншікті көлеңке деп те аталады. Бейнеленетін заттың көлемі және формасы жарық пен көлеңке арқылы беріледі.
Сондықтан затты қарапайым қарындаш арқылы бейнелеуде сурет салу ережелеріне сүйенген дұрыс. Сурет салуға үйрету бейнелеу өнерінің ең негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан сызық арқылы нобай, долбар жасауға үнемі жаттығамыз. Көзбен көрген нәрсесін есте сақтап, жылдам бейнелеуге үйренеміз. Долбар жасауда нақты заттың пішіні жіңішке әрі жуан тұтас сызық арқылы бейнеленеді. Суретте түзу сызықтан гөрі қисық сызық әлдеқандай жанды болып келеді. Әсіресе қимылды жануарлар мен адам образын бейнелеуде долбардың рөлі зор. Сондықтан жанды нәрселерді бейнелеуден бұрын, ең алдымен қарапайым заттардың суретін салып үйренгеніміз дұрыс. Тек қана әрбір заттың пішіндік ұқсастығын тауып қана қоймай, оның реңдік қатынасына да баса назар аударған жөн. Реңдік қатынастар жарық пен көлеңке бөліктерін беру арқылы шешіледі.

Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.
1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін геометриялық денелердің
жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір геометриялық денелердің
биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу.
2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша
көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра
карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек.
суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады.
3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.
Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Мешиікті көлеңке дегеніміз — заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жа- рық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз — жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз — нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз — меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз — заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты штрихтау арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.
4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.
1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Сурет салудың кезеңдері айтылады.
• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.
1. Қойылған заттарды салу симметрия сызығын сызудан басталады.
2. Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялық денелерге ұқсас,сол геометриялық денелердің көмегімен заттарды жұмыс дәптерге орналастырады.
Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз
Үйге тапсырма Қайталау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Саба тақырыбы Кітап графикасы Сабақ 13
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кітап графикасының композициясын жасауға үйрету,бейнелеудегі шығармашылық қабілеттерін дамыту. Кітаптың бетін дұрыс нақыштау жолдарын үйрету арқылы қисынды ойлауға, эстетикалыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: 1. Мазмұнға байланысты міндет: кітап графикасының салыну ерекшеліктері мен материалдары туралы түсініктері артады.
2. Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндет: кітапты өз дүниетанымдары тұрғысынан безендіре отырып, шығармашылық ойлау қабілеті артады.
3. Топтық жұмыс немесе тәрбие әрекетіне байланысты міндет: Топпен жұмыс барысында топта айтылған барлық пікірлермен санасу арқылы бір-бірін сыйлауға үйренеді.

Нәтиже: кітап графикасының салыну ерекшеліктерін біледі;
кітап графикасының маңыздылығын түсінеді;
— өз шығармашылық қиялымен кітапты безендіруді үйренеді;
— суретті болжау арқылы сыни ойлауы дамиды.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, галерея, топтық диалог, суреттер арқылы болжау, екі түрлі түсініктеме күнделігі, сурет салу,ойлаудың алты қалпағы, , критериалды бағалау.
Негізгі дереккөздер мен көрнекіліктер: Түрлі тақырыптағы оқулықтар, Ш.Айтматовтың «На материнском поле» атты иллюстрациялық альбомы, liveinternet.ru .gmirk.kz сайты.

Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет, музыка
Психологиялық ахуалды орнату. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру.
1. Сәлемдесу.
2. Сыныпты түгендеу.
Сыныпты ортаға шақырып:
— Балалар, бүгін аптаның қай күні?
— Бүгін – жұма
— Жұма қазақ халқы үшін қандай күн?
— Жұма қазақ халқы үшін қасиетті күн деп есептеледі
— Ендеше осынау қасиетті күнде айтылған тілектер қабыл болады екен, қазір бір бірімізге тілек айтайық.
— Ендеше, мен сендерге жалпы бүгінгі қасиетті күн сәттілік әкелсін демекпін.
3.Топқа бөлу. /суреттер арқылы/
1.оқулықтар
2.ертегілер.
3. қызыл кітап
4..музыкалық аспаптар

4. Топ ережесімен таныстыру.
Үй тапсырмасы.
Графика өнерінің түрлері.графика өнері саласындағы суретшілер өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қою.
Шығармашылық жұмыстардан топ басшыларымен бірігіп, галерея ұйымдастыру.
Сабақтың бағалауын түсіндіру. /қосымша/
Сәлемдесу.
Өздерін ретке келтіру. Кітап құралдарды, дәптерлерді дайындыққа келтіреді.
Ортаға шығып бір біріне тілек айтады.

Оқушыларды суреттер бойынша төрт топқа бөлінеді.
Топбасшыларын сайлайды.

Үй тапсырмасы сұрақтарына жауап береді.

Топ басшылары үй тапсырмасындағы шығармашылық жұмыстан галерея ұйымдастырады. /1-қосыша/

Қызығушылықты ояту. 7 мин (барлық сыныппен)
Суреттер арқылы болжау.Ортаға қай сөзді қояр едіңдер? Кілт сөздерді ашу. /2-қосымшада/
Кітаптың бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту.
Суреттер мен кілт сөздер арқылы болжап, топпен бірлесе отырып шешеді.

Сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақтың негізгі бөлімі. Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады.) 25 мин.
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Оқулықтың 44-бетіндегі тақырыпқа тоқталу.
Кітап графикасы кітапты иллюстрациялау, безендіру мен құрылымын үйлеструден тұратын графиканың бір саласы болып табылады.
Кітап графикасының дамуына біршама үлес қосқан суретшілер: Қисамединов, Қастеев, Қожықов, Сидоркин, Смағұлов, Машрапов, Төреқұловтар.
График суретшілер кітаптың құрылымын ойластырады, графикалық және мәтіндік материалдарды толықтырып, кітаптың макетін жасайды.
Кітаптың сыртқы мұқабасын жасау үшін сол кітаптың ішіндегі мәтіннің мазмұнын жақсы білу қажет. Кітап мазмұнына сәйкестендіріп, мұқабасы көркемделеді. Ол нақты суретпен және көркем жазумен әшекейленеді.
Кітаптың алғашқы бетін ашқанда форзацты көреміз. Форзац кітап мұқабасы мен беттерін бірікетіретін екі қабатты парақ. Ол ақ, түрлі түсті, тақырыпты сюжетті және сәнді болуы мүмкін.сурет піщім мен мазмұнға сәйкес таңдап алынып салынады. Ол қарындашпен, бояумен орындалады. Салынған сурет композициясы, кітаптың аты, авторлардың аты, жөні баспаның аты, жарық көрген жылы жарасымын тауып түруы шарт.
Кітаптағы мәтінмен қоса жүретін иллюстрациялардың маңызы зор. Олардың әсем безендірілуі оқырманды өзіне тартып, қызықтырады. Сондықтан да суретшілер мәтіндерді дұрыс орналастыру, қаріптерінің ерекшеліктері, сурет пішіні мен өзгешелігі, олардың мәтінмен байланысы арқылы оқырманға кітап мазмұнын жақсы түсінуге көмектеседі.
Әлемдегі ерекше кітаптар туралы айту.
/3-қосымша/

Сергіту сәті.
4. Практикалық жұмыс
Бүгінгі сабағымызда кітап графикасы, оның ішінде кітап мұқабасы жұмысын жасаймыз
1.оқулықтар
2.ертегілер.
3. қызыл кітап
4.музыкалық аспаптар

Кітап графикасын көркемдеу жұмыстары өзіміздің кәдуілгі сурет салу кезеңдерімен тығыз байланысты:

— қағаз бетіне үйлестіру (кітаптың тақырыбы мен суретті)
— бояу түстерін дұрыс таңдау.
— жарық көлеңке мен түстердің реңктілігі.
— жұмысты толығымен аяқтау.
Практикалық жұмысқа бағыт бағдар беру, суреттің салыну, тақырыптардың жазылу жолдары мен түстердің үйлесімділігін қадағалау.
1.“ Бізден сұрақ, сізден жауап ” сұраққа-жауап
1. Кескіндеменің басты құралы?
А) түрлі-түсті бояу б) ермексаз
Ә) қағаз в) қарындаш
2. Бояу түрлерімен салынатын бейнелеу өнерінің түрі қалай аталады?
А) графика б) натюрморт
Ә) пейзаж в) кескіндеме
3. Табиғат көрінісін бейнелейтін картина?
А) натюрморт б) кескіндеме
Ә) графика в) пейзаж
2.«Мәтінмен жұмыс». Ұлы ақын, суреткер – Абай Құнанбаевтың (1845 — 1904) сегіз мыңдай өлең жолы, 45 қара сөзі, дастандары, аудармалары, лирикалық өлеңдері бар. Соның ішінде табиғат лирикасына тоқталайық. (Мұғалім «Жаз», «Жазғытұрым», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдерін оқиды, оқушылар слайд арқылы суреттерді тамашалайды).
Жұмыстың критерийлерін оқушвлармен бірге құрады:
1. ҚАҒАЗ БЕТІНЕ ОРНАЛАСТЫРУ.
2. БЕЙНЕЛЕУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ. (ЖАРЫҚ КӨЛЕҢКЕ, ТОНДЫҚ, ТҮСТІК ЕРЕКШЕЛІК)
3. ТАҚЫРЫПТЫҢ АШЫЛУЫ
4. ЭСТЕТИКАЛЫҚ САПА
5. УАҚЫТ
Жаңа тақырыптың мазмұнын тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.

Топ ішінде «Суретшілер» және «Өнертанушылар» болып бөлінеді. Өнертанушылар берілген тақырып бойынша ростер дайындайды.
Суретшілер кітаптың мұқабасының нобайын салумен шұғылданады.Тақырып топқа бөлген суреттердің мағынасына қарай алынады.
Бұған дейінгі оқыған кітаптарының безендірілу жолдарын еске түсіріп, күнделікті оқып жүрген оқулықтарының графикалық мазмұны жайлы ойланады. А3 формат, түстегіш құралдары, сызғыш, циркуль т.б материалдарымен әр топ өз тапсырмаларын орындайды.

Мұғаліммен бірге шығармашылық жұмыстың критерийлерін құрады.

Ой толғаныс 7 мин
Топ жұмыстарын бір біріне бағалатады.
Топтар бір-бірінің жұмыстарын формативті бағалайды, сұрақтар қояды.
Мұғалімнің формативті бағалауы.
Критерийлермен бір-бірінің сумативті бағасын шығару.
Топтар суреттерін бір-біріне беріп, суреттерін стикердегі пікірлерімен формативті бағалайды.

Қорытындылау
Ойлаудың алты қалпағы
Қазіргі кезде электронды құрылғылыр кітапты алмастыра ала ма?
1. кітап графикасы деген не?
2. кітап графикасы саласындағы суретшілер?
3. форзац деген не?
Оқыту үдерісі жайлы ойланады, өз біліміне қатысты сенімділігін көрсетеді.
Топпен пікірлесе отырып, жауап іздейді.
Басқалардың жауаптарын толықтырады.
Топтан бір оқушы шығып, топтың ойын жеткізеді.

Бағалау 2 мин.
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Критерийлерді ескере отырып, қорытында баға шығару Топ басшысы бағалайды.
Үйге тапсырма 1 мин
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмаларды түсіндіру. Кітап мұқабасы мен қосарбетіне нобайлар дайындау, тақырып еркін. Тапсырмаларды күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия 2 мин
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың?
«Бас бармақ әдісі» Өздерінің пікірлерін бас бармақтар арқылы білдіреді.

/1-қосымша/
Бағалау парағы. Топтың аты_____________________топ басшысы___________

Сабақ кезеңдері Бағалау өлшемдері Топ мүшелерінің аты-жөні

Үй жұмысы
Графикалық сурет салу, сұрақтарға жауап беру. «5». Тапсырманы толық орындаған. Сұрақтарға белсенді жауап берді.
«4». Суретте тондық ерекшеліктер, жарық көлеңке толық берілмеген, сұрақтардың басым көпшілігіне белсенділік танытты.
«3».Сурет салынған, бірақ боялмаған. Сұрақтарға жауап беруде қиналды.
«2». Тапсырманы мүлде орындамаған
Жаңа сабақ.
Топтық жұмыстар.
Шығармашылық жұмысты жасау мен
топтық талқылаулар.

«5». Шығармашылық және топтық жұмыстардың басынан аяғына дейін өте жақсы белсенділік танытты
«4».Шығармашылық жұмыстарда жақсы белсенділік танытты
«3». Шығармашылық жұмыстарда селқос жұмыс жасады.
«2».шығармашылық жұмысқа араласпады. Мүлде әрекет жасамады.
Топтық жұмыстағы белсенділік. «5»-топтық жұмыстың /талқылау, пікірлесу, санасу/басынан аяғына дейін өте жақсы белсенділік танытты.
«4»- топтық жұмыстың /талқылау, пікірлесу, санасу/басынан аяғына дейін жақсы белсенділік танытты.
«3»- топтық жұмыстрда селқостық танытты
«2»- топтық жұмысқа мүлдем араласпады.
Жалпы ұпайы
Бағасы

Бағалау шкаласы:
14-15 ұпай – «5»
11-13 ұпай – «4»
8-10 ұпай – «3»

/2-қосымша/

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 14
Сабақтың атауы Абайдың шығармаларына иллюстрация «Желсіз түнде жарық ай»
Мақсаты Абайдың табиғат жайлы шығармалары туралы түсінік беру. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұнын түсіне отырып, иллюстрацияны кескіндеме (живопись) түрінде бейнелеуді үйрету.
Кескіндеме өнері түрлерімен танысу, жұмысқа дағдылану. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету және логикалық-ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту.
Күтілетін нәтиже Абайдың табиғат туралы өлеңдерін біліп, түсінігін бейнелей алатын болады;
Иллюстрацияны кескіндеме (живопись) түрінде бейнелеуді үйренеді;
Бірлесе жұмыс жасауды білетін болады.

+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырмаларды сұрап
пысықтау.Сурет туындыларын тексеру.
Үй тапсырмасын қорытындылау: Оқушылармен сұрақ – жауап арқылы «Мозайка» құрастырып «Абай» портретін ашу.
1 – сұрақ. Ертегі мазмұнына сурет салу қалай аталады?(Иллюстрация)
2 – сұрақ. Табиғатты бейнелеу?(Пейзаж).
3 – сұрақ. Ән,би,күй,сурет – жалпы атауы?(Өнер).
4 – сұрақ. Бір түстің құбылған түрлері.(Реңк).
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі
Оқушылардың қызығушылығын ояту:
Балалар, біз алдымен біраз әңгімелесіп алайық.
— Балалар! Бұл портретте кім бейнеленген? (Абай Қ.)
— Абай Қ. туралы не білесіңдер?
(Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, композитор, аудармашы).
Абай Қ.- «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі», «Ескендір» поэмаларымен қатар көптеген табиғат пен махаббат туралы лирикалық өлең, әндердің авторы.
Тақтада көрсетілген суреттермен жұмыс. Балалар! Тақтадан қандай суреттерді көріп отырмыз? (табиғат көріністері)
— Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарманы қалай аталады? (Пейзаж)
— Пейзажшы деп кімді айтамыз? (Табиғат көрінісін бейнелейтін суретшіні)
Табиғат деген сөзді топтастырайық

Ай, күн Су Жануарлар

Ағаш Өсімдік

Таулар
Құстар

1-топ: Абайдың табиғат көрінісін суреттейтін тағы қандай өлеңдерін білесіздер?
2-топ: Абайдың басқа қандай әндерін білісіңіздер?
3-топ:Табиғат көрінісін бейнелеу қай жанрға жатады?
4-топ: Табиғат көрінісін бейнелеу заңдылықтарын ата
1.“Сиқырлы сұрақтар” сұраққа-жауап
1. Иллюстрация дегеніміз не?
(кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет)
2. Абай кім?
(ұлы ақын, суреткер)
3. Өлеңдерде табиғаттың қай мезгілдері суреттелген?
2.«Мәтінмен жұмыс. «Желсіз түнде жарық ай»
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін оқығанда жазғы тамаша табиғатты көз алдымызға елестетеміз. Бұл өлеңде Абай нені айқын өрнектеп бейнелеген? Әрине, құпия мен жұмбақ сырға толы тамаша табиғат! Оқушылар өз топтары туралы білетіндерін постер арқылы қорғайды. Тақырыпқа шолу.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті ассоциация әдісімен суық түстер іздеу мақсатында орындалады. Палитрада суық бояу түстерін іздеу.
1.Қызыл менен жасыл түс, ерекше түс береді. Қандай?
2.Қызыл мен көк қосылып, өзге түске енеді. Қандай?
3.Қоңыр менен көкшіл түс, ортақ түске келеді. Қандай?

Қорытынды.
Үйге тапсырма Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Релелік бағалау» әдісі: Мұғалім оқушылардың бүгінгі жасаған жұмыстарын бұрынғы орындаған жұмыстары (салған суреттері) бойынша тексереді. Бұл бақылаудың жүгін жеңілдетеді және үй тапсырмасына жауапкершілікпен қарауға үйретеді.
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

15-сабақ
Сыныбы 6
Пәні Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы Эпостық жырларға иллюстрация жасау
Жалпы мақсаты Ертегі мазмұнына арнап салынған суретшілер иллюстрацияларымен таныстыру Композиция өнері түрлерімен танысу, жұмысқа дағдылану. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету және логикалық-ойлау қабілеті мен ой-өрісін дамыту.
Сілтеме Бейнелеу өнері оқулығы, 6- сынып. Түрлі тапсырмалар, Акварельді бояу, Түрлі-түсті карындаш
Оқыту нәтижелері Тақырыпты түсінін оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Бояумен, қағазбен жұмыс жасай біледі.
Тақырыпты меңгереді
Өз-өзін бағалауды үйренеді.
Негізгі идеялар Көру, ойлау, түсінуді дамытуға көмектеседі.
Тапсырма көздері
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару,
сыныпта жоқ оқушыны белгілеу.
Көңіл-күйіміз қандай?
“Көңіл-күйім жақсы” “Маған бәрі бір” “Көңіл-күйім жаман”
II.Өткен материалды қайталау:
1.Иллюстрация дегеніміз не? кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет
2. Абай кім? ұлы ақын, суреткер
3. Желсіз түнде жарық ай,Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай,Тасыған өзен гүрілдеп.
4. Мына өлеңде табиғаттың қай мезгілі суреттелген?

Мына суреттерде қандай жанрлар бейнеленген?

портрет пейзаж графика
1.“Бізден сұрақ, сізден жауап” сұраққа-жауап
1. Кескіндеменің басты құралы?
А) түрлі-түсті бояу б) ермексаз
Ә) қағаз в) қарындаш
2. Бояу түрлерімен салынатын бейнелеу өнерінің түрі қалай аталады?
А) графика б) натюрморт
Ә) пейзаж в) кескіндеме
3. Табиғат көрінісін бейнелейтін картина?
А) натюрморт б) кескіндеме
Ә) графика в) пейзаж
Иллюстрация- түрлі – түсті бояумен салынады , латынның «иллюстро» жарықтандыру сөзінен алған. Иллюстрациялау графика өнерінің бір түрі.

Эпостық жырлар.
Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір саласы.
Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді.
Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі — эпостық жырлар. Ә. Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген:
1)Архаикалық кезең. Ол — исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шоламерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздар жатады;
2) Оғыз-қыпшақ дәуірі (VI—XII ғғ.). Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы», «Алдар көсе», «Қозы Көрпеш — Баянсұлу», т.б.;
3) Ногайлы дәуірі (XIII— XVIғғ.) — «Бөгенбатыр», «Едігебатыр», «Қобыланды», «Ер Сайын», «Қамбар батыр», «Мұсахан», «Орақбатыр», т.б.;
4) Қалмақ шабуылы дәуірі — XVII—XVIII ғасырлардағы «құба қалмақ» заманы. «Олжабай», «Қабанбай», «Бөгенбай», т.б.;
5) Кейінгі дәуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін жырлар.

Қобыланды Батыр жыры
Қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету.
«Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында жазылған.
Ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар.

Қобыланды Батыр ескерткіші

Қызылорда қаласы
Тарихтың көзімен қарағанда, біздің алдымыздағы міндет — Қобыландының жорығы. Батырлық сапары тарихтың қай кезіне жақындауға мүмкін, соны тексеріп қарау. Елдің есінде ескіден сақталып қалған әңгімені жалпы тарих шеңберіне сыйғызып көру.
Қобыландының үлкен жорығы Қазан қаласына аттанудан басталады. Ел жыры Қобыландыны Қазан қаласымен соғыстырады. К,азан хандығының астанасы болған бүгінгі Еділ бойындағы Қазан қаласы. Бұның дәлелі әңгіменің өзінен көрінеді. Қобыланды аттанып барған Қазан екі қала екен дейді, бірі — сырлы Қазан, бірі — қара Қазан.
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры.
Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ.
Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.
Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді
Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі — қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі — «Қобыланды батыр» жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы — қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы — Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді. Және де қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлесін қосты

. Сарамандық жұмыс

Қобыланды батырдың бейнесінің суретін салу
Қобыланды — ел қорғаны болған, елінің мақтаны, айдыны болған батыр. Нар түйедей, ержүрек, өжет, қайратты.

Ассоциацияны аяқтау;

Иллюстрация

Сөзжұмбақ шешу:
Тақырыбы: «Қобыланды»

Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма. Портрет
2. Мата бетіне сурет салу қалай аталады ? Батик
3. Түрлі-түсті бояумен суреттеу? Иллюстрация
4. Табиғатты бейнелейтін жанр? пейзаж
5. Түстерді зерттейтін ғылым? Түстану
6. «Қазақ эпосы» кітабына иллюстрация жасаған суретші? Сидорин
7. Өлең, шумақ? Жыр

. Қорытындылау:
Иллюстрация түрлі – түсті бояумен салынады. Иллюстрация латынның «иллюстро» жарықтандыру деген сөзінен алынған.

Рефлексия парақшаларын үлестіремін.

Мен білемін Білгім келеді Мен үшін жаналық

2.«INSERT» түртіп алу стратегиясы. Тарихи — бегілі бір оқиғаларды бейнелеген көркем туынды.Оқушылар өз топтары туралы білетіндерін постер арқылы қорғайды. Тақырыпқа шолу.
3. Сергіту сәтін жасау
Бағалау Оқушылар өз-өздерін таратпалы кағаз арқылы бағалайды. Жиынтық бағасы қойылады.
Кері байланыс 1. Білемін 2.Білдім 3. Білгім келеді
Үйге тапсырма Композиция туралы оқу, іздену

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 16
Сабақтың атауы Графиканың бейнелі құралдары.Түрлі түсті қарындаш,пастель-түрлі түсті бояу
Мақсаты Оқушыларды бейнелеу өнерінің түрі графикамен таныстыру, графиканың әсерлеуші құралдарын меңгеру арқылы сурет өнеріне қызығушылықтарын қалыптастыру, көзбен көріп есте сақтау, бейнелі ойлау, байқағыштық қабілеттерін дамыта отырып графикалық дағдыларын қалыптастыру..
Күтілетін нәтиже Тақырыптыңі мазмұнын талдайды,пікірлерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындайды
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау. Өлеңді жатқа сұрап, тапсырмаларды тексеріп,
пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы тексеру «Графика» тест.
1. Арнаулы әк тасқа салынып, арнайы ерітіндімен шайылып өңделетін графиканың түрі?
А) Литография, Б) Натюрморт, В) Гравюра.
2. Француздың grower «қию», «тырнау» деген сөзінен шыққан графиканың қазақша баламасы қалай аталады?
А) Гравирлеу, Б) Портрет, В) Сәулет өнері.
3. Шетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай — ақ одан алынған басылымды да, не деп атайды?
А) Гравюра, Б) Литография, В) Офорт.
4. Француз тілінен аударғанда «ащысу» деген, азот қышқылы мен бір — біріне қосылып, әсерлену процесі қалай аталады?
А) Офорт, Б) Графит, В) Ағаш.
5. Көшірме түсірілетін бедерлі ағаш тақта немесе білік арқылы шыныға жазылған типографиялық бояу қалай аталады?
А) Оттиск, Б) Қарындаш, В) Эстамп.
6. Грекше xylon — кесілген ағаш, grarho — деп аталады яғни ағашқа жасалған гравюраны ата?
А) Ксилография, Б) Пейзаж, В) Мүсін.
. Линолеумге жасалған гравюра қалай аталады? А) Линогравюра, Б) Графит, В) Офорт. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі.
Өткенге шолу. «Сәйкестендіру»
Автопортрет——————Көркем шығармалық көрменің салтанатты ашылуы
Аппликация——————Жабыстыру немесе қиыстыру арқылы орындалған көркем шығарма
Батальды жанр————Кеуделік мүсін
Бюст—————————Соғыс тақырыбы бейнеленген көркем шығарма
Вернисаж———————Адамның өз келбетін өзі бейнелеуі
Маринист——————-Кептірілген өсімдіктерді пайдалану арқылы жасалған көркем шығарма
Икебана———————Теңіз көрінісін бейнелейтін суретші
Көптеген белгілі суретшілер сурет салуда түрлі түсті қарындаштарды қолданған.Түрлі түсті қарындаштың акварель,гуаш бояуларынан айырмашылығы-оның жұмыс жасау тәсілі қарапайым ,ол езілмейді,артық жағылып,қағаз бетін былғамайды.Мұның бояулар кебу үшін ұзақ уақытты алатын техникалық қиындықтарыда болмайды.Түрлі түсті қарындаштар суретшіге ұзақ жолда,жұмыста да қажетті құрал.Жұмыс орнын дайындап,әуреленудің де қажеті жоқ.Басқа сурет құралдары сияқты қарындаштардың да өзіндік техникалық қиындықтары болады.Мысалы,олар сулы бояу сияқты бір-бірімен палитра бетінде араласа алмайды,бірақ та қағаз бетінде бір-біріне қосылып,басқа түс бере алады.
Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау үшін беті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жөн.Жұмыс жасауды меңгеру үшін түсті қағазды пайдаланудан бастайды.Дайын түсті қағаз болмаса,оны өздерің дайындауға болады.Акварель бояуымен,қызыл шаймен немесе кофемен бояп шығуға болады.Бояу түсі солғын әрі ашық болуы тиіс.Өшіргішті аз қолдануға тура келеді.Өйткені өшіру барысында қағаз беті түтіліп,сурет әдемі көрінбейді.Қарындаштармен салынған суреттер пастельмен жасалған жұмысты еске түсіреді.Бірақ пастельге қарағанда қарындаш қағаз бетіне жақсы жұғады.
Пастель «пастель»сөзінің ұғымы латынның «pasta»сөзінен алынып «қамыр» деген мағынаны білдіреді.Пигменттің түрлі түсті ұнтақтарын,бор мен шайырдың қосындысын араластырып,илеп,арнайы қамыр жасайды.Қамырдан жұмыр таяқшалар жасап,оны кептіреді.Пастель бояуының әрбір түсінен көптеген реңктер алуға болады.
Пастель жұмыстарында әр түрлі түстер мен реңктердің жарасымдылығы маңызды.Пастель жұмыстары ерекше жұмсақтығымен нәзіктігімен,барқыт сияқты фактурасымен ерекшкленеді.Сұйық бояулардан айырмашылығы,ол өз түсін мүлдем өзгертпейді:суретші оны қалай жақса,солай болып қалады.Бояу ұнтағын ұстап қалуға қабілетті бұдыр немесе түкті негізді талап етеді.
Пастельдің ерекшклігі мынада:бұл материал бір мезгілде әрі кескіндемелік,әрі суреттік болады.Форманы сызықтармен және штрихтармен,контурмен бередід.
Көптеген құнды жақтары бола тұра,пастельдің жалғыз кемшілігі бар, ол негізге нашар жұғып,нашар жабысады.Оны папкада сақтауға болмайды.Оны шыны астында орналастырады.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс VI.Жаңа материалды пысықтау:Сұрақ-жауап
«Сиқырлы қарындашқа» берейік. Қарындаштың тапсырмалары. Слайдпен жұмыс.

1 тапсырма — «Жұмбақ шешу» Әр топқа жұмбақтар таратылады.
Жұмбақтар
Қабы сояу,
Дiнi – бояу. (Қарындаш)
Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)
Жіп жіңішке денесі,
Ортасында шегесі. (Қарындаш)
Бір жорға бар шабысты,
Ақ қағазға жабысты.
Жорғаласа тайпалап,
Келтірер көп табысты. Қарындаш

Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,
Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.
Өзі жансыз, жандының күшіменен,
Борайды ат үстінде желдей есіп. Қарындаш
Өзгені бақытты етем деп,
Өзі қажалып кетеді. Қарындаш

2 тапсырма – Топтық тапсырмалар.
Сары қарындаштар тобы: «Қарындаштар спектакілі».
Қызыл қарындаштар тобы: «Ақындар». Қарындаш туралы төрт жол өлең шығару.
Көк қарындаштар тобы: «Ертегілер әлемінде» Қарындаш туралы қысқа ертегі жазу.
3 тапсырма – «Біз галереяға барамыз» Әр оқушыға жеке тапсырмалар таратылады. Оқушылар суреттерді көшіріп салып, түрлі-түсті қарындаштармен бояп түс береді.
Сөзжұмбақ шешу.
п о р т р е т
қ а м ы р
о т т и с к
о ф о р т
п е й з а ж
а к в а р е л ь
г у а ш ь

1. Адамның бет пішінін бейнелейтін көркем шығарманы атаңыз.
2. Пастель ұғымы Италияның “pasta” сөзінен алынған, ал қазақша баламасы қалай аталады?
3. Көшірме түсіретін бедерлі ағаш тақта немесе білік арқылы шыныға жағылған типографиялық бояуды атаңыз.
4. Оймыш гравюраның бір түрі қалай аталады?
5. Табиғат көрінісін және қоршаған ортаны бейнелейтін жанрды ата.
6. Суға тез еритін, түссіз желімдерге жұғыстырылған, сұлу бояуды білесіз бе?
7. Акварель сияқты желім қоспасы бар, суға тез еритін бояу түрін атаңыз.
Қорытынды:
1. Түрлі түсті қарындаштармен орындалған сурет қай өнерге жатады?
2. Графиканың бейнелі құралдары?
VII.Бекіту кезеңі:Өтілген тақырыптарды пысықтау. «Кім жылдам сурет салады?»
Үйге тапсырма Оқу 198 бет Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Сабақтың тақырыбы: Адамды бейнелеу Сабақ 17
Сабақтың мақсаты: Адам тұлғасының өн бойымен яғни, адам тұлғасының анатомиясымен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.қушылардың ой — өрісін, өздігінен білім алып, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту
Сабақтың міндеттері:
* Пішінді көзбен қарап зерттеу,бас сүйек бөлшектерінің тұлғалық қатынастарының көлемдерін айқындау
* бастың құрылысын,олардың атауларын және пропорциясын жетік білу
Табыс критерийлері:
1.Суреттің қағаз бетіндегі қисынын таба біледі,
2.кескіннің құрастыру құрылысы мен негізгі сызықтарын анықтай алады
3. Көмекші сызықтарды қалай және оны орналастыру жолдарын біледі

 сұрақтарды дайындап, оларды топта немесе жұпта талқылай отырып, сондай-ақ жеке жауап беру;
 түйінді ойлары бойынша ережелер құрастыру;
 өзара бағалау;
 сабаққа байланысты рефлексия жазу
 өз бетінше ізденуге баулу.
 жоғары деңгейлі сұрақтар құра біледі;
 сұрақтарға жауап бере алады;
 өмірмен байланыстыра алады;
 шығармашылықпен жұмыс істейді;
 рефлексия жасай алады.
Күтілетін нәтиже: алған білімдерін өмірде қолдана алады;
білімді өздері құрастырады.
түсінгендері арқылы қағаз бетіне өз ойларын түсіре алады

№ Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1 Қызығу-шылықты ояту 1.Психологиялық тест орындау.
2.Пластикалық анатомия туралы түсінік қалыптастыру
Түс арқылы көріп тұрғанын оқиды.
Пластикалық анатомия туралы түсінікті қалыптастыра отырып өз ойларын ортаға салады.Бас сүйектің салыну жолдарымен танысады және адам денесінің салыну ережесімен танысады.

2

3 Мағынаны тану

Ойтолғаныс

Адамның басы өзінің құрылысы және пропорциялары бойынша әр түрлі. Осы өзіндік жеке- дара ерекшелікті іздеп тауып, баса көрсетуге адам бетінің орташаланған схемасы мен жақсы танысу керек.
Бастың айқас сызықтары екі қиылысқан сызықтан тұрады. Біріншісі- беттің орта сызығы, ол маңдай мен мұрынды тура екіге бөліп, иектің ортасынан өтеді, екіншісі басты айналдыра көздің сызықтары арқылы өтіп, екі сызық бір-бірімен қаңқа құрайды.
Бір қарағанда мұрын, ауыз, иек орналасқан төменгі бөлік жоғары бөліктен, яғни маңдай мен төбеден әлдеқайда көп орын алатын сияқты болып көрінеді. Шындығында олай емес. Егер сызықтар арқылы басты, бет әлпетті бөлшектеп көрсек, көздің орта сызығы бастың жалпы биіктігінің дәл жартысынан өтеді, яғни көзден жоғары тұрғанның бәрі де одан төмен тұрғандар қанша орын алса, сонша орын алады.
Егер бас тура қарап тұрса, бастың айқас сызықтары тік сызықтар сияқты көрінеді.
Егар бас бір қырына шамалы бұрылып, жан-жаққа қисаймай тұрса, көз сызығы сол қалпында қалып, орта сызық сопақша (овал) түрінде көрінеді. Егер бас оң жақ қырынан айқас сызықтарының екеуі де сопақша сызықтармен белгіленеді.
Пленерлік жұмыс барысында адам тұлғасын бейнелеу
Пленер жұмысы барысында адам тұлғасынан этюд (бейнелеу өнерінде- болашақ шығармаға дайындалған болжам сурет) жасау үшін сыныптас досыңды, ініңді немесе қарындасыңды шақыруға болады. Оның киген киімі өзіне жарасымды, сол мезгілдегі бейнелеу кезеңіне сай, үйлесімді болуы керек. Ең алдымен адам денесінің жалпы нобайын қағаз бетіне түсіріп алу қажет. Адам денесінің кеудесін (торс), иығын, аяқтарының кеңістікте тұрған күйін анықтаңдар. Киім киген адамның бейнесін салу барысында, көрінбейтін жақтарының құрылымын байқаңдар. Оның сыртқы сызықтық көрінісі емес , көлемін көз алдарыңа келтіріңдер. Бейнеленетін модельдің жеке-даралық ерекшеліктері жайлы да ұмытпаған дұрыс; біз, адамдар бір-бірімізден аздап болса да ерекшеленеміз- арық немесе толық, биік және аласа.Моделге (үлгі нұсқа) жақсы жарық түсуі шарт. Осы мақсатты ұстана отырып, модельмен жұмыс жасауды күндізгі күшті сәулелі жарықта емес, жарық бір бүйірден түсетін кешкі мерзімде ұйымдастырған жөн.

.Мини тест.
1.Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі
2.Қоршаған ортаны және табиғат көрінісін бейнелі түрде бейнелеу
3.Үстіне бір нәрсенің суреті салынған негізгі түс,астар
4.Әр түрлі түсті бояулар арқылы қоршаған ортаның өмір шындығын әсем әрі жарқын етіп бейнелейді
5.Бейнелеу өнерінің бір түрі(сурет салу,жазу және сызуды білдіреді

3.Адам бейнесінің пропорциясын түсіндіру.

4.Практикалық тапсырма орындау

5.Дұрыс емес пікір . Салынған сурет арқылы дұрыс және дұрыс орындалмаған жерін тізбектеп жазып шығу.

6. Үйге тапсырма

композиция

пейзаж

фон

кескіндеме

графика

Адамның бас сүйегін бейнелеу үшін неден бастаймыз?
Пропорцияның орындалу ережесімен таныстыру.Сызба көрінісін түсіндіру.Сол сызба бойынша әркім портреттің салыну жолдарымен танысу.

Адам бейнесін орындау. Пропорцияны сақтай отырып портрет салу. Адамның қимылдарын көрсете алуы.

Әр оқушының салған суреттерін бір-біріне беру арқылы бағалау

Автопортрет орындап келу.

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 18
Сабақтың атауы Композиция
Мақсаты Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр сырларын жан жақты үйрете отырып,сауатты сурет салуға үйрету.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін арттыру,қабілеттері мен шеберліктерін дамыту, композиция туралы білімдерін тереңдету.
Күтілетін нәтиже Өз бетімен ойлау, сөйлеу дағдысы дамиды.
Өзара сұхбаттаса алады.
Сыни ойлай біледі.
Сабақ барысында алған мағлұматты, өмірде пайдалануға дайын болады.
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып
бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырмаларды сұрап
пысықтау.
Оқушылар таңдаған түстерге мінездеме беру:
Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар бірлік, көпшілдік, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк түсті ұнататындар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.
Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам өзгерісті жиі қалап тұрады.
Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Бұл түсті таңдағандар күшті, белсенді, нәтижелі, сәттілікке қол жеткізуге талпынысты, бейімділікті, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар-кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар
Жасыл түс – еркіндікті , табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзіне және өзгелерге деген сенімді, жақсы пікірлі адмадар. Сондай-ақ, бұл түс ұйымшылдық нышаны.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану . Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: еске түсіру, елестету,шығармашылық қабілетті арттыру болып табылады.
Онда бейнелеу онерінің жанрларын еске түсірейік.
Натюрморт ,пейзаж,морианистік жанр,аппликация дегеніміз не?Сұрақтарды қоя отырып топтарға бөлу.
1-ші топта – Қызыл түстілер «Натюрморт»тобы.
2-ші топта – Көк түстілер «Пейзаж» тобы.
3-ші топта – Сары түстілер «Морианист» тобы.
4-ші топта-Жасыл түстілер «Аппликация» тобы.
— Бүгінгі сабағымызда осы сұрақтардың барлығына қатысты бір ереже ол не?
-Композиция.
Латын сөзі Ойлап шығару

КОМПОЗИЦИЯ

Дұрыс орналастыру Құрастыру

Топтарға композиция туралы қаншалықты білетіндерін тексеріп, сұрақ қоямын. Композициядағы қағаз бетіне дұрыс орналастыру ережесін интерактивті тақтамен қайталау.
/Құмыра,алма,алмұртты қағаз бетіне дұрыс орналастыру.
Интерактивті тақтадағы түстерге байланысты тапсырмалар.
1.Қызыл түсті натюрморт тобына: «Мынау менің қолымдағы берілген бұйымдармен «Ұлттық тақырыпта» натюрморт құрастырып, композициялық суретті орындаңдар».
2.Сары түсті «Морианист» тобына «Көк,көгілдір түсті қағаздарды,гуаш,акварель бояуларын қолданып, морианистік жанрға байланысты әр түрлі техникада композициялық сурет салыңыздар.
3.Көк түсті «Пейзаж» тобына «Берілген шаблондар арқылы «Пейзаж» тақырыбына тақырыптық шығармашылық сурет салу.
4.Жасыл түсті «Аппликация» тобына түрлі түсті қағаздардан ұлттық ою-өрнектерді ойып,қиып,жапсырып «Түскиіз» композициясын жасаңыз.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Жаңа материалды пысықтау.
Торкөздегі сұрақтарға жауап береміз.Сұрақ пен жауаптың түйіскен торкөзіндегі әріптерді тізіп жазсақ,

Портрет
Шебер
Үшеу
Алқа,шашбау
Натюрморт
Композиция
Аңдар
Жансыз заттардың суреті т п к м О ш ң
Негізгі түстер нешеу і у Ю х ү ч м
Үйлестіру дегеніміз не? п ы щ т с Ө р
Адамның кеудеге дейінгі суреті Р ж о а п м л
Ағашпен жұмыс істейтін адам с Н х р к ң ұ
Зергер не істейді? у х т Е ш ы ь
Анималистік жанр нені бейнелейді? і б п ү ң ж К

Ребус шешу.
Ою ойғанның ойы ұшқыр
Сұрақ-жауап
1.Ою-өрнектер қандай топтарға бөлінеді
2.Ою-өрнекті тұрмыста қай жерлерде кездестіруге болады?
3.Тұйық өрнектерге не жатады?
4.Өрнекті композиция құрған кезде нені ескеру керек?
5.Бұйымдарды өрнектегенде қандай ережені сақтау керек?

.Бекіту кезеңі. №8 өзіндік жұмысты орындау

Үйге тапсырма 192-жаттығу Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқушыларды бағалау. /Топтық бағалау,әр топтағы оқушы әр жүмысты ауызша бағалайды/.
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Бейнелеу өнері 6 сынып 19 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Перспектива
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтарының бірі – перспектива заңдылығының ережелерімен таныстыру. Перспектива заңдылықтары арқылы қоршаған ортаны, табиғатты танып білуі;
Дамытушылық:Білімдерін кеңейту, дүниетанымды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эмоциялық сезімдерін, танымдық күштерін, ой-өрісін, қиялын, оқуға, өнерге қызығушылықтарын дамыту; эстетикалық талғамдары мен қажеттіліктеріне қарай бейнелеу іс- әрекетіне машықтандыру;
.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар тапсырмалар арқылы қос нүкте, жақша мен тырнақша жайлы түсінеді, топпен жұмыс істеуге үйренеді .
Оқыту әдістері: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
АКТ қолдану,
Білім беру және білім алудағы жаңа тәсілдер.
Дереккөздер: Ғаламтор, «Бейнелеу өнері және сызу» журналы, суреттер, оқулық «Бейнелеу өнері» 5 сынып.
Керекті жабдықтар; Сурет альбомы, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар, маркерлер, ресус парақшалары.

Сабақ кезеңдері: Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушыларды түгендеу Мұғаліммен амандасады
Кезекші жоқ оқушыларды айтады.
Психологиялық дайындық – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге! Оқушылар орындарынан тұрып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын тексеру: 1.Өткен сабақты «Ой шақыру» әдісі арқылы еске түсіру.
— .Дизай дегеніміз не?

2.Дизайн өнері жайлы не білесің?

3.Дизайн өнері нешінші жылы пайда болды?

4.Дизайннйң ең алғаш түрі қай жылы,қай қалада пайда болды?

5.Қазақтың қандай заттары осы дизайн өнерімен жасалған деп ойлайсйң?

6.Өзіңе ұнайтын дизайн өнерлерін ата. Осы аталған сұрақтар төңірегінде 3 топ жұмыс атқарып, өз ойларын, пікірлерін ортаға салып жұмыс атқарады.
Оқушылар өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап береді.

Мағынаны тану:

1. «Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
2.Видео роликтен сәулет өнерінің түрлерін көрсете отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Композиция дегеніміз не?
-Көкжиек сызығы дегеніміз не?
— Бейнелеу өнерінің жанрларын атап бер? т.б.
-Пейзаж дегеніміз не?
-Перспектива дегеніміз не?
-Сызықтық перспективасы заңдылығын түсіндір.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады.
Жаңа сабақ: 2 Перспектива – бір шаршы кенепте немесе қағаздың бетіне КЕҢІСТІКТІ қалай бейнелеу туралы ілім.
Перспектива латынның «perspicere» – «тасадағыны көре білу» деген сөзінен шыққан. Перспективаның заңдары өте көп, соның ең басты екеуін суретшілер қалайда білуге тиісті.
1. Зат бізден неғұрлым алыс тұрса , ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
2. Параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады.
Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі – Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Брунемески.

Сызыктық перспективаның заңдылықтары
Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына карай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады. Параллель сызыктардың косу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады. Көкжиек сызығына жуықтаған сайын параллель сызыктардын ара қашықтығы бір-біріне жақындай түседі. Көрушіден алыстаған сайын тіке сызықтардың ара қашыктык өлшемдері кішірейе түседі. Мысалы телеграф бағаналарының көкжиек сызығынан төмен орналаскан сызықтары төменнен жоғары карай бағытталса, көкжиек сызыгынан жоғары орналасқан сызықтар жоғарыдан төмен қарай бағытталады,бәрі көкжиек сызығында түйіседі.
Жарық пен көлеңке перспективасының заңдылықтары
Жарық көзінен кашықтықта тұрған заттардың бетіндегі жарық деңгейі, жарық көзіне алыс тұрған заттардың бетіндегі жарыққа қарағанда солғындау болады. Жарық көзі мен бақылаушы арасындағы заттар басқа заттарға қарағанда өз түсінен қараңғы болып көрінеді.

Левитанның картиналарынан мысалдар

Перспективалық бейнені құрудың кеңістік моделі
Картина жазықтығы дегеніміз — бейнелейтін заттар мен суретшінің көзі арасындагы ойша алынган тіке (вертикаль) бағыттағы жазықтық.
Көкжиек сызығы – суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.
Көру нүктесі – сурет салушының затты бақылайтын орны немесе нүктесі.
Шығу нүктесі – өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір – біріне жақындап, көкжиек сызығында барып қосылатын нүктесі.
Көру деңгейі – суретшінің көз деңгейін білдіретін ойша алынған жазықтық.
Ауа перспективасы
Егер ашық теңізге шығып, көкжиекке көз салсаңдар , заттар бізден алыстаған сайын жарығырақ, бозғылтырақ бола түскенін байқайсыңдар.
Көз ұшындағы орман да алыс тау шоқыларындай көгілдір тартады. Өйткені, біздің жанарымыз бен алыстағы нысананың арасында тығыз ауа қабаты жатыр. Әлгі заттардың өңін жұмсартып, түсін өзгертіп тұрған да сол. Оны бірінші боп байқап, өз шығармасында бейнелеген – итальян суретшісі Леонардо да Винчи
Ауа перспективасының бейнелеу ережелері
Затты кеңістікте бейнелеу үшін жақындағы заттар анық, ал алыстағы заттар солғын бейнелеуі қажет.
Алыстағы тұрған жарық түсті заттар өз түсінен қараңғылау, ал қараңғылау заттар сәл жарық болып бейнелеуі тиіс.
Жақындағы заттар көлемді болып бейнеленсе, алыстағы заттар жазықтау болып бейнеленеді.

Сергіту сәті: «Сиқырлы түстер» ойынын ойнату.
Жылы түстерді айтқанда қолдарын жоғары көтереді.
Суық түстерді айтқанда қолдарын төмен түсіреді. Оқушылар қимылдарды жасайды.
Топтық жұмыс: 1.Топпен жұмыс.
Сұрақ –жауап әдісі.
-Ауа перспективасы дегенімізді қалай түсінесің?
-Сызықтық перспективада сызықтар қай нүктеде тоғысады?
-Көкжиек сызығы дегеніміз не?
-Көру нүктесін қалай орналастыруға болады?
-Шығу нүктесін қай тұстан аламыз?
-Ауа перспективасының бейнелеу ережесінде не айтылған?
.
Топтар өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды, кесенелер жайлы өз түсініктерін айтып береді.
Әр топ келесі топтың жұмысын толықтырып отырады.
Практикалық жұмыс: 1.Шығармашылықпен жұмыс.
«Менің болашақтағы үйім» тақырыбында сурет салу.
2. «Галерея аралау» әдісі.
Оқушылар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Оқушылар суреттерді салады.
Бір-бірінің салған суреттерін қарап артық кемшіліктерін айтады.
Қорытынды: 1.«Аялдама әдісі бойынша жаңа сабақты бекіту.
Балалар, бүгін біз перспектива заңдылығын меңгердік деп ойлаймыз, сабаққа белсенді атсалысқан , суретті сауатты салған оқушыларға жақсы бағалар қойып шығамыз.
1.Сұрақтарға жауап береді.

.

3.«Кім жылдам» ойынынан кесенелер аттарын сызып табады.

Үйге тапсырма: «сызықтық переспективасы » тақырыбында сурет салып келу. Үй тапсырмасын жазып алады.
Рефлексия: Кері байланыс. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Білемін
Білгім келеді?
Білдім
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.
Б-Б-Б кестесін толтырады.
Бағалау: Қорытынды, жиынтық бағасын шығару. Оқушылар бағаланады.

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім сабақ 20
Сабақтың атауы Сызықтық перспектива
Мақсаты Оқушыларды сызықтық перспективамен таныстыра отырып, қарапайым құралдармен, тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуге үйрету, ұқыптылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже Өз бетінше ойлау ,есте сақтау,оқу,сөйлеу қабілеттерін дамыта алады.Өз ойын жинақтап,қағаз бетіне бейнелеуді үйренеді.Тақырып бойынша білімдерін жетілдіре алады.

+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып
бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа
дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырмаларды сұрап
пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өтілген
материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
Перспектива дегеніміз не? Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Жаңа сабақ.
Жаңа тақырыбымызды бастамас бұрын бейнебаянға назар аударайық
— балалар экраннан нені байқадындар?
Сонда заттар алыстаған сайын кішіриеді, жақындаған сайын үлкиеді екен. Олай болса ол заңдылықты Сызықтық перспектива деп атайды екен.
Міне , балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз Сызықтық перспектива.
Сызықтық перспективасы жайында түсінік жалпы перспектива туралы түсінік беру.

Заттардың пішіні мен көлемі оларды қандай қашықтық пен жағдайда көретінімізге қарай өзгеріп отырады.
Көлемді затты бейнелеу үшін оның тек сыртқы түрін ғана емес, сондай-ақ оның орналасқан ортасын, жазықтық ерекшеліктерін, кеңістікте көлемді пішіннің қабылдауын білу керек.
Көлемді зат біртұтас және нақты белгілер мен қасиеттерге ие.
Бұйым жазықтығы — бетінде бейнеленген объектілер орналасатын жердің, еденнің немесе үстелдің жатық жазық беті.
Сурет салу жазықтығы — көлемді зат бейнеленген жазық бетті қағаз.
Сызықтық перспективаның негізгі ережелері төмендегідей:
— алысырақ тұрған заттың тереңдігін бейнелеу үшін оларды алдыңғы қатарда тұрған заттармен жарым-жартылай жабу қажет;
— жақын тұрған затты алыс тұрган заттан ірірек бейнелеген жөн;
— жақын тұрған заттың негізін алысырақ тұрған заттан ірірек бейнелеген жөн;
— картинаның жазықтығына параллель жатық қабырғаны тік көлденең сызықтармен бейнелеген жөн;
— бұрыштық бейнелеудегі көлденең қабырға көлбеу сызықтармен бейнеленеді;
— бұрыштық бейнелеудегі көлденең қабырғаны фронталды қабырғаға қарағанда қысқа түрде бейнелеу керек және т.б.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Сұрақ-жауап «Алма жинау» ойыны
«Сезімтал саусақтар» ойыны. Тақтаға бір оқушы шығады. Оның көзін байлап, қолына бір затты ұстатып, сипалап көргіземіз. Сонан соң затты алып қойып, көзінің байлауын шешеміз. Оқушыдан сол заттың суретін тақтаға перспективалық бейнелеу талап етіледі.
Әр топ өз бөлмелерін жиһаздармен безендіреді.
Керекті суреттер интербелсенді тақтада көрсетіледі.
Үйге тапсырма 196- жаттығу Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Топтар бір-бірін бағалау.Үш рет шапалақтау.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 21
Сабақтың атауы Кеңістік перспективасы
Мақсаты Оқушыларды перспектива және оның түрлерімен таныстыра отырып, қарапайым құралдармен, тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуге үйрету, ұқыптылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже Оқушылар тақырып ұғымын біледі, түснеді және тапсырмалармен жұмыс жасауда пайдаланады артады
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау.
-Композиция дегеніміз не?
-Көкжиек сызығы дегеніміз не?
— Бейнелеу өнерінің жанрларын атап бер? т.б.
-Пейзаж дегеніміз не?
-Перспектива дегеніміз не?
Тест
1. Көркемшығарма бөліктерінің орналасуы және олардың және олардың бірлігін атаңыз
А. Пропорция
В. Перспектива
С. Композиция
2. Пропорция дегеніміз — …
А. Картинадағы айырмашылық
В. Картинадағы тепе-теңдік
С. Түстердің теңдігі
3. Композициялық орталық картинада қай жерде орналасады?
А. Ортасында
В. Кез –келген жерінде
С. жақ төменгі бұрышында
4. Композиция деген нені білдіреді?
А. Толықтыру
В. Көрінбейтін сызық
С. Картина
5. Ғимараттың ішкі көрінісі
А. Экстерьер
В. Интерьер
С. Композиция
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану . Жаңа сабақ.
Кеңістік перспективасын бейнелеу жарық пен түстік қатынастарға негізделген. Кеңістік перспективасын сурет салғанда адамға кеңейіп немесе қағаз бетіндегі жазықтықта алысқа сүңгіп,еніп бара жатқан көз жетпес қиырды,ауаға толы орасан зор кеңістікті беруге мүмкіндік жасайды.Кеңістікті беру арқылы табиғат көрінісін нақты да дәл беруге болады. Заттар қашықтаған сайын бояу түстері мен реңктерінің өзгеруінде кеңістік перспективасы үлкен рөл атқарады. Ауа-райы , жыл мезгілдері,тәуліктік сағаттық уақыт, жарықтың түсуі, сонымен қатар ауадағы булану ,шаң және түтіннің болуы да заттардың әр түрлі көрінуіне әсер етеді. Бейнелеу өнерінде алдыңғы план, ортаңғы план және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді,олардың жарық-көлеңкесімен болуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады.Екінші планда мұның бәрі барынша жұмсарады,ал үшінші планда ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді. Сурет салуды былай үш планға бөлу шартты түрде алынған. Ауа перспективасын бірінші болып байқап, өз шығармаларында бейнелеген Қайта өрлеу дәуірінің атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчи /15 ғ./ Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары бар, 1 заңдылық — жақын тұрған заттарды нақтылап,алыстағыны жалпылама бейнелейміз, 2 заңдылық — жақын тұрған заттардың контур сызығы қаттырақ басылады,алыстаған сайын айқындығын жойып, мұнарланады, 3 заңдылық – алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып , қара түсті заттар бозарып көрінеді. 4 заңдылық – жақын тұрған заттар /контрастты/көлемдірек,алыс заттар жазық болып көрінеді, 5 заңдылық – алыстаған сайын заттар ауа түтінімен бүркемеленіп,сұрқай болып көрінеді.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс

.Бекіту кезеңі. Сұрақ қою арқылы түсінгенін пысықтау.
Сонымен біз бүгін кеңістік перспективасымен таныстық. а/ Кеңістік перспективасы дегеніміз не ? Кеңістік перспективасы дегеніміз заттардың бізден алыстаған сайын түсінің, контурының , көлемінің өзгеру құбылысы. б/Суретті шартты түрде неше планға бөлуге болады ?.Олар қалай аталады ? Суретті шартты түрде үш планға бөледі.Алдыңғы, ортаңғы және артқы план. в/Жақын тұрған заттар қалай бейнеленеді ? Түстері қанық ,контуры нақты болады. г/Алыстағы заттар қалай бейнеленеді ? Алыстағы заттардың түстері солғын ,контуры жіңішке етіп бейнеленеді
Үйге тапсырма 202- жаттығу ,мәтінді мәнерлеп оқып,мазмұндау.
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

22 сабақ
Сабақ тақырыбы: Мүсін өнерінің түрлері.
Жалпы мақсат: Тақырыптың негізгі ойын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; ақылдылыққа, адамгершілікке баулу.
Сабақтың мақсаттары Оқушылардың мүсін өнерінен алған білімдерін анықтап,ермексазбен жұмыс жасау.Ермексазбен жұмыс жасауда қол ептілігін дамыту, топтық іскерлік, шығармашылық, ұшқырлық қабілеттерін дамыту
Күтілентін нәтижесі: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді,
өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды
Негізгі идеялар: Тақырыптың негізгі идеясын дұрыс түсіне білу
Сабақта қолданылатын материалдар: 9. Үлестірмелі материалдар, маркер
10. АКТ
11. Карточкалар
Оқыту әдістері: Кім жылдам
Миға шабуыл
Аквариум әдісі
Эссе  Топтық жұмыс
 Жұптық жұмыс
 Шығармашылық жұмыс
Дерек көздері: Қосымша тақырыбына берілген материалдар:
www.РефератOff.kz
www.art.kz

Тапсырмалар: І. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Ой қозғау.
ІІІ. Мағынаны тану.
ІV. Топтық жұмыс.
V. Шығармашылық тапсырма
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2 мин)
Сыныпты топқа бөлу (кескіндер арқылы)

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Мозайка» әдісі бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөлу Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу

I.Үй тапсырмасын сұрау (4 мин) «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау Мұғалім берген тапсырманы орындау

II.Ой қозғау «Кім жылдам» әдісі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру
Әр топқа сематикалық карта мен жұмыс Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау
«Кеңістік перспективасы» туралы білімдерін тексеру (сұрақ-жауап) (4 мин)
а/ Кеңістік перспективасы дегеніміз не ? Кеңістік перспективасы дегеніміз заттардың бізден алыстаған сайын түсінің, контурының , көлемінің өзгеру құбылысы. б/Суретті шартты түрде неше планға бөлуге болады ?.Олар қалай аталады ? Суретті шартты түрде үш планға бөледі.Алдыңғы, ортаңғы және артқы план. в/Жақын тұрған заттар қалай бейнеленеді ? Түстері қанық ,контуры нақты болады. II.Мағынаны ашу: «Мүсін өнерінің түрлері » туралы жаңа тақырыпқп байланысты «Аквариум» әдіс»
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.
Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған.
Бұл тас мүсін – Балбал тастар.
Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.
Мүсіндеу өнері — көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетілуі..
Мүсіндеудің түрлері: 1. жұмыр мүсіндеу 2. рельеф(бедерлі) Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады.
Мүсіншілер өздерінің шығармаларын жасау барысында адам мен жануарлардың мүсіндерін жан — жақты қарап отырып сомдайды.
Мысалы: Хакімжан Наурызбаев (27. 08. 1925 жылы туған, қазіргі Қостанай облысы, Ленин ауданы) — қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, қазақ халқының көрнекті қайраткері, А. Иманов, Ж. Жабаев, А, Құнанбаевтың монументалды бюстері шықт
IV.Топпен жұмыс (8 мин) Постермен жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады. Табиғат туралы өз ойларын суретке салады Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау
Постер бойынша қорғайтын тақырыптар:
І тапсырма
Өз қалаңды танисың ба? атты танымдық ойынын ойнаймыз.
Ойынның мақсаты Қызылорда қаласындағы ескерткіштердің атауы мен орналаскан жерлерін анықтау. Әр топқа үш слайдтан тапсырма беріледі.
Егер топ мүшелері ескерткіштің атауын немесе орналасқан жерін білмеген жағдайда қарсылас топтар толықтыруына ,немесе жауап беру мүмкіндігіне ие болады.
ІІ тапсырма
«Тұлғаны танып- біл» пысықтау,қорыту ойыны.
Әр топқа бір портреттен таратылады. Балалар портреттегі тұлғаның аты-жөнін,тарихтағы рөлін, оның атына байланысты оқиғаларды немесе оның шығармалары және т.б. естеріне түсірулері тиіс. Топ ішінде талдау 3-5 минуттан аспайды. Өз командасын топтың бір адамы қорғайды.
Ойынды жүргізуші сыныптағы неғұрлым толық жауап берген топты анықтайды.
ІІІ тапсырма
Машықтану кезеңі. Топтарға сандықшаға салынған тапсырмалар жазылған парақшалар(жереби) ұсынылады.Әр топ тапсырманы өздері таңдап алып сол тапсырма бойынша топтық жұмыс жасайды. Топтық жұмысқа 17-20 минут уақыт беріледі. Топ жұмысын сағат тілі боынша қарсылас топтар бағалау критерийлері боынша бағалайды. Топтық жұмыс сәтті орындалса артылған бұтақшалар толық отырғызылады.
Машықтық жұмыс.
1. Ермексазбен жұмыс істеу техникасының ерекшеліктерін түсіндіру.
2. Плакат бойынша үй жануарларының анатомиясын таныстыру.
3. «Құстарды мүсіндейміз.»
4. Құстар туралы әңгіме. сұрақ — жауап алу
5. Машықтық жұмыс барысында пайдалы кеңес.
Техника қауіпсіздігін айту. қамырмен, ермексазбен жұмыс істеу кезіндегі.
І топ. Мүсін өнері. Жануарларды бейнелейтін жанр қалай аталады?
ІІ топ. Мүсін өнерінің тарихы туралы не айтасың. Мүсін нешеге бөлінеді?
ІІІ топ. Жұмыр мүсін дегеніміз не? Бедерлі мүсін ше?
V.Сергіту сәті: (1 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сергіту сәтін ұйымдастыру қадағалау Берілген тапсырманы орындау

VI.Шығармашылық тапсырма «Эссе жазу»
«Жақсы көңіл күй – жан шуағы» ( Топ бойынша Эссе жазу, талдау, бағалау) (10 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын кағазға жазау арқылы жеткізу

VII.Қорытындылау: (сұрақ-жауап) (3 мин)
17. Бұл сабақты мен қалай түсіндім?
18. Мүсін туралы не білем?
19. Білімді жетілдіруде не істеу керек?
20. Алған білімнің не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
VIII.Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
ББҮ кестесін толтыру
IX.Бағалау: Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағдарша, бағалау парақшалары
X.Үй тапсырмасы: Оқулық бойынша тапсырма

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 23
Сабақтың атауы Қазақстанның ежелгі мүсін өнері
Мақсаты ежелгі мүсін өнерімен таныстыру, мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау, мүсін сомдау материалдарынының технологиялық тәсілдерімен таныстыру;
ежелден келе жатқан мүсін өнері жөніндегі білімдерін кеңейту және анықта
Күтілетін нәтиже оқушының алдыңғы, өткен сабақтарды қайталай келіп, тілдерін, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыту,өз ойын жетілдіре отырып мағанасын кең түрде ашуға машықтарын да дамиды
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып
бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырмаларды сұрап
пысықтау.Өтілген материалдарды сұрақ қою
арқылы пысықтау.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Өткен тақырыпқа байланысты топтарға сұрақ қойып, жауап алу.
І топ. Перспектива сөзі нені білдіреді? Көкжиек сызығы деп қандай сызықты айтамыз?
ІІ топ. Заттың көкжиек сызығынан төмен немесе жоғары тұрғанын қалай анықтауға болады?
ІІІ топ. Перспектива түрлерін ата?
Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған. Бұл тас мүсін — балбал тастар. Материалдық мәдениет тарихында тас аса маңызды рөл атқарады. Мүсін жасауға сопақ пішінді тастар іріктеліп алынған. Олар Орталық Қазақстан мен Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілерін жұмыр мүсін түріне жатқызуға болады. Ежелгі тас мүсіндерден жауынгерлер, бақташылар, қариялар мен әйелдердің бейнесін көре аламыз. Ер адамдар мен әйелдер мүсіні ойық бедерлер мен сұлба суреттер техникасы бойынша орындалған. Онда киім, қару-жарақ, бас киім, белдік, әйелдер әшекейінің жеке бөліктері анық байқалады. Кейбір тас мүсіндердің дулығалары өрнектеліп, киім жиектеріне құс фигуралары бейнеленген. Фигуралардың көпшілігі оң қолымен не екі қолымен текше пішінді ыдыс немесе тостаған ұстаған. Мүсіндер әдетте өмірден озған адам қабірінің басына орнатылады. Тас мүсіндердің арқасы бейітке, беті шығысқа қаратылады.
Тас мүсіндердің келесі түрі «елік тастар» — құрбан шалынатын және қасиетті орындарға қойылатын құлпытастар. Онда еліктің бірнеше үйірі бейнеленген.
Маңғыстау мен Үстірттен табылған тас мүсіндердің басым көпшілігі әктастан ойылған. Олар жауынгер адамның бейнесін көз алдыңа келтіреді: оң қолын төмен түсіре, сол қолын шынтағынан бүгіп, кеуде тұсында ұстаған. Фигуралардың көлемі 1-ден 4 метрге дейін жетеді. Бұл мүсін ескерткіштер сомдалған кейіпкердің нәсілдік бейнесі мен ерекшелігін этнографиялық жағынан дәл бере білуімен құнды. Тас мүсіндер бейнесі жауынгер киімі өрнектелген белдік, шалбар, жұмсақ былғары етіктен тұрғанын көрсетеді. Жауынгер қолына семсер не қанжар ұстаған. Орта ғасырлар дәуірінде ата-бабалар рухына табынумен байланысты қабір басына тік және көлденең құлпытастар қою дәстүрі пайда болды. Олар өсімдік және геометриялық фигуралар тәрізді өрнектермен айшықталған. Ортағасырлық монументалды мүсін өнерінде ақтас, теңіз ұлутастары пайдаланылады. Астана қаласында «Тарихи жазбалар» атты этномемориалдық саябақ бар. Композиция құрамы сақ қорғанындағы ежелгі балбал тастар мен құлпытастардың көшірмелерінен тұрады. Егер еліміздің астанасына жолдарың түсіп жатса, міндетті түрде саябақты тамашалауға барыңдар.
1. Өздерің тұратын қалада монументтік мүсіндеудің қандай түрлері бар?
2. Танымал мүсіншілерден кімдерді білесің?
3. Балбал тастар дегеніміз не?
4. Ежелгі мүсін өнерінің тағы қандай түрлерін білесің?
Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған.
Бұл тас мүсін – Балбал тастар.
Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.
Мүсіндеу өнері — көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетілуі..
Мүсіндеудің түрлері: 1. жұмыр мүсіндеу 2. рельеф(бедерлі) Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады.
Мүсіншілер өздерінің шығармаларын жасау барысында адам мен жануарлардың мүсіндерін жан — жақты қарап отырып сомдайды.
Мысалы: Хакімжан Наурызбаев (27. 08. 1925 жылы туған, қазіргі Қостанай облысы, Ленин ауданы) — қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, қазақ халқының көрнекті қайраткері, А. Иманов, Ж. Жабаев, А, Құнанбаевтың монументалды бюстері шықты.
Мүсін өнері – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер. Итальян мүсіншісі Микеланджело Буонаротти мүсін өнерінің шебері болып табылады. Оның «Давид» атты жұмысы бүкіл әлемге танылады.

Мүсін

Жұмыр рельф

Бюст статуя барельф горельф

(Кеуде ) (толық ) (аз шығыңқы) (көбірек шығыңқы)

фарфор

сүйек

ағаш

темір

Мүсіндер жасалады: мыс

Саз

Ермексаз

Тас

Мақалдарды толықтыру:

1.Өлеңшінің сөзі алтын,
2.Өнер-білім бұлағы,
3.Білімді өлмес-қағазда аты қалар,

—————————————
ББҮ стратегиясы:
Қосымша ақпарат:
Қазақтың тұнғыш мүсінісі Х.Наурызбай туралы түсіндіру.
Астанада қандай мүсіндер бар?
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Шығармашылық жұмыс:

1.Ермексаз құрамымен таныстыру

Ермексаз құрамы

Қатқыл ермексаз жұмсақ ермексаз

(балқытылған балауз, ерітілген шайыр, пигмент) (балқылылған балауыз, күкірт, май)

2.Өлең сөздерін толықтыра отырып, сол жауапқа сай ермексазбен мүсін жасау, қорғау.

Венн диаграммасы:

Сәндік қолданбалы өнарі Мүсін өнері
І топ. Мүсін өнері. Жануарларды бейнелейтін жанр қалай аталады?
ІІ топ. Мүсін өнерінің тарихы туралы не айтасың. Мүсін нешеге бөлінеді?
ІІІ топ. Жұмыр мүсін дегеніміз не? Бедерлі мүсін ше?
. Сабақты қорыту. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, сұрақ қою арқылы түсініктерін тексеру. өз жұмыстарын қалай қай әдіспен мүсіндегенін сұрап бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстырып қателерін айту.

Үйге тапсырма №10 өзіндік жұмысты орындау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 24
Сабақтың атауы Сәндік қолданбалы өнер түрлері, ою-өрнек
Мақсаты Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы оқушыларға жалпы мағлұмат беру, таныстыру.
Оқушыларды сәндік қолданбалы өнер туындыларымен жұмыс істеуді үйрету. Ұлттық өнер ерекшеліктерінің сезіну қабілеттерінің қалыптасуына ықпал ету.

Күтілетін нәтиже Оқушылар жаңа тақырып жайлы малғұматтар алады ол туралы оқып үйренеді
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып
бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа
дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.
Сұрақтар:
1 — Мүсіншілер мүсінді неден жасайды?
(Мәрмәр тастан, гранитпен) ағаштан, сазбалшықтан немесе ермексаздың көлемін ұлғайта отырып жасайды.
2 — Мүсіндеудің негізгі объектісі кім?
Мүсіндеудің негізгі объектісі адам.
3 — Бюст, мүсін, топтық мүсін дегеніміз не?
Бюст -(адамның кеудеден жоғары бейнесі)
Мүсін -(Фигураның тұтас бейнесі)
Топтық мүсін -(Бірнеше адамның бейнесі)
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өтілген
материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.
IV. Мақсат қою кезеңі Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану VI.Жаңа материалды пысықтау.
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Әрбір зат тек әшекей ретінде ғана қолданылмайды. Сондай-ақ шебер өзінің дүниетанымын, өмірдегі құбылыстар туралы көзқарасын білдіріп, эстетикалық талғамы мен шеберлігін көрсете алады.
Сәндік қолданбалы өнердің мынадай түрлері бар:
— керамика (терракота, майолика, фаянс, фарфор);
— шыны (ыдыстар, құмыра, құрылыс бөлшектері, мозаикалар);
— көркем оймыш (ағаш, тас, сүйек, пластмасса);
— металдан жасалған көркемдік бұйымдар (зергерлік бұйымдар, жарық беретін құралдар, жиһаздар);
— тоқыма материалдары (сәндік маталар, кілемдер);
— ойыншықтар.
Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынадай материалдарды қолданады: ағаш, сүйек, тас, шыны, табиғи немесе жасанды заттар (пластмассалар, гипс, жүн, мақта, балшық, т.б.). Кейбір материалдар өңдеуді талап етеді. Мысалы: алтынмен, күміспен қаптау, ағашты лакпен бояу және т.б. жұмыстар. Материалдарды өңдеудің де алуан түрлі тәсілдері бар: тоқымашылық, қыш-құмыра қолөнері, оймыш, нақыштама, шекімелеу, шыңдау (соғу), әшекейлеу, аппликация және т.б.
Иллюстрацияларға назар аудар. Олар сәндік қолданбалы өнердің кай түріне жатады?

Көп ұлтты Қазақстан үшін қазақ халқының аса құнды сәндік, көркемдік мұралары талантты шеберлер қолынан шыққан көркемөнер шығармасы ғана емес, сонымен қатар халық өнерін одан әрі қарай зерделеп, өнерді оқып үйренуге қажетті материал ретінде қазіргі заманғы, қоғам талабына сай дамыту үшін кеңінен пайдалануға жол ашады. Халықтың қолданбалы өнерінен үйренеріміз көп, ол әмбебап, өзіндік ерекше қасиетке ие өнер. Бұл қасиетті қазақ өнерімен таныс емес шетелдіктер де бір қарағанда түсініп, бағалайды. Халық өнерінде графикалық, сәндік өнердің сызықтық, түстік шешімдері және бейнелеудің жазықтықта орналасуының орынды мысалдары керініс тапқан. Қазақтың халықтық қолөнерінде әрбір қазақ қызы, әйелі өзінің тұрған үйін, яғни киіз үйді безендіре білген. Олардың шебер де қамқор қолынан киіз басу, кілем тоқу, құрақ көрпе-төсек, қоржын мен ыдыс-аяқ қаптары, құрақ жастықтар және тағы басқа жасау келеді.
Қазіргі кезге дейін сақталып келген, басқа халықтар да пайдаланған ескі де негізгі техника — аппликация кеңінен пайдаланылады. Қазақ халық өнерінде өрнекті фигураларды (аппликация) негізгі астарға киізден, матадан, теріден ойып алатын болған. Ал қазіргі кезде бұл өнер коллаж жұмыстарында пайдаланылады.
1. Қолөнер түрлерінің атаулары кандай?
2. Сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлерін білесің?

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Сөзжұмбақ «Ою-өрнек»
1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)
2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)
3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)
4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)
5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )
6. Зәулім ғимарат,құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)
7. Бір түсті бояу,қарындаш, көмір, т.б бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма. (Графика)
ІҮ. Сергіту сәті. Көрініс «Оюхан мен Жоюхан». Көріністен үзінді көрсету. Оюханның Жоюханға жіберген хаты
Сарамандық бөлім.
Қарапайым қағаз бетіне өрнек жабыстыруды қарастырып көрейік.
1. Оқушыларға шаблондар таратылады.
2. Салынатын өрнек әрқашан бұйымның түстік фонының сәйкес келуі, яғни бір-бірімен жарасымдылығы.
3.Өрнектер бір-бірімен тепе-теңдікте болуы.
.Бекіту кезеңі. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Сабақты қорытындылау:
1 — Ұлттық ою — өрнектер неше топқа бөлінеді?
2 — Ағаш үйдің сүйегі нешеге бөлінеді?
3 — Бояуларды қандай әдістермен аламыз?
4 — Ісмер деген кім?
5 — Зергер деген кім?
6 — Шебер деген кім?
7 — Ұста деген кім?

Үйге тапсырма Әңгімелеу 207 бет Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 25
Сабақтың атауы Өрнектердің түстері мен бояулары.Өрнек түрлері .
Мақсаты Ою-өрнектердің түрлерін ьілуге,тануға үйрете отырып,ою- өрнектер және олардың түстері туралы алған білімдерін толықтыру,кеңейту.
Оқушыларға түстер жайлы түсінік беру.Түстердің бір-бірімен үйлесімділігін білуге үйрету. Ою-өрнектердің сырын түсіне отырып,ізденуге,танымдылық қабілеттерінің артуына ықпал ету.Сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып,эстетикалық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже Тақырыпты топпен меңгереді, түсінеді, өткен білімдері пысықтап, қорытындылауға үйренеді
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.
1.Кескіндеме дегеніміз не?
2. Графика дегеніміз не?
3. Мүсін өнері. Ол қандай өнер?
4. Қолөнер дегеніміз не?
5. Сәулет өнері дегеніміз не?
6. Дизайн дегеніміз не?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау. IV. Мақсат қою кезеңі.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану . Жаңа сабақ.
Өрнек — әшекейлерді бояудың түсіне қарай орналастырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі бір тәртіппен кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай жақсы ою болса да күңгірт, солғын түске айналдырады. Ою-өрнектерді әр түсті бояулармен алмастырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар. Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық тарихымен де байланысты символдық мәні болған. Фон және суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып келеді. Қазақтарда қайсыбір түстің символдық мәні бар: көк түс — аспанның символы, қызыл түс — оттың, күн көзінің символы, сары түс — ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның символы, қара түс — жер символы, жасыл түс — жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстердің бірімен бояғанда, оған белгілі мән беріледі. Демек, бояу мен түсті таңдап орналастыру тарихында әрбір елдің ұлттық өзіне тән талғамы мен тағлымы болған. Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың негізінен үш түрі бар. 1. Осы заманғы химиялық әдістермен өндірілетін алуан түсті ұнтақ пен сұйық бояулар. 2. Табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан (охра), әр түрлі минералдар мен өсімдік жемістерінен, малдың қаны мен бауырынан алынады. 3. Шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар, оларға әр түрлі қоспалар қосылып пайдаланылады.Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, көк, қызыл) ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, бауырын, көкбауырын да бояу ретінде пайдаланған. Көк тікеннің бүрі, мойыл, долана, қарақат, бүлдірген, итмұрын және тағы басқа осылар тәрізді түрлі жемістердің шырыны да даяр тұрған бояу десе болғандай еді. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Мысалы, талдың, теректің, қарағайдың, еменнің, алма, анар, жүзім және өрік ағаштарының қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатқан. Қына (жер қынасы, тас бетінің қынасы), «Томар бояу» дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған. Қабықтарды күздігүні жинап, қол диірменге тартып, келіге түйіп, ұнтақтап қайнатады. Шеберлер қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайнату арқылы оны қоюландырған, кейде ұнтақ түріне келтірген. Мұндай қайнатымды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы әр түсті бояулар жасаған. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, қара жусан сияқты ащы шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған.
Халық шеберлері. «Зергердің өзі — көненің көзі» деп халықта бекер айтпаған. Зергер — алтын, күміспен әшекейлік бұйым жасайтын адам. Зергер жасаған бұйымдар ғасырдан ғасырға жетіп, ұзақ уақыт бойы сақталады. Оюшы (өрнекші) — әр түрлі өрнек үлгілерін жасаушы; сырмақ, текемет, түс киіз, аяққап, кесеқап, төсекқап сияқты үй жиһаздарына ою ойып, өрнек салатын шебер. Шебер ою ояр алдында жұқа матадан немесе қағаздан арнаулы үлгі жасап алады. Одан соң оюлайтын киіздің немесе матаның бетіне сол үлгіні салып, жылжып кетпеу үшін оны сиректеу етіп көктеп тігіп, өткір қайшымен айналдыра ойып шығады. Өрнек салу оюдан басқаша. Өрнек бұйымның бетіне бөлек басылады. Текемет бояуда оның бетіне басқа түсті жүннен өрнек салынады. Ал сырмақ, аяққап, кесеқап, төсекқап сияқты бұйымдарға әр түрлі жіптерден таспалап өрнек тігеді. Ою ою да, өрнек салу да аса шеберлікті қажет ететін өнер.
Өрнек түрлері. Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерінің алғашқы үлгілері андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғүн, үйсін өнерінен бастап зерделенген. Шетелдік
(В. Куррер), кеңестік (С. В. Иванов, В. В. Стасов, Ф. К. Волков, С. А. Давыдов, Н. Ф. Сумцов т. б.) және қазақ ғалымдары Ә. Марғұланның, Т. Бәсеновтың, Е. Масановтың, М. Мұқановтың және т.б. зерттеу материалдарын айтсақ та жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді. Аталмыш зерттеушілердің көпшілігі, әсіресе Шығыс халықтарының ою-өрнектеріндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа, геометриялық денелерге ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың атауларының қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға зерттеген. Мысалы, геометриялық денелерге ұқсас сынық сызықтар, қатар сызықтар, дөңгелек және бұрышты сызықтар (ұшбұрыш, төртбұрыш, ромбатәрізді өрнектер), т.б. қайдан шықты дей келіп, біреулері кәдімгі геометриялық пішіндес құрылыстардан шықса керек десе, кейбіреулері жан-жануарлардың ішкі-тысқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулері өсімдіктердің әр түрлі көріністерінен (мысалы, сынып жатқан ши, ағаш бұтақтарының, сүйеулі тұрған сырықтардың бұрыш көріністерінен) шықса керек деседі. Ал енді біреулер геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, олардың ой-қиялынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы, олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Ұлттық ою-өрнек түрлері. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Бұл жерде 200-ге тарта түрлерімен жас ұрпақты кеңірек таныстырып және өю-өрнектердің кейбір заттық ұғымдарын еске салып, олардың кейінгі жастар үшін де түсінікті бөлу жағын қарастырдық. … Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күні кейбір облыстардағы «қошқармүйіз» өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен. «Ырғақ», «сағат бау», «түйетабан», «жүрекше», «қазтабан» деп аталатын әдемі өрнектерді кейбір облыс шеберлерінің орындауында олқылықтар бар. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылтып, оны әдемілігіне жеткізе жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз қажет. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің негізін іздестіру ісінде Т. Қ. Бәсеновтың «Орнаменты Казахстана в архитектуре» деген кітабы көптеген құнды материалдарға толы. Автор ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр-түрге ажыратады. Мысалы, «арқармүйіз», «қырық мүйіз», «сыңармүйіз», «қармақ», «ырғақ», «қошқармүйіз», «жапырақ», «гүл», т. б.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс VI.Жаңа материалды пысықтау.
1. Сиқырлы тақтадағы оюларды көрсете отырып, түрлерге бөліп атауларын атап айтады. (интерактивті тақтамен жұмыс)
2. Қазақстанда қайсы бір түстің символдық мәні бар: (мольбертпен жұмыс)
Көк түс-аспанның символы, сары түс-оттың,күн көзінің,қайғы мұңның символы, қара-жер символы, жасыл түс-жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстердің бірімен бояғанда, оған белгілі мән беріледі.
3. Ойын»Тапқырлар»
Ойын «Тапқырлар» деп аталады. Ойынның шарты: Сіздердің алдарыңызға ою-өрнектердің композициясы — ою, жұмбақ, мақал-мәтелдер тапсырма ретінде беріліп жазылған.
Ойыншылардың мақсаты: композицияның ішінде әр-бір жануар,немесе кейіпкерлерге өздерінің түстерін тауып, берілген тапсырманы орындап, төмендегі берілген бөлшектерді (торларды) үйлесімді түстерімен белгілеп бояу.
Қорытынды: өтілген сабақтар бойынша сұрақтар қойылады.
1.Ою түлерін ата? (геометриялық,ғарыштық,өсімдік және жануар тектес).
2.»Композиция» сөзі қандай ұғымды білдіреді? (көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі «композиция» деп аталады).

Үйге тапсырма Мәтінді әңгімелеу 207-208 бет
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 26
Сабақтың атауы Өрнектерді құрудың композициялық схемалары
Мақсаты Оқушыларды әр түрлі өрнектерді құрудың композициялық негіздері жайлы түсіндіру, білімділігін арттыру
Халқымыздың бейнелеу өнері шеберлерімен және олардың еңбектерімен таныстыру. Сурет салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың шеберлігін ұштау.
Күтілетін нәтиже Оқушылардың қазақ халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттырып, пәнге деген қызығушықтары дамыйды
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Кескіндеме дегеніміз не?
2. Графика дегеніміз не?
3. Мүсін өнері. Ол қандай өнер?
4. Қолөнер дегеніміз не?
5. Сәулет өнері дегеніміз не?
6. Дизайн дегеніміз не?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
IV. Мақсат қою кезеңі. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану V. Жаңа сабақ.
Қазақстанда сәулет өнеріндегі ең негізгі безендіру құралы ою-өрнек болып табылады .Қазақ халқының кез келген оюшы , он саусағынан өнер тамған шебер болғаның осы ою-өрнектер түрінен көріп бақылау қиын емес.Қазақта ою-өрнек көптеп саналатының ғалым зерттеушілер еңбегінен білеміз. Сурет салудағы сызықтардың өте шебер де әсем берілуін ою-өрнектерді шимайлап сызып , көп жаттығулар жасаудың нәтижесінде алуға болады. Өрнектер , арабеск , гротеск , оюлар ырғақты ұйымдасу мотиві
негізінде құрылады. Ою-өрнек өнерінің тамыры өте тереңде. Жануарлардың терісінен , ішектерінен өсімдік сабағынан тоқу , өру жұмыстары тоқымашылық өнерінің келіп шығуына , әр түрлі өрнекті суреттер мен бейнелеудің пайда болуына әсер етті. Өрнектер бұйымының материалы , пішіні , функциясымен байланысты , сонымен қатар көркем бейнені өзінің тілімен , өзіндік заңдылықтарымен , композициялық принциптерімен бере алатын ғажайып қасиеті бар.Кейбір жағдайда өрнек өзіндік құндылығы бар көркемдік феномен болып табылады.
Өрнек түрлерінің бірқатар тобымен таңысу.
-Фактуралық топ –бұл өрнек түрлерінің ең қарапайым табиғи, табиғатта кездесетін / ағаштың , тастың табиғи фактурасы/ .
— Техникалық топ- бұл технологиялық қарекеттердің нәтижесі / қамшы өру, арқан есу, жіп иіру/ , сондай ақ суретшінің қалауымен заттың , нәрсенің бетін көркемдер әрлеу / ағаш , металл , керамика , тас , терінің фактуралық өнделуі/.
Символикалық өрнектер қазіргі заманда өте шапшаң дамып келе жатыр, бұл фирмалық белгілер эмблемасы , сандар мен әріптердің информатикалық жүйесі және т/б.
Фирмалық белгі . Өрнектедің тағы бір тобы геометриялық топ , бұл өрнектің пайда болу кезінің алғашқы негізін құрушы топ. Геометриялық топтағы өрнектер ылғи да көркемдік – ырғақты қасиеттермен шектелген.
Әр бір халықтың өзіне тән , өзіне ғана түсінікті бейнелеу хабарлау тарихы бар.Ежелгі өнер тарихында меандраны бейнелеу бір өзен ағысының бұралаң арнасын көрсетуге бағышталған. Қазіргі кезге дейін ең көп тараған өрнек түрі өсімдік өрнегі түрі болып табылады. Өсімдік өрнегін өнер шығармасы үшін ағаштар немесе өсімдіктердің шешек атып , гүл жарған шағы , оның құрылым негізі болып табылады деп айтуға болады.
Бұйымдық өрнек түрлеріне қайта дәуірлеу кезеніндегі БАРОККО , КЛАССИЦИЗМ , белгілі өрнекті натюрморт жатады :
астральді өрнек түрлеріне галактика- Ай , Күн , Жұлдыз , Комета,Жер ғаламшарлары жатады;
Гротеск деп бірнеше өрнек түрлерін аралас түрде бейнелеуді айтады. Суретші палитрада бейнелі және композициялық мүмкіндіктерді пайдаланып жұмыс жасайды.
Қазіргі заманда компьютерлік графикасы мен теледидар көрсетілімдері бұрын-сонды болмаған аралас өрнек пен көркемдік оюларды іске асырып жатқанды мәлім.
Гротеск жұмысында өрнектер мотивінің біреуі басты рөл атқарып , қалғандарын иерархиялық жолмен орналастыру орындалуы тиіс. Ою-өрнекті салуды жақсы меңгерген адам долбыр жасауды да жақсы меңгеретіні белгілі.
Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық,
Қолды қолға ұрайық,
Әсем сурет салайық
Әдемілеп бояйық.
Оқушылар іс әрекет қимыл қозғалыспен және сурет салудың алдында хормен айтады.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс .Өздік жұмыс:
Балалар енді орнымызға жайғасып суретмізді салуға кірісейік. Бүгінгі сабақта біз өрнек түрлерін бейнелейтін боламыз.Өрнектердің негізгі кезеңдерін және оның конструкциялық элементтерін бейнелейміз. Ең бірінші қағаз бетіне дұрыс үйлестіреміз. Әр заттың конструкциялық ерекшелікерін естен шығармаймыз. Жай қарындашпен негізгі суретті орындаймыз. Қате жерлерін өшірігішпен өшіреміз. Оқушылардың салған суреттерін аралап жүріп тексеріп, көмек керек оқушыларға көмектесемін. Жұмыстармызды аяқтағанан кейін көрмемізді ұйымдастырамыз, бағалаймыз.
5Жаңа сабақты бекіту: Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Өз біліміңді тексер» атты сұрақтарға жауап берейік.
1.Үйлестіру деген не?
2.Қатені түзет: Кескіндеменің басты әсерлегіш құралы-штрих, бояу дақтары.
3.Артық сөздерді алып таста:«Негізгі түстер: қызыл, сары, көк, жасыл».
4.Өрнектердің ерекшеліктері?
5. Фактуралық топ д/з не?
6.Техникалық топ д/з не?
7. Фирмалық белгі д/з не?
8. Гротеск д/з не?
.Сабақты қорытындылау:Бүгінгі сабақтың негізгі түйінін қорытындылайтын болсақ. Балалардың сурет салу деңгейі олардың суреттке деген қызығушылығы сабақ үстінде көрініп отырды.

Үйге тапсырма Әңгімелеу 208-210 бет
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 27
Сабақтың атауы Киіз үй
Мақсаты Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің түрлері және қазақтың шағын мұражайы атанған киіз үй жайлы толық түсінік беру, өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау, оқушылардың ой-өрісін, елестету қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже Біледі, түснеді және шығармашылық жұмыспен айналасуда пайдаланады
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып
бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа
дайындау
Ешкінің мүйізінен, — деп жауап берген болатын. Сол сияқты «Апамның киізінен» деген сөзге зейін салып көрсек, біздің ата-бабаларымыз өмір сүру үшін пайдаланған киіз үй жайлы толық мағлұмат алып, оны өзіміз бейнелеп үйренсек өздеріңненде өнерлі адамдар шығады деп сенемін. Олай болса балалар экранға қарап киіз жайлы толық мағлұмат алайық, және киіз үйдің құрылысымен танысайық.Олар;Кереге, уық,шаңырақ,сықырлауық

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Киіз үй — «Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата — бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй — тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән — маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен — жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы — бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз.
Тез жығылып, тез тігілетін киіз үй түйе мен атқа арту арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін қабаттап киізбен қаптап, іргесін көміп, ошақ асып, от жағып, жазға дейін отыра беруге болады.
Киіз үйді Қазақстандықтардың жер сілкінісі болған жерлерге көмек ретінде жіберілген. Киіз үй бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай, Қазақстанның ауыл шаруашылықты аудандарында қолайлы жазғы баспана ретінде әлі де пайдаланып келеді.
Ал XII — XIII ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда, Ақ орда, Көк орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш. Уәлиханов айтқан.
Киіз үй – қазақ халқының шағын мұражайы деп те текке айтылмаса керек. Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік, сақина, бойтұмар және тағы басқа бұйымдардың барлығын осы киіз үйдің ішінен көруге болады.. Қазақ халқы «Өнер — өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші өнер өмірмен бірге ұрпақтан — ұрпаққа ұштасып келеді.
Біздің Қазақстанның алғашқы да атақты суретшіміз Әбілхан Қастеев «Өнерді қайдан үйрендің?» — деген сауалға:
Таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен, — деп жауап берген болатын. Сол сияқты «Апамның киізінен» деген сөзге зейін салып көрсек, біздің ата — бабаларымыз өмір сүру үшін пайдаланған киіз үй жайлы толық мағлұмат алып, оны өзіміз бейнелеп үйренсек өздеріңнен де өнерлі адамдар шығады деп сенемін. Олай болса балалар экранға қарап киіз жайлы толық мағлұмат алайық, және киіз үйдің құрылысымен танысайық. Олар; Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық
Киіз үйдің есігі – «Сықырлауық»
Киіз үй есігінің құрылысы: 1 — маңдайша; 2 — босаға; 3 — сықырлауық; 4 — жақтау; 5 — табалдырық.
Киіз үйді құрып болған соң, киізін жабады. Киіз үйдің жабуы 4 — түрлі киізден тұрады.
Олар; туырлық — керегені жабады, үзік — уықтарды жабады, үзік киіздерден тұрады, түндік – шаңырақты жабады, киіз есік — сықырлауықтың үстіне жабылады. киіз үйдің сырты ою — өрнектермен әшекейленеді.
Оқушылармен жұмыс.
Ал енді балалар киіз үйдің сыртқы көрінісін қағаз бетіне сауатты бейнелеп үйренеміз. Киіз үйдің пішіні шеңбер тәріздес, төбесі күмбез тәріздес екеніне назар аударамыз.

.Киіз үй суретін оқушыларға салғызу.
Киіз үйдің сүйектері, жабдықтары, бұйымдары және түрлеріне байланысты постер қорғату
Барлық топ киіз үй туралы белгіленген уақыт ішінде флипчартқа жазып шығады және қорғайды.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Ал енді балалар киіз үйдің сыртқы көрінісін қағаз бетіне сауатты бейнелеп үйренеміз.Киіз үйдің пішіні шеңбер тәріздес, төбесі күмбез тәріздес екеніне назар аударамыз.
: Жұмбақ шешу
Қаз қанатын жайды,
Үйрек мойнын созды,
Төбесіне аққу қонды. (Қаз-?,Үйрек-?, Аққу-?)
Сабақты қорытындылау.
1.Киіз үйді кімдер пайдаланған?
2.Киіз үйдің қасиеті қандай?
3.Киіз үйдің қаңқасын ата?
4.Киіз үйдің жабулары қалай аталған?
5.Шаңырақ дегеніміз не?
6.Шаңырақ мемлекеттік қай рәмізде бейнеленген?
7.Киіз үйдің есігі қалай аталған?
Оқушылардың бейнелеген жұмыстарын тексеріп талдау, жетістігі мен кемшілігіне тоқталу. Біткен жұмысты бағалау.

Үйге тапсырма Қайталау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 28
Сабақтың атауы Қазақтың ұлттық киімі
Мақсаты оқушылардың сәндік қолданбалы өнері жайында білімдерін толықтыру, қазақ халқының ұлттық киім үлгілерімен,түрлерімен таныстыру…
Күтілетін нәтиже Оқушылар тақырыптың жалпы сипаттамасы туралы түсініктерін дамытып, оқып үйренеді.
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
2.Киіз үй жабдықтарын ата?
3.Ісмер дегеніміз не?
4.Ою — өрнектер неше топқа бөлінеді?
5. Аңдарың дене бітіміне байланысты өрнектер.
6. Құстарға байланысты өрнектер.
7. Жер — суға байланысты өрнектер.
8. Аспан әлеміне байланысты өрнектер.
9. Түрлі жәндіктерге байланысты өрнектер.
10. Адам қаңқасына байланысты өрнектер.
11. Қару — жарақтарға байланысты өрнектер.
12. Геометриялық өрнектер.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Қожанасырды үй иесі
неліктен құрметтемеді?Екінші рет не үшін сыйлады?
IV. Мақсат қою кезеңі.
Сөзжұмбақ «Ою — өрнек»
1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)
2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)
3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)
4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)
5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )
6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)
7. Бір түсті бояу, қарындаш, көмір, т. б бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма. (Графика)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану VI.Жаңа материалды пысықтау.

Қазақы киім көненің көзі. Қазақ киімдері көп, үлгісі де көп. Кейбірінің сырт көріністерімен атаулары өзбек, қырғыз ағайындардың киімдеріне ұқсас болғанымен, біздің халықтың киім пішіндері мен нақыштары өзгеше.
Қазақ киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық — сәндік деп екіге бөлуге болады. Біріншісі арзанқол, бірақ шаруа жұмысқа берік, қарапайым үлгіде тігілсе, ал екіншісі бағалы, көргенде көз тартатын әдемі, сапалы маталармен сәнді пішіліп, үлгісіне лайық безендіріліп әсем тігіледі. Жалпы алғанда, қазақы киімдер етек
І Топ басшысы «Ұлттық бас киім»,
ІІ топ басшысы «Ұлттық киімдер»
ІІІ топ «Ұлттық аяқ киім» тақырыптарындағы дайындаған мәліметтерін слайд арқылы айтып шығады.
«ЖИГСО»стратегиясы
Оқушыларды 1,2,3 сандарына санау арқылы жұмыс тобына бөліну.
Постер қорғау:І топ. Бас киім. Бөрік Тымақ Сәукеле Тақия
ІІ топ. Киім Шапан Тон, ішік Кимешек Көйлек Қамзол Жейде Шалбар
ІІІ топ. Аяқ киім Мәсі Кебіс Әйелдер етігі Ерлер етігі
«Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы.
Практикалық жұмыс: топқа тапсырма беру.
1 жұп: Ер адамның сырт киімдерін бейнелеу.
2 жұп: Әйел адамның сырт киімдерін бейнелеу.
3 жұп: Қазақтың ұлттық бас киімдерін бейнелеу.
жұмбақ шешу.
1. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. /киім/
2. Дорбаға тығып бас жағын,
Байлай салдым бас жағын. /тымақ/
3. Іші егіс, сырты тегіс. /тон/
4. Аузы бір құбыр. /шалбар/
5. Дөңгелек өзі, төртеу көзі,
Ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан. /түйме/
6. Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге. /сәукеле/
«Қолөнер» сөз жұмбағын шешу.
1. Дөңгелек шеңбер етіп иілген, киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі?
2. Жеңсіз жеңіл киім?
3. Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі бұйым?
4. Жеті түрлі дәнді — дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас?
5. Сурет салып тоқылған киім?
6. Нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек?
7. Теріден жасалған, қымыз құятын ыдыс?
. Семантикалық карта.
Р/с Киімдер Бас киім Аяқ киім қолөнер
1 Кимешек
2 Сәукеле
3 кебіс
4 мәсі
5 Ою-өрнек
6 тымақ

«Қарлы кесек» әдісі. 2 минут
І топ ІІ топ.
ІІІ топ

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс

1.Ақ қалпақ-ұлттық киімдердің мәнін ашады.
2.Қызыл қалпақ- киімнің тарихи маңыздылығы
3.Қара қалпақ-ұлттық киімді толықтырып, қайта қарастыратын кемшін тұстарына ұсыныс жасау.
4.Сары қалпақ-Ұлттық киімнің үш тиімділігін айту
5.Жасыл қалпақ- Ұлттық киімді өрбітуге ұсыныс
6.Көк қалпақ-.ұлттық киім туралы түйін
Сұрақтары:
1) әйелдер де, ерлерде киетін бас киім
2) Ерлердің қыстық бас киімі
3) қалыңдық бас киімі
4) жас келін балалы болған соң киетін бас киім
5) тұрмыс құрмаған қыз балалар киетін бас киім
6) орамал тәрізді тоқылған бас киім
7) Елбасы, ел ағалары киетін қалпақ түрі
Слайд: «Бас киім түрлері» тірексызбасын шешу.
Сабақты қорытындылау: «Ой толғаныс»

INSERT әдісі бойынша сабақты қорытындылаймын. Жұмыс аяқталған соң топ басшысы өз тобының жұмысын қысқаша талдап қорғайды.

Әр топ басшысы кестені толтырадыБілемін Үйрендім Білгім келеді
-әр оқушы смайлик арқылы өзінің сабақтан алған көңіл күйін білдіртеді.
Үйге тапсырма Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 29
Сабақтың атауы Керамика
Мақсаты Оқушыларға керамика өнері туралы мәлімет беру. Керамика өнерінің көне заманнан бері келе жатқан өнер екендігін, және қазіргі заман керамикасы туралы түсіндіру

Күтілетін нәтиже Қарындашпен жұмыс істей білуге үйренеді.
Өз ойын еркін жеткізе біледі.
Бояумен, қағазбен жұмыс жасай біледі.
Тақырыпты меңгереді
Өз-өзін бағалауды үйренеді.
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)
2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)
3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)
4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)
5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )
6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)
7. Бір түсті бояу, қарындаш, көмір, т. б бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма. (Графика)

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. туралы сұрақ-жауап жүргізу.
IV. Мақсат қою кезеңі.. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану V. Жаңа сабақ.

ҚҰМЫРА, ВАЗА, ТӘРЕЛКЕ, АДАМДАР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ ШАҒЫН МҮСІНДЕРІ, СОНЫМЕН ҚАТАР ҚАБЫРҒАЛАРДЫ СӘНДЕУ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ. СЛАЙД №2
КЕРАМИКАДАН ЖАСАЛҒАН СЫЙЛЫҚ ОЙЫНШЫҚТАР,ҚҰМЫРАЛАР, ТӘРЕЛКАЛАР, Т. Б. ЗАТТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР СУРЕТТЕРІН КӨРСЕТУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ.
ҚҰМЫРА КӨЗЕ ЖАСАУ ЖОЛДАРЫМЕН ОҚУШЫЛАР ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ. ҚОЛДЫҢ ҚИМЫЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛЕДІ. ЖАСАЛҒАН ЫДЫСТАРҒА БОЯУЛАРМЕН САЛЫНАТЫН НЕШЕ ТҮРЛІ ОЮ –ӨРНЕКТЕР, ЖАНУАРЛАРДЫҢ СУРЕТТЕРІ. СЛАЙД № 4
ЫДЫСТЫ ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ. АЙНАЛЫП ТҰРАТЫН ҰРШЫҚША ЫДЫСТЫ НАҚТЫ БІР ПІШІНГЕ КЕЛТІРІП ШЫҒАРАДЫ. СЛАЙД № 5

АДАМДАР ЕРТЕ УАҚЫТТАН БЕРІ САЗ БАЛШЫҚТАН ӘР АЛУАН ЫДЫСТАР ЖАСАҒАН. ОЛАР БАСТАПҚЫ КЕЗДЕ САПАСЫЗ ЖАСАЛЫП, ТЕЗ СЫНАТЫН ЖӘНЕ ІШІНЕ СУ ӨТКІЗЕТІН. УАҚЫТ ӨТЕ КЕЛЕ АДАМДАР САЗ БАЛШЫҚТЫ ЫДЫСТЫ КҮН КӨЗІНЕ КЕПТІРІП, ОДАН КЕЙІН КҮЙДІРУДІ ҮЙРЕНДІ.
№№

№КӨРСЕТІЛЕДІ. СОНЫМЕН ҚАТАРҚҰМЫРАНЫМЫРА, ВАЗА, ТӘРЕЛКЕ, АДАМДАР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ ШАҒЫН МҮСІНДЕРІ, СОНЫМЕН ҚАТАР ҚАБЫРҒАЛАРДЫ СӘНДЕУ ҮШҚҰМЫРА, ВАЗА, ТӘРЕЛКЕ, АДАМДАР МЕН ЖАНУ АРЛАРДЫҢ ШАҒЫН МҮСІНДЕРІ, СОНЫМЕН ҚАТАР ҚАБЫРҒАЛАРДЫ СӘНДЕУ ҮШІН
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс VI.Жаңа материалды пысықтау.
VII.Бекіту кезеңі.
Үйге тапсырма VIII. Үйге тапсырма. Ертегіні оқу, әңгімелеу, сурет салу. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 30
Сабақтың атауы Қазақ халық қолөнері мен шеберлері.Қазіргі заманғы сәндік өнер
Мақсаты Оқушыларға сәндік қолданбалы өнер туралы түсінік беру.Жас жеткіншектерге ұлттық өнер ерекшеліктерін сезіну қабілетінің қалыптасуына ықпал ету.
Күтілетін нәтиже Оқушылар қазақ қол өнеріне толық жұмысқа сипаттама беруді үйренеді. Жұмыс туралы мағлұматтарды игереді,
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Қима карточкалар
арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.Берілген
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану V. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі
-Қолөнер.
Қазақ халқының қолөнері — халық тұрмысымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ежелгі өнер. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Қолөнері түрлері көп. Жүннен, киізден жасалатын бұйымдар, өрмек тоқу, тері өңдеу, ши тоқу, кілем тоқу, ер- тұрман жасау, ағаш бұйымдары, кесте және көркем тігу, зергерлік өнер, т.б.Қазақ қолөнері ғасырлар бойы көркем ой,халық талғамымен үздіксіз дамып келеді.Халық шеберлерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде өз жалғасын тауып келеді.Көне дәстүрлерді көздің қарашығындай сақтап және байыта отырып,халықтың көркем қөленер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып,үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды.Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі:әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, қолдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Халықтыңмәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық қолөнердің озық үлгілері әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды. Бұл саланы ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Атап айтқанда: академик Ә.Марғұлан, зерттеуші этнографтар С.Қасиманов, Ө Жәнібеков, Х.Арғынбаев, т.б
Қай халықтың болса да тұрмыс- тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болды. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше.
Қолөнер турлері :
Шебер:
Шебер -ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам. Қазақ халқының шеберлері де өнерге өзіндік үлестерін қосып келеді. Ағаш шеберлерінің ағаш бұйымдарын дайындаудағы өнері ең жоғарғы дәрежеде дамыды.Жержыртушылар мен мал бағушылар үшін де бұйымдар дайындалды. Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының аталатын орны ерекше. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай «үйші» , «ерші» ,«арбашы» ,«ұста» сонымен қатар « оймашы» деп даралады.Ағаш өңдеу өнерінің ішіндегі аса іскерлік пен қыруар еңбекті , шынайы талғамды керек ететін түрі- киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер ісі. Мұны халық тілінде «үй басу» деп те атайды. Киіз үй сүйегі, яғни кегесі мен уықтары , көбінесе, өзен жағасында өсетін әр түрлі талдан жасалады. Тал , халық тәжірбиесі бойынша , киіз үй сүйегін жасауға ең қолайлы ағаш түрі деп танылған. Әрине халық музыка аспаптарын жасауда ыңғайына қарай әр алуан ағаш түрлерін. Пайдаланған. Қол өнер бұйымының түрі өзгеруіне байланысты оған қолданылатын ағаштың түрі де өзгерген. Ағаш өңдеуде ескертілетін ең басты ерекшелік оның кесуге, сургілеуге, тесуге ткемділиги, июге көнгіштігі, бояу сіңіргіштігі, яғни ыстық пен суыққа шыдамдылығы болып табылды. Қазақхалқының кунделікті турмыста пайдаланған ағаштан жасалатын үй іші жиһаздары (мебельдері) мен ыдыс-аяқтары да көш-қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп жасалды. Ағаштан жасалған үй іші жиһаздарының құрамына төсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже, сандық, саба аяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш шелек, келі, келсап және тағы да басқада көптеген бұйымдар кірді. Аса шебер ұсталар ағаштан жасалатын үй бұйымдарының беттеріне ою ойып, түрлі түсті бояулармен өрнек салып, әсемдеумен бірге сүйекпен, әр түрлі металдармен, түрлі тастармен, шынылармен көркемдей білген.
Ұсталық өнер:
Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Ұсталық пен зергерлік өнер әр түрлі металдардан сан алуан үй бұйымдары, сәндік әшекейлер жасаумен байланысты. Қазақстан жерінде мыс, жез, темір және күміс сияқты металдардан бұйымдар жасау ісі өте көне замандардан басталады. Сонау сақ, үйсін, ғұн мәдениетінен бастау алып, көне түріктердің жалғастырумен біздің заманымызға дейін жетті. Темірді олар тәңірдің берген сыйы деп қараған. Өзге де түркі халықтары сияқты қазақтардың да дәстүрлі мәдениетінде ұста және ұсталық өнерді киелі деп санаған. Күні кешеге дейін ұсталарға ерекше құрмет көрсетіп, төрден орын берген. Содан бері ұсталар мен зергерлер ісінде сан қилы жағдайларға байланысты даму мен тоқырау кезеңдер де болды. Соған қарамастан ұсталар мен зергерлердің дәстүрлі өнері біздің заманымызға дейін жетіп отыр.
Қазақ мемлекеті құрылғаннан бері ұсталық өнер аса жоғары бағаланды. Орасан кең байтақ өлкені қолда ұстап, оған ие болу үшін ұсталық өнердің маңызы зор еді. Әсіресе қару-жарақ соғатын шеберлердің бедел мәртебесі биік болды. Ерекше берік болаттан қазақтың халық эпосында алмас қылыш атанған қайқы қылыштар жасалған. Халық шеберлері темірден жасалған кейбір үй бұйымдарын да әдемілеп көркемдеуге тырысты. Олардың қынабы мен сабына қымбат тастар орнатылып, қынаптары түрлі беделдермен, мысалы, қыран бүркіттің бас тұлғасымен безендірілген. Қара, немесе қызыл былғарыдан жасалған қынабы күміспен не қоламен көмкеріліп, алуан бедерлер салынған. Ұсталардың қажетті құрал саймандарына-көрік төс, балға, шапқы, сапты шапқы, тескіш, қысқаш, көсеу, қайшы, металл балқытатын ыдыстар т.б. Жалпы сондай қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт сайман дасаумен шұғылданатын адамды халық ұста деп атады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап найза, айбалта, қылыш, мылтық сияқты соғыс қару-жарақтарын жасату күрт сиреді. Өйткені, қазақтардың көрші елдермен достығы нығая түскен-ді. Қазақ қару-жарағын қайтадан қалпына келтіру үшін қадым заманнан келе жатқан теңдесі жоқ мол қазынамыз- ауыз әдебиеті мен батырлар жыры, термелер мен аңыздар, халық әндерінің сөздері, шетел саяхатшыларының жазбалары, мұражайларда сақталған жәдігерлердің маңызы аса зор. Көне қайнар көздерден қарудың аттары, оларды пайдаланудың құпиялары, қару соғудың қазақ ұсталары қолданған тәсілдерін білуге болады. Қазақ қаруларының толық тізімін алғаш жасаған- даңқты ғалымымыз Шоқан Уәлиханов. Қазақ эпостарында қару-жарақ айқын да нақты бейнеленіп, жауынгердің жан серігі ретінде суреттеледі. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларында, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында бағалы ақпарат, деректер бар. Қазақ халқының бізге жеткен мол мұрасы- бүкіл адамзаттық мәдениетке қосылған үлкен үлес. Біздің парызымыз- осы жоғалып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның отын өшірмеу.
Ісмерлік өнер:
Ісмер- ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.
Тігіншілік өнері әйел мен ерлер киімдерін және түрлі сападағы киімдерді тігуде кең көлемде қолданылып келеді. Киіз үйлерді құрудағы ішкі көркемдік әшекейлеу жұмыстарына үлкен мән беріліп отыр. Қазақ халқының кесте өнері біз кесте, айқас тігу, айқыш- ұйқыш тігу, қайып тігу болып бөлінеді.Жалпы кесте біз кесте шым кесте және әредік кесте деп екі түрге бөлінеді. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне бізбен өткермелеп шалу арқылы тігіледі. Әредік кестеде материалдың бетіне бізбен өткермелеп шалу арқылы тігіледі. Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп бөлек-бөлек өрнек салынады. Жалпы ісмерлер деп ұлттық киімдер мен көрпешелер тігумен және төсеніштер,сырмақ,кілем тоқып,киіз басу сықылды қолынан іс келетін адамдарды айтады.
Сырмақ-екі түсті киізден оюланған немесе үстіне мата оюластырылған,тігістеріне жиек басып сырған әшекейлі төсеніш. Сырмақ бетіндегі сан қилы сәнді өрнектелген қарасақ, халық өмірінің шежіресін көргендей боламыз. Әр аймақтықң жергілікті жағдайында, дәстүріне байланысты сырмақ әр қалай өрнектеледі. Сырмақтар көлемі мен орналасуы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Олар:төр сырмақ, төсеніш сырмақ, төсек сырмақ, тізе сырмақ, т.б. сырмақтың ою орнектері де оның тұрмыста қолдану мүмкіндіктеріне байланысты әр алуан болып келеді. Негізінен әлуметтік турмыс жағдайымыздың жаңаша сипатқа өзгеруіне қарай олардың көлемі де әр түрлі болып жасалуда. Оның үй ішінде қолдануда дизайндық ерекшелігіне баса назар аудар аудару керек.
Кілем тоқу –тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеден белгілі, ел арасында кең тараған, дамыған өнер. Кілем түкті және тақыр кілем болып екіге бөлінеді. Түкті кілемді тоқу асқан шеберлікті қажет етеді. Жүнді өрмек жібінен сәл жуандау етіп,бірақ бос иіру керек. Түкті кілем тоқу, әсіресе сыр бойында, оңтүстік аудандарда кеңінен дамыған. Тақыр кілем – жібі терме алашаға иіргендей ширатылған түксіз кілем. Тақыр кілем өрнегіне өз атынан-ақ көрініп тұрғандай түк салынбайды, кілем түріне арналған жіп, желі жібіне ұқсас иіріліп, ширатылады.
Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Гобелен өнерінің шығу тарихы XV ғасырдан басталады. Гобелен дегеніміз – сурет салып тоқылатын кілем. Оны қазіргі кезде тәжірбиелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы – суреті мен колорттік түстерінде.
Зергерлік өнер:
Зергер – алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар.
Қазақтың ұста, зергерлері көркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, термелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын – күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асыл тастардан көз салынған шолпылар мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер – міне осының мысалы. Халық шеберлері сәндік күміс бұйымдары жасауда көптеген зергерлік тәсілдерді қолдана білді.
Соның ішінде ең кең тараған тәсілдер: отқа қыздырып соғу, балқытылған металды қалыпқа құю, кептеу, темір бетіне күміс шабу, сымкептеу, жұқва күміс әшекейлердің астынан бедерлі қадаубастармен батыра ұрып бедерлеу, бізбен бізу, күмістеу, алтындау, дәнекерлеу, оймалау, асыл тастардан көздер орнату және тағы басқалары. Кез келген күміс, алтын бұйымдардың беттеріне әр түрлі асыл тастар мен түсті шынылар орнату тәсілін қазақ зергерлері жиі қолданды. Ал сол бұйымдарға көз салып әсемдеу үшін қолданылатын асыл тастардың түрі көп. Оның ішінде гауһар, лағыл, інжу, сутас(хрусталь) сияқты аса бағалы тастармен қоса, ел ішіне кеңінен тараған маржан, меруерт және түрлі түсті шынылар жиі қолданылады.
Енді осы қолөнер түрлерімен айналысатын қолөнершілермен танысып өтелік:
«Адасқан сөздер» ойыны
Сөздерді ретімен орналастырып мақал- мәтелді құрастыру(Тақтада сөздер ретсіз орналасып, ілінеді. )
Шешенің сөзі мерген , ісіне сен, күшіңе сенбе , шебердің көзі мерген.
Дұрыс жауабы: Шешенің сөзі мерген, шебердің көзі мерген
Күшіңе сенбе , ісіңе сен.
Сабақты бекіту:
Бейнелеу өнерінің түрлерін ата:

2. Қолөнер түрлерін ата:

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс VI.Жаңа материалды пысықтау.
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.
1.Ағаштан жасалған ыдыс
А) саба
Ә) сандық
Б) келі-келсап
2.Ағаштан жасалған бұйымдар
А) кебкжк, сандық
Ә) балға, төс
Б) қоржын, аяққап
3. Әсемдік бұйымдар мен жиһаздарды безендіруге қолданылатын ұлттық өнер:
А) сәулет өнері
Ә) сәндік қолданбалы өнер
Б) дизайн
4.Зергерлік бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?
А) сәулет өнері
Ә) дизайн
Б) қолөнер
5. Ағаштан жасалған заттарды, ыдыс-аяқтарды кімдер жасайды?
А) зергер
Ә) шебер
Б) ісмер
6. Ісмер деген кім?
А) ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.
Ә) қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Б) ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар
В) алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар
7. Ұста деген кім?
А) ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.
Ә) қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Б) ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.
В) алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар.
VII.Бекіту кезеңі.
Үйге тапсырма Ертегіні оқу, әңгімелеу, сурет салу.
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім С абақ 31
Сабақтың атауы Дымков ойыншықтары
Мақсаты Оқушыларды сәулет өнері түрлерімен таныстыру. Сәулет өнерінің түрлері мен типтеріне қысқаша тоқталып, сәулет өнерінің даму тарихымен таныстыру.
Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту. Сәулет өнері жайында алған білімдерін , дағдыларын нығайту. Есте сақтау, көрегендік қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже Сыни көзбен қарау дағдысын қалыптасады, ойлау дағдылары жетіледі,
үйренеді.
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау
1.Қазақ шеберлері ыдыстарды қандай материалдардан жасаған?
2.Қазақ ыдыс-аяқтарының атаулары?
Көрмедегі бұйымдарға қарап,бүгінгі тақырыбымызды ашамыз.
Сұрақ: Бұл жерде қай халықтың қолөнер туындылары тұр деп ойлайсыңдар?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Қима карточкалар
арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.Берілген
сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындату.
IV. Мақсат қою кезеңі.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану V. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі

Дымков кәсіпшілігі — Ресейдегі саз балшықтан ойыншықтар жасайтын ең ірі орталық. Әрине, бұл сөзсіз ең танымал және әйгілі кәсіпшіліктің түрі. Бұл кәсіпшілік Вятка деген ескі қалада орын тепкен. Бұрын ерте заманда Вятка тұрғындары көктемде «свястопласка» атты той жасайтын болған. Бұл мерекеге арнап көзешілер саз балшықтан жасалған ойыншық ысқыруықтар, дөңгелек сылдырмақтар әзірлеген. Кейінірек бұл кәсіп дами түсіп көлемді өнеркәсіп пайда болды. Ойыншықтар арнайы пештер мен ошақтарда күйдіріліп жасалынады. Сондықтан саз балшықтан жасалынған бұл ойыншықтар Дымков ойыншықтары («дымков» — түтін) деген ат алған. XX ғасырдың басында кәсіпшілік өзінің өндірісін тоқтатты. Оның орнына арзан гипстен жасалынған фабрикалық қуыршақтар шығарыла бастады. Бірақ Вятка қаласының тұрғындары сол кезде-ақ Дымков ойыншықтарын орыс мәдениетінің асыл бір бөлігі деп қастерлеп, оны ұлттық өнерге жатқызып сақтап қалды. Көзешілердің ойыншықтары әлі күнге өзінің оюларының анықтығы мен сұлулығын сақтап қалған. Көптеген элементтердің өзіндік мәні бар. Мысалы: (анықтауыш белгі) көк түсті толқынды сызықтар — су (=), үзілген сызықтар — кесілген бөрененің дөңес шеті, ортасында жұлдызшасы бар дөңгелек — Күн мен аспан жарықтары. Дымков ойыншықтарының өзіне тән үндестіктегі бейнелері деп су тасушы, күтушілер, гусарлар, үйректер, сиырлар, «Барыня» қуыршақтарын айтуға болады. Қазіргі таңда Дымков ойыншықтарын Вятка қаласының өзінде жасап шығарады. Ал қала шетіндегі көне Дымков өнеркәсібі ашық аспан астындағы мұражай болуы да мүмкін. Қазір Дымков ойыншықтарын жасайтын көзешілердің бірқатар талапты шәкірттері бар. Бұл жерде дәстүрдің сақталу заңдылығы айқын көрінеді. Сондықтан да әлі де болса Дымков ойыншықтары бізді өзінің түрлі түсті бояуларымен, жылылығымен қуантады және шығармашылық іс-әрекеттерге жетелейді.
Богород ойыншығы. Ресей жеріндегі Сергиево-Посада қаласы маңында, биік таудың ортасын Богород атты село жайлаған. Ежелден бері село тұрғындары ағаштан жасалған ойыншықтар мен мүсіндеу шығармашылығымен айналысқан. Тарихқа жүгінетін болсақ, богородский ағаш ою кәсібі ХVІ-ХVІІ ғасырларда пайда болған. Богород ойыншықтары мен мүсіндері ағаштың жұмсақ түрлерінен жасалынған. Жұмысқа арналған негізгі құралдар — балта, әр түрлі пышақтар. Мүсіншілер өздерінің ойларын таза, боялмаған ағашқа сала білген. Ойыншықтар арқылы біз орыс халқының өткен ғасырдағы өмірін көре білеміз. Мысалы: бикештер, шенеуніктер, гусарлар, шаруалар бейнесі. Қазіргі заман талабына сай, Богород селосында кәсіптік-техникалық мектебі ұйымдасқан. Оку орны барлық қажетті механика-техникалық құралдармен жабдықталған. Тәжірибелері мол ұстаздар жас шәкірттерді үйретіп, өнер жолына шақырады.
Гжель. Қазақстан Республикасы — көп ұлтты мемлекет. Қазақстан жерінде тұратын ұлттардың бірі орыс халқының көркем мәдениетіне тоқталып көрейік. Орыс халық қолөнерінің бірі — гжель өнері. Халықтық өнер өзінің ерекшелігімен, стилімен айқындалады. Солардың қатарына жұмбаққа толы тамаша керамика өнері де кіреді. Көп ғасырлар бойы Ресейде бұл өнер «гжель» деген атпен аталып келе жатыр. Қазақ өнеріндегі саз балшықтан жасалынған көзешілік өнері сияқты, бұл өнер түрі де дәл осы жолмен жасалады. Гжель бұйымдарының бояуы көк және ақ түсті болады. Бірақ бұл тамаша түстер ерекше қанық, мағыналы, қайталанбас көркем! Кез келген жанды қайран қалдыратын гжель өрнектері бір-біріне ұқсамайды. Оның әрбір салынған бөлігі бірін-бірі айқындап, әрлеп байыта түседі. Гжель бұйымдарының өрнектері көбіне өсімдік өрнектерімен әшекейленеді. Көк түстің өзі бірнеше реңктерге өзгереді. Мысалы: қою көк, кегілдір, ашық көгілдір немесе үсті ақпен боялған көк түс. Бұл дәстүрлі өнер түрі осы кезге дейін сақталып, өз мәнін жоймай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Ресейде арнайы «Гжель» атты жасөспірімдердің өнер мектебі жұмыс жасап, өз өнерлерін халыққа көрсетуде. Ресейдегі фарфор-фаянс жасайтын мекемелердің бәрі де гжелдік ыдыстарға еліктеушілікпен жұмыс жасаған. Гжель ыдыстарының көркемдік ерекшеліктері осы күнге дейін өзінің бір түсті көгілдір қолтаңбасын жойған жоқ. Қазіргі таңда Гжель мекемесі әр түрлі ыдыс-аяқтар, мүсіншелер, сәулет өнерінің бөлшектерін дайындаумен айналысады. XIX ғасырдағы Гжель керамикасының ұлттық дәстүрін көркем керамикалық Турыгин зауыты жалғастырып келе жатыр. Турыгин фарфор зауытының ыдыстары Гжель бұйымдарынан өзінің домалақ, көлемді формасымен, халық көзешілік өнері шеберлерінің жұмысын еске салатын ақ фон үстіне көк түсті қолтаңбасымен ерекшеленеді. Өзінің әсемдігімен көрермен көңілінен шыққан гжелдік бұйымдар Санкт-Петербургтегі «Орыс мұражайында», Мәскеудегі «Тарихи мұражайда» және «Халық өнері мұражайында» сақтаулы тұр.
1-топқа карандашпен салу,
2-топқа акварельмен салу,
3-топқа ермексазбен салу тапсырылады.Олар сол суреттердің композициясы,пропорциясы,түс реңктері туралы пікір алмасып,салыстыру арқылы бағаланады.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс Адасқан әріптер ойыны.
І-топ
Лызық(қызыл)
Ырқоң(қоңыр)
Ырса(сары)
ІІ-топ
Ғылтқыз(қызғылт)
Рұс(сұр)
Діргілкө(көгілдір)
ІІІ-топ
Лысаж(жасыл)
Көксия(сиякөк)
Гінкүл(күлгін)
Тест тапсырмасы
1. Богород ағаш ою кәсібі қай ғасырларда пайда болған?
А) XVI – XVII
в) XI – XII
с) XIX – XX
2. Богород ойыншығы қандай материалдан жасалады?
А) Жұмсақ ағаш
в) Саз балшық
с) қыш
3. Дымков ойыншықтары қай қалада жасап шығарылады?
А) Самара
в) Вятка
с) Ростов-на-Дону
4. Дымков ойыншықтары қандай материалдан жасалады?
А) Саз балшық
в) ағаш
с) металдан
.Қорытынды.
-Балалар,біз бүгін не үйрендік?
-Не білдік?
Үйге тапсырма Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
-Өзіңе пайдалы мәлімет алдыңба?
-Не қиын болды?
Оқушылар өз пікірлерін стикерлерге жазып,білім ағашына іледі.
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пәні Бейнелеу өнері Сабақ 32
Сабақтың тақырыбы Сәулет өнерінің түрлері мен типтері,стильдері
Сабақтың мақсаты
Білімділік

Дамытушылық

Оқушыларға жалпы сәулет өнері, тарихы туралы түсінік бере отырып, Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайындағы мәліметтерді ұғындыру
Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту. жаңа терминдерді ұғындыру.
Ұлттық салт дәстүрді, өмірді сүйе білуге тәрбиелеу. Шеберлікке, халық өнерін қастерлеуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білу.
Сабақ типі Жаңа оқу материалын меңгерту
Сабақтың түрі Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі Практикалық, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Пән аралық байланыс Әдебиет,тарих, мәдениет
Сабақтың көрнекілігі Ктаптар, плакаттар,
Сабаққа қажетті құралдар суретшілер шығармаларының жинағы, акварель, альбом, бояу қалам
Күтілетін нәтиже Тақырыпты түсініп оқуына орай ойын толық жеткізуге ,ауыз-екі сөйлеуге, тілдік қорлары дамыйды
Нені біледі?Нені үйренеді?
I. Ұйымдастыру бөлімі  Оқушылармен сәлемдесу
 Оқушыларды түгелдеу
 Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу
 Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Ой сергіту Ой бөлісу стратегиасын қолдану. Жұмбақ.
Су ішкенде табылар,
Қанып қалар шөліңіз.
Ас ішкенде табылар,
Ол не екен табыңыз? (ыдыс-аяқ)

Төбесінен қарасаң
Түбі құдық тәрізді.
Жан-жағынан қарасаң
Сұлу бейне секілді. (құмыра)

Ас келгенде алдыңа,
Ыдыс-аяқ жағалар.
Шай ішкенде алдыңа
Қандай ыдыс қоланар? (кесе)

Оқушыларға сәулет өнері туралы мәлімет беру
Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлемін.
Бейнелеу өнеріндегі негізгі түстер атауымен атаймын, олар —
1 топ — көк түс
2 топ — қызыл түс
3 топ — сары түс
Қораптан карточкалар алынып, әрбір топтың жетекшісі сұрақтарды өздері таңдап алып, тобымен бipre дайындалады. Қай топ дайын болса, сол топ жауап береді. Дайындалуға 2 — 3 минут уақыт беріледі. Топ жетекшісінде бағалау парағы бар, сол бойынша жауап берген оқушыларды бағалап отырады. дұрыс жауапқа 5 ұпай. қате жауапқа ұпай қойылмайды.
Әр топ 2 сұрақтан алады
1. Пейзаж өнері деген не? Слайд — табиғат көрінісін бейнелеу
2. Перспектива деген не? жақындағы заттар үлкен, ал алыстаған сайын кішірек болып көрінеді
3. Перспектива түрлерін ата. Сызықтық және ауа
4. Табиғат деген не? Бізді қоршаған орта
5. Акварель қандай бояу. Суға тез еритін
6. Гуашь қандай бояу. Суға жақсы езіліп қою жағылатын
7. Жылы түстерді ата. сары, жасыл, қызыл
8. Суық түстерді ата. көк, күлгін, сұр.
IV. Жаңа сабақ

Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрлыстар, сондай — ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын -«сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрылысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек» деген. Олар:
а) беріктік — инженерлік есеп;
ә) қолайлылық — тұрмыс жағын білуге байланысты;
б) әдемілік — талант — талғамға байланысты.
Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан сәулет өнері де адамдардың талғамына қарай дамып отырады. Сіздер білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Олар үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан — ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады.

VI. Практикалық жұмыс Сәулет өнерінің суретін салу
Практикалық тапсырма: Оқушыларды екі топқа бөлу.
1-топ: Сәулетшілер тобы. Бұлар үйді жобалайды, яғни әдемі зәулім үйдің суретін салады.
2-топ. Құрылысшылар тобы-Бұл топ үй тұрғызады, яғни түрлі-түсті қағаздан үйдің суретін қиып құрастырады. Жақсы орындалған жұмыстар көрмеге қойылады.
Сабақты бекіту. Оқушылардың бүгінгі тақырыпты меңгерулерін тексеру.
Бекіту сұрақтары: Сәулет өнері деп нені айтады.
Сәулет өнерінің түрлері.
Біздің мектебіміз сәулет өнерінің қай түріне жатады.
Сәйкестендіру тест.
1. Қоғамдық ғимараттар Теңіз порты, вокзал, метро
2. Өнеркәсіптік Қалалық, ауылдық тұрғын үйлер
3. Тұрмыстық Мектеп, балабақша, білім үйлері
4. Тасымал құралдары Фабрика, зауыт, электр торабы орталықтары

«Артығын алып таста»
1.Мүсін өнері, қоғамдық ғимараттар, тасымал құралдары, тұрғын үйлер
2.Мектеп, зауыт, балабақша, театр
3.Вокзал, метро, статуя, гараж.
4.Суретші, сәулетші, анималтст суретші, құрылысшы.
Сурет бойынша тапсырма. Берілген суреттен қоғамдық ғимараттарды көрсет
Берілген суреттен білім үйлерін ата.
Өзің барып көрген қоғамдық ғимараттардың атын жаз.
Шығармашылық жұмыс. «Менің болашақ үйім» тақырыбына сурет салу.
VII. Қорытынды Оқушыларға сұрақтар қойып қандай дәрежеде білім алғандығын бақылау. Жылдам, ойланбастан жауап беру.
«жылдам ойлан».
1. Сәулет өнері дегенді қалай түсінесің?
2. Сәулет қнерінің 3 қасиетін ата?
Оқушылардың бүгінгі сабақта не біліп, не үйренгенін, не білгісі келетіндігін байқау мақсатында кестені толтыру.

Кестемен жұмыс.

Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді?

VIII. Бағалау Оқушыларды деңгейлеп бағалау.
1- деңгей→оқушы практикалық жұмысты толық орындаса, сұрақтарға жақсы жауап берсе – өте жақсы.
2- деңгей→ оқушы практикалық жұмысты толық орындамай, сұрақтарға жақсы жауап берсе – жақсы.
3- деңгей→ оқушы практикалық жұмысты толық орындамаса, сұрақтарға дұрыс жауап бермесе – қанағаттанарлық.
4- деңгей→ оқушы өтілген сабақты ұқпай, тапсырмаларды орындамаса – қанағаттанарлықсыз
IХ. Үйге тапсырма Қазақстанның әйгілі сәулет өнерлерін салып келу

Бейнелеу өнері
Сабақтың атауы Қазақстандағы сәулет өнерінің ескерткіштері
Сілтеме 6 сынып оқулығы
Жалпы мақсаттары Қазақстанның сәулет өнеріні ескерткіштерімен танысу. Суреттің орындалу техникасы, заңдылықтары жайлы ұғымдарын қалыптастыру, оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.
Міндеттері 1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
3. Проблемалықсұрақтардышешугеитермелеуарқылы СТО
Күтілетін нәтиже Қазақстанның сәулет өнері жайлы ұғым , білімінің негізін қалау.
.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды сәулет өнері туралы өздерінің білімдерін кеңейту
Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктеріқандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру
Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер Бейнелеу өнері оқулығы, Google сайтынан алынған кесенелер көрсетілген суреттер, Kerekinfo.kz алынған фотолар Домалақ ана, Қозы Көрпеш Баян сұлу, Қожа Ахмет Ияссауи, Айша бибі кесенелерінің суреттері, Яндекс Кесенелер туралы мәліметтер.
1 сабақ Тақырыбы: Қазақстандағы сәулет өнерінің ескерткіштері
Оқытуға арналған мектептің жалпы қабылданған ғылыми стандартын анықтау Сабақта қолданылатын ұғымдар Балаларға арналған идея немесе идеяны балалар қалай ұғынды? Оқыту сұранысын анықтау. Оқыту қажеттіліктерін анықтаңыз?
Қазақстан сәулет өнерінің ескеркіштерінің маңыздылығы. Кесенелердің киелілігі, құрылымдағы симетриясы. Кесене, симметрия, архитектура, перспектива, экстерьер, мазар, мавзолей, некрополь Бейнелеу өнерінің түрлерін жанрлармен шатастырады Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде қарастыру
Орындалу техникасын өзгерту
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушылардыұйымдастыру, сәлемдесу /0,5мин/
Сто сұрақтары Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғыбілімінқалайпайдаланаалады?
-өмірденалғантәжірибесініңәсері?
-сабақтыңболашақта оқушығақандайпайдасы бар? -оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-Тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І Қызығушылығын ояту. Слайд1
Балалар, біз бүгін басқаша жұмыс істейміз!
ЖИГСО-1
Жанұя тобын құру
Жұмыс тобына бөліну
Жанұя тобына оралу
(түсінгендерін мүсіндеу, қорғау)
Оқушыларға сабақтың басында сабақ барысын түсіндіріп айтып өту
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? Мұғалімнің іс-әрекеті
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
ІІ мағынаны тану
Жанұя тобында мәтін оқу Слайд2/1
/5 минут/
Жұмыс тобында пікір алмасу Слайд2/2
/5 минут/
Жанұя тобына оралу, түсінгендерін айтуСлайд2/3
/4,5 минут/
Слайдтарды қарау Слайд3-6
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу Оқушыларға таратылған мәтіндер
І — топқаДомалак ана кесенесі ХІ ғасырдың ескерткіші. Домалақ ана кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі Қаратау бөктерінде Балабөген өзенінің бойында орналасқан. Кесене Али Сыланқызы Нуриланың мазарының үстінде салынған, Нурила апамыз халық арасында Домалақ ана деген атқа ие. Домалақ ана Байдибек атаның ең кенже әйелі. Ол өзінің ақылдылығымен, сабырлылығымен танымал, және жақсылық пен ананың символы болып табылады. Домалақ ана халық арасында дауларды шешуімен, тапқырлығымен танымал болған. Алғашында кесене 1456 жылы төрт куполды болып салынды. XI-XV ғасырлары Домалак ана кесенесі бірнеше рет қайта жөндеуден өткен болатын. ХХ ғасырда салынған кесене 6 бағаналы болған. Домалақ ана кесенесінің биіктігі 12 метр. Аңыз бойынша Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек қана таза адам өте алады. Мұражайда қолдан жасалынған көптеген заттар сақталған.
ІІ — топқаТараз жерінде әулиелі жерлер мен кесенелер көп. Олардың арасынан бірінші тілге тиек болатыны – атақты Айша бибі кесенесі. Ол ХІІ ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші болып саналады. Әулиелі Әулиеата өңіріне аяқ басқан адамның бәрі ең алдымен осы кесенеге келіп, тәу етпей кетпейді. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш ең кереметі болып саналады. Ескерткіштің сыртқы бетіне қаланған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таңғалдырарлықтай… Аңыз бойынша, Айша бибі асқан сұлулығымен қатар, ақылдылығымен де елге есімі жайылған ару болған деседі. Ол әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Сұлу Айша мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббат та осы күнге аңыз бойынша жеткен. Айша бибінің кім екені жөнінде ғасырлар сорабынан жеткен аңыз болмаса, тарихи деректер жоқтың қасы. Айтулы аңызға құлақ түрсек, Айша бибі киелі Түркістан жерінде жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік қосақ болуға уағ­даласады.
ІІІ — топқаҚожаАхмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кеін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:Қазандық; Үлкен Ақсарай;Кіші Ақсарай;Кітапхана; Асхана ;Көрхана.
ІV — топқаҚозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары-сәулет өнерінің ескерткіші Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан ауд. 7,10×7,10м, ішкі жағынан 3,38×3,38м), жоғары қарай сүйірленіп, қүмбезделіп өрілген,биікт. 11.65м. Еденінен күмбезіне дейінгі биікт.4,35м. Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалындығы-1,86м. Кірер есігі шығысқа қаратылған. Мавзолейдің құрылыс материалы-жалпақ тастар пирамидалық үлгіге сәйкестене қаланған. Төрт жағының бірінде симметрияның сақталмауынан ойыс пайда болған. Бұл да төрт қырлы. Мавзолейдің авторы өз қолымен өрген құрылыстың өскін ұрпаққа қалдырар өнегесі мен өсиетінің келер заман құндылықтарымен жымдаса қабысуын жан-жақты ойластырғандай.
Толғаныс (рефл-я)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру ІІІ. Ой қорытынды

Сурет салу, салған суретті мүсіндеп рельеф жасау. Суреттері де, жасаған мүсіндері де өз ойларынша салған сурет болады. Алған білімдерін практикада қолдану.

/20 минут/ Слайд7/1

Суреттерін қорғау, топпен шығып әр оқушы өзінің білгенін айтады /2 минуттан төрт топқа 6 минут/

Бағалау (түрлері)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
-топтың өзін-өзі бағалауы
-мұғалімнің бағалауы
-жалпы бағалау
-критерийлер арқылы бағалау
-сабақты қалай аяқтаудың жоспарлары Бағалау: /1мин/

Өзін-өзі және достарын бағалау тақтаға суреттерінің астына жабыстыру арқылы.
Балалардың бірін бірі ұпайлармен бағалаудың қорытындысы бойынша бағаларын қою.
Балалар тақтадағы өздері тізіп қойған суреттеріне өздерінің ұпайлар қойған стикерлерін жабыстарды.

Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу…
-өз пікірін дәлелдеу…
-үйде жалғастыру… Үйге тапсырма беру:

Өздерің қалаған әр түрлі материалалып келіңдер
/1мин/

45 мин. Сабақтың соңы

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер
-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?
— оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?
-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма? Оқушы алған білімінің деңгейін:
оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: оқушылар ақылдасып рельеф жасай бастағанда өзара түсінушілік пайда болды. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып ілім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.
Бір ескеретін жағдай бүгінгі алған білімімен оның болашағын болжауға болмайды. Өйткені ол қозғалыс пен уақыт арқылы өсіп отыратын жеке тұлға.

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары) 1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ.
2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.
3. Бұл арада мұғалім баларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш салдым.

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім Сабақ 34
Сабақтың атауы Әлем сәулет өнерінің көне ескерткіштері
Мақсаты Қазақстан мен шет ел жеріндегі сәулет өнерінде маңызды орын алатын белгілі ғимараттар мен кесенелер жайлы мәліметтер беру, жобалық суреттер салдыру
Күтілетін нәтиже Өз бетінше ойлау ,есте сақтау,оқу,сөйлеу қабілеттерін дамыта алады.Өз ойын жинақтап,қағаз бетіне бейнелеуді үйренеді
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау. «
. 1. Қазақстан суретшісі? Қастеев
2. Ұлттық аяқ киім? Мәсі
3. Ағаштан жасалатын ұлттық ыдыс? ожау
4. Заттың ең жарық жері қалай аталады? Жылт
5. Табиғатты бейнелейтін кескіндеме жанры? Пейзаж
6. Қару – жарақ жасайтын адам? Ұста
7. Сәндік дәстүрлі кәсіби өнер? Қолөнер
8. Кеңістікте сомдалған көркем шығарма? Мүсін
9. Ағаштан саз аспаптарын тағы басқа бұйымдар жасайтын адам? Шебер
10. Суға жақсы еритін бояу? Акварель
11. Киім тоқып тігетін адам? Ісмер

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. «
ІV. Мақсат қою кезеңі. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану V. Жаңа сабақ.
Сәулет өнері ескерткіштеріндегі өрнектер. Қазақстанның көптеген сәулет ескерткіштері ою-өрнектермен безендірілген. Баба ата, Алаша хан, Бабаджа қатын, Қарахан, Айша бибі және Қожа Ахмет Йасауи кесенелеріндегі өрнектер — сәулет өнеріндегі шеберліктің тамаша үлгісі. Бабаджа қатын мен Қарахан кесенелерінің кіреберісі ғана кірпішті өрнектермен көмкерілген. Айша бибі кесенесі терракоталық қаптауышпен тұтас көмкеріліп, әр алуан геометриялық және өсімдік тәрізді өрнектермен безендірілген. Алаша хан кесенесі де өзіндік көркем сәулет элементтерімен ерекшеленеді. Берік текшелері өрнекті плиталармен қапталған жолақтармен жиектелген. Кіреберіс қабырғаларының орталық бөлігі геометриялық және өсімдік тәрізді өрнектермен әшекейленген; артқы және бүйір қабырғалары геометриялық өрнектермен, ромб тәрізді фигуралармен қапталған.
Сәулет өнеріндегі әйгілі ескерткіштердің бірі — Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде ағаш, сүйек оймыштау, тас пен металды көркем өңдеу тәсілдері қолданылған. Аркасы, терезе мен есіктері өсімдік тәрізді өрнектермен сәнделген. Қабір күмбезі де әсем безендірілген.
«Әлемнің жеті кереметі». Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келеді. Адам баласының ақылы мен қолынан туған осынау тамаша ескерткіштердің, өкінішке қарай, біздің заманымызға тек біреуі ғана жеткен. Ол — пирамидалар, яғни ежелгі Египет патшалары — перғауындардың (фараондардың) тастан қаланған сағаналары (табытханалары). Египеттің астанасы Каирден оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқан және сарғылт таулар көрінеді. Бұл төбесі сүйірленіп келген жасанды таулар, яғни пирамидалар. Ең үлкені Хеопс перғауынның пирамидасы, оның биіктігі 147 м, бұдан 5000 жылдай бұрын салынған. Хефрен пирамидасы бұдан 2 метрдей аласа. Бұл перғауынға таудай мазар жеткіліксіз болып көрінгенде, ол пирамиданы үлкен жартастан қашап жасалған тас мүсінге күзеттіріп қойыңдар деп жарлық еткен. Оның басы адам бейнесінде, денесі арыстан тұлғалы. Ол Сфинкс деп аталады. Адамдай данышпан, арыстандай айбатты Сфинкс бейнесі жоққа сенгіш ырымшыл жандардың зәресін алған, сондықтан жұрт оны үрей атасы деп кеткен.
Әлемнің ендігі бір кереметі — Семирамиданың аспалы бағы, ол ежелгі Шығыстың ең үлкен әрі дәулетті қаласы — Вавилонда болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда бұл бақты патшайым Семирамида салдырса керек. Ал шындығында ол біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда II Навуходоносор патшаның жарлығы бойынша салынған. Ол өз сарайын алты қабат үйдің биіктігіндей етіп қолдан көтерілген жасанды алаң үстіне салдырады. Сарай алаңына көтерілетін алты тепкішек айнала кірпіштен өрілген аркалар тізбегімен (аркада) көркемделіп, топырақ төселген әр тепкішекке жайқалған бақ орнатылған. Толып жатқан қауға байлаған орасан зор шығырды күні-түні айналдырып, аспалы баққа Евфрат өзенінен су шығарған.
Кіші Азияның Эфес қаласындағы гректің әйел пірі Артемиданың ғибадатханасы әлемнің үшінші кереметі деп есептелген. Ол кілең мәрмәр тастан жасалған. 120 жыл бойы салынып, жаңа заманға дейінгі 500 жыл шамасында аяқталған. Ғибадатхана көз тартарлықтай әдемі, ішінде бағалы заттар мол болған. Сондықтан атағы жер жүзіне жайылып кетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 356 жылы Герострат деген біреу атын шығармақ болып, ғибадатхананы өртейді. Ақыры оның есімі ақылға сыймайтын тағылығымен мәңгілікке ел аузында қалады.
Грекияның оңтүстігінде олимпиадалық ойындар орталығы — Олимпиядағы ғибадатханада ежелгі гректердің сиынатын құдайларының бірі Зевстің мүсін бейнесі болған. Олимпия Зевсінің бұл мүсінін бұдан 2000 жылдай бұрын, біздің заманымызға дейінгі V ғасырда ұлы мүсінші Фидий жасаған. Бұл — төртінші керемет. Биіктігі 14 м Зевс мүсіні піл сүйегі, қара емен, асыл тастармен әшекейленген алтын таққа отырғызылған. Басында осынау құдіретті тәңірдің рақымшылдығын білдіретін зәйтүн ағашының өрілген бұтағына ұқсас алтын шеңбері болған. Мүсіннің басы, иығы, екі қолы, кеудесі піл сүйегінен ойып жасалған. Зевстің (мүсіні піл сүйегі) сол жақ иығына жамылған шекпені, шашы мен сақалы алтыннан құйылған. Фидий Зевске адамға тән кескін-келбет берген. Оның бет бейнесінен сұстылықпен қатар мейірімділік те аңғарылатын болған. Мүсін енді болмаса жымия езу тартып, орнынан кең кеудесін кере түрегелетіндей әсер тудырған.
Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы Галикарнаста (қазіргі Түркияның Бодрум қаласы) бесінші керемет болған. Бұл — Мавсол патшаның мавзолейі. Оны біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырдың орта шенінде патшаның жесірі — патшайым Артемисия салдырған. Мавзолейдің ақ мәрмәр тастан бедерлі белдеу тартылған тұғырына мәрмәр бағаналар тізбегімен нақышталған негізгі қабырға орнатылған. Оның төбесі сүйірленіп келген. Мәрмәрдан пирамида іспетті жасалған кесене төбесінің ұшар басында төрт арғымақ жегілген екі доңғалақты күймеге мінген Мавсол мен Артемисияның мәрмәр мүсіндері болған (Мавсол мен Артемисияның мүсіндері, сол сияқты мавзолейдің басқа да әшекейлері осы күнде Лондондағы Британ мұражайында сақтаулы).
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда Родос аралында сол кезеңдегі ең биік мүсін ескерткіш — Родос алыбы тұрғызылды. Теңіз бен қала қақпасының аралығындағы сауда алаңында биіктігі 36 м жас жігіттің қола мүсіні орнатылған. Осынау алып жас жігіт екі аяғын алшайта керіп, қалаға жау жолатпас қаһарлы сақшыдай алысқа көз тігіп тұрған. Басында күн шапағын бейнелеген тәжі болған. Арал тұрғындары күн тәңірі Гелиосты өздерінің қамқоршысы деп білген, сондықтан да мүсін басына тәж кигізген.
Бәрің білетін «фара» (үлкен шам) атауы әлемнің жетінші кереметі. Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Александрия қаласының қасында, жаңа заманнан бұрынғы 280 жыл шамасында ежелгі дүниенің үлкен шамшырағы (маяк) орнатылған. Бұл үш қабат мұнараның биіктігі 135 м болған. Оның үстінде жан-жағы ашық, тас күркеде лапылдап от жанып тұрған, ол кемелерге жол көрсеткен.
Алайда уақыт пен сұрапыл апаттар, адамның қатыгездігі бұл ғажайып құрылыстарды сақтап қала алмады. Семирамиданың аспалы бақтары Евфрат өзенінің тасуынан бұзылған. Артемида ғибадатханасы бір рет қалпына келтіріліп, қайта қираған. Зевс мүсіні өртеніп кеткен. XV ғасырда крест жорықшылары мавзолейді бұзып, қамал салған. Алып мүсін қатты жер сілкіну болған кезде құлап қалған. Александрия маягының тағдыры да осылай аяқталған. Тек қана бізге келіп жеткен пирамидалар болды. Осынау алып таулардан замана, дәуір қаймығады деп тегін айтылмаса керек.
Әлемнің өзге де кереметтері. Әлем кереметтерінің алғашқы тізімі б.з.д. II ғасырда, ал екіншісі жақында ғана — 2007 жылдың 7 шілдесінде жасалды. Оған енгендер:
1. Мачу-Пикчу инктер қаласы, Перу.
2. Чичен-Ица ацтектер қаласы, Мексика.
3. Рио-де-Жанейродағы Христостың мүсіні, Бразилия.
4. Рим Колизейі, Италия.
5. Петр тасты қаласы, Иордания.
6. Аградағы Тәж-Махал кесенесі, Үндістан.
7. Ұлы Қытай қақпасы.
Мына суретте ең үлкен масштабтағы сәулетті ғимараттардың бірі, аса зор амфитеатр — ежелгі Римнің архитектуралық ескерткіші болып табылатын Колизей бейнеленген. Колизей — біріншіден, мерекелік, екіншіден, аксүйектер мен қарапайым халық үшін пайдаланылатын орын. Ортадағы арена эллипс түрінде жасалған. Бұл айнала шеңберге қарағанда көрермен халайықтың дыбысты біркелкі естуіне мүмкіндік береді. Колизей амфитеатры мерекеге жиналған үлкен қауымға арналып алып тастан жасалған ара ұясының сәулеттік көркем бейнесін көз алдыңа елестетеді. Оның кіру және шығу есіктері көрерменді жылдам өткізіп жіберуге мүмкіндіктер береді. Колизей амфитеатрына елу мың көрермен сыятын болған.
«Әлем кереметтері» мұнымен тоқтамайды. Олар: Кельн соборы, Эйфель мұнарасы, Василий Блаженный соборы, Парфенон храмы, Пиза мұнарасы, Қожа Ахмет Йасауи кесенесі және т.б. Мысалы, Парфенон храмы Афины қаласының жебеушісі — әйел құдай Афина Парфеностың құрметіне тұрғызылған. Ол осы күнге дейін антиктік Грекияның ұлылық символы мен мақтанышы болып отыр. Ал атақты Пиза мұнарасы — Пиза қаласындағы (Италия) қоңыраулы собор. Құрылымдық ақауына байланысты мұнара қисайып тұр. Ол дүние жүзіне «құлағалы тұрған мұнара» атағымен белгілі.
Осы үш топқа қазіргі заманғы Қазақстан қалаларындағы сәулет өнер озық туындылары болып табылатын құрылыс суреттерін беріп, ой жинақтап ақылдасуға, шағын түсінік жазуға уақыт беремін (Астана, Алматы қалаларындағы құрылыстар т.б.). Үш топтан бір оқушыдан шығып суретті тақтаға іліп ортақ ойларын айтады. Келесі екі топ мүшелеріне тақтадағы оқушыға сұрақ бергіздіремін.
Суреттерді пайдалана отырып түсінік беремін. Онда қазіргі заманғы сәулет өнерінің озық үлгілері жайлы айтып, оны ерте замандағы тарихи құрылыстармен салыстыра отырып түсіндіремін. Адамзат баласының өркениетке жетуі осындай зәулім құрылыстарды тұрғызуға мүмкіндік берді. Сәулет өнері қазіргі кезде өте биік белеске жетті т.б.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке? Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс VI.Жаңа материалды пысықтау.
оқушылардың жұмысын талдап, жинақтау сурақ қою арқылы жаңа тақырыпты қортындылау.
1. Сәулет өнері деген не?
2. Қандай құрылыс туралы естіп білдік?

3. Қандай жаңа сөздермен таныстық?
Қазақстанның ежелгі сәулет ескерткіштері мен шет ел сәулет ескерткіштері бар суреттерді газет-журналдардан қиып, жина.

Үйге тапсырма Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь