ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 8-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 8-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

784
0

ПОЛНЫЙ ВАРИАНТ:  

_____________________________________________

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
8-сынып
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл – мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейненұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және
аудиоматериалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ
коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
МАЗМҰНЫ 1-тоқсан…………………………………………………………………… Ошибка! Закладка не определена.
Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Адамзаттық құндылықтар және әлем
мәдениеті»……………………………………………………………. Ошибка! Закладка не определена. 2-тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………. 13
Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары», «Ғарышты игеру жетістіктері» ……. 13 3-тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………. 19
Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер», «Қоршаған
орта және энергия ресурстары», «Жасөспірім және заң» …………………………………………… 19 4-тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………. 23
Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті», «Қазақстандағы туризм және экотуризм». …………. 23
3
1-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы»
Оқу мақсаты 8.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,
ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша берілген ақпараттан
астарлы ойды анықтайды
Білу және түсіну
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
 Көне түркі жазулары қай кезеңде пайда болды? ________________________________________________________________________________
 Көне түркі жазуларын басқаша қалай атаған? ________________________________________________________________________________
Түркі руна жазбалары
Түркілердің жазуы туралы ең алғашқы мәліметтерді қытай деректерінен
кездестіре аламыз. Негізінен түркі жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп
есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда, түркілер IV ғасырдың екінші жартысында өз
жазуларын кең ауқымда қолданған.
Түркілер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда, өз жазуларын
қолданғаны жайлы көптеген мәліметтер бар. Мысалға алғанда, Византия императорына
түркі елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз
естелігінде көрсеткен.
Орта ғасырды алғанда түркілердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың
таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамда 35 әріп бар. Ал көне түркі жазуы руна
немесе сына жазуы деп аталған.
Көне түркі жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағынан көп табылған.
Олардың ішіндегі ең белгілісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы
өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түркілердің атақты
билеушісі мен ақылгөйлері – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып
жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің
аңғарынан да көне түркі жазуының ескерткіштері табылған. Түркінің жазба
ескерткіштерінің көп кездесетін жері – Сібір өлкесіндегі Енисей өзенінің бойы. Жазулар
құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан
шығатын қорытынды, VII-IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық
мемлекеттерде көне руналық түркі жазуы қолданылу аясы біршама зор болған.
Қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына
беретінін көбісі біле бермейді. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны
«құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі – латыннын
«арканум» (мысал, «Таро арқаны») немесе грекше «мистерион» (мистерия) сөздерінің
аналогі. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді.
ЖОБА
 Көне түркі жазуының ескерткіштері қай жерлерден табылған? ________________________________________________________________________________
 «Руна» сөзі қандай мағына береді? ________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — мәтін мазмұны бойынша ақпаратты анықтайды; — берілген сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма
Берілген сөйлемдердің астарлы мағынасын анықтаңыз.
Сөйлемдер Бұл нені аңғартады?
Түркілер басқа мемлекеттермен қарымқатынас жасағанда, өз жазуларын
қолданғаны жайлы көптеген мәліметтер
бар.
Жазулар құлпытастарға, қыш пен
металдарға және басқа да заттарға
қашалып жазылған.
Дескриптор Білім алушы — астарлы мағынаны анықтайды.
5
ЖОБА
Оқу мақсаты 8.2.2.1 Публицистикалық және ғылыми стиль
ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы
тану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Тілдік құралдар арқылы стиль ерекшеліктерін
таниды
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндермен танысыңыз.
Көне түркі жазуы
Көне түркі жазуы (басқаша Орхон-Енисей жазуы) – V ғ. б.з.б. – X ғ. б.з. түркі
тайпаларының жазуы. Бірінші рет Орхон өзенінің бойынан (Екінші түркіт қағандығы)
және Енисей өзенінің жоғарғы ағысынан (Қырғыз қағандығы) табылды. Кейде руника
жазбасы дейді, алман руналарымен жанасым табады (кейбір нышандар кескіні дәл келіп
тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде
VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне
түркі руника жазуы ерекшелігі онда негізгі велярлық және палатальдық дауыссыздарға
арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893
жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы
В.В. Радлов жасаған.
Ортақ жазу – түркі бірлігінің бастауы
Уақыт өте келе қай халық болсын өзінің тегін іздеп, төл тарихын түгендері сөзсіз.
Мұны табиғаттың бұлжымас заңы деуге де болады. Соңғы жылдары ұлы дала төсінде
өшпес із қалдырып, әлемдік өркениетте ойып орын алған Көк Түріктің ұрпағының бірінбірі іздей бастауы осыған дәлел болса керек. Тағдырдың жазуымен сан тарам жолға
түсіп, өзінше бағыт алған бөрілі байрақты түркінің мемлекеттік дербестігі бар бүгінгі
ұрпақтары түптің-түбінде тамырлас екенін түсініп, ынтымағы ұйысқан тұтастыққа
ұмтылуда.
Былтыр ғана құрылған Түркі тілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесі ортақ
әліпби туралы бастама көтергенін білеміз. Бұл жалпы түркі халықтары бірлігінің кепілі
өзара ортақ әрі түсінікті жазу мен тіл екенін білдірсе керек. Алайда бұл қаншалықты
өміршең ұсыныс және оған қашан қол жеткізе аламыз?..
P.S.
Түркі халықтарының тілін, ділін, жалпы, ортақ құндылығын жақындастыруды
сонау Алаш арыстары да арман еткені белгілі. Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы Бакуде
сөйлеген сөзінде түркі әлемін жақындастыру үшін ортақ әліпби қолдану туралы мәселе
қозғағаны осының дәлелі болса керек. Бірақ бұл мәселе қашан шешімін табады, ол –
болашақтың еншісіндегі шаруа.
18 жылға созылған идея тағы ондаған, тіпті жүздеген жылға созылып кетпесе
болғаны…
(а) Мәтіндердегі тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтаңыз.
Көне түркі жазуы Ортақ жазу – түркі бірлігінің
бастауы
6
ЖОБА
(ә) Мәтіндерде қандай ерекшелік байқалады? ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
(б) Мәтіндер қай стильде жазылған? Ерекшеліктердің стильдерге қатысы бар ма? ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
мәтіндердегі тірек сөздерді анықтайды; — мәтін стильдерінің ерекшеліктерін ажыратады.
Оқу мақсаты 8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары
бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр
бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен
алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз.
Күлтегін ескерткіші – түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі –
Күлтегін ескерткіші. Бұл – Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан
баға жетпес құнды дүние.
Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей
жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген
Енисей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы УланБатордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам
ойпатында орналасқан. Оны алғаш тауып, ғылым әлемiне мәлiмдеушi – орыс ғалымы
Н. М. Ядринцев.
Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi – 3,15 метр, енi – 1,24
метр, қалыңдығы – 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында
айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң
орнатылған күнi – бiрiншi тамыз, 732 жыл деп жазылған.
Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі
13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен
жазу», ал 13 жол жазу «Кіші жазу» деп аталады.
Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған.
Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан
бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш
орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түркі тiлдерiне
аударылды. Жазудың үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «Марқұм Күлтегiн жазуы»
делінген.
Күлтегін жыры – патриоттық рух беретін батырлық жыр. Мәтінінің негізі Түркі
7
ЖОБА
ұлтының тек тарихы ғана емес, Күлтегіннің батырлығы мен ерлігін бейнелейді. Кіші
жазудың 27-бөлімінен арғы қарайғы жазулары тек Күлтегінге арналған. Осы
27-бөлімінде Күлтегіннің ағасы Білге қағанның «Інім Күлтегінмен, екі уәзірімен өліптіріліп құрадым. Сонды құрап, біріккен халықты от-су қылмадым. Мен өзім қаған
болғанда» сөздері жазылған.
(а) Әр бөліктегі маңызды ақпараттарды іріктеп алыңыз. ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
(ә) Мәтіннің баяндау желісін сақтап, аннотация жазыңыз. ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — мәтіннің әр бөлігінен маңызды
ақпараттарды іріктейді; — мәтін мазмұнын сақтайды; — аннотация жазады.
8
ЖОБА
Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті»
Оқу мақсаты 8.2.4.1 Тақырыбы ұқсас ғылыми және
публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын,
түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын
салыстыра талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу,
сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра
талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіндерді оқып шығыңыз. 1-мәтін
Әлемдік мәдениет жалпыадамзаттық мазмұны бар рухани құндылықтар сипатын
айқындау үшін қолданылатын күрделі ұғым. Әлемдік мәдениетті дүниежүзі сипат алған
діндерге негіздеп христиандық, исламдық, буддалық мәдениет деп бөлу бар. Еуропалық
әдебиеттерде кең тараған бұлай бөлуді шартты деп бағалаған жөн. Өйткені мұнда құндылық
мәніне тек діни талаптар тұрғысынан ғана қарау нышаны байқалады.
Әлемдік мәдениет адамзаттың рухани дамуына тікелей әсер еткен және жоғарыда
аталған діни мәдениеттерге де өз ықпалын тигізген жалпыадамзаттық мазмұндағы мұралар
болып табылады және олар тарихи сабақтастық тұрғысынан қарастырылады. Ертедегі Үнді,
Қытай, Мысыр, Грек, Рим мәдениеті, Орхон-Енисей ескерткіштері, ортағасырлық
мұсылмандық және еуропалық қайта өрлеу дәуірлерінің мәдени ескерткіштері, Конфуций,
Аристотель, Әбу Насыр әл-Фараби, Августин Б., Гегель еңбектері, М.Қашғари, Ж.Баласағұн
шығармалары, Тәурат, Інжіл, Құран сияқты діни кітаптар – адамгершілік ережелеріне
халықаралық дәрежеде негіз болған әлемдік мәдениет мұралары.
Музыкалық әуендер, саз аспаптары үндестігінің күшеюі, Қорқыт Ата, Асан қайғы
сияқты аңыз алыптарының халықаралық кейіпкерге айналуы әлемдік мәдениет мазмұнын
толықтырды.
Науаи, Абай, Низами, Пушкин, Байрон, Петефи, Мицкевич, Әуезов және т.б. ұлы
есімдер тілі де, діні де бөлек елдердің рухани туыстығын жер жүзіне танытты.
Чайковский мен Бетховен, Құрманғазы мен Шопен музыкалары әлемдік мәдениет
болып табылады.
Әлемдік мәдениет өзінің ұлттық өрісін дүниежүзілік дәрежеге көтерген мәдени
туындылардан тұрады, адамзаттың рухани өркендеуінің куәгері болып саналады. 2-мәтін
«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбындағы дөңгелек үстел 2017 жылдың 3 қазанында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік көшесі, 11) «Қазіргі
кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру және халықаралық ынтымақтастық
аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» тақырыбында дөңгелек
үстел өтеді. XXI ғасырдың тоғысындағы әлемдік дамудың үдерістерін сипаттайтын басты ұғым
жаһандану болып отыр. Оның мәні этносаралық және конфессияаралық шиеленістер,
экологиялық мәселелердің барлық мемлекеттің ортақ мәселесіне айналуы, ғаламдық
9
ЖОБА
ақпараттық кеңістіктің, әлемдік нарықтың қалыптасуы үдерісінде көрінетін мемлекет пен
адамдар арасындағы қарым-қатынастың кеңеюінен тұрады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның ұлттық мәдениеті дамуының өзекті
мәселелерін жаһандық заманауи үдерістер контексінде талқылау, мәдениет дамуының және
қазіргі кезеңдегі Қазақстан мәдениеті ерекшеліктерінің негізгі бағытын талдау болып
табылады.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшілігінің
өкілдері, Батыс Венгер университетінің профессоры Михай Фрешли, Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы Басқару мемлекеттік академиясының өкілдері,
ғалымдар және зерттеушілер қатысады.
Мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11.
Екі мәтінді салыстырыңыз. Кестені толтырыңыз. 1-мәтін 2-мәтін
Мәтіннің стилі
Тақырыбы
Түрі
Құрылымы
Екі мәтіннің ұқсастығы
Екі мәтіннің айырмашылығы
Дескриптор Білім алушы — мәтіндерді салыстырады; — ұқсастығы мен айырмашылығын
ажыратады; — түрі мен стилін анықтайды; — тақырыбы мен құрылымын
ажыратады.
10
ЖОБА
Оқу мақсаты 8.1.2.1 Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи
тақырыптарға байланысты диалог, монолог,
полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор
көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің
рөлін талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды
• Экспрессивті-эмоционалды сөздердің маңызын
талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз.
Бүгінгі жастар келбеті және оған мінездеме
Қазіргі жастар және олардың бүгінгі келбеті мен мінездемесіне анықтама іздер
болсақ, екі қызықты жайтқа кездесеміз! Біріншісі аға ұрпақтың пікірлері болса, яғни
оны қоғамдық десек те болады. Екіншісі жастардың өзінің көзқарасы болып табылады.
Үлкендердің ұлағатты көзқарасы барлығымызға жақсы таныс, бұл пікірлер әрбір үйдегі
асхананың трендті тақырыбына айналғанына да біраз уақыт, ал жастар, бүгінгі қазақ
жастары, өздері жайында қандай пікірде екен!? Тек осы тағылымы мен тағдыры қатар
ұштасқан екі тақырыптан тұздыққа тұшымды ақиқат іздеп көруге болатын секілді?!
Бүгінгі жас өмірді таусылмайтын ұлан-асыр той, мейрам ретінде қарап, оған тек
аз ғана күш салсаң, бәрі орындалып, бола қалатындай қарайды және осы жайтқа себеп –
сыртқы әсер. Мысалы, MTV телеарнасының 1997-1998 жылдардан бастап, бүгінгі таңға
дейінгі ерен еңбегінің арқасында еліміздің бірнеше толқын ұрпағына берген әсерін еске
алар болсақ, керемет эффект! Мойындаймыз! Масқара!
Қараңыз, сан жылдардың арнайы зерттеулерінің нәтижесі не дейді? Басым
көпшілігі, 13 пен 25 жас аралығындағы қауым, MTV-дің арқасында алғаш цензуралы
емес сөздер үйренгенін, ата-ана беделіне «өзімшілдігін» салыстыра бастағандарын
мойындап отыр. Алайда бұл айсбергтің төбесі ғана…
Ойымды бір түйінге түйсем…
Қорқатыным бүгінгі жеткен жетістік, жасалған жол, жиылған еңбек ертең елеусіз
қалмаса екен, ешкімге керексіз боп.
Үміттендіретін – ауыл жақтан шыққан түтін, асаудың аузында ойнаған қара бала.
Сенетінім – елім деген ер мен ерім деген жар.
(а) Мәтіндегі автор көзқарасын анықтаңыз.
Мәтіннен үзінділер Автор қандай көзқараста?
Бұл пікірлер әрбір үйдегі асхананың
трендті тақырыбына айналғанына да біраз
уақыт…
Бүгінгі жас өмірді таусылмайтын ұланасыр той, мейрам ретінде қарап, оған тек
аз ғана күш салсаң, бәрі орындалып, бола
қалатындай қарайды.
Осы жайтқа себеп – сыртқы әсер.
11
ЖОБА
(ә) Автор неден корқады? Неге үміттенеді? Неге сенім артады? ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды; — автор пікірін талдайды.
2-тапсырма
Тұжырымдамалық кестені толтырыңыз.
Шеңбердің ортасына мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді, ұяшықтарға ол сөздердің
рөлін жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді
анықтайды; — экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін
талдайды.
ну
ну
ну ну
ну
12
ЖОБА
2-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары»
Оқу мақсаты 8.1.5.1 Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы
мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген
мәселе бойынша ой тұжырымдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Перифраз түріндегі сұрақтарға жауап беруде
мәтіннен қажетті ақпаратты табады
• Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, ой
тұжырымдайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз.
Болашақта қандай мамандықтар пайда болады?
Соңғы жүргізілген зерттеу нәтижелері жұмыс орындарының көпшілігіне қауіп төніп
тұрғанын көрсетті. Яғни, қазір бізге таныс мамандықтар болашақта қажет болмай қалуы
әбден мүмкін.
2020 жылға қарай әлем бойынша еңбек нарығында 40 млн жоғары білімді маманға
қажеттілік болады деген болжам бар. Дегенмен ірі мемлекеттердің тұрғындарында «Білім
алған саламыз сұранысқа сай болмай қалмай ма?» деген күдік пен үрей басым екен. «Pew Research Center» жүргізген зерттеу нәтижесіне сенсек, америкалықтардың 87 пайызы жұмыс
орындарын сақтап қалу үшін қосымша білім алуға дайын екендіктерін айтыпты.
Сонымен қатар аталған баяндамада сарапшылардың 48 пайызы болашақта робот
техникасының дамуы салдарынан жұмыс орындары азаятынын айтқан. Олардың айтуынша,
бір робот мың адамның орнын басып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеуі
мүмкін.
2015 жылы Оксфорд университетінің баспасынан Ричард Сасскинд пен Дэниель
Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» («The Future of the Professions») атты кітабы жарық
көрген. Онда болашақта қазіргі мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұрғаны айтылған.
Біріншіден, жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, дәрігер
емделушімен «Skype» арқылы байланысады, сәулетші дизайн жасау үшін компьютерлік
бағдарламаларды қолданады. Екіншіден, технологиялар кез келген салада проблемаларды
шешудің тиімді тәсіліне айналады. Мысалы, жоғарыда айтылған медициналық онлайн
диагностикалау маманының жұмысын жеңілдетсе, кейбір жаңа технологиялар кесірінен
қызметкерлер жұмысынан айырылуы мүмкін. Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда
қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі
төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін.
Түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 Дамыған мемлекеттің халқы неден қорқады?
 Олар қауіптің алдын алу үшін қандай шараға қадам баспақ?
 Робототехниканың дамуының салдары бар ма? Қандай?
 Болашақ мамандар үшін жаңа технологиялардың қандай оң және теріс әсері болуы
мүмкін?
13
ЖОБА
Дескриптор Білім алушы — түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап береді; — ақпараттарды анықтайды.
2-тапсырма
Мәтінде қандай мәселелер көрініс табуда? Ол туралы сіздің пікіріңіз қандай? Жұбыңызбен
талқылаңыз.
Дескриптор Білім алушы — мәтіндегі мәселені анықтайды; — мәселе бойынша ой тұжырымдайды.
14
ЖОБА
Оқу мақсаты 8.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін
сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің
артықшылығы мен кемшілік тұстарын
салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу
(аргументативті эссе)
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен
кемшілігін салыстырып, ойын дәлелді
жеткізеді
• Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап
жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Болашақ мамандығыңыз туралы эссе жазыңыз.
Неліктен менің … болғым келеді? ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — болашақ мамандығының артықшылығы
мен кемшілігін салыстырады; — ойын дәлелді жеткізеді; — эссе құрылымын сақтайды; — эссенің даму желісін сақтайды.
15
ЖОБА
Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері»
Оқу мақсаты 8.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және
халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды
қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын дәлелді,
жүйелі жеткізу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Тақырыпқа қатысты диалог, монолог, полилог
құрастырады
• Ғылыми терминдер мен деректерді қолданады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Ғарышқа ұшқан 5 жануар
Жануарлар ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болды. Алғашында ғалымдар
адам баласы ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп
ойлады. Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексеру үшін олар
алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды.
1. 1959 жылы ғарышқа Авель және Бейкер маймылдары ұшқан. Олар ғарыштағы саяхатты
жақсы өткерген, алайда зерттеуге арналған тетіктерді шешу кезінде бірі өлген.
2. Маймылдардан басқа ғарышқа тасбақа, мысық, және ит ұшырылған.
3. Ең алғаш ғарыштық зерттеулер 1949 жылы иттерге жүргізілген. Иттердің ғарышқа
ұшуы үшін бойы 32 см, салмағы 6 кг болу керек болған. Оларды ғарышқа ұшырмас бұрын
алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген. Иттердің алғашқы ғарышқа сапары сәтті
болған.
4. Ең алғаш 1957 жылдың 3 қарашасында жер аумағындағы орбиталық ұшуға Лайка есімді
ит ұшқан. Ол кезде космостық құрылғылардың жерге қайтып келуі екіталай
болғандықтан, ит ғарышта тек 1 апта тіршілік етеді деген болжам жасалған. Алайда ғарыш
кемесінде салмақсыздық байқалып, ит ыстықтан өлген.
5. 1960 жылы ғарышқа Белка, Стрелка иттері мен тышқан, егеуқұйрық, шыбын
ұшырылған. Ғарыш кемесі жерге сәтті оралған. Осы ұшырылымнан кейін ғарышқа адам
барады деген тұжырым жасалған.
(а) Мәтіндегі терминдерді, маңызды деректерді кестеге түртіп отырыңыз.
Терминдер Маңызды деректер
(ә) Жағдаят: Сіз радио бағдарламасынан ғарышты бағындырған жануарлар туралы
деректерді естідіңіз. Сіз үшін бұл ақпараттар қызықты болды. Осыны досыңызбен бөлісіңіз.
Жоғарыдағы терминдер мен деректерді қолданып, досыңызбен диалог құрыңыз.
Дескриптор Білім алушы — мәтіннен терминдер мен ғылыми деректерді
анықтайды; — тақырыпқа қатысты диалог құрастырады; — диалогте термин мен деректерді қолданады.
16
ЖОБА
Оқу мақсаты 8.2.3.1 Мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі
арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Мәтіннің ресімделуі арқылы оның жанрлық
ерекшелігін ажыратады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Ғарышкер Айдын Айымбетов Қарағанды облысына сәтті қонды
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралды –
бүгін таңғы сағат 06.51-де капсула Қарағанды облысына қонды, –
деп хабарлайды «Tengrinews.kz» тілшісі оқиға орнынан.
Экипаж құрамында Геннадий Падалки (Ресей), Андреас
Могенсен (Дания) және қазақстандық Айдын Айымбетов бар
ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.
Ғарышкерлер капсуладан шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың қан
қысымдары жақсы. Ғарышкерлер шай ішіп, апорттан дәм татты. «Өзімді жақсы сезініп
тұрмын. Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға
дайынмын», – деді қазақстандық ғарышкер тілшілерге.
Айдын Айымбетовті Жерде туыстары қарсы алды. Айта кетейік, бірнеше сағаттан
кейін ғарышкерді Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды, сондықтан да ол Астанаға кетеді. Ал
бірнеше күннен кейін Қарағандыда ғарышкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуі
мүмкін.
Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр
ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. 4 қыргүйекте
«Союз» ХҒС-мен автоматты режимде түйісті. Айдын Айымбетов ғарыштағы әсерімен
«Twitter» арқылы бөлісіп отырды. Ол оқырмандарына видео мен суреттер жолдады.
(а) Кестені толтырыңыз.
Мәтіннің жанры қандай? Мәтін қалай ресімделген? Басқа қандай жанрлық
ерекшеліктер байқалады?
Дескриптор Білім алушы — мәтіннің жанрын ажыратады; — мәтіннің ресімделуін анықтайды; — жанрлық ерекшелігін анықтайды.
17
ЖОБА
Оқу мақсаты 8.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік
құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис
құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Мәтіннің жанрлық, стильдік ерекшелігін сақтайды
• Тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация,
тезис жазады
Қолдану
Тапсырма
Баяндамаңыздың құрылымын, мазмұнын ескере отырып, тезис жазыңыз.
Жағдаят: Сіз мектеп бітіргелі отырған түлексіз. Сізге өзіңізбен қатарлас бітіруші түлектерге
арнап «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында баяндама жасау тапсырылды.
Дескриптор Білім алушы — мәтіннің жанрлық ерекшелігін сақтайды; — мәтіннің стильдік ерекшелігін сақтайды; — тілдік құралдарды орынды қолданады; — тезисті талапқа сай жазады.
18
ЖОБА
3-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер»
Оқу мақсаты 8.2.1.1 Тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте,
диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Сызбамен берілген мәтіндегі ақпараттарды
талдап, салыстырады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Графиктік мәтінмен танысыңыз.
(а) Мәтінді жұппен талқылаңыз.
(ә) Сызбада биоалуантүрліліктің 1800 жылдан бастап жойылу көрсеткіші, бүгінгі және
ертеңгі болжамы көрсетілген. Биоалуантүрліліктің жойылуының үш кезеңін салыстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы — мәтінді талдайды; — ақпараттарды салыстырады.
19
ЖОБА
Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары»
Оқу мақсаты 8.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселені
(тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі
ойды анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Мәтінде көтерілген мәселені талдайды
• Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз.
Қазіргі кезде әлемде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе
жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сияқты энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының
азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бейжай
қалдырмады.
Бүкіл әлем энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын
альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісіп кетті. Электр энергетикасын қалпына
келтіру мәселесі – бұл қауіпсіздік мәселесі әрі еліміздің болашағы электр энергетикасы мен
инфрақұрылымның даму деңгейімен байланысты болып отыр.
Сондай-ақ Қазақстанның энергия қоры болып табылатын қазба байлықтары мен
қалпына келетін энергия көздерінің зор әлеуетін иелене отырып, қазіргі уақытта энергия
үнемдеу саласында ең соңғы орындардың бірін иеленіп отыр. Біз электр және жылу
энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану кездерінде де энергияны үнемдеудің
қарапайым ережелерін сақтамаудың куәсі болып жүрміз. Осылай қалыптасқан жағдайда
энергияны үнемдеу мәселесіне қаражат бөлу жаңа энергетика көздерін салумен бара-бар
болар еді, себебі энергияны үнемдеудің өзі пайдалану тұрғысынан қарағанда жаңа энергия
көзін ашумен бірдей. Қазақстанда энергия үнемдеу әлеуеті 30-35 пайызды ғана құрайды.
Қоғамымыздың барлық салаларында энергия үнемдеу саясатын дұрыс жүргізу жедел
қолданысқа енгізілетін сапалы заңның бекітілуін және тұтас іс-шаралар кешенін орындауды
қажет етеді.
(а) Мәтінде қандай мәселелер көтеріледі? Ол мәселелер бойынша сіздің көзқарасыңыз
қандай? ______________________________________________________________________________
(ә) Мәтіннің негізгі ойы қандай? ________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — мәтіндегі мәселелерді талдайды; — өз көзқарасын білдіреді; — мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
20
ЖОБА
Оқу мақсаты 8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары
бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр
бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Мәтіннің баяндау желісін сақтап, мәтіннің әр
бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы
мәтін (аннотация, тезис) жазады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз.
Қарағанды
Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. Жүгірген бала,
жебелей басқан әйел-еркектер көрінеді. Маңайдағы колхоздардан көмір алуға келген
колхозшылар да, өтіп бара жатқан бірен-саран аттылар да бұрылып, қонақтардың маңына
иірілді. Одан-бұдан жиыла-жиыла, кішігірім топ құралды.
– Қарағандыны жүргізуге келіпті!
– Донбастың мастерлері, – дейді.
– Е, «осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді!».
Көп ішінде сыбыр-күбір осылай жүріп жатты. Ермек қалтасынан бір уыс кілтті суырып,
Щербаковқа ұсынды:
– Чайковтан естіген едім, күткен едім. Жақсы келдіңіздер, міне, енді зауыт кілтін өз
қолыңызға алыңыз.
Щербаков кілтті алған соң, тебінгідей жалпақ алақанына салып, біраз ойланып тұрды
да, кішірек көкшіл көзін төңірекке жіберді. Кең дала оның көңілін де кеңітіп жіберген
тәрізді. Қолын көтере, сол далаға меңзей:
– Жолдастар! – деді жуан дауыспен. Күдістеу кең иықты, алып денелі адамның даусы да зор,
салмақты шықты. – Осы далада Апақ Байжанов қой бағып жүріп, суыр інінен Қарағанды
көмірін тапқалы жүзге жуық жылдар өтіп барады. Содан бері орыс-ағылшын капиталистері
қазақ жерінің байлығын, қазақ халқының арманын осы кілтпен жауып ұстағандай болса, біз
енді осы кілтпен бәрін ашамыз. Коммунистік партия, кеңес өкіметі жіберді бізді. Қазақ
даласында сталиндік бесжылдық жоспарды орындауға көмекке келдік. Бұл бесжылдықта
мешеу Қарағанды Кеңес Одағындағы ірі өндірістердің қатарына қосылады. Жұмыс көп,
қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп. Ол күшті ұйымдастыра білсек, біз алмайтын
қамал жоқ…
Шығарманың мазмұнын сақтай отырып, әр бөлігінен алынған ақпараттардан аннотация
жазыңыз. _____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — мәтін мазмұнын сақтайды; — мәтіннің әр бөлігінен ақпарат алады; — шығарма бойынша аннотация жазады.
21
ЖОБА
Оқу мақсаты 8.3.6.1 БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды,
орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік
түзетулер жасау, редакциялау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Мәтіннің стильдік ауытқуларын, орынсыз
қолданылған сөз оралымдарын талдап, түзету енгізеді
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінге стильдік түзетулер жасап, редакциялаңыз. БАҚ беттерінен
алынған мақалада стилистикалық қателер, орынсыз қолданылған сөз оралымдары бар.
Баламалы энергия үлесі артуда
Қазақстанда баламалы энергия көздерінің үлесі 2020 жылы 3 пайызды, 2030 жылы 10
пайызды, 2050 жылы 50 пайызды жетеді деп жоспарланған. Ал алдағы жылдары энергетика
саласына тартылатын инвестициялардың 97 пайызы жеке секторға қатысты болмақ.
«Болашақтың энергиясын қалыптастыру» ХІ Еуразиялық KAZENERGY форумы – екі
күнге жоспарланды шара. Шараның Қазақстан Үкіметі мен Энергетика министрлігінің
қолдауымен ұйымдастырылған. Форумның ашылуына Чехия, Финляндия, Ресей, Грузия,
Польша елдерінің энергетика салаларының дөкейлері, сондай-ақ Бүкіләлемдік мұнай
кеңесінің елбасысы Тор Файеран қатысты. ХІ Еуразиялық KAZENERGY форумында әлемдік
энергетикалық компаниялар тұрақты энергетика көздерін тиімді басқару, энергия
ресурстарының өндірілуі, сақталуын және пайдаланылуын бақылау, энергия көздеріне қол
созу, климаттың өзгеруі және көмірқышқыл газы шығарындыларын төмендету, баламалы
энергия көздерінің пайдаланылуына ынталандыру, энергиялық тиімділік бойынша
бағдарламаларды және «ақылды» энергетиканы енгізу, уран және атом саласын
инновациялық тұрғыдан дамыту сияқты мәселелер талқылады.
Дескриптор Білім алушы — стильдік түзетулер енгізеді; — орынсыз қолданылған сөз оралымдарын түзейді.
22
ЖОБА
Бөлім «Жасөспірім және заң»
Оқу мақсаты 8.2.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Мәтінге комментарий жасап, іріктеп, талдап
оқиды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді оқыңыз.
Жеткіншектер арасында қылмыс азаймай тұр
2017 жылдың он айында Астанада кәмелеттік жасқа толмағандар 146 рет қылмыстық
құқықбұзушылық жасаған көрінеді. Бұл деректі ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді. Бірақ кәмелетке
толмағандар арасындағы қылмыстық құқықбұзушылықта алдына «қара салмай тұрған» өңір – Оңтүстік Қазақстан облысы.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің ресми сайтында құқықбұзушылық картасы орналастырылған. Аталған дерек
көздеріндегі мәліметтерге жүгінсек, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс ОҚО
да 415 рет тіркелсе, Шығыс Қазақстан облысында 274, Алматы облысында 254 рет тіркеліпті.
Балалар мен жеткіншектердің тәртіп-тәрбиесі ең жақсы өңір ретінде Павлодар облысын
атауға болады. Кереку жерінде жеткіншектердің арасында 52 қылмыс тіркеліпті. Ал біздің
сөз етіп отырған Астана топ ортасында екен.
Егер Елорданың қай бөлігінде жеткіншектер тәртіп көп бұзады дегенге тоқталсақ,
Алматы ауданы көш бастап тұр. Онда жыл басынан бері жеткіншектер қолымен жасалған
69 қылмыс тіркелсе, Сарыарқа ауданында 64, Есіл ауданында 18 қылмыс болыпты. Демек,
Есіл өзенінің оң жағалауында қылмыс көбірек жасалатын болса керек…
Астанада 14-15 жастағы жеткіншектер 25, 16-17 жастағылар 121 рет қылмыс жасапты.
Соңғы топтың ішінде 40 оқушы, 46 колледж оқушысы, 46 жоғары оқу орындарының
студенті бар екен. Ал 14 адам еш жерде оқымайтын һәм жұмыс істемейтін бозбалалар мен
бойжеткендер болса керек. Әдетте жұмыссыздар мен оқу оқымайтын жастардың арасында
қылмыс көп кездесетіндігі жөнінде стереотип болғанымен, іс жүзінде білім алып жүрген
жасөспірімдер мен жеткіншектер көп қылмыс жасапты. Бір атап өтер жайт, қылмыс
құрамында ұрлық-қарлық пен адам тонаудың үлесі мол болған. Ол тіпті былтырғыға
қарағанда өсіп кеткен көрінеді.
Мәтіннен сандық деректерді іріктеп алыңыз. Оларды автор қандай мақсатта қолданған? Олар
нені аңғартады?
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — мәтіннен сандық деректерді іріктейді; — автор қолданысына комментарий жасайды.
23
ЖОБА
2-тапсырма
Берілген сөйлемдерді талдаңыз. Мәселелердің себебі неде?
Сөйлемдер Себебі не болуы мүмкін?
Бірақ кәмелетке толмағандар арасындағы
қылмыстық құқықбұзушылықта алдына
«қара салмай тұрған» өңір – Оңтүстік
Қазақстан облысы.
Демек, Есіл өзенінің оң жағалауында
қылмыс көбірек жасалатын болса керек…
Бір атап өтер жайт, қылмыс құрамында
ұрлық-қарлық пен адам тонаудың үлесі
мол болған.
Дескриптор Білім алушы — берілген ақпаратты талдайды; — мәселенің себебін түсіндіреді.
24
ЖОБА
4-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті»
Оқу мақсаты 8.2.7.1 Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар,
оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану,
авторына сілтеме жасау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Түрлі дереккөздерден алынған деректерді дәлел ретінде
қолданады, авторына сілтеме жасайды
Қолдану
Тапсырма
Театр туралы толғамдармен танысыңыз.
Театр туралы
Театр (грек. theatron – ойынсауық орны; ойынсауық) – сахналық өнердің өмір
көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен
бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен
қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Санасы бос адамның алдында ойнағанша, бос орындықтың алдында ойнаған жақсы.
А. Гиннесс
Театр – өмірлік сұрақтарға шешім табатын жоғарғы интенция.
Александр Иванович Герцен
Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады.
Робер Лепаж
Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын.
Григорий Ревзин
Егер қоғамда жара болып жатса, оны театр емдеуге, не «бәрі жақсы болады» деп
сендіруге тиісті емес, театр сол жақты саусағымен нұсқап көрсетуі керек. Сонда ғана қоғам
алдындағы парызы өтеледі.
Михаэль Тальхаймер
Ойынды жалған әрекет деп жатады. Алайда бұл жалған әрекет – жалғыз ақиқат.
Сомерсета Моэманың «Театр» романынан (а) 27 наурыз – бүкіләлемдік театр күні. Сол айтулы күн туралы «Жас өркен» танымдық
сайтының «Ұланның күнтізбесі» айдарына мақала жазыңыз. Мақалаңызда жоғарыдағы
дәйексөздерді қолданып, авторына сілтеме жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы — дәйексөздерді орынды қолданады; — авторына сілтеме жасайды.
25
ЖОБА
Оқу мақсаты 8.4.4.4 Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық
ерекшелігіне сай қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Жай сөйлемдерді айтылу мақсатына, құрылымдық
ерекшелігіне қарай қолданады
Қолдану
1-тапсырма
Мәтін үзіндісін оқыңыз.
Театр мәдениеті деген не?
Қаланың қарбаласы түсінікті… Көліктер кептелісі. Осы секілді түрлі жағдайлармен
жүріп, сіз кенет театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыңыз. Апылғұпыл киіміңізді өткізіп, көрермендер залына кіріп келесіз. Сахна жап-жарық, әртістер өз
образында. Қысқасын айтқанда, сахнадағы өмір қыз-қыз қайнап кетіпті. Алдыңыздан театр
қызметшісі шығып, бір орынды нұсқады: «Ана бір бос орынға отырыңыз!». Билетке қарап
сызылатын уақыт та жоқ, жағдай да жоқ. Арғы жақтағы бос орынға отырмақ боп,
көрермендер арасынан өтіп барасыз. Сол кезде не естідіңіз? Естімегеніңіз қалмады ғой, иә?!
Оларды түсінуге болады, сахна ауасымен тыныстап, сондағы тіршілікке еніп отыр. Кінә
сізден!..
Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін мәтін ішінен анықтаңыз.
хабарлы сұраулы лепті бұйрықты
Дескриптор Білім алушы — жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін
анықтайды.
2-тапсырма
Жоғарыдағы мәтінді өз ойыңызбен жалғастырыңыз. Жай сөйлемдерді құрылымдық
ерекшелігіне қарай қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы — мәтінді жалғастырып жазады; — жай сөйлемнің құрылымдық түрлерін қолданады.
26
ЖОБА
Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм»
Оқу мақсаты 8.1.1.1 Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене
отырып, көтерілетін мәселені болжау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Мәтіннен алынған үзінділерге сүйене отырып, мәселені
болжайды
Қолдану
Тапсырма
Мәтін үзіндісін тыңдаңыз.
Анекдоттан бастайық. Дубай. Бес жұлдызды қонақ үй. Қазақстаннан келген екі
жолдас жүздесіп қалады. Бір-бірін жарылқаған кейіпте хал сұрасқан екеудің пысықтау
келгені: «Бурабайда демалатын ақшаң болмады ма?..» – дейді…
(оқушы болжам жасау үшін кідіріс жасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі). (а) Мәтінде не туралы айтылады? Қандай мәселе көтерілуі мүмкін? ________________________________________________________________________________
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Бұл анекдоттан біз шындықты ғана көре аламыз. «Бурабайдағы» белгілі
қонақүйлердің бірінде түнеу үшін кемінде 55 мың теңгеге шығындаласыз. Ал Түркиядағы
қымбат қонақүйде 1 күн өткізу үшін 38 мың теңгеңіз болса жеткілікті. Айырмашылықты
анық байқап отырған болуыңыз керек.
Қазақстандық туристік ұйымдар қауымдастығының өкілі Айдар Кенжеғұловтың
пікірінше, ішкі туризм экономиканы көтеретін бірден-бір күшке ие. Сол арқылы біз бүгінгі
қиын жағдайда артта қалған бірнеше саланы аяққа тұрғызып, жұмысын одан әрі дамыта
аламыз.
Жай ғана кіріс туризмінің классикалық есебін шығарайықшы: Бір шетелдік турист
елге күніне 100 доллар шамасында кіріс алып келеді. Ішкі туризмнен де пайда айтарлықтай
көп және ішкі туризм сыртқыға қарағанда халық үшін тиімді һәм қауіпсіз дейді ол.
Иә, бұл – екі маңызды артықшылық. Бірақ неге ел тұрғындары өзіміздің
Швейцариямыз – Бурабайға, болмаса өзге де көрікті жерлерге бармай, турагенттіктердің
табылдырығын тоздырып, Түркия мен Қытайға жолдама алуға асығады?.. Айтпақшы,
Бурабай ел орталығы Астанадан тым алыс жатқан жоқ. Сол себепті курортқа дейін керемет
жол тартылған. Бірақ…
(оқушы болжам жасау үшін кідіріс жасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі).
(ә) Сіздіңше, автор не айтқысы келді? _____________________________________________________________________________
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Елдегі туристік орындар туралы мағлұматтарды біз алдымен ғаламдық желіден іздей
бастаймыз. Міне, олқылық та, кемшілігіміз де осы жерден байқала бастайды. Айтыңызшы,
отандық демалыс орындары туралы толық әлі сапалы ақпарат беретін бір сайтты
кездестірдіңіз бе?
Сервистік қызмет, қонақ үй бизнесі туризм саласымен тығыз байланысты. Сондықтан
олардың проблемалары да бір: қымбат бағаға нашар қызмет көрсету, кәсіби кадрлардың
жетіспеушілігі, жарнаманың жоқтығы. Айдар Кенжеғұловтың пікірінше, қызмет көрсету
деңгейі ғана төмен емес, бізде туризммен байланысты кәсіпкерлік жұмыстар да дұрыс жолға
27
ЖОБА
қойылмаған. Сонымен қатар, еліміздің индустриясын өркендету, ел брендтерін дамыту
аясында тұрақты шаралар жасау, маркетингті өрлету және заң шығарушы базаны
реформалау керек. (б) Сіздің болжамыңыз шындыққа сәйкес келді ме? Салыстырыңыз.
Менің болжамым Шын мәнісінде
Дескриптор Білім алушы — мәтін үзіндісіне сүйене отырып, мәтінде
көтерілетін мәселені болжайды; — болжамын мәтін мазмұнымен салыстырады.
Оқу мақсаты 8.2.5.1 Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін
бойынша сұрақтар құрастыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Перифразаның әртүрлі тәсілдерін қолданып, сұрақтар
құрастырады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Астанада экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жасыл экономиканы»
қолдау мен «G-Global-ды» дамыту коалициясымен бірлесе отырып, Қазақстандағы БҰҰ
Даму Бағдарламасының қолдауымен Қазақстан Республикасының туристік саласын
дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау аясында «Қазақстанның ішкі
туризмінің ресурстары, әлеуеті мен даму жолдары» атты республикалық конференция
өткізеді.
Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметінен хабарлады. Ісшараның басты мақсаты – ішкі туризмнің қарқынды дамуы үшін мемлекеттің, бизнестің
және азаматтық қоғамның әлеуетін біріктіру.
Конференция аясында Қазақстанның туристік саласындағы көкейкесті мәселелер; ішкі
туризм мен экотуризмді дамыту үшін ұсыныстар әзірлеу; қонақүй мен туристік бизнес үшін
ең жақсы идеялар бойынша конкурс жариялау; ең жақсы туристік жол бағдары бойынша
конкурс жариялау және т.б. мәселелер қаралады.
Конференция жұмысына Қазақстанның әр аймағынан 70-тен аса адам, сонымен қатар
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің
өкілдері, бизнес-қоғамдастық, халықаралық және отандық сарапшылар, үкіметтік емес
ұйымдар, БАҚ пен басқа да мүдделі тараптар қатысады.
Конференция аясында қатысушылар арасында бірнеше меморандумдарға қол қойылып,
Қазақстанның ішкі туризмін дамытудың біртұтас алгоритмі әзірленеді деп күтілуде.
(а) Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ құрастыру барысында перифразаның түрлі
тәсілдерін қолдануды ескеріңіз.
28
ЖОБА
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — перифраза тәсілдерін қолданады; — мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
Оқу мақсаты 8.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік
мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын
анықтап жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Графиктік мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын
анықтайды
• Мәтін құрылымын сақтайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Сызбамен танысыңыз.
Жағдаят: Сіз Қазақстан туризмі саласын зерттеп жүрсіз.
Туризм саласы бойынша Қазақстанның әлем елдері арасындағы жағдайын және ішкі
даму/кему көрсеткіштерін талдап жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы — сызбадағы маңызды ақпараттарды анықтайды; — ақпараттарды талдап жазады; — мәтін құрылымын сақтайды.
29
ЖОБА
Оқу мақсаты 8.4.5.1 Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс
белгілерін дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Сөйлем соңына қабаттасып келетін тыныс
белгілерді дұрыс қолданады
Қолдану
Тапсырма Cуретпен танысыңыз.
(а) Суретке қарап, сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Мәтініңізде сөйлем соңына
қабаттасып қойылатын (?!/ !?/ ,–/ «»,–/!../?..) тыныс белгілерді қолданыңыз. ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — сурет бойынша әңгіме құрастырады; — сөйлем соңына қабаттасып қойылатын
тыныс белгілерді дұрыс қолданады.
30

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь