ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Дене шынықтыру 3-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Дене шынықтыру 3-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

2793
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Дене шынықтыру
3-сынып
1
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге Білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге,
бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
Мазмұны 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ……4 1-бөлім «Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері»…………………. Ошибка! Закладка не
определена. 2-бөлім «Қозғалыс және спорт ойындар» …………………Ошибка! Закладка не определена.1 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ….17 3-бөлім «Акробатика негіздерінде гимнастика». ………Ошибка! Закладка не определена.7 4-бөлім «Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары» ……………Ошибка! Закладка не определена.4 3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ….28 5-бөлім «Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері»………………………………………………….28 6-бөлім «Қозғалыс және спорт ойындар» …………………………………………………………………….. 34 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ….42 7-бөлім «Акробатика негіздерінде гимнастика». ……………………………………………………………42 8-бөлім «Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары»………………………………………………………………….49
3
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
1-бөлім «Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене
жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып,
қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін
түсінеді және көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін
жаттығулар орындайды
• Жаттығуда кездесетін қиындықтар мен тәуекелдерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретте бейнеленген дене жаттығуларын орында. Кездесетін қиындықтар мен
тәуекелдерді анықта.
Дескриптор Білім алушы — жаттығуларды ретімен, белсенді орындайды; — жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды
анықтайды; — жаттығуларды орындауда кездесетін тәуекелдерді
айтады; — құралдарды орынды пайдаланады.
4
ЖОБА
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасы
денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және
түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойындар арқылы дене қимыл-қозғалыс әрекеттерін
орындайды
• Қимыл-қозғалыс әрекеттерінің сауықтыру пайдасын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Үшіншісі артық» ойынын ойна.
Ойын шарты: Команда ойыншылары алаңның ішінде жұппен орналасады. Жетекші
және ойыншылардың бірі сызықтан тыс тұрады. Жетекші қашушыны ұстауға
ұмтылады, ал қашушы жұптардың бірінің алдына тұра алады, онда жұптың соңғы
ойыншысы «үшінші артық» болады және жетекшіден қашады. Егер жетекші бос
ойыншыны ұстап алса, олар рөлдерімен ауысады.
Ескерту: Ойын ережесін сақта, денсаулыққа пайдалы әрекеттерді қолдан.
• Ойынның денсаулықты сауықтыруға тигізетін пайдасы туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы — ойынға белсенді қатысады; — ойындағы сауықтыру қозғалыстарының пайдасын
анықтайды; — ойын барысында денсаулыққа пайдалы әрекеттерді
қолданады.
5
ЖОБА
Тақырып Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және
босаңсыту маңызын түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денені ширату, қыздыру әрекеттерінің кешенін
орындайды
• Демді ретке келтіру, босаңсудың денсаулыққа пайдасын
сипаттайды
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әртүрлі қарқынмен жүгіру арқылы денені қыздыру, демді ретке келтіру
жаттығулар топтамасын орында. Олардың денсаулыққа тигізетін пайдасы туралы айт.
Сабақ соңында денені, ағзаны қалпына келтіру жаттығуларын жаса.
бір орында жүру созылу секіру терең дем алу
Дескриптор Білім алушы — денені қыздыру, ширату жаттығулар топтамасын
орындайды; — жаттығулар кешенінің денсаулыққа келтіретін пайдасын
түсіндіреді; — босаңсу, демді ретке келтіру жаттығуларын көрсетеді.
6
ЖОБА
Тақырып Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық
өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын
көрсетеді және түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Физикалық өзгерістерді анықтап, бірқатар
стратегияларды қолданып, көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топтық іс-әрекеттерді орында. Стратегияларды дұрыс қолдан.
Ойын шарты:Бірінші қатысушы допты алып жүгіріп, шеңберде қалдырады. Қайта
келіп, тағы бір допты алып, оны да шеңбердің қасына қалдырады. Ол өз командасына
оралған соң, келесі ойыншы осы доптарды бір-бірден алып келеді. Ойын осылай
жалғасады.
Дескриптор Білім алушы — физикалық өзгерістерді анықтайды; — жүгіру, тоқтау дағдыларын орындағанда
стратегияларды пайдаланады; — қатесіз орындауды көрсетеді.
7
ЖОБА
Тақырып Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене
жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай
орындау керек екендігін біледі және түсінеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денеге ықпал ететін қарапайым жаттығуларды
орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1. Тапсырманы жеке және жұппен орында. Сызық бойына тұрып (бормен
сызылған сызық немесе секірмектің керілген жібі) 30 секунд бойы сызыққа
тимей секір. Жеке, және жұппен секіру жаттығуларының айырмашылығын
анықта. 2. Қарғымақпен еркін секіру жаттығуларын көрсет.
Дескриптор Білім алушы — түрлі секіру әдістерін орындайды; — жеке, жұппен қарапайым секіру жаттығуларының
айырмашылығын анықтайды; — секіру дағдыларының үйлесімді орындалуын
көрсетеді.
8
ЖОБА
Тақырып Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс
машықтарын біледі, түсінеді және жақсартып жалғастырады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларға негізделген қарапайым қимыл-қозғалыс
әрекеттерін орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Командаға бөлініп қарғымақпен, гимнастикалық орындықтан секіру, допты
қабырғаға лақтырып, қағып алу дағдыларын жарыс түрінде өткіз.
Дескриптор Білім алушы — секіру жаттығуларының түрлі дағдыларын қолданады; — секірулерді үйлесімді орындайды; — допты лақтыру дағдыларын тиімді пайдаланады; — допты лақтыру дағдыларын үйлесімді көрсетеді.
9
ЖОБА
Тақырып Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Оқу мақсаты 3.3.5.1 Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай
алу керектігін қарайды және түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі дене қимыл-қозғалыстарына қатысу
мүмкіндігін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Өткел» ойынын ойна.
Ойын шарты: Сынып екі командаға бөлінеді. Сөре сызығынан 15-20 метр қашықтықта
гимнастикалық шеңбер қойылады. Қатысушылар белгі бойынша қол ұстасып, шеңберге
дейін жүгіреді. Қатысушының біреуі шеңберде қалады, екіншісі тағы бір қатысушыны
алып келеді. Барлық қатысушылар шеңберге келгеннен кейін, сол әдіспен жұптасып
кері қайтады.
• Кеңістік пен ресурстарды басқалармен бөлісу мүмкіндігін сипатта.
Дескриптор Білім алушы — кеңістікте тепе-теңдікті сақтап жүгіреді; — жеке, жұппен қарапайым тасымалдау әдістерін
қолданады; — кеңістік пен ресурстарды басқалармен бөлісу
мүмкіндігін сипаттайды.
10
ЖОБА
2-бөлім «Қозғалыс және спорт ойындар»
Тақырып Қозғалмалы ойындарындағы қозғалыс дағдылары
Оқу мақсаты 3.2.8.1 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде
басқаларының рөлін түсінеді және көрсетеді, олардың
айырмашылықтарын ұғынады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым қозғалыс әрекеттерін орындауда
рөлдердің маңыздылығын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Барлығы бір себетте» ойынын ойна.
Ойын шарты: Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Әр ойыншының қолында доп
болады. Олар алаңның орта сызығының бойына дейін белгі бойынша әрқайсысы өз
нысанасына қарай допты алып жүреді. Допты нысанға тигізгенше 3 рет лақтырады.
Тигізген немесе барлық әрекетін орындаған жағдайда, допты алып жүріп, өз орнына
қайта оралады. Мәреге бірінші жеткен команда жеңеді.
Ескерту:Түрлі бастапқы жағдайдан допты алып жүруді бастауға болады: отырып,
тізерлеп, арқасына жатып және т.с.с. Тоқтағаннан кейін немесе қозғалыс кезінде
лақтыруға болады.
Жеңіске жету үшін қатысушылардың рөлі қандай септігін тигізеді?
Дескриптор Білім алушы — ойында әділ бәсекелесті, келісімді әрекеттерді
ұстанады; — қозғалыс қызметінде қатысушылар рөлінің
маңыздылығын сипаттайды.
11
ЖОБА
Тақырып Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы
ойындар
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене
жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай
орындау керек екендігін біледі және түсінеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денеге ықпал ететін қарапайым жаттығудағы
қозғалыстарды орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ойыншылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай, көршісіне жылдам беруге
тырысады. Барынша жылдам қарқынмен бір-біріне доп лақтыруға немесе шеңберге
арқасымен тұрып және қолды арқаға ұстап беруге болады. Жаттығуда балалар көздерін
жұмып немесе ойынды бір уақытта бірнеше доппен ойнаулары арқылы күрделендіруге
болады.
Дескриптор Білім алушы — іс-әрекеттердің қозғалыс қарқынын көрсетеді; — біркелкі қозғалыстың маңызыдылығын айтады.
12
ЖОБА
Тақырып Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған
жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың
мағынасын түсінеді. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып,
жұмыс істей бастайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мақсатқа жету үшін жеке дара, командалық ісәрекеттерді ұтымды пайдаланады
• Тапсырмалар барысында рөлдерін анықтайды,
көшбасшылық дағдыларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. «Қазан» ойынының шарттық ережесін анықта. Ойындағы
рөлдерді анықтап, көшбасшылық дағдыны қолдан.
Дескриптор Білім алушы — ойынның шарттық маңызыдылығын анықтайды; — жеке дара, командалық рөлдерін анықтайды; — ойынында көшбасшылық дағдысын қолданады.
13
ЖОБА
Тақырып Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегиялармен
және жоспарлармен баламаларды талдау үшін
проблемаларды жою әдістерін қолданады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойын барысында қозғалыс идеяларын,
стратегияларын, балама нұсқаларын ұсынады
• Қиындықтарды жеңілдету үшін шешімдер
қабылдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Командалық қуаласпақ» ойынын ойна. Қиындықтарын анықта. Балама нұсқасын
және идеясы мен стратегиясын ұс
ын.
Дескриптор Білім алушы — ойында жеке, топтық стратегияларды қолданады; — ойында кездесетін қиындықтарды жою әдістерін
анықтайды; — ойынның баламалы нұсқасының шарттарын
ұсынады.
14
ЖОБА
Тақырып Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту
ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып,
идеяларды, ресурстар, кеңістік, білімін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қолайлы оқу орнын және жаттығуларды орындауда
ресурстар мен кеңістікті орынды пайдаланып,
идеяларын іске асырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Доп жоғарыға!» ойынында ресурстар мен кеңістікті орынды пайдаланып, идеяларын
анықта. Ойынның ережесін сақтап ойна.
Дескриптор Білім алушы — жеке дара, топпен кеңістікті тиімді пайдаланады; — жеңіске жету үшін өзінің идеяларын ұсынады; — ойында үйлесімді қозғалыстар орындайды.
15
ЖОБА
Тақырып Ұжымда жұмыс атқару
Оқу мақсаты 3.3.5.1 Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай
алу керектігін қарайды және түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі дене қимыл-қозғалыстарына қатысу
мүмкіндігін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ойынның шартын анықта. «Пионербол» ойынын жеңілдетілген ережемен ойна.
Дескриптор Білім алушы — ойының ережесін, шарттарын сақтайды; — ойында түрлі деңгейлі қимыл-қозғалыстарды
орындайды; — ойында үйлесімді қозғалыстарды сақтайды.
16
ЖОБА
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
3-бөлім «Акробатика негіздерінде гимнастика»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене
жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып,
қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін
түсінеді және көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін жаттығулар
орындайды
• Жаттығуда кездесетін қиындықтар мен тәуекелдерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жаттығу барысында денеге түсетін қиындық пен тәуекелді, жүктемені
анықтайды және көрсетеді. «Қарлығаш» (кез келген аяқта) тұру, алдыға домалау —
арқаға жату қалпынан «көпір» — арқамен жату, тұру және т.б. Осы акробатикалық
элементтер кешенін көрсетіп, орында.
Дескриптор Білім алушы — жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды
анықтайды; — түрлі гимнастикалық жаттығуларды орындағанда
тәуекелдерді анықтайды; — денеге түсетін жүктемелерді анықтайды, көрсетеді.
17
ЖОБА
Тақырып Аэробика элементтері бар гимнастика
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және
босаңсыту маңызын түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалмалы ойындарда денені ширату, қыздыру
әрекеттерінің кешенін орындайды
• Демді ретке келтіру, босаңсудың денсаулыққа
маңызын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Денені қыздыру және босаңсытуға арналған жаттығулар кешенін орында және
маңыздылығын анықта.
Дескриптор Білім алушы — денені қыздыру жаттығуларын орындайды; — денені босаңсыту жаттығуларын ретімен орындайды; — жаттығулардың пайдасының маңыздылығын
анықтайды.
18
ЖОБА
Тақырып Аэробика элементтері бар гимнастика
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене
жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай
орындау керек екендігін біледі және түсінеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денеге ықпал ететін қарапайым жаттығуларды
орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Аэробика элементтері бар гимнастикалық жаттығуларды орында.
Жаттығудың денсаулыққа қажеттілігі мен маңыздылығын сыныптастарыңмен талқыла.
Дескриптор Білім алушы — аэробика жаттығулар топтамасын орындайды; — жаттығулар кешенінде құралдарды тиімді
пайдаланады; — жаттығулардың қажеттілігі мен маңыздылығын
талқылайды; — жаттығулардың реттілігін, орындалу ерекшеліктерін,
пайдасын көрсетеді.
19
ЖОБА
Тақырып Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Орындау және бағалау кезінде бірқатар ісқимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды
көрсетеді және анықтай біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларды орындауда іс-қимылдарды, кеңістікті,
динамиканы байланыстырып көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Акробатикалық жаттығуларды орындауда іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы
байланыстырып көрсет.
Алдыға домалау Артқа домалау Жауырынға тұру
Жаттығудың балама нұсқасын сыныптасыңмен жасап, көрсет.
Дескриптор Білім алушы — жаттығуды орындағанда іс-қимылын, кеңістікті,
динамиканы байланыстырып көрсетеді; — жаттығудың балама нұсқасын ұсынады.
20
ЖОБА
Тақырып Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік
Оқу мақсаты 3.1.4.1 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтайды
және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын
талқылайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің тапсырманы орындау деңгейін анықтап,
салыстырады
• Өзгелердің қозғалыс дағдыларының үйлесімділігін
анықтайды, сапасына мән береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кіші ағаш аттан қолды тіреп, секіру жаттығуларын орында.
Дескриптор Білім алушы — секіру жаттығуын орындайды; — секіру түрлерінің әдістерін қолданады; — секіру қозғалыстарындағы үйлесімді көрсетеді.
21
ЖОБА
Тақырып Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған
жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың
мағынасын түсінеді. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып,
жұмыс істей бастайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мақсатқа жету үшін жеке дара, командалық ісәрекеттерді ұтымды пайдаланады
• Тапсырмалар барысында рөлдерін анықтайды,
көшбасшылық дағдыларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Бөренедегі жарыс» ойынының рөлі мен көшбасшылық дағдысын көрсет.
Берілген ойында тепе-теңдікті дамыт.
Дескриптор Білім алушы — ойынның рөлін анықтайды; — көшбасшылық дағдысын көрсетеді; — тепе-теңдік жаттығуларын орындайды; — тактикаларды пайдаланады.
22
ЖОБА
Тақырып Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар
Оқу мақсаты 3.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және
басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау
туралы алынған білімді пайдаланады және қолданады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тапсырмаларды орындауда және талдауда өз білімін
пайдаланып, ұтымды ұсыныс береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тепе-теңдікті дамытуға арналған әртүрлі қозғалмалы ойындарға қатыс. Жеке
дағдыларыңды дамытып, ұтымды ұсыныс бер.
Дескриптор Білім алушы — тепе-теңдікті сақтап, кеңістікте қарқынды, мәнерлі
қозғалады; — жеке, жұппен қарапайым әрекеттерде тактиканы
қолданады; — өзінің, өзгенің қажеттілігіне қарай ұтымды ұсыныстар
жасайды.
23
ЖОБА
4-бөлім «Қазақ ұлттық қозғалыс ойындар»
Тақырып Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
Оқу мақсаты 3.2.7.1 Патриотизмнің мағынасын түсіндіреді, топтық
және дербес дене қимылдарында өзара іс қимыл мен адал
ойын көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ұлттық ойындардағы іс-әрекеттерде
патриотизмнің мағынасын анықтайды, ой
бөліседі, құрметпен қарайды
• Бәсекелестікте адал ойын шарттарын ұстанады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сыныптастарыңмен патриотизм мағынасын талқыла. Ұлттық ойынды ойна.
Оқтау тарту Арқан тарту
Дескриптор Білім алушы — ұлттық ойындардағы патриоттық мағынаны
талқылайды; — ойынның маңызыдылығы мен айырмашылығын
анықтайды; — ойынның ережесін сақтап, әділ бәсекелестікте
ойнайды.
24
ЖОБА
Тақырып Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
Оқу мақсаты 3.3.5.1 Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай
алу керектігін қарайды және түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі дене қимыл-қозғалыстарына қатысу
мүмкіндігін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Жапалақтар мен қарлығаштар» ойынын ойна.
Балалар екі топқа бөлінеді. Топтың бірі – қарлығаштар, екіншісі – жапалақтар болады.
Араларында біреуі жүргізуші болады. Екі топ бір-бірлеріне арқаларын беріп, екіге
тізіліп тұрады. Жүргізуші саптың ортасымен жүріп келе жатып, «Қар» немесе «Жап»
деп дауыстап айқайлайды. Топтың атауы толық айтылмайынша орнынан қозғалуға
болмайды. Жүргізуші топтардың бірінің атауын атаған сәтте аты аталған топтың
ойыншылары өзге топтың мүшелерін қуа жөнеледі. Соңғылары белгіленген аумақтан
асып кету үшін шашырай қашады. Қолға түскендері қуған топтың мүшесіне айналады.
Дескриптор Білім алушы — ойынның ережесін сақтайды; — қозғалыстың маңызыдылығын анықтайды; — әртүрлі әрекеттерді пайдаланып, ойынды ойнайды.
25
ЖОБА
Тақырып Ынтымақтастық және әділ ойын
Оқу мақсаты 3.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және
басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау
туралы алынған білімді пайдаланады және қолданады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тапсырмаларды орындауда және талдауда өз білімін
пайдаланып, ұтымды ұсыныс береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақтың ұлттық ойыны – «Көмбе алу».
Ойынның ережесі мен ойнау тәсілдерін анықта. Алаңның қарама-қарсы беттеріне сөре
және мәре сызықтары сызылады. Алаңға бірнеше теңге (тастар) тасталады. Ойыншылар
сөре сызығының бойына тізіліп тұрады. Белгі берілген сәтте олар атпен шауып келе
жатқандай секіріп, мәре сызығына қарай беттейді. Шабандоздар шауып келе жатып,
тоқтап қалмай, жердегі теңгені көтеруі тиіс. Теңгені кім көп жинаса сол жеңімпаз
болады.
Осы ойынға байланысты өзіңнің баламалы нұсқаңды ұсын.
Дескриптор Білім алушы — жеке дара тиімді әрекеттерді қолданады; — ойын барысында стратегияларды қолданады; — ойында өзгелердің ойнау амалдарын бақылайды; — ойынға байланысты өзінің баламалы күрделенген
нұсқасын ұсынады.
26
ЖОБА
Тақырып Ынтымақтастық және әділ ойын
Оқу мақсаты 3.2.6.1 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау
үшін композициялық идеялармен эксперимент жасайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойын барысында қозғалыстарға, идеяларға тәжірибе
жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақтың ұлттық – «Бөріктелпек» ойыны.
Қазақтың ұлттық ойыны «Бөрік-телпек» ойынын ересектер де, балалар да ойнауға
болады. Бұл ойында доптарды немесе тастарды неғұрлым алысқа лақтыру қажет.
Ойыншылар тізіліп тұрып, түрлі түсті орамалдарға оралған доптарды немесе тастарды
алысқа лақтырады. Кімнің добы немесе тасы жақынға түссе, сол ойыншы оларды
жинап, кімнің алысқа лақтырғанын хабарлайды. Ойын үш жеңімпаз анықталғанша
жалғасады.
Дескриптор Білім алушы — ойында жеке, топтық әрекеттерді идеяларды
қолданады.
27
ЖОБА
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
5-бөлім «Денсаулық және физикалық белсенділік»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Физикалық белсенділік және төзімділік
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене
жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып,
қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін
түсінеді және көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін
жаттығулар орындайды
• Жаттығуда кездесетін қиындықтар мен тәуекелдерді
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жаттығулар кешенін орында. Қиындықтар мен тәуекелдерді анықта.
Дескриптор Білім алушы — кешенді жаттығуларды орындайды; — жаттығуларды орындауда қиындықтарды
анықтайды; — жаттығуларды орындағанда тәуекелдерді
анықтайды.
28
ЖОБА
Тақырып Физикалық белсенділік және төзімділік
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық
өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын
көрсетеді және түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Физикалық өзгерістерді анықтап, бірқатар
стратегияларды қолданып, көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әртүрлі деңгейдегі еркін секіру жаттығуларын орында. Жаттығудың пайдасын,
маңыздылығын анықтайды.
Дескриптор Білім алушы — еркін секіру жаттығуларын орындайды; — жаттығудың пайдасын, маңыздылығын анықтайды.
29
ЖОБА
Тақырып Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы
денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және
түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойындар арқылы дене қимыл-қозғалыс әрекеттерін
орындайды
• Қимыл-қозғалыс әрекеттерінің сауықтыру пайдасын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ойыншылар жүргізуші таңдайды да, өздері алаң ішінде шашырай қашады.
Жүргізуші оларды қуып жетіп, қолын тигізуге тырысады. Бастаушы қуып жеткен
ойыншы отыра қалып, қолын жерге қоя қояды. Бұл жағдайда оған қол тигізуге
болмайды. Алайда жүргізуші отыра қалған ойыншының қасынан екі қадам қашықтықта
тұрып беске дейін санайды. Егер ол беске дейін санағанша қашып кетпесе, оған қолын
тигізеді.
Дескриптор Білім алушы — ойынның шартты ержелерін сақтайды; — қозғалмалы ойында дене жаттығуына тиісті дағдыны
қолданады.
30
ЖОБА
Тақырып Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару
Оқу мақсаты 3.1.4.1 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтайды
және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын
талқылайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің тапсырманы орындау деңгейін анықтап,
салыстырады
• Өзгелердің қозғалыс дағдыларының үйлесімділігін
анықтайды, сапасына мән береді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұптық ойын. Оқушылар түрлі бағыттарға бұрылып, өзінің серігінен қашып кетуге
тырысады. Ал оны серігі қол созым жерден ұстап қалуға тырысады. Ысқырық естілген
кезде қуып келе жатқан серігі оған қолын тигізіп, бір ұпай алады. Мұнан соң рөлдерімен
ауысады.
Дескриптор Білім алушы — ойынның шарттық ережелерін ұстанады; — ойында өзінің қимыл-қозғалысы мен сапасын
өзгелермен салыстырады; — қозғалыс сапасын үйлесімді орындап көрсетеді.
31
ЖОБА
Тақырып Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Орындау және бағалау кезінде бірқатар ісқимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды
көрсетеді және анықтай біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларды орындауда іс-қимылдарды,
кеңістікті, динамиканы байланыстырып көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша ұсынылған жаттығу жиынтығын іс-қимылмен, кеңістікті, динамиканы
байланыстырып орында.
Дескриптор Білім алушы — жұптық тапсырмада құралдарды еркін, дұрыс
пайдаланады; — әртүрлі жұптық тапсырмаларды сапасына, деңгейіне
байланыстырып, көрсетеді.
32
ЖОБА
Тақырып Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты
түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті
дамытады және жетілдіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойында бірқалыптылықты, сенімділікті,
байсалдылық машықтарын көрсетіп, уақыт
өлшемімен жүйелі жаттығуларды орындайды
және жетілдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
«Бұқа тартыс» ойыны. Ойында байсалдылық машықтарын көрсетіп, уақыт өлшемін
жүйелі пайдалан.
Төзімділік қасиеті не үшін қажет екенін достарыңмен талқыла.
Дескриптор Білім алушы — ойында біркелкілік, қозғалыс әрекеттерін
орындайды; — ойын барысында төзімділікті қолданады; — уақыт жүйелігін сақтайды.
33
ЖОБА
6-бөлім «Топтық ойындар элементтері»
Тақырып Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене
жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап
қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру
керек екендігін түсінеді және көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін
жаттығулар орындайды
• Жаттығуда кездесетін қиындықтар мен
тәуекелдерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Ортаға түспек» ойыны. Дәлдік, мергендік дағдыларыңды дамыт және ойында
кездесетін қиындықтар мен тәуекелдерді анықта.
Дескриптор Білім алушы — ойын барысында қатерлер мен тәуекелділікті
анықтайды, мәнерлі қозғалады; — ойында үйлесімді, зерделі қимыл-қозғалыстар,
тактикалар қолданады; — ойын барысында өзінің дәлдікке, мергендікке
бағытталған дағдыларын дамытады.
34
ЖОБА
Тақырып Дәлдік пен мергендікті дамытатын ойындар
Оқу мақсаты 3.2.8.1 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде
басқаларының рөлін түсінеді және көрсетеді, олардың
айырмашылықтарын ұғынады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым қозғалыс әрекеттерін орындауда
рөлдердің маңыздылығын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара, ойындағы қозғалыс әрекеттерін орындауда рөлдердің
маңыздылығын анықта.
Дескриптор Білім алушы — қозғалмалы ойындарда өзінің, өзгенің рөлдерінің
мағынасын ажыратады; — ойынның маңызыдылығы мен айырмашылығын
анықтайды.
35
ЖОБА
Тақырып Дамытатын ойындар
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған
жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың
мағынасын түсінеді. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып,
жұмыс істей бастайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мақсатқа жету үшін жеке дара, командалық ісәрекеттерді ұтымды пайдаланады
• Тапсырмалар барысында рөлдерін анықтайды,
көшбасшылық дағдыларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ұзындығы 2 м секірмекті, шеңбер бойымен, аяқтың астынан айналдырып, секіру
жаттығуларын орында. Рөлдерді анықтап, көшбасшылық дағдыларын қолдан.
Дескриптор Білім алушы — секірудің маңызыдылығын анықтайды; — рөлдерін анықтайды; — ойын барысында көшбасшылық дағдыларын
пайдаланады.
36
ЖОБА
Тақырып Дамытатын ойындар
Оқу мақсаты 3.1.4.1 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін
анықтайды және басқалардың жаттығуларды орындау
сапасын талқылайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өзінің тапсырманы орындау деңгейін анықтап,
салыстырады
• Өзгелердің қозғалыс дағдыларының үйлесімділігін
анықтайды, сапасына мән береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке қара, тапсырманың орындалуын, ережелері мен қолдану тәсілдерін анықта.
Тапсырманың сапасына мән беріп, түрлендір.
Дескриптор Білім алушы — жеке дара қабілетіне қарай тиімді әрекеттерді
қолданады; — ойын барысында стратегиялар, тактикалар
қолданады; — ойынның сапасына мән беріп, ойынды
түрлендіреді.
37
ЖОБА
Тақырып Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту
ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды,
ресурстар кеңістік, білімін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қолайлы оқу орнын және жаттығуларды орындауда
ресурстар мен кеңістікті орынды пайдаланып,
идеяларын іске асырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Шарды ортадан шығар» ойынының идеясын анықта. Ресурстар мен кеңістікті
орынды пайдалан.
Дескриптор Білім алушы — ойында жеке, топтық әрекеттерді, идеяларды
қолданады; — ойын барысында қолайлы, ұтымды амалдар
пайдаланады.
38
ЖОБА
Тақырып Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар
Оқу мақсаты 3.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және
басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау
туралы алынған білімді пайдаланады және қолданады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тапсырмаларды орындауда және талдауда өз білімін
пайдаланып, ұтымды ұсыныс береді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Ептілер, шапшаңдар сайысы» ойынының ережесін анықта. Ойынға өз балама
нұсқаңды ұсын.
Дескриптор Білім алушы — ойынның шартын анықтайды; — ойында жеке, топтық әрекеттерде, өзіндік дағдыларын
қолданады; — өзінің балама нұсқасын ұсынады.
39
ЖОБА
Тақырып Баскетбол элементтері бар эстафета
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Бірқатар қозғалыс идеяларымен, стратегиялармен
және жоспарлармен баламаларды талдау үшін
проблемаларды жою әдістерін қолданады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойын барысында қозғалыс идеяларын,
стратегияларын, балама нұсқаларын ұсынады
• Қиындықтарды жеңілдету үшін шешімдер
қабылдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Тапсырманың қиындығынан жеңілдету жолдарын қарастырып,
ретімен орында.
Дескриптор Білім алушы — тапсырмада қолайлы амалдар, әдістер пайдаланады; — қабілетіне қарай доппен үйлесімді қозғалады; — тапсырманың қиындығынан жеңілдету жолдарын
анықтайды.
40
ЖОБА
Тақырып Баскетбол элементтері бар эстафета
Оқу мақсаты 3.2.6.1 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды
жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент
жасайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойын барысында қозғалыстарға, идеяларға
тәжірибе жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Доп капитанға» ойынының қаншалықты қозғалыстағы ойын екенін және идеясын
анықтап, тәжірибе жаса.
Дескриптор Білім алушы — ойынның қозғалысын және идеясын анықтайды; — ойында қабілетіне қарай амалдарын қолданып,
тәжірибе жасайды.
41
ЖОБА
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
7-бөлім «Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар»
Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене
жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып,
қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек
екендігін түсінеді және көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін
жаттығулар орындайды
• Жаттығуда кездесетін қиындықтар мен
тәуекелдерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ширату және қалпына келу элементтер кешенін көрсетіп, құралдармен жаттығуды
түрлендіріп орында.
Жаттығуда кездесетін қиындықтар мен тәуекелдерді талқыла.
Дескриптор Білім алушы — ширату жаттығулар кешенін орындайды; — жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды
анықтайды; — әртүрлі гимнастикалық жаттығуларды орындағанда
тәуекелдерді анықтайды; — денеге түсетін жүктемелерді талқылайды,
көрсетеді.
42
ЖОБА
Тақырып Ойындағы қарым-қатынас дағдылары
Оқу мақсаты 3.2.8.1 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде
басқаларының рөлін түсінеді және көрсетеді, олардың
айырмашылықтарын ұғынады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым қозғалыс әрекеттерін орындауда
рөлдердің маңыздылығын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
«Допты тигізбе» ойынының рөлдік қызметтерін ажырат, маңыздылығын анықта.
Дескриптор Білім алушы — түрлі дене қозғалыстарын орындайды; — ойындағы рөлдік қызметтерді атқарады,
маңыздылығын ажыратады.
43
ЖОБА
Тақырып Жарыс элементтері бар ойындар
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене
жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай
орындау керек екендігін біледі және түсінеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денеге ықпал ететін қарапайым жаттығуларды
орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жарыстық эстафета түрлерін орында, дағдыларыңды дамыт.
* Осы эстафеталарға байланысты өзіңнің балама нұсқаңды ұсын.
Дескриптор Білім алушы — эстафета түрлерін орындайды; — жарыста құралдарды тиімді пайдаланады; — эстафетаның ретін, балама нұсқасын көрсетеді.
44
ЖОБА
Тақырып Жарыс элементтері бар ойындар
Оқу мақсаты 3.2.4.1 Бірқатар дене жаттығуларына қатысқан кезде
ережелерді және құрылымдық тәсілдерді білетінін
қолданады және пайдаланады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларды орындауда шарттық ережелерді
және құрылымдық тәсілдерді қолданып,
орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бір немесе бірнеше доппен ойналатын «Пионербол» ойынының ережесін
анықта.Тәсілдерді қолданып ойна. .
Дескриптор Білім алушы — ойынның шарттық ережелерін анықтайды; — әртүрлі тәсілдерді қолданады.
45
ЖОБА
Тақырып Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту
Оқу мақсаты 3.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және
басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау
туралы алынған білімді пайдаланады және қолданады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тапсырмаларды орындауда және талдауда өз білімін
пайдаланып, ұтымды ұсыныс береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қарғымақтан әртүрлі секіру жаттығуларын орында.
Жаттығудың қиын, тәуекел тұстарын, сыныптасыңмен талқыла.
Дескриптор Білім алушы — әртүрлі секіру жаттығуларын орындайды; — жаттығудың қиын, тәуекел тұстарын талқылайды.
46
ЖОБА
Тақырып Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту
Оқу мақсаты 3.2.6.1 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды
жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент
жасайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойын барысында қозғалыстарға, идеяларға тәжірибе
жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Доптар қақтығысы» ойыны. Ойын шартын анықта.
Дәлдік қасиеті не үшін қажет екенін достарыңмен анықтап, тәжірибе жаса.
Дескриптор Білім алушы — ойынның шартын анықтайды; — ойынға белсенді қатысады, тактикаларды
пайдаланады; — ойында қабілетіне қарай амалдарын қолданып,
тәжірибе жасайды.
47
ЖОБА
Тақырып Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі
Оқу мақсаты 3.1.6.1 Қозғалыс қызметін оқытудың түрлі
кезеңдерінде тәуекелдердің туындауын қысқартады
және қиындықтарды еңсеру шеберлігі мен
машықтарын жетілдіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығудағы тәуекел мен қиындықтарды
анықтайды, сақтандыру шараларын қолданады,
өзіндік дағдыларын дамытады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Лапта» ойыны. Ойын ережесін анықта және жеке дағдыларыңды дамыт.
Дескриптор Білім алушы — ойынның ережесін анықтайды; — ойын барысындағы қиындықтарды,
тәуекелдерді анықтайды; — өзін, өзгені сақтандырады; — өзінің дағдыларын дамытады.
48
ЖОБА
8-бөлім «Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты»
Тақырып Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене
жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып,
қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек
екендігін түсінеді және көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін
жаттығулар орындайды
• Жаттығуда кездесетін қиындықтар мен
тәуекелдерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бір қалыпта 5-6 мин жүгіру жаттығуын және қозғалыста сермеле, биіктікке секіру
жаттығуын орында. Қиындықтар мен тәуекелдерді анықта.
Дескриптор Білім алушы — жаттығулардағы денсаулыққа әсер ететін
факторлардың мағынасын ажыратады; — тапсырманың маңызыдылығы мен
айырмашылығын анықтайды; — қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды.
49
ЖОБА
Тақырып Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы
денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және
түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойындар арқылы дене қимыл-қозғалыс әрекеттерін
орындайды
• Қимыл-қозғалыс әрекеттерінің сауықтыру пайдасын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жеңіл атлетикалық арнайы жаттығулардың маңыздылығын ажыратып, орындап көрсет.
Жоғарғы сөреге тұру, шығу әдістері. Кіші допты ұзындыққа, дәлдікке лақтыру.
Дескриптор Білім алушы — арнайы жаттығуларды орындайды; — жаттығудағы қозғалыс қарқынын анықтайды; — қозғалыстың маңыздылығын анықтайды; — жаттығуды үйлесімді орындап, қайталап көрсетеді.
50
ЖОБА
Тақырып Жүгіру ойындарына қатысу
Оқу мақсаты 3.1.3.1 Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты
түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті
дамытады және жетілдіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ойында бірқалыптылықты, сенімділікті,
байсалдылық машықтарын көрсетіп, уақыт
өлшемімен жүйелі жаттығуларды орындайды және
жетілдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ойлы-қырлы жерлермен бір қалыпты қарқынмен 7-8 мин жүгір. Жүгіруде
бірқалыптылық, сенімділік, байсалдылық машықтарын көрсет.
Дескриптор Білім алушы — бір қалыпты қарқынмен жүгіру тапсырмасын
орындайды; — жеке, дара қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады; — жүгіру барысында (бірқалыптылық, төзімділік,
жүйелілік) қолданады.
51
ЖОБА
Тақырып Ұзындыққа және биіктікке секіру
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Орындау және бағалау кезінде бірқатар ісқимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды
көрсетеді және анықтай біледі
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаттығуларды орындауда іс-қимылдарды, кеңістікті,
динамиканы байланыстырып көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жеңіл атлетикалық ұзындыққа, биіктікке секіру жаттығуларының кешенін орында.
Қозғалыста 5-6 адымннан ұзындыққа секіру. Қозғалыста аяқты қашылап секіру.
Дескриптор Білім алушы — секірудің шарттық кешенді ретін қолданады; — динамикалық қозғалыстар жиынтығын пайдаланады; — секірулерді ретімен, айырмашылықтарын анықтап,
орындау техникасын көрсетеді.
52
ЖОБА
Тақырып Лақтыру тәжірибелері
Оқу мақсаты 3.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және
басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау
туралы алынған білімді пайдаланады және қолданады
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тапсырмаларды орындауда және талдауда өз білімін
пайдаланып, ұтымды ұсыныс береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қарапайым лақтыру, дәлдеу ойындарын ойна.
Ойынға байланысты өзіңнің баламалы нұсқаңды ұсын.
Дескриптор Білім алушы — ойынның дағдыларын, тактикаларын, қолданады; — қабілеттілігін пайдаланып маңыздылығын
анықтайды; — ойында үйлесімді қимыл-қозғалыстарды
пайдаланып, қайталап көрсетеді; — ойынға байланысты өзіндік балама нұсқасын
ұсынады.
53
ЖОБА
Тақырып Лақтыру тәжірибелері
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған
жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың
мағынасын түсінеді. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып,
жұмыс істей бастайды
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мақсатқа жету үшін жеке дара, командалық ісәрекеттерді ұтымды пайдаланады
• Тапсырмалар барысында рөлдерін анықтайды,
көшбасшылық дағдыларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Допты шеңбердің ортасына тигізіп, қозғалыс қарқынын өзгертпей өткіз. Рөлдерді
анықтап, көшбасшылық дағдыларын қолдан.
Дескриптор Білім алушы — ойындағы қозғалыс қарқынын өзгертпей орындайды; — өзіндік, командалық әрекеттердің рөлдерін
анықтайды; — көшбасшылық дағдыларын пайдаланады.
54

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь