ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Химия 8-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Химия 8-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

1082
0

ЖОБА
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Химия
8-сынып
1
ЖОБА
Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 8-сынып білім алушыларына «Химия» пәні
бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы
ретінде құрастырылған. Тапсырмалар жинағы оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының
негізінде дайындалған.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас
тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету
бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып
табылады.
Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен
мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге,
бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау
бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді
ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.
Қолданылған шартты белгілер:
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол
жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше)
кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.
2
ЖОБА
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАР……………………………………………………… .. .. .. .. .. .. .. .. ……….. 4
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАР…………………………………………………….. .. .. .. .. .. .. .. ……. .13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАР…………………………………………………………. .. .. .. .. .. .. .. ………..25
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМАЛАР……………………………………………………….. .. .. .. .. .. .. .. ………….36
3
1-тоқсан
Бөлім 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы
Оқу мақсаты 8.1.3.1 Атомда электрондарядродан арақашықтығы артқан
сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша
таралатынын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Атомда электрондардың таралуы бойынша
химиялық элементтерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Сызбада Х және У элементтерінің атом құрылысы берілген.
Х У
Қандай элементтердің энергетикалық деңгейлерде электрондарының таралуы көрсетілген?
Х— _____________________
У-_____________________
Дескриптор Білім алушы
− энергетикалық деңгейде электрондардың таралуы бойынша
элементті анықтайды.
ЖОБА
Бөлім 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы
Оқу мақсаты 8.1.3.4 Алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық
конфигурациясын және электронды – графикалық
формуларын жаза білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық
конфигурациясын және электронды – графикалық
формуласын жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Кестедегі бос орындарды толықтырыңыз.
Химиялық элемент
таңбасы
Электрондық
формуласы
Электронды графикалық
формуласы P 1s22s22p63s23p2 Ca 1s22s22p6
Дескриптор Білім алушы
− химиялық элемент таңбасы бойынша электрондық формуласын
жазады;
− химиялық элемент таңбасы бойынша электронды – графикалық
формуласын жазады;
− электрондық формуласы бойынша элементті анықтайды;
− электронды – графикалық формула негізінде элементті анықтап,
электрондық формуласын жазады.
5
ЖОБА
Бөлім 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы
Оқу мақсаты 8.1.3.5Атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта
алатынын және осының нәтижесінде иондар
түзілетінін түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Атом және иондарды электрон құрылысы
көрсетілген диаграмма негізінде анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Суретте Cl, Na, Ca, F, O, Mg атомдары және олардан түзілетін иондар сызбалары
берілген.
Сызбаның қандай атомға немесе ионға сәйкестігін тауып, астына жазыңыз. 1. 2.
  3. 4.
 
5.
6.
 
7.
8.
 
6
ЖОБА
9.
10.
 
11.
12.
 
Дескриптор Білім алушы
− элементке сәйкес атом құрылысы сызбаларын анықтайды;
− атомнан түзілетін ион сызбаларын анықтайды.
2. X элементінің атомында 16 нейтрон және 15 протон бар.
Осы X элемент қандай теріс ион түзе алады?
Х элементінің ионында неше электрон бар?
Дескриптор Білім алушы
− протон, нейтрон саны бойынша белгісіз элементті анықтайды;
− атомнан түзілетін ионды анықтайды;
− ионның электрон санын анықтайды.
7
ЖОБА
Бөлім 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция
Оқу мақсаты 8.2.3.1 Заттар құрамындағы элементтердің массалық
үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша
заттардың формуласын шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
• Күрделі заттар құрамындағы элементтердің
массалық үлесін есептеп шығарады
• Массалық үлесі бойынша заттардың формуласын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Азот — тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің
жапырағы бозғылт жасыл болып, бойы өспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі
майда болады. Өсімдіктегі азот жетіспеушілігін жою үшін: карбамид (CO(NH2)2), чили
селитрасы (NaNО3) т.с.с тыңайтқыштар қолданылады.
Қандай тыңайтқыш құрамында қоректік зат — азоттың массалық үлесі көп?
Жауабыңызды есептеп көрсетіңіз.
(а) CO(NH2)2
(b) NaNО3
Дескриптор Білім алушы
− карбамид құрамындағы азоттың массалық үлесін есептейді;
− натрий селитрасы құрамындағы азоттың массалық үлесін;
есептейді;
− қандай тыңайтқыш құрамында азоттың үлесі көп екенін
салыстырып, қорытындылайды.
2. Азот оксиді үлгісін анализдеу төмендегідей мәліметтер берді:
● азоттың пайыздық үлесі 47%
● оттегінің пайыздық үлесі 53%
Осы оксидтің эмпирикалық формуласын есептеңіз.
Дескриптор Білім алушы
− элементтің пайыздық құрамы бойынша формуланы есептейді.
8
ЖОБА
Бөлім 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция
теңдеулері
Оқу мақсаты 8.2.3.3 Реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың
формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар
теңдеулерін құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Реагенттердің және өнімдердің формуласын жаза
отырып, химиялық реакция теңдеуін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша химиялық реакциялар теңдеулерін құрастырыңыз және теңестіріңіз. (а)
темір оттек темір (ІІІ) оксиді (b)
мыс оттек мыс (ІІ) оксиді (с)
магний оттек магний оксиді
Дескриптор Білім алушы
− регенттердің және өнімдердің формуласын жазады;
− валенттілікке сәйкес формуланың индекстерін қояды;
− реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуладағы атом
сандарына сәйкес реакцияны теңестіреді.
9
ЖОБА
Бөлім 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция
теңдеулері
Оқу мақсаты 8.2.2.1 Бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы
бойынша химиялық реакцияларды жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы
бойынша химиялық реакцияларды жіктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма 1. Суретке қарап реакция типтерін анықтаңыз.
А) В)
С) D) 2. Төменде берілген реакциялардың тұсына реакцияның қай типіне жататынын жазыңыз. 1) натрий гидроксиді + фосфор қышқылы → натрий фосфаты + су 2) кальций + тұз қышқылы → кальций хлориді + сутек 3) мырыш нитраты →мырыш оксиді +азот (IV) оксиді +оттек 4) аммиак →азот +сутек 5) магний + темір (ІІ) сульфаты →темір + магний сульфаты 6) мыс (ІІ) оксиді + күкірт қышқылы→мыс сульфаты + су 7) натрий гидроксиді + көмірқышқыл газы → натрий карбонаты + су 8) темір + оттек + су → темір гидроксиді 9) алюминий гидроксиді →алюминий оксиді + су 10)алюминий + күкірт → алюминий сульфиді
Дескриптор Білім алушы
− реакция типтерін ажыратады;
− бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша
химиялық реакцияларды жіктейді.
10
ЖОБА
Бөлім 8.1С Металдар белсенділігін салыстыру
Оқу мақсаты 8.2.4.3 Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін
жағдайларды зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Металдар коррозиясын туындауға әсер ететін
жағдайларды дәлелдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Тәжірибе жасалды.
Төрт пробирка алынды. Оларға темір шеге салынды. 1-ші пробиркаға кұбыр суы құйылып, аузы ашық қалдырылды. 2-ші пробирка іші құрғақ, ауа бар, пробирка ауызы тығынмен бекітілді. 3-ші пробиркаға толтырылып қайнаған су құйылды және ауызы тығынмен бекітілді. 4-ші пробиркаға тұзды су құйылды және аузы ашық қалдырылды.
Тәжірибе нәтижесі суретте көрсетілген (а) Осы сурет негізінде металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды
анықтаңыз. (b) Металдар коррозиясына әсер ететін факторлар туралы қандай қорытынды жасар едіңіз? (с) Коррозияның қандай зияны бар екенін атап жазыңыз. (d) Коррозияны болдырмаудың екі әдісін ұсыныңыз.
Дескриптор Білім алушы
− коррозияға әсер етуші факторларды ажыратады;
− металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды
салыстырады;
− коррозияның зиянды әсерін атайды;
− коррозияны болдырмау әдісіне мысал келтіреді.
11
ЖОБА
Бөлім 8.1С Металдар белсенділігін салыстыру
Оқу мақсаты 8.2.4.5 Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің
реакция теңдеулерін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің
реакция теңдеулерін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төменде келтірілген сөздерді таңдап алыңыз да, металл мен қышқылды әрекеттестіріп
мүмкін болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз.
__________________ + ________________ __________________ + ________________
__________________ + ________________ __________________ + ________________
натрий сутегі мыс сынап хлориді
натрий сульфиті сутегі тұз қышқылы
алюминий сульфаты темір хлориді мыс хлориді натрий гидроксиді
магний натрий фосфаты магний карбонаты темір
күкірт қышқылы сутегі фосфор қышқылы сынап сутегі
Дескриптор Білім алушы
− әрекеттесетін металл мен қышқылды таңдайды;
− реакция өнімдерін дұрыс анықтайды;
− металл және қышқыл қалдықтары валенттіліктерін анықтайды;
− қышқыл, тұз формуласын құрастырады;
− реакцияны коэффициенттер қою арқылы теңестіреді.
12
ЖОБА
2- тоқсан
Бөлім 8.2А Зат мөлшері
Оқу мақсаты 8.1.1.2 Қосылыстың молярлық массасын есептей алу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қосылыстардың молярлық массасын есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген қосылыстардың молярлық массасын есептеңіз.
Қосылыс Молярлық массаның есептелу жолы Өлшем бірлігі H2O су H2SO4 күкірт
қышқылы KMnO4 калий
перманганаты Al2(SO4)3
алюминий
сульфаты NH4NO3
аммоний
нитраты Ca(OH)2 кальций
гидроксиді
СН4 метан
Дескриптор Білім алушы
− молекула құрамына кіретін атомның салыстырмалы атомдық
массаларын анықтайды;
− қосылыстың молярлық массасын есептейді;
− молярлық массаның өлшем бірлігін жазады.
13
ЖОБА
Бөлім 8.2В Стехиометриялық есептеулер
Оқу мақсаты 8.2.3.5 Химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың
массасын, зат мөлшерін есептеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Химиялық реакция теңдеуі бойынша заттың
массасын есептейді
• Зат мөлшерін есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Натрий – күмістей ақшыл түсті, жұмсақ сілтілік металл, табиғатта бос күйде кездеспейді.
Ауада оңай тотығатындықтан керосин астында сақтайды. Сумен шабытты әрекеттеседі.
(а) Натрийдің сумен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз, теңестіріңіз (b) Массасы 34г натрий сумен әрекеттескенде түзілетін сутегінің массасын есептеңіз.
(с) Реакция нәтижесінде (b) тапсырмасындағы түзілген өнімдердің зат мөлшерін есептеңіз.
Дескриптор Білім алушы
− реакция теңдеуін жазып, теңестіреді;
− есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массасын есептейді;
− массасы белгісіз заттың массасын анықтайды;
− өнімдердің зат мөлшерін есептейді.
14
ЖОБА
Бөлім 8.2В Стехиометриялық есептеулер
Оқу мақсаты 8.2.3.7 Газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың
молярлық массасын салыстырмалы тығыздық
бойынша есептеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептейді
• Салыстырмалы тығыздық бойынша газдың
молярлық массасын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма (а) Күкіртсутек — шіріген жұмыртқаның иісіндей иісі бар газ.
Күкіртсутектің сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеңіз. (b) Пропан — табиғи газдың құрамында кездесетін түссіз, иіссіз газ. Мұнай өнімдерін
крекингілеу кезінде түзіледі.
Пропанның ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,51-ге тең. Пропанның молярлық
массасын есептеңіз.
Дескриптор Білім алушы
− салыстырмалы тығыздықты табудың формуласын жазады;
− газдың сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығын есептейді;
− белгілі салыстырмалы тығыздық бойынша пропанның молярлық
массасын есептейді.
15
ЖОБА
Бөлім 8.2С Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
Оқу мақсаты 8.3.1.2 Парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу
жолдарын ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Парниктік эффекттің пайда болу себебін жазады
• Парниктік эффектті жою жолдарына мысалдар келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма (а) Берілген сурет негізінде парниктік эффекттің пайда болуының кем дегенде 3 себебін
жазыңыз. (b)Жерден жылу сәулесінің шағылуы берілген:
(а) сурет
Атмосфераның қалыпты күйі кезіндегі (b) сурет
Атмосфераның өте ластану кезіндегі
Жерден жылу сәулесінің шағылуында қандай ерекшелік бар екенін (а) және (b) суреттері
бойынша түсіндіріңіз. Оның салдары қандай болуы мүмкін? (c) Парниктік эффектті жоюдың 3 жолын ұсыныңыз.
Дескриптор Білім алушы
− Жер бетінде парниктік эффекттің пайда болуының үш себебін
анықтайды;
− парниктік эффекттің салдарын болжайды;
− парниктік эффектті жоюдың тиімді үш жолын ұсынады.
16
ЖОБА
Бөлім 8.2С Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
Оқу мақсаты 8.3.1.3 Экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал
эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Эндотермиялық және экзотермиялық реакцияларды
ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма (a) Реакциялардың қайсысы эндотермиялық, қайсысы экзотермиялық екенін « »
белгісімен көрсетіңіз.
Термохимиялық теңдеулер Экзотермиялық Эндотермиялық CH4 +2O2↔ CO2+ 2H2O + 892 кДж H2 + J2↔ 2HJ – 50кДж
СО2 + Н2 ↔ СО + Н2О — Q
С+О2↔ СО2+ 402 кДж C2Н6 ↔ C2Н4 + Н2 — Q (b) Кестені толтырыңыз.
Берілген cурет Термохимиялық
реакцияның аталуы
Температура
өзгерісі
Энергия
өзгерісі
Дескриптор Білім алушы
− экзотермиялық, эндотермиялық реакцияны анықтайды;
− экзотермиялық, эндотермиялық реакция кезіндегі температура
өзгерісін жазады;
− экзотермиялық, эндотермиялық реакция кезіндегі энергия өзгерісін
жазады;
− экзотермиялық, эндотермиялық реакцияларға белгіні дұрыс қояды.
17
ЖОБА
Бөлім 8.2D Сутек. Оттек және озон
Оқу мақсаты 8.4.2.1 Сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын
зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сутекті алу жолын анықтайды
• Сутектің физикалық және химиялық қасиеттерін
сипаттайды
• Сутектің қолданылу саласын зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма (а) (i) Сутекті зертханада төмендегі қондырғы арқылы алуға болады. Сутекті алу үшін
қажет реагенттерді болжаңыз. (ii) а) (i) тапсырмасында анықтаған реагенттерді пайдаланып реакция теңдеуін жазыңыз. _____________________________________________________________________________ b) (i) Сутегіні жинау барысында неліктен пробирканы төңкеріп ұстау қажет екенін
түсіндіріңіз. (ii) Пробирканың сутегі газына толғандығын қалай тексеруге болатынын түсіндіріңіз. (с) (i) Р заты сұйылтылған тұз қышқылымен газ түзе әрекеттеседі. Бұл газ қатты, қара түсті Q затын қызыл түске айналдырып әрекеттеседі. Р және Q заттарын анықтаңыз.
Жауабын белгілеңіз.
Р Q ABCD
мыс
қорғасын
магний
мырыш
мыс (ІІ) оксиді
қорғасын (ІІ) оксиді
мырыш оксиді
мыс (ІІ) оксиді
1-реагент
2-реагент
18
ЖОБА (iі) (с) (i) тапсырмасындағы P және Q заттарымен реакция теңдеулерін жазыңыз. 1) 2) (d) Суретке қарай отырып, сутекті не үшін қолданатынын жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− зертханада сутегі газын алуға болатын реагенттерді анықтайды;
− анықталған реагенттермен реакция теңдеуін жазады;
− сутек газын жинау және анықтау әдісін жазады;
− Р және Q заттарын анықтайды;
− Р және Q заттары негізінде реакция теңдеулерін жазады;
− сутектің қолданылу саласын жазады.
19
ЖОБА
Бөлім 8.2D Сутек. Оттек және озон
Оқу мақсаты 8.4.2.3 Оттекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын
зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оттекті алу әдісін зерттейді
• Оттекке тән қасиетті анықтайды
• Оттектің қолданылуын зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма (a) Суретте зертханада оттекті алу жолы көрсетілген.
сурет А сурет В
(і) А және В суреттерде оттекті жинаудың қандай әдісі көрсетілген және оттекті жинау
әдісі оттектің қандай физикалық қасиеттеріне негізделген?
(іі) Оттек газы жиналғандығын қалай тексеруге болады?
(ііі) Суретте көрсетілген тәжірибеге сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз.
(іv) Оттекті алу үшін калий перманганатынан басқа қандай заттарды қолдануға болады?
Кем дегенде 2 затты көрсетіп, сол заттан оттекті алудың реакция теңдеуін жазыңыз.
20
ЖОБА (b) Оттектің қолданылуын жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− зертханада оттегі газын жинаудың әдісін түсіндіреді;
− оттегі газын анықтайды;
− суретте көрсетілген тәжірибедегі реакция теңдеуін жазады;
− оттегі газының басқа алыну жолдарын түсіндіреді;
− оттегі газының қолданылу салаларын жазады.
21
ЖОБА
Бөлім 8.2D Сутек. Оттек және озон
Оқу мақсаты 8.4.2.4 Оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы
мен қасиеттерін салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оттек пен озонның құрамы мен қасиетін
салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Оттек және озонның құрамы, қасиеттері арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
− оттектің құрамы мен қасиеттерін сәйкестендіреді;
− озонның құрамы мен қасиеттерін сәйкестендіреді.
оттек
озон
иіссіз
түссіз
өзіне тән иісі
бар
молекуласы үш
атомнан тұрады
ауадан 1,65 есе ауыр
көкшіл түсті
молекуласы екі
атомнан тұрады
ауадан 1,10 есе ауыр
жануды
қолдайтын газ
22
ЖОБА
Бөлім 8.2D Сутек. Оттек және озон
Оқу мақсаты 8.4.2.5 Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жер бетіндегі озон қабатының маңызын зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Озон қабаты Жерден 22-24 км биіктікте орналасқан. Стратосферада озон оттегінің Күн
радиациясының қысқа толқынды ультракүлгін бөлшектерін сіңіруінен пайда болады.
Озон қабаты қалыңдығы 3 мм.
Берілген сурет пен мәнмәтінге қарай отырып Жер бетіндегі озон қабатының маңызын
түсіндіретін тұратын эссе жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− озон қабатының түзілуін химиялық терминдер қолданып
түсіндіріп жазады;
− озон қабатының негізгі рөлін анықтайды;
− озон қабатының бұзылуына әсер ететін факторларды
ажыратады;
− озон қабатының бұзылу салдарынан туындайтын мәселелерді
анықтайды;
− озон қабатын қорғау жолдарын ұсынады.
23
ЖОБА
3- тоқсан
Бөлім 8.3АХимиялық элементтердің периодтық жүйесі
Оқу мақсаты 8.2.1.2 Бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық
деңгейінде электрондар санының бірдей
болатындығын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Элементтерді сыртқы электрондық деңгейіндегі
электрондар санының бірдей болатындығын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Берілген периодтық кесте — халықаралық периодтық кестенің сұлбасы болып табылады.
А В С (a) Суретте кейбір элементтердің электрондық деңгейінде электрондардың таралып
орналасуы көрсетілген. Осы элементтерді сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар
санынына қарай периодтық кестенің қай тобында орналасатынын жоғарыда көрсетілген
А.В.С. тор көздеріне толтырып жазыңыз.
24
ЖОБА
1 2 3 4
5 6 7 8 (b) А.В.С. тор көздеріндегі химиялық элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейіндегі
электрондар саны туралы қорытынды жасаңыз.
АВСДескриптор Білім алушы
− VIIА топшасына жататын элементтерді анықтайды;
− IA топшасында орналасқан элементтерді анықтайды;
− IIA топшасында орналасқан элементтерді анықтайды.
25
ЖОБА
Бөлім 8.3АХимиялық элементтердің периодтық жүйесі
Оқу мақсаты 8.2.1.4 Периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық
элементті сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Химиялық элементті периодтық жүйедегі орны
бойынша анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Төмендегі суретте X,W,Y,Z,V бес химиялық элементтер көрсетілген.
(Әріптер бес элементтің химиялық таңбасы болып табылмайдыжәне әр элементті бір
рет, бірнеше рет пайдалануға немесе пайдаланбауға болады) a) Электрондық деңгей саны 2-ге тең элементтерді анықтаңыз. b) Сыртқы энергетикалық деңгейінде 7 электроны бар элементті жазыңыз. c) d-элементті анықтаңыз. d) Сыртқы энергетикалық деңгейі аяқталған элементті анықтаңыз. e) Ядросында 20 нейтроны бар элементті анықтаңыз.
f) Бөлме температурасында сумен белсенді әрекеттесетін жұмсақ металды анықтаңыз.
g) Электрондық конфигурациясы 1s2 2s2болып келетін элементті анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− екі энергетикалық деңгейі бар элементтерді анықтайды;
− сыртқы электрон қабатында 7 электроны бар элементті жазады;
− d-элементті жазады;
− сыртқы энергетикалық деңгейі аяқталған элементті көрсетеді;
− ядросында 20 нейтроны бар элементті жазады;
− өте белсенді жұмсақ металды жазады;
− электрондық конфигурациясы 1s2 2s2болатын элементті көрсетеді.
26
ЖОБА
Бөлім 8.3АХимиялық элементтердің периодтық жүйесі
Оқу мақсаты 8.2.1.6 Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және
сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің
ұяластарына мысалдар келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын
ажыратады
• Химиялық элементтердің табиғи ұяластарына жататын
элементтерге мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Бос торлы периодтық кестеде бағдаршалар мен сандар реті берілген. (а) Бағдаршалар көрсетіп тұрған химиялық элементтердің таңбаларын жазыңыз.
(b) Бұл элементтер химиялық элементтердің қандай табиғи ұяластарына жататынын
анықтаңыз. 1 -элемент — 2 — элемент — 3- элемент —
(с) Осы табиғи ұяластарға тағы екі элементтен мысал келтіріңіз. (d) Табиғи ұяластардың әрқайсысына тән жалпы екі қасиетті сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− химиялық элементтерді периодтық кестеде орналасуына қарай
табиғи ұяластарға жіктейді;
− химиялық элементтердің табиғи ұяластарына жататын
элементтерге мысал келтіреді;
− химиялық элементтердің табиғи ұяластарына тән жалпы қасиетті
жазады. 1 2 3
27
ЖОБА
Бөлім 8.3В Химиялық байланыс түрлері
Оқу мақсаты 8.1.4.1 Электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы
ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін
жазады
• Ковалентті байланыс түрлерін электртерістілік ұғымы
негізінде ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Атомдар арасында ковалентті байланыстың түзілуін «ортақ электрондар жұбы» түзілуі
арқылы көрсетіңіз. (а)
оттегі оттегі
Ковалентті байланыс электртерістілігі қандай атомдар арасында түзіледі?
Бұл ковалентті байланыстың қай түріне жатады?
(b)
сутегі бром
Ковалентті байланыс электртерістілігі қандай атомдар арасында түзіледі?
Бұл ковалентті байланыстың қай түріне жатады?
Дескриптор Білім алушы
− ортақ электрон жұбы түзілуі арқылы ковалентті байланыстың
түзілуін көрсетеді;
− ковалентті байланыс түрлері электртерістігі қандай атомдар
арасында түзілетінін ажыратады.
28
ЖОБА
Бөлім 8.3В Химиялық байланыс түрлері
Оқу мақсаты 8.1.4.2 Иондық байланыстың түзілу механизмін сипаттау және
иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Иондық байланыстың түзілу механизмін құрастырады
• Иондық байланысы бар қосылысты анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
(а) Берілген атомдар арасында иондық байланыстың түзілу механизмін көрсетіңіз. (b) Кестеде А,В,С заттарының кейбір физикалық қасиеттері берілген.
Зат Балқу
температурасы / °C
Қатты заттың
электрөткізгіштігі
Балқыманың
электрөткізгіштігі A -82 нашар нашар B 1812 жақсы жақсы C 2825 нашар жақсы
А,В,С заттарының қайсысы иондық байланысы бар қосылысқа жатады?
Дескриптор Білім алушы
− иондық байланыстың түзілуін жазады;
− заттың қасиетіне қарай иондық байланысы бар қосылысты
анықтайды.
литий хлор
кальций оттегі
29
ЖОБА
Бөлім 8.3В Химиялық байланыс түрлері
Оқу мақсаты 8.1.4.3 Заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне
тәуелділігін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кристалл тор типіне байланысты заттың қасиетін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кестені толтырыңыз.
Кристалл тор
сызбасы
Кристалл тор атауы
Кристалл тор
түйіндерінде
орналасады
Кристалл торға
сәйкес заттың
қасиеттері(екі
қасиеттен кем емес)
Мысалы
(әрқайсысына екі
мысалдан жазу)
Дескриптор Білім алушы
− сурет бойынша кристалл торлардың түрлерін ажыратады;
− кристалл тор түйіндерінің ерекшелігін көрсетеді;
− кристалдық тор типтеріне байланысты заттар қасиеттерін жазады;
− кристалл торына сәйкес затқа мысал келтіреді.
30
ЖОБА
Бөлім 8.3С Ерітінділер және ерігіштік
Оқу мақсаты 8.3.4.1 Заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суда ерігіштігіне байланысты заттарды жіктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Заттарды суда ерігіштігі бойынша жіктеңіз және әр топқа бір мысалдан келтіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− заттарды суда ерігіштігіне байланысты топтарға жіктеп жазады;
− әр топқа бір мысалдан келтіреді.
Заттар
31
ЖОБА
Бөлім 8.3С Ерітінділер және ерігіштік
Оқу мақсаты 8.3.4.3 Заттың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Заттың ерігіштігіне температураның әсерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мыс сульфатының 100 г судағы әр түрлі температурадағы ерігіштік кестесі берілген.
Температура 0С 20 0С 40 0С 60 0С 80 0С 100 0С
Грамм тұз (г) 20 30 40 58 65 (а) Кестедегі мәндерді қолдана отырып, ерігіштіктің температураға тәуелділік графигін
құрыңыз. (Y осіне ерігіштікті, X осіне температураны белгілеңіз) (b) Қатты заттардың ерігіштігі температура артқан сайын қалай өзгереді? (c) 100 г суда 50 г мыс сульфатын ерітуге 45 0С температура жеткілікті ме? График бойынша
анықтаңыз. Жауабыңызды есептеп, дәлелдеңіз.
Дескриптор Білім алушы
− кестеде берілген мәндерді қолданып, ерігіштіктің температураға
тәуелділік графигін құрады;
− қатты заттардың ерігіштігіне температура әсерін жазады;
− график бойынша берілген температурада еритін тұз массасын
есептеп, дәлелдемесін жазады.
32
ЖОБА
Бөлім 8.3С Ерітінділер және ерігіштік
Оқу мақсаты 8.3.4.5 Еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі
массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ерітіндідегі еріген заттың массасын есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма (а) 30 % -ды 250 г ас тұзы ерітіндісін дайындау үшін неше грамм тұзды, неше грамм суда
ерітеді. (b) 5 % -ды, 300 г кальций хлориді ерітіндісін дайындау үшін қажет тұздың массасын
есептеңіз.
Дескриптор Білім алушы
− еріген заттың, еріткіштің массасын табудың формуласын жазады;
− еріген заттың массасын есептейді;
− еріткіштің массасын есептейді.
Еріген заттың
массалық
үлесі 30 %
250 г ас тұзы
ерітіндісі
Еріген заттың
массасы ?
33
ЖОБА
Бөлім 8.3С Ерітінділер және ерігіштік
Оқу мақсаты 8.3.4.6 Ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын
есептейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма (а) 2000 мл ерітіндіде 65 г никель хлориді ерітілген. Осы ерітіндінің
молярлық концентрациясын есептеңіз. (b) 500 см3 ерітіндіде 1,4 моль тұз қышқылы ерітілген. Осы ерітіндінің
молярлық концентрациясын есептеңіз.
Дескриптор Білім алушы
− ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын табудың
формуласын жазады;
− ерітіндінің молярлық концентрациясын есептейді.
34
ЖОБА
4- тоқсан
Бөлім 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.
Генетикалық байланыс
Оқу мақсаты 8.3.4.7 Оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың
химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін
құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оксидтерді жіктейді
• Оксидтердің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция
теңдеулерін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма (a) Оксидтертердің жіктелуін жазыңыз және берілген оксидтерді төмендегі кестеге бөліп
орналастырыңыз: Al2O3, CaO, K2O, P2O5, CO2, SO3, FeO, ZnO, NO2, BaO, SO3, CuO, BeO (b) Жабық колбада фосфорды жағамыз. Фосфор ақ түтін түзіп
жанады. Оның үстіне су құямыз. (i) Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз. (ii) Колба ішіне әмбебап лакмус батырса, ол қандай түске өзгереді?
Себебін жазыңыз.
Оксидтер
35
ЖОБА (с) Төмендегі тізбекті жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− оксидтердің жіктелуін жазады;
− оксидтердің түзілуінің реакциясын жазады;
− оксидтер суда ерігенде түзетін ортаны ажыратады;
− оксидтердің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция
теңдеулерін құрастырады;
− химиялық реакция теңдеуін теңестіреді.
1 2 3 4
Na3PO4
Na2O
NaOH
NaCl
Na2SO4
36
ЖОБА
Бөлім 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.
Генетикалық байланыс
Оқу мақсаты 8.3.4.8 Қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну,
олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция
теңдеулерін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қышқылдарды жіктейді
• Қышқылдың химиялық қасиеттерін сипаттайтын
реакция теңдеулерін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма (а) Кестеде қандай қышқылдар туралы айтылғанын анықтап, сәйкес формуласын, қышқыл
атауын жазыңыз.
Қышқыл
формуласы
Қышқыл
атауы
Оттекті
қышқыл
Оттексіз
қышқыл
Бір
негізді
қышқыл
Екі
негізді
қышқыл
Үш
негізді
қышқыл + + + + + + + + + + + + + + (b) Бес пробиркаға: натрий хлориді, су, кальций гидроксиді, тұз қышқылы, калий гидроксиді
ерітінділері әр түрлі реттілікпен құйылған. Лакмус ерітіндісі көмегімен қандай нөмірлі
пробиркаға тұз қышқылы құйылғанын қалай анықтауға болады?(таңдаған пробирканы
бояңыз) (с) Қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырыңыз.
Ол үшін бастапқы реагенттер орнына тиісті формулаларды қойып реакция теңдеуін
аяқтаңыз және теңестіріңіз.
37
ЖОБА
______________ + _______________ → H2(г) + MgCl2(ер)
______________ + _______________ → 2H2O) + Li2SO4(ер)
______________ + _______________ → H2O) + CO2) + 2KCl(ер)
______________ + _______________ → H2O) + CO2(г) + LiNO3(ер)
_____________ + _______________ → H2O) + KNO3(ер)
Дескриптор Білім алушы
− қышқылдар жіктейді;
− қышқылдар атауы мен формуласын жазады;
− қышқылды индикатор көмегімен анықтайды;
− қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция
теңдеулерін реакция өнімдеріне қарап құрастырады;
− химиялық реакция теңдеулерін теңестіреді.
38
ЖОБА
Бөлім 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.
Генетикалық байланыс
Оқу мақсаты 8.3.4.10 Тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес
реакция теңдеулерін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тұздардың алыну әдістеріне сәйкес реакция теңдеулерін
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сәйкес реакция теңдеулерін құрастырып, теңестіріңіз.
Тұздардың алыну әдістері Сәйкес реакция теңдеулері
металл + бейметалл = тұз
негіздік оксид + қышқылдық оксид = тұз
негіздік оксид + қышқыл = тұз + су
қышқылдық оксид + негіз = тұз + су
негіз + қышқыл = тұз + су
металл + қышқыл = тұз + сутек
тұз + қышқыл = жаңа тұз + жаңа қышқыл
металл + тұз = жаңа тұз + жаңа металл
тұз + сілті = жаңа тұз + негіз
тұз + тұз = жаңа тұз + жаңа тұз
Дескриптор Білім алушы
− бейорганикалық қосылыстың негізгі кластарының формулаларын
жазады;
− тұздардың алыну әдістеріне реакция теңдеулерін құрастырады;
− реакция теңдеулерін теңестіреді.
39
ЖОБА
Бөлім 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.
Генетикалық байланыс
Оқу мақсаты 8.3.4.12 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
арасындағы генетикалық байланысты зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
арасындағы генетикалық байланысты зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1.(a) Төмендегі тізбекті жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз. 1. 2. 3. 4. 5. (b) Егер А затына тұз қышқылы ерітіндісін құйсақ, түссіз газ тәрізді В заты бөлінеді. В газы
С затымен әректтескенде қайтадан бастапқы А заты және D заты түзіледі.
металл
бейметалл
?
+О2
+О2
+Н2О
+Н2О
40
ЖОБА (i) А, В, С, D заттарын анықтаңыз. (ii) Cәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− белгісіз заттарды дұрыс анықтайды және сәйкес реакция
теңдеулерін жазады;
− металдың оттегімен реакция теңдеуін жазады;
− бейметалдың оттегімен реакция теңдеуін жазады;
− күрделі заттардың сумен реакция теңдеулерін жазады;
− тізбек соңында түзілетін затты анықтайды.
41
ЖОБА
Бөлім 8.4В Көміртек және оның қосылыстары
Оқу мақсаты 8.4.3.1 Көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт
байланыс түзетінін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт
байланыс түзетінін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма (а) Көміртегі атомының электрон қабатында
электрондарының орналасуын көрсетіңіз. (b) Көміртегі атомының электрондық және электронды – графикалық формуласын жазыңыз. (с) Көміртегі атомының қозған күйдегі электрондық және электронды – графикалық
формуласын жазыңыз. (d) Жоғарыда жазылған электронды – графикалық формула негізінде көміртек неліктен
көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− көміртегі атомының электрондарын энергетикалық деңгейлерге
орналастырады;
− көміртегі атомының электрондық және электронды – графикалық
формуласын жазады;
− көміртегі атомының қозған күйдегі электрондық және электронды – графикалық формуласын жазады;
− көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс
түзетінін түсіндіреді.
42
ЖОБА
Бөлім 8.4В Көміртек және оның қосылыстары
Оқу мақсаты 8.4.3.3 Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің
құрылысын және қасиеттерін салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерін құрылысын
және қасиеттерін салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысы суреттері берілген. Суреттер
қандай аллотропиялық түрөзгеріске тән екенін жазыңыз және қасиеттеріне салыстырмалы
сипаттама беріңіз.
Көміртектің
аллотропиялық түр
өзгерістері
Құрылысы Қасиеттері
Дескриптор Білім алушы
− көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерін құрылысы бойынша
ажыратады;
− көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің қасиеттерін жазады.
43
ЖОБА
Бөлім 8.4В Көміртек және оның қосылыстары
Оқу мақсаты 8.4.3.7 Көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және
қасиеттерін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көмірқышқыл газын алу тәсілін көрсетеді
• Көмірқышқыл газын сапалық анықтайды
• Көмірқышқыл газының қасиетін зерттейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма (а) Суретте көмірқышқыл газын алу үшін жиналған қондырғы берілген. (і) Қондырғыда А және В белгілерімен көрсетілген құралдарды атаңыз.
А…………………………..
В…………………………..
(іі) Көмірқышқыл газын алу үшін қажетті реагенттерді жазыңыз.
1-
2- (ііі) Осы реакцияның теңдеуін жазып, теңестіріңіз. (b) Суретте көмірқышқыл газын сапалық анықтау берілген. Суретті басшылыққа ала
отырып, сөйлемдегі көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.
44
ЖОБА (і) 3 және 4 затты атаңыз / формуласын жазыңыз. (іі) (і) тапсырмасындағы заттардың атауын қолдана отырып, сөйлемді толықтырыңыз.
Көмірқышқыл газын анықтау үшін (3) ………………………… арқылы өткізеді. Көмірқышқыл
газының (3) ………………………….. әрекеттесуінен ерітінді біртіндеп лайланады. Себебі, реакция
нәтижесінде (4) …………………………….. түзіледі. (ііі) Сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз. (с) Жанып тұрған шам көмірқыш газы бар стаканға салынды. Шам сөніп қалды.
Шамның сөнген себебін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− тәжірибеге қажетті құралды атайды;
− көмірқышқыл газын алуға қажетті реагенттерді таңдайды;
− көмірқышқыл газының алыну реакциясын жазады;
− көмірқышқыл газын сапалық анықтайтын реагентті жазады;
− ерітіндінің лайлану себебін анықтайды;
− көмірқышқыл газының қасиетін жазады.
45
ЖОБА
Бөлім 8.4В Көміртек және оның қосылыстары
Оқу мақсаты 8.4.3.8 Көміртектің табиғаттағы айналымын құру және
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көміртектің табиғаттағы айналымын құрады
• Көміртектің табиғаттағы айналымын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Табиғатта көміртектің үздіксіз айналу құбылысы жүріп жатады.
Көміртектің табиғаттағы айналымын қажетті сөздермен толықтырыңыз және түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− атмосфераға көміртектің түсу жолдарын жазады;
− атмосферадан көміртектің топыраққа түсу жолдарын жазады;
− көміртектің табиғаттағы айналымын қорытындылап жазады.
46
ЖОБА
Бөлім 8.4С Су
Оқу мақсаты 8.4.2.7 Судың табиғаттағы айналымын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Судың табиғаттағы айналымын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Табиғаттағы судың айналымын берілген сурет негізінде түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− табиғаттағы судың айналым бағытын дұрыс көрсетеді;
− судың табиғаттағы айналым кезіндегі үдерістер атауын жазады.
47

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь