ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Көркем еңбек (қыз балаларға арналған) 5-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Көркем еңбек (қыз балаларға арналған) 5-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

445
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Көркем еңбек
(қыз балаларға арналған)
5-сынып
2
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
3
Мазмұны
1-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………… 4
Бөлім «Визуалды өнер» ……………………………………………………………………………………………… 4
2-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………. 23
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер» ……………………………………………………………………………… 23
3-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………. 33
Бөлім «Дизайн және технология» ……………………………………………………………………………. 33
4-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………. 48
Бөлім «Тамақтану мәдениеті және үй мәдениеті» ……………………………………………………… 48
4
1-тоқсан
Бөлім «Визуалды өнер»
Тақырып Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары
Оқу мақсаты 5.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер
мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және
зерделеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер түрлерін
саралайды
 Берілген туындылардың ерекшеліктерін салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер ерекшеліктерін анықтаңыз. Берілген өнер
туындыларын қарастырыңыздар және салыстырыңыз.
Мысалы:
В.М. Васнецов «Три богатыря» Ә.Қастеев «Шөп шабуда»
 Бұл туындылар қандай өнер түрлеріне жатады?
 Тақырыптары қандай?
 Орындалу техникасын анықтаңыз.
 Түстік гаммасын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— мәдениеттегі өнер түрлерін топта талқылайды;
— туындыларды салыстырады;
— орындалу техникасын анықтайды;
— түстік гаммасын анықтайды.
5
Тақырып Классикалық өнердің үздік туындылары
Оқу мақсаты 5.1.3.1 Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін
ақпарат көздерімен жұмыс істеу. (ақпараттық-
коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ақпарат көздерінен (АКТ-ны қолдана отырып)
классикалық өнердің үздік туындыларын анықтайды
 Классикалық өнердің үздік туындыларын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
АКТ-ны қолдана отырып классикалық өнердің үздік туындыларын анықтаңыз және
презентация жасаңыз.
Мысалы:
Э.Фальконе «Медный всадник»
 Бұл туынды қандай өнер түріне жатады?
 Қай жылы жарық көрді?
 Кімге арнап орнатылған?
Дескриптор Білім алушы
— жұпта интернет желісін қолдана отырып өнердің үздік
туындыларын анықтайды;
— жұпта бірлесе отырып жұмыс жасайды;
— презентацияны безендіруде жаңашылдық танытады.
6
Тақырып Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы
Оқу мақсаты 5.3.2.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және
өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер)
жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Пәндік терминологияны қолдана отырып, Қазақстан
суретшілерінің шығармаларын талқылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Ә.Қастеевтің (немесе Қ.Тельжанов, С.Романов) шығармасында берілген идеяны
сипаттаңыз. Сипаттау барысында қандай терминдерді қолданасыз? Жазыңыз.
Мысалы:
«Амангелді сарбаздары» 1970 жыл
Дескриптор Білім алушы
— өз жазбасында пәндік терминологияны қолданады;
— альбомдарында (скетчбуктерінде) жазба жұмыстарын жүргізеді;
— суретші шығармаларын зерттейді;
— суретші жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды
сипаттайды.
7
Тақырып Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Оқу мақсаты 5.3.3.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және
өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер)
жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы)
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өнер түріне байланысты қолданылған әдіс-тәсілдерді
(техникасы) сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Қазақстандық суретші (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмысындағы қолданылған
әдіс-тәсілдерді (техникасын) сипаттаңыз.
Мысалы: Г.Исмаилова «Қазақша вальс»
 Туынды қандай техникада орындалған?
 Берілген туындыда қандай әдіс қолданылған?
Дескриптор Білім алушы
 жұпта суретші шығармасын талқылайды;
 суретші жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдерді жазады;
 туындының орындалу техникасын жазады.
8
Тақырып Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт
Оқу мақсаты 5.1.5.2 Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар
орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өз шығармашылық идеясын іске асыру үшін нобай
орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әр түрлі бұйымдардан құралған натюрморт бейнелеу үшін А 4 пішімінде нобай салыңыз.
Дескриптор Білім алушы
 бұйымдардан натюрморт ойластырады;
 композициясын А 4 пішімінде орналастырады;
 нобайда шығармашылық идеяны іске асырады.
9
Тақырып Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт
Оқу мақсаты 5.1.6.4 Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып,
көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану мен
эксперимент жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Көркемөнер материалдарын таңдайды
 Техникаларды пайдалану тәжірибесін көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ұлттық бұйымдардан құралған натюрмортты бейнелеу үшін эксперимент жүргізіңіз.
 Эксперимент жүргізу үшін қандай тәсілдердің қасиеттерін ескересіз?
 Қандай көркемөнер материалдарын таңдайсыз?
 Қандай көркемөнер техникаларын қолданасыз?
Дескриптор Білім алушы
 көркемөнер материалдарын таңдап салыстырады;
 көркемөнердегі техникаларды пайдалану әдісін көрсетеді.
10
Тақырып Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт
Оқу мақсаты 5.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған
ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем
тәсілдерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Натюрмортта визуалды элементтерді қолданады
 Натюрмортында өнердің көркем тәсілдерін
пайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өз идеяңызбен сезіміңізді беру үшін натюрморт құрастырып, бейнелеңіз.
Натюрмортта қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін
көрсетіңіз.
 Композиция
 Түс
 Пішін
 Ритм
 Колорит
 Сызық
 Орындау техникасы
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
 А 3 пішімінде натюрморт композициясын орналастырады;
 заттардың пішіндерін бір-біріне сәйкестендіреді;
 натюрмортта түстік үйлесімділікті көрсетеді;
 натюрмортта өнердің көркем тәсілдерін қолданады.
Тақырып Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт
Оқу мақсаты 5.2.3.3 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау
үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін
пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық жұмысты (ұлттық сәндік
натюрморт) орындайды
 Қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін
пайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығармашылық жұмысыңызды (натюрмортты) орындау үшін қазақтың ұлттық мәдениет
элементтерін қолданыңыз.
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
 натюрморттың композициясында жаңашыл идея
қолданады;
 түстік қатынасты табады;
 натюрмортта қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін
қолданады.
12
Тақырып Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы
Оқу мақсаты 5.1.1.1 Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен
визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция,
түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасын зерделейді
 Визуалды өнер элементтерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттерден қандай ассоциацивті мағынаны көріп тұрсыз? Визуалды сипаттамасын
(композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) анықтаңыз. Сипаттамаңызды жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
 қоршаған ортаның ассоциативті мағынасын зерделейді;
 топта композицияны анықтайды;
 түсті анықтайды;
 пішінін анықтайды;
 фактурасын анықтайды;
 тепе-теңдікті анықтайды.
13
Тақырып Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы
Оқу мақсаты 5.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған
ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Пейзажда қоршаған ортаның визуалды элементтерін
қолданады
 Шығармасында өнердің көркем тәсілдерін
пайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
А3 пішімінде далалық/ ауылдық пейзажды бейнелеңіз.
Мысалы:
Пейзажда қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін
көрсетіңіз.
 Композиция
 Түс
 Пішін
 Ритм
 Колорит
 Сызық
 Орындау техникасы
Дескриптор Білім алушы
 А3 пішімінде пейзаж композициясын анықтайды;
 әуе перспективасын түс арқылы көрсетеді;
 шығарманың орындалу техникасын анықтайды.
14
Тақырып Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық
перспектива
Оқу мақсаты 5.1.1.1 Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен
визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау
(композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Берілген кескіннен ассоциативті мағынасын ұғады
 Визуалды сипаттамасын жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Берілген кескіндерге қарап қандай ассоциативті мағынасын түсінесіз?
Берілген кескіндерге қарап визуалды сипаттамасын (композиция, түс, пішін, фактура,
тепе-теңдік) жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
 топта қоршаған ортаның ассоциативті мағынасын талқылайды;
 визуалды сипаттамасын зерделейді.
15
Тақырып Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық
перспектива
Оқу мақсаты 5.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған
ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем
тәсілдерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қоршаған ортаның визуалды элементтері мен
өнердің көркем тәсілдерін қолданады
 Қала пейзажында өнердің көркем тәсілдерін
пайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қала пейзажын бейнелеңіз.
Қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін көрсетіңіз.
 Композиция
 Түс
 Пішін
 Ритм
 Колорит
 Сызық
 Орындау техникасы(акварель, гуашь, түрлі түсті қарындаш).
Дескриптор Білім алушы
 композицияда сызықтық перспективаны көрсетеді;
 түспен жұмыс істеу ережесін пайдаланады;
 жұмысында пішіндерді ұқыптылықпен көрсетеді;
 орындау техникасын таңдайды.
16
Тақырып Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері
Оқу мақсаты 5.1.1.1 Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен
визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау
(композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасын атайды
 Визуалды сипаттамасын зерделеп, анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Берілген суреттерден қандай ассоциативті мағынасын көріп тұрсыз?
Қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін
жазыңыз.
 Композиция
 Түс
 Пішін
 Ритм
 Колорит
 Сызық
 Орындау техникасы(тас, металл, қағаз, ағаш, т/б)
Дескриптор Білім алушы
 жұпта қоршаған ортаның ассоциативті мағынасын
талқылайды;
 қоршаған ортаның визуалды элементтерін зерделеп,
анықтайды.
17
Тақырып Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері
Оқу мақсаты 5.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған
ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем
тәсілдерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өз идеялары мен сезімдерін көрсетеді
 Қоршаған ортаның визуалды элементтері мен
өнердің көркем тәсілдерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Менің сүйікті жануарым» тақырыбында 2 D мүсінін жасаңыз.
 Мүсінде өз идеяңызды көрсетіңіз.
 Қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін
көрсетіңіз.
 Түс
 Пішін
 Колорит
 Сызық
 Орындау техникасы(ермексаз, саз балшық, тұзды қамыр, т/б.)
Дескриптор Білім алушы
 мүсінде түстік қатынасты көрсетеді;
 өнердің көркем тәсілдерін қолданады.
18
Тақырып Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері
Оқу мақсаты 5.3.3.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің
және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер,
дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-
тәсілдерді (техникасы) сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің /
сыныптастарының жұмысын сипаттайды
 Жұмыстарында қолданылған әдіс-тәсілдерді
(техникасы) сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Менің сүйікті жануарым» тақырыбында жасаған 2 D мүсініңізге таныстырылым
жасаңыз.
 Жұмысыңызда қолданылған әдіс-тәсілдерді жазыңыз (айтыңыз);
 Өз жұмысыңызда / сыныптасыңыздың жұмысында қолданылған техниканы
жазыңыз (айтыңыз);
 Пәндік терминологияны қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
 өз жұмысында қолданған әдіс-тәсілдерін қалай қолданғандығы
жайында айтады;
 пәндік терминологияны сауатты қолданады;
 өз жұмысына әділ баға береді.
19
Тақырып Шығармашылық жұмыс
Оқу мақсаты 5.1.5.2 Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін
нобайлар орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық жұмысына нобайлар орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кез келген материалдан (ермексаз, сазбалшық, тұзды қамыр немесе т.б.) мүсін жасау үшін
нобай орындаңыз.
 Нобайды А 5 форматында орындаңыз;
 Нобайды түрлі-түсті қарындашпен бояңыз;
 Кемінде 2 нобай салыңыз.
Дескриптор Білім алушы
 өз шығармашылық идеясымен нобай салады;
 кемінде 2 нобай салады;
 нобайында идеясының соңғы үлгісін көрсетеді;
 нобайда түрлі-түсті бояуды қолданады.
20
Тақырып Шығармашылық жұмыс
Оқу мақсаты 5.1.6.4 Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып,
көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану
мен эксперимент жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Көркемөнер материалдарын шығармашылық
жұмысында қолдану үшін эксперимент жүргізеді
 Жұмысында көркемөнер техникаларын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Көркемөнер материалдары мен техникаларын пайдалану үшін эксперимент жүргізіңіз.
Эксперимент үшін:
 көркемөнер материалдарын таңдаңыз;
 техникаларын пайдаланыңыз:
1. Жұмсақ материалдар (сазбалшық, балауыз).
2. Қатты материалдар (тас, ағаш).
3. Металды өңдеу.
Дескриптор Білім алушы
 көркемөнер материалдарын таңдайды;
 техникаларын пайдалану үшін бірнеше тәжірибе жасайды;
 түс үйлесімділігін табады;
 өздігінен жұмыс жасайды.
21
Тақырып Шығармашылық жұмыс. Көрме ұйымдастыру
Оқу мақсаты 5.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған
ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем
тәсілдерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық жұмысында визуалды
элементтерді қолданады
 Шығармасында өнердің көркем тәсілдерін
ұтымды пайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мүсіннің соңғы нұсқасын орындаңыз.
 Мүсінде өз идеяңызды беріңіз;
 Қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін
көрсетіңіз.
 Түс
 Пішін
 Колорит
 Сызық
 Орындау техникасы(ермексаз, саз балшық, тұзды қамыр, металл, т/б.)
Дескриптор Білім алушы
 мүсінде өз идеясын қолданады;
 қоршаған ортаның визуалды элементтерін қолданады;
 өздігінен жұмыс атқарады;
 жұмысын ұқыпты орындайды;
 шығармашылық жұмысын аяқтайды.
.
22
Тақырып Шығармашылық жұмыс. Көрме ұйымдастыру
Оқу мақсаты 5.3.1.1 Бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық жұмысына таныстырылым
жасайды
 Сыныптастарының жұмыстарын талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өз шығармашылық жұмысыңызға (мүсінге) таныстырылым жасаңыз.
Сыныптастарыңыздың жұмысын талдаңыз.
 Таныстырылым үшін көрме ұйымдастырыңыз;
 Жұмысыңыз аяқталған болуы қажет;
 Талдау үшін өз қолыңыздан сәтті және сәтсіз шыққан жағын айтыңыз;
 Өзіңіздің және сыныптастарыңыздың жұмыстарын жетілдіру жағын айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
 көрме ұйымдастыруда жаңашыл идеялар қолданады;
 өз қолынан сәтті және сәтсіз шыққан жағын айтады;
 өз жұмысын әділ бағалайды;
 сыныптастарының жұмыстарын талдайды;
 жұмыстарының жетілдіру жақтарын айтады;
 өз ойын нақты айтады.
23
2-тоқсан
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
Тақырып Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен
ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен
мотивтері)
Оқу мақсаты 5.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер
мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және
зерделеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әлем мәдениетіндегі сәндік қолданбалы өнерді
зерделейді
 Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін саралайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақтың ұлттық және әлем мәдениетіндегі өнер, қолөнер және дизайн туындыларының
ерекшеліктерін анықтаңыз.
Мысалы:
 Тақырыптары қандай?
 Орындалу техникасын анықтаңыз.
 Түстік гаммасын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— қазақтың ұлттық ою өрнектерінің түрлерін анықтайды;
— стилизация мен мотивтерін әлем мәдениетіндегі өнермен
салыстырады;
— орындалу техникасын анықтайды.
Тақырып Көркем кестелеу. Кесте түрлері
Оқу мақсаты 5.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер,
қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін
анықтау және зерделеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі қолөнер мен
дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтайды
 Кесте түрлері мен әдістерін анықтап, талқылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі кестенің ерекшелігін салыстырыңыз.
Кесте түрлерін және кестелеу әдістерін саралаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— АКТ-ны (сонымен қатар интернет желісін) қолдана отырып
кестелеу әдістерін қарастырады;
— топта кесте түрлерін анықтайды;
— әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі кестенің ерекшелігін
талқылайды.
25
Тақырып Көркемдік кестемен бұйымды безендіру
Оқу мақсаты 5.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған
ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем
тәсілдерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бұйымды кестелейді
 Кестеде ұлттық ою-өрнекті қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Үлгідегі қарапайым нұсқамен әмиян тігіңіз. Бұйымды безендіруге көркемдік кестенің
түрін анықтаңыз.
 Қоршаған ортаның визуалды элементтерімен өнердің көркем тәсілдерін
көрсетіңіз.
 Түс
 Пішін
 Колорит
 Сызық
 Орындау техникасы(фетр, былғары, т/б мата түрлері)
Үлгі:
Дескриптор Білім алушы
— үлгі бойынша әмиян тігеді;
— композицияны ойластырады;
— қоршаған ортаның визуалды элементтерін (сызық, пішін,
түс) қолданады;
— нобайда өнердің көркем тәсілдерін қолданады.
26
Тақырып Көркемдік кестемен бұйымды безендіру
Оқу мақсаты 5.2.3.3 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар
дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет
элементтерін пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бұйымды ұлттық ою-өрнектермен кестелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бұйымды (әмиянді) ұлттық өрнекпен кестелеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— нобай бойынша бұйымды ұқыпты кестелейді;
— түстері бір-біріне үйлеседі;
— ұлттық ою түрлерін үйлесімді қолданады.
27
Тақырып Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-
жабдықтармен танысу
Оқу мақсаты 5.1.6.2 Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды
білу, олардың қасиеттері мен міндеттерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Заманауи/ дәстүрлі емес материалдарды анықтайды
 Олардың қасиеттері мен міндеттерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өру өнерін зерделеңіз.
 Өруде қолданатын заманауи/ дәстүрлі емес материалдарды анықтаңыз;
 Олардың қасиеттері мен міндеттерін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— топта өру өнерін қарастырып, талқылайды;
— өру өнерінде қолданылатын заманауи және дәстүрлі емес
материалдарды анықтайды;
— өру түрлерінің қасиеттерін анықтайды.
Тақырып Көркемдік кестемен бұйымды безендіру
Оқу мақсаты 5.2.6.1 Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын
сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып
демонстрациялау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Материалдар мен құралдарды пайдалану ережесін
көрсетеді
 Бұйымды кестелеу кезінде қауіпсіздік ережесін
сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Материалдар мен құралдардың қауіпсіздік техникасын сақтап, бұйымды (әмиянді)
кестелеңіз. Жұмыс барысында материалдар мен құралдарды пайдаланудың қауіпсіздік
техникасын көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
— жұпта жұмыс жасайды;
— қауіпсіздік ережесін сақтайды;
— материалдар мен құралдарды пайдалануда қауіпсіздік ережесін
сақтайды;
— қауіпсіздік ережесін қолданудың маңыздылығын көрсетеді.
28
Тақырып Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Нобай
орындау
Оқу мақсаты 5.1.5.2 Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін
нобайлар орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өз шығармашылық жұмысын орындау үшін нобай
жасайды
 Көркем кестелеу үшін қажетті материалдар мен
құрал-жабдықтарын дайындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Болашақ шығармашылық жұмысыңызға (әмиян) нобай орындаңыз.
 Нобайды А 5 форматында орындаңыз;
 Нобайды түрлі-түсті қарындашпен бояңыз;
 Кемінде 2 нобай салыңыз.
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
— альбомында көркем кестелеуге сай нобайды жасайды (А 5
пішімінде кемінде 2 нобай);
— қазақтың ұлттық өрнегін қолданады.
29
Тақырып Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-
жабдықтармен танысу
Оқу мақсаты 5.1.4.1 Шығармашылық жұмысты орындау кезеңдерін
анықтай отырып, жоспар дайындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық жұмысты орындау үшін жоспар
дайындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Болашақ шығармашылық жұмысыңызға (білезікке) жоспар құрыңыз.
Үлгі
№ Атауы: Қажетті
құрал-
жабдықтар
Әдістері,
орындалу
жолы
Жоспарланған
мерзім
Қосымша
Жұмыс кезеңі ақпарат
Дескриптор Білім алушы
— альбомдарына (скетчбуктеріне) кесте сызады;
— дайын нобай бойынша орындау кезеңдерін анықтайды және
жазады;
— қажетті құралдар мен материалдар тізімін жазады;
— жұмсалатын уақытты есептеп мерзімін анықтайды;
— өздігінен жұмыс жасайды.
30
Тақырып Бұйым өру
Оқу мақсаты 5.2.3.2 Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды)
қарапайым бұйым орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Сызба бойынша бұйымды өреді
 Бұйымды ұқыпты орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Түрлі материалдардан бұйым (білезік) орындаңыз.
Сызбаның көмегімен мулине жібінен білезік өріңіз.
Үлгі:
Дескриптор Білім алушы
— сызбаны таңдайды;
 сызбаның көмегімен білезік тоқиды;
— өздігінен жұмыс атқарады;
— жұмысын ұқыпты жасайды.
31
Тақырып Бұйым өру
Оқу мақсаты 5.2.3.4 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау
үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін
пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бұйымды жасауда қазақтың ұлттық мәдениет
элементтерін пайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Білезікке ұлттық ою элементін үйлестіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— бұйымды сызбаға сәйкес өреді;
— бұйымда қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдаланады;
— жұмысын ұқыпты және тиянақты орындайды;
— түстері қанық және бір-біріне жақсы үйлеседі.
32
Тақырып Жұмыстардың көрмесі
Оқу мақсаты 5.3.1.1 Бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Жұмыстарын көрмеге дайындайды
 Өз жұмысын қорғайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өзіңіздің дайын білезігіңізге таныстырылым жасаңыз.
 Таныстырылым үшін көрме ұйымдастырыңыз;
 Жұмысыңыз аяқталған болуы қажет;
 Талдау үшін өз қолыңыздан сәтті және сәтсіз шыққан жағын айтыңыз;
 Таныстырылымнан кейін өзіңіздің және сыныптастарыңыздың жұмыстарының
ары қарай жетілдіру жағын айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— дайын бұйымдарын рәсімдейді;
— көрме ұйымдастыруда креативті ойлар қолданады;
— өзінің қолынан келген сәтті және сәтсіз жақтарын айтады;
— өзінің және өзгенің жұмысын жақсарту жағын айтады;
— өзінің және сыныптастарының жұмыстарына әділ баға береді.
Тақырып Бұйым өру
Оқу мақсаты 5.2.6.1 Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның
маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып,
материалдар мен құралдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Материалдар мен құралдарды пайдаланудың
қауіпсіздік техникасын сақтайды және
демонстрациялайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Материалдар мен құралдарды қолданудың қауіпсіз әдістерін сақтаудың
маңыздылығын талқылаңыз.
Дескриптор Білім алушы
 топта қауіпсіздік ережесін талқылайды;
 топта ереже бойынша жұмыс жасайды;
 өз ойын анық айтады.
33
3-тоқсан
Бөлім «Дизайн және технология»
Тақырып Тоқыма материалдарының классификациясы мен
сипаттамалары. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін
зерттеу
Оқу мақсаты 5.1.6.3 Тоқыма материалдары мен бұйымдарының
классификациясын, құрамы мен қарапайым тоқылу әдісін
сипаттау және білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тоқыма материалдары мен бұйымдарының
классификациясын анықтайды
 Құрамы мен қарапайым тоқылу әдісін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Топта тоқыма материалдарының классификациясы мен сипаттамаларын талқылаңыз.
Материалдардың түрлері мен қасиеттерін (интернет желісін қолдана отырып) зерттеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— тоқыма материалдарын жіктейді;
— топта тоқыма бұйымдарын салыстырады;
— классификациясын анықтап, топ ішінде талқылайды.
— тоқыма бұйымдарының құрамын саралайды;
— бұйымдарының қарапайым тоқылу әдістерін талқылайды.
34
Тақырып Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар
мен құрылғылар
Оқу мақсаты 5.2.2.1 Тігін машинасының құрылысын, жіп өткізуді
сипаттау және білу, машина тігістерін орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тігін машинасының құрылысын зерттейді
 Машина тігістерін орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тігін машинасы мен оның құрал-жабдықтарын зерттеңіз және кез келген материалда тігіс
түрлерін орындап көріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— тігін машинасына арналған құрал-жабдықтарды анықтайды;
— тігін машинасының құрылысын көрнекіліктер немесе интернет
желісінде қарастырады;
— топ ішінде құрылғылардың бөлшектерін талқылайды;
— бөлшектерінің атқаратын қызметін анықтайды;
— қажетті жазбаларды жүргізеді және нобайын салады;
— құрылғылардың құрылысын түсіндіреді;
— тігіс түрлерін орындап көрсетеді.
35
Тақырып Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал- жабдықтар
мен құрылғылар
Оқу мақсаты 5.2.2.2 Тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық (үтік) өңдеуге
арналған жабдықтарын білу, сипаттай алу және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Үтікпен жұмыс жасау үшін қажетті температураны
анықтайды
 Бөлшектердің ылғалды-жылулық өңдеу жұмыстарын
жүргізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтарды зерттеңіз.
Тоқыма материалдарын өңдеу ережесін саралаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық (үтік) өңдеуге арналған
жабдықтарының тарихын қарастырады;
— топта бірлесе жұмыс атқарады;
— тоқыма бұйымын ылғалды-жылулықпен өңдейді;
— тігін бұйымына байланысты үтіктің қажетті температурасын
бақылайды;
— жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтайды.
36
Тақырып Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар
мен құрылғылар
Оқу мақсаты 5.2.6.2 Қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз
тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу (жұмыс
орнын, құралдарды ұйымдастыру және тазалау, арнайы киімде
жұмыс істеу)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-
жабдықтар мен құрылғыларды қолданғанда қауіпсіздік
ережелерін сақтайды
 Еңбек гигиенасының ережелерін талқылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін анықтаңыз және еңбек
гигиенасының ережелерін талдаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— практикалық сабақтарда қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің
қауіпсіз әдістерін көрсетеді;
— жұп болып талқылайды;
— жазба жұмыстарын жүргізіп отырады.
37
Тақырып Тігін бұйымдарының классификациясы. Идеядан өнімге
(тігін бұйымдары)
Оқу мақсаты 5.1.6.3 Тоқыма материалдары мен бұйымдарының
классификациясын, құрамы мен қарапайым тоқылу әдісін
сипаттау және білу
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Тоқыма материалдары мен бұйымдарының
классификациясын сипаттайды
 Құрамы мен тоқылу әдісін анықтайды
Бағалау критерийі Білу және түсіну
Тапсырма
Тоқыма материалдары мен бұйымдарының классификациясын сипаттаңыз және
қарапайым тоқылу әдісін зерттеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— тоқыма материалының құрамын (жұпта) анықтайды;
— тоқылу әдісін талқылайды;
— қажетті жазбалары мен сызбаларын альбомдарына түсіреді.
38
Тақырып Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма т.б. материалдар)
Костюм құру (мини-манекенде немесе қуыршақта)
Оқу мақсаты 5.1.5.1 Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер,
дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және
композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым
нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды
орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Киім үлгісіне арнап дизайн жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Қуыршаққа арналған/мини-манекенде костюм немесе т.б. киім үлгісінің дизайнын
жасаңыз.
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
— өзінің және өзгенің тәжірибесіне сүйене отырып, материалды
таңдайды;
— материалдың қасиетін анықтайды;
— таңдалған материалдың қасиетін негізге ала отырып, дизайн
нобайын дайындайды.
39
Тақырып Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма т.б. материалдар)
Костюм құру (мини-манекенде немесе қуыршақта)
Оқу мақсаты 5.2.3.1 Тоқыма бұйымдарын пішу және сыру тігісін қолдану
арқылы қол еңбегі құралдарымен, тігін машинасында өңдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тоқыма бұйымдарын піше алады
 Тігін машинасын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Қуыршаққа арналған (мини-маникенде) киім үлгісін пішіңіз.
Мысалдар:
Дескриптор Білім алушы
— киім үлгісіне қажетті құралдар мен материалдарды дайындайды;
— тоқыма бұйымдарын нобай бойынша пішеді;
— дайын бөлшектерді тігін машинасының көмегімен өңдейді;
— тігін машинасымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін
сақтайды.
40
Тақырып Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма т.б. материалдар)
Киім ансамблін құру (мини- манекенде немесе қуыршақта)
Оқу мақсаты 5.2.3.2 Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және
жасанды) қарапайым бұйым орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Түрлі материалдарды қолданады
 Киім үлгісінің бөлшектерін даярлайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Қуыршаққа арналған киім үлгісін орындаңыз.
Мысал:
Дескриптор Білім алушы
— киім үлгісінің нобайына сәйкес материалдарды даярлайды;
— өңделген бөлшектерді біріктіреді (қолмен немесе тігін
машинасымен);
— киім үлгісін аяқтайды;
— киім үлгісі ұқыпты және сапалы өңделген.
41
Тақырып Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма т.б. материалдар).
Киім ансамблін құру (мини-манекенде немесе қуыршақта)
Оқу мақсаты 5.2.6.1 Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның
маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып,
материалдар мен құралдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Киім үлгісін жасау кезінде материалдар мен
құралдарды қолданудың қауіпсіз техникасын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қуыршаққа арналған (немесе мини-маникенде) киім үлгісін аяқтаңыз. Жұмыс барысында
қауіпсіздік ережесін қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— материалдар мен құралдарды қалай қолдану қажет екендігін
көрсетеді;
— қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін көрсетеді.
42
Тақырып Тоқыма мозаика техникасында тігін бұйымдарының дизайны
(құрақ, пэчворк, квилт т.б.)
Оқу мақсаты 5.1.5.1 Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер,
дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және
композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым
нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды
орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мұғалімнің көмегіне сүйене отырып, мозайка
техникасында бұйымның дизайнын орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мозайка техникасында тоқыма (тігін) бұйымдарының дизайнын дайындаңыз.
Үлгі:
Ол үшін:
 мозайка техникасында орындалған бұйымдарды қарастырыңыз;
 мозайка техникасында жұмыс істейтін дизайнер жұмыстарын салыстырыңыз;
 олардың негізгі заңдылықтарын салыстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— мозайка техникасында орындалған тоқыма бұйымдарын
қарастырады;
— осы техникада жұмыс істейтін дизайнерлерді анықтайды;
— олардың негізгі заңдылықтарын салыстырады.
Тақырып Идеяларды құру. Нобай. Материалды таңдау және
дайындау. Жұмыстың орындалу бірізділігі
Оқу мақсаты 5.1.4.1 Шығармашылық жұмысты орындау кезеңдерін
анықтай отырып, жоспар дайындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Технологиялық карта жасайды
 Бұйымға арналған нобай жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Құрақ көрпеше жасау үшін жоспар (нобай) жасаңыз.
Үлгі:
Дескриптор Білім алушы
— таңдаған мозайка түрінде бұйымын жасау үшін қажетті
құралдарды анықтайды;
— альбомында кесте сызады;
— қажетті құралдар тізімін жазады;
— өлшемін, кететін уақытын, күтілетін нәтижесін жазады.
2. Квилт техникасында жамылғы тігуге арналған нобай дайындаңыз.
Үлгі
Дескриптор Білім алушы
— альбомында бұйымды тігуге арналған нобай дайындайды;
— нобай А 5 пішімінде, кемінде 1-2 дана болады;
— нобай түрлі-түсті бояумен боялады.
43
44
Оқу мақсаты 5.2.3.1 Тоқыма бұйымдарын пішу және сыру тігісін
қолдану арқылы қол еңбегі құралдарымен, тігін
машинасында өңдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Жоспарланған бұйымды тігін машинасында
(немесе қол еңбегі құралымен) өңдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Құрақ көрпеше/квилт техникасында жамылғының бөлшектерін тігін машинасында
өңдеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— нобай бойынша бұйымның бөлшектерін пішеді;
— бұйымның қасиетіне байланысты тігу түрін анықтайды;
— бұйымның бөлшектерін (қол еңбегі құралдарымен, тігін
машинасында) өңдейді.
Тақырып Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру
Оқу мақсаты 5.2.3.2 Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және
жасанды) қарапайым бұйым орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бұйым бөлшектерін орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Құрақ көрпеше / квилт техникасында жамылғының бөлшектерін (біріктіріңіз) орындаңыз.
Көктеу түрі
Дескриптор Білім алушы
— түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) бұйымға
қажетті бөлшектерін даярлайды;
— бұйым бөлшектерін көктейді.
Тақырып Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру
45
Тақырып Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру
Оқу мақсаты 5.2.3.3 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар
дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет
элементтерін пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өз бұйымында қазақтың ұлттық нақышын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Құрақ көрпеше / квилт техникасында жамылғы дайындауда ұлттық элемент қолданыңыз.
Үлгі
Дескриптор Білім алушы
— бұйым жасау кезінде ұлттық ою-өрнектерді қолданады;
— бұйым жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды;
— бұйымды ұқыпты жасайды.
46
Тақырып Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру
Оқу мақсаты 5.2.6.1 Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік
техникасын сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне
отырып демонстрациялау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Бұйым жасау кезінде материалдар мен құралдарды
қауіпсіздік техникасын сақтау арқылы қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Құрақ көрпеше / квилт техникасында жамылғы дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережесін
қалай сақтау керектігін көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
— өз бұйымын жасау кезінде міндетті түрде ұстанатын
қауіпсіздік ережесін тұжырымдайды;
— қауіпсіздік ережесін қолданудың маңыздылығын
көрсетеді.
Тақырып Жұмысты қорғау
Оқу мақсаты 5.3.1.1 Бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме
т.б.)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өз жұмысына таныстырылым жасайды
 Көрме ұйымдастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Құрақ көрпеше /квилт техникасында жасаған жамылғыңызға сыныпта/сыныптан тыс
жерде көрме жасаңыз.
 Таныстырылым үшін көрме ұйымдастырыңыз;
 Жұмысыңыз аяқталған болуы қажет.
Дескриптор Білім алушы
— өз жұмысының жасалу кезеңдерін айтады;
— өз жұмысына әділ баға береді;
— өз бұйымын көрмеге арнап рәсімдейді;
— көрме ұйымдастыруда жаңашыл ой қолданады.
47
Тақырып Жұмысты қорғау
Оқу мақсаты 5.3.4.1 Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және
адаптациялау бойынша конструктивті пікірлер,
ұсыныстарды білдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өзінің жұмысын сыныптастарының жұмысымен
салыстырады
 Жұмыстарға өз пікірін білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өзіңіздің және сыныптастарыңыздың құрақ көрпешесін / квилт техникасында жасаған
жамылғысын талдаңыз.
 Талдау үшін өз қолыңыздан сәтті және сәтсіз шыққан жағын айтыңыз;
 Таныстыру барысында өзіңіздің және сыныптастарыңыздың жұмыстарын
жақсартудың жолдарын айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— өз жұмысын талдайды;
— сыныптастарының жұмыстарымен салыстырады;
— өзінің жұмысын жетілдіру бойынша пікірін айтады;
— сыныптастарының жұмыстарына өз пікірін айтады;
— олардың жұмыстарын жетілдіру жағын айтады;
— өзіне айтылған ұсыныстарды тыңдап, қабылдайды.
48
4-тоқсан
Бөлім «Тамақтану мәдениеті және үй мәдениеті»
Тақырып Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу
Оқу мақсаты 5.2.4.1 Дұрыс және тиімді тамақтанудың ережелерін сипаттау
және зерделеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тамақтану ережелерін саралайды
 Ас мәзірін талқылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Дұрыс тамақтанудың ережелерін зерделеңіз және мәзірін сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— дұрыс тамақтану негіздерін интернет желісінен қарастырады;
— жұпта талқылайды;
— күнделікті ас мәзірін жазады.
Тақырып Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу
Оқу мақсаты 5.2.4.2 Дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Дұрыс және тиімді тамақтану мәзірін талқылайды
 Ас мәзірін түрлендіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Түсіну
Қолдану
Тапсырма
Дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін талқылап, құрастырыңыз және
альбомдарыңызға жазба жұмыстарын жазып отырыңыздар.
Дескриптор Білім алушы
— топта тамақтану мәзірлерін талқылайды;
— дұрыс және тиімді тамақтану мәзірін құрастырады;
— қажетті жазба жұмыстарын жүргізеді.
49
Тақырып Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу
Оқу мақсаты 5.1.3.1 Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін
ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ақпарат көздерін тиімді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ас мәзірін құрастыру үшін ақпарат көздерін қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— ақпарат көздерімен жұмыс жасайды;
— өздігінен жұмыс атқарады;
— ас мәзірін құрастырады.
Тақырып Асхананың жабдықталуы. Тағам әзірлеуге арналған
құралдар-жабдықтар, аспаптар мен ыдыс-аяқтар. Тағам
дайындауға арналған құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін
зерттеу
Оқу мақсаты 5.2.4.3 Тағам әзірлеуге арналған құралдар мен жабдықтарды
зерделеу және олардың мүмкіншілігін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тағам әзірлеуге арналған құралдар мен
жабдықтармен танысады
 Олардың мүмкіншіліктерін зерделейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Тағам әзірлеуге арналған құралдар мен жабдықтарды зерделеп, мүмкіншілігін
анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— тағам әзірлеуге арналған құрал-жабдықтарды саралайды;
— өздігінен салыстыру жұмыстарын атқарады;
— альбомдарына қажетті жазбаларды түсіреді;
— құрал-жабдықтардың мүмкіншіліктерін жіктейді;
— өз пікірін сынып алдында еркін жеткізеді.
50
Тақырып Асхананың жабдықталуы. Тағам әзірлеуге арналған құралдар-
жабдықтар, аспаптар мен ыдыс-аяқтар. Тағам дайындауға
арналған құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін зерттеу
Оқу мақсаты 5.2.6.1Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын
сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен
құралдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қауіпсіздік ережесін талқылайды және маңыздылығын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Материалдар мен құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесін талқылаңыз
және қолданудың маңызыдылығын саралаңыз
Дескриптор Білім алушы
— топта қауіпсіздік ережелерін талқылайды;
— материалдар мен құралдарды қолдану кезінде қандай ережені ұстану
қажеттігін ұғынады;
— ережелердің маңыздылығын талқылайды;
— тағам әзірлеуге арналған құралдарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік
ережелерін көрсетеді.
51
Тақырып Асхананың жабдықталуы. Тағам әзірлеуге арналған құралдар-
жабдықтар, аспаптар мен ыдыс-аяқтар. Тағам дайындауға
арналған құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін зерттеу
Оқу мақсаты 5.2.6.2 Қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз
тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу (жұмыс
орнын, құралдарды ұйымдастыру және тазалау, арнайы
киімде жұмыс істеу)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Еңбек гигиенасының ережелерін талқылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Қол еңбегі құралдарын қолданудағы қауіпсіздік тәсілдерін зерделеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— жұмыс орнын қандай жағдайда ұстау қажеттігін талқылайды;
— құралдарды даярлау мен тазалау ерекшеліктерін саралайды;
— арнайы киімді қолданады.
Тақырып Бутербродтар мен сусындардың әзірлену технологиясы
Оқу мақсаты 5.1.3.1 Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту
үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу(оның ішінде
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану
арқылы)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тағамдарды әзірлеу технологиялық картасын
дайындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Бутербродтардың әзірлену технологиясын саралаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— жазба жұмыстарын жүргізеді;
— тағамды әзірлеудің технологиялық картасын құрастырады;
— ақпарат көздерін тиімді қолданады.
2. Сусындардың әзірлену технологиясын талқылаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— жазба жұмыстарын жүргізеді;
— ақпарат көздерін тиімді қолданады.
52
Тақырып Бутербродтар мен сусындардың әзірлену технологиясы
Оқу мақсаты 5.2.4.4 Салқын тағамдар мен сусындарды әзірлеу
технологиясын білу және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өз бетінше қажетті құрал- жабдықтарды таңдайды
 Тағам даярлау кезіндегі қауіпсіздік ережесін
сақтайды
 Өнімдерді таңдауда нақты шешім қабылдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Салқын тағамдарды әзірлеудің технологиялық картасын даярлаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— дайындалатын тағамға байланысты құрал-жабдықтарды өз бетінше
даярлайды;
— технологиялық карта құрастырады.
2. Сусындарды әзірлеудің технологиялық картасын құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— қауіпсіздік ережесін қатаң ұстанады;
— жазба жұмыстарын жүргізеді;
— өнім таңдауда нақты шешімін қолданады.
53
Тақырып Бутербродтар мен сусындардың әзірлену технологиясы
Оқу мақсаты 5.3.1.1 Бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Жұмысын таныстырады
 Өз ойын еркін жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өз жұмысыңызды (салқын тағамды/ сусынды) таныстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— өз қолынан сәтті және сәтсіз шыққан жағын айтады;
— таныстырылымда креативті ойлар қолданады.
Тақырып Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы
Оқу мақсаты 5.2.4.4 Салқын тағамдар мен сусындарды әзірлеу
технологиясын білу және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ақпарат көздерін тиімді қолданады
 Өз идеясын дамытады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жемістерден/ көкөністерден салат әзірлеу технологиясын талқылаңыз. Технологиялық
картасын жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— салат әзірлеу технологиясын топта талқылайды;
— мәліметтер қарастыру үшін интернет желісін қолданады;
— салаттар әзірлеу технологиясын түрлендіреді;
— өз идеясын салыстырады;
— өзінің салат әзірлеу технологиясын жетілдіреді.
54
Тақырып Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы
Оқу мақсаты 5.3.4.1Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және
адаптациялау бойынша конструктивті пікірлер,
ұсыныстарды білдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өзінің және өзгенің жұмысытарындағы жетілдіру
жағын айтады
 Өзінің және сыныптастарының жұмыстарына әділ
баға береді
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Өзіңіздің дайындаған салаттарыңызды көрсетіп, құрамына қарай талдаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— өз жұмысын көрсетіп, талдайды;
— сыныптастарының жұмыстарына өз пікірін білдіреді;
— жұмыстарының жетілдіру жағын айтады.
2. Сыныптастарыңыздың дайындаған салаттарын өз салаттарыңызбен салыстырып,
талдаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— өзінің жұмысын салыстырады;
— сыныптастарының жұмыстарына баға береді;
— бағалау кезінде әділ шешім қабылдайды.
55
Тақырып Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы
Оқу мақсаты 5.3.1.1 Бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Жұмысын таныстырады
 Өз ойын еркін жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Сыныптастарыңыз алдында өз жұмысыңызға (салат немесе басқада дайындаған
тағамдарыңызға) таныстырылым жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— өз қолынан шыққан тағамның қаншалықты сәтті және
сәтсіз шыққан жағын айтады;
— таныстырылымда креативті ойлар қолданады.
Тақырып Жеке бастың гигиенасы. Өз-өзіне күтім жасау
Оқу мақсаты 5.2.5.3 Жеке басының гигиенасы ережелерін зерделеу
және сипаттау, әр түрлі шаш пен тері түрін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Жеке басының гигиенасын сипаттайды
 Әр түрлі шаш пен тері түрін талқылайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Гигиена ережелерін зерделеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— «Гигиена» терминін сипаттайды;
— жеке басының гигиенасын саралайды.
2. Әр түрлі шаш пен тері түрін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— әр түрлі шаш пен теріні анықтайды;
— оларды салыстырады және талқылайды;
— қажетті жазба жұмыстарын жүргізеді.
56
Тақырып Жеке бастың гигиенасы. Өз-өзіне күтім жасау
Оқу мақсаты 5.2.5.4 Өз бетінше өз-өзіне қарау әрекеттері мен тәсілдерін
таңдау және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өз-өзіне қарау әрекеттерін анықтайды
 Өзіне-өзі қарау әрекеттерін түрлендіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өз-өзіңізге қарау әрекеттеріңізді анықтаңыз және әрекеттерін түрлендіріп саралаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— өз-өзіне қарау әрекеттерін талқылайды;
— тәсілдерін таңдайды.
Тақырып Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары
Оқу мақсаты 5.2.5.1 Өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің
негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өсімдік шаруашылығының бағыттарын талқылайды
 Жеміс-көкөніс түрлерінің бағыттарын салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттарын зерделеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— топта өсімдік шаруашылығының бағыттарын талқылайды;
— альбомдарына талқылау нәтижесін жазады.
2. Жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— жеміс-көкөніс түрлерін анықтайды;
— негізгі бағыттарын сипаттайды.
57
Тақырып Өсімдік шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар
Оқу мақсаты 5.2.5.2 Өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстар
жүргізу (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау,
егу мен отырғызу)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Көктемгі жұмыстар түрін талқылайды
 Топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау
жұмыстарын жүргізеді
 Егу және отырғызу жұмыстарын орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өсімдік шаруашылығында көктемде қандай жұмыстар атқарылу қажеттігін анықтаңыз.
а) Топырақты өңдеп, зиянкес жәндіктерден қорғау жұмыстарын практика жүзінде
орындаңыз.
b) Ағаш, гүлдерді егу және отырғызу жолдарын практика жүзінде көрсетіп, орындаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— топта топырақты өңдеу тәсілдерін талқылап практика жүзінде
орындайды;
— зиянкес жәндіктерден қорғау жолдарын (АКТ қолдана отырып)
анықтайды;
— практика жүзінде іске асырады;
— егу және отырғызу түрлерін саралайды;
— ағаштар отырғызып, гүлдер егеді.
58
Тақырып Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары. Өсімдік
шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар
Оқу мақсаты 5.2.6.1 Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның
маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып,
материалдар мен құралдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қауіпсіздік ережелерін талқылайды
 Өсімдік шаруашылығында ұстанатын қауіпсіздік
ережесін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өсімдік шаруашылығында қолданылатын құрал-жабдықтарды қауіпсіз қолдану
жолдарын анықтаңыз.
Өсімдік шаруашылығында ұстанатын қауіпсіздік ережесін құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— топта қауіпсіздік ережелерін талқылайды;
— өсімдік шаруашылығында қолданатын құрал- жабдықтарды
пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін құрайды.
􀉀􀉚􀉡􀉛􀉚􀉥􀉚􀉪􀔑􀉚􀀃􀉚􀉪􀉧􀉚􀉥􀔑􀉚􀉧􀀃􀉨􀉪􀉵􀉧
Теруге 25.07.2017. берілді. Басуға 27.07.2017. қол қойылды.
Пішімі 60х84/8. Кеңсе қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс.
Шартты б. т.6,3. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574
«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.
010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй.
e-mail: info@cpm.kz.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь