ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Музыка 2-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Музыка 2-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

324
0

ПОЛНЫЙ ВАРИАНТ:  

_____________________________________________

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Музыка 2-сынып

 

Құрметті мұғалім!

 

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

 

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 

Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

 

Мазмұны

Ортақ тақырып «Өзім туралы»……………………………………………………………………………………….. 4

Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым» ………………………………………………………… 10

Ортақ тақырып «Менің мектебім» ……………………………………………………………………………….. 15

Ортақ тақырып «Менің туған өлкем» …………………………………………………………………………… 19

Ортақ тақырып «Дені саудың-жаны сау» ……………………………………………………………………… 24

Ортақ тақырып «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ……………………………………………………….. 27

Ортақ тақырып «Қоршаған орта» …………………………………………………………………………………. 34

Ортақ тақырып «Саяхат» ……………………………………………………………………………………………… 38

 

Бөлім

1-тоқсан

 

Ортақ тақырып «Өзім туралы»

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

 

Бөлімше                                   1.1 Музыка тыңдау және талдау

 

Оқу мақсаты                             2.1.1.1  Музыкалық көркемдеуші  құралдардың көмегімен

музыканың сипатын анықтау

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Тыңдалған әннің / музыкалық шығарманың мазмұнын, көңіл күйін атайды
  • Терминдерді қолдана отырып, музыкалық шығарманы сипаттайды

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

П.И. Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен «Танец феи драже» үзіндісін тыңда: (http://mp3-crazy.com/listen_music/64926.html)

  • Музыканың көңіл күйі қандай? Музыканың мазмұнын сипатта.
  • Музыкалық үзіндіге сәйкес келетін динамика белгілерін анықта.
  • Музыканы тыңдау барысында сәйкес динамика белгісін көтер.

 

 

 

 

(біртіндеп ақырын)

 

 

 

 

 

 

 

(біртіндеп қатты)

 

(қатты)

 

 

(ақырын)

 

 

Дескриптор              Білім алушы

  • музыканың көңіл күйін анықтайды;
  • музыкалық шығарманың мазмұнын сипаттайды;
  • музыкалық шығармаға сәйкес динамика белгілерін таңдайды;
  • музыкалық шығарманың  көңіл  күйін,  мазмұнын  және  көркем құралдарын ажыратады.

 

Бөлім                                       Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                  1.1 Музыканы тыңдау және талдау

 

Оқу мақсаты                             2.1.1.2    Әуеннің  вокалдық,  аспаптық  түрін  ажырату және

анықтау

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Естіген музыканың жанрын ажыратады және анықтайды

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

Д.Б. Кабалевскийдің «Клоуны» (Сайқымазақтар) музыкалық шығармасын тыңда. Музыканың жанрын анықта. Жауабыңды түсіндір.

 

вокалдық аспаптық

 

 

 

 

Дескриптор              Білім алушы

  • музыканың жанрын анықтайды;
  • жауабын түсіндіреді.

 

Бөлім                                          Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                     1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты                             2.1.2.1     Түрлі  сипатты  әндерді,  ән  айту  ережесін  сақтап

орындау

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Әннің ережесін сақтап орындайды

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

Сөзі Қабдыкәрім Ыдырысов, музыкасы Ескендір Хасанғалиевтің «Келші, келші, балашым» (https://www.youtube.com/watch?v=R9CiCs4mSsI) әнін ән орындау ережесіне сай орында.

 

 

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба? Әке жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да..

 

  1. Жалғыз дара өзіңсің,

Атасының көзісің, Әжесінің сөзісің,

Аппақ мөлдір сезімсің.

Мен барымды аяман Ботақаным, сен үшін.

 

Не деп енді мақтайын,
Айтуға сөз таппаймын.
Сөйлеп кетсем көбірек
Мен әжеңе жақпаймын.
Келші, келші, балашым,
Бір иіскемей жатпаймын

 

  • Қуанышым, арай жүз

Сөйлесерміз талай біз. Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз,

Сендей бала ешкімде

Болмаған деп санаймыз.                                                                .

 

 

 

 

Дескриптор              Білім алушы

  • орындау барысында ырғақты сақтайды;
  • орындау барысында ережені сақтап орындайды.

 

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                      1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.2   Ансамбльде       музыкалық    аспаптардың   көмегімен шығарманы қарапайым ырғықпен сүйемелдеп орындау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Әуенді     ансамбльде           музыкалық      аспаптардың көмегімен орындайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

Берілген ырғақты қазақ халқының  ұрмалы аспабында (дауылпаз, даңғыра т.б) ансамбльмен орында.

 

 

 

 

 

 

 

Берілген ырғақты қарапайым шулы ұрмалы аспапта ансамбльмен орында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор             Білім алушы

  • ырғақтық  суреттемені   қазақ   ұлттық   аспабында   ансамбльмен орындайды;
  • ырғақтық суреттемені     қарапайым    шулы     ұрмалы     аспапта ансамбльмен ойнайды;
  • музыкалық суреттеменің екпіні мен ырғағын сақтап ансамбльмен орындайды.

 

Бөлім                                            Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                       1.3 Музыкалық сауаттылық

 

Оқу мақсаты

 

2.1.3.3 Нотамен қарапайым әуендер оқу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Есту  арқылы  соль  және  ми  ноталарының  дыбыс биіктігін анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Мұғалімнің  көмегімен  әуенді  тыңдап,  соль  және  ми  ноталарының  биіктігін  анықта. Ноталарды тиісті түспен боя. Соль және ми нотасының қай сызықта орналасқанын ата.

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

Білім алушы

–        соль және ми ноталарының биіктігін анықтайды;

–        соль және ми ноталарын ажыратып, түсіне сәйкес бояйды;

–        соль және ми ноталарының нота сызығындағы орнын атайды.

 

 

Бөлім                                           Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру
 

Бөлімше                                      2.1 Музыкалық шығармашылық

 

Оқу мақсаты

 

2.2.1.2    Қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Аспаптардың көмегімен  музыкалық фраза шығарады

•     Шығарылған музыкалық фразаларды импровизациялайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмін қара: (https://www.youtube.com/watch?v=KNCovrApSbY)

 

Топтық жұмыс.

Ұрмалы және шулы аспаптарды қолдана отырып,  ертегі кейіпкерлерінің біреуіне музыкалық сүйемелдеу жаса.

 

 

1.      Аспаптардың көмегімен кейіпкерге арналған музыкалық фразалар құрастыр.

2.      Өз шығармашылық жұмысыңды топпен бірге орындап көр.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        аспаптарды қолдана отырып, музыкалық фразалар шығарады;

–        ұрмалы және шулы аспаптардың  көмегімен  ертегі кейіпкерін дыбыстайды;

–        ертегі кейіпкерінің образын дұрыс жеткізеді;

–        өз жұмысын топпен бірге орындайды.

 

Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым»

 

 

Бөлім                                         Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                    1.2 Музыканы тыңдау және талдау

 

Оқу мақсаты

 

2.1.1.2     Әуеннің  вокалдық,  аспаптық  түрін  ажырату  және анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Естіген музыкасы бойынша сезімін қимылдар арқылы көрсетеді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Құрманғазының «Балбырауын» (http://music.nur.kz/1042697-kyrmanfazi-balbirauin-(or-k- ahmediyarov) күйін  тыңда:

–        Естіген шығарманың жанрын анықта.(аспаптық, вокалдық)

–        Тыңдалған күйге сәйкес келетін суретті таңдап, белгіле.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушы

–        музыкаға сәйкес суретті  таңдайды;

–        күйдің жанрын анықтайды.

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                      1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.1 Түрлі сипатты әндерді, айту ережесін сақтап орындау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Әннің ережесін сақтап орындайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Сөзі    Фариза    Оңғарсынованың,   музыкасы    Айжігіт    Асановтың   «Достар»       (http://x- minus.org/track/236015/%D0%B4%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80-

%D0%B0%D0%BD%D0%B8) әнін жеке, хор құрамында ән айту ережесін сақтап орында.

 

Ақ, қарамыз, сарымыз.                 Күннің нұрын сүйеміз, Тату доспыз бәріміз.                     Қырдың гүлін сүйеміз.

Достық жайлы ән                          Бізді ойнатып тәтелер,

салып,                                            Күлдіргенін сүйеміз. Шырқатайық кәне, біз!

Қайырмасы:

Жүзімізге қараңыз, Бал-бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ, Бізге қымбат анамыз.

Қайырмасы:

Балдырғанбыз арай жүз, Бал-бұл жанып қараймыз. Ойыншықтар біздерде, Көп болғанын қалаймыз.

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

Білім алушы

–        әннің әуенін дұрыс орындайды;

–        әнді орындау барысында екпінін сақтайды;

–        әнді орындау барысында ырғағын сақтайды;

–        әнді жеке, хормен  айтады.

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                     1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты                             2.1.2.2  Ансамбльде     музыкалық  аспаптардың  көмегімен

шығарманы қарапайым ырғықпен сүйемелдеп орындау

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Берілген ырғақты     ансамбльде          музыкалық аспаптармен ойнайды
  • Музыкалық  суреттеменің   екпіні   мен   ырғағын сақтайды

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

Сүйемелдеу жасау үшін берілген аспаптардың ішінен шулы аспаптарды таңда.

 

 

Берілген ырғақтық суреттемелерді шулы аспаптарда орында.

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор               Білім алушы

  • шулы аспаптарды ажыратады;
  • ырғақтық суреттемені шулы аспапта ансамбльмен ойнайды.

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                      1.3 Музыкалық сауаттылық

 

Оқу мақсаты

 

2.1.3.3 Нотамен қарапайым әуендер оқу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•      Әуенді      қол      белгілерін      қолданып      нотамен орындайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Берілген әуенді мұқият тыңда. Әуенді қол белгілерімен көрсете отырып, нотамен орында.

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

 

 

Білім алушы

–        әнді мұқият тыңдайды;

–        әуенді қол белгілерімен көрсетіп орындайды.

 

 

Бөлім                                         Музыкалық-шығармашылық жұмысты бағалау және көрсету
 

Бөлімше                                    3.1 Музыканы көрсету және бағалау

 

Оқу мақсаты

 

2.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай білу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Өз шығармашылық  жұмысын таныстырады

•     Жұмыстың  жақсы  жақтары  мен  жақсартуды  талап ететін тұстарын айтады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

 

Топтық жұмыс.

Музыкалық  аспаптар  мен  дауысты  қолдана  отырып,      жанұя  мүшелерінің  дауысына дыбыстау жаса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ата                                   әже                                   қыз                                     ұл Өз шығармашылық жұмысыңды таныстыр және бағала.

 

 

 

Дескриптор             Білім алушы

  • отбасы мүшелерінің дауыстарын нақышына келтіріп салады;
  • өз жұмысын таныстырады;
  • шығармашылық жұмыстың жақсы жақтарын атайды;
  • өз жұмысын жақсартуға қатысты ұсыныстар айтады.

 

2-тоқсан

Ортақ тақырып «Менің мектебім»

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау, талдау және орындау
 

Бөлімше                                      1.1 Музыканы тыңдау және талдау

 

Оқу мақсаты

 

2.1.1.1      Музыкалық көркемдеуші  құралдарын және музыканың сипатын анықтау

2.1.1.2         Әуеннің  вокалдық,  аспаптық  түрін  ажырату  және анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Тыңдалған әннің / музыкалық шығарманың мазмұнын, көңіл күйін атайды

•     Терминдерді қолдана отырып, музыкалық шығарманы сипаттайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Н. Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңда. Шығарманың көңіл күйін, динамикасы мен екпінін анықта.

 

Шығарманы сәйкес терминдерді қолдана отырып сипатта:

—          көңілді

—          көңілсіз

—          баяу

—          жылдам

—          екпінді

—          байсалды

—          ақырын

—          қатты

 

 

 

 

Шығарманың жанрын анықта (вокалық/аспаптық)

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        күйді тыңдайды;

–        шығарманың көңіл күйін анықтайды;

–        музыканың екпінін анықтайды;

–        музыканың динамикасын анықтайды;

–        музыканы сипаттау үшін терминдерді дұрыс қолданады;

–        жанрын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыңғырлап соғылды қоңырау,

Аяулы ұстаздар алдында

 

Бөлім                                            Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                      1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.1 Түрлі сипатты әндерді, ән айту ережесін сақтап орындау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Әнді орындауда екпіні мен ырғағын сақтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Сөзі мен әні Б. Бейсенованың «Мектебім, аяулы мектебім» әнін музыкалық жазбаға қосылып орында. Әнді екпіні мен ырғағын сақтап, жеке, хор құрамында ән айту ережесін сақтап орында.

(http://music.nur.kz/1061593-bota-bejsenova-mektebim-ayaulim-mektebim).

 

Мектебім, аяулы мектебім,                           Келеміз қуанып біз дәйім,

Өзіңсің өмірдің көктемі.                               Мектебім сен жайлы жыр дайын.

Нәр алып, қолымды созамын,                       Айқара есігін ашады,

Арманға көктегі.                                           Қарсы алып күн сайын.

 

Мектебім келеміз тағы да,                             Мектебім өзіңді сүйемін,

Күн сайын өзіңді сағына.                              Білімді санама түйемін.

 

Бар бала бағына.

 

Қайырмасы

Мектебім, аяулы мектебім,

Бағыңда гүлдей боп көктедім. Өзіңсің білімнің бұлағы,

Нәр алып келемін.

 

Басымды иемін!

 

Қайырмасы

Мектебім, аяулы мектебім,

Бағыңда гүлдей боп көктедім. Өзіңсің білімнің бұлағы,

Нәр алып келемін.

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

Білім алушы

–        әнді таза дыбыспен айтады;

–        әннің екпінін сақтайды;

–        әннің ырғағын  сақтайды;

–        әнді жеке, хормен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                      1.2  Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.2  Ансамбльде     музыкалық  аспаптардың  көмегімен шығарманы қарапайым ырғықпен сүйемелдеп орындау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Ырғақтық    суреттемені     музыкалық     ансамбльде қазақ халқының ұрмалы аспаптарында орындайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Б.Ғизатовтың «Біз өмірдің гүліміз» әніне сәйкес келетін ырғақты анықта. А)

В)

 

 

Ø      Ырғақты қазақ халқының ұрмалы аспабында орында.

Ø      Ырғақты ансамбльмен аспапта ойнай отырып, әнді орында.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        әнге сәйкес ырғақты анықтайды;

–        музыкалық  суреттемені  ұрмалы  аспапта  екпіні  мен  ырғағын сақтай отырып орындайды;

–        әнді    қазақ халқының ұрмалы аспабында ансамбльмен ойнай отырып айтады.

 

 

Бөлім                                           Музыкалық- шығармашылық жұмыстар құру

 

Бөлімше                                      2.1 Музыкалық шығармашылық

 

Оқу мақсаты

 

2.2.1.1     Музыкалық      шығармашылық      жұмыс      арқылы шығарманың сипатын жеткізу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Дауыс    пен    ноталар    арқылы    музыкалық    фраза шығарады

•     Шығарманың сипатын жеткізеді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Топтық жұмыс.

Суреттерге мұқият қара. Суретте бейнеленген пәндер туралы өлең жолдарын құрастыр. Құрастырған өлеңге до, ми, соль ноталарын қолданып, әуен шығар және орындап көрсет.

 

 

•     Бір-біріңнің шығарған өлеңдеріңе импровизация жасап, сипаттап бер.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        суретте бейнеленген пәнге қатысты өлең жолдарын құрастырады;

–        до, ми, соль ноталарын қолданып, әуен шығарады;

–        өз әуенін таза орындайды;

–        шығарылған өлеңге импровизация жасап көрсетеді.

 

Ортақ тақырып «Менің туған өлкем»

 

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                      1.1 Музыканы тыңдау және талдау

 

Оқу мақсаты

 

2.1.1.1 Музыкалық көркемдеуші  құралдарын және музыканың сипатын анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Тыңдаған музыканы сипаттап береді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

П.И. Чайковскийдің «Зима-декабрь» музыкалық шығармасын тыңда: https://www.youtube.com/watch?v=MyHHAsMC4Y8

 

 

 

 

 

 

Ø      Шығармада сипатталған  қыс мезгіліне сәйкес болатын суретті ( P) белгіле.

Ø      Суретке сүйене отырып шығарманың көңіл күйін сипатта.

Ø      Тыңдалған шығармадағы қысты бейнелейтін қимылдар ойлап тап.

Ø      Шығарманың  екпінін анықта.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        шығармаға сәйкес суретті анықтайды;

–        шығарманың көңіл күйін сипаттайды;

–        қысты бейнелейтін қимылдар ойлап табады;

–        шығарманың екпінін анықтайды;

–        музыканың сипатын жеткізеді.

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                      1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.1 Түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтап орындау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Әнді орындауда екпіні мен ырғағын сақтайды

•     Әнді жеке және хормен айтады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Сөзі Н. Әлімқұлов, музыкасы И.Нүсіпбаевтың «Отан» әнін музыкалық сүйемелдеуге қосылып орында.( http://bilimkozy.idhost.kz/kz/tilek/an/patriot/1845-otan.html )

Ø      Әннің патриоттық сипатын жеткізу үшін  орындау барысында екпіні мен ырғағын сақта.

Ø      Әнді жеке, хормен орында.

 

Отан

Туған Отан, дәулетің асқан, Бақыт нұры сәулесін шашқан. Асыл ана, мейірімі жылы Еркелесем, кеудесін ашқан.

 

Кең алқапты шарпысын желің Байлық тасып, шалқысын көлің. Байтақ жатқан алыпсың өзің Отан — ана, бақытты елім.

 

Асқар тауың, өзенің қандай, Орманыңды кеземін талмай. Самалыңды жұтамын балдай Бақыт құшқан өз елім қандай!

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        әнді музыкалық сүйемелдеуге ілесіп айтады;

–        орындау барысында әннің екпінін сақтайды;

–        орындау барысында әннің ырғағын сақтайды;

–        әнді жеке және хормен айтады.

 

Бөлім                                            Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                       1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты                              2.1.2.2 Ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен

шығарманы қарапайым ырғықпен сүйемелдеп орындау

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Ырғақтық суреттемені ансамбльде қазақ халқының ұрмалы және шулы аспабында орындайды
  • Музыкалық суреттеменің    екпіні    мен    ырғағын сақтайды

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

Берілген ырғақтарды пайдаланып, өз ырғағыңды құрастыр.

 

 

Құрастырған ырғақты қазақ халқының  шулы және ұрмалы аспаптарында ансамбльмен орында.

 

 

Дескриптор              Білім алушы

  • ырғақтық суреттемені құрастырады;
  • ырғақтық суреттемені    қазақ    халқының   ұрмалы    аспабымен орындайды;
  • ырғақтық  суреттемені   ансамбльмен      қазақ  халқының   шулы аспабында орындайды;
  • орындау барысында музыкалық суреттеменің екпіні мен ырғағын сақтайды.

 

 

Бөлім                                           Музыкалық- шығармашылық жұмыстар құру

 

Бөлімше                                      2.1 Музыкалық шығармашылық

 

Оқу мақсаты

 

2.2.1.1     Музыкалық     шығармашылық    жұмыс     арқылы шығарманың сипатын жеткізу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Дауыс пен ноталарды қолдана отырып, музыкалық фраза шығарады

•     Шығарылған музыкалық фразаларды импровизациялайды, сипатын жеткізеді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Топтық жұмыс.

Суреттерге сүйене отырып «Көңілді қыс» тақырыбына бірнеше сөйлемдер құрастыр.

 

 

Құрастырған сөйлемдерге    до, ми, соль ноталарын қолданып, әуен шығар. Өз әуеніңді орындап бер.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастырады;

–        до, ми, соль ноталарын қолданып, әуен шығарады;

–        шығарған әуенін орындайды;

–        шығарған әуенін импровизациялап, сипатын көрсетеді.

 

 

Бөлім                                            Музыкалық-шығармашылық жұмысты бағалау және көрсету
 

Бөлімше                                       3.1 Музыканы көрсету және бағалау

 

Оқу мақсаты

 

2.3.1.1  Шығармашылық  жұмысын  көрсету  және  бағалай білу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Өз шығармашылық жұмысын таныстырады

•     Жұмыстың  жақсы жақтары мен жақсартуды қажет ететін тұстарын атайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

 

Топтық жұмыс.

Музыкалық-шулы  және  ұрмалы  аспаптарды  қолдана  отырып,  қыс  мезгілінде болатын дыбыстарды жаңғырт. Мысалы: конькидің сырғуы, боран, қармен жүру т.б.

 

 

Өз шығармашылық жұмысыңды орындап көрсет және бағала.

–        Орындау барысында не сәтті шықты?

–        Орындауды қалай жетілдіруге болады?

 

Өзге топтардың орындауын бағала. Жұмысты жақсартуға қатысты ойыңды айт.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        өз жұмысын таныстырады;

–        өзінің шығармашылық жұмысының жақсы жақтарын айтады;

–        өз жұмысының осал шыққан тұстарын анықтайды;

–        өзгелердің жұмысын бағалайды және жетілдіруге қатысты ойын айтады.

 

3-тоқсан

Ортақ тақырып «Дені саудың-жаны сау»

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау талдау және орындау
 

Бөлімше                                      1.1 Музыканы тыңдау және талдау

 

Оқу мақсаты

 

2.1.1.1      Музыканың көркемдеуші құралдарын және музыканың сипатын анықтау

2.1.1.2        Әуеннің вокалдық, аспаптық түрін ажырату және анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Күйдегі музыканың көркем құралдарын анықтайды

•     Музыкалық шығармаларды салыстырады жанрын анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйінің екі түрлі нұсқасын тыңда.

А) Қобыз аспабында орындалған нұсқасы http://mp3plus.info/song/10074640/zhappas- alambaev-os-al-a-d-uletkerej/

 

В) Қазақ ұлттық ансамблінің орындауында, бейнематериалдың 4.48 уақытынан бастап

https://www.youtube.com/watch?v=8u8GqLteryM

 

Ø      Тыңдалған музыкалық шығарма қандай аспапта орындалды? Күйді сипатта.

Ø      Көркем құралдарын анықта. Күйдің, ырғағы, екпіні, динамикасы қандай?

Ø      Музыканың жанрын анықта. (вокалдық/аспаптық)

Ø      Екі түрлі орындауда қандай айырмашылықтар бар?

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        музыкалық шығарманың көңіл күйін сипаттайды;

–        музыкалық шығарманың көркем құралдарын анықтайды;

–        тыңдалған музыкалық үзінділерді салыстырып, айырмашылығын ажыратады.

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау талдау және орындау
 

Бөлімше                                      1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.1 Түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтап орындау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Әнді жеке, хормен айтады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

Дәулеткерей Қиқымовтың «Футбол» әнін музыкалық жазбаға қосылып жеке, хор құрамында

орында.

(10_ Futbol-.mp3 , 10_ Futbol+.mp3)

 

«Футбол» әні

 

«Ойын» деген ғаламда,           Кішкентайдан қуалап,              Футбол өтсе стадион Әркімнің бар өнері.                  Доп тебетін бала көп.               Жан күйерсіз болмайды. Футболшы да алаңда                Соғылса гол туралап,               Ойыншыны достары, Ала доптың шебері.                  Тулап жатар ала доп!                Айқай салып қолдайды.

 

Қайырмасы:

Ей, ей, ей!

Нағыз ойын футбол,

Соғылсын көп гол, гол, гол!

 

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

 

Білім алушы

—       әнді орындау барысында екпіні мен ырғағын сақтайды;

—       әнді жеке, ансамбль және хор құрамында орындайды;

—       әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындайды.

 

Бөлім                                          Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру
 

Бөлімше                                      2.1 Музыкалық шығармашылық

 

Оқу мақсаты

 

2.2.1.2 Қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Аспаптардың       көмегімен       музыкалық       фраза шығарады

•     Музыканың көркемдеуші құралдарын қолданады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Тапсырма

 

Топтық жұмыс

Берілген суретте қандай спорт түрлері көрсетілгенін анықта.

 

 

 

 

1.      Суреттер бойынша сөйлемдер құрастыр.

2.      Оны қандай әуенге салуға болатындығы туралы талқылау жаса.

3.      Музыкалық аспаптарды қолдана отырып, құрастырған сөйлемге әуен шығар.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        суреттегі спорт түрлерін анқытайды;

–        суреттерге байланысты сөйлемдер құрастырады;

–        суреттерге әуен құрастыру жөнінде әңгіме жүргізеді;

–        аспаптардың көмегімен музыкалық фраза шығарады;

–        музыкалық аспаптарды қолданады;

–        құрастырылған сөйлемге әуен шығарады.

 

 

Ортақ тақырып «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
 

Бөлім

 

Бөлімше

 

Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

1.1 Музыканы тыңдау және талдау

 

Оқу мақсаты

 

2.1.1.1     Музыканың     көркемдеуші     құралдарын

 

және

музыканың сипатын анықтау

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Тыңдалған әндердің, көңіл-күйі мен көркем құралдарын анықтайды

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

  1. «Үкілім-ай» және «Балапан қаз»  халық әндерін тыңда.

 

http://plus-music.org/балапан+қаз  — Қарақат Әбілдинаның орындауында «Балапан қаз» әні.

http://plus-music.org/үкілім-ай  Гүлбаршын Тергеубекова орындауында «Үкілім-ай» әні.

 

  • Музыкалық шығарманың жанрын анықта (вокалдық/ аспаптық)
  • Әннің көңіл-күйі қандай?
  • Әннің динамикасы мен екпінін анықта.

 

  1. Төмендегі кестеге әннің орындалуына сәйкес сөздерді жаз.

 

  • Жылдам, баяу
  • Көңілді, мұңды
  • Қатты, ақырын

 

«Үкілім-ай» әні «Балапан қаз» әні

 

 

 

 

Дескриптор              Білім алушы

  • берілген әндердің көңіл-күйін сипаттайды;
  • әндердің динамикасын анықтайды;
  • әндердің екпінін анықтайды;
  • әндердің сипатын музыкалық терминдермен жазып көрсетеді.

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау, талдау және орындау
 

Бөлімше                                      1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты

 

2.1.2 1 Түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтап орындау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Әнді жеке және хор құрамында орындайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Берілген  әнді  жеке, хор құрамында орында.

 

«Наурыз» әні Әні:  А. Танидікі Сөзі А. Естеновтікі

 

Думанды ду айнала,                    Шырқалады шарықтап, Келбет көркі келіскен.               «Жылқы ішінде ала жүр…» Асыр салып бар бала,                 Тойланады халықта Алтыбақан тебіскен.                  Міне, осылай жаңа жыл!

 

Қайырмасы: Көптен күткен бәріміз, Келді міне, ұлыс күн! Құтты болсын, Наурыз! Бастамасы ырыстың.

 

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

 

Білім алушы

–        әннің сөзін дұрыс айтады;

–        әннің әуенін дұрыс айтады;

–        әнді орындау барысында ырғақты сақтайды;

–        әнді  жеке, хор құрамында айтады.

 

 

Бөлім                                            Музыканы тыңдау, талдау және орындау
Бөлімше                                      1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.2  Ансамбльде     музыкалық  аспаптардың  көмегімен шығарманы қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Тыңдалған күйдің    ырғағын қазақтың шулы және ұрмалы аспабында ансамбльмен орындайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

«Келіншек» халық күйін тыңда.

(https://www.youtube.com/watch?v=2wHmP-mkXXc )

 

1.      Тыңдалған күйдің ырғағын шапалақпен соқ.

2.      Төмендегі суреттен қазақтың ұрмалы және шулы аспаптарын анықта.

 

 

3.      Күйді қазақ халқының ұрмалы немесе шулы аспабымен сүйемелдеп ансамбльмен ойна.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

—       күйдің ырғағын шапалақпен дұрыс соғады;

—       қазақ халқының ұрмалы және шулы аспабын анықтайды;

—       күйдің ырғағын қазақ халық аспабымен сүйемелдеп, ансамбльмен орындайды.

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                      1.3 Музыкалық сауаттылық

 

Оқу мақсаты                              2.1.3.2 Ұлттық және классикалық аспаптардың дыбысталуын

салыстыру

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Қазақ халық аспаптары мен классикалық аспаптарды дыбыс бояуы бойынша ажыратады

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

Берілген  музыкалық үзінділерді тыңда.

  1. http://musiccc/?string=solo+skripka
  2. https://www.youtube.com/watch?v=2Ezy1VEpe_E
  3. https://www.youtube.com/watch?v=mLCLy7_A1ZE
  4. http://muzic.nur.kz/artist-168440-dombira

 

Әр үзіндіде ойналған аспаптың қай топқа жататынын анықтап, кестеге жаз.

 

Домбыра                        Жетіген                                  Пианино                      Скрипка

 

 

Классикалық

аспаптар

Қазақ халық

аспаптары

 

 

 

Дескриптор           Білім алушы

  • аспаптарды дыбыс бояуларына қарай ажыратады;
  • аспаптарды топтарға дұрыс жіктейді.

 

Бөлім                                         Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру
 

Бөлімше                                     2.1 Музыкалық  шығармашылық

 

Оқу мақсаты

 

2.2.1.1 Музыканың көркемдеуші құралдарын және музыканың сипатын анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Ырғақтық  фразаны  орындап,  шығарманың  сипатын анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Тапсырма

 

Жұптық жұмыс

Наурыз туралы тақпақтардың бірін таңдап ал.

 

1. Жыл басы – Наурыз мереке,              2. Жылдың басы Наурыз, Ақ нұрға әлем боянды.                           Жердің басы Наурыз.

Наурыз тойы береке                               Мерекеге арналсын

Тіршілік жаңа оянды!                             Бүгінгі жыр-әніміз.

 

3. Уа, ағайын халайық, Мұнда назар салайық! Мерекесі халықтың Наурыз тойын бастайық!

 

Берілген ырғақты алдымен  шапалақтап орынд Таңдап алған шумақты ырғаққа салып орында

 

4. Наурыз келдi елiме, Наурыз келдi жерiме. Байлық, бақыт тiлеймiн, Бүкiл қазақ елiне.

 

ап жаттық.

шығарманың сипатын анықта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушы

—       ырғақты шапалақтап дұрыс орындайды;

—       өлең жолдарын ырғаққа салып  орындайды;

—       шығарманың сипатын анықтайды.

 

Бөлім                                          Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

 

Бөлімше                                      2.2   Музыкалық  шығармашылық

 

Оқу мақсаты                              2.2.1.2            Қарапайым           музыкалық-шығармашылық

жұмыстарды    шығару    үшін    музыкалық    көркемдеуші

құралдарды қолдану

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Музыкалық фраза шығарады
  • Музыкалық көркемдеуші құралдарын қолданады

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

Тапсырма

 

  1. Нота сызығына до, ми, соль ноталарынан құралған шағын әуен шығар.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Өзің білетін қазақ халық аспаптарының атауын тізіп жаз.
  2. Аспаптардың атауын құрастырған әуеніңе сал.
  3. Әуеніңді музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданып орында.

 

Дескриптор           Білім алушы

  • до, ми, соль ноталарын нота сызығына дұрыс орналастырады;
  • шығарған әуенін дұрыс орындайды;
  • қазақ халық аспаптары атауын әуенге салып орындайды.

 

 

Бөлім                                          Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау
 

Бөлімше                                     3.1 Музыканы көрсету және бағалау

 

Оқу мақсаты

 

2.3.1.1  Шығармашылық  жұмысын  көрсету  және  бағалай білу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Өз шығармашылық жұмысын көрсетеді және тиісті баға береді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

 

Қазақ  биінің үзінділерін қара. https://www.youtube.com/watch?v=Gc6B2g4e09A https://www.youtube.com/watch?v=i3lzjPCLWq8 https://www.youtube.com/watch?v=7FlX_1F4Gdk

 

Топтық жұмыс.

•     Ұлттық  би көрінісін ойлап тап.

•     Өзің құрастырған  биіңді орындап көрсет.

•     Шығармашылық жұмыстың сәтті және сәтсіз шыққан тұстарын анықта.

•     Өз жұмысың туралы ойыңды айт.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

—       қазақ  халқының  ұлттық  би  элементтерін  пайдаланып  өз  биін құрастырады;

—       өз биін сыныпқа орындап көрсетеді;

—       бидің сәтті және сәтсіз шыққан тұстарын сипаттап, бағалайды.

 

4-тоқсан

Ортақ тақырып «Қоршаған орта»

 

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау, талдау және орындау
 

Бөлімше                                      1.1 Музыканы тыңдау және талдау

 

Оқу мақсаты

 

2.1.1.1  Музыканың  көркемдеуші       құралдарын  және музыканың сипатын анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Тыңдалған музыкалық  шығарманың көңіл-күйін, екпіні мен динамикасын анықтайды

•     Музыкалық       терминдерді       қолдана       отырып, тыңдалған музыканың сипатын анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

М.П.Мусоргскийдің        «Балет    невылупившихся    птенцов»    («Қабығынан    шықпаған балапандар») музыкалық шығармасын тыңда.

https://www.youtube.com/watch?v=nW6r-uNR1E4

 

Музыкалық шығрманың көңіл-күйін, екпіні мен динамикасын төменде берілген терминдерді қолдана отырып анықта.

—          қатты;

—          ақырын;

—          көңілді;

—          мұңды;

—          жылдам;

—          баяу;

—          албырт, жалынды;

—          әсерлі;

—          қарқынды.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        музыкалық шығарманың көңіл-күйін анықтайды;

–        музыкалық шығарманың мазмұнын сипаттайтын сәйкес терминдерді таңдайды.

 

 

Бөлім                                           Музыканы тыңдау, талдау және орындау
 

Бөлімше                                      1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.1    Түрлі  сипатты  әндерді  ән  айту  ережесін  сақтап орындау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Әннің әуенін, екпіні мен ырғағын сақтай отырып жеке және хор құрамында орындайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Бота Бейсенованың  «Көктем келді» әнін музыкалық жазбаға қосылып орында. Орындау барысында әннің әуенін, екпіні мен ырғағын сақтай отырып, жеке, ансамбль және хор құрамында орында.

https://www.youtube.com/watch?v=bK6j0ndcaYM

 

1.      Көктем келді, көктем келді сағынта, Бүршік атты алма ағаштар бағында.

Біздің үйге ұя салды алақай

Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.

 

Қайырмасы:

Дала гүлге оранады, Түрлі түске боянады.

Нұрлы көктем келген кезде Табиғат та оянады.

 

2.      Көктем келді, көктем келді далама Қуанып жүр ата-ана да, бала да.

Қар-мұз еріп, жылғалардан су ағып Үйрек, қаздар жайылып жүр далада.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

—       әннің әуенін дұрыс орындайды;

—       орындау барысында әннің екпінін сақтайды;

—       орындау барысында әннің ырғағын сақтайды;

—       әнді жеке, хор құрамында орындайды.

 

Бөлім                                          Музыканы тыңдау талдау және орындау
 

Бөлімше                                     1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.2    Ансамбльде    музыкалық аспаптардың көмегімен шығарманы қарапайым ырғықпен сүйемелдеп орындау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Әннің ырғағын қарапайым музыкалық аспаптарда ансамбльмен орындайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

1.  Б. Ғизатовтың «Төлдер» әнінің ырғағын анықта.

2.  Төмендегі ырғақты әннің сөзімен сәйкестендір.

3.  Әннің ырғағын шапалақтай отырып және музыкалық аспаптарда ансамбльмен  орында.

 

 

Қошақаны қойдың Қайда қалып қойдың?

 

Бұлтиып тұр бүйірің,

 

Қай өрістен тойдың?

 

 

Дескриптор

 

 

Білім алушы

—       әннің ырғағын дұрыс анықтайды;

—       әннің сөздеріне сәйкес ырғақты сәйкестендіреді;

—       әннің ырғағын шапалақтай отырып дұрыс орындайды;

—       әннің ырғағын музыкалық аспаптарда ансамбльмен орындайды.

 

Бөлім                                           Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

 

Бөлімше                                      2.1 Музыкалық шығармашылық

 

Оқу мақсаты                             2.2.1.1     Музыкалық     шығармашылық     жұмыс     арқылы

шығарманың сипатын жеткізу

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Дауысын және музыкалық аспаптарды қолданып, музыкалық фраза шығарады
  • Шығарманың сипатын жеткізеді

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

Берілген тақпақтардың біріне до-ми-соль ноталарын қолдана отырып, шағын әуен шығар.

 

 

Жасыл көктем келеді Самал беттен өбеді. Көкте бұлттар көбейсе Мөлдір тамшы төгеді.

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Даланы гүлдер басады. Сұлу көктем есігін ашып, Шуағын бізге шашады.

Бақшаларға гүл егіп, Жемістерді тереміз. Дала жасыл түске еніп, Көктем мезгілі келіпті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өз әуеніңді музыкалық аспаптарда сүйемелдей отырып орында. Музыкалық шығарманың сипатын жеткізе орында.

 

 

 

Дескриптор         Білім алушы

  • до, ми, соль ноталарын қолдана отырып, әуен шығарады;
  • әуенді музыкалық аспаптармен сүйемелдей отырып орындайды;
  • шығарманың сипатын жеткізеді.

 

Ортақ тақырып «Саяхат»

 

Бөлім                                          Музыканы тыңдау, талдау және орындау

 

Бөлімше                                      1.1 Музыканы тыңдау және талдау

 

Оқу мақсаты                             2.1.1.1       Музыканың  көркемдеуші         құралдарын  және музыканың сипатын анықтау

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Музыкалық шығарманың көңіл-күйін, екпіні мен динамикасын анықтайды
  • Музыканың сипатын анықтайды

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

Екі музыкалық шығарманы тыңда. Тәттімбеттің «Саржайлау»

https://www.youtube.com/watch?v=Qlc_Lwx_5DU

Құрманғазының  «Сарыарқа»

https://www.youtube.com/watch?v=wt6OLV0nEcY

 

Екі  шығарманы  салыстырып,  көңіл-күйін,  екпінін, сипатта. Кестені толтыр:

 

динамикасын  анықта.

 

Музыканы

  • қатты;
  • ақырын;
  • көңілді;
  • мұңды;
  • жылдам;
  • баяу;
  • албырт, жалынды;
  • әсерлі;
  • қарқынды.

 

Тәттімбет «Саржайлау» Құрманғазы «Сары Арқа»
Көңіл-күй
Екпін
Динамика

 

Дескриптор         Білім алушы

  • музыкалық шығарманың көңіл-күйін анықтайды;
  • музыкалық шығарманың динамикасын анықтайды;
  • музыкалық шығарманың екпінін анықтайды;
  • музыкалық терминдерді қолдана отырып, екі күйді салыстырады.

 

 

Бөлім                                          Музыканы тыңдау, талдау және орындау
 

Бөлімше                                     1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.1      Түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтап орындау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Әнді  жеке және хор құрамында орындайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Сөзі мен әні Б.Тәжібаевтың «Ақбұлақ» әнін жеке және хор құрамында орында.

 

https://www.youtube.com/watch?v=343R_XB6Qx0

 

 

 

1.   Күндіз түні бір тынбай                          2.  Арудайын еркелеп,

Дала кезген шапқылап.                                Мың бұралған, Ақбұлақ.

Құмар едім өзіңе                                          Айдын көктен ғашық боп,

Бала кезден Ақбұлақ.                                   Күнді ұрлаған, Ақбұлақ.

Әнге бөлеп маңайды                                    Сен болмасаң қыр гүлі,

Асып-тасып жатасың.                                  Ашылмайды, Ақбұлақ.

Ақ моншақтан аспанға                                Саған деген құмарым,

Шашу шашып жатасың.                              Басылмайды, Ақбұлақ.

 

Қайырмасы:

Сенің келіп жағаңнан Анам талай су алған. Сенің келіп жағаңнан Әкем атын суарған. Айналайын, Ақбұлақ Асыр салғам жағаңда Сенен артық өлкені Бұл әлемнен табам ба?

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        әннің әуенін дұрыс айтады;

–        әнді орындау барысында ырғақты сақтайды;

–        әнді жеке және хор құрамында айтады.

 

 

Бөлім                                          Музыканы тыңдау, талдау және орындау
 

Бөлімше                                     1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.2    Ансамбльде    музыкалық  аспаптардың  көмегімен шығарманы қарапайым ырғықпен сүйемелдеп орындау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Тыңдалған музыканың ырғағын қазақтың шулы және ұрмалы аспабында ансамбльмен орындайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Бәкір Тәжібаевтың «Ақбұлақ» әнін тыңда. Тыңдалған әннің ырғағын таяқшамен (ағаш таяқшалар мысалы, қытай таяқшалары) немесе шапалақпен соқ.

Әнді тыңдай отырып музыкалық шулы және ұрмалы аспаптарда ансамбльмен орында.

 

 

Дескриптор

 

 

Білім алушы

—       әннің ырғағын шапалақпен немесе таяқшамен дұрыс соғып ойнайды;

—       әннің ырғағын музыкалық шулы және ұрмалы аспаптарда ансамбльмен сүйемелдейді.

 

Бөлім                                          Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру

 

Бөлімше                                      2.1 Музыкалық  шығармашылық

 

Оқу мақсаты                               2.2.1.2          Қарапайым          музыкалық-шығармашылық

жұмыстарды    шығару    үшін    музыкалық    көркемдеуші

құралдарды қолдану

 

Бағалау критерийі                     Білім алушы

  • Музыкалық фразалар шығарады
  • Музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

Топтық жұмыс

 

  1. Төмендегі суреттерден не көріп тұрсың?
  2. Бұл суреттерде қандай дыбыстар кездеседі?
  3. Музыкалық па, әлде шулы ма?

 

Муыкалық шулы және ұрмалы аспаптарды қолдана отырып, суреттерді дыбыста.

 

 

 

 

 

Дескриптор           Білім алушы

  • музыкалық және шулы дыбыстарды анықтайды;
  • аспаптардың көмегімен суреттерді дыбыстайды;
  • музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады.

 

 

Бөлім                                          Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау
 

Бөлімше                                      3.1 Музыканы көрсету және бағалау

 

Оқу мақсаты

 

2.3.1.1   Шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай білу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Шығармашылық жұмысын көрсетіп таныстырады және бағалайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

 

Топтық жұмыс.

«Саяхат» бөлімінде үйренген сөзі мен әні Б.Тәжібаевтың «Ақбұлақ» әнін еске түсір. Әннің сипаты мен көңіл күйін жеткізе отырып, топпен бірге орында.

Жасаған шығармашылық жұмысыңды таныстырып, бағала. Топта талқыла:

1)      Жұмыстарыңның қай тұсы сәтті шықты?

2)      Нені жақсартуға болар еді?

 

 

Дескриптор

 

 

Білім алушы

—       үйренген әнді көңіл-күйі мен сипатын жеткізе отырып орындайды;

—       өз жұмысына қатысты пікірін білдіреді;

—       шығармашылық жұмысын таныстырады және бағалайды.

 

JKa36aJiapra apnaJiran oprn

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь