ГЛАВНАЯ Образцы планов Бейнелеу өнері, Сызу Сызу 9 сынып қысқа мерзімді сабақ жоспар ҚМЖ күнделікті жоспар

Сызу 9 сынып қысқа мерзімді сабақ жоспар ҚМЖ күнделікті жоспар

983
1
Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім  Сабақ 1
Сабақтың атауы Сызу пәні. Сызбаның даму тарихы
Мақсаты Оқуыларға сызу пәні бойынша  түсінік беру. Оқушылардың   ой – өрісін дамыту сабаққа деген ынтасын арттыру.
Күтілетін нәтиже Тақырып  жайлы түсіктерін қалыптасыра отырып тақырыптың   өзекті түйінді жерлерін  практикада қолданады
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту -Қош келдіңдер, балалар! Сендерді көргеніме куаныштымын! Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. « Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Сызу дегеніміз – сызбаларды орындау мен  оның ережелерін баяндайтын пән.

Сызбаларды орындау мен безендіру  ережелері туралы кейбір мліметтер сіздерге технология,геометрия,математика  сабақтарынан белгілі.

Сызу оқу пәні ретінде төмендегідей міндеттерді шешеді:

а)    сызба аспаптарының көмегімен әр түрлі геометриялық  салуларды орындауға, нәрселердің кескінін салуға, нәрселерді сызбаларда тік бұрышты проекцияда бейнелеуге үйретеді;

б)   сызбаларды оқуға және аса күрделі емес тетіктер  мен түйіндердің  эскиздері мен  сызбаларын    өз бетімен  орындауға үйретеді.

Алдыңда тұрған кез келген  нәрсенің суретін салуға, оны суретке түсіруге, сөзбен сипаттап беруге болады.  Сонымен қатар оны сызуға да болады.

Сызба дегеніміз нәрсенің немсе ол жасалатын, бақыланатын  орнатылатын және жөнделетін бөліктерің графикалық кескінін  қамтитын құжат.

Сызбаларды дайындау  және олардың  мазмұны қоғамның дамуына байланысты өзгерістерге ұшырап отырған. Әр алуан нәрселердің кескіні – суреттер, адамдардың  қөарым – қатынас құралы ретінде жазу ойлап тапқанға дейін пайда болды.

Сонау ерте замандара адамар жер бетіне , тастарға жабайы аңдардың , болашақ құрылыстардың суреттерін, аң аулауға шығатын жолдарды  бейнелеген. Сызбалар туралы алғашқы  мәліметтер  ХІІ   ғасырдың орта кезінен бастап кездесе бастайды. Алғашқы да сызбалар кө мөлшерімен қолменен салынған. Мұндай сыбаларда әрине , өлшемер көрсетілмеді, сондықтан да олар арқылы кескінделген нәрсе туралы тек жуықтап қана түсінік алуға болады. Бұл сызбалар үшін  сөзбен тұжырымдалған түсініктемелер қажет болды, сондықтан  оларға әртүрлі жазбалар келтірілді.

Тұрғын үйлерді , бекіністерді және басқада нысандарды малу барысында «план»  деп аталатын  алғашқы сызбалар пайда болды.Бұл сызбалар әдетте ,табиғи жағдайда  тікелей жер бетінде , болашақ қрылыстың орнындаорындалды. Кейінірек осындай план сызбаларды пергаментке, ағашқа  және кенепке кішірейтілген түрде сызу орын ала бастады

Нәрселерді міндетті түрде  масштабты  сызбаларда кескіндеу де жүзеге аса бастады. Кеме жасау ісінің  тез дамуына  байланысты мейлінше дәл және қатаң масштаб сақталған сызбалар қажет болды.Мұнда енді сызбада үш өлшемді кескін салу қолданылды, оның көмегімен кеменің үш өлшемін ұзындығы , ені, биіктігін көрсету мүмкін болды..

Сергіту сәті Әкем менің егінші,

Анам менің сауыншы.

Ағам менің  кенші,

Апам менің тігінші.

Отырмаймын мен текке,

Кеттім мен де мектепке.

—         Ал, балалар, мектепке келгеннен кейін не істеу керек?

—         Орнымызға отырып, оқу керек.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс 1. Сызу нені зерттейді?

2. Сызба дегеніміз не?

Сызбалар адам өмірінде қандай орын алады?

Тапсырма

Кеспе қағазбен жұмыс жасау

Жаттығулар жасау

.  Сабақты қорытындылау:  сызбалардың ғылым мен техникадағы маңызы зор. Сызбалар бойынша құрылысшылар тұрғын үйлер, фабрикалар,зауытар, жолдар және тағы басқа инженерлік  нысандарды салады; машина жасаушылар машиналар,станоктартрубиналар жасайды; монтаждаушылар болса фабрикаларға, зауыттарға,электр станцияларына және  т.б нысандарғр орнатады. Сонымен қатар сызбалар бойынша киімдер мен аяқ киімдер тігу,жиһаздар жасау, қалалар мен ауыдарды  көгалдандыру жүзеге асады

Үйге тапсырма Оқулықпен жұмыс. Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Сызу
Сыныбы: 9-сынып
Тақырыбы: Сызу аспаптары, материалдары мен жабдықтары
Мақсаты Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.  Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.
Күтілетін нәтиже Сызу аспаптары және материалдары мен жабдықтары бойынша ақпарат алады

Сызу аспаптарымен жабдықтарын қолдану әдіс тәсілдерін меңгереді

Сызуға қажетті құрал жабдықты ережеге сай қолдануға дағдыланады

Сабақтын түрі: Аралас, дәріс, машық
Сабақтың әдісі: Ауызша,көрнекілік,машықтық.
Пәнаралық байланыс: Технология, математика, бейнелеу өнері
Қажетті құрал-жабдықтар: Сызғыш,қарындаш,өшіргіш,А4 форматы,циркуль,транспартер т.б
Сабақтың барысы Мұғалімнің қызметі Оқушының  қызметі
IҰйымдастыру

бөлімі

Оқушылармен амандасу.Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылармен сәлемдеседі.Оқу құралдарын дайындайды.

 

II.Үй тапсырмасын тексеру

 

Өткен сабақтағы материал сұрақтар қою арқылы пысықталады. Оқушылар сабақ айтады.

 

III.Жаңа материалды       түсіндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызбаларды орындау үшін әрбір оқушыда аспаптар мен жабдықтардың жиынтығы болу керек.

Сызғыштар. Түзу сызықтар жүргізу үшін ағантан немесе пластмассадан жасалған ұзындықтары 250- ден 300 мм-ге дейінгі сызғыштарды пайдаланамыз. Сызғышты пайдаланғанда оның жиегінің тегістігін, яғни кедір бұдырдың болмауын міндетті түрде тексеру керек (8- сурет).

Рейсшина. Сызу барысында параллель сызықтарды жүргізу үшін рейсшинаны пайдаланады. Ол бекітілген ролигі бар сызғыш, сондықтан да оны кейде жылжымалы сызғыш деп те атайды. Егер рейсшинаның ұзындығы 300мм болса, онда ол сызғышты алмастыра  алды. Сонымен қатар қазіргі рейсшиналарда әр түрлі диаметрдегі шеңберлер бар, олар сызбаларды орындау барысында циркульдің қызметін атқарады (9- сурет).

Сызба бұрыштықтары. Сызуда екі түрлі бұрыштықтар қолданылады. Олардың біреуінің гепотенузаға іргелес бұрыштары 45̊- тан, ал екіншісің гипотенузаға іргелес бұрыштары 60̊ және 30̊. Бұрыштықтар ағаштан немесе пластмассадан жасалады (10- сурет).

Транспортир. Сызбаларда бұрыштарды өлшеу және салу үшін транспортир қолданылады. Транспортирмен қалай жұмыс істеуді сендер математика сабақтарынан білесіңдер (11- сурет).

Даярша (готовальня). Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығы даярша деп аталады (13- сурет). Сызу аспаптарының саны әр түрлі болатын даяршалар бар. Алайда сызбаны орындау үшін бір ғана циркуль- шеңбер сызатын аспап қажет болады. Ең алдымен циркульдің жұмыс істеуге дайындығын тексеру керек (12- сурет). Графит өзек циркульдің ұшынан бір деңгейге келтіріп аламыз. Графит өзек циркульдің ұшынан 5-7 мм шығып тұруы тиіс. Циркульмен жұмыс істеу кезінде ине мен графит өзектің ұштарын бір деңгейге келтіріп аламыз. Графит өзек қағаз бетіне шеңбердің ізін анық түсіруі тиіс. Егер шеңбер дұрыс сызылмаса, онда басқа қосалқы графит өзекті ауыстырып салу керек.

Қағаз. Сызбаларды, әдетте, тығыз қағазға орындайды және қарындаш сызықтары жақсы өшірілетіндей қағаз таңдап алады. Негізінен алғанда, мектептегі сызу сабақтарында А4 пішіміндегі қағаздар пайдаланылады.

Өшіргіш.Сызбадағы артық сызықтарды, әр түрлі жазулар мен кескіндерді өшіру үшін қолданылады. Өшіргіштің мүмкіндігінше жұмсақ, ақ және таза болғаны, әрі сызу жұмыстарына ғана арналғаны дұрыс.

Лекало. Қисық сызықтарды сызу үшін лекало деп аталатын шаблондар қолданылады (14- сурет). Лекалоның пішіні және өлшемі әр түрлі болады.Олар, негізінен пластмассадан жасалады.

Қисық сызықтарды олардың нүктелері арқылы саламыз. Алдымен осы нүктелерді белгілеп алады. Лекалоны оның жиегі қисық сызықтың үш- төрт нүктесі арқылы өтетіндей етіп орналастырамыз да, қисық сызықтың бөлігін сызамыз. Сонан кейін лекалоны оның жиегі қисық сызықтың осының алдында сызылған бөлігімен дәл келетіндей және қисық сызықтартың жаңа бөлігінің үш- төрт нүктесінен өтетіндей жылжытады да, оның  жиегімен сызық жүргізеді.Осылайша барлық қисық сызықты түгел сызып шыққанша қайталайды.

Қарындаштар. Сызу үшін «Конструктор» маркалы қарындаштар, сондай- ақ сызбаны орындауға арналған басқа да қарындаштар жиынтығы қолданылады (15- сурет). Оларды қатты, жұмсақ және қаттылығы орташа қарындаштар деп бөледі. Қатты қарындаштарда Т, 2Т, 3Т және т. с.с. белгілері болады (Т әрпінің алдындағы цифр негұрлым үлкен болса, қарындаш қаттылау деген сөз). Жұмсақ қарындаштарда М, 2М, 3М және т.с.с. деген жазулар болады (М әрпінің алдындағы цифр неғұрлым үлкен болса, қарындаш соғұрлым жұмсағырақ деген сөз). Қаттылығы орташа қарындаштар ТМ деп белгіленеді. Мұндағы Т- орыстың «твердый», ал М «мягкий» деген сөздерінің бірінші әріптері.

Мектептегі сызу сабақтарында Т, 2Т, ТМ, М, 2М қарындаштарын пайдалану жеткілікті.

Шетелдік қарындаштарда Т, ТМ, М белгілерінің орнына сәйкесінше Н ( қатты), НВ немесе Ғ (қаттылығы орташа), В (жұмсақ) белгілері қолданылады.

Сызбаларды орындау үшін екі түрлі қарындашты қолданамыз, олардың біреуі- қатты қарындаш, ал екіншісі- жұмсақ қарындаш. Қатты қарындаш кескінді жіңішке сызықтармен  салу үшін, ал жұмсақ қарындаш оны қажетті қалыңдықтағы сызықтармен бастыра жүргізіп шығу үшін қолданылады.

Қарындаштарды арнайы ұштағышпен ұштайды. Соннан кейін қарындаштың ұшталған графит өзегін ұсақ түйірлі зімпара қағазбен тегістейді.Қарындаштар екі түрлі тәсілмен ұшталады. Қатты қарындаштар конус тәрізді, ал жұмсақ қарындаштар күрекше тәрізді үшкірленеді. Қарындаштың ұшталған бөлігінің ұзындығы шамамен 20- 25 мм, ал графит өзектің ағаш құндақтан шығып тұрған бөлігінің ұзындығы 5- 8 мм шамасында болуы тиіс (16- сурет).

Жұмыс орынын ұйымдастыру. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру сызбаны орындау уақытын қысқартуға, адамның шаршамауына

және жұмыстық сапасын жақсартуға әсерін тигізеді (17- сурет).

Күндіз жұмыс істегенде жұмыс үстелін жарық сәулесін алдынан немесе сол жақтан түсетіндей етіп қою керек. Ал кешкісін жұмыс істеген кезде жарық көзі шамамен үстелдің ортасынан сол жағында, үстелден 1-2 м биіктікте орналасатындай етіп қойған дұрыс.

Егер сен сызба тақтасын пайдалансаң, оны сәл көлбеу (көлбеулігі 15̊ болатындай етіп) орналастырған жөн.

Барлық сызу құралдары мен жабдықтарын сызба тақтасының оң жағына үстел үстіне (оларды орнынан тұрмай- ақ алып пайдалану үшін) ретімен қою керек. Сызбаларды орындау кезінде еңкеймей тік отыру қажет.

Сызба таза әрі әдемі болу үшін сызуды орындаудың алдында барлық құралдарды құрғақ шүберекпен сүртіп, қолды жуған жөн.

 

8- сурет. Ағаш және

пластмасса  сызғыштар

9- сурет. Рейсшина және рейсшинасы бар сызба тақтасы

10- сурет. Сызба бұрыштықтары

11- сурет. Транспортир

12- сурет. Циркульді дұрыс ұстау

13- сурет. Сызу аспаптарының

даяршалары

 

 

14- сурет. Лекало

 

15- сурет. Қарындаштар жиынтығы

16- сурет. Қарындаштарды

ұштау

 

 

 

17- сурет. Жұмыс орны

 

IV.Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Үйге тапсырма

 

 

 

1. Сызу аспаптары және материалдары мен жабдықтары

2. Сызу барысында параллель сызықтарды жүргізу үшін не пайдаланылады?

3. Бұрыштықтардың түрлерін ата

 

 

 

 

4.Қарындаштардың түрлерін ата

 

5. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырудың пайдасы қандай?

 

Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпты оқып келеді. Келесі сабаққа сызба аспаптарын әкеледі.

 

1. Сызғыштар, рейсшина, сызба бұрыштықтары, транспортир, даярша, қағаз, өшіргіш, лекало, қарындаштар.

2.Рейсшина

3.1)Гипотенузаға іргелес бұрыштары 450 болатын

2)Гипотенузаға іргелес бұрыштары 600 және 300  болатын бұрыштықтар

4.1)қатты

2)жұмсақ

5. Сызбаны орындау уақытын қысқартады, адамның шаршамауына және жұмыстың сапасын жақсартуға әсерін тигізеді.

Оқушылар үйге тапсырма алады.

 

 

 

 

 

Тақырыбы  3 Стандарт туралы ұғым. Масштабтар.Сызбаны оны шектейтін сызықпен және негізгі жазумен безендіру.Сызба сызықтары
Мақсаты Білімдікті сызбаның масштабтары мен сызық түрлеріне үйрету.Сызбаның масштабтары мен сызық түрлерін орындау білімдерін дамыту.;.
Жалпы мақсат Тақырыпты  түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды;Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтарды қойып үйренеді. Оқушының сыни ойлауы қалыптасады
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер Миға шабуыл, Жигсо, Аялдама,Автор орындығы
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы  топқа бөлу

Алтын ереже құру  қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар  таратып беру

«Сандарды бейнеле» ойыны

арқылы психологиялық ахуалды жақсарту

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Фигуралар  арқылы топтар өзара бағалайды.

Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.

Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім

 

Қызығушылық

тарын  ояту

Үй тапсырмасын сұрау арқылы сұрақ-жауап  Миға шабуыл Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы  сұрау апқылы оқушыларды диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен  тапсырманы орындау

Мұғалім берген тапсырмасын  орындау  арқылы оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
Түсіну  Сызу  аспатары  тақырыбын қалай мегерген бақылау, оның мазмұнын  топта , жұпта әңгімелеп беру

үшін Жигсо 2 әдісін пайдалану

 

Жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру

Бағалауды басқару

Жауаптарын қабылдап, бағыт беру

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру.Өз ойларын, пікірлерін ашық айту

 

.Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау: Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген  тапсырмаларды біріге  талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің  бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын  тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек

Қолдану «Стандарт туралы ұғым.Масштабтар.Сызбаны оны шектейтін сызықпен және негізгі жазумен безендіру.Сызба сызықтары і» тақырыбы»   «Аялдама»   ойыны

Бойынша тақырыпты ашу үшін тапсырмалар қолдану

Масштабтар дегеніміз тетік кескіннің өлшемдерінің оның нақты өлшемдерінен қанша есе артық немесе қанша есе кем екендігін көрсететін сан. Сызбалардағы кескіндердің масштабтарын және олардың белгілеулерін стандарт тағайындайды.

Кішірейту масштабтар – 1:2;  1:2,5;   1:4;    1:5

Үлкейту масштабтар – 2:1;     2,5:1;      4:1;     5:1

Нақты өлшем – 1:1

Масштабтарды былайша жазып көрсетеді: М1:1;  М1:2;   М5:1

 

Қаріп – әріптердің, цифрлардың және сызбадағы белгілердің жиыны. Қаріптің өлшемі стандарт бойынша берілген.   Қаріптің өлшемі (һ) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі(һ) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді.

Сызба қарпінің қабылданған өлшемі: 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40.

Көлбеу қаріптер жазу жолына 75˚-қатең бұрыш жасап көлбейді. Әдемі жазып үйрену – қол өнерінің бір түрін меңгеру. Әріптердің ені де (g) қаріптің өлшеміне байланысты анықталады:

Г, З, С әріптері үшін g – 5d;     А, Д, М, Х, Ц, Ы, Ю әріптері үшін g — 7d;

Ж, Ф, Ш, Щ, Ъ әріптері үшін g — 8d,       қалған әріптері үшін g — 6d.

Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қаріптің өлшеміне тең. Мәселен, қаріптің өлшемі 14 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 10, ал қаріптің өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және с. с. болады. Әріптердің арақашықтығын қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алады.

Негізгі жазуды 3,5 мм, ал сызбаның атауын 5мм немесе 7мм қарпімен толтырады.

Негізгі көлбеу қаріп: а\ бас әріптер, б\кіші әріптер, в\ араб цифрлар

А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д,  Ж, Е, З, И, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П,

С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, Х, І, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ь, Э, Ю, Я

а ,ә, б, в, ғ, д, ж, у, з, и, к, қ, л, м, н, о, ө, п,

с, т, у, ү, ұ, ф, х, і, ц, ч, ш, щ, ъ, ь

Сергіту сәті «Кірпі биі» атты жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.
Талдау «Автор » орындығы Тақырып туралы ойларын жеткізу

Стандарт туралы ұғым.Масштабтар.Сызбаны оны шектейтін сызықпен және негізгі жазумен безендіру.Сызба сызықтары

Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында тапсырмалар беріледі.Сұрақтар мен қосымша тапсырмалар жаңа тақырып бойынша, сабақты қалай түсінгендігін  тексеру және сұрақтар беру арқылы  жұмыс істеу.Топпен талқылату. Ортадан білімді оқушы шығып өз ойын  сыныпқа жеткізу Берілген жаңа тақырыпты топтан талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін қазаға шығып тамаша жазған оқушы  ортаға орындыққа отырып оқыйды. Қосымша  сұрақтарға жауап береді.

Берілген сұрақтар арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.

 

Жинақтау Кубизм әдісі

6 қырлы кубик

1. Тетік бөлшектің кескіні берілген, оның кескініндегі ұзындығы 40мм және масштабы М1:5. Тетік бөлшектің нақты ұзындығын анықта. 200мм

2. Тетік бөлшектің ұзындығы 10мм, ал оның сызбадағы ұзындығы 25мм. Масштабты анықта. 2,5:1

3. сызық түрлерін атаңыз және сызып көрсетіңіз?

Әр топқа кубикте жазылған сұрақты беру

6 қырлы күбиктин 6 жағына жаңа тақырыпқа қатысты сұрақтар жазу

Кубиктегі сұрақтарға жауап беру, жаңа тақырыпты талдау әрекеттерін көрсетеді
Бағалау Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

Бағалау парақтарын таратады

Бір-* бірін бақғалауды қадағалау

Топты бағалау

Өзін өзі бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы  4 Практикалық жұмыс.Сызық түрлері
Мақсаты Оқушыларға сызу құралдарын қолдану амал тәсілін үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б. Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.
Күтілетін нәтиже Тақырыпты түсініп оқып, талдай білуге жағдай жасайды, бір-біріне ортақ шешім қабылдауға үйренеді

 

7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер « «Миға шабуыл,»  «Жигсо» Ассоциация, Кім шапшаң
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг

Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын.

Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.

Топқа бөлдіремін.

Қалай отыратындықтарын түсіндіремін.

Алтын ереже құрудың жолдарын айтып түсіндіремін.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтты.

Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.

Түрлі түсті қағаздарды алып сол бойынша топ құрып орындарына отырады.

Сабаққа кедергі келтіретіндерді болдырмау шараларын жазып шығады. Оны тақтаға шығып А1 форматтағы қағазға жазады.

Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім

 

Қызығушылық

тарын  ояту

«Миға шабуыл»

Әдісі  бойынша сұрақ- жауап сәті

 

Өткен  материалдағы білімді еске түсіру үшін,  диалог арқылы  сұрақ- жауап сәтін өткізу Әр оқушы жеке жеке жауап береді.

 

Түсіну Семантикалық

Картамен жұмыс

Әр топқа семантикалық карта таратылады өткен тақырып пен  жаңа тақырып төңірегінде ақылдасып орындап, талдайды

 

Топта талқылайды,талдайды,картаны толтырады, нәтижені интерактивті тақтаға жазып, қорғайды.
Қолдану Пікірталас сұрақтарымен жұмыс

Ассоциация құру

Сызық түрлері

 

Оқушыларға пікірталас кезеңін өткізу, автордың  өлнеңдегі сипаттамасы бойынша   сипаттау

Оқушыларға сызба сызықтарының түрлері жайлы тереңірек мағлұмат беремін және әр сызықты тақтаға сызып түсіндіремін. Сызба сызуда 9 түрлі сызық қолданылады. Олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар.

1. Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s (латын әрпі) деп белгілесек, онда s кескіннің үлкен-кішілігі мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5мм-ден 1,4мм-ге дейінгі аралықта болады. Бір сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуы тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.

 

2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Бұл сызықтың сызбада қолданылатын орны көп, соның бастыларын ғана атап өтейік. Шығару және өлшем сызықтары, проекция және координата осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима және тілікті сызықтау (штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.

 

3. Тұтас жіңішке кесінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығындай болады. Ұзын үзу сызықтарын көрсету үшін қолданылады.

4. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан салынады.

 

5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың арақашықтықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Үзілме сызық сызбадағы көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін қолданылады.

 

6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады. Нүкте (сызықша) бөлік аралықтарының дәл ортасына қойылады. Жіңішке нүктелі үзілме сызық, үзілме сызық сияқты бөліктерінен басталып, бөліктерімен аяқталады және бөліктерімен қиылысады. Сызбаның осьтік және центрлік сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.

7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызықтың жуандығынан 1,5-2 есе жіңішке болады. Бөліктерінің ұзындықтары 3…8мм, ал олардың аралықтары 3…4мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын беттерді жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.

8. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады,. Бөліктерінің ұзындығы 5…30мм, олардың аралығы 4…6мм болады.

9. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы (1 … 1,5) s-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен тұрады, бөліктерінің аралығы қимасы немесе тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты. Бір бөлігінің ұзындығы 8… 20мм-ге тең.:

Сергіту сәті «Балапандар биі» атты жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.
Талдау ,»  «Жигсо  «» ойыны бойынша Тақырыпқа қатысты  жауап жүргізу арқылы  тақырыпты талдау

 

 

Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген  тапсырмаларды біріге  талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің  бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын  тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

Жинақтау «Сурет  түрлері.». (10 мин)   Постермен  жаңа тақырыпты қорғау

Тақырыпты жинақтау

?

Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін  жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Постер арқылы бар білімдерін  топпен талқылап отаға  топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты  жинақтайды

Бағалау «Бірлік бар жерге, тірлік бар»

тақырып бойынша шағын әнгіме құрастырып, ойларын жинақтау

Тапсырманы өздігімен дәптерге жазғызу.

Бағалауды басқару

Жауаптарын қабылдап, бағыт беру

Ойлап табады, байланыстырады,

шығарады. Ойын түйіндейді. Дәптерге шағын әңгіме жазады. Дәптер аламсып тексереді ЖБ

Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады.

 

 

Рефлексия Стикерлерді толтыру Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы

-сабақ 5

Сызба қаріптері.Сызбаларға өлшемдер түсіру
Мақсаты Сызба қаріптері туралы білім беру және тәжірибе жүзінде үйрету. Оқушыларға сызба қаріптерінің түрлерін түсіндіре отырып,құрал-саймандарды тиімді пайдаланып,қаріптерді  дұрыс жаза білуге  үйрету,алған білім дағдыларын пысықтау.
Күтілетін нәтиже Оқушылар  тақырыппен жұмыс істеу тәсілдерін еркін пайдаланады, түснеді және тапсырмаларды қатесіз орындайды
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер Миға шабуыл,Салыстыру кестесі, Жиго,Эссе
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Сабақ барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг

Барлық оқушыны ортаға шығарып  «Шаттық шеңбер» деген топ құрғызамын.. Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.

Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындығын түсіндіремін.

Сәлемдесу

 

 

 

Түгендеу

Топқа бөлу. Топқа бөлу үшін оқушыларды санатамын.

Яғни 1,2,3  3-топқа бөлінеді.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір-біріне жылы сөздер айтады.

 

Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.

Оқушылар шеңбер болып тұрған бойда 1,2,3 деп санап топқа сандары арқылы бөлінеді.

Білу

Миға шабуыл

 

Кім жылдам

Интерактивті тақтаға «Қайталау–оқу айнасы»   әр түрлі  деңгейдегі сұрақтар беріледі,

 

Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

Миға шабуыл әдісін пайдалану

Сұрақ – жауап.

.Сызба дегеніміз не?

2.Бұрыштықтар нешеге бөлінеді және айырмашылығы?
3.Үлкен ұзын сызғышты не деп атаймыз?
4.неше сызық түрлері бар?
5.Циркуль қай елдің сөзі?
6.А3 пішімінің өлшемін айт?
7.Негізгі жазу графасының өлшемдерін ата?
8.Масштаб дегеніміз не?

Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.

 

Түсіну

Сызба қарпі »  Постермен   өткен тақырыпты қорғау

 

Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін  жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату

Сызбаның өлшем сызықтарындағы сандарды, бас қа да жазуларды, негізгі

жазуды сызба шрифті бойынша орындайды. Соны мен келесі мемлекеттік

стандарт – «Сызба шрифтері» немесе қаріптер деп те атайды.Қаріп деп- әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиынын айтады. Сызба шрифтері кириллица, латын жəне грек əріптері мен рим, араб цифрларынан тұрады. Бұған қосымша қазақ əріптері

мен математикалық символдарының белгілеу түрлері көрсетілген. Стандарт

бойынша белгіленген сызба шрифтерінің негізгі өлшемдері төмендегідей:

бас əріптер биіктігі — латынның кіші h əрпі;

кіші əріптер биіктігі — латынның кіші (с) казір h1 əрпі;

əріптің ені — латынның кіші (g) қазір (b) қазір А əрпі;

əріптердің арақашықтығы — латынның кіші а əрпі;

сөздердің ең аз арақашықтығы — латынның кіші (е) өазір А1 əрпі;

əріптің жуандығын — латынның кіші (d) қазір s əрпі.

Стандарт бойынша сызба шрифтері жіңішке А типті жəне жуан Б типті

түрлерге бөлінеді. А типті (d =1/14h) жəне Б типті (d =1/10h) əріптер 900 тік жəне

750 қиғаш болып келеді. Əріптердің сызылуы жеңіл болу үшін алғашқы кезде

көмекші тор көздерді пайдаланған ыңғайлы (3-сурет). Суретте көрсетілгендей

əріптер түзу сызықтар мен кішкентай доғалар арқылы сызылады. Оқырманға

ескерту ретінде сызба шрифтерін жазбайды, оларды сызады.

Стандарт бойынша шрифтердің биіктігі: (1,8); 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; (40)

болады.

26 жəне 27-суреттерде  əріптердің өлшемдері көрсетілген.

 

1. Бас əріптердің

биіктігі h 14d 2,5 3,5 5 7 10 14 20

2. Кіші əріптердің

биіктігі c 10d 1,8 2,5 3,5 5 7 10 14

3. Əріптердің

ендері g 7d 1,25 1,75 2,6 3,5 5 7 10

4. Əріптердің

арақашықтығы a 2d 0,35 0,5 0,7 1,0 1,4 2,0 2,8

 

Қолдану

Жигсо пайдалану

Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген  тапсырмаларды біріге  талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің  бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын  тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек

1 Шығармашылық жұмыс

І топ: Г,Ғ,Е,Н,Ң,П,Т,Ц,Ш,Щ

ІІ топ: А,Ж,И,Й,К,М,Қ,Ү,Ұ,Х

ІІІ топ: Ә,Б,В,Д,З,Л,О,Ө,Р,С,У,Ф,Ч,Ъ,Ь,Ы,І,Э,Ю,Я

Үлкен қаріп 14 мм болса, кіші әріп 10 мм

немесе 10 мм болса , кіші әріп 7 мм болады.
 

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

Талдау

Салыстыру кестесі

Оқушыларға таырыптарды салыстыру білімдерін талдату

«Ти» кестесі

 

Әр топқа салыстыру  парағы таратылады, сол арқылы салыстырады нәтижесін тақтаға шығып көрсетеді

 

Жинақтау

Кітапен жұмыс

Топтарға жаңа тақырып бойынша   Кітаппен  жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен  жұмыс істеуді тапсыру, мағанасын талдау Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды  топпен біргіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді.
 Бағалау

Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды
Рефлексия Екі жұлдыз , бір тілек

Стикерлерді толтыру

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

ББҮ кестесін толтыру

Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.
Үйге тапсырма Сызба қаріптері.Сызбаларға өлшемдер түсіру»тақырыбына кітапша , альбом жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы сабақ 6 Практикалық жұмыс.Сызба қаріптері
Мақсаты Оқушыларға сызба қаріптерін қолдану амал тәсілін үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б.  Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.

— Сызу арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Күтілетін нәтиже Оқушылар тақырып   ұғымын  біледі, түснеді және тапсырмалармен жұмыс жасауда пайдаланады
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер  «Миға шабуыл,»  «Жигсо» , Спираль, Өмірлік ахуалды талдау
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі

 

Сәлемдесу

Түгендеу

Топқа бөлу.

І топ –

ІІ топ –І

ІІ топ –

Тренинг

Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын.  Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.

Топқа бөлдіремін.

 

Мұғаліммен сәлемдеседі.

 

Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.

Әр оқушы айтқандары бойынша топ құрып орындарына отырады.

Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім

Қызығушылық

тарын  ояту

  «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ жауап

 

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Топ бойынша өткен  тақырыптар бойынша сұрақ- жауаптарға дайындық жасау. Мұғалім берген тапсырманы орындау. Үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап береді, шапшаңдылық  таныту, өз ойларын жеткізу.
Түсіну « Жигсо» әдісі бойынша жаңа сабаққа дайындық жасау әрекеттері

Тақырыбы:.

 

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру. Ой қозғау арқылы жаңа сабақтың негізгі тақырыбы мен мағанасын аштыру. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмалар бойынша  жұмыс жүргізеді, топ бойынша әрекеттер жүргізу арқылы жаңа тақырыпқа бастама жасайды, өз ой-пікірлерімен санаса білу
Қолдану Спираль» әдісі  (13 мин)  әдісі арқылы

Суреттке қарап мағанны тану

Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіруде дайын материалдар тарату, картаға кескіндеу, картамен жұмыс жасау.

Жаңа сабақты  толық  меңгерту үшін сыни тұрғыдан ойлаудың «Спираль» әдісін алу. Бұл әдістің тиімділігі, топтағы оқушылардың барлығы да мәтінмен жұмыс жасайды. Оқушыларға уақыт беріп, тапсырма бойынша жұмыс жасауын тапсырам.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Топ бойынша жаңа тақырыптың идеясын ашады, талдайды, бір- біріне түсіндіреді
Сергіту сәті «Балапандар биі» атты жаттығу жасау Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.
Талдау Кітаппен жұмыс.

Тақырыптарға шолу

Карточкалармен жұмыс

 

Топтарға жаңа тақырып бойынша   Кітаппен  жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен  жұмыс істеуді тапсыру, мағанасын талдау Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды  топпен біргіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді.
Жинақтау «Өмірлік ахуалды талдау» әдісі   арқылы тақырыпты сабақты жинақтау Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тақтадағы  ілінген қағаздарды  топқа  таратады және қосымша материалдар  үлестіріледі Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын жеткізе отырып тақыртыпты сипаттау арқылы жинақтайды
Бағалау Бағалау критерийлері мен бағалау шкаласын Әр топқа бағалау апарқьтарын тарату Бағалау шкаласы арқылы өз білімдерін топпен жеке бағалау
Рефлексия Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

 

Оқушыларға стикер толтыруды ұс  ыну Ұсынылған стикерді толтыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы  7 Перпендикуляр түзу салу.Түзу кесінділерін бөлшектерге бөлу
Мақсаты Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай,оларға тың мәліметтер беру.    Оқу материалынан ең бастысын бөліп алу,  классификациялау.

 

 

Күтілетін нәтиже Тақырыпты түсіне отырып ойын жеткізе білу арқылы,тақырыпты дұрыс орындауға дағдыланады

 

7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер Миға шабуыл,Жигсо2, Венн диаграмасы, Эссе
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы  топқа бөлу

Алтын ереже құру  қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар  таратып беру

«Сандарды бейнеле» ойыны

арқылы психологиялық ахуалды жақсарту

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Фигуралар  арқылы топтар өзара бағалайды.

Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.

Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім

 

Қызығушылық

тарын  ояту

Миға шабуыл әдісің арқылы өткен тапсырмаг\ны қайталау

1.Өзара параллель түзулерді қандай құралдармен орындаймыз?

2.Бұрыштықтар нешеге бөлінеді және айырмашылығы?

3.Үлкен ұзын сызғышты не деп атаймыз?

4.Өзара перпендикуляр түзулерді қандай құралдармен орындаймыз?

5.Циркуль қай елдің сөзі?

6.Өзара параллель түзулердің қандай қасиеттері бар?

7.Өзара перпендикуляр түзулердің қандай қасиеттері бар?

8.Өзара перпендикуляр түзулерді салудың неше әдісі бар?

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен  тапсырманы орындау

Оқушылар топпен ақыладасып жеке жеке сұраққа жауап береді
Түсіну « Жигсо» әдісі бойынша тарау тақырыптарына қатысты өздері талқылап, өздері қайталау масатында қосымша тапсырмалар таратылады

Кесіндіні тең бөлікке бөлу. (4 слайд)

Берілген АВ кесіндісін тең 4 бөлікке бөлу үшін осы кесіндінің бір ұшы А нүктесі арқылы,қалауымызша сәуле жүргіземіз.Осы түзудің бойына ұзындығы қалауымызша алынған өзара тең 4 кесіндіні А нүктесінен бастап өлшеп саламыз.Сөйтіп,өзара тең 4 бөлікке бөлінген А С кесіндісін аламыз.Ең соңғы 4 нүктесін В нүктесімен түзу арқылы қосамыз.Бөліну нүктелері 1, 2, 3 арқылы 4В түзуіне параллель түзулер жүргізсек,олар АВ кесіндісін А1, А2, А3 нүктелерінде қияды. Сонда АВ кесіндісі де тең 4 бөлікке бөлінеді

Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген  тапсырмаларды біріге  талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің  бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын  тиянақты түрде жеткізіп, үйрет керек

 

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

Қолдану Венн  диаграммасы

Кесінді
Түзу

Пайдалану арқылы жаңа сабақты түсінеді

Диаграмманы толтыру

Әр топ диаграммнаны толтырып тексереді

 

 

 

Диаграмманы толтыру арқылы тақырыптың негізгі  идеясы мен  мазмұнын ашу
Сергіту сәті
Талдау  Перпендикуляр түзу салу. жаңа тақырыпқа байланысты постер әдісін пайдалану арқылы талдау тақырыпты

1 топ

2  топ

3 топ “

4 топ

Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін  сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады. Білім туралы өз ойларын суретке салады, талдайды , түсіндіреді Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау арқылы тақырыпты талдайды
Жинақтау Түзу сөзіне 5 жолдан тұратын шумақ құру «Эссе жазу» арқылы тақырыпты жинақтау

Орнамент дегеніміз (латынша ornematum-орысша украшение) қазақтың «Ою» ,«Өрнек» деген сөзін білдіреді. Орнаменттің түрлері көп.

Анаграмманы шешу, артық терминді анықтау

Кесінді———індескі

Шеңбер ——еңбреш

Циркуль——кильруц

бензин——-незбин

қарындаш—-нырашдақ

сызғыш——-сшзығы

параллель——ларалепль

Білім туралы топ бойынша Эссе жазу, жинақтайды, бір-бірін бағалайды Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу
Бағалау Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды
Рефлексия Стикерлерді толтыру

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

ББҮ кестесін толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру

 

 

 

1 КОММЕНТАРИЙ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь