ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ТЖБ ҚЖБ «Музыка» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 4-сынып

ТЖБ ҚЖБ «Музыка» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 4-сынып

2030
0

«Музыка» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
4-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019

 ПЕРЕЙТИ ПО ССЫЛКЕ 

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке
ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
3
МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ……… 4
Бөлім «Менің Отаным-Қазақстан» ………………………………………………………………………………….. 4
Бөлім «Адами құндылықтар» ………………………………………………………………………………………… 11
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ……. 17
Бөлім «Мәдени мұра» …………………………………………………………………………………………………… 17
Бөлім «Мамандықтар әлемі» …………………………………………………………………………………………. 23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ……. 30
Бөлім «Табиғи құбылыстары» ………………………………………………………………………………………. 30
Бөлім «Қоршаған ортаны қорғау» …………………………………………………………………………………. 38
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ……. 43
Бөлім «Ғарышқа сапар» ………………………………………………………………………………………………… 43
Бөлім «Болашаққа сапар» ……………………………………………………………………………………………… 44
4
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім «Менің Отаным-Қазақстан»
Бөлімше 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен,
әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және
салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманың жанрын, көркемдік
образдарын анықтайды
 Музыкалық шығармаларды салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Музыка тыңдау және талдау.
1. Н.Назарбаев сөзіне жазылған, А.Қоразбаевтың «Үш қоңыр» әнін тыңда.

2. Әні мен сөзі: Б.Тәжібаевтың «Туған жер» әнін тыңда.

3. Сұраққа жауап бер.
 Ән не жайында айтылады?
 Бұл әндер қандай әндер болып саналады?
 Туған жер, Отан сөздерін қалай түсінесің?
4. Кестені толтыр.
Үш қоңыр Туған жер
орындаушысы
екпіні
көңіл-күйі
динамикасы
жанры
айырмашылығы
ұқсастығы
Дескриптор Білім алушы
— ән туралы өз ойын жеткізеді;
— «Туған жер», «Отан» сөздері туралы түсініктерін
айтады;
— әндерді талдап, салыстырып, кестені толтырады.
5
Бөлімше 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 4.1.1.2 Музыкалық шығарманың дыбыстауын түрлі
орындауда тыңдатып анықтау және салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманы тыңдап, анықтайды
 Орындалу ерекшеліктерін салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Музыка тыңдау және талдау.
1.Түркеш кюй «Көңіл ашар» күйін оркестрлердің орындауында тыңда.

2. Шығарманың жанрын анықта.
Сұрақтарға жауап бер.
 Күй қандай көңіл-күйде орындалып тұр?
 Күй қандай екпінде орындалып тұр?
 Бұл шығармада қандай бейне көрсетілген?
 Шығарманы кім орындап тұр?
 Қандай музыкалық аспаптарды естіп тұрсың?
 Орындаушылар қандай динамикалық белгілер қолданған?
Дескриптор Білім алушы
— — күйдің жанрын анықтайды;
— шығарманы сұрақтарға жауап бере отырып талдайды;
— орындалу екекшеліктерін салыстырады.
6
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі
дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әннің айтылу ережесін сақтап, әнді үйренеді
 Әнді екі дауыста орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған, әні
2. А.Қоразбаевтың «Үш қоңыр» әнін үйрен.

3. Әннің қайырмасын екі дауыста айт.
Үшқоңыр Алатаудың қойнауыңда
Әкемнiң iзi қалған жайлауыңда
Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлi еркелеп
Арқарың жайылатын аймағыңда
Қ-сы
Ай, Үшқоңырым, туған жерiм
Рахым нұры тұнған жерiм
Ай, Үшқоңырым, тал бесiгiм
Жүрегiмде мәңгi есiмiң
Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар
Бабалар тұлпарының дүбiрi бар
Бұл жерде Жамбыл-«Жәкең» өлең айтқан
Өнердiң, ақындықтың тұғыры бар
Қ-сы
Ай, Үшқоңырым, туған жерiм
Рахым нұры тұнған жерiм
Ай, Үшқоңырым, тал бесiгiм
Жүрегiмде мәңгi есiмiң
Дескриптор Білім алушы
— — әнді ережеге сай үйренеді;
— әннің қайырмасын екі дауыста айтады.
7
Бөлімше 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен
шығарманы орындау және импровизациялау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманы аспаптардың сүйемелдеуімен
орындайды
 Әнге импровизация жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.
1. Музыканы тыңдау және талдау
Сөзі мен әні Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
 Ән не жайында? Әннің көркемдеуші құралдарын (екпінін, динамикасын, ырғағын)
анықта?
 Ән қандай аспаптармен сүйемелденіп тұр?
 Әнді үйрен. Жеке, жұппен және топпен орында.
2. Импровизация
Ұрмалы, шулы музыкалық аспаптарды қолданып, «Қараңғы түнде тау қалғып»
әніне ырғақтық сүйемелдеу жаса және орында.
Дескриптор Білім алушы
— әннің көркемдеуші құралдарын анықтайды;
— әнді талдайды және орындайды;
— әнге аспаптық сүйемелдеу жасайды.
8
Тақырып 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 4.1.3.3 Ауызша және жазбаша жұмыстарда негізгі
музыкалық ұғымдарды қолдану
4.1.3.4 Шығармаларды түрлі жанрлар мен стильдерде
орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық ұғымдарды ауызша және жазбаша
жұмыстарда қолданады
 Шығарманы түрлі жанр мен стилде орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. «Үш қоңыр» әнінің қайырмасын нотамен орындап, ырғақты, динамиканы, екпінді сақта.
2. «Үш қоңыр» әнінің қайырмасын топпен басқа жанрда, стилде ( рэп, джаз, опера және т.б)
орында.
Дескриптор Білім алушы
— әнді нотамен айтады;
— әннің ырғағын, екпінін, динамикасын сақтайды;
— әнді басқа стилде, жанрда орындайды.
9
Тақырып 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 4.1.3.5 Орындау тәсілдеріне қарай музыкалық аспаптардың
тобын ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық аспаптарды атайды
 Аспаптарды орындалуына қарай ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Тұран ансамблінің орындауындағы «Ақсақ құлан» шығармасын тыңда.

2. Шығармадағы аспаптарды анықта.
3. Аспаптарды орындау тәсіліне қарай бөл.
4. Кестені толтыр.
шерпелі ұрмалы соқпалы ыспалы түймелі
Дескриптор Білім алушы
— — музыкалық шығарманы тыңдайды;
— музыкалық аспаптарды атайды;
— аспаптарды топқа бөледі;
— кестені дұрыс толтырады.
10
Бөлімше 1.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты 4.2.1.1 Музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін
өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар
таңдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығармашылық жұмыс жасайды
 Өз идеясын ұсынады
 Түрлі материалдар мен ресурстарды таңдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. «Астана — арман қала» тақырыбына өлең жаз.
2. Өлеңге әуен құрастыр.
3. Ұрмалы, шулы музыкалық аспаптарды қолданып, импровизация жаса.
Дескриптор Білім алушы
— — берілген тақырыпқа өлең құрастырады;
— өлеңге әуен жазады;
— әннің сөзі мен әуенін үйлестіреді;
— музыкалық аспаптарды қолданады;
— әнге импровизация жасайды.
11
Бөлім «Адами құндылықтар»
Бөлімше 4.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен,
әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және
салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманың жанрын, көркемдік
образдарын анықтайды
 Музыкалық шығармаларды салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. «Хатико» фильмінен бейнесюжет қара.

2. Музыкалық шығарма қандай бейнені көрсетеді.
Шығарма әуенінің көңіл -күйін, екпінін және
динамикасын анықта.
3. Сұрақтарға жауап бер.
 Сюжет пен музыканы салыстыр?
 «Адами құндылық» деген не?
4. «Адами құндылық» тақырыбына 20-30 сөзден тұратын шағын эссе жаз.
Дескриптор Білім алушы
— — шығарманың бейнесін анықтайды;
— шығарма әуенінің көңіл–күйін, екпінін, динамикасын
анықтайды;
— сюжет пен музыканы салыстырады;
— «Адами құндылық» туралы түсінігін айтады;
— 20-30 сөзден тұратын эссе жазады.
12
Бөлімше 4.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі
дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау
4.1.2.2 Түрлі сипаттағы әндерді айтуда жеңіл, созып орындау
дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әннің айтылу ережесін сақтап, әнді үйренеді
 Әнді екі дауыста орындайды
 Әндерді орындауда жеңіл, созып орындау дағдыларын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Сөзі Несіпбек Айытовтың, музыкасы Оралхан Көшеровтың «Аман бол ағаларым» әнін тыңда.

1. Әнді караокеге қосылып орында. https://www.youtube.com/watch?v=QK4c0ItjKto
Әнді орындау барысында:
 әннің екпінін, ырғағын сақта;
 мәнерлеп орында;
 қайырмасын жеңіл, созып орында;
 қайырмасын екі дауыста айт.
Дескриптор Білім алушы
— — әннің екпінін, ырғағын сақтайды;
— орындау дағдыларын қолданады;
— әнді мәнерлеп екі дауыста орындайды.
13
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 4.1.2.3 Музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдана
отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманы көркемдеуші құралдармен
аспапта ойнап, көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Құрманғазы «Аман бол шешем, аман бол» күйін тыңда.
http://audios.nur.kz/1234053-kurmangazi-aman-bol-sheshem
2. Күйдің әуеніне «Аман бол шешем, аман бол» сөзін қосып, дауыспен орында.
3. Күйдің ырғағын, екпінін, динамикасын сақтап, шулы, ұрмалы музыкалық аспаптарда ойна.
Дескриптор Білім алушы
— — күйдің әуеніне «Аман бол шешем, аман бол» сөзін
қосып орындайды;
— күйдің ырғағын, екпінін, динамикасын сақтайды;
— музыкалық аспаптарда ойнайды.
14
Бөлімше 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 4.1.3.2 Музыкалық форманың классикалық түрлерін
ажырату: соната, рондо, вариация, симфония
4.1.3.3 Ауызша және жазбаша жұмыстарда негізгі
музыкалық ұғымдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық форманың классикалық түрлерін
ажыратады
 Музыкалық ұғымдарды ауызша және жазбаша
жұмыстарда қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Л. Бетховеннің №9 симфониясын «Ода к родасти» шығармасын тыңда және сұрақтарға
жауап бер.
 Бұл қандай шығарма?
 Симфониядан қандай ерекшелік тыңдадың?
 Сенің ойыңша неліктен Бетховен симфонияға хорды қосқан?
 Хорсыз симфония қалай дыбысталар еді?
 Оның ұлылығын музыканың қандай көркемдеуші құралдары көрсетіп тұр?
2. Шығармалар атауы мен ұғымдарын сәйкестендір.

1 Моцарт «Түрік маршы» А. Соната
2 Гайдн «Қоштасу» В. Симфония
3 Бах «Гольдберг» С. Рондо
4 Бетховен «Патетикалық» Д. Варияция
Дескриптор Білім алушы
— — шығарманы анықтайды;
— ерекшелігін ажыратады;
— симфония мен хорды не себепті қосқанын түсіндіреді;
— хорсыз симфонияның дыбысталуын айтады;
— музыканың көркемдеуші құралдарын айтады;
— шығармалардың атауы мен ұғымын сәйкестендіреді.
15
Бөлімше 2.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты 4.2.1.1 Музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін
өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар
таңдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығармашылық жұмыс жасайды
 Өз идеясын ұсынады
 Түрлі материалдар мен ресурстарды таңдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, шығармашылық жоба дайында.
 «Махаббаттың сиқырлы күші»;
 «Мейірімділік әлемді құтқарады»;
 «Үлкенге құрмет, кішіге ізет».
2. Шығармашылық жобаны дайындау үшін келесі жұмыс түрін таңда. Шулы және ұрмалы
музыкалық аспаптарды қолдан.
 Қойылым;
 Бейне ролик;
 Коллаж.
Дескриптор Білім алушы
— — шығармашылық жобасын дайындайды;
— жұмыс түрлерін таңдайды;
— музыкалық аспаптарды қолданады.
16
Бөлімше 3.1 Музыканы көрсету және бағалау
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай
білу, жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық жұмысын таныстырып, бағалайды
 Жұмысына ұсыныс енгізеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
 Өз шығармашылық жұмысыңды таныстыр.
 Жұмысыңды дайын критерий бойынша бағала.
Бағалау критерийі:
 Сюжет тақырыпты ашады;
 Мазмұны мағыналы;
 Сюжет пен музыка сәйкес келеді;
 Музыкалық аспаптар қолданылған.
 Жұмысыңа ұсыныстар бойынша өзгерістер енгіз.
Дескриптор Білім алушы
— — таңдаған тақырыбы бойынша жұмыс жасайды;
— топпен, жұппен жұмыс жасайды;
— өз жұмысын таныстарады;
— өзінің және өзгенің жұмысына түсінік береді;
— жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізеді.
17
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім «Мәдени мұра»
Бөлімше 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен,
әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және
салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманың жанрын, көркемдік
образдарын анықтайды
 Музыкалық шығармаларды салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Музыкалық аспаптар туралы аңыздан бейнесюжет қара. Олардың атауын есіңе түсір.
https://www.youtube.com/watch?v=ndSqsU3OA_o – жетіген туралы аңыз.
https://www.youtube.com/watch?v=IyATq_6ussE – домбыра туралы аңыз.
Сұраққа жауап бер.
 Аңыз сюжетінде қандай аспаптар туралы айтылған?
 Тыңдалған шығарма қандай жанрға жатады?
 Өз жауабыңды дәлелде.
 Күйдің көркем бейнесін жеткізу үшін қандай музыкалық көркемдеуші құралдарды
қолданған?
 Аңыздар желісінде қандай ұқсастық және қандай айырмашылық бар?
Венн диаграммасындағы үш ұқсастық пен айырмашылықты көрсет.
Айырмашылығы Ұқсастығы
Дескриптор Білім алушы
— — музыкалық шығармаларды тыңдайды және талдайды;
— шығармалардың жанрын, көркемдеуші құралдарын
анықтайды;
— шығармалардың айырмашылығы мен ұқсастығын
көрсетеді.
18
Бөлімше 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 4.1.1.2 Музыкалық шығарманың дыбыстауын түрлі орындауда
тыңдатып анықтау және салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманы тыңдап, анықтайды
 Орындалу ерекшеліктерін салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. С.Мухамеджановтың «Шаттық Отаны» музыкалық шығармасын симфониялық және халық
аспаптар оркестрінің орындауында үзінді тыңда.
https://www.youtube.com/watch?v=lk-_uCDT1wU – халық аспаптары оркестрінің орындауында
https://www.youtube.com/watch?v=2EjUj5vBoR0- Құрманғазы атындағы Академиялық оркестрдің
орындауында
2. Сұрақтарға жауап бер.
 Тыңдалған шығарма қандай жанрға жатады?
 Шығарманың сипаты қандай?
 Сен бұл күйді қалай атар едің? Неліктен?
 Күйдің орындалуының арасында қандай айырмашылық бар? Неліктен? Өз жауабыңды
түсіндір.
Кестені толтыр.
Шығармалар атауы Ұқсастығы Айырмашылығы
Халық аспаптар оркестрі
Симфониялық оркестр
Дескриптор Білім алушы
— шығарманың жанрын анықтайды;
— музыкалық шығармалады сипаттайды;
— күйге атау беріп, берген атауын түсіндіреді;
— шығармалардың ұқсастығы мен айырмашылығын
анықтап, кестені толтырады.
19
Бөлімше
1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі
дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әннің айтылу ережесін сақтап, әнді үйренеді
 Әнді екі дауыста орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Ү.Ыбырайдың «Гәкку» әнін тыңда және сұраққа жауап бер:

 Бұл ән не жайында?
 Әуеннің көңіл-күйі қандай?
 Бұл ән қандай динамикада және екпінде орындалды.
 Неліктен?
2. «Гәкку» әнінің қайырмасын үйреніп, орында.
Әнді орындаған кезінде динамикасын және екпінін сақта. Әнді екі дауыста, канон
элементтерімен орында.
Дескриптор Білім алушы
— — шығарманы тыңдап, сұрақтарға жауап береді;
— орындау барысында әннің динамикасы мен екпінін
сақтайды;
— әннің қайырмасын канон элементтерімен орындайды.
20
Бөлімше 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен
шығарманы орындау және импровизациялау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Көркемдеуші құралдардың көмегімен шығарманы
орындайды
 Шығармаға импровизация жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Өзіңнің «виртуалды» этно-фольклорлық ансамбліңді құр.
2. С.Мухамеджановтың «Шаттық Отаны» күйіне үн қос.

1-топ: төрттік ноталармен біркелкі соғуды көрсетеді.
2-топ: сегіздік ноталармен пульсация соғуды көрсетеді.
3-топ: күйдің ырғақтық бейнесін көрсетеді.
Дескриптор Білім алушы
— — «Виртуалды» этно-фольклорлық ансамбль құрады;
— 1-топ біркелкі соғуды көрсетеді;
— 2-топ пульсация соғуды көрсетеді;
— 3-топ күйдің ырғақтық бейнесін көрсетеді;
— шығарманың ырғағын, екпінін сақтай отырып
орындайды.
21
Тақырып 1.1 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 4.1.3.2 Музыкалық форманың классикалық түрлерін
ажырату: соната, рондо, вариация, симфония
4.1.3.3 Ауызша және жазбаша жұмыстарда негізгі
музыкалық ұғымдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық форманың классикалық түрлерін
ажыратады
 Музыкалық ұғымдарды ауызша және жазбаша
жұмыстарда қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің орындауындағы Н. Тілендиевтің «Акку» күйін
тыңда және күйден алған әсеріңді жеткіз.
https://www.youtube.com/watch?v=oB5Ooqyw4oo-
2. Дәптеріңе тыңдалған аспаптардың атаулары мен топтарын жаз.
Аспаптар атауы Топтар
Дескриптор Білім алушы
— — күйден алған әсерін сипаттап айтады;
— музыкалық аспаптарды атайды;
— аспаптардың қай топқа жататынын анықтайды.
22
Тақырып 2.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты 4.2.1.1 Музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін
өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар
таңдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығармашылық жұмыс жасайды
 Өз идеясын ұсынады
 Түрлі материалдар мен ресурстарды таңдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Ақан серінің «Маңмаңгер» әнін орында.
2. Өз шығармашылық жұмысыңды топпен және әнді ырғағына, өсіңкілігіне, сипатына сәйкес
орындап, көрсет.
1-топ – әнге би қимылдарын қосып, орындау.
2-топ – әнді күй сарынында орындау.
3. Бір-біріңнің жұмысыңа кері байланыс бер.
Дескриптор Білім алушы
— — шығарманы топпен, ырғағына, өсіңкілігіне, сипатына
сәйкес орындайды;
— әнге би қимылдарын қосып орындайды;
— әнді күй сарынына салып, орындайды;
— өзінің және өзгенің жұмысына кері байланыс береді.
23
Бөлім «Мамандықтар әлемі»
Бөлімше 1.1 Музыка тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен,
әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және
салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманың жанрын, көркемдік
образдарын анықтайды
 Музыкалық шығармаларды салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Күйді екі түрлі орындауда тыңда.
А) Отырар сазы оркестрінің орындауында Н.Тілендиевтің «Махамбет»

Б) Айбек Бекбосынның орындауында Н.Тілендиевтің «Махамбет»

2. Музыкалық шығарманы талдап, кестені толтыр.
мазмұны 1 орындау (А) 2 орындау (Б)
атауы
авторы
орындаушысы
жанры
екпіні
ырғағы
динамикасы
ұқсастығы
айырмашылығы
Дескриптор Білім алушы
— — музыкалық шығармаларды тыңдайды;
— музыкалық шығарманы талдайды;
— кестені толтырады.
24
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі
дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әннің айтылу ережесін сақтап, әнді үйренеді
 Әнді екі дауыста орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Сөзі Е.Тілепбердиевтікі,
2. Әні Б.Аманжолдікі «Дирижер» әнін екі дауыста орында.
Қызыл белбеу тағынған,
Қара сүртік жамылған,
Сахнаға шыққанда,
Көрермендер аңырған.
Сәндеп басып аяғын,
Сермеп қалса таяғын.
Күй төгеді сан аспап,
Төгілдіріп баяу үн.
Қайырмасы:
Бұл — дирижер қимылы,
Оркестрді басқарған.
Бұл — дирижер сиқыры,
Әуен төккен аспаннан.
Дескриптор Білім алушы
— әнді орындауда ережені сақтайды;
— әнді екі дауыста орындайды.
25
Бөлімше 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 4.1.2.3 Музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдана
отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманы көркемдеуші құралдармен
аспапта ойнап, көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Сөзі Е.Тілепбердиевтікі, әні Х.Сетековтің «Үйренейік өнерді» әнін тыңда және ырғағын,
екпінін, динамикасын анықта.
2. Әнге шулы-музыкалық аспаптарды қолданып, ырғақтық импровизация жаса және
ансамбльмен орында.
Дескриптор Білім алушы
— — әнді тыңдап, әннің ырғағын, екпінін, динамикасын
анықтайды;
— әнді көркемдеуші құралдарды қолданып, аспаптармен
сүйемелдеп орындайды.
26
Тақырып 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 4.1.3.3 Ауызша және жазбаша жұмыстарда негізгі
музыкалық ұғымдарды қолдану
4.1.3.8 Ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау
барысында нота сауаттылығының негіздерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық ұғымдарды ауызша және жазбаша
жұмыстарда қолданады
 Ән орындау барысында нота сауаттылығын
қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Суреттерге сәйкес хор дауыстарын жаз. Бас, тенор, сопрана, альт.
1.________________ 2.________________ 3.________________ 4.________________
2. Сөзі Е.Тілепбердиевтікі, музыкасы Х. Сетековтікі «Үйренейік өнерді» әнін тыңдап, үйрен.
3. Әнді қарапайым екі дауыста, ноталар бойынша орында.
Қазақ халқы көшкенде,
Сазға толып нұрлы әлем,
Ойдан, қырдан, көктен де,
Төгілдірген сырлы әуен.
Он саусақты ойнатып,
Сан аспапты сайратып,
Ата-бабам жүретін,
Дүниені жайнатып.
Қайырмасы:
Қос пернені басайық,
Домбырашы болып біз.
Қылдан әуен шашайық,
Қобызшы да болып біз.
Жербетінде аспап көп,
Жердің жүзін жайнатқан.
Әнге салып соларды,
Қандай жақсы ойнатқан
27
Дескриптор Білім алушы
— хор дауыстарын суретпен сәйкестендіреді;
— әнді ережеге сай үйренеді;
әнді нотамен екі дауыста орындайды.
28
Тақырып 2.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты 4.2.1.2 Қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды
шығару және импровизация жасау үшін музыкалық
көркемдеуші құралдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданып,
импровизация жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Топтарда «Мен – музыкантпын» тақырыбына жоба дайында. Музыкамен байланысты
мамандықты таңдап, жобалық жұмыс дайында.
1-топ –Композитор. Еркін тақырыпқа ән/мелодия (әуен)ойлап тап.
2-топ – Дирижер. Алдында тыңдаған музыкалық шығарманы таңда. Оған дирижерлік ет.
3-топ — Әнші. Алдында үйренген әнді таңдап, оны жеке және ансамбльде орында.
4-топ – Аспапшы. Алдыңғы сабақта тыңдаған музыкалық шығарманы таңдап, өзің таңдаған
шығармаға ырғақтық сүйемелдеу жаса және музыкалық шулы аспаптар таңда.
Дескриптор Білім алушы
— — шығармашылық жұмыс жасайды;
— топпен жұмыс жүргізеді;
— импровизация жасу үшін музыканың көркемдеуші
құралдарын қолданады.
29
Тақырып 3.1 Музыканы көрсету және бағалау
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай
білу, жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық жұмысын таныстырып, бағалайды
 Жұмысына ұсыныс енгізеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Өз жұмысыңды таныстыр.
2. Критерий бойынша бағалау жүргіз.
Бағалау критерийлері:
 Шығармашлық жұмысы тақырыпты ашады;
 Топпен жұмыс жасау ережелерін сақтайды;
 Тыңдаушы, орындаушы арасындағы байланысты қадағалайды;
 Әрқайсысы өз рөлін жақсы орындайды;
 Өзін-өзі бағалайды;
 Өзара бағалау жүргізеді.
3. Жұмысыңды жақсарту үшін айтылған пікірлерді тыңдап, ұсыныстар енгіз.
Дескриптор Білім алушы
— — шығармашылық жұмысын сынып алдында
таныстырады:
— өзінің және өзгенің жұмысын критерий бойынша
бағалайды.
— ұсыныстарды енгізеді.
30
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім «Табиғи құбылыстары»
Тақырып 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен,
әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және
салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманың жанрын, көркемдік
образдарын анықтайды
 Музыкалық шығармаларды салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. А.Н.Скрябиннің «Прометей» симфониясының аудиожозбасын тыңда.

2. Сұрақтарға жауап бер.
 Музыканың көңіл-күйі қандай?
 Оған қандай атау берер едің? Неліктен?
 Симфония дегеніміз не?
 Басқа қандай симфонияны тыңдадың?
 Композитор От бейнесін симфонияда қалай сипаттайды?
 Композитор өз шығармасы арқылы қандай ойлар мен сезімдерді жеткізеді?
 Ол адамдарды неге шақырады?
 Симфонияда қандай аспаптарды естідің?
3. Өзге шығармалардан айырмашылығы неде? Салыстыр.
Дескриптор Білім алушы
— — музыкалық шығарманы талдайды;
— шығарманың жанрын, көркемдік образдарын
анықтайды;
— шығарманы басқа шағармалармен салыстырады.
31
Тақырып 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 4.1.1.2 Музыкалық шығарманың дыбыстауын түрлі
орындауда тыңдатып, анықтау және салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманы тыңдап, анықтайды
 Орындалу ерекшеліктерін салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Музыкалық шығармалардың үзінділерін тыңда.
1. Антонио Вивальди «Гроза» классикалық орындауда
https://muzofond.com/search/антонио%20вивальди%20гроза
2. Антонио Вивальди «Гроза» заманауи орындауда

Сұрақтарға жауап бер.
 Музыканың қандай табиғи құбылыстарды бейнелейтінін анықта.
 Табиғи құбылысты бейнелеу үшін композитор қандай көркемдеуші құралдарын
қолданады? Өз жауабыңды түсіндір.
 Шығарманың көңіл-күйі қандай?
 Шығармаларды тыңдаған кезде қандай бейнелер туындайды?
 Классикалық және заманауи орындаудыңұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Дескриптор Білім алушы
— музыканың бейнелейтін табиғи құбылыстарын
анықтайды;
— табиғи құбылысты бейнелейтін көркемдеуші құралдарды
түсіндіреді;
— шығармаларды сипаттайды және талдайды;
шығармалардың ұқсастығы мен айырмашылығын айтады.
32
Тақырып 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі
дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау
4.1.2.2 Түрлі сипаттағы әндерді айтуда жеңіл, созып орындау
дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әннің айтылу ережесін сақтап, әнді үйренеді
 Әнді екі дауыста орындайды
 Әндерді орындауда жеңіл, созып орындау дағдыларын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Әні Б.Аманжолдікі, сөзі Е.Сейдахметовтікі «От
құдыреті» әнін тыңдап, үйрен.
2. Әнді ережеге сай үйрен және жеңіл, созып екі
дауыста орында.
Қоя берсең еркіне,
Жетер жердің шетіне.
Кете берсе әріге,
Шоққа айналар бәріде.
Өрттей ешкім құтырмас,
Ұшқан құс та құтылмас.
Қайнатады көліңді,
Жайратады шөліңді.
Отқа ораса даланы.
Орны күл боп қалады.
Тентек, сотқар болмаңдар,
Тоғайды өрттен қорғаңдар!
Дескриптор Білім алушы
— — әнді үйренеді;
— әнді мәнерлеп екі дауыста орындайды.
33
Тақырып 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен
шығарманы орындау және импровизациялау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Көркемдеуші құралдардың көмегімен шығарманы
орындайды
 Шығармаға импровизация жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Әні С.Тұяқовтікі, сөзі Е.Сейдахметовтікі «Шағыл құмдар» әнін тыңда.
2. Әннен алған сезіміңізді ауызша жеткіз.
3. Шулы және ұрмалы музыкалық аспаптарды қолданып, табиғи құбылыстардың дыбысынан
композиция құрастыр.
Дескриптор Білім алушы
— — ән туралы өз сезімін жеткізеді;
— шулы және ұрмалы музыкалық аспапта ойнап,
музыкалық композиция құрастырады.
34
Тақырып 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 4.1.3.3 Ауызша және жазбаша жұмыстарда негізгі
музыкалық ұғымдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық ұғымдарды ауызша және жазбаша
жұмыстарда қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Қолда бар заттармен, дауысты және музыкалық ұрмалы, шулы аспаптарды қолданып, «Су
мен ауа бейнесі» тақырыбына музыкалық композия шығар.
1-топ «Ауа әуені» 2-топ «Су әуені»
2. Музыканың көркемдеуші құралдарын қолдан: динамика, регистр, ырғақ, екпін.
Дескриптор Білім алушы
— — музыкалық композиция құрастырады;
— музыкалық аспаптарда ойнайды;
— шығарманы ойнауда музыкалық ұғымдарды қолданады.
35
Тақырып 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 4.1.3.4 Шығармаларды түрлі жанрлар мен стильдерде
орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығарманы түрлі жанр мен стилде орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Әуені Б.Аманжолдікі, сөзі Е.Сейдахметовтікі «От құдыреті» әнін қайтала.
2. Әнді фольклор және рэп стилінде орында.
Дескриптор Білім алушы
— — әнді түрлі стилде және жанрда орындайды.
36
Тақырып 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 4.1.3.6 Ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау
барысында нота сауаттылығының негіздерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ауызша және жазбаша жұмыстарда нота жазбаларын
қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Берілген нота бойынша әуенді орында.
2. Осы әуенге «Қыс» тақырыбында өлең құрастыр.
3. Шығарған өлеңіңді әуенге қосып орында.
Дескриптор Білім алушы
— — нота жазбасын оқиды;
— берліген тақырыпқа өлең жазады;
— өлеңді әуенге қосып орындайды.
37
Тақырып 2.1 Музыкалық шығармашылық
Оқу мақсаты 4.2.1.1 Музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін
өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар
таңдау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығармашылық жұмыс жасайды
 Өз идеясын ұсынады
 Түрлі материалдар мен ресурстарды таңдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Қолда бар заттарды пайдаланып «Су, жаңбыр, жел, құм» дауысын салатын музыкалық
аспаптар жаса.
2. Өз жобаңды ұсын, оны бағала.
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
— — музыкалық аспаптар жасайды;
— өз жұмысын ұсынып, таныстырады;
— өзінің және өзгенің жұмысына баға береді.
38
Бөлім «Қоршаған ортаны қорғау»
Тақырып 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен,
әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және
салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманың жанрын, көркемдік
образдарын анықтайды
 Музыкалық шығармаларды салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Қ.Мусиннің «Жайлауда» және А.Райымқұлованың «Дала сыры» симфониялық
поэмаларын тыңда.
2. Сұрақтарға жауап бер.
 Музыка қандай сезімге бөлейді?
 Шығарманың көңіл-күйі қандай?
 Шығарманың екпіні қандай?
 Қандай музыкалық аспаптар ойналды?
 Шығармалардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Дескриптор Білім алушы
— — музыкалық шығарманы сипаттайды және талдайды;
— көркемдік образдарын анықтайды;
— шығармалардың ұқсастығы мен айырмашылығын
көрсетеді.
39
Тақырып 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі
дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау
4.1.2.2 Түрлі сипаттағы әндерді айтуда жеңіл, созып орындау
дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әннің айтылу ережесін сақтап, әнді үйренеді
 Әнді екі дауыста орындайды
 Әндерді орындауда жеңіл, созып орындау дағдыларын
көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Сөзі Е. Тілепбердиевтікі, әні Б.Кыдырбектікі «Дарқан далам» әнін үйрен.
2. Әнді ырғағы мен екпінін сақтап, созып мәнерлеп орында.
3. Әннің қайырмасын екі дауыста орында.
1. Каспи, Балқаш, Алакөл,
Айдын, шалқар, көлдерім.
Алтай, асқақ Алатау,
Асқар тауым — төрдегім.
Сан мыңдаған жүрсе аңы,
Бетпақ дала жонында.
Тобылғы мен жусаны,
Жұпар шашқан жолыңда.
Қайырмасы:
Неткен әсем туған жер,
Жақұт тұнған қойнауың.
Неткен сұлу туған ел,
Жасыл орман, жайлауың.
2. Толқындары тулап-ай,
Шимайлаған өрнегін,
Баянауыл, Бурабай,
Суретіндей көрменің.
Нұрын шашып туған Ай,
Көзін сүзген шөлдерім.
Аң мен құсқа, сыйға бай,
Байтақ далам – белдерім.
Қайырмасы:
Неткен әсем туған жер,
Жақұт тұнған қойнауың.
Неткен сұлу туған ел,
Жасыл орман, жайлауың.
Дескриптор Білім алушы
— — әнді ережеге сай үйренеді;
— әннің екпінін, ырғағын сақтап, мәнерлеп орындайды;
— әннің қайырмасын екі дауыста орындайды.
40
Тақырып 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 4.1.2.3 Музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдана
отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманы көркемдеуші құралдармен
аспапта ойнап, көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Сөзі А.Естеновтікі, әні В.Стригоцкийдікі «Табиғатты қорғаймыз» әнін үйрен.
2. Табиғат дауыстарына еліктей отырып, әнге импровизация жаса.
3. Ұрмалы, шулы музыкалық аспаптармен сүйемелдеу жаса.
Дескриптор Білім алушы
— — әннің екпінін, ырғағын сақтап орындайды;
— әнге импровизация жасайды;
— әнді музыкалық аспаптармен сүйемелдейді.
41
Тақырып 1.3 Музыкалық сауаттылық
Оқу мақсаты 4.1.3.5 Орындау тәсілдеріне қарай музыкалық аспаптардың
тобын ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық аспаптарды атайды
 Аспаптарды орындалуына қарай ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Қазақ халық күйлерін тыңда «Қасқыр, Аққу».
2. Сұрақтарға жауап бер.
 Қандай жануарлардың дауысын естідің?
 Бұл күйлерді қалай атар едің?
 Күйлердің көңіл-күйі қандай?
 Қасқыр мен аққудың бейнесін қандай музыкалық көркемдеуші құралдар жеткізіп тұр?
 Аңыздарды әңгімелейтін күйлерді қалай атайды?
3. Күйде естілген аспаптарды ата және оларды аспаптардың қай тобына жататынын анықта.
Дескриптор Білім алушы
— — музыкалық шығармаларды сипаттайды;
— сұрақтарға жауап береді;
— музыкалық аспаптарды анықтайды.
42
Тақырып 1.1 Музыканы тыңдау және талдау
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен,
әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және
салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Музыкалық шығарманың жанрын, көркемдік
образдарын анықтайды
 Музыкалық шығармаларды салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Қазақстандық орындаушылардың музыкалық үзінділерін тыңда.
Үркер тобы «Туған елім» — https://www.youtube.com/watch?v=5Y8EbOEJLbk
Жігіттер тобы «Туған жер» — https://www.youtube.com/watch?v=Vt-wx2HvejE
Ерболат Құдайберген «Кіріспе» — https://www.youtube.com/watch?v=UqDIEODtOEE
2. Сұрақтарға жауап бер:
— Әр орындаушының стилін анықта?
— Орындауларының айырмашылығы неде?
— Стильдің орындау ерекшелігі неде?
Орындаушылар Стилі Айырмашылығы Орындау
ерекшелігі
Үркер тобы «Туған
елім»
Жігіттер тобы
«Туған жер»
Ерболат Құдайберген
«Кіріспе»
Дескриптор Білім алушы
— — музыкалық шығармаларды талдайды;
— орындаушылардың стилін анықтайды;
— орындауларының айырмашылығын айтады;
— орындаудағы ерекшеліктерді көрсетеді.
43
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім «Ғарышқа сапар»
Тақырып 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 4.1.2.1 — ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі
дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау;
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әннің айтылу ережесін сақтап, әнді үйренеді
 Әнді екі дауыста орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Сөзі: А. Естеновтің, әні: А. Танидің «Байқоңыр»
әнін тыңда.
2. Сұрақтарға жауап бер:
— Әр орындаушының стилін анықта?
— Орындауларының айырмашылығы неде?
— Стильдің орындау ерекшелігі неде?
3. Әнді ережеге сай үйрен.
4. Әннің қайырмасын екі дауыста орында.
Жұлдыздар әлемін таңдаған,
Қырандар қиянға самғаған
Байқоңыр – ғарыштар айлағы,
Таңдана қол соғар сан ғалам.
Қайырмасы:
Ер Тоқтар, Айбын мен Талғаттар –
Көк жүзін шарлаған саңлақтар.
Елімнің ғарышкер ұлдары
Есімін ерекше ардақтар.
Ғарышқа жол тартып түрлі ізбен,
Құпия тылсымнан сыр түзген, Байқоңыр –
елімнің мақтаны,
Сырласар көктегі жұлдызбен.
Қайырмасы:
Ер Тоқтар, Айбын мен Талғаттар –
Көк жүзін шарлаған саңлақтар.
Елімнің ғарышкер ұлдары
Есімін ерекше ардақтар.
Дескриптор Білім алушы
— — әнді тыңдап, сұрақтарға жауап береді;
— әнді ережеге сай үйренеді;
— әннің қайырмасын екі дауыста орындайды.
44
Бөлім «Болашаққа сапар»
Тақырып 1.2 Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі
дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау;
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әннің айтылу ережесін сақтап, әнді үйренеді
 Әнді екі дауыста орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Әні Е.Умировтікі, сөзі А.Естеновтікі
«Ғажайып, музыка!» әнін тыңда.
2. Сұрақтарға жауап бер.
— Өлеңде не туралы айтылып жатыр?
— Әуеннің көңіл-күйі қандай?
— Әннің жанры қандай?
3. Ән айту ережелерін сақтап, әнді үйрен.
4. Шулы, ұрмалы және қолда бар музыкалық
аспаптарды қолданып, әннің әуеніне ырғақтық
сүйемелдеу жаса.
5.
Дескриптор Білім алушы
— — әнді тыңдап, сипаттап, талдайды;
— әнді жаттап, үйренеді;
— әнді музыкалық аспаптармен сүйемелдеп орындайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь