ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ЖБ Қазақ әдебиеті 8-сынып Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

ЖБ Қазақ әдебиеті 8-сынып Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

3725
0

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
«Қазақ әдебиеті»
8-сынып
ЖОБА
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып оқушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 8-сыныптың «Қазақ
әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,
жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне және басқа да мүдделі
тұлғаларға арналған.
2
ЖОБА
МАЗМҰНЫ 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар …………………………………………..4 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар …………………………………………10 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар …………………………………………16 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар …………………………………………21
3
ЖОБА
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Дананың сөзі — ақылдың көзі»
Оқылатын шығарма Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»
Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»
Қорқыттың нақыл сөздері
Оқу мақсаты 8.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз
көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану 8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен
тұтасқа қарай талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарма үзінділерін өз көзқарасын дәлелдеу үшін
орынды қолданады
• Тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай
талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма 1. Автордың замана бейнесін берудегі шеберлігіне көзқарасыңызды білдіріңіз. Өз
ойыңызды дәлелдеу үшін үзінділерді қолданыңыз.
Даналардың айтары келер болды,
Қияметтің қиянаты төнер болды.
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды, достар?
Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті.
Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар? 2. Гүрілдей шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас; Көңілі пасық ерде дәулет болмас; Жапалақжапалақ қар жауса да, жазға қалмас,- деген Қорқыттың нақыл сөзінің мағынасын талдаңыз.
4
ЖОБА
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығарма үзінділерін өз
көзқарасын дәлелдеу
үшін орынды қолданады 1 автор шеберлігіне қатысты өз
көзқарасын білдіреді 1-шумақ; 2-шумақ; 11
ойын дәлелдеу үшін үзінділерді
қолданады 1-шумақ; 2-шумақ; 11
Тұтастан бөлшектен,
бөлшектен тұтасқа
қарай талдайды 2 нақыл сөздің мағынасын ашады; 1
ойын жүйелі талдайды. 1
Барлығы 6
5
«Дананың сөзі — ақылдың көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»
Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»
Қорқыттың нақыл сөздері
Білім алушының аты-жөні ___________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығарма үзінділерін өз
көзқарасын дәлелдеу үшін
орынды қолданады
Автор шеберлігіне қатысты өз
көзқарасын білдіруде,
ойын дәлелдеу үшін
үзінділерді қолдануда (1,2-
шумақ) қиналады
Автор шеберлігіне қатысты өз
көзқарасын білдіруде,
ойын дәлелдеу үшін үзінділерді
қолдануда (1,2-шумақ) қателіктер
жібереді
Автор шеберлігіне қатысты өз
көзқарасын білдіреді,
ойын дәлелдеу үшін үзінділерді
қолданады
Тұтастан бөлшекетн,
бөлшектен тұтасқа қарай
талдайды
Нақыл сөздің мағынасын
ашуда, ойын жеткізуде
қиналады
Нақыл сөздің мағынасын ашып
талдауда, өз пікірін жеткізуде
қателеседі
Нақыл сөздің мағынасын ашады,
өз ойын жеткізеді
Оқылатын шығарма Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп»,
«Балаларыма өсиет»,
Шалкиіз жырау «Би Темірге айтқан бірінші толғауы»
Оқу мақсаты 8.2.2.1 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының
тілдік көрінісін талдау 8.3.1.1 Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес
басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және
көркемдік құндылығын бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тілдік ерекшелікті автор бейнесі мен кейіпкерлер
қарым-қатынасы тұрғысынан талдайды
• Шығарманың тақырыбы мен идеясын салыстырады,
тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма 1. Үзіндідегі кейіпкердің сипатын ашудағы тілдік ерекшілігіне талдау жасаңыз.
Сен — алтынсың, мен — пұлмын,
Сен — жібексің, мен — жүнмін,
Сен — сұлтансың, мен — құлмын,
Сен — сұңқарсың, мен — қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
Саған дұспан — маған жау,
Керекті күні алдында
Ғазизленген сұлтан жаным аяман!! 2. Екі шығарманың тақырыбы мен идеясын салыстырып, шығармалардың тарихи
құндылығына қатысты ойыңызды қорытындылаңыз.
Шығармалар Тақырыбы Идеясы
«Күлдір-күлдір кісінетіп»
«Би Темірге бірінші толғауы»
Қорытынды: ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
ЖОБА
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Тілдік ерекшелікті автор
бейнесі мен кейіпкерлер
қарым-қатынасы
тұрғысынан талдайды 1 кейіпкер бейнесін ашады; 1
тілдік ерекшелігін талдайды; 1
Шығармалардың
тақырыбы мен идеясын
салыстырып, тарихи
құндылығын бағалайды 2 шығармалардың тақырыбын
салыстырады; 1
шығармалардың идеясын салыстырады; 1
тарихи құндылығын таниды; 1
ойын жүйелі қорытындылайды. 1
Барлығы 6
8
Дананың сөзі — ақылдың көзі бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет»,
Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»
Білім алушының аты-жөні ___________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тілдік ерекшелікті автор
бейнесі мен кейіпкерлер
қарым-қатынасы
тұрғысынан талдайды
Кейіпкер бейнесін ашуда,
тілдік ерекшелігін талдауда
қиналады
Кейіпкер бейнесін ашуда,
тілдік ерекшелігін талдауда
қателеседі
Кейіпкер бейнесін ашады,
тілдік ерекшелігін талдайды
Шығармалардың
тақырыбы мен идеясын
салыстырып, тарихи және
көркемдік құндылығын
бағалайды
Шығармалардың тақырыбы
мен идеясын салыстыруда,
тарихи құндылығына қатысты
ойын қорытындылауда
қиналады
Шығармалардың тақырыбы мен
идеясын салыстыруда,
тарихи құндылығына қатысты
ойын қорытындылауда қателеседі
Шығармалардың тақырыбы мен
идеясын салыстырады,
тарихи құндылығына қатысты
ойын қорытындылайды
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Көркем әдебиет және эпикалық сарын»
Оқылатын шығарма Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян»
Оқу мақсаты 8.1.2.1 Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық
мүдде тұрғысынан ашу
8.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың
(психологиялық параллелизм, перифраз, сатира,
ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай
отырып, автор стилін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманың идеясы мен пафосының ұлттық
ерекшелігін көрсетеді
• Көркемдегіш құралдардың (психологиялық
параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск,
эллипсис) қолданысын талдап, автор стилін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма 1. Берілген үзінді идеясының ұлттық ерекшелігін талдап жазыңыз.
Жеті жұрт көшіп кеткен соң,
Атамыз қазақ баласы
Конып, мекен еткен жер.
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,
Жүзден-жүзден нар байлап,
Дәулеті қалың біткен жер… …Ақ борықтай иілген,
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін,
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін!.. 2. Жоғарыдағы үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, қолданысын талдаңыз.
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығарманың идеясы
мен пафосынның
ұлттық ерекшелігін
көрсетеді 1 шығарманың идеясын ашады; 1
ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды; 1
ойын жүйелі жазады; 1
Көркемдегіш
құралдардың
(психологиялық
параллелизм, перифраз,
сатира, ирония, гротеск,
эллипсис) қолданысын
талдап, автор стилін
анықтайды 2 көркемдегіш құралдарды табады; 1 1
қолданысына талдау жасайды. 1
Барлығы 6
11
Көркем әдебиет және эпикалық сарын бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян»
Білім алушының аты-жөні ___________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығарманың идеясы мен
пафосынның ұлттық
ерекшелігін көрсетеді
Шығарма идеясының
ұлттық ерекшелігін талдауда,
ойын жүйелі жазуда қиналады
Шығарма идеясының
ұлттық ерекшелігін талдауда, ойын
жүйелі жазуда қателеседі
Шығарма идеясының
ұлттық ерекшелігін талдайды,
ойын жүйелі жазады
Көркемдегіш құралдардың
(психологиялық
параллелизм, перифраз,
сатира, ирония, гротеск,
эллипсис) қолданысын
талдап, автор стилін
анықтайды
Үзіндідегі көркемдегіш
құралдарды табуда,
қолданысына талдау жасауда
қиналады
Үзіндідегі көркемдегіш құралдарды
табуда, қолданысына талдау
жасауда қателеседі
Үзіндідегі көркемдегіш
құралдарды табады, қолданысына
талдау жасайды
Бөлім «Көркем әдебиет және эпикалық сарын»
Оқылатын шығарма Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны, «Жастарға»
өлеңі
Оқу мақсаты 8.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда
тура және жанама мінездеулерді жіктеу
8.2.4.1 Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп,
креативті жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кейіпкерді сомдаудағы тура және жанама
мінездеулерді жіктейді
• Шығармадан алған үзінділерді өз
шығармашылығы арқылы қайта өңдеп жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма 1. «Еңлік-Кебек» дастанындағы кейіпкерлер бойынша тура және жанама мінездеуге
мысал келтіріңіз.
Кейіпкер (1) Тура мінездеу Кейіпкер (2) Жанама мінездеу 2. Төмендегі үзіндіні өңдеп, қазіргі жастарға «Қой, жастар, күн болды ойланарлық»
тақырыбында ой салатын монолог жазыңыз.
Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық!
Өзің біліп біреуге қылсаң жарлық,
Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық.
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,
Мен де анаудай болсам деп таласарлық.
Үлкендерде мінез жоқ танданарлық,
Олардың қылған ісі – ұрлық-қарлық.
Арам ойды ақыл деп ардан күсіп,
Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Кейіпкерді сомдаудағы
тура және жанама
мінездеуді талдайды. 1 кейіпкердің бейнесін тура мінездеуге
жіктейді; 1
кейіпкердің бейнесін жанама
мінездеуге жіктейді; 1
Шығармадан алған
үзінділерді өз
шығармашылығы
арқылы қайта өңдеп
жазады 2 үзіндіні өңдейді; 1 1
тақырыпты ашады; 1
монологті креативті жазады. 1
Барлығы 6
14
Дананың сөзі-ақылдың көзі бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны, «Жастарға» өлеңі
Білім алушының аты-жөні ___________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Кейіпкерді сомдаудағы
тура және жанама
мінездеуді талдайды
Кейіпкерді сомдаудағы тура
және жанама мінездеуге
жіктеуде қиналады
Кейіпкерді сомдаудағы тура және
жанама мінездеуге жіктеуде
қателіктер жібереді
Кейіпкерді сомдаудағы тура және
жанама мінездеуге жіктейді
Шығармадан алған
үзінділерді өз
шығармашылығы арқылы
қайта өңдеп жазады
Ақпаратты өңдеуде,
тақырыбын ашуда, монологті
креативті жазуда қиналады
Ақпаратты өңдеуде, тақырыбын
ашуда, монологті креативті
жазуда қателіктер жібереді
Ақпаратты өңдейді, тақырыбын
ашады, монологті креативті
жазады
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Махаббат және абырой»
Оқылатын шығарма М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Д.Исабеков « Әпке» драмасы
Оқу мақсаты 8.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира,
ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай
отырып, автор стилін анықтау 8.3.4.1 Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге
сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира,
ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдайды,
автор стилін анықтайды
• Әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни
пікір жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма 1. Кестені толтырып, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңыз.
Мысалдар Көркемдегіш құралдардың
түрлерін анықтаңыз
Қолданысын талдаңыз
Қалай біткен мына көл тау
басына?
Жалғыздықтан жамандық бар
ма, сірә?
Қанша ұрпақ кетті екен,
қаншама адам?
«Жетім көлге» қараудан
шаршамаған?
Қанша киік қалды екен сайсалада? 2. Төмендегі пікірге сүйене отырып, өзіндік сыни-пікіріңізді жазыңыз.
«Д. Исабековтың «Әпке» пьесасы үлкен тәлім-тәрбие алуға болады. Әпкесінің Бауырларына
деген махаббаты, қамқорлығы туралы айтылады. Тіпті қазіргі кезде әпке болмақ түгілі өз
балаларын тастап кете баратын көкек аналар қаншама…»
16
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығармадағы
көркемдегіш
құралдардың (психологиялық
параллелизм,
перифраз, сатира,
ирония, гротеск,
эллипсис)
қолданысын талдайды,
автор стилін
анықтайды 1 көркемдегіш құралдардың түрлерін
анықтайды; 11
көркемдегіш құралдардың қолданысын
талдайды; 11
Әдеби сын-пікірлерге
сүйене отырып, өзіндік
сыни пікір жазады 2 берілген пікірге сүйенеді; 1
өзіндік сыни пікір жазады. 1
Барлығы 6
17
«Махаббат және абырой» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Д.Исабеков « Әпке» драмасы шығармалары
Білім алушының аты-жөні ___________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығармадағы көркемдегіш
құралдардың (психологиялық
параллелизм, перифраз, сатира,
ирония, гротеск, эллипсис)
қолданысын талдайды, автор
стилін анықтайды
Көркемдегіш құралдардың
түрлерін анықтауда,
көркемдегіш құралдардың
қолданысына талдауда
қиналады
Көркемдегіш құралдардың түрлерін
анықтауда, көркемдегіш
құралдардың қолданысына талдауда
қателеседі
Көркемдегіш құралдардың
түрлерін анықтайды,
көркемдегіш құралдардың
қолданысына талдайды
Әдеби сын-пікірлерге сүйене
отырып, өзіндік сыни пікір
жазады
Пікірге сүйене отырып, өзіндік
сыни пікір жазуда қиналады
Пікірге сүйене отырып, өзіндік
сыни пікір жазуда қателеседі
Пікірге сүйене отырып,
өзіндік сыни пікір жазады
18
Бөлім «Махаббат және абырой»
Оқылатын шығарма М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
Оқу мақсаты 8.3.3.1 Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын
гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әдеби эссені шығарманың көркемдік-идеялық
құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Жоғары деңгей дағдылары 15-20 минут
Тапсырма «Жамал – ескіліктің құрбаны» тақырыбына әдеби эссе жазыңыз. Жазылымда шығарманың
көркемдік-идеялық құндылығын нақты көрсетіп, гуманистік тұрғыдан талдау жасаңыз.
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Әдеби эссені
шығарманың
көркемдік-идеялық
құндылығын
гуманистік тұрғыдан
талдап жазады 1 тақырыпты ашады; 1
көркемдік-идеялық құндылығын нақты
көрсетеді; 1
гуманистік тұрғыдан талдау жасайды; 1 1
ойын мысалдармен дәлелдейді; 1 1
эссе құрылымын сақтайды. 1
Барлығы 7
19
«Махаббат және абырой» бөлімі бойынша жиынтық
бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы
Білім алушының аты-жөні____________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Әдеби эссені
шығарманың көркемдікидеялық құндылығын
гуманистік тұрғыдан
талдап жазады
Тақырыпты ашуда, гуманистік
тұрғыда талдау жасауда, ойын
мысалдармен дәлелдеуде және
эссе құрылымын сақтауда
қиналады
Тақырыпты ашуда, гуманистік
тұрғыда талдау жасауда, ойын
мысалдармен дәлелдеуде және эссе
құрылымын сақтауда қателеседі
Тақырыпты ашады, гуманистік
тұрғыда талдайды, ойын
мысалдармен дәлелдеп, эссе
құрылымын сақтап жазады
20
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қиял мен шындық»
Оқылатын шығарма Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне».
Тахауи Ахтанов « Күй аңызы» әңгімесі
Оқу мақсаты 8.3.2.1 Шығармадағы материалдық және рухани
құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып,
жаңашылдығына баға беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығармадағы материалдық және рухани
құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады,
жаңашылдығына баға береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Жоғары деңгей дағдылары 15-20 минут
Тапсырма 1. Шығармадағы құндылықтарды салыстыра талдаңыз.
Шығармалар Материалдық құндылығы Рухани құндылығы
«Мәңгілік бала бейне»
«Күй аңызы» 2. Шығармалардың жаңашылдығына баға беріңіз.
«Мәңгілік бала бейне» «Күй аңызы»
Көтерілген мәселе
Қазіргі кездегі
өзектілігі
21
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығармадағы
материалдық және рухани
құндылықтарды заманауи
тұрғыда салыстырады,
жаңашылдығына баға
береді 1
шығармалардың құндылықтарын
салыстырады;
материалдық құндылықтарды жазады; 1-шығарма 2-шығарма
рухани құндылықтарды жазады; 1-шығарма 2-шығарма 11 11 2 шығармалардағы көтерілген мәселені
анықтайды; 1-шығарма 2-шығарма 11
бүгінгі күнмен байланыстырып,
өзектілігін анықтайды; 1-шығарма 2-шығарма 11
Барлығы 8
22
«Қиял мен шындық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі
Тахауи Ахтанов « Күй аңызы» әңгімесі
Білім алушының аты-жөні _____________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығармадағы материалдық
және рухани құндылықтарды
заманауи тұрғыда
салыстырады,
жаңашылдығына баға береді
Материалдық және рухани
құндылықтарды заманауи
тұрғыдан салыстыруда (1,2-
шығарма), жаңашылдығына баға
беруде (1,2-шығарма) қиналады
Материалдық және рухани
құндылықтарды заманауи
тұрғыдан салыстыруда (1,2-
шығарма), жаңашылдығына баға
беруде (1,2-шығарма) қателеседі
Материалдық және рухани
құндылықтарды заманауи тұрғыдан
салыстырады (1,2-шығарма),
жаңашылдығына баға береді (1,2-
шығарма)
23
Бөлім «Қиял мен шындық»
Оқытылатын шығарма Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ»
«Дабыл» фантастикалық әңгімелері
Оқу мақсаты 8.3.1.1 Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес
басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және
көркемдік құндылығын бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманың тақырыбы мен идеясын
салыстырады, тарихи және көркемдік
құндылығын бағалайды
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма 1. Ж. Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» әңгімелерін тақырыбы мен идеясы
жағынан салыстырыңыз.
Тақырыбы
«Айдағы жасырынбақ» «Дабыл»
Идеясы
«Айдағы жасырынбақ» «Дабыл» 2. Шығармалардың тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз.
24
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығарманың тақырыбы
мен идеясын
салыстырады, тарихи
және көркемдік
құндылығын бағалайды 1
шығармалардың тақырыбы мен
идеясын салыстырады; 1-шығарма 2-шығарма 1111 2
шығармалардың тарихи және
көркемдік құндылығына баға береді; 1-шығарма 2-шығарма 1111
Барлығы 8
25
«Қиял мен шындық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ»,
«Дабыл» фантастикалық әңгімелері
Білім алушының аты-жөні _______________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығарманың тақырыбы мен
идеясын салыстырады,
тарихи және көркемдік
құндылығын бағалайды
Шығармалардың тақырыбы мен
идеясын салыстыруда (1,2-
шығарма), тарихи және көркемдік
құндылығына баға беруде (1,2-
шығарма) қиналады
Шығармалардың тақырыбы мен
идеясын салыстыруда (1,2-
шығарма), тарихи және көркемдік
құндылығына баға беруде (1,2-
шығарма) қателеседі
Шығармалардың тақырыбы мен
идеясын салыстырады (1,2-
шығарма), тарихи және
көркемдік құндылығына баға
береді (1,2-шығарма)
26

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь