ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ЖБ Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 8-сынып Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

ЖБ Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 8-сынып Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

97
0

Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
8-сынып
ЖОБА
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні
бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу
жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ
жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің
әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа
да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
ЖОБА
Мазмұны
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар………………………………………………………… 4
Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы» …………………………………………………………………… 4
Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті» ………………………………………………………… 7
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар………………………………………………………. 10
Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары»………………………………………………………………… 10
Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері»……………………………………………………………………………………. 13
Ғарышты игерген ел…………………………………………………………………………………………………………………….. 13
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар………………………………………………………. 16
Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер» ………………………….. 16
Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары», «Жасөспірім және заң»……………………………. 19
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар………………………………………………………. 23
Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті» ………………………………………………………………………………………. 23
Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм»……………………………………………………………………. 26
3
ЖОБА
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы»
Оқу мақсаты 8.1.1.1 Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге
сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау 8.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған
ақпараттан астарлы ойды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Үзінді, дәйексөздер негізінде көтерілетін мәселені
болжайды
• Мәтіндегі ақпараттың астарлы ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Қолдану 15-20 минут
Тапсырма
Мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз.
Келесі жылдан Қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап
өтіледі. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен түркі жазбалары мен мәдени күндерінің
аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл
және жазба ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым
Алдан Смайыл мәлім етті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз
соны осы күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек?
(оқушы болжам жасау үшін кідіріс жасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі)
Мәтінде ары қарай не айтылуы мүмкін? Қандай мәселе көтерілуі мүмкін?
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Осының барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық.
Хаттың негізгі мақсаты – руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми
тұрғыда, салтанатты тұрғыда дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз қажет», – деді ол. Ғалым, осы
ретте, славян елдерінің бізге үлгі көрсетіп келе жатқанына талай жылдың болғанын атап
өтті. «Славян жазуы күнінің халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан
асып кетті. Олар жай ғана өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды.
Әлемде тек қана бір тіл ғана болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған
әлемдегі бүкіл славянтанушы ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада,
Қазақстанның өзінде өткізіп келе жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян
жазбасының күні осы жерде өтті. Ал руна-сына жазуы туралы ештеңе демейміз. Сол
тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз. Одан да бұрын пайда болған көне
жазуымыз бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дәлелдеуінше, грек әліпбиіне, кириллицаға негіз
болған руна жазуын неге дәріптемейміз деп іштей толғанатынбыз», – деп ой бөлісті
түркітанушы.
Өз жауабыңызбен салыстырыңыз.
Шын мәнінде, мәтінде қандай мәселе көтерілді?
Ғалым не үшін қынжылады? Ол қандай ұсыныс білдірді?
4
ЖОБА
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Осыған байланысты ғалымдар таяуда тағы да республика Премьер-министріне
сауал жолдаған. Олар сына жазуының, жалпы түркі жазбаларының тарихын мектепте
және жоғары оқу орындарында тереңдеп болмаса да, жеткілікті деңгейде оқыту қажеттігін
алға тартқан. Ол үшін арнайы ғылыми-әдістемелік бағдарлама әзірлеу керек. «Екіншіден,
Қазақстанда жыл сайын сына жазуы күнін атап өтуіміз керек. Осыған тек қана біз емес,
түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесі, халықаралық түркі академиясы, түркі
тілдес елдердің парламенттік ассамблеясының күшін біріктіре отырып, түркі әлемінде
өткізу туралы ұсыныс жасаған едім. Біздің ұсынысымызды мақұлдаған жауап алып
отырмыз», – деп сөзін түйіндеді түркітанушы ғалым.
Ғалымның «мақұлдаған жауап алдық» дегені нені аңғартады? Сіздіңше, мәселенің шешімі
қандай болды?
Бағалау критерийі № тап
сырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Үзінді, дәйексөздер
негізінде көтерілетін
мәселені болжайды 1
көтерілген мәселені болжайды; 11
Мәтіндегі ақпараттың
астарлы ойын анықтайды 2 берілген сұрақтарға жауап береді;
жауапты болжамымен салыстырады; 11 3 мәтіндегі астарлы ойды анықтайды. 1 1
Барлығы 6
5
ЖОБА
«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Үзінді, дәйексөздер негізінде
көтерілетін мәселені болжайды
Көтерілген мәселені болжауда
қиналады
Көтерілген мәселені болжауда
қателеседі
Көтерілген мәселені болжайды
Мәтіндегі ақпараттың астарлы
ойын анықтайды
Берілген сұрақтарға жауап
беруде, жауапты болжамымен
салыстыруда, мәтіндегі астарлы
ойды анықтауда қиналады
Берілген сұрақтарға жауап беруде,
жауапты болжамымен салыстыруда,
мәтіндегі астарлы ойды анықтауда
қателік жібереді
Берілген сұрақтарға жауап
береді, жауапты болжамымен
салыстырады, мәтіндегі
астарлы ойды анықтайды
6
ЖОБА
Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті»
Оқу мақсаты 8.2.4.1 Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық
стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу,
сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау 8.3.1.1 Тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік
жоспар құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау,
талқылау), құрылымын салыстыра талдайды
• Берілген тақырып негізінде тезистік жоспар құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Қолдану 15-20 минут
Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. 1-мәтін
«Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және
мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі – құндылықтар, ал
басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның
жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі – құндылық бағдар.
Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты
қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің
соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар
болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу,
жемқорлық, өлтіріп кету сияқты келеңсіздіктер толып жатыр. Адамзаттың ең асылы
«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?
Көпшілігі «заманына қарай адамы» деген принциппен өмір суруде. Ал заманды құрайтын
адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі
әлемді сақтап қалатын бірден-бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз.
Рухани-адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін-өзі тану» жобасының
авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол
іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек
жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті… 2-мәтін
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде, ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды
ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз
құндылықтарымызға назар аудара бермейміз. Ойланып көріңізші, сіздің қандай
құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі,
түсінігі мол керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды
қасиеттерге жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді,
еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін
құндылықтары. Сіздің үйіңіз, материалдық жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз,
хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында. Болмысыңыз бен пішініңіз,
сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз – құндылықтың бір түрі. Сонымен қатар іске аспай
жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды
7
ЖОБА
табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар… 1. Екі мәтінді салыстырыңыз. 1-мәтін 2-мәтін
Мәтіндердің стилі қандай? Себебі неде?
Мәтіндердің тақырыбы қандай?
Мәтіндердің түрлері қандай? Неге олай?
Мәтіндердің құрылымы қандай? Неге? 2. Сіз тәрбие сағатында «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті» тақырыбында
баяндама оқығалы жатырсыз. Баяндамаңыздың тезистік жоспарын жасаңыз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндердің
тақырыбын, түрін
(әңгімелеу, сипаттау,
талқылау), құрылымын
салыстыра талдайды 1 2
мәтіндердің стильдерін ажыратады;
тақырыбын анықтайды;
түрін анықтайды;
құрылымын салыстырады; 1111
Берілген тақырып
негізінде тезистік
жоспар құрады
тақырып бойынша жоспар құрады; 1
тезистік жоспарды талапқа сай құрады. 1
Барлығы 6
8
ЖОБА
«Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндердің тақырыбын,
түрін (әңгімелеу, сипаттау,
талқылау), құрылымын
салыстыра талдайды
Мәтіндердің стилін, тақырыбын,
түрін, құрылымын салыстыруда
қиналады
Мәтіндердің стилін, тақырыбын,
түрін, құрылымын салыстыруда
қателеседі
Мәтіндердің стилін, тақырыбын,
түрін, құрылымын дұрыс
салыстырады, талдайды
Берілген тақырып негізінде
тезистік жоспар құрады
Берілген тақырып негізінде
тезистік жоспар құруда
қиналады
Берілген тақырып негізінде тезистік
жоспар құруда қателеседі
Берілген тақырып негізінде
тезистік жоспарды талапқа сай
құрады
9
ЖОБА
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары»
Оқу мақсаты 8.1.5.1 Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен
қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой
тұжырымдау 8.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік)
талдай отырып, негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
• Перифраз түріндегі сұрақтарға жауап беруде
мәтіннен қажетті ақпаратты табады
• Көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік)
анықтап, ой тұжырымдайды
• Мәтінде көтерілген мәселені, негізгі ойды анықтайды
Қолдану 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық
Қазақстанда жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие
екенінен бейхабар.
Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін,
заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге
болады.
Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100
мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.
Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары
оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. – Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие бола ма,
жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық түрлері
барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп
ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Түйіндемемді арқалап қанша
жерге бардым. Мектептерде бұл пән бойынша орын толық, сағат жоқ деп шығарып
салады. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап отырмын, – дейді Салтанат.
Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің
көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша оқуға түспейді. Қалаған
мамандығын меңгермеген соң, қолында дипломы болғанымен, жұмыс істеуге құлқы
болмайды.
«Ұрпақ тағдыры – білім» қозғалысының жетекшісі Ерсайынның есебінше, мектеп
бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс таңдайды.
Тағы бір үлкен проблема: қолына диплом алғандардың 90 пайызы өз мамандығына
сай жұмыс таба алмайды. – Қазақстанда мамандықтарға талдау жасалмайды. Ал түлектер тек грантқа ие болуды
ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма, бітірген соң жұмыс таба алады ма, оны
ойламайды. Мектептерде кәсіптік бағдар беру жағы қарастырылмағандықтан,
10
ЖОБА
оқушылардың қолында мамандықтар туралы ақпарат жоқ, түк хабарсыз.
Арнайы зерттеу жүргізбедік, бірақ жылда жоғары білім алған жастардың 10-20
пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны ақша табу үшін
құрылысқа, күзетке орналасады, – дейді Ерсайын. 1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Неге түлектер қажетті кәсіп түрлерінен хабарсыз?
Бұл проблема қалай шешімін таппақ?
Салтанат неліктен бос жүр?
Неге ЖОО-нын бітірген жастардың жұмыс жасауға ниеті жоқ? 2. Ерсайынның пікірінше, оқу бітірген жастардың көп бөлігінің өз мамандығы бойынша
еңбек етпеуінің себебі неде? Өз тұжырымыңызды білдіріңіз. 3. Кестені толтырыңыз.
Мәтінде қандай мәселелер көтерілді? Мәтіннің негізгі ойы қандай?
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Перифраз түріндегі
сұрақтарға жауап беруде
мәтіннен қажетті
ақпаратты табады 1 түрлендіріліп берілген сұраққа жауап
береді;
қажетті ақпаратты анықтайды;
негізгі ақпараттарды табады;
қосымша ақпараттарды анықтайды;
көзқарасты табады; 1 1111
Мәтіндегі көтерілген
мәселені анықтап, ой
тұжырымдайды 2 3
мәтіндегі мәселе бойынша өз ойын
білдіреді; 11
Мәтінде көтерілген
мәселені, негізгі ойды
анықтайды
мәтіндегі мәселені анықтайды;
негізгі ойды анықтайды. 1
Барлығы 8
11
ЖОБА
«Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Перифраз түріндегі
сұрақтарға жауап беруде
мәтіннен қажетті
ақпаратты табады
Түрлендіріліп берілген сұраққа
жауап беруде, қажетті ақпаратты
анықтауда, негізгі ақпараттарды
табуда, қосымша ақпараттарды
анықтауда, көзқарасты табуда
қиналады
Түрлендіріліп берілген сұраққа
жауап беруде, қажетті ақпаратты
анықтауда, негізгі ақпараттарды
табуда, қосымша ақпараттарды
анықтауда, көзқарасты табуда
қателеседі
Түрлендіріліп берілген сұраққа
жауап береді, қажетті ақпаратты
анықтайды, негізгі ақпараттарды
табады, қосымша ақпараттарды
анықтайды, көзқарасты табады
Мәтіндегі көтерілген
мәселені анықтап, ой
тұжырымдайды
Мәтіндегі мәселе бойынша өз ойын
білдіруде қиналады
Мәтінде мәселе бойынша өз ойын
білдіруде қателеседі
Мәтіндегі мәселе бойынша өз
ойын білдіреді
Мәтінде көтерілген
мәселені, негізгі ойды
анықтайды
Мәтіндегі мәселені,
негізгі ойды анықтауда қиналады
Мәтіндегі мәселені,
негізгі ойды анықтауда қателеседі
Мәтіндегі мәселені,
негізгі ойды анықтайды
12
ЖОБА
Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері»
Оқу мақсаты 8.2.3.1 Мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі
арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша
мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған
ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
• Мәтіннің ресімделуі арқылы оның жанрлық
ерекшелігін ажыратады
• Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған
ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис)
жазады
Қолдану 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Ғарышты игерген ел
Ғарыш – алаштың да аяулы арманы еді…
Себебі ғарыш көгінде самғау, шексіздік әлемімен қауышу дүниежүзі елдерінің
әрқайсысының-ақ асыл арманы саналатын. Солардың қатарында ежелден өр туған қазақ та
ғарышқа құлшына қол созды. Армандады… Ел Тәуелсіздігінің қарсаңында сол арманына
жетті де. 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышқа ұшты! Айта салғанға ғана сондай
жеңіл сөз. Ғарышқа ұшу жеңіл болып па еді?! Жеңіл болса, Юрий Гагариннің өзі неге 2500
әскери үздік ұшқыштың арасынан іріктеліп, таңдалып алынды?
Тұңғыш қазақ ғарышкері суы тартылып, тұзды бораны үдеп тұрған Арал теңізінің
аумағын сегіз күн бойы ғарыштан суретке түсірді. Сурет болғанда қандай! Мәскеу ол тұста
«Наны көп Қазақстанға» ел аумағынан түсірілген көлемі 18х18см болатын ғарыштық
суреттің бір данасын мемлекеттік бағамен 30 мың сомға сатқан! (Ол кездегі кеңестің 97
тиыны 1 АҚШ доллары екен.).
Ғарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжірибелерін Талғат
Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында (1994, 1998, 2001 жылдар)
ойдағыдай жүзеге асырды. Зерттеуші-ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес
әрі тұқымдас дақылдың ДНК-сын салып, генетикалық трансплантация жасады.
Салмақсыздық жағдайында «буыны» босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет
ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды.
Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006
жылдың 18 маусымы күні ашылды.
Осы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық тұңғыш «KazSat» Жер серігі
ұшырылды. Аса маңызды тарихи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен
Ресей Президенті Владимир Путин қатысты.
Қараша айында «KazSat» жер бетіне жиілетіп телехабарлар таратып, жедел интернеткоммуникациялық қызмет үлгілерін көрсете бастады. 2007 жылдың аяғында да қазақстандық
Жер серігіне жоспарланған жұмыстың 70 пайызы жүктеліп, ақаусыз әрі қалыпты жұмыс
істеп тұрды.
13
ЖОБА
Талғат Мұсабаевтың қамқорлығымен АҚШ азаматы Деннис Титоның халықаралық
ғарыш кешенінде болып қайтуымен ғарыш саласындағы туризм дәуірінің басталғанын да
көпшілігіміз білеміз. Талғат Мұсабаевтың ашық космоста болған уақыт мерзімінің
ұзақтығына сәйкес Гиннестің рекордтар кітабына кіргені ше… Мұның бәрі де қазақ ғарышы
тарихының жарқын беттерінен алынды!
Күні кеше ғана ғарышта болып қайтқан тағы бір қаһарманымыз – Айдын Айымбетов.
Ол қазір Ұлттық ғарыш агенттігінде кәсібіне сай лайықты қызметін абыроймен атқаруда.
Айдын Айымбетов – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген 1991
жылғы «Қазақстан-Ғарыш» жобасының бүгінгі заңды жалғастырушысы. 1. Кестені толтырыңыз.
Мәтіннің жанры қандай?
Мәтін қалай рәсімделген?
Мәтіннің құрылымы қандай?
Басқа қандай жанрлық ерекшеліктер байқалады? 2. Мәтіндердің мазмұн желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін
жазыңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің ресімделуі арқылы оның
жанрлық ерекшелігін ажыратады 1 2
мәтінннің жанрын
анықтайды; 1
ресімделуін көрсетеді; 1
құрылымын
анықтайды; 1
жанрлық ерекшелігін
анықтайды; 1
Мәтіннің баяндау желісін сақтап,
әр бөлігінен алынған
ақпараттардан жинақы мәтін
(аннотация, тезис) жазады
мазмұнын сақтайды; 1
ақпараттарды әр
бөлігінен алады; 1
мәтінді ықшамдап
қайта жазады. 1
Барлығы 7
14
«Ғарышты игеру жетістіктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің ресімделуі арқылы
оның жанрлық ерекшелігін
ажыратады
Мәтінннің жанрын,
ресімделуін, құрылымын,
жанрлық ерекшелігін анықтауда
қиналады
Мәтінннің жанрын,
ресімделуін, құрылымын,
жанрлық ерекшелігін анықтауда
қателеседі
Мәтінннің жанрын,
ресімделуін, құрылымын,
жанрлық ерекшелігін анықтайды
Мәтіннің баяндау желісін
сақтап, мәтіннің әр бөлігінен
алынған ақпараттардан жинақы
мәтін (аннотация, тезис)
жазады
Мазмұнын сақтауда,
ақпараттарды әр бөлігінен алуда,
мәтінді ықшамдап қайта жазуда
қиналады
Мазмұнын сақтауда,
ақпараттарды әр бөлігінен алуда,
мәтінді ықшамдап қайта жазуда
қателеседі
Мазмұнын сақтайды,
ақпараттарды әр бөлігінен алады,
мәтінді ықшамдап қайта жазады
15
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер»
Оқу мақсаты 8.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және
халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды
қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын дәлелді,
жүйелі жеткізу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
• Тақырыпқа қатысты диалог, монолог, полилог
құрастырады
• Ғылыми терминдер мен деректерді қолданады
Қолдану 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Биоалуандылық деген не?
Жер бетінде бір-біріне ұқсамайтын тіршілік иелері өте көп. Ғаламшарымызда
10 миллионнан астам түр тіршілік етеді. Тірі ағзалардың әркелкілігі «биоалуандылық» деп
аталады. Ол әралуан түрлердің саны мен түр ішіндегі айырмашылықтарды қамтиды.
Биоалуандылық экожүйелердің саулығы үшін өте маңызды. Биоалуандылық: әралуан
түрлердің саны. Түрлер арасындағы айырмашылық. Тұрақты экожүйелер үшін маңызды
әрбір түрдің ерекше рөлі бар, сондай-ақ, түрлердің әралуандығы өзгерістен қорғануға
көмектеседі. Бірақ жаһандық биоалуандылық үлкен қарқынмен азаюда.
Жаһандық биоалуандылық қысқаруда. 2100 жылға қарай шамамен 50-75%-ға қысқарады.
Бұл біздің тіршілігімізге қатты әсер етеді.
Қор
Біріншіден, барлық тағамдарымыз, көптеген дәрілер мен материалдар тірі ағзалардан
алынады. Биоалуандылықтың қысқаруынан болашақ қорларымызға қауіп төнеді.
Тұрақты экожүйелер
Екіншіден, бір биологиялық түрдің жойылуы өзге бір түрдің жойылуына әкеледі.
Әралуан түрлер өсімдіктерді тозаңдау, суды тазалау, топырақты қалпына келтіру, жерді
эррозиядан қорғау және атмосфераны тазарту қызметтерін атқарады. Биоалуандылықтың
қысқаруы экожүйе мен бүкіл қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
Құрметті профессор Уилсон Э.О., Гарвард университеті – «Бізге әрбір түр қажет. Бізге
түрлердің шексіз әралуандылығы қажет. Біз үшін әрбір түр маңызды, себебі олардың
азаюы аймақтың тұрақтылығын бұзады».
Барлық тірі ағзалар өзара тығыз байланысқандықтан, биоалуандылықтың азаюы бүкіл
экожүйені бұзуы мүмкін. Сондықтан өзіміз тірі қалу үшін биоалуандылықты сақтауымыз
керек. Көп адамның ойынша, адамдар Жердегі биоалуандылықты қорғауға моральді
тұрғыда жауапты. 1. Мәтінді тыңдай отырып, тақырыпқа сай ғылыми терминдерді теріп жазыңыз. 2. Мәтінде ғылыми деректер қалай берілген? Қай деректерді маңызды дер едіңіз?
16 3. «Табиғат-ананы аялайық, адамзат!» тақырыбында монолог дайындаңыз. Жоғарыда
берілген ғылыми терминдер мен деректерді қолданыңыз. Өз ойыңызды дәлелді әрі жүйелі
жеткізіңіз.
Бағалау критерийі №
Тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Тақырыпқа қатысты
диалог, монолог,
полилог құрастырады 1 2 3
мәтіннен терминдерді анықтайды; 1
мәтіндегі ғылыми деректерді
анықтайды; 1
маңызды деректерді ажыратады; 1
Ғылыми терминдер мен
деректерді қолданады
ғылыми терминдерді қолданады; 1
ғылыми деректерді орынды
қолданады; 1
тақырыпқа сай монолог
құрастырады; 1
өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді. 1 1
Барлығы 8
17
«Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тақырыпқа қатысты
диалог, монолог,
полилог құрастырады
Мәтіннен терминдерді,
мәтіндегі ғылыми деректерді
анықтауда, маңызды деректерді
ажыратуда қиналады
Мәтіннен терминдерді,
мәтіндегі ғылыми деректерді
анықтауда, маңызды деректерді
ажыратуда қателеседі
Мәтіннен терминдерді,
мәтіндегі ғылыми деректерді
анықтайды, маңызды
деректерді ажыратады
Ғылыми терминдер мен
деректерді қолданады
Ғылыми терминдерді,
ғылыми деректерді орынды
қолдануда, тақырыпқа сай
монолог құрастыруда, өз ойын
дәлелді, жүйелі жеткізуде
қиналады
Ғылыми терминдерді,
ғылыми деректерді орынды
қолдануда, тақырыпқа сай монолог
құрастыруда, өз ойын дәлелді, жүйелі
жеткізуде қателеседі
Ғылыми терминдерді,
ғылыми деректерді орынды
қолданады, тақырыпқа сай
монолог құрастырады, өз ойын
дәлелді, жүйелі жеткізеді
18
Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары», «Жасөспірім және заң»
Оқу мақсаты 8.2.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау,
іріктеп оқу, талдап оқу 8.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе
бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік
тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу
(аргументативті эссе)
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
• Мәтінге комментарий жасап, іріктеп, талдап оқиды
• Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілігін
салыстырып, ойын дәлелді жеткізеді
• Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап жазады
Жоғары деңгей дағдылары 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Қазбалы отындар: қалыптасуы
Біз қазбалы отындарға тәуелдіміз. Көмір, мұнай және табиғи газ әлемдік энергияның
шамамен 90%-ын құрайды. Ғаламдық қазбалы отынның қолданылуы: көмір – 28%; мұнай –
40%; табиғи газ – 20%. Олар әртүрлі күйде болғанымен, барлық үш отын түрі тарихи
кезеңге дейінгі өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан тұратын көмірсутектер.
Бүгінде біз қолданатын отындардың көбі алғашқы динозаврларға дейін миллиондаған
жылдар бұрын өмір сүрген тірі организмдерден қалыптасқан. Бірақ бұл қалдықтар қалайша
қуатты энергетикалық ресурстарды түзе алады? Өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, оны
«фотосинтез» деп аталатын биологиялық процесс арқылы пайдалануға жарамды энергияға
айналдырады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен кейін, оларды микроорганизмдер
шірітіп, ыдыратады. Осы процесс арқылы ежелгі органикалық заттар өзіндегі химиялық
энергиясымен бірге қабаттар астында көміледі. Уақыт өте қысым мен жылу материалды
қысып, құрамынан су сияқты заттарды шығарып, концентрацияланған көміртегін
қалдырады және бүгінде біз білетін қатты, сұйық немесе газ түріндегі қазбалы отындарды
қалыптастырады.
Қазбалы отынның қалыптасуы
Мұнай мен газ теңіз түбіндегі жануарлардың органикалық қалдықтарынан пайда болады.
Көмір, негізі, теңіздік заттардан емес, жердегі өсімдік қалдықтарынан қалыптасқан.
Бүгінде бұл отын терең жер астынан өндіріледі. Қазбалы отын түрлері бізді дайын энергия
көзімен қамтамасыз етеді. Бірақ олар ұзақ қалыптасатын болғандықтан, қазбалы отындар
адам өмірінің кезеңінде алмастырылмайды, яғни олардың энергия көзі ретінде
басымдылығы шектеулі және қалпына келмейді.
19 1. Мәтін бойынша «дұрыс, бұрыс» кестесін толтырыңыз.
Сөйлемдер «+» «–» 1 Қара алтын басқа отын түрлеріне қарағанда көбірек
қолданылады. 2 Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан қазба
байлық түзілмейді. 3 Адамзат кен байлықтарынсыз-ақ күн кеше алады. 4 Бұл үш отын түрі теңіз түбіндегі жануарлардың
органикалық қалдықтарынан пайда болады. 5 Энергияның көп бөлігін газ, мұнай, көмір құрайды. 2. Мәтінде берілген ақпараттар бойынша SWOT-талдау жасаңыз. 3. Берілген үзінді бойынша комментарий жазыңыз.
«Бірақ олар ұзақ қалыптасатын болғандықтан, қазбалы отындар адам өмірінің кезеңінде
алмастырылмайды, яғни олардың энергия көзі ретінде басымдылығы шектеулі және
қалпына келмейді». 4. «Жастар қылмысына не себеп? Кедейлік пе, әлде бос жүріс пе?» тақырыбы бойынша
шағын эссе жазыңыз.
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтінге комментарий
жасап, іріктеп, талдап
оқиды 1 2 3
мәтін бойынша дұрыс берілген
ақпаратты анықтайды;
мәтін бойынша бұрыс берілген
ақпаратты анықтайды;
ақпараттың қаупін талдайды;
ақпараттың мүмкіндігін талдайды;
ақпараттың күшті жақтарын
талдайды;
ақпараттың әлсіз жақтарын
талдайды;
мәтіннен берілген үзіндіге 1 1 11 11 1
20 4
комментарий жазады;
Ұсынылған шешімнің
артықшылығы мен
кемшілігін салыстырып,
ойын дәлелді жеткізеді.
Эссе құрылымы мен даму
желісін сақтап жазады
эссе құрылымын сақтайды;
эссенің даму желісін сақтайды;
ұстанымын анық білдіреді;
мәселені талдайды;
өз ойын дәлелдейді. 11111
Барлығы 12
21
«Қоршаған орта және энергия ресурстары», «Жасөспірім және заң» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ____________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтінге комментарий жасап,
іріктеп, талдап оқиды
Мәтін бойынша дұрыс, бұрыс
берілген ақпаратты анықтауда,
ақпараттың қаупін, мүмкіндігін,
күшті, әлсіз жақтарын талдауда,
мәтіннен берілген үзіндіге
комментарий жазуда қиналады
Мәтін бойынша дұрыс, бұрыс
берілген ақпаратты анықтауда,
ақпараттың қаупін, мүмкіндігін,
күшті, әлсіз жақтарын талдауда,
мәтіннен берілген үзіндіге
комментарий жазуда қателеседі
Мәтін бойынша дұрыс, бұрыс
берілген ақпаратты анықтайды,
ақпараттың қаупін, мүмкіндігін,
күшті, әлсіз жақтарын талдайды,
мәтіннен берілген үзіндіге
комментарий жазады
Ұсынылған шешімнің
артықшылығы мен кемшілігін
салыстырып, ойын дәлелді
жеткізеді.
Эссе құрылымы мен даму
желісін сақтап жазады
Эссе құрылымын, даму желісін
сақтауда, ұстанымын анық
білдіруде, мәселені талдауда,
өз ойын дәлелдеуде қиналады
Эссе құрылымын, даму желісін
сақтауда, ұстанымын анық
білдіруде, мәселені талдауда,
өз ойын дәлелдеуде қателеседі
Эссе құрылымын, даму желісін
сақтайды, ұстанымын анық
білдіреді, мәселені талдайды,
өз ойын дәлелдейді
22
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті»
Оқу мақсаты 8.1.2.1 Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға
байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью,
пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспрессивтіэмоционалды сөздердің рөлін талдау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
• Мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды
• Экспрессивті-эмоционалды сөздердің маңызын
талдайды
Жоғары деңгей дағдылары 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия
Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді.
Қазір әзілсықақ театрларының саны бар, сапасы сын көтермейді деп көп айтылып,
жазылып жүр. Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай? – Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты.
Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар
қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ қасы, тілді дұрыс айтпау, құдақұдағилар сияқты жеңіл-желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ
шашуға да болмайды.
Әзілсықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше
алаңдатады? – Меніңше, театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады.
Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін
сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға шығып алып, өздерін жарнамалауға бейім.
Оны өздері де байқамайды. Бұл – сахналық мәдениетке томпақ нәрсе.
Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге құралған
дүниелер беріліп жатады. Қарасаң, талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте
тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты. Жақсы әзіл арзан күлкіден құралмау
керек. Ол, керісінше, адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.
Кәсіби авторларға тапсырыс бермей, өздері жаза салу, ақша үнемдеу ме, әлде өз
өздеріне деген сенімділік пе? – Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін шығар. Өнер деген – интеллектуалдық жеке
меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек. Бүгін,
мысалы, Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері жазушыларға
қаламақы төленбейді екен. Бұл, былайша айтқанда, нонсенс. Әрине, театрлардың бәрі
бірдей емес.
Расымен де, театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті? – Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не
талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп,
бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер тек құда мен
құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген, шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе
23
орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек. Әрине, оның бәрі
қажет. Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзіл-сықақ театрларында
білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді… 1. Мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді теріп жазыңыз. 2. Кестені толтырыңыз?
Автор көзқарасы қандай? Автор көзқарасы бойынша менің пікірім 3. Автор мәтінде экспрессивті-эмоционалды сөздерді, автор көзқарасын қандай мақсатта
береді? Олардың мәтін мазмұнын ашудағы немесе оқырманға әсерін күшейтудегі маңызы
бар ма? Дәлелдеңіз.
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндегі автор
көзқарасын
анықтайды 1 2 3
мәтіннен экспрессивті-эмоционалды сөздерді
анықтайды;
мәтіннен автор көзқарасын анықтайды;
автор көзқарасы бойынша пікір білдіреді;
мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды
сөздердің рөлін талдайды;
мәтіндегі автор көзқарасының маңызын
талдайды;
өз ойын дәйектермен дәлелдейді. 1 111 11
Экспрессивтіэмоционалды
сөздердің маңызын
талдайды
Барлығы 6
24
«Театр өнері мен мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _____________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндегі автор көзқарасын
анықтайды
Мәтіннен экспрессивтіэмоционалды сөздерді,
автор көзқарасын анықтауда,
автор көзқарасы бойынша пікір
білдіруде қиналады
Мәтіннен экспрессивтіэмоционалды сөздерді,
автор көзқарасын анықтауда,
автор көзқарасы бойынша пікір
білдіруде қателеседі
Мәтіннен экспрессивті-эмоционалды
сөздерді, автор көзқарасын
анықтайды, автор көзқарасы
бойынша пікір білдіреді
Экспрессивті-эмоционалды
сөздердің маңызын
талдайды
Мәтіндегі экспрессивтіэмоционалды сөздердің рөлін,
мәтіндегі автор көзқарасының
маңызын талдауда, өз ойын
дәйектермен дәлелдеуде
қиналады
Мәтіндегі экспрессивтіэмоционалды сөздердің рөлін,
мәтіндегі автор көзқарасының
маңызын талдауда, өз ойын
дәйектермен дәлелдеуде
қателеседі
Мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды
сөздердің рөлін,
мәтіндегі автор көзқарасының
маңызын талдайды, өз ойын
дәйектермен дәлелдейді
25
Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм»
Оқу мақсаты 8.2.1.1 Тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма,
сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру
8.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі
(диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап
жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сызбамен берілген мәтіндегі ақпараттарды талдап,
салыстырады
• Графиктік мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын
анықтайды
• Мәтін құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Қазақстандағы туризм жаңа бағытқа бет бұрды
2015 жылы елімізге келетін шетелдік туристер ағыны 3%-ға қысқарғанымен, 2016
жылы шетелдік қонақтар саны 4%-ға артқан. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық порталы
жазады.
2016 жылдың 6 айында Қазақстанға туристік және іскерлік мақсатта 323 мың адам
келген. Бұған әлемдік туризмдегі тенденциялардың өзгеруі себеп. Негізгі өсім драйвері –
Азия-Тынық мұхит аймағы, бір жыл ішінде бұл жердегі халықаралық туристер саны 9%-ға
артқан.
Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлемі
Туристер ағынының көбеюі қазақстандық туристік нарықтағы табыстың ұлғаюына да
себеп болды. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, жылдық өсім 50%-ды құрады. 2016
жылдың қаңтар-маусым аралығында туристік нарықтағы кәсіпорындары 15,4 млрд теңге
табыс тапты.
26
Қазақстандағы туристік фирмалар табысы
Әсіресе, қытайлық туристер арасында белсенділік байқалып отыр. Олар 2016 жылы
шетелдік туризмдегі шығындарын 20%-ға арттырған. Сондай-ақ, көрші Ресейден, Түркия
және басқа елдерден үлкен туристер ағыны келеді деп болжануда. 1. 2006 жылдың маусым айы мен 2016 жылдың маусым айы аралығындағы Қазақстанда
қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлеміне салыстыру жасаңыз. Туристердің саны артып
не кемуіне не себеп болуы мүмкін? Болжап көріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________ 2. Суреттегі ақпаратты саралай отырып, Қазақстан туризмі туралы мәтін жазыңыз, оған
тақырып қойыңыз.
2017 жыл, қаңтар-қараша
27
Бағалау критерийі №
тапсырма
Дескриптор Балл
Білім алушы
Сызбамен берілген мәтіндегі
ақпараттарды талдап,
салыстырады 1 2
мәтіндегі ақпараттарды
салыстырады; 11
ақпараттың себебіне болжам
жасайды; 11
Графиктік мәтіндегі
деректердің маңызды
тұстарын анықтайды.
Мәтін құрылымын сақтайды
мәтіндегі ақпаратты саралайды; 1
сурет негізінде мәтін жазады; 1
мәтіннің құрылымын сақтайды. 1
Барлығы: 7
28
«Қазақстандағы туризм және экотуризм» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні __________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Сызбамен берілген мәтіндегі
ақпараттарды талдап,
салыстырады
Мәтіндегі ақпараттарды
салыстыруда,
ақпараттың себебіне болжам
жасауда қиналады
Мәтіндегі ақпараттарды салыстыруда,
ақпараттың себебіне болжам жасауда
қателеседі
Мәтіндегі ақпараттарды
салыстырады,
ақпараттың себебіне болжам
жасайды
Графиктік мәтіндегі
деректердің маңызды
тұстарын анықтайды.
Мәтін құрылымын сақтайды
Мәтіндегі ақпаратты саралауда,
сурет негізінде мәтін жазуда,
мәтіннің құрылымын сақтауда
қиналады
Мәтіндегі ақпаратты саралауда,
сурет негізінде мәтін жазуда,
мәтіннің құрылымын сақтауда
қателеседі
Мәтіндегі ақпаратты саралайды,
сурет негізінде мәтін жазады,
мәтіннің құрылымын сақтайды
29
30

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь