ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ЖБ Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 3-сынып Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік...

ЖБ Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 3-сынып Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

14102
0

ПОЛНЫЙ ВАРИАНТ:  

_____________________________________________

Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде емес)
3-сынып
1
ЖОБА
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту
қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау,
ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар
(орыс тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ
тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын
жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды
өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен
балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық
бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім
беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік
үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
ЖОБА
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ……………………… 4
«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ………………………………………………….. 4
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……………………… 7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………………………………………………… 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ……………………. 17
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ……………………………………………………………… 17
«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау …………………………………………………….. 20
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………………………………………………… 23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ……………………. 29
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ………………………………………………………………… 29
«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау………………………………………………. 32
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………………………………………………… 35
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ……………………. 41
«Су — тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ………………………………………………. 41
«Демалу мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……………………………. 44
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………………………………………………… 47
3
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты
3.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму
желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте
толтыру/ мазмұндау
3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және
сөйлеу барысында қолдану
3.2.2.1 Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
• Тақырыпқа қатысты сөздерді анықтайды және
қолданады
• Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырманы орында.
• Қасқырды неліктен «дала санитары» деп атайды?
А) Өйткені олардың тұмсығы иісті жақсы сезеді.
В) Өйткені олардың тырнақтары өткір болады.
С) Өйткені олар ауру жануарлармен қоректенеді. D) Өйткені олар он бес-он алты жыл өмір сүреді.
• Кестедегі сұрақтарға жауап бер. Кестеге тірек сөздерді жаз.
Қасқыр қандай
аң?
Қасқырдың
сыртқы сипаты
қандай?
Қасқыр қай
жануарға
ұқсайды?
Қасқырдың
баласын қалай
атайды?
2-тапсырма
Қасқыр туралы әңгімеле. Кестедегі сөздерді қолдан.
Қасқыр – күшті, жыртқыш аң. Оның аяқтары ұзын. Түсі сұр, қара болады.
Денесі итке ұқсайды. Ол иісті жақсы сезеді.
Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді. Қасқырдың баласын «бөлтірік» деп
атайды. Қасқыр – дала санитары, өйткені олар ауру және әлсіз жануарлармен
қоректенеді.
4
ЖОБА
Бағалау
критерийі
Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтін мазмұны
бойынша
сұрақтарға жауап
береді
Тақырыпқа
қатысты сөздерді
анықтайды және
қолданады 1
берілген сұрақтың жауабын анықтайды; 1
мәтіннен сұраққа сәйкес тірек сөздерді
анықтайды: 1-сұраққа сәйкес сөздер 2-сұраққа сәйкес сөздер 3-сұраққа сәйкес сөздер 4-сұраққа сәйкес сөздер 1111
Тірек сөздерге
сүйеніп
әңгімелейді 2
тақырыпқа сәйкес мәтін құрап айтады; 1
тірек сөздерді орынды қолданады; 1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. 1
Жалпы балл 8
5
«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға
жауап береді
Тақырыпқа қатысты
сөздерді анықтайды
және қолданады 1
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап беруде және
мәтіннен тірек сөздерді
анықтауда қиналады.
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап беруде/
мәтіннен тірек сөздерді
анықтауда қателіктер жібереді.
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап береді және
тірек сөздерді анықтайды.
Тірек сөздерге сүйеніп
әңгімелейді 2
Берілген тірек сөздердің
негізінде мәтін құрауда
қиналады.
Тақырыпқа сәйкес мәтін құрауда
/ тірек сөздерді қолдануда/ тілдік
нормаларды сақтап сөйлеуде
қателіктер жібереді.
Берілген тірек сөздердің
негізінде мәтін құрап айтады.
6
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата,
мақал-мәтелдер) ажырату,баяндау/ сипаттау мәтіндерін
анықтау
3.3.2.1 Жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан
құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
3.5.1.2 Өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/ септік/
жіктік жалғаулы сөздерді ауызша және жазбаша тілде
қолдану
3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі
сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас
сөйлем құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің түрін ажыратады
• Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
• Көптік жалғаулы сөздерді анықтайды
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
• Мәтінге сәйкес сөйлемдерді белгіле ().
Әжейге мектеп оқушылары келеді.
Әжей балаларға тамақ дайындайды.
Қыздар әжейдің бөлмесін жинайды.
• Мәтіннің түрін анықта.
Кәрі әже
Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде кәрі әжей тұрады. Бірақ ол үйде жалғыз
болмайды. Оған мектеп оқушылары келіп тұрады. Қыздар әжейдің бөлмесін жинайды.
Ұлдар дүкеннен азық -түлік әкеледі. Әжей балаларға қызық әңгімелер айтады. Олар
қызыға тыңдайды.
сипаттау мәтіні әңгімелеу мәтіні пайымдау мәтіні
7
ЖОБА
• Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? Жаз. ______________________________________________________________
2-тапсырма
Мәтіннен көптік мағынада тұрған 2 сөз тауып жаз. Бір сөзбен сөйлем құрастырып
жаз. ______________________________________________________________ ______________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі ойды
анықтайды 1
мәтінге сәйкес сөйлемдерді анықтайды: 1-сөйлем 2-сөйлем 11
мәтіннің түрін анықтайды; 1
мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды; 1
Көптік жалғаулы
сөздерді анықтайды
Сөйлемдегі сөздердің
орын тәртібін
сақтайды 2
көпше түрдегі сөздерді анықтайды; 1
көпше түрдегі сөзді қатыстырып сөйлем
құрастырады; 1
сөйлемнің құрылымын сақтайды. 1
сөйлемді қатесіз жазады. 1
Жалпы балл 8
8
ЖОБА
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндегі негізгі ойды
анықтайды 1
Мәтіннің мазмұнына
сәйкес сөйлемдерді
табуда, мәтіннің негізгі
ойын анықтауда
қиналады.
Мәтіннің мазмұнына сәйкес
сөйлемдерді анықтауда/
мәтіннің негізгі ойын
тұжырымдауда қателеседі.
Мәтіннің мазмұнына сәйкес
сөйлемдерді табады, мәтіннің
негізгі ойын анықтайды.
Көптік жалғаулы
сөздерді анықтайды
Сөйлемдегі сөздердің
орын тәртібін сақтайды 2
Мәтіннен көптік
жалғаулы сөздерді тауып,
сөйлем құрастыруда
қиналады.
Мәтіннен көптік жалғаулы
сөздерді анықтауда/ сөйлемнің
құрылымын сақтауда
қателіктер жібереді.
Мәтіннен көптік жалғаулы
сөздерді тауып, сөйлем
құрастырады.
9
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 3- сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша бастауыш
мектепке арналған оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы), 1-4
сыныптар
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут
Балл саны — 16 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа
және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым, екінші тапсырма айтылым дағдысын, үшіншісі оқылым
дағдысын, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
10
ЖОБА
№ Ортақ
тақырыптар
Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл 1 Жанды табиғат
Жақсыдан
үйрен,
жаманнан
жирен (жарық
пен қараңғы)
Тыңдалым 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын
сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын
мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин)
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және
сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар
орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау
Білім алушы ашық
түрдегі қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырманы
орындайды. 1 4 2 Айтылым 3.2.4.1 Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек
сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып
мазмұндау 3.2.5.1 Оқылған/тыңдалған материал бойынша өз
пікірін (менің ойымша …, менің көзқарасым
бойынша …, себебі …) дәлелдеу
Білім алушы ашық
түрдегі толық
жауапты қажет
ететін тапсырманы
орындайды. 1 4 3 Оқылым 3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт
жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату,
әңгімелеу/ сипаттау мәтіндерін анықтау
3.3.2.1 Жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан
құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
Білім алушы жабық
түрдегі көп таңдауы
бар тапсырманы
орындайды. 1 4 4 Жазылым 3.4.5.2Дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін
сөздерді емлесін сақтап жазу
3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және
құрмалас сөйлем құру
Білім алушы ашық
түрдегі қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырманы
орындайды. 1 4
Жалпы балл 4 16
11
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тапсырма
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
• Мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің ретін көрсет (1,2,3,4,5).
• Сұрақтарға жауап бер. Кестеге тиісті сөздерді жаз.
Ажар үйге қандай құсты
алып келді?
Ажар құсты қалай күтті? Ажар неге қуанды? [4]
Жаралы құс
Ажар жаралы құсты көріп, үйге алып келді. Жарасына йод жағып, байлап
қойды. Құсты қорапқа салды. Алдына жем, су қойды. Бірнеше күннен кейін құс үйдің
ішінде ұша бастады. Ажар құсты далаға алып шықты. Құс ұшып кетті. Ажар оған ұзақ
қарап тұрды. Ол қуанды.
12
ЖОБА
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат 1 1
Жаралы құсты/ жаралы 1 Тапсырманың мазмұнына
сәйкес баламалы, қысқа
және толық жауаптар
қабылданады.
Жарасына йод жақты/жарасын
байлады/жем-су берді/ 1
Жарасы жазылғаны үшін/ Құстың
жарасы жазылғанына қуанды/ құстың
ұша алғаны үшін/… 1
Жалпы балл 4
Айтылым
2. Жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт. Тірек сөздерді пайдалан.
Тірек сөздер: жараланған құс, йод жақты, байлады, ұша бастады, жем, су, жазылды, алысқа
ұшып кетті, қуанды
Жоспар:
1. Жаралы құс
2. Ажардың қамқорлығы
3. Қуаныш
• Ажар қандай қыз деп ойлайсың? Неліктен? [4]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат 2
Білім алушының ықтимал жауабы:
Ажар ауладан жаралы құс көрді. Оны
үйге алып келді. Жараға йод жақты,
оны байлады. Содан соң құсқа тамақ
берді. Құстың жарасы жазылды.
Ажар құсты далаға шығарды. Құс
ұшып кетті. Ажар қуанды. 1 Мәтіннің мазмұнын жоспарға
сәйкес, жүйелі баяндайды. 1 Тірек сөздерді орынды
қолданады. 1 Тілдік нормаларды сақтап
сөйлейді.
Ажар-мейірімді қыз. Ол жаралы
құсқа көмектесті/Ажар қанаты
сынған құсқа жақсылық жасады.
Ажар маған ұнайды. 1 Сұраққа сәйкес дәлелді пікір
айтады.
Жалпы балл 4
13
ЖОБА
Оқылым
3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
• Кейіпкерлер мен олардың іс-әрекетін сәйкестендір.
• Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле ().
• Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын сөзді анықта. [4]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат 3 1 Әр дұрыс сәйкестікке
1балл қойылады. 1
әңгіме 1
қамқорлық 1
Атасы мен немересі
Саматтың атасы қартайды. Оның аяғы ауыратын болды. Көзі де дұрыс көрмейді.
Самат атасына көмектеседі. Атасын далаға ертіп шығады. Қолына су құяды.
Сүлгісін әпереді. Атасының төсегін салады. Көрпесін жабады.
Атасы немересіне алғыс айтады.
мақал-мәтел бата әңгіме тұрмыс-салт жырлары
Атасы
Самат
Далаға ертіп шығады.
Далада доп ойнайды.
Алғыс айтады.
әдептілік қамқорлық адалдық мейірімділік
14
ЖОБА
Жалпы балл 4
Жазылым
4. Сөздерге «ы», «і» әріптерінің тиістісін қосып, сөзді өзгертіп жаз.
Кез келген сөзбен бір сөйлем құрастырып жаз.
___________________________________________________________________________ [4]
Аяқ — _______________________ Төсек — _________________________
15
ЖОБА
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат 4
аяғы 1
төсегі 1
Білім алушының ықтимал
жауаптары:
Саматтың атасының аяғы
ауырады/ Үстелдің төрт аяғы бар/
Менің төсегім үлкен… 1
Тапсырманың мазмұнына
сәйкес баламалы сөйлемдер
қабылданады.
Сөйлемнің құрылымын
сақтайды. 1 Сөйлемдегі сөздерді қатесіз
жазады .
Жалпы балл 4
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
16
ЖОБА
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер
мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі
сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.2.2.1 Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын
ажыратады
• Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
• Мәтінге сәйкес екі сөйлемді белгіле ().
Ол үшінші сыныпта оқиды.
Ол бос уақытында киноға барады.
Ол өзінің уақыт кестесін жасады.
• Сұрақтарға қысқаша жауап жаз. 1) Айдар таңертең сағат нешеде тұрады? __________ 2) Ол кешке сағат нешеде ұйықтайды? __________
2-тапсырма
Уақыт кестесін құрудың қандай пайдасы бар? Тірек сөздерге сүйеніп, әңгімеле.
Тірек сөздер:
Күн тәртібін сақтау, бос уақыт, уақытты дұрыс пайдалану, уақытты дұрыс бөлу,
жұмыс пен демалысты реттеу, уақытты босқа өткізбеу.
Менің атым – Айдар. Жасым сегізде. Мен үшінші сыныпта оқимын. Уақытты
дұрыс пайдалану үшін күн тәртібі кестесін жасадым. Таңертең сағат 7-де тұрамын.
Төсегімді жинаймын. Беті-қолымды жуып, таңғы асымды ішемін. Киініп, мектепте
барамын. Мен бірінші аусымда оқимын. Сағат 8-де сабақ басталады. Үйге келіп, түскі
асымды ішемін. Біраз демаламын. Далаға шығып, серуендеймін. Үй тапсырмасын
орындаймын. Бос уақытымда теледидар көремін. Ұйықтар алдыңда кітап оқимын.
Сағат 10-да ұйықтаймын.
17
ЖОБА
Бағалау
критерийі
Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Шағын мәтіндегі
сөйлемдердің
мағынасын
ажыратады 1
мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді
анықтайды; 1-сөйлем 2-сөйлем 11
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға
жауап береді: 1-сұрақ 2-сұрақ 11
Тірек сөздерге
сүйеніп
әңгімелейді 2 тақырыпқа сәйкес ойын айтады; 1
тірек сөздерді орынды қолданады; 1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды. 1
Жалпы балл 7
18
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шағын мәтіндегі
сөйлемдердің
мағынасын
ажыратады 1
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап беруде,
мәтін мазмұнына сәйкес
сөйлемдерді анықтауда
қиналады.
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап беруде/ мәтін
мазмұнына сәйкес сөйлемдерді
анықтауда қателеседі.
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтарға жауап береді, мәтін
мазмұнына сәйкес сөйлемдерді
анықтайды.
Тірек сөздерге сүйеніп
әңгімелейді 2
Берілген тірек сөздердің
негізінде тақырып бойынша
сөйлеуде қиналады.
Берілген тақырыпқа сәйкес
сөйлеуде/ тірек сөздерді
қолдануда/ тілдік нормаларды
сақтауда қателіктер жібереді.
Тірек сөздерді қолдана отырып,
берілген тақырыпқа сәйкес
ойын айтады.
19
ЖОБА
«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін
нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?)
құрастыру және оған жауап беру
3.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/ісқимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің
мағынасын ажырату, ауызша және жазбаша тілде
қолдану
3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі
сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас
сөйлем құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап
береді
• Заттың сынын білдіретін сөздерді орынды қолданады
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
• «Бәйтерек» сөзі қандай мағынаны білдіреді? _____________________________
• Қандай? қай? қашан? қайда? сұрақтарын қолданып, мәтін бойынша 1 сұрақ
құрастырып жаз.
___________________________________________________________________
Астанадағы «Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынған. Оның биіктігі- 97 метр. Ғимарат үш бөліктен тұрады. Жоғарғы жағында алтын түсті шар орналасқан.
Аңыз бойынша ол самұрық құстың жұмыртқасы деп саналады. Бәйтерек «өмір
ағашы» деген мағынаны білдіреді. «Бәйтерек» монументі — Астана қаласының символы.
20
ЖОБА
2-тапсырма
Суретке қара. Бөлмені 4-5 сөйлеммен сипаттап жаз.
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтар
қойып, жауап береді 1
мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа
жауап береді; 1
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ
құрастырады; 1
Заттың сынын білдіретін
сөздерді орынды
қолданады
Сөйлемдегі сөздердің
орын тәртібін сақтайды 2
сипаттау сөздерді орынды қолданады; 1
сөйлемдердің құрылымын сақтайды; 1
сөйлемдерді қатесіз жазады; 1
бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс
қолданады. 1
Жалпы балл 6
21
ЖОБА
«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтар
қойып, жауап береді 1
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтар
құрастыруда және
сұрақтарға жауап беруде
қиналады.
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтар құрастыруда/ мәтін
бойынша сұрақтарға жауап
беруде қателеседі.
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақтар қояды және
сұрақтарға дұрыс жауап
береді.
Заттың сынын
білдіретін сөздерді
орынды қолданады
Сөйлемдегі сөздердің
орын тәртібін сақтайды 2
Суретті сипаттайтын
сөйлемдер құрастырып
жазуда қиналады.
Сөйлемдердің құрылымын
сақтауда/ сын есімдерді
қолдануда/ бас әріп пен
тыныс белгілерін қоюда
қателіктер жібереді.
Суретті сипаттайтын
сөйлемдер құрастырып
жазады.
22
ЖОБА
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың
мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша бастауыш
мектепке арналған оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы), 1-4
сыныптар
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут
Балл саны — 16 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа
және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі — айтылым, үшіншісі — оқылым, төртіншісі
жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
23
ЖОБА
№ Ортақ
тақырып
Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл 1 Сәулет өнері
Уақыт
Тыңдалым 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі
қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен
құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің
мазмұнын түсіну
3.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/
сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер
мен көмекші сөздердің мағынасын ажырату,
ауызша және жазбаша тілде қолдану
Білім алушы ашық
түрдегі қысқа
жауапты қажет етенін
тапсырманы
орындайды. 1 4 2 Айтылым 3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді
табу және сөйлеу барысында қолдану 3.2.3.1 Белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу
және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын
толықтыру
Білім алушы ашық
түрдегі қысқа және
толық жауапты қажет
ететін тапсырманы
орындайды. 1 4 3 Оқылым 3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің ісәрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай?
қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап
беру
Білім алушы ашық
түрдегі қысқа жауапты
қажет ететін
тапсырманы
орындайды. 1 4 4 Жазылым 3.4.2.1 Оқыған/аудио/бейне материалдың
мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
3.4.3.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына
қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін
(нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану
Білім алушы ашық
түрдегі толық жауапты
қажет ететін
тапсырманы
орындайды. 1 4
Жалпы балл 4 16
24
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
• Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.
«Думанда» бар.
Керекті сөздер: аквариум, көрме, жануарлар
• «Думанға» жыл сайын қанша тонна тұз әкелінеді? Белгіле ().
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат 1
көрме 1
аквариум 1
жануарлар/… 1 Балықтар/тасбақалар/сегізаяқтар
жауаптары да қабылданады. 120 1
Жалпы балл 4
Астанада «Думан» ойын сауық орталығы бар. Ол 2003 жылы ашылды. Бұл
Қазақстандағы жалғыз мұхитарал. Оған жыл сайын Қызыл теңізден 120 тонна тұз
әкеледі. Мұхитарал үлкен және әдемі кешен. «Думанда» 3 үлкен көрме және 31 аквариум бар.
Бүгін жексенбі. Біз отбасымызбен «Думанға» бардық. Кассадан билет алып, ішіне
кірдік. Онда акулалар, неше түрлі балықтар, тасбақалар мен сегізаяқтар бар екен. Біз
оларды көріп, тамашаладық.
үш үлкен __________________________
отыз бір __________________________
неше түрлі _______________________ 31 120 3
25
ЖОБА
Айтылым
Жұптық жұмыс
2. «Еліміздің ғимараттары» тақырыбында диалог құрастыр. Сипаттау сөздерін
қолдан. [4]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат 2
Білім алушының ықтимал жауабы:
Қанат, сен еліміздегі қандай
ғимараттарды білесің? -Мен Қожа Ахмет Ясауидың
кесенесін көрдім. -Ол қайда орналасқан? -Түркістан қаласында — Кесене қандай? — Биік күмбезді, үлкен, әдемі.
Бірнеше бөлмеден тұрады. 1
Тақырыпқа сәйкес болатын
кез келген диалог
қабылданады.
Тақырыпқа сәйкес сұрақтар
қояды. 1 Сұрақтарға лайықты жауап
береді. 1 Сипаттау сөздерін
қолданады. 1 Сөйлемдердің құрылымын
сақтайды.
Жалпы балл 4
Оқылым
3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
• Құмырсқа неліктен жақсы оқыды?_______________________________________
• Әр кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты бір сұрақ құрастырып жаз. 1) Өзің құрастырған сұрақтың біреуіне жауап жаз.___________________________ ____________________________________________________________________ [4]
Құмырсқа мен қоңыз бір сыныпта оқып жүрді. Құмырсқа жақсы оқиды. Ал
қоңыздың күнделігі нашар бағаға тола берді. Бір күні ол құмырсқадан: — Сенің жақсы оқуыңның сыры неде? – деп сұрады. — Оның сыры уақыт кестесінде, — деді құмырсқа. — Уақыт кестесі деген не? – деп таң қалды қоңыз. — Ол уақытты дұрыс бөлу, тиімді пайдалану, — деді құмырсқа.
Қоңыз өзінің уақыт кестесін жасады. Бірақ оның көп бөлігін ойынға арнады.
26
ЖОБА
Балл қою кестесі
Тапсырма
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат 3
Білім алушының ықтимал жауаптары:
Себебі, ол уақытын дұрыс пайдаланады/
Ол уақыт кестесін дұрыс жасаған/Ол әр
іске уақытын дұрыс бөледі/ 1
Тапсырманың
мазмұнына сәйкес
баламалы, қысқа және
толық жауаптар
қабылданады.
Құмырсқа қалай оқиды?/Ол уақытын
қалай пайдаланады?/… 1 Мәтіннің сәйкес баламалы мазмұнына
сұрақтар мен жауаптар
қабылданады.
Қоңыздың күнделігі қандай бағаға
толды?/Ол құмырсқадан не туралы
сұрады?/Қоңыз уақытын қалай бөлді?/… 1
Құмырсқа жақсы оқиды/Ол уақытын
дұрыс бөледі/Қоңыздың күнделігі нашар
бағаға толды/Ол құмырсқадан жақсы
оқуының сырын сұрады/Қоңыз
уақытының көбін ойынға арнады/… 1
Жалпы балл 4
Жазылым
4. Құмырсқа мен қоңыз туралы мәтіннің мазмұнын жаз. Тірек сөздерді қолдан.
Тірек сөздер: құмырсқа мен қоңыз, бір сыныпта оқыды, жақсы, нашар, сырын
сұрады, уақыт кестесін жасады, уақытты дұрыс бөлді, таңғалды, ойынға бөлді. [4]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
4
Білім алушының ықтимал жауабы:
Қоңыз бен құмырсқа бір сыныпта
оқиды. Құмырсқа жақсы, ал қоңыз
жаман оқиды. Оның күнделігі
нашар бағаға толады. Қоңыз
құмырсқадан жақсы оқуының
сырын сұрайды. Құмырсқа
уақытты дұрыс бөлу керек дейді.
Қоңыз өзіне уақыт кестесін
жасайды. Бірақ көп уақытты ойынға
бөледі. 1
Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін сақтай отырып,
мазмұнын жүйелі жазады. 1 Сөйлемдердің құрылымын
сақтайды. 1 Тірек сөздерді орынды
қолданады. 1
Орфографиялық нормаларды
сақтайды (3 қатеден артық
емес).
Жалпы балл 4
27
ЖОБА
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
28
ЖОБА
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 3.1.4.1 Тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және
жағымсыз кейіпкерлерді,мұғалімнің қолдауымен
оқиғалар ретін анықтау
3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және
сөйлеу барысында қолдану
3.2.4.1 Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер
негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің тақырыбын және оқиғалар ретін анықтайды
• Тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтайды
• Мәтін мазмұнын тірек сөздердің көмегімен баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
• Мәтін кім туралы? ___________________________________
• Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін көрсет (1,2,3).
Қорқыт ата – ұлы сазгер, қобызшы. Ол туралы аңыздар өте көп. Аңыз бойынша
Қорқыт ата қобызбен күй тартқанда, суға батпайды екен. Оның күйін естіген кезде
адамдар мен жан-жануарлар тоқтай қалып, тыңдапты. Бірде Қорқыт ата ұйықтап
кеткенде, оны жылан шағып алыпты.
Қазір Қызылорда облысында Қорқыт атаға арналған кесене бар. Одан қобыздың
үні естіліп тұрғандай болады.
Қорқыт ата шаршап, ұйықтап кетеді.
Қорқыт ата көп уақыт қобыз тартады.
Қорқыт атаны жылан шағып алады.
29
ЖОБА
2-тапсырма
Мәтінде кездесетін сөздерді белгіле (). Тірек сөздерді қолданып, Қорқыт ата
туралы мәтіннің мазмұнын айт.
Бағалау
критерийі
Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің
тақырыбын және
оқиғалар ретін
анықтайды 1
мәтіннің тақырыбын анықтайды; 1
мәтін бойынша сөйлемдердің ретін
анықтайды; 1
Тақырыпқа
қатысты тірек
сөздерді
анықтайды
Мәтін мазмұнын
тірек сөздердің
көмегімен
баяндайды 2
тақырыпқа қатысты сөздерді анықтайды: 1-сөз 2-сөз 11
мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды; 1
тірек сөздерді орынды қолданады; 1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды. 1
Жалпы балл 7
домбыра күй қобыз әнші
30
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің тақырыбын
және оқиғалар ретін
анықтайды 1 Мәтіннің тақырыбын және
мәтіндегі оқиғаның ретін
анықтауда қиналады.
Мәтіннің тақырыбын/ мәтіндегі
оқиғаның ретін анықтауда
қателеседі.
Мәтіннің тақырыбын және
оқиғаның ретін дұрыс
анықтайды.
Тақырыпқа қатысты
тірек сөздерді
анықтайды
Мәтін мазмұнын тірек
сөздердің көмегімен
баяндайды 2 Тақырыпқа қатысты сөздерді
анықтауда және мәтіннің
мазмұнын айтуда қиналады.
Тақырыпқа қатысты сөздерді
анықтауда/ мәтін мазмұнының
жүйесін сақтауда / тілдік
нормаларды сақтап сөйлеуде
қателіктер жібереді.
Тақырыпқа қатысты сөздерді
анықтайды және мәтіннің
мазмұнын жүйелі баяндайды.
31
«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт
жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату,
әңгімелеу/ сипаттау мәтіндерін анықтау 3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті
туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан?
қайда?) құрастыру және оған жауап беру
3.5.1.2 Өз бетінше шағын мәтіннен көптік/
тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді
ауызша және жазбаша тілде қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің түрін және жанрын анықтайды
• Мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап береді
• Жалғауларды орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
Деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
• Мәтіннің жанрын анықтап, белгіле ().
• Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
• Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз. ______________________________________________________________
Динаның әкесі шебер домбырашы болған. Дина тоғыз жасынан бастап домбыра
тарта бастайды. Бір күні осы ауылға атақты күйші Құрманғазы келеді. Ол Динаның
домбыра тартқанын көріп, риза болады. Оған көптеген күйлерді үйретеді. Құрманғазы
Динаға өзінің домбырасын сыйлайды.
мақал — мәтел бата әңгіме
сипаттау әңгімелеу пайымдау
32
ЖОБА
2-тапсырма
Қарамен жазылған сөздерге қосымшалардың дұрысын жалғап жаз.
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің түрін және
жанрын анықтайды
Мәтін бойынша
сұрақтар қойып, жауап
береді 1
мәтіннің жанрын анықтайды; 1
мәтіннің түрін ажыратады; 1
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ
қояды; 1
сұраулы сөйлемнің құрылымы мен
тыныс белгісін сақтайды; 1
Жалғауларды орынды
қолданады 2
тәуелдік жалғауын орынды қолданады; 1
жіктік жалғауын дұрыс қолданады; 1
септік жалғауын дұрыс қолданады. 1
Жалпы балл 7
Шоқан әкесiмен Потаниннің үйi (-не, -ге) келдi. Оның Шоқанмен жасты
ұлы бар екен. Аты — Григорий. Олар тез достасып кет (-тiм, -ті). Григорий Шоқан (-ға, ды) орысша үйреттi. Ол Шоқанның зеректiгiне таң қалды.
33
ЖОБА
«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің түрін және
жанрын анықтайды
Мәтін бойынша сұрақтар
қойып, жауап береді 1
Мәтіннің түрі мен жанрын
анықтауда, мәтін бойынша
сұрақ қоюда қиналады.
Мәтіннің түрін/ жанрын
анықтауда, мәтін бойынша
сұрақ қоюда/сұраулы
сөйлемнің құрылымы мен
тыныс белгісін сақтауда
қателеседі.
Мәтіннің түрі мен жанрын
анықтайды, мәтіннің
мазмұны бойынша сұрақ
құрастырады.
Жалғауларды орынды
қолданады 2
Тәуелдік, септік, жіктік
жалғауларын қолдануда
қиналады.
Тәуелдік/ септік/жіктік
жалғауларын қолдануда
қателіктер жібереді.
Тәуелдік, септік, жіктік
жалғауларын орынды
қолданады.
34
ЖОБА
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың
мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша бастауыш
мектепке арналған оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы), 1-4
сыныптар
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут
Балл саны – 16 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа
және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі — айтылым, үшіншісі — оқылым, төртінші
тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
35
ЖОБА
№ Ортақ
тақырып
Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл 1 Атақты тұлғалар
Өнер
Тыңдалым 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі
қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен
құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің
мазмұнын түсіну
Білім алушы жабық
түрдегі көп таңдауы бар
тапсырманы орындайды. 1 4 2 Айтылым 3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді
табу және сөйлеу барысында қолдану
3.2.3.1 Белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу
және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын
толықтыру
Білім алушы ашық түрдегі
толық жауапты қажет
ететін тапсырманы
орындайды. 1 4 3 Оқылым 3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт
жырлары, бата, мақал-мәтелдер)
ажырату,баяндау/ сипаттау мәтіндерін анықтау
3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің ісәрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай?
қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап
беру
Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет
ететін тапсырманы
орындайды. 1 4 4 Жазылым 3.4.2.1 Оқыған/аудио/бейне материалдың
мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
Білім алушы ашық түрдегі
толық жауапты қажет
ететін тапсырманы
орындайды. 1 4
Жалпы балл 4 16
36
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
• Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін 4 сөйлемді белгіле ().
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат 1
Айтуар ағаштан кебеже жасады. 1 Әр дұрыс белгілеуге 1 балл
Кебежеге салынған тамақ қойылады.
бұзылмайды. 1
Кебеже әдемі болып шықты. 1
Кебеженің ішіне тамақ салады. 1
Жалпы балл 4
Айтылым
Жұптық жұмыс
2. «Музыкалық аспаптар» тақырыбында диалог құрастыр. Тірек сөздерді қолдан.
Тірек сөздер: домбыра, қобыз, сазсырнай, баян, бубен, ішекті аспаптар, үрмелі
аспаптар, ұлттық аспап, саз балшықтан, ағаштан, ән, күй, концерт, музыка.
Айтуар – ағаш шебері. Оның түрлі құралдары бар. Ол ағаштан кебеже
жасады. Кебеже әдемі болып шықты.
Кебеженің ішіне кепкен ет, құрт, май, ірімшік салып қояды. Кебежеге салған
тамақ бұзылмайды.
Айтуар ағаштан кебеже жасады.
Кебежеге салынған тамақ бұзылмайды.
Айтуардың құрал-саймандары жоқ.
Кебеже әдемі болып шықты.
Кебеженің ішіне тамақ салады.
37
ЖОБА [4]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат 2
Білім алушының ықтимал жауабы: — Анар, мынау қандай аспап? — Бұл – домбыра . — Домбыра қандай аспап? — Ол қазақ халқының ұлттық
аспабы. Домбыра ішекті аспаптарға
жатады. — Оны қалай ойнайды? — Домбыраны шертіп ойнайды. 1 Тақырыпқа сәйкес болатын
баламалы диалог
қабылданады.
Тақырыпқа сәйкес
сұрақтар қояды. 1 Сұрақтарға лайықты жауап
береді. 1 Сөйлемдердің құрылымын
сақтайды 1 Сөйлеу барысында тілдік
нормаларды сақтайды.
Жалпы балл 4
Оқылым
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
• Іс-әрекеті бойынша мәтіннің кейіпкерлерін анықта. Кейіпкердің атын жаз.
• Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр.
_______________________________________________________________________
• Мәтін қай жанрда жазылған? _______________________________ [4]
Бүгін – жексенбі, демалыс күн. Самал радиодан ән тыңдап отыр. Роза Рымбаева
концерт беріп жатыр. Қазір Роза ән салып тұр. Розаны халық ұнатады. Ол – атақты әнші.
Самал оны үнемі тыңдайды. Ол Розаны жақсы көреді.
__________________________
___________________________
Ол ән салып тұр.
Ол ән тыңдап отыр.
38
ЖОБА
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат 1
Роза/Роза Рымбаева 1
Самал 1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Бүгін қай күн?/Самал не істеп
отыр?/Кімнің концерті болып
жатыр?/Роза Рымбаева кім?/… 1 Мәтіннің мазмұны
бойынша баламалы
сұрақтар қабылданады.
әңгіме 1
Жалпы балл 4
Жазылым
2. Оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Тірек сөздерді қолдан.
Тірек сөздер: демалыс, радио, ән тыңдау, Роза Рымбаева, концерт, ұнату, атақты әнші,
жақсы көру. [4]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат 4
Білім алушының ықтимал жауабы:
Бүгін демалыс. Самал радио тыңдап
отыр. Роза Рымбаеваның концерті
болып жатыр. Ол –атақты әнші.
Самал Розаны жақсы көреді. Оның
әндерін үнемі тыңдап жүреді. 1
Мәтіннің құрылымдық
бөліктерін сақтай отырып,
мазмұнын жүйелі жазады. 1 Сөйлемдердің құрылымын
сақтайды. 1 Тірек сөздерді орынды
қолданады. 1 Орфографиялық
нормаларды сақтайды (3
қатеден артық емес).
Жалпы балл 4
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
39
ЖОБА
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
40
ЖОБА
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Су — тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер
мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі
сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.2.4.1 Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер
негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
3.2.5.1 Оқылған/тыңдалған материал бойынша өз пікірін
(менің ойымша …, менің көзқарасым бойынша …,
себебі …) дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын
ажыратады
• Мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды
• Мәтіннің мазмұнына қатысты пікірін білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырманы орында.
• Берілген сөйлемдерге сәйкес суретті тауып, ретін көрсет (1,2).
2-тапсырма
Суреттерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын айт. Мәтін саған ұнады ма? Неліктен?
Қорада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Қораға қара қарға келіп қонды.
Қарғаның су ішкісі келді. Құмыра биік. Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға
жетпеді. Ол жерде жатқан тасты көрді. Қарға тасты құмыраның ішіне салды.
Құмырадағы су көтерілді. Қарға су ішті.
1) Қорада суы бар құмыра тұр. 2) Қарға құмыраға тас салды.
41
ЖОБА
Бағалау
критерийі
Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Шағын мәтіндегі
сөйлемдердің
мағынасын
ажыратады 1
бірінші сөйлемге сәйкес суретті анықтайды; 1
екінші сөйлемге сәйкес суретті анықтайды; 1
Мәтіннің
мазмұнын жүйелі
баяндайды
Мәтіннің
мазмұнына
қатысты пікірін
білдіреді 2
суретті жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын
жүйелі баяндайды; 1
сөйлемдердің құрылымын сақтайды; 1
тілдік нормаларды сақтап сөйлейді; 1
сұраққа сәйкес дәлелді пікір айтады. 1
Жалпы балл 6
42
«Су — тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шағын мәтіндегі
сөйлемдердің
мағынасын
ажыратады 1
Мәтін бойынша берілген
сөйлемдерге сәйкес
суреттерді анықтауда
қиналады.
Мәтін бойынша берілген
сөйлемдерге сәйкес суреттерді
анықтауда қателеседі.
Мәтін бойынша берілген
сөйлемдерге сәйкес
суреттерді анықтайды.
Мәтіннің мазмұнын
жүйелі баяндайды
Мәтіннің мазмұнына
қатысты пікірін
білдіреді 2 Мәтінді мазмұндауда және
мәтінге қатысты көзқарасын
айтуда қиналады.
Мәтіндегі оқиғаның жүйесін
сақтауда/тілдік нормаларды
сақтап сөйлеуде/мәтіннің
мазмұнына қатысты көзқарасын
айтуда қателіктер жібереді.
Тілдік нормаларды сақтай
отырып, мәтінді жүйелі
мазмұндайды және мәтіннің
мазмұнына қатысты
көзқарасын білдіреді.
43
«Демалу мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті
туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан?
қайда?) құрастыру және оған жауап беру
3.5.1.3 Мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің
шақ, рай формаларын ауызша және жазбаша тілде
қолдану
3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі
сөздердің орын тәртібін сақтап жайжәне құрмалас
сөйлем құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап
береді
• Сөйлеу және жазу барысында қалау райлы етістіктерді
қолданады
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
• Мәтін бойынша кестені толтыр.
Кейіпкерлер Іс-әрекеті (не істеді?)
Анасы
Достары
• Қандай? қашан? қайда? сұрақтарын пайдаланып, мәтін бойынша
1 сұрақ құрастыр.
____________________________________________________________
2-тапсырма
«-ғы/-гі+келеді» формасын қолданып, сұрақтарға жауап жаз.
1) Cен туған күніңе кімдерді шақырғың келеді? 2) Қандай сыйлықтар алғың келеді?
Бүгін менің туған күнім. Мен тоғыз жасқа толдым. Үйге менің достарым келді.
Анам оларға кең дастарқан жайды. Оған дәмді тағамдар қойды. Менің достарыма
бауырсақ, торт, шырын өте ұнады. Достарым маған сыйлық берді. Марат қонжық
әкелді. Алуа гүл сыйлады. Мен достарыма рақмет айттым.
44
ЖОБА
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтар
қойып, жауап береді 1
мәтін мазмұны бойынша бірінші кейіпкердің
іс-әрекетін анықтайды; 1
екінші кейіпкердің іс-әрекетін анықтайды; 1
мәтіннің мазмұнына бойынша сұрақ
құрастырады; 1
Сөйлеу және жазу
барысында қалау
райлы етістіктерді
қолданады
Сөйлемдегі сөздердің
орын тәртібін
сақтайды 2
сөйлем құрылымын сақтай отырып,
сұрақтарға жауап жазады: 1-сұраққа 2-сұраққа 11
қалау райлы етістікті дұрыс қолданады; 1
сөйлемдерді қатесіз жазады. 1
Жалпы балл 7
45
ЖОБА
«Демалу мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________
Бағалау
критерийі
Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтар
қойып, жауап береді 1
Мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақ
құрастыруда және жауап
беруде қиналады.
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақ құрастыруда/сұрақтарға
жауап беруде қателіктер
жібереді.
Мәтіннің мазмұны бойынша
сұрақ қояды және сұрақтарға
дұрыс жауап береді.
Сөйлеу және жазу
барысында қалау
райлы етістіктерді
қолданады
Сөйлемдегі сөздердің
орын тәртібін
сақтайды 2
Қалау райлы етістіктерді
қолданып сөйлем
құрастыруда қиналады.
Қалау райлы етістікті
қолдануда/ сөйлем
құрылымын сақтауда
қателіктер жібереді.
Қалау райлы етістіктерді
қолдана отырып, сөйлем
құрастырып жазады.
46
ЖОБА
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың
мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша бастауыш
мектепке арналған оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы), 1-4
сыныптар
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут
Балл саны – 16 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа
және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі – айтылым, үшіншісі – оқылым, төртінші
тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
47
ЖОБА
№ Ортақ
тақырыптар
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты Тапсырманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1 Демалу
мәдениеті.
Мерекелер
Су — тіршілік
көзі
Тыңдалым 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған
жиі қолданылатын сөздер мен сөз
тіркестерінен құралған шағын
мәтіндердегі сөйлемдердің
мазмұнын түсіну
Білім алушы жабық түрдегі көп
таңдауы бар тапсырманы
орындайды.
1 4
2 Айтылым 3.2.2.1 Берілген тірек сөздер
негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Білім алушы ашық түрдегі толық
жауапты қажет ететін тапсырманы
орындайды.
1 4
3 Оқылым 3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен
кейіпкерлерінің іс-әрекетін
нақтылау үшін сұрақтар (қандай?
қай? қашан? қайда?) құрастыру
және оған жауап беру
3.3.2.1 Жиі қолданылатын сөздер
мен фразалардан құрастырылған
шағын мәтіндегі негізгі ойды
түсіну
Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін тапсырманы
орындайды. 1 4
4 Жазылым 3.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен
заттың атын/сынын/іс-қимылын
білдіретін сөздер мен көмекші
сөздердің мағынасын ажырату,
ауызша және жазбаша сөйлеу
тілінде қолдану
Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін тапсырманы
орындайды.
1
4
Жалпы балл 4 16
48
ЖОБА
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Наурыз.
• Мәтін не туралы? ___________________________________
• Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін үш сөйлемді белгіле (). [4]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша
ақпарат 1 Наурыз мерекесі туралы/Наурыз туралы/Наурыз 1 2 3
Әр дұрыс
белгілеуге 1 балл
қойылады.
Жалпы балл 4 22-наурыз – жыл басы, жаңа жыл мерекесі болып саналады. Адамдар бұл
мерекені асыға күтедi. Бұл күнi адамдар таза, жаңа киiм киедi. Бiр-бiрiн
мерекемен құттықтайды. Әр үйде дастарқан жайылады. Жетi түрлі тағам
қосылған наурыз көже пiсiредi. Үлкен кiсiлер бата бередi. Наурыз тойы өте
қызықты өтеді. Адамдар ән айтып, би билейді. Ұлттық ойындар ойнайды. Балалар
алтыбақан тебеді. Маған Наурыз мерекесі ұнайды.
Наурыз мерекесінде үлкен кісілер бата береді.
Наурыз күні әр үйде мол дастарқан жайылады.
Наурыз көжеге жиырма екі түрлі тағам қосылады.
Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар ойналады.
49
ЖОБА
Айтылым
2. Тірек сөздерді пайдаланып, «Наурыз мерекесі» тақырыбында сөйле.
Тірек сөздер: Наурыз мейрамы, көктем, жыл басы, күн мен түн теңеледі, наурыз көже, жеті
түрлі тағам, той, дастарқан жаю, қонаққа бару, ұлттық киім, ойындар, алтыбақан. [4]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат 2
Білім алушының ықтимал жауабы:
Наурыз –жыл басы, жаңа жыл мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі.
Бұл күні күн мен түн теңеледі. Наурыз
көже пісіреді. Оған жеті түрлі тағам қосады.
Үлкен той болады. Адамдар ұлттық киімдер
киеді. Түрлі ойындар ойнайды. 1 Тақырыпқа қатысты
мәтін құрастырады. 1 Тірек сөздерді
орынды қолданады. 1 Сөйлемнің
құрылымын сақтайды. 1
Сөйлеу барысында
тілдік нормаларды
сақтайды.
Жалпы балл 4
Оқылым
3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
• Хан балаларына қандай тапсырма берді? _______________________________
• Ханның кіші ұлы не алып келді? Белгіле ().
• Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз. _________________________________________________________________
• Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды анықта.
бір кесек алтын бағалы тастар бір құмыра су
Бір күні хан балаларына әлемдегі ең ғажайып затты тауып әкелуді тапсырады.
Ханның үлкен ұлы бір кесек алтын, екіншісі қымбат тастарды алып келеді. Ал ең кіші
ұлы бір құмыра су әкеледі. Ағалары оған күледі. Сонда ол:
Мен бір жұтым су үшін барлық алтынын, бағалы тастарын берген адамды
көрдім. Жаңбырдан кейін құлпыра өскен гүлдер мен ағаштарды көрдім. Мен судың
әлемдегі ең ғажайып зат екенін осыдан түсіндім, — дейді.
Хан кіші баласына риза болып, батасын береді.
50
ЖОБА [4]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап Балл Қосымша ақпарат 3
Әлемдегі ең ғажайып затты тауып
әкелуді тапсырды/ең керемет затты
әкелуді/ ең ғажайып затты табуды/ … 1 Тапсырманың
мазмұнына сәйкес
баламалы, қысқа
және толық жауаптар
қабылданады.
Бір құмыра су 1
Білім алушының ықтимал жауабы:
Ханның үлкен баласы не алып келді?/
Ханның екінші ұлы қандай зат
әкелді?/Ағалары неге күлді?/ Ол судың
ғажайып зат екенін қалай білді?/Хан кіші
ұлына неліктен риза болды?/… 1
Мәтіннің мазмұнына
сәйкес баламалы
сұрақтар
қабылданады.
Су бар жерде байлық бар. 1
Жалпы балл 4
Жазылым
4. Мәтіннен кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді тап. Кестенің әр бөлігіне 1 сөз
жаз.
Кім? Не? Қандай? Не істеді? [4]
Арық қазбасаң су келмейді. Су бар жерде байлық бар.
Көктем келді. Арықтардан су ақты. Балалар қағаздан кішкентай қайық жасады.
Қайықты суға жіберді. Қайық жүзіп кетті. Балалар қайықтың соңынан жүгірді.
51
ЖОБА
Балл қою кестесі
Тапсырма
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат 4
Балалар 1
Көктем/су/қайық/ 1
Кішкентай 1
Келді/ақты/жасады/жіберді/жүзіп
кетті /жүгірді 1
Жалпы балл 4
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
52

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь