ГЛАВНАЯ Образцы планов Ағылшын тілі | Английский язык Ағылшын тілінен түсінік хаттар

Ағылшын тілінен түсінік хаттар

510
0

 

Түсінік хат

Жоспар құрған негізі: мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламасы, нұсқау хат.

Мемлекеттiк стандартты талдау негiзiнде мына ережелер айқындалған:

Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған бағдарлама төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуына, олардың танымдық қызығушылықтарының артуына, шетел тілін меңгеруге мотивацияны қалыптастыруға және жалпыоқулық біліктілікті дамытуға ықпал ететін тұлғалық-бағдарлаушылық, коммуникативті және лингво-мәдени жағдайларға негізделген.

Мақсаты:

Төменгі сынып оқушыларының шетел тілінде ауызша қарым-қатынас жасауда қарапайым деңгейдегі мәдени тұрғыда коммуникативті құзіретін, яғни тыңдау, айту, сондай-ақ оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру.              

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:

  • шетел тіліндегі сөздерді есту арқылы қабылдау дағдысын қалыптастыру;
  • қарапайым оқу дағдыларын қалыптастыру;
  • белгілі бір тақырып шеңберінде монолог және диалог құру үшін сөз тіркестері мен сөздік қорларын арттыруды қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаны аялауға, төзімділік, патриоттық, ұлттық сезімталдыққа тәрбиелеу.

Мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру барысында арнайы оқулық пен жұмыс дәптері құрастырылған. Бағдарлама мазмұны төмендегі тақырыптарды қамтиды:

Лексика: :

«Менің жұмыс күнім»: «Апта күндері», «Уақыт» (5 сағат);

«Демалыс күні»: «Күзгі/қысқы демалыстар»  (4 сағат);

«Мектеп»: «Менің мектебім» (4 сағат);

«Мектептік пәндер»: «Менің сүйікті пәндерім»  (3 сағат);

«Спорт пен ойын» (4 сағат);

«Менің үйім»: «Менің үйім/менің пәтерім», «Менің бөлмем» (6 сағат);

«Сусындар мен тағамдар» (4 сағат);

«Дүкенде»: «Әмбебап» (4 сағат).

Жаңа лексикалық және грамматикалық материалды (белгілі/белгісіз артикльдер (Articles), реттік сандар (Ordinal numerals), Жай осы/созылмалы осы шақтар (Present Simple/ Present Conditions), уақыт/орын демеуліктері, «to be» етістіктері өткен шақта (Past Simple) игеруде ойын және ойын сәттері жетекші тәсіл болып табылады. Шетел тілі сабағында ойын әрекеті осы тілде қарым-қатынас жасау процесін ұйымдастырып қана қоймай, тіл арқылы ой-пікір алмасуға барынша көмектеседі. Ойын және ойын кезеңдері ойлау мен белсенділікті дамытып, назар аудара білуді қалыптастырып, есте сақтауға көмектеседі, сонымен қатар сөйлеуді, машықтануды, жалпыбілімдік біліктілікті дамытады.

Бағдарламаны меңгеру барысында оқушылар ағылшын тілінің дыбыс ерекшеліктерін игеріп, сөйлеу тақырыбы шеңберінде, ерте мектеп жасындағы балалардың ауызша қарым-қатынас жасауының қарапайым сөйлеу білілігі дамиды. Осы курсқа арнайы дайындалған жұмыс дәптеріндегі ұсынылған тапсырмалар, оқушыларды өздігімен жұмыс істей алуына дағдыландырады. Олар: логикалық тапсырмалар, жазу, сөйлеу және оқу.

 

Сағат саны 34, аптасына 1 сағат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

Жоспар құрған негізі: мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламасы, нұсқау хат. Бағдарлама авторлары: Аяпова Т., Д. Укбаева.

Мемлекеттiк стандартқа сәйкес 6-шi сыныптың тақырыптары төмендегідей:

1) «Денсаулық: салауатты өмір салтын насихаттау (біздің мемелекетімізде және тілін үйреніп жүрген шет мемелекеттерде),     салауатты өмір салтын насихаттаудағы бұқаралық ақпарат рөлі» (7 сағат).

2) «Тағамдар: Қазақстанның ұлттық тағамдары (тілін үйреніп жүрген шет мемелекеттердің), үстел басындағы этикет» (9 сағат).

3) «Білім беру саласы: мектеп (мектеп түрлері), Қазақстандағы білім беру жүйесі (тілін үйреніп жүрген шет мемелекеттердің)» (14 сағат)

4) «Саяхат: демалыс түрлері, көрнекті жерлері, үйлер мен пәтерлер, танымал саяхатшылар мен олардың жаңа ашулары» (18 сағат)

5) «Оқып жүрген тілдер мемлекеттері: АҚШ елі, Вашингтон және оның көрнекті жерлері, АҚШ-ның қалалары, мерекелер мен салт-дәстүрлер, АҚШ-тың танымал тұлғалары және олардың мәдениетке қосқан үлесі » (18 сағат)

Мақсаты:

Шетел тілін оқытуда 5 сыныпта қол жеткен оқытудың бастапқы деңгейін негізге ала отырып, негізгі орта білім беру деңгейінің үздіксіздік ұстанымына сәйкес шеттілдік біліктіліктердің ары қарай тереңінен қалыптасуы мен дамуын көздейді. Оқушылардың шетел тілі бойынша дайындығының негізгі (жалпы білім беру) деңгейінің мазмұны А1 деңгейіне сәйкес келеді.

«Шетел тілі» оқу пәнінің жалпы мақсаттары:

  • көптілдік тұлғаны қалыптастыру: әлемдік мәдени құндылықтарды бағалау, мәдениет диалогы арқылы өз елінің мәдениеті туралы білімін кеңейту, дүниеге гуманистік көзқарасты тәрбиелеу;
  • мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктер мен оның құрамдық бөліктерін қалыптастыру: тілдік – тілдік құралдарды және оларды шеттілдік қарым-қатынас жасауда қолдану ережелерін меңгеру, сөздік – сөз әрекетінің 4 түрінде шетел тілінде қарым-қатынасты жүзеге асыру, әлеуметтік-мәдени, лингвомәдени, компенсаторлық –лингвистикалық құрал ретінде вербальды (синонимдер, антонимдер, парафразалар, дефиниция) және вербальды емес (ым-ишара, мимика, дене қозғалысы) жолдарын қолдана алу қабілетін қалыптастыру;
  • жалпы европалық деңгейлер шеңберінде (А1) оқушылардың тілін оқып отырған елдің мәдени нормаларын, салт дәстүрлерін өз елі мәдениетінің ұлттық салт дәстүрлерімен салыстыра отырып меңгерту;
  • оқу-тілдік жағдаяттарында дұрыс лингвомәдени қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру;
  • тілді тек қана коммуникативтік мақсатта ғана емес, сонымен қатар әлемдік шеттілдік ортаны тану құралы ретінде қолдану; ағылшын тілі құралдары арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін ары қарай дамыту: ойлау, есте сақтау, назар аудару, ерік-жігер қасиеттері және шетел тілін ары қарай меңгеру мен білімен жетілдіру үшін қызығушылығын арттыру;
  • ағылшын тілін меңгеруде спецификалық іскерліктерді қалыптастыру: қостілдік, түсіндірме сөздіктермен, шеттілдік мәтіндермен, сөздік және грамматикалық минимуммен жұмыс істеу, ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру.

Ағылшын тілін оқытудың негізгі  міндеттері:

  • мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктерді барлық құрамды бөліктерімен жалпы европалық деңгейлік стандартқа сәйкес (А1 деңгейі) ары қарай дамыту; жеке тұлғаға бағытталған, біліктілік, жүйелілік, лингвомәдени және проблемалық тәсілдер негізінде шеттілдік білім беруді жүзеге асыру;
  • проблемалық сипаттағы тапсырмаларды шешу, оқып отырған тіл құралдарын қолдана отырып өз бетінше шешім қабылдау іскерліктерін қалыптастыру; оқушыларда шетел тілін меңгеруде өзін-өзі бағалау іскерліктерін қалыптастыру: өз ісіне талдау жасау, өзін-өзі бағалау, білім алуға талпыну;
  • шетел тілін оқыту және тілін оқып отырған ел мен өз елінің мәдениет диалогы процесінде интеллектуалдық және шығармашылық қабілетерін дамыту.

Жылдың стандарты:

  • дыбыстардың артикуляция айырмашылығын біледі; жай , сұраулы, лепті сөйлемдерінің интонациясын қолданады;
  • сөздер мен сөз тіркестердегі екпінді қолданады; to love/hate doing smth, stop talking тіркестерін қолданады;
  • тақырып ауқымындағы қатысымдық жағдаяттарға қажетті актив және пассив сөздерді біледі;
  • ағылшын тіліндегі этикеттік орамдардың қарапайым түрлерін, тұрақты орамдарды; клишелерді біледі қолданады;
  • зат есімнің — ness, -ship, -ist, -ing, -dom, сын есімнің –y, -ly –ian жұрнақтарын біледі;
  • Past Continuous Tense, Present Рerfect Tense конструкцияларындағы –ing жалғауы бар етістіктерді біледі;
  • аctive voice формасындағы ең көп қолданылатын дұрыс және бұрыс етістіктерді біледі;
  • Present, Past Simple шақтарындағы модалдік реңкті етістіктерімен олардың эквиваленттерін қолданады /must, have to, should/;
  • сын есімнің шырайларын біледі: оның ішінде ережеге сай емес салалас құрмалас сөйлемдердің or сөз байланыстырушымен, салалас сабақтас сөйлемдердің сөз байланыстырушы сөздермен what, when, why, who, because, that’s why, өздік есімдіктер абсолюттік түрінде /mine/ белгісіз есімдіктер /some, any/ үстеу /early/; есептік 100-ден жоғары және реттік 20-ға дейінгі сан есімдер; қысқа монолог құрайды; қысқа мәтіннің  мазмұнын көрнекілік негізінде жеткізеді;
  • визуальды негізде күнделікті қатынасқа тән жағдаяттар мен диалог-сұраққа қатысады;
  • сәлемдесу, қоштасу, алғыс айту, кешірім сұрау және басқа да тілдік этикеттерді қолданады, сұхбатқа қатысады (тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді); диалог-түрткіні жүргізе алады; белгілі бір жағдайға байланысты диалогтік сөйлесімді жалғастыра алады, ақыл-кеңес береді, өзіне айтылған ұсынысқа қалай қарайтынын (келісетінін, келіспейтінін) білдіреді; өзі, досы, отбасы жайлы қысқа әңгіме айта алады, бір зат, сурет бойынша сөйлей алады (3-6 фраза);
  • қарапайым мәтіндерді есту барысында танып және оның негізгі мазмұнын ажыратады;
  • ақпаратты түсінгенін мәтіндегі негізгі мәселелерді таңдау арқылы көрсетеді; шағын мәтіндерді сөздерге, сөз тіркестеріне екпінді дұрыс қойып оқиды; өтілген материалдарға құрылған мәтіндерді іштей оқиды және түсінеді;
  • мәтіннің негізгі мазмұнын анықтайды; мәтіннің негізгі мәселесін айқындайды; оқылған мәтін бойынша өз ойын айтады;
  • мерекеге, туған күнге арналған қысқа көлемді ашық хат жазады; үлгі бойынша 10-15 сөзден тұратын жеке хат жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

Жоспар құрған негізі: мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламасы, нұсқау хат. Бағдарлама авторлары: Т.Д.Кузнецова, П.Г.Козлов. Сағат саны 68, аптасына 2 рет. Мемлекеттiк стандартты талдау негiзiнде мына ережелер айқындалған:

— «Әлеуметтік-тұрмыстық, білім мен еңбек және әлеуметтік-мәдени салалары» 8-шi сынып мемлекеттiк стандартының негiзгi тақырыбы болып табылады.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды білім беру жұйесін құзіреттілікке көшу барысында, педкеңес шешімінің негізінде  ақпараттық, қарым-қатынастық, өзін-өзі басқару құзіреттілігін қосу негізге алынды.

1) «Менің Отаным – Қазақстан», «Қазақстанның географиялық орналасуы», «Экологиялық мәселелер (біздің мемлекетте және тілін оқып жүрген мемелекетің» (9 сағат);

2) «Ғылыми-техникалық прогресс», «Қазақстанның ғылыми қызметтестігі», «Ғылым адамзатқа қызметте», «Өнертабыстар» (9 сағат);

3) «АҚШ-тың білім беру саласы», «АҚШ-тағы мектеп түрлері», «Қазақстан мен АҚШ елдерінің білім беру саласы», «Мамандықтар» (14 сағат);

4) «Жануарлар мен өсіддіктер әлемі (бізідің мемелекеттің және тілін оқып жүрген мемелекеттің)», «Рельеф, АҚШ-тың экономикалық және географикалық орналасуы» (18 сағат);

5) «Тілін үйреніп жүрген шет мемлекеттер», «АҚШ -тың саяси-қоғамдық құрылымы», «АҚШ-тың  әйгілі тұлғалары мен олардың мәдениетке қосқан үлесі» (18 сағат);

Шетел тілін оқыту, тәрбиелеу, басқа ұлт мәдениетін және өкілдерін танып (ұғынып) өзара әрекет ету құралы ретінде, шетел тілін әрі қарай меңгеруін дамытуға  бағытталған: негізгі орта мектеп. Осыған сәйкес негізгі орта мектепте ағылшын тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері анықталады:

«Шетел тілі» оқу пәнінің жалпы мақсаттары: көптілдік тұлғаны қалыптастыру: әлемдік мәдени құндылықтарды бағалау, мәдениет диалогы арқылы өз елінің мәдениеті туралы білімін кеңейту, дүниеге гуманистік көзқарасты тәрбиелеу және мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктер мен оның құрамдық бөліктерін  қалыптастыру.

Ағылшын тілін оқытудың негізгі  міндеттері:

  • жеке тұлғаға бағытталған, біліктілік, жүйелілік, лингвомәдени және проблемалық тәсілдер негізінде шеттілдік білім беруді жүзеге асыру;
  • проблемалық сипаттағы тапсырмаларды шешу, оқып отырған тіл құралдарын қолдана отырып өз бетінше шешім қабылдау іскерліктерін қалыптастыру;
  • оқушыларда шетел тілін меңгеруде өзін-өзі бағалау іскерліктерін қалыптастыру: өз ісіне талдау жасау, өзін-өзі бағалау, білім алуға талпыну; шетел тілін оқыту және тілін оқып отырған ел мен өз елінің мәдениет диалогы процесінде интеллектуалдық және шығармашылық қабілетерін дамыту.

Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу әдіснамалық, сондай-ақ жалпы дидактикалық және әдістеменің төл ұстанымдарына негізделеді:

  • ағылшын тілінің артикуляциялық базасының негізгі сипатын сақтай отырып сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемді айтады; әр түрлі сөйлемдердің (құрмалас салалас, құрмалас сабақтас сөйлемдер) айтылуындағы ырғақ-интонацияны біледі, ажыратады;
  • дыбыстардың үйлесу нормаларын сақтайды; 8-сыныптың тақырыптарына байланысты кірме сөздердің айтады;
  • 8сыныптың лексикасына байланысты орфографиялық ережелерді және грамматикалық ережелерді біледі;
  • өз жұмыстары мен сыныптастарының жұмыстарындағы грамматикалық қателерді түзейді;
  • стандартты қарым-қатынас жағдаяттарындағы этикеттік сипаттағы диалогта тілдік этикеттің сәйкес формуласын қолданады. Этикеттік диалогтің көлемі: әр коммуниканттан 8-10 реплика;
  • сынып тақырып аясында инициативті реплика қалай болса, реактивті реплика солай болу режіміндегі диалог-түрткі (Диалог-сұрақ. Диалог-түрткі) жүргізеді; стандартты жағдаяттарда (сәлемдесу, сыйлыққа рахмет айту, сүйікті ісі, музыканттар, спортсмендер және т. б.) жайлы сөйлеседі; типтік жағдаяттар (сауда жасау, дәрігердің қабылдауында) бойынша диалог құрады. Диалог көлемі- әр коммуникант 8-10 реплика жасайды; бір күн ішінде жасаған жұмыстары жайлы қысқаша мәлімет береді;
  • белгілі тілдік клишелерді қолдана отырып, өзінің оқыған немесе тыңдаған мәтіндеріне болымды/болымсыз пікірлерін береді; оқыған мәтін бойынша мәлімет береді;

түсінеді:

  • дидактикалық сипаттағы: әмбебапта, әуежайда, вокзалда пойыздың келуі, кешігуі туралы қысқа радиохабарламаларды; аталмыш сыныптың тақырып аясында дұрыс/бұрыс ақпараттарды;
  • қарапайым әрекеттерді, есімдерді, апта күндерін, датаны көріп түсінеді, қысқаша диалогтар және олардағы әрекеттерді визуальды бейнесімен қиыстырады; алынған ақпаратты сөйлеу әрекетінің басқа (продуктивті) түрлерінде қолдану; тыңдалуы 60 сек. бір мәліметті, жалпы тыңдау көлемі 5 мин дейін тест тапсырмаларын (5 мәлімет 60 секундттан.).

біледі:

  • ағылшын тілі жүйесіндегі негізгі дыбыстық-әріптік сәйкестікті; аталмыш сыныптың лексикалық минимумының оқу ережесін;

көрсете алады:

  • аутентикалық мәтіндерді (хабарландыру, жарнамалық мәтіндері, құттықтаулар, хаттар, қысқа әңгімелер) мәнерлеп оқиды; сөздік және фразалық екпінді қояды; коммуникативті стратегияның таныстыру оқу түрін қолданады:
  • қысқа қарапайым (таныса оқу түрі) мәтіндерден бар ақпаратты табады; түсінеді, зерттей оқиды;
  • мәтіннен нақты коммуникативті мәселелерді шешу үшін ғана қажетті ақпаратты табады;
  • иллюстрация, тақырып бойынша мәтін мазмұнын болжайды; мәтіннің негізгі ойын табады;
  • болмашы мәліметтерді қалдырып отырып, негізгі фактілерді іріктейді. Мәтін көлемі 400 сөзге дейін.;

коммуникативті стратегияның жете зер салып оқу түрі қолдану:

  • тілдік болжамдарды, мәтіндік материалдарды өңдейді; екі тілдік сөздіктерді қолданады;
  • алынған ақпаратты сөйлеу әрекетінің басқа (продуктивті) түрлерінде қолданады. Мәтін көлемі 300 сөзге дейін.

коммуникативті стратегияның іздестіре оқу / қарап шығу оқу түрі:

  • аутентикалық мәтіндер қарастыру (жеке хат, открытка, газет хабарландыруы, жарнамалық мәтін) және оқушыларға қызық немесе коммуникативті тапсырмаларды орындауға қажетті ақпаратты іріктейді. Мәтін көлемі 150 сөзге дейін. Тірек сөздерге сүйене отырып, бір күн ішінде істегені жайлы жазады;
  • тірек сұрақтар негізінде суреттерді суреттейді; ресми шақыруға келіспеу/келісуді тірек сөздерге сүйене отырып электорондық хат жазады (8-9 сөйлем); ауырып қалғандағы хал-жайы туралы, сауда жайы, спорт туралы өз пікірін білдіртіп электорондық хат жазады (8-9 сөйлем); текстен реалилерді табады және оларды тақырыптық ұстаным бойынша жүйелейді;
  • мәдени танымдық коолаждар, карталар, салыстырмалы кестелер құрастырады; ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің мәдениеті мен төл мәдениетінің арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтарды (аталмыш сыныптың тақырып аясында) біледі; өз елі мен оның мәдениеті туралы ағылшын тілінде айтып береді;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

Жоспар құрған негізі: мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламасы, нұсқау хат. Бағдарлама авторлары:

Т. Аяпова, З. Абильдаева, Ж. Тутбаева. Сағат саны 68, аптасына 2 рет

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды білім беру жұйесін құзіреттілікке көшу барысында, педкеңес шешімінің негізінде  ақпараттық, қарым-қатынастық, өзін-өзі басқару құзіреттілігін қосу негізге алынды.

1) «Денсаулық», «Салауатты өмір салты», «Медицинаның біздің өмірде алатын орны», «Дәстүрлі және дәстүрлі емес медицина» (10 сағат);

2) «Бос уақыт», «Қазақстан және басқа ел жастарының құштарлықтары мен қызығушылықтары»  (8 сағат);

3) «Білім», «Қазақстан және басқа елдердің жалпы орта мектептегі бастауыш, орта және техникалық білім жүйесі», «Мектеп түрлері», «Қазақстан және өзге елдердің беделді білім беру мекемелері» (7 сағат);

4) «Ммандықтар», «Болашақ мамандықтар» (7 сағат);

5) «Саяхат», «Тілін оқып жүрген елдің танымал саяхатшылары», «Қазақстан және шетелдің әйгілі туристикалық сапар желісі», «Транспорт түрлері» (10 сағат);

6) «Театр және кино», «Музыка. Музыкальные жанрлар, инструменттер», «Қазақстан және шет елдердің әйгілі өнер қайраткерлері» – (10 сағат);

7) «Ақпарат тарату құралы», «Қоғамда жарнаманың алатын орны» (8 сағат);

8) «Қошаған орта», «Қазақстан және шет елдердің экологиялық мәселелері» (8 сағат).

 Шетел тілін оқыту, тәрбиелеу, басқа ұлт мәдениетін және өкілдерін танып (ұғынып) өзара әрекет ету құралы ретінде, шетел тілін әрі қарай меңгеруін дамытуға  бағытталған: негізгі орта мектеп. Осыған сәйкес негізгі орта мектепте ағылшын тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері анықталады:

«Шетел тілі» оқу пәнінің жалпы мақсаттары:

көптілдік тұлғаны қалыптастыру: әлемдік мәдени құндылықтарды бағалау, мәдениет диалогы арқылы өз елінің мәдениеті туралы білімін кеңейту, дүниеге гуманистік көзқарасты тәрбиелеу;

— мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктер мен оның құрамдық бөліктерін  қалыптастыру: тілдік – тілдік құралдарды және оларды шеттілдік қарым-қатынас жасауда қолдану ережелерін меңгеру, сөздік – сөз әрекетінің 4 түрінде шетел тілінде қарым-қатынасты жүзеге асыру, әлеуметтік-мәдени, лингвомәдени, компенсаторлық –лингвистикалық құрал ретінде вербальды (синонимдер, антонимдер, парафразалар, дефиниция) және вербальды емес (ым-ишара, мимика, дене қозғалысы) жолдарын қолдана алу қабілетін қалыптастыру;

— жалпы еуропалық деңгейлер шеңберінде (А2+) оқушылардың тілін оқып отырған елдің мәдени нормаларын, салт дәстүрлерін өз елі мәдениетінің ұлттық салт дәстүрлерімен салыстыра отырып меңгерту;

— оқу-тілдік жағдаяттарында дұрыс лингвомәдени қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру;

— тілді тек қана коммуникативтік мақсатта ғана емес, сонымен қатар әлемдік шеттілдік ортаны тану құралы ретінде қолдану; ағылшын тілі құралдары арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін ары қарай дамыту: ойлау, есте сақтау, назар аудару, ерік-жігер қасиеттері және шетел тілін ары қарай меңгеру мен білімен жетілдіру үшін қызығушылығын арттыру;

— ағылшын тілін меңгеруде арнайы іскерліктерді қалыптастыру: қостілдік, түсіндірме сөздіктермен, шеттілдік мәтіндермен, сөздік және грамматикалық минимуммен жұмыс істеу, ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру.

Ағылшын тілін оқытудың негізгі  міндеттері:

  • мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктерді барлық құрамды бөліктерімен жалпы европалық деңгейлік стандартқа сәйкес (А2+ деңгейі) ары қарай дамыту;
  • жеке тұлғаға бағытталған, біліктілік, жүйелілік, лингвомәдени және проблемалық тәсілдер негізінде шеттілдік білім беруді жүзеге асыру;
  • проблемалық сипаттағы тапсырмаларды шешу, оқып отырған тіл құралдарын қолдана отырып өз бетінше шешім қабылдау іскерліктерін қалыптастыру;
  • оқушыларда шетел тілін меңгеруде өзін-өзі бағалау іскерліктерін қалыптастыру: өз ісіне талдау жасау, өзін-өзі бағалау, білім алуға талпыну;
  • шетел тілін оқыту және тілін оқып отырған ел мен өз елінің мәдениет диалогы процесінде интеллектуалдық және шығармашылық қабілетерін дамыту.

Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу әдіснамалық, сондай-ақ жалпы дидактикалық және әдістеменің төл ұстанымдарына негізделеді.

Жылдың стандарты:

  • ағылшын тілінің артикуляциялық базасының негізгі сипатын сақтай отырып сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемді айтады;
  • әр түрлі сөйлемдердің (құрмалас салалас, құрмалас сабақтас сөйлемдер) айтылуындағы ырғақ-интонацияны біледі, ажыратады; дыбыстардың үйлесу нормаларын сақтайды;
  • 9-сыныптың тақырыптарына байланысты кірме сөздердің айтады және лексикасына байланысты орфографиялық ережелер мен грамматикалық ережелер біледі;
  • өз жұмыстары мен сыныптастарының жұмыстарындағы грамматикалық қателерді түзейді;
  • стандартты қарым-қатынас жағдаяттарындағы этикеттік сипаттағы диалогта тілдік этикеттің сәйкес формуласын қолданады. Этикеттік диалогтің көлемі: әр коммуниканттан 8-10 реплика;
  • сынып тақырып аясында инициативті реплика қалай болса, реактивті реплика солай болу режіміндегі диалог-түрткі (Диалог-сұрақ. Диалог-түрткі) жүргізеді;
  • стандартты жағдаяттарда (сәлемдесу, сыйлыққа рахмет айту, сүйікті ісі, музыканттар, спортсмендер және т. б.) жайлы сөйлеседі;
  • типтік жағдаяттар (сауда жасау, дәрігердің қабылдауында) бойынша диалог құрады. Диалог көлемі- әр коммуникант 8-10 реплика жасайды;
  • бір күн ішінде жасаған жұмыстары жайлы қысқаша мәлімет береді;
  • белгілі тілдік клишелерді қолдана отырып, өзінің оқыған немесе тыңдаған мәтіндеріне болымды/болымсыз пікірлерін береді;
  • оқыған мәтін бойынша мәлімет береді; аталмыш сыныптың тақырып аясында суретті, фотоны суреттейді Монологтік айтылым көлемі кемдегенде 9 фраза.

түсінеді:

  • дидактикалық сипаттағы: әмбебапта, әуежайда, вокзалда пойыздың келуі, кешігуі туралы қысқа радиохабарламаларды;
  • аталмыш сыныптың тақырып аясында дұрыс/бұрыс ақпараттарды;
  • қарапайым әрекеттерді, есімдерді, апта күндерін, датаны көріп түсінеді,
  • қысқаша диалогтар және олардағы әрекеттерді визуальды бейнесімен қиыстырады;
  • алынған ақпаратты сөйлеу әрекетінің басқа (продуктивті) түрлерінде қолдану; тыңдалуы 60 сек. бір мәліметті, жалпы тыңдау көлемі 5 мин дейін тест тапсырмаларын (5 мәлімет 60 секундттан.).

біледі:

  • ағылшын тілі жүйесіндегі негізгі дыбыстық-әріптік сәйкестікті;
  • аталмыш сыныптың лексикалық минимумының оқу ережесін;

көрсете алады:

  • аутентикалық мәтіндерді (хабарландыру, жарнамалық мәтіндері, құттықтаулар, хаттар, қысқа әңгімелер) мәнерлеп оқиды;
  • сөздік және фразалық екпінді қояды;
  • коммуникативті стратегияның таныстыру оқу түрін қолданады:
  • қысқа қарапайым (таныса оқу түрі) мәтіндерден бар ақпаратты табады; түсінеді, зерттей оқиды;
  • мәтіннен нақты коммуникативті мәселелерді шешу үшін ғана қажетті ақпаратты табады;
  • иллюстрация, тақырып бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • мәтіннің негізгі ойын табады;
  • болмашы мәліметтерді қалдырып отырып, негізгі фактілерді іріктейді. Мәтін көлемі 400 сөзге дейін.;

коммуникативті стратегияның жете зер салып оқу түрі қолдану:

  • тілдік болжамдарды, мәтіндік материалдарды өңдейді;
  • екі тілдік сөздіктерді қолданады;
  • алынған ақпаратты сөйлеу әрекетінің басқа (продуктивті) түрлерінде қолданады. Мәтін көлемі 300 сөзге дейін.;

коммуникативті стратегияның іздестіре оқу / қарап шығу оқу түрі:

  • аутентикалық мәтіндер қарастыру (жеке хат, открытка, газет хабарландыруы, жарнамалық мәтін) және оқушыларға қызық немесе коммуникативті тапсырмаларды орындауға қажетті ақпаратты іріктейді. Мәтін көлемі 150 сөзге дейін.
  • тірек сөздерге сүйене отырып, бір күн ішінде істегені жайлы жазады;
  • тірек сұрақтар негізінде суреттерді суреттейді; ресми шақыруға келіспеу/келісуді тірек сөздерге сүйене отырып электорондық хат жазады (8-9 сөйлем);
  • ауырып қалғандағы хал-жайы туралы, сауда жайы, спорт туралы өз пікірін білдіртіп электорондық хат жазады (8-9 сөйлем);
  • текстен реалилерді табады және оларды тақырыптық ұстаным бойынша жүйелейді;
  • мәдени танымдық коолаждар, карталар, салыстырмалы кестелер құрастырады;
  • ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің мәдениеті мен төл мәдениетінің арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтарды (аталмыш сыныптың тақырып аясында) біледі;
  • өз елі мен оның мәдениеті туралы ағылшын тілінде айтып береді;

 

Түсінік хат

10кл

Жоспар құрған негізі: мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламасы, нұсқау хат. Бағдарлама авторлары:

Т. Аяпова, З. Абильдаева, Ж. Тутбаева. Сағат саны 68, аптасына 2 рет

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды білім беру жұйесін құзіреттілікке көшу барысында, педкеңес шешімінің негізінде  ақпараттық, қарым-қатынастық, өзін-өзі басқару құзіреттілігін қосу негізге алынды.

1) «Саяхат және туризм», «Туризмнің түрлері», «Атақты саяхатшылар», «Атақты туристтік маршруттар Қазақстанда және тілін оқып жүрген мемлекеттерде» (9 сағат);

2) «Денсаулық», «Салауатты өмір салтын насихаттау», «Спорт біздің өмірімізде» (4 сағат);

3) «Экология», «Қазақстанның географиялық орналасуы», «Қазақстанның флора мен фаунасы» (5 сағат);

4) «Қазақстанның шет елдерімен серіктесуі», «Болашақ мамандықтар» (6 сағат);

5) «Канада», «Канаданың географиялық орналасуы, климаты, халқының саны», «Канаданың мемлекетік жүйесінің», «Канаданың білім беру жүйесі» (8 сағат);

6) «Канаданың тарихы», «Қазақстан мен тілін үйреніп жүрген мемлекетің атақты ғалымдар» (12 сағат);

7) «Қазақстан және шет елдердің мәдени мұрасы» (8 сағат);

8) «Жұмыспен қамту», «Болашақ мамандықты таңдау», «Болашақ мамандықтар» (16 сағат).

Үздіксіздік және сабақтастық ұстанымдарына сәйкес 10-сыныпта шет тілдерін оқыту мәдениетаралық-қатысымдық құзыреттілікті және оның құрамдас бөліктерін: лексикалық және грамматикалық минимумды кеңейтуге, тілдік, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, бейімделу және әлеуметтік-мәдени біліктерін әрі қарай дамытуға бағытталған.

Оқуды аяқтағанда, оқушылардың келесідей тілді меңгерудің жалпы еуропалық деңгейіне жету жоспарланған: 10-сынып – В1 («Қалыптасқан игерім 1»);

Шет тілін тәрбиелік, танымдық және басқа ұлттық мәдениетпен және оны жеткізушілермен өзара әрекет ету құралы ретінде оқу болашақта бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, болашақта шет тілін меңгеру дағдысының артуын ілгерілетуге бағытталған. Орта мектептің жоғары сынып оқушыларына шет тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері осылайша шарттасады.

«Шет тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаттары оқушылардың коммуникативтік құзыреттерін жетілдіруден және өзінің мәдениетін әлемдік масштабта кеңінен насихаттай алатын, болашақ мамандығында шет тілін тәжірибе жүзінде қолдана алатын көпмәдениетті, көптілді тұлғаны қалыптастырудан тұрады.

10-сыныпқа арналған «Шет тілі» оқу пәнін оқытудың міндеттеріне:

  • дағдылар мен шеберлікті дамыту және жетілдіру, нақты коммуникативтік міндеттерді шешуге арналған тілдік материалды пайдалану;
  • оқушыларды ауызша хабарламалар, жоба ашылымдарын құруға дайындау;
  • оқушыны әртүрлі ақпарат көзінен алынған кәсіби маңызы бар ақпаратты алу, талдау, жалпылау және жіктеуге үйрету;
  • шеттілдік сөзді тыңдап қабылдау қабілетін дамыту, әртүрлі жанрлардағы аутенттік аудио, бейнемәтндердің негізгі мазмұнын түсіну, тыңдалған/көргеніне қатысты өз ойын айта білу;
  • әртүрлі стильдегі аутенттік мазмұндағы мәтіндерді оқу және түсіну шеберліктерін дамыту, оқыған мәтінге өз пікірін айту;
  • жеке, іскерлік хат алмасуды жүргізу дағдысын жетілдіру, түйіндеме толтыру, берілген тақырпқа эссе жазу;
  • өз құрдастарымен, мұғалімімен, басқа тілде сөйлеушімен қарым-қатынас жасау кезінде әлеуметтік мәдени материалды пайдалану;
  • заманауи ақпараттық технологияларды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды пайдалана отырып, оқушыларды жеке жұмыс жасауға жұмылдыру.
  • жеке-бағдарлы, құзыреттік, жүйелік, лингво-мәдени және проблемалық тәсідер негізінде шеттілдік білім беруді жүзеге асыру.
  • жеке, іскерлік хат алмасу, түйіндеме жазу, берілген тақырыпқа эссе жазу дағдыларын жетілдіру.

Нақты бейіндік бағытталуға білім беру мазмұнын қайтақұрылымдау, яғни жалпы білім беретін тақырыптамаларды қысқарту және оқушының болашақ мамандығына бағытталған аутенттік оқу материалдарын енгізу, бейіндік бағыттағы мәтіндік материал негізінде сөздік қорды байыту арқылы  коммуникативтік құзыретті жетілдіру арқылы қол жеткізіледі.

Таңдалған бағыт бойынша оқу материалының мазмұны, көлемі мен сипаты анықталады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда шет тілін меңгеру пәнді тереңдетіп оқуға бағытталған. Оқыту барысында оқушылардың белсенділігі мен интерактивтілігін дамытуға, оқушылардың ақпаратты іздеу, жүйелеу, талдау іскерліктерін қалыптастыратын ақпараттық-ізденушілік, ақпараттық-анықтамалық бағдарлама құралдарын пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жетілдіруге, оқу материалының кәсіптік бағытталғанына, функционалдық сауаттылығына ерекше мән беріледі. Сол себептен оқыту міндеттеріне көркем мәтінді саралау кезіндегі талдау және зерттеу қабілеттерін дамытуды да жатқызады.

Түпнұсқалық материалдарды қолдану таңдалған бейінінің ерекшеліктері жайлы қарапайым білімдерін қалыптастыруға, болашақ мамандықты меңгеруде, ғылыми-техникалық прогреске қатысуда, таңдалған бейіндік бағыт аясында жалпы ой-өрісін кеңейтуде шет тілінің маңызын жете түсінуге мүмкіндік береді. Шет тіліне оқытудың бейіндік бағытталған тәсілі тілді болашақ кәсіптік қызметте қолдану мақсатымен әрі қарай жоғары оқу орнында білім алу үшін жеткілікті негіз құруға мүмкіндік туғызады.

Бейіндік білім беру сатысында өзге тілді білімді жаңарту мен жетілдіру келесідей мақсаттарға бағытталуы мүмкін:

  • қолданыстағы типтік бағдарламалар мен оқу материалдарындағы пәнді оқытудың мақсатын, мазмұны мен технологиясын бірізге түсіру;
  • өзге тілді бейіндік оқытудың вариативтік бағдарламаларын әзірлеу;
  • білім мазмұнының пәндік жағының тұлғалық және бейіндік бағытталуын күшейту;
  • деңгейлік дифференциялау технологиясын, ақпараттық-коммуникациялық технологияны, жобалау және зерттеу қызметтерін қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат 11кл

Жоспар құрған негізі: мемлекеттік стандарт, оқу бағдарламасы, нұсқау хат. Бағдарлама авторлары:

Т. Аяпова, З. Абильдаева, Ж. Тутбаева. Сағат саны 68, аптасына 2 рет

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды білім беру жұйесін құзіреттілікке көшу барысында, педкеңес шешімінің негізінде  ақпараттық, қарым-қатынастық, өзін-өзі басқару құзіреттілігін қосу негізге алынды.

1) «Өнертапқыштар тарихынан» (9 сағат);

2) «Ғылыми-техникалық жетістіктер және оның қоғамда алатын орны» (9 сағат);

3) «Қоршаған орта» (7 сағат); «Экологиялық проблемалар», «Халықаралық экологиялық проблемалар»;

4) «Австралия мен Жаңа Зеландияның достық қарым-қатынасы», «Географиялық орналасуы», «Мемлекеттік құрылым», «Табиғи-климаттық өзгешеліктер» (12 сағат);

5) «Жастар», «Жастар ұйымы» (8 сағат);

6) «Медицина», «Дәстүрлі және дәстүрлі емес медицина» (8 сағат);

7) «Адамзат өмірінде спорттың алатын орны», «Дене шынықтыру» (8 сағат);

Үздіксіздік және сабақтастық ұстанымдарына сәйкес 11-сыныпта шет тілдерін оқыту мәдениетаралық-қатысымдық құзыреттілікті және оның құрамдас бөліктерін: лексикалық және грамматикалық минимумды кеңейтуге, тілдік, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, бейімделу және әлеуметтік-мәдени біліктерін әрі қарай дамытуға бағытталған.

Оқуды аяқтағанда, оқушылардың келесідей тілді меңгерудің жалпы еуропалық деңгейіне жету жоспарланған: 11-сынып – В1 («Қалыптасқан игерім 1»);

Шет тілін тәрбиелік, танымдық және басқа ұлттық мәдениетпен және оны жеткізушілермен өзара әрекет ету құралы ретінде оқу болашақта бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, болашақта шет тілін меңгеру дағдысының артуын ілгерілетуге бағытталған. Орта мектептің жоғары сынып оқушыларына шет тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері осылайша шарттасады.

«Шет тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаттары оқушылардың коммуникативтік құзыреттерін жетілдіруден және өзінің мәдениетін әлемдік масштабта кеңінен насихаттай алатын, болашақ мамандығында шет тілін тәжірибе жүзінде қолдана алатын көпмәдениетті, көптілді тұлғаны қалыптастырудан тұрады.

10-сыныпқа арналған «Шет тілі» оқу пәнін оқытудың міндеттеріне:

  • дағдылар мен шеберлікті дамыту және жетілдіру, нақты коммуникативтік міндеттерді шешуге арналған тілдік материалды пайдалану;
  • оқушыларды ауызша хабарламалар, жоба ашылымдарын құруға дайындау;
  • оқушыны әртүрлі ақпарат көзінен алынған кәсіби маңызы бар ақпаратты алу, талдау, жалпылау және жіктеуге үйрету;
  • шеттілдік сөзді тыңдап қабылдау қабілетін дамыту, әртүрлі жанрлардағы аутенттік аудио, бейнемәтндердің негізгі мазмұнын түсіну, тыңдалған/көргеніне қатысты өз ойын айта білу;
  • әртүрлі стильдегі аутенттік мазмұндағы мәтіндерді оқу және түсіну шеберліктерін дамыту, оқыған мәтінге өз пікірін айту;
  • жеке, іскерлік хат алмасуды жүргізу дағдысын жетілдіру, түйіндеме толтыру, берілген тақырпқа эссе жазу;
  • өз құрдастарымен, мұғалімімен, басқа тілде сөйлеушімен қарым-қатынас жасау кезінде әлеуметтік мәдени материалды пайдалану;
  • заманауи ақпараттық технологияларды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды пайдалана отырып, оқушыларды жеке жұмыс жасауға жұмылдыру.
  • жеке-бағдарлы, құзыреттік, жүйелік, лингво-мәдени және проблемалық тәсідер негізінде шеттілдік білім беруді жүзеге асыру.
  • жеке, іскерлік хат алмасу, түйіндеме жазу, берілген тақырыпқа эссе жазу дағдыларын жетілдіру.

Нақты бейіндік бағытталуға білім беру мазмұнын қайтақұрылымдау, яғни жалпы білім беретін тақырыптамаларды қысқарту және оқушының болашақ мамандығына бағытталған аутенттік оқу материалдарын енгізу, бейіндік бағыттағы мәтіндік материал негізінде сөздік қорды байыту арқылы  коммуникативтік құзыретті жетілдіру арқылы қол жеткізіледі.

Таңдалған бағыт бойынша оқу материалының мазмұны, көлемі мен сипаты анықталады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда шет тілін меңгеру пәнді тереңдетіп оқуға бағытталған. Оқыту барысында оқушылардың белсенділігі мен интерактивтілігін дамытуға, оқушылардың ақпаратты іздеу, жүйелеу, талдау іскерліктерін қалыптастыратын ақпараттық-ізденушілік, ақпараттық-анықтамалық бағдарлама құралдарын пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жетілдіруге, оқу материалының кәсіптік бағытталғанына, функционалдық сауаттылығына ерекше мән беріледі. Сол себептен оқыту міндеттеріне көркем мәтінді саралау кезіндегі талдау және зерттеу қабілеттерін дамытуды да жатқызады.

Түпнұсқалық материалдарды қолдану таңдалған бейінінің ерекшеліктері жайлы қарапайым білімдерін қалыптастыруға, болашақ мамандықты меңгеруде, ғылыми-техникалық прогреске қатысуда, таңдалған бейіндік бағыт аясында жалпы ой-өрісін кеңейтуде шет тілінің маңызын жете түсінуге мүмкіндік береді. Шет тіліне оқытудың бейіндік бағытталған тәсілі тілді болашақ кәсіптік қызметте қолдану мақсатымен әрі қарай жоғары оқу орнында білім алу үшін жеткілікті негіз құруға мүмкіндік туғызады.

Бейіндік білім беру сатысында өзге тілді білімді жаңарту мен жетілдіру келесідей мақсаттарға бағытталуы мүмкін:

  • қолданыстағы типтік бағдарламалар мен оқу материалдарындағы пәнді оқытудың мақсатын, мазмұны мен технологиясын бірізге түсіру;
  • өзге тілді бейіндік оқытудың вариативтік бағдарламаларын әзірлеу;
  • білім мазмұнының пәндік жағының тұлғалық және бейіндік бағытталуын күшейту;
  • деңгейлік дифференциялау технологиясын, ақпараттық-коммуникациялық технологияны, жобалау және зерттеу қызметтерін қолдану.

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь