ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) 6-сынып Қалыптастырушы бағалауға...

ҚБ Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес) 6-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

1097
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі мен әдебиеті
(оқыту қазақ тілінде емес)
6-сынып
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында
мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық
жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар
қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды
құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері
байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге,
бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және
т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау
бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға
арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ
коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
Мазмұны 1-тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………… 4
Бөлімдер: « Отан отбасынан басталады», «Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныстіршілігі», «Таулар сыры»………………………………………………………………………………………………4 2-тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………. 30
Бөлімдер: «Қуат көзін үнемдей білеміз бе?», «Астана – мәдениет пен өнер
ордасы», «Қазақстан қорықтары»………………………………………………………………………………….30 3-тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………. 40
Бөлім: «Болашақ мамандықтары», «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына
аяулы көзқарас», «Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы»…………………………40 4-тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………. 55
Бөлім: « Абайды оқы, таңырқа!», «Қазақ ұлттық қолөнері», «Саяхат және туризм»………..55
3
ЖОБА
1-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Отан отбасынан басталады»
М.Әуезов «Абай жолы» романы, «Қайтқанда» тарауы (үзінді)
Оқу мақсаты 6.1.1.1 — тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін
тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін
мәселені болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздер негізінде тақырыпты, көтерілген
мәселені болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған аты – Тоқбала екенін біле жүргеніміз
жөн. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «кәрі әже» деп атаған.
Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді
екен. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы
көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген
Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. « – Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн
өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп басталатын Абайдың әжесі – Зеренің ұлағатты
әңгімелерінің өзі неге тұрады десеңізші?!
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» дейтін тарауында:
«Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық
сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. …Әжесі әуелде
көп-көп ертегілер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қорығы», «Құламерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін
болды» деп сипатталады. 1. Мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз. 5 тірек сөз бен сөз тіркесті анықтап, cмарт-схеманы
толтырыңыз.
4
ЖОБА 2. Мәтін үзіндісін екінші рет мұқият тыңдаңыз. Мәтінге тақырып қойып, көтерілген
мәселені анықтаңыз.
Мәтін тақырыбы Мәтіндегі көтерілген мәселе
Әже өнегесі
Дескриптор Білім алушы — мәтін құрауға негіз болған 5 тірек сөзді анықтайды; — тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып ұсынады; — мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.
5
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.1.5.1 — тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін
тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
• Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар,
мәтін тақырыбы арқылы анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Берілген эпизод үзіндісі бойынша сұрақтарға өз сөзіңізбен жауап беріп, мәтіндегі негізгі
ойды анықтаңыз.
Бала Абай көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді,
шешесі анадай жерде тұрып: — Әй, шырағым, балам! Арғы жағыңда әкең тұр… сәлем бер! — деді.
Абай жалт қарап еді, әкесін көрді. Алыстау жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екіүш үлкен кісі бар — әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала,
шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды.
… Әкесі азғантай уақыт Абайға қарап алып: — Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де
өсті ме? — деді.
Сұрақ Жауап Негізгі ой
Абай алдымен кімге
амандасты?
Құнанбай Абайдан не туралы
сұрады?
Бұл эпизодтан қандай
құндылықты аңғарасыздар?
Дескриптор Білім алушы — мәтін мазмұнына қатысты берілген 3 сұраққа жауап береді; — мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді.
6
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.2.2.1- тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру,
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады
• Диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Бір-біріңізбен тақырып бойынша жұпта
диалог құрыңыз.
Диалог тақырыптары 1) Отан отбасынан басталады 2) Отбасындағы тойланатын мейрамдар 3) Отбасындағы міндеттер 4) Отбасы құндылықтары
Дескриптор Білім алушы — тақырып бойынша жұбына 3 сұрақ қояды; — жұбының қойған сұрақтарына жауап береді.
7
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.4.1 — мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып
бойынша постер, сызба-кестелер жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сай мәліметтерді жинақтайды,
постер әзірлейді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұпта таңдаған тақырыптарыңыз негізінде ақпараттарды жинақтап, постер жасаңыз.
Постер дайындауда берілген талаптарды ескеріңіз:
• постердің мазмұндылығы;
• постердің тақырыпты ашуы;
• көркем безендіру;
• креативтілік.
Ұсынылатын тақырыптар
Отбасылық мерекелер Отбасылық демалыс
Өнерлі отбасы Отбасылық құндылықтар
Дескриптор Білім алушы — отбасы туралы ақпараттарды қолданады; — тақырып туралы постерді көркем безендіреді; — ерекше идеялар ұсынады.
8
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.5.1.1 — мәтіндерден деректі және дерексіз зат,
көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша,
ауызша жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жазбаша, ауызша жұмыста деректі және
дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі зат есімдерді мағынасына қарай төмендегі кестеге
топтап жазыңыз.
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-баба тәрбиесі ерекше. Қазақ отбасында ата-әжені, әкешешені ерекше құрметтеген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда
қамқорлыққа алуға міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар
мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітіліп,
өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты
жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайғанда оларға қамқорлық жасауға
міндетті.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Ананың орны да
ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды, құрметтейді.
Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі. Тұрмысқа шыққан
қыздарына жасау береді.
Деректі Дерексіз 2. Берілген суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құрыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Ауызша
мәтін мазмұнында деректі және дерексіз зат есімдерді қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы — мәтіннен 4 деректі, 4 дерексіз зат есімдерді анықтайды; — таңдаған сурет бойынша ауызша мәтін құрастырады; — мәтінге ат қояды; — -мәтінді ауызша әңгімелеуде деректі, дерексіз зат
есімдерді қолданады.
9
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.ТБ1.1- мәтіндерден деректі және дерексіз зат,
көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша,
ауызша жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жазбаша, ауызша жұмыста деректі және
дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген көптік мәнді есімдерді пайдаланып, мәтін құрастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
Көптік мәнді есімдер: жанұя, отбасы бақыты, ақыл, өмір, шындық, әдет, тәрбие,
ақыл мен ой, атаана
Дескриптор Білім алушы
-көптік мәнді есімдерді қатыстырып, жазбаша мәтін
құрастырады; -мәтін мазмұнына сай ат қояды.
_________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
10
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.1.1 — мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай
отырып, мінездеме жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мінездеме жазудың талаптарын сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген қасиеттердің ішінен Абайға сай келетін 3 мінездемені анықтап, мәтіннен
дәлел келтіріңіз.
Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше
қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты
үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі
Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып
алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел
жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады.
Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге
танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше
дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол
халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ
онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына
пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады.
Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып,
өз жанына ертіп, әкімшілік-билік жұмыстарын жүктейді.
Ұсынылатын мінездемелер тізбегі: зерек, өнерлі, еңбекқор, әділ, сыпайы, ашушаң, батыл
Абайға тән мінездеме Мәтіннен дәлел 2. Мәтіндегі ақпараттарды қолданып, бала Абайға мінездеме жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы — берілген қасиеттердің ішінен кейіпкерге сай келетін 3
мінездемені анықтайды; — әр мінездемеге мәтіннен дәлел келтіреді; — мәтіндегі ақпараттарды қолданады; — бала Абайға мінездеме береді.
11
ЖОБА
Бөлім «Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі»
Ә.Дүйсенбиев «Бәтіңке, шұжық, балқаймақ» өлеңі
Оқу мақсаты 6.5.2.1 — тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,
негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін мазмұнына сай негізгі және қосымша ақпараттарды
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, ақпараттардың мәтін мазмұнына сай дұрыс немесе бұрыс
екенін белгілеңіз.
Өскемен қаласы Алтай тауының бөктерінде 1720 жылы салына бастаған.
Өскемен — еліміздің түсті металлургия орталығы. Осындай қорғасын-мырыш және титанмагний комбинаттарының өнімдерін бүкіл әлем біледі. Олардың өнімдері әлемде үлкен
сұранысқа ие болып отыр. Үлбі металлургия комбинатында Қазақстанда өндірілетін уранның
80 пайызы өңдеуден өтеді.
Өскемен өңірі су қорына өте бай. Сарқырап аққан тау өзендері көп. Алғашқы су электр
станциясы 1953 жылы іске қосылды. Ал Алтай жері орманға бай. Оны нағыз тайганың өзімен
ғана теңестіруге болады.
Кезінде Өскемен Шығыс Қазақстан облысының орталығы болды. Оның құрамына
бұрынғы Семей облысы және Шығыс Қазақстан облысы аумақтары кірді. Қаладағы
фабрикалар, зауыттардан түрлі өндіріс қалдықтары пайда болады. Бұл — экологиялық зиянды
заттар. Қазақстан Республикасы Үкіметі және қала әкімшілігі ауаның, жердің тазалығы үшін
шаралар қолдануда. Алайда экономикалық қиындықтардың қала халқы үшін қатерін жою
және табиғатты сақтау күн тәртібіндегі мәселе болып қалуда.
Ақпараттар + дұрыс — бұрыс
Өскеменде көмір өндіріледі
Өскеменде уранның 80 пайызы өңделеді
Алтай ормандарын тайгамен
салыстыруға болады
Өскемен — Батыс Қазақстанның орталығы
Мәтіндегі 2 негізгі, 2 қосымша ақпаратты тауып, өз сөзіңізбен жазыңыз.
Негізгі ақпарат: 1) __________________________________________________________________ 2) __________________________________________________________________
Қосымша ақпарат: 1) __________________________________________________________________ 2) __________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — мәтін мазмұнына сай келетін 2 дұрыс ақпаратты анықтайды; — мәтіндегі 2 негізгі ақпаратты анықтап, өз сөзімен жазады; — мәтіндегі 2 қосымша ақпаратты анықтап, өз сөзімен жазады.
12
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.5.2.1 — тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын
түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін мазмұнына сай негізгі және қосымша
ақпараттарды анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Ертегі-поэманы 2 рет тыңдап, кейіпкерлерді таңдауына қарай суреттерді
сәйкестендіріңіз.
Бәтеңке,
Шұжық,
Балқаймақ,
Дүкенде тұрып ұрысты,
Бәтеңке шықты айғайлап:
Айту керек дұрысты!
Сен екеуің кімсіңдер,
Мені айтыңдар мүлік деп,
Құр мақтанып жүрсіңдер,
…Білмейсіңдер, өмірге
Кім пайдалы
Кім пайдалы кім мықты,
Кәне, екеуің жеңіл де,
Мойындаңдар шындықты.
…Таласты олар ұзақ түн,
…Кетті айтыс ұзап тым,
Бір бітімге келмеді…
Керкілдесті, керісті.
Табалық деп, келісті.
Дауларын кім шешеді?
Олар ұзақ жол кешті,
Келе жатып үшеуі,
Көк төбетке кездесті. — Әй, көк төбет, көк төбет!
Білетіні көп төбет.
Әділдігі мол төбет,
Айтыңызшы шындықты.
Ардақтымыз қайсымыз,
Сілекейі шұбырып,
Сөйлейді ит былай деп:
Көзіме сен көрінбей,
Ей, бәтіңке былай кет!
Күшік емен ойнайтын,
Бәтеңке, өзің, қаттысың.
Қанша жесе тоймайсың,
Шіркін, шұжық тәттісің…
Сонда ғана төбеттің
Келе жатып үшеуі,
Мысыққа енді кезікті. -Ала мысық, әй мысық,
…Пайдалымыз қайсымыз.
Кім қадірлі, кім мықты?
Сонда мысық, қу қырсық,
…Сөйлеп кетті білгірсіп:
Шұжық досым, сор, қайнап,
Жақпай қапсың ішіме.
Соңғы күндер, Балқаймақ,
Еніп қапсың түсіме,
Сен боласың ойымда,
Күндіз, ерте, кеште де…
Ал Бәтеңке жайында
Айтпай қойды ештеме.
Сонда олар мысықтың,
Арам ойын сезіпті…
Келе жатып үшеуі,
Тышқанға енді кезікті.
Тышқан, тышқан, сұр тышқан,
…Пайдалымыз қайсымыз,
Кім қадірлі, кім мықты? -Рас, мұндай тартыста
Керек ара түсуім.
Кеміргенде тісімнің
Қандырасың қышуын,-
Деді-дағы сұр тышқан
Бәтеңкеге таянды.
Ашылғандай араны,
Ежірейе қарады.
Сонда олар тышқанның,
Арам ойын сезіпті.
13
ЖОБА
Арам ойын сезіпті…
Кейіпкерлер Сәйкестендіру Кейіпкер таңдауы 1
А 2
Ә 3
Б 2. Мәтіндегі 2 негізгі, 2 қосымша ақпаратты тауып, кестеге өз сөзіңізбен жазыңыз.
негізгі ақпарат қосымша ақпарат 1. 1. 2. 2.
Дескриптор Білім алушы — мәтін мазмұны бойынша суреттерді сәйкестендіреді; — мәтіндегі 2 негізгі ақпаратты анықтайды; — мәтіндегі 2 қосымша ақпаратты анықтайды.
14
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.3.2.1 — ресми стильдегі мәтіндердің стильдік
ерекшелігін анықтау (күнделік)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ресми стильдегі ақпараттардың ерекшелігін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, күнделіктің жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз.
20 тамыз
Қалаға көшіп келгелі бір апта болды. Ауылдың тып-тыныш тіршілігіне үйреніп қалған
маған қаланың шулы өміріне үйрену қиындау болатын сияқты. Бүгін анаммен киім алуға
базарға бардым. Автобуспен 1 сағатқа жуық уақыт жүріп барғанша ішім пысып, зерігіп
кеттім. Қаланың адамдары бәріне үлгеру үшін асығып жүретін сияқты көрінді. Биік
ғимараттар мен ерсілі-қарсылы жүріп жатқан көліктерден басым айналды.
4 қыргүйек
Бүгін – дүйсенбі. Жаңа мектебім өзіме өте қатты ұнайды. Іші хан сарайындай кең әрі
жап-жарық! Оқу бөлмелері соңғы технологиялармен жабдықталған. Тіпті зертханалар да
бар! Түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Спорт залы қандай керемет! Айтпақшы, бұл
мектептің ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев атамыз қатысыпты.
10 қыргүйек
Сыныбымызбен қаладағы С.Сейфуллин атындағы театрдың қойылымына бардық.
Жаңа үлгідегі театрдың ішіне кіргенде, ауызым ашылып қалды. Төбедегі
аспашамдарының үлкендігі соншалық, үстіме құлап кететіндей көрінді. Едені жалт-жұлт
етіп, тайғанап құлап қалатындай, құрбымның қолынан қысып алдым. Қойылым
біткенше, қозғалмастан отырдым. Актерлердің ойнау шеберлігі мен сахнаның
безендірілуінен ерекше әсер алдым. Келесі жолы отбасыммен келу керек екен.
Дескриптор Білім алушы — күнделік жанрына тән 4 ерекшелікті анықтайды; — анықталған ерекшеліктерді кластерге толтырады.
Күнделіктің
жанрлық
ерекшеліктері
15
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.1.1 — мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай
отырып, күнделік жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Күнделік жазудың талаптарын сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сіз отбасыңызбен қалада тұрасыз. Жазғы демалыс кезінде атаңыз бен әжеңіздің
ауылына бардыңыз. Ауылда көрген қызықтарыңыз бен атқарған жұмыстарыңыз туралы
3 күніңізді сипаттап, күнделік жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы — күнделікте ауылдағы 3 күні туралы жазады; — күнделіктің 1-2 күнінде ауылда өткізген қызықты
оқиғасы туралы жазады; — күнделіктің 3-күнінде ата-әжесіне жасаған көмегі
туралы жазады.
16
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.3.4.1 — мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық
құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Екі мәтіннің стилін, жанрын, тақырыбын, мазмұнын
салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтіннің стилін, жанрын, тақырыбын, мазмұнын салыстырыңыз. 1-мәтін
20 тамыз
Қалаға көшіп келгелі бір апта болды. Ауылдың тып-тыныш тіршілігіне үйреніп
қалған маған қаланың шулы өміріне үйрену қиындау болатын сияқты. Бүгін анаммен
киім алуға базарға бардым. Автобуспен 1 сағатқа жуық уақыт жүріп барғанша ішім
пысып, зерігіп кеттім. Қаланың адамдары бәріне үлгеру үшін асығып жүретін сияқты
көрінді. Биік ғимараттар мен ерсілі-қарсылы жүріп жатқан көліктерден басым айналды.
4 қыргүйек
Бүгін – дүйсенбі. Жаңа мектебім өзіме өте қатты ұнайды. Іші хан сарайындай кең әрі
жап-жарық! Оқу бөлмелері соңғы технологиялармен жабдықталған. Тіпті зертханалар да
бар! Түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Спорт залы қандай керемет! Айтпақшы, бұл
мектептің ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев атамыз қатысыпты.
10 қыргүйек
Сыныбымызбен қаладағы С.Сейфуллин атындағы театрдың қойылымына бардық.
Жаңа үлгідегі театрдың ішіне кіргенде, ауызым ашылып қалды. Төбедегі
аспашамдарының үлкендігі соншалық, үстіме құлап кететіндей көрінді. Едені жалт-жұлт
етіп, тайғанап құлап қалатындай, құрбымның қолынан қысып алдым. Қойылым
біткенше, қозғалмастан отырдым. Актерлердің ойнау шеберлігі мен сахнаның
безендірілуінен ерекше әсер алдым. Келесі жолы отбасыммен келу керек екен. 2-мәтін
Біздің ауыл тамаша!
Көз тоймайды қараса…
Ағып жатыр өзені,
Жағасына өскен көп қамыстар аласа.
Әйтеке би атамыздың,
Есімімен аталған.
Қаздай болып тізіліп,
Әдемі үйлер салынған.
Мешіт те бар ауылда,
Саябақ бар тағы да,
Өзге ауылға бара қалсам,
Тез қайтамын ауылымды сағына.
17
ЖОБА
Салыстыру аспектілері 1-мәтін 2-мәтін
Стилі
Жанры
Тақырыбы
Мазмұны не туралы (3 сөйлем)
Дескриптор Білім алушы — мәтіндердің стилін анықтайды; — мәтіндердің жанрын анықтайды;
мәтіндерге тақырып қояды; — мәтіндердің мазмұнын 3 сөйлеммен береді.
18
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.5.1 — жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда
үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай
дұрыс жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жазбаша мәтінді орфографиялық нормаға сай
жазады
• Қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттер бойынша ауыл мен қала айырмашылығы туралы жазбаша мәтін құраңыз.
Мәтінде тәуелдік, септік жалғауларын дұрыс қолданыңыз.
Ауыл көрінісі Қала көрінісі
Ауылдың балалары Қаланың балалары
Ауылдағы демалыс Қаладағы демалыс
Дескриптор Білім алушы — суреттердің көмегімен ауыл мен қаланың айырмашылығы
туралы жазбаша мәтін құрайды; — мәтіндегі сөздерге тәуелдік, септік жалғауларын үндестік
заңын ескеріп жалғайды.
19
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.5.1.2 — лексикалық мағынасы жағынан заттың
сипатын, көлемін, салмағын, аумағын білдіретін сын
есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жазбаша, ауызша жұмыста сын есімдерді
ажыратады
• Мәтін жазуда, айтуда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Өлеңдегі сын есімдерді тауып, кестеге мағынасына қарай жіктеп жазыңыз.
Бәтеңке,
Шұжық,
Балқаймақ,
Жатыр әлі айғайлап…
Бірін-бірі мінеді,
Керкілдесті, керісті.
Табалық деп, келісті.
Дауларын кім шешеді?
Олар ұзақ жол кешті,
Келе жатып үшеуі,
Көк төбетке кездесті. — Әй, көк төбет, көк төбет!
Білетіні көп төбет.
Әділдігі мол төбет,
Арамдығы жоқ деп ед,
Ақыл-ойға байсыңыз,
Айтыңызшы шындықты.
Ардақтымыз қайсымыз,
Сілекейі шұбырып,
Сөйлейді ит былай деп:
Көзіме сен көрінбей,
Ей, бәтеңке былай кет!
Күшік емен ойнайтын,
Ботинка, өзің, қаттысың.
Қанша жесе тоймайсың,
Шіркін, шұжық тәттісің…
Сонда ғана төбеттің
Арам ойын сезіпті…
Келе жатып үшеуі,
Мысыққа енді кезікті. -Ала мысық, әй мысық,
…Пайдалымыз қайсымыз.
Кім қадірлі, кім мықты?
Сонда мысық, қу қырсық,
…Сөйлеп кетті білгірсіп:
Шұжық досым, сор, қайнап,
20
ЖОБА
Жақпай қапсың ішіме.
Түр-түсті
сипаттайтын сын
есімдер
Заттың сипатын
білдіретін сын
есімдер
Дәмін білдіретін сын
есімдер
Дескриптор Білім алушы — өлеңдердегі сын есімдерді табады; — анықталған сын есімдерді мағынасына қарай кестеге
жіктейді.
21
ЖОБА
Бөлім «Таулар сыры» М. Мақатаев «Мен таулықпын» өлеңі
Оқу мақсаты 6.1.3.1 — тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты
жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыптарға қатысты сөз бен сөз тіркестерінің
мағынасын ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1. Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген сөздердің қарсы мағынасын мәтінде тауып
жазыңыз.
Қазақстанның биік таулы өлкелеріне: Алтай, Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді
Алтай, Жоңғар таулы өлкесі, Тянь-Шань таулы өлкесі жатады. Биік таулы өлкелерге
Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар
(Жетісу) Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы
палеозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тектоникалық
қозғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған. Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы
жер бедерінің биік әрі күшті тілімделгендігімен ерекшеленеді.
Сөздер Антонимі
аласа
әлсіз
қатпарлы
батыс 2. Берілген сөздердің мағынасын мазмұнды негізге ала отырып, өз сөзіңізбен
түсіндіріңіз.
Сөздер мен сөз тіркестері Мағынасы
Таулы өлке
Палеозой қатпарлықтары
Жаңғырған тау
Дескриптор Білім алушы — үш сөздің антонимін мәтіннен тауып жазады; — үш сөз тіркесінің мағынасын мәтін мазмұнына сүйеніп, өз сөзімен
айтады.
22
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.1.3.1 — тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты
жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыптарға қатысты сөз бен сөз тіркестерінің
мағынасын ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, тауларға қатысты жаңа сөздерді сөз тіркестерімен
сәйкестендіріңіз.
Сарыарқа — Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200
шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі — 500-600 метрдей. Солтүстігінде БатысСібір жазығы мен оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында
Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай
шипажайлық аймағы.
Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілеміне жатады.
Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке
қарай 450 шақырым. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр.
Маңғыстау таулары – Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр.
Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және
солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70
шақырым. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі – Қаратау-Бесшоқы (556 м).
Таулар Сәйкестендіру бағаны Ақпараттар
Сарыарқа Үлкен Боқтыбай тауы
Қазақстанның орталығында
орналасқан
Мұғалжар Ұзындығы 450 шақырым
Бурабай шипажай аймағы
Маңғыстау Қаратау — Бесшақы
Дескриптор Білім алушы
жаңа сөздерді сөз тіркестерімен сәйкестендіреді.
23
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.1.4.1 — шағын поэзиялық шығармалардың
мазмұнын талдай отырып, кейіпкерлерге сипаттама
жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманы талдай отырып, кейіпкердің
мінезін, қасиетін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдап, берілген үзінділер арқылы тау баласына мінездеме беріңіз.
Мен таулықпын
Tay дейтін алып жүрек Ана туған
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін еміп ержеткенмін
Қуат алып қыранның қанатынан
Мен таулықпын
Таудан мен жаратылғам.
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам
Күн алғашқы сәулесін маған шашып
Маған келіп түнейді қара тұман.
Тау ұлымын
Тау — менің дәу бесігім
Мен оның әуресімін, сәулесімін.
Асқар шыңдар желпиді бесігімді
Бір орамын ағытып сәлдесінің.
Үзінді Кейіпкердің қандай қасиеті, мінезі
танылады?
Қуат алып қыранның қанатынан
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам
Мен оның әуресімін, сәулесімін
Дескриптор Білім алушы -үзінділерге сай кейіпкерге мінездеме береді.
24
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.2.6.1 — тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті
суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздер мен суреттердің көмегімен әңгіме
жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Жаз мезгілінде сынып жетекшілеріңізбен бірге тауға саяхатқа шықтыңыздар. Берілген
сурет пен тірек сөздердің көмегімен таудағы саяхат кезіндегі оқиғалар мен қызықтар
туралы шағын әңгіме жазыңыз.
Тірек сөздер: тауға көтерілу, жолқапшық, шатыр құру, соқпақ жол, алау, от жағу,
күн ұясына бату, қызыл арай, таудағы тыныштық
Дескриптор Білім алушы — суреттер және тірек сөздерді ажыратады; — әңгіменің басында саяхатқа дайындық, тауға
шыққандығы туралы әңгімелейді; — әңгіменің негізгі бөлімінде саяхат барысында болған
оқиғалар туралы әңгімелейді;
— әңгіменің соңында табиғат аясынан алған әсерімен
бөліседі.
25
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.2.5.1 — коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке
қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып
отыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Рөлдерге қатысты диалог құрастырады
• Шағын диалогке қатысу арқылы ойымен бөліседі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген жұптардың бірін таңдаңыз. Алдыңғы сабақта алған мәліметтерді жинақтап,
бір-біріңізбен жұпта диалог құрыңыз. 1) География пәнінің мұғалімі мен оқушы арасындағы диалог 2) Тауға саяхатқа шыққан екі оқушының арасындағы диалог 3) Туристік компанияның қызметкері мен саяхатшы арасындағы диалог
Дескриптор Білім алушы — таңдалған рөл бойынша таулар туралы жұпта диалог
дайындайды; — рөл бойынша жұпта бір-біріне сұрақ қояды; — сұраққа жауап береді.
26
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.3.1.1 — мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау,
өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін мазмұнындағы негізгі және қосымша
ақпараттарды анықтайды
• Өмірмен байланыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, 3 негізгі және 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Қарқаралы таулары — елімізге туристерді тартуға қолайлы ең көрікті жерлердің бірі.
Кербез де, сұлу бұл тау Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық паркінің аумағында
орналасқан. Парк өкілдерінің пікірінше, Қазақстанның дәл ортасында орналасқан тау
тізбегіне жыл сайын 20 мыңға жуық турист саяхаттап келеді. Жалпы аумағы
12 гектардан асатын ол паркте таулар тізбегінен бөлек, ағаштың сан түрі өсетін
орманды алқап, өзен-көлдер мен үңгірлер де бар. Онда қосмекендінің 2 түрі,
рептилияның 6, сүтқоректілердің 40 және құстардың 114 түрі мекендейді. Қарқаралы
таулары айналасы ұсақ шоқылы, төбелі, жоталы, қырқалы таулар мен биік шоқылардан
тұрады. Ондағы ең биік шыңы бар болғаны 1360 метрге әрең жететіндіктен, жазды
күндері тау басында қар жатпайды.
Ғалымдардың пікірінше, Қарқаралының көк сеңгір таулары бұдан 250-500 млн. жыл
бұрын палеозой заманында пайда болған.
Негізгі
ақпараттар 1. Қосымша
ақпараттар 1. 2. 2. 3.
Дескриптор Білім алушы — мәтін мазмұнынан 3 маңызды ақпаратты анықтайды; — мәтіннен 2 қосымша ақпаратты анықтайды.
27
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.3.6.1 — тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана
отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен
байланыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәселені өмірмен байланыстыруда үйренген
сөздерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінде кездесетін мәселелер жазылған бұлтшаларды бояңыз.
Сұлу Көкшетаудағы биік тау туралы мынадай аңыз бар.
Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол зор
денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге
мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау көп еді. Бала келген жаумен
шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Көлдің суына
шомылады да, қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып
жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады.
Байқаусызда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып,
әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап,
Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Пілін де жау қолына тастамас үшін төбесіне
көтеріп алады. Сол батыр осы Оқжетпес болса керек.
Анықталған 1 мәселенің шешілу жолын мәтіннен тауып жазыңыз.
Мәселе Шешілуі
Дескриптор Білім алушы — мәтінге сай 2 мәселені анықтайды; — 1 мәселенің шешімін білдіретін сөйлемді мәтіннен тауып
жазады.
Жау қолына
түсу
Елін жаудан
қорғау
Табиғатты
қорғау
Достықты
сақтау
28
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.3.1 — жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін
қолданып жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін жазуда теңеу мен эпитет сөздерді орынды
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сіз — туристік компанияның қызметкерісіз. Туристерді жазғы демалыста Көкшетау жеріне
саяхат жасауға шақырып, жарнама мәтінін жазыңыз. Жарнама мәтінінде берілген көркем
сөз оралымдарын қолданыңыз.
Көркем тіркестер: аспанмен таласқан таулар, көз жетпес шың, тұнық көл, қарағайлы ну
орман, биік жартас, тарих сыр шертеді, аңызға толы өлке, жоғары деңгейдегі қызмет,
жағдайлар жасалған, балалар алаңы, жоғары қызметті қонақ үй, ұлттық тағамдар,
шипалы су
Дескриптор Білім алушы — кіріспе бөлімде Көкшетау жеріне саяхат жасауға шақыратын
сөйлемдер жазады; — негізгі бөлімде Көкшетау табиғатының әсемдігін, көрсететін
қызмет түрлері туралы ақпарат береді; — қорытынды бөлімде туристік компанияның қызметіне
жүгінуге шақыратын сөйлемдер жазады.
29
ЖОБА
2-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Қуат көзін үнемдей білеміз бе?»
Оқу мақсаты 6.1.5.1 — тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы
арқылы негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін
тақырыбы арқылы анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді мұқият 2 рет тыңдап, 6 тірек сөз бен сөз тіркесін анықтап, бағдарсызық бойына
жазыңыз.
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында тұратын бір кәсіпкер ауылда жиі жарық өше
бергендіктен, өз қолымен желден қуат өндіретін қондырғы құрастырып алған. Қазір
ауласында тұрған құрылғыдан күніне 3 киловатқа дейін электр энергиясын алады. Былтыр
осы бастамасы үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге
қайтарымсыз грантқа ие болды. Содан бері тағы 7 жел қуатын өндіретін құрылғы жинап
шығарды. Тұтынушылар – негізінен жергілікті тұрғындар мен жеке шараушылық иелері.
Алғашқыда желден энергия өндіргіштің шағын түрін жасады. Қазіргілері қуаттырақ.
Секундына 15-20 метр жел соққанда, бір құрылғы күніне 2-3 килловат электр энергиясын
өндіреді.
Тірек сөздердің негізінде мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңыз.
Тақырып Негізгі ой
Дескриптор Білім алушы — мәтін құрауға негіз болған 6 тірек сөзді анықтайды; — анықталған тірек сөздерді кластерге орналастырады; — тірек сөздердің көмегімен мәтінге ат қояды; — мәтіндегі негізгі ойды 1 сөйлеммен береді.
Тірек сөздер
30
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.2.2.1 — тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру,
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады
• Диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттерді пайдаланып, жұпта диалог құрастырыңыз. Диалог мазмұнында
берілген сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз.
Сөйлеу этикетінің формалары: Сәлеметсіз бе, сіз қалай ойлайсыз, сіз…… дегенмен
келісесіз бе, мен сіздің…….. ойыңызбен келісемін,өте жақсы ой айттыңыз, пікіріңізге
рахмет, сау болыңыз
Дескриптор Білім алушы — сурет бойынша жұпта диалог құрастырады; — жұбына тақырып туралы 3 сұрақ қояды; — жұбының сұрағына толық жауап береді; — диалогте берілген сөз оралымдарының кем дегенде 4-5
қолданады.
31
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.4.1 — мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып
бойынша постер, сызба-кестелер жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сай мәліметтерді жинақтайды,
сызба-кестелер әзірлейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды кесте немесе сызбаға түсіріңіз.
Сызба/кестеңіз бойынша жұбыңызға мәтінді ауызша әңгімелеңіз.
Статистика бойынша, үйде шамдар мен шырақ шамдар электр энергиясының 20
пайызын тұтынады, сондықтан қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға
ауыстыру отбасы бюджетін үнемдейді. Бұл энергия үнемдейтін шамдар үйреншікті
қыздыру шамдарынан 5-7 есе қымбат тұратынына қарамастан, шамдарды
ауыстырғандағы үнемді бағалайды. Ол үшін, мәселен, қыздыру шамы күніне 3 сағаттан 100 Вт қуаттылықпен немесе айына 90 сағат жұмыс жасайды деп алайық. Бұл жағдайда
қыздыру шамы ай сайын 9 кВт (0,1кВт*90=9кВт*) электр энергиясын тұтынады. Егер
қыздыру шамының орнына 20 ваттық энергия үнемдейтін шамды қолданса, электр
энергиясының тұтыну айына 1,8 кВт (0,2кВт*90=1,8кВт*) құрайды. Сонымен бір
қыздыру шамын энергия үнемдейтін шамға ауыстырудан болған үнем айына 7,2 кВт
құрайды. Егер бір ай көлемінде бір шамды ауыстырумен болған үнем азғантай сияқты
болғанмен, ал 10 шамды ауыстыру кезіндегі бір жылғы үнем 864 кВт* құрайды.
Энергия үнемдейтін шамдардың электр энергиясын үнемді тұтынудан басқа да ұзақ
мерзім қызмет ету және жоғары жарық беру ерекшеліктері бар. Яғни, энергия
үнемдейтін шамдарды Сіз 5-10 жыл, ал қыздыру шамдарын 1 жыл ғана қолдана аласыз.
Дескриптор Білім алушы — кесте немесе сызба түрінің бірін таңдайды; — мәтіндегі ақпараттарды кесте/сызбаға түсіреді; — кесте/сызбасын қолдана отырып, жұбына мәтінді ауызша
әңгімелейді.
32
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.3.6.1 — тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана
отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен
байланыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырып бойынша үйренген сөздерді қолданады
• Көтерілген мәселе туралы өз ойын өмірлік
дәлелмен жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндегі ақпараттарға қатысты 2-3 мәселені балықтың жоғарғы қаңқаларына жазыңыз.
Төменгі қаңқаларға мәселенің шешіміне қатысты ұсыныс беріңіз.
Еліміздегі электр қолданысына сараптама жасаған білгір мамандар кейінгі
жылдары электр қуаты бей-берекет жұмсалып жатқанын айтуда. Кейбір дерек
көздерінің айтуынша, электр қуатын ысырап етуде Қазақстан алдыңғы қатарда екен.
Мәселен, елімізде ішкі жалпы өнімнің 1 долларын өндіруге 2,8 кВт/сағ. шығындалса,
Жапонияда – 0,22, Ұлыбританияда – 0,23, Германияда – 0,27, АҚШ-та – 0,30, Түркияда – 0,56, Қытайда 1,22 кВт/сағ. кетеді. Яғни дамыған елдердің көрсеткіші бізден бірнеше
есе төмен. Тағы бір мәліметке көз жүгіртсек, 2010 жылы Қазақстанда 68,13 млрд.
кВт/сағ. электр қуаты тұтынылса, 2011 жылы 71,7 млрд. кВт/сағ тұтынылыпты. Осы
қарқынмен жалғаса беретін болса, 2020 жылы ел бойынша 117 млрд. кВт/сағ. электр
қуаты қажет болмақ. Ал еліміздегі қазіргі электр станцияларының осынша қажеттілікті
өтеуге қабілеті жетпейді екен. Сондықтан да, ел Үкіметі жаңа электр станцияларын
салып, қуат көзін үнемдеуге барынша мән бере бастады. Десек те, жаңа электр
станциясын салуға қыруар қаражат қажеттігі анық. Сол себепті бүгінде электр қуатын
үнемдеу — елімізде өткір тұрған мәселелердің бірі.
Дескриптор Білім алушы
мәтіннен тақырыпқа қатысты 2-3 мәселені анықтайды; — анықталған мәселелерді балықтың жоғарғы қаңқаларына
жазады; — төменгі қаңқаларға мәселелердің шешіміне қатысты ұсыныс
жазады.
33
ЖОБА
Бөлім «Астана – мәдениет пен өнер ордасы»
Оқу мақсаты 6.2.6.1 Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің
желісі бойынша әңгіме құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірек сөздерді қолданып, тақырыпқа сай әңгіме
жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жаз мезгілінде Астана қаласына ЭКСПО көрмесіне досыңызбен бардыңыз. Көрмеде әр
елдің павильондарын тамашаладыңыз. Көрмеде көрген қызықтарыңыз туралы әңгіме
жазыңыз. Әңгіме мазмұнында берілген суреттер мен тірек сөздерді қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы — суреттер және тірек сөздерді қолданады; — мәтіннің кіріспе бөлімінде 1-суретті негізге ала отырып,
досымен бірге ЭКСПО көрмесіне билет алғандығы туралы
ақпарат береді; — мәтіннің негізгі бөлімінде 2-4 сурет негізінде әр елдің
павильондарын тамашалағандары туралы ақпарат береді; — қорытынды бөлімде көрмеден алған әсері туралы ақпарат
береді.
34
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.1.1 Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай
отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жанрлық ерекшелігі сақталған күнделік,
мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сіз жазғы демалыста Астанаға саяхаттап келдіңіз. Бірнеше күн бойы Астананың көрікті
жерлерін араладыңыз. Астанада өткізген 3 күніңізді сипаттап, күнделік жазыңыз.
Күнделік мазмұнында берілген суреттерді пайдаланыңыз.
Дескриптор Білім алушы -күнделіктің 1-күнінде ЭКСПО-ға саяхаты туралы жазады; -күнделіктің 2-күнінде Бәйтерекке барғаны туралы жазады; -күнделіктің 3-күнінде жаңа Мега ойын-сауық орталығы
туралы жазады; -күнделіктің жанрлық ерекшеліктерін сақтап жазады.
35
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.5.1.5 Етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, ауыспалы
осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ)
қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Етістіктің шақтарын ауызша және жазба
жұмыстарда дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, ондағы етістіктерді шақ түрлеріне қарай жіктеп жазыңыз.
Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, мемлекеттік филармония, 2 оқушылар сарайы, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі
жұмыс істейді.
Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту
мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер
спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25
спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды. 2001-2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті.
Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен
бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үдерісі байқалып отыр, бұл қазіргі
уақытта 66 %-ды құрайды.
Ауыспалы келер шақ формасын қолданып, мәтінді жұбыңызға ауызша мазмұндаңыз.
Ауыспалы осы шақ Жедел өткен шақ Ауыспалы келер шақ
Дескриптор Білім алушы -мәтіндегі етістіктерді анықтайды; — етістіктерді шағына қарай кестеге жіктеп жазады; — мәтін мазмұнын ауыспалы келер шақта баяндайды.
36
ЖОБА
Бөлім «Қазақстан қорықтары»
Оқу мақсаты 6.4.2.1 — эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір
абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып
жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сай құрылымын сақтап, эссе жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Биоалуантүрлілікті сақтауда қорықтардың маңызы қандай?» деген тақырыпта
құрылымын сақтап, эссе жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы — кіріспе бөлімде кілт сөзге анықтама береді; — негізгі бөлімде еліміздегі қорықтар, олардың флорасы мен
фаунасын сақтаудағы рөлі туралы жазады; — қорытынды бөлімде қорықтардың санын арттыруға
қатысты ұсыныс береді.
37
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.1.4.1 — әңгіме, хикаялардың және шағын поэзиялық
шығармалардың мазмұнын талдай отырып, кейіпкерлерге
сипаттама жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін мазмұнына байланысты кейіпкерлердің
іс-әрекетін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қарлығаш қарағанда өзге құсқа,
Барынша жұмысына тым-ақ ұста.
Балшықтан бөбегіне бесік жасап,
Өзгеге өрнегімен болған нұсқа.
Ұясы дөп-дөңгелек тостағандай,
Тап-таза, кіршік қиқым қоспағандай.
Бөленіп ақ бесікке алты бала,
Ұйқыдан әлі көзін ашпағандай.
Ақ үрпек балапандар аузын ашқан,
Өмірге күндей өсіп қадам басқан.
Ас беріп ата-анасы асырайды,
Мәпелеп балапанын бала жастан.
Тоғайдан, ойдан, қырдан жем іздейді,
Жүрекке жем іздеумен ем іздейді.
Шырқырап құс та болса баласы үшін,
Шөлдедім, қарным ашты дегізбейді.
Мекендер сол араны шұбар жылан,
Қашаннан құс жанына құмар жылан.
Иісін балапанның біліп, сезіп,
Келеді жемек болып сусап бұған.
Қарлығаш ата-анасы екі жұбай,
Жем іздеп жерді кезген тынбай ұдай.
Жем алып ұясына ұшып келсе,
Таянып қалған екен жылан сұмырай!
Жыланды қарлығаштың көрді көзі,
Мынауың қиянат дер бар ма сөзі?!
Аймалап балапанын қанатымен,
Айбат қып сұм жыланға көрді өзі.
38
ЖОБА
1.Мәтіндегі ақпараттардың ретін көрсетіңіз.
Жыланға қарлығаш қарсылық көрсетеді.
Балапандарына тамақ тасып асырайды.
Сұр жылан ұяға жақындап қалған.
Саздан балапандарына ұя жасайды.
2.Мәтіндегі кейіпкерлердің бірін таңдап, мінездеме беріңіз. Мінездемеге сай мәтіннен
дәлел келтіріңіз.
Кейіпкер Мінездеме Мәтіннен дәлел
Қарлығаш
Жылан
Дескриптор Білім алушы — өлеңдегі оқиғалардың ретін санмен белгілейді; — өлең мазмұнындағы екі кейіпкердің біріне таңдау жасайды; — таңдаған кейіпкерге 2 мінездеме береді; — мінездемеге мәтіннен дәлел тауып жазады.
39
ЖОБА
3-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Болашақ мамандықтары»
Оқу мақсаты 6.3.1.1 Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты
анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен
байланыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты
анықтап, өмірмен байланыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1.Мәтінді түсініп оқып, мамандықтар мен олардың қызметін сәйкестендіріңіз. «Fast Future» британдық агенттіктің футурологтері 2030 жылы сұранысқа ие болып,
кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады. Сонымен біраз жылдан кейін заманауи
инженерлер мен сату бойынша менеджерлердің орнына мынандай маман иелері қажет
болады.
Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман. Ғылым
жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту сынды адам
өмірі мен өлімінің этикасына қатысты мәселелерді шешу керек. Ғалымдардың ойлауынша,
ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен.
Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтер. Дамыған
технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз
етеді. Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген
саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын
фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың
қажеттілігі де артады.
Климат өзгерісі бойынша маман болашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың
қатарында болады.
Қарт кісілердің денсаулығын күтуші маман тек үлкен кісілерге медициналық көмек
көрсететін болады.
Адамның табиғи есін жақсартып, «жадысын» көбейтетін арнайы хирург пайда
болады.
Мамандық Сәйкестендіру бағаны Қызметі
1.Наномедицина қызметкері А. Тек кәрі адамдарға ғана
дәрігерлік көмек көрсетеді.
2. Ғарыш туризм мамандары В. Аспан әлеміне саяхат жасауды
ұйымдастырады.
3.Қарт кісілерді күтуші С. Адамның ақыл-есін қалпына
келтіретін маман.
4.Хирург Д. Адам ағзасын жасайды.
2. Мәтіннен 1 негізгі, 1 қосымша
ақпаратты анықтаңыз.Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Дескриптор Білім алушы — мәтін мазмұны бойынша мамандық пен олардың қызметін
сәйкестендіреді; — мәтіннен 1 негізгі ақпаратты анықтайды; — мәтіннен 1 қосымша ақпаратты анықтайды.
40
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.2.2.1 — тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру,
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады
• Диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттердің бірін таңдап, таңдалған мамандық туралы жұбыңызбен диалогке
түсіңіз.
Дескриптор Білім алушы — суреттегі мамандық бойынша жұбына 3 сұрақ қояды; — жұбының сұрағына толық жауап береді; — диалог мазмұнында сөйлеу этикеті формаларын
қолданады.
41
ЖОБА
Бөлім «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы»
Д.Досжан «Жібек жолы» романы (үзінді)
Оқу мақсаты 6.2.3.1 — ауызша мәтіндер құрауда сұраулы сөйлемдердің
интонациялық ерекшелігін ескеріп айту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Диалог барысында сұраулы сөйлемнің интонациялық
ерекшелігін ескереді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. Сұрақ қою
барысында сұраулы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.
Диалог тақырыптары 1) Ұлы Жібек жолының тарихы 2) Ұлы Жібек жолы және халықаралық мәдениет 3) Ұлы Жібек жолындағы сауда-экономикалық қатынас
Дескриптор Білім алушы — тақырыптық диалогке қатысады; — тақырып бойынша сұрақтар қояды; — сұраулы сөйлемді интонациямен жеткізеді; — сұраққа сай лайықты жауап береді.
42
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.4.1 — мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып
бойынша постер, сызба-кестелер жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі мәліметтерді постер, сызба-кесте түрінде
ұсынады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Ұлы Жібек жолының пайда болуы туралы мәліметті жинақтап,
сызба-кесте жасаңыз.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін
табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен
алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқаларды жұлдыз
құрт немесе жібек құрты деп атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен
қоректенетін болғандықтан, оны тұт жібек құрты немесе тұт көбелек деп атаған. Жібек
халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіру жолын Қытай үкіметі өте құпия
сақтаған. Соған қарамастан, құпия өндіру тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып
шыққандар болған. Олар жібек құртын қуыс қурайдың ішіне тығып, әйел адамдардың
шашының арасына жасырған. Жібек жолы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің
аңғарындағы аудандардан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен, Іле
өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу
үшін оңтүстік, солтүстік бағыттар болып тармақталады.
Дескриптор Білім алушы — мәтіндегі негізгі мәліметтерді жинақтайды; — Ұлы Жібек жолының тарихы туралы мәліметті топтастырады; — мәліметтерді сызба-кесте түрінде ұсынады.
43
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.4.1 — мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып
бойынша постер, сызба-кестелер жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сай мәліметтерді жинақтайды,
постер әзірлейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қытай елінен Ұлы Жібек жолы арқылы батысқа шыққан бір саяхатшы Қазақстанның орта
ғасырлық қалалары арқылы саяхат жасайды деп елестетіңіз. Осы саяхатшының жүрген
жолын, басып өткен қалаларын көрсетіп, постер жасаңыз.
Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат
Дескриптор Білім алушы — қажетті мәліметтерді жинақтайды; — постер жасайды; — саяхатшының жолын, болған қалаларын көрсетеді.
44
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.5.1.5 — етістіктің шақтарының (ауыспалы келер шақ)
қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шақ түрлерін, қызметін ажыратады
• Етістіктің шақтарын ауызша және жазба
жұмыстарда қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқып, берілген кестені толтырыңыз, етістіктің шақтарын ажыратыңыз.
Ұлы Жібек жолы
Сауда кезінде жол бойындағы елдер бір-бірімен өзара мәдени жағынан да
байланысқа түсті. Жібек жолы арқылы жан-жаққа діни ой-пікірлер де таратылды. ІІІVI ғасырларда Ұлы Жібек жолы «қажылар жолы» деп аталды, бұл жол арқылы будда
монахтары Қытайдан Үндістанға, Үндістаннан Қытайға сапар шекті. VII-X ғасырларда
Ұлы Жібек жолының халықаралық маңызы арта түсті, себебі Қытай Византиямен және
арабтармен байланыс орнатты. XV ғасырда теңіз жолының дамуына байланысты Ұлы
Жібек жолы маңызын жоя бастады. Сол кездегі сауданың басты тауары Қытайда
өндірілетін жібек болған. Сондықтан жол «Жібек жолы» деп аталған. Жібекпен бірге
Шығыстан Батысқа, Батыстан Шығысқа – Рим, Франция, Византия, Русь, Иран мен Араб
халифатында, Қытай, Корей, Жапонияда өндірілген көптеген тауарлар ағылды. Жібек
жолы халықтар арасындағы сауданың ғана емес, Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы
халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да әсерін тигізді.
Жібек жолын зерттеудің әрі маңызды, әрі сирек олжасы – Отырардан табылған
күміс ақша мен заттар көмбесі. Көмбеде Шығыс Түркістан қалалары – Алмалық, Пулад,
Эмильдің (Еміл); еуропалық Қырымның; малайзиялық Сива, Кони, Тебриздің;
қазақстандық Жент қалаларының ақшалары жинақталған. Ақшалардың соғылған уақыты
XIII ғасырдың 40–60 жылдары. Көмбеден табылған күмістен жасалған құрама белдік
жапсырмалар, ортаазиялық бұрама білезіктер, поволжиялық өрме білезіктер, Кіші
Азиялық айылбастар – теңдесі жоқ жәдігерлер.
Етістіктің шақтары
осы шақ өткен шақ келер шақ
Мәтінді өткен шақта баяндаңыз. Ауыспалы келер шақта сұрақтар дайындаңыз.
Дескриптор Білім алушы — мәтіндегі етістік шақтарын ажыратады; — мәтінді өткен шақта баяндайды; — ауыспалы келер шақта сұрақтар дайындайды.
45
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.5.1 — жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда
үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай
дұрыс жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жазбаша мәтінді орфографиялық нормаға
сай жазады
• Қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттерді топта талқылаңыз. «Жер байлығы – ел байлығы» тақырыбында
жазбаша мәтін құраңыз. Үндестік заңы мен орфографиялық норманы ескеріңіз.
Дескриптор Білім алушы — суреттерді топта талқылайды; — тақырып бойынша жазбаша мәтін құрайды; — қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді; — орфографиялық норманы сақтап жазады.
46
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.5.1.6 — сын-қимыл (бейне) және мөлшер үстеулерді
ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сын-қимыл, мөлшер үстеулерді ауызша, жазбаша
жұмыстарда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кестені толтырыңыз, сын-қимыл үстеуінің анықтамасын, жасалу жолын, мысалдарын
көрсетіңіз. Берілген сұрақтарға сын-қимыл үстеулерін қолданып, жауап беріңіз.
Сын-қимыл үстеуі
Анықтамасы
Жасалу жолы
Мысалдар
Айналадағы тазалыққа мән берейік! 1) Адамдардың үй немесе сарайларында қандай қауіпті қалдықтар болуы мүмкін? 2) Қалай ойлайсыз, сізге немесе отбасыңызға қауіпті заттар бар ма? Бар болса,
қандай? 3) Қауіпті қалдықтардың әсерінен қоғам қандай мәселеге кез болуы мүмкін? 4) Сіздің ауданыңыздағы қандай өндіріс орындары қауіпті қалдықтар шығаруы
мүмкін? 5) Қауіпті қалдықтарға байланысты мәселелерді қалай шешуге болады?
Дескриптор Білім алушы — сын-қимыл үстеуінің ережесін жазады; — сын-қимыл үстеуінің жасалу жолын анықтайды; — сын-қимыл үстеуіне мысалдар келтіреді; — сұрақтарға сын-қимыл үстеуін қолданып, жауап береді.
47
ЖОБА
Бөлім «Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы»
Оқу мақсаты 6. 1.4.1 — әңгіме, хикаялардың және шағын поэзиялық
шығармалардың мазмұнын талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманы мазмұнына талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Шынықсаң, шымыр боларсың
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Сағатқа қарап ап,
Жаттығу оңай-ақ.
Қақпаға туралап,
Теп допты оң аяқ.
Теп допты сол аяқ,
Жаттығу, сол аяқ.
Жаттығу оң аяқ,
Ал балалар, бір ауық
Әріп сырын ұғайық.
А дегенде отырып,
Б дегенде тұрайық 1) Берілген өлеңнің мазмұны не туралы? ___________________________________________________________________________ 2) Автор өлең-нұсқауында оқырмандарды неге үйретеді? _____________________________________________________________________________ 3) Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек? _____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — өлең мақсатын, автор идеясын ажыратады; — сұраққа жауап беріп, өз ойын айтады.
48
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.1.3.1 – тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты
жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін
ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді 2 рет тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.
Олимпиада сақиналары неге бесеу?
Бүгінде біз тамашалап жүрген заманауи Олимпиадалық ойындарды алғаш ойлап
тапқан Пьер де Кубертен 1912 жылы аталған сақиналарды да таным белгі ретінде ұсынған
екен. Бес дөңгелек дүниенің бес бөлігін білдіреді: Америка, Еуропа, Азия, Африка және
Мұхиттар. Солтүстік және Оңтүстік Америка бір құрлық ретінде қаралса, Антрактида ол
кезеңде назарда болмаған көрінеді. Олимпиадалық бес сақина 1914 жылы заңды түрде
қабылданып, 1920 жылы Бельгиядағы Олимпиадада сынға түсті. 1. Мәтіннен төмендегі сөздердің баламасын табыңыз.
1) қазірде — ___________________________________
2) бірінші — ____________________________________
3) әлемнің — ___________________________________ 2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз.
Олимпиадалық
ойындарды алғаш
ойлап тапқан кім?
Олимпиадалық бес сақина
таным белгісі нені
білдіреді?
Олимпиадалық бес сақина
қай жылы заңды түрде
қабылданды?
Дескриптор Білім алушы
мәтіннен сөздердің баламасын табады; — мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді.
49
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.2.3.1 — ауызша мәтіндер құрауда бұйрықты сөйлемдердің
интонациялық ерекшелігін ескеріп айту
Бағалау критерийі Білім алушы
• Айтылымда бұйрықты сөйлемдердің интонациясын
ескереді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттер бойынша «Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы»
тақырыбында ауызша мәтін құрастырыңыз. Мәтінде бұйрықты сөйлемдерді қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы — тақырып бойынша ауызша мәтін құрайды; — ұсынылған суреттерді пайдаланады;
бұйрықты сөйлемдерді орынды қолданады; — бұйрықты сөйлем интонациясын ескереді.
50
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.3.3.1 — орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы
мен негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Өлеңді оқып, тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңыз.
Шынықсаң, шымыр боларсың
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Сағатқа қарап ап,
Жаттығу оңай ақ.
Қақпаға туралап,
Теп допты оң аяқ.
Теп допты сол аяқ,
Жаттығу, сол аяқ.
Жаттығу оң аяқ,
Ал балалар, бір ауық
Әріп сырын ұғайық.
А дегенде отырып,
Б дегенде тұрайық.
Өлеңге қандай тақырып қоюға болады? Өлеңнің негізгі ойы қандай?
Дескриптор Білім алушы — өлең мазмұнына қарай тақырып ұсынады; — өлеңнің негізгі ойын анықтайды.
51
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.3.3.1 — орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы
мен негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Жазғы олимпиада ойындары 1896 жылы басталса, араға 28 жыл салып қысқы
олимпиада ойындары өткізіле бастады. Алайда Скандинавия елдері қысқы Олимпиадалық
ойындар өткізуге қарсы болды. Олар қысқы спорт түрлерін өздерінің ұлттық ойыны деп
санады. 1924 жылы Францияның Шамони қаласы тарихта тұңғыш рет қысқы спорт
түрлерінен апталық өткізді. Апталыққа Австрия, Бельгия, Ұлыбритания бастаған
15 мемлекет қатысты. Сондай-ақ Швейцария, Швеция сынды қысқы спорт ойындары
дамыған елдердің танымал спортшылары бұл жарысқа толық құрамда келді. Спорттың
5 түрінен 14 орын сарапқа салынды. Бағдарламаға бобслей, шаңғы спорты, трамплиннен
секіру, қоссайыс, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлері енді.
Алғашқы алтын медальді АҚШ спортшысы Ч. Джутроу иеленді. Ол 500 метр
қашықтықтағы коньки жарысында бірінші болып келді. Осы спорт түріне бөлінген
15 медальдің 14-ін Финляндия мен Норвегияның спортшылары қанжығасына байлады.
1500 және 5000 қашықтықта Олимпиада рекордын жаңартқан фин спортшысы К. Тунберг
коньки жарысының ең үздік ойыншысы атанды. Шаңғы спортының барлық түрі бойынша
Норвегия спортшылары жеңіске жетті. Сол кезде Әлемнің ең үздік шаңғышысы саналған
Норвегиялық Т.Хауг 3 алтын және 1 қола медаль алды.
Командалық есепте Норвегия спортшылары 4 алтын, 7 күміс, 7 қола, жалпы
18 медальдің иегері атанып, айқын басымдықпен жеңіске жетсе, Финляндия спортшылары
жалпы 9 медальмен екінші, АҚШ спортшылары жалпы 3 медальмен үшінші орынға
тұрақтады. 1924 жылдың 25 қаңтары мен 4 ақпан аралығында өткен осы
апталыққа Еуропа мен Американың 16 мемлекетінен 293 спортшы (13-і әйелдер) қатысты.
Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 1) Мәтінге қандай тақырып қоюға болады? 2) Мәтіннің негізгі ойы не туралы? 3) Қандай негізгі ақпараттар айтылады? 4) Қандай қосымша ақпараттар айтылады?
5) Скандинавия елдері қысқы олимпиада ойындарын өткізуге неліктен қарсы болды? 6) Қысқы олимпиада ойындары спорттың қандай түрлерінен өтті? 7) Жазғы және қысқы олимпиада ойындарының қандай айырмашылығы бар?
Дескриптор Білім алушы — мәтін мазмұнына сай тақырып ұсынады; — мәтіннің негізгі ойын анықтайды; — негізгі/қосымша ақпараттарды ажыратады; — мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
52
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.2.1 — эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір
абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу 6.4.5.1 — жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын
тыныс белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сай құрылымы сақталған эссе
жазады
• Жазбаша мәтінді орфографиялық нормаға сай
жазады
• Қосымша жалғауда үндестік заңын ескереді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сіздің мектебіңізге Рио-2016 олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл
кездесуге келді. Осы кездесу туралы суретті сипаттау арқылы «Олимпиада жеңімпазымен
кездесу» тақырыбында эссе жазыңыз.
Эсседе төмендегі мәселелерді қамтыңыз: — келген қонақ туралы — мектеп өмірі туралы — оқушылар жұмыстарын тамашалау туралы — спорттың денсаулыққа пайдасы жайында — Қазақстанның Рио-2016 олимпиадасы туралы — ауыр атлетика жөнінде — өзіңнің спортқа деген көзқарасың жайында.
Олимпиада жеңімпазымен кездесу
Рио-2016 олимпиадасының күміс жүлдегері
Жазира Жаппарқұл кездесуге келді.
Олимпиада жеңімпазы Жазира Жаппарқұл
мектептегі үйірмелерді аралап, оқушылардың саз
құмыра жасау сәтімен танысты.
53
ЖОБА
Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Мектеп оқушылары естелікке суретке түсті.
Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан
мақтанышы.
Дескриптор Білім алушы — эссе құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды; — суреттерді тиімді пайдаланады; — берілген мәселелерді қамтиды; — сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қолданады.
54
ЖОБА
4-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!»
Оқу мақсаты 6.3.3.1 — орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі
ойды анықтау 6.4.3.1 — жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып
жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды
• Жазба жұмыстарында теңеу мен эпитетті қолданады
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңді оқып шығып, талдау жасаңыз.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Өлең тақырыбы
Негізгі ойы
Теңеу
Эпитет
Теңеу мен эпитеттерді қолданып, қысқы дала, табиғат көрінісі, қыстағы ауа райы туралы
мәтін құраңыз.
Дескриптор Білім алушы — өлеңнің тақырыбын анықтайды; — негізгі ойын ажыратады; — өлеңнен теңеулерді табады; — өлеңнен эпитеттерді табады; — жазылымда теңеуді қолданады; — жазылымда эпитетті қолданады.
55
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.4.1 — мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып
бойынша постер, сызба-кестелер жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сай мәліметтерді жинақтайды,
постер әзірлейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Абайдың «Жазғытұры» өлеңіндегі мәліметтерді жинақтап, суреттерді пайдаланып, постер
әзірлеңіз. Постерге жазғытұры мезгілінің өзіне тән ерекшелігін, табиғат әлеміне енген
жаңалықтарды, табиғат көрінісі мен ел өмірін арқау етіңіз. Постеріңізді таныстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы — «Жазғытұры» өлеңіндегі мәліметтерді жинақтайды; — тақырып бойынша постер дайындайды; — жазғытұры мезгілінің өзіне тән ерекшелігін, табиғат
көрінісін ашады; — постер мазмұнымен таныстырады.
56
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.2.1 — эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір
абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып
жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сай құрылымы сақталған эссе жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Қазір ұлттық қолөнер бұйымдарын қолданамыз ба?» тақырыбында құрылымын сақтап,
эссе жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы — эссе құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды; — сұраққа жауап береді; — ойын байланыстыра, жүйелі жеткізеді.
57
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.1.3.1 – тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты
жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну 6.2.2.1 — тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру,
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыптарға қатысты сөз бен сөз тіркестерінің
мағынасын ажыратады
• Тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады
• Диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді тыңдап, берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз, сөйлем
құрап айтыңыз.
Тараз-Талас өзені бойындағы тарихи қала. Ол — V ғасырда салынған 2000 жылдық
тарихы бар көне қала. 568 жылы византиялық елші Земарх Тараз қаласы туралы алғашқы
мәліметтер берген. 630 жылы ол туралы Қытай саяхатшысы Сюань-Цзан хабарлайды. Ол
Таразды Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан маңызды сауда орталығы дейді.
X ғасырда араб географы Әл-Макдиси былай деп жазды: «Тараз – бау-бақшасы көп,
халық тығыз қоныстанған, терең орлары, төрт қақпасы мен қамалы бар үлкен бекіністі
қала. Базар ортасында мешіт үйі тұр». Ал Асан қайғы бабамыз былай дейді: «Таяқ
тастасаң тал болып көктейтін жер» — осы. Рудаки, Сағди, Жәми, Фирдоуси, Омар Хайям
сынды Шығыс ақындары жырлайтындай: «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана
табасың». Ежелден ескірмей, бүгінге жеткен даналардың сөзі Тараздың кіре беріс
қақпасына оюмен жазылған. Тараз қаласы 1856 жылдан бастап Әулиеата деп атала
бастады. 1936 жылы Мирзоян аты қойылды. Ал 1938 жылы жыр алыбы, суырып салма
ақын атамыз Жамбыл Жабаевтың есiмi берілген. Қазақстан Республикасының
Президентi 1997 жылы 8 қаңтарда тамыры тереңде жатқан көне қалаға ежелгі аты Тараз
атауын қайтарды. Тараз — қойнауы толы қазына, Қарахан баба, Айша бибі, Бабаджа
Қатын, Шығыс моншасы, т.с.с. XII-IX ғасырлық көне ескерткіштерге бай қала.
• Көне
• Елші
• Қамал
• Ескерткіштер
• Сауда орталығы
• Бекіністі қала
• Ежелгі сәулет өнері
• Тамыры тереңде жатқан
Суреттер бойынша диалог құрастырыңыз, жұбыңызға сұрақ қойыңыз. Ұсынылған сөздер
мен сөз тіркестерін қажетінше пайдаланыңыз.
58
ЖОБА
Дескриптор Білім алушы — сөздердің мағынасын ашады; — сөз тіркестерінің мағынасын ашады; — сөйлем құрап айтады; — сурет бойынша диалог құрастырады; — жұбына сұрақ қояды, жауап береді; — сөздер мен сөз тіркестерін тиімді қолданады.
59
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.3.4.1 — мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына
сүйене отырып, түрлерін салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Екі мәтіннің стилін, жанрын, тақырыбын, мазмұнын
салыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндерді мұқият оқып, берілген кесте бойынша түрлерін салыстырыңыз. 1-мәтін
Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қаламызда өтетін дәстүрлі
қолөнер көрме-жәрмеңкесіне шақырамыз! Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан,
Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 150-ден астам қолөнер шеберлері
қатысып, өз өнерлерін көрсетеді. «Алтын алма» көрмесінде жарқын да ерекше заттарды
тамашалап көрумен қатар, қолөнердің қай түріне икеміңіз бар екенін байқап, өзіңіз үшін
жаңа хобби таба аласыз. Байқаудың өтетін мерзімі мен орны: 2017 жылдың 30 қыркүйегі
мен 1 қазаны аралығы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық
музейі, «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы және «Алтын алма» атты Орта
Азиялық дәстүрлі қолөнер көрмесі. 2-мәтін
Құрметті оқушылар! Егер сіз сазбен жұмыс үйірмесінің мүшесі болсаңыз, сіздің
шығармашылық қабілетіңізді шыңдаймыз! Сазбен жұмыс үйірмесі әр оқушының жеке
шығармашылығын дамытуға зор үлесін қосады! Үш жылдан бері жұмыс жасап келе
жатқан үйірменің шәкірттері өз шеберліктерін түрлі байқауларда көрсетіп келеді. Сазбен
әртүрлі заттарды қолдан жасауға дайынсыз ба? Ендене сазбен жұмыс үйірмесіне
қатысыңыз!
Қапы қалмаңыз! Үйірмеге қатысатын болсаңыз хабарласыңыз!
Үйірме жетекшісі: Кендебайұлы Шынболат. Байланыс телефоны: +7(775) 357 25 65
Жоғарыдағы мәтіндерге талдау жасап, кестені толтырыңыз. 1-мәтін 2-мәтін
Стилі
Түрі
Мақсаты
Аудиториясы
Дескриптор Білім алушы
мәтіндердің стилін анықтайды; — мәтіндердің түрін ажыратады; — мәтіндердің мақсатын көрсетеді; — мәтіндердің аудиториясын табады.
60
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.4.4.1 — мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып
бойынша постер, сызба-кестелер жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сай мәліметтерді жинақтайды,
постер әзірлейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді жинақтап, негізгі ойды қорытындылаңыз.
Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай 2 кезеңге бөлуге болады:
Бірінші — менің Жоңғарияға, яғни Жетісу мен Іле сыртындағы өлкеге және Ыстықкөлге
баруым. Бұл жерлердің физикалық сипаты Сібір штабының түсіріп алған жақсы
карталары бойынша да әбден мәлім болатын. Ал ғылыми жағынан оларды Шренк,
Влангали, Семенов, Голубев мырзалар зерттеген. Бірақ олар бұл мәліметтерінде тек
физика-география мәселелерін ғана қамтып, этнография мәселесін мүлдем қозғамаған.
Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым. Онда полковник Коментовский
бастаған алғашқы Ыстықкөл экспедициясына қатыстым. Содан соң Құлжада 3 ай
тұрдым. Сөйтіп Жоңғарияда барлығы 5 ай болдым. Бұл өлкені Алакөлден Тянь-Шаньға
дейін түгел аралап шықтым.
Жоңғария Алатауының бөктерінде терең із бар. Мұны қазақтардың айтуынша,
құландарды қыру үшін Жәнібек хан қаздырған екен. Ханның жас баласы атқа отыруды
үйреніп жүрген кезінде оның атын құландар өз үйіріне ілестіріп әкетіп, бала қаза
тауыпты. Содан кейін хан Тарбағатайдан Ілеге дейін ор қаздырып, Жоңғарияның барлық
құланын соған құлатып өлтіріпті. Одан тек бір ұрғашы, бір еркек құлан ғана аман
құтылып, Балқаштан әрі өтіп, өзінің ұрпақтарына: «Бұл жаққа енді жоламаңдар!» деп
өсиет қалдырыпты-мыс деседі.
Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Жоңғарияға саяхат» тақырыбында сызба-кесте
дайындаңыз.
Дескриптор Білім алушы — мәтіндегі мәліметтерді жинақтайды; — негізгі ойды қорытындылайды; — тақырыпқа қатысты сызба-кесте дайындайды; — мәтіндегі мәліметтерді пайдаланады; — сызба-кестенің талаптарын ескереді.
61
ЖОБА
Оқу мақсаты 6.5.1.7 — себеп-салдарлық қатынасты білдіретін
жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба
жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Себеп-салдар жалғаулықтардың қызметін
ажыратады
• Ауызша және жазба жұмыстарда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген себеп-салдар жалғаулықтарымен сөйлемдер құрастырыңыз.
Себеп-салдарлық қатынасты
білдіретін жалғаулықтар Мысалдар
өйткені
себебі
сондықтан
сол себепті
неге десеңіз
Сөйлем бөліктерін сәйкестендіріңіз. 1 Төртінші мамырда Астанаға
барамын,
А себебі үйдің жанындағы дүкен
жабық екен. 2 Театрдың жанындағы дүкенге
бардым,
Ә өйткені оның құжаты дұрыс
болмады. 3 Жолаушыны ұшаққа
отырғызбады,
Б сондықтан билет сатып алдым.
Берілген сурет бойынша себеп-салдарлық құрмалас сөйлемге мысалдар келтіріңіз.
Демалысты жақсы өткізу үшін нақты жоспар құрыңыз: қайда, не үшін барасыз, кіммен
барасыз, ол үшін өзіңізбен бірге не нәрсе аласыз? (сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі, неге десеңіз)
62
ЖОБА
Дескриптор Білім алушы — себеп-салдар жалғаулықтарымен сөйлемдер құрастырады;
себеп-салдарлық құрмалас сөйлемдерді сәйкестендіреді; — сурет бойынша себеп-салдарлық сөйлемдер құрастырады; — сұрақтарға жауап береді; — жалғаулықтарды дұрыс қолданады.
63

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь