ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Дүниежүзі тарихы 6-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Дүниежүзі тарихы 6-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

8
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Дүниежүзі тарихы
6-сынып
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып , тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
Мазмұны 1-тоқсан…………………………………………………………………………………………………………………………………………………4 2- тоқсан ……………………………………………………………………………………………………………………………………………. 12 3- тоқсан ……………………………………………………………………………………………………………………………………………. 19 4-тоқсан……………………………………………………………………………………………………………………………………………… 23
3
ЖОБА
1-тоқсан
Тақырып Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады?
Оқу мақсаты 6.3.1.1 «Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық
шегін білу және уақыт сызығында белгілеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ерте, дамыған, кейінгі орта ғасырдың
хронологиялық шегін анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Орта ғасырлар тарихының әр кезеңінін хронологиялық шегін жазыңыз.
Хронологиясы Сипаттамасы
Дескриптор Білім алушы — ерте орта ғасырдың кезеңдерінің хронологиялық шегін атайды; — дамыған орта ғасырдың кезеңдерінің хронологиялық шегін атайды; — кейінгі орта ғасырлар кезеңдерінің хронологиялық шегін атайды.
4
ЖОБА
Тақырып Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады?
Оқу мақсаты 6.3.2.1 Рим империясының ыдырау себептерін анықтау
және жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
− Рим империясының ыдырау себептерін анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Батыс Рим империясының саяси, экономикалық, әлеуметтік ыдырау себептерін
төмендегі кестеге жіктеп, орналастырыңыз. 1. құлдар еңбегінің тиімсіздігі 2. ғұндардың батысқа жорығы 3. халыққа салынатын салық мөлшері жылдан-жылға өсе берді 4. герман тайпалары шабуылдарын күшейтті 5. 410 жылы Аларих бастаған вестготтардың Римді басып алуы 6. ішкі қырқыстар 7. әскердің соғысу қабілетінің әлсіздігі 8. сарбаздардың патриоттық сезімінің тоқырауы 9. 476 жылы Одоакрдың көтеріліске шығуы 10. шаруашылықтың талқандалуы 11. «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» 12. жалдамалылардың әскерге алынуы 13. тауарларға, азық-түлікке бағаның өсуі 14. 395 жылы Рим империясының шығыс және батыс болып екіге бөлінуі 15. императорлық биліктің әлсіреуі 16. ғұндардың озық технология – ер-тоқымның үзеңгісінің болуы 17. Рим қоғамындағы сыбайлас жемқорлық.
Саяси Экономикалық Әлеуметтік
Дескриптор Білім алушы
− Батыс Рим империясының ыдырауының саяси себептерін анықтап,
кестеге реттік нөмірімен ораластырады;
− Батыс Рим империясының ыдырауының экономикалық
анықтап, кестеге реттік нөмірімен ораластырады;
− Батыс Рим империясының ыдырауының әлеуметтік анықтап,
кестеге реттік нөмірімен ораластырады.
5
ЖОБА
Тақырып Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев
Русін қалай өзгертті?
Оқу мақсаты 6.3.2.4 Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес
елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып,
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Киев Русі мен Византия арасындағы дипломатиялық
қарым-қатынасты анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Тарихи дерекпен өз біліміне сүйеніп, төмендегі сұраққа жауап беріңіз.
Ольга грек жеріндегі Царьградқа келді. Ол кезде патша Левтың ұлы Константин еді.
Княгиня Ольганың сұлулығын көрген патша оны осы қалада бірге патшалық құруға
шақырады. Ольга: «Мен өзге дін өкілімін, егер мені христиан дініне енгізіп , шоқындырғың
келсе өзің шоқындыр»,-дейді. Константин патша оны шоқындырған соң, оны әйелдікке
алмақ болады. Сол кезде Княгиня Ольга былай дейді: «Сен мені қалайша әйелдікке
алмақсын, мені шоқындырған кезде қызым деп айтқан болатынсын. Ал, христиандарда бұған
рұқсат жоқ екенін өзіңіз де жақсы білесіз»,-деп қулықпен жауап береді. Патша: «Қулығыңды
асырдың Ольга»,- деп риза болып алтын мен күмістен, сыйлықтар беріп Киевке шығарып
салады.
Жылнамалар жинағы (О.В. Творогова аудармасы) 1. Княгиня Ольганың Византияға барудағы мақсаты қандай болды? 2. Княгиня Ольганың христиан дінінің қабылдауының себебі неде? 1_______________________________________________________________________________ 2.______________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — Княгиня Ольганың Византияға барудағы негізгі мақсатын атайды; — Княгиня Ольганың христиан дінінің қабылдауының себебін атайды.
6
ЖОБА
Тақырып Феодалдық экономика ерекшеліктері неде?
Оқу мақсаты 6.4.2.1 Экономикалық қатынастардың формаларын
түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың
ерекшеліктерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Үстем тап пен қаналушы тап арасындағы
экономикалық қатынастар мен феодалдық
шаруашылықтың ерекшеліктерін анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге сүйеніп, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Феодалдық құрылыстың белгілерін атаңыз. ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ 2. Үстем тап пен қаналушы тап арасындағы экономикалық қатынастарды түсіндіріңіз. ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ 3. Натуралды шаруашылық түрін сипаттаңыз ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — феодалдық құрылыстың белгілерін атайды; — үстем тап пен қаналушы тап арасындағы экономикалық қатынастарды
түсіндіреді; — натуралды шаруашылық түрін сипаттайды.
7
ЖОБА
Тақырып Феодалдық экономика ерекшеліктері неде?
Оқу мақсаты
6.4.1.1 Қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып,
ортағасырлық
қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Ортағасырлық қолөнер мен шаруашылық түрін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кестеде берілген ұғымдарды дұрыс жауаптарымен сәйкестендіріңіз. 1 Жарғы А Шеберхананың ең басты қызметкері. 2 Шебер В Шаруашылықтың томаға тұйық сипаты. 3 Цех С Цехтың барлық мүшелері атқаруға міндетті
ережелер. 4 Натуралды D Жеке меншік және шаруашылық қатынастары
шаруашылық арқылы өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы. 5 Ақша-тауарлы Е Шаруашылықтың томаға-тұйық түрі. Шаруалар да
шаруашылық оның қожайындары да ешнәрсені сатып алмады. 1 2 3 4 5
Дескриптор Білім алушы — жарғы ұғымын анықтамасымен сәйкестендіреді; — шебер ұғымын анықтамасымен сәйкестендіреді; — цех ұғымын анықтамасымен сәйкестендіреді; — натуралды шаруашылық ұғымын анықтамасымен сәйкестендіреді; — ақша-тауарлы шаруашылық ұғымын анықтамасымен сәйкестендіреді.
8
ЖОБА
Тақырып Феодалдық экономика ерекшеліктері неде?
Оқу мақсаты 6.1.1.1 Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Феодалдық саты баспалдақтары өкілдерінің қызметтік
міндеттерін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Феодалдық саты баспалдақтары өкілдерінің қызметтік міндеттерін кестеде көрсетіңіз.
Феодалдық саты өкілдері Міндеттері
Король
Герцогтер мен графтар
Барондар
Дескриптор Білім алушы — корольдің қызметтік міндетін атайды; — герцогтер мен графтардың қызметтік міндетін атайды; — барондардың қызметтік міндетін атайды.
9
ЖОБА
Тақырып Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай
бейнелейді?
Оқу мақсаты 6.2.2.2 Өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы
өзгерістердің ықпалын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сәулет өнері үлгілерінің ерекшеліктерін анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суреттерде берілген ғимараттар үлгісін анықтап, кестеге толтырыңыз.
Архитектурадағы Жалпы сипаттамасы Ерекшеліктері
үлгі (стиль)
Дескриптор Білім алушы — екі архитектуралық ғимараттың үлгілерін ажыратады; — екі архитектуралық ғимаратқа сипаттама береді; — екі архитектуралық ғимараттың ерекшеліктерін анықтайды.
10
ЖОБА
Тақырып Неліктен VIII-XII ғғ. ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп
атайды?
Оқу мақсаты 6.2.2.4 Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің
ерекшеліктерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Араб мәдениеті тараған аймақтарды
картадан анықтау
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Араб мәдениеті тараған аймақтарды кескін картада белгілеңіз
Дескриптор Білім алушы
− Араб мәдениеті тараған аймақтар: Иран, Ирак, Шығыс Арабия,
Иемен,Армения, Әзірбайжан, Египет, Ливия, Триполи, Батыс,
Африка, Испания т.б.мемлекеттерді картада белгілейді.
11
ЖОБА
2- тоқсан
Тақырып Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін
қалай өзгертті?
Оқу мақсаты 6.2.2.1 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату
арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Крест жорықтарыныңхристиан және мұсылман
әлеміне тигізген әсерін көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгерткендігін «Т»
кестесінде толтырыңыз.
Христиандық Еуропа Мұсылман әлемі
Дескриптор Білім алушы
− крест жорықтарының Еуропа мен ислам әлемінің мәдени өміріне
ықпалын салыстырады.
12
ЖОБА
Тақырып Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін
қалай өзгертті?
Оқу мақсаты 6.3.2.6 Картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей
отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының
себеп-салдарларын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Крест жорықтарының салдарларын көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Крест жорықтарының салдарларын анықтаңыз.
Крест жорықтары
Саяси Экономикалық Әлеуметтік Мәдени
Дескриптор Білім алушы — крест жорықтарының саяси салдарларын анықтайды; — крест жорықтарының экономикалық салдарын анықтайды; — крест жорықтарының әлеуметтік салдарын анықтайды; — крест жорықтарының мәдени салдарын анықтайды.
13
ЖОБА
Тақырып Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын
қалай өзгертті?
Оқу мақсаты 6.3.2.5 Ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі
халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі
халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Кескін картамен жұмыс
Кескін картаға монғол мемлекетінің шекарасын белгілеңіз
Монғолдар жаулап алған аймақтарды кескін картада көрсетіңіз.
Моңғол империясының құрамына енген аймақтарды көрсетіңіз.
Монғол империясы
Дескриптор Білім алушы
− кескін картада монғол мемлекетінің шекарасын белгілейді;
− монғолдар жаулап алған Қытай, Сібір, Қазақстан, Кавказ,
Қырым, Русь территориясын кескін картада көрсетеді;
− монғолдар жаулап алған Қытай, Сібір, Қазақстан, Кавказ,
Қырым, Русь мемлекеттерінің атауын тірек-сызбада көрсетеді.
14
ЖОБА
Тақырып Неліктен монғолдар өз жауларын тез жеңе алды?
Оқу мақсаты 6.3.2.5 Ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі
халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Монғолдардың жаңа жерлерді тез бағындыра
алуының себептерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Монғолдардың жаңа жерлерді тез бағындыра алуының себептерін анықтап, түсіндіріңіз.
Себептері
Дескриптор Білім алушы — Монғолдардың жаңа жерлерді тез бағындыра алуының
себептерін анықтайды.
15
ЖОБА
Тақырып «Қара індет» шаруалар көтерілісі мен феодалдық соғыстардың
басты себебі болды ма?
Оқу мақсаты 6.3.2.2 У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған
антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• У.Тайлер, Г. Каль басқарған шаруалар
көтерілістерінің себептері мен маңызын
анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
«Шаруалар көтерілісінің себептері мен маңызы» кестесін толтырыңыз.
Көтерілістер себептері мақсаты нәтижесі тарихи маңызы
У.Тайлер бастаған
көтеріліс
Г.Каль бастаған
көтеріліс
Дескриптор Білім алушы
— У.Тайлер мен Г. Каль бастаған көтерілістердің себебін жазады;
— У.Тайлер мен Г. Каль бастаған көтерілістердің мақсатын жазады;
— У.Тайлер мен Г. Каль бастаған көтерілістердің нәтижесін жазады;
— У.Тайлер мен Г. Каль бастаған көтерілістердің тарихи маңызын жазады.
16
ЖОБА
Тақырып «Қара індет » шаруалар көтерілісі мен феодалдық соғыстардың
басты себебі болды ма?
Оқу мақсаты 6.3.1.4 Феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған
мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Феодалдық бытыраңқылық пен орталықтанған
мемлекеттің ерекшеліктерін көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Феодалдық бытыраңқы және орталықтандырылған мемлекеттің белгілерін ажыратыңыз.
А) Король тек өзінің бағыныштысынан ғана салық алды
В) Король мемлекет халқының барлығынан салық алды
С) Ірі феодалдар корольге бағынбай оқшаулана бастады D) Мемлекетте барлығына бірдей заң E) «Мырзасыз жер жоқ» F) Мемлекет халқының барлығына бірдей салық жүйесі G) Феодалдар арасындағы қырқыс мемлекетті әлсіретеді H) «Бағыныштымның бағыныштысы маған бағынышты емес» деген түсінік.
Феодалдық бытыраңқы мемлекет Орталықтандырылған мемлекет
Дескриптор Білім алушы — Федолдық бытыраңқы мемлекеттің ерекшеліктерін көрсетеді; — Орталықтандырылған мемлекеттің ерекшеліктерін көрсетеді.
17
ЖОБА
Тақырып Неліктен Жанна д̓ Арк бүгінгі күнге дейін
француз халқының есінде сақаталады?
Оқу мақсаты 6.3.1.4 Феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған
мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бір орталықтанған мемлекеттің құрылуының саяси
және әлеуметтік-экономикалық себептерін анықтайды\
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретте берілген қалаларды ақпарат мазмұнына қарай сәйкестендіріңіз.
Орлеан Реймс Домреми Руан
А) Францияның шығысында Шампань мен Лотарингияның шекарасындағы ауылда, шаруа
отбасында Жанна атты қыз дүниеге келді. Оның құлағына тақ мұрагері VII Карлға көмектің
қажеттігі, Францияны басқыншы ағылшындардан азат ету керектігі туралы әулиелер үні
естіледі.
В) Жанна осы қалада ағылшындардың қолына тұтқынға түсіп, инквизиция сотына тартылды.
Шіркеу соты Жаннаны сиқыршы деп айыптап, 1431 ж 30 майда отқа өртеп жіберді.
С) Күшті әскери қолбасылар мен үлкен отрядты бастаған Жанна қоршауда қалған қалаға
аттанды. Ағылшындар талқандалып, қала азат етілді. Бұл оқиға жүзжылдық соғыстың
барысындағы үлкен бетбұрысқа әкелді. D) Француз корольдерінің таққа отыру рәсімі өтетін қалада Жанна д’Арк салтанатты
жағдайда VII Карлдың басына француз королінің тәжін кигізді.
Неліктен осы суреттегі қалаларда батыр қыздың ескерткіші орнатылған?
Орлеан Реймс Домреми Руан
Дескриптор Білім алушы — Орлеан қаласына сай берілген деректі анықтайды; — Реймс қаласына сай берілген деректі анықтайды; — Домреми қаласына сай берілген деректі анықтайды; — Руан қаласына сай берілген деректі анықтайды.
18
ЖОБА
3- тоқсан
Тақырып Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай
Байланыстырды?
Оқу мақсаты 6.4.1.2 Ортағасырлардағы халықаралық сауда мен
саяхаттардың рөлін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттарын кескін
картадан
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Кескін картада Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары мен Ұлы Жібек жолы өткен
аймақтарды белгілеңіз.
Дескриптор Білім алушы — кескін картада Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттарын
белгілейді; — кескін картада Ұлы Жібек жолы өткен аймақтарды белгілейді.
19
ЖОБА
Тақырып Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының
айырмашылығы неде?
Оқу мақсаты 6.4.1.2 Ортағасырлардағы халықаралық сауда мен
саяхаттардың рөлін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Ортағасырлық саяхатшылардың теңіз
экспедицияларын анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген суреттер негізінде саяхатшылардың теңіз экспедицияларындағы саяхатын кестеде
анықтаңыз.
Саяхатшының аты Теңіз саяхаттарының нәтижесі
Ф. Магеллан
Х. Колумб
А. Веспучи
Дескриптор Білім алушы — Ф.Магелланның саяхаттарының нәтижесін жазады; — Х.Колумбтың саяхаттарының нәтижесін жазады; — А.Веспучи саяхаттарының нәтижесін жазады.
20
ЖОБА
Тақырып Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының
айырмашылығы неде?
Оқу мақсаты 6.2.4.3 Картада XV-XVI ғғ. саяхатшылардың негізгі бағытбағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық
жаңалықтардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ұлы географиялық жаңалықтардың адамдардың әлем туралы
түсінігіне ықпалын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Батыс Еуропа мен қытайлықтардың зерттеу саяхаттарына көзқарасын ПТМС талдау кестесін
де түсіндіріңіз.
Позиция (менің пікіріме сай, Батыс Еуропада
зерттеу саяхаттарына дұрыс түсінік
сақталса, Қытайлықтар зерттеу
саяхаттарына бөгет жасалды өйткені …)
Түсіндіру (….себебі,мынадай басты себеп
болды …)
Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы
дәлелдей аламын….)
Салдар (айтылған мәселе бойынша
мынандай қорытынды жасаймын….)
Дескриптор Білім алушы — Батыс Еуропада зерттеу саяхаттарына дұрыс тусініктің сақталу
себебін атайды; — Қытайлықтардың зерттеу саяхаттарына бөгет жасау себебін атайды; — мәселедегі басты маңызды себепті сипаттайды; — мәселені мысалдармен дәлелдейді; — мәселе бойынша қорытынды жасайды.
21
ЖОБА
Тақырып Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті?
Оқу мақсаты 6.2.4.3 Картада XV-XVI ғғ. саяхатшылардың негізгі
бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық
жаңалықтардың адамдардың әлем туралы түсінігіне
ықпалын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қытаймен Еуропалық саяхатшылардың теңіз
экспедициясын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Қытайлықтар мен еуропалық саяхатшылардың теңіз экспедициясына шығу себептерін
тірек сызбада жіктеңіз.
Дескриптор Білім алушы — Қытайлықтар мен еуропалық саяхатшылардың теңіз экспедициясына
шығу себептерін тірек сызбада анықтайды.
22
ЖОБА
4-тоқсан
Тақырып Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгерді?
Оқу мақсаты 6.2.2.3 Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы
Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері)
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің ерекшелігін
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Иллюстрациялық суреттерге назар аударып, тапсырмаларды орындаңыз.
А) Картинаның қай тарихи кезеңде және қашан пайда болғаны туралы анықтаңыз. 1-картина- _____ғ; 2-картина- _____ғ;
______________________________ тарихи кезеңде ______________________________ тарихи кезеңде
В) Суреттер негізінде, осы дәуірде бейнелеу өнерінде қандай өзгерістер болғанын
сипаттаңыз. ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________
С) Ортағасырлық еуропалық қоғамдағы өзгеріс бейнелеу өнеріне қалай әсер етті? (ғылым,
техникалық өнертабыстар, қоғамдықэкономикалық құрылыстағы өзгеріс, шіркеудің
рөлі…) ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — антикалық және қайта өрлеу мәдениеттерінің туындыларын
анықтайды; — қайта өрлеу дәуірінде өнерде қандай өзгерістер болғанын
анықтайды; — ортағасырлық еуропалық қоғамдағы өзгеріс бейнелеу өнеріне
қалай әсер еткенін анықтайды.
23
ЖОБА
Тақырып Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты
Оқу мақсаты 6.2.2.3 Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы
Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері)
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің ерекшелігін
көрсетеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Төмендегі суреттерге қарап, Қайта өрлеу дәуірінің бейнелеу өнері мен мүсін өнеріне
туындыларына, авторларына және сол дәуірге сипаттама беріңіз.
1 2 3 — Экспонат атауы мен авторын атаңыз — Аталмыш туындыларды дүниеге әкелген шеберлер өмір сүрген дәуірді сипаттаңыз — Туындылардағы авторлардың негізгі ойды беріңіз — Туындылардың тарихи құндылығын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы — суреттерде бейнеленген экспонаттарды атайды; — өнер туындыларының авторларын атайды; — өнер туындыларындағы авторлардың негізгі ойын анықтайды; — өнер туындыларының тарихи құндылығын атайды.
24
ЖОБА
Тақырып Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты?
Оқу мақсаты 6.2.2.4 Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің
ерекшеліктерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ортағасырлық Шығыс мәдениетінің ерекшеліктерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз. ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — ортағасырлық шығыс мәдениетінің ерекшелігін сипаттайды.
25
ЖОБА
Тақырып Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай
байытты?
Оқу мақсаты 6.2.3.2 Гуманистік идеялардың орта ғасырлық
мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығыс ойшылдарының еңбектерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Бос орнындарға тиісті сөздерді қойыңыз.
А) Әлішер Науаи «__________» атты кітабында лингвистикалық терең талдауларға барды.
В) Бабыр өзінің «__________» атты туындысында әдеби-мемуарлық шығармашылықтың
негізін салды.
С) Ұлықбек Самарқан қаласында аспан әлемін бақылайтын орын ____________ салғызды.
Дескриптор Білім алушы — Әлішер Науаидің еңбегінің атын атайды; — Бабыр еңбегінің атын атайды; — Ұлықбектің Самарқан қаласында салғызған ғылыми орталығының
атын жазады.
26
ЖОБА
Тақырып Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?
Оқу мақсаты 6.2.1.1 Адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін
рөлінің өзгеру себептерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін
рөлінің өзгеру себептерін көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеруінің екі себебін түсіндіріп жазыңыз. 1) ________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ 2)_________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеруінің 2 себебін жазады.
27
ЖОБА
Тақырып Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?
Оқу мақсаты 6.2.1.2 Тарихи процестердің контекстінде «гуманизм»,
«реформация», «протестантизм», «лютерандық»,
«кальвинизм», «контрреформация», «иезуиттер ордені»
ұғымдарын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тарихи үдерістерді түсіндіру үшін түйінді
ұғымдарды пайдаланады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Терминдерге түсініктеме бере отырып, шығу себебін түсіндіріңіз.
Гуманизм — …………………………………………………………………………………………………………………………
Реформация — ……………………………………………………………………………………………………………………………………….
Протестантизм — ……………………………………………………………………………………………………………………………………….
Лютерандық — …………………………………………………………………………………………………………………………
Кальвинизм — ……………………………………………………………………………………………………………………………………….
Контрреформация — …………………………………………………………………………………………………………………………
Иезуиттер ордені — ……………………………………………………………………………………………………………………………………….
Дескриптор Білім алушы — «гуманизм», «реформация», «протестантизм», «лютерандық»,
«кальвинизм», «контрреформация», «иезуиттер ордені»
терминдеріне түсініктеме береді.
28
ЖОБА
Тақырып Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды?
Оқу мақсаты 6.2.4.2 Жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы
үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы
туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы
үшін Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми
жаңалықтардың маңыздылығын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Н.Коперникке «Орта ғасырлар кезеңінде ашылған ғылыми жаңалықтардың маңызы»
тақырыбында хат жазыңыз.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — Орта ғасырлар кезеңінде ашылған ғылыми жаңалықтардың маңызы
туралы Н.Коперникке хат жазады.
29
ЖОБА
Тақырып Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды?
Оқу мақсаты 6.2.4.1 Адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің
рөлін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Төмендегі ғалымдардың ғылыми жаңалықтарының мәні неде екенін жазыңыз.
Ғалымдар Қандай жаңалықтар
ашты
Тарихи маңызы
Н. Коперник
Д. Бруно
Г. Галилей
Дескриптор Білім алушы — Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилейдің ғылыми жаңалықтарын
анықтайды;
— Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилейдің ғылыми жаңалықтарының
тарихи маңызын жазады.
30

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь