ГЛАВНАЯ Образцы планов Бейнелеу өнері, Сызу Бейнелеу өнері 1 сынып сабақ жоспар

Бейнелеу өнері 1 сынып сабақ жоспар

89
0

 

Сабақ: №1

Сабақтың тақырыбы:

Оқушыларға арналған сурет салу ережесі.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.

 

ә) Дамытушылық:             Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:  1-сынып оқулығы, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу түрлері және тағы басқа.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Ең алдымен оқушыларға бейнелеу өнері жайлы түсіндіріп беремін. Содан соң сурет салу ережелерімен таныстырамын. Сурет салғанда көп сөйлемейміз, алдымен құрал-саймандарымызды дайындап аламыз. Содан соң барып сурет салуға кірісеміз. «Бейнелеу өнері» оқулығы оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді. Бұл кітап жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына арналып, оқулық ретінде ұсынылып отыр. Оқулық оқушылардың бейнелеу өнері туралы теориялық білімін дамытуға ықпал жасайды. Оқулық мазмұны сурет салуға, қабылдауға, бейнелі ойлауға, шығармашылық қабілетін арттыруға, көркем шығарманы танып түсінуге бағытталып құрылған. Үйлесімдік шешім табуға баулу, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіреді. Жүйелі түрде бейнелеу өнерін оқыту оқушылардың сапалы да сауатты білім алуына жағдай туғызады. Практика жүзінде жүргізілген сабақ барысында оқушылардың меңгеретін дағдылары сан алуан. Олар: ойлау, қабылдау, есте сақтау, көркемдік, талғампаздық, т. б. Есте сақтау, қиялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тереңдей түседі.

Бейнелеу өнерінің түрлері туралы түсінік беріліп, кітапта көрсетілген шығармаларға талдау жасалады. Талдау барысында мұғалім оның өнер шығармасының қандай түріне жататындығын түсіндіреді. Бұл оқулық оқушы жүрегіне жол тауып, көркемдік білім алуда кажетіне жарап, бейнелеу өнері жайлы мағлұмат беруге лайықты қызмет етеді деген ойдамын.

 

Үйге тапсырма беру: Келесі сабаққа құрал-саймандарды дайындап келу.

Сабақ: №2

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнеріне қажетті құрал-жабдықтар.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Оқушыларға бейнелеу өнері құралдарын қолдану амал

тәсілін үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б.

 

ә) Дамытушылық:             Бейнелеу өнері сабағы үстінде әр-түрлі құрал-

жабдықтармен таныстыру;

Олар жайлы қысқаша мағлұматтар беру.

 

 

б) Тәрбиелілік:                  Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:  Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушыларға бейнелеу өнері құрал-жабдықтары жайлы түсіндіремін. Бейнелеу өнері сабағында әр түрлі құрал-жабдықтар қажет. Әрбір құралмен дұрыс жұмыс істеудің маңызы зор. Қарындашты ХVII ғасырда француз оқымыстысы Н. Конте ойлап тапты. Кезінде Италия суретшілері сурет салуға арнаулы графикалық қарындашты пайдаланған. Ол жәй қарындаштардан жуан, қағаз бетіне жұмсақ, өте қанық болып түседі. Сурет салуға арналған жәй қарындаштар қатты және жұмсақ болып екі топқа бөлінеді. Сондықтан оның сыртында екі түрлі жазу болады. «Т», «Н» — қатты;  «М», «В» — жұмсақ. Бұл таңбалар орыс және ағылшын әрпімен белгіленген. Сурет салуға ең қолайлы және өшіруге көнгіш қарындаштар «Т, М, ТМ» болып табылады.

Сурет салатын қағаздар жұқа, қалың, тегіс, бұдыр болып бірнеше түрге бөлінеді. Қарындашпен сурет салуға қатты және тығыз қағаздар ыңғайлы. Олар «ватман» немесе «жартылай ватман» деп аталады. Су бояумен (акварель) жұмыс істейтін қағаздың беті бұдыр болып келеді. Сонымен қатар сурет альбомын пайдалануға болады. Қолданылатын бояу түрлері: субояу (акварель), гуашь және тушь.

Акварель бояуы қағаз бетіне мөлдіреп түседі әрі әдемі өң береді. Бұл бояу сапасының құндылығын көрсетеді. Акварель бояуы бірнеше заттардың құрамынан тұрады: бал, қант, глицерин т.б. 16-17 ғасырда акварель бояуын суретшілер өсімдік тамырларынан жасаған. Ертеде жапон суретшілері күлге желім қосу арқылы тушь бояуын жасаған.

Акварель бояуымен дымқыл қағазда тез жжұмыс істеуге болады және кептіріп отырып ұзақ мерзімдіжұмыс істеуге болады. Бояумен жұмыс істеу барысында бір түспен екінші түсті араластыру екі-үштен аспауы керек. Одан артық болса, бояу құсып кетеді. Бояуды әрқашанда құрғақ, салқын жерде сақтаған абзал.

Гуашь – қағаз бетіне қалың жағылатын қою бояу. Көбінесе сәндік сурет салуға әбден қолайлы бұл бояумен жұмыс істеудің тәсілі өте көп. Жеке және бірнеше қосымша түстермен жұмыс істеуге болады.

Қара түсті қоймалжың бояу – тушь деп аталады. Оның құнды қасиеті – өте жылдам кебеді әрі жайылып былғанбайды. Тушьпен жұмыс істеуде қолданылатын қосымша құрал қаламұш болып табылады. Ол сызық арқылы сурет салуға өте қолайлы әрі ұқыпты жұмыс істеуге үйретеді.

Бояумен жұмыс істеуде ең басты құралдардың бірі – қылқалам.

Акварель бояуына арналған қылқаламдар ақ тиін, күзен, бұлғын сияқты ұсақ жануарлардың қылынан жасалады.

Қылқалам негізінен жұмыс және жалпақ юолып екі түргее бөлінеді. Жұмыс соңында қылқаламды жуып, сүртіп, құрғатып қою керек.

Өшіргіш – қарындашпен сурет салуда қате кеткен сызықтарды түзеу үшін қажетті құрал. Өшіргіштің болғаны тиімді.

Мольберт – сурет салуда пайдаланылатын өте ыңғайлы және қолайлы жабдықтың бірі.

Ермексаз – мүсіндеуге арналған құрал. Ол – қолға көнбіс, тез иілгіш, өзгертуге қолайлы. Мүсіндеу барысында қосымша қалақша және мүсін орнатылатын тұғыр керек.

 

Үйге тапсырма беру: Келесі сабаққа құрал-саймандарды дайындап келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №3

Сабақтың тақырыбы:      

Заттар мен бұйымдарды бейнелеу.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай,

оларға тың мәліметтер беру.

 

ә) Дамытушылық:             Сызықтың түрлері жайлы мағлұмат беру. Тік, ұзын-

қысқа, көлденең, көлбеу, қисық, доға, жарық-көлеңке

деген сөздерді меңгерту.

 

б) Тәрбиелілік:                  Әр түрлі пішінді заттар мен бұйымдарды дұрыс

бейнелеуге үйрету, ұқыптылыққа үйрету.

 

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық көрнекілік құралдар,  әр түрлі заттар бейнеленген репродукциялық суреттер, сызық түрлері көрсетілген карточкалар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш т.б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Балаларға сурет салудың әдіс-тәсілдерін меңгертуді сызықтың түрлерін үйретуден бастаймын.

Сызық – суреттің ең негізі, мейлінше әсерлі элементтерінің бірі. Сызық заттың пішініне қарай әр түрлі бағытқа өзгеріп отырады. Суреттегі сызық – «жанды» сызық. Өйткені ол үнемі қозғалыста болады.

Сызықтың ең негізгі түрлері мыналар: 1) түзу; 2) көлбеу; 3) ирек; 4) доға; 5) үзік; 6) сынық.

Әр сызыққа бейнелеу өнері дәптері бойынша жаттығулар жасатамын. Оқушыларға және карточкалар бойынша тапсырмалар беремін. Карточкада бейнеленген суреттен оқушылар сызық түрлерін ажыратуға үйренеді. Тапсырмаға байланысты қандай сызық түрлерін қолдану керектігіне жауап бере бастайды.

Сызықтың түрлерін терең меңгерген оқушы заттың пішінін қағазға бейнелеуге бейім болады. Оқушылардың қолдары еркін сызуға жаттығады. Қағаздан шар тәрізді шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш қиып көрсетіп, сол қиып алған қағаз бұйымдарды сызықтардың қай түрімен толтыруға болады, соған жаттығу жасаймыз. Одан кейін біртіндеп әр түрлі пішінді бұймдар мен заттарды таңдаймыз. Мысалы: қарбыз, сандық, сәукеле, айна оқулықта көрсетілген.

Олардың пішіні қандай екені туралы оқушылардың естеріне салып, әңгімелеп беремін.

Сұрақ-жауап берген соң, сол заттарды қағазға бейнелеуге үйретемін.

Сурет салу барысында оқушылардың қолын жаттықтыру үшін сергіту

ойынын ойнатамын.

 

Сызық қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдіреп аспан ашылып,

Күн пердесі төгілді,-

 

деп, балалармен бірге тақпақ айта отырып, қарындашпен сызықтар арқылы сурет саламыз. Оқушылар ойын ойнап бой жазғаннан кейін, нақты нәрсеге қарап салуға назарын аударамын:

—  Ал балалар, енді төртбұрыш, үшбұрыш тәрізді бұйымды бейнелеп үйренейік. Ол үшінт ең алдымен тұртбұрыштар мен үшбұрыштар түрлерін көз алдымызға елестетейік.

Мұнан кейін оқушыларды қыз баланың үшбұрыш тәрізді бас киімін қағазға бейнелеуге үйретемін.

 

Бас киімді салудың жолдары.

— Ал балалар, енді таңдап алған бұйымымыздың көлеміне байланысты қағазды тігінен аламыз. Ең алдымен көмескі сызықтар арқылы қағазға оны көз мөлшерімен белгілейміз. Сонан кейін бірітіндеп бейнелеуде жеке бөлшектеріне көшеміз. Заттың жарық, көлеңкесін ажыратып, өз түсіне тән бояумен бастаймыз. Жылы және суық түстерді үйлесімді қолдану арқылы заттың толық пішінін бейнелейміз.

 

Қарбыз көріністері.

 

Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті.

Бордақылап байлап қойдым.

(Қарбыз.)

 

Ең қарапайым натюрморт бейнелеуге үйретуде қарындашпен сурет салғызу арқылы оқушыларды қағаз бетіне сауатты үйлестіруге, сызықтар арқылы белгілеуде жарық, көлеңке, түспе көлеңке деген ұғымдарды естен шығармауға үйретуге тырысамын.

 

 

Үйге тапсырма беру:  Өзімізге ұнаған заттарды қағаз бетіне түсіріп келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №4

Сабақтың тақырыбы:      

Бояулар әлеміне саяхат.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік                       Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың

білімдерін қалыптастыру.

 

ә) Дамытушылық:             Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет

салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                   Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

 

Сабақтың көрнекілігі:      Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.

Негізгі бояу түсі:

  • қызыл,
  • көк,
  • сары.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Ең алдымен бояу түстері жайлы жалпы мағлұмат беруден бастаймын.  Қоршаған табиғатымыз түрлі түсті әсем бояуға бай. Күз мезгілінде құлпырған ағаштардың жапырағы әр түрлі түске боялады, мұны біз өз көзімізбен көріп тамашалайық.

— Ал балалар, далаға қарап, көңілімізді бір сергітіп алайықшы. Ағаштар қандай түстерге енген?  Иә, қызыл, қызыл сары, сары, қоңыр, жасыл, күлгін.    Бояу түстерінің басым болып келуіне байланысты натюрморт орындап көрейік.

Бояу түстерінің реңдік қатынастарының орналасу ерекшеліктеріне назар аударамыз. Натюрморт құрастырып үйренуде негізі басым жылы және суық түстерге ерекше назар аударып, қадағалаймын.

– Міне, балалар, біз табиғат көрінісінен неше түрлі әсем түсті көріп байқадық. Бұл суретшілер үшін ең әсерлі көрініс болып табылады. Ұлы суретшілер де бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген. Олар өсімдіктердің тамырынан сан алуан бояулар жасаған. Табиғат өзгерісіне байланысты бояу түстері әр түрлі сипатқа ие болады. Мұны біз табиғат аясында серуендегенде жақсы байқай аламыз. «Табиғат — суретші» деген халық нақылының шығуы соған байланысты.

Жалпы бояу түстерін екі топқа бөлеміз: түсті бояулар және түссіз бояулар.

Түсті бояулар: қызыл, қызыл сары, сары т. б.

Түссіз бояулар: қара, сұр, ақ.

Енді осыған мысал келтірейік: Қызыл алма, қызыл сары алмұрт,  сары жапырақ, қара сиыр, сұр қоян, ақ мата. Міне, біз заттың атын атап қана қоймай, сонымен қатар түстің бояуын ажырата білуді үйрендік.

– Ал балалар осы бояу түстерін табиғат көріністеріне қарап, салыстырмалы түрде атап көрейік: қызыл күн, сары дала, көк аспан. Күннің қызыл екендігін таң сәріде және кешқұрым айқын байқай аламыз.

Жылы түстер мен суық түстердің бір-біріне үйлесімді болып келуі заттың өңін, пішінін, көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді. Бояу түсінің жарасымды болып келуі живописьтің басты құралы болып табылады. «Кемпірқосақтың суретін салып, жеті спектрлік түстерді ретімен бояп көрейік. Балалар, бұл тапсырма сендердің оқулықтарыңда көрсетілген. Кітапқа қарап дұрыс жұмыс істейік. Әрбір берілген тапсырманы ұқыпты орындауға үйренейік».

Қазақ халқының түр-түсті танып білуде өзіндік таным-түсініктері болған. Мысалы: ақ – адалдық, ақ ниет; қызыл – оттың және күннің белгісі; жасыл – көктем және жастық белгісі; сары – парасат және байлықтың белгісі; қара – жердің, берекенің нышаны;  көк —  аспанның белгісі.

Енді негізгі түстерден қосымша түстер шығаруға жаттығу жасайық:

 

қызыл+сары=қызғылт сары,

қызыл+көк=сия көк,

сары+көк=жасыл.

 

Үйге тапсырма беру:  Жылы түсте табиғат көрінісін бейнелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №5

Сабақтың тақырыбы:      

Үйлестіріп үйрету.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Композиция жайлы жалпы мағлұмат беру.

 

ә) Дамытушылық:             Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. бірнеше

заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:

Суретшілер шығармаларының репродукциясыы, дидактикалық көрнекілік құралдар, карточкалар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш.

 

Сабақтың барысы:

«Композиция» латынның «құрастыру», ойдан шығару» деген сөзінен шыққанын балаларға түсіндіремін. Содан соң балаларға үйлестіріп үйрету жайлы түсіндіремін. Қағаз бетіне нәрсенің пішінін көз мөлшерімен жобалап алған соң, оны белгілеуге кірісеміз. Заттың пішінін тұтастай қабылдап, бүтіндей бейнелеуге тырысқан жөн. Қай нәрсені болмасын суретін салуда ең бірінші жалпы пішінін белгілеп алып, сонан кейін ұсақ бөлшектерін бейнелеуге көшу керек. Сурет салуға үйретуде жалпыдан жекеге көшу принципін ұстаған жөн. Қағазға бейнеленген затымыз не үлкен немесе өте кіші болмау тиіс. Затты қағазға бейнелегенде жоғарғы жағынан және алдыңғы орнынан көбірек орын қалу керек. Сурет салғанда нәрсе бір қалыпты орында тұру керек. Затты дәл ұқсастықпен бейнелеуге үйренген орынды. Мысалы, алыс – жақсы, аласа – биік, жоғары – төмен ұғымдары пайда болып, баланың бейнелік ойлау өрісі дамиды. Бейнелейтін затты қағазға дұрыс орналастыру «композиция» ұғымының бастапқы сатысы болып табылады. Суретшілер белгілі шығарма жазбас бұрын ең алдымен картинаның құрылымдық композициясын іздейді. Үйлесімді, қисынды, дұрыс композиция шыққаннан кейін барып шығарманы жазуға кіріседі. Орындалатын суретті жоспарлау, суретші тілімен айтқанда, үйлестіру (компановка) деп аталады.

Үйлестіру ұымын есте сақтау үшін суретке қарап талдау жасайық. Кейбір кеткен кемшіліктерді сурет салу барысында жібермеуге тырысайық.

 

Үйге тапсырма беру:  Қағаз бетіне заттарды үйлестіру.

Сабақ: №6

Сабақтың тақырыбы:      

Өсімдік өрнектерімен танысайық.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                     Ою-өрнек жайлы мағлұмат беру,

оларға тың мәліметтер беру.

 

ә) Дамытушылық:             Өсімдік өрнектерімен таныстыру және өрнек

құрастыруға үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Ою-өрнек туралы альбом, оқулық кітаптар, қазақ халқының қолөнері бейнеленген репродукциялар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш  т. б. көрнекілік құралдар.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Ою-өрнектің өмірде алатын орны ерекше. Әрбір әшекейлі бұйым мен заттар өрнегі арқылы әсемдігін аша түседі. Сондықтан ою-өрнек әрбір ұлттық нақыштың белгісі болып табылады. Қарапайым тақияның өрнегіне қарап әр ұлттың өрнек ерекшелігін көре аламыз. Мысалы, қазақ, өзбек, қырғыз, түрік, ұйғыр, әзірбайжан ұлттарының тақиясына көңіл бөліп қарайықшы. Қандай тамаша өрнектердің түрін көреміз.

Жалпы қазақ халқында ою-өрнектердің бірнеше топқа бөлінетіні өткен сабақтарда айтылған. Соның ішінде ең көп тарағаны – өсімдік өрнектері. Мысалы, үш күлтелі гүл өрнегі, төрт күлтелі гүл өрнегі, жапырақ, жауқазын, шырмауық өрнектері болып тармақтарға бөліне береді. Өсімдік тәріздес өрнектер қазақ халқы қолөнерінің мынадай туындыларында кездеседі. Мысалы, кілем, түскиіз, кесте, аяққап, басқұр, ұлттық киімдерге жиі қолданылады.

«Үшкүл» — үш күлтелі гүл тәрізді өрнек, «Төрткүл» — төрт күлтелі тармақталып келетін өрнек.

Жауқазын пішінді өрнекті «ждауқазын» өрнегі деп атаймыз.

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын:

Сен ою ойғанды көрдің бе?

  • Әпке, апаларың кесте тігумен айналыса ма?
  • Анаң, әжең, нағашы апаң ою-өрнекті қандай бұйымдар жасай алады?

Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың таным, білім деңгейін тексеремін. Сонан кейін дидактикалық көрнекілік құралдар арқылы өрнектеліп істелген әсем бұйымдардың түрін көретуге болады.

– Ал қандай өсімдіктерге ұқсас өрнектерді байқадыңдар? – деген сұрақ арқылы олардың қабылдау, көру, байқау, есте сақтау сияқты қабілеттерін дамытуға болады.    — Ал енді жауқазын өрнегін салып үйренеміз. Ең алдымен қағазға қалай орналастыруды түсіндіремін. Өрнек салу үшін орындау кезеңдерін көрсетіп, балаларды іс-әрекетке тартамын.

 

1-кезең. Қағазға орналастыру.

2-кезең. Гүлдің жеке бөлшектерін белгілеу.

3-кезең. Гүлдің пішінін дәл бейнелеп, жіңішке сызықпен сызып шығу.

4-кезең. Жауқазын өрнегін біркелкі бояумен бояу.

 

Жауқазын өрнегін оқушыларға салғызуда олармен бірге жұмыс жасап, оны тақтаға немесе арнайы қағазға көрсетемін.

Салып болған соң, оқушылардың еңбектерін салыстырмалы түрде бағалаймын.

 

Үйге тапсырма беру:  Өздеріңе ұнаған гүлден өрнек құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №7

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің түрлері.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша

мағлұмат беру.

 

ә) Дамытушылық:             Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

 

Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш және  т.б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушыларды бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстырамын, олардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін тереңдете түсуге тырысамын.

Бейнелеудің негізгі төрт түрімен таныстыруға болады. Олар – графика, живопись, мүсін, қолөнері.

Графика.

Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.

«Графика» атауы гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.

Живопись.

Кескіндемедегі басты құрал  — бояу түстері болып табылады.

Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орйндайды.

Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы.

Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын.

  • Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
  • Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

Қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша баяндаймын:

— Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», — дейтін Әбілхан атамыз.

Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

    Мүсін.

Мүсін – бейнелеу өнерінің ерекше түрі. Мүсінді үш жағынан кеңістікте көруге болады. Мүсін жасау ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді: кеуделік мүсін, тұлғалық мүсін (статуя) және жартылай көлемді мүсін (барельеф  — рельеф). «Мүсін» атауы латынның «қашау» деген сөзінен шыққан.

Адамның кеудеден жоғары тұлғалық келбеті бейнеленген мүсін бюст немесе кеуделік мүсін деп аталады. Адамның тұтас бойымен бейнеленген мүсін тұлғалық мүсін (статуя) деп аталады. Жартылай көлемде бейнеленген мүсін барельеф және рельеф деп аталады. Мүсінші деп қарапайым сазбалшықтан бастап мәрмәр тасқа дейін меңгерген, әр түрлі мүсіндерді сазбалшықтан илеп, ағаштан шауып, тастан қашап жасайтын адамды айтамыз.

Қолөнері.

Қолөнер – мол өнер, оның әрқайсысында талай ғасырлық тарих бар. Қазақ халқының қолөнері халық тұрмысында жиі қолданылатын өнер жиынтығы болып табылады. Атап айтқанда, қазақ халқының баспанасы – киіз үй қазақ халқының қолөнерінің шағын мұражайы болып табылады. Қолөнерін өсер ұрпаққа үйрету қазақ тарихында ерте кезден басталған, оны дәріптеушілер – ұста, шебер, зергер, іскер деп төрт топқа бөлінген. Қолөнерінің түрлері өте көп. Мысалы: кесте тігу, өру-тоқу, ұлттық киімдер, зергерлік өнер, ағаш бұйымдар, киізден жасалатын заттар т. б. Қолөнердің ішінде ең негізгі орын алатыны – ою-өрнек. Ою-өрнексіз бір бұйым жасалмайды. Ою-өрнек қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ заттарды, бұйымдарды әсемдеп әшекейлеудің негізі болып табылады.

Ою-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойланған затының көркем, әшекейлі болуына баса назар аударған.

Ою-өрнектермен безендірілген көркем бұйымдарды көбінесе киіз үйдің ішкі жасауларынан көруге болады.

 

 

Үйге тапсырма беру:  Бейнелеу өнерінің түрлерімен танысу.

Сабақ: №8

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасының Туы.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын

(Гимнін) қастерлеуге міндеттеу.

 

ә) Дамытушылық:             Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Қазақстан Республикасы Мелекеттік Туының бейнесі (сызба және түрлі-түсті бейнелері), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш және т.б

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері жайлы түсіндіремін. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Тудың сабының тұсын ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран құс және өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы 1:2.

Қазақстан Республикасы Туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы мен оның бейнесі Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған ту үлгісімен жасалынады.

Ресми ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті, Палаталарының Төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер Министрі отырған және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарында Еліміздің Туы тігіледі.

Қазақстан Рсепубликасының Мемлекеттік Елтаңбасы көрінісінде көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақтан айналаға күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздағы қыран қанатты пырақ көмкеріп тұр, төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары –

Ж. Малымбеков, Ш. Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының түрлі түсті бейнесі екі түрлі: алтын және көгілдір көк түсті болады. Елтаңбаны ілу тәртібі жоғарыда айтылған ту ережесіндей, тек ерекшелігі мемлекеттік куәландыру кеңселерінің мөрлерінде, құжаттардың бланкілерінде, ресми басылымдарда, мемлекеттік ақшалай-заттай лоторея билеттерінде, азаматтарға берілетін жеке куәлігі мен төлқұжаттарда, шекара бағаналарында ілінеді.

Қазақстан Республикасының Әнұраны (Гимні). Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі мен Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарды ашу және жабу кезінде орындалады.

Қазақстан мемлекеттік теледидары мен радиохабары беретін хабарларда, Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекелері күнгі бағдарламасының басында, күн сайынғы республикалық бағдарламаның басталуы мен аяқталуы кезінде орындалады.

Қазақстан Республикасының халқының өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметіне, ескерткіштер, моонументтер, құлпытастар мен өзге құрылыстарды ашу кезінде орындалады.

Республикамыздың мемлекеттік органдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктері мен өзге де ұйымдары өткізетін дәстүрлі рәсімдер, салатанатты іс-шаралар кезінде, Республикамыздың туы көтерілген кезде орындалады.

Жоғары, орта арнаулы оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған рәсімдерде орындалады, қатысушы кісілер орындарынан тұрып тыңдайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қорлаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

Жоғарыда айтылған, суреттелген таңбаларды, яғни еліміздің рәміздерін қағаз бетіне түсіріп көрелік. Алдымен көрнекіліктерді, дайын үлгілерді мұқият қарап шығайық. Содан кейін барып біртіндеп, жеке-жеке таңба элементтерін нобайлап сызып шығайық.

Сұрақ-жауаптар арқылы оқушылар білімін тексеремін, жасалынып жатқан жұмыстардың барысын қадағалаймын.

Сабақ соңына таяу оқушылармен жасалынған жұмысты көре отырып, пікір алысамын, талқылаймын.

 

 

 

Үйге тапсырма беру:  Қазақстан Республикасының Туын бейнелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №9

Сабақтың тақырыбы:

Жемістің мүсінін жасайық.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Мүсін өнерін әңгімелеу, ол жайында қысқаша мағлұмат

беру, мүсін жасап үйрету.

 

ә) Дамытушылық:             Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:                  Әр түрлі пішінді заттар мен бұйымдарды дұрыс

бейнелеуге үйрету, ұқыптылыққа үйрету.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Мүсін жайлы оқулық кітаптар, иллюстрация, көрнекілік және мүсін құралдары және тағы басқалар.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Мүсін өнері жайлы қысқаша әңгімелеп беремін. Мүсін – бейнелеу өнерінің ерекше түрі. Мүсінді үш жағынан кеңістікте көруге болады. Мүсін жасау ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді: кеуделік мүсін, тұлғалық мүсін (статуя) және жартылай көлемді мүсін (барельеф  — рельеф). «Мүсін» атауы латынның «қашау» деген сөзінен шыққан. Адамның кеудеден жоғары тұлғалық келбеті бейнеленген мүсін бюст немесе кеуделік мүсін деп аталады. Адамның тұтас бойымен бейнеленген мүсін тұлғалық мүсін (статуя) деп аталады. Жартылай көлемде бейнеленген мүсін барельеф және рельеф деп аталады. Мүсінші деп қарапайым сазбалшықтан бастап мәрмәр тасқа дейін меңгерген, әр түрлі мүсіндерді сазбалшықтан илеп, ағаштан шауып, тастан қашап жасайтын адамды айтамыз.

Мүсін сабағына балаларды қызықтыра отырып, олардың ойлау және елестету белсенділігін арттыруға көңіл бөлу қажет. Ермексаздан мүсін жасауда оқушылар әр түрлі көлемді формасы бар әр алуан заттар пішіндеуге үйренеді. Мүсін сабағының басты міндеті – бейнені айқын көру, көрген затты дұрыс елестете білу, жабыстыру, созу, жұмырлау, илеу тәсілдерін меңгерту. Енді ермексазбен жұмыс істеуге көшейік. Ол үшін алмұрттың мүсінін жасап үйренейік. Ең алдымен саз балшықты илеп, жұмыр етіп аламыз, сонан кейін сопақшалап созу арқылы алмұрттың пішінін жасаймыз. Біртіндеп ұсақ бөлшектерін жасау арқылы алмұрттың толық көлемді мүсінін жасап шығарамыз.

 

Үйге тапсырма беру:  Тұрмыстық заттарды бейнелеу.

Сабақ: №10

Сабақтың тақырыбы:

Күзгі жапырақтарға қарап сурет салайық.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Күзгі жапырақтардың алуан түске еніп, құлпырған

әсемдігін көріп, қағаз бетіне түсіре алуға үйрету.

 

ә) Дамытушылық:             Жапырақтардағы алуан түстер мен реңктерді, бояқтарды

бір-бірімен қосу арқылы бейнелей білуге дағдыландыру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Күзгі жапырақтар, суретшілер шығармалары, фотосуреттер, балалар шығармалары.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Сабақты күз тақырыбына арналған өлең-жырларды, қысқа әңгімелерді оқушыларды әсерлі ойға жетелей отырып айтудан бастаймын. Сонымен бірге түрлі түсті бояуларға арналған өлең оқып беруге болады. Мысалы:

 

Сары бояу.

 

Сипап өткен самалға

Тербеледі сары алма.

Шолып едім бақшаны,

Қауын біткен сап-сары.

Көрінеді шалғайдан

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақ төгілген

Тоғайды да көрдім мен.

Жарқыраған, жайнаған

Сары бояу айналам.

Жарқын күздің бояуы

Дәл осындай болады.

 

Қ. Баянбай.

 

Оқушылар әр түрлі ағаштардың жапырақтарын жеке-жеке немесе екі түрлі жапырақты бір-бірімен салыстырып, мұқият қарап, ерекшеліктеріне көңіл бөлгендері абзал. Ең басты назарда жапырақтардағы түс реңдердің әр түрлілігін айрықша бақылау мақсаты тұру керек. Жапырақтардың түс реңктерінің жыл мезгіліне байланысты әр алуан өзгеретініне балалардың көңілін аударып, айрықша бақылатамын. Күзгі жапырақтар бір қарағанда сары немесе қызыл болып көрінуі мүмкін, ал мұқият зерделеп, көңіл бөліп қарайтын болсақ, онда сарғыш қызыл, ал қызыл, сарғыш, қызғылт, көкшіл сары, ақ сары, қоңыр түстер, т. б. толып жатқан бояу реңктерін көре аламыз.Палитрада бояуларды араластыру арқылы аз мөлшердегі бояу түстерінен мың құбылған реңктерді шығару тәсілдерін оқушыларға іс-әрекеттер арқылы көрсетемін. Акварель бояуымен жұмыс жасау үшін, салынған негізгі сурет өте нәзік жіңішке сызықтармен салынуы қажеттігін ескертіп кетемін. Алдымен жапырақтың жалпы пішіні сызылады, содан кейін жапыраққа тән шетіндегі айшықтары, ирекшелері, талшықтары салына бастайды. Салынған жапырақты бояудан бұрын, оны жапырақтың өзімен салыстырып, ұқсастығын тексеріп алу қажет. Байқалған артық сызықтарды өшіргішпен өшіріп тастаймыз. Әдетте, акварель бояуы қағаз бетіне жұғымды әрі мөлдір болып түсуі үшін, алдымен қағазды жақсылап сулап алу қажет. Содан кейін жапырақтың жалпы өңін сары немесе ашық жасылмен толық бояп шығамыз. Әлгі кеппей тұрған бояу үстінен басқа бояу реңктерін жүргізу қажет. Салынған сурет кепкеннен кейін қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтармен талшықтарды салып шығуға болады. Бұл жұмыстарды асықпай, мұқият орындау керек. Себебі әр ағаштың жапырағы әр түрлі пішінде, әр түрлі түсте болғандықтан, ұқсатып салуға тырысу қажет. Әрбір орындалған жұмысты сол жұмыс барысында көрсетіп, қатесін түзеп отырған пайдалы. Қажетті деңгейде орындалған жұмыс есебіне тек қана жапырақтың пішінін дұрыс беру, жеткіліксіз. Сонымен қатар, түс реңктерінің бай, түрлі түске боялуы маңызды.

 

 

Үйге тапсырма беру:  «Төгілген күзгі жапырақтар» тақырыбына сурет салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №11

Сабақтың тақырыбы:

Ертегіге саяхат.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Ертегі мазмұнына арнап салынған суретшілер

иллюстрацияларымен тереңірек таныстыру.

 

ә) Дамытушылық:             Ертегі мазмұнын бейнелей білуге үйрету, сурет салуға

дағдыландыру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Ертегі мазмұнына қарап салынған суретші шығармалары, иллюстрациялар және т.б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Ең алдымен оқушылар өздері ертегілерді, көрген ертегі-фильмдерді еске түсіріп, қысқаша, қандай ертегіге арналған шығармалар екендігін айтады.

Оқушыларға әсерлендіру, бейнелі ойлау, қиялын қияға жетелеу мақсатында

Ә. Асылбековтың «Кім күшті?» ертегісін оқып, мазмұнын ашып беремін. Көркем тілмен кестеленіп, қызықты оқиғаларға құрылған бұл шығарма оқушылардың қиялына қанат бітіріп, таңғажайып әлемге сапар шеккізеді, өнерге, білімге шақырып, батылдыққа баулиды. Ертегі мазмұнындағы жануарлар мен жәндіктер өте нақты бейнеленген. Мысалы, кәдімгі маса былай әндетеді:

Мен Масамын, Масасын,

Шаттық әнге басамын.

Күштімін де сұстымын,

Бар жәндіктен асамын.

Ал бақаның бақ-бақ етіп мақтанғаны былай суреттеледі:

Мен Бақамын, Бақамын,

Масаларды матадым,

Жыланды да жұтамын,

Жұтамын да жатамын.

Осылайша бар жәндіктер бір-бірінің алдында өздерін мақтап, асынып, тасынады. Міне, осы сәттерді оқушылар ертегі желісін оқып, көз алдына елестетеді. Әрбір жәндікті сипаттап, қағаз бетіне түсіруге құштарланады. Ендігі кезекте оқушылар салуға кіріседі. Ертегі мазмұнына байланысты кейіпкерлердің көңіл күйіне, табиғат көріністеріне байланысты реңктерін жарасымды беруге бөлулері қажет.

Егер ертегі мазмұны тұрмыс жайында болса, онда сәндік қолөнерге көп көңіл бөлініп, кейіпкерлер жиһаздарын ұлттық ою-өрнектермен безендірген жөн.

Сабақтың соңында оқушылар өздері салған суреттерге ат қойып, бірер сөйлем құрап жазғандары пайдалы, себебі оқушының тілі дамып, ой-қиялы жетіле түседі. Сонымен қатар, біткен жұмыстардан көрме ұйымдастырып, оқушылар өзара пікір алысады.

 

Үйге тапсырма беру: Оқулықта келтірілген «Жыл басы», «Батыр есек», «Арыстан мен түлкі» ертегілерінің біреуін ата-аналарына оқытқызып, ұнаған кейіпкерлерінің суретін салып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №12

Сабақтың тақырыбы:

Натюрморт салайық.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Натюрморт жайлы мағлұматтармен таныс болу.

 

ә) Дамытушылық:             Затқа қарап сурет салуды меңгеру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Қалам, өшіргіш, қағаз, бояу түрлері, қылқалам, натюрморт бейнеленген суретшілер шығармалары. Балалар салған суреттер. Натюрморт салу үшін әкелінген гүл шоғы мен құмыра т. б. заттар.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушыларға алдымен натюрморт тарихы жайлы түсіндіріп өтемін.

    Натюморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А. Ғалымбаева, Г. Ысмайылова, Т. Тоғысбаев. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Н. Нұрлыбаев, т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз. Суретші шығармаларын оқушыларға көрсете отырып, оған талдау жасаймын. Мысалы, заттар мен бұйымдарды бейнелеуге шебер суретші А. Ғалымбаеваның «Натюрморт» шығармасын алайық.

Суретшінің бұл еңбегінде қазақтың әсем ою-өрнектері, дастарқан бетіндегі алма, алмұрттардың ашық, жылы түс реңктері, орынды композиция арқылы жарасымды орындалғаны көрермен көңілінен шығады.

Шығарманы талдай келіп, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сезу, көру, бақылау, қабылдау сияқты түсінігін бекітемін.

– Балалар, сендер суретші шығармасынан қандай нәрселерді көріп тұрсыңдар?

— Суретші шығармасындағы бояу түстері бір-біріне жақын ба?

Суретші ою-өрнектерді не үшін бейнелеген?

Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі. «Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз.

Енді натюрморт құрауға болады. Мысалы, гүл мен құмыра, оқушының оқу құралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады.

Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Тақтаға сызып, оқушыларға натюрморт салудың кезеңдерін көрсетемін.

Бұл жұмыстар алғашқыда қарындашпен орындалып, біткеннен соң бояу түстерімен реңктерді беріп, бояуды бастаймын.

Сабақ соңында оқушылар жұмысын көремін.

Композициялық шешімі, түс жарасымдылығы жағынан дұрыс орындалған жұмыстарды сынып көрмесінде талқылаймыз.

 

Үйге тапсырма беру:  Натюрморт тақырыбына сурет салу. Мысалы, екі-үш алма тобына қарап сурет салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №13

Сабақтың тақырыбы:

Өрнек құрастырайық.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                 Оқушыларға бүгінгі сабақта өрнек ұғымын таныстыру,

қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіру. Оқушыларды

халықтық сәндік қолданбалы өнермен таныстыру.

 

ә) Дамытушылық:        Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын,

мәдениеттілігін дамыту. Ою-өрнек элементтерінің бояумен

орындау тәсілдерін үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:             Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Қалам, өшіргіш, қағаз, бояу түрлері, қылқалам, сәндік қолданбалы өнер шығармалары туралы альбом, фотосурет, заттар үлгілері.

т. б. заттар.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушыларға сурет салудың техникасы мен әдіс-тәсіл жолдарын жақсы меңгерту үшін қажет ою-өрнек нақыштарын бояу арқылы қылқаламмен бірден орындау жолдарын түсіндіремін. Ою-өрнек нақыштары – қолды жаттықтыруға, суретшінің ойын, қиялын ұштауға таптырмайтын құрал-әдіс, тамаша мектеп. Ою-өрнек суретшінің қолының икемін, әсем қимылдауын, сызықтың әдемі де айқышты болып сызылуын қалыптастырады. Ою-өрнек Орта Азия мен Қазақстан халықтары үшін ең негізгі безендіру құралы болып саналған. Сонымен қатар сурет өнері, қолөнері дамыған Шығыс елдерінде ең алдымен ою-өрнекке, оның салу жолдарына көп көңіл бөлінген. Ою-өрнек өнері Қазақ елінде кеңінен өркендеді, екінің бірі оюшы, он саусағынан өнер тамған шебер болды. Әжелеріміз киіз басып, сырмақ сырғанда, сәндік кілемдерді безендіргенде жасының ұлғайғандығы, күш-қуатының кемігендігіне қарамастан, өрнек нақыштарын композициялық шешімі мен түс жарасымдылығын дәл, нақты, әсем етіп орындай білген. Қазіргі кездің өзінде қолы шебер ата-әжелеріміздің жасаған өнер туындыларына таңғалмай тұра алмайсың.

Қазақ халқының ою-өрнек түрлері өте көп. Атап айтар болсақ, жануарлар өрнегі, өсімдік өрнегі, геометриялық өрнек, ғарыштық өрнек болып негізгі төрт бөлімге бөлінеді. Жануарлар өрнегіне мүйіз, қос мүйіз, қыңыр мүйіз, қаз мойын, табан, өркеш т. б. көптеген өрнектер кіреді. Өсімдіктер өрнегіне ағаш, жапырақ, үш жапырақ, өткізбе, шиыршық, гүл, жауқазын т. б. жатады. Ғарыштық өрнектерге шеңбер, шимай, төртқұлақ, шұғыла, жұлдыз, т. б. жатады. Геометриялық өрнектерге сүйір, ирек, төртүшкүл, балдақ, қармақ, тұмарша, шынжыр т. б. жатады.

Міне осы ою-өрнектерді айшықтап, сызып, жаттығып отырса, қол икемге келіп, сурет салғанда кездесетін көптеген бейнелеу сызықтарын тез меңгеруге болады. Сурет өнеріне талпыныс жасасақ қол икемі келмей, қиналатыны осыдан, сызықтарды көп сызып жаттықпағандықтан болады. Ою-өрнекті көп сызып, жаттықсақ сурет салуды да жақсы меңгереміз, кез келген жан-жануардың, адамның бейнелерін, олардың қозғалыстағы қалпын бетіне оңай түсіре аламыз.Ою-өрнекті салудың сырларын түсіндіріп болғаннан кейін, өрнек элементтерінің кейбір түрлерін тақтаға сызып көрсетемін. Тақтада тағы басқа өрнектерді, жеміс-жидектер өрнегін түрлендіріп, жаңа тәсілдермен орындап көрсетемін. Қайталанып отыратын өрнек элементтерінің ара қашықтықтарының бірдей болуына көңіл бөлемін.

Бірінші жаттығу: қылқаламды бояуға батырып алып, түрлі түсті бояумен «ирек» өрнегін сызып шығамыз. Алғашқыда қарындашпен жіңішке сызық арқылы жолақша сызып алу қажет. Қылқаламды бояу жеткенше қағаз бетінен алмай, жеңіл, асықпай сызып шығамыз.

Екінші жаттығу: «Ирек» өрнегін геометриялық өрнекке айналдырып сызамыз.

Жіңішке сызықтар арқылы жолақшаны дайындап алып, «ирек» өрнегін түзу сызықтармен қылқаламды жоғары-төмен жүргізіп отырып орындаймыз.        Қағаздан жасалған бас киім, алжапқыш, сүлгі т. б. бұйымдар үлгісін жолақша, дөңгелек, үшбұрыш сияқты фигуралармен безендіру.

Тапсырма.

 

 

Үйге тапсырма беру:  Бір бет ақ қағаз бетінде бірнеше өрнек түрлерін орындаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №14

Сабақтың тақырыбы:

Қаз балапанын мүсіндеу.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:               Үй құстарын сазбалшықтан жасай алуға, олардың қимыл-

қозғалысын бақылап, қадағалап, мүсіндеп бере білуге үйрету.

 

ә) Дамытушылық:      Тұтас бір бөлік сазбалшықтан созу, илеу, тәсілдері арқылы

жұмыс орындауға дағдыландыру.

 

б) Тәрбиелілік:            Оқушыларды кішіпейілдікке, жекелеп жұмыс жасауға,

ұйымшылдыққа, сабақта өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Кіші көлемдегі мүсіндік формалар, фотосуреттер, иллюстрациялар, ойыншықтар, ермексаз және оның құралдары және  т. б. заттар.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Практикалық іс-әрекеттер алдында оқушыларға үй құстары жайында әңгімелеп, олардың ерекшеліктері туралы айтып өтемін. Мысалы, қаздардың жүрісі, тұрысы, жүрген кезі, мойнын созып, қанаьын жайып айбат шегуін, сол сәті бейнеленген кестелерден көрсете отырып әңгімелеймін. Осы орайда фотосуреттер, балалар салған суреттер, шағын мүсіндерді көрсету пайдалы. Оқушылардан құстар денесінің формасы, басы, кеудесі, тұмсығы қандай пішінде екендігін сұраймын. Әр түрлі құстарды бір-бірімен салыстырып, дене құрылыстарының ерекшеліктерін бақылауға көңіл бөлуін сұрап, әңгімеге тартамын. Қаз балапанының әр түрлі қимыл-қозғалыста болған сәтін бейнелеуге оқушылардың қызығушылығы басым екендігі олардың салған суреттерінен көрініп тұрады, сондықтан сазбалшықтан балапанды жасауда да олар қозғалыс қалпын беруге тырысады. Балапанның негізгі формасы домалақтанып келгендіктен, сазбалшықты бүгін бір бөліктен жасау ыңғайлы. Тұтас денені жасап алып, қалған бөліктерін жеке жасап, жапсыруға болады. Ал мойын сол тұтас бөліктен шығады. Ол үшін сазбалшықты сол қолға ұстап тұрып, оң қолмен созбалап тарту керек. Мойынды созу тәсілімен шығарып алған соң, бас бөлігін жалғастыра жапсыру керек. Қаз балапаны екендігін айқындайтын тұмсығына ерекше назар аудару шарт. Жалпы қаз балапанының формасын жасап болғаннан кейін ұқсастығын тексеріп, артық жерін алып тастап, кем жерін қосатын жұмыстар орындалады. Қаз балапанын жасау кезінде оның негізін тұрғызу үшін таяқшалар пайдаланылады. Қанаттары да солай жасалынады, әсіресе балапан қанатын жайып, жүгіретін болса, оны жеке жасап алу шарт. Жұмыс соңында саусақтың ұшымен сипау арқылы тегістеп шығады. Орындалған жұмыстар белгілі бір жерге қойылып, пішіндері, түрлері, қимыл қозғалыстары, дене мүшелерінің бір-бірімен қатынас тепе-теңдігі тексеріледі. Бұлай талқылау жасау оқушыларға үлкен пайдасын тигізеді. Олар өздерінің жетіспей жатқан жақтарын көріп, қателерін жөндейді, жетістіктеріне қуанады.

 

Үйге тапсырма беру: Ермексаздан үй құстарын мүсінде. Бірнеше құстардың мүсінін қозғалыста, балапандарымен серуенге шыққан түрде бейнеле.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №15

Сабақтың тақырыбы:

Алғашқы қар. Ақша қар.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:               Алтын күз айынан кейінгі қысқы көріністерді әсерлі

бейнелеуге үйрету.

 

ә) Дамытушылық:      Алғашқы жауған қар әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне

түсіруге, алған әсерлерін қысқаша әңгіме құрастырып айтып

бере алуға баулу.

 

б) Тәрбиелілік:           Оқушыларды кішіпейілдікке, жекелеп жұмыс жасауға,

ұйымшылдыққа, сабақта өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Қыс көріністерін бейнелеген суретшілер шығармалары. фотосуреттер, оқушылар салған суреттер, қалам, өшіргіш, қағаз, бояу түрлері, қылқалам және т.б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушыларға қыс туралы әңгімелеймін, көрнекі құралдарды көрсете отырып, оқушыларды әсердендіру мақсатында ақын-жазушылардың өлең-жырларын оқып беремін.

Сабақтың барысында оқушылардан:

— Сендер қар жауып тұрғанда қар түйіршіктеріне зер салып, қарап көрдіңдер ме? Олар қандай пішінде? – деген сұрақтар арқылы оқушылар назарын ақ мамық қардың жеке бөлшектеріне аударып, байқағыштық, көргіштік қабілетін жетілдіремін.

Ауа-райы тыныш, бір қалыпты аяз болып тұрғанда, ақша қар жерге баяу қалқып, әсем өрнектері жарыққа шағылысып түседі. Боранды күні желге ұшқан ақша қар гүлдер мен жұлдыздар сияқты топ-топ болып, қар боранға айналады.

Көрнекіліктерді көре отырып, оқушылар ақша қардың пішіні әр түрлі дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрышты нәзік сызықшалармен айқыштап тасталған ақша қарларды көріп байқайды. Ақша қар жалпы қарағанда бір-біріне ұқсас болғанымен жекелей қарасақ екі ақша қар бір-біріне ұқсамайды. Ақша қардың құрылысын анықтап қарайтын болсақ, әрқайсысында алты жебе сияқты бірдей сызықшалары бар, олар бір-бірімен жіңішке сияқты сызықшалармен торланып, біріктірілген.

Ақша қардың суретін, қағаздардан қиылып жасалынған үлгілерден көріп, зерделеп болғаннан кейін, ақша қарды қағаздан қиып алу тәсілдерін оқушыларға көрсетемін. Төртбұрышты жұқа ақ қағазды екі бүктейді. Пайда болған тік төртбұрыш бүктеу сызығы жағынанұш тең бөліктерге бөлінеді. Әрбір жебенің ұштары бірдей екендігін ескеріп, қағазды тең бөліктерге бөліп қияды. Қию жұмыстарын оқушылармен бірге орындаймын, қателіктерін түзетемін.

Дайын болған ақша қарларды түсті қағаз беттеріне жапсырып, өздері қарап шығады. Сонымен қатар, сынып ішін безендіруге болады.

 

Үйге тапсырма беру: Ақша қардың бірнеше түрін қағаздан қиып, түсті қағаз бетіне жапсыр, ақша қар түрлерін бояумен орында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №16

Сабақтың тақырыбы:

Жаңа жыл ойыншықтарын жасау.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                Бейнелеу, безендіру, құрастыру іс-әрекеттері арқылы

ойыншықтар жасауға үйрету.

 

ә) Дамытушылық:       Жаңа жыл мерекесіне дайындық жұмыстары – табиғи

материалдардан, түсті қағаздардан әр түрлі зат формаларын

жасауға баулу.

 

б) Тәрбиелілік:            Оқушыларды кішіпейілдікке, жекелеп жұмыс жасауға,

ұйымшылдыққа, сабақта өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Жаңа жыл шыршасы бейнеленген иллюстрациялар, фотосуреттер, шырша бұтақшасы, ойыншықтар (шар, балық, түлкі қоян т. б.).

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Келе жатқан жаңа жыл мерекесі жайында, шыршаны қандай ойыншықтармен қандай материалдан қалай жасалатынын әңгіме-сабақ түрінде баяндаймын. Бірнеше ойыншықтарды тақтаға іліп қойып, оның пішіні мен көлеміне, бояу түстеріне оқушылар назарын аударамын. Бірнеше шырша ойыншықтармен бұтақшаны безендіріп көрсетемін.

Көз жауын алатын нәзік те әсем ойыншықтар жасау – оңай еңбек емес. Әйтсе де оқушылардың өз қолымен жасаған ойыншықтарының қымбат екенін айтып түсіндіремін. Еңбек сабағында немесе бейнелеу өнері сабақтарында жоғары сынып оқушылары жасаған шырша ойыншықтарын оқушыларға көрсетемін. Жаңа жыл мерекесіне арналып жазылған өлең-жырлар оқылады.

 

Жаңа жыл ойыншықтарын жасау.

 

Ақ қырауға малынған.

Ақша қардай сақалы,

Көптен күтіп сағынған

Көрдік Аязатаны.

 

Базарлықты баршаға

Әкеліпті ол тағы.

Қарасын деп тамсана

Безендірдік шыршаны.

 

Тақпақтарды жаттадық,

Би де үйрендік көрсін деп.

Аязата шаттанып,

Бізге риза болсын деп.

 

Ф. Оңғарсынова.

 

Жаңа жыл шыршасын безендіру үшін жасалатын ойыншықтар түрлі түсті және жылтыр (фольга) қағаздардан қайшымен қию, бүктеу арқылы орындалады. Ойыншықтар жеңіл, әсем, түрлі түсті болуы шарт, себебі шырша бұтақшаларына ілуге қолайлы болуы керек.

Әрине, дайын үлгілері дүкендерде сатылған ойыншықтар да әдемі, бірақ олар бір формада, түстері бірыңғай болып келеді.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштау үшін оқушыларға әркім өз бетінше қалаған ойыншықтарын жасауына еркіндік беремін.

Мысалы, кәдімгі түнгі көшелерді жарықтандырып тұратын шамның «түнгі шырақ» үлгісін жасау жолдары мынадай: тік төртбұрышты қағаз алынып, ортасынан бүктеледі. Бүктелу сызығынан көлденең орта шенінен кесіледі. Сонымен бірге бірінші және соңғы кесінділер қағаз шетінен 2 см-ден жақын болмауы керек.

Бүктелген қағаз ашылып, түтікше сияқты оралады, ал кесінділер шырақ сияқты қалыпты береді. Оралған қағаздың екі шеті желімделеді. Дайын болған шырақты безендіріп, жіпке байлап іледі.

 

Үйге тапсырма беру: Жаңа жыл шыршасына арнап ойыншықтар жаса, Жаңа жыл мерекесі кезеңін бейнеле.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №17

Сабақтың тақырыбы:

Қысқы демалыс.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс

айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге

үйрету.

 

ә) Дамытушылық:       Оқушылардың еске сақтау қабілетін, көру қабілетін,

логикалық ойлау қабілетін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:            Оқушыларды өзін-өзі бақылауға, бірлікке,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Қыс көрінісі туралы суреттер, суретшілердің еңбегі,

фотосуреттер, қалам, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушыларды қызықтыру мақстаында қыс көріністері бейнеленген шығармалар мен фоттосуреттерді тақтаға іліп қойып көрсетемін, әңгімелеймін. Шығармалардағы, фотосуреттегі қыс көріністеріне және ондағы бояу реңктеріне, қандай бояумен орындалғандығына көңіл бөлуіміз қажет. Қыс көрінісін, қыстағы қар, күн, ағаштарды бейнелегенде көгілдір қағазды фон ретінде алсақ, ақ қар мен қарайған ағаштар айқын, әсем көрінеді. Қыс жайындағы әсерлі ойларын толықтыру, байыту мақсатында ақын-жазушылардың өлең-жырларын оқытып, жұмбақтар мен халық мақал-мәтелдері айтқызамын. Мысалы, қыс қызықтарына арналған Қосжан Мүсіреповтың «Қыс» деп аталатын өлеңі:

 

Қыс.

Бір топ бала сырғанап,

Барады, әне жарысып.

Қалды артында қыр, алап,

Іздерінен қар ұшып.

 

Қырау қашып жағаға,

Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға,

Бірі шаңғы тебеді.

Осы өлең оқылып болғаннан кейін, оқушылардың бейнелі ойлау қабілеттерін қалыптастыру мақсатында сұрақ қойып, жауап аламын.

– Балалар, ақын қай жыл мезгілін айтып тұр?

— Өлең шумақтарында бір топ баланың қандай ойындар ойнап жүргені айтылған?

— Балалар қандай жерде шана, шаңғы теуіп жүр?

Әрбір оқушыдан қайда, қалай демалғандығы жайлы қысқаша, әсерлі әңгімелеп беруін сұраймын. Қыс жайындағы әңгімеден кейін сурет салуға кіріседі. Салынатын сурет тақырыбын олардың өздері таңдап алуға мүмкіндіктері бар. Қыс көрінісін жоғарыда айтқандай көгілдір және сұр қағаз бетіне орындаған дұрыс. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс, жақын, астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде оқушылардың білуі қажет. Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді. «Перспектива» латынның «тасадан көру» деген сөзінен шыққан. Қазақша ұғымы «көрініс» дегенге келеді. «Перспектива» ұғымын дұрыс білмесек, алыстағы, жақындағы заттар бірдей салынған болып шығады. Оқушылар салған суреттеріне қарап,  өз пікірлерін айтады. Дұрыс-бұрыс жақтарын көрсетіп, түсіндіремін.

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Қыс тақырыбына арнап суреттер сал, өздерің салған шығармаларға тақырып қой.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №18

Сабақтың тақырыбы:

Халық шеберлерінің ісімен танысайық.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                 Оқушыларды халық шеберлерінің шығармаларымен

таныстыру. Ұлттық қолөнер шығармаларының түрлерімен

(зергерлік, ағаш ұсталығы, текемет, сырмақ, түскиіз, кілем)

таныстыру.

 

ә) Дамытушылық:        Сәндік-қолданбалы өнері түрлерінің кейбіреуінің жасалу

жолдарының қарапайым, қолайлы жақтарын қарастырып,

оқушыларға үйрету, дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:              Белсенділігін арттыра отырып, бір-біріне көмектесу

мақсатымен оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:    Халық шеберлері және олардың шығармалары бейнеленген кестелер, плакаттар, фотосуреттер, сәндік қолданбалы өнер саласындағы бұйымдар үлгілері және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушылар сабаққа қажетті халық шеберлерінің жасаған бұйымдар үлгісін, фотосуреттерді, иллюстрацияларды қарап шығады. Шеберлер жасаған бұйымдардың әсем формасына жарасымды бояу түстеріне, ойнақы өрнектер арқылы безендірілгеніне оқушылардың көңіл аударғаны жөн. Оқушыларға сұрақтар бере отырып әңгіме-сабақты одан әрі жалғастырамын.

  • Сендер халық шеберлері жөнінде не білесіңдер?
  • Халық шеберлері деп кімдерді атаймыз?

Шеберлер орындаған ою-өрнектердің бәрі де табиғаттан алынған. Мысалы, гүл, жапырақ, бүршік, ағаш, ай, күн, жұлдыз т. б. Халық өнерінің өмірдегі алар орнын және қазіргі жаңа заман талабына сай жасалынатын бұйым үлгілерін көрсетіп айтамын. Музыкалық аспаптар, өрнекті ыдыс-аяқтар, үй мүліктері т. б. жайында да айтамын. Фотосуреттерден халық шеберлері қолынан шыққан текемет, алаша, басқұр, кілем өрнектерін, олардың орналасу ретін, формасын, түс жарасымдылығын қарап шығамыз.Тақтаға бірнеше өрнек түрлерінің элементтерін сызып көрсетемін. Оқушылар өрнек элементтерінің атын атап, қай жерде қолданылатынын өткен сабақтарды еске түсіре отырып әңгімелейді. Сабақтың тәжірибелік бөлімінде оқушылар өрнек элементтерін қағаз бетіне түсіре бастайды. Оқушылар өрнек салудың екі тәсілімен де жұмыс жасау мүмкіндіктеріне ие. Алғаш өрнектерді қарындашпен сызып алып, кейіннен бояу. Немесе бірден қылқаламмен суретін, яғни, өрнегін салуды бастау. Өрнектерді дұрыс орналастыру үшін қағаз бетін белгілеп алулары қажет. Мысалы, жолақ ішіндегі, үшбұрыш, дөңгелек ішіндегі өрнектердің орналасу тәртібін меңгеру. Сонан соң безендірілетін бұйым немесе заттың қандай формада екендігін айқындап, сол формаға лайық өрнек элементтерін орындайды. Өрнектермен жұмысты күрделендіру мақсатында оқушылар өрнектерден композиция құрайды.

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Халық шеберлернің қолынан шыққан бұйымдардың үлгісіне қарап сурет салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №19

Сабақтың тақырыбы:

Үй жануарларын мүсіндейік.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                Оқушыларды үй жануарларын мүсіндеу әдіс-тәсілдерімен

таныстыру, жануарлардың дене мүшелерін, қозғалыстағы

қалпын бере алуға үйрету.

 

ә) Дамытушылық:       Жұмыс кезіндегі жетістіктері мен кемшіліктерін аныықтай

отырып оқушылардың ой-өрісін, щығармашылық қабілетін

дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:             Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Үй жануарлары бейнеленген фотосуреттер, плакаттар, иллюстрациялар, шағын мүсіндер. және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушылар жануарлар бейнеленген фотосуреттер мен шығармаларды мұқият қарап шығады. Мүсіншілер жасаған шағын мүсіндерді қолымен ұстап көреді.

Өткен сабақтарды естеріне түсіріп, төрт түлік малды атайды: жылқы, сиыр, түйе, ешкі. Оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін дамытатын бірнеше жұмбақтарды айта кетуге болады. Мысалы:

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе.)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоын бар.

(Қой.)

Төрт түлік жайында ақын-жазушылар жазған өлең, жырларды әсерлендіру мақсатында оқып беремін. Мысалы, төрт түлік малдың ең жүйрігі жылқы төлі құлын жайында М. Әлімбаев былай жырлайды:

Құлыншық.

Бұлшық етің бұлтылдап,

Қолды-аяққа тұрмайсың.

Құндыз түгің жылтылдап,

Желден оза зарлайсың.

 

Асыр салып көп ойнап,

Ақсап қалдың, құлыншақ.

Жүрмейсің бе абайлап,

Болмасаңшы ұрыншақ.

Сөйтіп, төрт түлік малмен таныстыра келіп, оқушылардың көңілін басқа да үй жануарларының түріне аударуға болады. Мысалы, итті үй жануарларының күзетшісі, сақшысы деп атаймыз. Балалардың ең сүйкімді, төрт аяқты досы ит екендігін ескере отырып, «Менің күшігім» деген тақырыпта жұмыс жасауды тапсырамын. Адамның сенімді досы ит жайында оқушылардың өздеріне таныс тақырыптарға байланысты сұрақтар беремін:

  • Ит адамға қандай қызмет көрсетеді?
  • Иттің қандай түрлерін білесіңдер?
  • Олар қалай аталады, дене бітімі қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, ермексазды жұмсартып, тұтас бөліктен созу арқылы ит мүсінін жасауға кіріседі.Оқушылармен бірге созу, жалпақтау, жұмырлау әдіс-тәсілдерін атқарамын. Ит туралы мүсіндеу барысында қиындық болмау үшін жануарлар бейнеленген суретші шығармалары, мүсіншілер тақтада, стол бетінде, оқушыларға көрінетін жерде тұруы қажет.Ақын

Б. Серікбаевтың «Ақ күшік» өлеңін дауыстап оқып беремін:

Ақ күшік.

Итаяқтан ақ күшік

Жуындыны жатты ішіп.

Мысық келіп жанына:

— Бар ма? – деді, тағы да.

— Баррр, беррр-меймінн біррр-ақта! –

Деді күшік ұнатпай.

«Дос болыппын текке!» — деп,

Қалды мысық өкпелеп.

Итті мүсіндеуде оның қозғалысын, ерекше тұрған қалпын беру үшін, оны бақылап, суретін салып жаттығу қажет. Итті дұрыс мүсіндеу үшін, оның дене қүрылысын, бас, аяқ т. б. бөліктердің орналасуын, қозғалған кезде өзгеруін білу маңызды. Итті мүсіндегенде ең бірінші оның денесін жасап алған жөн. Содан кейін бас формасының көлемін белгілеп, денеге жапсыру қажет. Сирақтардың шығыңқы жерлерін белгілеп, тепе-теңдігін, көлемін анықтау керек. Денедегі негізгі бөліктерді дайындап болған соң, құлақ, құйрық, сияқты бөліктерді жасауға болады.

Әрине оның алдында, иттің әр түрлі қозғалыс қалпындағы кезін көріп, бақылау шарт. Содан кейін іске кіріскен жөн.

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Иттің қозғалыстағы қалпын мүсінде. Мысалы, аң аулауға ұмтылған иттің қимыл-қозғалысын көрсет.

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №20

Сабақтың тақырыбы:

Досымның келбетін бейнелеймін.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:               Оқушыларға портрет (келбет) жанры туралы түсінік беру,

портрет салу жолының техникасымен таныстыру, салынған

суреттің шын бейнеге ұқсауын мақсат ету.

 

ә) Дамытушылық:      Білімдерін кеңейту, дүниетанымды қалыптастыру,

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эмоциялық

сезімдерін, танымдық күштерін, ой-өрісін, қиялын, оқуға,

өнерге қызығушылықтарын дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:           Білімге, өнерге деген қызығушылықтарын оятып, оқушы

бойында асыл қасиеттерді тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Фотосуреттер, суретші шығармалары, иллюстрациялар,  және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Тақтаға белгілі суретшілердің салған адам келбеттерін ілемін. Оларды оқушылар асықпай байыппен қарап алуға тиіс. Живопись өнеріндегі басқа жанрларды еске түсіріп (табиғат, натюрморт т. б., портрет жанрының ерекшелігін аңғаруға көңіл бөлуін қамтамасыз ету пайдалы. Адамның суретін салатын суретшіні портрет (келбет) салатын суретші деп, атайтынын оқушыларға түсіндіремін. Әңгіме барысында оқушыларға суретшілер портрет салғанда адамның тек өзіне-өзі ұқсауын ғана емес, сонымен қатар, адамның мінезін, көңіл күйін көрсетіп беретінін түсіндіремін. Әңгіме барысында оқушыларға көрнекіліктерді көрсете отырып, сұрақтарға жауап беруін талап етемін:

  • Суретте кім бейнеленген?
  • Оның көңіл күйі қандай?
  • Бұл кісі қандай мамандық иесі?
  • Қандай белгілермен айқындадыңдар?

Оқушы жауаптарын құптай отырып, әрбір портретке қысқаша сипаттама беремін. Өткен сабақтарда осы аталған суретшілердің қандай шығармаларын көріп, таныс болғандықтарын естеріне түсіремін. Портрет жанрының күрделілігін ескерте отырып, оқушыларға адамның бет әлпетін, көңіл күйге байланысты өзгеруін бақылап, қадағалаудың қажеттігін айтып түсіндіремін. Ең алдымен, адамның бет бейнесін мұқият зер салып қарап шығу, бас формасының қандай екендігін аңғару, шашының түсіне көңіл бөлу, сонымен қатар көз, мұрын, ауыз құрылысына да назар аудару әрекеттерін іске асырамын. Оқушыларға сурет салуды адамның бас формасын салудан бастау керектігін, айтып түсіндіремін. Адамның бет пішінінің әрбір мүшесі жеңіл сызықтармен орындалуы тиіс, себебі, сурет салу барысында қателіктер болса түзетуге немесе алып тастауға болады. Адамның басын салуға симметриялық ерекшелікті қолдануға болады, сондықтан адамның оң жақ беті мен сол жақ бетін немесе керісінше, салыстырып отырған жөн. Ең алдымен бет пішінінің негізгі сызықтары белгіленеді. Қасты, кірпікті, көз қарашығын, бет пішінінің негізгі бөлшектерінің орналасуын анықтамай тұрып сурет салуға болмайды. Адамның көзі бет пішінінің орта шенінде орналасқан. Бастың маңдай жағы беттің тең жартысын алады. Бұл жайында оқушыларға ескертіп отыру қажет, себебі, олар портрет салғанда осыдан қате жіберіп жатады. Жалпы бас формасын тауып қағаз бетіне түсіргеннен кейін шашты салуға болады. Оқушыларды өздері салған суретте адамның ең бір ерекше қасиетін (мінезін, күлкісін, көз қарасын) дұрыс бере білуге баулу өте маңызды. Мысалы, адамның көңіл күйін дұрыс беру үшін мына жайды ұмытпау қажет: күлген кісінің езуі ептеп созылады, көзі қысылыңқырайды; ал қайғырған кезде кісінің қасы төмен түсіп кетеді. Көбінше оқушылар өз жолдастарын бейнелеуге қызығады. Бұл олардың сурет салу барысында ұқсастықты салыстыруға мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Сабақтың соңында оқушылар салған суреттерден көрме ұйымдастырып, өз жұмыстарына сын, пікір айтуға еркіндік бермін.

 

Үйге тапсырма беру: Автопортрет немесе өздерің жақсы көретін әдеби, кино кейіпкерлерін бейнеле.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №21

Сабақтың тақырыбы:

Анамызға сыйлық жасаймыз.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:               Мерекелік құттықтау құснихатын сәнді безендіру әдіс-

тәсілдерінің қарапайым жолдарын үйрету. 8-Наурыз

мерекесіне дайындық жасау арқылы көркем еңбекке баулу.

 

ә) Дамытушылық:      Оқушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетін, түрлі түсті

реңктерді сезіну қабілеттерін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:            Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ

болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Көркемсуретті фотоальбомдар, әр түрлі қағаздан жасалған құснихат үлгілері,  иллюстрациялар, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш,  және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушыларға көрнекіліктерді көрсетемін. Аналар мерекесіне арналған өлең, тақпақтар оқылады. Мысалы, ақын С. Оспановтың мына өлең жолдарын оқып көруге болады:

 

Сегізінші Наурыз күні.

 

Үлкенмін ғой мен енді,

Жудым бүгін еденді,

Аналарға арналған

Жаттап алдым өлеңді.

 

Өлең айтып беремін,

Нан да алып келемін,

Өйткені мен мамамды

Өте жақсы көремін.

 

Бүгін бестік баға алдым,

Тағы, тағы алармын.

Үздік оқу – тартуым

Мейрамына мамамның.

Өлеңді оқып болғаннан кейін сұрақтар қоямын:

  • Балалар, бұл өлеңде кім жайында айтылып отыр?
  • Өлеңде мамаларына ұл-қыздары қандай сыйлық жасапты?
  • Сендер қандай сыйлық дайындайсыңдар?

Ана туралы әсерлі әңгімелеп беремін:

— Балалар, сендер бір сәтке көздеріңді жұмып, мамаларыңды көзалдарыңда елестетіп көріңдерші. Сендер мамаларыңның аяулы бейнесін, жұмсақ үнін, мейірімді көзқарасын сезінесіңдер. Бәлкім, мамаларың сыйлық ретінде оның бейнесін қағаз бетіне түсіретін шығарсыңдар, — деп оқушыларға ой тастайды. – мамаңды  8-Наурыз мерекесімен құттықтау үшін құснихатты сатып алуға да болады, бірақ өздерің өз қолдарыңмен жасап бергендерің мамаларыңды ерекше қуанышқа бөлейді. Оқушылар шығармашылық іс-әрекеттер жасауға кіріседі. Бірі портрет салса, бірі гүл шоқтарынан натюрморт жасап, табиғат тамашаларын бейнелейді. Әрбір оқушының жанына келіп, жеке-жеке кеңестер беремін. Натюрморт салғанда, мысалы, гүл шоқтарын аласа, шағын ыдыстарға, ал ұзын көлемді гүл шоқтарын биік құмыраға салу қажеттігі ескеріледі. Сонымен қатар, гүл шоқтары бір-бірімен түс жағынан жарасымдылықта болуына да көңіл бөлген жөн.

Сабақ соңында, жасалған жұмыстарды реттеп, қатты картон қағазға жапсырып, сыныпта көрме ұйымдастырып, оқушылар шығармаларын талдап, әңгімелейміз. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарына сын пікірлер айтады.

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Мерекелік құттықтау құснихаттарын жаса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №22

Сабақтың тақырыбы:

Қағаздан құрастыру. Ақ көгершін.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:               Оқушыларды қағазды бүктеу, қию істеріне үйрету. Қағаздан

құрастыру жұмыстары арқылы іскерлікке, бұйымдар жасауға

үйрету.

 

ә) Дамытушылық:       Оқушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетін,

шығармашылық ой-өрістерін дамыту, есте сақтау

қабілеттерін қалыптастыру.

 

б) Тәрбиелілік:             Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,

ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке

тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Көркемсуретті фотоальбомдар, көгершін құсының үлгісі, қағаздан құрастыру арқылы жасалынған тырнаның, үкінің үлгілері, иллюстрациялар, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш,  және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушыларға көрнекіліктерді көрсете отырып, қағаздан құрастыру жұмыстарының мән-жайын әңгімелеймін. Қағаздан құрастыру жұмысы кезінде сызу, бүктеу, орау, жапсыру, кесу, қаттау іс-әрекеттері жасалынады. Қағазбен жұмыс оның текстуралық ерекшеліктерін білуді талап етеді. Мысалы, қағаз талшықтары құрылымына байланысты әр түрлі қағаздар әр қалай бүктеледі. Қағазды көлденең бүктеген кезде оның жылтыр да тегістігіне қарамастан майда сызықшаларға бөлініп сынғандығын байқаймыз. Бүктеуге жарамды қағаздарды анықтау онша күрделі емес, ол үшін парақтан, біреуін тік бағытта, екіншісін түзу бағыттағы екі жіңішке жолақша кесіп алу қажет. Қарындашпен немесе қылқаламға екі жолақша қағазды орап көрсек, бірінің беті тегіс те екіншісі сызықшалармен көмкеріледі. Бұл тәжірибеден біз, беті тегіс орамды қағаздың құрастыру жұмыстарына жарамды екендігін айқындаймыз. Енді бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты ақ көгершін құсын қағазды бүктеу, қию арқылы жасап көрейік. Көгершін құсы жайлы әңгімелеймін. Көгершін – нәзік құс. Оны «хат тасушы құс» деп те айтады. Көгершін – бейбітшілік құсы. Көгершін жайлы әңгімені жалғастыра отырып, оның дене құрылымын анықтаймыз. Құстың қос қанаты бір бөлікті құраса, кеуде, құйрық, аяқтары мен басы бірігіп екінші бөлікті құрайды. Енді тік бұрышты қағазды алып, бір бұрышына екінші бұрышын жеткізе бүктейміз, демек, төртбұрышты ортасынан қиғаштап бөлеміз. Сонан соң төртбұрыштың оң және сол жақ бұрыштарын бүктеу сызықтар арқылы бүктейміз де, бір-бірімен беттестіріп қаттаймыз. Пайда болған бұйымның ұзын және сүйір жағы құстың құйрығы, ал, жоғары қайырылған қағаз бұрыштарын сыртына қарай шығарыңқырап қойса, құстың кеуде формасын беруге болады. Құстың көз, тұмсық, қанат, құйрық сияқты кейбір жеке бөліктерін қағаздан қиып, жапсыру жұмыстары орындалады. Әрбір оқушыға жеке тоқталып, түсінбеген жерлерін түсіндіріп, көрсетіп отырамын.

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Қағаздан құстардың денесін құрастырып үйрен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №23

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық киімдерді әшекейлеу.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                   Оқушыларға қазақтың сәндік қолданбалы өнері жайында

түсінік беру, қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек

түрлерінің ерекшеліктерін көріп, бағалауға баулу. Киім

үлгісіндегі ою-өрнектердің кейбір қарапайым түрлерін

қағаз бетіне түсіріп, бұйымдарды әшекейлеуге үйрету.

 

ә) Дамытушылық:           Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық

киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын,

қиялын, тілін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:                Өз халқынның салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге,

мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Көркемсуретті фотоальбомдар, ұлттық киім үлгілері бейнеленген фотосуреттер, иллюстрациялар, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш,  және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушылардың өткен сабақтағы бейнелеу өнерінің түрлері оның ішінде қолөнері жайындағы түсініктерін толықтыру мақсатында сұрақ-жауаптар арқылы қайталау жүргіземін:

  • Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
  • Бұл өнер қай жерде көбірек орын алады?
  • Сәндік қолданбалы өнердің басқа өнерден қандай айырмашылығы бар?

Ұлттық сән киімдерінің үлгісін оқушыларға көрсете отырып, ұлттық киімдегі дәстүрлі пішін, түс үйлесімдігі, ою-өрнектердің үйлесімдік құрылымы мен әсемдігіне назар аударуын талап етемін. Ұлттық киімдерді тігіп, әшекейлейтін тігін фабрикалары, «Сымбат» фирмасы туралы түсініктеме беріп, бұйымдарымен таныстырамын. Сабақтың іс-әрекеттер жасайтын бөлімінде әсем, бояуы қанық, үйлесімді өрнектермен безендірілген киім үлгісін оқушыларға көрсете отырып, кейбір өрнек элементтерін тақтаға жекелей сызып көрсетемін. Оқушылар өз еріктерімен өрнек элементтерін қағаз бетіне түсіреді, ол өсімдік өрнегі немесе жануарлар өрнегі т. б. болуы мүмкін. Сыныпты аралап, оқушылардың іс-әрекеттерін бақылаймын, көмектесемін. Бояу түстерінің өзара байланысына, өрнектердің үйлесімдік шешіміне, әшекейлейтін зат пішініне оқушылардың көңілін аударамын. Өрнек элементтерін қайталау арқылы жолаққа түсіру жолдарын көрсетіп беремін. Бұл жұмыстар бір түспен орындалуы мүмкін. Өрнектерді жолаққа орналастырғанда оқушылар назарын тек әшекейлі ою-өрнектерге ғана аударып қоймай, бояу түстерінің үйлесімдігіне де көңіл бөлу керек. Сабақ соңында оқушылар өздері жасаған жұмыстарды жинап, сыныптағы жалпы көпшіліктің пікіріне салып, өз ойларын айтқандары өте пайдалы.

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Ұлттық киімдер үлгілерінің суретін салып, өрнектеп, әшекейлеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №24

Сабақтың тақырыбы:

Көктем гүлдері.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                   Оқушыларды көктемнің әсем табиғатымен таныстырып,

оның мың құбылған бояу реңктерін көре білуге баулу.

Көктемнің алғашқы гүлдерінің бояу жарасымдылығын

бейнелеуге үйрету.

 

ә) Дамытушылық:           Жеке тұлғаның логикасын дамыту, өз алдына жұмыс

жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.

 

б) Тәрбиелілік:                Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа,

жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық

талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, шыншыл,

әділетті, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Әр түрлі әсем гүлдер бейнеленген құснихаттар жинағы, фотосуреттер, суретші шығармалары, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш,  және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушылармен бірге көктем көріністері бейнеленген көрнекіліктерді көріп шығамын. Көктем жайлы, көктемнің алғашқы гүлдері жайлы өлеңдер оқимын. Мысалы, бояу мен табиғатты бірге жырлаған ақын О. Әубәкіровтың сурет сабағы туралы өлеңін оқимын:

 

Сурет сабағы.

Шіркін сурет сабағы

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын

Туып өскен даланы.

 

Қызыл бояу – қызғалдақ.

Сары бояу – сарғалдақ,

Жасыл бояу – жайлауым,

Іздеп барар армандап.

 

Деген өлең шумақтарында туған елдің кең даласындағы қызыл-жасыл кілемдей құлпырған қыр-белестері туралы әңгіме болғанын түсіндіремін немесе ақын Сүлеймен Мәметовтың «Гүлдеді бақша» өлеңінде көктем көрінісін қалай жырлағанын айтамын:

 

Гүлдеді бақша.

Келді де көктем,

Гүлдеді бақша.

Көрікті неткен,

Қырды гүл жапса!

 

Алма мен өрік

Жамылды жібек.

Алтын дән егіп,

Шынықты білек.

 

Өлең шумақтарын оқып беріп, оқушыларға сұрақтар қоямын. Оқушылар сурет салмас бұрын көктем гүлдерін анықтап қарап алулары қажет. Гүлдің сабағы, жапырағы, формасы, түсі, құрылысы жағынан бір-бірінен өзгеше екенін байқауы керек. Мысалы, қызғалдақ пен жауқазын бір қарағанда ұқсас сияқты, ал анықтап қарасақ, жауқазын сабағы нәзік, майда түктермен жабылған. Гүлдерді салғанда қағаз бетіне орналастыру сәтін дұрыс таңдаған жөн. Жауқазын мен қызғалдақтарды салуда сары және қызыл түстердің ашық реңктерін таңдап алу керек. Гүлдер үшін фон өте нәзік, таза, ашық түсті болғанда әсем көрінеді.

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Гүлдерді бейнелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №25

Сабақтың тақырыбы:

Наурыз мерекесі.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:               Наурыз мерекесінен алған әсерлерін қағаз бетіне түсіруге

үйрету, қызықты көріністер мен ұлттық өрнек айшықтарын

әсерлі қабылдауға баулу, оқушылардың шығармашылық

қабілеттерін, ой-қиялын, бейнелі ойлауын жетілдіру.

 

ә) Дамытушылық:      Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін

тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау,

белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:           Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,

оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін

дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Сәндік қолданбалы өнер шығармалары, иллюстрациялар, суретші шығармалары, наурыз туралы фотосуреттер, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Сабақты Наурыз мерекесі жайында әңгімелеуден бастаймын. Қазақстан Республикасының Наурыз мерекесі қалай тойланады? Оқушылар өткен жылдағы Наурыз мерекесінен қандай әсер алғандықтары жайлы әңгімелейді. Әңгіме барысында оқушылардан сұрақ-жауап ретінде сабақты жалғастырамын:

  • Наурыз мерекесінде алған әсерлеріңді айта аласыңдар ма?
  • Қазақтың ұлттық киімі басқа ұлт киімдерінен қандай өзгешеліктерімен ерекшеленеді?
  • Мерекеде тігілген киіз үйді безендірудегі ерекшеліктерді байқай алдың ба?
  • Киіз үйдің іші қандай бұйымдармен жабдықталған?
  • Қандай ұлттық ойындарға қатыстың?

Наурыз мерекесі жайында өлең-жырлар оқылады: Мысалы, Оразақын Асқардың Наурыз мерекесі туралы өлеңін оқып беруге болады:

 

Наурызым, армысың!

 

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым, армысың!

Қызығына тоймаңан,

Дарқан дала, қарлы шың!

Мерекені байырғы

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастарқан жайылды,

Ошақта от жалындап.

 

Осыған қосымша Наурыз мерекесіне арналған сабақта көктем айларының, басқа жыл мезгілдерінің ерекшелігіне оқушылар назарын аударуға тырысады. Сұлу көктем жайында жырлаған ақын-жазушылардың өлеңдерін оқып береді, мысалы, ақын Әбдірахман Асылбеков көктем жайында былай деп жырлайды:

 

Бәйшешектер.

 

Келді қырға гүл көктем,

Масатыдай құлпырып.

Ақтарылды нұр көктен,

Мейірлене күн күліп.

 

Жан-жануарлар оянып,

Әдемі бір ән келді.

Бәйшешектер бой алып,

Бел-белеске сән берді.

 

Бұл «Бәйшешектер» өлеңі қызықты оқиға желісімен жас өспірімдерді әсерлі ойға жетелейді, олардың ойлау қабілетін арттырады. Сондықтан да, үйге сабақтан тыс тапсырма ретінде (үлкендер көмегімен оқып шығуға) беруге болады. Наурыз мерекесі мұсылмандар күн тізбесі бойынша жаңа жыл басы екендігін әңгімелеймін, осы кезде бүкіл жер бетіндегі өсімдіктер көгеріп, өсіп-өне бастайды, кейбір қысқы ұйқыда жатқан жәндіктер мен аңдар оянып, тіршілік қамына кіріседі. Сонымен бірге оқушылар кітабында берілген төрт түліктің иесі Шопаната, Сексеката, Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара туралы аңыздарға көңілдерін аударып, жануарларды жақсы көруге, суреттерін бейнелей білуге ынталандыру қажет.     Наурыз мерекесін Қазақстан Республикасында тұратын барша ұлт өкілдері тойлайды, бұл хылықтар достығын нығайтады. Ауыл мен қала салтанатты, мерекелік сипатта безендіріледі, барлық жерде ән-күй айтылып, әр түрлі тағамдар пісіріледі. Осы әсерлі әңгіме-сабақтан кейін оқушыларға «Наурыз» тақырыбына сурет салуды сұрайдмын. Әрбір оқушы еркін тақырыпта сурет сала бастайды. Салынған суреттерден көрінетін ең басты нәрсе, мерекелік ерекшелік болуы тиіс. Қазақ халқының бай, сәндік қолданбалы өнерін бүкіл әлемге паш ететін де осы Наурыз мерекесі болғандықтан, бұл сабақты 3-4 сағатқа созуға болады. Оқушылардан тапсырманың барынша ашық, көңілді бояулармен салынуын талап етемін. Оқушылар бейнелейтін көріністердің орналасуын (композиция) мұқият ойланып, шешіп алулары керек. Жеке заттарды салғанда сызықтық және түс, композициялық шешімдерге, көлемге көңіл бөлуі қажет. Барлық суретке қатысты шешімдер таңдап алынған ойға бағынуы тиіс.

 

Үйге тапсырма беру: «Наурыз мерекесі» тақырыбына сурет сал.

Сабақ: №26

Сабақтың тақырыбы:

Көктем көріністерін бейнелейік.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:              Оқушыларды көктемнің әсем табиғатымен таныстырып,

оның мың құбылған бояу реңктерін көре білуге баулу,

көктемнің алғашқы гүлдерінің бояу жарасымдылығын

бейнелеуге үйрету.

 

ә) Дамытушылық:      Оқушыларға әңгіме, өлең шумақтары арқылы көктем

көріністерінің көркем бейнелерін беру, ой-өрістерін дамыту,

көктем көріністерін бейнелей білуге үйрету, шығармашылық

жұмысты іздену барысында білімдерін тереңдетіп, ой-

қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау, белсенділігін,

танымдық қабілетін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:          Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,

оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін

дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Қылқалам шеберлерінің көктем көріністері жайлы шығармалары, иллюстрациялар, көктем көріністері бейнеленген фотосуреттер, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Көктем көрінісі жайлы әңгімелеймін. Мысалы, жазушы Бақыт Мұстафиннің «Керемет көктем» әңгімесін оқып беруге болады: Қар кетті. Ауыл көшелерінде жер дегдіді. Қылтиып көк те көріне бастады. Шөптің нәп-нәзік жасыл жапырағын көргенде, Дәурен қуанып кетті.

  • Көктем келді! – деп, айқайлап, үйге жүгіріп кірді.
  • Оны қайдан білдің? – деді әжесі.
  • Шөп көктепті. Шөп көктегенде, көктем келмей ме?
  • Жоқ, бұл көктемнің хабаршысы, — деді әжесі, табиғат құбылысын түсіндіріп.
  • Әже, әнеугүні құстар келген де, көктем хабаршысы деп едің ғой?
  • Иә, құстар да – көктем хабаршысы. Олар ерте келіп, көктемнің жете алмай, әлі жолда жүргенін хабарлайды.
  • Қалай хабарлайды, әже?
  • Құстар аспанда қалықтап ұшып, қанатын кең сермейді. Бұл олрадың «күн жылынды, көктем таянды» делгені.
  • Ал шөптер ше?
  • Жер құрсағы жылынды, келе жатқан көктемді мен де көрейінші деп, шөп те көтеріледі. Көк щықса, көктемнің жақындап қалғаны.
  • Сонда керемет көктем қашан келеді? — деп, Дәурен тағатсыздана сұрақтарын көбейте береді.
  • Ол күнді өзім айтамын.

Кішкентай Дәурен сол керемет көктем келетін күнді асыға тосты. Күнде таңертең тұрып, әуелі аспанда қалықтаған құстарға қарайды. Түкті кілемдей құлпырып келе жатқан көк майсаға қызығады. Сонан соң әжесіне келеді. Әжесі үндемейді. Ол кісі де көктем келетін күнді асыға тосқан тәрізді. Бір күні Дәурен таңертең оянды. Қаптаған мотор үні тұтаса гүрілдеп, бүкіл көшені көшіргендей еді. Ағаш үй дір-дір етіп, төңірек солқылдайды. Дәурен терезеге ұмтылды. Қараса, ауылдың көшесін қалың гүрілге толтырып, тракторлар өтіп барады екен. Соңдарында –тіркелген сеялкалары. Қырқаға қарай жөңкіліп барады. Әжесі есік алдында күлімсіреп тұр. Бір шақта жалт беріп, үйге қарай жүгірді, айғайлап келеді:

— Дәурен, құлыным, тұр. Керемет көктем келді. Көктем келді. Әжесінің қуанышы дауысының дірілінен танылып тұр.

— Кәне, көктем, кәне әже? – деп, немересі де терезенің ернеуінен ұстап, айналаға үңіледі. Жер қайыстырған тракторлардан, жүздері тотыққан диқандардан басқа ешкім көрінбеді.

— Әне! Жүр, —  деп әжесі Дәуренді далаға шығарып, тракторлар керуенін нұсқады.

– Әне, егіншілер дабылы соғылғаны – керемет көктемнің келгені.

Қуанған Дәурен де көшені бойлап, жүгіре жөнелді. Ауылдағы кісілер қырға қарай ентелеп барады. Дәурен де қырқаға көз салды. Керемет көктеммен жарысып, ойнағысы келді.

Балаларды осы әңгімеден алған әсерлеріне байланысты өз ой-өрістерін әрі қарай дамыту үшін сурет салдырамын (бұл — бірінші тапсырма).

Екінші тапсырма: қала көрінісі. Суық қыстан шыққан, зәулім үйлермен қатарласа өскен түрлі ағаштар, тротуар мен аллеяларда өсетін акациялар т. б. көктем айына өз сәлемін беріп, гүлденіп, жұпар иісі аңқып құлпыратын сәттерін де көре білуді ұмытпаңдар. Қала тұрғындары көктем айында бүкіл отбасымен қала сыртындағы саяжайға барады, бақ ағаштарын, түрлі көкөністер отырғызады, жерге тағзым етіп, демалып, көңіл көтереді. Осы қуанышты сәттерді өз шығармашылық туындыларыңның тақырыбы етіп алып, қыл қаламмен қағаз бетіне суреттеңдер.

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Жергілікті жерге байланысты және балаларды қоршаған табиғат ерекшеліктерін ескере отырып, көктем көрінісін бейнеле.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №27

Сабақтың тақырыбы:

Ғарыш әлемінде.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:              Оқушыларға ғарыш әлемі жайлы түсініктер беру, ғарыш әлемі

жайлы ғажайып суреттер салғызу, білімін жүйелеу және

толықтыру, дүниетанымдық сипатта қорытынды жасауға

баулу.

 

ә) Дамытушылық:      Оқушылардың шығармашылық жұмысты іздену барысында

білімдерін тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім

қабылдау, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:          Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,

оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін

дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Қылқалам шеберлерінің ғарыш әлемі көріністері жайлы шығармалары, иллюстрациялар, ғарыш әлемі көріністері бейнеленген фотосуреттер, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Ғарыш әлемі жайлы оқушылардың білгендерін сұрап, ғарыш, ғарышкерлер жайында әңгімелеймін. Қазақстан жерінде ғарыш кемесін ұшыратын, әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқанын айта келіп, еліміздің ғарышкерлері, қазақ азаматтары Тоқтар Әубәкіров, талғат Мұсабаевв осы ғарыш айлағынан Ғарыш әлеміне сапар шеккенін түсіндіремін. Сабақ барысы қызықты өту үшін ақын Қайрат Жұмағалиевтің мына өлеңін оқып беремін:

 

«Алысқа – Ғарышқа!»

Бет түзеймін алысқа –

Бағытымнан аумаймын.

Шетсіз-шеңсіз ғарышқа

Қырандаймын заулаймын!

 

Қорықпаймын қиыннан,

Бойлап ғапыш сырына.

Көз жіберем қиырдан

Туған өлке қырына!

 

Сырын ашып ғаламның

Туған елдің бағына,

Құшағына даламның,

Еніп кетем тағы да!

 

Ғарыш кемесі — әрі үй, ғылыми лаборатория, мұнда ғарышкерлер тұрады және жұмыс істейді. Адамдардың ғарышқа ұшқанына көп уақыт болған жоқ. Соған қарамастан ғарыш кемесінің бірнеше түрі жасалды. Ю. А. Гагарин бір орынды «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшса, «Восход» кемесімен бірнеше ғарышкерлер ғарышта болып қайтты. Кейін «Союз», «Салют», «Прогресс» және «Мир» ғарыш кемелері орбитаға көтеріліп, ғарыш станциясын құрады. Американ ғарышкерлері Жер төңірегіндегі орбитаға, «Меркурий» және «Джемини» кемелерімен көтерілді. Ал Ай мен «Скайлэб» орбиталық станциясына «Аполлон» ғарыш кемесімен ұшты. 12 сәуір – ғарышкерлер күні. Жұлдызды қалашық — ғарышкерлер мекенжайы. Тұңғыш ғарышкер Ю. А. Гагарин тұрған жер.     Ғарышкерлер өз тапсырмаларын алып, Байқоңырға аттанар алдында Гагарин ескерткіштеріне келіп, өздерінің ұшуға дайын екендіктері жайында рапорт береді. Ал жерге аман-есен оралған соң, дәл сол жерге тағы келіп, ғарыш сапары туралы Гагаринге тағзым етеді. Бұл рәсім дәстүрге айналған. Ғарыш әлеміне саяхат жалғасуда. Сұрақ-жауап ретінде Сағи Жиенбаевтың мына өлеңін оқып беремін:

 

Ұшып келем, ұшып келем,

 

Ұшып келем, көгімде,

Мөлдір аспан төрінде.

Көкте жүріп қызығамын

Жердегі –

Сонау, сонау өзім ұшқан өңірге.

Бұл не? (Ғарыш кемесі.)

 

Тапсырма. Бейтаныс планета.

  1. Біз ғарышкерлер бейтаныс планетаға келіп қондық. Көк аспан, қоршаған түрлі планеталық жұлдыздар, алыстан ерекше көзге ыстық Жер планетасы көрінеді: Жерде танымайтын, бұрын-соңды көрмеген түрлі таңғажайып өсімдіктер, жануарлар…
  2. Ай, Шолпан, Марс планетасы. Соның біріне келіп қондық. Планетада еш тіршілік жоқ, басқан жеріміз жанартау кратеріне ұқсайтын үлкенді-кішілі шұңқырлар. Қол созсаң ұстап алатындай жақын орналасқан түрлі планета жұлдыздары. Басқа планетаға ұшып бара жатқан ғарыш кемесі көрінеді.

Қорытынды. Берілген тапсырмаға еркін сурет сал. Ой-өрісті дамыту мақсатында салған сурет мазмұнын ауызша айтып бер.

 

 

Үйге тапсырма беру: «Ғарыш ғажайыптары», «Мен ғарышкер боламын» деген тақырыптарға суреттер сал.

 

 

Сабақ: №28

Сабақтың тақырыбы:

Сәулет өнерімен танысайық.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                 Оқушыларды сәулет өнерімен таныстыру, жалпы мағлұмат,

түсінік беру, эстетикалық талғамдарын арттыру, пәнге деген

қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

 

ә) Дамытушылық:         Оқушылардың шығармашылық жұмысты іздену барысында

білімдерін тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім

қабылдау, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:             Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,

оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін

дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Қылқалам шеберлерінің сәулет өнері жайлы шығармаларының көріністері бейнеленген иллюстрациялар, фотосуреттер, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Сәулет өнерімен таныстыру сабағы бірінші рет жүріп жатқандықтан, оны сәулет өнерінің бастамасы, ескіден келе жатқан, қазір де тарихи мәні бар ғимараттардан бастаған жөн. Олар – Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Шығыс Қазақстан Ертістің бір саласы – Сібе өзенінің жағасындағы Абылайкит бейнесінің (монастырь) табылғандары. Ұлытау өңіріндегі көптеген сәулеттік ескерткіштердің ішіндегі шоқтығы биік, тұлғалы туындылар – Алаша хан, Жошы хан мазарлары. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырлытам мазары. Тараз қаласындағы Айша бибі, Бабаша хатун т. б. күмбез-сарайлар. Айта берсек қазақ даласында аз кездессе де, өзіндік көркемдік стилімен көз тартатын көненің көзі – мұнаралар ерекше ескерткіштер болып саналады. Мұнара дөңгелек формада тұрғызылады да, биіктеген сайын жіңішкере сүйірленіп барып төбесі жабылады. Шығысқа ислам дінінің келуіне байланысты сәулет өнері жаңа бетбұрыс жасады. Құрылысқа геометриялық өрнектер, қошқар мүйіз, түрлі өсімдіктер бейнелері, кеспе-қима өрнектер, түрлі түсті малта тастардан қаланған әшекейлер, түрлі плиталармен көмкеру ене бастады. Сөйтіп, құрылысшылардың түрлі түске және көлеңке бояуларға ден қоюы жауын-шашынға мұқалмайтын шыны бояудың тууына себепкер болды.

Сонымен бірге Республикамыздың қалалары туралы әңгімелеп өзінің ғажайып сұлулығымен көз тартатын ежелгі қамалдар, сарайлар мен мешіттерге, сондай-ақ кейінгі заманда ірге көтерген театр, кітапхана, түрлі ғимараттар мен сәулетті оқушылар сарайларына назар аударуға болады. Оларды таңырқай тамашалап тұрып айтуға болады. Олай болатын себебі, бұл ғимараттар да сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындыларына жатады. Міне, өнердің бұл түрі сәулет өнері деп аталады.

Сәулет өнері – деген тек ғимараттар мен құрылыстар салу  емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны ұтымды ұйымдастыра білу өнері. Оны қалай түсінуге болады? Айталық, біреулердің жаңа ықшам ауданда тұрып жатырсыңдар делік. Осы зәулім үйлердің орнында бір кезде село орналасқаны немесе үйме-жүйме шағын құрылыстар болғаны ақиқат. Ал қазір байқасаңыздар, бір-бірімен жарасымды бой түзеген еңсесі биік әдемі үйлердің жасыл желекке бөленген ауласы қандай тамаша. Мұндағы үйлерді салғанда оған түсетін жарық, ауланың кең болуы алдын ала ескерілген. Өздеріңіз оқитын мектеп пен кітапхана, балалар бақшасы мен дүкендер, түрлі қызмет көрсететін орындар, спорт алаңдары мен парктер, демалыс орындары (сквер, алаң т. б.) орталыққа шоғырландырылып, жақын орналастыру жағы ескерілген. Бұл – қазіргі сәулет өнерінің жетістігі және мақсаты. Өзінің атқаратын қызметіне қарай сәулет өнері үш түрге бөлінеді: көлемдік ғимараттар (тұрғын үй, театр, мектеп, дүкен, зауыттар мен фабрикалар); қаланы кейіптендіру немесе жасыл желек (бақ-парк, саябақтар мен бульварлар, хауыздар мен фонтандар); қала құрылысы, яғни қала салу өнері (жаңа қалалар мен поселкелер салу, қаланың ескі аудандарын жаңғырту). Сәулет өнерімен танысып, оның қыры мен сырын білгеннен кейін, әсем ғимараттарды қағаз бетіне түсіріп көріңдер.

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Мүмкіндігіңше өздерің жақсы білетін әсем ғимараттарды жобалап, суретін сал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №29

Сабақтың тақырыбы:

Халықтар достығы мерекесі.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                  Оқушыларға Дүние жүзі халықтар достығы жайлы мәлімет

беру, республикамызда тұратын халықтар достығының

мәнділігін түсіндіру, достыққа, бейбітшілікке баулу,

тақырып бойынша сурет салуға қалыптастыру.

 

ә) Дамытушылық:         Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды

жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын

молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін

нығайтып, қызығушылығын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:             Орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке,

мәдениеттілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем

сурет салуға, оқушылар бойына адамгершілік, зеректік

сезімдерін ұялату.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Қазақстан халықтары бейнеленген түрлі фотосуреттер мен суретшілер еңбегі, Қазақстан Республикасының Әнұраны, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Дүние жүзінде 5 миллиардқа жуық адам тұрады. Олар әр түрлі халықтардың құрамына енеді, әр тілде сөйлейді. Олардың әдет-ғұрпы да әр түрлі Халықтар бір-бірінен сыртқы түр-әлпетімен де өзгешеленіп отырады. Халықтардың көпшілігі өз ана тілінде сөйлейді. Кейде әр түрлі халықтар ортақ тілде сөйлеуі мүмкін. Мәселен, ағылшындар мен американдықтар бірыңғай ағылшын тілінде, ал немістер мен австриялықтар немісше, испандар мен Оңтүстік және Орталық Американың көптеген халықтары испанша сөйлейді. Алайда бұлар әр түрлі халықтар, олардың әрқайсысының өз тарихы, өмір салты, әдет-ғұрпы бар. Халықтар арасында ұлттық айырмашылықтар көп, бірақ бір-біріне ұқсас жалпы ортақ жайлар одан да мол. Олардың бәрі бірігіп, адамзат ұрпағын құрайды. Барлық халықтар, еңбекші бұқара бір тілекпен шаттық пен бақытқа толы бейбіт өмірге ұмтылады. Бұл күндерде кемелер мен ұшақтардың рейстері, телеграф пен почта байланыстары, халықаралық сауда қатынастары мен мәдени байланыстар дүние жүзіне тегіс жайылады. Халықтардың достыққа, қарым-қатынасқа ұмтылуы барған сайын нығая түсуде.

1 Мамыр – Дүние жүзі халықтарының ынтымақ күні. Бұл мейрам тұңғыш рет 1890 ж. атап өтілді. Сол уақыттан бастап бүкіл дүние жүзінің жұмысшылары жыл сайын 1 Мамырда мейрамдайды. Қазақ халқы да Халықтар достығы мейрамын құшақ жая қарсы алып, өз салт-дәстүрімен бейбітшілікке құштарлығын паш етеді. Оған мысал:

 

Май келді.

 

Көктем келді, май келді,

Шақырады тойға елді.

Бізбенен қол ұстасып,

Гүл терейік тысқа шық…

(Ғафу Қайырбеков.)

 

Халықтар достығы барлығымызға ыстық, достықтың басы, қасыңдағы досыңды сыйлаудан, ата-анаға деген мейірімділіктен басталады, осыны есте сақтағаның жөн.

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Халықаралық достық күніне сурет сал, сынып плакатын ұжыммен сал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №30

Сабақтың тақырыбы:

Ұландар күні.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                  Оқушыларды өз елін, өз жерін сүюге тәрбиелеу, жалпы

түсініктер беру, Отан қорғау сезімін ояту, достыққа,

бейбітшілікке баулу, тақырып бойынша сурет салуға

қалыптастыру.

 

ә) Дамытушылық:         Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды

жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын

молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін

нығайтып, қызығушылығын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:             Орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке,

мәдениеттілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем

сурет салуға, оқушылар бойына адамгершілік, зеректік

сезімдерін ұялату.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Плакаттар, өлең, жұмбақтар, әскери соғыс тақырыптарына арналған суретшілер шығармалары, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Балаларға Ұландар жайлы өлеңдер, әңгімелер айтқызамын.

 

Бейбіт өмір солдаты.

 

Самолеті – қанаты,

Сүйсіндірер, қараңдар.

Бейбіт өмір солдаты –

Менің ұшқыш ағам бар.

 

От-жалындай қайраты,

Сүйсініңдер, қараңдар.

Бейбіт өмір слдаты –

Менің танкист ағам бар.

 

 

Жауды ықтырар айбаты,

Сүйсініңдер, қараңдар.

Бейбіт өмір слдаты –

Ер теңізші ағам бар.

 

Әлемге аян болды аты,

Сүйсініңдер, қараңдар.

Бейбіт өмір солдаты –

Менің көп-көп ағам бар.

(Ізтай Мәмбетов.)

 

Осы өлеңге байланысты әр оқушының ағалары қандай ұлан қатарында жүргенін сұрап біліп, әңгімеге баулимын. Айтқандарын естеріне сақтатып, образдық ойлар туғызамын. Ұландар күнін Жеңіс күнімен байланыстыруға болады.

 

Менің аталарым.

 

Бұлт түнеріп аспаннан

Талай көзден жас тамған,

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталған.

 

Отан үшін түн қатқан,

Жауға оқпен «тіл» қатқан,

Адамзаттың көз жасын

Аталарым құрғатқан.

 

Қас дұшпанын ықтырып,

Әділдігін ұқтырып,

Бейбіт күнді қорғаған

Аталарым тік тұрып!

(Қайрат Жұмағалиев.)

 

Қазақстан мемлекеті егеменді ел болғаннан кейін Жеңіс күні Ұлан күнімен аталатынын айта кету керек.

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Отанымызды сүюге және оның сенімді қорғаушысы болу тақырыбына ерікті тақырыпта сурет сал.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №31

Сабақтың тақырыбы:

Көбелекті бейнелейік.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                 Табиғат көріністерін көре білу және қорғау, табиғатқа деген

сүйіспеншілігін арттыру, көбелектің суретін сала білуге

үйрету, түрлі-түсті бояқпен жұмыс істеу іскерлігін арттыру.

 

ә) Дамытушылық:         Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды

жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын

молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін

нығайтып, қызығушылығын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:             Орындалатын жұмыстар арқылы мәдениеттілікке,

сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем сурет салуға,

оқушылар бойына адамгершілік, зеректік сезімдерін ұялату.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Көбелектер бейнеленген фотосуреттер, қағаз, түрлі-түсті қағаз, қайшы, плакаттар, қалам, өшіргіш, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Оқушыларға ақын-жазушылардың көбелек туралы өлең-жырларын оқытып, таныстырамын.

 

Көбелек.

 

Мен тимеймін жасқанба,

Дос болайық, көбелек!

Жайнап тұрған бақшамда

Гүлдерімді көре кет.

 

Тұтқиылдан жел соғып,

Жаңбыр жауса себелеп,

Тақиямның астына

Тығыла қой, көбелек!

                               (Асқаржан Әліиқұлов.)

 

 

 

Келесі өлеңге, де балалардың назарын аударуға болады.

 

Жаздыгүні.

 

Жаздыгүні шілдеде

Жеміс пісіп толады.

Қызыл, жасыл гүлдерге

Көбелектер қонады.

 

Саяхаттап жырақты,

Орман, тауға барамыз.

Бөгеп тастап бұлақты,

Көлшік жасап аламыз.

 

Көгорай шалғын жерлерден көптеген әдемі көбелектерді көруге болады. Көк шөпте отырып, оларды қадағалаңдар. Ал егер ұстап көргілерің келсе, табиғаттың осынау керемет, аса нәзік туындысын жарақаттап, кемтар етіп қоймауға тырысыңдар. Көбелектің әдемілігін тамашалаңдар, түрлі-түсті бояуына қарап соны бейнелеп көріңдер. Көбелектің бәрі ашық реңді бола бермейді. Мысалы, ағаштың қабығына қонып отырған түнгі қоңыр көбелекті ешкім де байқай алмайды. Сиқырлы қалпақ киім алған ба дерсің. Оның әркелкі өрнектелген сұр қанаты қабықтың бетімен бірдей бедерлес. Кенет оны әуес көрген бір құс келіп қонады. Көбелек үстіңгі жұп қанатын жоғары көтереді, осы кезде сұр қабықтың бетінде артқы жұп қанатының алқызыл жолақтары жарқырап көрінеді. Оны көрген құс кенет бұрылады. Қанаттардың ашық, алабажақ өрнектері көбінесе «мені жеме!» дегендей ескерту белгісін білдіреді. Естеріңізде болсын адам түгіл құстар да өздеріне таныс сақтандырушы өрнекті көреді де, көбелекке тимейді. Көбелектің ғылыми тілдегі атаулары: адмирал, галатея, сары көбелек, жолақты терек көбелегі, көгілдір түн көбелегі, қызыл түн көбелегі, ала көбелек, кайя-жұлдыз көбелегі, көк көбелек, махаон көбелек, үлкен жасыл және тұшала сұр көбелектері, түнгі және күндізгі бірі үлкен, екіншісі кішілеу емен көбелектері, төрт нүктелі жұлдыз көбелегі, шарап жынды көбелегі т. б. ал қарапайым тілде ақ, көк, ала, сары, түн көбелектері деп атай береді.

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Осы айтылған әңгіме бойынша көбелектің суретін салып көр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №32

Сабақтың тақырыбы:

Табиғатқа саяхат, плэнер.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                 Қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер дүниесі мен табиғат

сұлулығын сезіну, табиғат әсемдігін тамашалау, бейнелеу,

табиғатқа шығып (плэнэр) сурет салуды үйрену.

 

ә) Дамытушылық:         Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды

жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын

молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін

нығайтып, қызығушылығын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:             Орындалатын жұмыстар арқылы мәдениеттілікке,

сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем сурет салуға,

оқушылар бойына адамгершілік, зеректік сезімдерін ұялату.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Табиғат түсті бояу, қылқаламдар, табиғатты бейнелеген суретшілер шығармалары, қалам, өшіргіш, түрлі-түсті бояулар, және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Табиғат құрылымы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Әрбір адам табиғатпен етене жақын байланыста екенін ұғынуға міндетті, сондай-ақ біздің әрқайсымыз өз іс-әрекеттерімізге әрдайым жауаптымыз. Сондықтан біз туған табиғатымызды жақсырақ танып-білу, сүю үшін, оның сенімді қорғаушысы болуымыз керек. Ол – біздің, жалпы адамзат баласының тікелей міндеті.

Жас ұрпақтарға:

  • Планетамыздың иесі – сендер.

— Сендер сол Жер-Ананың шапағаты мол ғажайып қалпын сақтап қалу үшін, онда алуан түрлі аң мен құстың тіршілік етуі үшін, өздеріңнің және ұрпақтарыңның шат-шадыман, жақсы өмір сүруі үшін күресулерің керек. Бір сөзбен айтқанда, табиғат-Ананы аялап, көздің қарашығындай қорғауларың керек, — деп, насихаттаған жөн.    Ал, енді плэнэр дегеніміз не екендігіне тоқталайық. «Плэнэр» деген сөз француз тілінен алынған. Қазақша «ашық ауа» мағынасында. Толығырақ айтқанда, табиғатқа шығып құбылыстарды түсті бояу мүмкіндіктері арқылы тікелей жазу, бейнелеу дегенді білдіреді. Табиғаттың барша сұлулығын алдыңа жайып салатын суретшіні пейзажист суретші деп атайды.

Пейзаж өзінің пайда болу тарихында бірден дербес жанр болып кете алмады. Тек 16 -17 ғасырларда ғана дербес жанрға айналды. Ол кезде голланд суретшілері салған пейзаждар ерекше даңққа бөленген. 19 ғасырда да тамаша пейзаж туындылары дүниеге келді. Орыс суретшілері А. К. Саврасов, И. И. Шишкин, И. И. Левитан, А. И. Куинджи шығармаларында бейнеленген табиғат көріністері неткен сұлу, неткен мәнді десеңші. Табиғатты бейнелеу Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Ә. Исмайлов, Қ. Қожықов, А. М. Черкасский, Қ. Телжанов, С. Мәмбеев шығармашылығында да үлкен орын алады. Туған табиғатты бейнелей отырып суретшілер оның сұлулығы мен поэзиясын түсіне білуге, ғажайып өлкемізді бұрынғыдан да терең сүйе білуге баулиды.

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Өзіміздің туған табиғатымызды жақсырақ танып білуге, сүюге және оның сенімді қорғаушысы болуға арнап, еркін тақырыпта сурет сал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ: №33

Сабақтың тақырыбы:

Құмырадағы гүлді бейнелейік.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                  Гүл өсімдіктер жайлы әңгімелеу, оқушылардың әдемілік

пен сұлулыққа деген талғампаздығын арттыру, гүл шоғынан

натюрморт құрастыру, құмырадағы гүлді сауатты да әсерлі

бейнелеуге үйрету.

 

ә) Дамытушылық:         Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды

жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын

молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін

нығайтып, қызығушылығын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:             Орындалатын жұмыстар арқылы мәдениеттілікке,

сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем сурет салуға,

оқушылар бойына адамгершілік, зеректік сезімдерін ұялату.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Гүл шоқтары бейнеленген суретші шығармалары, қалам, өшіргіш, түрлі-түсті бояулар мен қағаздар, қайшы, желім және т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Сурет салуға үйретуде ең жиі кездесетін бейнелеу өнерінің жанры – натюрморт. Натюрморт екі жағдайда орындалады: біріншіден, оқушыларды сауатты сурет салуға үйретуде суретті бейнелеудің заңдылықтарын меңгеру үшін; екіншіден, шығармашылық орындалуы тақырып боынша салынған суретші шығармалары.    Біздің тақырыбымыз – құмырадағы гүлді бейнелеу. Бұл  — натюрморт,  бейнелеу өнері жанрларының бірі (күнделікті тұрмыс заттарын, жеміс-жидектерді, гүлдерді және т. б. жансыз заттарды бейнелеу). Гүлді бейнелемеген суретші жоқ шығар, өйткені гүлдің адам баласына әсері зор, өзінің көркімен, сан алуан түр-түсімен адамды қызықтырады. Бұл жайында Оспанхан Әубәкіровтың жоғарыда келтірілген «Сурет сабағы» атты өлеңін тағы да оқып беруге болады. Балалар қолдарыңа қандай гүл түссе де таңдап уақыт өткізбеңдер, құмыраға, реті келсе қыш ыдысқа салып, бейнелеуге кірісіңдер. Гүл салынған құмыраны стол үстіне, терезе алдына не арнайы орынға қойып бейнелеу керек. Алдымен қағазға қарындашпен композициялық орын тауып, нақышына келтіріп орналастырыңдар, содан кейін (акварель) бояуымен әрі қарай жалғастыру керек. Қосымша жарық қоспаңдар, гүлді жәй қойғанның өзінде адамға жақсы көңіл күй, шабыт алып келеді.

Үйге тапсырма беру: Өзіңе ұнаған гүлдерді бейнеле.

Сабақ: №34

Сабақтың тақырыбы:

Көрме ұйымдастыру.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                  Бейнелеу өнері бойынша балалардың жыл бойы алған

білімдерін тексеру, олардың әр түрлі тақырып бойынша

орындаған көркем шығармаларынан көрме ұйымдастыру.

 

ә) Дамытушылық:         Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды

жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын

молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін

нығайтып, қызығушылығын арттыру.

 

б) Тәрбиелілік:             Орындалатын жұмыстар арқылы мәдениеттілікке,

сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем сурет салуға,

оқушылар бойына адамгершілік, зеректік сезімдерін ұялату.

 

Сабақтың көрнекілігі:  Көрме ұйымдастыратын бөлмені әзірлеу, әрбір оқушының көркем шығармаларын эстетикалық талғаммен безендіру, әр түрлі оқушылар жұмысын жапсыру, оны көрерменге әсер ететіндей көркем етіп сәндеу, жұмыс үлгілерін көрсету.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Төртінші тоқсан қорытынды тоқсан болып есептеледі. Оқушы әрбір сыныпта әрбір пәннен алған білімін жинақтап, келесі сыныпқа көшеді. Сондықтан бейнелеу өнері жайлы еңбектерінің нәтижесін көру үшін көрме ұйымдастырудың маңызы зор. Көрме ұйымдастыру – бұл істелген жұмыстың нәтижесін көрермендерге көрсету, талқылау, болашақ жұмыстың болмысын жоспарлау.

Біріншіден, көрме ұйымдастыратын бөлме жарық, іші кең болу керек, өйткені қойылған, ілінген жағын ескеріңіздер.

Екіншіден, бөлме қабырғаларын бүлдірмеу үшін оның үстіңгі жағына, төбеден 40 см төменірек, бөлменің төрт қабырғасына ұзын трубалардан белдемшелер ілу керек. Белдемшелер картиналарды әр түрлі биіктікте ілуге өте ыңғайлы және олар көзге тартымды көрінеді.

Үшіншіден, мүсін, қолөнер бұйымдарын көлемі әр түрлі стол т. б. үстіне қабырғаға тақап қоюға болады, тек көрермендерге кедергі жасамаса болғаны.

Төртіншіден,  әр салынған суретке, мүсінге, қолөнер бұйымдарына оны орындаған адамның аты-жөні, мектебі, салынған суреттің орындау тәсілін жазу керек.

Мысалы: акварель – акв.; кенепке салынған майлы бояу – х.м.; аралас материалдар – қарындаш, көмір, сангина, пастель, оларды – аралас тәсіл; қалам мен тушьпен орындалған жұмысты —  тушь, перо, линолеумға ойылып салған жұмысты – линография дейді, т. б. Орысша аталымын айту себебіміз көрмені бар ұлт өкілдері келіп көруі мүмкін, қызығып сұрауы мүмкін.

Ең дұрысы 1-қазақша, 2-ағылшынша, 3-орысша болу керек. Көрме дәптерін қоюды ұмытпаңдар, ол көрермендердің пікірін алу үшін және болашаққа ой жіберу үшін қажет. Іске сәт!

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Көрмеге қажетті шығармаларыңды безендір.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь