ГЛАВНАЯ Образцы планов Математика Геометрия 8 сынып қысқа мерзімді сабақ жоспар ҚМЖ жаңартылған бағдарлама

Геометрия 8 сынып қысқа мерзімді сабақ жоспар ҚМЖ жаңартылған бағдарлама

7124
0
Тақырыбы

САБАҚ

Көпбұрыштар ұғымы
Күні,айы: Мұғалімнің аты-жөні:
  Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 8.1.1.7

көпбұрыш ұғымын меңгеру;

Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:

Көпбұрыштардың әр түрлі бұрыштарын тік бұрышпен салыстырады және анықтайды, берілгеннен күрделірек есеп құрастырады шығарады, топпен сынап көру әдісін пайдаланып, теңдеулерді шешу білігін жетілдіруді жалғастырады;

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың мазмұнын түсіну, оны өмірмен байланыстыруға , ой қорытындысын жазуға үйренеді

Кейбір оқушылар:

Оқушылардың көпбұрыштың түрлері тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.

 Бағалау критерийлері Оқушылар мақсатқа жетеді, егер

Көпбұрыш және олардың элементтері туралы түсініктері қалыптасады

Көпбұрыштар тарауы бойынша алған білімдерін жетілдіреді

Өткен сабақтарда алған білімдерін практикада көрсете, дәлелдей алады. Өздеріне деген сенімділіктері артады

Тілдік мақсат Оқушылар:

—          Оқушылар назарын ғылыми тілге аудару

—          Пән мазмұны мен (терминдер, сөз тіркестері)

Негізгі сөздер мен тіркестер:

    сынығы деп   нүктелерінен және оларды қосатын ….    кесінділерінен құралатын фигураны атайды.   нүктелері – сынықты төбелері деп, ал   кесінділері сынықтың буындары деп аталады. Сынық жай сынық болу үшін оның буындары өзара қиылыспауы керек.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Қандай фигура көпбұрыш деп аталады, элементтерін атаңдар?

Қандай фигура төртбұрыш деп аталады? Оның элементтерін атаңдар?

Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?

—           

Құндылықтарды дамыту        Ынтымақтастық: жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиеттерді қамтиды. ( топтық, жұптық жұмыстарды, сыныппен жұмыста сыйластық қалыптастыру)
АКТ қолдану дағдылары Керектіақпараттыіздеу
Бастапқы білім

 

Геометриялық фигуралар туралы түсініктері бар
                                                                      Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы(2-5 минут) (МК)

Ұйымдастыру
«Алғашқы қадам» (Үй тапсырмасын тексеру)
«Лездік тапсырма» (Сұрақ — жауап)
1 — топқа: Үшбұрыш — 3 төбесі, 3 бұрышы, 3 қабырғасы бар
2 — топқа: Төртбұрыш — 4 төбесі, 4 бұрышы, 4 қабырғасы бар, қарама – қарсы қабырғалары тең. (Ережесін сұрау)
3 — топқа: Шаршы — 4төбесі, 4 бұрышы, 4 қабырғасы тең, барлық қабырғалары тең.(Ережесін сұрау)

Сұрақ-жауап:

1.      Төртбұрыштың бұрышы нешеу?

2.      Қабырғасы нешеу?

3.      Төбесі нешеу?

4.      Периметрін қалай табар едіңдер?

5.      Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алса, неше бұрышы қалар еді?

 

 
Сабақтың ортасы (6-40 минут) (МК,Ұ)

Ребусты шешу

 

1 — топ
Сүйір бұрыш
2 — топ
Доғал бұрыш
3 — топ
Тік бұрыш

тапсырма. Карточкамен жұмыс.

P=6+3+6+3=18 P=7+7+7+7=28 P=5+5+3=13
2 тапсырма. Тақтамен жұмыс. №5 есеп. 80 бет
а)Жер ұзындығы — 5м
Ені — 4м
Неше метр дуал керек — ?
Шешуі: Р=4+5+4+5=18м
Жауабы: 18м дуал керек.
Дуал дегеніміз не? Дуал – жерді қоршауға арналған ағаш.

ә) Қабырға ұзындығы – 3м
Қанша метрлік ернеулік керек — ?
Шешуі: Р=3+3+3+3=12м

Бағалау «Екі жұлдыз -* бір тілек» әдісі арқылы бағаланады

Жұптық жұмыс

І

Бесбұрыштың,  сегізбұрыштың, он екібұрыштың бұрыштарының қосындысын табыңдар.

ІІ

Алтыбұрыштың бұрыштары 3,5:2:3:4:2,5:3 қатынасында берілген. Алтыбұрыштың әрбір бұрышын табыңдар.

ІІІ

Егер көпбұрыштың бұрыштарының қосындысы 1) 540º; 2) 900º; 3) 3600º болса, оның қабырғаларының санын анықтаңдар.

Бағалау  СГ 8. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету

 Оқытудың мақсаты бойынша.

Бағалау критериі Дескриптор
Негізгі түсініктерін берілген тәсілдер  ақылы көрсетеді.

 

Алған білімдерінің нәтижелерін тиянақты түрде  салыстырады

 

Мәліметтер мен тапсырмалардың дұрыс шешімдері арнайы мәліметтермен анықталды;

 

 

-Арнайы тапсырмалар мен салыстыру арқылы натурал сандардың мағанасын түснді.

 

Жеке жұмыс

 

1  есеп Кез-келген   сынығын салыңдар. Сынықтың ұзындығы  кесіндісінен ұзын болатынын дәлелдеңдер.

 

 

Дәлелдеу  мен  буындарын бір ғана буынымен алмастырамыз. Үшбұрыш теңсіздігі бойынша

Енді алынған  сынығында тағы да  буынын  буынымен алмастыралық   тап осылайша әрі қарай жалғастыра отырып    аламыз. Бұдан бастапқы  сынығының ұзындығы    буынының ұзындығынан үлкен болатынын аламыз. Сынықтың ұзындығы   кесіндісінің ұзындығына тең болуы үшін сынықтың төбелері бір түзудің бойында жатуы керек.

2 есеп. Тұйықталған сынықтың кез-келген екі төбесінің ара қашықтығы сынық жарым ұзындығынан кем болатынын дәлелдеңдер. Тұйықталған сынық көпбұрыш болады. Алдымен үшбұрыш үшін дәлелдейік.

 

 

 

 

 

 

 

Айталық  берілген болсын.  <  < ,

<  екендігін дәлелдеу керек болсын.  <  жағдайын қарастырайық.

2 <

<  үшбұрыш теңсіздігі орындалады. Қалған екі жағдай осылайша дәлелденеді. Сынықтың буындары 3-тен артық болған жағдайлары дәлелденген теңсіздіктегі теңсіздіктің оң жағының сан мәнін үлкейтеді. Бұл жағдайларда да теңсіздік тура болады.

n=4 болғанда  <

2 <

<

еңсіздігінен шығады.

Әрі қарай да солай кете береді. Теорема дәлелденді.

3 есеп.  төртбұрышында  және  диагональдары жүргізілген. Диагональдардың ұзындықтарының қосындысы төртбұрыштың периметрінен кіші болатынын дәлелдеңдер.

Дәлелдеу  және  диагональдарын жүргіземіз. Үшбұрыш теңсіздігі бойынша , , ,  үшбұрыштарында                    <

<

<

<

Теңсіздіктердің сол және оң жақтарын мүшелеп қосамыз. Сонда 2  + 2  < 2  +2  +2  +  бұдан +  <  +  +  + . Дәлелденді

Бағалау «Әткіншек» әдісі арқылы бағаланады

 

Оқулық

 

 

№1Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы( 41-45мин) (Қ)

Сабақта бақылау сұрақтары қойылады:

1.      Қандай фигура сынық деп аталады?

2.      Қандай фигура көпбұрыш деп аталады, элементтерін атаңдар?

3.      Қандай фигура төртбұрыш деп аталады? Оның элементтерін атаңдар?

4.      Дөңес емес төртбұрыштың бір бұрышы басқаларынан ерекше болады. Неліктен?

5.      Төртбұрышта қанша жұп көршілес төбелер және қанша жұп қарама-қарсы қабырғалар болады?

6.      Төртбұрышта қанша жұп көршілес қабырғалар және қанша жұп қарама-қарсы қабырғалар болады?

 «Иә, жоқ» ойыны

1.Кез келген дұрыс көпбұрыш тек сызғышпен салуға  болады. /жоқ/

2.Кез келген дөңес көпбұрыштың  бұрыштары мен қабырғалары тең болады./Иә/

3.Дұрыс көпбұрышты қағаз бүктеу арқылы кесіп алуға болады/ Иә/

4.Дұрыс көпбұрыштың центрлік бұрышы 90°-қа тең болса, оның қабырғалар саны 4 /Иә/

5.Дұрыс көпбұрыштың қабырғалар саны 8-ге тең болса, онда ол трапеция болады. /жоқ, сегіз қабырғалы болады/

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақ саалынған суреттер  арқылы бағалау.

 
                                                                Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

 

 
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.

 

 

 

 

 

Алдымен сабақта сынық ұғымы енгізіледі.

сынығы деп   нүктелерінен және оларды қосатын ….    кесінділерінен құралатын фигураны атайды.   нүктелері – сынықты төбелері деп, ал   кесінділері сынықтың буындары деп аталады. Сынық жай сынық болу үшін оның буындары өзара қиылыспауы керек.

а) жай сынық

ә) жай сынық емес

 

 

 

 

 

 

Сынықтың ұзындығы деп оның буындарының ұзындықтарының қосындысын айтады.

Егер сынықтың  бас нүктесі оның соңғы нүктесімен беттессе, онда ол тұйықталған сынық деп аталады. Сынықтың төбесі екі буын үшін ортақ болса, онда ол екі буын көршілес деп аталады. Тұйықталған сынықты көпбұрыш деп атайды. Бір буынның екі төбесі көршілес төбелер деп аталады. Көпбұрыштың көршілес емес төбелерін қосатын кесіндіні диагональ деп атайды.

Егер көпбұрыштың кез-келген қабырғасы арқылы түзу жүргізгенде көпбұрыш сол түзудің бір ғана жарты жазықтығында жатса, онда оны дөңес көпбұрыш деп атайды.

 

 

 

Тек қана дөңес көпбұрыштарды қарастыратын болғандықтан бұдан былай дөңес сөзін жазбаймыз.

Дөңес көпбұрыштың берілген төбесіндегі бұрышы деп оның осы төбеде қиылысатын қабырғаларының арасындағы бұрышты атайды.

Төртбұрыш деп төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын ешқандай екеуі өзара қиылыспайтын бір түзудің бойында жатпайтын 4 кесіндіден тұратын фигураны айтады. Берілген нүктелер төртбұрыштың төбелері деп, ал оларды қосатын кесінділер төртбұрыштың қабырғалары деп аталады. Осыдан кейін дөңес және дөңес емес көпбұрыштың анықтамасы төртбұрышқа да орынды екені айтылады. Келесі фигураларды қайсысы төртбұрыш болатыны және болғанның өзінде қай түріне жататынын оқушылар анықтау керек.

а), ә) – төртбұрыш емес (  және  кесінділері қиылысады)

б) дөңес емес төртбұрыш

в) дөңес төртбұрыш.

Төртбұрыштың көршілес қабырғалары қарама-қарсы қабырғалары, көршілес төбелері қарама-қарсы төбелері көрсетіледі.

мен ,  мен ,  мен ,  мен  көршілес қабырғалары

мен ,  мен  қарама-қарсы қабырғалар.

мен ,  мен ,  мен ,  мен  көршілес төбелер.  мен ,  мен  қарама-қарсы төбелер төртбұрыштың периметрі деп оны барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь