ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ТЖБ ҚЖБ «Қазақстан тарихы» пәнінен 9-сынып

ТЖБ ҚЖБ «Қазақстан тарихы» пәнінен 9-сынып

59
0

«Қазақстан тарихы» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
9-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019

 ПОЛНЫЙ ВАРИАНТ СКАЧАТЬ 

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты …………………………………………………………………… 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ……………………………….. 3
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер ………………………………………………………… 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі …………………………………………………………………………………….. 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу . 5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ……………………………………………………………………………. 5
7. Модерация және балл қою …………………………………………………………………………………………. 6
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ………………………. 7
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ……………………. 14
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ …………………… 21
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ………………….. 27
3
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына
сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға
бағытталған.Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті
оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер
Білу
 Қазақстанның ХХ ғасырдан бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларын,
құбылыстарын, процестерін;
 Отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;
 тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық мәдениеттің маңызды жетістіктерін.
Түсіну
 тарихтың барлық кезеңдері бойы отан тарихының дамуының тұтастығы мен
үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;
 әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;
 заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени
әртүрлілігін;
 Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктерін, әлем тарихындағы оның рөлі мен
орнын;
 Отан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын;
 өзін Қазақстан Республикасы азаматы ретінде сезінуі нысанында азаматтық және
ұлттық біртектілігін;
 Отан тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, адам құқығы мен бостандығына, қоғам
өмірінің демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін.
Қолдану
 тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;
 тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың
орналасуын анықтау кезінде;
 тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды,
процестерді салыстыру кезінде;
 тарихи ойлау дағдыларын: Қазақстанның және әлемнің басқа да елдерінің саяси,
әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;
 тарихи ойлау дағдыларын: тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің
құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде;
 тарихи ойлау дағдыларын: тарихи материалдармен жұмыс кезінде.
Талдау
 себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды,
құбылыстарды;
 процестерді; жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып,
Қазақстанның және басқа да елдердің тарихи дамуын;
 тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;
4
 тарихи паралелль өткізу жолымен Қазақстанның даму үрдістерін;
 қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;
 проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;
 бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;
 түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған
ақпараттарды.
Жинақтау:
 жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің
сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі
дереккөздердегі ақпараттарды;
 қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени
процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.
Бағалау
 тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік
тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;
 әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын;
 заманауи өркениеттің перспективасын, оның дамуындағы қиындықтар мен
проблемаларды;
 қазіргі қазақстандық қоғамның әлемдік экономикадағы, саясаттағы және мәдениеттегі
рөлін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттама Тапсырмалар
түрлері
Білу және түсіну Қазақстанның ХХ ғасырдан бастап қазіргі күнге
дейінгі негізгі оқиғаларын, құбылыстарын,
процестерін; Отан тарихында маңызды рөл
атқарған тарихи қайраткерлерді; тарихи даму
барысында қалыптасқан ұлттық мәдениеттің
маңызды жетістіктерін біледі.
КТБ — Көп таңдауы
бар тапсырмалар
ҚЖ — Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
Қолдану Демографиялық өзгерістердің себептері мен
салдарын анықтауда деректі қолданады. Тарихи
ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен
мәселелерді шешу үшін; тарихи картадағы
өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын
анықтау кезінде; тарихи тұлғаларды, оқиғаларды,
құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде
қолданады.
ҚЖ — Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ — Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
5
Жоғары деңгей
дағдылары
Қазақ зиялыларының Ресей империясының
Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға
береді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің
тарихи маңызын анықтайды және тұлғалардың
рөліне баға береді. «Алаш» партиясының ұлттық
мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын
талдайды. Әлихан Бөкейханның саяси
көшбасшылық қызметіне, Қазақстанда құрылған
ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға
береді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-
әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын,
қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін
түсіндіреді және өзіндік интерпретация жасайды.
Әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық
наразылықтарын салыстырып, талдайды. Қазақ
зиялыларының шығармашылық мұрасын
талдайды және қоғамдық санаға тигізген әсеріне
баға береді. Қазақстандықтардың Екінші
дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін
бағалайды. Білім мен ғылым саласындағы
мемлекеттік саясатқа баға береді. Деректер мен
дәйектерді салыстыру арқылы жаңа
экономикалық саясаттың нәтижесінде орын
алған өзгерістерді талдайды. Қаныш Сәтпаевтың
Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы
рөліне баға береді. XX ғасырдың екінші
жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің
Қазақстанға тигізген зардаптарын талдайды.
ҚЖ — Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ — Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 0 % 0% 100 %
II 0 % 20 % 80 %
III 0 % 0% 100 %
IV 0 % 0 % 100 %
Барлығы — 5 % 95%
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кезкелген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар
немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
6
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар
тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек
беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалауа аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
7
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 30
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/
толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты
қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты
қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын
көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.
8
І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдаларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсыр
ма №*
Тапсырм
а түрі *
Орындау
уақыты,
мин*
Балл
Бөлім
бойынш
а балл
ХХ ғасырдың
басындағы
Қазақстан
8.3.1.1 Қазақ зиялыларының
Ресей империясының
Мемлекеттік Думасындағы
қызметіне баға беру
Жоғары деңгей
дағдылары
1 1 ТЖ 5 5
23
8.3.1.3 1916 жылғы ұлт-
азаттық көтерілістің тарихи
маңызын анықтау және
тұлғалардың рөліне баға
беру
Жоғары деңгей
дағдылары
1 2 ТЖ 10 6
8.3.1.4 «Алаш»
партиясының ұлттық
мемлекеттілікті
жаңғыртудағы саясатын
талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 3 ТЖ 8 7
8.3.1.5 Әлихан
Бөкейханның саяси
көшбасшылық қызметіне
баға беру
Жоғары деңгей
дағдылары
1 4 ТЖ 10 5
Қазақстанда
кеңестік
биліктің
орнығуы
8.3.1.6 Қазақстанда
құрылған ұлттық
автономиялардың
маңыздылығына баға беру
Жоғары деңгей
дағдылары
1 5 ҚЖ 7 7 7
Барлығы: 5 — 5 40 30 30
Ескерту: * — өзгерістер енгізуге болатын бөлімдер
9
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Берілген ақпараттардың «ақиқат не жалған» екендігін анықтап, жалған ақпаратты
түсіндіріңіз.
№ Ақпарат А Ж Түсіндіріңіз
1 Ә.Бөкейханов II Мемлекеттiк Думада Ресейден шаруаларды
Қазақстанға қоныс аударту саясаты туралы баяндама
жасады
2 XX ғасырдың басында I Мемлекеттік Думаға Семей
облысынан сайланған Темірғали Нұрекенов болды
3 Шаймерден Қосшығұлұлы I және II Мемлекеттiк Думаға
Ақмола облысынан екi рет сайланды
4 Қазақ халқы Ресей империясының 1905-1917 жылдары
Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ
5 Қазақ өлкесінің оянуына себепкер болған саяси оқиға
Қарқаралы петициясы болды
[5]
2. Берілген сурет пен мәтін негізінде талдау жасаңыз.
«Бұл хатты жазушы біздер – өз балаларың, өз тумаларың, жанымыз ашиды, қабырғамыз
қайысады. Біздің ата-ана, туған-туысқандарымыз іштеріңде. Бізді қазақ баласы, қанына
тартады, жаны ашиды десеңдер, тіл алыңдар: қан төкпеңдер, қарсылық қылмаңдар! Алынатын
жастар басын қорғаймын деп үйдегі кемпір-шал, қатын-баланың обалына қалмасын! Бізді
орысша оқып, орыс арасында жүр, біздің пайдамызды айтпас деп ойлайтындарың бізді Құдай
мен аруаққа тапсырыңдар!.. Әркімнің ниет-көңілі бір Аллаға аян, бізге сеніңдер!»
Бұл сөздер қандай оқиғаға қатысты айтылған? Дәлел келтіріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
Осы оқиғаның тарихи маңызы мен тұлғалардың рөлін сипаттаңыз.
Оқиғаның тарихи маңызы Тұлғалардың рөлі
1.
2.
1.
2.
[4]
10
3. Алаш партиясының халықтың қолдауына ие болу себептерін анықтап, қорытынды жазыңыз.
1. ________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________________
Қорытынды
1._________________________________________________________________________
2._________________________________________________________________________
[7]
4. Ә.Бөкейхановтың ұлт көшбасшысы ретінде идеяларын PEST талдау арқылы талдаңыз.
P-саяси
E-экономикалық
S-әлеуметтік
T-мәдени
Қорытынды
[5]
5. Қазақ территориясында құрылған автономиялар туралы кестені толтырыңыз.
Автономиялар Алашорда
автономиясы
Қоқан
автономиясы
ҚазАКСР
Уақыты 1. 3. 5.
Басшылары 2. 4. 6.
Тарихи маңызы 7.
[7]
11
Балл қою кестесі
Тапсырм
а №
Жауап Балл
Қосымша
ақпарат
1
1. Жалған
Себебі Б.Қаратаев II Мемлекеттiк Думада Ресейден
шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту саясаты
туралы баяндама жасады. Өйткені қоныстандыру
саясатының жағымсыз, ауыртпалығын ашық айтып,
тоқтатуды көздеді.
2. Ақиқат
3. Ақиқат
4. Жалған
Қазақ халқы Ресей империясының 1907-1917
жылдары Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ.
Өйткені 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы
шықты. Ендiгi жерде бұратана ұлттар, соның iшiнде
қазақтар да сайлау құқығынан айырылды.
5. Ақиқат
5
Жалған
жауаптарды
мазмұнға сай
түсіндіргені
үшін балл
беріледі
2
1.1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты
айтылды.
2.1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс отарлауға және
империалистік саясатқа қарсы өрбіді. І
дүниежүзілік соғысқа қатысып жатқан Ресей
империясына соққы берді. Қазақстан мен Орта
Азия халықтарының ұлттық сана сезiмiнiң
оянуына түрткi болды. 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтерiлiс қазақ халқының сан ғасырлық азаттық
күресi тарихында ерекше орын алады.
Оқиғаның тарихи маңызы
1. Қазақ халқы отаршылдыққа қарсы күш біріктірді.
2. Тәуелсіздік жолындағы күрестің алғашқы
қадамдарының бірі болды.
Тұлғалардың рөлі
1. А.Иманов, Ә. Жанбосын, Т. Бокин мен
көтерiлiстiң басқа да басшылары халықты ұлт
азаттық күреске жұмылдырды. Халықты
көтеріліске ұйымдастырып, қара жұмысқа ер
азаматтарды бермей, қасық қаны қалғанша
бостандық үшін күресіп, патша бұйрығын
орындамады.
2. Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы
патша үкіметі өкілдерімен келіссөз жүргізу, қара
жұмысқа алынатындардың тізімін жасаудың
уақытын созу, қантөгіске бармай, халықты құрбан
болудан сақтау, Ресейде басталып келе жатқан
революциялық қозғалыстардың өршіген сәтін күтіп,
сол сәтте қарсылыққа шығуды ұсынды.
6
Білім
алушының
басқа да дұрыс
жауаптары
қабылданады
3
1-себеп. Алаш партиясының бағдарламасы барлық
әлеуметтік топтардың мүддесін ескерді;
2-себеп. Жер мәселесін шешудің тиімді
жолдары ұсынылып, қазақ жері қазақ елінің
7
Білім
алушының
басқа да дұрыс
12
меншігі болатындығы және қоныстандыру
саясатын тоқтату көзделді;
3-себеп. Бастауыш білім баршаға тегін,
қазақ балалары үшін ол міндетті түрде өз ана
тілінде берілетін болды;
4-себеп. Мемлекет басшылары мен лауазымдық
қызметке сайлау арқылы қойылады;
5-себеп. Қазақ ұлтына көбірек мүмкіндік берілді,
өзге ұлттардың да құқықтары болды.
Қорытынды
1. Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда
«Алаш» партиясы қазақ халқын отарлық езгiден
азат ету мен тәуелсіз ел болуды ұсынды.
2. Алаш партиясы бағдарламасында халыққа
саяси, маңызды мәселелердің шешудің жолдары
ұсынылды.
жауаптары
қабылданады
4
P-саяси — Демократияның мәні билiктің халық
қолында болуы.
E-экономикалық — Ә.Бөкейхановтың айтуынша,
«Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз
бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық
игермейінше, жер жеке меншікке де,
қоныстанушыларға да берілмейді».
S-әлеуметтік — жердің астындағы, үстіндегі,
аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне
қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша,
«Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме
болып қадалу керек» болатын.
T-мәдени — тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт- дәстүрге
негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның
үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру
еді.
Қорытынды
Ә.Бөкейхановтың идеялары – мәңгілік және қазақ
ұлты өмір сүріп тұрған жағдайда күн тәртібінен
түспейді.
5
Білім
алушының
басқа да дұрыс
жауаптары
қабылданады
5
Алашорда автономиясы
1.Уақыты — 1917–1920 ж, 1917 жылы 5–13
желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Екiншi
жалпықазақ съезiнде жарияланған қазақ халқының
ұлттық-аумақтық мемлекеттiлiгi.
2. Басшылары — «Алаш» партиясының басшылары
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т.б
Қоқан автономиясы
3.1917 жылы 28 қарашада -1918 ж ақпан Түркiстан
өлкесi халықтарының өзiн-өзi басқаруын
қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттiк
құрылым.
4. Басшылары — М.Шоқай, М.Тынышпаев
Қаз АКСР-і
5.1920 жылы 26 тамызда Кеңес
7
Білім
алушының
басқа да дұрыс
жауаптары
қабылданады
13
– БОАК пен РКФСР ХКК-i – Кеңестiк негiзiнде
құрылған федерациялық социалистiк мемлекет
6.Қазақ АКСР ОАК-нiң төрағасы Сейтқали
Меңдешев, Қазақ АКСР ХКК-нiң төрағасы В.
Радус-Зенькович сайланды.
Тарихи маңызы
7. Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету. Қазақ
халқының аумақтық бiрiгуi мемлекеттiлiктi
нығайтып, республиканың экономикалық дамуы
үшiн маңызы зор болды.
Барлығы
30
14
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 30
Тапсырмалар түрі :
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/
толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты
қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты
қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын
көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.
15
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдаларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырм
а№*
Тапсырма
түрі *
Орындау
уақыты,
мин*
Балл Бөлім
бойынш
а балл
Қазақстан
тоталитарлық
жүйе кезеңінде
8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30
жылдардағы әміршіл-әкімшіл
жүйе саясатының зардаптарын
талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 1 ТЖ 7 5
15
8.4.1.1 Деректер мен
дәйектерді салыстыру арқылы
жаңа экономикалық саясаттың
нәтижесінде орын алған
өзгерістерді талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 2 ТЖ 8 4
8.1.1.1 Демографиялық
өзгерістердің себептері мен
салдарын анықтау
Қолдану
2 3-4 ҚЖ 10 6
Кеңестік
Қазақстанның
мәдениеті: білім
мен ғылым
8.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың
Қазақстан өнеркәсібі мен
ғылымын дамытудағы рөліне
баға беру
Жоғары деңгей
дағдылары
1 5 ТЖ 5 6 6
Кеңестік
Қазақстанның
мәдениеті:
әдебиет пен өнер
8.2.2.1 Қазақ зиялыларының
шығармашылық мұрасын
талдау және қоғамдық санаға
тигізген әсеріне баға беру
Жоғары деңгей
дағдылары
1 6 ҚЖ 10 9 9
Барлығы: 6 — — 40 30 30
Ескерту: * — өзгерістер енгізуге болатын бөлімдер
16
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарына берілген
салалар бойынша талдау жасаңыз.
Салалар Зардаптары
Саяси
Экономикалық
Әлеуметтік
Мәдени
Демографиялық
[5]
2. Деректі қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз.
ЖЭС-тiң енгiзiлуiмен жердi жалға беру мен жалға алуға, жалдамалы еңбектi қолдануға
рұқсат етiлді. Ауыл шаруашылық, несие, тұтынушылар кооперациясы дамыды. «Әскери
коммунизм» кезiнде енгiзiлген еңбек мiндеткерлiгi мен еңбекке мобилизациялау жойылды.
Ұсақ кәсіпшілік жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берiлдi.
ЖЭС кезiнде қазақтардың мемлекетке астық тапсыруы. 1921 жыл.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырудың негiзгi белгілері қандай болды?
(кемінде екі белгісін жазыңыз)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді жазыңыз.
(кемінде екі өзгерісті жазыңыз)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[4]
3. Деректі қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Тарихшы Манаш Қозыбаев 1921-22 жылдардағы аштық турасында: «1921-1922
жылдардағы аштық қазақтарды демографиялық апатқа әкелді. 1922 жылдың наурызында
Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында 2 миллион 350 мың адам аштыққа
ұшырады, олардың көбі өлді» деп жазыпты. Кеңестiк билiктiң алғашқы 20-30-жылдарында
қазақтар 4 миллионға жуық адамынан айырылды. 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде – 1
17
млн 700 мың адам, 1932-1933-жылдары 2 млн 300 мыңға жуық адам қырылған. Мұны
айғақтайтын деректер бар. 1992 жылы 31 мамырда жазушы Смағұл Елубаевтың «Алаш
жұртына ашық хаты» жарияланды. Онда 1932 жылғы қанды геноцид болмағанда, 1992 жылы
қазақтың саны жер бетiнде 10 миллион емес, 30 миллионға жетiп жығылатындығы айтылды.
1921-22 жж ашаршылық қандай оқиғалардан кейін орын алды ?
1.
2.
1921-22 жж ашаршылықтың басты себебі қандай болды?
1.
2.
[4]
4. 1931–1933 жылдар аралығындағы ашаршылықтың демографиялық салдарына дәлел
келтіріп, жазыңыз
1.
2.
[2]
5. Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытуға қосқан үлесіне нақты
мысал келтіріңіз.
1 __________________________________________________________________________
2 __________________________________________________________________________
3 __________________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________________
Қорытынды
5.__________________________________________________________________________
6.__________________________________________________________________________
[6]
18
6. Әдебиет пен өнердегі қазақ зиялыларының шығарашылық мұрасына талдау жасаңыз.
Қазақ зиялылары
1________________
2___________________
Шығарма атауы 3 4
Шығармасының
мазмұны
5 6
Қоғамдық санаға
әсері
7 8
Қорытынды 9.
[9]
19
Балл қою кестесі
Тапсыр
ма №
Жауап Балл
Қосымша
ақпарат
1
Саяси салада — шынайы егемендiктiң болмауы,
қазақ халқының тiлi мен тарихының жойылуы,
Қазақстанда «Кiшi Қазан» идеясының жүзеге
асырылуы.
Экономикалық салада — экономиканың шикiзаттық
бағытта қалыптасуы, ауыл шаруашылығын
ұжымдастыру.
Әлеуметтік салада -. жаппай қуғын-сүргiн жүргiзу.
3,5 млн адамның азап шегуi
Мәдени салада — қоныстандыру саясатының
нәтижесінде ұлттық құндылықтардың жойыла
бастауы, ассимиляциялық саясат
Демографиялық салада — ашаршылықтан халық
санының азаюы демографиялық дағдарысқа әкелді.
5
Басқа дұрыс
жауаптарды
қабылдауға
болады.
2
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты
жүзеге асырудың негiзгi белгілері
1. Азық-түлiк салығын енгiзу
2. Жалдамалы еңбектi пайдалану
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын
алған өзгерістер:
1. Мемлекеттiк кәсіпорындар шаруашылық есеп
жүйесiне көшірілді.
2. Жалпыға бiрдей еңбек мiндеткерлiгi жойылды
4
Басқа дұрыс
жауаптарды
қабылдауға
болады
3
1. Азамат соғысы
2. Әскери коммунизм саясаты
Себептері
1. Қуаңшылық
2. Ауыл шаруашылық өнімдерін зорлықпен тартып
алу
4
Басқа дұрыс
жауаптарды
қабылдауға
болады
4
1. Қытай, Монғолия, Иран мен Ауғанстанға қоныс
аударды
2. 1931–1933 жылдары аштықтан, аурулардан 2,1
млн-дай қазақтар мен 200–250 мыңдай басқа
ұлттардың өкілдері қаза тапты.
2
Басқа дұрыс
жауаптарды
қабылдауға
болады
5
1. Кеңес Одағында металлогения ғылымын
дамытушылардың белгiлi өкілі қазақстандық
металлогения мектебiнiң негiзiн салушы.
2. Орталық Қазақстанның металлогендiк болжам
картасын жасады.
3. Жезқазғандағы мыс- кен орындарын зерттеді.
4. Алғаш алгебра оқулық жазды.
Қорытынды
5. Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымының дамуына
еңбегі зор. Оған дәлел Қазақ КСР ҒА –ның тұңғыш
президенті.
6. Сәтбаев өзінің өмірінде 640 ғылыми жұмыстан
астам жұмыс жазды.
6
Басқа дұрыс
жауаптарды
қабылдауға
болады
20
6
1. Б.Майлин қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ
әдебиетін қалыптастырушылардың бірі
2. Ә.Қастеев Қазақстандағы
тұңғыш кәсіби суретшi, қазақ бейнелеу өнерінiң
негiзiн салушылардың бiрi
2
3. «Азамат Азаматыч» романы.
4. «Түрксiб» картинасы
5. «Азамат Азаматыч» романы дәуір шындығын
қамтыған. Қазақ интеллегенциясының қалыптасуы
жайында баяндалған.
6. «Түркістан Сібір темір жолының салыну кезіндегі
халықтың екпінді еңбегін көрсетеді.
7. Социалистік реализмге сүйеніп жазылған
шығарма болып табылады
8. Еңбек адамының қоғамдағы әлеуметтік рөлін
көрсетті.
9. Өнер мен әдебиетте кеңес адамын, олардың
ерлігі мен коммунистік идеяға адалдығын
бейнелеуге көңіл бөле бастады. Бұл жылдары
партиялық идеология шығармашылықтарына әсер
етті.
7
Басқа дұрыс
жауаптарды
қабылдауға
болады.
Барлығы 30
21
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут
Балл саны — 30 балл
Тапсырма түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/
толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты
қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты
қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын
көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.
22
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдаларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырм
а№*
Тапсырма
түрі *
Орындау
уақыты,
мин*
Балл Бөлім
бойынш
а балл
Қазақстан Ұлы
Отан соғысы
жылдарында
8.3.2.1 Қазақстандықтардың
Екінші дүниежүзілік
соғысының жеңісіне қосқан
үлесін бағалау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 1 ҚЖ 5 5 5
Қазақстан Ұлы
Отан соғысынан
кейінгі жылдарда
(1946-1953
жылдар)
9.3.2.1 XX ғасырдың екінші
жартысындағы әскери-
өнеркәсіп кешендерінің
Қазақстанға тигізген
зардаптарын талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 2 ТЖ 8 6 6
Қазақстан
Хрущевтық
«жылымық»
кезеңінде (1954-
1964 жылдар)
9.3.1.1 Қоғамдық-саяси
өмірдің ерекшеліктерін
түсіндіру және өзіндік
интерпретация жасау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 3 ҚЖ 7 6 6
Қазақстан
«Тоқырау»
кезеңінде (1965-
1985 жылдар)
9.3.1.4 Әміршіл-әкімшіл
саясатқа қарсы халық
наразылықтарын
салыстырып, талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
2 4-5 ТЖ 10 6 6
Кеңестік
Қазақстанның
мәдениеті (1946-
1985 жылдар
9.2.3.2 Білім мен ғылым
саласындағы мемлекеттік
саясатқа баға беру
Жоғары деңгей
дағдылары
1 6 ТЖ 10 7 7
Барлығы:
6 — — 40 30 30
Ескерту: * — өзгерістер енгізуге болатын бөлімдер
23
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Берілген ақпараттардың «ақиқат не жалған» екендігін анықтап, «жалған» жауапты
түсіндіріңіз.
№ Ақпараттар А Ж Түсіндіріңіз
1 Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы Мәскеуді
ерлікпен қорғауға қатысты.
2 Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысы уақытында
Кеңес Одағы батыры атағын алды.
3 Әлия Молдағұлова майданда мерген болды
4 Соғыс уақытында Қазақстанның қорғасын өнеркәсібі оқ-
дәрі жасауда ерекше үлес қосты
5 Соғыс жылдарында Ж.Қуанышбаев күріш өнімін алуда
рекорд жасаған
[5]
2. Мәтінді қолданып, әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын
талдаңыз.
Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы
маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған
1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос
кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты ондағы техногендік,
өндірісте ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану
топырақтың құнарсыздануына, жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде әсер етуде. 1949-
1996 жылдар арлығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару сыналды. 20 млн. га жер
экологиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйелерге айналды. Бұл апат 3,4 млн. адам
тұратын елді мекендерді қамтыды. Сондағы тұрғын халықтың болашағы қандай? Олардың
ұрпақтары қандай зардап шегіп отыр?
Салалары Зардаптары
Саяси
Экономикалық
Әлеуметтік
Экологиялық
Демографиялық
Қорытынды
[6]
3. Кестені толтырыңыз
Сталиндік кезеңінің ерекшеліктері «Жылымық» кезеңінің ерекшеліктері
1 1
2 2
Қорытынды
1.
2.
[6]
4. Әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтары туралы сұрақтарға жауап беріңіз.
1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» қазақ жастар ұйымының маңызын түсіндіріңіз.
24
1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалардың себептерін анықтаңыз.
1
2
[3]
5. Олжас Сүлейменовтiң «Аз и Я» атты кiтабы бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
a .Олжас Сүлейменовтiң «Аз и Я» атты кiтабының мазмұны қандай?
________________________________________________________________________
b. Бұл еңбек кеңес үкіметінің идеологиясына неге сай болмады ?
________________________________________________________________________
c. «Аз и Я» атты кiтабының маңыздылығы неде?
________________________________________________________________________
[3]
6. Кестеде 1946-1985 жылдардағы білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға
беріңіз.
Білім Ғылым
Күшті жақтары Әлсіз жақтары Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беріңіз.
1
2
Қорытынды
[7]
25
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл
Қосымша
ақпарат
1
1. Ақиқат .
2. Жалған. Себебі Бауыржан Момышұлы соғыс кезінде
Кеңес Одағы батыры атағын алған жоқ
3. Ақиқат .
4. Ақиқат.
5. Жалған. Ыбырай Жақаев күрішші, ал Жазылбек
Қуанышбаев қой өсіруші болған.
5
Жалған
жауаптарды
мазмұнға сай
түсіндіргені
үшін балл
беріледі
2
Саяси салада
«Қырғи-қабақ» соғыс әсерінен әскери кешендер
салынып, ұлттық мүдде ескерілмеді.
Экономикалық салада
Ауыр өнеркәсіп әскери және шикізаттық бағытта
дамыды.
Әлеуметтік салада
Жергiлiктi жастардан мамандар даярлау iсiне аз назар
аударылып, кәсіби мамандардың жетіспеушілігі сезілді.
Экологиялық салада
Зиянды радиоактивтi заттар топырақты, суды, бүлдiрiп,
адам денсаулығына залал келтiрдi.
Демографиялық салада
Адам шығыны көп болды.
Қорытынды
Қазақстан аумағына түсетiн техногендiк салмақтың
үнемi өсіп отыруымен күрделене түстi.
6
Басқа дұрыс
жауаптарды
қабылдауға
болады
3
Сталиндік кезеңнің ерекшеліктері
Жеке басқа табынушылық
Қуғын-сүргiннiң жалғасуы
«Жылымық» кезеңінің ерекшеліктері
Жеке басқа табынушылықты ашық сынау Тоталитарлық
режимнiң құрбандарын ақтау үрдiсi басталды
Қорытынды
1. Екі кезеңде де коммунистiк қоғам құру мақсаттарын
жариялау, әміршіл-әкімшіл жүйе үстемдік етті.
2. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз
ықпал етiп, ауыр зардаптарға әкелді.
6
Басқа дұрыс
жауаптарды
қабылдауға
болады
4
«Жас тұлпар» қоғамдық ұйымы КОКП-нiң ұлттық
саясатының негiзгi ережелерiн қайта қарауды талап етіп,
саяси ағартушылық қызметпен айналысты.
1. Қазақстан аумағында немiс автономиясын құру
туралы шешiм болды.
2. Ұлттық мүддемен санаспай, территориялық
тұтастықты бұзуға әрекет жасалды.
3
Басқа дұрыс
жауаптарды
қабылдауға
болады
5
a) Автор кiтабында ежелгi орыс әдебиетінiң белгiлi
ескерткiшi «Слово о полку Игоревенiң» («Игорь полкi
туралы жыр») славян және түркi этникалық әлемінің
шекарасында пайда болып, онда екi көршілес
мәдениеттің шындығы үйлесiмдi бейнеленгенi туралы
қорытындыға келдi
3
Басқа дұрыс
жауаптарды
қабылдауға
болады
26
b) Партияның ұлтшыл идеологтары үшiн О. Сүлейменов
жасаған қорытынды дөрекі, ақылға сыйымсыз болып
көрінді.
c) «Аз и Я» кiтабы түркі этникалық тайпаларының
қалыптасуын ерте дәуірден басталуын көрсетеді.
Қазақстандағы ғылыми тарихи ойдың дамуына ықпал
етті.
6
Күшті жақтары
Білім — 1984 ж. балаларды алты жастан бастап оқытуға
көшу, еңбекпен ұштастыра оқыту үшін оқу-материалдық
база жасау, оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосу
жөніндегі мектеп реформасы басталды
Ғылым -1985 жылы республикада 40377
ғылыми қызметкер жұмыс iстедi. Олардың 864-i ғылым
докторы, ал 650-i ғылым академиясының академиктерi,
корреспондент-мүшелерi, профессорлар болды.
Әлсіз жақтары
Білім – қазақ мектептерінің жабыла бастауы, оқу
орындарында, мектептерде сабақ өткізетін бөлмелер,
оқулықтар, тiптi, мұғалiмдер де жетiспедi.
Ғылым- ғылыми жұмыстардың бірін-бірі қайталауы,
ғылыми зерттеулердің тиімділігі күрт төмендеді. 1985
жылы өндіріске енгізілген бір зерттеудің экономикалық
тиімділігі екі есе төмендеді
Білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа
баға беріңіз.
1. Мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау,
олардың дамуына қаржыны “қалдықты” принцип
бойынша бөлу республика мәдениетінің кең көлемде
дамуына өзінің теріс әсерін тигізді.
2. Экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары
қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның
дамуына да кері әсерін тигізбей қоймады.
Қорытынды.
Бұл кезеңдегi жетiстiктер екi ұдай әсер қалдырды. Бiр
жағынан, бiлiм беру, ғылым мен өнер салаларындағы
оңды өзгерістер, Ғылым академиясы ашылды,
даярланған кәсіби мамандар пайда болды, жаңа театрлар
салынды, екiншi жағынан, партиялық өктемдік еркiн
шығармашылыққа бөгет жасап, жағымсыз құбылыстар
туғызды.
7
Басқа дұрыс
жауаптарды
қабылдауға
болады
Барлығы 30
27
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут
Балл саны — 30
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа
қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан тұрады. Қысқа
жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.
28
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдаларыны
ң деңгейі
Тапсы
рма
саны*
Тапсырм
а№*
Тапсырма
түрі *
Орындау
уақыты,
мин*
Балл
Бөлім
бойынша
балл
Қазақстан қайта құру
кезеңінде (1986-1991
жылдар)
9.3.1.5 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасының тарихи
маңыздылығына баға беру
Жоғары
деңгей
дағдылары
1 1 ҚЖ 10 6 6
Қазақстан
мемлекеттілігінің қайта
жаңғыруы (1991 – 1996
жылдар)
9.4.2.2 Нарықтық
экономиканың өндірістік
қатынастарға әсерін талдау
Жоғары
деңгей
дағдылары
1 2 ҚЖ 7 6 6
Қазақстан
Республикасының
дамуы (1997 ж. –бүгінгі
күнге дейін)
9.3.2.3 Қазақстанның
аймақтық және халықаралық
ұйымдарымен байланыстарын
талдау
Жоғары
деңгей
дағдылары
2 3-4 ҚЖ 6 6 6
Қазіргі заманғы
Қазақстан мәдениеті
(1991 жылдан бүгінге
күнге дейін)
9.2.1.3 «Мәңгілік Ел»
Жалпыұлттық идеясының
маңыздылығын бағалау
Жоғары
деңгей
дағдылары
1 5 ТЖ 10 6
12
9.2.1.2 Қазақстан халқы
Ассамблеясының дінаралық,
этносаралық келісім және ішкі
тұрақтылықты нығайтудағы
ықпалын бағалау
Жоғары
деңгей
дағдылары
1 6 ТЖ 7 6
Барлығы:
6 — — 40 30 30
Ескерту: * — өзгерістер енгізуге болатын бөлімдер
29
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.1.Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс:
І. Д. А. Қонаевтың Қазақстан КОКП ОК Бiрiншi хатшысы қызметiнде 1960–1962 жж, 1964–1986
жж болған жылдары болған.
II. Д. Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару iсiне арнады, ширек ғасырға жуық
Қазақстанның бiрiншi басшысы қызметiн атқарды.
А) I және II нұсқа дұрыс
В) Тек I нұсқа дұрыс
С) Тек II нұсқа дұрыс
D) I және II нұсқа дұрыс емес
1.2.Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс:
I. 1986 жылы 16 желтоқсан күнi Қазақстан Компартиясы ОК-нiң V Пленумында
Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбин тағайындалды
II.1986 жылы 16 желтоқсан күнi таңертең Қазақстан Компартиясы ОК-нiң V Пленум бар-жоғы
30 минутқа созылды.
А) I және II нұсқа дұрыс
В) Тек I нұсқа дұрыс
С) Тек II нұсқа дұрыс
D) I және II нұсқа дұрыс емес
1.3.Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс
I. 1986 жылы 21 желтоқсан күнi таңертең Алматыда жаппай толқу басталып, кейiнiрек ол
республиканың басқа да қалаларына тарады.
II. Г. В. Колбиннiң республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы толқу үшiн тек
сылтау ғана едi.
А) I және II нұсқа дұрыс
В) Тек I нұсқа дұрыс
С) Тек II нұсқа дұрыс
D) I және II нұсқа дұрыс емес
1.4. Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс:
I. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ны құрушы республикалардың бөлініп шығып, мемлекеттiк
егемендiгiн жариялауына жеткiздi.
II. Желтоқсан оқиғасы бүкiл халықтың рухани оянуына әсер етiп, ұлттық сананы ұлттық рухты
жандандырды.
А) І және ІІ екі нұсқау да дұрыс
В) Тек І нұсқа дұрыс
С) Тек ІІ нұсқа дұрыс
D) І және ІІ екі нұсқа да дұрыс емес
1.5. Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс:
I. Уақытша ұстау бөлімдеріне, арнайы тергеу орындарына жеткiзiлген, қала сыртына
апарылғандар адамдардың саны 8,5 мыңға жеттi.
II. Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, М. Әбдiқұлов т.б. жастар қатаң жазаланды.
А) І және ІІ екі нұсқа да дұрыс
В) Тек І нұсқау дұрыс
С) Тек ІІ нұсқау дұрыс
D) І және ІІ екі нұсқау да дұрыс емес
30
1.6. Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс:
I. 1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көтерулері ұлтшылдық сипатта болды.
II. Шеру бейбiт, саяси сипатта болды.
А) І және ІІ екі нұсқа да дұрыс
В) Тек І нұсқа дұрыс
С) Тек ІІ нұсқа дұрыс
D) І және ІІ екі нұсқа да дұрыс емес
[6]
2. Нарықтық экономикаға байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.
Нарықтық экономикаға көшу барысында қандай қиындықтар орын алды?
1.
2.
Нарықтық экономикаға көшу барысындағы қандай өзгерістер орын алды?
1.
2.
Қорытындылаңыз
1.
2.
[6]
3. Қазақстанның халықаралық ұйымдарымен байланыстарын талдаңыз (бір ұйымды таңдаңыз).
Ұйым Ұйымға кірген жылы Байланыстары
[3]
4. Қазақстанның аймақтық ұйымдарымен байланыстарын талдаңыз (бір ұйымды таңдаңыз).
Ұйым Ұйымға кірген жылы Байланыстары
[3]
5. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын маңыздылығын түсіндіріңіз.
№ Тапсырма Маңыздылығы
1 Есте қалатын (мазмұны )
2 Нәтижесі
3 Айрықша мәнділігі
4 Жаңғырығы
(сабақтастығы)
5 Айқындайтын
(басқа да қырларды
түсінуге жол
ашатындығы)
Қорытынды
[6]
31
6. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына қандай себептер әсер етті?
1. 2.
3.
Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы
ықпалына дәлелдер келтіріп баға беріңіз.
Дінаралық этносаралық келісім ішкі тұрақтылық
[6]
32
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл
Қосымша
ақпарат
1
1.1 А) I және II нұсқа дұрыс
1.2 В) Тек I нұсқа дұрыс
1.3 С) Тек II нұсқа дұрыс
1.4 А) І және ІІ екі нұсқа да дұрыс
1.5 А) І және ІІ екі нұсқа да дұрыс
1.6 С) Тек ІІ нұсқа дұрыс
6
2
Қиындықтары
1. 1992 жылғы 6 қаңтардан бастап бағаны босату туралы
Жарлық қабылдады. Бұл тұтынушыларға бағаның
қымбаттауы, жемқорлық пен алыпсатарлыққа алып
келді.
2. Халықтың жағадайының нашарлауы, наразылықтар,
ереуілдер орын алды.
Өзгерістер
1. Жекешелендіру, салық реформасы, баға реформасы,
еңбек ақы жөніде реформа, жаңа банктік саясат
2. Шағын бизнестің дамуы, монополиядарды бөлшектеу.
Қорытынды
1. Нарықтық экономика нәтижесінде түбегейлі
өзгерістер орын алды.
2. Нарықтық қатынастар еркіндікке, тауар айналымына,
ұлттық валютамыздың нығаюы, шағын және орта
кәсіпкерліктің пайда болуына әкелді.
6
Басқа дұрыс
жауаптарды
қабылдауға
болады
3
Ұйым
БҰҰ
1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-на мүше болды.
1995 жылы БҰҰ Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойын
атап өтті.
3 Білім алушы
басқа да
халықаралық
ұйым туралы
жазуы мүмкін.
4
Ұйым
ШЫҰ
1996 жылы құрылды.
ШЫҰ-да қауiпсiздiк саласындағы ықпалдастықпен
қатар, экономика саласындағы байланыстарды
жүргізіледі
3
Білім алушы
басқа да
аймақтық
ұйым туралы
жазуы мүмкін
5
Есте қалатын (мазмұны )
Мәңгілік ел идесы еліміздің тарихында 2012 жылдан
2050 стратегиясымен бірге енді. Болашаққа бағытталған
идеямыз
Нәтижесі
Еліміздің тарихы терең мәңгілік ел екенімізді көрсетіп,
елжандылыққа тәрбиелейді.
Айрықша мәнділігі
Еліміздің кешегі, бүгінгі, болашағымен байланысты
болуы.
Жаңғырығы (сабақтастығы )
Кешегі тарихтан бастау алып отырғаны.
6
Білім алушы
басқа да
аймақтық
ұйым туралы
жазуы мүмкін
33
Айқындайтын (басқа да қырларды түсінуге жол
ашатындығы )
Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыру үшін барлық қоғамың
салаларын дамыту арқылы әлемге таныту.
Қорытынды
Еліміздің болашағын айқындайтын идея болғандықтан
маңызы өте зор.
6
Себептері
1. Қазақстандағы көп ұлттардың құқығын насихаттау
2. Полиэтникалық мәдениетті біріктіру
3. Этносаралық татулықты сақтау
Дінаралық
Қазақстан халықтарының діни наным сенімдеріне өзара
құрметпен қарап, зайырлы мемлекетті нығайту.
Этносаралық келісім
Қазақстан халықтарының 130-дан астам ұлт өкілдерінің
мәдени құндылықтарын, ұлт аралық теңдіктерін жүзеге
асыра отырып, өзара татулығы мен толеранттылықты
нығайту.
Ішкі тұрақтылық
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси
тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және
азаматтық қоғам институттарының этносаралық
қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының
тиімділігін арттыру
6
Білім алушы
басқа да
аймақтық
ұйым туралы
жазуы мүмкін
Барлығы 30

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь