ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ТЖБ ҚЖБ «Көркем еңбек» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 4-сынып

ТЖБ ҚЖБ «Көркем еңбек» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 4-сынып

1862
0

«Көркем еңбек» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
4-сынып
Нұр-Сұлтан, 2019

 ПЕРЕЙТИ ПО ССЫЛКЕ 

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке
ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз
ДББҰ www.uroky.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
3
МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ……… 4
Бөлім «Менің Отаным-Қазақстан» ………………………………………………………………………………….. 4
Бөлім «Адами құндылықтар» …………………………………………………………………………………………. 8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ……. 11
Бөлім «Мәдени мұра» …………………………………………………………………………………………………… 11
Бөлім «Мамандық әлемі» ……………………………………………………………………………………………… 14
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ……. 18
Бөлім «Табиғи құбылыстар» …………………………………………………………………………………………. 18
Бөлім «Қоршаған ортаны қорғау» …………………………………………………………………………………. 21
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР ……. 24
Бөлім «Ғарышқа саяхат» ………………………………………………………………………………………………. 24
Бөлім «Болашаққа саяхат» ……………………………………………………………………………………………. 26
4
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім «Менің Отаным-Қазақстан»
Тақырып Менің Отаным-Қазақстан
Бөлім 1.Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Әртүрлі орындау техникасын үйлестіре отырып,
шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі)
көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармалардың орындалу техникасын үйлестіріп,
ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Туған жерінің табиғатын бейнелеген қазақстандық және шетелдік суретшінің
репродукцияларын қарастыр.
Сұрақтарға жауап бер.
 Қандай визуалды элементтерді (түстік гамма, композициялық орталық, пішін)
көріп тұрсың?
 Бұл бейнелерді не біріктіреді?
 Бейнелердің ерекшеліктері қандай?
Ә.Қастеев «Жайлаудағы кілем тоқушы» Винсент Вангог
Дескриптор Білім алушы
— суреттердегі визуалды элеменеттерді анықтайды;
— суретшілердің орындау техникасының ұқсастығын
анықтайды;
— суретшілердің орындау техникасының ерекшеліктерін
анықтайды;
— жазба жұмыстарын скетчбукте (альбомда) жүргізеді;
ақпаратпен бөліседі.
5
Тақырып Менің Отаным — Қазақстан
Бөлім 2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Тиімді тәсілдермен анықталған материалдарды және
компоненттерді нақтылықты сақтай отырып өлшеу, белгілеу,
қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Көлемді пішін жасау үшін әр түрлі тәсілдер мен
материалдарды қолданады.
 Материалдар мен компонентерді өлшеу, қию,
формасына келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру арқылы
жұмысты аяқтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Орындау кезеңдеріне сүйене отырып, түрлі-түсті қағаздан ұлттық бас киім тақия
аппликациясын жаса.
Жұмысты орындау кезеңдері:
 Тақияның төбесін жасау үшін қағаздан дөңгелек қиып алып, шеттерін үшкір етіп қиып
ал;
 Дөңгелектің дәл ортасын белгіле. Ортасын шеңбердің сыртқы сызығымен қосып,
үшбұрыш сыз. Үшбұрышты қиып алып, тақияның төбе бөлігін бір-біріне жақындатып
желімде;
 Тақияның маңдайшасы үшін жолақ қиып алып, шеттерін желімдеп біріктір.
 Тақияның төбесінің үшкір тістерін астына бағыттап, тақияның маңдайшасына желімде.
Дескриптор Білім алушы
— жұмыстың орындалу кезеңдерін сақтайды;
— түстерді дұрыс қолдана алады;
— қауіпсіздік техникасын қатаң сақтайды;
— тақияның бөліктерін дұрыс пішеді;
— көркем еңбек құралдарымен жұмыс істейді;
жұмысты ұқыпты орындап, аяқтайды.
6
Тақырып Менің Отаным — Қазақстан
Бөлім 2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Оқу мақсаты 4.2.3.4 Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында
қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін (ою-
өрнектер) пайдаланып, шығармашылық жұмысты
орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Орындау кезеңдеріне сүйене отырып, алдыңғы сабақта жасаған тақияны ою-өрнекпен
безендір.
Жұмысты орындау кезеңдері:
 Өзіне ұнаған қазақтың ұлттық ою-өрнегін таңдап, үлгі бойынша қиып ал.
 Тақияның маңдайшасына және төбесіне қарындашпен сызық арқылы оюдың орнын
белгіле.
 Оюды белгіленген сызықтарға желімде.
а)
б)
Дескриптор Білім алушы
— жұмыстың орындалу кезеңдерін сақтайды;
— түстерді дұрыс үйлестіреді;
— қауіпсіздік техникасын қатаң сақтайды;
— тақияның ою-өрнектерін ұқыпты қияды;
— көркем еңбек құралдарымен жұмыс істейді;
— жұмысты таза және ұқыпты орындайды;
тақияны безендіріп аяқтайды.
7
Тақырып Менің Отаным — Қазақстан
Бөлімше 3. Презентация, талдау және бағалау
Оқу мақсаты 4.3.3.1 Шығармашылық жұмысты жақсартуға ұсыныс жасап,
критерийлерге сәйкес жұмысты бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өзінің немесе өзгенің шығармашылық жұмысын
жақсартуға ұсыныс жасайды
 Критерийлерге сәйкес жұмысты бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Аяқталған шығармашылық жұмыстан шағын көрме ұйымдастыр және төмендегі
сұрақтарға сүйене отырып, тақияны таныстыр.
 Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер, іс-әрекеттер орындадың?
 Оюдың қандай түрін қолдандың?
 Өз жұмысының қандай жақсы жақтары бар?
 Жұмысты жасау барысында қандай қиыншылықтармен кездестің?
 Жұмысыңызды жақсартуға қатысты қандай ойларын бар?
Дескриптор Білім алушы
— көрме ұйымдастырады;
— сынып алдында жұмысын таныстырады;
— өзінің жұмысының жақсы жақтарын айтады;
— жасау барысында болған қиыншылықтармен бөліседі;
жұмыстын жақсартудың жолдарын айтады.
8
Бөлім «Адами құндылықтар»
Тақырып Адами құндылықтар
Бөлім 1. Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Оқу мақсаты 4.1.2.1 Отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармаларын
білу және олардың ерекшеліктерін (жанры, орындау
техникасы, көңіл-күйі) түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Отандық және әлемдік өнердің ерекшелігін саралайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Берілген репродукцияларды мұқият қарастыр. Төмендегі сұрақтарға сүйене отырып,
репродукцияларды сипатта.
 Суреттерде қандай сюжет көрсетілген?
 Бұл шығармаларды көргенде қандай сезім пайда болды?
 Суреттердің жанры қандай?
 Бұл бейнелерді не біріктіреді?
 Бейнелердің ерекшеліктері қандай?
Дескриптор Білім алушы
— жұппен ынтымақтастықта жұмыс жасайды;
— шығармалардың сюжетін анықтайды;
— өз сезімдерін білдіреді;
— суреттің жанрын анықтайды;
— бейнелердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін түсіндіреді.
9
Тақырып Адами құндылықтар
Бөлім 2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Оқу мақсаты 4.2.3.2. Әртүрлі тәсілдермен, және үйлестірілген
материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз
материалдары) көлемді пішіндер жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әртүрлі тәсілдермен көлемді пішіндер жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Қатты қағазды қолданып, шаблон арқылы сыйлыққа арналған қораб жаса.
Жұмысты орындау кезеңдері:
 Қорабқа қатты қағаз таңда;
 Таңдаған шаблонды қағазыңа салып, контур сызығымен басып шық;
 Контур сызығымен қиып шық;
 Конструкцияны бүгу сызықтарымен бүкте;
 Қажетті бөліктерін біріктір;
 Қажетіне қарай безендір.
Дескриптор Білім алушы
— қорабқа сай қағаз таңдайды;
— шаблонды ұқыпты сызады;
— контур сызығымен тік қияды;
— қауіпсіздік ережесін сақтайды;
— қорабты безендіреді.
10
Тақырып Адами құндылықтар
Бөлім 3. Презентация, талдау және бағалау
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің әртүрлі
туындыларының негізгі мәнерлеу құралдары мен
материалдарын салыстыру және айырмашылығын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Арнайы терминдерді қолданып, өз жұмысында
қолданған материалдарды түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Берілген терминдерді «Бүгу сызығы», «Алқап», «Тау», «Бүктеу» қолданып, өз қорабыңның
жасалу жолын түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
— көрме ұйымдастырады;
— арнайы терминдерді қолданады;
— сынып алдында жұмысын таныстырады;
— өзінің жұмысының жақсы жағын айтады;
— жасау барысында болған қиыншылықтармен бөліседі;
— жұмысын жақсартудың жолдарын айтады.
11
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім «Мәдени мұра»
Тақырып Мәдени мұра
Бөлім 1.Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Оқу мақсаты 4.1.2.2 Қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы
өнерінің ұлттық ерекшеліктерін анықтау және суреттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы
өнерінің ұлттық ерекшеліктерін зерделейді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Берілген суреттерді салыстырып, төмендегі сұрақтар қатарына жауап беріп, өз ойыңды білдір.
 Неліктен ежелгі адамдар таста (тас бетіне) адамдардың, жануарлардың суретін бейнеледі?
 Қалай ойлайсың, неге осы суреттер біздің заманға дейін сақталған?
 Бұл петроглифтердің мағынасы қандай?
Дескриптор Білім алушы
— сұрақтар қатарына толық жауап береді;
— берілген суреттерді салыстырады;
— суреттердегі ерекшеліктерді анықтайды;
жұпта ынтымақтастықта жұмыс істейді.
12
Тақырып Мәдени мұра
Бөлім 2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Тиімді тәсілдермен анықталған материалдарды және
компоненттерді нақтылықты сақтай отырып өлшеу, белгілеу,
қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тиімді тәсілдер мен материалдарды анықтап, өзінің
шығармашылық жұмысын орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Тиімді тәсілдерді анықтау үшін түрлі материалдарды қолданып, «шашырату» техникасында
тәжірибе жаса. Қажетті құрал-жабдықтарды (тіс щеткасы, қылқалам, бояу, қатты қағаз) және
жұмыс орнын даярла.
Жұмысты орындау кезеңдері:
 А4 форматында жануардың суретін сал;
 Жануардың силуэтін қиып ал;
 Келесі А4 форматына қиылған силуэтті сал;
 Бояу мен шашыратуға арналған құралды даярла;
 «Шашырату» техникасында бейнеңді орында
Ескерту. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін қатаң сақта.
Үлгі
Дескриптор Білім алушы
— тиімді материал мен құралды анықтайды;
— А4 форматына композициясын дұрыс орналастырады;
— «Шашырату» техникасында ұқыпты жұмыс жасайды;
— түстік үйлесімділікті сақтайды;
жұмысы аяқталған.
13
Тақырып Мәдени мұра
Бөлім 3. Презентация, талдау және бағалау
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Арнайы терминдерді қолдана отырып өнердің
әртүрлі туындыларының негізгі мәнерлеу құралдары мен
материалдарын салыстыру және айырмашылығын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық жұмысты орындау үдерісін
түсіндіреді
 Құралдар мен материалдарды мәнерлі қолданудың
айырмашылығын айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Аяқталған шығармашылық жұмыстан шағын көрме ұйымдастыр және төмендегі
сұрақтарға сүйене отырып, жұмысынды таныстыр.
 Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер, іс-әрекеттер орындадың?
 Өз жұмысының қандай жақсы жақтары бар?
 Жұмысты жасау барысында қандай қиыншылықтармен кездестің?
 Жұмысыңызды жақсартуға қатысты қандай ойларын бар?
Дескриптор Білім алушы
— көрме ұйымдастырады;
— арнайы терминдерді қолданып, сынып алдында
жұмысын таныстырады;
— жұмыстың орындалу үрдісін түсіндіреді;
— құралдар мен материалдардың қолдануын
салыстырады;
— өзінің жұмысының жақсы жақтарын айтады;
— жасау барысында болған қиыншылықтармен
бөліседі;
жұмыстын жақсартудың жолдарын айтады.
14
Бөлім «Мамандық әлемі»
Тақырып Мамандық әлемі
Бөлім 1.Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Оқу мақсаты 4.1.3.1 Әртүрлі орындау техникасын үйлестіре отырып
шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі)
көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
 Әртүрлі орындау техникасын анықтап,
шығармашылық идеясын көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1. Түрлі мамандық иелері бейнеленген суретші репродукцияларын қарастыр. Төмендегі
сұрақтарға жауап бер.
— Қандай маман иесін көріп тұрсың, сипаттап бер?
— Оны қалай түсіндің?
— Суретші не арқылы маман иесіне тән ерекшелікті көрсете алды?
— Берілген мамандықтар қазіргі заманда өзекті ме?
Дескриптор Білім алушы
— мамандық иелерін анықтайды;
— мамандық иелерін сипаттап береді;
— ерекшеліктерін сипаттайды;
— мамандықтардың өзектілігін зерттейді;
15
Тақырып Мамандық әлемі
Бөлім 2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Оқу мақсаты 4.2.2.1 Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, өзідігімен
таңдалған материалдарды (табиғи және жасанды) және
құралдарды қолданып, эксперимент жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданып,
шығармашылық жұмысын орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Өзіне ұнаған маман иесін таңдап ал. Таңдаған маман иесін аппликация техникасында портрет
орында.
Берілген критерийлерге сай тапсырманы орында:
 Адамның бейнесін А3 форматына түсіру;
 Адамның келбетін; көзі, қасы, мұрны, ерні, шашын айқындау;
 Қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау;
 Қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс таңдау;
 Киімі, аксессуары таңдаған маман иесіне тән болу;
 Киімнің бөлшектерін, аксессуарларын креативті безендіру (түйме, қалта, қапсырма,
белбеу және т.б.);
 Жұмысты жұпта бірігіп, орындау;
 Жұмысты таза және ұқыпты орындау;
 Жұмысты толығымен безендіріп, аяқтау.
Жұмысты орындау кезеңдері:
 А3 форматын тігінен орналастыр;
 Жай қарындашты қолданып, бас пішінінін, шаштың, бет мүшелерінің, киімнің,
аксессуарлардың орналасуын белгіле;
 Түрлі-түсті қағаз немесе мата көмегімен киім бөлшектерін қиып ал;
 Киім бөлшектерін, аксессуарларын құрал-жабдықтармен (түйме, қалта, қапсырма,
белбеу және т.б.) креативті безендір;
 Жұмысты толығымен безендіріп, аяқта.
Ескерту. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаңыз.
Үлгі
16
Дескриптор Білім алушы
— жұмыстың орындалу кезеңдерін сақтайды;
— қауіпсіздік техникасын қатаң сақтайды;
— көркем еңбек құралдарымен жұмыс істейді;
— адамның бет бейнесін айқын салады;
— киімі, аксессуары таңдаған маман иесіне тән болады;
— киімнің бөлшектерін, аксессуарларын креативті
безендіреді;
— түстерді дұрыс үйлестіреді;
— жұмысты жұптасып, орындайды;
— жұмысты таза және ұқыпты орындайды;
-аппликацияны толығымен безендіріп, аяқтайды.
17
Тақырып Мамандық әлемі
Бөлім 3. Презентация, талдау және бағалау
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және
процесін шығармашылық әдістермен, арнайы
терминологияларды пайдаланып таныстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өз шығармашылық жұмысының идеясын
таныстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Аяқталған шығармашылық жұмыстан шағын көрме ұйымдастыр және төмендегі
сұрақтарға сүйене отырып, жұмысынды сынып алдында таныстыр.
 Таңдалған мамандықтың ерекшелігі неде және қазіргі уақытта бұл мамандық өзекті
ме?
 Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер, іс-әрекеттер орындадың?
 Өз жұмысының қандай жақсы жақтары бар?
 Жұмысты жасау барысында қандай қиыншылықтармен кездестің?
 Жұмысыңызды жақсартуға қатысты қандай ойларын бар?
Дескриптор Білім алушы
— өз таныстырылымында арнайы терминдерді
қолданды;
— таңдалған мамандықтың ерекшелігін айтады;
— қазіргі уақыттағы өзектілігін түсіндіреді;
— жұмыстың орындалу үрдісін түсіндіреді;
— өзінің жұмысының жақсы жақтарын айтады;
— жасау барысында болған қиыншылықтармен
бөліседі;
— жұмыстын жақсартудың жолдарын айтады.
18
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім «Табиғи құбылыстар»
Тақырып Табиғи құбылыстар
Бөлім 1.Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен
формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында
интерпретациялау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектерді анықтайды
және оны өз жұмысында интерпретациялайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну, қолдану
Тапсырма
1. Ұсынылған «Табиғат құбылыстары» суретінің ішінен бір суретті таңда. Көркем өнер
құралдарын (түсті қарындаш/ пастель/ гуашь/ акварель) пайдаланып, табиғат құбылыстарын
өрнектеп, А4 форматында бейнеле.
Кемпірқосақ
Қар
Солтүстік шұғыла
Күннің батуы
Самал жел
Жаңбыр
Дескриптор Білім алушы
— ұсынылған табиғат құбылыстарын ажыратады;
— ұсынылған «табиғат құбылыстары» суретінен бір
сурет таңдайды;
— көркем еңбек құралдарымен жұмыс істейді;
— таңдаған табиғат құбылысын өрнектеп, бейнелейді;
— табиғи құбылысты бейнелегенде визуалды
элементтерді (пішін, түс) қолданады;
— түстерді дұрыс үйлестіреді;
— жұмысты ұқыпты орындап, аяқтайды.
19
Тақырып Табиғи құбылыстар
Бөлім 2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Оқу мақсаты 4.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі
тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін көрсете
отырып жанартау макетін жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Жанартаудың макетін жұппен орындау.
Идеяларды дамытуға арналған сұрақтарға жауап беріп, өз жауаптарынды альбомға
(скетчбукте) жазыңдар.
 Қандай жанартау жасайсыздар? (конустық, қалқанды)
 Оның макетін қандай материалдан жасайсындар?
 Жанартаудың сыртқы бедерін қалай көрсетесіз?
 Сендердің жанартауларын қай мемлекетте орналасады?
 Сендердің жанартаулардың жанында қандай табиғи ландшафт орналасады?
 Ландшафттық дизайнның түрлі элементтерін жасау үшін сізге қандай материалдар
қажет?
Ұмытпаңыздар. Жанартау орналасқан мекенді ескеру керексіздер. Мысалы, Камчаткада
Ньирагонго жанартауы, Конго демокаратиялық республикасында Мирапи жанартауы және т.б.
Үлгі
Дескриптор Білім алушы
— жұмысты жұптасып, орындайды;
— үнемі жазба жұмысын жүргізеді;
— жұмыстың орындалу кезеңдерін сақтайды;
— жанартау жасау үшін тиімді материалдарды
анықтайды;
— түстердің үйлесімділігін сақтайды;
— қауіпсіздік техникасын қатаң сақтайды;
— көркем еңбек құралдарымен дұрыс жұмыс істейді;
— жұмысты ұқыпты орындап, аяқтайды.
20
Тақырып Табиғи құбылыстар
Бөлім 3. Презентация, талдау және бағалау
Оқу мақсаты 4.3.3.1 Шығармашылық жұмысты жақсартуға ұсыныс жасап,
критерийлерге сәйкес жұмысты бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық жұмыстарының жақсарту жолын
айтады және критерийлерге сай бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Аяқталған шығармашылық жұмыстан (жаңартау макеті) шағын көрме ұйымдастыр және
төмендегі сұрақтарға сүйене отырып, жұмысынды сынып алдында таныстыр.
 Таңдалған мамандықтың ерекшелігі неде және қазіргі уақытта бұл мамандық өзекті
ме?
 Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер, іс-әрекеттер орындадың?
 Өз жұмысының қандай жақсы жақтары бар?
 Жұмысты жасау барысында қандай қиыншылықтармен кездестің?
 Жұмысынды жақсартуға қатысты қандай ойларын бар?
Дескриптор Білім алушы
— жанартау түпнұсқасына ұқсайды;
— өз таныстырылымында арнайы терминдерді
қолданады;
— таңдалған мамандықтың ерекшелігін айтады;
— жұмыстың орындалу үрдісін түсіндіреді;
— өзінің жұмысының жақсы жақтарын айтады;
— жасау барысында болған қиыншылықтармен
бөліседі;
жұмыстын жақсартудың жолдарын айтады.
21
Бөлім «Қоршаған ортаны қорғау»
Тақырып Қоршаған ортаны қорғау
Бөлім 1.Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Оқу мақсаты 4.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту үшін әртүрлі
дерек көздерінен (АКТ –ны қосқанда) ақпаратты іріктеп алу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шығармашылық идеялар үшін түрлі ақпарат
көздерінен ақпаратты іріктейді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Берілген суреттерді қарастыр және төмендегі сұрақтарға жауап бер.
 Берілген жануарлар мен құстардың, өсімдіктердің қайсысы Қызыл кітапқа енгізілген?
 Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктердің, жануарлар мен құстардың мекен ететін
ортасын ата.
 Қандай себеппен олар Қызыл кітапқа енгізілген?
Дескриптор Білім алушы
— түрлі ақпарат көздерінен ақпаратты іріктейді;
— қызыл кітапқа енгізілген өсімдік, жануарлар мен
құстарды дұрыс анықтайды;
— олардың мекен ету ортасын анықтайды;
олардың Қызыл кітапқа енгізілген себебін анықтайды.
22
Тақырып Қоршаған ортаны қорғау
Бөлім 2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Оқу мақсаты 4.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі
тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін өздерінің
шығармашылық жұмысында үйлестіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. «Пуантилизм» техникасында үкінің бейнесін А4 форматында орында.
Жұмыстың орындалу кезеңдері:
 Тиімді материалдар мен құралдарды анықта;
 А4 форматына үкі суретін жай қарындаштың көмегімен сал;
 Гуашь немесе акварель бояуын таңда;
 Таңдалған бояулардың көмегімен боя.
Ескерту: үкіні бояу кезінде құс қаурсынының ерекшелігін көрсетуге тырыс.
Үлгі
Дескриптор Білім алушы
— А4 форматына құстың бейнесін дұрыс орналастырады;
— суретті ұқыпты бояйды;
 түстердің үйлесімділігін сақтайды;
— құстың қауырсынын түс және пішіндер арқылы анық
көрсетеді;
— көркем еңбек құралдарымен дұрыс жұмыс істейді;
жұмысты ұқыпты орындап, аяқтайды.
23
Тақырып Қоршаған ортаны қорғау
Бөлім 3. Презентация, талдау және бағалау
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және
процесін шығармашылық әдістермен, арнайы
терминологияларды пайдаланып таныстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өз жұмысының негізгі идеясын және жасалу үдерісін
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Төмендегі сұрақтарға сүйеніп, өткен сабақта «Пуантилизм» техникасында жасаған үкінің
бейнесін сынып алдында таныстыр.
 Алғашқы идеян қандай болды?
 Оны жүзеге асыра алдын ба?
 Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер, іс-әрекеттер орындадың?
 Өз жұмысының қандай жақсы жақтары бар?
 Жұмысты жасау барысында қандай қиыншылықтармен кездестің?
 Жұмысынды жақсартуға қатысты қандай ойларын бар?
Дескриптор Білім алушы
— шағын көрме ұйымдастырады;
— алғашқы идесы туралы айтады;
— жұмысты орындау кезеңдері мен іс-әрекеттерін
атайды;
— жұмысының жақсы жақтары мен қиыншылықтары
туралы ой бөліседі;
— өз жұмысына жақсарту жолдарын айтады.
24
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім «Ғарышқа саяхат»
Тақырып Ғарышқа саяхат
Бөлім 1.Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер (ою-өрнек) мен
формаларды анықтау және тану, оларды өз жұмыстарында
интерпретациялау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Табиғатпен жасалған сәндік өрнектер мен
формаларды анықтап, оларды өз жұмыстарында
интерпретациялайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну, қолдану
Тапсырма
1. Осы суреттерден шабыттана отырып, графикалық материалдарды қолданып, А4 форматында
«ғарыш әлемі» тақырыбына нобай сал.
Дескриптор Білім алушы
— фотосуреттерді талқылайды;
— ғарыш әлемін зерттейді;
— суреттердегі түстік гамманы анықтайды;
-болашақ шығармасына нобай орындайды.
25
Тақырып Ғарышқа саяхат
Бөлім 2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Оқу мақсаты 4.2.3.2 Әртүрлі тәсілдермен, және үйлестірілген
материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз
материалдары) көлемді пішіндер жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Түрлі тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды
үйлестіре көлемді шығарма орындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Өзіне ұнаған бір нысанды таңдап, аспан денелерінің композициясын жаса. Қосымша
заттарды қолдана отырып, безендір.
Мысалы:
 Боялған мақта дискілері, жылтыр бояулар, пластик бөтелкелерінің қалпақтары, шырша
ойыншықтары;
 Түрлі түсті қағаздан, фольгадан немесе т/б материалдан жасалған аспан денелері;
 Түрлі түсті жіп пен әуе шары және т/ б,
Үлгі
Дескриптор Білім алушы
— аспан денелерін жасауда түстік үйлесімділгін
сақтайды;
— аспан денелерінің пропорциясы сақтайды;
— түстерді дұрыс үйлестіреді;
— материалдарды үйлесімді таңдайды;
жұмысты ұқыпты орындап, аяқтайды
26
Бөлім «Болашаққа саяхат»
Тақырып Болашаққа саяхат
Бөлім 2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Оқу мақсаты 4.2.3.2 Әртүрлі тәсілдермен, және үйлестірілген
материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз
материалдары) көлемді пішіндер жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Түрлі тәсілдермен және үйлестірілген материалдарды
қолдана отырып шығармашылық жұмысын жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1. Қолданыстан қалған материалдарды (қағаздан жасалған трубкалар, балмұздақ таяқшалары,
шырыннан қалған ыдыстар, сіріңке қорабы және т/б) қолдана отырып, болашақ ғимаратының
макетін жаса.
Ескерту: Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін қатаң сақта.
Макетті жасау кезеңдері:
 А2 немесе А3 форматы өлшемінде болашақтағы ғимараттың негізін жаса;
 Қатты қағазға ғимараттың, жолды және басқа да нысандарының контур сызығын
жаса;
 Нысандарды қолданыстан қалған заттардан жаса;
 Барлық дайын бөлшектерін біріктір;
 Безендіру үшін қосымша заттарды қолдан, мысалы: ағаштар, ойыншық машиналар,
адамдар және т/б.
Дескриптор Білім алушы
— ғимараттың бөлшектері мықты жасайды;
— түрлі материалдарды үйлестіреді;
— бөлшектері ұқыпты орындайды;
— қосымша безендіру қолданады;
— жұмысты толық аяқтайды.
27
Тақырып Болашаққа саяхат
Бөлім 3. Презентация, талдау және бағалау
Оқу мақсаты 4.3.1.1 Өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және
процесін шығармашылық әдістермен, арнайы
терминологияларды пайдаланып таныстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Өз жұмысының идеясын, жасалу үдерісін түсіндіреді
және сыныптасының жұмыстарын бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1. Дайын макетті көрмеге қойып, төмендегі сұрақтарға жауап беріп, жұмысынды таныстыр.
 Алғашқы идеян қандай болды?
 Оны жүзеге асыра алдын ба?
 Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер, іс-әрекеттер орындадың?
 Ғимарат қандай мақсатқа арналған?
 Жасаған макетін қоршаған ортаны қорғау үшін қандай үлес қосады?
 Өз жұмысының қандай жақсы жақтары бар?
 Жұмысты жасау барысында қандай қиыншылықтармен кездестің?
 Жұмысынды жақсартуға қатысты қандай ойларын бар?
Дескриптор Білім алушы
— шағын көрме ұйымдастырады;
— алғашқы идесын айтады;
— жұмысты орындау кезеңдері мен іс-әрекеттерін
атайды;
— жұмысының жақсы жақтары мен қиыншылықтары
туралы ой бөліседі;
— өз жұмысына жақсарту жолдарын айтады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь