ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ЖБ Дүниежүзі тарихы 8-сынып пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

ЖБ Дүниежүзі тарихы 8-сынып пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

164
0

«Дүниежүзі тарихы»
пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
8-сынып
ЖОБА
2
ЖОБА
Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты……………………………………………………………………….4
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар………………………………….4
3. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 8-сынып ……………………………………………4
4. Ойлау дағдыларының деңгейі………………………………………………………………………………………….5
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу..6
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі…………………………………………………………………………………6 7. Модерация және балл қою ……………………………………………………………………………………………..7 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тест спецификациясы…………………………………………..8 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тест спецификациясы…………………………………………14 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тест спецификациясы…………………………………………20 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тест спецификациясы…………………………………………25
3
ЖОБА
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына
сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға
бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу
мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы»
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 8-сынып
Білу: — әлем тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді; — тарихи даму барысында қалыптасқан әлемдік мәдениеттің маңызды жетістіктерін; — тарих ғылымының ұғымдарын; — тарихи деректердің түрлерін.
Түсіну: — тарихтың барлық кезеңдері бойы дүниежүзі тарихының дамуының тұтастығы мен
үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін; — әлем елдерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты
белгілерін; — заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін; — әлем тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын.
Қолдану: — тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін; — тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде; — тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде; — әлемнің басқа да елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау
кезінде; — тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз
ұстанымын анықтау кезінде; — тарихи материалдармен жұмыс кезінде.
Талдау: — себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды,
процестерді; — жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, елдердің тарихи дамуын; — тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін; — тарихи паралелль өткізу жолымен әлемнің жекелеген мемлекеттерінің даму үрдістерін,
қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін; — проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді; — бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды; -түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған
ақпараттарды.
4
ЖОБА
Жинақтау: — жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты
белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі
ақпараттарды; — қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени
процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.
Бағалау: — тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды әлемдік тарихқа ықпалы
тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді; — әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын; — заманауи өркениеттің перспективасын, оның дамуындағы қиындықтар мен
проблемаларды.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларыны
ң деңгейі
Сипаттама Тапсырмалар
түрлері
Білу және
түсіну
XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясы;
мануфактура, фабрикалардың пайда болуы және жалдамалы
жұмысшы табының қалыптасуы; XVIІI ғасырдағы Үндістан
және Ұлыбритания; Франция мен Ұлыбританияның
Үндістанға үстемдік жүргізудегі бәсекелестігі; ағартушылық
идеяларының таралуы; Ағартушылық кезеңінің
қайраткерлері; «Ағартушылық абсолютизмі»; Еуропадағы
революциялық процестердің таралуындағы ағартушылық
идеялардың рөлі; отар елдердің әлеуметтік-экономикалық
дамуы; тәуелсіздік үшін күрес және Америка Құрама
Штаттарының құрылуы; «Тәуелсіздік декларациясы»;
ағартушылық идеялардың қоғамдық санаға әсері; Наполеон
империясының күйреуі; XIX ғасырдағы империялар және
олардың бәсекелестігі; Ұлыбритания мен Ресейдің Иранға
ықпал ету бәсекелестігі; XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа
елдері; Цин династиясының оқшаулану саясаты мен
еуропалықтардың сауда, дипломатиялық миссиялары;
Апиын соғыстары: себептері мен салдары. Еуропалық
мемлекеттердің Қытайды «ықпал ету аймақтарына» бөлуі;
жартылай отар Қытайдың әлеуметтік-экономикалық
жағдайы; «миссионерлік», «экспансия», «фактория»,
«отарлау» түсініктері; революциялық идеялардың XІX
ғасырда Еуропаға таралуы; Германияның бірігуі; Италияның
бірігуі; XІX ғасырдағы Халықшылдардың қозғалысы;
Ресейдегі марксизмнің таралуы; XІX ғасырдағы еуропалық
отарлық үстемдік. 1857-1859 жылдардағы Үндістандағы ұлтазаттық көтеріліс (сипайлар көтерілісі); Үндістанды
басқарудағы өзгерістер; XІX ғасырдың соңында әлемдік
отарлық жүйенің қалыптасуы; Америка Құрама
Штаттарының күшеюі; «Жапонияны ашу»;
трансатлантикалық құл саудасы; 1861-1865 жылдардағы
азамат соғысы; Америка Құрама Штаттарындағы
құлдықтың жойылуы.
КТБ — Көп
таңдауы бар
тапсырмалар
ҚЖ — Қысқа
жауапты қажет
ететін
тапсырмалар
5
ЖОБА
Қолдану өнеркәсіп төңкерісі: мәні, маңызы және салдарын
анықтайды; феодалдық құрылыстан капиталистік
шаруашылыққа өту кезеңін сипаттайды; индустриалды
қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси
құрылымының ерекшеліктерін анықтайды; индустриалды
қоғам әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін көрсетеді;
Осман империясының саяси және әлеуметтік-экономикалық
даму ерекшеліктерін сипаттайды; Танзимат реформасы:
мақсаттары мен нәтижелерін түсіндіреді; ХVIII ғасырдың ІІ
жартысындағы Осман империясының әлсіреуі: ішкі және
сыртқы саясаттын сипаттайды; XIX ғасырдың бірінші
жартысындағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі
Ресейді сипаттайды; Қырым соғысының себептері мен
салдарын көрсетеді; Қоғамдық санаға ағартушылық
идеялардың әсеріне сипаттама береді; революциялық
идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға таралуының
ерекшеліктерін көрсетеді.
ҚЖ — Қысқа
жауапты қажет
ететін
тапсырмалар
ТЖ — Толық
жауапты қажет
ететін
тапсырмалар
Жоғары деңгей
дағдылары
өнеркәсіп төңкерісінің мәні мен мағынасына талдау
жасайды; Наполеон Бонапарттың ішкі және сыртқы
саясатына талдау жасайды. XIX ғасырдағы өнер мен оның
бағыттарын жіктейді; әдебиет пен өнердегі әлеуметтік
әділетсіздіктің суреттелуін бағалайды; өнердегі әлеуметтік
әділетсіздіктің суреттелуіне баға береді. (Э. Золя,
А.Н.Радищев, А. Құнанбаев, Ч. Диккенс, Ф. М.
Достоевский); ғылыми ойдың дамуы. ХІХ ғасырдың ғылыми
жаңалықтарын талдайды (Ч. Дарвин, Г. Мендель және тағы
басқалар
ҚЖ — Қысқа
жауапты қажет
ететін
тапсырмалар
ТЖ — Толық
жауапты қажет
ететін
тапсырмалар
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары I 25 % 75 % 0 II 40 % 40 % 20 % III 25 % 50 % 25 % IV 25 % 50 % 25 %
Барлығы 29% 54% 1 %
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез-келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
6
ЖОБА
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез- келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып,
қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
7
ЖОБА
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тест спецификациясы
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны — 25 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ— көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ— қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ —толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар берілген бірнеше жауаптардың ішінен бір
дұрыс жауапты таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 10
тапсырмадан тұрады.
8
ЖОБА
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларыны
ң деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№ *
Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
Жаңа заманның
басталуы
7.4.1.2 Англияның әлемдік жетекші
держава ретінде қалыптасуындағы
өнеркәсіп төңкерісінің рөлін
сипаттау
Білу және
түсіну 4 1-4 КТБ 5 4
7.4.1.1 Себеп-салдарды анықтау 10
арқылы Еуропадағы феодалдық
құрылыстан капиталистік
шаруашылыққа (мануфактура,
фабрика) өту процесін түсіндіру
Қолдану
1 10 ТЖ 11 6
XVIІI ғ.
Үндістан және
Ұлыбритания
7.3.2.6 Еуропалық отаршылдық
экспансияның Шығыстың дәстүрлі
қоғамдарына ықпалын сипаттау
Қолдану 1 9 ТЖ 12 8 8
Ағартушылық
идеяларының
таралуы
7.3.2.7 Еуропалық
революциялардың солтүстік
америкалық қоғамның дамуына
ықпалын анықтау
Қолдану
3 5-7 КТБ 4 3
7
1 8 ҚЖ 8 4
Барлығы: — 10 — — 40 25 25
Еcкерту: *өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
9
ЖОБА
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың
тапсырмалары
Төмендегі сұрақтраға жауап беріңіз.
1. 1765 ж. Глазго университетінде бу машинасын ойлап тапқан өнертапқышты көрсетіңіз. A. Р.Аркрайт B. Д.Стенфенсон C. Д.Харгривс D. Д.Уатт
2. ХІХ ғасырдың 50-жылдары «әлем шеберханасы» атанған елді белгілеңіз. A. Англия B. Ресей C. Германия D. АҚШ
3. Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі басталуының алғашқы көрінісін көрсетіңіз. A. Темір жолдың пайда болуы B. Алғашқы метроның пайда болуы C. Есептеуіш машинасын ойлап табу D. Жұмыс машинасын ойлап табу
4. Алғашқы фабриканы ашқан адамды белгілеңіз. A. Р.Аркрайт B. Д.Стенфенсон C. Д.Харгривс D. Д.Уатт
5. Америка халқының Англияға қарсы тәуелсіздік соғысы басталған жылды көрсетіңіз. A. 1764 ж. B. 1773 ж. C. 1774 ж. D. 1777 ж.
6. АҚШ-тың «Тәуелсіздік декларациясының» авторын көрсетіңіз. A. Д.Вашингтон B. Б.Франклин C. Т.Джефферсон D. Гамильтон
7. Англияның АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындаған жылын көрсетіңіз. A. 1780 ж. B. 1783 ж. C. 1785 ж. D. 1788 ж. [7]
10
ЖОБА
8. Солтүстік Американың тәуелсіздік жолындағы күресінің себептерін анықтаңыз.
Солтүстік
Американың
тәуелсіздік
жолындағы
соғысының
себептері 1. 2. 3. 4. [4]
9. Берілген дерекке және өз біліміңізге сүйеніп, сұрақтарға жауап беріңіз.
Үндiстандағы ағылшындардың үстемдiгiн нағыз толық басынан өткерген алғашқы ел
Бенгалия болды. Бұл үстемдiк тiрiлердiң ғана емес, өлген жер өңдеушiлердiң соңғы тиынын
сыпырып алған жер салығы жүйесiн енгiзуден және ашықтан-ашық тонаудан басталды. Адам
төзгiсiз аштық Бенгалияны бiрнеше қайтара бос қалдырғанша алтын ағашты сiлки бердi,
сiлки бердi. Бұл процестi кейiнiрек сауда деп атады, бiрақ ол ештеңенi де өзгертпедi. Үкiмет
оны сауда деп көрсеттi, бiрақ ол сауда емес, тонау едi. Бұндай жағдай тарихта сирек
кездеседi. Ал бұның әртүрлi атаулармен, әртүрлi формада бiрнеше жыл емес, тұтас бiр
ұрпақтарға жалғасқанын есте сақтау керек.
Дерек: Неру Д. Үндістанның ашылуы
Ағылшындардың Үндістанды отарлау үдерісінде қолданған әдістердің екеуін көрсетіңіз. 1.____________________________________________________________________________ 2.____________________________________________________________________________ [2]
Келтірілген мәтіннің негізінде Англия мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас жайлы
екіден кем емес қорытындыңызды жазыңыз. 1.____________________________________________________________________________ 2.____________________________________________________________________________ [2]
Метрополия және отар дегеніміз не? 1. Метрополия — 2. Отар — [2]
Ағылшындардың Үндістанды отарлауының 2 тарихи маңызын жазыңыз. 1.____________________________________________________________________________ 2.____________________________________________________________________________ [2]
11
ЖОБА
10. Өз біліміңізді, төмендегі суреттер мен кілт сөздерді қолданып, «Өнеркәсіп төңкерісі
әлемді өзгертті» тақырыбында ПТМС формуласы бойынша сипаттама беріңіз.
Кілт сөздер: мануфактура, фабрика, машина
Эссе критерийлері: 1. Позиция (мен … санаймын) [1]
Түсіндіру (себебі……) [1]
Мысал (мен мұны … мысалдар арқылы дәлелдей аламын) [2]
Салдар (осылайша айтылған мәселе бойынша … қорытынды жасаймын) [1] 2.Суреттер мен кілт сөздерді қолдануы [1]
12
ЖОБА
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1-7
1 — D 1
Бір дұрыс жауапқа 1
балл
2 — А 1
3 — D 1
4 — А 1
5 — B 1
6 — С 1
7 — B 1
8
1. Мануфактуралар ашу, жүннен жасалған маталарды
өндіру, басқа мемлекеттермен сауда жасау, батысқа қоныс
аударуға тыйым салу
2. Тауарларға жаңа кеден салығының салынуы
3. Америкаға 10 000 ағылшын іскерін қоныстандыру
4. Герб салығының енгізілуі
4
Әрбір жауапқа 1
баллдан беріледі.
Мазмұнына сай
жауап басқа
фразамен жазылса
қабылданады
9
Үндістанның ағылшындық иеліктерінде басқарудың
зорлық-зомбылық немесе қанау әдістері қолданылды.
Метрополияның пайдасы үшін үнді халқынан салықтар
жинап қанады.
2
Мазмұнына сай
жауап басқа
фразамен жазылса
қабылданады.
Үндістандағы ағылшын иеліктеріндегі халықтың мүлде
құқықтары болмады және олар Англияның тарапынан
тонаушылыққа ұшырады. Аштық пен өлім көбейді, бірақ ол
Англияның тарапынан халыққа көмек жасалмай, керісінше
салықтардың өсуіне әкелді. Ағылшын үкіметі Үндістандағы
өз иеліктеріне табыс көзі ретінде қараған болатын.
2
Метрополия дегеніміз — ол отары бар мемлекет.
Отар — империалистік мемлекет басып алған, езіліп,
қаналып отырған ел.
2
Англияның әлемдік нарыққа енуі және халықаралық саудаға
кірігуі; Үнді халқының сана сезімінің оянуына әкеледі
т.б.c.c.
2
10
Менің ойымша өнеркәсіп төңкерісі әлемді түбегейлі өзгертті
және мемлекеттегі өнеркәсіптің басқа салалары да
өзгерістерге ұшырады т.с.с.
Мен мұны мынадай мысалдар арқылы дәлелдей аламын:
1733 жылы шұға тоқығанда өздігінен қозғалатын қайықша
(челнок) ойлап табылды. 1738 жылы адам қолының
көмегінсіз жіп тоқуға арналған машина жасалады. 1764
жылы Дж.Харгривс «Дженни» атты механикалық ұршықты,
ал 1771 жылы Р.Аркрайт алғаш рет су доңғалақтары арқылы
машинаны қозғалысқа түсіретін тоқыма фабрикасын ашты.
1765 ж. Джеймс Уатт бу машинасын құрастырды.
Айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды
жасаймын: өнеркәсіп төңкерісі жаңа калалардың пайда
болуына, жолдар мен көліктің дамуына ықпал етті, жаңа тап
— пролетариатты дүниеге әкелді. Осылайша, Англияда
капитализмнің мануфактуралық сатысынан капиталистік
өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық
жүйесіне өту кезеңін бастады т.б.с.с.
6
1. Позиция (мен …
санаймын)
[1]
Түсіндіру (себебі……)
[1]
Мысал (мен мұны …
мысалдар арқылы
дәлелдей аламын)
[2]
Салдар (осылайша
айтылған мәселе
бойынша …
қорытынды
жасаймын) [1]
2.Суреттер мен кілт
сөздерді қолдануы
[1]суреттер мен кілт
сөздерді қолдануы
Жалпы балл 25
13
ЖОБА
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тест спецификациясы
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны — 25 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ —толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар берілген бірнеше жауаптардың ішінен бір
дұрыс жауапты таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 10
тапсырмадан тұрады.
14
ЖОБА
2- тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларыны
ң деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№ *
Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
XIX ғасырдағы
империялар
және олардың
бақталастығы
7.3.2.2 XVIII–XIX ғасырдың
ортасындағы халықаралық
қатынастардағы өзгерістерді
сипаттау
Білу және
түсіну 6 1-6 КТБ 7 6
11
7.4.2.1 Түрлі мемлекеттердің
өнеркәсіптік даму сатысына өту
процесінің ерекшеліктерін
салыстыру
Қолдану 1 7 ҚЖ 6 5
Француз
буржуазиялық
революциясыны
ң көрінісі
7.2.2.2 Өнердегі негізгі стильдер
мен ағымдардың белгілерін
(неоклассицизм, романтизм,
импрессионизм, реализм) анықтау
Қолдану 1 8 ҚЖ 10 4
14
7.3.2.1 Батыс Еуропадағы
буржуазиялық революциялардың
себептерін сипаттау
Білу және
түсіну 1 9 КТБ 3 3
7.3.2.4 Империалистік соғыстардың
әлемдік саясаттың өзгеруіне
ықпалын бағалау (Наполеон
соғыстары мысалында)
Жоғары деңгей
дағдылары
1 10 ТЖ 14 7
Барлығы: — 10 — — 40 25 25
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
15
ЖОБА
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. 1853-1856 жж. Қырым соғысындағы ең сұрапыл шайқас болған қаланы көрсетіңіз.
А. Севастополь
В. Одесса
С. Керчь D. Ялта
2. 1865 ж. Стамбулда құрылған құпия ұйымды көрсетіңіз.
А. «Жас түріктер»
В. «Жаңа османдар»
С. «Құқық қорғау қоғамы» D. «Бірлік және прогресс»
3. «Жас түріктер» революциясы болған жыл.
А. 1904 ж.
В. 1906 ж.
С. 1908 ж. D. 1911 ж.
4. Жас түріктер Стамбулда үкімет билігін қолға алып, кейін жақындасуға бет алған
империалистік мемлекетті атаңыз.
А. Англия
В. Италия
С. Австро-Венгрия D. Германия
5. 1768-1774 жж. орыс-түрік соғысына Осман мемлекетін итермелеген еуропалық ел.
А. Австрия
В. Польша
С. Франция D. Мальта
6. Англия мен Францияның Ресейдің Балқан түбегіндегі саясатына қарсы шығу себебін
көрсетіңіз.
А. Ресейдің Балқан мен Жерорта аумағында күшейіп кетуінен қауіптенді
В. Ресейдің әлемдік держава болуынан қорықты
С. Осман империясына жәрдемдесті D. Ресейдің Грецияны жаулап алуынан қорықты [6]
7. Осман империясында жүргізілген Танзимат реформасының мақсаты мен нәтижесін
кестеде көрсетіңіз.
Танзимат
реформасының
мақсаттары 1. 2. 3.
Танзимат
реформасының
нәтижесі 1. 2. [5]
8. Өнердегі негізгі стильдер мен ағымдардың белгілерін анықтап жазыңыз.
16
ЖОБА
№ Стильдер мен
ағымдар
Басты белгілері 1 Импрессионизм 2 Реализм 3 Неоклассицизм 4 Романтизм [4]
9. Кестедегі «Ұлы Француз революциясы» себептерінің қайсысы экономикалық, саяси,
әлеуметтік факторларға жатады?
№ Революцияның себептері С саяси,
Э экономикалық,
Ә әлеуметтік 1 Сауда-өнеркәсіп кешеніндегі
дағдарыс 2 Абсолюттік-феодалдық
құрылыстың дағдарысы 3 Билікке ұмтылған буржуазияның
пайда болуы [3]
10. «Наполеон соғыстарының әлемдік саясаттың өзгеруіне ықпалы» тақырыбында эссе
жазыңыз.
Эссе критерийлері:
Наполеон Бонапартқа қысқаша мінездеме беру [1]
1799-1815 жылдар аралығындағы Наполеонның мансабы мен жетістіктеріне әсер еткен
маңызды оқиғаны көрсету [1]
Наполеонның билігі тұсындағы ішкі саясаттың ерекшелігін атау [1]
Наполеонның билігі тұсындағы сыртқы саясаттың ерекшелігін атау [1]
Наполеон соғыстарының әлемдік саясаттың өзгеруіне басты 2 ықпалын көрсету [2]
Қорытынды ой жазу [1]
17
ЖОБА
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1-6
1 – А 1
Бір дұрыс жауапқа 1
балл
2 – В 1
3 – С 1
4 – D 1
5 – С 1
6 – A 1
7
Танзимат реформасының мақсаттары:
1. Империядағы әртүрлі халықтардың діни сеніміне
қарамастан оның ар-ұждан, дүние-мүлкін
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2. Салықтарды дұрыс жинау және әділетті болу;
3. Әскери қызмет мерзімін қысқарту;
3 Мазмұнына сай жауап
басқа фразамен жазылса
қабылданады
Танзимат реформасының нәтижесі:
1. Осман империясының экономикалық дамуы;
2. 1876 ж. конституция қабылданды.
2
8
№ стильдер
мен
ағымдар
Басты белгілері
1 Импрессион
изм
ХІХ ғ. ІІ-жартысы мен ХХ ғ.
мифологиялық сюжет пен антикалық
тақырыпты басты ұстаным тұтқан
әдеби ағым. Ол модернизмнің бір
үлгісі ретінде көрінді.
2 Реализм Әдебиет пен өнерде өмір
құбылыстарын шынайы қалпында,
нақтылық белгілерін сақтай отырып,
жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс.
Бұл әдіс өмір құбылыстарын,
маңызды қоғамдық мәселелерді,
күнделікті тұрмыстағы сан алуан
жайттарды мейлінше кең қамтып,
әлеуметтік қайшылықтарды, адам
бейнесін терең ашып көрсетуді
мақсат тұтады.
3 Неоклассиц
изм
XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. алғашқы
жартысында Еуропа мен Америка
елдерінің рухани мәдениетінде:
музыка, театр, бейнелеу өнері,
эстетика, т.б. әдеби-көркем салаларда
тараған идеялық көркемдік бағыт.
4 Романтизм Алғаш рет Францияда ХІХ ғ. ІІ
жартысы мен ХХ ғ. басында өнерде
қалыптасқан ағым. Оның өкілдері
өмірді шынайы, айқын, боямасыз
бейнелеуге ұмтылды.
4
Бір дұрыс жауапқа 1
балл
Мазмұнына сай жауап
басқа фразамен жазылса
қабылданады
9
1 – Экономикалық 1
Бір дұрыс жауапқа 1
балл
2 – Саяси 1
3 – Әлеуметтік 1
Наполеон Бонапарт – жарты әлемді жаулаған тарихи тұлға.
Оны саяси қайраткер деп қана емес, ұлы қолбасшы, соғыс
өнерінің білікті маманы ретінде танимыз.
1
Наполеон Бонапартқа
қысқаша мінездеме
береді
18
ЖОБА
10
1799 ж. 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты
пайдаланып, мемлекеттік төңкеріс жасады. Ол елде
алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 ж. 18
мамыр) түріндегі әскери диктатура орнатты т.б.с.с.
1
1799-1815 жылдар
аралығындағы
Наполеонның мансабы
мен жетістіктеріне әсер
еткен оқиғаны көрсетеді
Ол бірқатар реформалар жүргізді: азаматтық кодексті
қабылдау, Француз банкін негіздеу т.б.
1
Наполеонның билігі
тұсындағы ішкі
саясаттың ерекшелігін
атайды
1801-1802 жылдар – осы кезеңде Бонапарт Францияның
негізгі қарсыластармен (Ресеймен, Австриямен,
Ұлыбританиямен) бейбітшілік шарттар жасасады.
Александр I қарым-қатынастарды үзе отырып, Наполеон
Ресеймен соғысуға шешім қабылдады. Ресей компаниясы
1812 жылы Империя ақырының басы болды.
1
Наполеонның билігі
тұсындағы сыртқы
саясаттың ерекшелігін
атайды
Наполеон билікке келісімен жаулаушылық соғыстар
жүргізіп, әлемнің көптеген елдерін тізе бүктірді.
Наполеонның әскери жетістіктері империя шекарасының
ұлғаюына алып келді. Наполеон күш-қуатының арқасында
Еуропа монархтарын өз билігімен санасуға мәжбүрледі.
2
Наполеон
соғыстарының әлемдік
саясаттың өзгеруіне
басты 2 ықпалын
көрсетеді-2 балл
Францияның жеңістері Наполеонның жеке жетістіктерімен
байланысты болды, алайда француз армияы әлсіз болаттын.
1
қорытындыда өз пікірін
білдіруі
Мазмұнына сай жауап
басқа фразамен жазылса
қабылданады.
Жалпы балл 25
19
ЖОБА
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тест спецификациясы
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны — 25 балл
Тапсырмалар түрлері
КТБ— көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ— қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ —толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар берілген бірнеше жауаптардың ішінен бір
дұрыс жауапты таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 6
тапсырмадан тұрады.
20
ЖОБА
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмасының спецификациясы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№ *
Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
XІX ғасырдағы
Қытай мен
Еуропа елдері
7.3.2.2 XVIII – XIX ғасырдың
ортасындағы халықаралық
қатынастардағы өзгерістерді
сипаттау
Білу және түсіну 3 1-3 КТБ 4 3 3
Революциялық
идеялардың XІX
ғасырдағы
Еуропаға әсері
7.3.1.4 Әртүрлі елдердің бір
уақыт кезеңіндегі тарихи
оқиғаларын салыстыру арқылы
ұлттық мемлекеттердің (Италия,
Германия) қалыптасу маңызын
анықтау
Қолдану 1 4 ҚЖ 8 4 4
XІX ғасырдағы
еуропалық
отаршыл
үстемдік
7.3.2.6 Еуропалық отаршылдық
экспанциясының шығыстың
дәстүрлі қоғамдарына ықпалын
сипаттау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 5 ТЖ 16 10 10
XІX ғасырдағы
Ресейдегі
қоғамдық-саяси
ойдың дамуы
7.2.3.1 Ресейде жаңа қоғамдықсаяси ағымдардың
(халықшылдық, либерализм)
пайда болу себептерін анықтау
Білу және түсіну 1 6 КТБ 12 8 8
Барлығы: — 6 — — 40 25 25
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
21
ЖОБА
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. XVIII-XIX ғғ. Қытайдың дүниежүзі елдерінен дамуы жағынан артта қалу себебін
көрсетіңіз.
А) Феодалдық-абсолютизмнің сақталуы
В) Сыртқы шапқыншылықтың жиі болуы
С) Экономикалық бытыранқылықтың үстемдігі
D) Ешқандай елмен дипломатиялық не сауда байланысын жасамауы
2. Қытай нарығын жаулап алу жолындағы «апиын соғыстарының» бастамашысы болған
мемлекетті көрсетіңіз.
А) Ресей
В) Англия
С) Жапония
D) Франция
3. Қытайда екінші апиын соғысы болған жылдарды көрсетіңіз.
А) 1840-1842 жж.
В) 1845-1847 жж.
С) 1856-1860 жж. D) 1860-1862 жж. [3]
4.Ұлттық мемлекеттердің қалыптасу маңызын анықтаңыз.
Италияның бірігуі Германияның бірігуі [4]
5. Француз суретшісі Анри Мейердің карикатурасын қарастырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
22
ЖОБА «Қытай бәлішінің» үлкен кесегін қай мемлекет алады? Жауабыңызға 3 дәлелдеме келтіріңіз. [3]
Карикатураның негізінде ХХ ғ.басындағы Қытайдың жағдайына 3 мысал келтіріңіз. [3]
Еуропалық отаршылдық экспанциясының шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын 3
мысалмен көрсетіңіз. [3]
Қорытынды жазыңыз. [1]
6. Ресейдегі жаңа қоғамдық-саяси ағымдарға сәйкес, берілген тұжырымдамаларды тиісті
ұяшыққа орналастырыңыз. 1) Шаруаларды көтеріліске шығару мақсатында революция және социализм
идеяларын насихаттау 2) Самодержанвияны, православ дінін және поместъьелік жер шаруашылығын
сақтау 3) «Жер және бостандыққа» ұмтылған шаруаларға сүйеніп, самодержанвияны
революционерлердің шағын топтарымен құлату 4) Әлеуметтік теңдік пен шынайылықты қалыптастыру. Негізгі мақсаты- адамды
адамның қанауынсыз және әлеуметтік езушіліксіз қоғам құру 5) Жоғарғы биліктің шектелуін, ұлттына, дініне қарамастан адам құқықарына
кепілдік беретін конституцияның қабылдануын қолдау 6) Азаматтық қоғамның қалыптасуына және конституциялық монархияға біртебірте өтуге жағдай жасайтын өзгерістер 7) Социализм жұмысшы шаруалар арқылы қалыптасуы қажет 8) Ескі жүйені сақтай отыра, шаруаларды сақтау және жергілікті басқаруды енгізу
Либерализм Консерватизм Халықшылдық Социалдемократия [8]
23
ЖОБА
Балл қою кестесі
тапсырма
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат 1-3 1- D 1 Бір дұрыс 2- B 1 жауапқа 1 балл 3-D 1 4 Германия Италия
Мемлекеттің бірігуінде
канцлер негізгі рол
атқарды
Елдің автриялық
езушіліктен
құтқарылуы
Бұл мемлекеттің бірігуі
«жоғарыдан» жүргізілді,
ол «темір және қан»
саясатының енгізілуімен
жүрді
«Төменнен бірігу» – яғни
революциялық
жолмен бірікті 4 Мазмұнына сай
басқа да дұрыс
жауап жазылса
қабылданады 5
Бәліштің үлкен кесегін Англия алады, себебі ол
«Қытайды ашу» бастамасын алғаш көтерген
және «апиын соғысы» барысында Қытайды үлкен
жеңіліске ұшыратқан болатын. Тең құқықтық
емес келісімшарттары бойынша Англия
контрибуция мен өзі үшін тиімді шарттарға ие
болды. Сонымен қатар Англияның әскері
ихетуандар көтерілісін басуға қатысты. 3
Мазмұнына сай
басқа да дұрыс
жауап жазылса
қабылданады
Қытай саяси және әлеуметтік-экономикалық
қарым-қатынас тұрғысынан әлсіз мемлекет
болды. ХХ ғасырдың басында мемлекет еуропа
державаларының жартылай отарына айналды.
Апиын және өзге соғыстардағы жеңілістер,
ихетуандар көтерілісінің басылуы және тең
құқықтық емес келісімдерді бекітуі мемлекетті
бөліп алып басқару аймақтарына айналдырды. 3
Еуропалық отаршылдық экспанциялары
шығыстың кейбір дәстүрлерін түбегейлі жойды.
Халқын қырғынға ұшыратып, жергілікті халықты
аяусыз қырып жойды. Жергілікті халыққа тиесілі
пайдалы қазбаларды әкетіп отырды. 3
Отаршылдық саясаттың салдарынан көптеген
шығыс елдерінің тұрмысы мен әлеуметтік,
экономикалық жағдайлары өзгеріске ұшырады. 1 6
Либерализм Консерватизм Халықшылдық Социалдемократия
5 2 1 4
6 8 3 7 8
Жалпы балл 25
24
ЖОБА
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тест спецификациясы
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны — 25 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар
сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар берілген бірнеше жауаптардың ішінен бір
дұрыс жауапты таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап
береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және
шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 10
тапсырмадан тұрады.
25
ЖОБА
4- тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№ *
Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
Америка Құрама
Штаттарының
күшеюі
7.3.1.2 ХІХ ғасырдағы Америка
Құрама Штаттары
территориясының кеңею
үдерісін сипаттау
Білу және түсіну 6 1-6 КТБ 6 6
13
7.1.2.2 Трансатлантикалық
құлдықтың ерекшеліктерін
анықтау
Қолдану 2 7-8 ҚЖ 14 7
Ғылыми ойдың
дамуы
7.2.4.1 Өзгерістер мен
сабақтастықты көрсету арқылы,
адам мен қоғам өміріндегі
ғылыми жаңалықтардың
маңызын талдау
Жоғары деңгей
дағдылары
1 9 ТЖ 10 7 7
Суретшілер мен
жазушылардың
көзқарасымен XІX
ғасырдағы
өзгерістерге шолу
7.2.2.1 Тарихи оқиғаларды
интерпретациялау үшін өнер
туындыларын пайдалану
Қолдану 1 10 ТЖ 10 5 5
Барлығы: — 10 — — 40 25 25
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
26
ЖОБА
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. ХІХ ғасырдың ортасындағы АҚШ-тың саяси өміріндегі ең шиеленісті мәселе.
А. Отар иелену
В. Құлдық мәселесі
С. Демократия мәселесі
D. Билік үшін күрес мәселесі
2. Қара құлдарды азат етіп, құлдықты жойған АҚШ президенті.
А. Джон Адамс
В. Джеймс Мэдисон
С. Авраам Линкольн
D. Томас Джефферсон
3. 1803 жылы АҚШ Луизиананы қай елден алғандығын көрсетіңіз.
A) Англия
B) Испания
C) Португалия
D) Франция
E) Голландия
4. 1845 жылы АҚШ иеленген, бұрын Мексиканың иелігінде болған, аймақты көрсетіңіз.
A) Техас
B) Юта
C) Филадельфия
D) Пенсильвания
E) Висконсин
5. АҚШ территориясы жаулап алудың себептерінен төрте есе ұлғайған болатын және батыс
шекара енді осы аймақтан өтетін болды. A) Солтүстік мұзды мұхиты жағалауы B) Атлант мұхиты жағалауы C) Тынық мұхиты жағалауы D) Үнді мұхиты жағалауы E) Мексика түбегі жағалауы
6. АҚШ-тың батысындағы бос жерлерді жеке азаматтардың иелігіне беруге рұқсат берген,
АҚШ-тың заңын көрсетіңіз. A) «Құқық туралы билл» B) «АҚШ конституциясы» C) «Тәуелсіздік Декларациясы» D) «Гомстедтер туралы заң» E) «Құлдықты жоюға бағытталған заң» [6]
27
ЖОБА
7. Суреттерге қатысты төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Көрсетілген суреттер қандай тарихи оқиғамен байланысты? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз. 2. Берілген тарихи оқиғаның негізгі себептері қандай? 2 себебін көрсетіңіз. 3. Оқиғаның тарихи маңызын жазыңыз. Пікіріңізге 2 дәлел келтіріңіз. [5]
8. Кестеге АҚШ-ның Жапонияны ашуының 2 себебін жазыңыз.
Себептері 1 2 [2]
9. XIX ғасырдағы 3 ғылыми жаңалықтың атауын және олардың адам мен қоғам өміріндегі
маңызын жазыңыз. Жауабыңызды қорытындылаңыз.
Ғылыми жаңалық атауы Маңызы 1 2 3
Қорытынды [7]
28
ЖОБА
10. Өз біліміңізге және суреттерге сүйеніп, «Өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікпен
күреседі» тақырыбына сипаттама жазыңыз.
The bosses of the senate. Source: Joseph J.Keppler.
Критерийлері:
• Позиция (мен … санаймын) [1]
Түсіндіру (себебі……) [1]
Мысал (мен мұны … 2 мысал арқылы дәлелдей аламын) [2]
Салдар (Осылайша айтылған мәселе бойынша … қорытынды жасаймын) [1]
29
ЖОБА
Балл қою кестесі
Тапсырма
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1-6
1 – B 1
Бір дұрыс жауапқа 1
балл
2 – C 1
3 – D 1
4 – A 1
5 – C 1
6 – D 1
7
1. Берілген суреттер АҚШ-ғы азамат соғысына
қатысты. Америкадағы азамат соғысы (1861 —
1865) ХІХ ғасырдың ортасында АҚШ-тың
солтүстігінде жалдамалы еңбек пен оңтүстік
штаттардағы құл еңбегі арасындағы
қайшылықтардан туған соғыс.
1
Мазмұнына сай жауап
басқа фразамен
2. Құл иеленушіліктің сақталуы елдің жазылса қабылданады.
экономикасының дамуына кедергі жасады;
Оңтүстік штаттардың жеке бөлек мемлекет
құруды қалады; Солтүстік штаттардың АҚШ
тұтас сақтап қалуды мақсат етті.
2
3. Американдықтар өз мемлекетінің тұтастығын
сақтап қалды; Азамат соғысы маңызды
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешті;
құлдық жойылды және аграрлық мәселе
реттелді.
2
8
1 Американдықтар Жапон аймағындағы өз
теңізшілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді
көздеді.
1
Мазмұнына сай жауап
басқа фразамен
2 Сауда қатынастарын кеңейтуді ойлады. 1 жазылса қабылданады.
9
Жаңалық атауы: Рентген сәулелері ашылды. 1 Мазмұнына сай жауап
басқа фразамен
Маңызы: Рентген сәулелері өмірдің көптеген жазылса қабылданады.
салаларында кеңінен қолданылуда. Бұл жаңалық
бiрден медицина тәжiрибесiне енгiзiлiп, оның
негiзiнде жасалған рентген аппараты
көпшiлiктiң
қызығушылығын тудырды. Ендi дәрiгерлер
аурулардың iшкi зақымдарын, сынған
сүйектерiн көрiп, бақылауға мүмкiндiк алды.
1
Жаңалық атауы: Д.И.Менделеевтiң химиялық
элементтердiң периодтық жүйесi ашылды. 1
Маңызы: Көптеген белгісіз элементтер ашылды.
Периодтық жүйеге сүйене отырып, физиктер
атомның ішкі құрылысын ашты. Периодтық
жүйе ғылымның терең сырларын түсінуге
мүмкіндік берді.
1
Жаңалық атауы: Микробиология ғылымы
ашылды.
1
Маңызы: Азық-түлiктердi стерилизациялау мен
пастеризациялау әдiстерiн жасауда зор маңызға
ие болды. Оның iзденiстерi иммунитет туралы
iлiмнiң негiзiн қалады.
1
Қорытынды: XIX ғасырдың екінші
жартысындағы ашылған табиғи-ғылыми
жаңалықтардың басты маңыздылығы: ол
материяның құрылысы, кеңістік, уақыт,
1
30
ЖОБА
қозғалыс, тірі табиғаттың дамуы, табиғаттағы
адамның орны, жердегі тіршіліктің пайда болуы
туралы көзқарастарды түбірімен өзгертті.
10
Менің пайымдауымша өнер мен әдебиет
әлеуметтік әділетсіздікпен күрес жүргізеді. 1 Позиция санаймын) (мен …
Себебі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік терең
көрініс тауып, оның дамуын тежеген болатын. 1 Түсіндіру (себебі……)
Ұлыбританияда ХІХ ғасырды Ч. Диккенстең
шебер және айқын суреттеп берген ешкім
болған жоқ. Ол әсіресе Викториан дәуіріндегі
әлеуметтік өмір, оның ішінде кедей адамдардың
өмірін бейнелеген бірнеше роман, әңгіме және
мақалалардың авторы ретінде танымал. Ең
алдымен Диккенстің «Дэвид Копперфилд»,
«Николас Никльби» және «Оливер Твист»
шығармаларын айтуға болады. Дарынды
қаламгер адам жанын терең түсініп, өз
заманының әлеуметтік кемшіліктерін дөп басып
суреттей білген. Ол дәуірінің жаман жағын да,
жақсы жағын да өз шығармаларында айқын
суреттеп, өз дәуіріне тән, сол жағдайға лайық,
әлеуметтік, таптық ірі, келелі мәселелермен
қатар, кейбір елеусіз нәрселерге дейін көре
білді. Сөйтіп ол өз заманының айқын айнасы
болды.
Сонымен қатар ХІХ ғ. музыкалық опералық
өнерде реализм шыңындағы ұлы итальян
композиторы Джузеппе Вердидің әлеуметтік
теңсіздікті әшкерелеуге бағытталған жоғары
гуманизмін байқауға болады. 1850 жылдардағы
«Риголетто», «Трубадур», «Травиата» белгілі
операларында Верди музыка тілінің қарапайым
мәнерлігімен кейіпкерлердің ішкі әлеміне терең
ене білген т.б.с.с.
1
Мысал (мен мұны
мынадай мысалдар
арқылы дәлелдей
аламын)
ХІХ ғасыр әлемге Абай, Толстой, Пушкин,
Диккенс, Байрон, Твен, Скотт, По, Уайльд,
Киплинг, Гете, Гейне атты танымал
жазушыларды дүниеге әкелді. Олар әлемдік
классика саналатын туындыларды жазды.
Жазушылар сол заманның көптеген мәселелерін
өз туындыларына арқау еткен, бірақ сол
мәселелердің ең бастысы әлеуметтік теңсіздік
еді т.б.с.с.
1
Салдар (Осылайша
айтылған мәселе
бойынша мынандай
қорытынды
жасаймын….)
1
Эссе құрылымын
сақтауы
Мазмұнына сай
жауаптар
қабылданады.
Жалпы балл 25
31

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь