ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Әдебиеттік оқу 2-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Әдебиеттік оқу 2-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

475
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Әдебиеттік оқу 2-сынып

 

Құрметті мұғалім!

 

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

 

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 

Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

 

Мазмұны

Бөлім: Тыңдалым және айтылым………………………………………………………………………………… 4

Бөлім: Оқылым…………………………………………………………………………………………………………… 8

Бөлім: Жазылым……………………………………………………………………………………………………….. 17

Бөлім: Тыңдалым және айтылым………………………………………………………………………………. 21

Бөлім: Оқылым…………………………………………………………………………………………………………. 25

Бөлім: Жазылым……………………………………………………………………………………………………….. 32

Бөлім: Тыңдалым және айтылым………………………………………………………………………………. 35

Бөлім: Оқылым…………………………………………………………………………………………………………. 40

Бөлім: Жазылым……………………………………………………………………………………………………….. 52

Бөлім: Тыңдалым және айтылым………………………………………………………………………………. 55

Бөлім: Оқылым…………………………………………………………………………………………………………. 59

Бөлім: Жазылым……………………………………………………………………………………………………….. 67

 

1-тоқсан

 

Бөлім: Тыңдалым және айтылым

 

Бөлімше                                      1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну

 

Оқу мақсаты                             2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша  сұрақтарға жауап

беру

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

 

 

Тапсырма

 

Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер.

 

Мен қалай оқуға бардым?

 

Менің Әбіш деген құрдасым бар еді. Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам, кітабында жұмбақ, мақал, өлең, басқа да жақсы сөздер көп екен. «Оқу үйренсем, мен де солай оқыр едім» деп ойға қалдым. Үйге қайтып келдім. «Оқуға барамын!» дедім. Әкем мен анам бұл ойымды ұнатты. Ертеңіне әкем мені оқуға апарды.

 

 

 

 

  • Әбіш деген кім?
  • Оның кітабында нелер көп екен?
  • Баланың оқуға баруына не себеп болды?
  • Ахмет Байтұрсынов туралы не білесіз?

 

 

 

 

Дескриптор               Білім алушы

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • шығарманың авторы туралы әңгімелейді.

(А. Байтұрсынов)

 

Бөлімше                                         1.2 Шығарманы мазмұндау
 

Оқу мақсаты                    2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын ж немесе өз сөзімен мазмұндау/үз мазмұндау/ сахналау

 

оспар бойынша індісін

 

Бағалау критерийі                      Білім алушы

•     Мәтіннің үзіндісін өз сөзімен айт

 

 

ады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Мәтінді мұқият тыңда.

Бір уыс мақта

Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отырғанда,  шешесi қасына отырып, ақыл айтады:

— Балам, дүниедегi жаратылған жанды — жансыздардың ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, – дейді.

Сол сөздi айтып отырғанда, қыз киiмді  жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастайды да:

–  Апа, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қоймас, – дейді. Шешесi:

–  Балам, ол да жерде қалмайды, – дептi.

Осылайша сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырады. Мұны бiр торғай  тұмсығымен қағып алып, ұшып кетедi.

Қыз апасынан:

–  Мақтаның қиқымын бiр торғай іліп алып кеттi, оны не қылады? – деп сұрайды.

–  Көрдiң бе, балам, күн айналмай  манағы айтқан сөздің келе қалғанын. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi, – дептi.

 

(Ы. Алтынсарин)

•     Кез келген суретті таңдап ал. Мәтіннің суретке сәйкес бөлігінің  мазмұнын айт.

 

 

1                                                                    2                                                                3

 

 

 

 

Дескриптор                 Білім алушы

–        мәтіннің үзіндісін өз сөзімен мазмұндайды;

–        сөйлеу барысында лексикалық және грамматик нормаларды сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

алық

 

Бөлімше                                1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

 

Оқу мақсаты                         2.1.3.1  Шығарманың  тақырыбы  мен  үзіндісіне  (бастапқы

бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау

 

Бағалау критерийі                Білім алушы

  • Тақырыпқа сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

Мәтіннің үзіндісін мұқият тыңда.

 

Әділет екінші сыныпта оқиды. Анасы оған жаңа оқу құралдарын сатып әперді. Әділет оларды сөмкесіне салып қойды.

Бір кезде ол сөмкенің ішінен шығып жатқан дауыстарды естіді…

 

Оқиғаның бастапқы бөліміне сүйеніп, «Оқу құралдары арасындағы дау» деген тақырыпқа мәтін құрастырып айт.

 

Мәтін құрастыруда берілген суреттер мен сұрақтарды пайдалан.

 

  • Дауға қандай оқу құралдары қатысуы мүмкін?
  • Олар өзі туралы не айтады деп ойлайсың?
  • Оқиға қалай аяқталуы мүмкін?

 

 

 

 

 

 

Дескриптор            Білім алушы

  • оқиғаның соңын болжап айтады;
  • мәтінді тақырыпқа сәйкес құрастырады;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

 

 

Бөлімше                                   1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
 

Оқу мақсаты

 

2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Өз ойын айту үшін тірек сөздерді қолданады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Әңгімені мұқият тыңда. Тірек сөздерді түртіп ал.

 

Ертеде бір қария өзінің ұлдарына өсиет қалдыру үшін бір бума шыбықты сындыруды ұсынған екен. Ұлдары олай әуреленіп, былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмапты. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсыныпты. Шыбықтар оп — оңай сынған екен. Сонда ақсақал ұлдарына: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге де ешкімнің әлі келмейді. Ал жеке–жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады», — деген екен.

 

Сұрақтарға жауап бер. Түртіп алған сөздеріңді пайдаланып, топта ой бөліс.

 

•     Қарияның балаларына айтқан өсиетін қалай түсіндің?

•     Бір талдап сындырған кезде шыбық неліктен оп-оңай сынды?

•     Қария балаларына шыбықты неліктен бума түрінде берді деп ойлайсың?

•     Бұл әрекеті арқылы қария балаларына не айтқысы келді екен?

•     Әңгімеден қандай ой түйдің?

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        мәтіннен тірек сөздерді түртіп алады;

–          сұрақтарға қатысты ой бөліседі;

–        мәтіндегі оқиғаға қатысты өз ойын білдіреді;

–        тірек сөздерді орынды қолданады.

 

Бөлім: Оқылым
 

Бөлімше                                           2.1 Оқу түрлерін қолдану

 

Оқу мақсаты

 

2.2.1.1 Мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/ рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•    Мәтінді рөлге бөліп, қатесіз  оқиды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Жұптық жұмыс

Өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқы.

 

Айтшы, Әжетай, Әжетай!

 

– Айтшы, Әжетай, Әжетай!          Егіншіні есіңе ал, – Атам осы, кім менің?                    Диқан ағаң сол жаным!

– Атаң атын  баптаған                  – Айтшы, Әжетай, Әжетай, Бәйгі бермес «Ақтабан»                Апатайым кім менің? Құстай сергек ұйқысы                  – Мақтансаң сен басқаға,

 

 

 

 

 

 

 

 

Атаң сенің жылқышы.

–  Айтшы, Әжетай, Әжетай, Ағатайым кім менің?

–  Құймақ, тоқаш, ақ нанның Білсең тәтті бал дәмін,

 

 

 

 

 

 

 

 

Апаңды естен тастама, Жүз баланың анасы, Тәрбиеші ол бақшада.

–  Құлыным, ботам, көжегім!

Кім боласың, сен өзің?

 

(Ж.Смақов.)

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        өлеңді дауыстап және қатесіз оқиды;

–        оқу барысында өз рөлін сақтайды;

–        дауыс ырғағын дұрыс қояды.

 

Бөлімше                                        2.1 Оқу түрлерін қолдану
 

Оқу мақсаты

 

2.2.1.2     Шығарманы    іштей     оқып,    ондағы    қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Мәтінді оқы.   «Адалдық» туралы айтылған сөйлемдерді қоршап сыз.

 

Адалдық

 

Қаншайым апайдың екi ұлы бар. Үлкенi – Алмас, жасы сегiзде.   Кiшiсi – Алмат, оның жасы алтыда.

Бiрде олардың анасы базардан мандарин алып келдi. Екеуi қуанып,  бiразын жедi. Қалғанын ертең жемек болып келiстi.

Түнде Алмас iнiсiне бiлдiрмей, тағы да үш мандаринді жеп  қойды.

Ертеңiне Алмас кiтап оқып отырған. Қасына  Алмат келді. Қолында мандариндері бар.

–   «Кешегi келiскенiмiздей бөлiп жейiк»,– деп мандаринді екеуіне   үш-үштен тең бөлдi.  Мандариннің бiреуi артық қалды. Оны көрген Алмат:

–   «Сен үлкенсiң ғой, мынаны сен же»,– деп артығын Алмасқа ұсынды.

Түндегi ұрлығы есiне түскен Алмас қатты ұялды. Оның мандаринге зауқы соқпады.

(Ж.Садықова) Сұрақтарға жауап бер.

 

•     Кейіпкерлердің қайсысының іс- әрекеті мәтіннің тақырыбына сәйкес келеді?

Белгіле (P)

 

Алмастың                                           Алматтың

 

 

 

•     Алмастың мандарин жеуге неліктен зауқы болмады деп ойлайсың?

•     Мәтіннен қандай ой түйдің?

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        мәтінді  қатесіз оқиды;

–        қажетті ақпараттарды белгілеп көрсетеді;

–        мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

–        мәтін мазмұнына қатысты ойын айтады.

 

Бөлімше                                        2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
 

Оқу мақсаты

 

2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтіннің мазмұны бойынша нақтылау сұрағын қояды

•     Мәтіннен сұрақтың  жауабын табады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Мәтінді  түсініп оқы.

Балапан

 

Жазда Арман мен Нұрлан ата-әжесінің ауылына барды. Олар атасына бақшаны тазалауға көмектесіп жүр еді. Нұрлан жерде шиқылдап жатқан сары ауыз балапанды байқап қалды. Бұл ұядан құлап түскен торғайдың балапаны екен. Өзі кіп-кішкентай, сүп- сүйкімді.  Балапан шиқылдай берді.

Арман сатыға мініп, балапанды ұясына салып қойды. Енді олар балапанға үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

 

Дұрыс жауапты белгіле:           Иә, (P)     ,       Жоқ, (×) Жазда балалар ата-әжесінің ауылына барды.

 

Кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді балапанды көрді. Арман  балапанды үйіне алып кетті.

Жұптық жұмыс

 

•     Мәтіннің  мазмұны бойынша  «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беретіндей  екі  сұрақ құрастырып жаз.

•     Жұбыңның қойған сұрағына мәтіннен жауап тауып, оқып бер.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

–        мәтіннің мазмұны бойынша нақтылау сұрақтарын  қояды;

–        қойылған сұрақтардың жауабын мәтіннен  тауып оқиды

 

2.3  Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлімше                                    2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
 

Оқу мақсаты

 

2.2.4.1  Мақал-мәтел,  жұмбақ,  ертегі,  тұрмыс-салт  жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Жанрлық ерекшеліктері бойынша халық ауыз әдебиеті үлгілерін ажыратады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Білу және түсіну Қолдану

 

Тапсырма

 

Мәтіндерді түсініп оқы. Олар қандай жанрда жазылған? Сәйкестендір.

 

 

 

Ата – бәйтерек,                    Менің әжем – ақ әжем,                   Бала, бала, бала —      деп, Бала – жапырақ,               Ұл мен қыздың бағы әжем.                Түнде шошып оянған. Ана – жағасындағы          Ертегі айтып бер десең,                     Түн ұйқысын төрт бөліп, құрақ.                                 Айтып берер тағы әжем.                    Түнде бесік таянаған.

Бұл кім?

 

 

 

 

 

 

жұмбақ                         мақал                          өлең

 

 

•     Шығармалардың  жанрын қандай ерекшеліктеріне сүйеніп анықтадың?

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

Білім алушы

–        мақалды анықтайды;

–        өлеңді анықтайды;

–        жұмбақты анықтайды;

–        шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін түсіндіреді.

 

 

Бөлімше                                    2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
 

Оқу мақсаты

 

2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтіндегі кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы көзқарасын білдіреді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

 

Мәтінді оқы.

Жаман жолдас

 

Екi дос кiсi орманда келе жатып, бiр аюға кездесіпті. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен. Ал екiншiсi мықты, жас жiгiт болыпты. Аюды көрген соң сау жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кетеді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлап, созылып, өлген кiсi болып жата қалыпты. Аю өлген кiсiге тимейдi дегенді естуi бар едi.

Аю жатқан кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрады да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап, жөнiне кетіпті. Мұнан соң манағы сау жолдасы ағаштан түсiп, ауру жолдасынан сұрапты:

–  Достым, аю құлағыңа не деп сыбырлап кеттi? Сонда ауру досы айтты дейдi:

–    Аю құлағыма екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, – дептi.

 

(Ы. Алтынсарин)

 

Мәтіннің кейіпкерлеріне мінездеме бер:

•     Кейіркерлердің іс- әрекеті туралы не айта аласың?

•     Мəтіннен қандай ой түйдің?

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–  кейіпкерлерге мінездеме береді;

–  кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы ойын айтады;

− мəтіннің негізгі ойын айтады.

 

Бөлімше                               2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау
 

Оқу мақсаты

 

2.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Шығармадан  кейіптеу сөздерді анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Білу және түсіну Қолдану

 

Тапсырма

 

Өлеңді мәнерлеп оқы.

 

 

 

Ызғарлы жел долданып, Екі иінінен дем алып , Ішін тартып осқырып Кейде қатты ысқырып Аңдай ұлып бір мезгіл , Екі санын шапақтап

Біресе сақ-сақ күледі.

 

 

 

 

(М.Жұмабаевтың «Қысқы жолда» өлеңінен  үзінді)

•     Ақын желді кімге ұқсатады?

•     Оны қай жолдардан байқауға болады?

•     Өлеңнен кейіптеу сөздерді тауып, көшіріп жаз.

 

 

 

Дескриптор             Білім алушы

–        өлеңді  мәнерлеп, қатесіз оқиды.

–        желді бейнелейтін сөздерді анықтайды;

–        өлеңнен кейіптеуді тауып жазады.

 

Бөлімше                                        2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру
 

Оқу мақсаты

 

2.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/мультфильм) нұсқасымен салыстыру

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтіннің  басқа үлгідегі нұсқасынан айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

Үзіндіні оқы.

Менің атым-Қожа

(Б. Соқпақпаев)

… Таңертеңгі шайымды ішіп алғаннан кейін, аяңдап мектептің спорт алаңына қарай келе жаттым. Қолтығымда добым бар. Біздің «Спартак» кеше қайраттықтардан жетіде бес болып ұтылған еді. Бүгін оларды қалайда жеңуіміз керек. Команданың капитаны ретінде соған қатты ширығып, іштей дайындықпен келе жатырмын.

Мектептің қасында Жантас кездесе кетті. Қолында мөр басылған бір жапырақ жазулы қағазы бар. Соны шертіп-шертіп қойып:

—          Қаракөже, мынаның не екенін білесің бе? – дейді.

—          Ол не?

—          Лагерьге жолдама. …

 

 

«Менің атым Қожа» (https://www.youtube.com/watch?v=SSASQ51Qakw ) көркем фильмінен  осы көріністі бейнелейтін  үзіндіні қара.

 

•     Оқыған үзіндіні фильмдегі нұсқамен  салыстыр.

•     Екеуінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын сипаттап айт.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        шығарманың үзіндісін түсініп оқиды;

–        мәтін мен  көркем фильм нұсқасының ұқсастықтарын атайды;

–        мәтін  мен    көркем  фильмнің  айырмашылықтарын  анықтайды және сипаттайды.

 

Бөлімше                                     2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

 

Оқу мақсаты                             2.2.9.1     Сұраққа    жауапты    анықтамалық    кітаптардан/

жинақтардан/ сөздіктерден  табу және ақпаратты берілген

үлгі  кестеге салу

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Дереккөздерді пайдаланып, қажетті ақпаратты анықтайды және кестеге түсіреді

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

 

 

Тапсырма

 

Берілген үзіндіні оқы.

 

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

  • Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне:
  • Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын,- деді.

(Ы. Алтынсарин)

 

Сұрақтарға жауап бер.  Кестені толтыр.

 

  • Берілген үзінді Ы. Алтынсариннің қай шығармасынан алынған?
  • Оқиға қалай аяқталады?
  • Түсіндірме сөздіктен «таға» сөзінің мағынасын анықтап, жаз.

 

Шығарманың тақырыбы Оқиғаның соңы «Таға» сөзінің мағынасы

 

Дескриптор                 Білім алушы

  • шығарма үзіндісін түсініп оқиды;
  • берілген үзіндінің тақырыбын анықтайды;
  • сөздіктен «таға» сөзінің мағынасын табады;
  • жиналған ақпаратты кестеге түсіреді.

 

 

Бөлім: Жазылым
 

Бөлімше                                       3.1 Шығарманың жоспарын құру

 

Оқу мақсаты

 

2.3.1.1     Мұғалім      көмегімен      оқылған     шығарманы бөліктерге бөліп,  жоспар құру

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтінге жоспар құрады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Мәтінді түсініп оқы.

 

Адал дос

Екі дос көше бойымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Абылан, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар. Көп жүгіре алмайды.

Бір үйдің жанынан өте бергенде олардың алдарынан дәу қара төбет шыға келді.

–    Абылан, қаш, ит келіп қалды! — деп айғайлап жіберді Абыз.

Абылан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит оның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап үлгерді. Үлкендер келіп, Абыланды құтқарып алды. Абыз Абыланның қасына келіп:

–  Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде бұлай болмас еді,- деді.

–     Мен қашсам, сен ұсталатын едің. Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым,- деді Абылан.

–    Достар деген осылай болар,- деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.

 

•     Берілген сұрақтарға сүйене отырып, мәтінге жоспар құр.

 

–        Көше бойымен кімдер келе жатты?

–        Абыздың денсаулығы қандай еді?

–        Бір кезде қандай оқиға болды?

–        Абылан қандай әрекет жасады?

–        Үлкендер қандай пікір айтты?

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;

–        сұрақтарға сүйеніп, мәтінге жоспар құрады;

–        жоспар құруда логикалық жүйені сақтайды.

 

Бөлімше                                      3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу
 

Оқу мақсаты

 

2.3.2.1** Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•   Шығармашылық жұмыста берілген  ұйқастарды орынды қолданады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Берілген  сөздердің  ұйқасын тауып,  өлең  шумақтарын  толықтырып жаз.

 

 

тосылмай                       бос                          тоймаймыз                            қос

 

 

 

 

 

Бірге ойын ойнаймыз,                 До, до, дос,

Біз ойынға                   .                Достар жүрмес                 . Достар деген осындай                До, до, дос

Ән шырқайық             .                 Достарыңа достар          .

 

 

Дескриптор

 

 

Білім алушы

–          шумаққа сәйкес ұйқасты анықтайды;

–        сөздерді қатесіз жазады.

 

Бөлімше                                     3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну
 

Оқу мақсаты                             2.3.3.1  Шығармашылық  жұмысын  мұғалімнің  көмегімен

сурет/   калиграмма/   аппликация/   фотосуреттер   арқылы

ұсыну

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

•    Тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жа

 

 

сайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Бос  орынға  «Менің  отбасым»  тақырыбына  сурет  сал.  Суретке  сәйкес  шағын  мәтін құрастырып жаз. Шығармашылық жұмысыңды қорға.

 

 

Дескриптор                 Білім алушы

–        шығармашылық жұмысын сурет арқылы ұсынады;

–        тақырып бойынша мәтін жазады;

–          өз жұмысына түсініктеме береді.

 

Бөлімше                                        3.4 Қатені табу және түзету
 

Оқу мақсаты

 

2.3.4.1** Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Жіберілген  орфографиялық  және  пунктуациялық қателерді түзетеді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Сөйлемдерде жіберілген қателерді тап. Түзетіп жаз.

 

 

1.      Біздің от-басымыз өте тату.

2.      Менің туған күніме анам дәмдітағамдар пісірді.

3.      Келген қонақтарды самат қарсы алды.

4.      Мен қойан асырадым.

5.      Табиғат қандай тамаша?

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

Білім алушы

–        сөздегі орфографиялық қателерді анықтайды және түзетеді;

–        сөйлемдегі пунктуациялық қатені анықтайды және түзетеді.

 

2-тоқсан

 

Бөлім: Тыңдалым және айтылым
 

Бөлімше                                      1.2 Шығарманы мазмұндау

 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/ сахналау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айтады

•     Шығарманың    оқиғасын/    үзіндісін         сахналап көрсетеді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Мәтінді мұқият тыңда.

 

Ұмытшақ

Еңбек сабағынан мұғалім үйшік жасап әкелуді тапсырған еді. Ақтай мазасыздана бастады. Кеше әкесінің көмегімен жасаған үйшігін мектепке әкелген сияқты еді. Бірақ таба алмай отыр.

Дариғамен ренжісіп қалғаны есіне түсті. Үйшіктің жоғалғанын Дариғадан көрді. Ақтай күдігін мұғалімге де айтты. Дариға үйшікті алмағандығын айтса да, Ақтай оған сенбеді.

Сабақтан соң Ақтай үйіне келді. Терезе алдында тұрған үйшігін көрді. Дариғаны жөнсіз ренжіткеніне өкінді. Ақтай үйден шыға жөнелді. Ол Дариғадан кешірім сұрау керектігін ойлады.

 

Жоспардың бір бөлігі бойынша мәтіннің мазмұнын айт.

 

Жоспар:

1)      Ақтайдың мазасыздануы

2)      Күдік

3)      Өкініш

 

•     Жұптық жұмыс

Ақтай мен Дариғаның арасындағы диалогті сахналап көрсет.

 

Дескриптор

.

 

Білім алушы

–        мәтінді жоспардың бөлігіне сәйкес мазмұндайды;

–        сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды;

–        кейіпкерлердің атынан диалог құрастырады;

–        сахналау кезінде өз рөлін дұрыс сомдайды.

 

 

Бөлімше                                      1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
 

Оқу мақсаты

 

2.1.3.1  Шығарманың  тақырыбы  мен  үзіндісіне  (бастапқы бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•    Тақырыпқа сүйеніп, оқиғаның соңын болжап айтады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

 

Мәтіннің бастапқы бөлімін мұқият тыңда.

 

Сабақ түстен кейін басталатын. Күздің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Мектепке қарай жайбарақат келе жаттым. Бір үйдің бұрышынан өте бергенде жылаған баланың дауысын естідім. Дауыс шыққан жаққа бардым. Қарасам, құлағы салпиған кішкентай күшік төрт жасар шамасындағы қыздың жолын бөгеп,  жүргізбей тұр екен….

 

Оқиға қалай аяқталуы мүмкін?

Оқиғамен байланыстыра отырып, «Ризалық» тақырыбына мәтін құрастыр.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        берілген оқиғаның соңын болжап айтады;

–        оқиғамен байланысты жүйелі мәтін құрастырады;

–        мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;

–        сөздер мен сөйлемдерді орынды қолданады;

–        сөйлемнің құрылымын дұрыс сақтайды.

 

Бөлімше                                      1.4 Тыңдарманның назарын аударту
 

Оқу мақсаты                               2.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

 

Бағалау критерийі                      Білім алушы

•    Оқиғаға қатысты мақал-мәтелдерді анықтайды және қолданады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

•     Өлеңді мұқият тыңда.

 

Тәкаппар

-Жөнімді өзім білем,-деп,           Жел кептіріп денесін, Сусыз-ақ өмір сүрем,-деп                            Күн құрғатып өңешін, Құрлықты балық мақтапты,                          Желбезегі желпілдеп, Теңізін туған даттапты.                            Ыршыды көкке селкілдеп.

 

Бір күні күшті жел тұрып,          -Мөлдір суым, мекенім, Тулады теңіз жұлқынып.                         Енді қайтсем жетемін?! Тәккаппар әлгі балықты             Қадіріңді білмедім, Құшаққа құрлық алыпты                            Неге шалқып жүрмедім?!

 

 

.                                .. Тыңдамап еді ешкімді,      Қателігін кеш білді.

(Ш. Смаханұлы)

 

•     Өлең жолдарының  мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдерді анықта. Бос торкөзге сәйкес нөмірін  жаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жөнімді өзім білемін,                                  Мөлдір суым, мекенім, Сусыз –ақ өмір сүремін.                                         Енді қайтсем жетемін ?!

Қадіріңді білмедім,

Неге шалқып жүрмедім ?!

 

1)        Асқанға аспан да аласа болып көрінеді.

2)      Нені кем тұтсаң, соған зар боларсың.

3)      Өзім білем деген өрге баспас.

4)      Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

5)      Мақтаншақ бар ақылын мақтанға тауысады.

6)      Туған жердің қадірін алыста жүргенде білерсің.

 

•     Өлең арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?.

 

Дескриптор             Білім алушы

–        өлең жолдарына сәйкес мақал-мәтелдерді анықтайды;

–        өлеңнің негізгі ойын сипаттайды.

 

Бөлімше                                      1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

 

Оқу мақсаты                               2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып

жеткізу

 

Бағалау критерийі                      Білім алушы

  • Өз ойын айту үшін тірек сөздерді қолданады

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда.

 

Отан деген …

 

Бірде  мектептің  алдында  сыныптастарыммен  әңгімелесіп  отырып,  сөз  таластырып қалдық.

  • Біздің көше ауылдағы ең әдемі көше, жып-жылтыр асфальт төселген,- деді Мәдина.
  • Ешбір көше біздің көшеге жетпейді. Көшеміз кең, жарық — деді Әсел.
  • Біздің көшенің  жиегінде  жап-жасыл  ағаштар  тізіліп  тұр.  Тіпті  өзіңді  саябақта жүргендей сезінесің,- деп мақтанышпен сөйледі Меруерт.
  • Қойыңдаршы, қыздар, бірде-бір көшенің ерекшелігі жоқ. Бұл бір кішкентай ауыл ғой — деп қабақ шытты Салтанат.

Кенет өткір мінезді Самалдың қатқыл үні бәрімізді елең еткізді.

  • Неге, неге олай дейсің, Салтанат?! «Отан» деген құдіретті ұғымның өзі осы ауылыңнан, өз көшеңнен басталмай ма? Өз көшеңді сүймесең, оны мақтан тұтпасаң, Отаныңды қалай сүйесің?- деді ол.

 

Сұрақтарға жауап бер.

 

  • Самалдың сөзінен кейін Салтанат қандай күйде болды деп ойлайсың? Неліктен?
  • Мәтіннен қандай ой түйдің?
  • Сенің ойыңша, «Отан» деген не?

 

Дескриптор                Білім алушы

  • кейіпкерге қатысты өз пікірін білдіреді;
  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
  • Отан туралы түсінігін жеткізеді.

 

Бөлім: Оқылым

 

Бөлімше                                  2.1 Оқу түрлерін қолдану

 

Оқу мақсаты                             2.2.1.2     Шығарманы     іштей     оқып,     ондағы     қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

 

Мәтінді  оқы.

 

Үзілісте

 

Біздің мектепте екінші және үшінші сабақтан соң үлкен үзіліс болады. Онда біз асханаға барып тамақтанамыз. Кей оқушылар сабаққа дайындалып, үй тапсырмасын қайталап отырады. Бастауыш сынып оқушылары түрлі қызықты ойындар ойнайды. Олар үшін үзіліс уақыты көңілді өтеді. Жоғары сынып оқушылары дене шынықтыру залына барып, теннис, шахмат ойнайды. Кейбір балалар кітапханаға барып, өздеріне ұнаған кітаптар мен журналдарды оқиды.

 

  • Оқушылар үзілісте не істейді? Кестені толтырыңыз.

 

Бастауыш сынып оқушылары Жоғарғы сынып оқушылары Кейбір оқушылар

 

 

 

 

Дескриптор              Білім алушы

  • кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтайды;
  • қажетті ақпаратты кестеге жазады.

 

Бөлімше                2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
 

Оқу мақсаты

 

2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтін бойынша нақтылау сұрақтарын қояды

•     Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

 

Мәтінді түсініп оқы.

 

Марқакөл

Ертіс өңіріндегі көрікті әрі табиғаты бай өлке – Марқакөл көлінің аймағы. Марқакөл теңіз деңгейінен бір мың төрт жүз отыз төрт метр биіктікте орналасқан. Оның тереңдігі жиырма жеті метр. Басты байлығы – қызыл балық. Айналасындағы орманда аңдар мен құстардың көптеген түрлері бар.

Қазір ол жер Марқакөл қорығы болып есептеледі. Марқакөл қорығында балқарағай ағашы өседі. Балқарағай — ұзақ жасайтын қатты ағаш. Балқарағайды кеме жасауға пайдаланады.  Өлкенің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорғауға алынған.

 

Жұптық жұмыс

 

•     Мәтін бойынша бір сұрақ құрастырып жаз.

 

 

 

•     Жұбыңның қойған сұрағына мәтіннен жауап тауып, қоршап сыз.

 

•     Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей етіп бір сұрақ құрастыр.

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

Білім алушы

–        мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақ құрастырады;

–          мәтіннен  сұрақтың жауабын табады;

–  мәтін бойынша нақтылау сұрағын құрастырады.

 

 

Бөлімше                                       2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
 

Оқу мақсаты

 

2.2.3.1   Мұғалімнің  көмегімен   мәтіннің   тақырыбы  мен негізгі ойын анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтінге ат қояды және негізгі ойын анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

 

Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

 

 

 

Күздің суық бір күні болатын. Мектептен қайтып келе жатыр едім. Үй алдындағы қора ішінен мысықтың мияулаған әлсіз дауысы естілді. Көмек сұраған тәрізді. Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым.  Кіп-кішкентай мысықтың баласы екен.

Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр. Аяп кетіп, үйге алып келдім.Үйде өзімнің мысығым бар болатын. Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан

«Мамық» деп атаушы едім. Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым. Ол жатсынбай, өз баласындай жақсы көріп кетті.

Мен «Мамықтың» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай, еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.

 

Сұрақтар мен тапсырмалар:

 

•     Мәтін не туралы?

•     Мәтінге ат қой.

•      Мәтіннің негізгі ойын анықта.

•     Мәтіннің желісі бойынша сурет сал.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

–        мәтінге тақырып қояды;

–        мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

–        мәтіннің мазмұны бойынша сурет салады.

 

 

 

ұ

 

Бөлімше                                      2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
 

Оқу мақсаты

 

2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтіндегі кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы көзқарасын білдіреді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

 

Мәтінді оқы.  Тапсырмаларды орында.

 

Қайырымды сусиыр

 

Өзендегі суатқа бір үйір марал келді. Олардың суға бас қоюы мұң екен, су астынан шыға келген дәу қолтырауын маралдың біреуін бас салды. Сол кезде жайбарақат қалғып жатқан үлкен қарынды көксұр сусиыр оянып кетіп, қолтырауынға қарай бар пәрменімен ұмтылды. Одан шошыған қолтырауын жемтігін тастай салып, суға күмп берді.

Ал сусиыр жаралы маралды тұмсығымен ақырын итермелеп, өзеннің жағасына шығарды. Содан соң жан-жағына айбат шеге бір қарап алды да, маралдың жарасын жалауға кірісті.

Бұл сияқты бөтен аңға қайырымдылық жасау – жан-жануарлар әлемінде өте сирек кездесетін, адам таңғаларлық оқиға.

 

1)      Мәтіннің кейіпкерлерін жаз

 

 

 

 

 

 

2)      Мәтінге сүйеніп, сусиыр мен қолтырауынды салыстыра сипатта.

3)      Қолтырауын мен сусиырдың  қайсысының әрекетін дұрыс деп санайсың? Неліктен?

4)      Сусиыр  маралға қандай қайырымдылық жасады?

5)      Мәтіннен қандай ой түйдің?

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        мәтіннің кейіпкерлерін анықтап, жазады;

–        сусиыр мен қолтырауынды салыстыра сипаттайды;

–        кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады және түсіндіреді;

–        мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

 

Бөлімше                                  2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру
 

Оқу мақсаты

 

2.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/мультфильм) нұсқасымен салыстыру

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтіннің  басқа үлгідегі нұсқасынан  айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

 

«Толағай» ертегісінің үзіндісін оқы. Үзіндінің мазмұнын    мульфильмдегі суреттермен салыстыр.

 

Арқалады ауыр тауды, Жаншып бара жатыр жанды. Маңдайынан тер көл боп ақты. Жеткенше дем алмайын деп, Жарты жолда қалмайын деп, Шаршаса да тоқтамапты. …

«Қайтсем жауын жаудырамын, Ел сусынын қандырамын»… Күйген жердің кірді жаны, Шөлдегендер суға қанды. Ауыл қайта ажарланды, Тарқады елдің бір құмары.

(Ә. Тәжібаев)

 

 

 

•     Өлең кім туралы?

•     Үзіндіні оқыған кезде қандай сезімде болдың?

•     Сезіміңе әсер еткен сөздер немесе сөз тіркестерінің астын сыз.

•     Сурет пен берілген үзіндінің қандай ұқсастығы бар?

•     Сурет пен үзіндінің айырмашылығы неде?

 

Дескриптор

 

Білім алушы

–        шығарма үзіндісін мәнерлеп оқиды;

–        шығарманың тақырыбын анықтайды;

–        шығарманың мазмұнына қатысты ойын айтады;

–        шығармадағы сезімге әсер еткен сөздер мен сөз тіркестерін атайды;

–        шығарма мен суреттің ұқсастығын анықтайды;

–        шығарма мен суреттің айырмашылығын атайды.

 

Бөлімше                                        2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

 

Оқу мақсаты                               2.2.9.1    Сұраққа    жауапты    анықтамалық    кітаптардан/

жинақтардан/ сөздіктерден  табу және ақпаратты берілген

үлгі  кестеге салу

 

Бағалау критерийі                     Білім алушы

  • Дереккөздерді пайдаланып,      қажетті      ақпаратты

анықтайды және кестеге түсіреді

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

 

 

Тапсырма

 

 

Мәтінді түсініп оқы.

 

Жауын

 

 

Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді. Жарты аспанды бүркеп қалды. Күн күркіреді. Құйын соғып өтті. Бұтақтардан үзілген жапырақтар алаңқайдың үстіне айран- асыр үйіліп кетті.

Алғашқы ауыр тамшылар да сіркіреді. Найзағай жарқылдап, жауын ағыл-тегіл құйып кетті. Сәлден соң бұлт ыдырап, кемпірқосақ көрінді.

 

Топтық жұмыс

 

Әр түрлі дереккөздерден мәтінде сипатталған табиғи құбылыстар  туралы ақпарат жина. Кестені толтыр. Жинаған ақпараттарыңды басқалармен  бөліс.

 

 

 

 

 

Дескриптор                 Білім алушы

  • мәтінді іштей, түсініп оқиды;
  • табиғи құбылыстар туралы ақпарат жинайды және кестеге жазады;
  • жинаған ақпаратымен таныстырады.

 

Бөлім: Жазылым
 

Бөлімше        3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу

 

Оқу мақсаты

 

2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Сурет  бойынша шағын ертегілер / жұмбақтар құрастырады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

•     Сюжетті сурет бойынша шағын ертегі құрастыр.

 

 

 

•     Ертегіге тақырып қой.

 

 

Дескриптор

 

 

Білім алушы

–        сурет бойынша ертегі құрастырады;

–        ертегінің логикалық желісін сақтайды;

–        сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

–        сөздерді  сауатты жазады.

 

Бөлімше                                            3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну
 

Оқу мақсаты

 

2.3.3.1 Шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер арқылы ұсыну

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жасайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Өлеңді суретпен толықтырып,  постер жаса.

 

Көп аузынан түспейтін            Отан – сенің ата-анаң,                Отан – жерім, Отан – суым, Отан деген немене?                    Отан –досың,  бауырың,            Отан қуат, нәр береді.

Оның тұлға түс кейпін,

Достым, білгің келе ме?

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор              Білім алушы

  • өлеңнің мазмұнына сәйкес суреттер таңдайды/салады;
  • өлеңді постер түрінде ұсынады.

 

Бөлімше                                  3.4 Қатені табу және түзету

 

Оқу мақсаты                           2.3.4.1         Мұғалімнің          көмегімен         орфографиялық,

пунктуациялық, стилистикалық қателерді  табу және түзету

 

Бағалау критерийі                 Білім алушы

  • Сөйлемдегі стильдік    қателерді    анықтайды    және түзетеді

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

 

Сөйлемдерді  түсініп  оқы.  Асты  сызылған  сөздердің  қатесін  тап.  Сөйлемдерді  қатесіз көшіріп жаз.

 

  1. Биыл екінші сыныпты беске бітіріп, жазғы демалысқа шықтым.

 

 

  1. Абай жас кезінде молдаға оқыды.

 

 

 

 

  1. Күзде орманның ағаштарының жапырақтарының түсі сарғаяды.

 

 

  1. Ұзақ сапардан шаршап келді Ер Төстік.

 

 

 

 

Дескриптор                  Білім алушы

  • жіберілген қателерді анықтайды;
  • сөйлемдерді қатесіз көшіреді;
  • каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

 

3-тоқсан

 

Бөлім: Тыңдалым және айтылым
 

Бөлімше                                       1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну

 

Оқу мақсаты                              2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап

беру

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

•     Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Білу және түсіну Қолдану

 

Тапсырма

Мәтінді  мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.

 

Балаларын шомылдырған аю

 

Күн өте ыстық еді. Аңшы орман ішіндегі өзен бойын жағалап келе жатқан. Бір кезде ағаш арасынан екі қонжығы бар үлкен қоңыр аю шыға келді.

Аңшы қорқып, ағаштың басына шығып кетті. Аю өзеннің жағасына келіп, қонжықтарының біреуін желкесінен тістеді де, суға сүңгітіп алды. Қонжық аяқтарын тырбаңдатып жұлқынды, барылдап бақырды. Бірақ енесі оған қарамастан, қонжығын тағы бір- екі рет суға сүңгітіп алды.

Мұны көрген екінші қонжық орманға қарай қаша жөнелді. Енесі оны қуып жетіп, қарсыласқанына қарамастан суға сүңгітіп алды.

Салқын суға шомылып шыққан аюдың балалары сергіп қалды. Олар қатты-қатты сілкініп, енелерімен бірге орманға қайта кіріп кетті.

Аңшы ағаштан түсіп, балаларын тәрбиелеп жүрген аюға қызыға қарады.

 

•     Аңшы неліктен ағаштың басына шығып кетті?

•     Аю балаларын қалай шомылдырды?

•     Суға шомылдырған кезде қонжықтар қандай әрекеттер жасады? Сәйкестендір.

Орманға қарай қаша жөнелді. Ағаштың басына шығып кетті.

Қонжықтар

 

Аяқтарын тырбаңдатып, жұлқынды.

 

 

Жүгіріп келіп, суға сүңгіп кетті.

 

 

Дескриптор              Білім алушы

—   мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

—   кейіпкерлердің жасаған іс әрекеттерін анықтайды.

 

Бөлімше                                      1.2 Шығарманы мазмұндау
 

Оқу мақсаты

 

1.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Берілген жоспарға сүйене отырып, мәтіннің мазмұнын баяндайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда.

Бөдене

 

Қыс. Күн суық. Інім екеуіміз жол жағалап келеміз. Кенет шиқ-шиқ еткен дыбыс естілді. Біз дыбыс шыққан жерге жақындадық. Бұл қанатымен қар сабалаған бөдене екен. Мен оны аяп кеттім. Қойныма тығып, үйге әкелдім. Оң қанаты сыныпты. Оны таңып қойдық. Бөдене күннен-күнге жазыла бастады.

Көктемге дейін үйде асырадық.Терезеден сыртқа қыт-қыттап қарай береді. Күн әбден жылынған соң, оны ұшырып жібердік. Бөдене қуанып, бізге алғыс айтып бара жатқандай болды.

Інім екеуіміз қол бұлғадық.

 

•     Суретті жоспарға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1                                               2                                               3

 

Дескриптор

 

Білім алушы

—   суретті жоспар бойынша оқиғаның бірізділігін сақтай отырып, мазмұнын жүйелі баяндайды;

—   сөздерді мағынасына сәйкес қолданады;

—   сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

 

 

Бөлімше                                      1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
 

Оқу мақсаты

 

2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Тақырып  пен  үзіндіге  сүйеніп,  оқиғаның  соңын болжайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

Ертегі үзіндісін мұқият тыңда.

 

Түлкі мен шаян

 

Жолда түлкі шаянды кездестірді.

—          Орманға қарай жүгірейік, кім бірінші келер екен!- деді түлкі қуланып.

—          Жарайды! — деп келісе кетті шаян.

Олар жүгіруге дайындалып тұра қалды.

Шаян түлкінің құйрығынан мықтап ұстап алады, ал түлкі жүгіре жөнеледі. Түлкі орманға зымырап жетеді. Алдына қараса … .

 

•     Ары қарай не болады деп ойлайсың?

 

•     Түлкі мен шаянның арасындағы диалогті құрастыра отырып, ертегіні  жалғастырып айт (жұптық жұмыс).

 

Дескриптор

 

Білім алушы

—    оқиғаның соңын болжайды;

—  кейіпкерлердің атынан тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;

—  сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өз қолыңнан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Санамақты саусақ қимылын қолданып айт. Суреттегі тірек сөздерді пайдалан.

 

Бөлімше                                      1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

 

Оқу мақсаты                               2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

 

Бағалау критерийі                     Білім алушы

  • Өз ойын айту үшін тірек сөздерді қолданады

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда.  Тапсырмаларды орында.

 

Сыпайылық деген не?

Ормандағы шағын алаңқайда отырған құстардың қасына қара қарға келіп қонды.

  • Бүгін мен құстар патшалығына барып едім. Үкі мені патшалыққа кіргізбей қойды, — деді қарға мұңын шағып.
  • Неліктен? – деп елең ете қалды басқа құстар.
  • Сен тым дөрекісің. Саған сыпайылық жетіспейді. Ормандағы құстардан сыпайылықты үйреніп кел деді, — деп ренжіп қалған қарға көз жасын көлдете бастады. Құстар қарғаны жұбатып, сыпайылық туралы өз білгендерін жарыса айтып жатты.

 

  • Мәтінде кездесетін құстарды белгіле (P).

 

 

 

 

 

  • Құстар қарғаға не айтты деп ойлайсың?
  • Сенің ойыңша «сыпайылық» деген не? Берілген тірек сөздерді пайдаланып, түсіндіріп көр.

 

Тірек  сөздер:  мәдениетті  болу,  байыпты  сөйлеу,  жақсы  әдеттер,  жағымды  қылықтар, үлкенді сыйлау, күлімсіреп жүру, қайырымдылық жасау, амандасу т.б.

 

 

 

Дескриптор             Білім алушы

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;
  • сыпайылық туралы ойын айтады;
  • тірек сөздерді орынды пайдаланады;
  • мәтінде кездесетін құстарды белгілейді.

 

Бөлім: Оқылым
 

Бөлімше                                       2.1 Оқу түрлерін қолдану

 

Оқу мақсаты

 

2.2.1.1 Мәтінді да бөліп/ мәнерлеп о

 

уыстап дұрыс әрі түсініп оқу/ рөлге қу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтінді дауыстап, қатесіз және түс

 

 

ініп  оқиды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

Мәтінді дауыстап оқы.

 

Торсық

 

Торсық дегеніміз – сусын құятын ыдыс. Ол теріден жасалады. Торсықты әдетте түйенің, бұғының және өгіздің мойын терісінен жасайды. Кішкене торсықтарға үш литр сұйықтық сыяды. Ал үлкен торсықтарға сегіз литрге дейін сусын құйып алып жүруге болады. Малшылар торсыққа шалап, қымыз, шұбат, айран құйып алып жүреді. Торсықты ердің қасына немесе қанжығаға байлай салады. Ол шайқалғанда ішіндегі сусын да араласып, маңызы арта түседі.

 

•     Мәтін не туралы?

А) ыдыс туралы В) сусын туралы С) малшы туралы

D) торсық туралы

 

•     Торсық деген не?

 

•     Суреттен торсықты белгіле (P)

 

 

 

 

Дескриптор       Білім алушы

—  мәтінді дауыстап, қатесіз оқиды;

—  оқу мәнерін сақтайды;

—  мәтіннің не туралы екенін анықтайды;

—  торсықты сипаттап айтады;

—  суреттен торсықты белгілеп көрсетеді.

 

Бөлімше                                       2.1 Оқу түрлерін қолдану

 

Оқу мақсаты                               2.2.1.2  Шығарманы іштей  оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

 

Бағалау критерийі                     Білім алушы

  • Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

Мәтінді іштей, түсініп оқы.

 

Үрмелі аспаптар ерте заманда пайда болған. Оларды жануарлар мен құстардың сүйектерінен, мүйіздерінен, ағаштан, саз балшықтан, темірден жасаған.

Қазақ халқында үрмелі музыкалық аспаптар өте көп. Олар: сыбызғы, сазсырнай, үскірік, керней, мүйізсырнай. Олардың пішіні мен өлшемі әр түрлі болып келеді. Бұл аспаптардың пішіні құстардың, жануарлардың, балықтардың пішініне ұқсайды.

 

  1. Мәтіннен берілген сұрақтың жауабы болатын сөздерді тауып, астын сыз.
    • Мәтінде қандай үрмелі аспаптар туралы айтылған?
    • Үрмелі аспаптарды неден жасаған?
    • Олардың пішіндері неге ұқсайды?

 

  1. Үрмелі аспаптарды мәтіндегі жазылу ретіне қарай нөмірлеп көрсет.

 

 

 

 

 

Дескриптор           Білім алушы

  • мәтінді іштей оқиды;
  • мәтінде берілген үрмелі аспаптардың атауын тауып, белгілейді;
  • үрмелі аспаптардың неден жасалғанын анықтайды;
  • үрмелі аспаптардың пішінін анықтайды;
  • аспаптардың мәтінге сәйкес ретін анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының

Қолдану

 

 

 

 

 

 

 

Бөлімше                                       2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
 

Оқу мақсаты

 

2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтінге ат қояды және негізгі ойын анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.

 

Тыным таппай сөйлей бергендіктен сауысқанның тілі аузына сыймай, ісіп кетіпті. Ас-су ішуден қалған ол ешбір амалын таба алмапты. Ақыры тырнаға жалыныпты:

—          Тырна, тырна! Шөптен дәрі жасайды екенсің. Менің тілімді емдеп берші,- дейді.

—          Саған шипа боларлықтай шөбім жоқ! Көмектесе алмаймын, — дейді тырна.

Сауысқан кездескен жан-жануарлардың бәрінен көмек сұрапты. «Сауысқанның тіліне түйнеме шығыпты» деген сөз бүкіл орманға тарапты. Ақыр аяғында сауысқан мүлдем сөйлей алмай қалыпты.

Шарасы  таусылған  сауысқан  орман  емшісі  тоқылдаққа  келіпті.  Сауысқанның тамағын әрі-бері қараған тоқылдақ:

—          Енді саған ешкім көмектесе алмайды. Өзіңді өзің ғана емдей аласың — дейді.

—          Неге? –дейді сауысқан мұңая қырылдап.

—          Әу бастан-ақ, тіліңе ие болуың керек еді, — депті тоқылдақ.

Сауысқан  ештеңе  түсінбей    аңырып  қалыпты.  Содан  бері  сауысқан  мағынасыз шықылықтай береді екен.

 

•     Мәтіннен тірек сөздерді белгіле.

•     Мәтінге ат қой.

•     Мәтінге сәйкес мақалды таңдап,  негізгі ойды анықта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушы

—  тірек сөздерді анықтайды;

—  негізгі ойды анықтайтын мақалды табады;

—  мәтінге тақырып қояды.

 

Бөлімше                                     2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

 

Оқу мақсаты                              2.2.4.1 Мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары,  әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Жанрлық ерекшеліктері    бойынша    халық    ауыз әдебиеті үлгілерін ажыратады

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

 

 

Тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқы.

  • Әр мәтіннен оның жанрын анықтауға мүмкіндік беретін тірек сөздерді теріп жаз.
  • Мәтіннің жанрын анықта.

 

Мәтіндер Тірек сөздер Мәтіннің жанры
Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көп киім. Жаңбыр одан өтпейді, Қабат-қабат тоны бар, Түймелеуге жетпейді.

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам. Қаз-қаз, балам, қаз балам. Тақымыңды жаз балам.

Денсаулық  ол – шыныққан

Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол – тыныққан Жүйке тамыр жүйесі.

 

 

Дескриптор             Білім алушы

  • мәтінді іштей оқиды;
  • мәтіннің жанрын анықтауға көмектесетін сөздерді теріп жазады;
  • мәтіннің жанрын анықтайды.

 

 

Бөлімше                                      2.5 Шығарманың композициясын анықтау
 

Оқу мақсаты

 

2.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Оқиғаның  құрылымын (басы, негізгі бөлімі, соңы ) анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Білу және түсіну Қолдану

 

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.

 

Балалар футбол ойнауға жиналды. Асқар қақпашы болды. Оның иті Ақтөс қақпа жанында шоқиып отыр. Футбол ойыны қыза бастады. Бір кезде доп Асқарға қарай оқтай ұшты. Допты ұстай алмаған қақпашы жығылып жатты. Жанкүйерлердің шулаған дауысы Асқарды қатты абыржытты. Асқар орнынан тұрып, артына қарады. Ақтөс допты алдыңғы екі аяғымен ұстап, қақпаға жібермей отыр екен. Қуанған Асқар да елмен қосыла айқайлады.

 

•     Берілген сұрақтарға сүйеніп, мәтінді үш бөлікке бөл.Бірінші бөлікті қызыл, екінші бөлікті  — жасыл, үшіншісін көк түсті қарындашпен қоршап сыз.

1.      Оқиға неден басталды?

2.      Ары қарай не болды?

3.      Оқиға қалай аяқталды?

 

 

 

•     Әр бөлікке ат қой.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

—  мәтіндегі оқиғаның басын анықтайды;

—  мәтіндегі оқиғаның дамуын білдіретін тұсты белгілейді;

—  оқиғаның соңын білдіретін сөйлемдерді анықтайды;

—  мәтіннің әр бөлігіне ат қояды.

 

Бөлімше                                      2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
 

Оқу мақсаты

 

2.2.6.1 Кейіпкердің  сыртқы келбетін сипаттау, мінез- құлқы мен іс-әрекетін бағалау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтіндегі кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы көзқарасын білдіреді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

 

 

 

Бір  күні  әтеш  аулаға  қыдыруға  шығады.  Ауладағы  құстар  ұсқынсыз  әтешті мазақтай бастады.

—          Қайғырма, — деді көлеңкеде жатқан ит. Бояуларға бар, олар саған көмектеседі. Әтеш түрлі-түсті бояуларға келіп, көмек сұрады.

—          Мен саған көмектесемін, — деді қызыл бояу. Сөйтті де әтештің айдары мен сақалын қып-қызыл етіп бояды. Көк бояу құйрықтарына жағылды. Қанаттарына жасыл бояу, ал кеудесіне сары түс көмектесті. Әтеш айнаға қарады да, өз-өзін танымай қалды.

Осылайша әтеш түрленіп шыға келді.

 

 

 

1.      Мәтіннің кейіпкерлерін теріп жаз.                                                              

 

2.      Ауладағы құстардың жасаған әрекеті туралы не айтасың? Неліктен?

 

3.      Әтештің суретін мәтінге сәйкестендіріп боя.  Оның сырт келбетін сипаттап айт.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушы

—   мәтіннің кейіпкерлерін анықтайды;

—   кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады;

—   әтештің  суретін мәтінге сәйкестендіріп бояйды;

—   әтештің сыртқы келбетін сипаттап айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл не?

 

 

Бөлімше                                      2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру
 

Оқу мақсаты

 

2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен  сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Кейіпкердің іс-әрекетіндегі өзгерісті анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Білу және түсіну Қолдану

 

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.

 

«Ақтөбе» командасы мен Қостанайдың «Тобылы» арасында жолдастық кездесу өтіп жатыр. Нұркеннің әкесі футбол десе ішкен асын жерге қояды.

Бұл жолы «Тобылға» жанкүйер болып отыр. Нұркен футбол біткенше әкесіне қарады да отырды. Біресе көзі бақырайып кетеді. Біресе орнынан көтеріліп барып, қайтадан отырады. Енді бірде санын бір соқса, тағы бірде қолын бір сілтейді. Доп қақпаға қарай заулаған уақытта теледидарға қарай еңкейе түседі. Ал доп қақпаға кіргенде орнынан тұрып, жас балаша қуанады. Сосын қайтадан сабырлы қалпына түседі.

Кешкі ас үстінде әкесіне қарап еді, қабағы ашылып, жадырап отыр екен.

 

•     Мәтіннің кейіпкерлерін атаңыз.                                                            

 

•     Футбол кезіндегі Нұркеннің әрекетін сипатта.

 

•     Мәтіннен Нұркеннің әкесінің іс-әрекетіндегі  өзгерісті білдіретін сөздердің астын сыз.

•     Нұркеннің  әкесінің  футбол  көру  кезіндегі  және  футболдан  кейінгі  көңіл күйін салыстырып  айт.

 

 

Дескриптор

 

 

Білім алушы

—   мәтіннің кейіпкерлерін атайды;

—   мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

—   кейіпкердің іс-әрекетіндегі өзгерісті анықтайды;

—   кейіпкердің әр кездегі көңіл күйін салыстырып айтады.

 

Бөлімше                                        2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

 

Оқу мақсаты                               2.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру

 

Бағалау критерийі                     Білім алушы

  • Мәтіннің басқа үлгідегі нұсқасынан айырмашылығы мен ұқсастығын анықтайды

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

Ертегінің  үзіндісін  суреттермен/мультфильммен

(https://www.youtube.com/watch?v=PGVo-Es2GVA&t=324s) салыстыр.

 

Түлкі, кене және тасбақа

 

Ерте, ерте, ертеде Түлкі, Тасбақа, Кене үшеуі  дос болыпты. Үшеуі жолдан бір қалта тауып алады. Қалтаны көре сала, Түлкі:

  • Мұны мен таптым! Бұл менікі, — дейді. Қалтаның ішінде бір уыс шикі тары бар екен. Тарының жеуге келмейтінін көрген соң Түлкі:
  • Тасбақа! Бәрімізден жасың үлкен. Акылың да көп. Мынаны не істейміз?—дейді. Тасбақа басын сауытына тығып алып, ұзак ойланады. Ештеме ойлап таба алмайды.
  • Мен таптым! — дейді Кене. — Тарыны жерге егіп, күзде орамыз. Содан соң теңдей етіп  бөліп аламыз.
  • Табылған ақыл!—дейді Түлкі қуанып.

Олар өзен жағасындағы бір жардың  тегіс бетін таңдап, жұмысқа кіріседі. Түлкі:

  • Мен мына жарды арқаммен тіреп жатпасам, құлап кетеді. Сендер тарыны еге беріңдер,
  • деп жарға арқасын тіреп, ұйқыға кіріседі

Тасбақа мен Кене тарыны жерге сеуіп,  күзге дейін еңбектенеді. Ал Түлкі  жұмыс істемей жата береді.

 

 

 

 

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
  1. Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
  2. Оқыған үзінді мен суреттердің ұқсастығы неде?
  3. Айырмашылығы қандай?

 

 

 

 

Дескриптор           Білім алушы

  • ертегінің кейіпкерлерін атайды;
  • ертегінің үзіндісі мен суреттердің ұқсастығын анықтайды;
  • ертегінің үзіндісі мен суреттердің айырмашылығын сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

Бөлімше                                       2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

 

Оқу мақсаты                               2.2.9.1 Сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден  табу және ақпаратты берілген үлгі  кестеге салу

 

Бағалау критерийі                     Білім алушы

  • Дереккөздерді пайдаланып, қажетті ақпаратты

анықтайды және кестеге түсіреді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

Тапсырма

Топтық жұмыс

Суреттерге мұқият қара. Түрлі дереккөздерді пайдаланып,  берілген сұрақтарға жауап ізде.

 

 

 

Ханталапай                                                 асық ату

 

  • Бұл ойын қалай  ойналады?
  • Ойын үшін не қолданады?
  • Ойынның мақсаты қандай?
  • Ойынға неше адам қатыса алады?

 

  • Берілген ұлттық ойындардың біреуі туралы ақпарат жина. Ақпаратты кестеге түсір.

 

Ойынның атауы Ойынның

шарты

Қатысушы саны Қосымша

деректер

 

 

Дескриптор         Білім алушы

  • ұлттық ойын түрлері туралы ақпарат жинақтайды;
  • дереккөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап табады;
  • жиналған ақпаратты кестеге түсіреді.

 

Бөлім: Жазылым
 

Бөлімше                                     3.1 Шығарманың жоспарын құру

 

Оқу мақсаты

 

2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп,  жоспар құру

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтін бойынша жоспар құрады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

Әңгімені түсініп оқы.

 

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш

 

Атасы он жасар немересімен далада келе жатты.

—          Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?,- деп сұрайды баласынан.

—          Көремін, өрмек тоқып жүр.

—          Анау құмырсқаны көремісің?

—          Көремін, аузында бір түйір дәні бар, жүгіріп кетіп барады.

—          Жоғары қара, көкте не көрінеді?

—          Қарлығаш  ұшып  жүр.  Аузында  кесе  тістеген  шөбі бар.

—          Шырағым,  ол  кішкентай  жәндіктер  саған  ғибрат.

Өрмекші шыбын-шіркейге тұзақ құрып жүр. Оны өзіне азық етеді. Құмырсқа бала-шағасына тамақ тасып жүр. Қарлығаш балаларына ұя жасауға шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Жұмыс жасауға әдеттену керек, — деді атасы.

 

 

•     Әңгіменің  бастапқы  бөлігін  қызыл  түсті,  ортасын  көк  түсті,  соңын  сары  түсті қарындашпен  қоршап сыз.

 

•     Сұрақтарды негізге алып, мәтінге жоспар құр.

 

1.      Далада кімдер келе жатты?

2.      Ата не байқады?

3.      Атасы қандай ақыл айтты?

 

Дескриптор

 

Білім алушы

—   мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды;

—   сұрақтарға сүйеніп, мәтінге жоспар құрады.

 

Бөлімше                                     3.1 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну
 

Оқу мақсаты

 

2.3.3.1 Шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет/ калиграмма/ аппликация/ фотосуреттер арқылы ұсыну

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жасайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

Суреттерге    мұқият  қара.    Сурет  желісі  бойынша  әңгіме  құрастыр.  Сөйлемдерді    ой

бұлтшаларына жаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушы

–        сурет бойынша әңгіме құрастырады;

–        шығармашылық жұмысын ой бұлтшасына жазады;

–        әңгімеге тақырып қояды;

–        сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

 

 

Бөлімше                                      3.4 Қатені табу және түзету
 

Оқу мақсаты

 

2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді  табу және түзету

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық  қателерді түзетіп жазады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

 

Маратқа Айбар деген  досы інісінен хат беріп жіберіпті. Хатта былай жазылған екен.

 

 

 

 

 

 

•     Айбардың  жазған хатын  мұқият оқы. Хатта жіберілген қателерді тауып, астын сыз.

•     Хатты қатесіз көшіріп жаз.

 

 

 

 

 

Дескриптор           Білім алушы

  • қате жазылған сөздерді анықтайды;
  • тиісті тыныс белгілерін қояды;
  • сөйлемдерді бас әріппен жазады;
  • хатты қатесіз, ұқыпты көшіреді;
  • әріптердің байланысын сақтап жазады.

 

4-тоқсан

 

Бөлім: Тыңдалым және айтылым
 

Бөлімше                                     1.2 Шығарманы мазмұндау

 

Оқу мақсаты

 

2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/үзіндісін мазмұндау/сахналау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Шығарманың үзіндісін өз сөзімен мазмұндайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда.

 

Қорқақтық жараспайды

 

Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды. Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады. Жаңбыр жауып, күн күркірегенде кірерге жер таппайды.

Бірде бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқанбыз. Күн бұлттанып, майда жауын сіркірей бастады. Асан қақпашы еді. Ол дегбірсізденіп, абыржып тұр. Ретін тауып ойыннан шыққысы келді. Сөйткенше болмай, аспан жарқ-жұрқ ете түсті. Асанның зәресі ұшты. Балалар ойынды тоқтатып, қақпаның жанында үйіріліп тұрды. Асанды найзағайдан қорықпауға, жауынның өткінші екенін айтып сабырға шақырды. Асан үйіне тура жүгіруге балалардан ұялды. Қанша қорықса да шыдауға бекінді. Біраздан кейін жаңбыр басылды. Ойын қайта жалғасты.

 

Топтық жұмыс

Үш адамнан тұратын топ құр. Кезектесе отырып, жоспар бойынша мәтіннің бір бөлігінің мазмұнын айт.

 

 

1.      Асанның қорқақтығы

2.      Футбол алаңында

3.      Балалардың ақылы

4.      Өткінші жауын

 

Дескриптор

 

Білім алушы

—  мәтіннің үзіндісін өз сөзімен мазмұндайды;

—  сөйлемдердің құрылымын  сақтайды;

—  ойын тиянақты, жүйелі жеткізеді.

 

Бөлімше                                      1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
 

Оқу мақсаты

 

2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Шығарманың бастапқы бөліміне сүйеніп, оқиғаны жалғастырып айтады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей  дағдылары

Тапсырма

 

Мысалды мұқият тыңда.

 

Ұлудың үйі

Асқар    ұлуды    ұстап    алып,    үйіне

әкелді.

—          Сен  мені  үйіңе неге әкелдің?  –  деп таңданды ұлу.

—          Жер сыз, тоңасың ғой, –  деді Асқар.

– Ал біздің үй жылы.

Ұлу: —  …

•     Сенің ойыңша, ұлу Асқарға не деуі мүмкін?  Жұпта диалог құрастыр.

 

 

 

Дескриптор       Білім алушы

—  оқиғаның соңын болжайды;

—   тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;

—    cұхбаттасының    сөзін тыңдайды және жағдаятқа сәйкес пікірлеседі.

—   cөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтайды.

 

 

Бөлімше                                     1.4 Тыңдарманның назарын аударту
 

Оқу мақсаты

 

2.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мақал-мәтелдерді/ вербалды емес тілдік құралдарды қолданып сөйлейді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Тапсырма

Әңгімені мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.

 

Бақша ағаштары

 

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, егілген ағаштар мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

—          Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?- деп сұрады баласы.

—          Оның  себебі, балам, анау ағашты қисық бұтақтары болса кесіп, бағып-қағумен өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпымен өскен,- деді атасы.

—          Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,- деді баласы.

—          Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым! Сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орныңа келтірсең, жақсы кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді атасы.

(Ы. Алтынсарин)

•     Мәтін не туралы?

А) ата туралы В) бала туралы С) ағаш туралы

D)  жаз туралы

 

•     Мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын  мақал-мәтелді анықта.

А) Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

В) Қар қылаумен өседі, бала сылаумен өседі.

С) Ағаштан ағаш сәнін алады, адамнан адам тәлім алады.

D)  Атаңа не қылсаң, aлдыңа сол келер.

 

•     «Бағып-қағу» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?

•     Мақал-мәтелдерді қолдана отырып, мәтіннің мазмұнын айт.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

—  мәтінің тақырыбын атайды;

—  мәтіннің мазмұнына сәйкес мақалды анықтайды;

—  берілген сөздің мағынасын түсіндіреді;

—  әңгімелеу барысында  мақал-мәтелдерді қолданады.

 

Бөлімше                                      1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
 

Оқу мақсаты

 

2.1.5.1 Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Өз ойын айту үшін тірек сөздерді қолданады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

 

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда.

 

Туған жеріміз Қазақстанда телегей теңіз де, ұшар басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек орман-тоғай да баршылық. Көз жеткісіз жазықтар мен қыраттар да аз емес. Ақ ұлпадай, аппақ ұнынан иісі бұрқыраған ақ нан пісірілетін ақ бидай да жерден өніп шығады. Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып есептеледі.

 

•   Мәтіннен тірек сөздерді түртіп ал.

•    «Туған жер» дегенді қалай түсінесің? Суреттерді пайдаланып, әңгімеле.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушы

мәтіннен тірек сөздерді жазып алады;

— суреттерге сүйеніп, туған жер туралы ойын айтады.

 

Бөлім: Оқылым

Бөлімше                 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

 

Оқу мақсаты                              2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу

 

Бағалау критерийі                    Білім алушы

  • Мәтін бойынша нақтылау сұрақтарын қояды
  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.

Қолдану

 

 

Алматы — өте әдемі қала. Ол Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп — тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар,  театрлар, цирк, музейлер орналасқан. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы салқын, қысы жылы.

Алматы қаласы сумен толық қамтамасыз етілген. Қала негізінен Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің суын пайдаланады. Өзендер Алатау шыңдарындағы мұздықтардан бастау алады. Бұл — тұщы сулардың сарқылмас бұлағы.

 

  • Жұптық жұмыс

 

Мәтін бойынша екі сұрақ құрастыр. Жұбыңның сұрағына жауап бер.

 

Сұрақ Жауап
1)   Қарапайым сұрақ:                                   

2)      Нақтылау сұрағы:                                 

 

 

Дескриптор      Білім алушы

  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

 

Бөлімше                                     2.3. Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
 

Оқу мақсаты

 

2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

•     Мәтінге ат қояды және негізгі ойын анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.

 

 

 

Бақытжан жаздыгүні атасының аулына барды. Бір күні атасы екеуі қырға шөп шабуға шықты. Бақытжан гүлден гүлге қонып жүрген өзгеше араларды байқады. Немересінің араға көзі түскенін көрген атасы:

—          Бұл бал аралары, — деді.

—          Олар  неге  әр  гүлге  бір  қонады?  –  деп сұрады Бақытжан.

—          Гүл шырындарынан бал жинап жүр. Атасы сәл ойланып қалды да:

—   Адам да жақсы нәрсені – ғылым, білімді осылай жинайды, — деді.

 

 

 

•     Мәтін не туралы?                                                                            

 

•     Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөзді  белгіле (P),

 

Білім алу                                 Еңбек ету                         Көмектесу

 

 

 

•     Мәтінге ат  қой                                                                           

 

Дескриптор

 

Білім алушы

мәтіннің тақырыбын атайды;

—  мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

—  мәтінге ат қояды.

 

 

Бөлімше                                      2.5 Шығарманың композициясын анықтау
 

Оқу мақсаты

 

2.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Оқиғаның  құрылымын (басы, негізгі бөлімі, соңы ) анықтайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Білу және түсіну Қолдану

 

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.

 

Найзағай

Біздер, жеті-сегіз бала, жаздыгүні тоғайға бардық. Тоғай таудың етегінде, ағашы

қалың, іші көлеңкелі екен. Ағаш көлеңкесінде отырып дем алдық. Күн қызуы күшейе түсті. Шөлдеген соң, жидек теріп жедік. Кенет тоғай іші қара көлеңке болып кетті. Аспанды қалың бұлт жапты. Жел тұрды.

Найзағай жарқылдап, күн күркіреді. Жаңбыр басталды. Біз бір биік ағаштың түбін паналадық. Жаңбыр шелектеп құйды. Киімдеріміз су болды. Көп ұзамай жаңбыр басылды. Күннің көзі көрінді. Киімдерімізді сығып, кептіріп алдық. Содан соң үйді- үйімізге қайттық.

 

 

•     Жоспар бойынша мәтіндегі оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын білдіретін бөліктерді тауып, әр түсті қарындашпен қоршап сыз.

 

1.      Тоғайға серуен

2.      Жаңбырдың жаууы

3.      Жаңбырдан қорғану

4.      Жаңбырдан соң

 

Дескриптор

 

Білім алушы

—  оқиғаның бастапқы бөлігін анықтайды;

—  оқиғаның негізгі бөліктерін анықтайды;

—  оқиғаның соңғы бөлігін анықтайды.

 

Бөлімше                                     2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
 

Оқу мақсаты

 

2.2.6.1 Кейіпкердің  сыртқы келбетін сипаттау, мінез- құлқы мен іс-әрекетін бағалау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтіндегі кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы көзқарасын білдіреді

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.

 

Алатаудың бауырында тәкәппар бір терек өсіп тұрды. Ол ешкімді менсінбеді. Төңірегіндегі жеміс ағаштары мен бәйшешектерді көзге ілгісі келмеді. «Дүниеде маған тең келер ешкім жоқ. Менің тамырларым жерді ұстап тұр. Ұшар басым көкті құлатпай тіреп тұр», — деп мақтанды терек. Оның асқақтығы шектен шығып кетті. Төбесіндегі күнге қарап: «Осының не керегі бар? Жапырағымды сарғайтып бітіретін болды-ау», — деп тыжырынды.   «Су   тамырларымды   шірітіп   жіберетін   болды»,   —   деп   суға   налыды.

«Тыныштық бермеді»,- деп желге де мін тақты.

Бір күні теректің бұтағына бұлбұл келіп қонды. Тамылжыта ән салған бұлбұлды терек өзінің жапырағы екен деп ойлап қалды.

–        Естіп тұрсыңдар ма? Қайсыларыңда осындай әнші жапырақ бар? – деп екіленді терек. Мұны естіген бұлбұл ұшып кетті.

Күн артынан күн өтті. Күн қайтып терекке шұғыласын төкпеді. Бұлақ оның тамырын нәрлендірмейтін болды. Сөйтіп терек күн нұрынсыз, сусыз, желсіз, ауасыз қалды. Аз күнде-ақ қуатынан айрылып, қалжырай бастады. Жапырақтары сарғайып, сау- сау төгілді. Тамыры солып, діңі кеуіп, бұрынғы көркінен жұрдай болды. Бір күні қатты дауыл тұрып, теректі тамырымен жұлып кетті.

 

 

•      Мәтіннен   теректің    мінез-құлқын    сипаттайтын сөздерді тауып, жапыраққа жаз.

•       Теректің  жасаған іс-әрекеті дұрыс па? Неліктен?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушы

—  теректің мінез- құлқын сипаттайтын сөздерді тауып жазады;

—  кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты пікірін айтады және негіздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Өлеңнен қысты адам кейпіне келтіріп суреттеген сөздерді тауып, астын сыз.

 

Бөлімше                                      2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру
 

Оқу мақсаты

 

2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен  сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Шығарманың оқиғасындағы өзгерісті сипаттайды

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Білу және түсіну Қолдану

 

Тапсырма

Мәтінді түсініп  оқы.

Шегіртке мен құмырсқа

(Абай)

Шырылдауық шегіртке                                          Секіру қайда, сүрініп, Ыршып жүріп ән салған.                                     Қабағын қайғы жабады.

Көгалды қуып гөлайттап,                                    Сабанда жатып дән  жиған

Қызықпен жүріп жазды алған.                            Құмырсқаны іздеп табады.

Жаздыгүнгі жапырақтың                                       Селкілдеп келіп жығылды, Бірінде тамақ, бірінде үй,                                    Аяғына бас ұра:

Жапырақ кетті, жаз кетті,                                    — Қарағым, жылыт, тамақ бер,

Күз болған соң кетті күй.                                    Жаз шыққанша асыра!

 

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,                                  Мұның, жаным, сөз емес, Өкінгеннен не пайда?                                          Жаз өтерін білмеп пе ең?

Суыққа тоңған, қарны ашқан                              Жаның үшін еш шаруа

 

 

 

 

 

Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады, Қар көрінді, қыс болды.

Сауықшыл сорлы бүкшиді, Тым-ақ қиын іс болды.

 

 

 

 

 

Ала жаздай қылмап па ең?

Мен өзіңдей шаруашыл, Жұмсақ илеу үйлі ме? Көгалды қуып, ән салып, Өлеңнен қолым тиді ме?

 

Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші есіл ер! Ала жаздай ән салсаң, Селкілде де, билей бер!

 

Суретке мұқият қара. Жыл мезгілдеріне қарай мәтіндегі оқиғада қандай өзгерістер болды? Сипаттап айт.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушы

—  мысалды мәнерлеп оқиды;

—  әр жыл мезгіліндегі өзгерісті салыстыра әңгімелейді;

—  суреттерге сәйкес қандай өзгерістер болғанын сипаттайды.

 

Бөлімше                               2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

 

Оқу мақсаты                       2.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен   кейіпкердің іс- әрекетіндегі

өзгерісті /эпизодтарды/негізгі оқиғаларды салыстыру

 

Бағалау критерийі              Білім алушы

  • Шығарма кейіпкерлерінің бойындағы өзгерісті салыстырады

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

 

 

Тапсырма

Суреттерге мұқият  қара

 

Шегіртке мен құмырсқа

(Абай)

 

 

 

  • Сурет пен мысалға сүйене отырып, шегірткенің жаздағы және қыс мезгіліндегі жағдайын салыстыр.

 

  1. Шегірткенің жаздағы көңіл күйі қандай еді?
  2. Қыста қандай күйге түсті?
  3. Мысалды оқығаннан кейін қандай ойға келдің?

 

Дескриптор                          Білім алушы

  • кейіпкердің әр кезеңдегі көңіл күйін салыстыра

әңгімелейді;

  • мысалға қатысты көзқарасын айтады.

 

Бөлімше                                       2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

 

Оқу мақсаты                              2.2.9.1 Сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ сөздіктерден  табу және ақпаратты берілген үлгі  кестеге салу

 

Бағалау критерийі                     Білім алушы

  • Дереккөздерді пайдаланып,    қажетті     ақпаратты анықтайды және кестеге түсіреді

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

 

 

Тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқы.

 

Астана – арман қала

 

 

Сарыарқа төсінде, Сән беріп Есілге. Жас қала – бас қала, Астана өсуде.

 

Күн болып қарайды, Шуақ боп тарайды. Әлемге нұр шашқан, Астанам арайлы.

Туғандай қиялдан, Үйлері бір арман. Аспандап барады, Аяулы ұлы ордам.

 

Мәрмәрдан қаланған, Сан сарай, сан арман. Жауһардай жарқырап, Жас қала жаңарған.

 

 

  • Түрлі дереккөздерден Астана қаласы туралы ақпарат жинақта және кестеге түсір.

 

1 Қаланың бұрынғы атаулары

қандай?

2 Қазақстанның қай бөлігінде

орналасқан?

3 Қай өзеннің жағасында

орналасқан?

4 Қалада қандай көрікті орындар

бар?

 

 

 

Дескриптор           Білім алушы

  • өлеңді мәнерлеп оқиды;
  • Астана қаласы туралы ақпарат жинайды;
  • жинаған ақпаратты кестеге түсіреді.

 

Бөлім: Жазылым
 

Бөлімше                                     3.1 Шығарманың жоспарын құру

 

Оқу мақсаты

 

2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп,  жоспар құру

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтін бойынша жоспар құрады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей  дағдылары

 

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.

 

Арыстан мен қозы

 

Бірде арыстан тұрған тордың ішіне жаңа туған қозыны әкеп тастады. Түк білмейтін жаңа туған қозы арыстаннан қорқудың орнына оның жанына жақын барып, үсті- басын иіскелеп, мазасын алады. Арыстанды өзімнің шешем екен деп ойласа керек. Мұны көрген аң патшасы арыстан  жас қозыны бас салып жеудің орнына аңқиып тұрып қалды. Ал қозы болса, одан әрі еркінсіп, тоқтар емес. Қайта оған жабысып, жақындай түсті.

Айбатты арыстан жас қозының  сүйкімді сәби қылығына қайран қалғандай тәкаппар ұлылықпен,  әрі іштей бір жылылықпен  қайта- қайта қарай берді. Оны жей салуға батылы жетпеді. Сөйтіп, аш арыстан еріксіз көзін жұмып, қалғып кетті.

 

•     Берілген сұрақтардың көмегімен мәтінді бөліктерге бөл.

 

1.      Қозыны қайда әкелді?

2.      Қозы арыстаннан неге қорықпады?

3.      Арыстанның бойынан қандай қасиеттерді байқадың?

4.      Қандай ойға келдің?

 

•     Әр бөлікке сәйкес жоспар құр.

 

Дескриптор

 

Білім алушы

—  сұрақтардың көмегімен мәтінді  бөліктерге бөледі;

—  әр бөлікке  сәйкес жоспар құрады.

 

Бөлімше         3.2 Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу
 

Оқу мақсаты

 

2.3.2.1* Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар  жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Сурет  бойынша шағын ертегілер / жұмбақтар құрастырады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

 

Тапсырма

 

Суретке мұқият қара. Сурет бойынша тірек сөздер жаз.

Тірек сөздерді қатыстырып «Саяхатшы аңдар» тақырыбына шағын ертегі жаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушы

—  сурет бойынша тірек сөздерді анықтайды;

—  тақырыпқа сәйкес шағын ертегі құрастырады;

—  ертегінің логикалық жүйесін сақтайды;

—  сөйлемдердің құрылымын сақтай отырып, сауатты жазады.

 

Бөлімше                                      3.4 Қатені табу және түзету
 

Оқу мақсаты

 

2.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді  табу және түзету

 

Бағалау критерийі

 

Білім алушы

•     Мәтіндегі стильдік қателерді анықтайды және түзетіп жазады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Білу және түсіну Қолдану

 

Тапсырма

Дұрыс құрылмаған мәтінді ретке келтіріп жаз.

 

Бірде ол балапандарын ілестіріп көлшікке келді. Суға бірінші болып қаз сүңгіді. Жазда мен қаздың өз балапандарын қалай шомылдырғанын көрдім. Балапандары да сырғи жүзіп барып, суға сүңгіп шығып жатты. Мен қызыға қарап тұрдым.

 

 

 

Дескриптор

 

 

 

Білім алушы

—  мәтіндегі стильдік қателерді табады;

—  сөйлемдердің дұрыс ретін анықтайды;

—  мәтінді дұрыс ретпен көшіріп жазады;

—  көркем жазу талаптарын сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь