ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Физика 8 сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Физика 8 сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

1140
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Физика
8 сынып
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
МАЗМҰНЫ
1 тоқсан …………………………………………………………………………………………………………………………. …4
«Жылу құбылыстары» бөлімі……………………………………………………………………………………………………… 4
«Заттың агрегаттық күйлері» бөлімі……………………………………………………………………………………………. 6
2 тоқсан …………………………………………………………………………………………………………………………….. 8
«Термодинамика негіздері» бөлімі……………………………………………………………………………………………… 8
«Электростатика негіздері» бөлімі ……………………………………………………………………………………………… 9
3 тоқсан …………………………………………………………………………………………………………………………… 11
«Тұрақты электр тогы» бөлімі…………………………………………………………………………………………………… 11
«Электромагниттік құбылыстар» бөлімі……………………………………………………………………………………. 21
4 тоқсан …………………………………………………………………………………………………………………………… 23
«Жарық құбылыстары» бөлімі………………………………………………………………………………………………….. 23
3
ЖОБА
1 тоқсан
«Жылу құбылыстары» бөлімі
Оқу мақсаттары 8.3.2.5 -жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу
мөлшерін анықтау 8.3.2.6- заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын
түсіндіру
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Жылу мөлшерін есептейді
• Меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын
түсіндіреді
• Өлшем бірліктерді ХБЖ-іне түрлендіреді
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1
X және Y металл блоктары бөлме температурасында тұрды. Блоктар қыздырылып
әрбірінің температурасы 10 oС-қа артты. Содан кейін блоктар қайтадан бөлме
температурасына дейін суыды. Y блоктың жылу сыйымдылығы X блоктың жылу
сыйымдылығынан үлкен. 10 oС-қа қыздырғанда қай блокқа көп энергия
беріледі және бөлме температурасына дейін суығанда қай блок көп энергиясын
жоғалтады?
Көп энергия
қыздырғанда суығанда
А X X
В X Y
С Y X D Y Y
Дескриптор Білім алушы — жылу сыйымдылығын ескеріп, бөлінетін жылу мөлшерінің
шамасын есептейді.
Тапсырма 2
Металл блокқа 80 Дж жылу мөлшері берілді.Оның температурасы 20 oС-қа көтерілді.
Оның температурасы 10 oС-қа төмендесе ішкі энергиясы қалай өзгереді?
Дескриптор Білім алушы — температураның өзгерісі арқылы ішкі энергия мөлшерін
есептейді.
Тапсырма 3
Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/(кг·оС). Бұл қандай мағынаны білдіреді?
А) массасы 4200 кг суды 1 оС-қа қыздыру үшін 1 Дж жылу мөлшері қажет
В) массасы 1 кг суды 4200 оС-қа қыздыру үшін 1 Дж жылу мөлшері қажет
С) массасы 1 кг суды 1 оС-қа қыздыру үшін 4200 Дж жылу мөлшері қажет
4
ЖОБА
D) массасы 1 кг суды қыздыру үшін 4200 Дж жылу мөлшері қажет
Дескриптор Білім алушы — меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын
түсіндіреді.
Тапсырма 4
Жылу сыйымдылығының өлшем бірлігін ХБЖ дегі негізгі бірліктер арқылы жазыңыз.
А) кг ∙ м2 ∙ с−2 ∙ К−1
В) кг ∙ м2 ∙ с22 ∙ К−1
С) кг ∙ м2 ∙ с2 ∙ К D) кг ∙ м−2 ∙ с−2 ∙ К−1
Дескриптор
Білім алушы — өлшем бірліктерді ХБЖ-іне түрлендіреді.
5
ЖОБА
«Заттың агрегаттық күйлері» бөлімі
Оқу мақсаттары 8.3.1.1 — молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын
дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау 8.3.1.4 — молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден
сұйыққа және кері айналуды сипаттау 8.3.1.5 — молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық
күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау
Бағалау
критерийлері
Білім алушы
• молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын
дәлелдейтін мысалды біледі
• молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден сұйыққа
және кері айналуды сипаттайды
• молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден
газ күйіне және кері айналуын сипаттайды
Ойлау
дағдысының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма 1
Судың ішінде өсімдік тозаңдары бар суспензия микроскоп арқылызерттелді. Өсімдік
тозаңдарының әрдайым қозғалыста болатынын көреміз. Бұл қозғалысты сипаттайтын
жауапты таңдаңыз.
Дескриптор Білім алушы — молекулар қозғалысының траекториясын ажыратады; — Броундық қозғалысты сипаттайды.
6
ЖОБА
Тапсырма 2
Төменде заттың екі күйінің сипаттамасы берілген. 1-сипаттама: Молекулалары өте алыста орналасқан. Олар соқтығысуға дейін ретсіз түзу
сызықтар бойынша өте жылдам қозғалады. 2-сипаттама: Молекулалары жеткілікті жақын орналасқан. Олар ретсіз орын
ауыстырып қозғалады. Олардың белгілі нақты орындары жоқ.
1 және 2 сипаттама қандай күйлерді сипаттайды? 1-сипаттама 2-сипаттама
А газ сұйық
В газ қатты дене
С сұйық газ D қатты дене сұйық
Дескриптор
Білім алушы — молекулардың қозғалысы және орналасуына байланысты зат
күйін ажыратады.
Тапсырма 3
Қатты дененің,сұйықтың және газдың қасиеттерін салыстырыңыз. Дұрыс жауапты
таңдаңыз.
Қасиеті Қатты денелер Сұйықтар Газдар
А Молекулаларың
орналасу тәртібі
Тығыз, қатаң
тәртіп Тығыз, секірмелі ретсіз
В
Молекулалар
арасындағы
қашықтық
жақын алыс алыс
С Молекулаларының
орын ауыстыруы
жоқ жоқ бар
D Молекулаларының
тербелісі жоқ бар бар
Дескриптор Білім алушы — молекула-кинетикалық теорияны қолданып, заттың үш күйін
ажыратады.
7
ЖОБА
2 тоқсан
«Термодинамика негіздері» бөлімі
Оқу мақсаттары 8.3.2.17 – термодинамиканың бірінші заңының мағынасын
түсіндіру 8.3.2.19 – жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін
анықтау
Бағалау
критерийлері
Білім алушы
• Өлшем бірліктерді ХБЖ-іне түрлендіреді
• Термодинамиканың бірінші заңын есептер шығарғанда
қолданады
• Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффициентін
есептейді
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1
Баяу изотермиялық процесс кезінде газға 7 ∙ 106 Дж жылу мөлшері берілген. Газ қандай
жұмыс атқарады?
Дескриптор Білім алушы — термодинамиканың бірінші заңын жазады; — термодинамиканың бірінші заңын изотермиялық процесс үшін
қолданады; — газдың атқарған жұмысын есептейді.
Тапсырма 2
Изохоралық процесс кезінде газға 2 ∙ 1010 Дж жылу берілді. Газдың ұлғаю жұмысын және
ішкі энергияның өзгерісін есептеңіз
Дескриптор Білім алушы — термодинамиканың 1-заңын изохоралық процесс үшін қолданады; — газдың ұлғаю жұмысын есептейді; — газдың ұлғаю ішкі энергияның өзгерісін есептейді.
Тапсырма 3
18,9 МДж жұмысты орындау үшін 1,5 кг дизель отынын жағатын трактордың ПӘК-ін
анықтаңдар. Дизель отынының меншікті жану жылуы q = 42,7 МДж/кг
Дескриптор Білім алушы — дизель отыны толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептейді; — ПӘК-ін есептейді.
Тапсырма 4
ПӘК-і 40 % жылу қозғалтқышы газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алған. Қозғалтқыштың
жасаған жұмысы неге тең? Қанша жылу мөлшері жоғалған?
Дескриптор Білім алушы — жылу машиналырының ПӘК-інің формуласын қолданып, пайдалы
жұмысты есептейді; — мұздатқышқа берілетін жылу мөлшерін есептейді.
8
ЖОБА
«Электростатика негіздері» бөлімі
Оқу мақсаттары 8.4.1.2 — үйкеліс арқылы денені электрлендіру және индукция
құбылысын түсіндіру 8.4.1.3 — электрленудің оң және теріс әсерлеріне мысалдар
келтіру 8.4.1.7 — біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші
күшті есептеу
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Денелерді электрлендіру әдісін сипаттайды
• Бір текті немесе әр текті зарядатардың әсерлесуін түсіндіреді
• Электростаикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күштің
бағытын анықтайды
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1
Жібек матаға үйкелген екі шыны таяқша бір-бірімен қалай әсерлеседі?
Дескриптор Білім алушы — жібек матаға үйкелген шыны таяқшалар қалай зарядталатынын
түсіндіреді.
Тапсырма 2
Суретте көрсетілгендей электрон екі параллель пластиналар арасындағы электр өрісі
арқылы өткен кезде қандай бағытқа бұралады.
A) Әрі қарай
B) Бері қарай
C) Төмен қарай
D) Жоғарғы қарай
Дескриптор Білім алушы — бөлшектің зарядын анықтайды және оның жүру жолын
сипаттайды.
Тапсырма 3
Суретте көрсетілген шарлардың зарядтры туралы не айтуға болады?
9
ЖОБА
Дескриптор Білім алушы — тартылыс күшінің бағыты арқылы шарлар қалай зарядталғанын
анықтайды жәнетүсіндіреді.
Тапсырма 4
Бір қалыпты оң зарядталған шардың электр өрісінің А нүктесінде оң зарядаталған шаңтозаң орналасқан. Тозаңға әсер ететін күштің бағытын сызып көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы — зарядтардың таңбалары арқылы күштің бағытын анықтайды.
10
ЖОБА
3 тоқсан
«Тұрақты электр тогы» бөлімі
Оқу мақсаты 8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі
элементтерінің шартты белгілерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Электрондардың өткізгіш арқылы қозғалатынын сипаттайды
• Тізбек элементтерінің шартты белгілерін қолданады
• Ток күшін өлшейтін құралды анықтайды
• Шартты ток бағытын (оң полюстен теріс полюске қарай) және
электрондар ағымын (терістен оңға қарай) сызбаларда дұрыс
көрсетеді
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1
Электр тогының пайда болуының үш шартын атаңыз.
Дескриптор Білім алушы — электр тогының пайда болу шарттарын атайды.
Тапсырма 2
Өткізгіш сымдар неден жасалады?
Дескриптор Білім алушы — өткізгіш сымдардың қандай материалдан жасалынатынын
түсіндіреді.
Тапсырма 3
Металдарда электр тогын тасымалдайтын қандай бөлшектер?
Дескриптор Білім алушы — металда ток тасымалдаушы бөлшектерді анықтайды.
11
ЖОБА
Тапсырма 4
Суретте электр тізбегі көрсетілген:
Электр тізбегіндегі электр құрылғыларын атаңыз.
Токтың және электрондардың бағытын көрсетіңдер.
Электр тізбегінің графикалық сызбасын салыңдар.
Дескриптор Білім алушы — сурет бойынша тізбек құрылғыларын анықтайды; — токтың бағытын суретте көрсетеді;- электрондардың бағытын
көрсетеді; — токтың бағытының электрондардың бағытына неліктен сәйкес
келмейтінін түсіндіреді; — сурет бойынша шартты белгілерді пайдаланып, тізбек сұлбасын
(схема) сызады.
12
ЖОБА
«Тұрақты электр тогы» бөлімі
Оқу мақсаттары 8.4.2.1 – электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу
шарттарын түсіндіру 8.4.2.3 – кернеудің физикалық мағына-сын, оның өлшем бірлігін
түсіндіру
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Электр тогы ұғымын түсіндіреді
• Ток көздерін ажыратады
• Энергияның түрленуін сипаттайды
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1 1-сөйлемді
аяқтаңыз________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________
Суретте көрсетілген ток көзі ток көзінің қай түріне
жатады?______________________________________________________________________
Ток көзінде энергияның қандай түрленуі болатынын түсіндіріңіз _____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы — электр тогыныңанықтамасын тұжырымдайды; — ток көздерін суретті пайдаланып ажыратады; — ток көзінде қандай құбылыс жүретінін түсіндіреді.
13
ЖОБА
Тапсырма 2
Электр шамынан өтетін ток күші 0,2 А. Осы шамнан 30 секундта өтетін электрондардаң
санын есептеңіз. Электронның заряды 𝑞𝑒 = 1,6 ∙ 10−19 Кл
Дескриптор Білім алушы — ток күшінің формуласын қолданып шамнан өткен толық зарядты
есептейді; — толық заряд пен электронның заряддарының мәндері арқылы
электрондардың санын есептейді.
Тапсырма 3
Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне 16 мин ішінде 240 Кл заряд тасымалданып, 1200
Дж жұмыс жасалынған. Тізбектің осы екі нүктесінің арасындағы ток күші мен кернеуді
табыңдар.
Дескриптор Білім алушы — шамаларды ХБЖ-іне түрлендіреді; — электр заряды мен жұмыстың мәндері арқылы кернеуді
анықтайды; — уақыт пен электр зарядының сан мәндерін пайдаланып, ток
күшін есептейді.
Тапсырма 4
Қыздыру шамы арқылы 400 мА ток өтеді. Бір секундта шамның көлденең қимасы арқылы
қанша заряд өтеді?
Дескриптор Білім алушы — шамаларды ХБЖ-іне түрлендіреді; — ток күшінің формуласын қолданады; — электр зарядының формуласын қорытады.
Тапсырма 5
Берілген шамаларды ХБЖ-не келтіріңіз.
1 мкКл =
0,05 мА =
30 кА =
Дескриптор Білім алушы — физикалық шамалардың өлшем бірліктерін ХБЖ-іне түрлендіреді.
14
ЖОБА
«Тұрақты электр тогы» бөлімі
Оқу мақсаттары 8.4.2.2 — электр сұлбаларын графикалық бейнелеуде электр
тізбектерінің шартты белгілерін қолдану және олардың маңызын
түсіндіру 8.4.2.4 — электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді өлшеу,
нәтижелерін құралдардың қателіктерін ескеріп жазу
Бағалау
критерийлері
Білім алушы
• Электр сұлбаларын графикалық бейнелей алады
• Берілген тізбек арқылы ток күшін өлшей алады
• Берілген тізбек арқылы кернеуді өлшей алады
• Құралдарды анықтап, құралдың қателігін ескере отырып,
нәтижені жаза алады
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1
Берілген электр тізбегінің графикалық схемасын сызыңыз
Тізбектегі ток күші неге тең?
Жауабы: (…………..±……….) А
Шамның тұтынған кернеуі қандай?
Жауабы: (……………±……….) В
Суреттен амперметрдің және вольтметрдің полюстерін көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы — сурет бойынша шартты белгілерді пайдаланып, электр тізбегінің
дұрыс сұлбасын(схема) сызады; — тізбектегі ток күшін амперметрдің көрсетілімі арқылы прибор
қателігін ескеріп дұрыс жазады; — тізбектегі бөлігіндегі кернеуді вольтметрдің көрсетілімі арқылы
прибор қателігін ескеріп дұрыс жазады; — өлшеуіш приборлардың полюстерін көрсетеді.
15
ЖОБА
«Тұрақты электр тогы» бөлімі
Оқу мақсаттары 8.4.2.7 – кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін
түсіндіру 8.4.2.8 – есеп шығаруғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн
формуласын қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Электр кедергісінің формуласын қолданады
• Өткізгіштің меншікті кедергісі және кедергісі арқылы
өткізгіштің басқа да параметрлерін есептейді
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1
Кедергісі 84 Ом-ға тең реостаттың орамасы көлденең қимасының ауданы 1 мм2 болатын
никель сымынан жасалған. Сымның ұзындығы қандай?
Дескриптор Білім алушы — кестені пайдаланып, никельдің меншікті кедергісін анықтайды; — сымның ұзындығын кедергінің формуласы арқылы өрнектейді; — сымның ұзындығын есептейді.
Тапсырма 2
Мыстан жасалған сым орамының кедергісі 0,83 Ом және массасы 0,21 кг. Сымның
ұзындығын, және көлденең қимасының ауданын табыңыз. Мыстың тығыздығы 8900 кг/м3,
меншікті кедергісі 1,7 ∙ 10−8 Ом ∙ м.
Дескриптор Білім алушы — кедергінің формуласын жазады; — сымның массасын тығыздық және көлем арқылы өрнектейді; — сымның көлеміноның қима ауданы және ұзындығы арқылы
өрнектейді; — осы үш формула арқылы өткізгіштің ұзындығын және қима
ауданын есептеп шығарады.
16
ЖОБА
«Тұрақты электр тогы» бөлімі
Оқу мақсаты 8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ом заңын есептер шығарғанда қолданады
• ХБ жүйесіндегі өлшем бірліктерін қолданады
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1
Тізбектің ұштарындағы кернеу 30 кВ, ток күші 15 мА. Өткізгіштің кедергісін анықтаңыз
Дескриптор Білім алушы — өлшем бірліктерді ХБЖ-іне түрлендіреді; — Ом заңынан кедергінің формуласын өрнектейді; — кедергінің сан мәнін есептейді.
Тапсырма 2
Ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2, ұштарына 6,8 В кернеу қосылған
мыс өткізгіштің бойымен өтетін ток күшін табыңыз.
Дескриптор Білім алушы — мыстың меншікті кедергісін кестеден табады, ХБЖ-іне
түрлендіреді; — өткізгіштің кедергісінің формуласын қолданып, кедергіні
есептейді; — Ом заңы арқылы ток күшін табады.
17
ЖОБА
«Тұрақты электр тогы» бөлімі
Оқу мақсаты 8.4.2.11 – өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек
бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер
жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өткізгіштерді тізбектей жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын
қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді
• Өткізгіштерді параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын
қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1
Кедергілері 5 Ом, 10 Ом және 25 Ом үш резистор тізбектей жалғастырылып, кернеуі
тұрақты 120 В желіге жалғанған. Әрбір резистордағы ток күші мен кернеудің түсуін
анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы — желінің жалпы кедергісін анықтайды; — Ом заңын қолданып жалпы ток күшін есептейді; — тізбектей жалғанған өткізгіштерге арналған заңдылықтарды ескеріп, әр
резистордан өтетін ток күшін анықтайды; — Ом заңын пайдаланып әрбір резистордағы кернеудің түсуін есептейді.
Тапсырма 2
Кедергілері 10 Ом, 20 Ом және 30 Ом үш резистор параллель жалғастырылып, кернеуі
тұрақты 30 В желіге жалғанған. Тізбектегі жалпы кедергіні, жалпы ток күшін және әрбір
резистордан өтетін ток күшін анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы — желінің жалпы кедергісін анықтайды ; — Ом заңын қолданып жалпы ток күшін есептейді; — параллель жалғанған өткізгіштерге арналған заңдылықтарды ескеріп,
әр резистордағы кернеудің түсуін анықтайды; — Ом заңын пайдаланып әрбір резистордан өтетін ток күшін есептейді.
18
ЖОБА
«Тұрақты электр тогы» бөлімі
Оқу мақсаттары 8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда
қолдану 8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану
Бағалау
критерийлері
Білім алушы
• Аралас жалғанған тізбектің бөлігіндегі қуатты анықтайды
• Электр тогының жұмысын анықтайды
• Электр энергиясының жылу энергиясына айналуын біле отырып,
электр тогының қуатын есептейді
• Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1
Егер I1 =3 А болса, үшінші шамның тұтынатын қуатын анықта. (Сурет)
Дескриптор Білім алушы — суретте сұлбасы көрсетілген тізбектің толық кедергісін анықтайды; — тізбектің сол жақ бөлігіндегі кернеуді есептейді; — кедергісі 15 Ом шамнан өтетін ток күшін есептейді; — үшінші шамнан өтетін ток күшін анықтайды; — қуаттың формуласын қолданып, үшінші шамның өндіретін қуатын
есептейді.
Тапсырма 2
Кедергісі 100 Ом реостат арқылы 30 секунд ішінде тізбектен 2 А ток өтетін болса, қанша
жылу мөлшері бөлініп шығар еді?
Дескриптор Білім алушы — Джоуль-Ленц заңын жазады; — реостаттан бөлінетін жылу мөлшерін есептейді.
19
ЖОБА
Тапсырма 3
Пәтерде 6А ток күшіне шыдайтын сақтандырғыштар орнатылған. Егер желідегі кернеу 220 В
болса, бір уақытта қуаты 60 Вт , 100 Вт шамдарды, 1000 Вт электр пешті және 300 Вт электр
үтікті қосуға бола ма?
Дескриптор Білім алушы — сақтандырғыштар төзе алатын шекті қуатты анықтайды; — желіге қосылған электр энергиясын тұтынушы құралдардың
жалпы қуатын анықтайды; — есептелінген қуаттарды салыстырып, оларды электр желісіне
қосуға болатынын немесе болмайтынын анықтайды.
20
ЖОБА
«Электромагниттік құбылыстар» бөлімі
Оқу мақсаттары 8.4.3.3 – тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің
айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау 8.4.3.5 – магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау 8.4.3.6 – электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың
жұмыс істеу принципін түсіндіру
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Оң бұранда ережесін қолданады
• Сол қол ережесін қолданады
• Электр қозғалтқыштың жұмыс принципін түсіндіреді
• Электромагнитіің жұмыс принципін түсіндіреді
Ойлау дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1
Суретте көрсетілген өткізгіштегі токтың бағытын анықтаңыз. Бағдаршалармен (стрелка)
электр тогының айналасындағы магнит өрісінің күш сызықтары көрсетілген.
Дескриптор Білім алушы — оң бұранда ережесін қолданады; — токтың бағытын анықтайды.
Тапсырма 2
Суретте тогы бар шарғы(катушка) көрсетілген. Шарғыдағы магнит өрісінің қай жағында
магнит өрісінің солтүстік полюсы орналасқан.
Дескриптор Білім алушы — ток күшінің бағытын анықтайды; — оң бұранда ережесін қолданып, шарғының магнит өрісінің
индукциясының бағытын анықтайды; — магнит өрісінің индукциясының бағыты арқылы электромагниттің
солтүстік полюсінің орнын анықтайды.
21
ЖОБА
Тапсырма 3
Магнит өрісінде тогы бар өткізгіш орналасқан, Бұл өткізгішке әсер ететін күштің бағытын
анықтаңыз (суретті қараңыз)
Дескриптор Білім алушы — ток күшінің бағытын анықтайды; — тұрақты магнит өрісінің индукциясының бағытын анықтайды; — сол қол ережесін қолданады; — өткізгішке әсер ететін күштің бағытын анықтайды.
Тапсырма 4
Неліктен суреттегі М алюминий жұмыр білеуше кілтті қосқанда домалап кетеді?
Дескриптор Білім алушы — М білеуше бойымен өтетін токтың бағытын анықтайды; — таға тәрізді тұрақты магниттің индукция бағытын анықтайды; — сол қол ережесін қолданады; — білеушеге түсетін күштің бағытын анықтайды.
22
ЖОБА
4 тоқсан
«Жарық құбылыстары» бөлімі
Оқу мақсаттары 8.5.1.4 — жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау 8.5.1.8 — тәжірибеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын
түсіндіру 8.5.1.3 — айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын
келтіру және түсіндіру 8.5.1.2 — эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының
тәуелділігін анықтау
Бағалау
критерийлері
Білім алушы
• Жазық айнада дененің кескінін алады және оны сипаттайды
• Толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіреді
• Айналық және шашыранды шағылуларды ажыратады
• Түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтайды
• Шыны блок арқылы өтетін сәуленің жолын сызады
Ойлау
дағдысының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1
Қай суретте жарықтың толық ішкі шағылуы болған?
Дескриптор Білім алушы — толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіреді.
Тапсырма 2
Жарық сәулесі параллель орналасқан X және Y жазық айналарданшағылады.
23
ЖОБА
Дұрыс жауапты анықтаңыз.
А) Х айнаға түсу бұрышы 300
В) Y айнаға түсу бұрышы 600
C) Х айнадан шағылу бұрышы 1200
D) Y айнадан шағылу бұрышы 00
Дескриптор Білім алушы — шағылу заңын қолданады.
Тапсырма 3
Оқушы параққа жазылған P әрпіне қарады және оның айнадағы кескінінеқарады. Ол
айнада нені көреді?
Дескриптор Білім алушы — жазық айнаның беретін кескінін табады.
Тапсырма 4
Жазық айнаның алдында О нүктеде орналасқан объектініңIнүктеде кескініпайда болады.
Егер объект стрелкамен көрсетілген бағытта айнаға қарай қозғалса, оның кескіні қай
бағытта қозғалады?
24
ЖОБА
Дескриптор Білім алушы — жазық айна алдында қозғалатын нәрсенің кескінінің қозғалысын
анықтайды.
Тапсырма 5
Қай суретте жарық сәулесінің тіктөртбұрышты шыны блок арқылы жүрісі дұрыс
көрсетілген?
Дескриптор
Білім алушы — жарықтың сыну заңын қолданып, шыны блоктан өтетін жарық
сәулесінің жолын көрсетеді.
25

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь