ГЛАВНАЯ Публикация педагогов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Көркем еңбек (қыз балаларға арналған) 7-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Көркем еңбек (қыз балаларға арналған) 7-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

2
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Көркем еңбек
(қыз балаларға арналған)
7-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған. 2
Мазмұны
1-тоқсан ……………………………………………………………………………………………………………………………………. 4
Бөлім «Визуалды өнер» ……………………………………………………………………………………………… 4
2-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………………….. 14
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер» ……………………………………………………………………………… 14
3-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………………….. 22
Бөлім «Дизайн және технология» …………………………………………………………………………….. 22
4-тоқсан ………………………………………………………………………………………………………………………. 34
Бөлім «Тамақтану мәдениеті» …………………………………………………………………………………… 34 Бөлім «Үй мәдениеті»……………………………………………………………………………………………….. 39
3
1-тоқсан
Бөлім «Визуалды өнер»
Тақырып Өнердегі заманауи техника мен ғылыми жетістіктер
Оқу мақсаты
7.1.1.1 Қоршаған орта элементтерінің визуалды сипаттамасын (композиция, түс, пішін, фактура, пропорция) өзінше түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Қоршаған ортаның визуалды сипаттамасынсаралайды
•Өнердегі заманауи техника мен ғылымижетістіктерді өзінше түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Берілген шығармадан қоршаған орта элементтерінің визуалды сипаттамасын анықтаңыз. Заманауи техникада орындалған шығармаларды салыстырыңыз.
Қоршаған ортаның визуалды элементтері
•Композиция
•Түс
•Пішін
•Ритм
•Колорит
•Сызық
•Орындау техникасы
Салыстыру үшін:
•Бұл туындылар қандай өнер түрлеріне жатады?
•Тақырыптары қандай?
•Орындалу техникасын анықтаңыз.
•Түстік гаммасын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− қоршаған ортаның визуалды элементтерін анықтайды;
− шығармаларды салыстырады. 4
Тақырып Табиғаттағы микро суреттер
Оқу мақсаты
7.2.1.1 Күрделі шығармашылық идеялары мен сезімдерін білдіру үшін, өнер құралдары мен әртүрлі техникада таңдалған қасиеттері мен тәсілдерін визуалды элементтерді таңдау және негізделген түрде анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Өнер құралдары мен әр түрлі техникадатаңдалған қасиеттер мен тәсілдерін визуалды элементтерді көрсету арқылы анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
А 3 пішімінде гүлден өрнектер композциясын бейнелеңіз (симметриялы, ақ пен қара немесе түрлі-түсті) Ол үшін:
— Өнер құралдары мен техникаларды таңдаңыз.
— Визуалды элементтерді көрсетіңіз.
•Композиция
•Түс
•Пішін
•Ритм
•Колорит
•Сызық
•Орындау техникасы
Дескриптор Білім алушы
— өнер құралдары мен техникаларды таңдайды;
— бейнеленетін суреттің композициясын анықтайды;
— нобайын жасайды;
— визуалды элементтерін көрсетеді;
— палитрада түстерді анықтайды;
— жұмыстарын ұқыпты бояйды.
5
Тақырып Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттар
(поп арт, инсталляция) (өздігінен ізденіс зерттеулері)
Оқу мақсаты
7.3.2.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талқылау және бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Пәндік терминологияны қолданады
• жұмыстарындағы идеялар мен тақырыптарды талқылайды
• Өз сыныптастарының жұмысында поп арттың қолдану мүмкіндігін бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Поп арт стилінде орындалған коллаждарды салыстырыңыз. Берілген жұмыстардағы идеялар мен тақырыптарды топта талқылаңыз.
Өз жұмысыңызда поп арт стилін қалай қолдануға болатындығын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— поп арт стилінде жұмыс жасайтын суретшілердің жұмыстарын қарастырады;
— топта осы жұмыстарды талқылайды;
— қажетті жазба жұмыстарын жүргізеді;
— топта поп арт стилін қолдану мүмкіншіліктерінің нұсқаларын талқылайды;
— альбомдарында (скетчбуктерінде) нобай жасайды.
6
Тақырып Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттар (поп арт, инсталляция)
(өздігінен ізденіс зерттеулері)
Оқу мақсаты
7.3.3.1 Пәндік терминологияны пайдалана отырып, басқалардың (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) және өз жұмыстарындағы әдіс-тәсілдері мен техникаларды талқылау және бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Пәндік терминологияны пайдаланады
• Суретшілердің жұмыстарындағы әдіс-тәсілдерді, техникаларды талқылайды
• Жұмыстарын салыстырып бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жұпта суретшілердің жұмыстарындағы әдіс-тәсілдерді, техникаларды талқылаңыз.
Өз жұмыстарыңыздағы әдіс-тәсілдеріңіз бен техникаларыңызды жоғарыда берілген шығармалармен салыстырыңыз және бағалаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— жұпта суретшілердің жұмыстарындағы техникаларды талқылайды;
— суретшілердің шығармаларындағы әдіс-тәсілдерді салыстырады;
— өз жұмысын бағалайды.
7
Тақырып Қазақстанның заманауи суретшілері
Оқу мақсаты
7.1.2.1 Тарихи және мәдени шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Шығу тегі әр түрлі өнер түрлерін атайды
• Қолөнер туындыларының ерекшеліктерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Берілген суреттердегі өнер түрлерінің атын атаңыз және қолөнер туындыларының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— ұлттық қолөнердің түрлері жайында айтады;
— альбомдарында (скетчбуктерінде) жазба жұмыстарын жүргізеді;
— ұлттық өнер мен қолөнердің ерекшеліктерін түсіндіреді.
8
Тақырып Қазақстанның заманауи суретшілері
Оқу мақсаты
7.1.3.1 Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Ақпарат көздерінен (АКТ-ны қолдана отырып) Қазақстанның заманауи суретшілерін анықтайды
• Идеяларын іске асыру мақсатында Қазақстанның заманауи суретшілерінің туындыларын қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
АКТ-ны қолдана отырып, Қазақстанның заманауи суретшілерін анықтаңыз және презентация жасаңыз.
Мысалы:
Сембигали Смагулов «Великая степь»
• Бұл туынды қандай өнер түріне жатады?
• Қай жылы жарық көрді?
• Мағынасы қандай деп ойлайсыз?
Дескриптор Білім алушы
— жұпта интернет желісін қолдана отырып, Қазақстанның заманауи суретшілерін анықтайды;
— презентацияны безендіруде жаңашылдық танытады.
9
Тақырып Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде
тәжірибелік жұмыс орындау (2 D немесе 3D форматында)
Оқу мақсаты
7.1.6.4 Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Әр түрлі (заманауи) технологияларды анықтайды
• Шығармашылық жұмыстарына материалдарын анықтайды, таңдайды, біріктіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Шығармашылық жұмысыңызды жасаңыз.
Ол үшін:
— өнердегі заманауи технологияларды анықтаңыз;
— өнер материалдарын анықтаңыз және таңдаңыз;
— заманауи технологиялар мен өнер материалдарын біріктіріңіз.
Мысалы
Шығармаларда:
— заманауи материалдар қолданылған,
— өнердегі заманауи стильдік бағыт бар.
Дескриптор Білім алушы
— өз жұмысына материалдарды таңдайды;
— оларды түрлеріне байланысты іріктейді;
— нобайды өнердегі заманауи технологияларға сай орындайды;
— шығармашылық жұмысында заманауи технологиялар мен өнер материалдарын таңдап, біріктіреді.
10
Тақырып Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде
тәжірибелік жұмыс орындау (2 D немесе 3D форматында)
Оқу мақсаты
7.1.6.2 Заманауи және дәстүрлі емес материалдардың бірқатарын тану және олардың тиімді біріктірілуі мен өңделу мүмкіншілігін анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Заманауи және дәстүрлі материалдардың қасиеттерін және оларды біріктіру әдістерін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды анықтаңыз.
— заманауи материалдарды қарастырыңыз;
— дәстүрлі емес материалдарды қарастырыңыз;
— оларды салыстырыңыз.
Мысалы
Дескриптор Білім алушы
— өнердегі заманауи стильдік бағыттарды анықтайды;
— заманауи және дәстүрлі емес материалдарды салыстырады және талқылайды.
11
Тақырып Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде
тәжірибелік жұмыс орындау (2 D немесе 3D форматында)
Оқу мақсаты
7.2.1.1 Күрделі шығармашылық идеялары мен сезімдерін білдіру үшін, өнер құралдары мен әр түрлі техникада таңдалған қасиеттері мен тәсілдерін визуалды элементтерді таңдау және негізделген түрде анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Шығармашылық идеялары мен сезімдерін білдіру үшін визуалды элементтерді таңдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген шығармаларды өз шығармашылық идеяларыңызбен, сезімдеріңізді білдіру үшін қолданыңыз.
Ол үшін қоршаған ортаның визуалды элементтерін қолданыңыз.
• Композиция
• Түс
• Пішін
• Ритм
• Колорит
• Сызық
• Орындау техникасы
Дескриптор Білім алушы
— күрделі шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсетеді;
— шығармашылық жұмысын жасау үшін визуалды элементтерді қолданады.
12
Тақырып Жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру
Оқу мақсаты
7.3.1.1 Ауқымды аудитория алдында дайын болған өз жұмыстарын таныстыру (көрме, сән көрсетілімі)
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Көрме ұйымдастырады
• Шығармашылық жұмыстарын таныстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Дайын болған өз шығармашылық жұмысыңызға таныстырылым жасаңыз.
• Таныстырылым үшін көрме ұйымдастырыңыз;
• Жұмысыңыз аяқталған болуы қажет;
• Талдау үшін өз қолыңыздан сәтті және сәтсіз шыққан жағын айтыңыз;
• Өзіңіздің және сыныптастарыңыздың жұмыстарын жетілдіру жағын айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− көрме ұйымдастыруда жаңашыл идеялар қолданады;
− өз қолынан сәтті және сәтсіз шыққан жағын айтады;
− жұмысын жетілдіру жақтарын айтады;
− өз ойын нақты айтады;
− жұмысына сыныптастары әділ баға береді.
13
2-тоқсан
Бөлім «Сәндік-қолданбалы өнер»
Тақырып Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома және). Жазбалар
түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы
Материалдары және құралдары
Оқу мақсаты
7.1.2.1 Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін саралайды
• Берілген туындыларды салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтаңыз. Төменде берілген туындыларды салыстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— мәдениеттегі өнер түрлерін топта талқылайды;
— туындыларды салыстырады;
— орындалу техникасын саралайды.
14
Тақырып Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома және). Жазбалар
түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы
Материалдары және құралдары
Оқу мақсаты
7.1.3.1 Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Шығармашылық жұмыстарын іске асыру үшінтүрлі мәлімет көздерінен алынған (оның ішінде АКТ қолданып) дағдыларын көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Көркем жазба техникасында орындалған шеберлердің туындыларын қарастырыңыз. АКТ-ны қолдана отырып осы жазба түрлері жайлы ақпарат қарастырыңыз.
− Бұл жазбалар үшін қандай материалдар мен құралдарды қолданады?
− Тәсілдері мен техникасының ерекшеліктері қандай?
Дескриптор Білім алушы
− көркем жазба түрлерін интернет желісінен немесе
көрнекілік құралдарынан қарастырады; − альбомдарына (скетчбуктеріне) жазба жұмыстарын жүргізеді.
15
Тақырып Бұйымның нобайын орындау. Материалдар мен
құралдарды дайындау
Оқу мақсаты
7.1.5.2 Бұйым жасауда әр түрлі графикалық құралдарды қолдана отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып), нобайлар, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Өз бұйымын жасау үшін нобай даярлайды
• Әр түрлі графикалық құралдарды қолдана отырып (оның ішінде АКТ-ны қолданып) бұйымына технологиялық құжат дайындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өз бұйымыңыз үшін нобай даярлаңыз.
Нобайыңызды:
− Түрлі түсті бояумен бояңыз;
− Кемінде 3 түрлі нобай болуы қажет.
Технологиялық құжат үлгісі
Технологиялық карта
Бұйым атауы:__________________
(Нобай үлгісі)

Жұмыстың орындалу реттілігі
Графикалық суреті (нобай)
Қажетті құрал- жабдықтар
* Кестеге қажетінше жолдарды қосуға болады.
Дескриптор Білім алушы
− өз бұйымына арналған нобайда жаңашылдық танытады;
− альбомдарында (скетчбуктерінде) бұйымның технологиялық картасын орындайды.
16
Тақырып Бұйымның нобайын орындау. Материалдар мен
құралдарды дайындау
Оқу мақсаты
7.1.4.1 Алған білімдері мен тәжірибелерін қолдана болашақ іс-әрекеттерін анықтау және шығармашылық қызметін жоспарлау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Болашақ іс-әрекеттерін анықтайды
• Шығармашылық қызметін жоспарлайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Алған біліміңіз бен тәжірибеңізді пайдалана отырып, орындалатын іс-әрекеттеріңізді анықтаңыз және кестені толтырыңыз.
Технологиялық карта
Бұйым атауы:__________________
(Нобай үлгісі)

Жұмыстың орындалу реттілігі
Графикалық суреті (нобай)
Қажетті құрал- жабдықтар
* Кестеге қажетінше жолдарды қосуға болады.
Дескриптор Білім алушы
− болашақ іс-әрекеттерін анықтайды;
− шығармашылық қызметін жоспарлайды;
− альбомдарына (скетчбуктеріне) кестені толтырады.
17
Тақырып Көркем жазбаны орындау. Сәндеу. Безендіру
Оқу мақсаты
7.2.1.1 Күрделі шығармашылық идеялары мен сезімдерін білдіру үшін, өнер құралдары мен әр түрлі техникада таңдалған қасиеттері мен тәсілдерін визуалды элементтерді таңдау және негізделген түрде анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Күрделі шығармашылық идеялар мен сезімдерін білдіру үшін, өнер құралдарын анықтайды
• Көркем жазбаны орындау үшін визуалды элементтерді қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өз идеяңызбен сезіміңізді беру үшін көркем жазба орындаңыз.
Шығармашылық идеяңыз үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолданыңыз:
• Композиция
• Түс
• Пішін
• Ритм
• Колорит
• Сызық
• Орындау техникасы (батик, гжель, хохлома)
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
− А 3 пішімінде көркем жазба композициясын орналастырады;
− шығармашылық жұмысында түстік үйлесімділікті көрсетеді;
− жұмысында өнердің көркем тәсілдерін қолданады.
18
Тақырып Көркем жазбаны орындау. Сәндеу. Безендіру
Оқу мақсаты
7.1.6.4 Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологиялар мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Шығармашылық жұмыстарын жасау үшін әр түрлі (заманауи) технологияларды анықтайды
• Өнер материалдарын таңдайды және біріктіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өз шығармашылық жұмысыңызды жасау үшін заманауи технологияларды қарастырыңыз және өнер материалдарын таңдаңыз.
Өнер материалдары:
− түрлі түсті қарындаш;
− фломастер;
− акварель бояуы;
− гуашь;
− түрлі-түсті қалам;
− батик бояуы және т/б.
Дескриптор Білім алушы
− көркемөнер материалдарын таңдайды;
− техникаларын пайдалану үшін бірнеше тәжірибе жасайды;
− түс үйлесімділігін табады;
− өздігінен жұмыс жасайды.
19
Тақырып Көркем жазба орындау. Әрлеу. Безендіру
Оқу мақсаты
7.2.6.1 Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Материалдар мен құралдарды пайдалану ережесін көрсетеді
• Көркем жазба орындау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Материалдар мен құралдардың қауіпсіздік техникасын сақтап, көркем жазбаны орындаңыз. Жұмыс барысында материалдар мен құралдарды қауіпсіз пайдалану техникасын көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
— қауіпсіздік ережесін көрсетеді;
— материалдар мен құралдарды пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтайды;
— қауіпсіздік ережесін қолданудың маңыздылығын көрсетеді.
20
Тақырып Таныстырылым және көрме ұйымдастыру
Оқу мақсаты
7.3.1.1 Ауқымды аудитория алдында дайын болған өз жұмыстарын таныстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Дайын жұмысын көрмеге дайындайды
• Ауқымды аудитория алдында таныстырылым жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өзіңіздің дайын жұмысыңызға көрме ұйымдастырыңыз және таныстырылым жасаңыз.
• Таныстырылым үшін көрме ұйымдастырыңыз;
• Жұмысыңыз аяқталған болуы қажет;
• Талдау үшін өз қолыңыздан сәтті және сәтсіз шыққан жағын айтыңыз;
• Өзіңіздің және сыныптастарыңыздың жұмыстарын жетілдіру жағын айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− жұмысты ұқыпты безендіреді;
− жұмыстың таныстырылымын дайындайды;
− жобаны қорғау кезіне тақырыпқа сай терминдерді қолданады;
− жұмыстарының көрмесін ұйымдастырады.
21
3-тоқсан
Бөлім «Дизайн және технология»
Тақырып Өзгеріске ұшырау (трансформация) және тігін бұйымдарды
сәндеу (киім, аксессуарлар, бижутериялар). Идеяларды құру
Нобай
Оқу мақсаты
7.1.3.1 Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Шығармашылық жұмыстарын іске асыру мақсатында ақпарат көздерінен (АКТ-ны қолдана отырып) қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Шығармашылық жұмыстарыңыздың идеясын іске асыру мақсатында АКТ-ны (интернет желісі немесе басқа ақпарат көздерін) қолданыңыз.
Ол үшін:
− аксессуар бұйымдарын қарастырыңыз;
− түрлерін анықтаңыз;
− қолданылатын материалдарын анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— АКТ-ны қолдана отырып идеясын іске асыру үшін ақпараттар қарастырады;
— жұпта бірлесе отырып жұмыс жасайды.
22
Тақырып Өзгеріске ұшырау (трансформация) және тігін бұйымдарды
сәндеу (киім, аксессуарлар, бижутериялар). Идеяларды құру
Нобай
Оқу мақсаты
7.1.5.1 Функционалды (техникалық) және эстетикалық талаптарға сай, дизайн дайындау бойынша тапсырмаларды орындау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Функционалды (техникалық) және эстетикалық талаптарға сай аксессуар дизайнын дайындайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Функционалды (техникалық) және эстетикалық талаптарға сай аксессуар түрлерінің дизайнын ойластырыңыз.
Ол үшін: білезік, сақина, алқа, сырға, сөмке немесе т/б таңдауға болады.
Дескриптор Білім алушы
— жұпта аксессуарлардың функционалды (техникалық) және эстетикалық талаптарын талқылайды;
— аксессуар түрлерінің дизайнын ойластырады.
23
Тақырып Өзгеріске ұшырау (трансформация) және тігін бұйымдарды
сәндеу (киім, аксессуарлар, бижутериялар). Идеяларды құру.
Нобай
Оқу мақсаты
7.1.5.2 Бұйым жасауда әр түрлі графикалық құралдарды қолдана отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып), нобайлар, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Бұйым нобайын жасайды
• Бұйымның жасалу кезеңінің технологиялық картасын орындайды (АКТ-ны қолдана отырып)
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өз бұйымыңыз үшін нобай даярлаңыз және кестені толтырыңыз.
Нобайыңыз:
− Түрлі-түсті бояумен боялған;
− Кемінде 3 түрлі нобай болуы қажет.
Технологиялық құжат үлгісі.
Технологиялық карта
Бұйым атауы:__________________
(Нобай үлгісі)

Жұмыстың орындалу реттілігі
Графикалық суреті (нобай)
Қажетті құрал- жабдықтар
* Кестеге қажетті жолдарды қосуға болады.
Дескриптор Білім алушы
— аксессуар нұсқаларын талдайды;
— нобайын түспен жасайды;
— технологиялық картаны толтырады.
24
Тақырып Материалдар мен құралдарды дайындау
Оқу мақсаты
7.2.2.1 Тігін машинасының жұмысында ақауларды анықтау және жөндеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Тігін машинасының жұмысындағы ақауларын анықтайды
• Сапасыз тігілу және ақаудың болу себебін қарастырыңыз
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тігін машинасымен жұмыс істеген кездегі ақауларын анықтаңыз. Сапасыз тігілу себебін қарастырыңыз.
− Кинематикалық схемасын қарастырыңыз;
− Ақау болатын жерлерін қарастырыңыз;
− Сақтық шараларын талқылаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— тігін машинасының ақауларын анықтайды;
— сапасыз тігістердің болу себептерін айтады;
— топта бірлесе отырып, жұмыс жасайды.
25
Тақырып Материалдар мен құралдарды дайындау
Оқу мақсаты
7.1.6.2 Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу, пайдалану және үйлестірудің тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды таңдайды
• Материалдарды өңдеу және үйлестірудің тиімді жолдарын қарастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Аксессуар жасау үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдарды үйлестірудің тиімді жолдарын анықтаңыз.
− Заманауи және дәстүрлі емес материалдар түрлерін анықтаңыз;
− Оларды өңдеу жолдарын қарастырыңыз;
− Материалдарды үйлестірудің тиімді жолдарын талқылаңыз;
− Альбомдарыңызда (скетчбукте) жазба жұмыстарын жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— аксессуарға қолданылатын заманауи және дәстүрлі емес материалдарды анықтайды;
— таңдалынған материалдың қасиеттерін анықтайды;
— топта материалдарды үйлестірудің тиімді жолдарын талқылайды.
26
Тақырып Материалдар мен құралдарды дайындау
Оқу мақсаты
7.1.6.3 Өңдеу тігін материалдары мен сәндік әшекей бұйымдарының жіктелуін және сипаттамасын анықтау, салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тігін материалдары мен сәндік әшекей бұйымдарынтаңдайды
•Сипаттамасын анықтап салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Аксессуарға арналған өңдеу тігін материалдары мен сәндік әшекей бұйымдарын қарастырыңыз.
Өз аксессуарыңызға қажетті өңдеу тігін материалдарын және сәндік әшекей бұйымдарын таңдап, сипаттамасын жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
— негізгі әрлеу материалдарын сипаттайды; — бөлшектерін визуалды элементтерге байланысты сәйкестендіреді.
27
Тақырып Жиынтықты орындау. Бұйым бөлшектерін пішу. Жеке
бөлшектерді өңдеу. Бұйымдардың бөлшектерін құрастыру
және өңдеу. Бұйымды сәндеу
Оқу мақсаты
7.2.3.1 Әр түрлі конструкциялық, заманауи тоқыма және сәндеу материалдарын қолдана отырып, тігін машинасында технологиялық талапқа сайкес бұйым жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Тоқыма және сәндеу материалдарын қолданып, тігінмашинасында заманауи талапқа сай бұйым жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Технологиялық талапқа сәйкес аксессуар жасаңыз.
Ол үшін:
− заманауи тоқыма және сәндеу материалдарын даярлаңыз;
− технологиялық талапқа сәйкес бұйым бөлшектерін даярлаңыз;
− аксессуар бөлшектерін тігін машинасында өңдеңіз.
1.Декоративті лента
2.Страздар
3.Бисер
4.Әйнек моншақтар
5.Фетр декоративті
6.Моножібі
7.Бисер инелері
8.Фетр
9.Қайшы
Дескриптор Білім алушы
— заманауи тоқыма және сәндеу материалдарын түрлендіреді;
— тігін машинасын қолданады;
— өз бұйымын креативті оймен орындайды. 28
Тақырып Жиынтықты орындау. Бұйым бөлшектерін пішу. Жеке
бөлшектерді өңдеу. Бұйымдардың бөлшектерін құрастыру
және өңдеу. Бұйымды сәндеу
Оқу мақсаты
7.2.2.2 Тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеу барысында қолданылатын құралдарды анықтау, таңдау, қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Үтікпен жұмыс жасау үшін қажетті температураныанықтайды
•Бұйымның ылғалды-жылулық өңдеужұмыстарын жүргізеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Үтікпен қажетті температураны анықтап, дайын болған бөлшектерді ылғалды-жылулықпен өңдеңіз.
Дескриптор Білім алушы
— үтіктің қажетті температурасын анықтайды;
— қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
— бұйымның бөлшектерін ылғалды-жылулықпен өңдейді.
29
Тақырып Жиынтықты орындау. Бұйым бөлшектерін пішу. Жеке
бөлшектерді өңдеу. Бұйымдардың бөлшектерін құрастыру
және өңдеу. Бұйымды сәндеу
Оқу мақсаты
7.1.4.2 Бұйымның өзіндік құны мен материалдық шығындарын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Бұйымның өзіндік құнын анықтайды
• Бұйымға кеткен шығынын есептейді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Бұйым жасауға қолданылған материалдардың шығынын анықтаңыз.
Ол үшін:
− Бұйымға пайдаланылған материалдардың бағасын анықтаңыз;
− Бұйымды жасауға қолданылған құралдың бағасын есептеңіз.
Бұйымға кеткен материалдар мен құралдар:
1. Декоративті лента
2. Страздар
3. Бисер
4. Әйнек моншақтар
5. Фетр декоративті
6. Моножібі
7. Фетр
8. Бисер инелері
9. Қайшы
Дескриптор Білім алушы
— бұйымның өзіндік құнына есеп жүргізеді;
— бұйымға кеткен материалдар мен құралдардың бағасын анықтайды.
30
Тақырып Жиынтықты орындау. Бұйым бөлшектерін пішу. Жеке
бөлшектерді өңдеу. Бұйымдардың бөлшектерін
құрастыру және өңдеу. Бұйымды сәндеу
Оқу мақсаты
7.2.3.4 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Бұйымды безендіруде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бұйымның әрлеуінде қазақ ұлттық мәдениет элементтерін қолданыңыз және қолданған ою түрлерін атаңыз.
Қазақтың ұлттық мәдениет элементтері бұйымның безендірілуінде немесе пішінінде қолданылуы мүмкін. Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
— оюдың түрлерін және аттарын айтады;
— бұймға сәйкес оюды анықтайды;
— бұйымның әрлеуін кесте немесе аппликация түрінде жасайды.
31
Тақырып Жұмысты қорғау
Оқу мақсаты
7.3.1.1 Ауқымды аудитория алдында дайын болған өз жұмыстарын таныстыру (көрме, сән көрсетілімі)
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Дайын бұйымына таныстырылым жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Ауқымды аудитория алдында дайын болған өз жұмысыңызға таныстырылым жасаңыз.
− Сыныпта немесе сыныптан тыс жерде көрме ұйымдастырыңыз.
− Ауқымды аудитория алдында өз бұйымыңызды қорғаңыз.
Дескриптор Білім алушы
— дайын бұйымына көрме ұйымдастырады;
— бұйымның жасалу реттілігін айтады;
— өз бұйымына жарнама жасайды.
32
Тақырып Жұмысты қорғау
Оқу мақсаты
7.3.4.1 Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды салыстыруда негізделген сыни ұсыныстар жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Өзінің және өзгенің жұмыстарына әділ сыни ұсыныстар жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өзіңіздің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда сыни ұсыныстар жасаңыз.
Ол үшін:
Өз жұмысыңызды бағалаңыз;
Сыныптасыңыздың жұмысын бағалаңыз;
Өз жұмысыңыз бен сыныптасыңыздың жұмысын жетілдіру мақсатында ұсыныс беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
— орындалған жұмыстар бойынша қорытынды жасап, сыныппен талқылайды;
— жақсы жақтары мен жетілдіру жақтарын айтады.
33
4-тоқсан
Бөлім «Тамақтану мәдениеті»
Тақырып Қазақтың ұлттық тағамдары
Оқу мақсаты
7.2.4.2 Әлем халықтарының және ұлттық тағамдардың жасалу технологияларын зерделеу және қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Қазақтың ұлттық тағамдары мен басқа ұлттардың тағамдарын зерттейді
• Ұлттық және әлем халықтарының тағамдарының дайындалу ерекшеліктерін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақтың ұлттық тағамдары мен басқа ұлт тағамдарын топта қарастырыңыз.
Қазақтың ұлттық тағамдары мен өзге ұлттардың тағамдарының жасалу технологияларын салыстырыңыз. Негізгі мәліметтерден презентация жасаңыз және сынып алдында таныстырыңыз.
Мысалы:
Қазақ ұлттық тағамы Қытай ұлттық тағамы Орыс ұлттық тағамы
Дескриптор Білім алушы
− қазақтың ұлттық тағамдары мен басқа ұлттардың тағамдарын саралайды;
− қазақтың ұлттық және әлем халықтарының тағамдарының дайындалу ерекшеліктерін жаңашыл таныстырылым арқылы көрсетеді.
34
Тақырып Әлем халықтарының тағамдары (өздігінен ізденіс
зерттеулері)
Оқу мақсаты
7.1.3.1 Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Әр түрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, (оның ішінде АКТ-ны) зерттеу жұмыстарын жүргізеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әр түрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, (оның ішінде АКТ-ны) әлем халықтарының тағамдарын зерттеңіз.
− Әлем халықтарының тағамдары жайлы ақпараттар қарастырыңыз;
− Дайындалу ерекшеліктерін қарастырыңыз;
− Альбомыңызда (скетчбукте) жазба жұмысын жүргізіп отырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− түрлі ақпарат көздерін тиімді пайдаланады;
− өздігінен ізденіс жұмысын жасайды;
− зерттелген тағам рецептерін альбомына жазады.
35
Тақырып Әлем халықтарының тағамдары (өздігінен ізденіс
зерттеулері)
Оқу мақсаты
7.2.4.1 Әлем халықтарының тағамдары мен әлемге әйгілі аспазшылардың тағамдарындағы ерекшеліктерді сипаттап, салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Әлем халықтарының тағамдары мен әлемге әйгілі аспазшылардың тағамдарындағы ерекшеліктерін анықтап, түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әлем халықтарының тағамдары мен әлемге әйгілі аспазшылардың тағамдарындағы ерекшеліктерін салыстырып, түсіндіріңіз.
− Әлем халықтарының тағамдарын анықтаңыз;
− Әлемге әйгілі аспазшыларды анықтаңыз;
− Олардың тағамдарындағы ерекшеліктерді қарастырыңыз;
− Жазба жұмыстарын жүргізіп отырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− өзі жеке жұмыс жасайды;
− жазба жұмыстарын жүргізеді;
− әлем халықтарының тағамдарын анықтайды;
− әлемге әйгілі аспазшылардың тағамдарындағы ерекшеліктерді сипаттайды.
36
Тақырып Әлем халықтарының тағамдары .Тәжірибелік жұмыс (суши,
пицца, көже)
Оқу мақсаты
7.2.4.2 Әлем халықтары мен ұлттық тағамдардың жасалу технологияларын зерделеу және қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Әлем халықтары мен ұлттық тағамдардың жасалу технологияларын саралайды
• Суши/ пицца және көже тағамының жасалу технологиясын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әлем халықтары тағамдарының жасалу технологияларын зерттеңіз және таңдауыңыз бойынша «Суши, пицца немесе көже» тағамдарының жасалу технологиясына байланысты дайындаңыз.
− Тағамдардың жасалу технологияларын қарастырыңыз;
− Даярлайтын тағамыңыздың құрамын анықтаңыз;
− Олардың жасалу технологияларын қолдана отырып суши немесе пицца және көже даярлаңыз;
− Тағам даярлау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− жұпта жұмыс жасайды;
− жазба жұмыстарын жүргізеді;
− тағамды әзірлеу технологияларын зерттейді;
− қауіпсіздік ережесін сақтайды;
− таңдаған тағамын әзірлейді.
37
Тақырып Әлем халықтарының тағамдары . Тәжірибелік жұмыс
(суши, пицца, көже)
Оқу мақсаты
7.2.4.3 Әр түрлі тағамдар дайындауда қолданатын қажетті құрал-жабдықтарды, өнімдерді таңдауда өз бетінше нақты шешім қабылдай алу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Әр түрлі тағамдар дайындауда қолданатын қажетті құрал-жабдықтарды таныстырады
• Өнімдерді таңдауда нақты шешім қабылдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өзіңіз түрлі тағамдар, соның ішінде суши/ пицца және көже тағамдарын дайындауда қолданатын қажетті құрал-жабдықтарды және өнімдерді саралап айтыңыз.
− Аталған тағамдарды даярлау үшін қажетті құрал-жабдықтардың тізімін жазыңыз;
− Қажетті құрал-жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесін айтыңыз.
− Аталған тағамдарға қажетті өнімдерді іріктеңіз.
Дескриптор Білім алушы
− дайындалатын тағамға байланысты құрал-жабдықтарды өзі даярлайды;
− қауіпсіздік ережесін айтады;
− жазба жұмыстарын жүргізеді;
− өнімнің қажетісін таңдайды.
38
Бөлім «Үй мәдениеті»
Тақырып Тұрмыстық техниканы таңдау. Тұрмыстық техниканы
қолдану ережелері
Оқу мақсаты
7.2.5.2 Эксплуатациялық, эстетикалық және экологиялық сапаларын бағалай отырып, тұрмыстық техникаларды мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай жіктеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Тұрмыстық техникаларды мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай анықтаңыз
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Тұрмыстық техникалардың эксплуатациялық, эстетикалық және экологиялық сапаларын анықтап, жіктеңіз.
− Тұрмыстық техникаларды мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай жіктеңіз.
− Дәптерлеріңізге (скетчбукке) жазба жұмыстарын жүргізіңіз.
Дескриптор Білім алушы
− тұрмыстық техникалардың сапаларын анықтайды;
− тұрмыстық техникалардың мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай жіктейді;
− үнемі жазба жұмыстарын жүргізеді.
39
Тақырып Тұрмыстық техниканы таңдау. Тұрмыстық техниканы қолдану ережелері
Оқу мақсаты
7.2.5.3 Тұрмыстық техникаларды қолдану мен күту ережелерін сипаттау және зерделеу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Топта тұрмыстық техниканы қолдану мен күту ережелерін талқылайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тұрмыстық техниканы (кез келген тұрмыстық техника түрінің) қолдану ережелерін анықтап, талқылаңыз.
− Оларды күту ережесін талқылаңыз.
− Дәптеріңізге (скетчбукке) ережелерді жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− тұрмыстық техникалардың қолдану ережесін сипаттайды;
− тұрмыстық техниканы күту ережесін талқылайды;
− жазба жұмыстарын жүргізеді;
− топтық жұмыстағы міндеттерін атқарады;
− талқылау кезінде белсенділік танытады.
40
Тақырып Тұрмыстық техниканы таңдау. Тұрмыстық техниканы
қолдану ережелері
Оқу мақсаты
7.2.6.2 Заманауи технологиялық машиналармен қауіпсіз жұмыс жасау жолдарын білу және түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Заманауи технологиялық машиналармен қауіпсізжұмыс жасау жолдарын талқылайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Топпен заманауи технологиялық машиналарды қолдану барысындағы қауіпсіздік ережелерін талқылаңыз.
− Қауіпсіз жұмыс жасау түрлерін анықтаңыз;
− Жазба жұмыстарын жүргізіңіз;
− Топ мүшелеріне қауіпсіз жұмыс жасау түрлерін түсіндіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− қауіпсіз жұмыс жасау түрлерін анықтайды;
− заманауи технологиялық машиналардың қауіпсіз қолдану ережелерін талқылайды;
− топта бірлесе жұмыс атқарады.
41
Тақырып Өсімдік сән және интерьер элементі ретінде
Оқу мақсаты
7.2.5.1 Интерьер дизайнын безендіру үшін әр түрлі өсімдіктердің эстетикалық қасиеттерін сипаттау, қолдану және бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Интерьердегі бөлме өсімдіктерінің рөлін айтады
•Интерьер дизайнын безендіру үшін әр түрліөсімдіктердің эстетикалық қасиеттерін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Интерьер дизайнын безендіру үшін әр түрлі өсімдіктердің эстетикалық қасиеттерін зерделеңіз.
− Эстетикалық қасиеттерін анықтаңыз;
− Бөлме өсімдіктерінің рөлін анықтаңыз;
− Топта талқылаңыз;
− Интерьер дизайнын өсімдікпен безендіру үлгілерін саралаңыз;
Дизайнер жұмыстарын негізге ала отырып, өз интерьер дизайныңызға нобай жасаңыз.
− Оны әртүрлі өсімдік түрлерімен безендіріңіз.
Мысалы:
Дескриптор Білім алушы
− интерьердегі бөлме өсімдіктерінің рөлін талдайды;
− интерьердегі жиһаздарды есепке ала отырып, топта бөлме өсімдіктерінің таңдауын талқылайды;
− өсімдіктің эстетикалық қасиеттерін өз нобайында көрсетеді.
42
Тақырып Өсімдік сән және интерьер элементі ретінде
Оқу мақсаты
7.3.3.1 Пәндік терминологияны пайдалана отырып, басқалардың (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) және өз жұмыстарындағы әдіс-тәсілдері мен техникаларды талқылау және бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Пәндік терминологияны пайдаланып, өздерініңжұмыстарындағы әдіс-тәсілдер мен техникаларын бағалайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Дизайнерлердің жұмыстарындағы әдіс-тәсілдер мен техникаларды қарастырып, пәндік терминологияны пайдаланып, өздеріңіздің жұмыстарыңыздағы әдіс-тәсілдер мен техникаларды бағалаңыз.
− Топта жұмыстарыңызды талқылаңыз; − Әдіс-тәсілдер мен техникаларды альбомыңызға жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− топта дизайнер жұмыстарын талқылайды;
− әдіс-тәсілдері мен техникаларды анықтайды;
− қажетті жазба жұмыстарын жүргізеді;
− өздерінің жұмыстарын әділ бағалайды.
43

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь