ГЛАВНАЯ Образцы планов CОР и СОЧ | ЖБ ҚБ ҚБ Информатика 8-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

ҚБ Информатика 8-сынып Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

86
0

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Информатика
8-сынып
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге
мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
Мазмұны
1 тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………………………… 4
«Компьютер мен жүйелердің техникалық сипаттамалары» бөлімі……………………………………………….. 4
«Денсаулық және қауіпсіздік» бөлімі………………………………………………………………………………………….. 6
2 тоқсан………………………………………………………………………………………………………………………………………… 7
«Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу» бөлімі ……………………………………………………………………… 7
3 — тоқсан ……………………………………………………………………………………………………………………………………. 12
«Программаларды құрудың кіріктірілген орталары» бөлімі ………………………………………………………. 12
4 – тоқсан……………………………………………………………………………………………………………………………………. 15
«Программаларды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу» бөлімі…………………………….. 15
3
ЖОБА
1 тоқсан
«Компьютер мен жүйелердің техникалық сипаттамалары» бөлімі
Тақырып «Ақпаратты өлшеу»
Оқу мақсаты 8.2.1.1 Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби)
тәсілін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат көлемін анықтау формуласын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1. Егер алфавит 32 әріптен тұратын болса, сол алфавиттың бір әріпі қанша ақпарат
таситынын есептеңіз. __________________________________________________________
2. Мәтінді қарастырыңыз. Егер 1 символ = 1 байтқа тең болса, мәтіндегі алфавит қуатын
есептеңіз.
Ақпарат сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып
табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
бір таңбаның ақпарат салмағын есептейді;
мәтіннің алфавит қуатын есептейді.
4
ЖОБА
Тақырып «Процессор және оның сипаттамалары»
Оқу мақсаты 8.1.1.1 Қарапайым деңгейінде процессордың
қызметін және оның негізгі сипаттамасын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Процессордың қызметі мен негізгі
сипаттамаларын жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Тапсырма
Процессордың негізгі сипаттамаларына анықтама беріңіз.
Разрядтылық: ________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________
Тактілік жиілік: ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________
Ядролар саны: ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
процессордың разрядтылық сипаттамасын жазады;
процессордың тактілік жиілік сипаттамасын жазады;
процессордың ядролар саны сипаттамасын жазады.
5
ЖОБА
«Денсаулық және қауіпсіздік» бөлімі
Тақырып «Желідегі қауіпсіздік»
Оқу мақсаты 8.4.2.1 Желі қолданушыларының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернеттегі
алаяқтық пен агрессия)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Интернетте қауіпсіз жұмыс жасау
ережелерін қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Туындаған жағдаяттардан шығудың дұрыс жолын таңдаңыз.
1. Сіз ашқан сайт алаяқтың сайты екенін қалай түсінуге болады?
Басқа сайттарға сілтемелер көп
Сайт аты «www.raki228.com»
Сайтқа кіргенде ештеңе болмайды
«ХХ-ХХ» номеріне хабарлама жолдауыңызды сұрайды
2. Егер сайт сізді алдайтынын түсінсеңіз қандай әрекет жасайтын едіңіз?
Сайттан шығамын
Сайтқа шағым жіберемін
Сайт сілтемесін достарыма жіберемін
Ата-анамнан ақыл сұраймын
3. Интернетті қауіпсіз қолданудың 2 ережесін жазыңыз: 1.____________________________________________________________________________ 2.____________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
алаяқ сайттарды ажырата алады;
интернетте қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін жазады.
6
ЖОБА
2 тоқсан
«Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу» бөлімі
Тақырып «Статистикалық мәліметтер»
Оқу мақсаты 8.2.2.2 Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді
қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
1. Төмендегі көбейту кестесін толтыру тізбегін жазыңыз. Формуланы жазу кезінде
абсолютті сілтемені қолданыңыз. 1) Кестені қажетті ақпаратпен толтыру; 2) D2 ұяшығына _______________ формуласын жазу; 3) Ұяшықтар диапазонын толтыру үшін Автосумма функциясын қолдану.
Дескриптор Білім алушы
формула жазу кезінде абсолютті сілтемені қолданады.
7
ЖОБА
Тақырып «Статистикалық мәліметтер»
Оқу мақсаты 8.2.2.1 Электронды кестеде есептерді шешу үшін
мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Электронды кестеде мәліметтердің түрлі
пішімдерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырмалар 1. Ұяшық пішімін сандық түрден қаржылық түрге қалай өзгертуге болатынын сипаттаңыз
(KZT валюталық белгісін қолданып). 1) ________________________________________________________________ 2) ________________________________________________________________ 3) ________________________________________________________________ 4) ________________________________________________________________
2. Төмендегі кестені қарастырыңыз.
Төмендегі ұяшықтардың пішімдерін анықтаңыз. a) B3: ________________________ b) С5: ________________________ c) F3: ________________________
Дескриптор Білім алушы
ұяшықтардың пішімін бір түрден екінші түрге ауыстырады;
ұяшықтарда қолданылған мәліметтер пішімін анықтайды.
8
ЖОБА
Тақырып «Кірістірілген функциялар»
Оқу мақсаты 8.2.2.3 Электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде
кірістірілген функцияларды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Электронды кестенінің кірістірілген функцияларын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырмалар
Ұяшықтарға кестедегі мәліметтерді қолданып, орта бойлы, ең ұзын және ең қысқа бойлы
оқушыны анықтаудың дұрыс формуласын жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы — ең кіші, орта және ең үлкен бой мәндері үшін формуланы
жазады.
9
ЖОБА
Тақырып «Қолданбалы есептерді шешу»
Оқу мақсаты 8.2.2.3 Электронды кестені қолдана отырып есептерді
шешуде кірістірілген функцияларды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Электронды кестенінің кірістірілген
функцияларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кестені қарастырыңыз және толтырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
есептеу үшін формулаларды қолданады;
СУММ, СРЗНАЧ, СЧЕТЕСЛИ функцияларын қолданады.
10
ЖОБА
Тақырып «Қолданбалы есептерді шешу»
Оқу мақсаты 8.2.2.1 Электронды кестеде есептерді шешу үшін
мәліметтердің әр түрлі типі мен пішімін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Электронды кестеде мәліметтердің түрлі
пішімдерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма 1. MS Excel бағдарламасында берілген төмендегі кестені қарастырыңыз. В2 — В7
ұяшықтарының пішімдерін анықтаңыз және кестеге жазыңыз. 2. Келесі кестедегі B4, A5, G4 ұяшықтарының типтерін анықтаңыз:
B4: ___________________________
A5: ___________________________
G4: ___________________________
Дескриптор Білім алушы
ұяшықтардың пішімдерін анықтайды;
ұяшықтардың типтерін анықтайды.
11
ЖОБА
3 — тоқсан
«Программалар ды құрудың кіріктірілген орталары» бөлімі
Тақырып «Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі»
Оқу мақсаты 8.1.2.1 Жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз
ету және программалау жүйесін ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз
етуін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бағдарламаларды жіктеңіз. Жүйелік бағдарламаларды «Ж» әрпімен, қолданбалы
бағдарламаларды «Қ», ал программалау жүйелеріне жататын бағдарламаларды «П»
әріптерімен белгілеңіз.
Бағдарламалар атауы Жіктелуі
Мәтіндік редактор
Архиватор
Паскаль бағдарламалау ортасы
Графикалық редактор
Компиляторлар
Антивирус
Драйверлер
Кестелік процессор
Операциялық жүйелер
Браузерлер
Дескриптор Білім алушы
жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз етуін және
программалау жүйесін анықтайды.
12
ЖОБА
Тақырып «Параметрлі цикл»
Оқу мақсаты 8.3.3.1 Таңдау және қайталау операторларын программаны
өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қайталау операторын кіріктірілген бағдарламалау
ортасында қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Кіріктірілген бағдарламалау ортасында қайталау параметрін қолданып, берілген есепке
бағдарлама жазыңыз.
Оқушының анасы күнде баланың сабаққа барып келуіне және тамағына 500 теңге
береді. Оқушының бір аптада жұмсайтын шығын сомасын анықтаңыз.
Бағдарлама коды Бағдарлама интерфейсі
Дескриптор Білім алушы
− қайталау параметрін қолданып, бағдарлама құрады;
− бағдарламаның интерфейсін құрады.
13
ЖОБА
Тақырып «Алгоритм трассировкасы»
Оқу мақсаты 8.3.2.1 Алгоритм трассировкасын жүзеге асыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Есепті шешу трассировкасын орындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген блок-схема бойынша алгоритмнің трассировка кестесін толтырыңыз.
Қадамы У Х Шарт
Дескриптор Білім алушы
блок-схема бойынша трассировка жазады.
14
ЖОБА
4 – тоқсан
«Программаларды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу» бөлімі
Тақырып «Проблеманы анықтау»
Оқу мақсаты 8.3.1.1 Өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін
құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бағдарлама моделін жобалайды және өңдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Қазақстан тарихы пәнінен батырлар туралы мәлімет беретін жоба құру қажет. Бұл
жобада батырлардың аты-жөні, суреті және өмірбаяны туралы ақпарат болуы керек. Аталған
жобаның қолданушы интерфейсінің моделін ұсыныңыз және оны өңдеудің кіріктірілген
ортасында құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
қолданушы интерфейсін жобалайды;
бағдарлама моделін кіріктірілген бағдарламалау ортасында
құрады.
15
ЖОБА
Тақырып «Алгоритмді құру»
Оқу мақсаты 8.3.1.1 Өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін
құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бағдарлама моделін жобалайды және өңдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғарғы деңгей дағдылары
Тапсырма
Енгізілген бүтін санның 5-ке қалдықсыз бөлінетінін анықтау қажет.
Есептің орындалу барысын көрсететін блок-схеманы құрыңыздар:
Блок-схема
Дескриптор Білім алушы
блок-схема құрады.
16
ЖОБА
Тақырып «Алгоритмді программалау»
Оқу мақсаттары 8.3.3.1 Таңдау және қайталау операторларын программаны
өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Таңдау және қайталау операторын кіріктірілген
бағдарламалау ортасында қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өңдеудің кіріктірілген ортасында қарапайым калькулятор бағдарламасын құрыңыз.
Бұл бағдарламада келесі элементтер болуы қажет:
• екі санды енгізу компоненттері;
• жауабын шығару компоненті;
• қосу, алу, көбейту және бөлу әрекеттерін орындайтын батырмалар;
• қолданушыға арналған нұсқаулық (шағын хабарлама).
Қарапайым калькулятор бағдарламасын және қолданушы интерфейсін программаны
өңдеудің кіріктірілген ортасында құрыңыз.
Дескриптор Білім алушы
программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін
қолданады;
есептің шешу интерфейсін құрады;
бағдарламаның кодын жазады.
17

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь