ГЛАВНАЯ Образцы планов Бейнелеу өнері, Сызу Сызу пәнінен 9 сынып сабақ жоспары

Сызу пәнінен 9 сынып сабақ жоспары

176
0

 

9-сынып сабақ жоспарлар жинағы

Мақсаты: Өндіргіш күштер мен ғылыми техникалық прогрестің өсуі техникалық мамандарды дайындауға жоғары талаптар қояды.Техникалық білімдерді жемісті игерудің мақсаты, графикалық сауаттылық екендігін түсіндіру.  Сызбаның даму тарихымен  таныстыру.

Күтілетін нәтиже: Сызбаның даму тарихымен танысады және техникалық білімдерінің қажеттілігін түсінеді.

Сабақтың түрі:  жаңа тақырып меңгеру

Әдістері:             түсіндіру, сұрақ-  жауап

Құрал-жабдықтар:  сызу аспаптары, жұмыс дәптері

 

Сабақтың  барысы

 

Мұғалім: Қазіргі өндірісте сызбаның маңызы зор. Күн сайын заводтарда әр түрлі бұйымдар, ұшақтар, тұрмыстық бұйымдар, т.б. нәрселер жасалып жатыр. Бұлардың бәрін сызбасыз жасап шығару мүмкін емес. Сызбалар бойынша машиналардың тетікбөлшектерін дайындап, дайын бөлшектерден күрделі машина  механизмдарын құрастырады.

Сонау ерте замандарда адамдар жер бетіне, тастарға жабайы аңдардың, болашақ құрылыстардың  суреттерін бейнелеген. Кейінірек осы сияқты кескіндерді күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттардың сыртына бейнелеу орын алатын болған. Алғашқыда сызбалар көз мөлшерімен қолмен салынды. Тұрғын үйлерді, бекіністерді және басқа да нысандарды салу барысында «план» деп аталатын алғашқы сызбалар пайда болды.

Нәрселерді міндетті түрде масштабты сызбаларда  кескіндеу де жүзеге аса бастады.

ХҮІІІ ғасырда сызбалар аса ұқыптылықпен, түрлі түсті бояуларды пайдалану арқылы орындалды. Бұл сызбаларда нәрселердің шартты тіліктері жасалды және оларда нәрсенің материалының түріне байланысты тіліктердің орындары әр алуан түстермен бояу арқылы берілді. И. И. Ползунов пен И. П. Кулибиннің сызбалары бұл өнертапқыштардың нәрсенің дәл проекциялық сызбасын салу саласындағы танымдық қабілеттерінің жоғары болғандығын көрсетеді. (5-6 сурет, И. Кулибиннің арқалы көпірінің жобасы және  И.  Ползуновтың бу машинасы  құрылысының схемасыныуң суреттері  көрсетіледі).

Сызбаларды орындау тәжірибесі ХХ ғасырдың басында жетілдіре түсті. Елдерді индустрияландыру, машина жасау мен басқа да өнеркәсіптің пайда болуы, жаңа зауыт фабрикаларды салу ісінің жандануы сызбаларды кеңінен қолдану мәселесін алға  қойды  (7-сурет, жеңіл автомобильдің сызбасын көрсету).

Сызу дегеніміз сызбаларды орындау мен оның оқу ережелерін баяндайтын пән. Сызуды тек қана мектепте емес, сонымен қатар училищелерде де, колледждерде де, университеттерде де оқып үйренеді. Сызбаны, көбіне, информация беретін графикалық құрал деп айтады. Сызу математика, геометрия пәндермен байланысты.

Сызба дегеніміз — нәрсенің немесе ол жасалатын, бақыланатын, орнатылатын және жөнделетін бөліктердің графикалық кескінін қамтитын құжат. Сызбалар бойынша құрасшылар тұрғын үйлер, фабрикалар, зауыттар, жолдар және тағы басқа инженерлік нысандарды салады; машина жасаушылар машиналар, станоктар, турбиналар жасайды және т.  Б.

Оқушыларға  сұрақ қойылады:

Сызу нені зерттейді?     Сызба деген не?     Сызбалар адам өмірінде  қандай орын алады?

Өзіндік жұмыс:  Сұрақтарға  жауап жазу.

Бағалау.  Сұрақ-жауап арқылы

 

Стандарттар.  Пішімдер.»

Мақсаты: Оқушыны сызбаны рәсімдеудің жалпы ережесімен таныстыру және сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалануға дағдыландыру. Аспаптармен жұмыс істеп, үйрену, стандарттар туралы ұғым алып, масштабпен жұмыс  істеп үйрену.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар аспаптармен жұмыс істеп дағдыланады, стандарт және масштабты қолдана біледі.

Сабақтың түрі:  жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері:             практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:   сызу аспаптары, жұмыс дәптері, формат  А4

Сабақтың  барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй жұмысын тексеру. Сұрақтар арқылы  сызу тарихын қайталау
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сызбаларды орындау үшін әрқайсысыңда аспаптармен жабдықтардың жиынтығы болу керек.

Сызғыштар. Ұзындығы 250-ден 300  мм-ге дейінгі сызғыштарды пайдаланамыз.

Сызба бұрыштықтары. Сызуда екі түрлі бұрыштықтар қолданады. Олардың біреуінің гипотенузаға іргелес  бұрыштары 45º-тан, ал екіншісінің гипотенузаға  іргелес  бұрыштары 60º және     30º.

Транспортир. Сызбаларда бұрыштарды  өлшеу және  салу үшін.

Даярша. Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтыңы даярша деп аталады. Соның ішінде шеңберсызар (циркуль), өлшемдерді көшіруге және түсіруге арналған өлшегіш, тушьпен бастыру үшін рейсфедер, ұзартқыш, ине  және  графит  өзектері.

Қағаз. А4 пішіміндегі формат қолданады. Сызбаныкез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды. Өлшемдері тағайындалған сызба салуға  арналған қағазды пішім (формат)  деп атайды.

Пішімі А1: ұзындығы – 841 мм, ені – 594 мм. Пішімі А1: ұзындығы – 594 мм, ені – 420 мм. Пішімі А1: ұзындығы – 420 мм, ені – 297 мм. Пішімі  А1: ұзындығы – 297 мм,  ені – 210  мм.

Өшіргіш. Қарындаштар. Сызба салуға арнайы жасалған қарындаштарды графиттеріне қарайқатты, жұмсақ, қаттылығы орташа қарындаштар деп бөлінеді.М,   2 М,   3М  –жұмсақ, ТМ қаттылығы орташа,

Т қатты. Қарындаштың ұшталған бөлігінің ұзындығы шамамен 30 мм, графит өзегі конус немесе күрекше тәрізді үшкірленеді.

Стандарт дегеніміз өндірістің барлық салаларындағы конструкторлық құжаттарды орындау мен безендірудің бәрыңғай ережелерін тағайындайтын нормативтік құжат. Олардың кейбіреулеріне әлі күнге дейін МЕСТ 27456-90 деп жазылады, ол мемлекеттік стандарт, тіркеуге алынған өнімге берілген нөмірді және стандарт бекітілген мерзімді көрсетеді.Стандарттаудағы сапаның негізгі көрсеткіші , өнімдің сенімділігі мен шыдамдылығы.

Мектепте негізінен қабырғаларының өлшемдері 297 х 210 мм болатын А4 пішімін пайдаланады. Шектейтін сызықтар сол жағынан 20 мм , үстінен, төменнен, оң жақтан 5 мм және төменгі оң жақтан негізгі жазу орналасады.

  1. Жұмыс орнын ұйымдастыру және сызба құралдарымен жұмыс істеудің ұтымды әдістерімен танысады. Қарындашпен, шеңберсызармен жұмыс істеу әдістерін жаттығу арқылы  үйренеді.
  2. Бекіту. Бақылау сұрақтары
  3. Қарындаштарға қатысты  қандай талаптар қойылады?
  4. сызба құрал-жабдықтарының жиынтығын атаңдар.
    1. Практикалық жұмыс. 30, 45, 60, 135 бұрыштар тұрғызу, бір-біріне параллель сызықтар жүргізу, диаметрі 10, 15, 40, 60 мм шеңбер салу.

7.     Бағалау.

  1. Үй жұмысы.  Практикалық  тапсырманы бітіру.

 

Мақсаты: Оқушыларды сызба сызықтарының түрлерімен таныстыра отырып, сызықтарды ажыратуға және дұрыс сызуға үйрету, графикалық сауаттылықтарын дамыту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу Күтілетін нәтиже: Оқушылар аспаптармен жұмыс істей отырып сызықтардың түрлерін сызады Сабақтың түрі:  жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері:             практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:   компьютер, слайд, сызу аспаптары, жұмыс дәптері, формат   А4

Сабақтың  барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй жұмысын тексеру. Сұрақтар арқылы  қайталау
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Нәрселерді сызбада кескіндеу үшін жазылуы мен жуандығы әр түрлі сызықтар қолданады. Негізгі жуан тұтас, тұтас жіңішке, тұтас ирек, штрих, штрихпунктир жіңішке, жіңішке қос  нүктелі штрихпунктир, үзік сызық.

Бірақта  пайдаланатынымыз тек 4 түрі, олар төмендегі кестеде   көрсетілген.

Сызба  сызықтарының түрлері

Сызықтың  аталуы Сызық түрі және  өлшемдері Сызық жуандығы
1.  Негізгі жуан тұтас сызық  

 

S 0,5 … 1,4  мм
2.  Штрих сызық  

 

S /3  …  S/2
3.  Жіңішке   штрихпунктир сызық                             S /3  …  S/2
4.  Жіңішке  тұтас сызық  

 

s /3  …  S/2
5.  Ирек сызық  

 

s /3  …  S/2

Компьютермен слайд арқылы сызықтардың  түрлері сызбадағы қолдануы көрсетіледі.

3-слайд

Тұтас  жуан  сызық  — Жуан  сызықты  мынадай  жағдайда қолданады:

1  .нәрсенің көрінетін контурын  сызуда

  1. рамка мен негізгі жазуды сызуда

4-слайд

Тұтас  жіңішке сызық шығарма, өлшем және штрих кезінде қолданады.

5-слайд

Штрих сызық   көрінбейтін контурды сызуға арналған сызық , әр штрихтың контуры бірдей болу   керек.

 

 Штрихпунктир сызық осьтік және центрлік сызықтар, қима сызықтар үшін пайдаланады. Әр сызықтың ұзындығы  сызбаның үлкендігіне қарай 5 — 30 мм. Штрихтардың аралары 2 — 3 мм.

7-слайд

 Ирек сызық  . Кескін  толық берілмеген жағдайда  қолданады.

 

Оқушының  іс-әрекеті:  2-кестені толтыру

Бағалау.

Үйге  жұмыс:   Дәптерге сызық түрлерін сызу.

Үйге  жұмыс: 20-бет, практикалық  тапсырма

 

 

Тақырыбы: «№ 1графикалық  жұмыс. Сызба  сызықтарының түрлері»

Мақсаты: Оқушыны сызбаны рәсімдеудің жалпы ережелері жөнінде білімдерін бекіту және сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалануға дағдыландыру. Аспаптармен жұмыс істеп, сызба салу дағдысын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар аспаптармен жұмыс істеп дағдыланады, сызықтардың түрлерін тиімді пайдалана алады және айыра біледі. Сызу пәніне деген қызығушылықтары сызбалар арқылы артады.

Әдістері:      практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  сызу аспаптары, формат А4

 

Сабақ барысы

 

Тапсырма:

Пішімнің сол жақ шетінен 60 мм, ал жоғары шетінен 50 мм қашықтықтағы нүктеден бастап ұзындығы 160 мм горизонталь орналасқан түзу кесіндксі – тұтас негізгі жуан сызықпен жүргізіледі. Оған параллель және 15 мм қашықтықта орналасқан үзілме сызық жүргізіледі.

Тұтас  жіңішке  сызық 20 мм қашықтықта. Одан кейін 15 мм.

Шеңбердің  центрі қағаздың төменгі шетінен 100 мм, сол жақ шетінен 90 мм.  Радиустары 20,25,30,35 мм.  Шаршы  мен шеңбердің  центрлерінің арақашықтығы 80  мм.

Өзіндік  жұмыс

 

Мына үлгісі бойынша  сызу

 

 

 

 

Тексеріп бағалау

 

Сабақ № 5

 

Тақырыбы:  «Масштабтар.  Сызба қаріптері»

Мақсаты: Оқушыға сызба қаріптері жөнінде жалпы ережелермен таныстыру, сызба қаріптерінің түрлерін жазуға  дағдыландыру,  тиянақтылыққа,  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар  қаріптердің ережелерін, өлшемдерін сақтай отырып жазып  үйренеді.

Сабақтың түрі:  жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері:             практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  плакат, тақта, бор, сызу аспаптары, жұмыс  дәптері

 

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй жұмысын тексеру. Сызған сызбаларын тексеру.

6.       Жаңа  тақырыпты түсіндіру

Масштабтар дегеніміз тетік кескіннің өлшемдерінің оның нақты өлшемдерінен қанша есе артық немесе қанша есе кем екендігін көрсететін сан. Сызбалардағы кескіндердің масштабтарын және олардың белгілеулерін  стандарт тағайындайды.

Кішірейту масштабтар – 1:2;   1:2,5;   1:4;    1:5

Үлкейту масштабтар – 2:1;       2,5:1;     4:1;       5:1 Нақты өлшем – 1:1

Масштабтарды былайша  жазып көрсетеді: М1:1;   М1:2;    М5:1

 

Қаріп – әріптердің, цифрлардың және сызбадағы белгілердің жиыны. Қаріптің өлшемі стандарт бойынша берілген. Қаріптің өлшемі (һ) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы  айтады. Бас әріптердің биіктігі(һ)  жазу жолына  перпендикуляр бағытта өлшенеді.

Сызба қарпінің қабылданған өлшемі: 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28;    40.

Көлбеу қаріптер жазу жолына 75˚-қатең бұрыш жасап көлбейді. Әдемі жазып үйрену – қол өнерінің бір түрін меңгеру. Әріптердің ені де (g) қаріптің өлшеміне байланысты анықталады:  Г, З, С әріптері үшін g – 5d;         А, Д, М, Х, Ц, Ы, Ю әріптері үшін g — 7d;

Ж, Ф, Ш, Щ, Ъ әріптері үшін g — 8d,       қалған әріптері үшін g — 6d.

Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қаріптің өлшеміне  тең. Мәселен, қаріптің өлшемі  14 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 10, ал қаріптің өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және с. с. болады. Әріптердің арақашықтығын қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алады.

Негізгі жазуды 3,5 мм, ал сызбаның атауын 5мм  немесе  7мм  қарпімен толтырады.

 

 

Негізгі көлбеу қаріп: а\ бас әріптер, б\кіші әріптер, в\ араб  цифрлар

А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д,  Ж, Е, З, И, К,  Қ, Л, М,  Н, Ң, О, Ө,  П,

С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, Х, І, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ь, Э, Ю, Я

а ,ә, б, в, ғ, д, ж, у, з, и,  к, қ, л, м,  н, о, ө, п,

с, т, у, ү, ұ, ф, х, і, ц, ч, ш, щ, ъ, ь, э, ю, я 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

 

 

  1. Өзіндік жұмыс

Үйренгенше  тор сызып бас әріптердегі, сандарды және белгілерді  жазу.

 

  1. Бағалау. Қаріптерді дұрыс және таза   жазу арқылы бағаланады.

 

  1. Үйге жұмыс. Дәптеріне өлшемі 10 болатын Б түріндегі қаріппен өз аты-жөнін, туған ауылының атын бас әріптермен жазу.

 

 

Тақырыбы: «№ 2 графикалық  жұмыс. Сызба  қаріптері»

Мақсаты: қаріптерді талап бойынша жазу дағдысын арттыру, дербестік және шыдамдылыққа, бастаған ісін аяғына  дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:  қаріптерді стандарт бойынша  өлшемдерін сақтай отырып жазып үйренеді.

Әдістері:      практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  сызу аспаптары, формат А4

 

Сабақ барысы

 

Тапсырма:    А4 пішімде:

 

  1. 10 қарпімен өз тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз;
  2. 7 қарпімен туған күніңді жаз (03. 1998 ж. типі бойынша);
  3. 5 қарпімен мақал, мәтел немесе афоризм жаз;
  4. Негізгі жазуды толтыр

Мысалы:

  1. Душаканова Нүргүл Нұрланқызы 2. 03. 12. 1998 ж.
  1. Сөз тапқанға қолқа жоқ
  2. Негізгі жазуды толтыру: Сызған —аты жөні Тексерген————————

ЖББ Шежін орта м/б   9 «А» сынып Атауы  ————Қаріптер

Масштаб ——————

№ 2

 

Тексеріп бағалау

 

Тақырыбы:  «Сызбаға  өлшем түсіру»

Мақсаты: Оқушы сызба орындау барысында өлшемдерді түсіру туралы білім беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тазалыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Өлшемдерді түсіру туралы білім алады, оқушының нәрсе өлшемін түсіру арқылы ойлау қабілеті дамиды және  өлшем түсіріп үйренеді.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту

Әдістері:   эвристикалық  іздену, СТО  бағдарламасының ой қозғау, стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар

Құрал-жабдықтар:  сызу аспаптары, жұмыс дәптері

Сабақ барысы

І  Қызығушылықты ояту

Ой қозғау стратегиясы. Сұрақ: сызықтардың түрлерін атаңыз Жауабы: тұтас негізгі жуан, үзілме, тұтас жіңішке, үзілмелі нүктелі. ІІ Мағынаны тану

Кіріспе  сөз. Бұйымның немесе  оның бөліктерінің шамасын білу үшін өлшем  түсіреміз. Өлшемдер

сызықтық және бұрыштық  болады.

Сызықтық: ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы, диаметр немесе радиус.  Бұрыштық. өлшем бұрыштың шамасын сипаттайды. Өлшем сандар мм  өлшенеді.  Е Р Е Ж Е Л Е Р

  1. Өлшем сандармен және сызықтармен көрсетіледі;
  2. Тұтас жіңішке  сызықпен сызылады;
  3. Шығарма сызық өлшем сызыққа перпендикуляр орналасады. Өлшем сызық нұсқамамен шектеледі. Өлшем саны сызықтың ортасына жазылады.
  4. Егер бір-біріне бірнеше параллель сызық болса, онда кіші өлшем контурға жақын болады, ара қашықтары 10 мм.
  5. ø – диаметр R – радиус     7.                  — квадрат    8. Өлшем сандарды оңнан солға  қарай оқиды.
  6. Егер бірдей элементтер бірнеше болса, сызбада біреуі түсіріледі, бірақ саны көрсетіледі. Мысалы, «3 тес.Ø10», диаметрі 10 мм.   l – ұзындығы, s- жуандығы

ІІІ  Жаңа білімді бекіту

Жаңа  сабақты бекіту мақсатында  1.33-суретті сызып алып, өлшемдерді түсіру.

ІҮ Өзіндік жұмыс

Деңгейлері төмен оқушыларға:

Ұзындықтары 30 мм вертикаль, горизонталь және 45 ˚ бұрышпен көлбейтін үш кесінді салып, олардың өлшемдерін түсір (М1:1)

ІІ  Деңгейлері орташа оқушыларға:

1.34-  суреттегі конустылықсызбаны орындау

ІІІ  Деңгейлері  жоғары оқушыларға:

Қалыңдығы 4 мм шаршы тәрізді пластинканың центрінде диаметрі 16 мм цилиндр тәрізді тесігі бар. Шаршының бір қабырғасының ұзындығы 30 мм. Пластинканың сызбасын екі рет (нақты шамасында және  М2:1  масштабында) салып, оның өлшемдерін түсір.

 

Ү Бағалау.   Сызбаларын тексеріп бағалау

ҮІ  Үй  жұмысы.1.35 суреттегі тетікбөлшектің берілген өлшемі бойынша сызу.

L – 120; l- 100; D – 70;   d – 35; конустылық 1:  10
L1 – 110; l1- 75; D1 – 50;    d1 – 25; конустылық 1: 5

 

 

Тақырыбы: «Параллель және өзара перпендикуляр түзулерді салу. Түзу кесіндісін және шеңберді тең бөліктерге  бөлу»

Мақсаты: Өзара параллель немесе перпендикуляр түзулерді салып, түзу кесіндісін және шеңберді тең бөліктерге  бөлуге  дағдыландыру

Күтілетін нәтиже: Параллель және перпендикуляр түзулерді аспаптар арқылы салып үйренеді; Шеңберсызар көмегімен шеңберлерді 3, 6, 12, 8, 16 тең бөліктерге бөле  алады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру

Әдістері:            жаңа  тақырыпты  таныстыру

Құрал-жабдықтар:   әдістемелік  нұсқа, оқулық, тақта, сызба  құралдары жұмыс дәптері

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй жұмысын тексеру. Сызған сызбаларын тексеру.

Жаңа  тақырыпты түсіндіру

А2
В2
А1
В1

Берілген АВ кесіндісін тең п бөлікке бөлу (17. а-сурет).Ол үшін осы кесіндінің бір ұшы, мысалы, А нүктесі арқылы  қалауымызша сәуле  жүргіземіз. Осы түзудің бойына  ұзындығы қалауымызша алынған өзара тең п кесіндіні А нүктесінен бастап өлшеп саламыз. Ап нүктесін В нүктесімен түзу арқылы қосамыз. Бөліну  нүктелері А1, А2, … , Ап-1 арқылы АпВ түзуіне  параллель  түзулер жүргізсек, олар АВ кесіндісін  В1, В2, … , Вп-1 нүктелерінде  қияды.

В

 

 

 

 

А

Шеңбердітең 3, 6, 12 бөлікке бөлу (18,   а-сурет).

С         Д         Е

С                 Е                                                       И

В                                       Сызу әдісі түсіндіріледі.

А            О          В                  А

Ж

К                           М

Д                     Ғ                      П                         Р Т

Шеңбердітең 4, 8, 16 бөлікке бөлу (18, б,  в-сурет).

 

 

Сызу әдісі түсіндіріледі.

 

 

Шеңбердітең 5, 10 бөлікке  бөлу (18,  г-сурет).

Өзіндік жұмыс.   24-бет, №1,2,3, жаттығу

 

Үйге жұмыс. Диаметрі 48 мм-ге тең шеңберді тең бес бөлікке бөл. Осы бөліну нүктелері төбелері болатын бесбұрышты  жұлдыз сал.

 

Таза,  дұрыс сызған оқушылар бағаланады.

 

Тақырыбы: «Түйіндесулер»

Мақсаты: Түйіндесулер туралы білім беру. Әр түрлі бұрыштарды, шеңберлерді және шеңбермен түзулерді түйіндестіруге  үйрету. Оқушыны  ұқыптылыққа  және  дербестікке тәрбиелеу.

Оқушының кеңістікті көз  алдына  елестету қабілетін және  график мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: екі түзуді, шеңбер мен түзуді және екі шеңберді түйіндесуді жаттығу арқылы сызып үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Әдістері:            практикалық  жұмыс

Құрал-жабдықтар:   оқулық, тақта, сызба  құралдары  жұмыс дәптері

Сабақ барысы

І.  Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.  Үй жұмысын тексеру.  Сызбалар арқылы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты  түсіндіру

Бір түзу сызықтың екінші түзу сызыққа біртіндеп көшуі – түйіндесу   деп аталады.

Түйіндесулерді салу үшін түйіндесу центрі мен нүктелерін табу  керек.

О
О
  • Екі түзуді радиусы берілген доғамен түйіндестіру ( тікбұрышты, сүйірбұрышты және доғалбұрышты) Түйіндесу R – 10 мм

 

  1. Шеңбер мен түзуді радиусы берілген доғамен түйіндестіру

а) түйіндесу центрін табу үшін шеңбердің О нүктесінен радиусы R + r болатын көмекші доға жүргізеді. б) АВ түзуінен r қашықтықта радиусы R + r доғасымен қиылысқанша, АВ түзуге параллель түзу жүргізеді.  Шыққан О1 нүкте түйіндесу центрі.

в) О О1 қосқанда М нүктесі пайда болады. О1 нүктеден перпендикуляр жібереміз, Н нүктесі пайда болады.

г) М,Н  түйіндесу нүктелерін r доғасымен қосып сызық  жүргіземіз.

О

 

 

 

О О

 

 

  1. Екі шеңберді түйіндестіру

А) І- шеңбердің диам. r1-30 мм, ІІ- шеңбердің диам.   r2 –20 мм, түйіндесу радиусы R – 10   мм.

Б) шеңбер ø r2 + R          екі шеңбер сызу, центрі  О1  және  О2 ø r1 — R

в) қиылысқан нүкте О, О1О,  О2О – қосамыз.Қиылысқан нүктелер А және    В.

 

Сырттай түйіндесу

 

4.Шеңберлер доғаларын түйіндестіру нәтижесінде алынған тұйық сызықты – сопақша (овал) деп атайды. Сопақшаларды біросьті және екіосьті деп ажыратады. Екіосьті сопақша осьтерінің ұзындықтарымен анықталады. Сопақша салу әдісі түсіндіріледі және оқушылар мұғаліммен бірге сызады.

ІІ. Бекіту .

Үлкен осінің ұзындығы 80 мм, кіші осінің ұзындығы 50 мм болатын екіосьті сопақша  салу.

ІІІ  Бағалау.  Өзіндік  жұмыс бағаланады.

ІҮ Үй жұмысы. Түйіндестіру ережелерін сақтай отырып, 25, а-суреттегі фигураны өзің таңдап алған масштабпен сал. Өлшемдерін түсір.

 

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін бекітіп, аспаптарды тиімді пайдаланып, сызба салу дағдысын арттыру.

Күтілетін нәтиже: Сызбаны орындау кезінде геометриялық салулардың қайсыларын қолдану қажеттілігін анықтап, яғни, кескіннің графикалық құрамына талдау жүргізе алады және доғаларды түйіндестіріп сала алады.

Сабақтың түрі:  қайталау, бекіту

Әдістері:            практикалық  сабақ

Құрал-жабдықтар:   дидактикалық  материал, карточкалар, сызба  құралдары, форматА4

 

Сабақ барысы

Қағазды  өлшеп, сызбаны шектейтін тік төртбұрышты салғаннан кейін пішімнің

оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазуды орналастырады. Шаблон үлгісін сызудың реті түсіндіріліп, көрсетіледі.

 

 

 

Жұмыстар тексеріліп, бағаланады.

 

Мақсаты: Оқушыларға проекция туралы білім беру, орталық және параллель проекциялау әдісін үйрету, сызба сызу дағдыларын арттыруға, сұрақтарға жауап іздеуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға мүмкіндік  туғызу.

Күтілетін нәтиже:  1. Бірлесіп ойларын ортаға сала алады;

  1. Сұрақтарға еркін жауап бере алады;
  2. Мысалдар және сызбалар арқылы проекция  туралы  түсінік алады.

Сабақтың түрі:  СТО, ой қозғау стратегиясы

Әдістері:   сұрақ-жауап,

Құрал-жабдықтар:   оқулық, тақта, сызба  құралдары, жұмыс дәптері, суреттер.

Сабақ барысы

І.  Қызығушылықты ояту

Алма мен қағаз аламыз. Алмадан қағазға көлеңке түседі.  Міне, қағаздағы фигура  (көлеңке) –  проекция, ал процестің өзі –  проекциялау.  «Проекция»-латын сөзі, ол «алға  лақтыру» деген мағынаны  білдіреді.

ІІ Мағынаны тану

Проекциялаудыңтөрт түрі бар: орталық, параллель, аксонометриялық және тікбұрыштап проекциялау. Егер нәрсенің кескінін салуға көмектесетін проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса, мұндай проекция  орталық проекциялау деп аталады.   Орталық проекциялаудың  қасиеттері:

  1. нүктенің проекциясы  нүкте болады;
  2. түзудің проекциясы  түзу болады;
  3. фигуралардың өзара тиесілі проекциялау  кезінде бұзылмайды.

Практикада  жиі қолданылатын орталық  проекциялаудың түрінің бірі параллель  проекциялау.

Егер проекциялаушы сәулелер өзара параллель болса, параллель проекциялау деп атайды. Параллель проекциялаудың екі түрі бар: қиғашбұрыштап проекциялау  және  тікбұрыштап проекциялау.

Проекциялаушы  сәулелер проекция  жазықтығына  перпендикуляр  болса, проекциялауды тікбұрыштап

проекциялау дейді.

Оқушыларға тақтаға сызба құралдар арқылы түзудің, фигураның және қисық сызықтың проекцияларын салу тәсілі түсіндіріліп, көрсетіледі.

S
А
S
С
В
S

А

В

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НҮКТЕНІ ПРОЕКЦИЯЛАУ
А
S
 

P

 

а

2-слайд: Нүктені проекциялау  тәсілі көрсетіледі

 

 

 

ҮШ НҮКТЕНІ БІР ПРОЕКЦИЯ ЖАЗЫҚТЫҒЫНА ПРОЕКЦИЯЛАУ
В
А
S
 

P

 

 

 

 

a=b=c

 

С

4-слайд: Үш нүктені бір проекция  жазықтығына  проекциялау  тәсілі көрсетіледі

 

 

 

КЕСІНДІНІ  ПРОЕКЦИЯЛАУ
В
В
А
А
Р

6-слайд: Кесіндінің түрлерін проекциялау  тәсілдері көрсетіледі

 

8-10 слайд: Нәрсенің түрлі жағдайда  орналасқан қырларының проекциясы  көрсетіледі.

НӘРСЕНІҢ БІР ҚЫРЫН ПРОЕКЦИЯЛАУ
Z
a
b
А
O
X
Y1
a
B
b
Y

 

НӘРСЕНІҢ БІР ҚЫРЫН ПРОЕКЦИЯЛАУ
Z
a
b
А
O
X
Y1
B
ab

 

НӘРСЕНІҢ БІР ҚЫРЫН  ПРОЕКЦИЯЛАУ
НӘРСЕНІҢ БІР ҚЫРЫН ПРОЕКЦИЯЛАУ
Z
a»b»
a
b
Z

a b
B
А
O
А
X
Y1
B
O
X     a
Y1
a
b
b
Y

Параллель проекциялау  кезінде  қандай қасиеттер сақталатындығына тоқталайық:

1-қасиет. Нүктенің проекциясы да  нүкте  болады.

2-қасиет. Проекциялау бағытына параллель емес түзудің проекциясы да түзу болады. Проекциялау бағытына  параллель түзу нүктеге   проекцияланады.

3-қасиет. Түзудің бойында  жатқан нүктенің проекциясы сол түзудің проекциясы бойында    жатады.

4-қасиет. Параллель түзулер  параллель  түзулерге  проекцияланады.

5-қасиет. Параллель түзулердің немесе бір түзудің бойынан алынған кесінділердің қатынасы параллель  проекциялау  нәтижесінде өзгермейді.

ІІІ. Ой толғаныс   2.3,   2.4,    2.5 суреттерді сызу

ІҮ Бағалау

Ү  Үй жұмысы    §2.1,   2.2,   2.3, орталық және  параллель  проекциялау мысалдар  келтіру.

 

Сабақ № 12

Тақырыбы: «Тік бұрыштап  проекциялау»

Мақсаты: Тік бұрыштаппроекция туралы білім беріп, логикалық тапсырма арқылы бекіту, сызба сызу дағдыларын арттыруға, сұрақтарға жауап іздеуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға мүмкіндік туғызу.

Күтілетін нәтиже:  1. Бірлесіп ойларын ортаға сала алады;

  1. Сұрақтарға еркін жауап бере алады;
  2. Мысалдар және сызбалар арқылы проекция  туралы  түсінік алады.

Сабақтың түрі:  жаңа тақырып меңгеру

Әдістері: ақпараттық технология, СТО сұрақ-жауап, топтастыру стратегиясы, жұппен, топпен жұмыс, жетон арқылы  бағалау.

Құрал-жабдықтар:   компьютер, оқулық, тақта, сызба  құралдары, жұмыс дәптері,  суреттер.

Сабақ барысы

І.  Қызығушылықты ояту

Мысал, аулада  шелек суымен жерде тұрғанда  жаңбыр жауды делік.  Жәй желсіз жаңбыр.

Жаңбырдың тамшылары  жерге тікбұрышты  болып түсіп жатыр, яғни,  параллель  тамшылар тікбұрышты

деп аталады (2-слайд)

ІІ Мағынаны тану

Егер нәрсенің проекциясын салу үшін пайдаланатын сәулелер бір нүктеден тарайтын болса, онда ол центрлік проекциялау деп атайды. Егер проекциялаушы сәулелер бір-біріне параллель болса, ол параллель проекция  деп аталады.  Параллель  проекциялаудың 2 түрі бар:

проекциялаушы сәулелер жазықтыққа тікбұрышты бұрышты болып түссе, ол   тікбұрышты проекция  деп аталады, ал қиғашбұрышты проекцияланса

—  қиғашбұрышты  проекция  болады. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

Тікбұрыштап  проекциялау әдісі.

Проекциялардың вертикаль жазықтығын таңдап аламыз. Көрушінің алдына орналасқан жазықтықты фронталь жазықтық деп атайды. Енді нәрсені алдыңғы жағынан қарай отырып, оның осы жазықтықтағы проекциясын құрамыз. Ол үшін жазықтыққа нәрсенің әр төбесінен, бір- біріне параллель сәулелер жүргіземіз.Жазықтықпен қиылысқан нүктелерді қосып нәрсенің проекциясын аламыз.   (3-слайд)

Алынған проекция бойынша нәрсенің тек екі өлшемін ғана білеміз: нәрсенің биіктігі мен ені және  тесіктің диаметрі.  Кейде  жуандығын нұсқаменен беріледі.  Ендеше бір проекция  нәрсенің толық

өлшемін көрсете алмайды. Мысалы, (4-слайд), осы проекция туралы қандай нәрсе екенін елестетуге бола ма?  Жоқ.  Бұл проекция  арқылы түрлі нәрселер болуы мүмкін. (5-слайд)

Сондықтан екінші проекция жазықтығын аламыз. Егер нәрсенің бір емес, екі проекциясын өзара перпендикуляр екі жазықтыққа: фронталь және горизонталь жазықтыққа салсақ, онда мұндай кемшіліктерді жоюға  болады.

Фронталь проекциясына алдыңғы жағынан, ал горизонталь проекцияға – үстіңгі жағынан қарастырамыз.

 

 

 

 

 

 

(6-слайд)

Нәрсенің  пішінін анықтау үшін екі проекцияда  жеткіліксіз, мұндай жағдайда үшінші  проекция қажет

 

 

 

 

 

болады. Мысалы    ( 7-слайд)

Нәрсенің пішіні туралы толық ақпарат алу үшін өзара перпендикуляр үш жазықтыққа проекциялауды қолданамыз. Олар: фронталь, горизонталь және профиль жазықтықтар.  (8-слайд)

Бекіту. Әріппен берілген  проекцияларының сандармен берілген көрнекі кескіндерін  тап.

 

 

 

 

 

 

(8-слайд)

ІІІ Ой толғаныс

Сынып екі топқа бөлінеді. СТО бағдарламасының «тапсырманы бөлісіп сызу әдісі» /топтық жұмыс бойынша  2 топқа  тапсырма беріледі.

І  топқа тапсырма: Нәрсенің екі проекциясын  орындау

ІІ  топқа тапсырма:

 

 

 

 

 

Нәрсенің екі  проекциясын орындау

ІҮ Бағалау

Ү Үй  жұмысы.41-бет, 93-сурет

 

Сабақ № 13

Тақырыбы: «Сызықтарды ж/е  жазық   фигураларды  проекциялау»

Мақсаты: Әр түрлі геометриялық пішіндердің үйлесімін жазықтыққа бейнелей білуді оқыту. Оқушының кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және график мәдениетін қалыптастыру. Оқушыны ұқыптылыққа және  дербестікке  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:  жазық фигураларды  жаттығу арқылы  сызып үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Әдістері:            практикалық  жұмыс

Құрал-жабдықтар:   компьютер, интерактивті тақта, оқулық, тақта, сызба  құралдары жұмыс  дәптері

Сабақ барысы

І.  Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.  Үй жұмысын тексеру.  Сызбалар арқылы  тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырып  меңгеру

Сызбаны сәтті орындау үшін нені білу керек? Жазық беттерден тұратын қандай болмасын зат төбелерімен, жақтарымен, қырларымен шектеледі.  (  2-3-слайд)

 

 

 

 

 

Төбесі
Қыры
    Қыры
Жағы

                

Жағы
Қисық жоғарлары

Сызбада әртүрлі бұйымдарды кескіндей білуді үйрену үшін, тікбұрышты проекцияларда заттың төбелері (нүктелер), қырлары (түзулер), жақтары (жазықтық бөліктері) қалай кескінделетінін білу керек.

Тікбұрышты проекцияларда қандай кескіндер пішіні мен өлшемі бойынша проекциялар жазықтығына қатысты әртүрлі орналасқан жазық заттар болуы туралы қорытынды  жасауға болады:      4-слайд

  1. Проекция жазықтығына  параллель  жазық фигура, жазықтықта  нақты өлшемдерімен кескінделеді

2.Проекция жазықтығына көлбеу жазық фигураның өлшемдері бұрмаланып түседі  3.Проекция  жазықтығына  перпендикуляр жазық фигура, жазықтықта  кесінді түрінде  бейнеледі

ІҮ. Бекіту.    5-12 слайд:  нүктенің, кесіндінің және  жақтардың проекциясын салу.

Ү. Бағалау

ҮІ. Үй  жұмысы.  74-бет. Сұрақтарға жауап  беру.

 

Сабақ № 14

Тақырыбы:  «Аксонометриялық  проекциялар  туралы  жалпы мағлұматтар»

Мақсаты: оқушыларға проекциялаудың түрлерін таныстыра отырып, нәрсенің аксонометриялық проекциясын салу тәсілдерін үйрету. Оқушының кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және график мәдениетін қалыптастыру.  Оқушыны  ұқыптылыққа  және дербестікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: аксонометриялық  осьтер арқылы  нәрсенің  проекцияларын сызып үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Әдістері:            практикалық  жұмыс

Құрал-жабдықтар:   оқулық, интерактивті тақта, компьютер, сызба  құралдары  жұмыс дәптері

Сабақ барысы

І.  Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.  Үй жұмысын тексеру.   Сызбаларын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырып  меңгеру

Аксонометриялық проекциялар барынша  көрнекі және  сызуға  келгенде  қарапайым  болып табылады.

«Аксонометрия» — грек сөзі, «осьтер бойынша өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Нәрселерді салғанда өлшемдерді \ұзындық, ені және биіктігі\ x, y, z осьтері бойынша өлшеп салынады. Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойына өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды  тік  бұрышты  және  қиғаш  бұрышты проекциялар деп екіге бөлінеді.

Текшені x, y, z координаталар осьтерімен бірге Р жазықтығына 90º — тан кем бұрышпен бағытталған өзара параллель  сәулелер арқылы  осы  жазықтыққа проекциялай отырып,

қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияны аламыз, қысқаша «диметрия», «екі өлшем» мағына білдіреді.

Егер текшенің жақтарын Р жазықтығына тең бұрыштармен көлбей орналастырсақ және текшені координата осьтерімен бәрге жазықтыққа перпендикуляр сәулелермен проекцияласақ, онда тағы бір проекцияны  аламыз. Ол  изометриялық проекция,  «тең өлшемдер» мағына білдіреді.

Фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар аксонометриялық проекциялар деп атайды. Аксонометриялық проекцияларды  салуды   x, y, z осьтерін жүргізуден бастайды.

Фронталь диметриялық проекцияда осьтердің орналасуы: x осін горизонталь, z осін вертикаль, y осін горизонталь  осіне  45º бұрыш жасай отырып жүргізеді.

Изометриялық проекцияда  x, y, z осьтерін өзара  120º бұрыш жасайтындай етіп  сызылады.

ІҮ.  Бекіту.  Бақылау сұрақтары:   Аксонометриялық проекцияның түрлерін атаңыз.

Изометрияда  координат  осьтері қалай орналасады?Диметрияда координат  осьтері қалай орналасады?

Ү.  Практикалық  жұмыс. Изометрия  және  диметрия  осьтерін дәптерге сызу.

ҮІ. Бағалау.

Үй  жұмысы. §2.8

 

Тақырыбы  «Көпбұрыштардың    аксонометриялық проекциясы»

Мақсаты: аксонометриялық проекцияның осьтерін шығарып алып, нәрселердің аксонометриялық проекцияларын сызып үйрену; сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалануға дағдыландыру; оқушыларды  тиянақтылыққа,  ынталыққажәне  дербестікке  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: нәрселердің аксонометриялық проекцияларын сызып үйренеді, өзіндік практикалық әрекет  ортасы  қалыптасады, ойлау  қабілеттері дамиды.

Сабақтың түрі:  сарамандық жұмыс

Әдістері: ақпараттық технология-интерактивті тақтаны қолдану Құрал-жабдықтар: компьютер, сызба құралдары, жұмыс дәптері. Сабақ барысы

 

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй жұмысын тексеру. Сұрақтар: 1.  Аксонометриялық проекциялау әдісінің мәні  неде?

  1. Аксонометриялық проекцияның түрлерін атаңыз.     Изометрияда координат  осьтері қалай орналасады?
  2. Диметрияда координат осьтері қалай орналасады?

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Екі көрінісі берілген нәрсенің аксонометриялық проекциясын салудың тәсілін қарастырайық.

Фронталь диметриялық проекция Салу реті Изометриялық  проекция
Шаршы.х ось бойына  шаршының бір жағы

салынады, ал у ось бойына шаршының жарты жағы салынады, бұл диметрия проекциясына, ал изометрия проекциясына түгел жақтары салынады. Параллель  сызықтар жүргізіледі.

Үшбұрыш.  х ось бойындағы

О нүктесінің екі жағына үшбұрыштың бір жағының өлшемі салынады, у ось бойына

/диметрия проекциясы үшін/ өлшемнің жартысы салынып, шыққан   нүктелер сызықпен қосылады.

Алтыбұрыш. х ось бойына  О нүктесінен  оңға

және солға қарай алтыбұрыштың өлшемін салады. у осіне О нүктесінен алтыбұрыштың жарты өлшемін салады да сызықпен нүктелерді қосады.

Аксонометриялық  проекциялар  ережелері:

  • z осі қашанда вертикаль;
  • барлық өлшемдер аксонометриялық осьтер немесе оларға параллель түзулер бойынша орындалады;
  • кешендегі сызбадағы барлық түзу сызықтар бір-біріне немесе координат  осьтеріне параллель;
  • изометрия осьтеріне  бір-біріне  120º бұрыш жасайды;
  • диметриялық проекция: х — горизонталь, z – вертикаль, у – горизонтальға  45 º бұрыш   жасайды;
  • у бойына ені екі есе қысқарады.

ІҮ.  Өзіндік  жұмыс. Кестені сызу.

Ү.Бағалау.

ҮІ.Үй  жұмысы. 97 беттегі 5-кестені сызу.

 

Тақырыбы: «Шеңбердің   аксонометриялық   проекциялары»

Мақсаты: Тік бұрыштаппроекция туралы білім беру, сызба сызу дағдыларын арттыру, овал, эллипс сызып үйрену, графикалық білімдерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Үлкен және  кіші осьтер арқылы  эллипс  сызып үйренеді.

Сабақтың түрі:  жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері:    практикалық сабақ

Құрал-жабдықтар:   оқулық, тақта, сызба  құралдары, жұмыс дәптері, суреттер.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру

ІІ.  Қайталау:  сұрақ-жауап

  1. Қандай жағдайда тікбұрышты проекция деп айтады?
  2. Сызбада нәрсенің бір  проекциясын салу әрқашан жеткілікті ме?
  3. Қандай жағдайларда нәрсені үш проекция  жазықтарына  тікбұрыштап проекциялау  қолданылады?

ІІІ  Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жазықтығы проекциялар жазықтығына көлбеу болатын шеңбердің проекциясын алу үшін, оның нүктелерінің проекцияларын тауып, оларды қисық сызықпен қосу керек. Шеңбердің параллель проекциясы болатын қисық – тұйық сызық. Оны – эллипс деп атайды. Эллипстің центрі – О нүктесі. Оның екі нүктесін қосатын кесінді центр арқылы өтсе, оны диаметр деп атайды. Ең ұзын диаметр эллипстің үлкен осі, ал ең қысқа диаметр эллипстің кіші осі болады. Осьтер өзара перпендикуляр орналасады. Шеңбердің изометриялық проекциясын шаршының аксонометриялық проекциясына орналастырады. Ал диметриялық проекциясында біреуі шеңбер, қалғандары овалболады. Шеңбердің изометриялық проекциясы  Эллипс деп  атайды.

Шеңбердің  проекциясын салу тәсілі

  1. Шеңбер центрінің изометриясы Ò нүктесі арқылы x`және ỳ осьтеріне параллель түзулер  жүргіземіз. Оларға Ò нүктесінен бастап шеңбердің радиусына тең кесінділер салып, АВС және Д нүктелерін аламыз.
  2. А және В нүктелері арқылы  СД түзуіне  параллель  түзулер, ал С және  Д нүктелер арқылы АВ түзуіне  параллель  түзулер жүргізсек, 1234 төртбұрышын аламыз. Бұл төртбұрыш –ромб.
  3. 2 нүктесін центр етіп алып, А және Д нүктелерін шеңбердің доғасымен қосамыз, сол сияқты 4 нүктесін центр етіп алып, В және С нүктелерін шеңбердің доғасымен  қосамыз.
  4. В және С нүктелерін 4 нүктесімен қосатын түзулер ромбының үлкен диагоналін 5 және 6 нүктелерінде қияды. 5 нүктесін центр етіп алып, В және Д нүктелерін, 6 нүктесін центр етіп алып,  А  және  С нүктелерін шеңбердің доғаларымен қосып, алдыңғы екі доғаны тұйықтаймыз

ІҮ Бекіту  Кубтың үш жағына  эллипс салу

Ү Бағалау.

ҮІ Үй  жұмысы  2.  36-сурет.

 

 

Тақырыбы:  «Кескіннің аксонометриялык  прокциялары»

Мақсаты: аксонометриялық проекцияның осьтерін шығарып алып, нәрселердің аксонометриялық проекцияларын сызып үйрену; сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалануға дағдыландыру; оқушыларды  тиянақтылыққа,  ынталыққажәне  дербестікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: қиғашбұрышты фронталь диметрия осьтерін сызып, орналастыруға үйреніп, нәрселердің аксонометриялық проекцияларын сызып үйренеді, өзіндік практикалық әрекет ортасы қалыптасады, ойлау қабілеттері дамиды.

Сабақтың түрі:  сарамандық жұмыс

Әдістері: ақпараттық технология-интерактивті тақтаны қолдану Құрал-жабдықтар: компьютер, сызба құралдары, жұмыс дәптері. Сабақ барысы

 

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Екі көрінісі берілген нәрсенің аксонометриялық проекциясын салудың тәсілін қарастырайық.

Төмендегі кестеге қарағанда, изометриялық проекция мен фронталь диметриялық проекцияны салу ережесі жалпы алғанда бірдей екендігін көреміз. Олардың айырмашылығы – тек осьтердің орналасуында және  У осінің бойына  салынатын кесінділердің ұзындығында  ғана.

Нәрсенің өлшемдерін аксонометрияға түсіргенде шығарма сызықтар аксонометриялық осьтерге параллель, ал өлшем сызықтары өлшенетін кесіндіге параллель жүргізілетіндігіне назар аудару керек. Аксонометриялық  проекцияларды  салу тәсілдері

  1. Осьтерді жүргізеді. Нәрсенің алдыңғы  жағын салады да, оның нақты  өлшемдерін: биіктігін

Z осінің бойына, енін Х осінің бойына  түсіреді.

  1. Әр төбесінен қырларды У осіне параллель жүргізеді. Оның бойына қалыңдығының өлшемдерін: диметрия проекциясына  екі есе  қысқартылады, ал изометрияда нақты  өлшемі түсіріледі.
  2. Осыдан шыққан нүктелер арқылы нәрсенің алдыңғы жағының қырларына параллель түзулер жүргізіледі.
  3. Артық сызықтарды өшіріп, көрінетін контурды бастыра  жүргізеді.  Өлшемдері түсіріледі.

 

ІІІ  Өзіндік жұмыс          Аксонометриялық  проекцияны   салу реті

 

Фронталь диметриялық  проекция Изометриялық  проекция

ІҮ   Бағалау

Ү Үй  жұмысы. Нәрсенің фронталь  диметриялық және  изометриялық проекцияларын салу.

 

Тақырыбы  «Техникалық сурет»

Мақсаты: техникалықсуретті құру әдістерін үйрету, аксонометриялық білімдерін қалыптастыру, кеңістік ойларын  дамыту,  шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: нәрсенің техникалық суретін көз мөлшерімен, пропорцияларын сақтай отырып сыза біледі.

Сабақтың түрі: жаңа білім  беру

Әдістері: сарамандық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  қарындаш,  өшіргіш,  жұмыс дәптері.

Сабақ барысы

І  — ұйымдастыру бөлімі

ІІ – үй  жұмысын тексеру (сызбаларын тексеру)

ІІІ –  жаңа тақырыпты түсіндіру

 

Көрнекі кескіндерді орындау жұмысын оңайлату үшін көбінесе  техникалық суреттер  пайдаланады.

Техникалық сурет дегеніміз – бұл аксонометрия ережелері бойынша, пропорцияны көз мөлшерімен сақтай отырып, қолдан орындалатын кескін. Бұл жағдайда аксонометриялық проекциялар салғандағы ережелерді сақтау керек: осьтерді сондай бұрыштар жасай орналастырады, ал өлшемдерді осьтер бойына түсіреді.  Техникалық  суреттерді тор көзді қағазға орындаған қолайлы.

Шеңберді және  шеңбердің изометриялық  проекциясын тор көзге  орналасуы  түсіндіріледі.

 

ІІІ — өзіндік  жұмыс: жұмыс  дәптеріне  берілген нәрсенің техникалық суретін салу.

 

ІҮ – бағалау:  сыныптағы жұмысты дұрыс  және  таза орындаған оқушылар бағаланады.

 

Ү – үй жұмыс диаметрі 40 мм шеңберді және изометриялық проекциялардағы шеңбердің кескініне сәйкес келетін овалды салу.

 

 

Тақырыбы «Геометриялық денелер, көпжақтар. Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау» Мақсаты: оқушыларға геометриялық денелер проекциясы туралы мәлімет беру, біліктілітерін арттыру, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды  тиянақтылыққа, ойларын қолдана  білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: оқушылар нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау арқылы геометриялық денелер проекциялары туралы білім  алады, өз ойларын ортаға сала   алады.

Сабақтың түрі:  жаңа тақырып меңгеру, сарамандық жұмыс

Әдістері:   ақпараттық технология-интерактивті тақтаны  қолдану

Құрал-жабдықтар:   компьютер, сызба  құралдары, үлестірмелі карточкалар, жұмыс  дәптері.

Сабақ барысы

І.  Ұйымдастыру кезеңі:  оқушыларды  сабаққа даярлау

ІІ Өткендіеске түсіру: Қандай геометриялық денелердің білесіңдер? Геометриялық денелердің проекциялары  қандай фигуралардан тұрады?

цилиндр
призма
текше
пирамида

ІІІ  Жаңа сабақ   Геометриялық  денелердің проекцияларының орындалу жолдарын түсіндіру. Техникалық тетіктің кез келген қарапайым пішіні геометриялық  дененің пішіні ретінде қаралады. Мысалы, 3.1-суретке назар аударайық, ось және төлке цилиндр тәрізді. Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау дегеніміз нәрсені ойша ол құралатын геометриялық денелерге бөлшектеу. Слайдта геометриялық  денелердің суреттері және  проекциялары  көрсетіліп, түсіндіріледі.

 

 

 

 

Геометриялық денелерге қандай денелер  жатады?
Геометриялық денелер
Айналу денелері
Көпжақтар
1)
3)
5)
7)
2)
4)
6)
8)

ІҮ.  Бекіту  Слайдтар арқылы сұрақтарға  жауап береді

Ү.  Өзіндік жұмыс.    Үлестірмелі карточкамен жұмыс

  1. Геометриялық дененің үш проекциясын орында

 

 

  1. Проекция арқылы  геометриялық  денені орында

ҮІ   Бағалау.  Үлестірмелі карточкамен жұмыс арқылы  бағаланады.

ҮІІ  Үйге  жұмыс    §3.2, 4-қосымшаның 1 нұсқасын орындау

 

Сабақ № 20

 

Тақырыбы  «Геометриялық  денелер, көпжақтар»

Мақсаты: оқушылардың геометриялық денелер проекциясы туралы білімдерін тереңдету, біліктілітерін арттыру, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды  тиянақтылыққа, ойларын қолдана  білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: геометриялық денелердің аксонометриялық проекцияларын жаттығу арқылы сызып үйренеді.

Сабақтың түрі: бекіту

Әдістері: ақпараттық технология-интерактивті тақтаны қолдану, слайд, СТО бағдарламасының топтастыру  стратегиясы

Құрал-жабдықтар:   сызба  құралдары, жұмыс дәптері.

 

Сабақ барысы

 

І.  Қызығушылықты ояту.  Топтастыру-  геометриялық  денелерді атап кету.

 

Геометриялық

 

денелер

Шар

Пирамида                                                           Цилиндр

 

 

Конус

 

 

 

 

Призма                Параллелепипед

 

ІІ.  Геометриялық проекциялар туралы слайд арқылы білімдерін  тексеру.

Куб және тік бұрышты параллелепипедті проекциялау. 3, 4, 5-слайд Цилиндр мен конусты проекциялау .  6, 7, слайд

 

ІІІ. Өзіндік жұмыс. Үлестірмелі карточкамен жұмыс.Жетіспейтін проекцияларын   салу.

 

ІҮ. Бағалау.

Ү. Үй жұмысы.    183-бет, 4-қосымша, 1, 2 нұсқа.

 

Сабақ № 21

 

Тақырыбы: «№ 3 графикалық  жұмыс.Геометриялық   денелер»

Мақсаты: оқушыларды көпжақты геометриялық денелер проекциясы туралы біліктіліктерін сызба арқылы тексеру, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды  тиянақтылыққа, ойларын қолдана  білуге   тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: берілгенгеометриялық денелердің екі проекциясының үшінші проекцияларын орындау арқылы  білімдері бекітіледі.

Сабақтың түрі:  графикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:   сызба  құралдары, формат А4

 

Сабақ барысы

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

 

ІІ. Сарамандық  жұмыс. Үлестірмелі карточкалармен жұмыс  істейді.

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Бағалау.

 

Сабақ № 22

 

Тақырыбы «Айналу  денелерін проекциялау»

Мақсаты: оқушылардың айналу геометриялық денелер проекциясы туралы білім беру, геометриялық денелер туралы біліктілітерін арттыру, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: айналу және көпжақтыгеометриялық денелердің проекцияларын жаттығу арқылы сызып және  айыра біледі.

Сабақтың түрі:  жаңа тақырып меңгеру

Әдістері:   ақпараттық технология-интерактивті тақтаны  қолдану, слайд

Құрал-жабдықтар:   сызба  құралдары, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы

І.  Ұйымдастыру кезеңі:  оқушыларды  сабаққа даярлау

ІІ  Үй тапсырмасын сұрау:  қандай көпжақты  геометриялық  денелерді білесіңдер?

Табаны  алтыбұрышты  призманың проекциялы  қандай фигурадан тұрады?

Табаны  төртбұрышты пирамиданың проекйиялары  қандай фигуралардан тұрады?

ІІІ Мағынаны тану

Айналу денесі деп жазық фигураны қандай да бір осьтің маңында айналдырғаннан пайда  болатын  фигураны айтады. Қозғалу кезінде бет қалыптастыратын сызық сызық – жасаушы, ал оныфң қозғалу сызығы – бағыттаушы деп аталады. Цилиндр, конус, шар сияқты айналу денелері сызбада жиі кездеседі. Цилиндр – тік төртбұрыш өзінің бір қабырғасынан айналғанда  шығатын айналу денесі.  Тік   төртбұрыштың қозғалмайтын қабырғасы цилиндрдің осі деп аталады, ал оған қарама-қарсы қабырғасы – жасаушы цилиндрдің бүйір бетін және қалған екі қабырғасы цилиндрдің табандары болатын бірдей екі дөңгелекті сызады.

Конус –  тік  бұрышты үшбұрышты  катеттерінің біреуіне  айналдырғанда  шығатын айналу денесі.

Конустың проекцияларының цилиндрдің проекцияларынан мынадай айырмашылығы бар: оларда тік төртбұрыштардың орнына тең бүйірлі үшбұрыштар бар. Цилиндр мен конустың өлшемдері олардың биіктігі мен табанының диаметрі арқылы анықталады. Диаметрдің Ǿ белгісін пайдалану сызбадағы кескіндердің санын азайтуға  мүмкіндік жасайды.

Шар (сфера) – жартылай дөңгелектің диаметрін айнала жүргізгенде пайда болатын геометриялық дене. Шар бетінің әрбір нүктесі шар центрінен R радиусына  тең бірдей қашықтықта   орналасады.

 

Шардың барлық проекциялары – диаметрлі шардың диаметріне тең болатын үш дөңгелек. Шардың өлшемінің алдында  — Ǿ қояды. Бір проекцияны орындап «сфера  Ǿ45» деп белгі  қояды.

ІҮ. Ой толғаныс                   І-тапсырма:    Қызықты есептер шешу

1-сурет: Үстел үстінде сызбада кескінделген дойбы тастары жатыр. Сызба бойынша үстелде неше дойбы тасы  жатқандығын анықтаңыз.

2-сурет: Үстел үстінде төрт дойбы тасы бірінің үстіне бірі қойылған.Сызбада олардың фронталь, горизонталь және профиль проекциялары көрсетілген. Егер қара тастар мен ақ тастардың саны тең болса, үстел үстінде неше дойбы тасы бар? Бізге бірінші жақын тұрған бағандардағы дойбы тастары нешеу? Ар жағындағы бағандарда неше  дойбы тастары бар?

1-сурет                         2-сурет

ІІ-тапсырма:

Тетікбөлшек пішінін мүшелеп бөлуге болатын геометриялық денелердің атауларын жұмыс дәптерлеріне жазыңдар.                   Жазу үлгісі:

Элементінің нөмірі  № Геометриялық  дененің атауы
1
2
3
4
5

Ү. Бағалау

ҮІ.  Үй  жұмысы.  5-қосымша, І нұсқа.

 

 

Тақырыбы: «№ 4 графикалық  жұмыс. Геометриялық  денелер»

Мақсаты: оқушыларды айналу геометриялық денелер проекциясы туралы біліктіліктерін сызба арқылы тексеру, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды  тиянақтылыққа, ойларын қолдана  білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: берілгенгеометриялық денелердің екі проекциясының үшінші проекцияларын орындау және  сұрақтарға жауап беру арқылы  білімдері бекітіледі.

Сабақтың түрі:  графикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:   сызба  құралдары, формат А4

 

Сабақ барысы

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

 

ІІ. Сарамандық  жұмыс. Үлестірмелі карточкалармен жұмыс  істейді.

І тапсырма:  Сұраққа  жауап беру

  1. Қандай геометриялық денелердің проекциялары  орындалған?
  2. Айналу денелер бар ма? Болса, аттарын атаңдар.

ІІ тапсырма:  Жетіспейтін сызықтармен толықтырып, үшінші  проекциясын орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Бағалау.

 

Тақырыбы:  «Геометриялық  денелерді  проекциялаушы  жазықтықтармен қию»

Мақсаты: оқушыларды геометриялық денелер проекциясы туралы біліктілітерін арттыру, жаңа геометриялық денені шығарып алуға үйрету, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:  жазықтықпен қию  арқылыжаңа  геометриялық  денені шығарып ала алады.

Сабақтың түрі:  жаңа тақырып меңгеру

Құрал-жабдықтар:   компьютер, слайдтар, сызба  құралдары, жұмыс  дәптері.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Жаңа тақырып түсіндіру.

Дұрыс үшбұрышты призманы фронталь проекциялаушы жазықтықпен қияйық. Тұтас призманың проекциялары, қиюшы  жазықтық   α1 және  призманың бөліктері 2-слайдта көрсетілген.

Призманың жоғарғы бөлігін алып тастап, қалған бөлігіне көңіл аударамыз. Бұрын призманың бүйір қырлары  тең болса, кескеннен кейін, тең болмай қалды.  Табандары да бір-біріне  параллель емес.

Фронталь проекцияда А1В1С1 нүктелері бір түзудің бойында жатады. Горизонталь проекциясы өзгермейді. Ал профиль проекциясын салу керек. Ол үшін А1В1С1 нүктелер арқылы горизонталь байланыс сызықтары призманың сәйкес қырларының профиль проекцияларымен қиылысқанша жүргіземіз.  Табылған    А3В3С3 нүктелерін кесінділерімінен қосамыз. 3-слайд

 

Пирамиданы табанына параллель жазықтықпен қиғанда пайда болатын геометриялық денені қиық пирамида деп атайды.

4-слайдта дұрыс төртбұрышты пирамида SАВСД фронталь және горизонталь проекциялары берілген. Оны табанына параллель жазықтықпен қиғанда  қиық  пирамида шығады.

Пирамиданың кіші бөлігін алып тастағаннан кейін, қалған пирамиданың фронталь және горизонталь проекцияларын саламыз. Қимада пайда болған төртбұрыш пирамида табанына ұқсас, оның қабырғалары пирамида табанының қабырғаларына параллель. Горизонталь проекциясын вертикаль байланыс  сызық арқылы табамыз. 5-слайд.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-Тапсырма:

  1. Практикалық жұмыс.  Үлестірмелі карточкамен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиылған үшбұрышты пирамиданың горизонталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль проекциясын салу.

2- Тапсырма:

 

 

1. Фронталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиылған үшбұрышты пирамиданың горизонталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль  проекциясын салу.

4.Бағалау

 

  1. Үй жұмысы. 3. 31- сурет

 

Сабақ № 25 -26

Тақырыбы: «Тесігі  немесе ойығы  бар  геометриялық денелердің  проекциялары»

Мақсаты: жаңа геометриялық дененің проекциясын шығарып алу тәсілін үйрену, оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды  тиянақтылыққа, ойларын қолдана  білуге   тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: тесігі  немесе  ойығы  бар геометриялық денелердің  проекцияларын сала алады.

Сабақтың түрі:  жаңа тақырып меңгеру

Құрал-жабдықтар:   оқулық, компьютер, интерактив  тақта, сызба  құралдары, жұмыс   дәптері.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй жұмысын тексеру.
  3. Жаңа тақырып түсіндіру.

Тақтаға  ортасында тесігі бар үшбұрышты  призманың фронталь  және  горизонталь проекциялары

сызылады. Профиль  проекциясын салу керек.  Тақтаға салу кезеңі  түсіндіріледі.

  1. 2                        3

Призманың артқы жағына тіктөртбұрыш сызып, осы сызық бойынша кесіп, призманы ойша кесеміз./3-сурет/. Профиль проекциясы тіктөртбұрыш болады. Призманың алдыңғы қыры тесіктің салдарынан екі кішілеу кесіндіге  бөлініп қалады.

Төртбұрышты тесігі бар конустың фронталь проекциясы берілген жағдайда оның горизонтальжәне профиль проекцияларын салуды қарастырамыз.Конустың табандары теңбүйірлі трапеция болатын призма  тәрізді.  Конустың профиль  проекциясын салу реті түсіндіріледі.

  1. 2.         3.             4.
  2. Өзіндік жұмыс. Өткерме тесігі бар үшбұрышты пирамиданың горизонталь проекциясын салуды аяқтап, оның профиль  проекциясын тұрғызу.

5.    Бағалау

Практикалық жұмыс. Суретте тесігі бар үшбұрышты призманың фронталь және горизонталь проекциялары  берілген.  Профиль  проекциясын сызу.

  1.  2.                Үй жұмысы. 3. 34-сурет

 

проекциялары»

Мақсаты: тесігі және ойықтары бар геометриялық денелердің проекциялары жөнінде білімдерін  тереңдету, оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелердің проекциялары туралы білімдері кеңейіп,  тереңдетіледі.

Сабақтың түрі:  графикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:     сызба  құралдары, формат, үлестірмелі карточкалар.

Сабақ барысы

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

  1. Графикалық тапсырма.

 

 

Берілген өлшемдері бойынша ойығы бар қиылған модельдің екі проекциясы арқылы үшінші проекциясын тұрғызу  және  жетіспейтін сызықтармен толықтыру  (үлестірмелі карточка)

 

 

 

3.       Тексеріп, бағалау

 

Сабақтың мақсаты: оқушылардың геометриялық денелер  проекциясы   туралы

білімдерін сызбаларды орындау арқылы толықтыру, біліктіліктерін логикалық тапсырмалар арқылы арттыру, сұрақтарға жауап іздеуге, сызбаны ауызша оқып, өз ойын еркін айтуға мүмкіндік туғызу. Өз бетінше  талаптануы  мен іскерлік,  шығармашылық  дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

1.Геометриялық денелер проекциясы  туралы білімдерін    толықтырады

  1. Сұрақтарға еркін жауап бере алады.
  2. Paintпрограммасымен сызбаның негізін сыза алады.
  3. Геометриялық денелер проекцияларын орындай алады.

Не арқылы бағаланады:Түрлі түсті жетонмен сұрақтарға белсене дұрыс жауап беру, геометриялық денелердің проекциялары  жөнінде  біліктіліктері.

Көрнекіліктер:     Компьютер, интерактивті тақта, оқулық, сызуға қажетті құралдар

Әдіс-тәсілдер:Сын тұрғысынан ойлау мен жазу бағдарламасының ой қозғау, көрнекіліктер стратегиялары, сұрақ-жауап, практикалық   және  оқулықпен  жұмыс.

Сабақ барысы

І  Қызығушылықты ояту.   Ой  қозғау және көрнекіліктер  стратегиясы.

Тапсырма:                          2-3 слайд

суретте конус, призма және пирамида түрінде шаңғы таяқшаларының ұштары берілген. Фронталь проекциялары  бірдей, ал горизонталь  проекциялары  қандай болады?

Әріптер  мен сандарды сәйкес келтіріңдер.

Жауаптары: 2, 6, 4

4 слайд

Сұрақтар:     Геометриялық  денелерге қандай денелер жатады?

5-9 слайд

Суреттегі үш проекция арқылы қандай геометриялық денелер екенін анықтаңдар.

ІІ  Мағынаны тану.

Геометриялық денелердің әрқайсысының пішінінде өзіне тән белгілері бар. Сол белгілері бойынша біз цилиндрді конустан, ал конусты  пирамидадан ажыратамыз.

Өзімізді қоршаған айналадағы нәрселерге зер салып қарасаңдар олардың пішіні геометриялық денелер немесе  олардың біріккен түрлері болады.

10  слайд

Геометриялық денелер айналу және  көпжақты түрі  болады.

11  слайд

Геометриялық пішіндері бар нәрселер қарапайым және күрделі болады. Қарапайым нәрселер бір геометриялық денеден, ал күрделі – біріккен бірнеше  денеден тұрады.

12  слайд

Мына суретте бұйымдар қандай геометриялық денелер пішімінен тұрады? Цилиндр, параллелепипед, қиық  конус.

Сондықтан бүгінгі сабақта  геометриялық  денелер тобының проекциясын қарастырамыз.

Оқулықпен жұмыс.

ІІІ    Ой толғаныс

  1. Егер геометриялық денелер тобынан конусты шығарып тастаса, сызбада қандай өзгерістер болады? Оқушылар сызбадағы өзгерісті сызады.
  2. Оқушыларға карточкалар үлестіріледі.

Тапсырма: үш проекциядағы  жетіспейтін сызықтармен  толықтыру.

Ү    Бағалау

ҮІ Үй жұмысы     3. 37 сурет

 

Тақырыбы:«№ 6 графикалық жұмыс. Геометриялық денелер тобының проекциялары» Сабақтың мақсаты: оқушылардың геометриялық денелер тобының проекциясы туралы   білімдерін сызбаларды орындау арқылы  тереңдету, біліктіліктерін  тапсырмалар арқылы  арттыру. Өз  бетінше  талаптануы  мен іскерлік, шығармашылық  дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Геометриялық денелер тобының проекциясы  туралы  білімдерін   толықтырады

Көрнекіліктер:    сызуға  қажетті құралдар, үлестірмелі карточкалар

Әдіс-тәсілдер:практикалық  жұмыс.

Сабақ барысы

І  Ұйымдастыру бөлімі

 

ІІ Графикалық тапсырма.

 

Геометриялық  денелер тобының екі проекциясы  бойынша  үшінші проекциясын сызу.

 

7-қосымша, 189-бет

 

 

ІІІ. Тексеріп, бағалау

 

Тақырыбы: «Геометриялық  денелер  беттерінің өзара  қиылысуы»

Мақсаты: оқушыларды геометриялық денелер проекциясы туралы біліктілітерін арттыру, геометриялық денелердің бі-бірімен қиылысу нүктелерін табу тәсілдерін үйрету, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана  білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:  қиылысу нүктелерін жаттығу арқылы  таба алады..

Сабақтың түрі:  жаңа тақырып меңгеру

Құрал-жабдықтар:   оқулық, сызба құралдары, жұмыс  дәптері.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Жаңа тақырып түсіндіру.

Құрылымында әр түрлі геометриялық денелердің беттері өзара қиылысып орналасатын тетікбөлшектер техникада  жиі кездеседі.  Мұндай беттер өзара  қиылысқан кезде  қиылысу  сызықтары

/өту сызықтары/ пайда болады.Денелер бетінің қиылысу сызықтарын тұрғызу нүктелерді табудан басталады.Көмекші жазықтық ретінде берілген екі бетті қарапайым – түзу немесе шеңбер сызықтармен қиып өтетін жазықтықтарды таңдайды, сонымен бірге, шеңбер проекция жазықтығына параллель  жазықтықтарда  орналасуы керек.

Көпжақты беттердің өзара қиылысуы. Екі көпжақ қиылысқан кезде олардың қиылысу сызықтары сынық сызық болады. Мысалы, екі призманың қиылысуы. Вертикаль орналасқан параллелепипедтің барлық қырлары горизонталь орналасқан призманың жақтарын қиып өтеді. Призманың екі қыры параллелепидтің жақтарын қиып өтеді.

Қиылысу нүктелерін  табу  тәсілі түсіндіріледі.

Айналу денелердің қиылысуы. Практикада екі цилиндрлік беттің қиылысу жағдайлары жиі кездеседі.Осі проекция жазықтығына перпендикуляр екі түзу дөңгелек цилиндр беттерінің қиылысу сызықтарын тұрғызу мысалы түсіндіріледі.

  1. Өзіндік жұмыс. 43-сурет. Екі қиылысатын призманың – төртбұрышты және үшбұрышты, үш проекциясы көрсетілген. Сызбада фронталь проекциясын тұрғызу аяқталмаған – қиылысу сызығының проекциясы корсетілмеген.  Үш проекциядағы  қиылысу  сызықтарын тұрғызу.

4.Бағалау

  1. Үй жұмысы. 3. 31- сурет

 

 

Тақырыбы:  «Кескіндеу  тәсілдері туралы  мағлұматтарды жиынтықтау»

 

Мақсаты: оқушылардың проекциялау негізгі әдістері, геометриялық денелердің проекциялары және қарапайым тетікбөлшектердің проекциялары туралы білімдерін мысалдар арқылы тексеріп, білімдерін тереңдету, өздігінен білім алуға және  шығармашыл еңбектенуге  қабілетіліктерін айқындау, көмектесуге, өз  жолдастарын қадірлеуге  тәрбиелеу.

 

Күтілетін нәтиже:  өткен тақырыптарды бойынша  тапсырмалар арқылы  білімдері тереңдетіледі..

 

Сабақтың түрі:  қайталау

 

Құрал-жабдықтар:   оқулық, сызба құралдары, жұмыс  дәптері.

 

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

  1. Жаңа тақырып түсіндіру.

Өткен бөлімде кескіндердің алу тәсілдерін, геометриялық денелердің, аксонометриялық проекциялардың сызу негіздерін оқып үйрендік.  Қайталап  шығайық.

  • Сызба сызықтарының түрлерін атаңдар
  • Сызба қаріптерінің өлшемдері
  • Центрлік және  параллель  проекциялаудың айырмашылығы қандай?
  • Тікбұрышты және  қиғашбұрышты  проекциялауды  қалай түсінесіңдер?
  • Түзу сызық қандай жағдайда түзу және нүкте болып  проекцияланады?
  • Қандай геометриялық денелер көпжақтыға  жатады?
  • Қандай геометриялық денелер айналу денелерге жатады? Кескіндердің түрлері:

Көріністер, аксонометриялық проекция, үш проекция, көрнекі кескін, қима,  тілік.

Техникада барлық сызбаларды орындау тік бұрыштап параллель проекциялау әдісімен орындалады. Сонымен қатар нәрсенің пішінін айқындау үшін белгілер мен таңбалар қолданады. Солар арқылы нәрсенің үш емес, бір немесе екі проекция айқындауға болады. Пішіні күрделі тетікбөлшектің сызбасын орындау үшін оны ойша  геометриялық денелерге бөлшектеп саралау  керек.

 

3.       Практикалық  жұмыс.  5-сурет, 3-сурет

Дәптерге тетікбөлшекті бөлшектеуге болатын геометриялық денелердің сызбаларын салыңдар. Масштабы 1:1.

 

4.       Бағалау

 

  1. Үй жұмысы. 4-сурет, сұрақтарға жауап  беру
  2. Тетікбөлшектің габариттік өлшемдері неге тең?
  3. Қандай шарттылықтар көмегімен тетікбөлшекті бір проекцияда  кескіндеуге  болады?
  4. Тетікбөлшектің цилиндр тәріздес бөліктерінің өлшемдері  қандай?

 

Тақырыбы:  «Негізгі көріністер»

Мақсаты. Негізгі көріністерді орналастыру туралы білім жүйесімен қаруландыру, басты көріністерді табу және көріністерді дұрыс орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды тиянақтылыққа, ынталылыққа, ұқыптылыққа  және  дербестікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, ақпараттық технология, деңгейлік  тапсырмалар

Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, суреттер, оқулық, бағаланатын  жетон

 

Сабақтың барысы І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен тақырыптарды  қайталау

1-слайд: Проекциялау деген не? /Проекциялау дегеніміз нәрсенің проекциясын салу процесі/ Проекциялау   қандай түрлерге бөлінеді?  /Центрлік және  параллель/ Суреттен мысал келтіру.

2-слайд: Мысалы, краннан шелекке су аққанда шелектің ізі қандай болады? / шелектің түбінің диаметрі үлкейеді /

3-слайд: Мысалы, жерде тұрған шелекке  жаңбыр жауса, ізінің көлемі қандай  болады?

/ бірдей /

4-слайд: Егер проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шықса, онда ол центрлік проекциялау деп атайд ы. 5-слайд: Егер проекциялаушы сәулелер бір-біріне параллель болса, онда ол параллель проекциялау деп атайды.  Соның ішінде  параллель  проекциялау қиғашбұрышты және  тікбұрышты проекцияға бөлінеді.

6-слайд: мысалы, жаңбыр желмен біыңғай жауып тұрса, ол жермен сүйір бұрыш жасайды, сондықтан оны қиғашбұрыш проекциялау деп атайды. Егер жаңбырдың тамшылары жермен тік бұрыш жасаса, онда ол тікбұрышты проекциялау деп атайды.

7-слайд: Екі нұсқамен берілген тапсырманы орындайсыңдар: сандармен белгіленген элементтерді атаңдар. Орындауға  4 минут  уақыт  беріледі.  Дұрыс жауап берілген саны бойынша бағаланады.

І – нұсқа                                                              ІІ — нұсқа

8-слайд: Дұрыс жауабы –  1- фронталь проекция                             6 –Z осі

2-куб                                                      7 –  профиль проекция

3- фронталь жазықтық                            8 –  профиль жазықтық

  • – Х осі 9 —  У осі
  • – горизонталь проекция 10  – горизонталь жазықтық Оқушылар  бір-бірін бағалайды.

ІІІ. Жаңа тақырып хабарланады: Негізгі көріністер   /9-слайд/

10-слайд: Көрініс – бұл бақылаушыға қараған нәрсе бетінің көрінетін бөлігінің кескіні. Мысал келтіріледі.

11-слайд:  Сызбадағы кескіндер нәрсені іші қуыс текшенің жақтарына  тік бұрыштап  проекциялау

нәтижесінде  алынады.  Текшенің алты жағы бар.

12-слайд: 1- Алдыңғы(басты) көрініс,   2- Үстіңгі көрініс,    3- Сол жақ көрініс,    4-Оң жақ көрініс,   5- Астыңғы көрініс, 6-Артқы көрініс. Бірақта, біздер еуропалық жүйесімен үш көріністі аламыз, олар – алдыңғ, үстіңгі және сол жақ көріністер. Нәрсенің алдыңғы көрінісі  туралы  толық мағлұмат беретіндей етіп орналастыру керек. Сондықтан оны  басты көрініс деп атайды.

13-слайд: Басты немесе алдыңғы көрініс  –  проекциялардың   фронталь  жазықтығында шығатын кескін

14-15 слайд: Үстіңгі көрініс – проекциялардың горизонталь жазықтығындағы кескін 16-17 слайд: Сол жақ көрініс – проекциялардың профиль жазықтығындағы кескін 18-слайд:Көріністерді сызбада орналастыру

Басты немесе алдыңғы көрініс     Сол жақ көрініс

 

Үстіңгі  көрініс

 

19-слайд Кейде сызбадағы толық көріністің орнына  бір бөлігін ғана  қолданатын жағдайлар  болады.

Жергілікті көрініс дегеніміз –нәрсе бетінің жекелеген, шектеулі бөлігінің  кескіні.

20-слайд:Сызбадағы көріністер саны ең аз болуға тиіс, бірақ нәрсенің өлшемдері мен пішінін толық айқындауға  жеткілікті болуы керек.

21-слайд:Сызбада ось координаталар және көмекші сызықтар жүргізілмейді, бірақта көріністер стандарт бойынша  дәл бір-бірінің бойында  орналасуы тиіс.

ІҮ. Бекіту.

22-слайд:Сызбаға қарап нәрсенің үш көрінісін табу Жауабы: 4,    3, Б

23-слайд:Сандармен белгіленген 6 тетікбөлшектің екі көріністері мен әріптермен

Белгіленген көрнекі кескіндері берілген.  Әр кескіннің көріністерін табыңдар.

  • слайд: Блиц-сұрақтар “Дұрыс”  немесе “Қате”

 

Көрініс  –  бұл бақылаушыға  қараған нәрсе бетінің көрінетін

бөлігінің кескіні

+
Алдыңғы көрініс  — проекциялардың профиль   жазықтығындағы

кескін

Үстіңгі   көрініс  –  проекциялардың горизонталь жазықтығындағы

кескін

+
Сол жақ көрініс  –   проекциялардың фронталь  жазықтығындағы

кескін

Алдыңғы көрініс  –  ол басты көрініс +
Сызбада  көріністердің саны көп болу керек

Ү.  Өзіндік жұмыс.

26-слайд: Графикалық  жұмыс. Деңгейлік  тапсырмалар.

Нәрсенің үш көрінісін сызу:

  1. Басты (алдыңғы), үстіңгі және сол жақ көріністерді  анықтау.
  2. Үш көрінісін сызу.

Сызбада  проекциялық  байланыс болсын!

Стандарт бойынша  сызық түрлерін орынды  қолданыңыз!

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй  жұмысы: 4.12 сурет

 

 

Мақсаты: оқушыларды негізгі көріністер туралы біліктіліктерін сызба арқылы тексеру, оқушылардың кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, ойша талдау жасау және шапшаңдық қабілетін дамыту, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана  білуге тәрбиелеу.

 

Күтілетін нәтиже: берілгенаксонометриялық проекцияның үш проекцияларын орындау арқылы проекция туралы  білімдері жетіледі

 

Сабақтың түрі:  графикалық жұмыс

 

Құрал-жабдықтар:   сызба  құралдары, формат А4

 

Сабақ барысы

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

 

ІІ. Сарамандық  жұмыс.

І деңгейлік тапсырма:Екі тетікбөлшек берілген. 1 деп белгіленген тетікбөлшекті нұсқама бағытымен ол сызықталған жерге орналастыратындай етіп бұрып, екінші тетікбөлшекпен ойша біріктіріп, жаңадан алынған дененің қажет  көріністерін салу керек.

 

ІІ  деңгейлік тапсырма:

ІІІ  деңгейлік тапсырма:

 

ІІІ. Бағалау

 

 

 

 

 

 

\

 

 

Тақырыбы: «Екі көрініс  бойынша үшінші көріністі  тұрғызу»

 

Мақсаты. Оқушыларды үш жазықтыққа проекциялауды, өздерінің қателерін тауып, талдауға үйрету, кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана  білуге тәрбиелеу.

 

Күтілетін нәтиже. Көріністерді жазықтыққа дұрыс орналастырып, екі көрініс бойынша жаттығулар арқылы  қарапайым  сызбалардың үшінші көріністі тұрғызып үйренеді.

 

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ меңгеру

 

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, ақпараттық технология, деңгейлік  тапсырмалар

 

Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, суреттер,  оқулық

 

Сабақтың барысы І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен тақырыптарды  қайталау

 

  1. Көріністер сызбада  қалай орналасады?
  2. Қандай көрініс басты деп атайды?
  3. Қандай көріністі жергілікті деп атайды?

 

ІІІ. Жаңа тақырып  меңгеру

 

Кейде тетікбөлшектің бұрын салынған екі көрінісі бойынша  үшінші көрінісін салу керек  болады.

Салу кезеңі:

2-слайд. Нәрсенің екі көрінісі берілген – алдыңғы және үстіңгі, сол жақ көрінісін салу керек. Бұл көріністі салу үшін алдымен тетікбөлшектің  пішінін көз  алдына  елестету керек.  Сонда өлшемі

10 х 35 х 20 мм болатын параллелепипед тәрізді пішіні бар тетікбөлшек. Сол жағынан өлшемі 12 х 12 мм  ойығы  бар.

3-слайд. Алдыңғы көріністің оң жағына биіктігімен бірдей көмекші сызық жүргіземіз. Бұл сызықтар сол жақ көріністің биіктігі болады. Олардың арасынан кез келген жерден вертикаль сызық жүргіземіз. Оның оң жағына  қарай нәрсенің енін алып, яғни, 20 мм екіншің вертикаль  сызық жүргіземіз.

4-слайд. Енді ойықты көрсету үшін оң жақ вертикаль сызықтан 12 мм алып, тағы вертикаль сызық жүргіземіз. Сонан кейін барлық көмекші сызықтарды өшірін, тұтас жуан сызықтарды бастырамыз. 5-слайд. Нәрсенің үш көрінісі.

 

ІҮ.  Өзіндік  жұмыс. 6-7 слайд.  Талдау арқылы берілген екі көрініс  бойынша  үшінші көріністі табу.

 

Ү.  Сарамандық  жұмыс. Оқулық, 4.23 –сурет(а), екі көрініс  арқылы  үшінші көріністі тұрғызу.

 

ҮІ. Бағалау

 

ҮІІ. Үй  жұмысы.  4.23 –сурет (б)

 

 

Тақырыбы: «№8   графикалық  жұмыс. Екі көрініс  бойынша үшінші көріністі тұрғызу »

 

Мақсаты: Оқушыларды екі көрініс арқылы үшінші көріністі тұрғызу білімдерін жаттығулар арқылы жетілдіру, кеңістік туралы ұғымын кеңейтіп, қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды тиянақтылыққа, ойларын қолдана  білуге тәрбиелеу.

 

Күтілетін нәтиже: берілгеннәрсенің екі проекциясы арқылы үшінші проекцияларын орындау арқылы білімдері бекітіледі.

 

Сабақтың түрі:  графикалық жұмыс

 

Құрал-жабдықтар:   сызба  құралдары, формат А4

 

Сабақ барысы

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

 

ІІ. Сарамандық жұмыс. Үлестірмелі карточкалармен жұмыс істейді. Берілгеннәрсенің екі проекциясы арқылы  үшінші проекцияларын  орындайды.

 

 

 

 

 

ІІІ. Бағалау.

 

Тақырыбы:   “Қималар мен тіліктер туралы жалпы  мағлұмат”

Мақсаты:оқушыларға қималар мен тіліктер жөнінде мағлұмат беру, оқушының кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және графикалық мәдениетін қалыптастыру; ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу Күтілетін нәтиже: жаңа технология, компьютермен слайд арқылы, оқушының тақырыпқа деген қызығушылығы  артады, сызбалар арқылы  қима мен тіліктер жөнінде  түсінік алады

Түрі: теория

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, оқулық, сызбаға қажетті  құралдар.

Сабақтың барысы І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру ІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.

Нәрсенің сызбасы оның  пішіні, ішкі құрылысы, өлшемдері, ол жасалған материалдар және  т.б.  туралы

толық түсінік беруі тиіс. Сызбада нәрсенің кескіндерінің (көріністердің, қималардың және тіліктердің) саны мүмкіндігінше аз, бірақ нәрсенің ішкі және сыртқы құрылысын анық елестетуге жеткілікт і болу керек. Суретке назар аударамыз. Онда штрих сызықтар аса көп болғандықтан, сызбасы бойынша ішкі және сыртқы пішіндері қиын оқылатын тетіктер кескінделген. Тетіктің ішкі және сыртқы пішінін айқындау үшін кималар мен тіліктерді  пайдаланамыз.

1-сурет                               2-сурет                                      3-сурет

Білікшенің геометриялық пішініне талдау жасайық (142-сурет, оқулық). Білікше бір-біріне қабысқан әр түрлі диаметрлі үш цилиндрден құрастырылған, оларда екі бітеу цилиндрдік тесіктер мен кілтелік ойығы бар. Білекшенің ішкі және сыртқы пішінін айқындау үшін оны ойша пішінін көрсететін жерлерден жазықтықтармен қиямыз. Сонда қиюшы жазықтықта сызбалардағы кескіні қима деп аталатын фигура шығады.

Сендер көрініс деген кескіннің көмегімен тетіктерді сызған боласыңдар. Көрініс деп нәрсе бетінің бақылаушыға көрінетін бөлігінің кескіні. Бірақ бұл барлық уақытта ыңғайлы бола бермейді, әр көрнекілігі жеткіліксіз.  1, 2, 3-суреттерде   көрініс, қималар, тілік.

ІІІ. Өзіндік жұмыс. Оқулық, 72-бет, 150-сурет. Нәрселердің сызбаларына сәйкес көрнекі кескіндерін табу.

ІҮ.  Бағалау.  Сызбалар арқылы бағаланады.

Ү.  Үй  жұмысы. Үлестірме карточкалар.

 

Сабақ № 37

Тақырыбы:   “Қималар.  Тілік  пен  қиманың арасындағы айырмашылығы”

Мақсаты: оқушыларға қималар жөнінде мағлұмат бере отырып, тілік пен қиманың айырмашылығын түсіндіру; оқушының кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және графикалық мәдениетін қалыптастыру;  ұқыптылыққа,  тазалыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: жаңа технология, компьютермен слайд арқылы, оқушының тақырыпқа деген қызығушылығы артады, сызбалар арқылы қима жөнінде түсінік алады, қабаттасқан және оңашаланған қиманы  айыра алады.

Түрі:  жаңа  ақпараттық технологияны пайдалану

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, оқулық, сызбаға қажетті  құралдар.

Сабақтың барысы І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру ІІ.   Үй  жұмысын тексеру. Сұрақ

  • Тілік деген не?
  • Тіліктер қандай болады?
  • Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру ережелерін атаңдар.

ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.

2 слайд

Тақырыпты бастамастан бұрын “Кішкентай Ханзада” деген ертегіні есімізге түсірейік. Оны жазған ұшқыш және  ХХ ғасырдағы француз  жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери

Кішкентай кезіндегі осы жазушының ең алғашқы салған суретіне  назар  аударайық.

1-сурет                                                  2-сурет

3 слайд

Қараңызшы – не салынған? Бәрі оны қалпақ деп ойлайды. Бірақта ол пілді жұтып қойған жылан екен. Бәріне  түсінікті болу үшін бала мынадай етіп салады 2-сурет

Нәрсенің пішінін көлденен көрсететін әдісінің бір түрі- ол қима
Суреттегі тетікбөлшектің пішіні жалпы цилиндрлік. Осы сызба арқылы біздер әр элементердің пішінін анықтай аламыз ба?
ҮШзілеңМбыесрамлеын, бсеорлілжгаеқншэлеетмінеднетгітқиеысілкыпсеқ, аәнлдтеұштыасғыжпіңтішұкреғаснынзәырқстеамрем?ен
Соңғы оң жақтағы элемент не?  Ойық па, әлде бері қарай шығып тұрған
мелі сызықпен көрсетілген ойықтың пішіні қандай?

Еэглеекрмөретенестсіткпілаб?оелснг      аэлөетмеек нртмебірмеж,ағылә  дндае тұмйаы, әқлпдае?екі жағында ма екенін

білмейміз.

Сонда бала суретінің сыртқы жағымен бірге ішкі құрылысында салып түсіндірген. Оны қалай жасады екен?                                                           4 слайд

 

 

 

 

 

 

Нәрсенің пішінін көлденен көрсететін әдісінің бір түрі- ол  қима

Суреттегі тетікбөлшектің пішіні жалпы цилиндрлік. Осы сызба арқылы біздер әр элементердің пішінін анықтай аламыз ба?Мысалы, сол жақ шетіндегі қиылысқан тұтас жіңішке сызықтармен көрсетілген элемент бір жағында ма, әлде екі жағында ма екенін білмейміз.Соңғы оң жақтағы элемент не? Ойық па, әлде бері қарай шығып тұрған элемент па? Үзілмелі сызықпен көрсетілген ойықтың пішіні қандай?Шеңбермен берілген элемент тесік пе, әлде шығып тұрған нәрсе ме? Егер  тесік болса өткерме  ме, әлде тұйық па?  5 Слайд

Қима деген не? Қима – нәрсені жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигура. Қимада нәрсе ойша кесіледі де, оның қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана  кескінделеді.  Қима  – бұл фигура  кескіні.

6   слайд

 

 

 

Мұны

 

 

ң      ін

 

 

а а

 

 

р               н

Нәрсенің пішінін көлденен көрсететін әдісінің бір түрі- ол қима
Нәрсенің пішінін көлденеҚникмөарсдеетгеентніне?әдісінің бір түрі- ол қима
А
А
Нәрсенің ортасынан А қиюшы

жазықтықпен қиған.

Қима фигурасы қызыл түспен көрсетілген.

ы                бола

А

А — А
Қима фигурасын сызықтау тұтас жіңішке

сызықпен және 45 0 тең бұрышпен көлбеу сызықпен орындайды.

 

 

7   слайд

 

Қималардың  орналасуы

 

 

А

 

 

Қабаттасқан симметриялық қима

 

А

А — А

 

 

 

 

Оңашаланған қима                            Қабаттасқан симметриясыз қиманың белгілеуі

Қабаттасқан симметриялық қима, Қабаттасқан симметриясыз қима Оңашаланған қима

 

Қиманы орындау негіздері
Қиманы орындау негіздері
Қиманы орындау негіздері
Қиюшы жазықтық

қима фигурасымен

Қима фигурасы
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қиюшы жазықтық

Қиюшы жазықтық     Қиюшы  жазықтық қима фигурасымен             Қима фигурасы

8   слайд                                        9 слайд                                                 10 слайд

Қима  жазықтығын қай жерде  өтетінін көрсету үшін оны белгілейді.

Егер оңашаланған қима  болса,қиюшы  жазықтықтың орны  сызбада үзік тұтас жуан сызықпен көрсетіледі. Қима сызығына перпендикуляр етіп екі жіңішке тұтас сызық жүргізіледі, ұштары нұсқамамен аяқталады.  Жандарына  орыс  алфавитінің бас әріптері жазылады. 16 слайд

Егер оңашаланған қима қима сызығының созындысына орналасса, онда жоғарғы жағына ештеңе жазылмайды.  17 слайд

Көрнекі кескінде қиманы орындау процесін  қарастырайық

  1. Төртбұрышты пішінді тесіктің үстінен қиюшы  жазықтықпен ойша қиямыз 19  слайд
  2. Цилиндр пішінді тесіктің үстінен қиюшы жазықтықпен ойша қиямыз 20  слайд
  3. Көрнекі кескіндегі қима фигурасы осылай болып көрінеді 21 слайд
  4. Көрнекі кескіндегі қима фигурасы 22 слайд
  5. Б-Б қима фигурасын кескіннің сыртына шығарады. 23  слайд
  6. А-А қима фигурасын  кескіннің сыртына шығарады. 24 слайд
  7. А – А және Б – Б сызбадағы қима фигуралары25 слайд

Бекіту:1.Нәрсенің пішінін талдап қима фигуралардың орнындарын табыңыз (1-5) 27 слайд Нәрселердің суреттері әріптермен, қималары сандармен берілген. Әр нәрсенің қимасын табыңыз  28 слайд.

? қима                                                            ? қима   29 слайд

Өзіндік жұмыс:

Алдыңғы  көрінісі мен қима  фигурасын орындаңыз

 

 

 

31 слайд

Бағалау.  Сұрақ-жауап және сызбалар арқылы

Үйге  жұмыс. 113-бет, № 1  жаттығу.

 

Сабақ № 38

Тақырыбы:“№ 9  графикалық  жұмыс. Қималар”

Мақсаты а/ білімділігі:  оқушылардың қималар жөнінде  білімдерін графикалық жұмыс арқылы  тексеру;

б/ дамытушылығы: балалардың қималар жөнінде  білімін  дамыту;

в/  тәрбиелігі: сызба мәдениеттілігіне, ұқыптылыққа, тазалыққа  тәрбиелеу

Түрі:  графикалық жұмыс

Әдісі:   сызбалар орындау

Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, сызбаға қажетті  құралдар.

Сабақтың барысы І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру ІІ.   Графикалық жұмысты түсіндіру:

  1. Аксонометриялық проекция  арқылы  көрініс  пен қабаттасқан қимены орындау;

 

  1. Басты көріністі көшіріп алып, оңашаланған қима орындау, өлшемін клетка  арқылы алу.

 

ІІІ. Бағалау

ІҮ.  Үй  жұмысы. Қайталау.

 

Сабақ № 39

Тақырыбы:“Қарапайым тіліктерді орындау  және  белгілеу”

Мақсаты а/ білімділігі: оқушыларға тіліктер жөнінде мағлұмат бере отырып, сызу пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;

б/ дамытушылығы: балаларды жыңы тақырып арқылы  ой-өрісін, білімін дамыту;  в/  тәрбиелігі: сызба мәдениеттілігіне, ұқыптылыққа, тазалыққа  тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: оқушылар тіліктер туралы мағлұмат алып, жаттығулар арқылы тетікбөлшектің тілігін орындай алады

Түрі:  жаңа  ақпараттық технологияны пайдалану

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап, тест

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, оқулық, сызбаға қажетті  құралдар.

Сабақтың  барысы

І.  Сынып  оқушыларын ұйымдастыру

ІІ. Жаңа  тақырып  түсіндіру:   компьютермен слайдта суреттер көрсетіледі.

1-слайд: 1 және 2 фигуралардың айрмашылығы қандай? 1 – қиюшы жазықтыққа түскен фигура — қима фигурасы, 2 –  қима  фигурасы және  оның ар жағындағылар көрсетілген.  Бұл тілік  деген кескін.

1 және 2 фигуралардың қандай айрмашылығы бар?

2-слайд:Тілік – бұл затты /тетікбөлшекті/ бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан кескін.

Тілікте  қима  фигурасын және  оның ар жағындағы жатқан дененің кескінін толық көрсетеді. Тілік  кескіні

неге керек? Нәрсенің ішкі көрінбейтін беттерін сызбада үзілмелі сызықпен жүргіземіз. Бірақ мұндай үзілмелі сызықтар сызбаны оқуды қиындатып жібереді. Сондықтан қимамен қатар тілік деп аталатын кескін қолданамыз.

3-слайд:Тілікті  орындау  негіздері

Тетікбөлшектің ішкі тұрпатын анықтау үшін қиюшы жазықтықпен қиып алдыңғы жағын ойша алып тастаймыз.

 

Тілікті орындау негіздері

Тілікті орындау негіздері

4-слайд: Өзіңіз  көріп тұрғандай тетікбөлшектің  ішкі көрінісін анықталады.

5-слайд: Тетікбөлшектің алдыңғы және үстіңгі көрінісі және алдыңғы көріністе тілік орналасқан. Тетікбөлшектің тұтас  жерлері сызықталған.

 

Тілікті орындау негіздері

 

6-слайд: Тіліктер қандай болады? Тіліктер қарапайым және күрделі болады, қарапайым —фронталь, горизонталь және профиль  тіліктер.  Бүгінгі сабақта  қарапайым  тіліктерді сызып үйренеміз.

7-слайд:Суретте көріп тұрғандай, қиюшы жазықтықтар проекция жазықтарына параллель орналасқан – фронталь, горизонталь  және  профиль.

8-слайд:Тетікбөлшектің тіліктерін орындау  тәсілін қарастырайық.

 

9-слайд:Қиюшы  жазықтықтыфронталь  жазықтыққа параллель  орналастырып ойша  қиғандағы  көрініс.

10-слайд:Қиюшы  жазықтықтыпрофиль  жазықтыққа  параллель  орналастырып ойша  қиғандағы көрініс.

11-слайд: Қиюшы жазықтықтыгоризонталь жазықтыққа параллель орналастырып ойша қиғандағы көрініс.

12-слайд:Бекіту мақсатында оқушыларға тетікбөлшектің фронталь, горизонталь, профиль тіліктерін орындау тапсырмасы беріледі.  Сызғаннан кейін дұрысы тақтада  көрсетіледі.

13-слайд:       Тіліктер  орындау ережелері

  1. Көріністегі көрінбейтін үзілмелі сызықтар тілікте көрінетін болғасын тұтас жуан сызықпен бастыра жүргізіледі.
  2. Алдыңғы жақтағы  кейбір  элементтер, сызықтар алдыңғы  алып тастаған жағымен кеткендіктен тілікте

сызылмайды.

  1. Тілік негізінде  көріністе орналасады.
  2. Тетікбөлшектің /детальдің/ қиюшы  жазықтықта жатқан бөлігі ғана  сызықталады.

14-слайд:Тіліктер  қандай болады?

Қиюшы  жазықтық проекциялардың фронталь  жазықтығына  параллель болғандағы вертикаль  тілікті

фронталь тілік деп атайды.

15-слайд: Қиюшы жазықтық проекциялардың горизонталь жазықтығына параллель болғандағы жағдайда  горизонталь тілік деп  атайды.

 

16-слайд: Қиюшы жазықтық проекциялардың профиль жазықтығына параллель болғандағы вертикаль тілікті профиль  тілік деп атайды.

17-слайд: 1- суретте беріктік үшін жасалған екі қанатшасы бар тетікбөлшектің екі көрінісі берілген, 2-суретте тілік орындалған, тілікте не жетіспейді? Екі қанатшалары сызықталмаған. Қиюшы жазықтық осындай жұқа қабырғаны  тілгенде қанатша  кесілгенмен  шартты  түрде сызықталмайды.

1-сурет                          2-сурет

18-слайд: Сұрақ: Мына сызбаларға қарап жауап беріңіз, ереже бойынша қай суретте қандай тілік орындау керек? Жауабы: 1 суретте-фронталь тілік, 2 суретте – профиль тілік, 3 суретте- горизонталь тілік, өйткені  осы көріністерде үзілмелі сызықтар тұтас  жуан сызықтармен ауыстырылған.

1-сурет       2-сурет    3-сурет

19-слайд: Тілікті орналастыру ережесі бойынша, мына  сызбаға қарап, қатесін  табыңдар.

Жауабы:  Фронталь тілік.

ІҮ.  Өзіндік жұмыс.20-слайд:Тетікбөлшектің екі көрінісін және  фронталь  тілік орындау.

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үй жұмысы. 33-бет, 4.39 /ә/-сурет.  Ұтымды   тіліктерді орындау.

 

Тақырыбы:“Күрделі  тіліктер.  Эскиз”

Мақсаты: күрделі тіліктердің орындау ережелерін меңгеру, ережелерді сақтай отырып, сызбаларды орындау. Тақырып арқылы оқушыларды сызба сауаттылығына үйрету, адам өміріндегі сызбаның маңыздылығына  көз  жеткізу, түсіндіру

Түрі: жаңа тақырып

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап, тест

Көрнекілігітақта, оқулық, сызбаға  қажетті құралдар.

Сабақтың  барысы

І.  Ұйымдастыру бөлігі

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.   Сұрақ-жауап

  1. Қандай тіліктер қарапайым тіліктерге  жатады?
  2. Қандай жағдайларда тіліктер белгіленеді?
  3. Тіліктің қимадан айырмашылығы неде?

ІІІ. Жаңа  тақырып меңгеру.

Екі және одан да көп қиюшы жазықтардың көмегімен алынатын тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Кейде тетік элементтерінің санын, олардың пішіндерін және орналасуларын қарапайым тілікте бір қиюшы жазықтықпен кескіндеу мүмкін болмайды, бұл бірнеше қиюшы жазықтарды қолданудың қажеттігін тудырады. Осындай жағдайларда күрделі тіліктер  пайдаланады.

Күрделі тіліктер сатылы және сынық тіліктер болып екіге бөлінеді. Бірнеше параллелель қиюшы жазықтармен орындалған тіліктер сатылы тіліктер деп аталады. Тілік үш қиюшы фронталь жазықтармен жүзеге асырылады. Барлық  қиюшы  жазықтықтар  бір  фронталь  жазықтықта біріктірілген және  күрделі тілік қарапайым  тілік сияқты  орындалады.

Нәрсені  параллель  емес, қиылысатын жазықтықтармен қиюдан алынатын тіліктер   сынық тіліктер деп аталады. Қиюшы жазықтықтарды шартты түрде өзара қиылысу сызығынан негізгі проекция жазықтарының қандай да біреуіне параллель жазықтықпен беттескенше айналдырады. Сондықтан сынық тіліктер фронталь, горизонталь  және  профиль  тіліктер бола алады.

ІҮ. Бекіту

  1. Күрделі тіліктің қарапайым тіліктен айырмашылығы  неде?
  2. Қандай тілік сатылы тілік деп аталады?
  3. Ол қандай жағдайларда пайдаланады?

Ү.  Өзіндік жұмыс.

Оқулықтың 78-беті, 162-сурет. Үстіңгі көріністі белгілей отырып, сатылы тілікті бас көріністің орнына орындау. Сол жақ көріністі тетіктің көрінбейтін контурының жетіспейтін сызықтарымен толықтырып, сызу.

ҮІ.  Үй жұмысы.

Оқулықтың 78-беті,   163-сурет.

 

 

Тақырыбы:“№ 9 графикалық жұмыс. Тіліктер” Мақсаты:

а/ білімділігі: оқушылардың тіліктер жөнінде  білімдерін графикалық жұмыс  арқылы тексеру;

б/ дамытушылығы: балалардың   білімін дамыту;

в/  тәрбиелігі: сызба мәдениеттілігіне, ұқыптылыққа, тазалыққа  тәрбиелеу

Түрі:  графикалық жұмыс

Әдісі:   сызбалар орындау

Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, сызбаға қажетті  құралдар.

Сабақтың барысы І. Сынып  оқушыларын ұйымдастыру

ІІ.   Графикалық жұмысты түсіндіру

а- суретінде нәрсенің көрнекі кескіні, б-суретінде сызбасы берілген. Берілген кескіндер арқылы фронталь тілік орындау.

а                        б                                      а                            б

а                              б

ІІІ. Графикалық жұмыс ІҮ.  Тексеріп, бағалау

 

Тақырыбы:“Көрініс  пен  тілікті біріктіру”

Мақсаты а/ білімділігі: оқушыларға тіліктер мен көріністерді біріктіру жөнінде мағлұмат бере отырып, тіліктер  жөнінде  білімдерін тереңдету;

б/ дамытушылығы: балаларды жаңы тақырып арқылы  ой-өрісін, білімін дамыту; в/ тәрбиелігі: сызба мәдениеттілігіне, ұқыптылыққа, тазалыққа  тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: сабақта оқушылар көрініс  пен тілікті біріктіріп, ережелерін сақтауға  үйренеді.

Түрі: түсіндіру

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:оқулық,  сызбаға қажетті құралдар.

Сабақтың барысы І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру ІІ.  Үй жұмысын тексеру.  Сұрақтар:

  • Тілік деген не?
  • Тіліктер қандай болады?
  • Фронталь, горизонталь және  профиль  тіліктер қай көріністерде  орналасады?

ІІІ.   Жаңа тақырып түсіндіру.

Көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін  біріктіру.

Көптеген тетіктердің пішіні тек көріністерді, фронталь, горизонталь және профиль тіліктерді  салумен ғана айқындалады. Сызбада бір мезгілде екі кескінді орындау тиімді емес. Сондықтан  кескінді тұтас жіңішке ирек сызықпен бөле отырып, көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін біріктіруге болады. / оқулықта 164-сурет/. Нәрсенің алдыңғы жағындағы элементтің пішінін айқындау үшін тілік пайдаланған, нәрсе  симметриялы  емес, сондықтан ол тұтас  жіңішке  ирек сызықпен бөлінген.

Егер симметрия осімен беттесетін контур сызығы тесікте орналасса, сызбада тіліктің үлкен бөлігін көрсетеді.  /165-сурет а/

Егер контур сызығы тетіктің сыртқы бетінде  орналасса, онда  көріністің үлкен бөлігін  көрсетеді.

/165-сурет ә/

Көріністің жартысы мен  тіліктің жартысын біріктіру

Егер тілік пен көрініс симметриялы болса, онда сызбада көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіреді, шекарасын штрихпунктир  сызықпен жүргізеді.  /166-сурет/

Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру е р е ж е л е р  і:

  • Сызбада тілік симметрия осінің оң жағына немесе астына  ораласады;
  • Көріністің жартысында нәрсенің ішкі пішіні штрих сызықпен  кескінделмейді;
  • Көрініс пен тіліктің жартысымен көрсетілген өлшем сызықтарын осьтен біршама алысырақ жүргізеді және бір жағынан  нұсқамамамен шектейді және  өлшемді толық көрсетеді.

ІҮ.  Өзіндік  жұмыс. Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын  біріктіру

А-деңгейі – үлестірмелі карточкалар, В-деңгейі — 34-бет, 4. 40 а-сурет,

С-деңгейі -33-бет, 4.39 ә-сурет

Ү. Бағалау

ҮІ. Үй  жұмысы.  34-бет, 4. 40 ә-сурет

 

 

Мақсаты. Біріктірулер туралы жалпы мағлұмат беру, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер түрлерімен таныстыру, логикалық және  кеңістік ойын дамыту, өздігінен білім  алуға  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: ажырайтын және  ажырамайтын біріктірулерді айыра   алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер,оқулық,  сызбаға қажетті құралдар.

 

Сабақтың  барысы

 

І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру ІІ.   Жаңа тақырып меңгеру.

Бірнеше  тетіктерден тұратын бұйымдардың кескіндері және  оның сызбалары  құрастыру

сызбалар деп аталады. Тетікбөлшектердің ажырайтын және ажырамайтын қосылыстары болады. Техникада тетіктердің мынадай қосылыстары қолданады: болттық, шпильдік, шпондық, тойтарып шегелеу, штифтік,  пісіру, винттік.

Тетіктерді, олардың құрамына енетін және біріктірілетін элементтерді бүлдіріп алмай, бірнеше рет бөлшектеу мен қайта жинау мүмкін болатын біріктіру ажырайтын біріктіру деп аталады.Бұрандалы біріктіру ( болттық, винттік, бұрамасұқпалы) шлицтік, кілтектік (шпондық), штифтік біріктірулер ажырайтын біріктірулерге  жатады.

Штифтік қосылыс
сылыс
Шпондық қосылыс
 

Бұрамасұқпалы қо

Болттық қосылыс

Бөлшектеуге мүмкін болмайтын және біріктірілген тетіктерді немесе оларды біріктіріп тұрған элементтерді бүлдіріп алу нәтижесінде ғана ажырату мүмкін болатын біріктіру ажырамайтын біріктіру деп аталады. Оған жататындар: тойтарып, дәнекерлеп, пісіріп. желімдеп және тігіп біріктіру 180-суретІІІ. Бекіту. Сұрақ жауаптар

  1. Қандай біріктіру ажырайтын біріктіруге, қандай ажырамайтынға  жатады?
  2. Бұранда деген не?
  3. Бұранданың негізгі  параметрлері қандай?
  4. Метрлік бұранда  қалай белгіленеді?

ІҮ.  Өзіндік  жұмыс. Біріктірулердің техникалық  суретін салу.

Ү. Бағалау

ҮІ.  Үй  жұмысы.  Техникалық суретін аяқтау.

 

Мақсаты: бұранда туралы мәлімет беріп,бұрандалы біріктірулері жөнінде білімдерін қалыптастыру, кеңістік ойыларын   дамыту, өздігінен білім  алуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: бұранда туралы  жалпы  мәлімет алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі: лекция

Көрнекілігі: плакат, оқулық  сызбаға қажетті құралдар

Сабақ барысы

І.  Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.  Үй жұмысын тексеру.  Сызбаларын тексеру

ІІІ. Жаңа  тақырып меңгеру.

Тетіктерді бұранданың көмегімен біріктіру  ажырамайтын біріктіруге  жатады.

Тетіктің өзегіндегі немесе тесігіндегі винттік кертік бұранда деп аталады. Бұранданың екі түрі бар, олар бекіту бұрандасы және жүріс бұрандасы. Бекіту бұрандасы тетіктерді біріктіру қызметін атқарады, ал жүріс  бұрандасы қозғалыс берілісі қызметін атқарады.

Метрлік бұранда бекіту бұрандасына жатады, оның төбесіндегі бұрышы 60° болатын үшбұрышты профилі бар.

Бұранданың осьтік қимасының контуры бұранданың профилі деп аталады. Профилінінің пішініне қарай бұрандалар үшбұрышты, тікбұрышты, трапециялы, тіреуіш, дөңгелек бұрандалар болып  бөлінеді.

Сыбайлас екі өркеш арасындағы, бұранданың осі бойымен өлшенетін арақашықтық бұранда қадамы (Р) деп аталады.

Сыныпқа сұрақтүрлі қосылыстардың суреттері берілген, қайсысы ажырайтын, қайсысы ажырамайтынға  жатады?

Бұранданы кескіндеу және  белгілеу

Көптеген тетіктердің бұрандасы болады, ол тетіктерді қосуға қызмет етеді. Көп тараған метрикалық бұранда, оның профилі төбесіндегі бұрышы 60°  тең үшбұрыш болады.

Бұранда  сызбада  шартты түрде  ықшамдап сызады.

Сыртқы бұранда — сыртқы диаметрі бойынша алдыңғы көріністе де, сол жақ көріністе де-тұтас жуан сызықпен, ал ішкі диаметрі бойынша тұтас жіңішке сызықпен кескінделеді. Сол жақ көріністе бұранданың  ішкі диаметрі бойынша, шамамен шеңбердің ¾ тең, доға  жүргізеді /5.9-сурет/.

5.10-суретте Ішкі бұранда – бұранда тесіктің ішінде болса, онда сыртқы бұранда тұтас жіңішке, ал ішкі бұранда  тұтас  жуан сызықпен сызылады.

Тілікте штрихтауды әрқашан тұтас жуан сызыққа дейін орындайды. Бұранданы сыртқы диаметрі –d және адымы р бойынша белгілейді. Мысалы, М50х1,5 жазуы мынаны белгілейді: метрикалық бұранда, сыртқы диаметрі 50 мм, адымы 1,5 мм.

Анықтамамен жұмыс –  алты  жақты басы бар бұрандаманың /болт/ негізгі өлшемдері   /мм/

Бұранданың диаметрі d 8 10 12 16 20 30 42
Адымы  Р

Кілтке арналған өлшем S Шеңбердің диаметрі D Басының биіктігі h

1,25

13

14,2

5,5

1,5

17

18,7

7

1,75

19

20,9

8

2

24

26,5

10

2,5

30

33,3

13

3,5

46

50,9

19

4,5

65

72,1

26

 

ІІІ. Өзіндік жұмыс. Анықтаманы пайдалана отырып, бұрандаманың эскизін орындау және өлшемдерін түсіру: бұранданың диаметрі d-20, стерженінің ұзындығы l -100, бұранда жасаған бөлігінің ұзындығы l0 — 46,  фасканың биіктігі  c-2,5, басының биіктігі h-13, кілтке арналған  өлшем

S-30,   шеңбердің диаметрі D-33,3.

ІҮ. Бағалау.

Ү. Үй  жұмысы. Аяқтау

 

Мақсаты. бұрандалы біріктірулердің сызбасын орындау білімдерін қалыптастыру, кеңістік ойлау қабілеттерін және анықтамамен жұмыс істеп үйрету, графикалық мәдениетін тәрбиелеу, сызбаға деген қызығушылықтарын  арттыру

Күтілетін нәтиже: бұрандалы  біріктірулерді дұрыс  кезеңімен орындайды

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер,интерактивті тақта, оқулық,  сызбаға  қажетті  құралдар.

Сабақтың барысы І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру ІІ.   Жаңа тақырып меңгеру.

Бұрандамалы біріктіру: бұрандама  және  бұрамасұқпа

4-слайд  10-слайд

  • слайдБұрандаманың өлшемдері: d=20, L=50,   L0=2d + 6 = 46,    D=2d=40,    h=0.7d=14

Бұрандама біріктіру  сызбасы

  1. Біріктіретін тетікбөлшектердің сызбасын сызу: бірігетін тетікбөлшектердің жуандығы  (S)

№1=15 мм.       №2=10мм.

  1. Тығырықты сызуDш=2.2d S=0.15d
  2. Сомынды сызуD=2d=40H=0.8d=16

Бұрандамамен біріктіру сызбасы: №1 тетікбөлшек, №2 тетікбөлшек, 3-тығырық, 4-сомын,  5- бұрандама       9-слайд

11-15слайдБұрамасұқпа  біріктіру сызбасы

  1. №1 тетікті және бұранданың сызығын орындау
  2. Бұрамасұқпаны сызу
  3. №2 тетікбөлшекті сызу
  4. Тығырықты сызу
  5. Сомынды сызу

Бұрамасұқпалы  біріктіру сызбасы: №1-тетік, №2 тетік, 3-тығырық, 4-сомын, 5-бұрамасұқпа.   16-слайд

ІІІ. Өзіндік  жұмыс.  Біріктірулерді орындау

ІҮ. Бекіту                                         Білімдерін тексеру

  1. Біріктіретін тетікбөлшектермен бұрандаманың стерженінің ара қашықтығы қанша  мм?
  2. Үстіңгі көріністе алтыбұрышпен көрсеткен қандай бұранда?
  3. Үстіңгі көріністегі шеңбер ненің кескіні?

 

  1. Бұрандама, тұғырық және сомын сызбада неге  штрихталмайды?
  2. Бұрандамалы және  бұрамасұқпа біріктіруде  тұғырық  не  үшін пайдаланады?
  3. Бұрамасұқпа біріктіруде  штрихты  қандай сызыққа дейін жүргізу керек?
  4. Әр біріктірулерде неше  тетікбөлшек бар?

 

Анықтама

Тығырық— ортасында дөңгелек тесігі бар сақина  тәрізді  тетікбөлшек

Бұрамасұқпа— екіұшында біріктірілетін тетікбөлшектердің біріне бұралынатын, екінші ұшында бұрама бұралатын бұрандалары бар цилиндр тәрізді  өзек

Болт – басы деп аталатын қарама-қарсы ұшында  бұрандасы бар өзек тәрізді бұрандалы бұйым

Бұранда  —    тетіктің өзегіндегі немесе тесігіндегі кертік

Ү. Бағалау

ҮІ.  Үй  жұмысы.  67-бет, практикалық тапсырма

 

Сабақ № 47

Тақырыбы:“№ 11 графикалық  жұмыс.  Бұранданы біріктіру”

Мақсаты. бұрандалы біріктірулердің сызбасын орындау білімдерін бекіту және  анықтамамен жұмыс  істеу дағдыларын, кеңістік ойлау қабілеттерін қалыптастыру, графикалық мәдениетін тәрбиелеу, сызбаға деген  қызығушылықтарын арттыру.

Күтілетін нәтиже:   тиісті орындарға  бұрандалы біріктірулерді  орындайды.

Түрі:  графикалық жұмыс

Әдісі:   сарамандық жұмыс

Көрнекілігі: компьютер,интерактивті тақта, оқулық,  сызбаға  қажетті  құралдар.

Сабақтың барысы І. Сынып  оқушыларын ұйымдастыру

ІІ. Графикалық жұмыс. Нұсқалар бойынша А4 пішімді қағазда бұрандалы біріктірулерді орындау. 13-қосымша  1-4 нұсқа.

 

Берілген  өлшемдер:

 

Бұрандама
  Келтірілген өлшем Формуласы
Өзек диаметрі d
Өзек ұзындығы L
Бұранданың  ішкі диаметрі d1=0,85d
Басының биіктігі Нб = 0,7 d
Басына  сырттай сызылған

шеңбердің диаметрі

Dб= 2 d

 

Бұрамасұқпа
Келтірілген өлшем Формуласы
Өзек диаметрі d
Өзек ұзындығы L
Бұранданың  ішкі диаметрі d1=0,85d
Бұрап кіргізетін бұранда  шетінің

ұзындығы

L1 = d …2,5 d

 

Бұрандама
  Келтірілген өлшем Формуласы
Өзек диаметрі d
Өзек ұзындығы L
Басының биіктігі Нб = 0,6 d
Басына  сырттай сызылған

шеңбердің диаметрі

D= 1,5 d
Шлиц биіктігі h шл= 0,25 d

 

ІІІ. Бағалау.

 

Мақсаты:. ажырамайтын біріктірулердің сызбасын орындау білімдерін қалыптастыру, кеңістік ойлау қабілеттерін және анықтамамен жұмыс істеп үйрету, графикалық мәдениетін тәрбиелеу, сызбаға деген қызығушылықтарын  арттыру

Күтілетін нәтиже:  ажырамайтын біріктірулерді дұрыс орындап  үйренеді

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап, практикалық  жұмыс

Көрнекілігі: компьютер,интерактивті тақта, оқулық,  сызбаға  қажетті  құралдар.

Сабақтың барысы

І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру ІІ.   Жаңа тақырып меңгеру.

Ажырамайтын біріктірулердің түрлері: тойтарып, дәнекерлеп, пісіріп.  желімдеп және   тігіп

біріктірулер.

Тойтарып біріктіру –екі тетікті тойтарманың көмегімен біріктіру. Тойтарманың бір ұшында бастиек болады, екінші ұшы тойтарылады. Ол пісіруге келмейтін металдан жасалған тетіктерді біріктіру үшін қолданылады.

Тойтарып біріктіру                               Пісіріп біріктіру                              Дәнекерлеп біріктіру Пісіріп біріктіру – тетіктердің материалын балқу жағдайына дейін қыздыру жолымен жүзеге асырылады. Пісіру жігі сызбада тұтас негізгі және  штрих сызықтармен  көрсетіледі.

Дәнекерлеп біріктіруде металл тетіктерді дәнекер деп аталатын қосымша металл немесе қорытпаның көмегімен біріктіруді айтады, мұнда біріктіретін жерді қорытпаның балқу температурасына дейін қыздырады.  Дәнекерлеп біріктірудің сызбасын тұтас  жіңішке  сызықпен кескінделеді.

Желімдеп біріктіру – тетіктерді, әртекті материалдарды желімдеуге мүмкіндік жасайтын әр түрлі желімдердің көмегімен біріктіру.

Тігіп біріктіру –жұмсақ материалдарды бір-бірімен жіптің көмегімен біріктіреді. Тұтас жіңішке сызықпен белгілейді және  N  таңбасымен белгілейді.

ІІІ. Өзіндік жұмыс. Көрнекі кескіні бойынша  бұрандалы біріктірулердің  сызбасын орындау. 202 (1) –сурет

ІҮ. Бағалау

Ү.  Үй  жұмысы. 202 (2) –сурет

 

Мақсаты: құрастыру сызбалары туралы жалпы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру, логикалық және кеңістік  ойын дамыту,   оқушыларды  тиянақтылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: өзара біріктірілген құрама бөліктердің орналасуы мен байланысы туралы түсініктері қалыптасады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: оқулық, сызбаға  қажетті құралдар.

Сабақтың барысы І.  Сынып оқушыларын ұйымдастыру

ІІ.   Жаңа тақырып меңгеру.

Құрастыру бөліктердің кескінін қамтитын, өзара біріктірілген құрама бөліктердің орналасуы мен байланысы туралы түсінік қалыптастыратын және құрастыруды, құрастырмалы бөлікті бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін құжат  құрастыру сызбалар деп  аталады.

Бұйымның құрастыру сызбасы көріністерді, қималарды және тіліктерді   қамтиды.

Оқулықпен жұмыс істеу. 203-суретте «Параллель бұрандалы қысқыш» бұйымның құрастыру сызбасы берілген. Тетіктерді верстакта қысып қою үшін, станоктарда тетіктерді желімдеу кезінде қолданылатын құралды бұрандалы  қысқыш  деп атайды. 204-сурет.

Сызбадан бұрандалы қысқыштың төрт тетіктен тұратындығын байқауға болады: тіреуіш ерін (1), жылжымалы ерін (2), тіреуіш винті (3), реттеуіш винті (4) 203-сурет.

Құрастыру сызбада бұйым жергілікті тілікті қамтитын алдыңғы көрініспен сол жақ көрініспен берілген. Құрастыру сызбада  габариттік, біріктіру және  тағайындау өлшемдері  қолданылады.

ІІІ. Бекіту.  Сұрақ жауаптар

  1. Көріністердің құрастыру сызбасында орналасу  ережелері қандай?
  2. Құрастыру сызбаларында тіліктер мен қималар қолданыла  ма?
  3. Бұйым құрастырылатын тетіктердің аттары сызбалардың қай жерінде  көрсетеді?

ІҮ.  Өзіндік  жұмыс. 208-суретті сызу

Ү. Бағалау

ҮІ. Үй  жұмысы.  Сызбаны аяқтау

 

Мақсаты: бұйымға енетін тетіктер жөнінде мәліметтер кесте түрінде жазылған құжатпен таныстыру, құрастыру сызбалар туралы білімдерін кеңейту, сызба сызу дағдыларын арттыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу Күтілетін нәтиже: сипаттамалық құжатты толтырып  үйренеді.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі: түсіндіру

Көрнекіліктер:  оқулық, сызбаға  қажетті құралдар

Сабақ барысы

І  Ұйымдастыру бөлімі

ІІ  Үй  жұмысын тексеру.  Сызбаларын тексеріп бағалау

ІІІ. Жаңа тақырып  меңгеру

Сипаттамалық құжат – кесте түрінде орындалатын негізгі құжат, онда құрастырмалы бірліктің барлық құрамды бөліктерінің атаулары, тұрған орындарының нөмірлері келтіріледі және олардың саны көрсетіледі.

Сипаттамалық  құжатты  А4 параққа орындайды.

Сипаттамалық құжаттың пішіні  мен өлшемдері

 

Орны Атауы Саны Материалы Ескерту
1 Тіреу 1 алюминий
Негізгі жазу
 

185

 

8                      85                          10                    52                              30

 

 

 

 

1 графада рет нөмірі, 2 графада тетіктің атауы, 3- бұйымға енетін тетіктердің саны, 4- тетіктердің материалы, 5- қосымша мәліметтер. Сипаттамадағы тетіктерге қойылатын позиция нөмірлері сызбадағы соларға сәйкес кескіндердің жанына жазылады. Жанасатын екі тетікті қимада немесе тілікте кескіндеу кезінде қарама-қарсы бағытта штрихтауды қолданады: бір тетік үшін онға, екінші тетік солға 45° көлбеу жүргізіледі.

ІҮ.  Өзіндік  жұмыс. «Ажыратқыш» бұйымның сипаттамасын жазу. Бағалау

Ү.  Үй  жұмысы. «Қозғалмалы  айналтұтқаның» құрастыру сызбасын оқу.

 

Мақсаты. құрастыру сызбасында пайдаланылатын шарттылықтар мен жеңілдетулермен таныстыру, графикалық  сауаттылықтарын дамыту, графикалық  мәдениетін тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:  құрастыру  сызбасында падаланылатын шарттылықтар мен жеңілдетулермен  танысады

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: оқулық, сызбаға  қажетті құралдар.

Сабақтың барысы І. Сынып  оқушыларын ұйымдастыру

 

ІІ.  Үй жұмысын тексеру.  70-беттегі сұрақтарға  жауап беру.

 

ІІІ.   Жаңа тақырып меңгеру.

Құрастыру сызбаларын дұрыс оқу үшін, оларды орындау кезінде қолданылатын негізгі шарттылықтар мен жеңілдетулерді білу керек.

Мысалы, тетікбөлшектің шеткі немесе аралық қалпы,  232-суретте  итергіштің кескіні екі нүктелі

жіңішке  штрихпунктир сызықпен жоғары  қарай ұзартылған.  Бұл нені білдіреді?

Итергіш жоғары қарай қозғалады да, бастапқы қалпына қайта келеді. Құрастыру сызбаларында тетікбөлшектің шеткі немесе аралық қалпы екі нүктелі жіңішке штрихпунктир сызықпен көрсетіледі. А көріністе тұтқа (2-деталь) көрсетілмеген, соған назар аударыңдар. Бұл тетікбөлшектің пішіні басқа кескіндермен анықталады. Осы берілген көріністе тұтқа саптың бұрандалы тесігі бар бөлігін көлегейлеп тұр. Мұндай жағдайда тетікті көрсетпейді, ал сызбада  «Тұтқа  көрсетілмеген» деп  жазады.

Шекаралық тетікбөлшектерді кескіндеу. Кейде құрастыру сызбасында берілген бұйымның құрамына енбейтін тетікті көрсетуге тура келеді. Осындай тетіктің бөлігі 248-суретте көрсетілген. Оны жіңішке сызықпен айналдыра  сызады.

Кескіндердің саны мен өлшемдерін қысқарту. Кескіндердің санын азайту үшін көрініс пен тілікті біріктіріп сызуға  болады.  Масштабты кішірейтпей, кескіндердің өлшемін кішірейту үшін үзік   қолданады.

 

ІҮ.  Бекіту. Сұрақ-жауап

  1. Құрастыру сызбаларында тетіктің шеткі немесе аралық қалпын қандай сызықтармен  көрсетеді?
  2. «Тұтқа көрсетілмеген» деген жазуды қалай түсінуге  болады?
  3. Жіңішке сызықпен қандай жағдайда  айналдырады?
  4. Кескіндердің санын қандай тәсілмен қысқартуға болады?

 

Ү.   Практикалық жұмыс.  6.9-сурет. Кондуктордың құрастыру сызбасын сызу.

 

ҮІ. Бағалау

 

ҮІІ. Үй  жұмысы. аяқтап келу.

 

Мақсаты: бөлшектеу туралы түсінік қалыптастыру, графикалық білімдерін толықтыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекке баулу.

Күтілетін нәтиже:   бөлшектеу арқылы  тетікбөлшектердің эскизін орындай алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: оқулық, сызбаға  қажетті құралдар.

Сабақтың барысы І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.  Үй жұмысын тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырып меңгеру

Құрастыру сызба бойынша жұмыс сызбаларынжасау бөлшектеу деп аталады. Бөлшектеу бұйымды немесеоның құрамына  енетін тетіктерді дайындау және  жөндеу барысында  қажет болады.

Бөлшектеу эскизді орындаудан бастап, төмендегі ретпен жүзеге  асырады:

-жұмыс сызбалары  жасалуға тиісті тетіктерді айқындаймыз;

— олардың бірін таңдап, қажетті кескіндер санын анықтап және пішінді сипаттайтын шарттарды, қысқартуларды, таңбаларды, кескіннің масштабы мен өлшемдерді түсіруді пайдалана отырып, тетіктің жұмыс сызбасын орындау.

Есте  сақтау керек:

  1. Стандартты бұйымдар үшін сызбалар орындалмайды, олар туралы барлық мәліметтерді анықтамалық әдебиеттерден табуға болады;
  2. Жанасатын беттердің өлшемдері бірдей болу керек;
  3. Тетіктің өлшемдерін құрастыру сызбаның кескіндерін қарапайым өлшеулер арқылы алуға болмайды.

Мысал ретінде құрастыру сызба бойынша  «Шығыршық»  бұйымының бөлшектеуді келтіреміз.  212-сурет

  1. Бұйым 7 тетіктен тұрады: аунақша, төлке, айыр, ось, планка, стандартты екі «болт М3х5» тетіктері.
  2. Сызба бес көрініспен берілген: алдыңғы көрініс, тіліктің бөлігімен горизонталь көрінісінің  бөлігі

біріктірілген, сол жақ көрінісі, қосымша  көрініс, және  қима.

  1. Габариттік өлшемдер – 44х44х34
  2. Тағайындау өлшемдер 34 және 15
  3. Біріктіру өлшемдері Ǿ5

ІҮ. Бекіту.

-бөлшектеу деген не?

-бөлшектеу  процесінің мән-мағынасы неде?

Ү. Өзіндік жұмыс. «Шығыршық» бұйымының құрастыру сызбасы бойынша «Аунақша» және «Айыр» тетіктерінің жұмыс  сызбаларын орындау.   Бағалау

ҮІ. Үй жұмысы. «Кронштейн» бұйымының құрастыру сызбасы бойынша «Қыры» және «Пластина» тетіктерінің жұмыс  сызбаларын орындау.

 

Мақсаты: құрастыру сызбалары бойынша құрастыру бірлігінің тетікбөлшектері сызбаларын орындап үйрету, тетікбөлшек  сызбалары  жөнінде мәлімет беру,  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: тетікбөлшек  сызбалары жөнінде  мәлімет алады

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі:   оқулық, сызбаға  қажетті құралдар.

Сабақтың барысы І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.  Үй жұмысын тексеру.  бөлшектеу деген не?    бөлшектеу  процесінің мән-мағынасы неде?

ІІІ. Жаңа  тақырып меңгеру.

Тетікбөлшек сызбасы – тетікбөлшек кескіндерінен тұратын және оны жасауға, бақылауға қажетті басқа да мәліметтер бар құрылымдық құжат. Тетікбөлшек сызбасы артық кескіндер мен жазусыз,  мейлінше анық, айқын орындалған болуы тиіс. Сызбаны орындауда басты көріністі таңдауға ерекше мән беріледі. Оның таңдалуы тетікбөлшекті жасаудағы негізгі технологиялық операцияның жағдайына байланысты болады, ал тетікбөлшектің құрастыру бірлігінің сызбасында  орналасуына  тәуелді болмайды.

Мысалы, айналу беттерімен шектелген тетікбөлшектерді, олардың осьтері негізгі жазуға қатысты көлденең орналасатындай етіп  кескіндейді.

Стандартты тетікбөлшектердің сызбаларын орындамайды. Олардың өлшемдерін анықтамадан   алады.

Тетікбөлшектердің оқу  сызбаларынорындау  тәртібін қарастыру.

Құрастыру сызбасын оқығаннан кейін эскизін орындайды. Эскиз – тікбұрыштап проекциялау әдісімен қолдан орындалған тетікбөлшек сызбасы. Тетікбөлшек эскизін орындауда барлық ережелер мен шарттылықтар ұстанылуы тиіс.  Сонымен эскиз  деген бір ақ рет қолданатын, уақытша  сызба.

Эскиз жасау реті:

  • Геометриялық пішініне  талдау жасап, тиімді кескіндер анықтау;
  • Масштабын дұрыс таңдау;
  • Егер құрастыру сызбасы нақты өлшемдермен сызылған болса, жетіспейтін өлшемдерді тікелей өлшеп алады.
  • Эскизді орындап, тексергеннен кейін, тетікбөлшекті орындауға болады.

Есте сақтау!

  • Бір сызбада бірнеше тетікбөлшектер кескіндерін орындауға қатаң түрде рұқсат берілмейді. Әр тетікбөлшек бөлек парақта өз негізгі жазуымен атауы жазылып орындалуы   тиіс.
  • Кескіндер саны мейлінше аз, бірақ сызбаны бір мағынада, дұрыс  оқуға болатындай болуы   тиіс.
  • Таңдалған масштабқа қарамастан тетікбөлшек сызбасында нақты, яғни тетікбөлшек жасалғаннан кейін болатын өлшемдері қойылуы тиіс.

ІҮ.  Өзіндік  жқмыс.  «Қысқыш» сызбасының эскизін орындау

Ү. Бағалау

ҮІ.  Үй  жұмысы.  Эскизді аяқтау

 

Мақсаты. Оқушылардың бөлшектеу туралы түсінігін қалыптастыра отырып графикалық білімдерін толықтыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, адамгершілікке,  ұқыптылыққа,  еңбекке баулу.

Күтілетін нәтиже:   бөлшектеу арқылы  тетікбөлшектердің эскизін орындай алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,оқулық, сызбаға  қажетті  құралдар.

Сабақтың барысы І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.  Үй жұмысын тексеру.

Тік бұрышты изометриялық проекцияда шеңбер қалай кескінделеді? Бұйым деп нені айтады және  оларды қандай топтарға бөледі?

Тетікбөлшек және құрастырылған бұйымдарға аңықтама беріп, мысалдар келтір. Қандай сызбаларды  оригиналдар, түпұнұсқалар немесе  көшірмелер деп  атайды?

Эскиз  деп қандай конструкторлық құжатты айтады? Эскизде  кескіндер қалай салынады? Оның масштабы

болама? Көз мөлшерінің масштабын қалай  түсіндіресің?

Бұрандалардың ішінде көп тарағаны қайсысы? Алдымен бұрандалардың қарастырылған типтерін атап шық.

ІІІ. Жаңа тақырып меңгеру. «Қысқыш» бұйымы сызбасының мысалында құрастыру сызбасын бөлшектеу ретін қарастырайық:

 

 

 

 

 

  1. «Қысқыш» құрылғының  жұмысымен танысады.
  2. Бұйымның көрнекі кескіні, құрастыру сызбасы және сипаттізімі бойынша әр тетігінің құрылымы мен құрамы және пішіні туралы түсінік алғаннан кейін тетікбөлшектердің эскизін орындайды. Әр тетікбөлшектің ең аз, сонымен бірге жеткілікті кескіндер саны болу тиіс.

«Жолақ»               Корпус»            « «Бастырғыш»

ІҮ. Өзіндік жұмыс. 6.10 және 6.11-суреттерде берілген құрастыру сызбалары негізінде мұғалімнің ұсынысы бойынша  2-3 тетікбөлшектің эскиздерін, өлшемдерін түсіріп,  орындау.

Ү. Бағалау.

ҮІ.  Үй  жұмысы. Бітіру

 

 

ІІ.   Графикалық жұмыс.   6.10-  және  6.11-суреттерде берілген құрастыру сызбалары  негізінде, 2 тетікбөлшектің эскизін орындау, өлшемдерін  түсіру.

 

 

ІІІ. Бағалау

ІҮ.  Үй  жұмысы. Қайталау.

 

 

І. Сынып  оқушыларын ұйымдастыру

 

ІІ.  Графикалық жұмыс.   Бөлшектің екі көрінісі бойынша  үшінші көрінісін салу. Өлшемдерін  түсіру.

 

ІІІ. Бағалау

ІҮ.  Үй  жұмысы. Қайталау.

 

І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.   Жаңа тақырып меңгеру.

Көне заманның өзінде қандай да бір ғимарат тұрғызу үшін сызбаны қолданған. Біздің айналамыздағы зәулім үйлерді, мектепті, мәдениет үйді, барлық ғимараттарды құрылыс сызбаларсыз салу мүмкін емес. Түрлі құрылыстардың проекциялық  кескіндері құрылыс  сызбалар деп аталады.

Төрт  топқа бөлінеді:

Тұрғын үйлер  және қоғамдық ғимараттар                           өнеркәсіптік ғимараттар

Құрылыс сызбалар

 

Ауылшаруашылық ғимараттар                                   инженерлік құрылыстар

Ғимараттың негізгі бөліктері құрылымдық элементі деп аталады. Олар: іргетасы, қабырғалар, қабатаралық жабындар, жертөле қабаты, төбесі, терезе немесе есік блогтары. Слайд көрсетіледі. Іргетасы –  қабырғаның астындағы түпке салмақ түсетін ғимараттың жерасты бөлігі.

Қабырғалар – атмосфералық әрекеттерден қорғайтын сыртқы және ішкі бөлмелерді бір-бірінен бөліп тұратын қабырғалар.  Салмақ түсетін қабырғалар.

Арақабырғалар  – бөлмелерді бөліп тұратын ішкі қалқалаушы  құрастырымдар.

Жертөле қабаты – іргетастан кейінгі дымқылдан, зақымданудан сақтайтын сыртқы қабырғаның төменгі бөлігі.

Өткелектер – суларды іргесінен сыртқа  ағызу үшін қызмет  етеді.

Аражабы, Жабын, Төбе жабындысы, Итарқа/стропила/, Ойықтар, Терезе және есік блогтары, Басқыш қапасы, Басқыш  маршы, Басқыш  алаңы.

Құралас сызбаларын стандарт бойынша  орындайды.  Тұтас  негізгі сызық 0,8 мм  жуандығы болуы тиіс.

  • Жер сызығы 0,8мм
  • Тіліктегі контур сызығы 0,6 мм
  • Тілікке ұшырамаған элементтер 0,2 мм
  • Ғимарат контурлары  сызығы және  қасбет  ойықтары 0,4 мм
  • Шығару, өлшемдік, осьтік сызықтар 0,2  мм.

Масштаб

Ғимарат  жоспар үшін- 1: 50;   1: 100;    1: 200;

Қасбет пен тіліктер үшін -1: 50;  1: 100;    1: 200;

Құрылыс құрастырымдары — 1: 5;   1: 10;    1: 20;

Бас жоспарлар үшін — 1: 500;   1: 1000;    1: 2000;

ІІІ.   Бекіту    7.1-суретті салу.  Салмақ түсетін қабырғаларымен көрсетілгенғимараттың суретін салу.

ІҮ.Бағалау

Ү. Үй  жұмысы. 94-бет. Сұрақтарға жауап беру.

 

І.  ҰЙЫМДАСТЫРУКЕЗЕҢІ

Балалар, бір-бірімізге  күліп, қарап, сәттілік пен шығармашылық  тілейік!

ІІ.  ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ

Сабағымызды  зеректеріңізбен кеңістікті көз  алдына  елестету қабілеттеріңізді дамыту мақсатында  сәл ойын ойнайық.  Көздеріңді жұмып, елестетіңдер, квадрат, оның центрінде  нүкте бар. Сол нүкте  қозғалады:

  1. жоғары, оңға, төмен, төмен, солға, солға. Нүкте қай жерде?  Сол жақ төменгі бұрыш
  2. Солға, солға, жоғары, оңға, оңға, төмен. Нүкте қай жерде? Оң жақ ортада. Өте жақсы, енді жұмысқа кірісейік.

Балалар, қандай да болсын ғимаратты салу үшін неден бастау керек? ( жауабы: жоспар жасау және сызбалардан). Ғимараттың жоспары деген не? Қасбет деген не? Ғимараттің тілігі қай жерден өтеді және қандай түрлері болады?

IIІ.  МАҒЫНАНЫ  ТАНУ

1-слайд:  Сабақтың тақырыбы: « Ғимараттың сызбанұсқасы, қасбеті мен тілігі»

Әр адам өмірінде біріншіден -үй салу, екіншіден- терек отырғызу, үшіншіден – бала тәрбиелеу керек дейді. Ал біздердің таңдайтынымыз, әзірше, үй салу. Ол үшін үйдің жоспарын жасаумыз керек, немесе құрылыс  сызбасын орындау деген сөз.

2-слайд: Құрылыс сызбада қандай кескіндер бар? ( көріністер, тіліктер, проекциялау, өлшем салу, т.б.). Құрылыс сызбаларындағы өлшемдік сызықтар қысқа штрихтармен  аяқталады.

Жоспарда  өлшем  сызықтар сыртқы  қабырғалардың сырт жағынан қойылады: Бірінші қатарда терезе мен есік ойындылар және аралық қабырғалардың өлшемдері, Екінші қатарда  іргелес екі осьтің арасындағы өлшем,

Үшінші қатарда жалпы  өлшем  түсіріледі.

Ал, енді сынып 4 топқа  бөлінеді, әр топқа  әр түрлі тапсырма беріледі.

3-слайд:

І топқа: машинақұрылыс сызбамен құралыс сызбаның айырмашылығы мен ұқсастығын тауып алдарыңыздағы  кестеге  толтырасыңыз.  Оқулықты  қолдануға болады.

Басты көрініске  қарап түйінделген екі геометриялық денеден тұратын көлемді композиция  салу.

Ұқсастығы Айырмашылығы
Тікбұрыштап  проекциялау Көріністердің атауы (қасбет, жоспар,  тілік).
Типтік  және  тетікбөлшек  қосылыстар жиі

қолданылады

Қасбетпен тілікте  биіктік  белгілер көрсетіледі.
Сыз    Сызуды  орындау  ережелері бірдей Шартты белгілері
Тіліктер қолданылады Қолданылатын масштабтар
Сызба  сызу үлгісі Өлшем  салудағы штрих

 

4-слайд

 

 

ІҮ.  ОЙ  ТОЛҒАНЫС. ГРАФИКАЛЫҚ  ЖҰМЫС

Құрылыс  сызбалар жөнінде  не  білгендеріңізді тексерейік.

8-слайд: Дәптерлеріңізге  блиц-тест орындайсыңдар.  5 сұраққа  «ия» немесе «жоқ» деп жауап

бересіңдер. Бір-біріңізді тексеріңдер. 5 сұраққа дұрыс жауап бергенге «5» баға, төрт сұраққа дұрыс жауап бергенге «4».

«Құрылыс сызбалар»  тақырыбы бойынша блиц-тест

Жоспар-ол вертикаль жазықтықпен ойша қиғандағы ғимарат кескіні. (-) Қасбет –ол   ғимараттың алдыңғы көрінісі.  (+)

Жоспарда ғимараттың пішіні мен өлшемдері, бөлмелердің орналасуы, терезе мен есіктердің тұрған орындарын көрсетеді. (+)

Ғимараттың тілігі -олғимараттың көше  жағынан қараған көрінісі (-)

Үйдің сыртқы қабырғалары жіңішке  сызық, ал арақабырғалар жуан сызықпен сызылады  (-)

 

9-слайд: Екінші графикалық жұмысқа дайын екеніңізді көріп отырмын ол, бірқабатты үйдің кескіні арқылы  жоспарын салу және  сантехникалық  жабдықтарды орналастыру.

Ү. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ. Салған жоспарларын талдау. Сонымен қандай тақырыпты өттік?

Бүгінгі сабақта не  үйрендіңдер?

ҮІ.  БАҒАЛАУ.  Жетон арқылы

—  Жақсы, балалар, бұл сендердің құрылыс  жобасындағы алғашқы  қадамдарыңыз.

Болашақта, мүмкін, кейбіреулеріңіз құрылысшы болып, осы алған білімдеріңіздің пайдасы тиер деп ойлаймын. Сендердің жылылығы, ауызбіршілігі, достығы мен махабаты бар үйде тұруыңызға тілектеспін. ҮІ. ҮЙ ЖҰМЫСЫ. 141-бетте, 14-қосымша – нұсқа бойынша ғимараттың сызбанұсқасын орындап, сызбадағы әріптер мен цифрлардың орнына ғимарат элементтері мен сантехникалық жабдықтардың шартты белгілерін қойыңдар.

 

Сабақ № 59

Тақырыбы:“Құрылыс  сызбаларындағы  шартты белгілер”

Мақсаты. Оқушыларды құрылыс сызбаларының шартты белгілерімен таныстыра отырып, логикалық және кеңістік ойларын, еңбектені іс-әрекеті дағдыларын дамыту, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: құрылыс сызбаларының шартты белгілерімен таныса отырып, схемаларын сыза алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,оқулық, сызбаға  қажетті  құралдар.

Сабақтың барысы І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.   Жаңа тақырып меңгеру.

Ғимараттың жоспарын, тілігін және қасбетін сызғанда: терезенің, есіктің, сонымен бірге санитарлық- техникалық жабдықтардың орнын, жылыту құрылғыларын және басқа да элементтерін көрсетуде шартты белгілер қолданылады.  Шартты белгілер  сызба масштабымен түсіріледі.  Слайд-2

Слайд 3

Тілік— вертикаль  жазықтықпен ойша  қиғандағы ғимарат  кескіні.    Терезе орнының тілікте  белгіленуі

Вертикаль тілік                                        Горизонталь  тілік

Тілікте биіктік белгілері көрсетіледі. Мұндағы биіктік белгілері, нөлдік жазықтықтан ең биік жеріне дейінгі арақашықтық. Ал нөлдік белгі бірінші қабаттағы еден деңгейі. Биіктігі «+», төмендігі «-» таңбалары.  Жоспарда және  тіліктерде  баспалдақ  сатыларын да көрсетеді.

Баспалдақ торларының  шартты  кескінделуі  Слайд 4

Тіліктегі баспалдақ сатысы                     Жоспардағы баспалдақ сатысы

Жоспарда және тілікте қосымша санитарлық-техникалық, жылыту құрылғыларының шартты белгілерімен кескіндейді.   Слайд 5

 

Арматураланбаған бетон            Арматураланған бетон                         Төгілген топырақ

Топырақ                                              Балшық

Санитарлық- техникалық,жылыту  құрылғыларының  шартты белгілері

Жоспардағы түтін шығу және  ауатазартқыш жолдары
Жылыту пештері қатты отын

 

 

газбен

Газ және  электр плитасы
Раковина  (ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша)
Қолжуғыш
Ас үй ыдыс жуғышы
Унитаз
Ванна

 

ІІІ. Өзіндік  жұмыс

Үйдің бірінші қабатының жоспарын салып шартты белгілер бойынша әр бөлмеге санитарлық-техникалық құрылғыларды  орналастыру.

ІҮ. Бағалау

Ү. Үй жұмысы    Өз үйлерінің қасбеті мен жоспарын сызып келу.

 

Мақсаты. Оқушыларды ғимараттың сызбанұсқасын салу әдістерімен таныстыра отырып, логикалық және кеңістік  ойларын, еңбектегі іс-әрекеті дағдыларын дамыту, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:    ғимараттың сызбанұсқасы әдістерімен таныса  отырып, сыза  алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру,  бекіту

Әдісі:   СТО бағдарламасының элементтері, ақпараттық технология, топпен  жұмыс

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,оқулық, сызбаға  қажетті  құралдар.

Сабақтың  барысы

І.  Ұймдастыру кезеңі

Балалар, бір-бірімізге  күліп, қарап, сәттілік пен шығармашылық  тілейік!

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өз үйлерінің қасбеті мен жоспарын сызып келген жұмыстарын тексеріп, бағалау

ІІІ. Жаңа  тақырып  меңгеру.  Ғимараттың сызбанұсқасын салу  реті түсіндіріледі.

Сызбанұсқаға  осьтерді,  қабырғаларды,  арақабырғаларды түсіру

Сызбанұсқаға осьтерді,  қабырғаларды  және  арақабырғаларды  түсіру

Тұрғын үй  сызбанұсқасының бөлігі

Бөлгіш осьтер сызылғаннан кейін сыртқы қабырғалар қалыңдығы 510 мм 1: 100 масштабында түсіріледі. Қабырғаның ішкі беті осьтен 200 мм, ал сыртқы беті 310 мм арақашықтықта орналастырылады. Мұны өлшемдердің байламы   дейді.

Сызбанұсқаға терезе ойықтарын түсіру үшін алдымен терезенің түрі мен өлшемдерін анықтау   қажет.

Терезе ойықтарын бөлгеннен кейін, терезелердің өлшемдерін түсіреді. Терезе ойықтарын негізгі қабырғалар осьтеріне  байлайды.

Есікті орналастырып, құрылыс ішінің өлшемдерін түсіреді. Сонан соң санитарлық техникалық бұйымдар мен басқа да тұрмыста  қажетті жабдықтар белгілерін  түсіреді.

ІҮ.  Бекіту. Сұрақтар

  1. Ғимарат сызбанұсқасын  тұрғызу  кезеңдерін атаңдар
  2. Бөлгіш осьтер  қалай орналастырылады?
  3. «Өлшемдердің байламы» деген түсінік нені білдіреді?

Ү.  Өзіндік жұмыс. Өз үйінің сызбанұсқасын салу

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үй  жұмысы.  Сұрақтарға жауап беру.    106-бет

 

Мақсаты: ғимараттың сызбанұсқасын салу жөнінде білімдерін тереңдету, оқушының ой қиялдарын дамыту,  шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:  ғимараттың сызбанұсқасын сала алады

Түрі:  практикалық жұмыс

Көрнекіліктері:  оқулық

 

Сабақ барысы

 

Тапсырма: А4 пішімді қағазда  орындаңдар.

  1. Нұсқа бойынша ғимараттың сызбанұсқасын орындап, сызбадағы әріптер мен цифрлардың орнына ғимарат элементтері мен санитарлық  техникалық  жабдықтардың шартты белгілерін қойыңдар.
  2. Сызбанұсқаны қасбеттің  кескінімен толықтырыңдар.

 

1 нұсқа

 

Шартты белгілер:

В- ванна; ТЖ- түтін жолы; ЖТ- желдеткіш түтік; Ы- бір бөлімді ыдысжуғыш; ҚЖ- қолжуғыш;  П- плита; ЖП- жылыту пеші;  ГП- газ плитасы; У-  унитаз;

Терезе өшемдері:  биіктігі 1200  мм

Ені Т-1 – 1200 мм, Т-2 – 750  мм.

Есік өлшемдері:   биіктігі 2 м.

Ені Е-1 – 1400 мм, Е-2 – 850 мм, Е-3 – 1000 мм, Е-4 – 730  м.

 

 

2 нұсқа

 

Шартты белгілер:

В- ванна; ТЖ- түтін жолы; ЖТ- желдеткіш түтік; Ы- бір бөлімді ыдысжуғыш; ҚЖ- қолжуғыш;  П- плита; ЖП- жылыту пеші;  ГП- газ плитасы; У-  унитаз;

Терезе өшемдері:  биіктігі 1200  мм

Ені Т-1 – 1200 мм, Т-2 – 750  мм.

Есік өлшемдері:    биіктігі 2 м.

Ені Е-1 – 1400 мм, Е-2 – 850 мм, Е-3 – 1000 мм, Е-4 – 730  м.

 

 

Тексеріп, бағалау

 

Мақсаты. Оқушыларды топографиялық сызулардың элементтеріментаныстыра отырып, жергілікті  жерлер туралы мәлімет беру, инженерлік бағдар беру,кеңістік ойларын, еңбектені іс-әрекеті дағдыларын дамыту,  шыдамдылыққа,  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:   топографиялық сызулармен танысады  және  жергілікт і жерлер туралы  мәлімет алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі:оқулық,  сызбаға қажетті құралдар.

Сабақтың барысы І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.   Жаңа тақырып меңгеру. Топографиялық  сызулардың техникалық  және  құрылыс сызуларынан

айырмашылығы  міндеттерімен, шартты белгілерімен және  сызуынан өзгешеленеді.  Топографиялық сызулар оқу пәні сияқты, топографиялық карталардың түпнұсқасының сызылуы тәсілдерін және әдістерін оқытады.

Картада нысандардың орналасқан жерін анықтау мақсатында километр деп аталатын тік бұрышты координаталық  тор сызылады.

Жердің горизонтальдарын оның физикалық беті мен деңгейлік бетінің қиылысуынан пайда болған із деп қарастыруға болады. Мысалы, ақпайтын су қоршап тұрған төбенің горизонталі оның жағалық сызығы болып табылады.

Шартты белгілері

 

 

 

 

Отқа төзімді Зауыттар мен Электр станциясы Электр желісі
құрылымдары бар квартал фабрикалар

Темір жолдар                             Тас жол                         Төсеме  жолдар

Ауыл аралық жолдар                    Көпірлер                        Биіктік белгілері Топографиялық масштабтар: 1: 10000, 1: 25000, 1: 100000

ІІІ. Өзіндік  жұмыс.  Топографиялық  элементтерін қайталау.

ІҮ. Бағалау

 

Мақсаты. Оқушыларға компьютерлік бағдарламалар туралы түсінік беру және жаттығулар арқылы сызықтардың түрлерін  п үйрету,   шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: компьютерлік бағдарламалар туралы түсінік алады және кейбір элементтерін орындап үйренеді

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:   баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер, оқулық, сызбаға  қажетті құралдар.

 

Сабақтың барысы

 

І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.   Жаңа тақырып меңгеру.

Автоматтандырылған жобалау жүйесі өткен ғасырдың 60-жылдары пайда болды. Қазіргі кезде кәсіпорындарда сызбаны қолмен сызу сирек кездеседі. Барлық конструкторлық бюролар сызбаларды компьютерде орындайды.   Осы күні кең тараған жобалау жүйелері: PRO/ENGINEER  (АҚШ),

Auto CAD (АҚШ), КОМПАС («АСКОН», Ресей) және т.б. Көбіне Auto CAD (АҚШ) бағдарламасын қолданады.

Auto CAD жобалаудың негізгі көшбасшысы. Бұл бағдарлама 1982 жылы ұсынылды. Жаңа нұсқасы 2013 жылы  екіөлшемді және  үшөлшемді модельдеудің құралы болып отыр.

КОМПАС – бұл Автоматтандырылған Жүйенің кешені 1989 жылы құрылған, Ресейдің «Аскон» фирмасының  мамандары жасаған.

 

Жүйеге  екі тәсілмен кіруге болады:

  1. Жұмыс үстелінен «Іске қосу» батырмасын басса, Windows операциялық жүйесіндегі Бас менюден ПРОГРАММА жолы шығады. Осы ашылған менюден таңбашаны екі рет шертіп, Auto CAD таңдаймыз.
  2. Жұмыс үстелінде орналасқан таңбаша жүйесін екі рет шертеміз. Жұмыс соңында сызылған сызбаларды компьютер жадында сақтап, жүйеден шығу үшін, File – Ezit (Файл-Шығу) командасын таңдаймыз , содан кейін Жабу батырмасын басамыз.

Жүйені іске қосқан соң қондырғыға байланысты диалогтың терезесі ашылады. Онда сызбаға қатысты кесінділер, шеңберлер, т.б.  нысандар берілген.

Экранның төменгі бөлігіне орналасқан командалық жол үш жолдық мәтіннен тұрады. Командалық жолда  сызу процесінің ағымдағы әрекеті шығады. Егер сызу кезде  қате кетсе, оны Болдырмау/Қайталау батырмасын басады.  Команданы болдырмау үшін «Esc» пернесін  басады.

 

Екіөлшемді және үшөлшемді  модельдерді құру туралы  түсінік беріледі. (компьютерден  көрсетіледі)

 

ІІІ. Практикалық жұмыс. Графикалық редакторда сызбаны орындау. Графикалық  редакторда  жазық  тетіктің сызбасын орындау.

 

ІҮ. Бағалау

 

Ү.  Үй  жұмысы. 115-бет. Оқу

 

Мақсаты. Оқушылардың сызбаларды  рәсімдеу туралы  білімдерін тексеру және  біліктіліктерін тереңдету.

Күтілетін нәтиже: сызбаларды  рәсімдеу туралы  білімдері кеңейеді

Түрі: тест

Әдісі:  өзін өзі тексеру

Көрнекілігі: оқулық.

 

Сабақтың барысы

 

І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.   Тест жұмысы. Сұрақтар

  1. А3 пішімінің өлшемдері:

а\ 210х297               б\ 594х841                 с\1189х841          д\  297х420

  1. Пішімдердің қайсысының ауданы шамамен 1м2 болады?:

\ А1                       б\ А0                          с\ А3                   д\ А2

  1. Өлшемдері 594х 420 болатын пішім:

\ А1                       б\ А0                         с\ А3                   д\ А2

  1. Сызбада бұйымның көрінбейтін контурын кескіндеу үшін ….қолданылады. а\ тұтас негізгі сызық           б\ үзілме сызық                с\ нүктелі үзілме сызық
  2. Қос нүктелі үзілмелі сызық … қолданылады.

а\ көрінетін контурды кескіндеу үшін            б\ көрінбейтін контурды  кескіндеу үшщін

с\ жазбаларда бүгу сызықтарын кескіндеу үшін    д\осьтік  және  центрлік сызықтарды кескіндеу үшін

  1. Келтірілгеннің ішінен МЕСТ- пен рұқсат етілген кішірейту масштабы: а\ 1: 1 в\ 4:  1                     с\ 1:  2,5                   д\ 1 : 3
  2. Ең жұмсақ қарындаштың таңбасы.

а\ 2Н                             в\ 2В                              с\ ВН                          д\ В

  1. Сызбаның өрісін шектейтін жиек қағаздың әр жағынан … мм қашықтықта жүргізіледі. а\ 5 мм                            в\ 20 мм                       с\ 10 мм               д\ дұрыс жауабы жоқ
  2.  Белгісі нені көрсету үшін қолданылады?

а\ конустылықты      в\ шеңбер радиусының өлшемі     с\ шеңбер диамеирінің өлшемі д\ еңісті

  1. R белгісі нені көрсету үшін қолданады?

а\ конустылықты      в\ шеңбер радиусының өлшемі     с\ шеңбер диамеирінің өлшемі д\ еңісті

 

Тексеріп, бағалау

 

ІІ. Графикалық жұмыс. Графикалық редакторда тік бұрыштап проекциялау мен изометриялық проекциялауды  орындау.

 

 

 

ІІІ. Тексеріп, бағалау

 

 

Сабақтың барысы

 

І.  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.   Графикалық  жұмыс.  Графикалық редакторда жазық тетіктің сызбасын  орындау

 

 

ІІІ. Тексеріп, бағалау

 

Сызба  орындау ережелері бойынша тест  сұрақтар

А4 пішіміндегі қағаз өлшемдерін көрсет (1- кесте) А2 пішіміндегі қағаз  өлшемдерін көрсет  (1 -кесте)

Пішім  өлшемдерінің сандық

мәндері,  мм

 

Жауаптар

841 х 1189

594 х 841

420 х 594

297 х 420

210 х 297

A

B C D E

1-кесте

Өлшемдері 297 х 420 мм пішімінің шартты белгісін көрсет (2- кесте) Өлшемдері 420 х 594 мм пішімінің шартты белгісін көрсет (2-   кесте)

Пішімінің  шартты белгілері Жауаптар
А4

А3 А2 А1 А0

A

B C D E

2-кесте

Сызбада көрінбейтін контур сызықтарының кескінін көрсет (3- кесте) Өлшем  және  шығару сызықтарының   кескінін көрсет  (3- кесте)

Тұтас негізгі жуан сызықты көрсет  (3- кесте)

Жіңішке нүктелі үзілме сызықты көрсет  (3- кесте)

Сызықтың  кескіндері Жауаптар
A

 

B C

D E

3-кесте

 

1- суретте сызба салынатын қағаздың өлшемдері, сызбаны шектейтін сызықтар (рамка) кескінделген.  А3 пішіміндегі қағаздың ұзындығы (а)  неше мм болады?  (4- кесте)

1-суреттегі (d) өлшемінің сандық мәнін көрсет  (4- кесте)

 

 

Өлшемдердің сандық мәндері,  мм 5 20 210 297 420

 

Жауаптар A B C D E

 

Негізгі жазуда  көрсетілетін   кішірейту масштабын тап (5- кесте)

Ұзындығы 20 мм  кесіндінің сызбадағы ұзындығы 100 мм болатын масштабты тап (5  -кесте)

 

Масштабтар М5:1 М2:1 М1:1 М1:2 М4:1
Жауаптар A B C D E

5-кестеӨлшемі h=10, түрі Б  болатын қаріп сызығының қалыңдығы (d) неше  мм  болады? (6- кесте)

Бас әріптерінің биіктігі 10 мм болса, кіші әріптерінің биіктігі (с) неше  мм болады?   (6-кесте)

 

Сан мәндері,мм 14 10 5 7 1
Жауаптар A B C D E

6-кесте

Аксонометриялық  проекциялар  бойынша  тест сұрақтар

7- кестеде геометриялық бес дененің сызбасы беріліп, өлшемдері түсірілген. Өлшемдердегі шартты белгілерге қарап, қай суретте  цилиндр  кескінделгенін анықтау 7-  кестеден табаны  шаршы  болатын пирамиданың кескінін көрсет.

Сызбалар
S 0,5
ø 20
□20
L100  
ø20
Жауаптар
A
B
C
D
E
ø20

7-кесте

8- кестеде шеңберді параллель проекциялаудың нәтижесінде алынған 5 кескін берілген. Олардың қайсысында шеңбер жазықтығы проекциялар жазықтығына параллель   орналасқан?

 

Сызбалар  

 

 

 

40

 

 

40

 

 

 

 

ø40

 

 

40

 

 

ø40

Жауаптар A B C D E

8-кесте                                                                                         9-кестеде  координаталар

жазықтарында жатқан шеңбердің аксонометриялық кескіндері берілген. Қай суретте уOZ жазықтығында  орналасқан шеңбердің тікбұрышты   изометриядағы  кескіні көрсетілген?

 

Сызбалар z

 

 

 

х

 

у

z

 

 

 

 

 

х                   у

z

 

 

 

 

 

х                    у

z

 

 

 

х у

z

 

 

 

х

 

у

 

Жауаптар A B C D E

 

Геометриялық  денелердің  проекцияларын  шығарып алу

2- суретте көп жақты бес дененің фронталь және профиль проекциялары берілген. 2(а) -суретте  кескінделген көпжақтың горизонталь проекциясын тап (10 -кесте) 2(в)- суретте кескінделген   көпжақтың горизонталь  проекциясын тап (10- кесте)

2(г)  -суретте кескінделген   көпжақтың горизонталь  проекциясын тап (10 -кесте)

а)                              ә)      б)                        в)                         г)           2-сурет

 

Проекциялар  

 

 

 

 

 

 

 

Жауаптар A B C D E

 

10-кесте

Тесігі немесе  ойығы бар геометриялық  дененің  проекцияларын шығарып алу

3- суретте тесігі немесе ойығы бар үшбұрышты призманың фронталь және горизонталь проекциялары берілген.  3(б) -суретінде  кескінделген призманың профиль  проекциясын  тап

(11- кесте)

3(ә)- суретте  кескінделген призманың профиль  проекциясын тап (11- кесте)

 

а)                   ә)                      б)                        в)                                 г)         3-сурет

 

Проекциялар          
Жауаптар A B C D E

11-кесте

Көріністер.  Негізгі көріністер

 

а)                ә)                        б)                          в)                     4-сурет

4(а) -суретте алдынан қарағандағы көрінісі берілген геометриялық дененің үстінен қарағандағы көрінісін тап (12 -кесте)

4(а)- суретте алдынан қарағандағы көрінісі берілген геометриялық дененің сол жақ көрінісін тап (12  —

кесте)

Көріністер
Жауаптар A B C D E

12-кесте

4(ә) -суретте алдынан қарағандағы көрінісі берілген геометриялық дененің үстінен қарағандағы көрінісін тап (13- кесте)

Көріністер
Жауаптар A B C D E

13-кесте

Қималар мен тіліктер

5- суретте қималарын көрсетуді қажет ететін тетікбөлшектің алдынан және сол жағынан қарағандағы көріністері берілген.  Тетікбөлшектің А-А қимасын көрсет.   (16- кесте)

 

5-сурет

16-кесте

6 -суретте  геометриялық бес дененің екі кескінінен тұратын сызбалары берілген.  6 –  суреттегі денелердің қайсысында  фронталь  тілік кескінделген (17-кесте)?

6 –  суреттегі денелердің қайсысында  горизонталь  тілік  кескінделген (17-кесте)? 6 –  суреттегі денелердің қайсысында  жергілікті тілік кескінделген (17-кесте)

 

 

 

 

 

 

 

 

6-сурет

 

 

 

Суреттер 30, а-сурет 30, ә-сурет 30, б-сурет 30, в-сурет 30, г-сурет
Жауаптар A B C D E

17-кесте

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь